Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 634 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы  Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір
жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 31, 381-құжат; 2005 ж., № 30, 381-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 13 шілдедегі № 1615 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 381-құжат).
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті                           Н. Назарбаев