Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.11.2016 № 484 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 142) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Уақытша өтемдік тарифті бекіту жөніндегі қағидалар бекітілсін.
2. «Уақытша өтемдік тарифті бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 235-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (А.В. Мартыненко):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:
1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (С.С. Метенова) ұсынсын.
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға М. Оспанов
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрі
__________ А. Жұмағалиев
2013 жылғы «___» ________
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі
__________ Е. Досаев
2013 жылғы «___» ________
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының
2013 жылғы 16 сәуірдегі
№ 115-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Уақытша өтемдік тарифті бекіту жөніндегі қағидалар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Уақытша өтемдік тарифті бекіту жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағиданың мақсаты табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уақытша өтемдік тарифтің мөлшерін есептеу және бекіту тәртібін айқындау болып табылады.
3. Осы Қағидалардың ережелері меншік нысанына қарамастан барлық табиғи монополия субъектілеріне қолданылады.
4. Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
1) негізсіз табыс – табиғи монополия субъектісінің уәкілетті орган бекіткен тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) деңгейінен немесе оның шекті деңгейінен асатын құнмен ақы алу және (немесе) тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударымдарды мақсатқа сай пайдаланбау, тарифтік сметаның шығын баптарын уәкілетті орган бекіткен мөлшерден бес пайыздан астам орындамау, тарифтік сметада инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындауға көзделген қаражатты орындамау немесе мақсатқа сай пайдаланбау нәтижесінде алған қосымша табысы.
Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес қолданылады.
5. Уақытша өтемдік тарифті бекітуге негіз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға залал келтірген іс-әрекеттері болып табылады.
6. Табиғи монополия субъектісінің:
1) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шекті деңгейін заңсыз көтеруі;
2) амортизациялық аударым қаражатын мақсатқа сай пайдаланбауы (бұдан әрі - мақсатс);
3) алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
4) неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету іс-шараларын өткізуге, реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша, конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқаруына байланысты шығындарды үнемдеу жағдайларын, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-3-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындамауы;
5) неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету іс-шараларын өткізуге, реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша, конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқаруына байланысты шығындарды үнемдеу жағдайларын қоспағанда, тарифтік сметаның шығындар баптарын уәкілетті орган бекіткен мөлшерден бес пайыздан астам орындамауы тұтынушыларға залал келтірген іс-әрекеті деп танылады;
Уәкілетті органның ведомствосы салыстырмалы талдау әдісі қолданылатын тарифтер бойынша қызметтер көрсететін өңірлік электр желісі компаниясына уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешімді осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда ғана қабылдайды.
Бұл ретте осы тармақтың 1) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, өтемдік тарифті бекіту туралы шешім тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейінің қолданыс мерзімі аяқталған соң қабылданады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Шығын баптарын орындамауға:
1) бекітілген тарифтік сметада ескерілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды):
реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынудың аса тиімді әдістері мен технологияларын енгізу;
конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижесінде ақшалай қаражатты ұтымды пайдалану;
нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету бойынша жүргізілген іс-шаралар есебінен толық көлемде және тиісті сапада орындаған жағдайда;
2) тарифтердің шекті деңгейі қолданылатын кезеңде:
осы тарифтік сметаны көрсетілетін қызметтер көлемі, инвестициялық жобаны (бағдарламаны) іске асыру, күрделі, ағымдағы және басқа да жөндеу жұмыстары, пайдалану шығындары бөлігінде орындаған;
тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу кезінде көзделген тарифтік кірісті алған;
алынған қарызға, оның ішінде оны қайтаруға қызмет көрсетуге арналған қаражатты жинақтау мақсатында жоспар-кестеге сәйкес инвестициялық жобаны іске асыру басталғаннан бастап резервтік шот ашылған жағдайда бекітілген тарифтік сметаның шығын бөлігін төмендеткен кезде;
3) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі табиғи монополия субъектісінің кінәсінсіз тиісті қысқару есебінен алынған үнем жатпайды.
Бұл ретте, табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға көрсетілген үнемнің нақты пайдаланғанын және (немесе) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерінің қысқарғанын растайтын материалдарды қоса бере отырып, шығындардың бап бойынша үнемін растайтын материалдарды:
табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынудың жаңа әдістері мен технологияларын енгізгені туралы құзыретті органның қорытындысын;
конкурстық (тендерлік) комиссиялардың хаттамаларын;
ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерiн тұтынушылармен салыстыру актiсiн, төлемақы жасауға берілген шоттарды ұсынады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Табиғи монополия субъектiсi аса тиiмдi әдiстер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету іс-шараларын өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқаруына байланысты шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігінің кемінде елу пайызын жаңа өндiрiстiк активтердi жасауға, кеңейтуге, қалпына келтiруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға жiберуге міндетті.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Уақытша өтемдік тарифті бекіту тәртібі
9. Уәкілетті орган уақытша өтемдік тарифті:
1) табиғи монополия субъектiсiне өзі жүргiзген тексерулер материалдарының;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау туралы ақпаратын талдау нәтижелерiнiң негiзiнде шешім қабылдау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып бекiтедi.
10. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілеген фактілерді анықтау және (немесе) растау үшін уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінен қажетті ақпаратты оны ұсыну мерзімін көрсете отырып сұратады.
11. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат оны уәкілетті органға ұсынудан бас тартуға негіз болып табылмайды, бұл ретте мүдделі тұлғалар ақпаратты ұсынған кезде коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң толық тiзбесiн көрсетеді не мүдделі тұлғаның коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң тiзбесiн бекіту туралы актінің көшірмесін қоса береді.
12. Уақытша өтемдiк тарифтi енгiзу табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын тексеру, талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау туралы ақпаратына талдау жүргізген айдан кейінгі үшінші айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Табиғи монополия субъектісі уақытша өтемдік тарифті бекiту туралы ақпаратты тұтынушының назарына оны қолданысқа енгiзгенге дейiн кемінде күнтізбелік 10 күн бұрын жеткiзеді.
14. Уәкiлеттi органның табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) уақытша өтемдiк тарифтi бекiту туралы шешiмi уәкiлеттi органның бұйрығымен ресiмделедi.
15. Уәкiлеттi органның уақытша өтемдiк тарифтi бекiту туралы осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес қабылдаған шешiмiмен келіспеген жағдайда табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның іс-әрекетіне сотқа шағымдануға құқылы.
16. Уақытша өтемдiк тарифтiң қолданысы кезеңінде табиғи монополия субъектiсi «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкiлеттi органға тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шектi деңгейiн бекiтуге өтiніш жасай алады.
Бұл ретте, жаңа тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) деңгейін негіздеуге алынған кіріс шешім қабылдау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, табиғи монополия субъектісінің өзінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушыларға өтегенін шегеріп, негізсіз алынған кіріс сомасына азаяды.
Инвестициялық бағдарламаны іске асыратын және міндеттемелері субъектінің рейтингісіне тікелей байланысты кредиттік ұйымдардың қарыз қаражатын тартатын субъекті үшін тарифтік сметаны және (немесе) инвестициялық бағдарламаны орындамау нәтижесінде алынған сома тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) деңгейін өзгертуге өтінімді қарау кезінде кіріс бөлігін кеміту жолымен ескеріледі.
Бұл ретте, тарифтік сметада тарифтік сметаны және (немесе) инвестициялық бағдарламаны орындамаудың сомасы жеке жолмен көрсетіледі.
Уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік сметаларды және инвестициялық бағдарламаларды орындау жөніндегі есептерін қарау сәтінде табиғи монополиялар субъектілері жаңа тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекітуге өтінім берген жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы негізсіз кіріс сомасын анықтаған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып жаңа тариф (баға, алым мөлшерлемесі) деңгейінің негіздемесіне алынған кірістен оны алып тастауға құқылы.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17. Табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға келтiрген залалдарды уақытша өтемдiк тарифтiң қолданылу кезеңi аяқталғанға дейiн толық өтеген жағдайда, табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға уақытша өтемдiк тарифтiң қолданылу кезеңi аяқталғанға дейiн өтемдiк тарифтiң күшін жою туралы өтiнiшті, тұтынушыларға келтірілген залалды өтеу фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жасай алады.
Уәкiлеттi орган күнтiзбелiк отыз күн iшiнде өтініш түскен күнінен бастап өтiнiштi қарайды және қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган уақытша өтемдік тарифтің қолданыс кезеңін өзгеру туралы шешім қабылдайды не табиғи монополиялар субъектісін бас тарту себептерін көрсете отырып, бас тартқандығы туралы хабардар етеді.
3. Уақытша өтемдік тариф мөлшерін есептеу
18. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) іс жүзінде ұсынылған көлемін және табиғи монополия субъектісі бұзушылықтарға жол берген кезеңде іс жүзінде алынған табысты айқындайды.
19. Табиғи монополия субъектiсi жол берген бұзушылықтар кезеңi:
1) осы Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда - табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi орган бекiткен тарифтен (бағадан, алым мөлшерлемесінен) немесе оның шектi деңгейiнен асатын құн бойынша ақы алған кезең;
2) осы Қағидалардың 6-тармағының 2), 3), 4) және 5)тармақшаларында көзделген жағдайда - уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтiк смета бекiткен жыл болып есептеледi.
20. Осы Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, негiзсiз алынған табыс (НТ) сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:
, мұндағы
Т1 - табиғи монополия субъектiсi нақты қолданған көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) құны, теңге;
Т - уәкiлеттi орган бекiткен тариф (баға, алым мөлшерлемесі) немесе оның шектi деңгейi, теңге;
VI - бұзушылықтар жiберiлген кезең iшiнде табиғи монополия субъектiсi нақты көрсеткен реттеліп көрсетілетін қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемi.
21. Осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, негiзсiз алынған табыс (НТ) сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:
HT = Амақсатс, мұндағы:
А мақсатс - бекiтiлген тарифте және (немесе) тарифтiк сметада көзделген, табиғи монополия субъектiсi амортизациялық аударымдар қаражаттарының есебiнен реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi ұсынуда пайдаланылатын тiркелген активтерге күрделi қаржы салуға және тартылған кредиттiк ресурстар бойынша негiзгi қарызды қайтаруға байланысы жоқ мақсаттарға бағытталған қаражаттар, теңге.
22. Осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, негiзсiз алынған табыс сомасы (НТ) мынадай формула бойынша айқындалады:
ИПi – тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалмаған і – іс-шарасын толық немесе ішінара іске асыруға көзделген шығындар, теңге.
23. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24. Осы Қағидалардың 6-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда, негiзсiз алынған табыс сомасы (НТ) мынадай формула бойынша айқындалады:
, мұндағы
Зi - бекiтiлген тарифтiк сметада ескерiлген шығындармен салыстырғанда i-бабы бойынша 5 пайыздан асатын шығындарды толық игермеу, теңге.
25. Негiзсiз алынған табыстың түпкiлiктi сомасы (НТк) шешiм қабылдау күнiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:
, мұндағы
НТк – қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, негiзсiз алынған табыс сомасы, теңге;
НТ - осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген бұзушылықтардың түрлері бойынша негiзсiз алынған табыстың жалпы сомасы;
к - шешiм қабылдау күнiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, %.
26. Табиғи монополия субъектiсiнiң уақытша өтемдiк тариф қолданысы кезеңiнде алатын табысы жылдық амортизация сомасының елу пайызы шегеріліп, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға қажеттi шығын құнынан төмендетпей есептеледі.
Табиғи монополия субъектiсiнің уақытша өтемдiк тарифтi қолдану кезеңiнде алған табысын анықтау үшiн тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең төменгі ықтимал шектi деңгейi (Тшек.) мынадай формула бойынша есептеледi:
, мұндағы
Тшек - тарифтiң ең төменгі ықтимал шектi деңгейi, теңге;
V - бекiтiлген тарифтiк сметада ескерілген реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жылдық көлемi;
П - бекiтiлген тарифтiк сметада ескерілген табыс, теңге;
А - бекiтiлген тарифтiк сметада ескерілген жылдық амортизация, теңге.
27. Уақытша өтемдiк тариф (ТӨтем) мынадай формула бойынша айқындалады:
TӨтем = , мұндағы
ТӨтем - уақытша өтемдiк тариф, теңге.
28. Уақытша өтемдiк тариф қолданылатын кезеңді (бұдан әрi – қолданыс кезеңі) уәкiлеттi орган айқындайды:
1) егер ТӨтем < Tшек. болған жағдайда, қолданыс кезеңi мынадай формула бойынша айқындалады:
, мұндағы
n - уақытша өтемдiк тарифтiң қолданыс кезеңi.
Уақытша өтемдiк тариф тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең төменгі ықтимал шектi деңгейiнде бекiтiледi:
Т = Тшек;
2) егер ТӨтем > = Tшек. болған жағдайда, қолданыс кезеңi мынадай формула бойынша айқындалады:
Уақытша өтемдiк тарифтi
бекiту жөніндегі қағидаларға
қосымша
Уақытша өтемдiк тарифтi есептеу үлгiсi
Бекiтiлген тариф (баға, алым мөлшерлемесі) Т - 8 теңге
Бекiтiлген тарифте қабылданған реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемi V - 1000 текше метр (бұдан әрі - м 3)
1. Негiзсiз алынған табыс (НТ) сомасы айқындалады - 6046
2. Шешiм қабылдау күнiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, негiзсiз алынған табыс сомасы айқындалады (НТк):
теңге, мұндағы
6 046 теңге - негiзсiз алынған табыс сомасы;
7,5 % - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
6500 теңге - қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, негiзсiз алынған табыс сомасы.
3. Тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең төменгі ықтимал шектi деңгейi (Тшек) айқындалады:
теңге/м 3, мұндағы
500 теңге - бекiтiлген тарифтiк сметада ескерiлген пайда;
3000 теңге - бекiтiлген тарифтiк сметада ескерiлген жылдық амортизация;
6 теңге/м3 - тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең төменгі ықтимал шектi деңгейi.
4. Уақытша өтемдiк тарифтiң деңгейi мынадай формула бойынша айқындалады:
TӨтем =
теңге/м3, мұндағы
1,5 теңге/м3 - уақытша өтемдiк тарифтiң деңгейi.
5. ТӨтем < Тшек екенiн ескере отырып, қолданыс кезеңi мынадай формула бойынша айқындалады:
3,25 жыл (немесе 3 жыл 3 ай) - тұтынушыларға келтірген залалдарды өтеу кезеңi.
Уақытша өтемдiк тариф (ТӨтем) тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең төменгі ықтимал шектi деңгейiнде бекітіледі - 6 теңге/м3, оның қолданыс кезеңi - 3 жыл 3 ай.
6. Егер ТӨтем > Тшек. болған жағдайда, уақытша өтемдiк тарифтiң деңгейi және оның қолданыс кезеңi мынадай формула бойынша айқындалады:
бекiтiлген тариф (баға, алым мөлшерлемесі) Т - 8 теңге/м3,
бекiтiлген тарифте (бағада, алым мөлшерлемесінде) қабылданған реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемi V - 1000 м3
1) негiзсiз алынған табыс (НТ) сомасы айқындалады - 1350 теңге;
2) негiзсiз алынған табыс сомасы шешiм қабылдау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (НТк) қайта қаржыландыру мөлшерлемесі ескеріле отырып айқындалады:
теңге, мұндағы
1350 теңге - негiзсiз алынған табыс сомасы;
7,5 % - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
1451,25 теңге - қайта қаржыландыру мөлшерлемесі ескеріле отырып, негiзсiз алынған табыс сомасы;
3) тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең төменгі ықтимал шектi деңгейi айқындалады:
теңге/м3, мұндағы
500 теңге - бекiтiлген тарифтiк сметада ескерiлген пайда;
3000 теңге - бекiтiлген тарифтiк сметада ескерiлген жылдық амортизация, теңге;
6 теңге/м3 - тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең төменгі ықтимал шектi деңгейi;
4) уақытша өтемдiк тарифтiң деңгейi мынадай формула бойынша айқындалады:
TӨтем= теңге/м3,
мұндағы
6,54 теңге/м3 - уақытша өтемдiк тарифтiң деңгейi.
7. ТӨтем > Тшек. екенiн ескере отырып, қолданыс кезеңi мынадай формула бойынша айқындалады:
0,99 жыл (немесе 11 ай 26 күн) - тұтынушыларға келтірген залалдарды өтеу кезеңi.
Уақытша өтемдiк тарифтiң (ТӨтем) деңгейi 6,54 теңге/м3 құрайды, оның қолданыс кезеңi - 11 ай 26 күн.