Улар, Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министірінің м.а. 2010 жылғы 21 тамыздағы N 242 және Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 2 қыркүйектегі N 171 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6528 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 28 қарашадағы № 429 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 328 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Бірлескен бұйрықтың күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012.11.28 № 429 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.12.5 № 328 бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi).

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабын және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (А.С. Таспихов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Қ. Әбдібековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрінің міндетін атқарушы
      _____________________А. Рау

      Қазақстан Республикасының
      Экономикалық даму және
      сауда министрі
      __________________Ж. Айтжанова

Қазақстан Республикасы    
Индустрия және жаңа технологиялар
министрі міндетін атқарушының 
2010 жылғы 21 тамыздағы    
№ 242 және         
Қазақстан Республикасы    
Экономикалық даму және сауда
министрінің         
2010 жылғы 2 қыркүйектегі 
№ 171 және бірлескен   
бұйрығымен бекітілген    

Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Осы Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) бақылау субъектілерін тәуекелдің белгілі бір тобына жатқызу үшін Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» және «Лицензиялау туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Критерийлерде мынадай түсініктер қолданылады:
      1) тәуекел - улардың, оқ-дәрінің, қару-жарақтың, әскери техниканың, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдардың заңсыз айналымды жүзеге асырудың нәтижесінде көрінген зардаптардың ауырлық дәрежесін ескере отырып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдылығы;
      2) бақылау субъектілері - төменде көрсетілген қызмет түрлерін атқаруға лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар:
      босатылған оқ-дәріні, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу; .P080000082
      уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою; .P070001137
      монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді  және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және өткізу; .P080000093
      қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу; 
      жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу. .P080000243
      3. Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлері мыналарға бөлінеді:
      1) объективтік, бақылау субъектілерінің жүзеге асыратын қызмет түрлеріне байланысты тәуекелдердің маңыздылығына негізделген.
      2) субъективтік, тексерулер нәтижелері бойынша анықталған бақылау субъектілерінің лицензиялау саласындағы заңнаманы бұзушылыққа жол беруіне байланысты анықталады.
      4. Бақылау субъектілерін тәуекел топтарға бастапқы жатқызу объективтік критерийлер ескеріліп, жүзеге асырылады.
      5. Бақылау субъектілерін тәуекел топтарға одан кейінгі жатқызу субъективтік критерийлер ескеріліп, жүзеге асырылады.
      6. Тәуекел дәрежесінің субъективтік критерийлері объективтік критерийлер бойынша тәуекелдің жоғарғы тобына жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты қолданылмайды.
      Тәуекелдің жоғарғы тобына жатқызылған бақылау субъектілері жыл сайынғы бақылауға жатады.
      7. 0бъективтік критерийлер бойынша:
      1) тәуекелдің жоғарғы тобына мыналарды жүзеге асыратын лицензиаттар жатады:
      босатылған оқ-дәріні, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;
      уларды өндіру, өңдеу, пайдалану, жою;
      монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу;
      қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу;
      жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру.
      2) тәуекелдің орташа тобына мыналарды жүзеге асыратын лицензиаттар жатады:
      уларды сатып алу, сақтау, өткізу;
      монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды алу және өткізу;
      қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын сату, оларды сатып алу;
      жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу.
      3) объективтік критерийлер бойынша тәуекелдің төменгі тобына лицензиаттар жатқызылмайды.
      8. Субъективтік критерийлер бойынша:
      1) тәуекелдің жоғарғы тобына тексерулер нәтижесінде 4 және одан жоғары балл жинаған бақылау субъектілері жатқызылады;
      2) тәуекелдің орташа тобына тексерулер нәтижесінде 2-ден 3 баллға дейін жинаған бақылау субъектілері жатқызылады;
      3) тәуекелдің төменгі тобына тексерулер нәтижесінде 1 балл жинаған бақылау субъектілері жатқызылады.
      Бақылау субъектілерінің тиісті қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау үшін субъективтік критерийлер осы Критерийлерге қосымшасында келтірілген.
      9. Тәуекелдің белгілі бір тобының бақылау субъектілерін тексеру жоспарына бірінші рет енгізу критерийлері:
      1) алдыңғы тексерулер қорытындылары бойынша ең көп балл;
      2) соңғы жоспарлы тексеру өткізудің ең үлкен мерзімі.

Улар, қару-жарақ, әскери техника
мен жекелеген қару түрлері,     
жарылғыш заттар мен олар қолдана
отырып жасалған бұйымдар айналымы
саласындағы тәуекел дәрежесін   
бағалау критерийлеріне қосымша  

Критерийлер

Балл

1

2

3

Уларды сатып алу, сақтау, өткізу

1

Қамтамасыз ететін қызметтердің болмауы

еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғау

3

медициналық бақылау

3

улардың есепке алынуы

3

2

Тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, техникалық пайдалану ережесі мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережесін үйренуден және білімін тексеруден өткен инженерлік-техникалық қызметкерлердің және басшы қызметкерлердің білікті құрамының болмауы

3

3

Уларды сақтауға арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлар мен сыйымдылықтардың болмауы

3

Уларды сақтауға арнайы жабдықталған қоймалар, үй-жайлар мен сыйымдылықтар меншік құқығында емес

3

Уларды сақтауға арналған және арнайы жабдықталған қоймалар, үй-жайлар мен сыйымдылықтар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап бермейді

1

4

Уларды сақтауға жабдықталған қоймалар, үй-жайлар мен сыйымдылықтар күзетінің немесе күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілермен күзет қызметін көрсетуге арналған шартының болмауы

3

5

Қорғаныс құралдарының болмауы

арнайы қорғаныс киімінің

3

жеке қорғаныс заттары

3

өртке қарсы мүкәммал

3

6

Ықтимал аварияларды жоюдың бекітілген жоспарының, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелердің және басқа да нормативтік-техникалық құжаттардың болмауы

3

7

Активтердің мөлшері 10000 айлық есептік көрсеткіштен аз

1

Монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды алу және өткізу

8

Басшыда және/немесе оның орынбасарында жоғары техникалық білімнің болмауы

3

9

Тиісті техникалық жоғары білімі, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың болмауы

3

10

Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен олардың аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіру үшін жабдықтарды монтаждау, реттеу, пайдалану, сақтау, жөндеу, сервистік қызмет көрсету үшін меншік құқығындағы мамандандырылған ғимараттың болмауы

3

Мамандандырылған ғимарат меншік құқығында емес

3

Мамандандырылған ғимараттың аумағы

оқшауланбаған

3

қоршалмаған

3

қарулы күзетпен күзетілмейді

3

өрт қауіпсіздігі және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына жауап бермейді

3

тұрғын және өндірістік объектілерден қолданыстағы нормативтерде көзделген қауіпсіз арақашықтықта орналаспаған

3

11

Жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайлардың болмауы

1

Қызметтік үй-жайлар санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап бермейді

1

12

Оқ-дәрілердің, қару-жарақтар мен әскери техниканың, олардың қосалқы бөлшектерінің, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарының, сондай-ақ сатып алуға және сатуға жататын арнайы материалдардың және жабдықтардың түрлері туралы, мәлімделген қызметтің кіші түрін жүзеге асыру барысында орындалатын жұмыстар туралы түсіндірме жазбаның болмауы

1

13

Қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс істеуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдары рұқсатының немесе жұмыстарға тапсырыс берушінің мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалану қажеттілігінің жоқтығы туралы растамасының болмауы

1

14

Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдар мен аспаптарын, монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдарды, жабдықтарды сатып алуға және сатуға мемлекеттік тапсырыстың және/немесе мемлекеттік органмен немесе ұйыммен жасалған шарттың (келісім-шарттың) болмауы

1

15

Орындалатын жұмыстардың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін тапсырыс беруші өкілдігінің болмауы

1

16

Активтердің мөлшері 10000 айлық есептік көрсеткіштен аз

1

Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу

17

Басшыда және/немесе оның орынбасарында жоғары техникалық білімнің, Жарылғыш жұмыстары кезінде қауіпсіздіктің бірыңғай ережелеріне сәйкес Жарушының бірыңғай кітапшасы және жарылғыш жұмыстарының басшылығы құқығының болмауы

3

18

Тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органда техникалық пайдалану ережесі мен қауіпсіздік ережесін білуіне біліктілік тексеруден өткен білікті мамандардың болмауы

3

19

Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды сақтауға, тасымалдауға арналған құралдардың болмауы

3

мамандандырылған ғимараттардың болмауы, меншік құқығында емес

3

3

арнайы көліктің болмауы, меншік құқығында емес

3

3

Мамандандырылған ғимараттар мен арнайы көлік өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап бермейді

1

20

Жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайлардың болмауы

1

Қызметтік үй-жайлар өрт қауіпсіздігі және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап бермейді

1

21

Қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс істеуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдары рұқсатының немесе жұмыстарға тапсырыс берушінің мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалану қажеттілігінің жоқтығы туралы растамасының болмауы

1

22

Жару ісі саласындағы мамандандырылған ұйымның Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге мәлімделген жарылғыш заттардың Қазақстан Республикасында қолдануға ұсынылатын өнеркәсіптік жарылғыш материалдардың, жару және бақылау аспаптарының тізбесіне сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының болмауы

1

23

Активтердің мөлшері 10000 айлық есептік көрсеткіштен аз

1

Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын сату, оларды сатып алу

24

Басшыда және/немесе оның орынбасарында жоғары техникалық білімнің болмауы

3

25

Тиісті жоғары техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың болмауы

3

26

Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын сақтауға арналған меншік құқығындағы мамандандырылған қойманың болмауы

3


Мамандандырылған қойма техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап бермейді және өрт-күзет дабылы құралдарымен жабдықталмаған

1

27

Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын есепке алу және сақтау жөніндегі құжаттаманың болмауы

1

28

Сатып алу және сатуға жоспарланған қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарының үлгілерінің тактикалық-техникалық сипаттамалары мен техникалық құжаттамасының болмауы

1

29

Қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс істеуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдары рұқсатының немесе жұмыстарға тапсырыс берушінің мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалану қажеттілігінің жоқтығы туралы растамасының болмауы

1

30

Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын сатып алуға және сатуға мемлекеттік тапсырыстың және/немесе мемлекеттік органмен немесе ұйыммен жасалған шарттың (келісім-шарттың) болмауы

1

31

Орындалатын жұмыстардың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін тапсырыс беруші өкілдігінің болмауы

1

32

Активтердің мөлшері 10000 айлық есептік көрсеткіштен аз

1