Ескерту. Заңның тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.12.29 N 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы қызметті реттейді, сондай-ақ тұтынушылардың, табиғи монополиялар субъектілерінің және реттелетін нарықтар субъектілерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР 2008.12.29 N 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Заңның бүкiл мәтiнi бойынша "баға мен тарифтердi", "бағаларды, тарифтердi", "бағалар мен тарифтер", "бағалар (тарифтер)", "бағаларды (тарифтердi)", "бағалар мен тарифтерге", "бағалар мен тарифтердiң", "бағалары мен тарифтерiнiң, "бағалары мен тарифтерiн", "бағалар мен тарифтердi" деген сөздер тиiсiнше "тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)", "тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына)", "тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының)", "тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын)", "тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары)" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2002.12.26 N 364 Заңымен.
Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган", "Табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк органның", "табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк органның", "Табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган", "табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк органға", "табиғи монополиялар аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "Уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органның", "Уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2006.07.05 N 166 Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «почта», «Почта» деген сөздер тиісінше «пошта», «Пошта» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2014 N 230-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
1-бап. Осы Заңның мақсаты
Осы Заңның мақсаты:
1) табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылаудың, сондай-ақ реттелетін нарықтардағы баға белгілеуді мемлекеттік реттеу мен бақылаудың құқықтық негіздерін айқындау;
2) тұтынушылар мен табиғи монополия , реттелетін нарық субъектiлерi мүдделерiнiң теңдестiрiлуiне қол жеткiзу болып табылады.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.26 N 364, өзгеріс енгізілді - 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1-1-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар
және реттелетін нарықтар туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Ескерту. Заң 1-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-бап. Осы Заңның қолданылуы
1. Осы Заң табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар субъектiлерiнiң өмiр сүруiне және iс-әрекетiне байланысты қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногында туындайтын қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заңның ережелерi табиғи монополиялар , реттелетін нарықтар субъектiлерiнiң, олардың құрылтайшыларының (қатысушыларының) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасалатын әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) де, осы әрекеттер (әрекетсiздiк) осы Заңға қайшы келген және табиғи монополиялардың, реттелетін нарықтардың қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушыларға залал келтiрген жағдайларда қолданылады.
3. Осы Заңның күшi табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға мынадай:
1) қызметі тек жеке өзiнiң ғана мұқтаждарына арналған объектiлердi салу мен пайдалануға байланысты болатын;
2) осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген қызмет:
осындай қызметтен түскен кірістер күнтізбелік бір жыл ішінде барлық қызметтен түскен кірістің бір пайызынан аспауға тиіс;
табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтерге 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған тарифтің деңгейін ұстау шарттарының жиынтығы сақтала отырып, жүзеге асырылатын жағдайлардың бірінде қолданылмайды.
3-1. Осы Заңмен табиғи монополия аясына жатқызылған iс-әрекеттi жүзеге асыратын рынок субъектiлерi үшiн мемлекеттiк реттеу мен бақылау осындай iс-әрекетке қатысты ғана қолданылады.
3-2. Реттелетін нарық субъектілері үшін осы Заңда көзделген мемлекеттік реттеу мен бақылау реттелетін нарық шегінде тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеуге қатысты ғана қолданылады.
4. Осы Заңда қамтылмаған құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы және басқа да заңдарымен реттеледi.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.26 N 364, 2004.12.09 N 9, 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.06.22 N 21-I (2012.06.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) амортизациялық аударымдардың қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау - бекітілген тарифтерде (бағаларда, алымдар ставкаларында) және (немесе) тарифтік сметаларда амортизациялық аударымдардың есебінен көзделген қаражатты реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) пайдаланылатын тіркелген активтердегі күрделі қаржы салымдарына және тартылған кредиттік ресурстар бойынша негізгі борышты қайтаруға байланысы жоқ мақсаттарға жұмсау;
1-1) босатылу бағасы - реттелетін нарық субъектісі тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру және (немесе) өткізу үшін қолданатын оның бағасы;
2) жалпыға бірдей қызмет көрсету - табиғи монополиялар субъектілері қызметін жүзеге асыратын және көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсына алатын Қазақстан Республикасының белгілі бір аумағында табиғи монополиялар субъектілерінің барлық тұтынушыларға көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуы;
3) жария тыңдау - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) немесе оның шекті деңгейінің жобасын мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және табиғи монополиялар субъектілерін шақыра отырып талқылау рәсімі;
4) инвестициялық бағдарлама - бір немесе бірнеше инвестициялық жобаларды қамтитын, техникалық-экономикалық тиімділік алу мақсатында қысқа мерзімді, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған табиғи монополия, реттелетін нарық субъектісінің жаңа активтерді жасауға, қолда бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға жұмсалған қаражатты салу және қайтару бағдарламасы;
5) инвестициялық жоба - жаңа өндірістерді салуға, қолданыстағыларын кеңейтуге және жаңартуға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешені;
6) инвестициялық тариф (баға, алым ставкасы) - жаңадан құрылған объектілерде көрсетілетін табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уәкілетті орган бір инвестициялық жобаның шеңберінде бекіткен, салынған инвестициялар толық өтелгенге дейін қолданылатын тариф (баға, алым ставкасы) немесе оның шекті деңгейі;
7) қаржылық сараптама - табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын және уәкілетті органның шешімдерін орындауын бағалау мақсатында оның қаржы-шаруашылық қызметін, реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша және тұтастай алғанда уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес өзге қызмет бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлінуін, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі қызметінің қаржылық көрсеткіштеріне қолданылатын тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) әсерін талдау, тарифтік сметаның орындалуын және есепке алу саясатының сақталуын, инвестициялық бағдарламалардың және (немесе) инвестициялық жобалардың орындалуын тексеру (бағалау);
8) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі - мынадай:
жалпы белгіленген қуаты, қоса алғанда жиырма Гкал/сағатқа дейінгі жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді;
көлемi жылына бір жүз елу мың текше метрге дейiн сумен жабдықтау және (немесе) су бұру;
көлемі мың вагон/км-ге дейін кірме жолдар саласындағы қызметтердi көрсететiн табиғи монополия субъектiсi;
9) қысқа мерзімді кезең - бір жылға дейінгі уақытты қоса алғанда уақыт аралығы;
10) орташа мерзімді кезең – бір жылдан асатын төрт жылды қоса алғанға дейінгі уақыт аралығы;
11) реттелетін нарықтар - реттелетін нарық субъектілері үшін осы Заңға сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген тауар нарықтары;
12) реттелетін нарық субъектісі - мыналар:
реттелетін нарықтарда Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген;
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатураға енгізілген өнімді, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізетін (табиғи, мемлекеттік монополия субъектілерін және энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда) дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
12-1) салыстырмалы талдау әдісі - өңірлік электр желісі компаниясы (бұдан әрі - өңірлік электр желісі компаниясы) болып табылатын табиғи монополия субъектісінің электр энергиясын беру және тарату бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне тариф қалыптастыру әдісі, ол уәкілетті орган және электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган қалыптастырған өңірлік электр желілері компанияларының тобындағы осы өңірлік электр желісі компаниясы қызметінің тиімділігін салыстыруды көздейді;
12-2) сараланған тариф - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған, уәкілетті орган тұтынушылардың топтары және (немесе) тұтыну көлемдері бойынша саралап бекіткен тариф;
13) стратегиялық тауарлар - табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут, дизель отыны, электр энергиясын беру және (немесе) тарату, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн – электр энергиясы, жылу энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік ысыраптары үшін – жылу энергиясы, газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өз мұқтаждары мен ысыраптары үшін - газ;
14) стратегиялық тауарларды өндірушілер:
стратегиялық тауарларды өндіретін;
стратегиялық тауарларды өндіруге (өңдеуге) арналған шикізаттың меншік иесі болып табылатын;
Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық тауарларды тікелей шетелдік өндірушінің атынан өткізетін жеке және заңды тұлғалар;
15) табиғи монополия - көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) белгілі бір түрін өндіру мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне байланысты көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) осы түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдай жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығының жай-күйі;
16) табиғи монополия саласы - дара кәсіпкер немесе заңды тұлға табиғи монополия субъектісі болып танылуы мүмкін көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығында туындайтын қоғамдық қатынастар саласы;
17) табиғи монополия субъектісі - табиғи монополия жағдайында тауарлар өндірумен, жұмыстарды орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
18) табиғи монополия субъектісінің аффилиирленген тұлғасы - шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) табиғи монополия субъектісі қабылдаған шешімге, оның ішінде шарттың, ауызша шартты немесе өзге мәмілені қоса алғанда, күшіне орай әсер ету мүмкіндігі бар (берілген өкілеттіктер шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) тұлға, сондай-ақ оған қатысты табиғи монополия субъектісінің осындай құқығы бар кез келген тұлға;
19) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
20) тариф (баға, алым ставкасы) - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) құнының уәкілетті орган бекіткен ақшалай көрінісі;
21) тарифтік смета - уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша бекітетін кірістер мен шығыстар баптары, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдері туралы көрсеткіштер және уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері;
22) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі – ұзақ мерзімді кезеңге бекітілетін, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең жоғары шамасы;
23) техникалық сараптама - табиғи монополия субъектісінің қолданысқа енгізілген активтерінің техникалық жай-күйін (техникалық сипаттамаларын) және активтерді жұмыс істеуі қалпында ұстауды қамтамасыз ететін жұмыстарды жүргізу қажеттігін, материалдық, еңбек шығындарының, өндіріс технологиясының белгіленген нормаларға сәйкестігін қоса алғанда, технологиялық процестің тиімділігін, инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттігін, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлері бойынша негізгі құралдарды іске қосудың деңгейін және олардың дұрыс бөлінуін талдау;
24) төтенше реттеуші шаралар - азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында уәкілетті орган қолданатын шаралар;
25) тұлғалар тобы - табиғи монополия субъектісінің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан да көп процентін иеленуші, келісім нәтижесінде бірлесіп тікелей немесе жанама шешім белгілеуге және (немесе) табиғи монополия субъектісінің қабылдайтын шешімдеріне ықпал етуге құқығы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы;
26) тұтынушы - табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;
26-1) тұтынушылар тобы - табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері белгілерінің, қызметінің, оларды нысаналы пайдаланудың ортақ болуымен біріктірілген тұтынушылар жиынтығы;
27) уақытша өтемдік тариф - табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға келтірген залалдарына өтем жасау мақсатында уәкілетті орган белгілеген тариф (баға, алым ставкасы);
28) уақытша төмендету коэффициенті - тұтынушылар мен табиғи монополия субъектісінің мүдделерін қорғау мақсатында уәкілетті орган белгілеген және тарифке (бағаға, алым ставкасына) қолданылатын шама;
29) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
30) ұзақ мерзімді кезең – бес жыл және одан көп уақыт аралығы;
31) шекті баға - тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру және (немесе) өткізу үшін қажетті шығындар мен пайданың негізінде реттелетін нарық субъектісі баға белгілеу тәртібіне сәйкес белгілеген және бағаларға жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша уәкілетті орган негізді деп таныған тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.12.29 N 116-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.15 № 255-IV; 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
4-бап. Табиғи монополиялар аясы
1. Қазақстан Республикасында табиғи монополиялар аясына мынадай қызмет көрсетулер (тауарлар, жұмыстар):
1) мұнайды және (немесе) мұнай өнiмдерiн магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау жөнiндегi;
2) тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі;
3) электр энергиясын беру және (немесе) бөлу жөнiндегi;
4) топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;
5) электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi;
5-1) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі;
РҚАО-ның ескертпесі!
4-бапты 5-2) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 2012.07.04 N 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) магистральдық темiр жол желiлерiнiң;
6-1) концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдар қызметтерінің;
7) кiрме жолдардың;
8) әуе навигациясының;
9) порттардың, әуежайлардың;
10) телекоммуникациялар көрсететiн әмбебап қызметтердi қоспағанда, қызметтiң осы түрлерiн көрсетудiң технологиялық мүмкiн болмауы не экономикалық тиiмсiздiгi себебiнен бәсекелес байланыс операторы болмаған кезде телекоммуникациялар қызметi;
11) телекоммуникациялар желiлерiн ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желiлерiне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбiлдiк кәрiздер мен өзге де негiзгi құралдарды мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi;
12) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың;
13) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері жатады.
2. Уәкiлеттi орган осы баптың 1-тармағында тiзiп көрсетiлген табиғи монополиялар аясының табиғи монополия субъектiлерi осы сала шеңберiнде көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) реттелiп көрсетiлетiн қызметтер қатарына жатқызу мәнiне талдау жасауды жүзеге асырады.
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тiзбесiн уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
3. Табиғи монополиялар субъектiлерi республикалық және жергiлiктi бөлiмдерден тұратын Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) нақты түрлерiн көрсете отырып енгiзiлуге жатады.
Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.09 N 9 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.14 N 120, 2008.07.05 N 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.29 N 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 № 533-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 N 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2014 N 230-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
5-бап. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн
шектеу
1. Табиғи монополия субъектiсiне:
1) қызметтер көрсетуге және:
реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты;
Қазақстан Республикасының пошта туралы заңдарында белгiленген;
табиғи монополия аясына жатқызылған реттелiп көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түскен кiрiстер рынок субъектiсiнiң барлық қызметiнен күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде түскен кiрiстердiң бiр процентiнен аспаған жағдайдағы;
күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде өзге қызметтiң кiрiстерi табиғи монополия субъектiсiнiң барлық қызметiнiң бес процентiнен аспаған жағдайдағы;
табиғи монополия аясында қызметтер көрсететiн (тауарлар, жұмыстар) құрылымдық бөлiмшенiң ұйымдастырушылық және аумақтық оқшаулануы мүмкiн болмаған жағдайдағы қызметтердi қоспағанда, табиғи монополиялар аясына жатпайтын өзге қызметтi жүзеге асыруға;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң өндiрiспен және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен, сондай-ақ осы Заңға сәйкес табиғи монополия субъектiсi үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырумен байланысы жоқ мүлiкке меншiк және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығына ие болуға;
3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі үшін осы Заңда рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (қатысу үлестерін) иеленуге немесе олардың қызметіне өзге де жолмен қатысуға;
4) уәкiлеттi орган белгiлеген мөлшерден асатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы алуға;
4-1) осы Заңда көзделмеген қосымша ақы алуға немесе өзінің мазмұны бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысы жоқ (қаржылық қаражаттарды және өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды және басқаны беру) қосымша міндеттемелерді өзге түрде тануға;
4-2) өңірлік электр желісі компаниясын, пайдаланылатын стратегиялық тауарларға арналған шығыстар ұлғайтылатын, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаның баптарында көзделген қаражатты бес проценттен астам көтеруге жол беруге;
5) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткiзу шарттарын күштеп таңуға немесе тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер жасауға;
5-1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын жеке меншiк құқығымен немесе заңды негiзде өзгеше тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдауға (жалға беруге);
6) табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) жоғарылауына әкеп соқтырмаған жағдайда, арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы мәмілелері бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді қоспағанда, ұсынылатын реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын басқаға беруге;
7) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемiн жосықсыз тұтынушылардың төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тартуға;
8) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты емес шығындарды олардың тарифтерiне (бағаларға, алымдар ставкаларына) немесе олардың шектi деңгейiн енгiзуге;
8-1) белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражатты мақсатсыз пайдалануға жол беруге;
9) мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге;
10) мыналар:
тарифтiк сметада қамтылатын;
реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату шығындары және ақы алу тетiгi, реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу және орнату туралы;
ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тануға тыйым салынады.
1-1. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шектеулер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.
1-2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген шектеулер әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының 5-1) тармақшасында көзделген шектеулер осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынатын табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.26 N 364 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.09 N 9, 2006.02.20 N 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05 N 166, 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.15 № 255-IV, 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
6-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң құқықтары
Табиғи монополия субъектiсiнiң:
1) заңдарға сәйкес тұтынушылар сақтауға мiндеттi техникалық талаптар белгiлеуге;
1-1) барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылуы кезеңiнде уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге;
1-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен техникалық қызмет көрсетудi жүргiзуге және есептеу аспаптарын тексерудi ұйымдастыруға;
1-3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтi(бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн бекiтуге арналған өтiнiмдi уәкiлеттi органның қарауына уәкілетті орган белгілеген жағдайларда және тәртіппен ұсынуға;
1-4) реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату үшiн тұтынушылардан уәкiлеттi органмен келiсiлген ақы алуға;
2) уәкiлеттi орган шешiмдер қабылдаған кезде өзiнiң iс-әрекетi мен құқықтық мәртебесi мәселелерiн қозғайтын ұсыныстар енгiзуге;
3) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекетiне (әрекетсiздiгiне) сотқа шағымдануға;
4) басқа субъектiлердiң өз iс-әрекетiне, табысына, меншiгiне немесе құқықтық мәртебесiне әсер ететiн әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға;
5) заң белгiленген тәртiппен өзiн Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiнен шығару туралы уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға;
5-1) Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығынының құны көбейтiлсе, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өсiруге;
5-2) шығындарды оңтайландыру немесе реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын қолдану нәтижесінен туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың түбегейлі пайдаланылмаған бөлігін жаңа өндірістік активтерді жасауға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және қайта жарақтандыруға бағыттауға;
6) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.26 N 364; 2004.12.09 N 9; 2006.07.05 N 166, 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
7-бап. Табиғи монополия субъектiлерiнiң мiндеттерi
Табиғи монополия субъектiсi:
1) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн шешiмдерiн орындауға;
2) осы бөліктің 2-3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша ұсынуға;
2-1) тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) жасағаны үшiн олардан өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге мiндеттi. Бұл талап осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетiлген табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды;
2-2) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тұтынушыларына реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын, мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде белгілеген талаптарға сәйкес жалпыға бірдей қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге;
2-3) уәкілетті орган бекіткен тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейлері бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер ұсынуға;
3) тәртібі «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін өнімді магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерге қол жеткізуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескеріле отырып, реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларынан басқа, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайларды, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тәртiппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;
3-1) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiнен аспайтын бiрыңғай тарифтер (бағалар, алым ставкалары) деңгейлерi бойынша ұсынуға;
4) өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруға;
5) уәкiлеттi органның талап етуi бойынша қаржы есептiлiгi мен өзге де қажеттi ақпаратты уәкiлеттi орган белгілеген, табиғи монополия субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде қағазға түсiрiлген және (немесе) электрондық жеткiзгiштер түрiнде беруге;
6) қоғамдық, экологиялық қауiпсiздiк және азаматтар денсаулығы үшiн қауiпсiздiк принциптерiн сақтай отырып, табиғи монополияның қызметтер өндiруi мен ұсынуының неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдап алуға;
7) осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетiлген, үш жылда бiр рет мiндеттi аудит жүргiзетiн табиғи монополиялар субъектiлерiн қоспағанда, аудиторлық ұйымдардың жыл сайынғы мiндеттi аудит жүргiзуге. Аудиторлық есеп және жылдық қаржы есептiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аудиторлық есеп бекiтiлген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешiктiрмей, табиғи монополия субъектiсi өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң тиiстi аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялануға тиiс;
7-1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзуге;
7-2) өңірлік электр желісі компаниясын, сондай-ақ осы Заңның 6-бабының 5-2) тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тарифтiк сметаны орындауға;
7-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен тұтынушыларға және өзге де мүдделi тұлғаларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөнiндегi жұмысы туралы жыл сайын есеп беруге;
7-4) тариф салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып бекітілген жағдайда тоқсан (жыл) қорытындылары бойынша қызмет туралы ақпаратты есепті тоқсаннан (жылдан) кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша беруге;
7-5) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпарат беруге және осы ақпаратты табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға;
8) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгi шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне, сондай-ақ реттелiп көрсетiлетiн өзге де қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасуға;
8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ынтымақтастықтың үлгі шарттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқару органымен оларға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түріне ынтымақтастық шарттарын жасасуға;
9) тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алуға және оларды тұтынушыларға орнатуға;
9-1) есептеу аспабы iстен шыққан жағдайда, есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ақы өндiрiп алуға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзудi уәкiлеттi органмен келiсуге;
11) өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей табыс етуге;
12) реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;
13) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) төмендету туралы оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей уәкiлеттi орган мен тұтынушыларды хабардар етуге;
14) Алынып тасталды - ҚР 2006.01.14 N 120 Заңымен.
14-1) тарифті, оның шекті деңгейін және инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қаржылық және техникалық сараптама қорытындыларын беруге;
15) Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, соның нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн аталған өзгерiстер қолданысқа енгiзiлген күннен бастап уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге;
16) мүлiктi мемлекет меншiгiне беру жағдайларын қоспағанда, өндiрiске және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен айыруға;
17) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызмет түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алу әдiстемесiн әзiрлеуге әрi келісуге;
18) белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындауға;
19) көрсетілетін қызметтердің көлемі ұлғайған кезде және еңсерілмейтін күштің, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және технологиялық бұзушылықтардың алдын алуға немесе мемлекеттік органдардың нұсқамаларын орындауға бағытталған жұмыстардың салдарынан шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары ұлғайтылатын жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін тікелей пайдаланатын шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бес проценттен астам көтеруге жол бермеуге;
20) нормативтен тыс ысыраптар болған жағдайда оларды жою жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және іске асыруға міндетті, бұл ретте іс-шаралар жоспарын іске асыру нәтижесіндегі нормативтен тыс ысыраптарды жою мерзімі бес жылдан аспауға тиіс;
21) нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейін уәкілетті орган белгілеген шамаға және мерзімге төмендетуге;
22) нормативтен тыс ысырап болған кезде оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы есепті жыл сайын 1 желтоқсанға қарай уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4), 7-1), 10), 14-1), 17) және 18) тармақшаларында көзделген мiндеттер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2-3) тармақшасында көзделген мiндет қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне, жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектілеріне және өңірлік электр желісі компанияларына қолданылмайды.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.12.26 N 364; 2004.12.09 N 9, 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.14 N 120, 2006.07.05 N 166, 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 N 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.06.08 N 163-IV, 2010.03.15 № 255-IV, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2012.06.22 N 21-I (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
7-1-бап. Реттелетін нарықтардағы бағаларды мемлекеттік
реттеу
1. Бағаларды мемлекеттік реттеу теміржол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порттық қызмет, телекоммуникациялар және пошта байланысы, сондай-ақ «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, газ саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі монополияға қарсы және уәкілетті органдардың ұсынысы бойынша осы баптың 1-тармағында көзделмеген тауар нарықтарында мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын белгілейді .
Ескерту. Заң 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - 2011 жылғы 20 шілдедегі № 462-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 № 533-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-2-бап. Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібі
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.03.15 № 255-IV Заңымен.
1. Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Уәкілетті орган осы Заңның 7-3-бабы 1) тармақшасының екінші абзацында және 2) тармақшасында көзделген жағдайларда реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібіне сәйкес бағаға сараптама жүргізеді.
Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау мақсатында, сондай-ақ осы Заңның 7-3-бабы 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында көзделген жағдайларда уәкілетті орган реттелетін нарық субъектілері бағаларының мониторингін жүзеге асырады.
Бағаларға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша және (немесе) негізсіз баға белгіленгенін көрсететін шағымдардың, ақпараттың, мәліметтердің негізінде, сондай-ақ реттелетін нарық субъектісі осы Заңның 7-3-бабының 3) және 3-1) тармақшаларында белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайларда уәкілетті орган реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібіне сәйкес бағаға сараптама жүргізеді.
2-1. Уәкілетті орган шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы тоқсан сайынғы ақпаратты қарайды және ол жыл қорытындысы бойынша орындалмаған жағдайда реттелетін нарық субъектісіне алынған және шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға пайдаланылмаған табысты қайтару туралы нұсқама енгізеді. Осы тармақта көрсетілген, реттелетін нарық субъектісіне енгізілген нұсқама туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
3. Сараптама нәтижелері бойынша уәкілетті орган босатылатын бағалар туралы хабарламаны немесе ақпаратты немесе реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау шеңберінде берілген ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, реттелетін нарық субъектісіне:
1) бағаны көтеруге тыйым салу;
2) қолданыстағы немесе жобаланған бағаны реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібіне сәйкес негізделген баға деңгейіне дейін төмендету туралы дәлелді қорытынды жібереді.
Уәкілетті орган дәлелді қорытынды шығару үшін негіздер болмаған жағдайда бұл туралы реттелетін нарық субъектісін осы тармақта белгіленген мерзімде хабардар етеді.
Дәлелді қорытынды реттелетін нарық субъектісіне пошта арқылы хабарламамен жіберіледі немесе оның өкіліне апарып беріп, қолын қойғызып табыс етіледі.
Реттелетін нарық субъектісі алған дәлелді қорытындының негізінде уәкілетті органға жіберілген хабарламада көрсетілген күннен не реттелетін нарық субъектісі осы Заңның 7-3-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес ақпаратты не реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау шеңберінде берілген ақпаратты табыс еткен жағдайда, уәкілетті орган белгілеген күннен бастап тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тиісті бағаны белгілейді.
4. Реттелетін нарық субъектісі шекті бағаны көтерместен, уәкілетті органға бағаның төмендеу немесе көтерілу себептерін көрсететін ақпаратты баға төмендеген немесе көтерілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бере отырып, өндірілетін (өткізілетін) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды дербес төмендетуге және көтеруге құқылы.
Ескерту. Заң 7-2-баппен толықтырылды - ҚР 2008.12.29 N 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.15 № 255-IV, 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
7-3-бап. Реттелетін нарық субъектілерінің міндеттері
Реттелетін нарық субъектілері:
1) уәкілетті органға:
бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген немесе өнімдердің, тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің номенклатураға енгізілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті;
уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы ай сайынғы ақпаратты;
оның талап етуімен бағаға сараптама жүргізу үшін қажетті ақпаратты уәкілетті орган белгілеген, реттелетін нарық субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде;
осы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынатын реттелетін нарық субъектілерін қоспағанда, шекті бағада ескерілген, кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы не орындалмауы туралы тоқсан сайынғы ақпаратты уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей;
бағаның негізді болуына әсер ететін қажетті ақпаратты беруге;
2) алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың шекті бағадан жоғары өсетіні және өсу себебін растайтын (реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялы жағдайға ие емес бөлшек сауда нарығы субъектілерін қоспағанда) негіздемелік материалдарды табыс ете отырып, өсу себептері туралы кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде уәкілетті органға хабарлауға;
3) реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібін сақтауға;
3-1) реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындауға;
3-2) алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған табысты тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтаруға;
4) шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алынған табысты тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету жолымен қайтаруға міндетті.
Ескерту. Заң 7-3-баппен толықтырылды - ҚР 2008.12.29 N 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.15 № 255-IV, 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
7-4-бап. Табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар
субъектілерінің қаржылық есептілігін, есептерін,
хабарламалары мен ақпаратын қабылдау
1. Табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар субъектілерінің қаржылық есептілігі, есептері, хабарламалары мен ақпараты уәкілетті органға осы Заңда белгіленген мерзімдерде беріледі.
2. Қаржылық есептілікті, есептерді, хабарламалар мен ақпаратты уәкілетті органға берген күн олардың берілу тәсіліне қарай:
1) келу тәртібімен - уәкілетті органның қабылдау туралы белгі қойған күні;
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырысты хатпен - пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгі қойған күні;
3) электрондық түрде - қабылдау туралы электрондық хабарламада көрсетілген уәкілетті органның қабылдау жүйесінің орталық торабы қабылдаған күн болып табылады.
3. Пошта ұйымына немесе өзге де байланыс ұйымына осы Заңда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін тапсырылған қағаз жеткізгіштегі қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау уақыты мен күнінің белгісі болған кезде мерзімінде берілді деп есептеледі.
Уәкілетті органға осы Заңда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін электрондық байланыс арналары арқылы берілген қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат мерзімінде берілді деп есептеледі.
4. Қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат электрондық түрде берілген кезде уәкілетті орган электрондық жүйенің орталық торабы қабылдаған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей табиғи монополия, реттелетін нарық субъектісіне қабылдағаны туралы электрондық хабарлама жіберуге міндетті.
Ескерту. Заң 7-4-баппен толықтырылды - ҚР 2010.03.15 № 255-IV Заңымен.
8-бап. Табиғи монополия субъектісiнiң мүлкiн иелiктен
айыру және акцияларын (үлестерiн) сатып алу
Ескерту. 8-бап алынып тасталды - ҚР 2002.12.26 N 364 Заңымен.
9-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қайта құру және
тарату
Ескерту. 9-бап алынып тасталды - ҚР 2002.12.26 N 364 Заңымен.
10-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн
(тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының құқықтары
Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша сатып алуға, есепке алу аспаптарын орнатуды талап етуге не оларды өздерi сатып алуға және орнатуға;
2) шешiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, жаңа шешiмдер қабылдау немесе қолданылып жүрген шешiмдердiң күшiн жою туралы уәкiлеттi органға өтiнiш беруге;
3) уәкiлеттi органның әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ ол қабылдаған шешiмдерге сот тәртiбiмен шағымдануға;
4) уәкiлеттi органға және (немесе) сот тәртiбiмен табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекеттерiне шағымдануға;
4-1) жария тыңдауларға қатысуға;
4-2) табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруы жөнiндегi тендерлерге қатысуға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.26 N 364, 2004.12.09 N 9, 2006.01.14 N 120 Заңдарымен.
11-бап. Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін
қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының
міндеттері
Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:
1) табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарын сатып алу мен орнатуға уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілері белгілейтін техникалық талаптарды орындауға;
4) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарының болуы міндетті.
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - 2010.03.15 № 255-IV Заңдарымен.
12-бап. Уәкiлеттi орган
Уәкiлеттi органның ережесiн, құрылымы мен жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.26 N 364, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
12-1-бап. Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың
негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және
өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын
мемлекеттік органның құзыреті
Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган:
1) табиғи монополияларды реттеу саласындағы және реттелетін нарықтардағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
2) уәкілетті орган әзірлеген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін және мемлекеттік органдар мен табиғи монополиялар субъектілерінің орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді келіседі;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну үшін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін келіседі;
4) монополияға қарсы және уәкілетті органдардың осы Заңның 7-1-бабының 1-тармағында көзделмеген өнімдерді, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді тауар нарықтарында мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасына қосу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізетін ұсыныстарын келіседі;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. Заң 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
РҚАО-ның ескертпесі!
13-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
13-бап. Уәкiлеттi органның функциялары
1. Уәкiлеттi орган:
1) табиғи монополиялар субъектiлерiн бақылау мен олардың қызметiн реттеудi жүзеге асырады;
1-1) реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеуіне мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асырады;
2) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiн қалыптастырады және жүргiзедi;
3) мемлекеттiк органдар және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
3-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
4) табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) есептеудiң кемсiтпейтiн әдiстемелерiн немесе олардың шектi деңгейлерiн, сондай-ақ реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсететін қызметтеріне) бағаларды есептеу әдістемелерін әзiрлейдi, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша бекiтедi және қолданады;
4-1) сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негіздеген шамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындайды;
4-2) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бекітеді;
4-3) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың) орындалуы туралы ақпаратына талдау жүргізеді;
4-4) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тізбесіне қосу үшін ұсыныстарды мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келіседі;
4-5) концессиялық ұсынысты, концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, конкурстық құжаттаманы, концессия шартының жобасын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде, концессия шартына табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде өзгерістер мен толықтыруларды келіседі;
5) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5-1) олар белгiлеген тәртiппен:
табиғи монополия субъектiсiнiң нормативтiк техникалық ысыраптарын;
өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің шикізатты, материалдарды, отынды, энергияны жұмсауының техникалық және технологиялық нормаларын;
өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санын бекiтедi;
5-2) өздері белгілеген тәртіппен:
жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуымен;
жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалармен аффилиирленген табиғи монополия субъектілерінің штаттық кестелерін келіседі;
5-3) өздері белгілеген тәртіппен:
жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуымен;
жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалармен аффилиирленген табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің шекті деңгейін келіседі;
5-4) өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдары құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулер және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келіседі;
5-5) Алынып тасталды - ҚР 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5-6) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, азаматтық авиация, порттар қызметі саласындағы кемсітусіз қол жеткізудің техникалық шарттарын айқындайды;
5-7) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;
5-8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
6) Алынып тасталды - ҚР 2006.07.05 N 166 Заңымен.
2. Алынып тасталды - ҚР 2006.07.05 N 166 Заңымен.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.14 N 120, 2006.07.05 N 166, 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 N 116-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.15 № 255-IV, 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
14-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
14-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары
1. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде:
1) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарды әзiрлеуге және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынуға;
2) табиғи монополиялар аясындағы қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзу туралы не одан шығару туралы шешiмдер қабылдауға;
3) мемлекеттiк реттеу мен бақылауды енгiзу, өзгерту немесе тоқтату туралы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдауға;
4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес табиғи монополиялар қызметiн реттейтiн және бақылайтын шешiмдер қабылдауға;
5) өз құзыретi шегiнде табиғи монополиялар аясында осы Заңды бұзу фактiлерi бойынша бұзушылықтардың жолын кесу және олардың салдарларын жою туралы шешiмдер қабылдауға;
6) табиғи монополиялар субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң көрсететiн қызметтерiне тұтынушылармен шарттар жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерiстер енгiзу туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар енгiзуге;
6-1) реттелетін нарық субъектілеріне осы Заңның 7-3-бабында көзделген міндеттемелерді олардың орындауы туралы орындалуға міндетті нұсқамалар енгізуге;
7) табиғи монополиялар субъектiлерiне, мемлекеттiк органдарға олар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзған жағдайда орындалуы мiндеттi нұсқамалар, оның iшiнде табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыру және (немесе) мүлкiн иелiктен айыру туралы нұсқамалар енгiзуге;
8) осы Заң бұзылған жағдайларда сотқа жүгiнуге;
9) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
10) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және қарауға, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдануға;
11) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк сметаларын ол белгiлеген тәртiппен өзгертуге бастамашылық жасауға;
12) алынып тасталды - ҚР 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
13) табиғи монополиялар субъектілеріне нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету мерзімін және шамасын белгілеуге;
13-1) реттелетін нарықтар субъектілері бағаларының мониторингін жүзеге асыруға;
13-2) реттелетін нарық субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды реттеуге;
13-3) реттелетін нарықтар субъектілерінің баға белгілеу тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
14) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылу мерзiмдерiн, осы Заңның 18-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кемiнде он екi айға белгiлеуге;
15) реттелетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және өзге де қызмет бойынша тұтас алғанда кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзу тәртiбiн бекiтуге;
16) тағайындалатын оңалтушы басқарушының кандидатурасын және табиғи монополия субъектiсiн оңалту жоспарын келiсуге;
17) мемлекеттiк органдар олардың құзыретi шегiнде белгiлеген сапаға қойылатын талаптарды ескере отырып, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге;
17-1) олар белгiлеген тәртiпке сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату үшiн ақы алу мөлшерiн және тетiгiн келiсуге;
17-2) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер үшін ақы мөлшерін бекітуге;
18) ол белгiлеген тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiнiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзу әдiстемесiн келiсуге;
18-1) қалалардағы, аудандар мен облыстардағы жылу және электр желілерін, газ тарату жүйелерін, сондай-ақ сумен жабдықтау және кәріз желілерін дамыту жоспарларын келісуге;
19) бағалау қызметi саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi құралдарын қайта бағалауды жүргiзу тәртiбi мен шарттарын бекiтуге;
20) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп бекітуге;
20-1) Алынып тасталды - ҚР 2006.07.05 N 166 Заңымен.
21) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасы мәселелерi бойынша түсiнiктемелер беруге;
22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Алынып тасталды - ҚР 2006.07.05 N 166 Заңымен.
3. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердiң жария етiлгенi үшiн белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгеріс енгізілді - 2006.01.14 N 120, 2006.07.05 N 166, 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.15 № 255-IV, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 № 533-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
14-1-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi
1. Уәкiлеттi орган:
1) мынадай:
тарифті (бағаны, алым ставкасын) немесе олардың шекті деңгейін заңсыз көтеру;
тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындамау;
уәкілетті орган бекіткен нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізатты, материалдарды, отынды, энергияны жұмсаудың техникалық және технологиялық нормаларының шектерінен асатын шығыстар баптарын бес проценттен астам арттыру;
амортизациялық аударымдар қаражаттарын мақсатқа сай пайдаланбау;
осы Заңның 6-бабының 5-2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, тарифтік сметадағы шығындар баптарының уәкілетті орган бекіткен мөлшерден бес проценттен астам ауытқып орындалуы жағдайларында табиғи монополия субъектісінің тұтынушыларға келтірген залалын өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдауға міндетті.
Өңірлік электр желісі компаниясына уақытша өтемдік тариф бекіту туралы шешім осы тармақшаның екінші, үшінші және бесінші абзацтарында көзделген жағдайларда ғана қабылдануы мүмкін;
Уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім, осы тармақшаның екінші және (немесе) алтыншы абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін қабылданады;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге немесе өзгертуге өтiнiмiн қарауға қабылдаудан бас тартуын жазбаша негiздеуге;
3) тұтынушыларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерi барынан басқа, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша қабылданған шешiмдермен таныстыруға;
4) табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн өзгертуге өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдауды өткiзуге;
4-1) тәуелсiз сарапшыларды, мемлекеттiк органдарды тарта отырып, өздерiнде белгiленген тәртiппен қаржылық және (немесе) техникалық сараптама жүргiзуге;
5) мыналардың:
тарифтiк сметаларды, тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтудiң;
тарифтiк сметалардың, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын ұсынудың;
уақытша төмендету коэффициентiн бекiтудiң;
уақытша өтемдік тарифті бекiтудiң тәртiбiн айқындауға;
5-1) мыналарға:
табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын;
шығындары табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін сатып алуға бақылауды жүзеге асыруға;
6) осы Заңның бұзылу жағдайлары және кiнәлi адамдардың жауапқа тартылуы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
2. Алынып тасталды - ҚР 2006.07.05 N 166 Заңымен.
Ескертпе. Нақты қаржылық көрсеткіштері инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) бекітілгеннен төмен инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыру инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындамау деп түсініледі.
Ескерту. Заң 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2002.12.26 N 364 Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.14 N 120, 2006.07.05 N 166, 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 N 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.15 № 255-IV, 2011.07.05 N 452-IV (13.10.2011 қолданысқа енгізіледі), 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
15-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн
мемлекеттiк реттеу
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу:
1) тарифті (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін, оның ішінде салыстырмалы талдау әдісін, сараланған және инвестициялық тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) қолдана отырып, бекітумен;
1-1) Алынып тасталды - ҚР 2010.03.15 № 255-IV Заңымен;
1-2) Алынып тасталды - ҚР 2010.03.15 № 255-IV Заңымен;
2) тарифтiк сметаны бекiтумен;
3) уақытша төмендету коэффициентiн бекiтумен;
4) шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн бекiтумен;
5) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындардың және қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзудiң тәртiбiн бекiтумен;
6) есепке алу саясатын келiсумен;
7) уақытша өтемдiк тарифтi бекiтумен жүзеге асырылады.
2. Өндірістің құрамдастырылған үлгiсiндегi станцияларда жылу энергиясын өндiретiн табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу жылу және электр энергиясын шығарудың технологиялық режимiнiң ерекшелiктерi ескерiле отырып, кешендi тәсiл және бәсекелес рынокта электр энергиясына бағаларды қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн мемлекеттiк реттеудiң оңайлатылған тәртiбi қолданылады.
Бұл ретте қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлері реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін), тарифтік сметаларды алдыңғы күнтізбелік жылдағы факт бойынша тұтынушылық бағалар индексінен аспайтын шамаға жылына бір рет өз бетінше өзгертуге құқылы.
Тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны осылайша өзгерткен жағдайда қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсі тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны өзгертудің себептерін көрсететін ақпаратты бере отырып, тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны өзгерткен күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайда қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсі өзгерткен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тариф (баға, алым мөлшерлемесі), тарифтік смета реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тиісінше тариф (баға, алымдар мөлшерлемесі) және тарифтік смета болып табылады.
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны тұтынушылық бағалар индексінен асатын шамаға өзгерту қажет болған кезде қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны қайта қарау үшін өтініммен уәкілетті органға жүгінеді.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.26 N 364 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.09 N 9, 2006.01.14 N 120, 2006.07.05 N 166, 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.15 № 255-IV; 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
15-1-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп
көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына,
жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар
ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейiн
қалыптастырудың тәртiбi
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) уәкiлеттi орган бекiтетiн тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейi реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну (тауар өндiру, жұмыстар) үшiн қажеттi шығын құнынан төмен болмауға және табиғи монополия субъектiсiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайда табу мүмкiндiгiн ескеруге тиiс.
2. Уәкiлеттi орган тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн бекiткен кезде шығындарды қалыптастырудың мынадай ережелердi:
1) тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн шығындарды реттеудi;
2) шикiзат, материалдар, отын, энергия шығындарының техникалық және технологиялық нормалары, сондай-ақ нормативтiк техникалық ысыраптар шегiнде табиғи монополия субъектiсi шығыстарының баптарын шектеудi;
3) тарифтi (бағаны, алым ставкаларын) немесе оның шектi деңгейiне қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн шығыстар тiзбесiн белгiлеудi;
4) тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн пайданы шектеудi;
5) негiзгi құралдардың тозуын есептеудiң қолданылатын әдiстерiн келiсудi;
6) негiзгi құралдарды қайта бағалауды және табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметасында көзделген амортизациялық аударым қаражаттарын пайдалану бағыттарын келiсудi көздейтiн ерекше тәртiбiн қолданады.
Шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн уәкiлеттi орган мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша бекiтедi.
2-1. Өз қызметiн концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру мен бекітудің Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртібі концессия шартында көзделеді.
3. Алынып тасталды - ҚР 2006.07.05 N 166 Заңымен.
4. Алынып тасталды - ҚР 2006.07.05 N 166 Заңымен.
Ескерту. Заң 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2002.12.26 N 364 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.09 N 9, 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.14 N 120, 2006.07.05 N 166, 2008.07.05 N 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
15-2-бап. Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып
тарифті бекіту тәртібі
1. Салыстырмалы талдау әдісі қолданылатын тариф электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен салыстырмалы талдау әдісі қолданылатын тарифті есептеу әдістемесіне сәйкес әрбір өңірлік электр желісі компаниясы үшін жылдарға бөле отырып бес және одан көп жылға бекітіледі және оның қызметінің тиімділігі ескеріліп, жыл сайын түзетіледі.
2. Өңірлік электр желісі компаниясы көрсетілетін қызметтердің нақты (өткен күнтізбелік жыл үшін) және жоспарланып отырған (алдағы күнтізбелік үш жылға арналған) шығындары мен көлемдері туралы, сондай-ақ негіздеуші материалдарды қоса бере отырып қызметтің техникалық-экономикалық көрсеткіштері туралы ақпаратты жыл сайын 31 тамыздан кешіктірмей беруге міндетті.
Ақпаратты беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес өңірлік электр желісі компаниясы берген ақпаратты уәкілетті орган жыл сайын ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен бастап күнтізбелік сексен бес күннің ішінде қарайды.
Уәкілетті орган тарифті бекіту кезінде жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы ақпаратты жария тыңдауларды өткізгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мерзімді баспа басылымдарында жариялауға міндетті.
Жария тыңдаулар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, тарифті бекіту туралы шешім қабылданғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей өткізіледі.
Уәкілетті орган берілген ақпаратты қарау және өткізілген жария тыңдаулардың нәтижелері бойынша тарифті бекіту туралы шешім қабылдайды, оның көшірмесі тарифті қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірілмей өңірлік электр желісі компаниясына жіберіледі.
Уәкілетті орган айқындайтын күннен бастап қолданысқа енгізілуі жүзеге асырылатын төтенше реттеуші шара ретінде бекітілген тарифті қоспағанда, тарифті қолданысқа енгізу тарифті бекіткен айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
4. Өңірлік электр желісі компаниясы тарифтің өзгеруі туралы ақпаратты тұтынушының назарына оны қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жеткізуге міндетті.
5. Осы Заңның 15-1-бабы 2-тармағының, оның бірінші бөлігінің 4), 5) және 6) тармақшаларын қоспағанда, 16, 17 және 18-баптарының талаптары салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифті бекіту тәртібіне қолданылмайды.
Ескерту. Заң 15-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.03.15 № 255-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
15-3-бап. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық
бағдарламасын (жобасын) бекіту және оның
орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу
тәртібі
1. Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін уәкілетті органға ұсынады.
2. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті орган және тиісті мемлекеттік орган өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.
3. Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) ол уәкілетті органға ұсынылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау нәтижелері бойынша осы баптың 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің қол қойылған жобасын (инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қоса бере отырып) жібереді не дәлелді қорытындыны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту туралы табиғи монополия субъектісін хабардар етеді.
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасы табиғи монополия субъектісі ұсынған немесе уәкілетті орган түзеткен инвестициялық бағдарламаның (жобаның) бекітілуін көздейді.
Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайларда және тәртіппен түзетеді.
Осы баптың 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасы ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы қол қойылған шешімді жібереді не дәлелді қорытындыны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы хабарлайды.
4. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту үшін:
1) инвестициялық бағдарламаның (жобаның) экономикалық тиімділігінің болмауы;
2) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландыру көздерінің болмауы;
3) осы баптың 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сай ұсынылатын негіздеуші құжаттардың болмауы;
4) бұрыс ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну негіз болып табылады.
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден өзге де негіздер бойынша бас тартуға жол берілмейді.
5. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекітеді.
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып табылатын, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен бірлесіп бекітеді.
6. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту туралы шешім уәкілетті органның және осы баптың 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен ресімделеді.
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып табылатын, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту туралы шешім уәкілетті органның және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бірлескен құқықтық актісімен ресімделеді.
7. Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, уәкілетті органға:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарлы және нақты көлемдері туралы ақпаратты;
2) пайдалар мен шығындар туралы есепті;
3) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландырудың нақты шарттары мен мөлшерлері туралы ақпаратты;
4) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындаудың нақты көрсеткіштерін инвестициялық бағдарламада (жобада) бекітілген көрсеткіштермен салыстыру туралы ақпаратты;
5) қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің инвестициялық бағдарламада (жобада) бекітілген көрсеткіштерден ауытқу себептерінің түсіндірмесін қамтитын инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратты ұсынады.
8. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратты талдауды уәкілетті орган ол ұсынылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізеді.
9. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу мынадай:
1) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру барысы туралы ақпарат жинау;
2) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) қол жеткізілген нақты көлемін және нақты шығындарды талдау;
3) қол жеткізілген нақты қаржылық нәтижені инвестициялық бағдарламада (жобада) қабылданған көрсеткіштермен салыстыру;
4) тариф (баға, алымдар мөлшерлемелері) деңгейінің өзгеруіне, табиғи монополия субъектісі ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) сұраныстың дамуына инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырудың әсерін бағалау;
5) табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратты талдау нәтижелері туралы қорытынды дайындау кезеңдерін қамтиды.
Ескерту. Заң 15-3-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16-бап. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының)
немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және
тарифтiк сметаларының жобаларын табыс ету
тәртiбi
1. Ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiту қажет болған жағдайда табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қарауға өтiнiм жасайды.
2. Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтiк сметалардың және тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын , сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген (аз қуатты табиғи монополиялар субъектілерін және жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектiлерiн қоспағанда) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) және нормативтен тыс ысырап болған кезде, оларды жою жөнінде іс-шаралар жоспарын олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тоқсан күннен кешiктiрмей өтiнiммен бiрге табыс етуге мiндеттi.
Тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тарифтi (бағаны, алым ставкасын) қарауға өтiнiмдi ол қолданысқа енгiзiлуден бiр жүз сексен күн бұрын ұсынады.
Табиғи монополия субъектісі тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейiн бекітуге арналған өтініммен бір мезгілде инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуге ұсынады.
Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалар қайта қаралған жағдайда табиғи монополия субъектiсi тиісті талапты алған күннен бастап ол экономикалық жағынан негiзделген есептердi және өзге де ақпаратты бiр ай мерзiмде жаңа тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiту үшiн өтiнiм беру кезiндегiдей көлемде табыс етуге мiндеттi.
3. Алынып тасталды - ҚР 2006.01.14 N 120 Заңымен.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.12.26 N 364, 2004.12.09 N 9, 2006.01.14 N 120, 2008.12.29 N 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.15 № 255-IV; 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
17-бап. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының)
немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және
тарифтiк сметаларының жобаларын қарау тәртiбi
1. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қолданыстағы тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын өзгертуге өтiнiмдердi қарауға қабылдаған жағдайларда уәкiлеттi орган тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және тарифтiк сметаларының жобаларына сараптама жүргiзедi.
Сараптама жүргiзген кезде тәуелсiз сарапшылар, мемлекеттiк органдар, тұтынушылар және олардың қоғамдық бiрлестiктерi, жобаны ұсынған табиғи монополиялар субъектiлерi тартылады.
2. Уәкiлеттi орган:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн жалпы тәртiппен бекiту кезiнде кемiнде күнтізбелік он бес күн бұрын;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) осы Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес бекiту кезiнде кемiнде күнтізбелік жетi күн бұрын жария тыңдауларды өткiзу күнi мен орны туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға және мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялауға мiндеттi.
Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде осы тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi талаптар қолданылмайды.
Жария тыңдаулар:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейлерiн бекiту кезiнде оларды бекiту туралы шешiм қабылдаудан кемiнде күнтізбелік отыз күн бұрын;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту кезiнде оларды бекiту туралы шешiм қабылдаудан кемiнде күнтізбелік он бес күн бұрын;
3) осы Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту кезiнде оларды бекiту туралы шешiм қабылдаудан кемiнде күнтізбелік жетi күн бұрын;
4) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту кезiнде оларды бекiту туралы шешiм қабылдаудан кемiнде күнтізбелік бiр күн бұрын өткiзiледi.
Табиғи монополия субъектiсi жария тыңдаулар өткiзудiң күнi туралы ақпарат жарияланғаннан кейiн жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша:
реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтiк сметалардың, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын;
реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн көтерудiң себептерi туралы экономикалық негiзделген есептерi бар ақпаратты беруге мiндеттi.
Жария тыңдаулар өткiзудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
3. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын уәкiлеттi орган күнтізбелік елу бес күн iшiнде, ал тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес экономикалық негiзделген есептер берiлген жағдайда күнтізбелік жүз қырық бес күн iшiнде қарайды. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын қарау мерзiмi өтiнiм берiлген кезден бастап есептеледi.
4. Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын уәкiлеттi орган күнтізбелік он күн iшiнде қарайды.
5. Осы баптың 1-тармағының талаптары уәкiлеттi органның төтенше реттейтiн шаралар түрiнде қабылдайтын шешiмдерiне қолданылмайды.
6. Осы баптың 1-тармағы екiншi бөлiгiнiң талаптары қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекiту туралы шешiмдерге қолданылмайды.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.05 N 166; өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
18-бап. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)
немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк
сметаларын бекiту туралы
1. Алынып тасталды - ҚР 2002.12.26 N 364 Заңымен.
2. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерiн (бағаларын, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын бекiту туралы шешiм табиғи монополия субъектiсiне олар күшiне енгiзiлетiн сәтке дейiн кемiнде күнтізбелік отыз бес күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiне олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік он күн бұрын жiберiлуге тиiс.
3. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын бекiту, төтенше реттелетін шаралар ретінде тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) мен тарифтік сметаларды бекітуді және осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, он екi айда бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi. Жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды қолданысқа енгiзу тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекiтiлген айдан кейiнгi екiншi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады.
Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қолданысқа енгiзу тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекiтiлген айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады.
Төтенше реттелетін шаралар ретінде бекітілген тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) мен тарифтік сметаларды қолданысқа енгізу уәкілетті орган айқындаған күннен бастап жүзеге асырылады.
4. Табиғи монополия субъектiсi тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өзгертiлгенi туралы ақпаратты тұтынушының назарына олар күшiне енгiзiлгенге дейiн кемiнде отыз күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде үш күн бұрын жеткiзуге мiндеттi.
5. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту:
1) жаңадан құрылған табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына);
2) осы Заңның 4-бабы 2-тармағына сәйкес енгiзiлген реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жаңа түрлерiне;
3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) өзге түрлерi бойынша Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлiп қойған табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) жаңа түрлерiне;
4) егер табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қолданылып жүрген тарифтер объектiлер және (немесе) учаскелер бойынша бөлек бекiтiлген болса, жаңа объектiлерге және (немесе) учаскелерге жүргiзiледi.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген табиғи монополиялар субъектiлерi тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды жалпы тәртiппен қайта қарау үшiн алты айдан кешiктiрмей өтiнiм жасауға мiндеттi.
Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту тәртiбiн осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi орган айқындайды.
Оңайлатылған тәртiппен бекiтiлген тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) көтерген жағдайда уәкiлеттi орган жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгiзумен бiр мезгiлде тұтынушыларға келтiрiлген шығындарды өтеу туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.
5-1. Жасалған мәмiленiң немесе банкрот деп танылған борышкер — табиғи монополия субъектiсiнiң мүліктік массасын өткізудің нәтижесiнде активтерi өз меншiгiне түскен табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) осы активтердiң немесе банкроттық рәсімі процесiнде өндiрiп алынатын мүлiктiң меншiк иелерi үшiн уәкiлеттi орган бұрын бекiткен тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалары бойынша реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтiк сметаларды бекiтуге өтiнiм ұсынғанға дейiн, бiрақ алты айдан аспайтын мерзiмде ұсынады.
6. Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша және тарифтiк сметаларды бекiту осы Заңда белгiленген жалпы тәртiппен жүзеге асырылады.
7. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн енгiзу тиiстi жылдың бiрiншi қаңтарынан немесе бiрiншi шiлдесiнен бастап жүзеге асырылады.
Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.12.26 N 364, 2004.12.09 N 9, 2006.01.14 N 120, 2006.07.05 N 166, 2008.12.29 N 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
18-1-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
18-1-бап. Табиғи монополиялар саласында жүзеге асырылатын
іс-әрекеттерді хабарлаудың немесе келісудің
негіздері мен тәртібі
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрудi не тиiстi тауар рыногының табиғи монополия жағдайынан бәсекелестiк рынок жағдайына экономикалық жағынан ақтауға болатын ауысуын тежеудi болдырмау мақсатында мынадай іс-әрекеттерді жасауға:
1) егер табиғи монополия субъектiсiнiң иелiгiнен айыратын мүлiктiң немесе ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерілген, оған қатысты өзге де мәмілелер жасалатын мүлкінің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, олар табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өсуiне, тұтынушылармен жасасқан шарттардың бұзылуына, берiк байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) өндірісіне және ұсынылуына арналған мүлкiн иелiктен айыруға және (немесе) оның мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң тасымалдайтын немесе өзiне берiлетiн, өзiнiң тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуына;
2-1) мүлiктi жалға алу шартын жасасу табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң артуына, тұтынушылармен жасалған шарттардың бұзылуына, берiк байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерiлген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнынан 0,05 процент астам болатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн пайдаланылатын мүлiктi жалға алуына;
3) табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңда рұқсат етiлген өзге де қызметтi жүзеге асыруына;
4) табиғи монополия субъектiсiнiң акциялар (қатысу үлестерін) сатып алуына, сондай-ақ оның осы Заңмен рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуына уәкілетті органның алдын ала хабарламасы не келісімін алу талап етіледі.
Осы тармақшаның талаптары Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының қызметіне табиғи монополия субъектісі қатысатын жағдайларға қолданылмайды;
4-1) жеке немесе заңды тұлғалардың (немесе адамдар тобының) табиғи монополия субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерінің) оннан астам процентiн сатып алуына;
5) табиғи монополия субъектiсiнiң қайта ұйымдастырылуына және таратылуына уәкілетті органның алдын ала хабарламасы немесе келісімін алу талап етіледі.
1-1. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерiнiң тiзбесiн уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк басқару саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын тиiстi мемлекеттiк органмен бiрлесiп бекiтедi.
2. Осы баптың 1-тармағының 1)-4), 5) тармақшаларында аталған iс-әрекеттердi жасау үшiн табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға осындай iс-әрекеттердi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы өтiнiмдi ұсынуға және шешiм қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты хабарлауға мiндеттi.
Өтiнiм беру үшiн құжаттар тiзбесiн, оларды ұсыну және қарау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі осы баптың 1-тармағының 2), 2-1) 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген іс-әрекеттерді жасағанға дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын уәкілетті органға өзінің аталған іс-әрекеттерді жасауға ниеттенгені туралы ақпарат жіберуге міндетті.
Осы баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетiлген iс-әрекеттердi жасау үшiн жеке немесе заңды тұлға ақпаратты уәкiлеттi органға алдын ала жолдауға мiндеттi.
Әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген іс-қимылдарды жасағанға дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын өзінің аталған іс-қимылдарды жасау ниеті туралы уәкілетті органға хабарлама жіберуге міндетті.
3. Табиғи монополия субъектiсi осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызметтi жүзеге асыруға келiсiм алу үшiн мынадай шарттардың орындалуын қосымша қамтамасыз етуге мiндеттi:
1) осы қызметтен табиғи монополия субъектiсi алатын табыстар оның жүзеге асырылуына қажеттi шығындарды жабуға тиiс;
2) қызметтi жүзеге асыру тиiстi қызметтер көрсету (тауарлар, жұмыстар) рыногында бәсекелестiктi шектеуге әкеп соқпайды.
Табиғи монополия субъектiсi осы тармақта көзделген шарттардың орындалуы туралы есептi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын ұсынуға мiндеттi.
Осы тармақта көзделген талаптар әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілеріне қолданылмайды.
3-1. Әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі хабарлама жіберген кезде мынадай шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті:
1) өзге қызметтен алынатын табыстар оны жүзеге асыру үшін қажетті шығындарды жабуы тиіс;
2) қызметті жүзеге асыру тиісті көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығында бәсекелестікті шектеуге әкелмеуі тиіс;
3) өзге қызметті жүзеге асыру табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдері мен сапасының төмендеуіне әкеп соғатын, өндіріс пен реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін қажетті негізгі және қаржы қаражатын бөлуге әкеп соқпауы тиіс.
Әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілері тарапынан осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.
4. Егер өтiнiштi қанағаттандыру осы баптың 1-тармағының бiрiншi абзацында аталған салдарларға әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ, егер өтiнiш берушi барлық қажеттi құжаттарды табыс етпеген не оларда ұсынылған ақпарат дұрыс болмаған жағдайларда, уәкiлеттi орган оны қабылдамайды.
5. Уәкiлеттi орган өтiнiмдi оны алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей қарайды және өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
Егер шешiм қабылдау үшiн қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган оны өтiнiш берушiден сұратуға және өтiнiштi алған күннен бастап он бес күннен кешiктiрмей өтiнiштi қарау мерзiмiн ұзарту туралы хабарламамен бiрге осындай сауал салу өтiнiш берушiге жiберiлген жағдайда өтiнiштi қарау мерзiмiн отыз күнге ұзартуға құқылы.
6. Өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартуға өтiнiш берушi сот тәртiбiмен шағымдана алады.
Ескерту. Заң 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2002.12.26 N 2002.12.26 N 364, өзгерістер енгізілді - 2004.12.09 N 9, 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05 N 166, 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.15 № 255-IV, 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
18-2-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiн иелiктен
айыру және онымен өзге де мәмiлелер жасау,
сондай-ақ оның акцияларын (үлестерiн) сатып алу
Ескерту. 18-2-бап алынып тасталды - ҚР 2004.12.09 N 9 Заңымен.
18-3-бап. Табиғи монополия субъектiсiн қайта ұйымдастыру
және тарату
1. Табиғи монополия субъектiсiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастыру және тарату рәсiмдерi қолданылуы мүмкін.
2. Табиғи монополия субъектiсiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк қайта тiркеудi, сондай-ақ оның қызметiн тоқтатуды тiркеушi орган уәкiлеттi органмен алдын ала келiсу арқылы ғана жүзеге асырады.
3. Табиғи монополия субъектiсiне ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (өндiрiлетiн тауарлар, жұмыстар) үзiлiсiн немесе көлемi едәуiр азайып кетуiн болдырмау мақсатында оңалту рәсiмдерi қолданылуы мүмкiн.
Ескерту. Заң 18-3-баппен толықтырылды - ҚР 2002.12.26 N 364, өзгеріс енгізілді - 2004.12.09 N 9 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18-4-бап. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды
жүзеге асыруының ерекшеліктері
1. Шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн қызмет көрсетулердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алу осы баптың 4, 4-1 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер нысанында жүзеге асырылады.
2. Тендердi табиғи монополия субъектiсi:
1) тендер рәсiмдерiн өткiзудiң ашықтығы мен жариялылығы;
2) тендерге қатысу үшiн барлық ықтимал берушiлерге тең мүмкiндiктi қамтамасыз ету;
3) ықтимал берушiлер арасында адал бәсекелестік;
4) отандық тауар өндірушілерді және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерді қолдау принциптерін сақтай отырып өткізеді.
2-1. Табиғи монополия субъектiсi:
электр энергиясы мен қуаттылықтың орталықтандырылған сауда нарығына қол жеткiзу жағдайы болмаған кезде тиiстi тауар нарығында электр энергиясы тапшы болған;
тұтынушыларға ұсынылатын электр энергиясының көтерме нарығына қатысудың шарттарына табиғи монополиялар субъектісінің сай келмеуі;
электр энергиясын беру және бөлу салаларындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясын сатып алу;
газ тапшы болған кезде оның импортын жүзеге асырушы ұйымнан газ сатып алу;
Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алу жағдайларын қоспағанда, стратегиялық тауарларды сатып алуды тiкелей стратегиялық тауар өндiрушiлерден жүзеге асырады.
3. Сатып алуды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бұл тәртіп сатып алуды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес;
дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп проценті ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі табиғи монополия субъектілері жүргізген жағдайларға қолданылмайды.
Жанама тиесілілік табиғи монополия субъектілері акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында келесі ұйым арқылы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі екенін білдіреді.
3-1. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң аффилиирленген тұлғалары үшiн конкурстың бiрыңғай ұйымдастырушысы ретiнде өкiлдiк етуге құқылы.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, табиғи монополия субъектісі екі кезеңдік рәсімдерді, баға ұсыныстары сауалын қолдану арқылы бір көзден, жабық тендерден, тендерден сатып алуды жүзеге асыра алады.
4-1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алу Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Табиғи монополия субъектiсi тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), егер сатып алудың құнмен алынған жылдық көлемi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген шектi мөлшерден асып кетпесе, тендер өткiзбей сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
5-1. Табиғи монополия субъектiсiнiң екi және одан да көбiрек аффилиирленген тұлғаларының, Қазақстан Республикасы Yкiметi белгiлеген жағдайларды қоспағанда, аталған табиғи монополия субъектiсi өткiзетiн тендерге (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.
6. Тендерге қатысушының талап етуi бойынша оған тендер нәтижелерi және жеңiмпазды таңдаудың себептерi туралы түбегейлi жазбаша ақпарат берiлуге тиiс.
7. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұза отырып өткiзiлген тендердiң жеңiмпазымен табиғи монополия субъектiсi шарт жасасқанға дейiн оның нәтижесiнiң күшiн жоюға және табиғи монополия субъектiсiн қайта тендер өткiзуге мiндеттеуге құқылы.
8. Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге берген өтiнiмiн, ол Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тендер өткiзу туралы талаптарды бұзған жағдайда, қабылдамай тастауға құқылы.
9. Осы бапта көзделген талаптар теңгерiмдеушi электр энергиясын, орталықтандырылған сауда-саттықтардағы, спот рыногындағы электр энергиясын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiне, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне және өңірлік электр желілері компанияларына қолданылмайды.
Ескерту. Заң 18-4-баппен толықтырылды - ҚР 2002.12.26 N 364, Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.09 N 9, 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05 N 166, 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 N 116-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.04 N 166-IV, 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.15 № 255-IV, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2012.02.01 N 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
18-5-бап. Табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін
нарықтардағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
1. Табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 18-5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18-6-бап. Табиғи монополиялар субъектiлерiне тексеру
жүргiзудiң тәртiбi
Ескерту. 18-6-бап алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
18-7-бап. Табиғи монополия субъектiсiн және реттелетін
нарық субъектісін тексеру нәтижелерi бойынша
уәкiлеттi органның шешiмi
Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiн немесе реттелетін нарық субъектісін тексеру қорытындылары туралы актісін қарау нәтижелерi бойынша:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негiздердiң жоқтығы туралы қорытынды жасайды;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғайды;
3) табиғи монополия субъектiсiне немесе реттелетін нарық субъектісіне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзушылықтардың анықталған фактiлерiн жою туралы нұсқама шығарады;
РҚАО-ның ескертпесі!
4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 04.07.2014 № 233-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
4) материалдарды қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi қарау үшiн құқық қорғау органдарына бередi;
5) материалдарды қарау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн өзге де мемлекеттiк органдарға бередi.
Ескерту. Заң 18-7-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.15 № 255-IV Заңдарымен.
19-бап. Осы Заңды бұзудың салдарлары
1. Осы Заңды бұзған жағдайда табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектiлерi, мемлекеттiк органдар олардың басшылары:
1) осы Заңды бұзуды тоқтатуға және оның салдарларын жоюға;
2) бастапқы жағдайды қалпына келтiруге немесе нұсқамада көрсетiлген өзге iс-әрекеттердi жасауға;
3) келтiрiлген залалды және (немесе) зиянды тiкелей немесе тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) уақытша төмендету арқылы өтеу үшiн шаралар қолдануға;
4) осы Заңға сәйкес келмейтiн актiлердi жоюға немесе өзгертуге мiндеттi.
2. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісіне өзі жүргізген тексерулер материалдарының негізінде, табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратын талдау нәтижелері бойынша шешім қабылданған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, уақытша өтемдік тарифті белгілейді. Табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын тексеру, талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратына талдау жүргізілген айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап уақытша өтемдік тарифті енгізу жүзеге асырылады.
Қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.26 N 364, 2004.12.09 N 9, 2010.03.15 № 255-IV, 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
19-1 бап. Уәкiлеттi органның ұйғарымдары
1. Уәкiлеттi органның ұйғарымдарын табиғи монополиялар , реттелетін нарықтар субъектiлерi, мемлекеттiк органдар, олардың басшылары шешiмдерде (ұйғарымдарда) көзделген мерзiмде, бiрақ оларды алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей орындайды.
2. Мемлекеттiк органдар осы Заңды бұза отырып қабылданған актiлердi жою немесе өзгерту туралы, не бастапқы жағдайдағы қалпына келтiру жөнiндегi ұйғарымдарды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган осы актiлердi (толық немесе iшiнара) жарамсыз деп тану туралы және (немесе) бастапқы жағдайдағы қалпына келтiруге мәжбүрлеу туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
3. Табиғи монополия , реттелетін нарық субъектiсi ұйғарымды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган табиғи монополия , реттелетін нарық субъектiсiн ұйғарымда көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу туралы талап-арызды сотқа ұсынуға құқылы.
Ескерту. Заң 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.12.09 N 9, өзгеріс енгізілді - 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
20-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.26 N 364 Заңымен.
21-бап. Табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiнiң
осы Заңды бұзудан келтiрiлген залалды өтеуi
Табиғи монополия , реттелетін нарық субъектiсiнiң осы Заңға қайшы келетiн және басқа жеке немесе заңды тұлғаға залал келтiрген, соның iшiнде тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) нeмece олардың шектi деңгейлерiн көтеру, реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға және оларды орындауға арнап шарттар жасасудан негiзсiз бас тарту жолымен залал келтiрген әрекеттерi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiнiң оларды өтеуiне әкеп соғады.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.26 N 364, өзгеріс енгізілді - 2004.12.09 N 9, 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
22-бап. Табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiне
уәкiлеттi органның, сондай-ақ оның лауазымды
адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, әрекеттерiмен
(әрекетсiздiгiмен) келтiрiлген залалды өтеу
Егер табиғи монополия , реттелетін нарық субъектiсiне уәкiлеттi органның және оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, сондай-ақ әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) залал келтiрiлген жағдайда, ол бұл залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен өтеудi талап етуге құқылы.
Ескерту. Заң 22-баппен толықтырылды - ҚР 2002.12.26 N 364, өзгеріс енгізілді - 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
23-бап. Өтпелi ережелер
Реттелетін коммуналдық қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілері есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларды жасалған шарттарға сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптарымен (суды есепке алатын жеке аспаптармен) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қамтамасыз етуге міндетті.
Табиғи монополия субъектілері нормативтен тыс ысырап болған кезде оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын 2009 жылғы 1 наурызға дейін әзірлеуге міндетті.
Реттелетін коммуналдық қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілері және реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді тұтынушылар 2009 жылғы 1 тамызға дейін үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға міндетті.
Мыналар:
белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламасы жоқ өңірлік электр желісі компаниялары 2010 жылғы 31 наурызға дейін 2011 - 2012 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаның жобасын әзірлеуге және оны бекітуге табыс етуге міндетті;
тарифтердің шекті деңгейлерін қолданбастан қызметтер көрсететін өңірлік электр желісі компаниялары 2010 жылғы 1 шілдеге дейін 2011 - 2012 жылдарға арналған тарифтің шекті деңгейін бекітуге арналған өтінімді белгіленген тәртіппен беруге міндетті.
Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасында, 7-бабының 4), 7-2) және 11) тармақшаларында, 13-бабы 1-тармағының 5-1) және 5-4) тармақшаларында, 14-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және 18-4-бабының 9-тармағында көзделген, өңірлік электр желісі компанияларына арналған ерекшеліктер салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тариф қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - 2010.03.15 № 255-IV Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының
Президентi