Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 316 Заңы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 10, 126-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 71-құжат; 2004 ж., N 11-12, 65-құжат; 2006 ж., 12, 71-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж. N 4, 33-құжат; N 9, 67-құжат):
      1) 26-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      2) 40-баптың екінші бөлігі алып тасталсын.

      2. "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 11, 150-құжат; 1999 ж., N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 6, 34-құжат; N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2006 ж., N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 52-құжат; N 9, 67-құжат):
      1) 8-2-баптың 4-тармағындағы "құзыретті органның" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 36-3-баптың 2-тармағындағы "құзыретті органның", "Құзыретті орган" деген сөздер тиісінше "табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның", "Табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 16, 214-құжат; 1999 ж., N 19, 646-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., N 2, 17-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 13, 87-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат):
      1) 3-бапта:
      14-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14-1) стратегиялық тауарларды өндірушілер:
      стратегиялық тауарларды өндіретін;
      стратегиялық тауарларды өндіруге (өңдеуге) арналған шикізаттың меншік иесі болып табылатын;
      Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық тауарларды тікелей шетелдік өндірушінің атынан өткізетін жеке және заңды тұлғалар;";
      17-1) тармақша ", газды немесе газ конденсатын, магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өз мұқтаждары мен ысыраптары үшін газ" деген сөздермен толықтырылсын;
      18-1) тармақшаның үшінші абзацындағы "саны бір жарым мың адамнан аз тұтынушыларға" деген сөздер "көлемі жылына 150 мың текше метрге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 6-бап мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-2) шығындарды оңтайландыру немесе реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын қолдану нәтижесінен туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың түбегейлі пайдаланылмаған бөлігін жаңа өндірістік активтерді жасауға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және қайта жарақтандыруға бағыттауға;";

      3) 7-бапта:
      бірінші бөлікте:
      7-2) тармақшасындағы "тарифтік" деген сөздің алдынан "осы Заңның 6-бабының 5-2) тармағында көзделген жағдайды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      10) тармақшадағы "тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларды бекіткен кезде ескерілетін инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;
      17) тармақшадағы "келісуге міндетті." деген сөздер "келісуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      "18) табиғи монополиялар субъектілерінің белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) орындауға міндетті.";
      екінші бөліктегі "және 17)" деген сөздер ", 17) және 18)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 13-баптың 1-тармағында:
      5-1) тармақшада:
      үшінші абзацтағы "мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "табиғи монополия субъекті персоналының нормативтік санын;";
      мынадай мазмұндағы 5-2), 5-3), 5-4), 5-5), 5-6) және 5-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5-2) жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің және олармен аффилиирленген тұлғалардың штат кестелерін оларға белгіленген тәртіппен келіседі;
      5-3) жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің және олармен аффилиирленген тұлғалардың әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейін оларға белгіленген тәртіппен келіседі;
      5-4) табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдары құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулер және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келіседі;
      5-5) нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізеді;
      5-6) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, азаматтық авиация, порттар қызметі саласындағы кемсітусіз қол жеткізудің техникалық шарттарын айқындайды;
      5-7) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;";

      5) 14-баптың 1-тармағының 20) тармақшасындағы "келісуге" деген сөз "мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп бекітуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 14-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "табиғи монополия субъектісінің" деген сөздердің алдынан "осы Заңның 6-бабының 5-2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік реттеудің оңайлатылған тәртібі қолданылады.";

      8) 18-4-бапта:
      2-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      "тұтынушыларға ұсынылатын электр энергиясының көтерме нарығына қатысудың шарттарына табиғи монополиялар субъектісінің сай келмеуі;
      электр энергиясын беру және бөлу салаларындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясын сатып алу;";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, табиғи монополия субъектісі екі кезеңдік рәсімдерді, баға ұсыныстары сауалын қолдану арқылы бір көзден, жабық тендерден, тендерден сатып алуды жүзеге асыра алады.";

      9) 23-бапта ", суды" деген сөз алып тасталсын.

      4. "Темір жол көлігі туралы" 2001 жығы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 23, 315-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 18, 110-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 13, 87-құжат; N 14, 89-құжат; N 16, 99-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат):
      1) 14-баптың 2-тармағының 23), 24) және 26-2) тармақшалары алып тасталсын;

      2) 57-баптың 1-тармағындағы "уәкілетті органның" деген сөздер "оларға белгіленген тәртіппен табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 88-4-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын.

      5. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2003 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 6, 33-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 15, 95-құжат; N 24, 148-құжат):
      6-баптың 4-тармағы алып тасталсын.

      6. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 14, 81-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15,
95-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат):
      1) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 19-2), 19-3) және 19-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      19-2) телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар аясында реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
      19-3) телекоммуникациялар және почта байланысы қызметтерін көрсету нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
      19-4) телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу функциялары;";

      2) 26-баптың 1-тармағындағы "монополияға қарсы орган" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 32-баптың 4-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 17, 102-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 7, 38-құжат; N 13, 87-құжат; N 24, 148-құжат):
      1) 1-баптың 40) тармақшасындағы "тұтынушыларға" деген сөз "жеке және заңды тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-бапта:
      5) тармақшадағы "техникалық регламенттерді қоспағанда, өндіру, беру және тұтыну саласындағы" деген сөздер "техникалық регламенттерді қоспағанда, өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тұтыну саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақша алып тасталсын;

      3) 6-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "жай-күйін" деген сөз "жай-күйін қадағалауды жүзеге асырады" деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;

      4) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
 
      "7-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы лицензиялау
 
      Электр энергетикасы саласындағы қызметтің жекелеген түрлері Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.";

      5) 13-бап мынадай редакциядағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын:
      1) тұтынушыларға, энергиямен жабдықтайтын ұйымдарға, энергия беруші ұйымдарға (электр энергиясының өз желілеріндегі және шаруашылық мұқтаждарына нормативтік шығындарын жабу үшін) және электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығында жасалатын шарттар негізінде экспортқа;
      2) электр энергиясын орталықтандырылған сауда нарығында;
      3) электр энергиясын теңгерімдеуші нарықта сатуды жүзеге асыруға міндетті.

      6) 14-баптың 4 және 5-тармақтарындағы және 16-баптың 1-тармағындағы "уәкілетті орган" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 15, 94-құжат):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) реттеуші орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаларды (тарифтерді) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган;";
      14) тармақшадағы "монополияға қарсы орган" деген сөздер "монополияға қарсы органның ұсынуы бойынша реттеуші орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-тараудың тақырыбындағы "органның" деген сөз "және реттеуші органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
 
      "5-1-бап. Реттеуші органның функциялары
 
      Реттеуші органның функциялары:
      1) мыналарға:
      темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай, мұнай өнімдерін және газ тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне);
      Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды реттеуді жүзеге асыру;
      2) тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жасау болып табылады.
      Баға түзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.";

      4) 6-баптың 1-тармағында:
      8) тармақшаның үшінші абзацы "бойынша" деген сөзден кейін "реттеуші органмен бірлесіп" деген сөздермен толықтырылсын;
      24) тармақша "тіркелген бағалар енгізуге" деген сөздер "реттеуші органға тіркелген бағаларды енгізу туралы ұсыныстар енгізуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
 
      "6-1-бап. Реттеуші органның өкілеттігі
 
      1. Белгіленген функцияларға сәйкес реттеуші орган:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекет реттейтін бағаларды енгізу қажет тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасы жөнінде монополияға қарсы органмен бірлесіп ұсыныс енгізуге;
      2) тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жасау жөнінде әдістемелік ұсынымдарды бекітуге;
      3) өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік органдардан, нарық субъектілерінен, олардың лауазымды және өзге де адамдарынан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, ақпарат сұратуға және алуға;
      4) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай, мұнай өнімдерін және газ тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектісіне және бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуші нарық субъектісіне тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаны көтеруге дәлелді қорытындымен тыйым салуға;
      5) осы Заңды бұзушылыққа жол берген нарық субъектілеріне монополияға қарсы органның ұсынуы бойынша тіркелген бағаларды енгізуге;
      6) бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) Қазақстан Республикасының Үкіметі номенклатураға енгізген кезде нарық субъектілеріне осындай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуге босатылатын бағаларды төмендету туралы дәлелді қорытынды жіберуге құқылы.
      2. Реттеуші орган:
      1) мемлекеттік органдар, нарық субъектілері және олардың бірлестіктері ұсынатын деректердің негізінде оларға белгіленген нысандар бойынша тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) және тауар нарықтары субъектілерінің инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тиісті тауар нарықтарына талдау жүргізуге;
      2) өз құзыреті шегінде тиісті тауар нарықтарына баға түзу тәртібінің мәселелері бойынша түсініктемелер беруге;
      3) алынған, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтердің, сондай-ақ өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде алынған басқа ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.";

      6) 10-баптың 8) тармақшасындағы "нормативтік құқықтық актілерде белгіленген" деген сөздер "Үкімет белгілеген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 30-бапта:
      1-тармақтағы "нормативтік құқықтық актілерде белгіленген" деген сөздер "Үкімет белгілеген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "монополияға қарсы орган" деген сөздер "монополияға қарсы органның ұсынуы бойынша реттеуші орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 31-бапта:
      тақырыбындағы "монополияға қарсы органға" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Тізілімге енгізілген темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай, мұнай өнімдерін және газ тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы нарық субъектілері және бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуші нарық субъектілері реттеуші органға ай сайын босату бағалары және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың кірістілік деңгейі туралы ақпарат беруге міндетті.";
      3-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тізілімге енгізілген темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай, мұнай өнімдерін және газ тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы нарық субъектілері және бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуші нарық субъектілері тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаның алдағы көтерілуі және оларды көтерудің себептері туралы реттеуші орган айқындайтын тәртіппен көтеру себептерін растайтын негіздеуші материалдарды міндетті түрде ұсына отырып реттеуші органды күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.";
      екінші бөліктегі "Монополияға қарсы" деген сөздер "Реттеуші" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "3-1. Реттеуші орган осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда, тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) арналған жаңа бағалар қолданысқа енгізілгенге дейін, күнтізбелік отыз күннің ішінде тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды арттыруға нарық субъектілеріне дәлелді қорытындымен тыйым салуға құқылы.
      Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды арттыруға тыйым салу туралы дәлелді қорытынды алған күннен бастап нарық субъектісі тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды арттыру жөніндегі іс-қимылды тоқтатуға және тұтынушыға осы іс-қимылдармен келтірілген залалдарды белгіленген тәртіппен өтеуге міндетті.
      3-2. Бағасын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізетін нарық субъектілері оларды тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) номенклатурасына енгізген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде реттеуші органға осы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылатын бағалары туралы ақпарат береді.
      Бұл ретте реттеуші орган тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылатын бағалары туралы ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде нарық субъектісіне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген баға түзілімі тәртібіне сәйкес аталған бағаларды төмендету туралы дәлелді қорытынды жіберуге құқылы. Дәлелді қорытындыда реттеуші орган осы тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) асырып жіберуге жол берілмейтін бағаның шекті деңгейін көрсетеді.
      Дәлелді қорытындыны алған күннен бастап нарық субъектісі тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бағаны төмендетуге міндетті.
      Дәлелді қорытынды нарық субъектісіне өз қолын қойғызып немесе жіберілу және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.";
      4-тармақтағы "органның", "орган" деген сөздер тиісінше "және реттеуші органдардың", "және реттеуші органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 9-тараудың тақырыбы "(нұсқамаларын)" деген сөзден кейін "және реттеуші органның шешімдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 35-бапта:
      тақырып "(нұсқамаларына)" деген сөзден кейін "және реттеуші органның шешімдеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
      35-баптың 1-тармағындағы "(нұсқамаларына)" деген сөзден кейін "және реттеуші органның шешімдеріне" деген сөздермен толықтырылсын.

       2-бап . Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті