Осы Заң Қазақстан Республикасындағы табиғи монополия аясындағы iс-әрекеттi реттейдi және тұтынушылары мен табиғи монополия субъектiлерiнiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. <*>
Ескерту. Кіріспе өзгерді, Заңның бүкiл мәтiнi бойынша "баға мен тарифтердi", "бағаларды, тарифтердi", "бағалар мен тарифтер", "бағалар (тарифтер)", "бағаларды (тарифтердi)", "бағалар мен тарифтерге", "бағалар мен тарифтердiң", "бағалары мен тарифтерiнiң, "бағалары мен тарифтерiн", "бағалар мен тарифтердi" деген сөздер тиiсiнше "тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)", "тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына)", "тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының)", "тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын)", "тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары)" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
Осы Заңның мақсаты:
1) табиғи монополия аясындағы қызметтi мемлекеттiк бақылау мен реттеудiң құқықтық негiздерiн белгiлеу;
2) тұтынушылар мен табиғи монополия субъектiлерi мүдделерiнiң теңдестiрiлуiне қол жеткiзу болып табылады.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
2-бап. Осы Заңның қолданылуы <*>
1. Осы Заң табиғи монополия субъектiлерiнiң өмiр сүруiне және iс-әрекетiне байланысты қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногында туындайтын қатынастарды реттейдi.
2. Осы Заңның ережелерi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, олардың құрылтайшыларының (қатысушыларының) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасалатын әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) де, осы әрекеттер (әрекетсiздiк) осы Заңға қайшы келген және табиғи монополиялардың қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушыларға залал келтiрген жағдайларда қолданылады.
3. Осы Заңның күшi табиғи монополия аясына жатқызылған, бiрақ тек жеке өзiнiң ғана мұқтаждарына арналған объектiлердi салу мен пайдалануға байланысты iс-әрекеттi жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданылмайды. <*>
3-1. Осы Заңмен табиғи монополия аясына жатқызылған iс-әрекеттi жүзеге асыратын рынок субъектiлерi үшiн мемлекеттiк реттеу мен бақылау осындай iс-әрекетке қатысты ғана қолданылады.<*>
4. Осы Заңда қамтылмаған құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы және басқа да заңдарымен реттеледi.
Ескерту. 2-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жалпыға бiрдей қызмет көрсету - табиғи монополия субъектiлерiнiң табиғи монополия субъектiлерi iс-әрекетiн жүзеге асыратын және қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) ұсына алатын Қазақстан Республикасының белгiлi бiр аумағында барлық тұтынушыларға қызметтерiн ұсынуы және тауарлар өндiрiп, жұмыстарды орындауы:
1-1) уақытша өтемдiк тариф - табиғи монополиялар субъектiсiнiң тұтынушыларға келтiрген шығындарға өтем жасауы мақсатында уәкiлеттi орган белгiлеген тариф (баға, алым ставкасы);<*>
1-2) уақытша төмендету коэффициентi - тұтынушылар мен табиғи монополия субъектiсi мүдделерiн қорғау мақсатында уәкiлеттi орган белгiлеген және тарифке (бағаға, алым ставкасына) қолданылатын шама; <*>
2) тұлғалар тобы - табиғи монополия субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) он және одан көп процентiн иеленетiн, келiсiм нәтижесiнде бiрлесiп тiкелей немесе жанама шешiм айқындауға және (немесе) табиғи монополия субъектiсiнiң қабылдайтын шешiмдерiне ықпал етуге құқығы бар заңды тұлғалардың, заңды және жеке немесе жеке тұлғалардың жиынтығы; <*>
3) табиғи монополия - қызметтердiң осы түрiн (тауарлардың, жұмыстардың) өндiру мен ұсынудың технологиялық ерекшелiктерiне байланысты қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) белгiлi бiр түрiне сұранысты қанағаттандыру үшiн бәсекелестiк жағдай жасау мүмкiн болмайтын немесе экономикалық жағынан тиiмсiз болатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногының жай-күйi;
4) табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы - табиғи монополия субъектiсiнiң тауарларын, жұмыстары мен қызметтерiн пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
4-1) жария тыңдау - табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне тарифтердiң (бағаның, алым ставкаларының) жобасын депутаттарды, мемлекеттiк органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерiн, тәуелсiз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және табиғи монополиялар субъектiлерiн шақыра отырып талқылау рәсiмi; <*>
5) табиғи монополия субъектiсi - табиғи монополия жағдайында тауарлар өндiрумен, жұмыс орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызмет көрсетумен айналысатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға; <*>
5-1) табиғи монополия аясы - жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға табиғи монополия субъектiсi болып танылуы мүмкiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногында туындайтын қоғамдық қатынастар саласы; <*>
5-2) тариф (баға, алым ставкасы) - табиғи монополия субъектiсi қызметтерiнiң уәкiлеттi орган бекiткен құнының ақшалай көрiнiсi; <*>
5-3) тарифтiк смета - табиғи монополия субъектiсiнiң, уәкiлеттi орган жыл сайын бекiтетiн, кiрiстерi мен шығыстарының баптары туралы жиынтық деректер; <*>
6) уәкiлеттi орган - табиғи монополия аясындағы iс-әрекеттi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; <*>
7) табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерi - тұтынушыға белгiлi бiр тауар беру түрiнде қызметтер ұсыну реттерiн қоса алғанда, табиғи монополия жағдайларында ұсынылатын және тұтынылатын қызметтер, тауарлар, жұмыстар;
8) төтенше реттеушi шаралар - азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкiн, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында уәкiлеттi орган қолданатын шаралар. <*>
Ескерту. 3-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
4-бап. Табиғи монополияның iс-әрекет аясы
1. Қазақстан Республикасында табиғи монополиялар аясында мынадай iс-әрекет түрлерi жатады:
1) магистралды труба құбырлары арқылы мұнайды және(немесе) мұнай өнiмдерiн тасымалдау; <*>
2) газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) тарату құбырлары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану; <*>
3) электр және (немесе) жылу энергиясын беру мен (немесе) бөлу; <*>
3-1) жылу энергиясын жылыту қазандықтарында, өндiрiстiң құрамдастырылған үлгісіндегі станцияларда өндіру; <*>
3-2) электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтер; <*>
4) магистральдық темір жол желісінің қызметі;
4-1) бәсекелес кiрме жолдар және оны салудың технологиялық мүмкiндiктерi не экономикалық тиiмдiлiгi болмаған кездегi кiрме жолдардың қызметтерi; <*>
5) әуенавигация, айлақтар, әуежайлар көрсететiн қызмет;
6) тарифтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсетуді қоспағанда, техникалық мүмкіндіктің болмауынан не экономикалық тиімсіздіктен телекоммуникация қызметтерін көрсететін бәсекелес байланыс операторы болмаған жағдайда көрсетілетін телекоммуникация қызметтері; <*>
6-1) телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу мақсатында кәбілдік кәріз бен технологиялық мүлікті жалға немесе пайдалануға беру қызметтері; <*>
7) су шаруашылығы және(немесе) канализация жүйелерi көрсететiн қызмет; <*>
8) почта байланысының жалпыға бiрдей қолжетiмдi қызметтерi;<*>
9) <*>
2. Табиғи монополия субъектiлерi республикалық және жергiлiктi бөлiмдерден тұратын Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлуге жатады. <*>
3. Табиғи монополия субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3-1. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi бойынша тiркеледi. <*>
ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 260
Заңымен.
Ескерту. 4-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.05. N 568
Заңымен
.
5-бап. Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн
шектеу <*>
1. Табиғи монополия субъектiсiне:
1) осы Заңның 18-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзiнiң негiзгi қызметiне қатысы жоқ қызметтер көрсетуге және өзге қызметтi жүзеге асыруға;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң өндiрiспен және қызмет көрсетулермен, сондай-ақ осы Заңның 18-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызметтi жүзеге асырумен байланысы жоқ мүлiкке меншiк және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығына ие болуға;
3) мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан және осы Заңмен табиғи монополия субъектiсi үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырушы ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (үлестерiн) иеленуге немесе олардың қызметiне өзге де түрде қатысуға;
4) ұсынылған қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген мөлшерден асатын ақы алуға, сондай-ақ шығындары бекiтiлген тарифтерде (бағаларда, алымдар ставкаларында) ескерiлмеген қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн тұтынушылардан ақы алу есебiнен кiрiс алуға;
5) табиғи монополия субъектiлерi көрсететiн қызметке қол жеткiзу шарттарын күштеп таңуға немесе табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерi тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де ic-әpeкeттep жасауға;
6) егер ұсынылатын қызметтерге (өндiрiлетiн тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын үшiншi тұлғаларға беру, табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерi тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) көтерiлуiне әкеп соғатын болса, бұл әрекеттi жасауға;
7) пайдаланған қызмет көрсетулер (тауарлар, жұмыстар) көлемiн жосықсыз тұтынушылардың төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тартуға;
8) қызмет көрсетулерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты емес шығындарды олардың тарифтерiне (бағаларға, алымдар ставкаларына) енгiзуге тыйым салынады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шектеулер табиғи монополия аясына жатқызылған қызметi ол үшiн негiзгi болып табылмайтын рынок субъектiсiне қолданылмайды.
ЕСКЕРТУ. 5-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.13. N 413
Заңымен.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
6-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң құқықтары
Табиғи монополия субъектiсiнiң:
1) заңдарға сәйкес тұтынушылар сақтауға мiндеттi техникалық талаптар белгiлеуге;
1-1) барлық тұтынушыларға ұсынылатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылуы кезеңiнде уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге; <*>
1-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен техникалық қызмет көрсетудi жүргiзуге және есептеу аспаптарын тексерудi ұйымдастыруға; <*>
2) уәкiлеттi орган шешiмдер қабылдаған кезде өзiнiң iс-әрекетi мен құқықтық мәртебесi мәселелерiн қозғайтын ұсыныстар енгiзуге;
3) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекетiне (әрекетсiздiгiне) сотқа шағымдануға;
4) басқа субъектiлердiң өз iс-әрекетiне, табысына, меншiгiне немесе құқықтық мәртебесiне әсер ететiн әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға;
5) заң белгiленген тәртiппен өзiн Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiнен шығару туралы уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға;
6) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы.
Ескерту. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
7-бап. Табиғи монополия субъектiлерiнiң мiндеттерi
Табиғи монополия субъектiсi:
1) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн шешiмдерiн орындауға;
2) ұсынылатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) ескере отырып, қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға жан-жақты сапалы қызмет көрсетудi қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескерiлген қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан басқа жағдайларда, қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайлармен ұсынуға; <*>
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға; <*>
5) уәкiлеттi органның талап етуi бойынша қаржы есептiлiгi мен өзге де қажеттi ақпарат беруге;
6) қоғамдық, экологиялық қауiпсiздiк және азаматтар денсаулығы үшiн қауiпсiздiк принциптерiн сақтай отырып, табиғи монополияның қызметтер өндiруi мен ұсынуының неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдап алуға; <*>
7) аудиторлық ұйымдармен (аудиторлармен) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарында белгiленген аудит жүргiзу шартына қосымша талаптарға сәйкес жыл сайынғы мiндеттi аудит жүргiзуге. Тексеру нәтижелерi және жылдық қаржы есептiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тексеру нәтижелерi бекiтiлген кезден бастап отыз күннен кешiктiрмей, табиғи монополия субъектiсi өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң тиiстi аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялануға тиiс; <*>
7-1) осы Заңмен рұқсат етiлген өзге қызметтi жүзеге асыру кезiнде бөлек бухгалтерлiк есеп жүргiзуге; <*>
7-2) тарифтiк сметаны орындауға;
8) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгi шартқа сәйкес табиғи монополия аясына жататын, ұсынылатын қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне тұтынушылармен шарт жасасуға; <*>
9) ұсынылатын коммуналдық қызметтердi есептеу аспаптарын сатып алуға және тұтынушыларға оларды орнатуға; <*>
10) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде ескерiлетiн инвестициялық жобаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзудi уәкiлеттi органмен келiсуге; <*>
11) уәкiлеттi органның талап етуiмен тоқсан қорытындысы бойынша тарифтiк сметаның орындалуы туралы есеп беруге; <*>
12) қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;
13) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) төмендету туралы оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн он күн бұрын уәкiлеттi орган мен тұтынушыларды хабардар етуге мiндеттi. <*>
Ескерту. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
8-бап. Табиғи монополия субъектісiнiң мүлкiн иелiктен
айыру және акцияларын (үлестерiн) сатып алу
Ескерту. 8-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364 Заңымен.
9-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қайта
құру және тарату
Ескерту. 9-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364 Заңымен.
10-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн
(тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының құқықтары
Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша сатып алуға, есепке алу аспаптарын орнатуды талап етуге; <*>
2) шешiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, жаңа шешiмдер қабылдау немесе қолданылып жүрген шешiмдердiң күшiн жою туралы уәкiлеттi органға өтiнiш беруге;
3) уәкiлеттi органның әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ ол қабылдаған шешiмдерге сот тәртiбiмен шағымдануға;
4) уәкiлеттi органға және (немесе) сот тәртiбiмен табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекеттерiне шағымдануға;
4-1) жария тыңдауларға қатысуға; <*>
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы.
Ескерту. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
11-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн
тұтынушының мiндеттерi
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге; <*>
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес табиғи монополия субъектiлерi белгiлейтiн техникалық талаптарды орындауға мiндеттi.
2. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн тұтынушының (мемлекеттiк органдардан басқа) дербес немесе бiр топ адамдар құрамында өзi қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланатын табиғи монополия субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) 25 проценттен астамын иеленуiне (немесе өзгедей түрде бақылау жасауына) тыйым салынады. <*>
3. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн тұтынушының өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган, егер бұл тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) төмендеуiне әкеп соғатын болса, осы бапта белгiленген шектеулердiң күшiн жоюға хақылы.
Ескерту. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
Уәкiлеттi органның қызметiн ұйымдастыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
13-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi
Уәкiлеттi орган мынадай мiндеттердi атқарады:
1) Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiн құрады және жүргiзедi, олардың iс-әрекетiн мемлекеттiк реттеу мен бақылауды жүзеге асырады;
2) өз құзыретi шегiнде осы Заңның және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады және жолсыздықтарды анықтау мен жою жөнiнде шаралар қолданады;
3) табиғи монополиялар туралы заңдарды жетiлдiру жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi;
4) табиғи монополия аясында тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) белгiлеудiң кемсiтпейтiн әдiстемелерiн әзiрлейдi, бекiтедi және қолданады; <*>
5) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарын қолдану практикасын жинақтайды, соның негiзiнде әдiстемелiк ұсынымдар шығарады. <*>
Ескерту. 13-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
14-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары
1. Уәкiлеттi орган:
1) табиғи монополия аясында iс-әрекеттi жүзеге асыратын субъектiлердi Мемлекеттiк тiркелiмге кiргiзу туралы не одан шығару туралы шешiмдер қабылдауға;
2) осы Заңға және өзге де заң актiлерiне сәйкес табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттейтiн шешiмдер қабылдауға;
3) мемлекеттiк реттеудi енгiзу, өзгерту немесе тоқтату туралы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдауға;
4) өз құзыретi шегiнде табиғи монополиялар аясында осы Заңды бұзу фактiлерi бойынша жолсыздықтарды тыю мен олардың салдарларын жою туралы шешiмдер қабылдауға;
5) табиғи монополия субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда, табиғи монополия субъектiлерiнiң көрсететiн қызметтерiне тұтынушылармен шарттар жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерiстер енгiзу туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар енгiзуге; <*>
6) табиғи монополия субъектiсiне технологиялық жағынан байланысты, табиғи монополиялар болып табылмайтын өндiрiстердi иелiктен айыру туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар енгiзуге;
7) осы Заң бұзылған жағдайларда сотқа жүгiнуге;
8) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға; <*>
9) өз бастамасымен, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары мен өздерiнiң қолында бар өзге де материалдардың негiзiнде, мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың, азаматтардың, мүдделi адамдардың жазбаша арыздары мен хабарларының және табиғи монополия субъектiлерi өтiнiштерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңды тұрғысынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;
9-1) табиғи монополия субъектiлерiнiң тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарын әзiрлеуге және оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынуға; <*>
9-2) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгертуге бастамашылық жасауға; <*>
9-3) табиғи монополия субъектiсi жүргiзетiн сатып алуларға Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен бақылауды жүзеге асыруға; <*>
9-4) Табиғи монополия субъектiлерi мемлекеттiк тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмдерiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгертуге өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзуге; <*>
9-5) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыруға; <*>
9-6) табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылу мерзiмдерiн кемiнде алты айға белгiлеуге;<*>
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға хақылы.
2. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк, коммерциялық және қызметтiк құпия болып табылатын мәлiметтердiң жария етiлгенi үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi.
ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгерді -Қазақстан Республикасының 2000.03.29. N 42
Заңымен.
Ескерту. 14-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
14-1-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi <*>
Уәкiлеттi орган:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) заңсыз арттыруынан және (немесе) iс жүзiнде орындалмаған жұмыстардың құнын тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгiзуiнен келтiрген шығындарды тұтынушыларға өтеу үшiн уақытша өтемдiк тарифтi бекiту туралы шешiм қабылдауға;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiтуге немесе өзгертуге өтiнiмiн қарауға қабылдаудан бас тартуын жазбаша негiздеуге;
3) табиғи монополия субъектiлерi мемлекеттiк тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмдерiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiтуге немесе өзгертуге өтiнiмдi қарау кезiнде тұтынушылардың немесе табиғи монополия субъектiсiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша жария тыңдауларды өткiзу қажеттiгiн белгiлеуге;
4) тұтынушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерi барынан басқа, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша қабылданған шешiмдермен таныстыруға;
5) Табиғи монополия субъектiлерi мемлекеттік тiркелiмiнiң республикалық бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгертуге өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдауды өткiзуге;
6) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) уақытша төмендету коэффициентiнiң жобаларын берудiң тәртiбiн белгiлеуге мiндеттi.
Ескерту. 14-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
15-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн
мемлекеттiк реттеу Б*Ю
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу:
1) тарифтi (бағаны, алымдар ставкасын) бекiтумен;
2) тарифтiк сметаны бекiтумен;
3) уақытша төмендету коэффициентiн белгiлеумен;
4) шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiмен жүзеге асырылады.
2. Өндірістің құрамдастырылған үлгiсiндегi станцияларда жылу энергиясын өндiретiн табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу жылу және электр энергиясын шығарудың технологиялық режимiнiң ерекшелiктерi ескерiле отырып, кешендi тәсiл және бәсекелес рынокта электр энергиясына бағаларды қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
15-1-бап. Табиғи монополия субъектiсi қызметтерiне
тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)
қалыптастырудың тәртiбi <*>
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне уәкiлеттi орган бекiтетiн тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) қызметтердi ұсыну (тауар өндiру, жұмыстар) үшiн қажеттi шығын құнынан төмен болмауға және табиғи монополия субъектiсiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайда табу мүмкiндiгiн ескеруге тиiс.
2. Уәкiлеттi орган тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiткен кезде шығындарды қалыптастырудың мынадай ережелердi:
1) тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгiзiлетiн шығындарды реттеудi;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекiтiлген нормативтер шегiнде табиғи монополия субъектiсi шығыстарының баптарын шектеудi;
3) тарифтi (бағаны, алым ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн шығыстар тiзбесiн белгiлеудi;
4) тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгiзiлетiн пайданы шектеудi;
5) негiзгi құралдардың тозуын есептеудiң қолданылатын әдiстерiн келiсудi;
6) негiзгi құралдарды қайта бағалауды және табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметасында көзделген амортизациялық аударым қаражаттарын пайдалану бағыттарын келiсудi көздейтiн ерекше тәртiбiн қолданады.
Шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
3. Табиғи монополия субъектiсi қызметтерiнiң тарифiне (бағаға, алым ставкасына) есептеу аспаптарын сатып алуға және орнатуға жұмсалатын шығындар енгiзiледi.
Ескерту. 15-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
16-бап. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының)
жобаларын табыс ету тәртiбi
1. Ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту (өзгерту) қажет болған жағдайда табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қарауға өтiнiм жасайды.
2. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң қызметтерiне тарифтiк сметаны және тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн алпыс күн iшiнде өтiнiммен бiрге табыс етуге мiндеттi.
Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) қайта қаралған жағдайда табиғи монополия субъектiсi экономикалық жағынан негiзделген есептердi және өзге де ақпаратты бiр ай мерзiмде жаңа тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiту үшiн өтiнiм беру кезiндегiдей көлемде табыс етуге мiндеттi.<*>
3. Уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес экономикалық жағынан негiзделген есептер табыс етiлген жағдайда уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсi көрсететiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерi (бағалары, алымдар ставкалары) жобаларын қырық бес күн iшiнде қарайды. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) жобаларын қараудың мерзiмi өтiнiм берiлген кезден бастап есептеледi. <*>
Ескерту. 16-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
17-бап. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының)
жобаларын қарау тәртiбi
1. Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қолданылып жүрген тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) өзгерген жағдайда уәкiлеттi орган:
1) тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық бірлестіктерін, жобаны ұсынған табиғи монополия субъектiлерiн тарта отырып, тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) жобаларына қаржылық және қажет болған жағдайда техникалық сараптама жүргiзедi; <*>
2) жоба сараптамасының негiзiнде табиғи монополиялар субъектiсiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) ұсынылып отырған тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша алдын ала шешiм әзiрлейдi және жария тыңдаулар өткiзiлген жағдайда оны талқылауға шығарады. <*>
1-1. Уәкiлеттi орган жария тыңдаулар өткiзген жағдайда оларды өткiзудiң күнi мен орны туралы мерзiмдi баспасөз басылымдарында кемiнде он күн бұрын хабарлама жариялауға мiндеттi. Жария тыңдаулар табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту туралы түбегейлi шешiм қабылдаудан кемiнде он бес күн бұрын өткiзiледi. Жария тыңдау өткiзудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. <*>
2. Осы баптың 1-тармағының талаптары уәкiлеттi органның бұрын белгiленген тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы шешiмдерiне қолданылмайды. <*>
Ескерту. 17-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
18-бап. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)
бекiту туралы
1. <*>
2. Табиғи монополия субъектiсi қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерi (бағалары, алымдар ставкаларын) бекiту туралы түпкiлiктi шешiм табиғи монополия субъектiсiне олар күшiне енгiзiлетiн сәтке дейiн кемiнде 15 күн бұрын жiберiлуге тиiс.
3. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгерту екi тоқсанда бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi. Жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгiзу тоқсанның бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады. <*>
4. Табиғи монополия субъектiсi тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) өзгертiлгенi туралы ақпаратты тұтынушының назарына олар күшiне енгiзiлгенге дейiн кемiнде 10 күннен бұрын жеткiзуге мiндеттi.
5. Жаңадан құрылған табиғи монополия субъектiсi үшiн тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген оңайлатылған тәртiппен жүргiзiледi. Бұл орайда табиғи монополияның аталған субъектiсi алты ай өткеннен кейiн тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қайта қарау үшiн жалпы тәртiпте өтiнiм беруге мiндеттi.
Оңайлатылған тәртiппен бекiтiлген тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) көтерген жағдайда уәкiлеттi орган жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгiзумен бiр мезгiлде тұтынушыларға келтiрiлген шығындарды өтеу туралы шешiм қабылдауға мiндеттi. <*>
6. Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту осы Заңда белгiленген жалпы тәртiппен жүзеге асырылады. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгiзу тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiткен айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады. <*>
Ескерту. 18-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
18-1-бап. Табиғи монополия аясындағы мемлекеттiк
бақылау <*>
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрудi не тиiстi тауар рыногының табиғи монополия жағдайынан бәсекелестiк рынок жағдайына экономикалық жағынан ақтауға болатын ауысуын тежеудi болдырмау мақсатында уәкiлеттi орган:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi құралдарына жататын мүлiктi иелiктен айыруға және, онымен өзге де мәмiлелер жасасуға;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң тасымалдайтын немесе өзiне берiлетiн, өзiнiң тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуына;
3) табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi қызметпен технологиялық жағынан байланысты және (немесе) табиғи монополия аясына жатқызылған өзге де қызметтi жүзеге асыруына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының почта туралы заңдарымен белгiленген қызметтi жүзеге асыруына;
4) табиғи монополия субъектiсiнiң акциялар (үлестер) сатып алуына, сондай-ақ оның осы Заңмен рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуына;
5) табиғи монополия субъектiсiнiң қайта ұйымдастырылуына және таратылуына бақылауды жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған iс-әрекеттердi жасау үшiн табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға осындай iс-әрекеттердi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы өтiнiмдi ұсынуға және шешiм қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты хабарлауға мiндеттi.
Құжаттар тiзбесiн, оларды ұсыну және қарау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Табиғи монополия субъектiсi осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызметтi жүзеге асыруға келiсiм алу үшiн мынадай шарттардың орындалуын қосымша қамтамасыз етуге мiндеттi:
1) осы қызметтен табиғи монополия субъектiсi алатын табыстар оның жүзеге асырылуына қажеттi шығындарды жабуға тиiс;
2) қызметтi жүзеге асыру тиiстi қызметтер көрсету (тауарлар, жұмыстар) рыногында бәсекелестiктi шектеуге әкеп соқпайды.
Табиғи монополия субъектiсi осы тармақта көзделген шарттардың орындалуы туралы есептi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша тоқсан сайын ұсынуға мiндеттi.
4. Егер өтiнiштi қанағаттандыру осы баптың 1-тармағының бiрiншi абзацында аталған салдарларға әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ, егер өтiнiш берушi барлық қажеттi құжаттарды табыс етпеген не оларда ұсынылған ақпарат дұрыс болмаған жағдайларда, уәкiлеттi орган оны қабылдамауға құқылы.
5. Уәкiлеттi орган өтiнiмдi оны алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей қарайды және өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
Егер шешiм қабылдау үшiн қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган оны өтiнiш берушiден сұратуға және өтiнiштi алған күннен бастап он бес күннен кешiктiрмей өтiнiштi қарау мерзiмiн ұзарту туралы хабарламамен бiрге осындай сауал салу өтiнiш берушiге жiберiлген жағдайда өтiнiштi қарау мерзiмiн отыз күнге ұзартуға құқылы.
6. Өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартуға өтiнiш берушi сот тәртiбiмен шағымдана алады.
Ескерту. 18-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
18-2-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiн иелiктен
айыру және онымен өзге де мәмiлелер жасау,
сондай-ақ оның акцияларын (үлестерiн) сатып
алу <*>
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiн иелiктен айыру, cол сияқты онымен өзге де мәмiлелер жасау табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) көтерiлуiне, тұтынушылармен шарттардың бұзылуына, қоршаған ортаға терiс ықпал етуге, тығыз байланысқан технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) үзiлуiне не көлемiнiң едәуiр төмендеуiне әкеп соқпайтын жағдайдa, уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша жүргiзiледi.
2. Табиғи монополия субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акциялардың (үлестердiң) он проценттен астамын сатып алған жеке немесе заңды тұлға (немесе адамдар тобы) бұл туралы уәкiлеттi органды алдын ала хабардар етуге мiндеттi.
Ескерту. 18-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
18-3-бап. Табиғи монополия субъектiсiн қайта ұйымдастыру
және тарату <*>
1. Табиғи монополия субъектiсiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастыру және тарату рәсiмдерi қолданылуы мүмкін.
2. Табиғи монополия субъектiсiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеудi және қайта тiркеудi, сондай-ақ оның қызметiн тоқтатуды тiркеушi орган уәкiлеттi органмен алдын ала келiсу арқылы ғана жүзеге асырады.
3. Табиғи монополия субъектiсiне ұсынылатын қызметтер (өндiрiлетiн тауарлар, жұмыстар) үзiлiсiн немесе көлемi едәуiр азайып кетуiн болдырмау мақсатында оңалту рәсiмдерi қолданылуы мүмкiн.
Ескерту. 18-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
18-4-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң сатып алуды
жүзеге асыруы кезiндегi мемлекеттiк бақылау<*>
1. Шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң көрсететiн қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн материалдық, қаржы ресурстарын және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу, осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер нысанында жүзеге асырылады.
2. Тендердi табиғи монополия субъектiсi:
1) тендер рәсiмдерiн өткiзудiң ашықтығы мен жариялылығы;
2) тендерге қатысу үшiн барлық ықтимал берушiлерге тең мүмкiндiктi қамтамасыз ету;
3) ықтимал берушiлер арасында адал бәсекелестiк принциптерiн сақтай отырып өткiзедi.
3. Тендер өткiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiнiң жабық конкурс жолымен сатып алуды жүзеге асыруына, баға ұсыныстары сұранымын пайдалана отырып берушiнi таңдауына, көздердiң бiрiнен және ашық тауар биржасы арқылы сатып алуына, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары беретiн гранттарды, заемдар мен кредиттердi тартуына келiсiм беруге құқылы.
5. Табиғи монополия субъектiсi негiзгi құралдарға жатпайтын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), егер сатып алудың құнмен алынған жылдық көлемi уәкiлеттi орган белгiлеген шектi сома мөлшерiнен асып кетпесе, тендер өткiзбей сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
6. Тендерге қатысушының талап етуi бойынша оған тендер нәтижелерi және жеңiмпазды таңдаудың себептерi туралы түбегейлi жазбаша ақпарат берiлуге тиiс.
7. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының табиғи монополия туралы заңдарын бұза отырып өткiзiлген тендердiң жеңiмпазымен табиғи монополия субъектiсi шарт жасасқанға дейiн оның нәтижесiнiң күшiн жоюға және табиғи монополия субъектiсiн қайта тендер өткiзуге мiндеттеуге құқылы.
8. Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiтуге берген өтiнiмiн, ол Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тендер өткiзу туралы талаптарды бұзған жағдайда, қабылдамай тастауға құқылы.
9. Осы бапта көзделген талаптар табиғи монополия аясына жатқызылған қызметi негiзгi болып табылмайтын рынок субъектiсiне қолданылмайды.
Ескерту. 18-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
19-бап. Осы Заңды бұзудың салдарлары
1. Осы Заңды бұзған жағдайда табиғи монополия субъектiлерi, олардың басшылары:
1) осы Заңды бұзуды тоқтатуға және оның салдарларын жоюға;
2) бастапқы жағдайды қалпына келтiруге немесе нұсқамада көрсетiлген өзге iс-әрекеттердi жасауға;
3) келтiрiлген залалды және (немесе) зиянды тiкелей немесе тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) уақытша төмендету арқылы өтеу үшiн шаралар қолдануға мiндеттi.
2. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шешiм қабылданған күнгi қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, табиғи монополия субъектiсiне өзi жүргiзген тексеру материалдары негiзiндегi уақытша өтемдiк тарифтi белгiлейдi. Уақытша өтемдiк тарифтi енгiзу тексеру жүргiзiлген айдан кейiнгi келесi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге айырылады. <*>
Ескерту. 19-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
20-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк <*>
Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
21-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңды бұзудан
келтiрiлген залалды өтеуi <*>
Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңға қайшы келетiн және басқа жеке немесе заңды тұлғаға залал келтiрген, соның iшiнде тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) көтеру, қызметтер ұсынуға және оларды орындауға арнап шарттар жасасудан негiзсiз бас тарту жолымен залал келтiрген әрекеттерi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң оларды өтеуiне әкеп соғады.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
22-бап. Табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi
органның, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының
заңсыз шешiмдерiмен, әрекеттерiмен
(әрекетсiздiгiмен) келтiрiлген залалды өтеу<*>
Егер табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi органның және оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, сондай-ақ әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) залал келтiрiлген жағдайда, ол бұл залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен өтеудi талап етуге құқылы.
Ескерту. 22-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364
Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президентi