Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуге арналған өтінім мен сауалнама нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 335 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 29 қыркүйекте № 7214 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1293 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 29.12.2012 № 584 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджеттiк өтінімдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6289 тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесінде:
      15-тармағының 4-абзацынан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заң жобаларын әзірлеу орындылығы және олар Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмысының перспективтік жоспарына сәйкес болуы туралы қорытындысы;».
      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А.Н.Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     Б. Жәмішев