Табиғи монополиялар туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272 Заңы

Жаңартылған

  МАЗМҰНЫ

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы табиғи монополия аясындағы iс-әрекеттi реттейдi және тұтынушылары мен табиғи монополия субъектiлерiнiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. 
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді, Заңның бүкiл мәтiнi бойынша "баға мен тарифтердi", "бағаларды, тарифтердi", "бағалар мен тарифтер", "бағалар (тарифтер)", "бағаларды (тарифтердi)", "бағалар мен тарифтерге", "бағалар мен тарифтердiң", "бағалары мен тарифтерiнiң, "бағалары мен тарифтерiн", "бағалар мен тарифтердi" деген сөздер тиiсiнше "тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)", "тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына)", "тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының)", "тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын)", "тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары)" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N  364 , бүкiл мәтiн бойынша сөздер ауыстырылды - 2006.07.05. N  166  Заңдарымен.

       1-бап. Осы Заңның мақсаты 

      Осы Заңның мақсаты:
      1) табиғи монополия аясындағы қызметтi мемлекеттiк бақылау мен реттеудiң құқықтық негiздерiн белгiлеу;
      2) тұтынушылар мен табиғи монополия субъектiлерi мүдделерiнiң теңдестiрiлуiне қол жеткiзу болып табылады.
       Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N  364   Заңымен.

       2-бап. Осы Заңның қолданылуы 

      1. Осы Заң табиғи монополия субъектiлерiнiң өмiр сүруiне және iс-әрекетiне байланысты қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногында туындайтын қатынастарға қолданылады. 
      2. Осы Заңның ережелерi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, олардың құрылтайшыларының (қатысушыларының) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасалатын әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) де, осы әрекеттер (әрекетсiздiк) осы Заңға қайшы келген және табиғи монополиялардың қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушыларға залал келтiрген жағдайларда қолданылады. 
      3. Осы Заңның күшi табиғи монополия аясына жатқызылған, бiрақ тек жеке өзiнiң ғана мұқтаждарына арналған объектiлердi салу мен пайдалануға байланысты iс-әрекеттi жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданылмайды. 
      3-1. Осы Заңмен табиғи монополия аясына жатқызылған iс-әрекеттi жүзеге асыратын рынок субъектiлерi үшiн мемлекеттiк реттеу мен бақылау осындай iс-әрекетке қатысты ғана қолданылады. 
      4. Осы Заңда қамтылмаған құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы және басқа да заңдарымен реттеледi.
       Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N  364 , 2004.12.09.  N 9  Заңдарымен.  

       3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) табиғи монополия субъектiсiнiң аффилиирленген тұлғасы - шешiмдi тiкелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) табиғи монополия субъектiсi қабылдаған шешiмге, оның iшiнде шарттың, ауызша шартты немесе өзге мәмiленi қоса алғанда, күшiне орай әсер ету мүмкiндiгі бар (берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде оның қызметiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды қоспағанда) тұлға, сондай-ақ оған қатысты табиғи монополия субъектiсiнiң осындай құқығы бар кез келген тұлға;
      2) уақытша өтемдiк тариф - табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға келтiрген залалдарына өтем жасау мақсатында уәкiлеттi орган белгiлеген тариф (баға, алым ставкасы);
      3) уақытша төмендету коэффициентi - тұтынушылар мен табиғи монополия субъектiсiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында уәкiлеттi орган белгiлеген және тарифке (бағаға, алым ставкасына) қолданылатын шама;
      4) жалпыға бiрдей қызмет көрсету - табиғи монополиялар субъектiлерi жұмысын жүзеге асыратын және қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсына алатын Қазақстан Республикасының белгiлi бiр аумағында табиғи монополиялар субъектiлерiнiң барлық тұтынушыларға қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуы;
      5) тұлғалар тобы - табиғи монополия субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) он және одан да көп процентiн иеленушi, келiсiм нәтижесiнде бiрлесiп тiкелей немесе жанама шешiм белгiлеуге және (немесе) табиғи монополия субъектiсiнiң қабылдайтын шешiмдерiне ықпал етуге құқығы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы;
      6) ұзақ мерзiмдi кезең - бес жылдан астам уақыт аралығы;
      7) табиғи монополия - қызметтердiң белгiлi бiр түрiн (тауарлардың, жұмыстардың) өндiру мен ұсынудың технологиялық ерекшелiктерiне байланысты қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) осы түрiне сұранысты қанағаттандыру үшiн бәсекелестiк жағдай жасау мүмкiн болмайтын немесе экономикалық жағынан тиiмсiз болатын қызметтер көрсету (тауарлар, жұмыстар) рыногының жай-күйi;
      8) инвестициялық бағдарлама - жаңа активтердi жасауға, қазiргi бар активтердi кеңейтуге, қалпына келтiруге, жаңартуға, қолдауға, табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгі құралдарын техникалық-экономикалық тиiмдiлiк алу мақсатында қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңге қайта жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған бiр немесе бiрнеше инвестициялық жобаларды қамтитын қаражаттарды салу және қайтару бағдарламасы;
      9) инвестициялық жоба - жаңа өндiрiстердi салуға, қолданыстағыларын кеңейтуге және жаңартуға инвестицияларды көздейтiн iс-шаралар кешенi;
      10) инвестициялық тариф (баға, алым ставкасы) - жаңадан құрылған объектiлерде көрсетiлетiн табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) уәкiлеттi орган бiр инвестициялық жобаның шеңберiнде бекiткен, салынған инвестициялар толық өтелгенге дейiн қолданылатын тариф (баға, алым ставкасы) немесе оның шектi деңгейi;
      11) қысқа мерзiмдi кезең - бiр жылға дейiнгi уақытты қоса алғанда уақыт аралығы;
      12) амортизациялық аударымдардың қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау - бекiтiлген тарифтерде (бағаларда, алымдар ставкаларында) және (немесе) тарифтiк сметаларда амортизациялық аударымдардың есебiнен көзделген қаражатты реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) пайдаланылатын тiркелген активтегi күрделi қаржы салымдарына және тартылған кредиттiк ресурстар бойынша негiзгi борышты қайтаруға байланысы жоқ мақсаттарға жұмсау;
      13) тұтынушы - табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы жеке немесе заңды тұлға;
      14) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi - орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңге бекiтiлетiн, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметiне (тауарға, жұмысқа) арналған тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) ең жоғары шамасы;
      14-1) стратегиялық тауарларды өндiрушiлер - стратегиялық тауарларды өндiретiн не оларды тiкелей шетелдiк өндiрушiнiң атынан Қазақстан Республикасының аумағында өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар;
      15) жария тыңдау - табиғи монополиялар субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтiң (бағаның, алым ставкаларының) немесе оның шектi деңгейiнiң жобасын депутаттарды, мемлекеттiк органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерiн, тәуелсiз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және табиғи монополиялар субъектiлерiн шақыра отырып талқылау рәсiмi;
      16) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия аясындағы табиғи монополия субъектiсi ұсынатын және қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгiлi бiр тауар беру түрiнде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкiлеттi орган мемлекеттiк реттеуге жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
      17) орташа мерзiмдi кезең - бес жылға дейiнгi уақытты қоса алғанда бiр жылдан асатын уақыт аралығы;
      17-1) стратегиялық тауарлар - табиғи монополиялар субъектiлерi жылу энергиясын өндiру үшiн отын ретiнде пайдаланатын көмiр, газ, мазут, дизел отыны, электр энергиясын, су шаруашылығын және кәрiз жүйелерiн беру және бөлу аясындағы табиғи монополиялар үшiн - электр энергиясы;
      18) табиғи монополия субъектiсi - табиғи монополия жағдайында тауарлар өндiрумен, жұмыстарды орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызмет көрсетумен айналысатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға;
      18-1) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi - мынадай:
      белгiленген жалпы қуаты, қоса алғанда жиырма Гкал/сағатқа дейiнгi жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндiру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөнiндегi қызметтердi;
      саны бiр жарым мың адамнан аз тұтынушыларға су шаруашылығы және (немесе) кәрiз жүйелерiнiң қызметтерiн көрсететiн табиғи монополия субъектiсi;
      19) табиғи монополия аясы - жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға табиғи монополия субъектiсi болып танылуы мүмкiн қызмет көрсету (тауарлар, жұмыстар) нарығында туындайтын қоғамдық қатынастар саласы;
      20) тариф (баға, алым ставкасы) - табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) уәкiлеттi орган бекiткен құнының ақшалай көрiнiсi;
      21) тарифтiк смета - уәкiлеттi орган реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша бекiтетiн кiрiстер мен шығыстар баптары, реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдерi туралы көрсеткiштер және уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң басқа да экономикалық көрсеткiштерi; 
      22) техникалық сараптама - қолданысқа енгiзiлген активтердiң техникалық жай-күйiн (техникалық сипаттамаларын) және активтердi жұмыс iстеуiн қалпында ұстауды қамтамасыз ететiн жұмыстарды жүргiзу қажеттiгiн, өндiрiс технологиясының, материалдық, еңбек шығындарының белгiленген нормаларға сәйкестiгiн қоса алғанда, технологиялық процестiң тиiмділігiн талдау, инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттiгiн, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша негiзгi құралдарды iске қосудың деңгейiн және олардың дұрыс бөлiнуiн талдау;
      23) уәкiлеттi орган - табиғи монополиялар аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      24) қаржылық сараптама - табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарын және уәкiлеттi органның шешiмдерiн орындауын бағалау мақсатында олардың қаржы-шаруашылық қызметiн, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтастай алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiпке сәйкес өзге қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлiнуiн, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң қаржылық көрсеткiштерiне қолданылатын тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) әсерiн талдау, тарифтiк сметаның орындалуын және есепке алу саясатының сақталуын, инвестициялық бағдарламалардың және (немесе) инвестициялық жобалардың орындалуын тексеру (бағалау);
      25) төтенше реттеушi шаралар - азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкiн, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында уәкiлеттi орган қолданатын шаралар. 
       Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - 2004.12.09.  N 9 , өзгерту енгізілді - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгізілді - 2006.01.14.  N 120 , 2006.07.05. N  166  Заңдарымен.

       4-бап. Табиғи монополиялар аясы

      1. Қазақстан Республикасында табиғи монополиялар аясына мынадай қызмет көрсетулер (тауарлар, жұмыстар):
      1) мұнайды және (немесе) мұнай өнiмдерiн магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау жөнiндегi;
      2) газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану жөнiндегi;
      3) электр энергиясын беру және (немесе) бөлу жөнiндегi; 
      4) жылу энергиясын өндiру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау жөнiндегi; 
      5) электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi;
      6) магистральдық темiр жол желiлерiнiң;
      7) кiрме жолдардың;
      8) әуе навигациясының;
      9) порттардың, әуежайлардың;
      10) телекоммуникациялар көрсететiн әмбебап қызметтердi қоспағанда, қызметтiң осы түрлерiн көрсетудiң технологиялық мүмкiн болмауы не экономикалық тиiмсiздiгi себебiнен бәсекелес байланыс операторы болмаған кезде телекоммуникациялар қызметi;
      11) телекоммуникациялар желiлерiн ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желiлерiне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбiлдiк кәрiздер мен өзге де негiзгi құралдарды мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi;
      12) су шаруашылығы және (немесе) кәрiз жүйелерiнiң;
      13) почта байланысының жалпыға бiрдей қолжетiмдi қызмет көрсету жатады.
      2. Уәкiлеттi орган осы баптың 1-тармағында тiзiп көрсетiлген табиғи монополиялар аясының табиғи монополия субъектiлерi осы сала шеңберiнде көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) реттелiп көрсетiлетiн қызметтер қатарына жатқызу мәнiне талдау жасауды жүзеге асырады.
      Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тiзбесiн уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      3. Табиғи монополиялар субъектiлерi республикалық және жергiлiктi бөлiмдерден тұратын Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) нақты түрлерiн көрсете отырып енгiзiлуге жатады.
      Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 
       Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда 2004.12.09.  N 9 , өзгерту енгізілді - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.14.  N 120  Заңдарымен.

       5-бап. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн
               шектеу 

      1. Табиғи монополия субъектiсiне:
      1) қызметтер көрсетуге және:
      реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты;
      Қазақстан Республикасының почта туралы заңдарында белгiленген;
      табиғи монополия аясына жатқызылған реттелiп көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түскен кiрiстер рынок субъектiсiнiң барлық қызметiнен күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде түскен кiрiстердiң бiр процентiнен аспаған жағдайдағы;
      күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде өзге қызметтiң кiрiстерi табиғи монополия субъектiсiнiң барлық қызметiнiң бес процентiнен аспаған жағдайдағы;
      табиғи монополия аясында қызметтер көрсететiн (тауарлар, жұмыстар) құрылымдық бөлiмшенiң ұйымдастырушылық және аумақтық оқшаулануы мүмкiн болмаған жағдайдағы қызметтердi қоспағанда, табиғи монополиялар аясына жатпайтын өзге қызметтi жүзеге асыруға;
      2) табиғи монополия субъектiсiнiң өндiрiспен және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен, сондай-ақ осы Заңға сәйкес табиғи монополия субъектiсi үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырумен байланысы жоқ мүлiкке меншiк және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығына ие болуға; <*>
      3) мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi үшiн осы Заңда рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (үлестерiн) иеленуге немесе олардың қызметiне өзге жолмен қатысуға;
      4) уәкiлеттi орган белгiлеген мөлшерден асатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы алуға;
      5) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткiзу шарттарын күштеп таңуға немесе тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер жасауға; 
      5-1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын жеке меншiк құқығымен немесе заңды негiзде өзгеше тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдауға (жалға беруге); 
      6) табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) жоғарылауына әкеп соқтырмаған жағдайда, арнайы қаржы компаниясының секьюритилендіру туралы мәмілелері бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді қоспағанда, ұсынылатын реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын басқаға беруге;
      7) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемiн жосықсыз тұтынушылардың төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тартуға; 
      8) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты емес шығындарды олардың тарифтерiне (бағаларға, алымдар ставкаларына) немесе олардың шектi деңгейiн енгiзуге;
      9) мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге;
      10) мыналар:
      тарифтiк сметада қамтылатын;
      реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату шығындары және ақы алу тетiгi, реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу және орнату туралы;
      ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тануға тыйым салынады.
      1-1. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шектеулер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.
      2. Осы баптың 1-тармағының 5-1) тармақшасында көзделген шектеулер осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынатын табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.
       Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N  364 , өзгерту енгізілді - 2004.12.09.  N 9 , 2006.02.20.  N 127  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз), 2006.07.05. N  166  Заңдарымен.  

       6-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң құқықтары

      Табиғи монополия субъектiсiнiң: 
      1) заңдарға сәйкес тұтынушылар сақтауға мiндеттi техникалық талаптар белгiлеуге;
      1-1) барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылуы кезеңiнде уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге; 
      1-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен техникалық қызмет көрсетудi жүргiзуге және есептеу аспаптарын тексерудi ұйымдастыруға; 
      1-3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн бекiтуге арналған өтiнiмдi уәкiлеттi органның қарауына ұсынуға; 
      1-4) реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату үшiн тұтынушылардан уәкiлеттi органмен келiсiлген ақы алуға;
      2) уәкiлеттi орган шешiмдер қабылдаған кезде өзiнiң iс-әрекетi мен құқықтық мәртебесi мәселелерiн қозғайтын ұсыныстар енгiзуге; 
      3) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекетiне (әрекетсiздiгiне) сотқа шағымдануға; 
      4) басқа субъектiлердiң өз iс-әрекетiне, табысына, меншiгiне немесе құқықтық мәртебесiне әсер ететiн әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға; 
      5) заң белгiленген тәртiппен өзiн Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiнен шығару туралы уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға; 
      5-1) Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығынының құны көбейтiлсе, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өсiруге; 
      6) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы.
        Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N  364 , 2004.12.09.  N 9 , 2006.07.05. N  166   Заңдарымен.  

       7-бап. Табиғи монополия субъектiлерiнiң мiндеттерi

      Табиғи монополия субъектiсi: 
      1) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн шешiмдерiн орындауға; 
      2) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) уәкiлеттi орган бекiткен тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн ескере отырып, мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларды жалпыға бiрдей қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге;
      2-1) тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) жасағаны үшiн олардан өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге мiндеттi. Бұл талап осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетiлген табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды; 
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескерiлген реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан басқа жағдайларда, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайлармен, оның iшiнде уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткiзудi тең жағдайлармен ұсынуға; 
      3-1) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiнен аспайтын бiрыңғай тарифтер (бағалар, алым ставкалары) деңгейлерi бойынша ұсынуға; 
      4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруға;
      5) уәкiлеттi органның талап етуi бойынша қаржы есептiлiгi мен өзге де қажеттi ақпаратты уәкiлеттi орган бекiткен мерзiмде, бiрақ бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қағазға түсiрiлген және (немесе) электрондық жеткiзгiштер түрiнде беруге; 
      6) қоғамдық, экологиялық қауiпсiздiк және азаматтар денсаулығы үшiн қауiпсiздiк принциптерiн сақтай отырып, табиғи монополияның қызметтер өндiруi мен ұсынуының неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдап алуға; 
      7) осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетiлген, үш жылда бiр рет мiндеттi аудит жүргiзетiн табиғи монополиялар субъектiлерiн қоспағанда, аудиторлық ұйымдардың жыл сайынғы мiндеттi аудит жүргiзуге. Аудиторлық есеп және жылдық қаржы есептiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аудиторлық есеп бекiтiлген кезден бастап отыз күннен кешiктiрмей, табиғи монополия субъектiсi өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң тиiстi аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялануға тиiс; 
      7-1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзуге; 
      7-2) тарифтiк сметаны орындауға; 
      7-3) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тұтынушыларға және өзге де мүдделi тұлғаларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөнiндегi жұмысы туралы жыл сайын есеп беруге;
      8) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгi шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне, сондай-ақ реттелiп көрсетiлетiн өзге де қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасуға; 
      9) тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алуға және оларды тұтынушыларға орнатуға;
      9-1) есептеу аспабы iстен шыққан жағдайда, есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ақы өндiрiп алуға; 
      10) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн, тарифтiк сметаларды бекiткен кезде ескерiлетiн инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзудi уәкiлеттi органмен келiсуге; 
      11) уәкiлеттi органның талап етуiмен тоқсан қорытындысы бойынша тарифтiк сметаның орындалуы туралы есеп беруге; 
      12) реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;
      13) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) төмендету туралы оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей уәкiлеттi орган мен тұтынушыларды хабардар етуге; 
       14) алып тасталды -   2006.01.14.  N 120  Заңымен.
      15) Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, соның нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн аталған өзгерiстер қолданысқа енгiзiлген күннен бастап уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге; <*>
      16) мүлiктi мемлекет меншiгiне беру жағдайларын қоспағанда, өндiрiске және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен айыруға;
      17) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызмет түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алу әдiстемесiн әзiрлеуге әрi келiсуге мiндеттi.
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4), 7-1), 10) және 17) тармақшаларында көзделген мiндеттер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.
       Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N  364 , 2004.12.09.  N 9 , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi),  2006.01.14.  N 120 , 2006.07.05. N  166   Заңдарымен.  

       8-бап. Табиғи монополия субъектісiнiң мүлкiн иелiктен
               айыру және акцияларын (үлестерiн) сатып алу 

       Ескерту. 8-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N  364   Заңымен. 

       9-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қайта құру және
               тарату 

       Ескерту. 9-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N  364   Заңымен. 

       10-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн
                (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының құқықтары

      Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы: 
      1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша сатып алуға, есепке алу аспаптарын орнатуды талап етуге не оларды өздерi сатып алуға және орнатуға; 
      2) шешiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, жаңа шешiмдер қабылдау немесе қолданылып жүрген шешiмдердiң күшiн жою туралы уәкiлеттi органға өтiнiш беруге; 
      3) уәкiлеттi органның әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ ол қабылдаған шешiмдерге сот тәртiбiмен шағымдануға; 
      4) уәкiлеттi органға және (немесе) сот тәртiбiмен табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекеттерiне шағымдануға;
      4-1) жария тыңдауларға қатысуға; 
      4-2) табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруы жөнiндегi тендерлерге қатысуға; 
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы.
       Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N  364 , 2004.12.09.  N 9 , 2006.01.14.  N 120  Заңдарымен.   

       11-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн
             (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының мiндеттерi

      Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:
      1) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына), реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алу мен орнатуға уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектiлерi белгiлейтiн техникалық талаптарды орындауға мiндеттi.
       Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.05. N  166   Заңымен.  

       12-бап. Уәкiлеттi орган

      Уәкiлеттi органның ережесiн, құрылымы мен жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
       Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 364   Заңымен , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

       13-бап. Уәкiлеттi органның функциялары

      1. Уәкiлеттi орган:
      1) табиғи монополиялар субъектiлерiн бақылау мен олардың қызметiн реттеудi жүзеге асырады;
      2) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiн қалыптастырады және жүргiзедi;
      3) мемлекеттiк органдар және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
      4) табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) есептеудiң кемсiтпейтiн әдiстемелерiн немесе олардың шектi деңгейлерiн әзiрлейдi, бекiтедi және қолданады;
      5) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарды қолдану практикасын қорытады, осы негiзде әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлейдi;
      5-1) олар белгiлеген тәртiппен:
      табиғи монополия субъектiсiнiң нормативтiк техникалық ысыраптарын;
      мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шикiзаттары, материалдары, отындары, энергиялары шығындарының техникалық және технологиялық нормаларын;
      еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша табиғи монополия субъектiсiнiң персонал санының нормативтерiн бекiтедi.
      6)  алып тасталды
      2.  алып тасталды
       Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгізілді - 2006.01.14.  N 120 , 2006.07.05. N  166   Заңдарымен.

       14-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары

      1. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде:
      1) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарды әзiрлеуге және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынуға;
      2) табиғи монополиялар аясындағы қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзу туралы не одан шығару туралы шешiмдер қабылдауға;
      3) мемлекеттiк реттеу мен бақылауды енгiзу, өзгерту немесе тоқтату туралы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдауға;
      4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес табиғи монополиялар қызметiн реттейтiн және бақылайтын шешiмдер қабылдауға;
      5) өз құзыретi шегiнде табиғи монополиялар аясында осы Заңды бұзу фактiлерi бойынша бұзушылықтардың жолын кесу және олардың салдарларын жою туралы шешiмдер қабылдауға;
      6) табиғи монополиялар субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң көрсететiн қызметтерiне тұтынушылармен шарттар жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерiстер енгiзу туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар енгiзуге;
      7) табиғи монополиялар субъектiлерiне, мемлекеттiк органдарға табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының заңдарын олар бұзған жағдайда орындалуы мiндеттi нұсқамалар, оның iшiнде табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыру және (немесе) мүлкiн иелiктен айыру туралы нұсқамалар енгiзуге;
      8) осы Заң бұзылған жағдайларда сотқа жүгiнуге;
      9) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
      10) өз бастамасымен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары мен өздерiнiң қолында бар өзге де материалдардың негiзiнде, мемлекеттiк органдардың, азаматтардың, заңды тұлғалардың, мүдделi тұлғалардың жазбаша арыздары мен хабарларының және табиғи монополия субъектiлерi өтiнiштерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдары тұрғысынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;
      11) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк сметаларын ол белгiлеген тәртiппен өзгертуге бастамашылық жасауға;
      12) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн сатып алуды бақылауды жүзеге асыруға;
      13) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
      14) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылу мерзiмдерiн, осы Заңның 18-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кемiнде он екi айға белгiлеуге; 
      15) реттелетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және өзге де қызмет бойынша тұтас алғанда кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзу тәртiбiн бекiтуге;
      16) тағайындалатын оңалтушы басқарушының кандидатурасын және табиғи монополия субъектiсiн оңалту жоспарын келiсуге;
      17) мемлекеттiк органдар олардың құзыретi шегiнде белгiлеген сапаға қойылатын талаптарды ескере отырып, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге;
      17-1) олар белгiлеген тәртiпке сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату үшiн ақы алу мөлшерiн және тетiгiн келiсуге;
      18) ол белгiлеген тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiнiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзу әдiстемесiн келiсуге;
      19) бағалау қызметi саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi құралдарын қайта бағалауды жүргiзу тәртiбi мен шарттарын бекiтуге;
      20) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн, тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды келiсуге, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектiлерiнiң инвестициялық бағдарламаларын және инвестициялық жобаларын iске асыру тиiмдiлігінiң мониторингiн жүзеге асыру тәртiбiн бекiтуге;
      20-1)  алып тасталды
      21) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдары мәселелерi бойынша түсiнiктемелер беруге құқылы.
      2.  алып тасталды
       Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда -Қазақстан Республикасының - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгізілді - 2006.01.14.  N 120 , 2006.07.05. N  166   Заңдарымен.

       14-1-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi

      1. Уәкiлеттi орган:
      1) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн заңсыз көтеру және (немесе) iс жүзiнде орындалмаған жұмыстардың құнын тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе олардың шектi деңгейлерiне енгiзу, тарифтiк сметада көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын мақсаттан тыс пайдалану, тарифтiк сметаның шығындарының баптарын орындауда бекiтiлген мөлшерiнен бес проценттен артық ауытқуы арқылы келтiрген залалды тұтынушыларға өтеу үшiн уақытша өтемдiк тарифтi бекiту туралы шешiм қабылдауға;
      2) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге немесе өзгертуге өтiнiмiн қарауға қабылдаудан бас тартуын жазбаша негiздеуге;
      3) тұтынушыларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерi барынан басқа, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша қабылданған шешiмдермен таныстыруға;
      4) табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн өзгертуге өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдауды өткiзуге;
      4-1) тәуелсiз сарапшыларды, мемлекеттiк органдарды тарта отырып, өздерiнде белгiленген тәртiппен қаржылық және (немесе) техникалық сараптама жүргiзуге; 
      5) мыналардың:
      тарифтiк сметаларды, тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтудiң;
      тарифтiк сметалардың, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын ұсынудың;
      уақытша төмендету коэффициентiн бекiтудiң тәртiбiн айқындауға;
      6) осы Заңның бұзылу жағдайлары және кiнәлi адамдардың жауапқа тартылуы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге мiндеттi.
      2.  алып тасталды
     Ескерту. 14-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгізілді - 2006.01.14.  N 120 , 2006.07.05. N  166   Заңдарымен.

       15-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн
                мемлекеттiк реттеу 

      1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу:
      1) тарифтi (бағаны, алымдар ставкасын) бекiтумен;
      1-1) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiн бекiтумен; 
      1-2) инвестициялық тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiтумен;
      2) тарифтiк сметаны бекiтумен;
      3) уақытша төмендету коэффициентiн бекiтумен; 
      4) шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн бекiтумен; 
      5) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындардың және қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзудiң тәртiбiн бекiтумен; 
      6) есепке алу саясатын келiсумен; 
      7) уақытша өтемдiк тарифтi бекiтумен жүзеге асырылады. 
      2. Өндірістің құрамдастырылған үлгiсiндегi станцияларда жылу энергиясын өндiретiн табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу жылу және электр энергиясын шығарудың технологиялық режимiнiң ерекшелiктерi ескерiле отырып, кешендi тәсiл және бәсекелес рынокта электр энергиясына бағаларды қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады. 
      3. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынудан түсетiн кiрiсi жылына үш жүз елу мың айлық есептiк көрсеткiштен немесе реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң әрбiр түрi бойынша жылына елу мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiне Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн мемлекеттiк реттеудiң жеңiлдетiлген тәртiбi қолданылады. Аталған табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тiзбесiн уәкiлеттi орган бекiтедi. 
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N  364 , өзгерту енгізілді - 2004.12.09.  N 9 ,  2006.01.14.  N 120 , 2006.07.05. N  166   Заңдарымен.

       15-1-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп
                  көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына,
                  жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар
                  ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейiн
                  қалыптастырудың тәртiбi

      1. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) уәкiлеттi орган бекiтетiн тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейi  реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну (тауар өндiру, жұмыстар) үшiн қажеттi шығын құнынан төмен болмауға және табиғи монополия субъектiсiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайда табу мүмкiндiгiн ескеруге тиiс. 
      2. Уәкiлеттi орган тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн бекiткен кезде шығындарды қалыптастырудың мынадай ережелердi:
      1) тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн шығындарды реттеудi; 
      2) шикiзат, материалдар, отын, энергия шығындарының техникалық және технологиялық нормалары, сондай-ақ нормативтiк техникалық ысыраптар шегiнде табиғи монополия субъектiсi шығыстарының баптарын шектеудi; 
      3) тарифтi (бағаны, алым ставкаларын) немесе оның шектi деңгейiне қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн шығыстар тiзбесiн белгiлеудi; 
      4) тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн пайданы шектеудi;
      5) негiзгi құралдардың тозуын есептеудiң қолданылатын әдiстерiн келiсудi;
      6) негiзгi құралдарды қайта бағалауды және табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметасында көзделген амортизациялық аударым қаражаттарын пайдалану бағыттарын келiсудi көздейтiн ерекше тәртiбiн қолданады.
      Шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн Уәкiлеттi орган бекiтедi.
      3.  алып тасталды
      4.  алып тасталды
     Ескерту. 15-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N  364 , өзгерту енгізілді - 2004.12.09.  N 9 , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi),  2006.01.14.  N 120 , 2006.07.05. N  166   Заңдарымен.

       16-бап. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының)
                немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және
                тарифтiк сметаларының жобаларын табыс ету
                тәртiбi

      1. Ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiту қажет болған жағдайда табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қарауға өтiнiм жасайды.
      2. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтiк сметалардың және тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн  тоқсан күннен кешiктiрмей өтiнiммен бiрге табыс етуге мiндеттi. 
      Тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тарифтi (бағаны, алым ставкасын) қарауға өтiнiмдi ол қолданысқа енгiзiлуден бiр жүз сексен күн бұрын ұсынады. 
      Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалар қайта қаралған жағдайда табиғи монополия субъектiсi экономикалық жағынан негiзделген есептердi және өзге де ақпаратты бiр ай мерзiмде жаңа тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiту үшiн өтiнiм беру кезiндегiдей көлемде табыс етуге мiндеттi.<*>
      3.  алып тасталды -   2006.01.14.  N 120  Заңымен.
       Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N  364 , 2004.12.09.  N 9 , 2006.01.14.  N 120  Заңдарымен.

       17-бап. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының)
              немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және
              тарифтiк сметаларының жобаларын қарау тәртiбi

      1. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қолданыстағы тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын өзгертуге өтiнiмдердi қарауға қабылдаған жағдайларда уәкiлеттi орган тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және тарифтiк сметаларының жобаларына сараптама жүргiзедi.
      Сараптама жүргiзген кезде тәуелсiз сарапшылар, мемлекеттiк органдар, тұтынушылар және олардың қоғамдық бiрлестiктерi, жобаны ұсынған табиғи монополиялар субъектiлерi тартылады.
      2. Уәкiлеттi орган мерзiмдi баспасөз басылымдарында:
      1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiн жалпы тәртiппен бекiту кезiнде кемiнде он бес күн бұрын;
      2) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) осы Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес бекiту кезiнде кемiнде жетi күн бұрын жария тыңдауларды өткiзу күнi мен орны туралы ақпаратты жариялауға мiндеттi.
      Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде осы тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi талаптар қолданылмайды.
      Жария тыңдаулар:
      1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейлерiн бекiту кезiнде оларды бекiту туралы шешiм қабылдаудан кемiнде отыз күн бұрын;
      2) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде оларды бекiту туралы шешiм қабылдаудан кемiнде он бес күн бұрын;
      3) осы Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде оларды бекiту туралы шешiм қабылдаудан кемiнде жетi күн бұрын;
      4) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде оларды бекiту туралы шешiм қабылдаудан кемiнде бiр күн бұрын өткiзiледi.
      Табиғи монополия субъектiсi жария тыңдаулар өткiзудiң күнi туралы ақпарат жарияланғаннан кейiн жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша:
      реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтiк сметалардың, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын;
      реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн көтерудiң себептерi туралы экономикалық негiзделген есептерi бар ақпаратты беруге мiндеттi.
      Жария тыңдаулар өткiзудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      3. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын уәкiлеттi орган елу бес күн iшiнде, ал тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес экономикалық негiзделген есептер берiлген жағдайда жүз алпыс бес күн iшiнде қарайды. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын қарау мерзiмi өтiнiм берiлген кезден бастап есептеледi.
      4. Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын уәкiлеттi орган он күн iшiнде қарайды.
      5. Осы баптың 1-тармағының талаптары уәкiлеттi органның төтенше реттейтiн шаралар түрiнде қабылдайтын шешiмдерiне қолданылмайды.
      6. Осы баптың 1-тармағы екiншi бөлiгiнiң талаптары қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекiту туралы шешiмдерге қолданылмайды. 
       Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2006.07.05. N  166   Заңымен.

       18-бап. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)
                немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк
                сметаларын бекiту туралы

      1.  алып тасталды
      2. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын бекiту туралы шешiм табиғи монополия субъектiсiне олар күшiне енгiзiлетiн сәтке дейiн кемiнде отыз бес күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiне олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде он күн бұрын жiберiлуге тиiс. 
      3. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын бекiту, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, он екi айда бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi. Жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды қолданысқа енгiзу тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекiтiлген айдан кейiнгi екiншi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады. 
      Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қолданысқа енгiзу тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекiтiлген айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады.
      4. Табиғи монополия субъектiсi тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өзгертiлгенi туралы ақпаратты тұтынушының назарына олар күшiне енгiзiлгенге дейiн кемiнде отыз күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде үш күн бұрын жеткiзуге мiндеттi. 
      5. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту:
      1) жаңадан құрылған табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына);
      2) осы Заңның 4-бабы 2-тармағына сәйкес енгiзiлген реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жаңа түрлерiне;
      3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) өзге түрлерi бойынша Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлiп қойған табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) жаңа түрлерiне;
      4) егер табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қолданылып жүрген тарифтер объектiлер және (немесе) учаскелер бойынша бөлек бекiтiлген болса, жаңа объектiлерге және (немесе) учаскелерге жүргiзiледi.
      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген табиғи монополиялар субъектiлерi тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды жалпы тәртiппен қайта қарау үшiн алты айдан кешiктiрмей өтiнiм жасауға мiндеттi.
      Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту тәртiбiн осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi орган айқындайды. 
      Оңайлатылған тәртiппен бекiтiлген тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) көтерген жағдайда уәкiлеттi орган жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгiзумен бiр мезгiлде тұтынушыларға келтiрiлген шығындарды өтеу туралы шешiм қабылдауға мiндеттi. 
      5-1. Жасалған мәмiленiң немесе банкрот деп танылған борышкер - табиғи монополия субъектiсiнiң конкурстық массасын сатудың нәтижесiнде активтерi өз меншiгiне түскен табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) осы активтердiң немесе конкурстық өндiрiс процесiнде өндiрiп алынатын мүлiктiң меншiк иелерi үшiн уәкiлеттi орган бұрын бекiткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалары бойынша реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекiтуге өтiнiм ұсынғанға дейiн, бiрақ алты айдан аспайтын мерзiмде ұсынады.
      6. Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша және тарифтiк сметаларды бекiту осы Заңда белгiленген жалпы тәртiппен жүзеге асырылады. 
      7. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн енгiзу тиiстi жылдың бiрiншi қаңтарынан немесе бiрiншi шiлдесiнен бастап жүзеге асырылады. 
       Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N  364 , 2004.12.09.  N 9 , 2006.01.14.  N 120 2006.07.05. N  166   Заңдарымен.

       18-1-бап. Табиғи монополия аясындағы мемлекеттiк
                  бақылау 

      1. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрудi не тиiстi тауар рыногының табиғи монополия жағдайынан бәсекелестiк рынок жағдайына экономикалық жағынан ақтауға болатын ауысуын тежеудi болдырмау мақсатында уәкiлеттi орган:
      1) егер табиғи монополия субъектiсiнiң иелiгiнен айыратын мүлiктiң немесе ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерілген, оған қатысты өзге де мәмілелер жасалатын мүлкінің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 процентiнен асатын болса, олар табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өсуiне, тұтынушылармен жасасқан шарттардың бұзылуына, берiк байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiн иелiктен айыруға және (немесе) оның мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға; 
      2) табиғи монополия субъектiсiнiң тасымалдайтын немесе өзiне берiлетiн, өзiнiң тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуына;
      2-1) мүлiктi жалға алу шартын жасасу табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң артуына, тұтынушылармен жасалған шарттардың бұзылуына, берiк байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерiлген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнынан 0,05 процент астам болатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн пайдаланылатын мүлiктi жалға алуына; 
      3) табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңда рұқсат етiлген өзге де қызметтi жүзеге асыруына; 
      4) табиғи монополия субъектiсiнiң акциялар (үлестер) сатып алуына, сондай-ақ оның осы Заңмен рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуына;
      4-1) жеке немесе заңды тұлғалардың (немесе адамдар тобының) табиғи монополия субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) оннан астам процентiн сатып алуына; 
      5) табиғи монополия субъектiсiнiң қайта ұйымдастырылуына және таратылуына бақылауды жүзеге асырады.
      1-1. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерiнiң тiзбесiн уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк басқару саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын тиiстi мемлекеттiк органмен бiрлесiп бекiтедi.
      2. Осы баптың 1-тармағының 1)-4), 5) тармақшаларында аталған iс-әрекеттердi жасау үшiн табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға осындай iс-әрекеттердi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы өтiнiмдi ұсынуға және шешiм қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты хабарлауға мiндеттi.
      Өтiнiм беру үшiн құжаттар тiзбесiн, оларды ұсыну және қарау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi осы баптың 1-тармағының 2) - 4), 5) тармақшаларында аталған iс-әрекеттердi жасау үшiн уәкiлеттi органға алдын ала ақпарат жолдауға мiндеттi.
      Осы баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетiлген iс-әрекеттердi жасау үшiн жеке немесе заңды тұлға ақпаратты уәкiлеттi органға алдын ала жолдауға мiндеттi.
      3. Табиғи монополия субъектiсi осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызметтi жүзеге асыруға келiсiм алу үшiн мынадай шарттардың орындалуын қосымша қамтамасыз етуге мiндеттi:
      1) осы қызметтен табиғи монополия субъектiсi алатын табыстар оның жүзеге асырылуына қажеттi шығындарды жабуға тиiс;
      2) қызметтi жүзеге асыру тиiстi қызметтер көрсету (тауарлар, жұмыстар) рыногында бәсекелестiктi шектеуге әкеп соқпайды.
      Табиғи монополия субъектiсi осы тармақта көзделген шарттардың орындалуы туралы есептi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша тоқсан сайын ұсынуға мiндеттi.
      4. Егер өтiнiштi қанағаттандыру осы баптың 1-тармағының бiрiншi абзацында аталған салдарларға әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ, егер өтiнiш берушi барлық қажеттi құжаттарды табыс етпеген не оларда ұсынылған ақпарат дұрыс болмаған жағдайларда, уәкiлеттi орган оны қабылдамауға құқылы.
      5. Уәкiлеттi орган өтiнiмдi оны алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей қарайды және өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
      Егер шешiм қабылдау үшiн қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган оны өтiнiш берушiден сұратуға және өтiнiштi алған күннен бастап он бес күннен кешiктiрмей өтiнiштi қарау мерзiмiн ұзарту туралы хабарламамен бiрге осындай сауал салу өтiнiш берушiге жiберiлген жағдайда өтiнiштi қарау мерзiмiн отыз күнге ұзартуға құқылы.
      6. Өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартуға өтiнiш берушi сот тәртiбiмен шағымдана алады.
       Ескерту. 18-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N 2002.12.26. N  364 , өзгерту енгізілді - 2004.12.09.  N 9  , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) 2006.07.05. N  166   Заңдарымен.

       18-2-бап. <*>

       Ескерту. 18-2-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 9  Заңымен.

       18-3-бап. Табиғи монополия субъектiсiн қайта ұйымдастыру
                  және тарату 

      1. Табиғи монополия субъектiсiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастыру және тарату рәсiмдерi қолданылуы мүмкін.
      2. Табиғи монополия субъектiсiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеудi және қайта тiркеудi, сондай-ақ оның қызметiн тоқтатуды тiркеушi орган уәкiлеттi органмен алдын ала келiсу арқылы ғана жүзеге асырады.
      3. Табиғи монополия субъектiсiне ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (өндiрiлетiн тауарлар, жұмыстар) үзiлiсiн немесе көлемi едәуiр азайып кетуiн болдырмау мақсатында оңалту рәсiмдерi қолданылуы мүмкiн. 
       Ескерту. 18-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N  364 , өзгерту енгізілді - 2004.12.09.  N 9  Заңдарымен.

       18-4-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң сатып алуды
                  жүзеге асыруы кезiндегi мемлекеттiк бақылау

      1. Шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн қызмет көрсетулердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алу осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер нысанында жүзеге асырылады.
      2. Тендердi табиғи монополия субъектiсi:
      1) тендер рәсiмдерiн өткiзудiң ашықтығы мен жариялылығы;
      2) тендерге қатысу үшiн барлық ықтимал берушiлерге тең мүмкiндiктi қамтамасыз ету;
      3) ықтимал берушiлер арасында адал бәсекелестiк принциптерiн сақтай отырып өткiзедi.
      2-1. Табиғи монополия субъектiсi:
      электр энергиясы мен қуаттылықтың орталықтандырылған сауда нарығына қол жеткiзу жағдайы болмаған кезде тиiстi тауар нарығында электр энергиясы тапшы болған;
      газ тапшы болған кезде оның импортын жүзеге асырушы ұйымнан газ сатып алу жағдайларын қоспағанда, стратегиялық тауарларды тiкелей стратегиялық тауарларды өндiрушiлерден сатып алуды жүзеге асырады.
      3. Сатып алуды жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
      Осы талап Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мекемелердiң, сондай-ақ акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың сатып алуды жүргiзу жағдайларына қолданылмайды. 
      3-1. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң аффилиирленген тұлғалары үшiн конкурстың бiрыңғай ұйымдастырушысы ретiнде өкiлдiк етуге құқылы. 
      4. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда, табиғи монополия субъектiсiнiң жабық конкурс өткiзу жолымен сатып алуды жүзеге асыруына, бiр көзден сатып алуына келiсiм беруге құқылы.
      5. Табиғи монополия субъектiсi тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), егер сатып алудың құнмен алынған жылдық көлемi уәкiлеттi орган белгiлеген шектi мөлшерден асып кетпесе, тендер өткiзбей сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
      5-1. Табиғи монополия субъектiсiнiң екi және одан да көбiрек аффилиирленген тұлғаларының, Қазақстан Республикасы Yкiметi белгiлеген жағдайларды қоспағанда, аталған табиғи монополия субъектiсi өткiзетiн тендерге (лотқа) қатысуға құқығы жоқ. 
      6. Тендерге қатысушының талап етуi бойынша оған тендер нәтижелерi және жеңiмпазды таңдаудың себептерi туралы түбегейлi жазбаша ақпарат берiлуге тиiс.
      7. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының табиғи монополия туралы заңдарын бұза отырып өткiзiлген тендердiң жеңiмпазымен табиғи монополия субъектiсi шарт жасасқанға дейiн оның нәтижесiнiң күшiн жоюға және табиғи монополия субъектiсiн қайта тендер өткiзуге мiндеттеуге құқылы.
      8. Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге берген өтiнiмiн, ол Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тендер өткiзу туралы талаптарды бұзған жағдайда, қабылдамай тастауға құқылы. 
      9. Осы бапта көзделген талаптар теңгерiмдеушi электр энергиясын, орталықтандырылған сауда-саттықтардағы, спот рыногындағы электр энергиясын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдарына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiне, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды. 
       Ескерту. 18-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N  364 , өзгерту енгізілді - 2004.12.09.  N 9 , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) 2006.07.05. N  166   Заңдарымен.

         18-5-бап. Табиғи монополиялар субъектiлерiн тексеру

      1. Уәкiлеттi орган жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiн тексеру жоспарлы және жоспардан тыс болуы мүмкiн.
      2. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн жоспарлы тексерудi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жылына бiр реттен жиi жүргiзбейдi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылмайтын табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн жоспарлы тексерудi уәкiлеттi орган үш жылда бiр реттен жиi жүргiзбейдi.
      3. Жыл сайын уәкiлеттi органның басшысы бекiтетiн уәкiлеттi органның жұмыс жоспары жоспарлы тексеру жүргiзуге негiз болып табылады. Жоспарда тексерулер жүргiзiлетiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тiзбесi және оларды жүргiзу кезеңi қамтылуға тиiс.
      4. Уәкiлеттi органның табиғи монополия субъектiлерiне жоспардан тыс тексерулер жүргiзуге мыналар негiз болады:
      1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жолданымдарында жазылған расталған фактiлер;
      2) мемлекеттiк органдардың ақпараты;
      3) құқық қорғау органдарының хабарламалары;
      4) басқа мемлекеттiк органдармен бiрлескен тексерулер;
      5) уәкiлеттi органның өз бастамасы;
      6) бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары.
      5. Осы баптың 4-тармағында көзделген негiздер туындаған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей, уәкiлеттi орган:
      1) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылық фактiлерiне тексеру жүргiзу туралы шешiм қабылдайды;
      2) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылық фактiлерiне тексеру жүргiзуден бас тартады.
      Ескерту. 18-5-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

         18-6-бап. Табиғи монополиялар субъектiлерiне тексеру
                   жүргiзудiң тәртiбi

      1. Табиғи монополиялар субъектiлерiн тексеру уәкiлеттi орган тексеру жүргiзу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн жүргiзiледi. Уәкiлеттi органның тексеру жүргiзу туралы шешiмiнде:
      1) уәкiлеттi органның атауы, тексеру тағайындау жөнiнде өкiлеттiгi бар адамның тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы мен оның қолы;
      2) тексерулер тағайындау туралы актiнiң шығарылған күнi мен уәкiлеттi органның журналы бойынша тiркеу нөмiрi;
      3) тексерудi жүзеге асыратын лауазымды адамның тегi мен аты-жөнi;
      4) салық төлеушi - табиғи монополия субъектiсiнiң атауы, тұрған жерi және тiркеу нөмiрi;
      5) тексеру түрi;
      6) тексеру мәселесi;
      7) тексеру жүргізу мерзiмi;
      8) тексеру тағайындаудың негiздемесi;
      9) табиғи монополия субъектiсiнiң құжаттарын белгiлi бiр уақыт мерзiмiнде зерделеу қажет болған жағдайда тексерiлетiн кезеңi;
      10) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн өткен жылғы (өткен жыл деп тексеру жүргiзу кезiндегi күнтiзбелiк жыл түсiнiледi) жүргiзiлген тексерулерi туралы ақпарат;
      11) табиғи монополия субъектiсiне тексеру жүргiзудiң негiзгi мiндеттерi мен мақсаттары көрсетiлген тексеру бағдарламасы, табиғи монополия субъектiсiн тексеру барысында анықталуға тиiстi мәселелер тiзбесi мен жағдаяттар аясы қамтылуға тиiс.
      2. Уәкiлеттi органның тексеру жүргiзу туралы шешiмiне басшы қол қояды және ол уәкiлеттi органның мөрiмен расталады.
      3. Табиғи монополиялар субъектiлерiне тексеру жүргiзу кезiнде уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасы табиғи монополиялар субъектiсiнiң басшысына немесе оны ауыстырушыға уәкiлеттi органның тексеру жүргiзу туралы шешiмiн және қызметтiк куәлiгiн көрсетуге мiндеттi.
      4. Тексеру жүргiзу туралы шешiмдi және қызметтiк куәлiктi көрсеткен кезде табиғи монополиялар субъектiсi уәкiлеттi органның лауазымды адамын өздерiне тиесiлi аумаққа немесе үй-жайға жiберуге және тексерiлетiн табиғи монополиялар субъектiсiнiң лауазымды адамдарынан, басшылары мен басқа да қызметкерлерiнен тексеру жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты, құжаттарды сұрату және оларды алу мен тексеру барысында пайда болатын мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсiндiрмелер алу мүмкiндiгiмен қамтамасыз етуге мiндеттi.
      5. Табиғи монополиялар субъектiлерiне тексеру жүргiзетiн уәкiлетті органның лауазымды тұлғасының тиiстi аумаққа немесе үй-жайға енуiне кедергi жасалған және ақпараттарды, құжаттар мен түсiнiктемелердi бермеген кезде Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк iс қозғалады.
      6. Табиғи монополия субъектiсiне тексеру жүргізу мерзiмi алда тұрған жұмыстардың және қойылған мiндеттердiң көлемiн ескере отырып белгiленедi, бiрақ күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
      Мән-жайларды қосымша тексеру қажет болған жағдайда, тексеру мерзiмi уәкiлеттi органның шешiмiмен күнтiзбелiк отыз күнге ұзартылуы мүмкін.
      Табиғи монополия субъектiсiн тексеру мерзiмiн ұзартуды тексеру жүргiзетiн уәкiлеттi органның басшысы жүргiзедi.
      7. Тексеру табиғи монополия субъектiсiн тексеру қорытындылары туралы анықтаманы жасаумен аяқталады.
      Тексеру қорытындылары туралы анықтамаға табиғи монополия субъектiсiн тексерудi жүзеге асыратын лауазымды адам және тексерiлетiн табиғи монополия субъектiсiнiң басшысы немесе оны ауыстыратын адам қол қояды.
      8. Тексерiлетiн табиғи монополия субъектiсiнiң басшы немесе оны ауыстыратын адам ерекше пiкiрлерiн жазбаша түрде бiлдiруге құқылы, ол тексеру қорытындысы туралы анықтамаға қоса берiледi.
      9. Тексерiлетiн табиғи монополия субъектiсiнiң басшысы немесе оны ауыстыратын адам тексеру қорытындылары туралы анықтамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, табиғи монополия субъектiсiн тексерудi жүзеге асыратын лауазымды тұлға тексеру қорытындысы туралы анықтамаға тиiстi жазба енгiзедi.
      10. Тексеру қорытындылары туралы анықтаманың екiншi данасы табиғи монополия субъектiсiн тексеру аяқталған соң қол қойғызып алу арқылы табиғи монополия субъектiсiнiң басшысына немесе оны ауыстыратын адамға, ал олар болмаған жағдайда - тексерiлетiн табиғи монополия субъектiсiнiң кеңсесiне, анықтаманы қабылдап алған табиғи монополия субъектiсi қызметкерiнiң тегiн және лауазымын көрсете отырып, қол қойғызу арқылы тапсырылады. Тексеру қорытындылары туралы анықтаманы беру не кеңсеге тапсыру мүмкiн болмаған жағдайда тексеру қорытындылары туралы анықтама табиғи монополия субъектiсiне почта арқылы тапсырылғандығы хабарланатын тапсырыс хатпен жiберiледi.
      11. Табиғи монополия субъектiсiн тексерудiң нәтижелерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
      Ескерту. 18-6-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

         18-7-бап. Табиғи монополия субъектiсiн тексеру
                   нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органның шешiмi

      Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiн тексеру қорытындылары туралы анықтаманы қарау нәтижелерi бойынша:
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негiздердiң жоқтығы туралы қорытынды жасайды;
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғайды;
      3) табиғи монополия субъектiсiне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықтардың анықталған фактiлерiн жою туралы нұсқама шығарады;
      4) материалдарды қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi қарау үшiн құқық қорғау органдарына бередi;
      5) материалдарды қарау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн өзге де мемлекеттiк органдарға бередi.
      Ескерту. 18-7-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

       19-бап. Осы Заңды бұзудың салдарлары

      1. Осы Заңды бұзған жағдайда табиғи монополия субъектiлерi, мемлекеттiк органдар олардың басшылары:
      1) осы Заңды бұзуды тоқтатуға және оның салдарларын жоюға;
      2) бастапқы жағдайды қалпына келтiруге немесе нұсқамада көрсетiлген өзге iс-әрекеттердi жасауға;
      3) келтiрiлген залалды және (немесе) зиянды тiкелей немесе тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) уақытша төмендету арқылы өтеу үшiн шаралар қолдануға;
      4) осы Заңға сәйкес келмейтiн актiлердi жоюға немесе өзгертуге мiндеттi. 
      2. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шешiм қабылданған күнгi қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, табиғи монополия субъектiсiне өзi жүргiзген тексеру материалдары негiзiндегi, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын талдау қорытындысы бойынша уақытша өтемдiк тарифтi белгiлейдi. Уақытша өтемдiк тарифтi енгiзу тексеру жүргiзiлген айдан кейiнгi келесi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге айырылады.
        Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N  364 , 2004.12.09.  N 9  Заңдарымен.

       19-1 бап. Уәкiлеттi органның ұйғарымдары

      1. Уәкiлеттi органның ұйғарымдарын табиғи монополиялар субъектiлерi, мемлекеттiк органдар, олардың басшылары шешiмдерде (ұйғарымдарда) көзделген мерзiмде, бiрақ оларды алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей орындайды.
      2. Мемлекеттiк органдар осы Заңды бұза отырып қабылданған актiлердi жою немесе өзгерту туралы, не бастапқы жағдайдағы қалпына келтiру жөнiндегi ұйғарымдарды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган осы актiлердi (толық немесе iшiнара) жарамсыз деп тану туралы және (немесе) бастапқы жағдайдағы қалпына келтiруге мәжбүрлеу туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
      3. Табиғи монополия субъектiсi ұйғарымды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiн ұйғарымда көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу туралы талап-арызды сотқа ұсынуға құқылы.
      Ескерту. 19-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 9  Заңымен.

       20-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк 

      Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 
       Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N  364   Заңымен.

       21-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңды бұзудан
                келтiрiлген залалды өтеуi 

      Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңға қайшы келетiн және басқа жеке немесе заңды тұлғаға залал келтiрген, соның iшiнде тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) нeмece олардың шектi деңгейлерiн көтеру, реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға және оларды орындауға арнап шарттар жасасудан негiзсiз бас тарту жолымен залал келтiрген әрекеттерi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң оларды өтеуiне әкеп соғады.
       Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N  364 , өзгерту енгізілді - 2004.12.09.  N 9  Заңдарымен.

       22-бап. Табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi
                органның, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының
                заңсыз шешiмдерiмен, әрекеттерiмен
                (әрекетсiздiгiмен) келтiрiлген залалды өтеу

      Егер табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi органның және оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, сондай-ақ әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) залал келтiрiлген жағдайда, ол бұл залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен өтеудi талап етуге құқылы.
       Ескерту. 22-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.26. N  364   Заңымен.

       23-бап. Өтпелi ережелер

      Реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi ұсынатын табиғи монополиялар субъектiлерi жасалған шарттарға сәйкес есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларды реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi есептеу аспаптарымен (жылу энергиясын, суды есептейтiн үйге ортақ аспаптармен және суды есептейтiн жеке аспаптармен) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Ескерту. 23-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.05. N  166   Заңымен.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi