Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Кодексімен

      Ескерту. Осы Заңның күші жойылды – ҚР 20.04.2023 № 224-VII Кодексімен (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 22-баптан қараңыз.
      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.

     

      Осы Заң өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтер - өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын, көлемін және шарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;

      4) әлеуметтік бейімсіздік - жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы;

      5) әлеуметтік депривация - адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айрылу;

      6) әлеуметтік қызметкер - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар қызметкер;

      7) әлеуметтік орта - адамның (отбасының) өмір сүруінің, қалыптасуы мен қызмет атқаруының материалдық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани жағдайларының жиынтығы;

      8) өмірлік қиын жағдай - адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын, осы Заңда көзделген негіздер бойынша танылған ахуал.

2-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

      Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктерге қолданылады.

      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мен міндеттері

      1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясат:

      1) адамның құқықтарын сақтау;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің ізгілік, еріктілік, құпиялылық, атаулылық және қолжетімділік;

      3) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасыларының), арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

      4) мемлекеттік органдардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілермен өзара іс-қимылы;

      5) кешенділік;

      6) әлеуметтік ықпалдасу және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту;

      7) кемсітпеушілік қағидаттарына негізделеді.

      2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері:

      1) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде оны еңсеру үшін жағдай жасау;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз ету;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтауды қамтамасыз ету;

      4) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің мониторингі және оның сапасын бағалау жүйесін дамыту;

      5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінің дамуын қамтамасыз ету;

      6) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕРІ

5-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері

      1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді қамтиды.

      2. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірыңғай тізбесі болып табылады.

      2-1. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады.

      3. Ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс ақылы негізде көрсетіледі.

      4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер ақпараттық, консультациялық және делдалдық қызметтер түрінде жалпы сипаттағы қызметтер көрсетуді қамтуы мүмкін.

      5. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, мемлекеттік секторда жұмыс істейтін субъектілер жалпы сипаттағы қызметтерді бюджет қаражаты есебінен көрсетеді.

      6. Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес келуге тиіс.

      7. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергілікті өкілді органдары бекітеді.

      8. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Адам (отбасы) өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін негіздер

      1. Адам (отбасы) мынадай негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайда жүр деп танылуы мүмкін:

      1) жетімдік;

      2) ата-ана қамқорлығының болмауы;

      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық;

      4) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      5) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;

      6) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

      7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;

      8) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;

      10) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;

      12) пробация қызметінің есебінде болу.

      2. Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесе отырып айқындайды.

      Жасалған әрекеттерге қатысты қылмыстық іс жүргізуді қозғау фактісінің бар-жоғына қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, адам саудасына, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасына, оларды пайдаланудың өзге де түрлеріне байланысты әрекеттер, сондай-ақ адам ұрлау әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездік таныту нысандары болып табылады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІ
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекітеді;

      3) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      4) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібін айқындайды;

      5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

8-бап. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Ескерту. 8-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

      1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) мыналарды:

      халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын;

      білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік жұмыскерлерді аттестаттау қағидаларын;

      әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын;

      білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау қағидаларын;

      халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидаларын;

      арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын;

      арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын;

      арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласындағы әдістемелік ұсынымдарды;

      халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

      3) мыналарды:

      арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша мониторинг жүргізуді;

      халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді;

      арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді;

      4) мыналарды:

      арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды;

      арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді;

      жеке және заңды тұлғалармен, денсаулық сақтау, білім беру саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды;

      осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 433-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

      1) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) мыналарды:

      халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын;

      денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      3) мыналарды:

      денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша мониторинг жүргізуді;

      халықтың денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді;

      денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді;

      4) мыналарды:

      денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы бақылауды;

      денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіруді;

      жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды;

      осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тарау 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 20.06.2017 № 76-VI Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Ескерту. 9-бап алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

10-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

      1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын әзірлейді және бекітеді;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан, әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау қағидаларын әзірлейді және халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді;

      4) әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау мен біліктілігін арттыру стандарттарын бекітеді;

      5) мыналарды:

      арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша мониторинг жүргізуді;

      халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілігіне талдау жүргізуді;

      арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді;

      6) мыналарды:

      арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы бақылауды;

      жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды;

      осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

      Ескерту. 11-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) мыналарды:

      жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      3) мыналарды:

      арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін;

      арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсетуін;

      халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;

      4) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;

      6) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін әзірлейді және оларды облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергілікті өкілді органдарының бекітуіне ұсынады;

      7) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;

      8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз етеді;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      4) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;

      5) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;

      6) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;

      7) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

      8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-1-тарау. Ұлттық алдын алу тетiгi

      Ескерту. Заң 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-1-бап. Ұлттық алдын алу тетігі

      1. Ұлттық алдын алу тетiгi ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметі арқылы жұмыс істейтін, азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерiнiң алдын алу жүйесі түрінде қолданылады.

      2. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары өз қызметі шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілерге және осы қатысушылардың баруы (бұдан әрі – алдын ала бару) үшін Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын өзге де ұйымдарға барады.

      3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін, азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қоғамдық байқау комиссияларының және қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары болып табылады.

      4. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметін үйлестіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қажетті әлеуеті мен кәсіптік білімін қамтамасыз ету үшін шаралар қолданады.

      5. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала бару жөніндегі шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

11-2-бап. Үйлестіру кеңесі

      1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанынан Үйлестіру кеңесі құрылады.

      Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді қоспағанда, Үйлестіру кеңесінің мүшелерін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл құратын комиссия Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан сайлайды.

      2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл:

      Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені;

      ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларын іріктеу тәртібін;

      алдын ала бару үшін ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларынан топтар құру тәртібін;

      алдын ала бару жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;

      алдын ала бару қорытындысы бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау тәртібін бекітеді.

      3. Үйлестіру кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауға қарсы комитетінің Азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі кіші комитетімен өзара іс-қимыл жасайды.

11-3-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар

      1. Мыналар:

      1) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар;

      2) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікті немесе айыпталушы;

      3) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;

      4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

      5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұрған адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.

      2. Қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарынан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиядан айырылған адамдар да ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.

11-4-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары

      1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушысы:

      1) алдын ала баруға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдардың саны, осындай ұйымдардың саны және олардың орналасқан жері туралы ақпарат алуға;

      2) алдын ала баруға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ оларды ұстау жағдайларына қатысты ақпаратқа қол жеткізе алуға;

      3) құрылған топтардың құрамында белгіленген тәртіппен алдын ала баруды жүзеге асыруға;

      4) алдын ала баруға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен куәларсыз, жеке немесе қажет болған кезде аудармашы арқылы, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының пiкiрi бойынша тиiстi ақпарат бере алатын кез келген басқа адаммен әңгімелесу жүргізуге;

      5) алдын ала баруға жататын ұйымдарды кедергісіз таңдауға және оларға баруға;

      6) азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы хабарлар мен шағымдарды қабылдауға құқылы.

      2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы заңды қызметін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз болып табылады.

11-5-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері

      1. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары өз өкілеттіктерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.

      2. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала баруға жататын ұйымдардың қызметіне араласуына жол берілмейді.

      3. Алдын ала бару жөніндегі топқа кіретін ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының бейтараптығына күмән туғызатын мән-жайлар болған кезде ол алдын ала баруға қатысудан бас тартуға міндетті.

      4. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы қабылданатын хабарлар мен шағымдарды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл айқындайтын тәртіппен тіркеуге міндетті.

      Қабылданған хабарлар мен шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің қарауына беріледі.

      Қабылданған және берілген хабарлар мен шағымдар туралы ақпарат алдын ала бару нәтижелері жөніндегі есепке енгізіледі.

      5. Осы Заңның ережелерін бұзған ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

11-6-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату

      Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктері:

      1) осы Заңның ережелері бұзылған;

      2) өз өкілеттіктерін доғару туралы жазбаша өтініші;

      3) ол қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

      4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

      5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;

      6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар басталған кезде тоқтатылады.

11-7-бап. Алдын ала барудың түрлері мен кезеңділігі

      1. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала баруы былайша бөлінеді:

      1) төрт жылда кемінде бір рет тұрақты негізде жүргізілетін кезеңдік алдын ала бару;

      2) алдыңғы кезеңдік алдын ала бару нәтижелері бойынша ұсынымдардың іске асырылуына мониторинг жүргізу, сондай-ақ алдын ала баруға жататын ұйымдардың әкімшіліктері тарапынан ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары әңгімелесу жүргізген адамдарды қудалаудың алдын алу мақсатында, кезеңдік алдын ала бару аралығындағы кезеңде жүргізілетін аралық алдын ала бару;

      3) азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы келіп түскен хабарлардың негізінде жүргізілетін арнаулы алдын ала бару.

      2. Үйлестіру кеңесі бөлінген бюджет қаражаты шегінде алдын ала бару мерзімдері мен және алдын ала баруға жататын ұйымдардың тізбесін айқындайды.

11-8-бап. Алдын ала бару тәртібі

      1. Алдын ала баруды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құратын топтар жүргізеді.

      2. Алдын ала бару үшін топтарды құру кезінде ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының ешқайсысын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітушілікке ұшыратуға болмайды.

      3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдын ала баруға жататын ұйымдардың әкімшілігіне жүктеледі. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының құқыққа сыйымсыз әрекеттері орын алған жағдайда, алдын ала баруға жататын ұйымдар әкімшілігінің басшысы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жазбаша хабар береді.

      4. Әрбір алдын ала барудың нәтижелері бойынша топтың атынан Үйлестіру кеңесі бекіткен нысан бойынша жазбаша есеп жасалады, оған алдын ала баруды жүзеге асырған топтың барлық мүшелері қол қояды. Ерекше пікірі бар топ мүшесі оны жазбаша түрде ресімдейді және есепке қоса береді.

11-9-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы

      1. Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын олардың алдын ала бару нәтижелері бойынша есептерін ескере отырып дайындайды.

      2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасында:

      уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала баруға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту және азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу бойынша ұсынымдар;

      Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар да қамтылады.

      Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына өткен жылғы алдын ала бару жөніндегі қаржылық есеп қоса беріледі.

      3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі және оны Үйлестіру кеңесі бекіткен күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің интернет-ресурсында орналастырылады.

11-10-бап. Құпиялылық

      1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары алдын ала бару барысында өздеріне белгілі болған адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді осы адамның келісімінсіз жария етуге құқылы емес.

      2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала бару барысында өздеріне белгілі болған адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді осы адамның келісімінсіз жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

11-11-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы

      1. Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына олардың заңды қызметін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді.

      Бірде-бір мемлекеттік орган немесе лауазымды адам азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерiнің қолданылу фактілері туралы ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына хабарлағаны үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге құқылы емес.

      Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының заңды қызметіне кедергі келтіретін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      2. Уәкілетті мемлекеттік органдар ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын алған күннен бастап үш ай ішінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге алынған баяндамаларды қарау нәтижелері бойынша қолданылған шаралар туралы жазбаша нысанда хабар береді.

      3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала бару нәтижелері бойынша есептері негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізуді не қылмыстық істі қозғау туралы өтінішхатпен жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. ӨМІРЛІК ҚИЫН ЖАҒДАЙДА ЖҮРГЕН АДАМҒА (ОТБАСЫНА)
АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

12-бап. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) құқықтары мен міндеттері

      1. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының):

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне өтініш білдіруге;

      2) өзінің құқықтары, міндеттері мен арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілу шарттары туралы ақпарат алуға;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізуге және оны айқындауға қатысуға;

      4) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және (немесе) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді таңдауға;

      5) арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға немесе олардан бас тартуға;

      6) лауазымды адамдардың, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;

      7) лауазымды адамдарға немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге мәлім болған жеке сипаттағы ақпараттың құпиялылығына құқығы бар.

      2. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы):

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті айқындау және оларды көрсету туралы шешім қабылдау үшін толық және дұрыс ақпарат беруге;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізу және оны айқындау процесіне кедергі келтірмеуге;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді осы қызметтерді көрсетуге әсер ететін мән-жайлардың өзгергені туралы уақтылы хабардар етуге міндетті.

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

13-бап. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне өтініш білдіруі

      1. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұратын жері бойынша (осы Заңның 15-бабының 7-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне:

      1) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген және (немесе) кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін қосымша көлеміне;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге ақылы қызметтерге;

      3) мыналарға:

      әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін кызметтер ұсынатын субъектілерге;

      тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілерге көмек көрсететін субъектілерге;

      баспанасыздық салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін кызметтер ұсынатын субъектілерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген және (немесе) кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін қосымша көлеміне жазбаша өтініш беру арқылы жүгінеді.

      2. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) мүддесі үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы өтінішті адамның (отбасының) өз бетінше оны бере алмау себебін көрсете отырып:

      1) отбасының ересек мүшелерінің біреуі;

      2) қамқоршысы (қорғаншысы);

      3) кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сенімхаты бар адам;

      5) мынадай:

      әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау;

      баспанасыздық салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамға) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын субъект;

      6) "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған көмек көрсету жөніндегі ұйым бере алады.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау

      1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер айқындайтын өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін бағалау және айқындау негізінде жүзеге асырылады.

      2. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізу және оны айқындау кезіндегі критерийлер:

      1) тыныс-тіршілігінің шектелуі;

      2) әлеуметтік бейімсіздік;

      3) әлеуметтік депривация;

      4) қолайсыз әлеуметтік орта болып табылады.

      3. Әлеуметтік жұмыскер осы Заңның 13-бабында көрсетілген адамдардан өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тапсырмасы бойынша осы Заңның 8-бабы 2) тармақшасының бесінші абзацында белгіленген тәртіппен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалауды және айқындауды жүргізеді.

      4. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау негізінде қорытынды дайындайды, онда қызметтің түрі, алушының санаты, қызмет көрсетілетін жер, қызметтің көрсетілу ұзақтығы, қызметтің мазмұны, жеке ерекшеліктері айқындалады.

      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 433-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

15-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

      1. Адам саудасына және баспанасыздыққа байланысты әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген және кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін қосымша көлемдерін ұсыну бюджет қаражаты есебінен көрсетілген жағдайда олар аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      2. Аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік жұмыскердің қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну туралы шешім қабылдайды.

      Аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну туралы шешім қабылдағанға дейін осы адам (отбасы) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын немесе тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілерге көмек көрсететін субъектілерде, олар бюджет қаражаты есебінен ұсынылған (көрсетілген) жағдайда тұра алады.

      3. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынудан бас тартылған жағдайда аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалауды жүргізу және оны айқындау үшін ұсынылған құжаттарды қайтарады.

      4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін:

      1) осы Заңның 6-бабында көрсетілген негіздерге сәйкес келмеуі;

      2) ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыс еместігі негіз болып табылады.

      5. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер оларды көрсету туралы шешім қабылданған күннен бастап жүзеге асырады.

      6. Ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер жасасқан шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Баспанасыздық, әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамға) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тұратын жеріне қарамастан ұсынылады.

      8. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді таңдауды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-бап. Әлеуметтік қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері

      1. Әлеуметтік қызметкердің:

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласына жаңа әдістемелер енгізуге, ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуға;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтаған жағдайда, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;

      3) кемінде бес жылда бір рет біліктілігін арттыруға құқығы бар.

      2. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкер осы баптың 1-тармағында белгіленген құқықтардан басқа:

      1) жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізу және оны айқындау үшін қажетті мамандарды тартуға құқылы.

      3. Әлеуметтік қызметкер:

      1) өзінің кәсіби құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді меңгеруге;

      2) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге;

      3) өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) туралы құпия ақпаратты жария етпеуге;

      4) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) қатысты кемсітушілікке жол бермеуге;

      4-1) құқық қорғау органдарына халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлауға;

      5) кәсіби шеберлігін тұрақты жетілдіріп отыруға;

      6) кемінде бес жылда бір рет аттестаттаудан өтуге;

      7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жеке жоспар жасауға;

      8) денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін кәсіптік мінез-құлық әдебі нормаларын сақтауға міндетті.

      Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкер, осы баптың 3-тармағында белгіленген міндеттерден басқа, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудегі қажеттілікке сапалы бағалау жүргізуге және оны айқындауға міндетті.

      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.05.2022 № 118-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің құқықтары мен міндеттері

      1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер:

      1) бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған конкурстарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы заңнамасына сәйкес қатысуға;

      2) ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыруға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа, арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі мен түрлеріне бағалау жүргізу және оны айқындау үшін қажетті ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан сұратуға және алуға құқылы.

      2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер:

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтауға;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін қажетті жағдайлар жасауға;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар мен олардың отбасы мүшелерінің қадір-қасиетін құрметтеуге;

      4) арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар мен олардың отбасы мүшелеріне адамгершілікпен қарауға және кемсітушілік іс-әрекеттерге жол бермеуге;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезіндегі құпиялылықты қамтамасыз етуге;

      6) әлеуметтік қызметкерлерді даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге міндетті.

      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау

      Ескерту. 18-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

19-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді қаржыландыру

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді қаржыландыру:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты;

      2) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуден алынған қаражат;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

20-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау

      Ескерту. 20-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъект осы Заңның талаптарын бұзған жағдайда, уәкілетті орган:

      1) тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге бұзушылықтарды жою туралы орындалуға міндетті ұйғарымдар жібереді;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектіні (оның лауазымды адамдарын) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту үшін қажетті шараларды қолданады.

      3. Мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағым жасалуы мүмкін .

      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

21-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев