Қазақстан Республикасында электр энергиясының көтерме сауда рыногын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2004 жылғы 27 тамыздағы N 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 22 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3086. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 124 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.12.2016 № 769 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң  8-бабына  сәйкес, сондай-ақ отандық тауар өндiрушiлердi қолдау, бәсекеге қабiлеттi өнiмдi шығару және дайын өнiм экспортын ынталандыру есебiнен iшкi өндiрiс көлемiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қалпына келтiрiлетiн қағаздың, картонның, макулатураның және қалдықтардың (ЕурАзЭҚ-тың СЭҚ ТН коды 4707) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетiлуiне тыйым салынсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы  N 38 Қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi екi апта мерзiмде Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық комитетiнiң Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайтын сыртқы сауда қызметiн реттеу шаралары туралы хабарласын.

      4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап отыз күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі