Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 және 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47 қаулыларына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 509 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 454 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 38, 515-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi туралы ережеде 11-тармақшадағы "кепiлдiктер беруге" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) Министрлiктiң, Министрлiк жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар салаларында өз қызметiн жүзеге асыратын кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың қызметкерлерiн көтермелеу, арнайы белгiлермен, құрмет грамоталарымен және көтермелеудiң басқа да түрлерiмен марапаттау жүйесiн жүзеге асыруға".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi