Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетілетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерiн бекiтуге арналған өтiнiмдерді қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу қағидалар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 376 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 727 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 тамыздағы N 864 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 26, 278-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 13-жолда:
      "Іс-шара" деген 2-бағандағы "және оны қаржыландыру ережесін әзірлеу" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Аяқтау нысаны" деген 3-бағандағы "Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі