Сумен жабдықтаудың және (немесе) суды бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне сараланған тарифтерді есептеу әдестемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 1 қазандағы № 297-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 7 қарашада № 8886 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.05.2018 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабы 1-тармағының 4)тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сумен жабдықтаудың және (немесе) суды бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне сараланған тарифтерді есептеу әдiстемесi бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Құбыржолдары және су кәрiзi жүйелерi саласындағы реттеу департаментi (А.Г. Асқарова):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеудi;

      2) бұқаралық ақпарат кұралдарында ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (С.С. Метенова) ұсынсын;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Алпысбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

М. Оспанов


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Экономика және бюджеттік

      жоспарлау министрі

      ________________ Е. Досаев

      2013 жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігінің
2013 жылғы 1 қазандағы
№ 297-НҚ бұйрығымен бекітілген

Сумен жабдықтаудың және (немесе) суды бұрудың реттеліп
көрсетілетін қызметтеріне сараланған тарифтерді есептеу
әдiстемесi

      1. Осы Сумен жабдықтаудың және (немесе) суды бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне сараланған тарифтерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 нөмірмен тiркелген), Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы № 82-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту ережесіне (бұдан әрі – Ереже) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2256 нөмірмен тiркелген) сәйкес әзірленген.

      2. Осы Әдістеме Сумен жабдықтаудың және (немесе) суды бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне сараланған тарифтерді есептеу қағидаттары мен тетіктерін айқындайды.

      3. Әдістеменің қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) тұтынушыларды ауыз суды үнемдеп пайдалануға және ресурс үнемдеуші технологияларды пайдалануға ынталандыру;

      2) сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсетумен байланысты экономикалық негізделген шығындардың орнын толтыру.

      4. Осы Әдістеменің мақсаты үшін мынадай ұғымдар қолданылады:

      су шаруашылығы ұйымдары - қызметі суларды реттеумен, жеткізумен, ұдайы молайтумен, сумен жабдықтаумен, су бұрумен және су объектілерін пайдаланумен байланысты заңды тұлғалар;

      сумен жабдықтау – суды тұтынушыларға сумен жабдықтау жүйелері арқылы суды алуды, сақтауды, дайындауды, беру мен таратуды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жиынтығы;

      суды бұру – сарқынды суларды суды бұру жүйелері арқылы су объектілеріне және (немесе) жердің бедерлеріне алуды, тасымалдауды, тазалауды және бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жиынтығы.

      N1 – судың неғұрлым аз көлемін тұтынатын халықтың алғашқы 30%-ның ішінде өтінім берілгеннен бұрын төрт тоқсанға немесе өткен күнтізбелік жылға есептелген суды тұтынудың ең жоғары орташа айлық көлемі;

      N2 – судың неғұрлым аз көлемін тұтынатын халықтың алғашқы 70%-ның ішінде өтінім берілгеннен бұрын төрт тоқсанға немесе өткен күнтізбелік жылға есептелген суды тұтынудың ең жоғары орташа айлық көлемі.

      Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      5. Тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшермелерін) қалыптастыру реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебінің негізінде жүзеге асырылады.

      Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру жөніндегі қызметтердің (тауарларға, жұмыстарға) сараланған тарифтерді қалыптастыру кезінде шығындар Ерекше тәртіптің талаптары ескеріле отырып енгізіледі.

2. Тұтынушылардың топтарын айқындау

      6. Сараланған тарифтерді белгілеу мақсатында жеке тұлғалардың (халықтың) суды тұтыну көлемі мынадай тұтыну топтарына бөлінеді:

      1-топ – айына бір адамға суды тұтыну көлемі N1 текше метрден аспайды;

      2-топ - айына бір адамға суды тұтыну көлемі N1 және N2 текше метр арасында;

      3-топ - айына бір адамға суды тұтыну көлемі N2 текше метрден асады.

      7. Заңды тұлғалар мынадай тұтынушылар топтарына бөлінеді:

      1-топ:

      жылу энергиясын өндіру процесінде өз мұқтаждарына суды тұтыну көлемдерінің және ыстық сумен жабдықтау қызметтерін (ыстық сумен жабдықтау жүйесі ашық болған кезде) көрсету кезінде үстемелеп толтыру көлемдерінің шеңберінде жылу энергиясын өндірумен айналысатын кәсіпорындар;

      бекітілген нормативтік техникалар ысыраптар көлемдерінің шегінде жылу энергиясын берумен және таратумен айналысатын кәсіпорындар;

      бюджеттік қаражаттар есебінен қамтылатын ұйымдар;

      2-топ – заңды тұлғалар үшін тұтынушылардың 1-тобына кірмейтін өзге де тұтынушылар.

      8. Заңды тұлғалардың 1 және 2-топтарына арналған тарифтердің деңгейі жеке тұлғалардың (халықтың) 2 және 3-топтары тарифінің деңгейлерімен теңестіріледі.

3. Тұтынушылардың әрбір тобы үшін тарифтерді есептеу тәртібі

      9. Сумен жабдықтау және суды бұру қызметтеріне тарифтерді уәкілетті орган әрбір су шаруашылығы ұйымына жеке қажет ететін шығындар мен пайданың негізінде бөлек бекітеді.

      10. Бірінші топ үшін сумен жабдықтау және суды бұру қызметтеріне тарифтердің деңгейі пайдалану шығыстарының деңгейінде белгіленеді, олар мынадай шығыстарды қамтиды:

      1) материалдық шығындар, оның ішінде:

      шикізат пен материалдар;

      сатып алынатын су (суды өндіру);

      отын;

      электр энергиясы;

      жанар-жағар май;

      2) өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстары:

      өндірістік персоналдық жалақысы;

      әлеуметтік аударымдар.

      11. сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтеріне тарифті есептеу үшін мына формула қолданылады:



      p1 – тұтынушылардың бірінші тобы үшін бір текше метр (м3) үшін сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтеріне арналған тариф, теңге;


– Ерекше тәртіптің талаптарын ескере отырып қабылданған экономикалық негізделген пайдалану шығындарының сомасы, теңге;

– барлық тұтынушылардың сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метр (м3).

      12. Екінші топ үшін тарифтің деңгейі қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеу шығыстары мен амортизациялық аударымдардан басқа бүкіл шығыстарды жабады (оның ішінде осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген пайдалануға арналған шығындар, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуге, негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулерге арналған шығындар):



      p2– тұтынушылардың екінші тобына бір текше метр (м3) үшін сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтеріне арналған тариф, теңге;


– Ерекше тәртіптің талаптарын ескере отырып қабылданған толық өзіндік құны, теңге;

– қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеу мен амортизациялық аударымдар шығыстары, теңге;

– барлық тұтынушылардың сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метр (м3).

      13. Үшінші топ үшін тарифтің деңгейі бүкіл шығыстарды жабады (оның ішінде тұтынушылардың бірінші және екінші топтары жаппаған шығындардың бір бөлігін өтеу) және инвестициялық қажеттіліктерді жабу үшін жеткілікті болатын пайданың қол жетімді деңгейін қамтамасыз етеді:



      p3– тұтынушылардың үшінші топтары үшін бір текше метр (м3) үшін сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтеріне арналған тариф, теңге;


– Ерекше тәртіптің талаптарын ескере отырып қабылданған толық өзіндік құны, теңге;

– Ерекше тәртіптің талаптарын ескере отырып қабылданған экономикалық негізделген пайдалану шығындарының сомасы, теңге;

– қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеу мен амортизациялық аударымдар шығыстары, теңге;

– барлық тұтынушылардың сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метр (м3);

      V1– тұтынушылардың бірінші топтарының сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метр (м3);

      V2– тұтынушылардың екінші топтарының сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метр (м3);

      V3– тұтынушылардың үшінші топтарының сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метр (м3);

      I– Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығымен бекітілген Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2154 нөмірмен тiркелген) сәйкес есептелген пайданың ұйғарынды деңгейі, теңге.

      14. Егер сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсеткен кезде бірнеше кәсіпорындар қолданыста болған жағдайда топтар бойынша тарифтер деңгейін есептеген кезде тиісті шығындар қызмет көрсетуге тартылған әр кәсіпорынның тарифтік сметаларынан қалыптасады.

      Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтеріне тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтерді есептеудің және төлеудің бақылау үлгісі осы Әдістемеге қосымшада келтірілген.

  Сумен жабдықтау және (немесе)
суды бұру реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне сараланған
тарифтерді есептеу әдiстемесiне
қосымша

Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтеріне
тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтерді есептеу
мен төлеудің бақылау үлгісі

      Әдістемеге сәйкес сараланған тарифтерді белгілеу мақсатында халық тұтыну көлемі бойынша үш топқа бөлінеді:

      1-топ – айына бір адамға суды тұтыну көлемі N1 текше метрден аспайды;

      2-топ - айына бір адамға суды тұтыну көлемі N1 және N2 текше метр арасында;

      3-топ - суды тұтыну көлемі N2 текше метрден асады.

      N1 және N2 көлемдер:

      N1 – судың неғұрлым аз көлемін пайдаланатын халықтың алғашқы 30%-ның ішінде суды тұтынудың ең жоғары көлемі;

      N2 – судың неғұрлым аз көлемін пайдаланатын халықтың алғашқы 70%-ның ішінде суды тұтынудың ең жоғары көлемі болып белгіленді.

      Тарифтерді есептеу үшін мынадай ақпарат сұратылды:

      1.

– Ерекше тәртіптің талаптарын ескере отырып қабылданған экономикалық негізделген пайдалану шығындарының сомасы, ол мына шығыстарды қамтиды:

      1) материалдық шығындар, оның ішінде:

      шикізат пен материалдар;

      сатып алынатын су (суды өндіру);

      отын;

      электр энергиясы;

      жанар-жағар май;

      2) өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстары:

      өндірістік персоналдық жалақысы;

      әлеуметтік аударымдар.

      2.

– Ерекше тәртіптің талаптарын ескере отырып қабылданған толық өзіндік құны (сумен жабдықтау қызметіне жатқызылатын барлық шығындардың сомасы).

      3. I–сумен жабдықтау қызметі бойынша пайданың ұйғарынды деңгейі.

      4. V–барлық тұтынушылардың қызметті 2009 жылға арналған тұтыну көлемі, текше метр (м3).

      5. Бюджеттік мекемелердің суды тұтыну көлемдері туралы 2009 жылға арналған ақпараты.

      6. Суды жеке есептеу аспаптары жоқ халықтың суды тұтыну көлемдері туралы 2009 жылға арналған ақпараты.

      7. Жылу энергиясын берумен және таратумен айналысатын кәсіпорындардың суды тұтынуының нормативтік-техникалық ысыраптарының көлемдері туралы 2009 жылға арналған ақпараты.

      8. 1-кестеге сәйкес суды жеке есептеу аспаптары бар абоненттер үшін - әрбір абонент бойынша тұтыну көлемдері және тұрғындардың саны туралы 2009 жылға арналған ақпарат.

      1-кесте

Абонент

Тұрғындардың саны

ЖЕА бойынша 12 айда тұтыну

ЖЕА бойынша орташа айлық тұтыну

1 адамға орташа айлық тұтыну

№1





№2






      N1 және N2 айқындау үшін алынған ақпарат (1-кесте) "1 адамға орташа айлық тұтыну" деген жолда өсуі бойынша сұрыпталады. Бұдан әрі "Тұратындардың саны" деген жолда мынадай абоненттер айқындалады:

      судың неғұрлым аз көлемін пайдаланатын халықтың алғашқы 30%;

      судың неғұрлым аз көлемін пайдаланатын халықтың алғашқы 70%.

      "1 адамға орташа айлық тұтыну" деген жолда тұтынудың тиісті көлемі болады:

      N1 – судың неғұрлым аз көлемін пайдаланатын халықтың алғашқы 30%-ның арасында судың неғұрлым көп көлемі;

      N2 – судың неғұрлым аз көлемін пайдаланатын халықтың алғашқы 70%-ның арасында судың неғұрлым көп көлемі.

      Есептерді жеңілдету үшін бір адамға тұтыну көлемдерін ондық үлеске дейінгі дәлдікпен алу қажет және тиісінше тұтынушылардың санын жақынға қарай түзету қажет.

      Астана қаласының Статистика департаментінің деректеріне сәйкес N1=2,8 куб.м., N2=4,8 куб.м.

      "Астана су арнасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны (бұдан әрі - ШЖҚ-дағы МКК) ұсынған деректерге сәйкес топтар бойынша суды есептеу аспаптары бар тұтынушылардың саны 2-кестеге сәйкес ұсынылған.

      2-кесте

суды есептеу аспаптары бар барлық тұтынушылар

204828

1-топ тұтынушыларының саны

61046

2-топ тұтынушыларының саны

81108

3-топ тұтынушыларының саны

62674


      Суды тұтыну көлемдері туралы деректері 3-кестеге сәйкес ұсынылған.

      3-кесте

1

Барлық тұтынушылардың тұтыну көлемі

31 105 996

2

ЖЕА бар халықтың тұтыну көлемі

7 982 799

3

ЖЕА жоқ халықтың тұтыну көлемі

8 530 300

4

Бюджеттік ұйымдардың суды тұтыну көлемі

2 551 725

5

Жылу энергетикалық ұйымдардың суды тұтыну көлемдері

1 664 915

6

Өзге де заңды тұлғалардың суды тұтыну көлемі

10 376 257


      Есептеу аспаптары бар халықтың тұтыну көлемін тұтынушылар топтары бойынша бөлу 4-кестеге сәйкес ұсынылған.

      4-кесте текше м.

Есептеу аспаптары бар халықтың тұтынудың жалпы көлемі

7982799

Тұтынушылардың 1-тобының тұтыну көлемдері

4620978

Тұтынушылардың 2-тобының тұтыну көлемдері

1697768

Тұтынушылардың 3-тобының тұтыну көлемдері

1664053


      Нәтижесінде, тұтынушылар топтары бойынша суды тұтыну көлемдері 5-кестеге сәйкес ұсынылған.

      5-кесте

Тұтынудың жалпы көлемі, оның ішінде:


31 105 996

1-топтың тұтыну көлемдері (V1)

4620978

4620978

2 - топтың тұтыну көлемдері (V2)

2551725+1664915+1697768

5914408

3-топтың тұтыну көлемдері (V3)

10376257+8530300+1664053

20570610


      ШЖҚ "Астана су арнасы" МКК шығындары бойынша деректер 6-кестеге сәйкес ұсынылған.

      6-кесте

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

Тар. сметаның нақты көрсеткіштері, барлығы

1

Материалдық шығындар:

мың теңге

284 437

1.1

шикізат пен материалдар

мың теңге

155 285

1.2

сатып алынатын су

мың теңге

6 388

1.3

отын

мың теңге

1 056

1.4

электр энергиясы

мың теңге

98 610

1.5

ЖЖМ

мың теңге

23 099

2

Өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстары:

мың теңге

353 196

2.1

Өндірістік персоналдың жалақысы

мың теңге

325 740

2.2

Әлеуметтік салық

мың теңге

27 457


пайдалану шығындардың сомасы ЖИЫНЫ (

)

мың теңге

637 633


1

Ерекше тәртіптің талаптарын ескере отырып қабылданған қарыз қаражаттар бойынша, сыйақы төлеу мен амортизациялық аударымдар шығыстарын ескермегенде қабылданған толық өзіндік құн




көзделген, мың теңге

536922


факт, мың теңге

828078


Қарыз қаражаттар бойынша сыйақы төлеу мен амортизациялық аударымдар шығыстары

65615,6

2

Сумен жабдықтау қызметі бойынша пайданың қажетті көлемі

100000,0


      Әдістемеге сәйкес:



      p1– тұтынушылардың бірінші топтары үшін бір текше метр (м3) үшін сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтеріне арналған тариф, теңге;


– Ерекше тәртіптің талаптарын ескере отырып қабылданған экономикалық негізделген пайдалану шығындардың сомасы, теңге;

      V – барлық тұтынушылардың сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метр (м3).

      Осылайша,



      Екінші топ үшін тарифтің деңгейі бүкіл шығыстарды жабады (оның ішінде осы Әдістеменің 11-тармағында көрсетілген пайдалануға арналған шығындар, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуге, негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулерге арналған шығындар):



      p2 – тұтынушылардың екінші топтары үшін бір текше метр (м3) үшін сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтеріне арналған тариф, теңге;


– Ерекше тәртіптің талаптарын ескере отырып қабылданған толық өзіндік құны, теңге;

– қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеу шығыстары мен амортизациялық аударымдар, теңге;

– барлық тұтынушылардың сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метр (м3).

      Осылайша,



      Үшінші топ үшін тарифтің деңгейі бүкіл шығыстарды жабады (оның ішінде тұтынушылардың бірінші топтары жаппаған шығындардың бір бөлігін өтеуге) және инвестициялық қажеттіліктерді жабу үшін жеткілікті болатын пайданың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді:


,мұндағы:

      p3 – тұтынушылардың үшінші топтары үшін бір текше метр (м3) үшін сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтеріне арналған тариф, теңге;


– Ерекше тәртіптің талаптарын ескере отырып қабылданған толық құны, теңге;

– Ерекше тәртіптің талаптарын ескере отырып қабылданған экономикалық негізделген пайдалану шығындардың сомасы, теңге;

– қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеу шығыстары мен амортизациялық аударымдар, теңге;

      V – барлық тұтынушылардың сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метр (м3);

      I – пайданың ұйғарынды деңгейі, теңге;

      V1 – тұтынушылардың бірінші топтарының сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метр (м3);

      V2 – тұтынушылардың екінші топтарының сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метр (м3);

      V3 – тұтынушылардың үшінші топтарының сумен және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метр (м3).

      Осылайша,



Халықтың сумен жабдықтау қызметіне
тұтынушылар көлемдері бойынша сараланған тарифтер бойынша ақы
төлеу үлгісі

      Есептеу аспабы болған және пәтерде бір адам тұрған және судың тұтыну көлемі айына 2,8 шаршы м болған кезде төлем мынаны құрайды:

      Т=2,8 м3*20,5 теңге = 57,4 теңге

      Есептеу аспабы болған және пәтерде бір адам тұрған және судың тұтыну көлемі айына 8 шаршы м болған кезде төлем мынаны құрайды:

      Т=(2,8 м3*20,5 теңге) + (2 м3*26,6 теңге) + (3,2 м3*36,1 теңге) =

      57,4 теңге + 53,2 теңге + 115,52 теңге = 226,12 теңге

      Бұл ретте пәтерде бір адамнан артық адам тұрған кезде төлем суды тұтыну көлемін және пәтерде тұратын адам санын ескере отырып жүргізіледі.