Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің "Машина жасауды болжау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 тамыздағы N 735 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы 27 бабы 2 тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы 28 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектер үшін әлеуметтік жұмыс орындарын квоталаудың ережесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2005 жылғы 22 қазандағы N 241 қаулысына (2005 жылғы 15 қараша Солтүстік Қазақстан өңірлік мемлекеттік тіркеу тізілімінің бөлімшесінде N 1603 тіркелді, 2005 жылғы 25 қараша "Солтүстік Қазақстан" газетінде, 2005 жылғы 25 қараша "Северный Казахстан" газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2 тармақта "департамент" деген сөз "басқармасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4 тармақта "облыс әкімінің орынбасары Ж.Ы. Омаровқа" деген сөздер "облыс әкімінің бірінші орынбасары М.К. Мырзалинға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      аталған қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектер үшін әлеуметтік жұмыс орындарын квоталау ережесінде:
      9 тармақта "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
      11 тармақта "департаментіне" деген сөз "басқармасына" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                  С. Біләлов