Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң инвестициялық бағдарламаларын және (немесе) инвестициялық жобалар қарау және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 16-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 6 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2157. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 8 мамырдағы N 142-НҚ бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) дайындау жөнiндегi нұсқаулық туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 1996 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 58, 570-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) дайындау жөнiндегi нұсқаулықта
      2-тармақтың екiншi абзацындағы "Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне" деген сөздер "Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың төртiншi абзацындағы, 3-тармақтың екiншi абзацындағы "Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне" деген сөздер, 4-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздер тиiсiнше "Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне", "Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.16 № 141 Қаулысымен;
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі