Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi;
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетi, осы Комитеттiң штат саны мен мемлекеттік мүлкi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң орталық аппаратына берiле отырып, таратылсын.

      3. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi;
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Бәсекелестіктi қорғау комитетi және оның аумақтық бөлiмшелерi;
      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi құрылсын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 509, 2006.08.02. N 730 қаулыларымен.

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Техникалық реттеу және метрология комитетi болып қайта аталсын.

      5. алынып тасталды
      Ескерту. 5-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.06.27. N  589 қаулысымен.

      6. Қоса берiлiп отырған:
      1) - 7) (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05. N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      8) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi;
      9) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.08.02. N 730 Қаулысымен.
      9-1) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен.
      10) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгі Өнеркәсіп, Техникалық реттеу және метрология комитеттерiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N 871, 2006.06.06. N 509, 2006.06.27. N 589, 2007.04.09. N 280, 2008.05.07 N 429, 2009.07.15. N 1071 Қаулыларымен.

      7. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05. N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      8. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiн ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым, Энергетика және минералдық ресурстар, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерiнен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгіне берiлетiн функцияларды ұстауға, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiктерiн ұстауға көзделген қаражат есебiнен берiлетiн штат санының шегiнде жүзеге асырылады деп белгіленсiн.

      9. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерi, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiктерi берiлетiн функциялар шеңберiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Жарлыққа қол қойылған күнi берiлетiн бөлiмшелер қызметкерлерiнiң пайдалануындағы мемлекеттік мүлiктi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелердi берудi қамтамасыз етсiн.

      10. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:

      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі" деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi";
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс істерi жөнiндегi комитетi" деген бөлiмнiң тақырыбындағы "Құрылыс" деген сөзден кейiн "және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" деген сөздермен толықтырылсын, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде "жөнiндегi" деген сөз алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 528-жол алынып тасталсын;

      2) "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 205-12-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 235-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi" деген бөлiмнiң тақырыбындағы "Құрылыс" деген сөзден кейiн "және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" деген сөздермен толықтырылсын, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде "жөнiндегi" деген сөз алынып тасталсын.

      11. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      12. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген       

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.12.05 N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігі туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) индустриялық, оның ішінде қорғаныс-өнеркәсібі, елді ғылыми-техникалық, инновациялық дамыту арнайы экономикалық аймақтарды реттеу саласында, сондай-ақ сауда қызметін дамыту, техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету, инвестицияларды мемлекеттік қолдау, ұйымдар мен мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді (бұдан әрі - реттелетін сала) жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
      Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
      Сауда комитеті, Инвестиция комитеті, Өнеркәсіп комитеті, Техникалық реттеу және метрология комитеті.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.02.15 N 141, 2008.05.07 N 429, 2009.03.18. N 354, 2009.07.15. N 1071 Қаулыларымен.

      2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Министрліктің штат санының лимитін Министрдің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      7. Министрліктің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 000001, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, "Транспорт Тауэр" ғимараты.

      8. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" мемлекеттік мекемесі.

      9. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      11. Министрлікке Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары

      12. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) мынадай салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру:
      мемлекеттің индустриялық дамуы, оның ішінде елдің индустриялық дамуы үшін жағдайлар жасау бойынша;
      арнайы экономикалық аймақтарды құруды, олардың жұмыс істеуін және таратылуын мемлекеттік реттеу, экспорттық бақылау, елдің ғылыми-технологиялық дамуы, оның ішінде ғылыми-технологиялық әзірлемелерді енгізу (ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану) және жоғары технологиялық өндірістерді қалыптастыру негізінде ел экономикасын дамыту үшін жағдайлар жасау;
      техникалық реттеу мен өлшемдер бірлігін дамыту, сауда қызметін дамыту, оның ішінде теңгерімді кеден-тариф саясатын жүргізу және тауарлардың импорты кезінде ішкі нарықты қорғау жолымен отандық өндірісті дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау және ұлттық сауда режимін ырықтандыру деңгейін ұлғайту;
      Қазақстанның сыртқы сауда-экономикалық қатынастарын дамыту, оның ішінде сауда қызметін дамыту үшін жағдайлар жасау;
      мемлекеттік қорғаныстық тапсырысы;
      2) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды қалыптастыру;
      3) ұйымдық және экономикалық, оның ішінде мемлекеттік инновациялық саясатты іске асыру үшін инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін шарттарды құру жолымен инновациялық қызметті ынталандыру;
      4) экономиканы дамыту және қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістерді құру, жұмыс жасап тұрған өндірістерді ұлғайту мен жаңартуға инвестицияларды ынталандыру үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау;
      4-1) ұйымдар мен мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жөніндегі шараларды пысықтау;
      4-2) экономиканы әртараптандыру және үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту үдерістерін үйлестіруді жүзеге асыру;
      5) реттелетін салада салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
      6) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141, 2009.03.18. N 354, 2009.07.15. N 1071 Қаулыларымен.

      13. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) индустриялық даму, оның ішінде тау-кен-металлургия, химия, өңдеу, фармацевтика және медицина өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мен қорғаныс өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, құрылыс материалдары өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ сауданы дамыту, техникалық реттеу және өлшемдер бірлігі, ғылыми-техникалық, инновациялық және инвестициялық қызмет салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оны реттеуді жүзеге асырады;
      2) реттелетін салада халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
      4) реттелетін салада бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және келіседі;
      5) реттелетін салада мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді, оның ішінде реттелетін салада мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың орындалуын үйлестіреді;
      5-1) мемлекеттік органдардың қазақстандық қамту мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      5-2) ұйымдар мен мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жөніндегі шараларды пысықтауды жүзеге асырады;
      6) сауда қызметін дамыту бойынша, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасының сауда қызметі саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
      7) сауда қатынастарын жетілдіру мақсатында жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын талдайды және зерделейді;
      8) тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
      9) тауар биржаларының қызметіне талдау және мониторинг жүргізеді;
      10) Биржалық сауданың үлгі ережесін бекітеді;
      11) биржалық құжаттарды дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді;
      12) демпингтік тауарды жеткізушілердің сауда тәжірибесін демпингке қарсы реттеуге жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      13) елеулі залал келтіру фактілері бойынша жеткізушілердің сауда тәжірибесін мемлекеттік реттеуді және оның мониторингін жүзеге асырады;
      14) өз құзыреті шегінде талқылау рәсімдері бойынша нормативтік құқықтық актілерді шығарады;
      15) республикалық көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізуге және оған қатысуға бастамашылық жасайды;
      16) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңында белгіленген санаттар бойынша қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметін жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;
      17) халықаралық сауда ұйымдарымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан түседі;
      18) сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеудің шараларын қолдану жөнінде ұсыныс әзірлейді;
      19) Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіреді;
      20) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарымен бірлесіп, өнім номенклатурасын (тізімін) әзірлейді;
      21) Қазақстан Республикасының қорғаныстық тапсырысын қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады және бекітілген тапсырмаларды мемлекеттік тапсырыс берушілер мен орындаушыларға хабарлайды;
      22) өнеркәсіпті, оның ішінде тау-кен-металлургия, химия, өңдеу, фармацевтика және медицина өнеркәсібін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды реттеуді жүзеге асырады;
      22-1) ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
      23) қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуді, қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыруды үйлестіреді;
      24) техникалық регламентті бекітуді қоспағанда, машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді немесе келіседі;
      25) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласында қатерлерді бағалау бағдарламаларын әзірлейді;
      26) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келмейтін машиналар мен жабдықтарды анықтау мақсатында тұтыну нарығының мониторингін және оларды сатуға жол бермеу жөніндегі шараларды пысықтауды жүзеге асырады;
      26-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуында қазақстандық қамтудың мониторингін және тиісті ұйымдар ұсынатын жүргізілген, жүргізілетін және келесі жылға жоспарланатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты талдауды жүзеге асырады;
      26-2) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуында қазақстандық қамту мониторингін жүзеге асырады;
      27) арнайы экономикалық аймақтарды құру, жұмыс істеуі және тарату саласындағы оператор компанияны айқындау ережесін әзірлейді және арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамаға сәйкес оператор компанияны айқындайды;
      28) арнайы экономикалық аймақтардың аумағында қызметін жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғаларды жіберу ережесін әзірлейді және бекітеді;
      29) арнайы экономикалық аймақтардың қызметін регламенттейтін мынадай құжаттарды:
      арнайы экономикалық аймақтарды құруға арналған өтінімдердің нысандарын;
      уәкілетті орган мен оператор компания арасындағы, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының қызметін жүзеге асыру тәртібін реттейтін оператор компания мен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы арасындағы үлгі шарттарды бекітеді;
      30) арнайы экономикалық аймақ туралы тұжырымдаманы, экономикалық негіздемені және ереже жобасын жасау жөніндегі талаптарды белгілейді;
      31) арнайы экономикалық аймақтарды құру, жұмыс істеуі және тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
      32) Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақтарды мерзімінен бұрын тарату туралы ұсыныс енгізеді;
      32-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне инновациялық қызметтің басым бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
      32-2) инновациялық қызметті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді;
      32-3) инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережелерін әзірлейді;
      32-4) мемлекеттік органдардың инновациялық қызметті дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
      32-5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық қызметті ынталандыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
      32-6) инновациялық гранттарды бөледі;
      32-7) инновациялық грант туралы үлгілік шарт нысанын бекітеді;
      32-8) инновациялық гранттар есебінен жүзеге асырылатын инновациялық жобалардың іске асырылу мониторингін және олардың орындалу тиімділігін бағалауды жүргізеді;
      32-9) инновациялық дамыту шараларының кешенін әзірлейді;
      32-10) Қазақстан Республикасының инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасының орындалуын, оның ішінде инновациялық дамыту шаралары кешенінің орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      32-11) инновациялық даму институттарының тізбесін әзірлейді;
      32-12) технопарктер жанынан құрылған сарапшылар кеңестерінің жұмыс тәртібін айқындайды;
      32-13) инновациялық қызмет саласындағы халықаралық байланыстарды дамыту үшін жағдайлар жасайды;
      32-14) өзге мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылмаған жоғары технологиялы сервистік индустрияны дамыту саясатын әзірлейді;
      33)-35) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.07.15. N 1071 Қаулысымен;
      36) салалық бағыттылыққа сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
      37) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу және химиялық өнімді техникалық реттеу саласындағы ұсыныстарды дайындау үшін сараптама кеңестерін құрады;
      38) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы, оның ішінде химиялық өнімінің қауіпсіздігі проблемалары бойынша зерттеулерді көздейтін салалық бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
      39) химиялық өнімді өндіру және қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етудің нормаларын бекітеді;
      40) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық құжаттаманы келіседі;
      41) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарына және техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін химиялық өнімді анықтау мақсатында тұтыну нарықтарының мониторингін жүргізеді және оны сатуға жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлейді;
      42) ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуында қазақстандық қамту жөнінде ақпарат беру нысандарын бекітеді;
      42-1) тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді бағалау өлшемдерін әзірлейді және бекітеді;
      42-2) офсеттік саясат саласындағы әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
      43) құзыретті органмен келісім бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге немесе келісім-шартпен байланысты жанама қызметке қатысты қазақстандық қатысуды есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      44) құзыретті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасында дамып келе жатқан басымды жоғары технологиялық өндірістердің тізбесін бекітеді;
      45) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің әрі оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
      45-1) бірлесіп бекітілген нысандар негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктері тұрақты ұсынатын қазақстандық қамту жөніндегі жалпы    ақпаратты жинақтау мен талдауды қамтамасыз етеді;
      46) инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібін айқындайды;
      47) инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптар белгілейді;
      48)-56) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.07.15. N 1071 Қаулысымен;
      57) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды әзірлейді;
      58) жобалар мен техникалық регламенттерді талдауды және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестігіне сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
      59) техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
      60) техникалық регламенттермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді жүзеге асырады;
      61) реттелетін саладағы техникалық регламенттерді әзірлейді және келіседі;
      62) халықаралық талаптарға сәйкес орнатылатын химиялық өнімді ескерту таңбалау кезінде көрсетілуі тиіс қауіптіліктің стандартты нышандарының тізбесін бекітеді;
      63) техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
      64) метрология саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
      65) Қазақстан Республикасының метрологиялық қызмет жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;
      66) мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің жұмысын жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құжаттарды келіседі;
      67) өлшемдер бірлігінің мемлекеттік эталондарын бекітеді;
      68) Қазақстан Республикасының шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын, шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салыстыру ережесін белгілейді, шама бірліктерінің эталондық базасын жетілдіреді;
      69) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға рұқсат етілуі мүмкін бірліктердің халықаралық жүйесіне кірмейтін шамаларды айқындайды;
      70) өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу тәртібін айқындайды және бекітеді;
      71) өлшем құралдарын қолдану, өндіру және жөндеу тәртібін айқындайды;
      72) өлшем құралдарының типтерін бекіту туралы сертификаттардың, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың, өлшем құралдарын салыстыра тексеру туралы сертификаттардың нысандарын белгілейді;
      73) салыстыра тексеру таңбалауын дайындаудың, сақтаудың және қолданудың тәртібін белгілейді;
      74) өлшем құралдарына техникалық құралдардың тиістілігін белгілеу тәртібін айқындайды;
      75) Шамалар мен салмақтар жөніндегі бас конференция қабылдаған және Халықаралық заңнама метрологиясы ұйымы ұсынған Бірліктердің халықаралық жүйесінің шама бірліктерін Қазақстан Республикасының аумағына жіберу тәртібін белгілейді;
      76) өлшем құралдарын салыстыра тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту және қолдану тәртібін айқындайды;
      77) өлшемдерді орындаудың әдістемелерін әзірлеу және метрологиялық аттестациялау, сондай-ақ заңды тұлғалардың өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау құқығына аккредиттеу тәртібін айқындайды;
      78) өлшем құралдарын салыстыра тексеру және калибрлеу, қызметтің бұл түрін аккредиттелген заңды тұлғалар жүзеге асыратын өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау тәртібін белгілейді;
      79) өлшем құралдарын салыстыра тексерудің тізбесі мен мерзімділігін, сондай-ақ оны жүргізудің тәртібін айқындайды;
      80) тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебін жүзеге асыру және оларды өлшем құралдарын салыстыра тексеру құқығына аккредиттелген заңды тұлғалардың мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталығына беру тәртібін белгілейді;
      81) салыстыра тексерушілерді аттестаттау тәртібін айқындайды;
      82) аккредиттеуге жататын өлшем құралдарының бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстар мен қызметтердің тізбесін айқындайды;
      83) сәйкестікті растау, тауардың шыққан елін айқындау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы аудиторларды аттестаттау тәртібін айқындайды;
      84) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарының сыныптамасын белгілейді;
      85) өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлауды ұйымдастырады;
      86) стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу саласындағы хабарламаларды толтыру және ұсыну нысанын, тәртібін айқындайды;
      87) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс, тарату тәртібін белгілейді;
      88) сәйкестікті, оның ішінде, шетелдік сәйкестікті растау жөніндегі органдарды аккредиттеу тәртібін белгілейді;
      89) сәйкестікті растау жөніндегі органдар филиалдарының сәйкестікті растау жөніндегі орган құрамында аккредиттеу тәртібін белгілейді;
      90) сәйкестікті растау схемасына сәйкес оның белгіленген талаптарға сәйкес еместігі анықталған, берілген сәйкестік сертификаттарының күші немесе сәйкестік туралы декларацияны тіркеу күні тоқтата тұрылған немесе жойылған жағдайда сәйкестікті міндетті растаудан өткен өнімге инспекциялық тексеру жүргізу тәртібін белгілейді;
      91) зертханаларды аккредиттеу тәртібін белгілейді;
      92) сынақтарды жүргізу жөніндегі зертханалардың құқық қабілетінің туындау және тоқтату тәртібін белгілейді;
      93) зертханалар жұмысының нәтижелерін ресімдеудің және берудің тәртібі мен нысанын белгілейді;
      94) стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі стандарттар мен нормативтік құжаттарды, стандарттар мен олар туралы ақпараттардың каталогтары мен көрсеткіштерін басу және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;
      95) тауардың шыққан елін айқындау жөніндегі сарапшы аудиторлар қызметінің тәртібін белгілейді;
      96) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және аккредиттеу жөніндегі сарапшы аудиторлар зертханаларын аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысу тәртібін белгілейді;
      97) тауардың шыққан елін айқындау, сәйкестікті және аккредиттеуді растау, сарапшы аудитордың аттестатын беру, тоқтата тұру немесе жою жөніндегі сарапшы аудиторларды дайындаудың және аттестаттаудың біліктілік талаптарын, тәртібін белгілейді;
      98) мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және жою тәртібін белгілейді;
      99) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификат береді;
      100) мемлекеттік стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпараттың сыныптамаларын әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу тәртібін белгілейді;
      101) Қазақстан Республикасының аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі шетелдік мемлекеттердің халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпараттың сыныптамаларын және ұсынымдарын есепке алу және қолдану тәртібін белгілейді;
      102) мемлекеттік стандарттаудың жоспарларын әзірлеу тәртібін белгілейді;
      103) өнімді таңбалау тәртібін белгілейді;
      104) сәйкестікті және зертханаларды растау жөніндегі органдарды аккредиттеу тәртібін белгілейді;
      105) тауардың шығу тегі туралы сертификат бланкілерінің нысандарын белгілейді және ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификат дайындауды ұйымдастырады;
      106) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің ережесін әзірлейді;
      107) ұйымдардың стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару тәртібін белгілейді;
      108) стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту тәртібін белгілейді;
      109) мемлекеттік стандарттаудың жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту тәртібін белгілейді;
      110) шетелдік үлгідегі сәйкестікті растау саласындағы құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдарды есептік тіркеу тәртібін белгілейді;
      111) сәйкестік сертификатын толтыру нысаны мен тәртібін белгілейді;
      112) сәйкестік белгісін бейнелеуді, оған қойылатын техникалық талаптарды және оны таңбалау тәртібін әзірлейді, бекітеді және белгілейді;
      113) сәйкестік туралы декларация нысанын, декларацияны ресімдеу және тіркеу тәртібін белгілейді;
      114) шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақтар хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану тәртібін айқындайды;
      115) заңды тұлғалардың өтінімдері бойынша субъектілерді аккредиттеу тәртібін белгілейді;
      116) техникалық регламенттермен белгіленген талаптарды бұзушылықтарды жою туралы немесе өнімдерді сатуға тыйым салу және оларды беру тәртібі туралы нұсқамалардың нысандарын белгілейді;
      117) стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасын білдіреді, халықаралық және өңірлік стандарттау, сәйкестікті растаудың нәтижелерін өзара тану бойынша жұмыстарға қатысады;
      118) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады;
      119) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелерінде инвесторлар, грант беруші халықаралық ұйымдар үшін жағдайлар жасайды;
      120)-133) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.07.15. N 1071 Қаулысымен;
      134) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      135) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      136) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      137) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      138) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      139) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      140) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      141) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      142) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      143) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      144) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      145) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      146) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      147) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      148) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      149) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді;
      150) жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында министрлік қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141, 2009.03.18. N 354, 2009.07.15. N 1071, 2009.10.22 N 1646 (2009.10.23 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.20 N 2138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      14. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомствоға мыналар бойынша функциялар жүктелуі мүмкін:
      1) реттелетін салада, оның ішінде, тау-кен-металлургия, химия, өңдеу, фармацевтика және медицина өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және қорғаныс өнеркәсібінде, құрылыс индустриясы, құрылыс материалдары өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ сауданы дамыту, техникалық реттеу және өлшем бірліктері, ғылыми-технологиялық, инновациялық және инвестициялық қызмет, қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау, ұйымдар мен мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) тауар биржаларының тізілімін жүргізу;
      3) биржалар туралы заңнаманы сақтауды бақылау;
      4) тарифтік квоталарды қолданудың орындылығы туралы қорытындыны әзірлеу;
      5) республикалық көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізуді ұйымдастыру және қатысу;
      6) демпингтің және материалдық залалдың немесе оны келтіру залалының болуын белгілеу және демпингке қарсы шаралар енгізу қажеттілігі жөнінде демпингке қарсы талқылауды жүзеге асыру;
      7) демпингке қарсы талқылау рәсімінің басталуы туралы немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдау;
      8) демпингке қарсы талқылау жөніндегі істі жүргізудің тәртібін белгілеу;
      9) демпингтің бар болуы және оларға материалдық зиян келтіру немесе оны келтірудің қаупі туралы алдын ала айқындаманы шығару;
      10) демпингке қарсы бажды қайта қарауды дайындау рәсімін жүзеге асыру;
      11) елеулі залал келтіру фактісі бойынша жеткізушілердің сауда тәжірибесіне мониторингті жүзеге асыру;
      12) талқылауды жүргізудің орындылығы туралы не саудада елеулі зиянның бар екендігін анықтау немесе оны келтірудің қаупі және қорғау шараларын енгізудің қажеттілігі туралы қорытынды дайындау;
      13) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша, сондай-ақ отандық өндірушінің немесе өндірушілер бірлестіктерінің өтінімдері бойынша әзірленген қорытындының негізінде елеулі залалдың болуы немесе саудаға елеулі залал келу қаупі және қорғау шараларын енгізу қажеттігін белгілеу жөнінде талқылауды бастау туралы шешім қабылдау;
      14) елеулі залалдың болуы немесе саудаға елеулі залал келу қаупі және қорғау шараларын енгізу қажеттігін белгілеу жөнінде талқылауды жүзеге асыру;
      15) елеулі залалдың болуы немесе саудаға елеулі залал келу қаупі және қорғау шараларын енгізу қажеттігін белгілеу жөнінде талқылауды жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
      16) "Субсидиялар және өтем шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сауда және өндірістік қызметтің мониторингін жүзеге асыру;
      17) материалдық залал келтірудің болуын немесе қатерін және өтемдік шаралар қажеттілігін белгілеу жөніндегі талқылауларды жүзеге асыру;
      18) Қазақстан Республикасы Үкіметінің уақытша өтемдік шаралар енгізу туралы шешім қабылдауы үшін шетелдік мемлекет (шетелдік мемлекеттер одағы) субсидиялайтын тауар импортының болуы және олардың материалдық залал келтіргені немесе оның келтіру қаупі туралы алдын ала қорытындыны шығару;
      19) шетелдік мемлекет (шетелдік мемлекеттер одағы) субсидиялайтын тауар импорты кезінде отандық өндірушілерге келтірген материалдық залалдың болуын белгілеу және шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялайтын тауар импорты мен ол келтірген материалдық залал немесе оның қаупі арасындағы себептік-салдарлық байланысты белгілеу;
      20) тауарлары талқылау мәні болып табылатын шет мемлекеттер (шет мемлекеттер одағы) өтініші бойынша талқылауды бастау немесе жүргізу үшін пайдаланылатын құпия емес ақпаратқа қол жеткізуге рұқсат ету;
      21) "Субсидиялар және өтем шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда талқылау рәсімін бастаудан бас тарту туралы шешім қабылдау;
      22) жеткізуші ұсынған бағалар бойынша кімнің міндеттемесі қабылданған болса, бағалар бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалғаны туралы деректердің дұрыстығын тексеруді жүргізу;
      23) өтем баждарын енгізумен мүдделері қолайсыз қозғалуы мүмкін шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидияланатын импортталатын тауарларын пайдаланатын жергілікті мүдделі тұлғалардың пікірлерін ескере отырып, оны енгізу үшін барлық талаптар орындалған жағдайда өтемдік баждарды енгізудің орындылығы туралы шешім қабылдау;
      24) өз бастамасы бойынша немесе мүдделі тұлғалардың негізделген ұсынымының негізінде өтемдік баждарды қайта қарауды жүзеге асыру;
      25) өтемдік шаралардың дара мөлшерін айқындау;
      26) демпингке қарсы заңнамаға және субсидиялар мен өтемдік шаралар туралы заңнамаға сәйкес бағалар бойынша міндеттемелерді орындауды бақылау;
      27) шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялайтын тауар импортын бақылау;
      27-1) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары тоқсан сайын ұсынатын тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар бойынша ақпаратты талдау арқылы мониторингті жүзеге асыру;
      28) инвестицияларды мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
      29) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.07.15. N 1071 Қаулысымен;
      30) арнайы экономикалық аймақтар құру және қалыптастыру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
      31) арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем сомасын келісу;
      32) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі және химиялық өнімдердің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      33) Қазақстан Республикасының аумағында химиялық өнімді тіркеу және оның есебін жүргізу;
      34) өз құзыреті шегінде химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласында заңнамада белгіленген талаптардың сақталуын бақылау;
      35) химиялық өнімдердің өтініш берушінің (өндірушінің, жеткізушінің, импорттаушының) ұсынған ақпараттары негізінде адамның денсаулығы мен өміріне, қоршаған орта үшін қатерін бағалауды тексеру;
      36) "Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін химиялық өнімдердің өміршеңдігінің бір немесе бірнеше процестерін тоқтата тұру туралы нұсқамалар беру;
      37) өз құзыреті шеңберінде машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнамада белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау;
      38) "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін машиналар мен жабдықтарды өндіру, өткізу мен нарықтағы айналымын тоқтата тұру туралы нұсқамалар беру;
      39) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекеттік қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы қазақстандық қамтуды бақылау және жолсыздықтар анықталған жағдайда шаралар қабылдау;
      39-1) офсеттік саясаттың іске асырылуын бақылау;
      40) жер қойнауын пайдаланушылардың олардың қазақстанда шығарылған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуы бөлігінде мониторингті жүзеге асыруға қатысу;
      41) қазақстандық өндірушілер өндірген тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізу;
      42) белгіленген тәртіппен мемлекеттік заттай гранттарды беру туралы шешімдер қабылдау;
      43) инвестициялық преференцияларды беру туралы шешім қабылдау;
      44) инвестициялық преференциялар беруге өтінімдер қабылдау және тіркеу;
      45) инвестициялық преференциялар беруге келісім-шарттар жасасу, тіркеу және бұзу;
      46) инвестициялық преференцияларды беруге арналған келісім-шарттар талаптарының сақталуын бақылау;
      47) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелерін құруда ұйымдарға жәрдемдесу және оларға қажетті ақпараттық-әдістемелік жәрдем көрсету;
      48) кепілдемелік міндеттемелер (түпкілікті пайдаланушының сертификаттары) беру;
      49) өнімдер транзитіне рұқсаттар беру;
      50) өтінім берушіге және мүдделі мемлекеттік органдарға тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпараттарды экспорттық бақылауға жататын өнімдерге жатқызу туралы қорытынды беру;
      51) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс өнімдерді қайта өңдеуге рұқсат беру;
      52) кепілдемелік міндеттемелерге (түпкілікті пайдаланушының сертификаттарға) сүйене отырып Қазақстан Республикасынан шығарылатын өнімнің кері экспортына рұқсат беру;
      53) сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (өтінім берушілерге) "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңының 6-бабында көрсетілген тізбелердің қолданысына түспейтін тауарлармен, ақпаратпен, жұмыстармен, қызметтермен, зияткерлік қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелерді жүзеге асыруға белгіленген тәртіппен рұқсат беру;
      54) қорғаныстық тапсырыстың міндеттерін орындау жұмыстарын ұйымдастыруды бақылау;
      55) белгіленген құзырет шектерінде Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс өнімдердің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын, транзитін және қайта өңделуін бақылау;
      56) экспорттық бақылау жүйесінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесіп, экспорттық бақылауға жататын өнімдерін тиеу алдындағы кезеңде және түпкілікті пайдалануда қажет болғанда тексеруді жүзеге асыру;
      57) қару-жарақ, әскери техника және қарудың жекелеген түрлері, жарылғыш заттар мен оларды қолдану арқылы жасалған бұйымдар айналымы саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;
      58) уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, іске асыру, пайдалану, жою бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
      59) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасына сәйкес өнімнің экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асыру;
      59-1) тауар биржалары сапасындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
      60)-78) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.07.15. N 1071 Қаулысымен;
      79) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
      80) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттермен, техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасу;
      81) техникалық реттеу саласындағы заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      82) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастыру;
      83) өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту;
      84) өлшем құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне, өлшем құралдарын тексеру әдістемелеріне жалпы метрологиялық талаптарды айқындау;
      85) өлшем құралдарын тексеру және калибрлеу нәтижелерін салыстыруды ұйымдастыру;
      86) өлшем құралдарының үлгісін бекіту туралы шешім қабылдау;
      87) өлшем құралдарының үлгісін бекіту белгісінің нысанын белгілеу;
      88) өлшем бірліктерін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастыру;
      89) өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеу бойынша жұмысты лицензиялауды және ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      90) өлшем құралдарын өндіру және жөндеу жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
      91) техникалық реттеу және өлшем бірліктері саласында мемлекеттік емес сарапшылық орталықтарын аккредиттеу және сарапшыларды аттестаттауды жүргізу;
      92) сәйкестігін растау, тауардың шыққан елін айқындау, аккредиттеу , сондай-ақ оларды кәсіби даярлауды және қайта даярлау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттауды ұйымдастыру;
      93) саудадағы техникалық тосқауылдар, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі Ақпараттық орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      94) мемлекеттік, халықаралық, өңірлік стандарттарды, шетел мемлекеттерінің стандарттарын, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелер мен ұсынымдарды ресми басылымдарда басуды және таратуды ұйымдастыру, олар туралы ақпаратты жариялайды;
      95) зертханааралық салыстырмалы сынау (салыстыру) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      96) техникалық регламенттермен белгіленген талаптарды сақтауды мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;
      97) өнімдерді таңбалауды бақылауды жүзеге асыру;
      98) ойыншықтардың Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзырет шегінде техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бақылау;
      99) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау;
      99-1) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметіне жыл сайын тексеру жүргізу арқылы тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуын бақылау;
      100) тамақ өнімдерінің санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қадағалауға жататын рәсімдерін қоспағанда, оны іске асырудың сатысында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
      101) мемлекеттік метрологиялық қадағалауды және бақылауды ұйымдастыру және өткізу;
      102) стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу саласындағы шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшін апелляциялық комиссия құру;
      103) басқа ұйымдар шығарған сәйкестікті растау мәселелері бойынша егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің талаптарына жауап бермейтін болса, құжаттарды жою туралы ұсыныстар дайындау;
      104) Техника-экономикалық ақпараттарды мемлекеттік сыныптаушылардың тізілімін жүргізу;
      105) Қазақстан Республикасында техника-экономикалық ақпараттарды сыныптау мен кодтау жүйесін жұмыс істетуді құруға және бақылау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді белгілеу;
      106) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.07.15. N 1071 Қаулысымен;
      107) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.07.15. N 1071 Қаулысымен;
      108) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      109) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      110) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      111) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      112) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      113) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      114) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      115) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      116) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      117) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      118) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      119) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      120) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      121) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      122) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      123) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен)
      124) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен).
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.02.15 N 141, 2009.03.18 N 354, 2009.07.15 N 1071, 2009.10.22 N 1646 (2009.10.23 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.20 N 2138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      16. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
      Министрдің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және босататын Министрдің орынбасарлары (Вице-Министрлері) болады.

