Жер қойнауын зерттеу және пайдалану аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 349 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 1 қазандағы № 324 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 24 қазанда № 7276 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 740 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 538 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.09 № 1036 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 35, 338-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережесінде:
      9-тармақта:
      12) тармақшадағы «(мәліметтер).» деген сөз «(мәліметтер);» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      «13) «Өнімділік 2020» бағдарламасының қатысушылары «Өнімділік 2020» бағдарламасы операторының оң сараптамалық бағалауының көшірмесін ұсынады.»;
      22-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Грант берушінің сенімгер уәкілге инновациялық грант қаражатын аударуы үшін инновациялық грант туралы шарт негіздеме болып табылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов