Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 283-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 30 желтоқсанда № 9046 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 550 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау туралы, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1222 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 561-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын арнайы қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімінің тізбесінде:
      реттік нөмірі 119-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «119. Жол жүру құжаты (босқынның)»;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 120, 121-жолдармен толықтырылсын:
      «120. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі
      121. Теңізде жүзу кітапшасы.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов