Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу және табиғи монополиялар субъектілерінің қорытындылар ұсыну ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 17 наурыздағы N 77-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 31 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4166. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 550 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкiметi өкiлдерiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1305  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 437-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1-тармақта:
      әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Yкiметi өкiлдерiнiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Мәсiмов                      - Қазақстан Республикасы Премьер-
Кәрiм Қажымқанұлы              Министрiнiң орынбасары, төраға

Палымбетов                   - Қазақстан Республикасының Экономика
Болат Әбiлқасымұлы             және бюджеттiк жоспарлау вице-
                               министрi;

      көрсетiлген құрамнан Есiмов Ахметжан Смағұлұлы, Исаев Батырхан Арысбекұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі