Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.03.2015 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабы 2)тармақшасына және 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өңірлік электр желілік компанияларды қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санының қағидалары бекітілсін.
2. «Табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 29-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде № 5568 тіркелген, «Ресми газетте» 2009 жылғы 27 маусымдағы № 26 (444) жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау, жиынтық талдау және халықаралық ынтымақтастық департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;
3) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге ресми жариялануы үшін қағаз және электронды жеткізгіштегі көшірмесін жолдасын;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға М. Оспанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі
______________ Е. Досаев
2014 жылғы 5 наурыз
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
2014 жылғы 3 наурыздағы
№ 49-НҚ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Өңірлік электр желілік компанияларды қоспағанда,
табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік
санын бекіту қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өңірлік электр желілік компанияларды қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар өңірлік электр желілік компанияларды қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекітуге өтінімдерді ұсыну, қарау және оларды бекіту тәртібін анықтайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
өтінім - табиғи монополия субъектісінің уәкілетті органға табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санын бекіту туралы ресми өтініші (арыз).
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
4. Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекітуге өтінімді беру алдындағы Субъектінің нормативтік санды бекітуге өтінім беру жағдайларын қоспағанда, уәкілетті орган нормативтік санды үлгі нормативтік санның (еңбек нормалары) қолданыс мерзімінен аспайтын кезеңге бекітеді.
2. Нормативтік санды бекітуге арналған өтінімді ұсыну тәртібі
5. Табиғи монополия субъектісі (бұдан әрі - Субъект) уәкілетті органға реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қарау және бекіту кезінде қолданылатын персоналдың нормативтік санын (бұдан әрі - нормативтік сан) бекітуге арналған өтінімді осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.
6. Нормативтік санды бекітуге арналған өтінімге:
1) ұсынылатын материалдардың тізбесімен Субъектінің ресми бланкісіндегі ілеспе хат;
2) нормативтік санның есебін негіздейтін материалдар (нормативтік санды анықтауға қажетті есептер, реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуге байланысты жабдықтың тізбесі және оның сипаттамалары);
3) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша, оның ішінде электронды түрде жасалған филиалдар, өкілдіктер және (немесе) Субъектінің құрылымдық бөлімшелері және персоналдың (өндірістік персоналдың, әкімшілік персоналдың, сондай-ақ шаруашылықтар мен өндірістерде қызмет көрсетумен айналысатын персоналдың) санаттары бойынша өткен жылғы, сондай-ақ ағымдағы кезең және өткен екі жыл ішінде қызметкерлердің нормативтік саны және өткен кезеңге бұрын бекітілген нормативтік саны деректерінің жиынтық кестесі;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 166-ө бұйрығымен бекітілген Тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесінде көзделген тәртіппен бекітілген және келісілген нормативтік сан есептерінің негізінде қабылданатын санның үлгі нормативтері;
5) «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес бекітілген ағымдағы жыл және өткен екі жыл ішіндегі (1-т нысаны) еңбек жөніндегі есеп қоса беріледі. Жаңадан құрылған Субъектілер үшін - Субъектінің заңды тұлға ретінде құрылған сәтінен бастап жұмыс кезеңіндегі еңбек жөніндегі есебі.
7. Өтінімге қоса берілетін есептер және өтінімнің негіздеуші материалдары тігіледі, нөмірленеді, Субъект бірінші басшысының, не оны алмастыратын тұлғаның (бірінші басшының міндеттерін жүктеу туралы Субъектінің бұйрығы көшірмесіне қоса бере отырып) мөрімен және қолымен расталады.
8. Уәкілетті орган өтінімді алған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және Субъектіге өтінімнің қарауға қабылданғаны туралы немесе оны қабылдаудан дәлелді бас тартылғаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды. Субъектінің өтінімін қарауға қабылдаудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды және ақпараттарды ұсынбау немесе толық емес көлемде ұсыну;
2) осы Қағидалардың 7-тармағының талаптарын бұза отырып құжаттарды ұсыну.
9. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша Субъектінің өтінімін қарауға қабылдаудан бас тартылған жағдайда, Субъект өтініммен уәкілетті органға қайта өтініш жасайды.
3. Өтінімді қарау және нормативтік санды бекіту тәртібі
10. Өтінімді уәкілетті орган күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды. Өтінімді қарау мерзімі уәкілетті органға өтінім түскен күнінен бастап есептеледі.
11. Уәкілетті орган персоналдың нормативтік санын ұсынылатын немесе қолданыстағы деңгейін Субъект ұсынған есептердің нормативтік саны есебін негіздейтін сан мен материалдардың үлгі нормативтерін талдау негізінде түзетулер жасайды.
12. Субъектінің нормативтік санын бекіту туралы уәкілетті органның шешімі уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді.
Өңірлік электр желілік
компанияларды қоспағанда,
табиғи монополиялар субъектілері
персоналының нормативтік санын
бекіту қағидасына қосымша
Нысан
Ағымдағы және өткен кезеідерге арналған нормативтік және нақты
санның жиынтық кестесі
Нормативтк саны |
||||||
Реттеліп көрсетілетін қызметтер түрі |
Өндірістік персонал |
Әкімшілік персонал |
Өндірістерде және шаруашылықтарда қызмет көрсетумен айналысатын персонал |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
|||
Бұрын бекітілген нормативтік сан |
||||||
Өткен кезеңге |
||||||
Өндірістік персонал |
Әкімшілік персонал |
Өндірістерде және шаруашылықтарда қызмет көрсетумен айналысатын персонал |
||||
5 |
6 |
7 |
||||
Нақты саны |
||||||
Ағымдағы жылға |
||||||
Өндірістік персонал |
Әкімшілік персонал |
Өндірістерде және шаруашылықтарда қызмет көрсетумен айналысатын персонал |
||||
8 |
9 |
10 |
||||
Нақты саны |
||||||
Алдағы 2 жылға |
||||||
Өндірістік персонал |
Әкімшілік персонал |
Өндірістерде және шаруашылықтарда қызмет көрсетумен айналысатын персонал |
Өндірістік персонал |
Әкімшілік персонал |
Өндірістерде және шаруашылықтарда қызмет көрсетумен айналысатын персонал |
|
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |