"Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы N 212 Қаулысы

      "Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар құру және олардың қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 274  Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ақмола және Қарағанды облыстарының коммуналдық меншiгiндегi акционерлiк қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердегi мемлекеттiк қатысу үлестерi республикалық меншiкке қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Ақмола және Қарағанды облыстарының әкiмдiктерiмен бiрлесiп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеті заңнамада белгiленген тәртiппен "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Сарыарқа" ӘКК ҰК" АҚ) орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берiлетiн осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердегi (бұдан әрi - акционерлiк қоғамдар, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер) мемлекеттiк қатысу үлестерiне бағалау жүргiзудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, осы қаулының 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердегi мемлекеттiк қатысу үлестерiн беру жолымен "Сарыарқа" ӘКК ҰК" АҚ-ның жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және орналастырылатын акцияларға ақы төлеудi қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Қарағанды облысы" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрлерi 214-1, 214-10-жолдар алынып тасталсын;

      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 20-1-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiне" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 286-жол алынып тасталсын;

      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                          Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                         2007 жылғы 19 наурыздағы
                                                N 212 қаулысына
                                                  1-қосымша

Акцияларының мемлекеттік пакетi және мемлекеттiк қатысу үлестерi республикалық меншiкке қабылданатын және "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берiлетiн акционерлiк қоғам мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер

Р/с
N

Ұйым атауы

Мемлекеттiк
қатысу
үлесі, %

1

"ҚарағандыЛифтМонтаж" акционерлiк қоғамы

77,69

2

"Темiртау қаласының Индустриялық паркi"
жауапкершiлiгi шектеулi ceрiктестiгi

100

3

"UniScien Tech технопаркi" жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiгi

25,77

4

"Жобалық-өндiрiстiк сәулет-жоспарлау бюросы"
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

100

5

"Сәулет-жоспарлау бюросы" жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiгi

100

6

"Ауруханааралық дәрiхана" жауапкершiлiгi
шектеулi серіктестiгi

100

7

"Көкшетауқалаауылжоба" жауапкершiлiгi
шектеулi ceрiктестiгi

100

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Yкiметiнiң
                                            2007 жылғы 19 наурыздағы
                                                  N 212 қаулысына
                                                      2-қосымша

Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi және мемлекеттiк қатысу үлестерi "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берiлетiн акционерлiк қоғам және жауапкершілiгi шектеулi серiктестiк 

Р/с
N

Ұйым атауы

Акциялардың
мемлекеттiк
пакетi,
мемлекеттiк
қатысу
үлесi, %

1

"Қазқараметавтоматика" акционерлiк қоғамы

90

2

"Республикалық тау-кен геомеханика және
маркшейдер iсi ғылыми орталығы"
жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгi

100