Қазақстан Рсспубликасы қарулы Күштерінің оқ-дәрілерін кәдеге жарату мәселелерін мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 882 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазақжарылысөнеркәсіп» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне берсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
      4. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 882 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

      1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 280-2-жолмен толықтырылсын:
      «280-2. «Қазақжарылысөнеркәсіп» АҚ;
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 285-жол алып тасталсын.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.