Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.12.2016 № 769 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1154 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 714 бірлескен бұйрығы.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерінің нысаны;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 4 қазандағы
№ 1018 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың қағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 16-бабына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудын және ұсынудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидада Заңда белгіленген ұғымдар және анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғым пайдаланылады:
электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасау тәртібі
3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасау Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерінің нысанын (бұдан әрі - Нысан) мынадай тәртіппен есепті кезең үшін ақпаратпен әрбір оқу орны бойынша жеке жолма-жол толтыру арқылы жүзеге асырылады:
1) 1-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
2) 2-бағанда Мемлекетаралық елдердің жіктеуішіне сәйкес оқу орны елінің коды көрсетіледі. Егер оқу орны - заңды тұлға Қазақстан Республикасының резиденті болып табылса, Қазақстан Республикасының коды көрсетіледі;
3) 3-бағанда мамандықтар бойынша (қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға) оқытуды жүргізетін (жүргізген) оку орнының атауы көрсетіледі;
4) 4-бағанда оку орнының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Егер оқу орны - заңды тұлға Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда баған толтырылмайды;
5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 02.04.2014 № 305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
6) 6-бағанда оқу орнының Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес жеткізушінің нақты орналасқан елді мекенінің коды көрсетіледі. Егер оқу орны - заңды тұлға Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда баған толтырылмайды;
7) 7-бағанда оқу орнының заңды тіркеу мекенжайы: елді мекені, көшесі, үйі, офисі көрсетіледі;
8) 8-бағанда оқу орнының электрондық мекенжайы көрсетіледі;
9) 9-бағанда оқу орнының веб-сайты (болған жағдайда) көрсетіледі;
10) 10-бағанда оқу орнының байланыс телефоны, факсы көрсетіледі;
11) 11-бағанда келісімшартты орындау кезінде тартылған және оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға оку орнына (3-бағанда көрсетілген) жіберілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын қызметкердің немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша оқытуға жіберілген Қазақстан Республикасы азаматының тегі, аты және әкесінің аты көрсетіледі;
12) 12-бағанда тегі, аты және әкесінің аты 11-бағанда көрсетілген Қазақстан Республикасы азаматының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) көрсетіледі;
13) 13-бағанда келісімшартты орындау кезінде тартылған және оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға оқу орнына (3-бағанда көрсетілген) жіберілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын қызметкердің лауазымы көрсетіледі;
14) 14-бағанда құзыретті органмен келісілген тізбе бойынша мамандықтар атауы көрсетіледі. Баған жер қойнауын пайдаланушыда құзыретті органмен келісілген тізбе болған жағдайда ғана толтырылады;
15) 15-бағанда қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) есептеусіз Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерді оқытуға, оның біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматын оқу орнында (3-бағанда көрсетілген) оқытуға жұмсалған сома мың теңгемен көрсетіледі.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.04.2014 № 305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
3. Қатты пайдалы қазбаларға арналған келісімшарттар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін ұсыну тәртібі
4. Жер қойнауын пайдаланушы, тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей нысан бойынша EXCEL форматында электрондық түрде, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға есеп береді және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 405 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
4. Көмірсутек шикізатына арналған келісімшарттар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін ұсыну тәртібі
5. Жер қойнауын пайдаланушы, тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей Нысан бойынша ЕХСЕL форматында электрондық түрде, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және олардың өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша мұнай және газ саласындағы уәкілетті органға есеп береді және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 4 қазандағы
№ 1018 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерінің нысаны
Ескерту. Есептер нысанына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.04.2014 № 305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі |
Оқу орнының елі |
Оқу орнының атауы |
Оқу орнының БСН |
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 02.04.2014 № 305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). |
1 |
2 |
3 |
4 |
|
кестенің жалғасы
Оку орнының заңды тіркелген елді мекені |
Оку орнының заңды тіркелген мекенжайы |
Оку орнының электрондық мекенжайы |
Оқу орнының сайты |
Оқу орнының телефоны |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
кестенің жалғасы
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға тартылған қызметкердің немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша жіберілген қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты |
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға тартылған қызметкердің немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша жіберілген қызметкердің ЖСН |
Қызметкердің лауазымы |
Құзыретті органмен келісілген тізбе бойынша мамандық атауы |
ҚҚС есептеусіз шығындар көлемі, мың теңге |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі
ҚҚС - қосылған құн салығы
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі