Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің м.а. 2009 жылғы 9 қазандағы N 274 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5827 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 510 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.04.16 № А-4/117 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/205 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3321 болып тіркелген, 2009 жылғы 22 мамырда «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыдағы аталған қаулымен құрылған, облыстық шақыру комиссиясының құрамына енгізілсін:
Филимонов                   - «Ақмола облысының қорғаныс істері
Константин Викторович         жөніндегі департаменті» мемлекеттік
                              мекемесі бастығының міндетін атқарушы,
                              шақыру комиссиясының төрағасы;
Пономарев                   - «Ақмола облысының жұмылдыру, дайындығы
Александр Григорьевич         азаматтық қорғаныс, табиғи апаттардың
                              алдын алу мен жоюды ұйымдастыру
                              басқармасы» мемлекеттік мекемесі
                              аймақтық қорғаныс бөлімінің бастығы,
                              шақыру комиссиясы төрағасының
                              орынбасары
Нұрахметов                  - «Қазақстан Республикасы ішкі
Сағатбек Төлеубайұлы          істер Министрлігі Ақмола облысының
                              ішкі істер Департаменті» мемлекеттік
                              мекемесі бастығының орынбасары;
      облыстық шақыру комиссиясының құрамынан шығарылсын:
      Старцев Александр Николаевич, Жұрымбаев Серік Кәкімбекұлы, Тойғамбаев Дулат Кенжешұлы.
      2. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысының күші 2009 жылдың 1 қазанынан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға тарайды.
      3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
      әкімі                                      А.Рау

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ақмола облысы
      қорғаныс істері
      жөніндегі департаменті»
      мемлекеттік мекемесі бастығының
      міндетін атқарушы                          К.В.Филимонов

      «Қазақстан Республикасы
      ішкі істер Министрлігі
      Ақмола облысының
      ішкі істер Департаменті»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Т.С.Маткенов