Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1157 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 176 бұйрығын қараңыз.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.20. N 556 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесі бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі N 935 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 35, 485-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі N 935 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі N 869 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 35, 375-құжат).

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 30 қарашадағы
N 1157 қаулысымен 
бекітілген    

Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеудің оңайлатылған тәртібін айқындайды.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.20. N 556 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекітуге арналған өтінім – қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің уәкілетті органға реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту туралы жазбаша өтініші;
      негізсіз алынған табыс – қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің уәкілетті орган бекіткен тарифтің (бағаның, алым ставкасының) деңгейінен немесе оның шекті деңгейінен асатын құн бойынша төлем алу және (немесе) тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау, тарифтік сметаның шығын баптарын уәкілетті орган бекіткен мөлшерден бес пайыздан астамға орындамау нәтижесінде алынған қосымша табыс;
      тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізілетін шығындардың түрлерін шектеу – тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекіту кезінде ескерілмейтін шығындардың тізбесін анықтау;
      шығыстардың деңгейін шектеу – белгіленген және (немесе) бекітілген нормалар, нормативтер, стандарттар және лимиттер негізінде тарифте (бағада, алым ставкасында) ескерілетін шығындар деңгейінің шегін белгілеу;
      қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі – мынадай:
      жиырма Гкал/сағатқа дейін және оны қоса алғанда белгіленген жалпы қуаты бар жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;
      жылына жүз елу мың текше метрге дейінгі көлемімен сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру;
      көлемі мың вагон/км-ге дейін кірме жолдар саласындағы қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектісі;
      төтенше реттеуші шаралар – азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында уәкілетті орган қабылдайтын шаралар;
      Лондон банкаралық нарығының ставкасы – жылдық пайыз ретінде көрсетілетін пайыздарды есептеу кезеңінің бірінші күніне құны бойынша (немесе пайыздарды төлеу күніне құны бойынша пайыздарды есептеудің бастапқы кезеңі жағдайында не пайыздарды есептеудің осындай кезеңі күні, не пайыздық есептеудің бірінші күні алдындағы келесі күні) алты айлық бір валюталық депозиттер бойынша Лондон банкаралық нарығындағы ұсыныс ставкасы.
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.07.2013 N 689 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Субъектілердің қызметін оңайлатылған тәртіппен мемлекеттік реттеу

      3. Субъектілердің қызметін оңайлатылған тәртіппен мемлекеттік реттеу: 

      1) тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекіту; 

      2) тарифтік сметаларды бекіту; 

      3) шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту; 

      4) уақытша өтемдік тарифті бекіту арқылы жүзеге асырылады.

3. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту тәртібі

Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын бекітуге өтінім беру және оны қабылдау

      4. Уәкілетті орган субъектіге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекітуді мынадай жағдайларда: 

      1) субъектінің бастамасы бойынша; 

      2) өзінің бастамасы бойынша;

      3) төтенше реттеуші шара ретінде жүргізеді.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.20. N 556 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      5. Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекітуді он екі айда бір реттен жиі жүргізілмейді.
      Бұл ретте субъект барлық тұтынушылар үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданысы кезінде оларды төмендетуге құқылы.

      6. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту үшін субъект уәкілетті органға тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекітуге өтінім (бұдан әрі - өтінім) ұсынады. Уәкілетті органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) қайта қаралған жағдайда субъект бір ай мерзімде өтінім беру кезіндегідей көлемде экономикалық негізделген есептерді және өзге де ақпаратты ұсынады.
      Төтенше реттеуші шара ретінде, оның ішінде стратегиялық тауарлардың құны ұлғайған кезде тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) қайта қараған жағдайда субъект өтініммен бірге өзінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаны және тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын ұсынады.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.20. N 556 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      6-1. Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын), тарифтік сметаларды өткен күнтізбелік жылдың фактісі бойынша тұтыну бағаларының индексінен аспайтын шамаға жылына бір рет дербес өзгерте алады.
      Тариф (баға, алым ставкасы), тарифтік смета осылайша өзгерген жағдайда қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі уәкілетті органды тарифті (бағаны, алым ставкасын), тарифтік сметаны өзгерту күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей тарифтің (бағаның, алым ставкасының), тарифтік сметаның өзгеру себептерін көрсететін ақпаратты қоса бере отырып хабардар етеді.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі өзгерткен реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тариф (баға, алым ставкасы), тарифтік смета тиісінше реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тариф (баға, алым ставкасы) және тарифтік смета болып табылады.
      Реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифті (бағаны, алым ставкасын), тарифтік сметаны тұтынушы бағаларының индексінен асатын шамаға өзгерту қажет болған кезде қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі осы Ережеде белгіленген тәртіппен тарифті (бағаны, алым ставкасын), тарифтік сметаны қайта қарау үшін өтініммен уәкілетті органға жүгінеді.
      Табиғи монополия субъектісі тарифті және тарифтік сметаны өзгертуді осы Ереженің 5-тармағының бірінші абзацында көзделген кезеңділікті сақтай отырып, оны дербес бекіту немесе жалпы тәртіппен бекіту арқылы жүзеге асырады.
      Ескерту. Ереже 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 05.07.2013 N 689 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Өтінімге мыналар қоса беріледі:
      1) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту қажеттілігін ашатын және реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша жылдар бөлінісінде тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) соңғы бекіту сәтінен өткен кезең ішіндегі субъектінің қызметіне қаржы-шаруашылық талдауды қамтитын түсіндірме жазба; 

      2) осы Ережеге 2-қосымшаға сай нысан бойынша тарифтік сметаның орындалуы туралы есеп; 

      3) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) және тарифтік сметаның жобасы; 

      4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бекіткен қаржылық есептіліктің нысандарына сәйкес өткен қаржы жыл үшін қаржылық есептілік; 

      5) уәкілетті орган бекіткен:
      нормативтік техникалық ысыраптардың;
      субъектілердің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының;
      субъект персоналының нормативтік санының болуын растайтын ақпарат; 

      6) субъектінің негізгі құралдар құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеуге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталатын шығындардың жылдық сметаларының уәкілетті органмен келісілгенін растайтын ақпарат; 

      7) негізгі құралдар құнының өсуіне әкелетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталатын шығындардың жылдық сметалары; 

      8) негізгі құралдарды пайдалану мерзімдерін көрсете отырып, амортизациялық аударымдардың есебі; 

      9) субъект желілерінің (жабдығының) жобалық қуаты және оны іс жүзінде пайдалану туралы деректер; 

      10) реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоспарлы көлемін растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, шарттар); 

      11) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бағасын растайтын құжаттар; 

      12) негізгі құралдарды соңғы қайта бағалау нәтижелері туралы мәліметтер. 

      Егер тарифтерді:
      жаңадан құрылған субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне;
      Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне реттеліп көрсетілетін қызметтердің өзге түрлері бойынша енгізілген субъект көрсететін реттеліп көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлеріне;
      егер субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қолданыстағы тарифтер объектілер және (немесе) учаскелер бойынша жеке бекітілсе, жаңа объектілерге және (немесе) учаскелерге бекіту жүргізілген жағдайда. 

      Өтінімге мыналар қоса беріледі: 

      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сай нысан бойынша тарифтің (бағаның, алым ставкасының) және тарифтік сметаның жобасы; 

      2) жобалық қуат туралы деректер; 

      3) толық жазылуын қоса бере отырып, кредиторлық және дебиторлық берешектің болуы және болмауы туралы деректер; 

      4) субъект персоналының сан нормативтерінің есебі; 

      5) салалық техникалық және технологиялық нормалардың, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптардың есебі; 

      6) негізгі құралдарды пайдалану мерзімдерін көрсете отырып, амортизациялық аударымдардың есебі; 

      7) негізгі өндірістік қорларды жұмыс істейтін күйде ұстау үшін қажетті шығындар сметасының жобасы; 

      8) реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоспарланып отырған көлемін растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, шарттар, өндіріс көлемінің есептері).
      Бұл ретте осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген реттелетін қызметтерді көрсетуші субъектілер осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды қайта қарауға арналған өтінімді алты айдан кешіктірмей беруге міндетті.

      7-1. Төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) және тарифтік сметаны бекітуге арналған өтінімге мыналар қоса беріледі:
      1) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) және тарифтік сметаны бекіту себептерін көрсете отырып, түсіндірме жазба;
      2) осы Ереженің 5-тарауының талаптарына сәйкес осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген нысан бойынша тарифтік сметаның жобасы. Бұл ретте стратегиялық тауарлардың құны ұлғайған жағдайда тарифтік сметада, оларды коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждарға пайдалануды қоспағанда, стратегиялық тауарларды пайдалануды қамтитын шығындардың баптары ғана түзетіледі;
      3) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) және тарифтік сметаны бекіту қажеттілігін растайтын құжаттар.
      Стратегиялық тауарлардың құны ұлғайған жағдайда төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) және тарифтік сметаны бекіту қажеттілігін растайтын құжаттар ретінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекітуге арналған өтінімге шарттар, шот-фактуралар, шығындар деңгейінің есептемелері қоса беріледі.
       Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.20. N 556 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      8. Өтінімге қоса берілетін материалдар мынадай талаптарға жауап беруге тиіс: 

      1) өтінімнің материалдары тігілуі, нөмірленуі, мөрмен және субъект басшысының не оны алмастыратын тұлғаның қолымен расталуы тиіс. Бұл ретте қаржы құжаттарына субъектінің басшысы және бас бухгалтері не оны алмастыратын тұлға қол қоюға әрі субъектінің мөрімен расталуға тиіс; 

      2) материалдар субъект ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне жеке дайындалуға тиіс және ағымдағы және өткен күнтізбелік жылдардағы шығындар туралы іс жүзіндегі деректерді қамтуға тиіс; 

      3) көлемдердің маусымдық ауытқуларының тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) әсер етуін болдырмау мақсатында негіздемеге қаржы жылына арналған есептердегі деректер қабылданады.

      9. Тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) есептеу кезінде негіз үшін ағымдағы және өткен күнтізбелік жылдардағы реттеліп көрсетілетін қызметтердің іс жүзіндегі көлемдері қабылданады.

Реттеліп көрсетілетін қызметтерге өтінімді қарау және тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту

      10. Субъектілердің өтінімдерін уәкілетті орган он күннің ішінде қарайды. Өтінімді қарау мерзімі ол берілген сәттен бастап есептеледі.

      11. Уәкілетті орган субъект ұсынған есептер мен негіздеуші материалдарды талдау негізінде тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларына сараптама жүргізеді. Уәкілетті орган, сондай-ақ ұқсас қызмет түрімен айналысатын субъектілер қызметінің көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жүргізе алады.

      12. Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту туралы шешім қабылданғанға дейін бір күннен кешіктірмей уәкілетті орган жария тыңдаулар өткізеді.
      Осы тармақтың талабы төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) және тарифтік сметаны бекітуге арналған өтінімді қарау жағдайына қолданылмайды.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.20. N 556 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      13. Уәкілетті орган құзыретті органдардан, сондай-ақ субъектінің өзінен оны ұсыну мерзімін, бірақ кемінде бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімді көрсете отырып, қосымша ақпарат сұрата алады.

      14. Субъект талап етілетін ақпаратты уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынбаған немесе оларды толық көлемде ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде мәлімделген шығындарды ескермейді.

      15. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің ұсынылатын көлемдері төмендеген жағдайда төмендеуді растайтын материалдар ұсынылуға тиіс.

      16. Уәкілетті орган өтінімді қарау нәтижелері бойынша субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекіту туралы шешім қабылдайды, ол уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді және оларды қолданысқа енгізгенге дейін он күннен кешіктірмей субъектіге, ал төтенше реттеуші шара ретінде оларды қолданысқа енгізгенге дейін бес күннен кешіктірмей субъектілерге жолданады.
       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.20. N 556 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      17. Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекітуден бас тартылған жағдайда уәкілетті орган бас тартуды жазбаша негіздейді. Уәкілетті органның субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекітуден бас тартуына субъект сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.

Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгізу

      18. Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіткен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап енгізіледі.

      18-1. Төтенше реттеуші шара ретінде тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) қолданысқа енгізу уәкілетті орган белгілейтін күннен бастап жүзеге асырылады.
       Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.20. N 556 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      19. Субъект жаңа тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) бекітілгені туралы ақпаратты оларды қолданысқа енгізгенге дейін кемінде үш күннен кешіктірмей тұтынушының назарына жеткізеді.
      Егер субъект тұтынушыларға жаңа тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгізу туралы жоғарыда көрсетілген мерзімде хабарламаған жағдайда көрсетілген тарифтер (бағалар, алым ставкалары) келесі айдың бірінші күнінен бастап енгізіледі.

      19-1. Уәкілетті орган төтенше реттеуші шаралар ретінде тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту туралы шешім қабылдайды, бұл ретте осы Ереженің 5-тармағының, 8-тармағы 2), 3) тармақшаларының және 9, 11, 18-тармақтарының талаптары қолданылмайды.
       Ескерту. 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.20. N 556 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

4. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаны бекіту тәртібі

      20. Тарифтік сметаның көрсеткіштері уәкілетті орган белгілейтін тарифтің (бағаның, алым ставкасының) деңгейін негіздейтін және қалыптастыратын субъект табыстарының және шығыстарының баптары, реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі және субъект қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері туралы негізгі жиынтық деректер болып табылады. Уәкілетті орган тарифтік сметаны тарифті бекітумен бір мезгілде бекітеді және осы Ережеге 1-қосымшаға сай нысан бойынша жасалады.

      21. Тарифтік сметаны қарау және бекіту кезінде осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген есептеулер мен негіздеуші материалдар пайдаланылады.

      22. Субъект уәкілетті органның талабы бойынша осы Ережеге 2-қосымшаға сай нысан бойынша тоқсан қорытындылары бойынша тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті ұсынады.

      23. Уәкілетті орган тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті қарау кезінде субъектіден өзге де қажетті ақпаратты сұрата алады.

5. Шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі

Реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгізілетін шығындарды реттеу

      24. Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгізілетін шығындарды реттеу тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізілетін шығындардың түрлерін шектеу және субъектінің шығыстар деңгейін шектеу жолымен жүзеге асырылады.

      25. Тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігі субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуына байланысты шығындардың жиынтығы болып табылады, олар тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекіту кезінде ескеріледі. Осы шығындар реттеліп көрсетілетін қызметтің өзіндік құнынан және кезең шығыстарынан (жалпы және әкімшілік шығыстар, өткізу жөніндегі шығыстар) тұрады.

      26. Тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне мыналар енгізіледі:
      1) уәкілетті орган бекіткен субъектілердің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларына және сатып алу нәтижелері бойынша айқындалған материалдық ресурстардың бағаларына сүйене отырып айқындалатын материалдық шығыстар; 

      2) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына және осы іс-шараларды өткізу қажеттілігінің құжатты растауы болған кезде негізгі өндірістік қорларды жұмыс істейтін күйде ұстауға шығыстар; 

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сатып алынған қызметтерге және жұмыстарға шығыстар; 

      4) нормативтік техникалық ысыраптарға байланысты шығыстар; 

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген төлем ставкаларына, тәртібіне және талаптарына сәйкес айқындалатын кезең шығыстарында ескерілетін міндетті сақтандыру түрлеріне, салықтарға, алымдар мен төлемдерге шығыстар; 

      6) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында көзделген тұтыну бағалары индексінің болжанып отырған өзгерісін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алымдар ставкаларында) қабылданған іс жүзіндегі, бірақ субъект персоналының нормативтік санынан және орташа айлық жалақыдан аспайтын санға сүйене отырып айқындалатын өндірістік персоналға еңбекақы төлеуге шығыстар; 

      7) шығындарға енгізілетін әкімшілік персоналға еңбекақы төлеуге шығыстар іс жүзіндегі, бірақ субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын санға сүйене отырып айқындалады, бұл ретте жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне және олармен аффилиирленген тұлғаларға еңбекақы төлеудің шекті деңгейі уәкілетті органмен келісіледі.
      Уәкілетті орган қызметтің ұқсас түрімен айналысатын субъектілерге еңбекақы төлеуге арналған шығындарға салыстырмалы талдаудың негізінде тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгізілетін әкімшілік және (немесе) өндірістік персоналға еңбекақы төлеуге шығыстардың деңгейін қарайды, сондай-ақ субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтері көлемдерінің серпінін назарға алады; 

      8) еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар төлеуге байланысты шығыстар; 

      9) тік желілік (біркелкі) есептеу әдісі бойынша есептелген негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары, бұл ретте субъект қайта бағалау жүргізгеннен кейін амортизациялық аударымдардың ұлғаюы тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне кезең-кезеңмен енгізіледі; 

      10) қоршаған ортаны ластағаны үшін және табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қорғау және ұдайы өсіру үшін төлемдерге байланысты шығыстар; 

      11) субъектінің инвестициялық жобасын іске асыруға қарыз қаражаты үшін сыйақылар төлеуге шығыстар.
      Инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде алынған қарыз қаражаты бойынша сыйақы мөлшерін өзгертуге (кредиттер үшін пайыздар, комиссиялық төлемдер) уәкілетті органның келісімімен жол беріледі.
      Инвестициялық жобаны іске асыру үшін ұлттық валютада алынған қарыз қаражаты бойынша сыйақы төлеуге шығыстар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың екі еселік ресми ставкасын қолданып есептелген сома шегінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) есептеу кезінде ескеріледі.
      Инвестициялық жобаны іске асыру үшін шетел валютасында алынған қарыз қаражаты бойынша сыйақы төлеуге шығыстар Лондон банкаралық нарығының төрт еселік ставкасын қолданып есептелген сома шегінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) есептеу кезінде ескеріледі.
      Шетелдік валютада алынған қарыз қаражаты үшін сыйақы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының негізгі көрсеткіштері және Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштері негізінде шетелдік валютаға теңге бағамының болжамды өзгеруін ескеріп, тарифтің (бағаның, ставкасының) шығын бөлігіндегі кезең шығыстарында ескеріледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы субъектінің өтінім берген күніне қолданылады; 

      12) уәкілетті органның бастамасы бойынша тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекіткен жағдайда тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) өзгеруінің атындағы кезеңдегі тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алымдар ставкаларында) қабылданған шығыстар шегіндегі жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстар.
      Уәкілетті орган тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгізілетін салықтарды қоспағанда, субъектінің әкімшілік шығындарының іс жүзіндегі құрамына жүргізілген қаржылық сараптама нәтижелері бойынша не реттеліп көрсетілетін қызметтерді іске асыру көлемдері төмендеген және субъектілер қызметінің тиімділігі төмендеген кезде (реттеліп көрсетілетін қызметтің бірлігінің өзіндік құнының ұлғаюы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерінің азаюы, кредиторлық және дебиторлық берешектің өсуі) жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстар сомасының өзгеруін қарайды.

      27. Мемлекеттік бюджет қаражатынан субъектіге бөлінетін субсидиялар тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігін кемітуге ескеріледі, ал су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектіге оны ұсыну кезеңінде қолданылатын мемлекеттік субсидиялауды ескере отырып жеке тариф (баға, алым ставкасы) белгіленеді.

      28. Тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізілмейтін жалақыға қоса берілетін сыйлықақыларға және сыйақылардың басқа түрлеріне шығыстарды субъект (мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда) таза табыстан (іс жүзіндегі пайдадан) жүзеге асыра алады.

Субъектілердің инвестициялары

      29. Инвестицияларды субъектілер өз қаражаты және (немесе) қарыз қаражаты есебінен жүзеге асыруы мүмкін. Кәсіпорынның өз қаражатының көздері пайда (таза табыс) және амортизациялық аударымдар болып табылады.
      Қарыз қаражатын қайтару пайда және (немесе) амортизациялық аударымдар есебінен жүзеге асырылады.

      30. Акцияларды (үлестерді) сатып алу, сондай-ақ субъектінің коммерциялық ұйымдарға қатысуының өзге нысандары уәкілетті органның келісімі бойынша субъектінің таза табысының (іс жүзіндегі пайдасының) есебінен жүзеге асырылады.

Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстардың тізбесі

      31. Субъектілердің тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) қалыптастыру және бекіту кезінде тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігінде мыналар ескерілмейді:
 

      1) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптарға, тауар-материалдық құндылықтардың және қоймадағы қорлардың бұзылуына және жетіспеушілігіне, басқа өндірілмейтін шығыстар мен ысыраптарға шығыстар; 

      2) реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсеткен, ұсынған кезде пайдаланылмайтын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары; 

      3) сенімгерлік басқаруға, мүліктік жалға, лизинг бойынша алынған негізгі құралдарды (жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдардан басқа) пайдаланғаны үшін жалдау ақысына және/немесе сыйақылар төлеуге шығыстар; 

      4) ластайтын заттардың нормативтен тыс шығарындыларына (тастандыларына) төлемдер; 

      5) сот шығындары; 

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салынған айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыздық айыбы және санкциялардың басқа да түрлері; 

      7) ұрлықтан болған залалдар; 

      8) сапасыз өнімді өндіруден (атаудан) болған шығындар; 

      9) қызмет көрсететін өндірістер мен шаруашылықтарды ұстауға шығыстар; 

      10) денсаулық сақтау объектілерін, мектепке дейінгі балалар мекемелерін, оқу орындарын, технологиялық қажеттіліктен басқа, құзыретті органмен келісілген кәсіптік-техникалық училищелерді ұстауға шығыстар; 

      11) сауықтыру лагерьлерін, мәдениет және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстауға шығыстар; 

      12) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық іс-шараларды (демалыс кештерін, спектакльдер, концерттер өткізу) өткізуге шығыстар; 

      13) кәсіпорындар қызметкерлеріне тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бақша үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға берілген несиелерді (пайызсыздарды қоса алғанда) өтеуге шығыстар; 

      14) бақша серіктестіктерін абаттандыруға (оның ішінде жол салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа да шығыстарды жүзеге асыру) шығыстар; 

      15) дәрістер, көрмелер, диспуттар, ғылым және өнер қайраткерлерімен кездесулер, ғылыми-техникалық конференциялар өткізуге және ұйымдастыруға, қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтарға мүшелік жарналарға шығыстар; 

      16) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамаға, өндірістік мақсатта пайдаланылатын өнімдерді қоспағанда, жарнамалық, плакаттық және типографиялық өнімдер шығаруға шығыстар; 

      17) субъектінің персоналы үшін пәтерлерді, тұрғын ғимараттарды және құрылыстарды, жатақханалардан және қонақ үйлерден орын сатып алуға, жалдауға және ұстауға шығыстар; 

      18) қаланы абаттандыру, ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды орындауға және жұмыстың осындай ұқсас түрлеріне шығыстар; 

      19) білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлердің демалыстарына ақы төлеуге шығыстар; 

      20) сыйлықақы және басқа да сыйақы нысандарын беруге шығыстар; 

      21) кәсіптік ауруларды оңалтып емдеуге байланысты шығындардан басқа, субъектінің қаражаты есебінен қызметкерлерді және олардың балаларын емдеуге, демалуға, экскурсияға жолдамаларды төлеуге шығыстар; 

      22) өз қызметкерлеріне медициналық көмек беруге денсаулық сақтау органдарымен жасалған шарттар бойынша емханалардың қызметтеріне ақы төлеуге шығыстар; 

      23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру төлемдері (кәсіпорындардың өз қызметкерлерінің пайдасына жасалған жеке және мүліктік сақтандыру шарттары бойынша кәсіпорындар төлейтін жарналар);

      24) қызметкерлерге қосымша берілген демалыстарға ( заңнамада көзделгеннен тыс) ақы төлеуге, оның ішінде бала тәрбиелеп отырған әйелдерге, қызметкердің отбасы мүшелеріне демалысты пайдаланатын жерге бару және қайту жолына ақы төлеуге шығыстар; 

      25) демеушілік көмектің барлық түрлерін көрсетуге шығыстар; 

      26) заңнамада көзделгеннен басқа, субъектінің қызметкерлеріне жеңілдіктер; 

      27) мерейтойлар күніне арналған немесе қызметкерлерге көтермелеу түрінде берілетін сыйлықтар (автомашиналарды, пәтерлерді, ұзақ пайдаланатын заттарды және басқа тауарларды, сондай-ақ қызметкерлердің жеке шоттарының пайыздық ставкасын көбейтуді қоса алғанда) сатып алуға шығыстар; 

      28) мектепке дейінгі мекемелердегі, санаторийлердегі және сауықтыру лагерьлеріндегі балаларды тамақтандыру құнын өтеуге шығыстар; 

      29) ұжымдық шартпен айқындалған мақсаттарға кәсіподақтарға арналған аударымдар; 

      30) өндірісті өнертапқыштыққа және рационализаторлыққа: тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізуге, өнертабыс және рационализаторлық ұсыныстар бойынша модельдер мен үлгілерді дайындауға және сынауға, өнертапқыштық және оңтайландыру бойынша көрмелер, байқаулар, конкурстар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға, авторлық сыйақыларды төлеуге байланысты шығыстар; 

      31) реттеліп көрсетілетін қызметтерді өндіруге және көрсетуге тікелей қатысы жоқ және тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) өсуіне әкелетін шығыстардың басқа да түрлері.

6. Уақытша өтемдік тарифті есептеу және бекіту тәртібі

Уақытша өтемдік тарифті бекіту үшін негіздер

      32. Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтердің тұтынушыларына залал келтірген әрекеттер жасауы уақытша өтемдік тарифті бекіту үшін негіз болып табылады.

      33. Субъектінің тұтынушыларға залал келтірген әрекеттері мыналар болып танылады:
      1) тарифті (бағаны, алым ставкасын) заңсыз көтеру; 

      2) тарифке (бағаға, алым ставкасына) іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың құнын енгізу; 

      3) бекітілген тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударымдардың қаражатын мақсатсыз пайдалану; 

      4) тарифтік сметаға салынған, шығындарды оңтайландыру немесе өндірістік активтердің жаңаларын жасауға, оларды кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, қайта құруға және техникалық қайта жарақтандыруға реттеліп көрсетілетін қызметтердің неғұрлым тиімді әдістері мен оларды ұсыну технологияларын қолдану нәтижесінде туындаған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігін бағыттауды қоспағанда, тарифтік смета шығындарының баптарын орындаудың бекітілген мөлшерден бес пайыздан астам ауытқуы.

Уақытша өтемдік тарифті бекіту тәртібі

      34. Уақытша өтемдік тарифті уәкілетті орган:
      1) субъектінің қызметіне жүргізілген тексерістер нәтижелерінің;

      2) субъектінің уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаны орындауын талдау нәтижелерінің негізінде бекітеді.

      35. Осы Ереженің 33-тармағында көрсетілген фактілерді анықтау үшін уәкілетті орган субъектіден қажетті ақпаратты оны ұсыну мерзімдерін, бірақ кемінде бес жұмыс күнін көрсете отырып сұратады.

      36. Уақытша өтемдік тарифті енгізу тексеру жүргізілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.

      37. Субъект уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы ақпаратты оны қолданысқа енгізгенге дейін он күннен кешіктірмей тұтынушының назарына жеткізеді.

      38. Уәкілетті органның субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешімі уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді.

      39. Уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы уәкілетті органның шешіміне субъект сот тәртібімен шағымдана алады.

      40. Уақытша өтемдік тариф қолданылған кезеңде субъект уәкілетті органға осы Ережеге сәйкес өтініш жасай алады.
      Бұл ретте жаңа тариф (баға, алым ставкалары) деңгейінің негіздемесіне қабылданған табыс шешім қабылдаған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тұтынушыларға өтегендерін шегеріп тастағандағы негізсіз алынған табыстың сомасына кемиді.

Уақытша өтемдік тарифтің мөлшерін есептеу тәртібі

      41. Осы Ереженің 33-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер анықталған жағдайда уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін қызметтердің және субъект жол берген бұзушылықтар кезеңінде іс жүзінде алынған табыстардың көлемін анықтайды.

      42. Субъекті жіберген бұзушылықтар кезеңі:
      1) осы Ереженің 33-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда субъект уәкілетті орган бекіткен заңсыз жоғарылатылған тариф алған кезең;
      2) осы Ереженің 33-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайда уәкілетті орган субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтік смета бекіткен жыл саналады.

      43. Осы Ереженің 33-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда негізсіз алынған табыстың сомасы (НТ) мынадай формула бойынша айқындалады:

НТ = (Т 1 Т) х V 1, мұндағы:

      Т 1 - субъект іс жүзінде қолданған реттеліп көрсетілетін қызметтердің құны, теңге;
      Т - уәкілетті орган бекіткен тариф (баға, алым ставкасы), теңге;
      V 1 - бұзушылықтарға жол берілген кезеңде субъектінің реттеліп көрсеткен қызметтерінің табиғи монополияның тиісті саласының заттай көрсеткіштеріндегі іс жүзіндегі көлемі.
      Осы Ереженің 33-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда негізсіз алынған табыстың сомасы (НТ) мынадай формула бойынша айқындалады:

НТ = А мақсатсыз , мұндағы:

      А мақсатсыз - бекітілген тарифте (бағада, алым ставкасында) және (немесе) тарифтік сметада амортизациялық аударымдар қаражаты есебінен көзделген, табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуда пайдаланылатын тіркелген активтерге күрделі салымдарға және тартылған кредиттік ресурстар бойынша негізгі борышты қайтаруға байланысты емес мақсатқа бағытталған қаражат, теңге. 

      44. Осы Ереженің 33-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайда, негізсіз алынған табыстың сомасы (НТ) мынадай формула бойынша айқындалады:

НТ = З, мұндағы:

      З - бекітілген тарифтік сметада ескерілген жалпы шығындармен салыстырғанда шығындарды жалпы жете игермеу, теңге. 

      45. Субъектінің уақытша өтемдік тариф қолданылатын кезеңде алатын табысы жылдық амортизация сомасының елу пайызын шегергендігі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін қажетті шығындардың құнынан төмен болмауға тиіс.
      Субъект уақытша өтемдік тариф қолданылу кезеңінде алатын табысты айқындау үшін тарифтің (бағаның, алым ставкасының) ең төменгі ықтимал шекті деңгейі (Т шек ) мынадай формула бойынша есептеледі: 

Т шек = ТхV - (П + 0,5 х А) , мұндағы:
V

      Т шек - тарифтің (бағаның, алым ставкасының) ең төменгі ықтимал шекті деңгейі, теңге;
      Т - уәкілетті орган бекіткен тариф (баға, алым ставкасы), теңге;
      V - бекітілген тарифтік сметада ескерілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің табиғи монополияның тиісті саласының заттай көрсеткіштердегі жылдық көлемі;
      П - бекітілген тарифтік сметада ескерілген пайда, теңге;
      А - бекітілген тарифтік сметада ескерілген жылдық амортизация, теңге. 

      46. Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасы) (Т өтем ) мынадай формула бойынша айқындалады:

Т өтем =         T x V - HT         , мұндағы:
V

      Т өтем - уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасы), теңге;
      Т - уәкілетті орган бекіткен тариф (баға, алым ставкасы), теңге;
      V - бекітілген тарифтік сметада ескерілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің табиғи монополияның тиісті саласының заттай көрсеткіштердегі жылдық көлемі. 

      47. Уәкілетті орган уақытша өтемдік тарифтің (бағаның, алым ставкасының) қолданылу кезеңін (бұдан әрі - қолданылу кезеңі) айқындайды:
      1) егер Т өтем < Т шек болған жағдайда қолданылу кезеңі мынадай формула бойынша айқындалады:

n =           HT          мұндағы:
(Т-Т шек ) х V

      n - уақытша өтемдік тарифтің қолданылу кезеңі;
      Т өтем - уақытша өтемдік тариф, теңге;
      Т - уәкілетті орган бекіткен тариф (баға, алым ставкасы), теңге;
      Т шек - тарифтің ең төменгі ықтимал шекті деңгейі, теңге;
      V - бекітілген тарифтік сметада ескерілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің табиғи монополияның тиісті саласының заттай көрсеткіштердегі жылдық көлемі.
      Уақытша өтемдік тариф тарифтің ең төменгі ықтимал шекті деңгейінің шегінде бекітіледі:

Т өтем = Т шек ;

      2) егер Т өтем > = Т шек болған жағдайда қолданылу кезеңі мынадай формула бойынша айқындалады:

n =      НТ          
     (Т-Т өтем ) х V

Қуаттылығы аз табиғи монополиялар 
субъектілерінің қызметін оңайлатылған
мемлекеттік реттеу ережесіне    
1-қосымша            

_____________________________________________________________________
                         (субъектінің атауы)

Реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтік смета

Р/с
N

Көрсеткіштердің атауы*

Өлшем бірлігі

Қолданыстағы тарифте бір жылға арналған есептемемен қабылданғаны, барлығы

Табиғи монополия субъектісінің жобасы

1

2

3

4

5

1

Тауарлар өндіруге және қызметтер көрсетуге жұмсалатын шығындар, барлығы

мың теңге



1

Материалдық шығындар, барлығы

-//-




оның ішінде:




1.1

шикізат және материалдар

-//-



1.2

энергия

-//-



1.3

ЖЖМ

-//-



1.4

отын

-//-



1.5

сатып алынатын энергия

-//-



1.6

сатып алынатын су

-//-



2

су шаруашылығы және кәріз жүйелері электр энергиясының технологиялық шығысы (нормативтік ысыраптар)

-//-



3

Еңбекақы төлеу шығындары, барлығы

-//-




оның ішінде:




3.1

жалақы

-//-



3.2

әлеуметтік салық

-//-



4

Амортизация

-//-



5

Жөндеу, барлығы

-//-




оның ішінде:




5.1

негізгі құралдардың құнын ұлғайтуға алып келмейтін күрделі жөндеу

-//-



6

Өзге шығындар, барлығы

-//-




оның ішінде:




6.1

байланыс қызметтері

-//-



6.2

жүктерді бөгде ұйымдардың тасымалдауы

-//-



6.3

күзет қызметтері

-//-



6.4

іссапар шығыстары

-//-



6.5

кадрлар даярлау

-//-



6.6

еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі

-//-



6.7

табиғи ресурстарды (суды және басқаларын) пайдаланғаны үшін төлемақы

-//-



6.8

іске қосу-реттеу жұмыстары

-//-



6.9

өндірістік үй-жайларды дезинфекциялау, дератизациялау, қоқыс шығару және басқа да коммуналдық қызметтер

-//-



6.10

міндетті сақтандыру түрлері

-//-



6.11

лицензияларды сатып алу

-//-



6.12

қоршаған ортаны қорғау

-//-



6.13

басқа да шығындар (толық жазу қажет)

-//-



II

Кезең шығыстары, барлығы

-//-



7.

Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы

-//-



7.1

Еңбекақы төлеу шығындары, барлығы

-//-




оның ішінде:




7.1.1

әкімшілік персоналдың жалақысы

-//-



7.1.2

әлеуметтік салық

-//-



7.2

банк қызметтері

-//-



7.3

амортизация

-//-



7.4

техникалық басқару құралдарын, есептеу техникасын және т.б. ұстауға және оларға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстар

-//-



7.5

коммуналдық қызметтер

-//-



7.6

бөгде ұйымдардың қызметтері

-//-



7.7

іссапар шығыстары

-//-



7.8

өкілдік шығыстар, мерзімді баспасөзге, байланысқа жұмсалатын шығыстар

-//-



7.9

еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі

-//-



7.10

жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдарды жалдау

-//-



7.11

салықтар

-//-



7.12

басқа да шығыстар (толық жазу қажет)

-//-



8

Өткізу қызметін ұстауға жұмсалатын шығыстар, барлығы

-//-




оның ішінде:




8.1

жалақы

-//-



8.2

әлеуметтік салық

-//-



8.3

түбіртектерді ресімдеуге жұмсалатын шығыстар

-//-



8.4

қызметтерді өткізуге байланысты амортизация (оның ішінде су өлшегіштердің)

-//-



8.5

ағымдағы жөндеу

-//-



8.6

негізгі құралдардың құнын ұлғайтуға алып келмейтін күрделі жөндеу

-//-



8.7

маркетингтік қызметтер

-//-



8.8

басқа да шығыстар (толық жазу қажет)

-//-



9

Сыйақылар төлеуге жұмсалатын шығыстар

-//-



III

Шығындардың барлығы

-//-



IV

Пайда

-//-



V

Кірістердің барлығы

-//-



VI

Көрсетілетін қызметтердің көлемі

мың м3, мың Гкал, кВтсағ



VII

Номрмативтік ысыраптар

мың м3/мың теңге мың Гкал/мың теңге кВтсағ/мың теңге



VIII

Тариф (ҚҚС-сыз)

мың м3, мың Гкал, кВтсағ



      Басшы ______________________________________________________
                 (лауазымы, қолы, тегі және аты-жөні)

      М.О
      *- шығындар қыжет болған кезде кеңейтілуі немесе толықтырылуы мүмкін.

Қуаттылығы аз табиғи  
монополиялар субъектілерінің
қызметін оңайлатылған 
мемлекеттік реттеу ережесіне
2-қосымша      
 

                                                                             (субъектінің атауы)
 

                                                                  реттеліп көрсетілетін қызметтеріне        жылға арналған
          тарифтік сметаның орындалуы туралы есеп

Р/с
N
Тариф-
тік
смета
көрсет-
кіште-
рінің
атауы
Өлшем
бірлі-
гі
Бекі-
тілген
тариф-
тік
сметада
көздел-
гені
Тарифтік
сметаның
іс жүзін-
де қалып-
тасқан
көрсеткіш-
тері
Ауытқу
%-бен
Ауытқу
себептері