Жер қойнауын зерттеу және пайдалану аясындағы жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 348 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 1 қазандағы № 325 бірлескен Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 24 қазанда № 7275 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 740 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 538 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2015 № 740 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.07.2015  № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын зерттеу және пайдалану аясындағы жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.М.Тұрғанбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін оның ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 73 және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 ақпандағы № 31 «Жер қойнауын пайдалану саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6079 тіркелген, 2010 жылғы 13 мамырдағы № 67 (1863) «Юридическая газета» және 2010 жылғы 13 мамырдағы № 67 (1689) «Заң газеті» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е. Сауранбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы       Қазақстан Республикасы
      Индустрия және жаңа          Экономикалық даму және сауда
      технологиялар министрінің    министрінің міндетін атқарушы
      міндетін атқарушы            _____________ М. Құсайынов
      ____________ А. Рау

Қазақстан Республикасы 
Индустрия және жаңа  
технологиялар министрінің
міндетін атқарушы   
2011 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 348 және      
Қазақстан Республикасы 
Экономикалық даму және  
сауда министрінің міндетін
атқарушы 2011 жылғы   
1 қазандағы № 325 бірлескен
бұйрығымен бекітілді  

нысаны

Жер қойнауын зерттеу және пайдалану аясындағы жеке
кәсіпкерлік саласында тексеру парағы

Мемлекеттік органның атауы __________________________________________
_____________________________________________________________________Тексеруді тағайындау туралы акті ____________________________________
                                             (№, күні)
Бақылау субъектісінің атауы _________________________________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________
_____________________________________________________________________

р/с
№№

Тексеру барысында қамтылатын мәселелер

қажет

қажет емес

Көмірсутек шикізаты

1

Геологиялық барлау жұмыстарының, геофизикалық жұмыстардың, ғылыми-зерттеу жұмыстарының, ұңғыларды салу, технологиялық жұмыстардың жобалық құжаттарының болуы және орындалуы, әзірленімдердің технологиялық схемасы және авторлық қадағалау есептері, Қазақстан Республикасының Қор жөніндегі мемлекеттік комиссиясының және Қор жөніндегі орталық комиссияның сараптамалық қорытындылары



2

Жер қойнауы мониторингінің, жерасты сулары мониторингінің бағдарламалары және есептері (геодинамикалық мониторингті, сейсмологиялық мониторингті жүргізу бойынша)



3

Кенорындарын игеру жағдайы (өз құзыреті шегінде)



4

Өндіруші және нығыздаушы ұңғымалар жұмысының технологиялық режимдері



5

Кенорыны және объектілер бойынша әзірленімдердің жобалық және нақты технологиялық көрсеткіштерінің сәйкестігі



6

Кенорындарын игеру, пайдалану және жайластыру жағдайы (кендердің энергетикалық жағдайы, мұнай және газ фонтандарының туындауын алдын алу шаралары, қабаттық және забойлық қысымдар динамикасы, ұңғымалар бойынша қанықтық қысымдары және тұтас алғанда кенорындарды жылдар бойынша жинау, есепке алу және өнімді дайындау)



7

Бұрғылау жұмыстарының жағдайы және ұңғымаларды салу сапасы



8

Мұнай және газ ұңғымалардың консервациялау және тарату жағдайы



9

Бағанааралық қысымдар (бағанааралық қысымдарының пайда болу себептері және оларды жою бойынша жүзеге асырылатын шаралар)



10

Ұңғымалардың қоры (консервациялауда тұрған ұңғымалардың жағдайы; бағанааралық қысымы бар ұңғымалардың жағдайы; мұнайдың құйылуының қарқындылығы туралы мәліметтер)



11

Өндіруші ұңғымалардың жұмысы туралы есеп (жиынтық)



12

Кенорындары бойынша жұмыс агентінің, судың, газдың, мұнайдың және ілеспе газдың айдау көлемдері бойынша мәліметтер



13

Мемлекеттік бақылау органдарымен келісілген ілеспе газды жағуға рұқсаттың болуы



14

Газды жағу және кәдеге жарату туралы мәліметтер



15

Аспаптар болуы, оларды сертификаттау туралы мәліметтер, өлшеу аспаптары бойынша тексеру актілері



16

Барлық ұңғымалардың өлшеумен қамтамасыз етілуі



17

Өлшеу қондырғыларының және өндірілетін минералдық шикізатты есептеуге арналған аспаптардың жағдайы



18

Геодинамикалық мониторингті жүргізу жағдайы



19

Өндірілген пайдалы қазбалардың және тұтас алғанда кенорыны бойынша және қабаттар бойынша ысырап есебінің дұрыстығы, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалды анықтау



20

Аяқталған геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша аумақтық қорларға есептерді уақытылы ұсыну және бастапқы материалдарды Өңіраралық департаменттерге тапсыру



21

2-лицензиялық-келісімшарттық талаптардың нысаны бойынша статистикалық есептілікті ұсыну уақытылығы және орындалған жұмыстар көлемінің дұрыстығы



22

Ақпаратты сатып алу туралы келісімге сәйкес геологиялық ақпаратты пайдаланғаны үшін ақы төлеудің уақытылығы



Жерасты сулары

23

Рұқсат беру құжаттарының, геологиялық барлау жұмыстары жобасының, тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлемінде өндірістік-техникалық жерасты суларын барлауға және өндіруге рұқсаттың, кенорнын игеру жобасының болуы



24

Пайдалану ұңғымаларының жоба бойынша және нақты санының сәйкестігі, олардың орналасқан жері және есептеу сызбасына сәйкес жүктемелері



25

Ұңғыма жабдықтарының жобаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі



26

Нақты өндіру көлемдерінің және 3-лицензиялық-келісімшарттық талаптардың статистикалық есептілік нысаны бойынша сәйкестігі



27

Кенорнында жерасты сулары мониторингінің режимдік желісінің болуы және бақылау жүргізу



28

Санитарлық қорғау аймақтарының болуы және олардың сақталуы



29

Ұңғымалардағы өлшеу аппаратураларының болуы



30

Талдау нәтижелерінің болуы



31

Жерасты суларын өндіру есебі



Қатты және кең таралған пайдалы қазбалар

32

Іздеу жұмыстары жобасының, бағалау жұмыстары жобасының, кенорнын игеру жобасының, жерасты сулары мониторингісі жобасының, пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыстар салуға рұқсаттың болуы және геологиялық барлау жұмыстарының жобалық құжаттарының (геологиялық барлау жұмыстарының көлемдері, жүргізу әдістемесі) және Қазақстан Республикасының Қор жөніндегі мемлекеттік комиссиясының ұсыныстарының орындалуы



33

Кенорнын игерудің жобалық шешімдерінің сақталуы:



33.1

Пайдалы қазбалар қорларын өңдеудің толықтығы;



33.2

Қорларды өңдеу және күнтізбелік кестесінің кезектілік тәртібі;



33.3

Игеру жүйесі параметрлерінің сақталуы;



33.4

Тау-кен жұмыстарын жобалық нобайлары шегінде жүргізу;



33.5

Жобалық көрсеткіштердің:
- аршу коэффициентінің;
- аршу көлемдерінің;
- өндіру көлемдерінің;
- күрделі тау-кен, тау-кен дайындық, кесу, пайдалану-барлау және толтыру жұмыстарының;
- қорлардың дайындық дәрежесі нормативтерінің;
- ысырап және құнарсыздану нормативтерінің сақталуы.



34

Аршу және тау-кен ұңғылау жұмыстарының артта қалу, бай учаскелерді іріктеп өңдеуді, уақытша-белсенді емес пайдалы қазбалар қорларының түзілуін болғызбайтын және кейіннен оларды өнеркәсіптік игеру үшін жер қойнауында немесе теңгерімнен тыс қорларды сақтау және қоймалауын қамтамасыз ететін кенорнын ұтымды және кешенді игеруін қамтамасыз ету



35

Геологиялық есептілікті және 1-лицензиялық-келісімшарттық талаптардың нысаны бойынша статистикалық есептілікті ұсыну уақытылығы және орындалған жұмыстар көлемінің дұрыстығы



36

Келісімшарттық аумақты қайтару жағдайы



37

Жер қойнауын алдын ала зерттеудің толықтығын қамтамасыз ету (жұмыстар көлемін орындау, сынау әдістемесінің сақталуы, сынауды бақылау)



38

Өндірілетін пайдалы қазбалардың сапасын басқаруға қажет, жер қойнауын ере жүретін зерттеуді қамтамасыз ету (сынау әдістемесінің, оны бақылаудың, талдау жұмыстарының сақталуы)



39

Сыртқа шығарылатын және жер қойнауында қалдырылатын қорларды есепке алудың дұрыстығын қамтамасыз ету:



39.1

Теңгерімдік қорлардың жылжуының бастапқы есебі;



39.2

Қорлардың жылжуының жиынтық есебі;



39.3

Қорлардың жылжуын есепке алу;



39.4

Қорлардың есептік теңгерімі;



39.5

Ысырап пен құнарсызданудың нақты көрсеткіштерін есепке алу;



39.6

Бастапқы өңдеу деректері бойынша мемлекеттік теңгерімде есепте тұрған пайдалы қазбалар қорларын түзетуді жою;



39.7

Аршылған, дайындалған және алуға дайын қорларды есепке алу;



39.8

Уақытша-белсенді емес қорларды есепке алу;



39.9

Геологиялық маркшейдерлік құжаттамалардың болуы және толтырылу уақытылығы;



39.10

Пайдалану барлауының нәтижелері бойынша қорларды есептен шығару және теңгерімге қою уақытылығы;



39.11

Ойылып алынатын учаскелердің паспорттарының болуы және жүргізудің толықтығы;



39.12

Қоймаланатын теңгерімнен тыс кендер мен аршу жыныстарын есепке алу.



40

Қазып алу бірліктерін өңдеудің толықтығы және оларды жою



41

Кенорнында жерасты сулары мониторингінің режимдік желісінің болуы және бақылау жүргізу



Барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес, жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану

42

Барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес, жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша жобаның, оның ішінде, жерасты сулары мониторингі жобасының болуы



43

4-лицензиялық-келісімшарт талаптарының нысаны бойынша ұсынылатын статистикалық есептілікке нақты қоймалау көлемдерінің сәйкестігі



44

Объектіде жерасты сулары мониторингінің режимдік желісінің болуы және бақылау жүргізу



45

Талдау нәтижелерінің болуы



46

Қоймалауды есепке алу