Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 6 тамыздағы N 881 және 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 996 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 1235 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2219 Қаулысымен

      Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 126 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Диссертациялық кеңестер жұмысының тиімділігін арттыру және реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 14 бұйрығына (Әділет министрлігінде N 2139 тіркелген, "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетені" журналында жарияланған, 2003 жыл, N 15) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы ереженің 10-тармағының екінші абзацындағы "немесе төрт кандидаттық диссертация" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Жоғары аттестаттау комитеті (А.Қ.Құсайынов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
      2) жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық құжаттарды осы бұйрыққа сәйкестендірсін.
      3. Осы бұйрық 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Министр