      17. Министр Министрлікке жүктелген міндеттерді орындауға және оларға өз функцияларын жүзеге асыруына басшылықты жүзеге асырады және дербес жауапты болады.

      18. Министр:
      1) реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
      2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды;
      3) ведомстволардың өзге де мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету құзыреттілігін және тәртібін айқындайды;
      4) өз қызметінде оның бақылауындағы ведомстволар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) жауапты хатшының келісімі бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      6) ведомстволар актілерінің әрекетін толықтай немесе жартылай тоқтатады немесе тоқтата тұрады;
      7) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;
      8) Министрлікті Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда білдіреді;
      9) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
      10) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды;
      11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      19. Министрлік қабылдайтын шешімдер Министрдің бұйрығымен ресімделеді.

      20. Министрлік аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.

      21. Үкімет, Министр отставкаға шыққан жағдайда жауапты хатшының өкілеттігі тоқтатылмайды.

      22. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп беруі тиіс.

      23. Жауапты хатшы:
      1) Министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
      2) Министрлік аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      3) Министрлік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) Министрдің келісімінен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің, ведомстволардың құрылымын және штат санын бекітеді;
      5) Министрдің келісімінен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
      7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
      8) Министрдің келісімінен кейін Министрлік департаменттері мен басқармалары басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) Министрмен комитеттердің басшылары тағайындау үшін ұсынатын комитеттер басшыларына орынбасарларын тағайындауды келіседі;
      10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      11) Министрмен келісім бойынша Министрлік қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
      12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, орталық атқарушы органдар қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселелерді шешеді;
      13) Министрліктің Республика Президенті, Республика Үкіметі және Министр бекіткен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      14) органның жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
      15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді оны Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
      16) Министрдің келісімінен кейін мемлекеттік органды қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
      17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
      18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      19) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыны дайындауды ұйымдастырады;
      20) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлік атынан өкілдік етеді;
      21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      24. Жауапты хатшы мыналарға:
      1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
      2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
      3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.

      25. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапты болады.

      26. Министрліктің Министрдің жанындағы консультативті-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның саны мен дербес құрамын Министрлік құрылымдық бөлімшелері басшыларының ішінен министр бекітеді.

      27. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері, лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері, олардың қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттігі Министрлік жұмысының регламентімен және Министрмен келіскеннен кейін жауапты хатшы бекітетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.

4. Министрліктің мүлкі

      28. Министрлік жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болады. Министрлік мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады және айналым құралының негізгі қорынан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге мүлік есебінен қалыптасады.

      29. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      30. Егер заңда өзгедей белгіленбесе, Министрліктің оған бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      31. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.25 N 878, 2006.06.30 N 616, 2006.09.14 N 868, 2007.01.15 N 22, 2007.04.09 N 280, 2007.05.11 N 376, 2007.09.18 N 818, 2007.12.05 N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз), 2009.10.02 N 1521, 2009.12.15 № 2123 Қаулыларымен.

Акционерлiк қоғамдар

      1. Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.09. N 280 қаулыcымен.
      2. Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.09. N 280 қаулыcымен.
      3. Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.09. N 280 қаулыcымен.
      4. Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N 871 қаулысымен.
      5. Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.07.19. N 742 қаулысымен.
      6. Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N 871 қаулысымен.
      7. Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N 871 қаулысымен.
      8. Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.09. N 280 қаулыcымен.
      9. "Шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық ақпараттық-көрме орталығы" жабық акционерлiк қоғамы, Астана қаласы.
      10. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" акционерлiк қоғамы, Алматы облысы.
      10. "Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлiк қоғамы, Астана қаласы.
      12. Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      13. Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.10.17 N 962 қаулыcымен.
      14. Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.10.17 N 962 қаулыcымен.
      15. Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.10.17 N 962 қаулыcымен.
      16. Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.10.17 N 962 қаулыcымен.
      17. Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.10.17 N 962 қаулыcымен.
      18. Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.10.17 N 962 қаулыcымен.
      19. Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.10.17 N 962 қаулыcымен.
      20. Жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.10.17 N 962 қаулыcымен.
      21. "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" акционерлік қоғамы, Астана қаласы
      22. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік компаниясы корпорациясы» ұлттық» акционерлік қоғамы;
      23. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорациясы» ұлттық» акционерлік қоғамы;
      24. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      25. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      26. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік компаниясы корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      27. «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік компаниясы корпорациясы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      28. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      29. «Ұлттық инновациялық қор» ұлттық» акционерлік қоғамы.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық
дамыту комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

       Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң
Сауда қызметiн реттеу комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң
Бәсекелестiктi қорғау комитетi туралы
ереже

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi
комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң
Техникалық реттеу және метрология комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Индустрия және
сауда министрлiгiнiң Инвестиция комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiнiң
құрылымы

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң
құрылымы

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Сауда қызметін реттеу комитетiнiң
құрылымы

     Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi
комитетiнiң құрылымы

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң
құрылымы

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Инвестиция комитетiнiң
құрылымы

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

      Ескерту. Мәтін бойынша "басқармасы" деген сөз "департаменті" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2008.05.07 N 429 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң
аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттiк мекемелерiнiң
тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Ақмола облысы бойынша департаменті" мемлекеттiк мекемесi.
      2. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша департаменті" мемлекеттiк мекемесi.
      3. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетінiң Алматы облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесi.
      4. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Атырау облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесi.
      5. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" мемлекеттiк мекемесi.
      6. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша департаменті" мемлекеттiк мекемесi.
      7. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" мемлекеттiк мекемесi.
      8. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесi.
      9. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттiк мекемесi.
      10. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша департаменті" мемлекеттiк мекемесi.
      11. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша департаменті" мемлекеттiк мекемесi.
      12. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнің Павлодар облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесi.
      13. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаменті" мемлекеттiк мекемесi.
      14. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" мемлекеттiк мекемесi.
      15. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Астана қаласы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесi.
      16. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Алматы қаласы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесi.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi
комитетi аумақтық бөлiмшелерiнiң
тiзбесi

      1. Ақмола облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
      2. Ақтөбе облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
      3. Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
      4. Атырау облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
      5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша сәулет-құрылыс және инспекциялау басқармасы.
      6. Жамбыл облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
      7. Батыс Қазақстан облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
      8. Қарағанды облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
      9. Қостанай облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
      10. Қызылорда облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
      11. Маңғыстау облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
      12. Павлодар облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
      13. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау  және инспекциялау басқармасы.
      14. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
      15. Астана қаласы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
      16. Алматы қаласы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N 871 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң     
2006 жылғы 6 маусымдағы
N 509 қаулысына   
қосымша         

      Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 509 қаулысымен.

         Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзбесi

      1. Ақмола облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      2. Ақтөбе облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      3. Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      4. Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      6. Жамбыл облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      7. Батыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      8. Қарағанды облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      9. Қостанай облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      10. Қызылорда облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      11. Маңғыстау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      12. Павлодар облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      13. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      14. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      15. Алматы қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      16. Астана қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген       

      Ескерту. Тізбенің тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.05 N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз), 2008.05.07 N 429 Қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Өнеркәсіп комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi

Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар

      1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.08.04 N 735 Қаулысымен.
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.01.17. N 25 Қаулысымен.
      3. "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Алматы қаласы.
      4. "Кентау СуШар" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді- ҚР Үкіметінің 2008.01.28. N 72 Қаулысымен.
      5. "Жезқазғансирекмет" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Жезқазған қаласы.
      6. "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргізу құқығында), Алматы қаласы.
      Ескерту. 6-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.07.19. N 741 қаулысымен, өзгерту енгізілді - 2005.08.24. N 871 қаулысымен.

Акционерлiк қоғамдар

      1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.05.07 N 429 Қаулысымен.
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N 871 қаулысымен.
      3. "Қазақжарылысөнеркәсiбi" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы.
      4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N 871 қаулысымен.
      5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.05.07 N 429 Қаулысымен.
      6. "Иналмасалтын" ашық акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы.
      7. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.03.19. N 212 қаулысымен.
      8. "Қазақстантрактор" ашық акционерлік қоғамы, Павлодар қаласы.
      9. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.02.20. N 201 Қаулысымен.
      10. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.09. N 280 қаулысымен.
      11. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.05.07 N 429 Қаулысымен.

                  Мемлекеттік мекемелер

      1. "Микрография ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы.
      2. "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" республикалық мемлекеттiк мекемесi, Алматы қаласы.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

      "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қаласы.
      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N 871, 2007.04.09. N 280, 2008.01.17. N 25 Қаулыларымен.

      Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдарының
тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.01. N 801, 2008.04.21 N 371, 2008.04.16 N 352 Қаулыларымен.

Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар

      1. "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
      2. "Қазақстан метрология институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны" (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
      3. "Координатор" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Астана қаласы.

Акционерлiк қоғамдар

      Бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.04.21 N 371 Қаулысымен.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

      "Ұлттық аккредиттеу орталығы" ЖШС, Астана қаласы.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген       

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.04.03 N 317 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық iстерi
комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi

Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар

      1. "Мемсараптама" мемлекеттiк жобаларды ведомстводан тыс сараптау республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
      2. "ҚазСҚСҒЗИ" Қазақ сейсмикалық төзiмдi құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Алматы қаласы.
      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.04.03 N 317 Қаулысымен.

Акционерлiк қоғамдар

      "Құрылысконсалтинг" ұлттық орталығы" акционерлiк қоғамы, Астана қаласы.
      "Қазақ Суарнажоба" акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 26 қарашадағы
N 1237 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Инвестиция комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.09. N 280 қаулысымен.

Акционерлiк қоғамдар

      1. "Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" жабық акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы.
      Ескерту. Тізбемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.01. N 801 қаулысымен.

    Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысына     
қосымша          

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Жезқазғансирекмет" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 21 қарашадағы N 1233 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасы.
      2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс-өнеркәсіп кешенiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 13 наурыздағы N 244 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 10, 121-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 және 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1220 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 сәуiрдегi N 334 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 16, 161-құжат).
      4. "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 мамырдағы N 442 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 19, 195-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 мамырдағы N 467 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 5 және 6-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 21-22, 211-құжат).
      6. "Қазақ Суарнажоба" мемлекеттiк жобалау институты" мемлекеттiк кәсiпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 шiлдедегi N 752 қаулысы 4-тармағының 2) тармақшасы.
      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 шiлдедегi N 759 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 30, 304-құжат).
      8. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi N 951 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 38, 385-құжат).
      9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 6 қазандағы N 1027 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 40, 425-құжат).
      10. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 6 тамыздағы N 881 және 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 1235 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 46, 505-құжат).
      11. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1302 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 48, 541-құжат).
      12. "Инвестициялық компания: "Қазақстанның Инвестициялық қоры", "Қазақстанның Даму Банкi", "Ұлттық инновациялық қоры" акционерлiк қоғамдарының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 22 қаңтардағы N 68 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 2, 34-құжат).
      13. "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" (Kazakhstan Engineering)" ашық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 10 наурыздағы N 295 қаулысы 5-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 12, 161-құжат).
      14. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 мамырдағы N 570 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 22, 284-құжат).
      15. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң "Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынының кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 тамыздағы N 921 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.