Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 16.02.2016 № а-2/55 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес, әлеуметтік қорғалуға мұқтаж тұлғаларға көмек көрсету мақсатында Атбасар ауданының әкімдігі Қаулы етеді:
      1. Жұмыс орындардың жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар аудан әкімінің орынбасары Ж.Г.Каженовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Атбасар ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының
      әкімі                                      Р.Әубәкіров