Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің және олармен аффилиирленген тұлғалардың әкімшілік персоналының басшы қыметкерлерінің штат кестелерін және оларға еңбекақы төлеудің шекті деңгейін

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 27 тамыздағы N 226-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 5 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4915 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 550 бұйрығымен

      "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына шаруашылық жүргізу құқығындағы мынадай еншілес мемлекеттік кәсіпорындарды құруға рұқсат берілсін:
      "Гидрометеорологиялық мониторинг орталығы", Алматы қаласы;
      "Алматы гидрометеорология орталығы", Талдықорған қаласы.
      2. "Қазгидромет" және "Қазавиамет" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы N 185  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 7, 51-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы 14-2 және 14-3 жолдармен толықтырылсын:
      "14-2. Гидрометеорологиялық мониторинг орталығы, Алматы қаласы
      14-3. Алматы гидрометеорология орталығы, Талдықорған қаласы".
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі