Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ережеде:
13-тармақта:
мынадай мазмұндағы 56-1) тармақшамен толықтырылсын:
"56-1) тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларының электр желілеріне қосылуына рұқсат береді;";
57) және 58) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"57) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттауды жүзеге асырады;
58) энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеуді, энергия үнемдеу саясатының орындалуын бақылауды, заңды тұлғалардың энергетикалық тиімділігін тексеруді жүзеге асырады;".
2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов