Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетi, осы Комитеттiң штат саны мен мемлекеттік мүлкi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң орталық аппаратына берiле отырып, таратылсын.
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Бәсекелестіктi қорғау комитетi және оның аумақтық бөлiмшелерi;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi құрылсын.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N
509
, 2006.08.02.
N 730
қаулыларымен.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Техникалық реттеу және метрология комитетi болып қайта аталсын.
5.
алынып тасталды
Ескерту. 5-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.06.27. N
589
қаулысымен.
6. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда қызметiн реттеу комитетi туралы ереже;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Бәсекелестiктi қорғау комитетi туралы ереже;
4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi туралы ереже;
5) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Техникалық реттеу және метрология комитетi туралы ереже;
6) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестиция комитетi туралы ереже;
7) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi комитеттерiнiң құрылымы;
8) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi;
9)
алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.08.02.
N 730
қаулысымен.
9-1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзбесi;
10) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгі Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту, Техникалық реттеу және метрология, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi Сауда қызметiн реттеу комитеттерiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
, 2006.06.06. N
509
, 2006.06.27. N
589
, 2007.04.09. N
280
қаулыларымен.
7. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiне үш орынбасары болуына;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Бәсекелестіктi қорғау комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгі Сауда қызметiн реттеу комитетiнiң төрағасына бiр орынбасары болуына;
5) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына;
6) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
7) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгі Инвестиция комитетiнiң төрағасына бiр орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.27. N
134
, 2006.06.27. N
589
қаулыларымен.
8. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiн ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым, Энергетика және минералдық ресурстар, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерiнен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгіне берiлетiн функцияларды ұстауға, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiктерiн ұстауға көзделген қаражат есебiнен берiлетiн штат санының шегiнде жүзеге асырылады деп белгіленсiн.
9. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерi, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiктерi берiлетiн функциялар шеңберiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Жарлыққа қол қойылған күнi берiлетiн бөлiмшелер қызметкерлерiнiң пайдалануындағы мемлекеттік мүлiктi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелердi берудi қамтамасыз етсiн.
10. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі" деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi";
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс істерi жөнiндегi комитетi" деген бөлiмнiң тақырыбындағы "Құрылыс" деген сөзден кейiн "және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" деген сөздермен толықтырылсын, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде "жөнiндегi" деген сөз алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 528-жол алынып тасталсын;
2) "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659
қаулысында
:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 205-12-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 235-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi" деген бөлiмнiң тақырыбындағы "Құрылыс" деген сөзден кейiн "және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" деген сөздермен толықтырылсын, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде "жөнiндегi" деген сөз алынып тасталсын.
11. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
12. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
N 1237 қаулысымен
бекiтiлген
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) индустриялық, оның iшiнде елдiң қорғаныс-өнеркәсiптiк, ғылыми-техникалық және инновациялық дамуы саласында, сондай-ақ сауда қызметiн, кәсiпкерлiктi дамыту және бәсекелестiктi қорғау, құрылыс, сәулет, қала құрылысы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету, экономиканың шикiзаттық емес секторындағы жеке инвестицияларды ынталандыру үшiн қолайлы жағдайлар жасау саласында мемлекеттік саясатты әзiрлеу және нормативтiк құқықтық реттеу жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.27. N
589
қаулысымен.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының
Конституциясы
мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi органдарында шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттi болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi, Сауда қызметiн реттеу комитетi, Бәсекелестiктi қорғау комитетi, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi, Техникалық реттеу және метрология комитетi, Инвестиция комитетi.
Министрлiк өзiнiң қарамағындағы ведомстволар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.27. N
589
қаулысымен.
4. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, "Транспорт Тауэр" ғимараты.
6. Министрлiктiң толық атауы: "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.
7. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Министрлiкке Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Ескерту. 2-тарау алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.06.27. N 589 қаулысымен.
3. Министрлiктiң негізгi мiндеттерi
10. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
1) индустриялық дамудың мемлекеттiк саясатын қалыптастыру, оның iшiнде барынша терең технологиялық қайта бөлулердi енгiзу және шикiзат ресурстарын ұтымды пайдалану негiзiнде елдiң индустриялық дамуы үшiн қажеттi жағдайлар жасау;
2) елдiң ғылыми-техникалық және инновациялық дамуының мемлекеттiк саясатын қалыптастыру, оның iшiнде ғылыми-техникалық әзiрлемелердi енгізу (ғылым мен техниканың жетiстiктерiн пайдалану) және жоғары технологиялық өндiрiстердi қалыптастыру негiзiнде елдiң экономикасын дамыту үшiн жағдайлар жасау;
3) ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастыру;
4) құрылысты, тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың мемлекеттiк саясатын қалыптастыру, оның iшiнде құрылыс саласы мен тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту мен реформалау үшiн жағдайлар жасау;
5) техникалық реттеу мен өлшемдер бiрлiгiн дамытудың мемлекеттiк саясатын қалыптастыру;
6)
алынып тасталды
7) сауда қызметiн дамытудың мемлекеттiк саясатын қалыптастыру, оның iшiнде теңгермелi кеден-тарифтiк саясат жүргiзу мен тауарлардың импорты кезiнде iшкi рынокты қорғау жолымен отандық өндiрiстi дамыту және қолдау үшiн жағдайлар жасау және ұлттық сауда режимiн ырықтандыру деңгейiн ұлғайту;
8) Қазақстанның сыртқы сауда-экономикалық қатынастарын дамытудың мемлекеттiк саясатын қалыптастыру, оның iшiнде сауда қызметiн дамыту үшiн жағдайлар жасау;
9) жеке кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау және бәсекелестікті қорғаудың, оның iшiнде монополистік қызметтi шектеу және терiс пиғылды бәсекелестiктiң жолын кесу, сондай-ақ ғылыми-техникалық саладағы кәсiпкерлiктi, инновациялық қызметтi дамыту, ғылыми-техникалық өнiм рыногын қалыптастыру жолымен мемлекеттiк саясатты қалыптастыру;
10) мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, оның iшiнде мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау;
11) экономиканың шикiзаттық емес секторына инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.27. N
589
қаулысымен.
11. Министрлiк өз құзыретi шегінде және заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай стратегиялық функцияларды жүзеге асырады:
1) индустриялық даму, оның iшiнде кен-металлургия, химия, өңдеу, фармацевтика мен медицина өнеркәсiбi, өнеркәсiптiң iрi ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мен қорғаныс өнеркәсiбi салаларында, сондай-ақ сауданы, дамыту, құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық сала, техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгi, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет салаларындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу;
2) жеке кәсiпкерлiктi қолдаудың және дамытудың мемлекеттiк саясатын жүргiзудi әзiрлеу және жүзеге асыру, инвестицияларды тартуға және бәсекелестiктi қорғауға жәрдемдесу;
3) Министрлiк пен оның ведомстволық бағыныстағы комитеттерінің құзыретiне кiретiн бағыттар бойынша мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзiрлеу және олардың орындалуын үйлестіру;
4) Министрлiктiң және оған ведомстволық бағынысты комитеттердiң қарауына белгіленген саланың барлық мәселелерi бойынша норма жасау қызметiн жүзеге асыру;
5) республикалық бюджет пен индикативтік жоспарлаудың болжамдық көрсеткiштерiн әзiрлеуге қатысу;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларды қорғау, жұмылдыру даярлығы мен жұмылдыру саласындағы заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
7) өз құзыретi шегінде реттелетiн салаларда бәсекелестiк ортаны дамытуға жәрдем көрсету;
8) индустриялық және ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласындағы стратегиялық функциялар:
индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру жөнiндегi iс-қимылдардың салааралық жоспарларын әзiрлеудi жүзеге асыру;
жоғары қосылған құны бар өндiрiстердi дамыту жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеу және үйлестіру;
жоғары технологиялық және экспортқа бағдарланған жаңа өндiрiстердi дамыту жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеу және үйлестiру;
қорғаныс өнеркәсiбi саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеу және үйлестiру;
экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк саясатын әзiрлеу және үйлестiру;
инвестициялық және инновациялық әлеует тұрғысынан экономиканың басым салаларына iрiктеу жүргiзу;
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және инновациялық, оның iшiнде өнеркәсiп саласындағы дамуының негiзгi бағыттары мен болжамдарын әзiрлеу;
қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту бағдарламаларын және мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру;
ұлттық мүдделерге және елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының ұзақ мерзiмдi мақсаттарына сәйкес ғылыми-техникалық дамудың қолданбалы зерттеулерiнiң басым бағыттарын айқындау;
қолданбалы ғылыми-техникалық зерттеулер бағдарламаларын, инновациялық бағдарламаларды қалыптастыру;
салааралық инновациялық бағдарламаларды, инновацияларды және инновациялық қызметтiң Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн стратегиялық маңызы бар мамандандырылған субъектiлерiн құру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
үлгілік құжаттардың нысандарын, мемлекеттiк сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiн, инновациялық жобаларды конкурстық iрiктеуге және қаржыландыруға арналған ережелердi әзiрлеу;
елдің ғылыми-техникалық және инновациялық дамуы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды үйлестiру;
әскери және қосарлы мақсаттағы өнiмдi жасаудың, өндiрудiң және жоюдың ағымдық және ұзақ мерзiмдiк бағдарламаларының iске асырылуын бақылауды жүзеге асыру бойынша шаралар әзiрлеу;
мемлекеттiк органдардың инновациялық қызметтi дамыту және ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастыру жөнiндегі қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету;
ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстi құру және дамытуға бағытталған ғылыми-техникалық бағдарламаларды атқарушы ұйымдар республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзетiн ғылыми, конструкторлық, технологиялық және инновациялық жұмыстардың жүргізiлуiн үйлестiрудi қамтамасыз ету;
жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы есебінің нысанын және алдағы жылға тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын бекіту;
9) сауданы және бәсекелестiктi дамыту саласындағы стратегиялық функциялар:
сауда қызметi саласына талдау жүргiзу, сыртқы сауданы дамыту саласындағы басымдықтарды айқындау;
сауда қызметiн дамыту және ұлттық өндiрiс пен тауарларды сату үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiндегi мемлекеттік саясатты әзiрлеу және оның iске асырылуын үйлестiру;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына, Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастыққа, Бiрыңғай экономикалық кеңiстікке, Шанхай ынтымақтастық ұйымына және өзге де халықаралық сауда-экономикалық ұйымдар мен одақтарға мүшелiгi мәселелерi жөнiндегi саясатты әзiрлеу мен жүргiзудегi қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету;
бәсекелестiк ортаға талдау жүргiзу;
сауда қызметiн дамыту және ұлттық өндiрiс пен тауарларды сату үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыруды үйлестiру;
бәсекелестiктi дамыту және қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттiк саясатты iске асыруды үйлестiру;
10) жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту әрi жеке сектордың инвестициялық белсендiлiгі саласындағы стратегиялық функциялар:
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк шараларын орындауды ұйымдастыру және үйлестiру;
жеке сектордың инвестициялық белсендiлiгiн ынталандыру және Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыруды әзiрлеу және үйлестiру;
жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландыру және оларға кредит беру жөнiндегі шараларды жетiлдiру туралы ұсыныстар әзiрлеу;
кәсiпкерлiк ортаға, жеке кәсiпкерлiктi дамытудың инвестициялық ахуалына және инфрақұрылымына талдау жүргiзу;
жеке кәсiпкерлiк қызметiнiң салаларында зерттеулер жүргiзудi ұйымдастыру;
республика өңiрлерiнде шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қалыптастыруға және дамытуға ықпал ету;
шағын кәсiпкерлiк саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
жеке кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi орталық мемлекеттiк және жергілiктi атқарушы органдарды ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
инвестициялық мiндеттемелердiң орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiнде шаралар әзiрлеу;
инвестицияларды өзара қорғау және көтермелеу мәселелерi жөнiндегi халықаралық ынтымақтастықты дамыту бөлiгiндегi инвестициялық ахуалды жетiлдiру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру, сондай-ақ инвестициялық преференцияларды беру үшiн қызметтiң басым түрлерiнiң тізбeciн айқындау;
орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сараптамалық кеңестердiң қызметiн үйлестiру;
инновациялық, инвестициялық және индустриялық дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыруда шағын кәсiпкерлiктiң қатысуы үшiн жағдай жасау;
жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту мәселелерiндегi инвесторлар, грант берушi халықаралық ұйымдар үшiн жағдай жасау;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне әдiснамалық көмек ұйымдастыру;
жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) халықаралық нарығына шығуы үшiн жағдай жасау;
жеке кәсіпкерлiктi дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
жеке кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты насихаттау;
11) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясаты, тұрғын үй-коммуналдық сала аясындағы стратегиялық функциялар:
сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың басым бағыттарын қалыптастыру;
құнды сәулет-қала құрылысы мұраларын сақтауды, сәулет пен қала құрылысындағы ұлттық және мәдени дәстүрлердi дамытуды ескере отырып, аумақтар мен елдi мекендердi игерудiң және дамытудың басым бағыттарын қалыптастыру;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саланы мемлекеттiк реттеу әдiстерiн әзiрлеу;
сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық сала аясындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруда салааралық үйлестiру және басшылық жүргiзу;
12) техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгi саласындағы стратегиялық функциялар:
техникалық реттеудiң, өлшемдер бiрлiгiнiң мемлекеттiк жүйесiн дамытудың басым бағыттарын қалыптастыру;
техникалық реттеу, өлшемдер бiрлiгi саласында халықаралық талаптарға сәйкес бiрыңғай ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен үйлестiрілген стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi қызметті үйлестiрудi жүзеге асыру;
техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгi саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөнiнде шаралар әзiрлеу;
13)
алынып тасталды
14) осы саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мақсаттары үшін түсті және қара металдар рыногының тұрақты мониторингін қамтамасыз ету.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
, 2006.06.27. N
589
, 2006.08.25.N
805
, 2007.05.29. N
436
қаулыларымен.
12. Министрлiктiң, өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiне индустрияны, сауданы, құрылысты, тұрғын үй-коммуналдық саланы, техникалық реттеу мен өлшемдер бiрлiгiн дамыту, кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен бәсекелестiктi қорғау, инвестицияларды тартуға жәрдемдесу, мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, елдiң инновациялық және ғылыми-техникалық дамуы саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар енгiзуге;
2) Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жол беретiн жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінiң қызметiн регламенттейтiн заңнамасының бұзылуы туралы ақпарат беруге;
3) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан ақпарат сұратуға және алуға;
4) нормативтік құқықтық кесімдер шығаруға;
5) халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен келiссөздер жүргiзуге және келiсiмдер жасасуға;
6) мемлекет атынан тараптардың бiрi ретiнде азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге;
7) сараптамалар және консультациялар жүргiзу үшiн мемлекеттік және өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тартуға;
8) консультативтiк-кеңесу, оның iшiнде ведомствоаралық органдарды құруға;
Қазақстан Республикасында дамытылатын басым жоғары технологиялық өндiрiстердiң тiзбесiн бекiту;
9) Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен жасасатын сауда-экономикалық шарттары мен келiсiмдерi бойынша ұсыныстар енгізуге;
10) салық салу жүйесiн жетілдiру, оларды қолдауды қамтамасыз ету мақсатында кәсiпкерлiк субъектілерiне қатысты қаржылық және кредиттік саясатты өзгерту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
11) көтермелеу жүйесiн әзiрлеуге және жүзеге асыруға, Министрлiктiң, өз қызметiн Қазақстан Республикасының Министрлiк жетекшілік ететiн экономика салаларында жүзеге асыратын кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың қызметкерлерiн арнайы белгiлермен, құрмет грамоталарымен және көтермелеудiң басқа да түрлерімен марапаттауға;
12) Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң, оның iшiнде ведомстволарының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдары мен кәсiпорындарының қызметiн үйлестiруге;
13) инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау және өнеркәсiптiң жекелеген салаларын дамыту бойынша шаралар әзiрлеу туралы шешiмдер қабылдауға;
14) салааралық инновациялық бағдарламаларды iске асыруға қатысуға;
15) халықаралық инновациялық, ғылыми-техникалық және технологиялық ынтымақтастықты дамытуға қатысуға;
16) қару-жарақты, олардың оқ дәрiлерiн, әскери техниканы, қосалқы бөлшектердi, олардың жинақтаушы бұйымдары мен приборларын, жарылғыш заттарды және олардың өндiрiстерiнiң қалдықтарын, сондай-ақ жару-құралдарын, өнеркәсiптiк мақсаттағы дәрілердi және пиротехникалық өнiмдердi өндiруге арналған арнайы материалдар мен арнайы жабдықтың айналымы мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдауға;
17) ведомстволық бағынысты ғылыми-ұйымдардың қызметiн жетiлдiру және ғылымды реформалау бойынша ұсыныстар дайындауға;
18) даму институттарымен және мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, "Виртуалдық технопарк" бiрыңғай ақпараттық жүйесiн толықтыру үшiн инновациялық жобалар мен ғылыми әзiрлемелердiң деректер қорын қалыптастыру жөнiндегi жұмыс жүргiзуге;
19) "ғылым, рынок, өндiрiс" циклының жұмыс iстеуi үшiн өнеркәсiп салалары кәсiпорындарының ғылыми ұйымдармен және даму институттарымен өзара iс-қимылын нығайту жөнiнде iс-шаралар жүргiзуге;
20) инновациялық инфрақұрылым субъектiлерiн инновациялық жобалармен және ғылыми әзiрлемелермен толықтыру жөнiндегi мәселелердi қарауға;
21) өнеркәсiп салаларының жекелеген кәсiпорындарын санациялау, қайта мамандандыру жөнiнде ұсыныстар дайындауға;
22) әскери мақсаттағы өнiмдердi әзірлеушілер және өндiрушiлер болып табылатын ұйымдарға әскери мақсаттағы өнiмге қатысты сыртқы сауда қызметiн жүзеге асыру құқығын беру туралы мәселелердi қарауға және белгiленген тәртiппен тиiстi материалдар дайындауға;
23) ақпараттық-тұсаукесер iс-шараларын (саммиттер, форумдар, тұсаукесерлер, конференциялар және тағы басқа да iс-шаралар), сондай-ақ өнеркәсiп салаларының, индустриялық, ғылыми-технологиялық, инновациялық дамудың проблемалық мәселелерi бойынша кеңестер ұйымдастыруға және өткiзуге құқығы бар.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.27. N
589
, 2006.08.25. N
805
қаулыларымен.
13. Министрлiктiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң, сондай-ақ құны Министрлiктің теңгерiмiнде көрсететiн өзге де мүлiктiң есебiнен қалыптасады.
14. Министрлiкке бекiтілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Егер заңнамалық кесiмде өзгеше белгiленбесе, Министрлiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өздiгiнен иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
7. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
16. Министрлiктi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдiң Қазақстан Республикасының Үкiметi Министрдiң ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. Министрдiң орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
17. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады.
18. Министр осы мақсаттарда заңнамаға сәйкес және өз құзыретiнiң шегiнде:
1) өзiнiң орынбасарлары мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Министрлiктiң қызметкерлерiн көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету мәселелерiн шешедi және тәртiптiк жаза қолданады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) Министрлiктiң құрылымын және құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
6) Министрлiктi барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда бiлдiредi;
7) Министрлiктiң жұмыс регламентiн бекiтедi;
8) өз құзыретiнiң шеңберiнде өзге де шешiмдердi қабылдайды.
19. Министрлiк қабылдайтын шешiмдер министрдiң немесе оның мiндетiн атқарушы адамның бұйрығымен ресiмделедi.
20. Министрлiктiң министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан министр бекiтедi.
8. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату
21. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату заңнамалық белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
N 1237 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Акционерлiк қоғамдар
1.
Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.09. N
280
қаулыcымен.
2.
Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.09. N
280
қаулыcымен.
3.
Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.09. N
280
қаулыcымен.
4.
Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
қаулысымен.
5.
Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.07.19. N 742
қаулысымен
.
6.
Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
қаулысымен.
7.
Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
қаулысымен.
8.
Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.09. N
280
қаулыcымен.
9. "Шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық ақпараттық-көрме орталығы" жабық акционерлiк қоғамы, Астана қаласы.
10. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" акционерлiк қоғамы, Алматы облысы.
10. "Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлiк қоғамы, Астана қаласы.
12. "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамы", Қарағанды қаласы
13. "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ
14. "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
15. "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ
16. "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ
17. "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.25. N
878
, 2006.06.30. N
616
, 2006.09.14. N
868
, 2007.01.15.
N 22
, 2007.04.09. N
280
, 2007.05.11. N
376
қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық
дамыту комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң құзыретi шегiнде және заңнамаға сәйкес iске асырушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, жетекшiлiк ететiн өнеркәсiп саласында (оның iшiнде тау-кен металлургия, химия, өнеркәсiптiң өңдеушi салаларында, iрi ауыл шаруашылық машина жасау, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi салаларында), сондай-ақ қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы Қазақстан Республикасының индустриялық, ғылыми-технологиялық және инновациялық даму саласында қызметтi салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
1. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының
Конституциясы
мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң органдарында шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Комитет өз құзыретiнiң шегінде басқа мемлекеттiк органдармен, қоғамдық бiрлестiктермен және өзге де заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасауға құқығы бар.
3. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен бұйрықтар шығарады.
4. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, "Транспорт Тауэр" ғимараты.
6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитетті ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осы қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
9. Комитеттiң миссиясы ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялық өндiрiстердiң ұлттық экономиканың жалпы көлемiндегi үлесiн ұлғайтуға бағытталған индустриялық, ғылыми-технологиялық, инновациялық дамыту мемлекеттiк саясатын iске асыру болып табылады.
10. Комитеттiң мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) ғылым мен техниканың қазiргi заманғы жетiстiктерiн енгiзу негiзiнде тиiмдiлігі жоғары және экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құру;
2) қосылған құн тiзбегiнiң әдiснамасы негізiнде ұлттық өндiрiстiң құрылымын жасау;
3) салалардағы қосылған құн тізбегін ұлғайтуды қоса алғанда, өндiрiстiң бәсекелiк басымдылығын арттыруға бағытталған минералдық ресурстарды қайта өңдеудiң тереңдігін және пайдаланудың кешенділігiн қамтамасыз ету;
4) салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберiнде ғылымды қажетсiнетiн, ресурстар үнемдейтiн және экологиялық таза технологиялар мен жабдықтарды жасау;
5) тиiмдi ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастыру;
6) жер қойнауын пайдалану жөнiнде операциялар жүргiзу кезiнде қазақстандық өндiрушiлер тауарларының, жұмыстары мен қызметтерiнiң үлесiн ұлғайту;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету және экспортқа бағдарланған өнiмдi шығару үлесiн жоғарылата отырып, қорғаныс өнеркәсiбi кешенiн дамыту.
4. Комитеттiң функциялары мен құқықтары
11. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн функциялары:
1) өндiрiстiк, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтi, оның iшiнде ғылым мен техниканың жаңа әлемдiк жетiстiктерiн пайдалана отырып, дамыту және қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк қызметтер көрсету;
2) Өнiмдi Бөлу туралы келiсiмдердiң және отандық тауар өндiрушiлердiң тауарларын, жұмыстарын және қызметтерiн мiндеттi түрде тарту мәселелерi жөнiнде жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келiсiм-шарттардың жобаларын келiсу;
3) жұмыс iстеп тұрған және құрылатын кәсiпорындарды, қаржыландырылатын жобаларды, қаржыландыруға дайын инвестициялық және инновациялық жобаларды ескере отырып, өңiрлер бөлiнiсiнде Қазақстанның цифрлық электрондық өнеркәсiптiк картасын жасауды ұйымдастыру;
4) инновациялық процестерді жандандыру, жаңа технологиялық әдiстердi енгiзу, өнеркәсiптегi жаңа қайта бөлулердi игеру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
5) мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын қалыптастыруды, орналастыруды және оның орындалуын үйлестiрудi қамтамасыз ету;
6) әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберiнде әскери мақсаттағы өнiмдi жөндеу және дайындау үшiн жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдық ресурстардың өзара жеткiзiлуiн үйлестiру;
7) Комитеттiң құзыретiне енетiн салалардағы халықаралық шарттарды орындау;
8) мемлекеттiк және салалық (секторалдық), оның iшiнде инновациялық қызмет саласындағы, өнеркәсiп салалары жөнiндегi (оның iшiнде өнеркәсiптiң кен-металлургия, химия, фармацевтика, медицина, өңдеу, iрi ауыл шаруашылығы машиналарын жасау салаларында) бағдарламаларды орындауды, қолданбалы ғылыми-техникалық зерттеулердi, қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялау мен дамытуды iске асыру және үйлестiру;
9) Комитеттің құзыретiне енетiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру;
10) инновациялық қызмет субъектiлерiн (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, ғылыми-технологиялық аймақтар, т.б.) құру және дамыту жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру;
11) республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын қолданбалы ғылыми зерттеулердің деректер банкiн қалыптастыру;
12) жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi дамыту және жаңаларын құру мақсатында даму институттарының технологиялар трансфертi жөнiндегi жұмысын үйлестiру, Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн стратегиялық маңызы бар экономиканың нақты секторына технологияларды берудi жүзеге асыру;
13) республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен ғылыми-техникалық бағдарламаларды атқарушы ұйымдар орындайтын, ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстi құруға және дамытуға бағытталған ғылыми, конструкторлық, технологиялық және инновациялық жұмыстардың жүргiзiлуiн үйлестiру;
14) бюджет қаражатынан орындалған зерттеулер нәтижелерiне мемлекеттiк технологиялық сараптамалар жүргiзу және оларды одан әрі өндiрiстiк игеру және енгiзу үшiн ұсыныстар беру;
15) Қазақстаннан шыққан тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы бөлігінде олардың келісім-шарттық міндеттемелерді орындауы мониторингін жүзеге асыруға қатысу;
15-1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалаудың өлшемдерін әзірлеу;
15-2) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында шығарылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;";
15-3) Қазақтан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің веб-сайтында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ашық конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға арналған конкурстарды өткізу туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландырулар орналастыру;
15-4) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу немесе келісім-шартқа байланысты ілеспе қызмет кезінде пайдаланылатын тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге қатысты қазақстандық қамтуды есептеу әдістемесін құзыретті органмен келісім бойынша әзірлейді және бекітеді;
16) инвестициялық және инновациялық жобаларға, жетекшiлiк ететiн салалардың өндiрiстік қызметiне, оның iшiнде осы салада жұмыс iстейтiн ұйымдардың технологиялық жай-күйi деңгейiне мониторинг жүргізу;
17) қару-жарақ, олардың оқ-дәрiлерi, әскери техника, қосалқы бөлшектер, олардың жиынтықтаушы бұйымдары мен приборлары, жарылғыш заттар мен олардың өндiрiстiк қалдықтары, сондай-ақ жару құралдары, өндiрiстiк мақсаттағы оқ-дәрi мен пиротехникалық бұйымдар өндiрiсiне арналған арнайы материалдар мен арнайы жабдықтар айналымы мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау;
18) даму институттарымен және мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, "Мүмкiндiктi технопарк" бiрыңғай ақпараттық жүйесiн толықтыру үшiн инновациялық жобалар мен ғылыми әзiрлемелердiң деректер банкiн қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргiзу;
19) "ғылым-рынок-өндiрiс" циклының жұмыс iстеуi үшiн өнеркәсiп салалары кәсiпорындарының ғылыми ұйымдармен және даму институттарымен өзара iс-қимылын нығайту жөнiнде iс-шаралар жүргiзу;
20) өзiнiң құзыретi шегінде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) экспорты мен импортын және өзге қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру, оның iшiнде берiлген лицензиялар бойынша есеп жүргiзу;
21) халықаралық ұйымдармен және шетел мемлекеттерiмен экспорттық бақылау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру;
22) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесi мемлекеттiк органдарымен бiрлесiп, қажет болған жағдайда экспорттық бақылауға жататын өнiмдi түсiру алдындағы кезеңде және түпкiлiктi пайдалануда тексерудi жүзеге асыру;
23) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген номенклатура бойынша кепiлдiктi мiндеттемелер (түпкiлiкті пайдаланушының сертификатын) беру;
24) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген номенклатура бойынша экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитiне рұқсаттар беру;
25) өтiнiш берушiге және мүдделi мемлекеттiк органдарға экспортталатын өнiмнiң экспорттық бақылауға жататын өнiмге жатқызылатыны туралы қорытынды беру;
26) экспорттық бақылау жүйесiн iске асырумен, ережелердi және рәсiмдердi бiрiздендiрумен байланысты шараларды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесi мемлекеттiк органдарының ұсыныстары бойынша оларға түзету жүргiзу;
27) сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (өтiнiм берушiлерге) сыртқы экономикалық мәмiлелердi жүзеге асыруға рұқсаттар беру;
28) ұйымдарға экспорттық бақылаудың фирмаiшiлiк жүйелерiн құруға жәрдемдесу және оларға қажеттi ақпараттық-әдiстемелiк қолдау көрсету;
29) экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен өнiмдердiң бақылау тiзiмдерiн, тiзбелерiн әзiрлеу;
30) Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру;
бақылау-қадағалау функциялары:
1) уәкiлеттi органдар арқылы экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспортын, қайта экспортын, импортын, қайта импортын, транзитiн және кеден аумағынан тыс қайта өңделуiн бақылау;
2) лицензиаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгiленген бiлiктiлiк талаптары мен лицензиялық ережелердi орындауын бақылау.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
, 2007.05.29. N
436
қаулыларымен.
12. Комитеттiң заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) меншiк нысанына қарамастан, ұлттық орталықтардан, даму институттарынан, компаниялардан, ұйымдардан, министрлiктiң комитеттерiнен, құрылымдық бөлiмшелерiнен, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
2) нормативтiк құқықтық кесімдердi әзiрлеуге қатысу және өз құзыретiнiң шеңберiнде басып шығару;
3) сараптамалар мен консультациялар өткiзу үшін мемлекеттiк басқару органдарының мамандарын, қажет болған жағдайда өзге де ұйымдардың мамандарын тартуға;
4) тиiстi министрлiктермен, ведомстволармен, кәсiпорындармен, ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға;
5) инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау жөнiндегi және өнеркәсiптiң жекелеген салаларын дамыту жөнiндегi шараларды әзiрлеу туралы шешiмдер қабылдауға;
6) салааралық инновациялық бағдарламаларды iске асыруға қатысуға;
7) халықаралық инновациялық, ғылыми-техникалық және технологиялық ынтымақтастықты дамытуға қатысуға;
8) ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың қызметiн жетiлдiру және ғылымды реформалау жөнiнде ұсыныстар дайындауға;
9) инновациялық инфрақұрылым субъектілерін инновациялық жобалармен және ғылыми әзiрлемелермен толықтыру жөнiндегi мәселелердi қарауға;
10) өнеркәсiп салаларының жекелеген кәсiпорындарын санациялау, қайта бейiндеу жөнiнде ұсыныстар дайындауға;
11) әскери мақсаттағы өнiмдi әзiрлеушiлер мен өндiрушiлер болып табылатын ұйымдарға әскери мақсаттағы өнiмге қатысты сыртқы сауда қызметiн жүзеге асыру құқығын беру туралы мәселелердi қарауға және белгiленген тәртiппен тиiстi материалдарды дайындауға;
12) ақпараттық-тұсаукесу іс-шараларын (саммиттер, форумдар, тұсаукесерлер, конференциялар және басқа да iс-шаралар), сондай-ақ өнеркәсiп салаларының, индустриялық, ғылыми-технологиялық және инновациялық дамудың проблемалық мәселелерi бойынша кеңестер ұйымдастыруға және өткiзуге;
13) Комитет қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды, оларды даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыруға құқығы бар;
14) жер қойнауын пайдаланушылардан және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардан өндірілетін және өндірілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты сұратуға.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
, 2007.05.29. N
436
қаулыларымен.
13. Комитеттiң жедел басқару құқығында республикалық меншiкке жататын оқшауланған мүлкі болады.
Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетілетiн өзге де мүлiктен тұрады.
14. Комитеттiң өзiне бекітiп берiлген мүлiктi өздiгiнен иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңнамада белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
6. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Комитет төрағасының заңнамада белгіленген тәртiппен қызметтерге тағайындалатын және қызметтерден босатылатын орынбасарлары болады.
Комитет төрағасы орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
16. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады әрi оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауап бередi.
17. Төраға осы мақсаттарда:
1) өз орынбасары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшесi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттіктерiн айқындайды;
2) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн көтермелеу мәселелерiн шешедi, оларға тәртiптiк жаза қолданады;
4) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда Комитетті бiлдiредi;
5) бұйрықтарға қол қояды;
6) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
7) оның құзыретiне жататын басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
7. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
18. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
N 1237 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң
Сауда қызметiн реттеу комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
Ескерту. Тақырыбы және мәтінге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.27. N 589 қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда қызметiн реттеу комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң құзыретi шегiнде және заңнамаға сәйкес арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ сауда қызметiн реттеу және демпингке қарсы, қорғау және өтемдiк шараларды қолдану саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының
Конституциясы
мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң органдарында және банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, 473000, Қабанбай батыр даңғылы, "Транспорт Тауэр" ғимараты.
6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда қызметiн реттеу комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге Комитетке тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда бұл қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
Ескерту. 2-тарау алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.06.27. N 589 қаулысымен.
3. Комитеттің негiзгi мiндеттерi
10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) сауда қызметiн дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
2) сауда қызметiн салааралық үйлестiру;
3) тауарлар импорты кезiнде iшкi рынокты қорғау;
4) кедендiк-тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мәселелерiн үйлестiру;
5)
алынып тасталды
6)
алынып тасталды
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.27. N
589
қаулысымен.
4. Комитеттiң функциялары мен құқықтары
11. Жүктелген мiндеттерге сәйкес Комитет заңнамаға сәйкес мыналарды жүзеге асырады:
сауда қызметi саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
1) сауда қызметінің мониторингiн жүзеге асыру;
2) әлемдiк рынокта сұранысқа ие бәсекеге қабілетті тауарларды өндiрудi ұлғайтуды қамтамасыз ету;
3) экспорттың өсiмiн және әртараптануын қамтамасыз ету;
4) теңгермелi iшкi рынокты құруға бағытталған қорғаныштық-қолдампаздық шаралардың жүйелерiн iске асыру;
5) сыртқы сауда қызметiн тарифтiк және тарифтiк емес реттеу әдiстерiмен реттеу;
6) тарифтiк квоталар қолдану жөнiндегі шараларды iске асыру;
7) сыртқы рыноктарда қазақстандық тауарлардың қол жетiмдiлігін шектейтін сыртқы сауда дауларын реттеу;
8) қорғау, демпингке қарсы және өтемдiк шараларды енгiзу алдындағы талқылауларды жүргiзу;
9) Қазақстан Республикасының шет елдердегі сауда өкiлдiктерiнiң қызметiне басшылық жасау және оны үйлестiру;
10) сауда қызметi саласындағы орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру;
11) сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкіметаралық комиссиялардың қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге қатысу;
12) iшкi сауда саласындағы және тұтыну рыногындағы экономикалық бағдарламаларды iске асыру;
13) басқа елдердiң мүдделi органдарымен және халықаралық ұйымдармен демпингке қарсы, өтемдік және арнайы қорғау баждарын, сандық шектеулердi енгізу мәселелерi бойынша өзара іс-қимыл жасасу;
14) сыртқы саудада экономикалық мүдделердi қорғау үшiн халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, талқылаулар жүргiзу жөнiндегi рәсiмдердi iске асыру;
15) талқылаулар жүргiзiлетiн тауарлар импортының мониторингі, сондай-ақ талқылаулар бойынша деректер банкiн құру және жүргiзу;
16) сыртқы және iшкi тауар рыноктарындағы конъюнктураны зерделеу және оның мониторингi;
17) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асыру, оның iшiнде берiлген лицензиялар бойынша есеп жүргiзу;
18)-23)
алынып тасталды
24) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
қаулысымен.
25) демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдану кезiнде бақылау;
26)
алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
қаулысымен.
27)-30)
алынып тасталды
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
, 2006.06.27. N
589
қаулыларымен.
12. Комитет негiзгi мiндеттердi iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының сауданы дамыту мәселелерi жөнiндегi заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) сауда қызметiн дамыту және тауарларды өндiру мен сату үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
3) Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрқатар мемлекеттерге қатысты халықаралық экономикалық санкцияларға қатысу мүмкiндiгi туралы ұсыныстар енгiзуге;
4) Қазақстан Республикасының кедендiк-тариф саясатын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
5) сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына өзгерiстер енгiзу және оны сыртқы экономикалық қызметтi мемлекеттiк реттеу мiндеттерiне сәйкес жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
6) сыртқы сауданы, Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операцияларын жүргiзу тәртiбiн, шет елдермен өзара қарым-қатынастарды жетiлдiру, халықаралық экономикалық ұйымдардың жұмысына қатысу жөнiндегi ұсынымдарды енгiзуге;
7) тауарларды сыртқы рыноктарға жылжыту жөнiндегi шараларды жандандыру бойынша ұсыныстар енгiзуге;
8) сауданы дамытуға байланысты мемлекетаралық және республикалық сауда көрмелерiн, жәрмеңкелер, аукциондар, жарнамалық және басқа да iс-шаралар өткiзуге, семинарлар, бизнес-форумдар әрi республикалық және халықаралық деңгейде iскер топтардың кездесулерiн ұйымдастыруға;
9) тауарларды сатуды тоқтата тұру және (немесе) тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
10) Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн терiс салдарды жою мақсатында демпингке қарсы, қорғау және өтемдiк баждардың мөлшерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
11) тауарлар импорты кезiнде iшкi рыноктағы адал бәсекелестiктi бұзушылық фактiлерiн анықтау кезiнде заңнамада белгiленген шараларды қолдану жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
12) экспорт пен импорттың құрылымын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
13) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан қажеттi ақпарат сұрауға және алуға;
14) жеткiзушiлерден қабылданған мiндеттемелердiң орындалуы туралы мәлiметтер сұрауға және олардың дұрыстығын тексеруге;
15) экспорттаушының елiндегi ақпараттың дұрыстығын тексерудi жүргiзуге;
16)
алынып тасталды
17) сауда саласында консультациялар мен сараптамалар жүргiзу үшiн орталық, жергiлiктi атқарушы органдардың, басқа да ұйымдардың мамандарын тартуға құқылы.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.27. N
589
қаулысымен.
13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
14. Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктiң есебiнен құралады.
15. Комитетке бекiтiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
16. Комитеттiң, егер заңнамалық кесiммен өзгеше белгiленбесе, өзiне бекiтiп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билiк етуге құқығы жоқ.
6. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
17. Комитетті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Комитет төрағасының заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
Төраға орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.27. N
589
қаулыларымен.
18. Комитеттің төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етедi әрi Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауап бередi.
19. Төраға осы мақсатта:
1) өз орынбасарларының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн көтермелеу мәселелерiн шешедi, оларға тәртiптік жаза қолданады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
6) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Комитетті бiлдiредi.
20. Комитет қабылдайтын шешiмдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi.
7. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
21. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
N 1237 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң
Бәсекелестiктi қорғау комитетi туралы
ереже
1. Бәсекелестiктi қорғау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің құзыретi шегiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсетудi, белгiлi тауар рыногында басымдық жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметiн бақылау және реттеу, бәсекелестiктi дамытуды қорғау және үйлестiру, сондай-ақ белгілi тауар рыногында басымдық жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыру саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының
Конституциясына
, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет туралы Ереженi, штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
4. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң органдарында шоттары бар.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Комитеттiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстар мен Астана және Алматы қалаларында аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелерi) бар.
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, "Транспорт Тауэр" ғимараты.
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестiктi қорғау комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитеттің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
9. Комитеттiң миссиясы бәсекелестiктi қорғау мен дамыту және монополистік қызметтi шектеу болып табылады.
10. Комитеттiң мiндеті монополистiк қызметтiң алдын алу және оған жол бермеу, терiс пиғылды бәселестiктi шектеу және тоғысу жолымен бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру болып табылады.
11. Комитетке жүктелген мiндетке орай заңнамаға сәйкес мыналарды жүзеге асырады:
iске асыру функциялары:
1) тауар рыногында бәсекелестiктi шектейтiн және монополистiк қызметтi жүзеге асыратын басымдық (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiн анықтау мақсатында талдауды жүргiзу;
2) белгілі тауар рыногында басымдық (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзілiмiн, мемлекеттiк кәсiпорындар көрсететiн ақылы қызметтердiң Мемлекеттiк тiркелiмiн қалыптастыру және жүргiзу;
3) мемлекеттiк органдармен және шет елдер ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды және ынтымақтастықты ұйымдастыру, сондай-ақ Комитеттің құзыретiне қатысты мәселелер жөнiндегi халықаралық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру;
4) өз құзыретi аясында нормативтiк кесiмдер әзірлеу;
бақылау-қадағалау функциялары:
5) мемлекеттiк кәсiпорындардың ақылы қызметтер көрсету қызметiн және тәртiбiн бақылау және табиғи монополияға жатпайтын мемлекеттiк кәсiпорындар өндiретiн және сататын тауарларға (жұмыстарға, қызметтер көрсетуге) бағаны мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру;
6) кәсiпкерлiк құқықтарын қорғауға бағытталған заңнаманың сақталуын бақылау;
7) оның құзыретiне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың қызметiн тексерудi жүргiзу;
8) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы iстердi, сондай-ақ шекаралары бір облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегiнен асатын белгілi бір тауар рыноктарындағы теріс пиғылды бәсекелестiк туралы iстердi қарау және олар бойынша шешiмдер қабылдау;
9) рынок субъектiлерiнiң жарғылық капиталында және өзге жағдайларда акциялар (үлестер, пайлар) сатып алған кезде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуын бақылау.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
қаулысымен.
12. Комитет өзiнiң мiндетiн iске асыру және функцияларын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзiнiң құзыретi шеңберiнде:
1) мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар монополиялы өндiретiн тауарларға (жұмыстарға, қызметтер көрсетуге) мемлекеттiк басқару органы белгiлейтiн бағаларды келiсуге;
2) орындау үшiн мiндеттi шешiмдер беруге және нормативтiк кесiмдер шығаруға;
3) тауар рыногында басымдық (монополиялық) жағдайдың болуын белгiлеуге;
4) рынок субъектiлерiнiң монополияға қарсы заңнаманы және терiс пиғылды бәсекелестіктiң жолын кесу саласындағы заңнаманы бұзуы анықталған кезде кiнәлiлердi әкiмшілiк жауаптылыққа тартуға;
5) жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттік органдардан, жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларынан Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпия құрайтын мәлiметтердiң жария болу талаптарын сақтай отырып, өзiнiң өкілеттiгiн жүзеге асыру үшiн ақпарат сұратуға және алуға;
6) рыноктық қатынастар субъектiлерінің орындауы үшін мiндеттi терiс пиғылды бәсекелестiктi тоқтату және оның салдарын жою, сондай-ақ терiс пиғылды бәсекелестiк нәтижесiнде алынған кiрiстi мемлекеттiк бюджетке аудару туралы шешiмдер қабылдауға;
7) үлесi тиiстi тауар рыногында отыз бес пайыздан асатын не тиiстi тауар рыногында басым (монополиялық) жағдайға ие мемлекеттiк органдарға, олардың лауазымды тұлғаларына, рынок субъектiлерiне, олардың басшыларына орындау үшін мiндеттi нұсқамалар бeруге;
8) Комитет мәжілiстерiнде тиiстi тауар рыногында олардың үлесi отыз бес пайыздан асатын не тиiсті тауар рыногында басымдық (монополиялық) жағдайға ие мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларын, рынок субъектілерiн тыңдауға;
9) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын және оны қолдану практикасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзуге;
10) Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер жөнiнде түсiндiрме беруге;
11) ғалымдар мен мамандар, Комитеттiң қызметкерлерi, мемлекеттік органдар мен рынок субъектілерiнiң өкiлдерi қатарынан сараптама кеңесiн құруға;
12) тексерулер мен сараптамалар жүргiзуге басқа да ұйымдардан мамандарды тартуға;
13) сотқа талаппен жүгiнуге, мемлекеттiк баға тәртiбін, Қазақстан Республикасының терiс пиғылды бәсекелестiктiң жолын кесу және монополияға қарсы заңнамасын, тұтынушылардың құқығын қорғау жөнiндегi заңнамасын бұзушылықтарды жою мақсатында оларды қарауға қатысуға;
14) егер бұл тиiстi тауар рыногында оның үлесi отыз бес пайыздан асатын шаруашылық субъектiлерiнiң пайда болуына әкелсе, рынок субъектiлерiн құруға, сондай-ақ тиiстi тауар рыногында басымдық (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiн қайта құруға, таратуға қорытынды беруге;
15) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзатын олар қабылдаған кесiмдердiң күшiн жою немесе өзгерту туралы мемлекеттiк органдарға ұсыныстар енгізуге;
16) құқық қорғау органдарына тиiстi материалдар жiберуге;
17) нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге қатысу және өз құзыретiнiң шегiнде басып шығару;
18) тауар рыногында басымдық (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерiнiң тауарларына (жұмыстарына, қызметтер көрсетуге) бағаларды мемлекеттiк реттеудi енгiзу туралы шешiм қабылдауға құқылы;
19) негiзгi кәсiпорынның органымен еншілес кәсiпорын құруға ұсынымын жоғары тұрған мемлекеттiк басқару келiсуге;
20) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органнан қажеттi ақпарат сұрауға және оны ұсыну мерзiмiн белгiлеуге құқылы.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
қаулысымен.
13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Комитеттің мүлкi оған мемлекет берген мүлiктен, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен қалыптасады.
14. Комитетке бекiтілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Комитет өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдермен белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк етуге құқық берiлуi мүмкін.
7. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
17. Комитет төрағасының заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
18. Комитет төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн дербес жауапты болады.
19. Комитеттiң төрағасы осы мақсаттарда:
1) бұйрықтар шығарады;
2) өз орынбасарларының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн айқындайды;
3) Комитеттiң құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн, аумақтық бөлiмшелер бастығын және бастығының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тәртiптiк жазалар қолданады және Комитеттiң қызметкерлерiн көтермелейдi;
7) құрылымдық және аумақтық бөлiмшелердiң қызметiн үйлестiредi және бақылайды.
Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N
509
қаулысымен.
8. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
20. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
N 1237 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi
комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi (бұдан әрi - Комитет) заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң құзыретi шегiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.02.
N 730
қаулысымен.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының
Конституциясы
мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi органдарында шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бұйрықтар шығарады.
4. Комитеттің құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Районный тұйық көшесi, 15/1.
6. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы iстерi комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады.
9. Комитеттің миссиясы адамның өмiр сүруi мен тiршiлiк етуiнiң толыққанды ортасын, қала құрылысы, сәулет және құрылыс құралдарымен, инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз етумен, табиғатты ұтымды пайдаланумен және экологиялық тепе-теңдiк үшiн жағдайлар жасаумен қол жеткiзiлетiн елдi-мекендер мен қонысаралық аумақтардың орнықты дамуын қалыптастыру болып табылады.
3. Комитеттiң негізгі мiндеттерi
10. Комитеттiң миссиясын орындаудағы негізгi мiндеттерi:
1) тұрғын үй саясатын iске асыруды қоса алғанда, сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзу, сондай-ақ оны iске асыруды салааралық үйлестiру және оған басшылық жасау;
2) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттiк нормативтiк-техникалық базаны жетiлдiру және дамыту;
3) жобалау-iздестiру және құрылыс өнiмдерiне, жұмыстарға (қызметтерге) арналған бағалар және баға белгiлеу шарттарының мониторингі;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру кезiнде азаматтар мен қоғамның өмiр сүру және тiршілiк етуiнiң толыққанды ортасына арналған мүдделерiн қамтамасыз ету, жобалау және құрылыс өнiмiн тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
5) құрылыстың сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының орнықты жұмыс iстеуiн ұйымдастыру, тұрғын үй-коммуналдық қызметтердi тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
7) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
қаулысымен.
8) экологиялық тепе-теңдiктi және табиғи ресурстарды, сондай-ақ оларды қала құрылысын игеру, дамыту және құрылыс салу кезiнде аумақтарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
9) елдi мекендердiң әлеуметтiк, өндiрiстік, инженерлiк, көлiк және рекреациялық инфрақұрылымын тиiмдi, кешендi және шоғырландырылған дамыту үшiн жағдайларды қамтамасыз ететiн шарттарды қалыптастыру;
10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы үкiметаралық келiсiмдерге сәйкес ықпалдасу процестерiн тереңдету болып табылады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
қаулысымен.
11. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттік саясатты жүргiзу жөнiнде жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай iске асыру функцияларын жүзеге асырады:
1) тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын қоса алғанда, сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру;
1-1) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының жобасын әзiрлеудi қамтамасыз ету;
2) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi, нормативтiк-техникалық құжаттар мен мемлекеттiк стандарттарды, сондай-ақ құрылыстағы сметалық нормативтердi әзiрлеудi, бекiтудi және заңнамада белгiленген тәртiппен күшiне енгiзудi ұйымдастыру, оларды жүйелендiру (қолданыстағы мемлекеттiк нормативтердiң банкiн ұйымдастыру және жүргiзу);
2-1) құнды сәулет-қала құрылысы мұрасының сақталуын, сәулет пен қала құрылысында ұлттық және мәдени дәстүрлердi дамытуды ескере отырып, аумақтарды және елдi мекендердi игеру мен дамытудың басым бағыттары жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру;
3) сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекетаралық (халықаралық) нормативтiк-техникалық құжаттар мен стандарттарды әзiрлеудi, бекiтудi және заңнамада белгiленген тәртiппен күшiне енгізудi ұйымдастыру оларды жүйелендiру (Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген мемлекетаралық нормативтер банкiн ұйымдастыру мен жүргiзу);
3-1) тапсырысшының объектiлердi салуын техникалық қадағалауын жүзеге асыру ережесiн әзiрлеу және бекiту;
4) сәулет, қала құрылыс, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстардың негізгi бағыттарын айқындау, салалық зерттеу, ғылыми-қолданбалық, эксперименталдық және жобалау-iздестiру жұмыстарының нәтижелерiн орындауды, бекiтудi және iске асыруды (енгiзудi) ұйымдастыру;
5) жаңа техниканы игерудiң салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асыру және құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндiру саласында жоғары технологиялар енгiзу жөнiндегі шараларды жүзеге асыру;
6) құрылыс үшiн инженерлiк iздестiру саласындағы бiрыңғай техникалық саясатты жүргiзу, кешендi инженерлiк iздестiрудiң мемлекеттiк қорын қалыптастыруды және жүргізудi ұйымдастыру;
7) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткендердi қоспағанда, мемлекеттiк, өңiраралық немесе мемлекетаралық (халықаралық) маңызы бар объектiлердiң құрылысына (аумақтарға құрылыс салуға) арналған қала құрылыс, сәулет-құрылыс және өзге де жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманы қарау және бекiту;
8) толық немесе iшінара мемлекеттiк инвестициялар есебiнен қаржыландырылатын және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен Комитет бекiткен объектілер мен кешендер құрылысының техникалық-экономикалық негiздемесi мен жобаларына техникалық және экономикалық сараптама жүргiзу;
9) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, халқының есептiк саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн өзге де қала құрылысы құжаттамасына кешендi қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргiзу;
10) жобаларды мемлекеттiк сараптаудың бiрыңғай жүйесiне басшылық ету;
11)
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
қаулысымен.
12) жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы қызметiн, сондай-ақ облыстық және базалық деңгейдегi мемлекеттiк қала құрылысы кадастры қызметтерiн нормативтiк-техникалық және әдiснамалық қамтамасыз ету;
13) республикалық деңгейдегі мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын ұйымдастыру және жүргiзу;
14) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ғылыми-техникалық және экономикалық байланыстар аясында шет елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
, 2006.08.02.
N 730
қаулыларымен.
12. Комитет заңнамаға сәйкес мынадай бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады:
1) республикалық маңызы бар объектiлер құрылысының сапасын мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыру, олар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары өндiрiсiне рұқсаттар ресiмдеу және беру, осы құрылыстарда қала құрылысы және сәулет-құрылыс тәртiптерiн бұзушыларға заңнамалық кесiмдерде белгiленген әкiмшiлiк ықпал ету шараларын қолдану;
2) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
қаулысымен.
3) мемлекеттiк құрылыс инспекторларын аттестаттау;
4) өтiнiм бiлдiрушiлердiң (лицензияларды iзденушiлердiң) және (немесе) лицензиаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігіне сараптамалық бағалауды жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу;
5) мемлекеттiк емес сараптама орталықтарын аккредиттеу және жобаларға мемлекеттiк емес сараптаманы жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау;
6) жобалау құжаттамасының сапасын қадағалауды жүзеге асыру және жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы Комитеттің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретi шегiнде мемлекеттiк сараптамалық бағалау жүргiзудi ұйымдастыру;
7) құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялардың өндiрiсiне арналған техникалық шарттарды қарау және олардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекетаралық және мемлекеттiк нормативтер мен стандарттардың талаптарына сәйкестiгi туралы техникалық реттеу және метрология жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттiк органға қорытынды дайындау;
8)
алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.08.02.
N 730
қаулысымен.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
, 2006.08.02.
N 730
қаулыларымен.
13. Жүктелген мiндеттердi шешу және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметтi мемлекеттiк реттеудiң тетiктерi мен әдiстерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
2) инженерлiк iздестiру, жобалау, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен құрылыс материалдарын өндiру саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттарды бекiтуге және қолданысқа енгiзуге;
3) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын құрылыс саласындағы халықаралық келiсiмдер шеңберiнде мемлекетаралық нормативтік-техникалық құжаттар мен стандарттарды бекiтуге және қолданысқа енгiзуге;
4) Комитет құзыретiнiң шегінде бюджеттiк бағдарламалар бойынша орындалатын қолданбалы сипаттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнiндегi шешiмдердi қарауға және қабылдауға;
5) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша халықпен және заңды тұлғалармен ақпараттық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыруға;
6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмыс iстеуi саласында нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдау бойынша ұсыныстар енгiзуге;
7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметпен сабақтас мәселелер бойынша басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдар әзiрлеген заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобалары жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
8) тарихи және мәдени ескерткiштердi, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтау мәселелерiне қатысты нормативтiк-құқықтық кесiмдер мен мемлекеттiк нормативтердi әзiрлеуге қатысуға;
9) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдерге және өзге де мемлекеттік және Қазақстан Республикасында қолданыстағы мемлекетаралық (халықаралық) нормативтерге қайшы келетiн шешiмдерiнiң қолданысын тоқтата тұру және күшiн жою бойынша ұсыныстар енгiзуге;
10) өз құзыретiнiң шегiнде объектiлердi жобалау мен салудың (қайта жаңартудың), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жүргiзу мен оның жұмыс iстеуiнiң жекелеген техникалық мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдауға;
11) жобаларға сараптама жүргізудiң, лицензиялаудың және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк бақылау-қадағалау функцияларды жүзеге асырудың тетiктерi мен рәсiмдерiн жетiлдiру, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының республикалық және (немесе) өңiрлiк (шоғырлық) орталықтарын құру бойынша ұсыныстар енгiзуге;
12) қажет болған жағдайларда өндiрiстiң басқа да салаларының ғылыми, зерттеу, жобалау-конструкторлық ұйымдарының мамандарын, сондай-ақ шетелдiк мамандарды сарапшылар ретiнде тартуға;
13) заңнама, мемлекеттiк нормативтік талаптар нормаларының, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында белгiленген шарттар мен шектеулердің бұзылуына және ауытқуына байланысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдану туралы шешiм қабылдауға;
14) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық сала үшiн кадрлар даярлау жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысуға;
15) белгiленген тәртiппен және белгiленген кезеңдiлiкпен күрделi құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы, сондай-ақ мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттік сатып алу және құрылыс материалдарының экспорты-импорты саласындағы статистикалық материалдарды статистика жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органнан алуға;
16) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға мемлекеттік басқару органы ретiнде шығуға және Комитеттiң құзыретiне кiретiн қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне иелiк етудi және пайдалануды жүзеге асыруға құқылы.
14. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi бар.
Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлген өзге де мүлiк есебiнен қалыптасады.
15. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
16. Егер заңнамалық кесiммен өзге белгіленбесе, Комитет өзiне бекiтiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өздiгiнен иелiктен шығаруға немесе өзгеше де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
7. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
17. Комитеттi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
18. Төрағаның заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын, олардың санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн орынбасарлары болады.
Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.27. N
134
қаулысымен.
19. <*>
Ескерту. 12-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
қаулысымен.
20. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауап бередi.
21. Төраға осы мақсатта:
1) өз орынбасарларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн және олардың өзара ауыстыруларын белгілейдi;
2) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелер басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерiн белгілейдi;
3) заңнамаға сәйкес Комитеттің қызметкерлерiн, аумақтық бөлiмше қызметкерлерi мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) заңнамада белгiленген тәртiппен көтермелеу мәселелерiн шешедi, Комитеттiң қызметшiлерiне, аумақтық бөлiмшелердiң қызметкерлерi мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына тәртіптік жаза қолданады;
5) бұйрықтарға қол қояды;
6) Комитеттiң құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
7) өз өкiлеттiгінiң шегiнде мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
8) құрылымдық және аумақтық бөлiмшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiн үйлестiредi және бақылайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
22. Комитет қабылдайтын шешiмдер Комитет төрағасының бұйрығымен ресiмделедi.
23. Комитет жанынан мыналар:
1) ғылыми-техникалық кеңес;
2) сәулет-қала құрылысы кеңесi;
3) техникалық проблемаларды шешумен байланысты мәселелердi қарауға, ғимараттар мен құрылыстарды және сейсмологиялық төзiмдi құрылысты тексеру мәселелерiн қарауға арналған сараптама комиссиясы құрылады.
8. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
N 1237 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң
Техникалық реттеу және метрология комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Техникалық реттеу және метрология комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң құзыретi шегiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды, арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтi салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттiң облыстар мен Астана және Алматы қалаларында мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелер) болады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының
Конституциясы
мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң органдарында шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, "Транспорт Тауэр" ғимараты.
6. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
Комитеттiң қысқарған атауы - Мемстандарт.
7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттiң қаражатынан жүзеге асырылады.
Комитетке өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда бұл қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
9. Комитеттiң миссиясы мемлекеттiк саясатты iске асыру мен техникалық реттеу және метрология саласындағы бақылау-қадағалау өкiлеттiктерiн жүзеге асыру болып табылады.
3. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi
10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
1) өнiмдердiң, қызметтердiң, процестердiң адамның өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға, оның iшiнде өсiмдiк пен жануарлар әлемiне қауiпсiздiгін және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
2) өнiмдердiң, қызметтердің қауiпсiздігіне қатысты тұтынушыларды шатастыратын әрекеттердiң алдын алу;
3) саудадағы техникалық тосқауылдарды жою;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары мен экономикасының мүдделерiн өлшемдердiң шынайы емес нәтижелерінің салдарынан қорғау;
5) iргелi зерттеулер мен ғылыми әзірлемелер кезiнде өлшемдердiң шынайылығын қамтамасыз ету;
6) аурулардың диагностикасы мен оларды емдеу, еңбек шартының және адамдар тұрмысының қауiпсiздiгін бақылау, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезiнде өлшемдердiң шынайы нәтижелерiн қамтамасыз ету.
11. Комитет жүктелген міндеттерге сай заңнамаға сәйкес мыналарды жүзеге асырады:
iске асырушылық функциялар:
1) техникалық реттеу мен метрология саласындағы мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiне салааралық басшылық жасауды және оны үйлестiрудi жүзеге асыру;
2) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдермен үйлестірілген техникалық peттeу саласындағы стандарттарды әзiрлеудi ұйымдастыру;
3) техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттiк, салааралық, мемлекетаралық ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламалардың жобаларын сараптауды жүргiзу;
4) техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастыру;
5) материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiнiң шынайы есебiн қамтамасыз ету;
6) жеке және заңды тұлғалардың қызметiн лицензиялау;
7) Қазақстан Республикасын техникалық реттеу және метрология саласындағы халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда бiлдiру;
8) саудадағы техникалық тосқауылдар, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөнiндегi ақпараттық орталықтың жұмыс iстеуiн ұйымдастыру;
9) стандарттау, метрология және сапа менеджменті саласында ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастыру;
10) стандарттау және метрология жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiне аудармаларын растауды ұйымдастыру;
11) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының мемлекеттiк кадастрын әзiрлеу, басып шығару және жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудi ұйымдастыру;
12) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, стандарттау және метрология, басқа елдердiң мемлекетаралық, өңiрлiк, халықаралық және ұлттық стандарттары жөніндегі нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк қорын қалыптастыру мен жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестiру;
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын, мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ стандарттау, метрология және аккредиттеу жөнiндегі халықаралық ұйымдардың ережелерi мен ұсынымдарын басып шығаруды, қайта басып шығаруды және таратуды ұйымдастыру;
14) өнiмдер мен шығарылатын өлшем құралдарын стандарттау жөнiндегi тiркелген нормативтiк құжаттар туралы, стандарттау және метрология жөнiндегi нормативтiк құжаттар талаптарының өзгерiстерi туралы мәлiметтерi бар ақпараттық сiлтеуiштердi, сондай-ақ үйлестiрiлген мемлекеттiк стандарттарды басып шығаруды ұйымдастыру;
15) мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары бойынша стандарттау жөнiндегі техникалық комитеттердi құру;
16) заңды тұлғаларды сәйкестікті растау және сертификаттық сынақтар жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу құқығына, заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiн өлшем құралдарын тексеру және калибрлеу, өлшемдердi орындау әдiстемелерiн аттестаттау құқығына аккредиттеудi жүргiзу;
17) алғашқы тексерудi жүргiзу құқығына техникалық құзыреттiлiктi тану жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру;
18) сәйкестіктi растау, стандарттау, аккредиттеу және метрология бойынша аудитор сарапшылар ретiнде мамандарды аттестаттауды жүргізу;
19) зертханааралық салыстырмалы сынақтар (салыстыру) жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
бақылау-қадағалау функциялары:
19-1) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдермен белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүргiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру және үйлестiру;
20) сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген органдардың, өлшеу және сынау зертханаларының (орталықтарының) қызметiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
21) мыналарға:
өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйi мен қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын;
сауда операцияларын жасау кезiнде оқшауландырылатын тауарлардың санын;
оралған тауарлардың, оларды өлшеп орау, сату және импорттау кезiндегі санын мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
22) өлшем құралдарын өндiру және жөндеу құқығына лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалардың қызметiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
қаулысымен.
12. Комитеттiң негiзгі мiндеттердi iске асыру және оған жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн мыналарға:
1) техникалық реттеу мемлекеттiк жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету үшiн орталық, жергiлiктi атқарушы органдардың және басқа ұйымдардың қызметiне ұйымдық-әдiстемелiк басшылық жасауды және үйлестiрудi жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасын техникалық реттеу және метрология саласындағы халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда бiлдiруге;
3) нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге қатысуға және өз құзыретiнiң шегiнде басып шығаруға;
4) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бақылауды жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер алуға;
5) өнiмдердiң қауiпсiздігі мен сапасын, өлшем құралдарының жай-күйi мен қолданылуын мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ сәйкестіктi растау жөніндегі органдардың және сынау зертханаларының (орталықтарының) қызметiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде меншiк нысанына қарамастан, ұйымдарға баруға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шаруашылық субъектiлерiн тексерудi жүзеге асыруға;
6) дайын өнiмдердiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес еместігі анықталған жағдайда өнiмдердiң кез келген өмiршеңдiк кезеңiнде сәйкес келмеу себептерiн тексерудi ұйымдастыруға;
7) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң және/немесе стандарттау және метрология жөнiндегi нормативтік құжаттардың талаптарын бұзушылық фактiлерi анықталған кезде жеке және заңды тұлғаларға заңнамалық кесiмдерде белгiленген ықпал ету шараларын қолдану жөнiнде шешiмдер қабылдауға;
8) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдермен белгiленген талаптарды бұзушылықтарды жою немесе бұзушылық сипатын ескере отырып, белгiленген мерзiмде өнiмдердi, қызметтердi сатуға мынадай жағдайларда тыйым салу туралы нұсқамалар беруге:
өнiмдер, қызметтер техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдермен белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
өнiмдерге, қызметтерге мiндеттi түрде расталуы тиiс сәйкестiк, сәйкестік сертификаттары (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерi), сәйкестiк туралы декларациялар (сәйкестік туралы декларациялардың көшiрмелерi) болмаған;
өнiмдердi, қызметтердi сәйкестiк белгiсiмен, бұған құқықтары болмай тұра таңбалауға;
9) өнiмдер мен тауарлар сатуға және тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайда, оларды жою жөнiндегi комиссияның жұмысына қатысуға;
10) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесімдермен белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн өнiмдердi, қызметтердi сататын адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартуға;
11) техникалық реттеу және метрология саласында бiрлесiп жұмыс жасау үшiн басқа мемлекеттiк органдардың және өзге ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдiк және жергілiктi сарапшылар мен мамандарды тартуға;
12) өлшем құралдарының түрiн бекiтетiн сертификаттарды, тауардың шығу сертификаттарын беруге;
13) заңды және жеке тұлғалармен, мемлекеттiк органдардың жанындағы техникалық реттеу жөнiндегi сараптамалық кеңестермен, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттермен өзара іс-қимыл жасасуға;
14) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi бойынша республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болып әрекет етуге және заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне иелік ету мен пайдалануды жүзеге асыруға;
15) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша семинарлар, кеңестер, конференциялар, жәрмеңкелер және басқа да iс-шаралар өткiзудi ұйымдастыруға құқығы бар;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттеу аттестатын беруге, оның қолданысын тоқтатуға.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
қаулысымен.
13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктің есебiнен құралады.
14. Комитетке бекiтiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Комитеттiң, егер заңнамалық кесiмдермен өзгеше белгіленбесе, өзiне бекiтiп берілген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
7. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
16. Комитетті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
17. Төрағаның заңнамада белгiленген тәртiппен қызметтерге тағайындалатын және қызметтерден босатылатын орынбасарлары болады.
18. Төраға лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының стандарттау және метрология жөнiндегi нормативтік құқықтық кесiмдермен және/немесе нормативтiк құжаттармен белгiленген мiндеттi талаптардың сақталуын қадағалау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
Төрағаның орынбасарлары лауазымы бойынша Стандарттау және метрология жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдермен және/немесе нормативтік құжаттармен белгiленген мiндеттi талаптардың сақталуын қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектордың орынбасарлары болып табылады.
Комитеттiң аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары тиiстi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының стандарттау және метрология жөнiндегі нормативтiк құқықтық кесiмдермен және/немесе нормативтік құжаттармен белгiленген мiндеттi талаптардың сақталуын қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
19. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауап бередi.
20. Төраға осы мақсатта:
1) орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Комитеттің қызметкерлерiн, аумақтық бөлiмшелердiң және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртіппен Комитеттiң қызметкерлерiн, аумақтық бөлiмшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын көтермелейдi, оларға тәртiптiк жаза қолданады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
6) мемлекеттiк органдарда және өзге ұйымдарда Комитеттi білдiредi;
7) құрылымдық және аумақтық бөлiмшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiн үйлестiредi және бақылайды.
21. Комитет қабылдайтын шешiмдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi.
8. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
22. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
N 1237 қаулысымен
бекiтiлген
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестиция комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің құзыретi шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, Қазақстан Республикасындағы инвестицияларды мемлекеттiк қолдау саласындағы қызметтi салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының
Конституциясы
мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі Қазынашылық комитетiнiң органдарында шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, "Транспорт Тауэр" ғимараты.
6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Инвестиция комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге Комитетке тыйым салынады.
9. Комитеттің миссиясы Қазақстан Республикасы экономикасының шикiзаттық емес секторына жеке инвестицияларды ынталандыру болып табылады.
3. Комитеттің негізгі мiндеттерi
10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
1) келiсiм-шарттар жасасу жолымен инвестицияларды мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету;
2) Қазақстан Республикасы экономикасының шикізаттық емес секторына iрi шетелдiк компанияларды тарту болып табылады.
4. Комитеттiң функциялары мен құқықтары
11. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
1) iске асырушылық функциялар:
қызметтiң басым түрлерiндегi инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн инвестициялық преференцияларды беруге инвесторлардың өтінiмдерiн қабылдау және тiркеу;
инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық преференциялар алуға түскен өтінімдер бойынша қорытындылар дайындау;
мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, жасалған келiсiм-шарттардың шеңберiнде инвестициялық мiндеттемелердi тарту және олардың орындалуы жөнiнде есеп пен есептіліктi ұйымдастыру;
инвестициялық жобаларды iске асыру барысының мониторингiн жүргiзу;
Қазақстан Республикасының шикiзаттық емес секторына инвестициялар тарту мақсатында шетелдiк компаниялармен келiссөздер ұйымдастыру;
мемлекеттiк даму институттарының шетелдiк компаниялармен өзара iс-қимылын үйлестiрудi жүзеге асыру;
шет елдерде сотқа дейiнгі тәртiппен инвестициялық дауларды реттеуде қазақстандық заңды және жеке тұлғаларға көмек көрсету;
Қазақстан Республикасында сотқа дейiнгi тәртiппен инвестициялық дауларды реттеуде шетелдiк заңды және жеке тұлғаларға көмек көрсету;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетел инвесторлары кеңесiнiң қызметiн қамтамасыз ету;
2) бақылау-қадағалау функциясы:
жасалған келiсiм-шарттардың шеңберiнде инвестициялық мiндеттемелердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
12. Комитеттің негiзгi мiндеттердi iске асыру және оған жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға:
1) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарын орындауы мiндеттi, оның iшiнде келiсiм-шарттарды дайындау мен iске асыруға байланысты мәселелер жөнiнде бұйрықтар қабылдауға;
2) берiлген өкiлеттiктерi шегiнде инвесторлармен тiкелей келiссөздер жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасын бiлдiруге, келiсiм-шарттарды жасасу және бұзу шарттары мен тәртiбiн айқындауға, инвестициялар туралы заңнамаға сәйкес келiсiм-шарттарды жасасуға және тiркеуге, өз құзыретi шеңберiнде олардың шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
3) инвестициялық преференцияларды беру туралы шешiм қабылдауға;
4) инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарларына қойылатын талаптарды белгiлеуге;
5) инвестициялық преференцияларды көздейтiн инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келiсiм-шарттарды жасасуға және тiркеуге;
6) келiсiм-шарттарды сараптау мен дайындауды жүргiзу үшiн мемлекеттiк органдардың, өзге ұйымдардың қызметкерлерiн, оның iшiнде шетел азаматтарын тартуға;
7) инвесторлардан, мемлекеттiк органдардан, өзге ұйымдардан және олардың лауазымды адамдарынан инвестициялық мәселелер бойынша қажеттi ақпарат сұрауға және алуға;
8) Қазақстан Республикасының жетiстіктерi мен инвестициялық мүмкiндiктерiн танымал ету мен насихаттау мақсатында Қазақстанда және шетелде ақпараттық-таныстыру іс-шараларын (саммиттер, форумдар, семинарлар, тұсаукесерлер, конференциялар және басқа да iс-шаралар) ұйымдастыруға және өткiзуге;
9) инвестициялық қызмет мәселелерi бойынша мемлекеттiк, орыс, ағылшын және басқа тілдердегi ақпараттық-таныстыру және анықтамалық әдебиеттердiң, газеттердiң, бюллетеньдер мен журналдардың, жарнамалық бейнефильмдердiң, слайдтардың және басқа ақпараттық-таныстыру материалдарының тапсырыс берушiсi ретiнде әрекет етуге;
10) инвесторларға жарнамалық-ақпараттық, анықтамалық және Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтi жүзеге асыру үшiн қажетті өзге материалдарды ұсынуға құқығы бар;
11) нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге қатысу және өз құзыретiнiң шегінде басып шығару.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
қаулысымен.
13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмінде көрсетілетiн өзге де мүлiктiң есебiнен құралады.
14. Комитетке бекiтiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Комитеттiң, егер заңнамалық кесiмдермен өзгеше белгiленбесе, өзiне бекiтiп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
6. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Төрағаның заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрi Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауап бередi.
17. Төраға осы мақсатта:
1) өз орынбасарының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерiн айқындайды;
2) Комитеттің қызметкерлерiн заңнамада белгіленген тәртiппен қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртіппен Комитеттiң қызметкерлерiн көтермелеу мәселелерiн шешедi, оларға тәртiптік жаза қолданады;
4) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитетті бiлдiредi;
5) бұйрықтарға қол қояды.
18. Комитет қабылдайтын шешiмдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi.
7. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
N 1237 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiнiң
құрылымы
Басшылық
Өңдеу және тау-кен өндiру өнеркәсiбi басқармасы
Инновациялық және ғылыми-техникалық дамыту басқармасы
Қорғаныс өнеркәсiбi, экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасы
Iшкi әкiмшілiк ету бөлiмi
Ескерту. Құрылымға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң
құрылымы
Басшылық
Тауар нарықтарын талдау басқармасы
Бағалық реттеу басқармасы
Бақылау және ден қою басқармасы
Iшкi әкiмшiлiк ету басқармасы
Ескерту. Құрылымға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N
509
қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Сауда қызметін реттеу комитетiнiң
құрылымы
Басшылық
Iшкi сауда басқармасы
Сыртқы сауда басқармасы
Ескерту. Құрылымға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.27. N
589
қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi
комитетiнiң құрылымы
Басшылық
Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы, аккредиттеу және аттестаттау басқармасы
Техникалық нормалау және құрылыс индустриясын дамыту басқармасы
Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Жобалық жұмыстар және сметалық нормалар басқармасы
Әкiмшiлiк басқармасы
Ескерту. Құрылым жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.08.02.
N 730
қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң
құрылымы
Басшылық
Техникалық реттеу және метрология басқармасы
Әкiмшiлiк жұмыс және мемқадағалау басқармасы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттiк мекемелерi
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Инвестиция комитетiнiң
құрылымы
Басшылық
Инвестициялық қызметтi реттеу басқармасы
Инвестициялық преференциялар беру басқармасы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
N 1237 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң
аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттiк мекемелерiнiң
тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Ақмола облысы бойынша басқармасы" мемлекеттiк мекемесi.
2. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша басқармасы" мемлекеттiк мекемесi.
3. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетінiң Алматы облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
4. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Атырау облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
5. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы" мемлекеттiк мекемесi.
6. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша басқармасы" мемлекеттiк мекемесi.
7. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы" мемлекеттiк мекемесi.
8. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
9. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Қостанай облысы бойынша басқармасы" мемлекеттiк мекемесi.
10. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша басқармасы" мемлекеттiк мекемесi.
11. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша басқармасы" мемлекеттiк мекемесi.
12. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнің Павлодар облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
13. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасы" мемлекеттiк мекемесi.
14. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы" мемлекеттiк мекемесi.
15. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Астана қаласы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
16. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Алматы қаласы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
N 1237 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi
комитетi аумақтық бөлiмшелерiнiң
тiзбесi
1. Ақмола облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
2. Ақтөбе облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
3. Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
4. Атырау облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша сәулет-құрылыс және инспекциялау басқармасы.
6. Жамбыл облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
8. Қарағанды облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
9. Қостанай облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
10. Қызылорда облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
11. Маңғыстау облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
12. Павлодар облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
13. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
14. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
15. Астана қаласы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
16. Алматы қаласы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 6 маусымдағы
N 509 қаулысына
қосымша
Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 509 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзбесi
1. Ақмола облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
2. Ақтөбе облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
3. Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
4. Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
6. Жамбыл облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
8. Қарағанды облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
9. Қостанай облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
10. Қызылорда облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
11. Маңғыстау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
12. Павлодар облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
13. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
14. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
15. Алматы қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма
16. Астана қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
N 1237 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Өнеркәсiп және ғылыми техникалық дамыту комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi
Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар
1. "Машинажасауды болжау жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны, Қарағанды қаласы.
2. "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны, Алматы қаласы.
3. "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Алматы қаласы.
4. "Кентаукенiштарату" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы.
5. "Жезқазғансирекмет" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Жезқазған қаласы.
6. "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргізу құқығында), Алматы қаласы.
Ескерту. 6-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.07.19. N 741
қаулысымен
, өзгерту енгізілді - 2005.08.24. N
871
қаулысымен.
1. "Авиаөнеркәсiп" жабық акционерлiк қоғамы, Шымкент қаласы.
2.
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
қаулысымен.
3. "Қазақжарылысөнеркәсiбi" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы.
4.
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
қаулысымен.
5. "Қазмырыш" акционерлiк қоғамы, Өскемен қаласы.
6. "Иналмасалтын" ашық акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы.
7.
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.03.19.
N 212
қаулысымен.
8. "Қазақстантрактор" ашық акционерлік қоғамы, Павлодар қаласы.
9. "Қазақстандық келiсiм-шарт агенттiгi" жабық акционерлiк қоғамы, Астана қаласы.
10.
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.09. N
280
қаулысымен.
11. "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы (Kazakhstan Engineering)" акционерлiк қоғамы, Астана қаласы.
1. "Микрография ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы.
2. "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" республикалық мемлекеттiк мекемесi, Алматы қаласы.
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N
871
, 2007.04.09. N
280
қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
N 1237 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдарының
тiзбесi
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.01. N 801 қаулысымен .
Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар
1. "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
2. "Қазақстан метрология институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны" (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
1. "Ұлттық аккредиттеу орталығы" акционерлiк қоғамы, Астана қаласы.
2. "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" акционерлiк қоғамы, Астана қаласы.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
N 1237 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық iстерi
комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар
1. "Мемсараптама" мемлекеттiк жобаларды ведомстводан тыс сараптау республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
2. "ҚазСҚСҒЗИ" Қазақ сейсмикалық төзiмдi құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Алматы қаласы.
3. "Суарнажоба" Қазақ мемлекеттiк ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны ("ҚазмемҒЗЖИ суарнажоба PMK"), Алматы қаласы.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Инвестиция комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.09. N 280 қаулысымен.
Акционерлiк қоғамдар
1. "Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" жабық акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы.
Ескерту. Тізбемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.01. N 801
қаулысымен
.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
N 1237 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Жезқазғансирекмет" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 21 қарашадағы N 1233
қаулысы
4-тармағының 3) тармақшасы.
2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс-өнеркәсіп кешенiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 13 наурыздағы N 244
қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 10, 121-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 және 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1220 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 сәуiрдегi N 334
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 16, 161-құжат).
4. "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 мамырдағы N 442
қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 19, 195-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 мамырдағы N 467
қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 5 және 6-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 21-22, 211-құжат).
6. "Қазақ Суарнажоба" мемлекеттiк жобалау институты" мемлекеттiк кәсiпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 шiлдедегi N 752
қаулысы
4-тармағының 2) тармақшасы.
7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 шiлдедегi N 759
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 30, 304-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi N 951
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 38, 385-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 6 қазандағы N 1027
қаулысы
1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 40, 425-құжат).
10. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 6 тамыздағы N 881 және 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 1235
қаулысы
1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 46, 505-құжат).
11. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1302
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 48, 541-құжат).
12. "Инвестициялық компания: "Қазақстанның Инвестициялық қоры", "Қазақстанның Даму Банкi", "Ұлттық инновациялық қоры" акционерлiк қоғамдарының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 22 қаңтардағы N 68
қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 2, 34-құжат).
13. "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" (Kazakhstan Engineering)" ашық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 10 наурыздағы N 295
қаулысы
5-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 12, 161-құжат).
14. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 мамырдағы N 570
қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 22, 284-құжат).
15. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң "Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынының кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 тамыздағы N 921
қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.