Реттелетін нарықтар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 13 ақпандағы № 31-НҚ және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 42/НҚ бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 7 сәуірде № 9300 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 463 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.06.2015 № 463 (алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған реттелетін нарық саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою жұмысы департаменті (А.Т. Жапсарбай):
      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) Заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;
      3) осы бірлескен бұйрық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) күнтізбелік он күннен кешіктірмей көшірмені қағаз және электрондық жеткізгіште «Әділет» Ақпараттық – құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы Р.Н. Ахметовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасы
      Өңірлік даму министрі              Табиғи монополияларды
                                         реттеу агенттігінің төрағасы
      _______________ Б. Жәмішев         ______________ М. Оспанов
      2014 жылғы 17 ақпан                2014 жылғы 13 ақпан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі
      ____________ Е. Досаев
      2014 жылғы 4 наурыз

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму    
министрінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 42-НҚ
және Қазақстан Республикасы Табиғи   
монополияларды реттеу агенттігі төрағасының
2014 жылғы 13 ақпандағы № 31-НҚ     
бірлескен бұйрығымен бекітілген    

Нысан

Реттелетін нарықтар салаларындағы жеке
кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған орган ________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні, құқықтық статистика органында тіркелгені туралы мәлімет)
Тексеруді өткізу мерзімі ____________________________________________
Тексеру кезеңі ______________________________________________________
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
БСН (ЖСН) ___________________________________________________________
Орналасқан мекен жайы _______________________________________________
      Тексерілетін субъект нарық субъектісі болып табылады және оған осы тексеру парағының 1-10 және ___ жолдарында көзделген талаптар қолданылады.

р/с

талаптар

1

алдағы уақытта тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары шекті бағадан жоғары өсетіні және олардың өсу себебін растайтын негіздемелік материалдарды табыс ете отырып, өсу себептері туралы жазбаша түрде уәкілетті органға кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын хабарлау талабын сақтау

2

реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындау талабын сақтау

3

шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға алынған және пайдаланылмаған табысты тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтару талабын сақтау

4

шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алынған табысты тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету жолымен қайтару талабын сақтау

5

уәкілетті органға бағаларға мемлекеттік реттеу енгізілген немесе өнімдердің, тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің номенклатурасына енгізілген күнінен бастап баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей ұсыну

6

уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті ұсыну

7

уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) босату бағалары туралы ай сайынғы ақпаратты уәкілетті органға ұсыну

8

уәкілетті органға оның талап етуімен бағаға сараптама жүргізу үшін қажетті ақпаратты уәкілетті орган белгілеген мерзімде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде ұсыну

9

уәкілетті органға шекті бағада ескерілген, кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы не орындалмауы туралы тоқсан сайынғы ақпаратты уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей ұсыну

10

бағаның негізді болуына әсер ететін қажетті ақпаратты уәкілетті органға беру

лицензиат үшін

11

кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ лицензиялауға жататын іс-әрекеттерді тиісті лицензия негізінде жүзеге асыру

12

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын, соның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін сақтау

13

лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке әкеп соққан лицензиялау нормаларын бұзуды жою

Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға:
____________________________________________ ________________________
               (лауазымы)                          (қолы, А.Ә.Т.)
Тексерілетін субъектінің өкілі:
____________________________________________ ________________________
            (лауазымы)                            (қолы, А.Ә.Т.)