Босқындар туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 216-IV Заңы.

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      ҚР Заңының қолданысқа енгізілу тәртібін 21-баптан қараңыз.

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында пана іздеген адамдардың және босқындардың құқықтық жағдайын айқындайды.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) босқын - нәсілдік, ұлттық, діни сенімі, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалаудың құрбаны болу қаупінің негізділігіне орай өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген және өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе осындай қауіп салдарынан мұндай қорғауды пайдаланғысы келмейтін шетелдік немесе осындай қауіп салдарынан еліне қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін, өзі тұрақты тұратын немесе өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген азаматтығы жоқ адам;

      2) босқын куәлігі - босқынның жеке басын куәландыратын және мәртебесін растайтын құжат;

      3) алып тасталды - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      4) қауіпсіз үшінші ел - пана іздеген адам Қазақстан Республикасына келгенге дейін уақытша болған және оған қорғану мен босқын мәртебесін анықтаудың тиімді тетіктеріне қол жеткізу мүмкін болатын немесе қол жеткізу жағдайы жасалған ел;

      5) пана - пана іздеген адамдарға босқын мәртебесін беру жолымен Қазақстан Республикасының аумағында қорғау ұсынылуы;

      6) пана іздеген адам – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы босқын мәртебесін беру туралы өздерінің өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында пана сұрауға ниет білдірген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      7) пана іздеген адамның куәлігі – босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаттың тіркелуін растайтын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы беретін құжат;

      8) уәкілетті орган - босқындар мәселелері бойынша қатынастарды реттеу саласында басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      9) шыққан елі - шетелдіктің өзі азаматы болып табылатын елі немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын елі.

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2013.01.29 № 74-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1) Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында пана іздеген адамдардың және босқындардың құқықтық жағдайы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

      2) Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының аумағында саяси пана берумен байланысты қатынастарға, сондай-ақ өзі азаматы болып табылатын елден немесе тұрақты тұратын елінен экономикалық себептерге байланысты кеткен адамдарға қолданылмайды.

3-бап. Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

4-бап. Босқындар мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері

      Мыналар:

      1) пана іздеген адамдарды және босқындарды осы Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес пана алу құқығымен қамтамасыз ету;

      2) босқын мәртебесін беру жөніндегі рәсімдерді жүргізу кезінде әлеуметтік тегіне, нәсіліне, ұлтына, азаматтығына, діни сеніміне және саяси нанымына байланысты кемсітушілікке жол бермеу;

      3) пана іздеген адамдар мен босқындардың жеке өмірі туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау;

      4) пана іздеген адамдардың және босқындардың ажырап қалған отбасыларының қосылуына жәрдемдесу;

      5) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында жүрген босқын балалардың құқықтарын қорғау;

      6) осы Заңның 18-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде пана іздеген адамдарды және босқындарды елден шығарып жіберуге жол бермеу босқындар мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері болып табылады.

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

      2) өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

      3) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату тәртібін айқындайды;

      4) пана іздеген адамдар жаппай ағылып келген кезде уақытша қоныстандыру пункттерін айқындайды және оларда қабылдау мен орналастыру тәртібін бекітеді;

      4-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      5) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2013.01.29 № 74-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган:

      1) босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

      2) өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;

      2-1) босқындар мәселелері бойынша жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;

      3) босқындар мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      6) Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      7) босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың тәртiбiн, пана iздеген адам куәлiгiнің үлгiлерiн бекiтедi;

      8) босқын деп танылған адамға шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға өз құзыреті шегінде жәрдемдеседі;

      9) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      10) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      11) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      12) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      13) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;

      13-1) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      13-2) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      13-3) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      13-4) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      13-5) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2013.01.29 № 74-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:

      1) өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) пана іздеген адамның куәлігін береді;

      3) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асырады;

      4) босқын куәлігін береді;

      5) пана іздеген адамдардың және босқындардың тізімдерін қалыптастырады және ай сайын уәкілетті органға, ұлттық қауіпсіздік органдарына және ішкі істер органдарына жібереді;

      6) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияларды құрады;

      7) пана іздеген адамдар мен босқындар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті

      1. Сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын уәкілетті орган:

      1) босқындар мәселелері бойынша шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;

      2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Үкіметіне босқындар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынасы мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды табыс етеді;

      4) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың қызметіне, босқындар мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, форумдарға және босқындардың құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық акцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;

      5) босқын деп танылған адамға шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға өз құзыреті шегінде жәрдемдеседі;

      6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      2. Алып тасталды - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      2-1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша босқындарға көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар шығару туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;

      2) жергілікті атқарушы органдарға босқындарды қабылдауға арналған шатырлы лагерьлерді жайластыруда, стационарлық лагерьлерді дайындауда жәрдем көрсетеді;

      3) босқындарды қабылдауға арналған шатырлы және стационарлық лагерьлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

      4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2-2. Ішкі істер органдары:

      1) пана іздеген адамдар мен босқындарды Қазақстан Республикасының аумағында болатын жері бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

      2) жол жүру құжатының үлгісін бекітеді;

      3) жол жүру құжатын беруді жүзеге асырады;

      4) ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсынуы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзушыларды шекаралық іздестіру, шектес мемлекет азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кіруіне немесе жаппай өтуіне тойтарыс беру кезінде пана іздеген адамдар мен босқындардың шекаралық аймақта (белдеуде) орналасқан жергілікті жердің жекелеген учаскелеріне немесе объектілерге кіруін шектейді немесе тыйым салады;

      5) заңды күшіне енген сот шешімдерін орындау үшін пана іздеген адамдар мен босқындарды мәжбүрлеп шығарып жіберуді жүзеге асырады;

      6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      3. Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары босқындар мәселелері жөніндегі қатынастар саласында реттеуді осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде белгіленген құзыреттері шегінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-бап. Пана іздеген адамдардың құқықтары мен міндеттері

      1. Пана іздеген адамдардың:

      1) аудармашының ақысыз қызметтерін алуға және босқын мәртебесін беру туралы, өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат алуға;

      2) алып тасталды – ҚР 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      3) босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты қайтарып алуға;

      4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының босқын мәртебесін беруден бас тарту туралы шешіміне шағымдануға;

      5) шағымдану мерзімдерін қоса алғанда, босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат бойынша шешім қабылдау рәсімі аяқталғанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасында болуға;

      6) шыққан еліне өз еркімен қайтуға немесе кез келген үшінші елге қоныс аударуға;

      7) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық қызмет көрсетілуіне;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек ету бостандығына немесе кәсіпкерлік қызметке;

      9) мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар.

      2. Пана іздеген адамдар:

      1) босқын мәртебесін беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті дәйекті мәліметтерді хабарлауға;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде және тәртіппен міндетті медициналық тексеріп-қаралудан өтуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

      4) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен шығып кету ниеті туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына хабарлауға;

      5) Қазақстан Республикасының аумағында болатын жері өзгерген кезде бұрын болған жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының есебінен шығуға және келген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа болатын жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органында есепке тұруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен болатын жері бойынша есепке тұруға;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтуге міндетті.

      3. Пана іздеген адамдардың өзге де құқықтары мен бостандықтары болады, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және халықаралық шарттарында белгіленген барлық міндеттерді мойнына алады.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-бап. Босқындардың құқықтары мен міндеттері

      1. Босқындардың:

      1) панаға;

      2) тиісті уәкілетті органдардан шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат сұратуға;

      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының босқын мәртебесін ұзартудан бас тарту туралы, одан айыру немесе оны тоқтату туралы шешіміне шағымдануға;

      4) шыққан еліне өз еркімен қайтуға немесе кез келген үшінші елге қоныс аударуға;

      5) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық қызмет көрсетілуіне;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек ету бостандығына немесе кәсіпкерлік қызметке;

      7) мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарын сот арқылы қорғауға;

      8) өзімен алып келген, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде жиған мүлкін қоныстану үшін өзіне құқық берілген басқа елге әкетуге;

      9) босқын куәлігін және жол жүру құжатын алуға құқығы бар.

      2. Босқындар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

      2) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен шығып кету ниеті туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына хабарлауға;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында болатын жері өзгерген кезде бұрын болған жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының есебінен шығуға және келген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа болатын жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органында есепке тұруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен болатын жері бойынша есепке тұруға міндетті.

      3. Босқындар мәртебесі бар адамдардың өзге де құқықтары мен бостандықтары болады, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және халықаралық шарттарында белгіленген барлық міндеттерді мойнына алады.

      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-бап. Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты беру және тіркеу тәртібі

      1. Пана іздеген адам Қазақстан Республикасының аумағына келісімен күнтізбелік бес күн ішінде немесе өзі Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезінде нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалауға ұшырау жағдайларының туындауы туралы білген кезден бастап, босқын мәртебесін беру туралы жазбаша өтінішхатпен жеке өзі немесе осыған уәкілеттік берілген өкілі арқылы өзінің келген жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына жүгіне алады.

      2. Алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметi аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшесіне жазбаша өтінішхат береді.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті болмаған кезде адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын мәжбүрлі түрде заңсыз кесіп өткен жағдайда, бір тәулік ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына жүгінуге тиіс.

      4. Адамдар Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келгені немесе болғаны үшін ұсталған жағдайларда босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатпен жүгінуге ниет білдірсе, құзыретті органдар адам ұсталған кезден бастап бір күн ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына хабарлайды.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы күнтізбелік екі күн ішінде олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мән-жайларын анықтайды және босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркейді.

      5. Адаммен бірге келген оның он сегіз жасқа толмаған отбасы мүшелері туралы мәліметтер туу туралы құжаттардың негізінде - ата- анасының бірінің өтінішхатына, ал ата-анасы болмаған кезде, олардың заңды өкілдерінің өтінішхатына енгізіледі.

      6. Пана іздеген адамға Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күні пана іздеген адамның куәлігі беріледі, оның өтiнiшхаты бойынша шешiм қабылданғанға дейiнгi мерзiмге оны болатын жері бойынша есепке қою жүргізіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны дактилоскопиялық тіркеу жүзеге асырылады.

      7. Он сегіз жасқа толмаған отбасы мүшелері туралы мәліметтер пана іздеген адамның, ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің куәлігіне енгізіледі.

      Он сегіз жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының аумағына ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз келген пана іздеген адамға пана іздеген адамның куәлігі беріледі.

      8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы тиісті шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға және ішкі істер органдарына босқын мәртебесін беру, ұзарту немесе босқын мәртебесін беруден, ұзартудан бас тарту туралы хабар береді.

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.16 № 71-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Босқын мәртебесін беру

      1. Жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесін беру туралы шешімді осы адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өткен жағдайда, босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күннен бастап үш ай ішінде қабылдайды.

      Шешім қабылдау үшін қосымша тексеру қажет болған жағдайларда түпкілікті шешім шығару бір жылдан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылады.

      2. Бір отбасының мүшелері болып табылатын адамдарды босқындар деп тану осы Заңның 1-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар ескеріле отырып, он сегіз жасқа толған әрбір отбасы мүшесіне қатысты жүзеге асырылады.

      Осы Заңның 1-бабының 1) тармақшасында көзделген мән-жайлар болмаған жағдайда, отбасының қосылуын қамтамасыз ету мақсатында он сегіз жасқа толған отбасы мүшелерінің біріне қатысты осы отбасы мүшесі де оның келісімі бойынша босқын деп танылады.

      Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін алған немесе отбасымен қосылу мақсатында пана сұраған адамның жұбайына (зайыбына) өтінішхат беру кезінде осы баптың, сондай-ақ осы Заңның 10, 12, 13 және 14-баптарының талаптары қолданылады.

      Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін алған адамнан немесе пана іздеген адамнан кейін келген адамның жұбайы (зайыбы) және кәмелетке толмаған балалары отбасына қосылу мақсатында өтінішхат берген кезде жергілікті атқарушы органға олардың отбасылық қатынастарын растайтын дәлелдемелерді және (немесе) құжаттарды табыс етуге тиіс.

      Отбасының бірлігі ажырасу немесе босқынның қайтыс болуы салдарынан бұзылған кезде оның отбасы мүшелерінің босқын мәртебесі оған босқын мәртебесін беру туралы шешімнің қолданылу мерзімінде сақталады.

      3. Он сегіз жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының аумағына ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз келген адамды босқын деп тану ата-анасы немесе заңды өкілдері туралы мәліметтер алынғаннан кейін осы адамның мүдделері ескеріле отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Босқын деп танылған адам балалы болған жағдайда, баланың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

      5. Босқын мәртебесі бір жыл мерзімге беріледі. Босқын мәртебесі берілген адамға шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы босқын куәлігін береді.

      Босқынның шыққан елінде оған босқын мәртебесін беруге негіз болған бұрынғы мән-жайлар сақталған кезде босқынның аталған мерзім аяқталудан бір ай бұрын берген өтініші негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы босқын мәртебесі мерзімін бір жылға және әрбір кейінгі жылға ұзартады.

      6. Пана іздеген адамға босқын мәртебесін беруден бас тартылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде пана іздеген адамға бас тартудың себебін көрсетіп және қабылданған шешімге шағымдану тәртібі туралы түсіндіріп, шешімнің көшірмесін тапсырады немесе жібереді.

      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Пана іздеген адамға босқын мәртебесін беруден бас тартудың негіздері

      1. Мынадай мән-жайлар:

      1) адамның нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін деген негізделген қауіп болмаса;

      2) егер адам өзі туралы және Қазақстан Республикасының аумағына келу мән-жайлары туралы хабарлаудан бас тартса не көрінеу жалған мәліметтерді хабарласа, сондай-ақ жалған құжаттарды ұсынса;

      3) адамда өзі оның қорғауын пайдалана алатын үшінші мемлекеттің азаматтығы болса;

      4) егер адам қауіпсіз үшінші елдің аумағынан тікелей келсе;

      5) егер аталған адамға қатысты өзі азаматы болып табылатын елде не келген елінде әрекет ететін террористік, экстремистік, сондай-ақ тыйым салынған діни ұйымдардың қызметіне қатысады не қатысты деп топшылауға салмақты негіздер болса;

      6) егер аталған адам жөнінде бейбітшілікке қарсы қылмысқа, әскери қылмысқа немесе адамзатқа қарсы қылмысқа қатысты шаралар қолдану мақсатында жасалған халықаралық актілерде осы әрекеттерге берілген анықтамадағы осындай қылмыстарды жасады деп топшылауға салмақты негіздер болса;

      7) егер осы адамға қатысты ол Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оның шегінен тысқары жерлерде саяси емес сипаттағы ауыр қылмыс жасады деп топшылауға салмақты негіздер болса;

      8) егер аталған адамға қатысты ол Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының және халықаралық ұйымдардың мақсаты мен принциптеріне қайшы келетін әрекеттердің жасалуына кінәлі деген салмақты негіздер болса;

      9) егер аталған адам Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасынан басқа, Біріккен Ұлттар Ұйымы органдарының немесе мекемелерінің қорғауын не көмегін пайдаланатын болса;

      10) осы адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартса немесе өтпесе, пана іздеген адамға босқын мәртебесін беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13-бап. Адамды босқын мәртебесінен айыру

      1. Егер адам:

      1) босқын мәртебесі берілуі үшін негіз болған көрінеу жалған мәліметтерді хабарласа не жалған құжаттарды ұсынса;

      2) бейбітшілікке қарсы қылмысқа, әскери қылмысқа немесе адамзатқа қарсы қылмысқа қатысты шаралар қолдану мақсатында жасалған халықаралық актілерде осы әрекеттерге берілген анықтамадағы осындай қылмысы үшін сотталған болса;

      3) Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оның шегінен тысқары жерлерде жасаған саяси емес сипаттағы ауыр қылмысы үшін сотталған болса;

      4) Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының және халықаралық ұйымдардың мақсаттары мен принциптеріне қайшы келетін әрекеттер жасағаны үшін сотталған болса;

      5) террористік, экстремистік, сондай-ақ тыйым салынған діни ұйымдардың қызметіне қатысқаны үшін сотталған болса, босқын мәртебесінен айырылады.

      2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы босқын мәртебесінен айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аталған адамға бұл шешімнің себептері көрсетілген және қабылданған шешімге шағым жасау тәртібі түсіндірілген шешімнің көшірмесін табыс етеді немесе жібереді, сондай-ақ қабылданған шешім туралы уәкілетті орган мен ішкі істер органдарына хабар береді.

      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14-бап. Босқын мәртебесін тоқтату

      1. Егер адам:

      1) Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің азаматтығын алса және өзі азаматы болған мемлекеттің қорғауын пайдаланса;

      2) өзінің босқын деп тануға негіз болған мән-жайлар өзгергендіктен, бұдан әрі өзі азаматы болып табылатын елдің қорғауын пайдаланудан бас тарта алмайтын болса;

      3) өзінің бұрынғы мемлекетінің жоғалтқан азаматтығын өз еркімен қайта қабылдаса;

      4) өзі азаматы болған елдің қорғауын өз еркімен қайта пайдаланса;

      5) өзіне босқын мәртебесін беру негіздері болмағандықтан, шыққан еліне қайтып оралуға тілек білдірсе;

      6) қудалау қаупінің салдарынан тастап шыққан немесе кетіп қалған еліне өз еркімен қайта оралса;

      7) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетсе, босқын мәртебесі тоқтатылады.

      2. Сондай-ақ босқын мәртебесі ұзартылмаған жағдайда, оның мерзімі өткен соң тоқтатылады.

15-бап. Уәкілетті органның шешіміне шағым жасау тәртібі

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының босқын мәртебесін беруден, ұзартудан бас тарту туралы немесе босқын мәртебесінен айыру туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-бап. Босқын мәртебесін алуға тілек білдірген балаларды және босқын балаларды қорғау

      1. Босқын мәртебесін алуға тілек білдірген балалар және босқын балалар ата-аналарсыз немесе өзге де заңды өкілдерінсіз келгенде де, ата-аналарын немесе отбасының басқа мүшелерін табу мүмкін болмаған жағдайларда да Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған басқа балалар сияқты қорғалады.

      2. Қазақстан Республикасының аумағында ата-аналарсыз немесе заңды өкілдерінсіз жүрген босқын балаларға босқын куәлігі беріледі.

17-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу

      Босқындар Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алады.

18-бап. Қайтару және елден шығарып жіберу

      1. Пана іздеген адамдар және босқындар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының, уәкілетті органның не соттың босқын мәртебесін беруден, ұзартудан бас тарту туралы не босқын мәртебесінен айыру туралы, сондай-ақ оны тоқтату туралы шешімі қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өздерінің отбасы мүшелерімен бірге Қазақстан Республикасының аумағын өз еркімен тастап шығуға тиіс.

      2. Пана іздеген адамдар және босқындар Қазақстан Республикасының аумағын өз еркімен тастап шығудан бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және соттың заңды күшіне енген шешімдерін орындау үшін ішкі істер органдары пана іздеген адамдарды және босқындарды елден мәжбүрлеп шығарып жібереді.

      Пана іздеген адамдарды және босқындарды нәсілдік, діни сенім, ұлттық, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша олардың өміріне немесе бостандығына қауіп төнген елдің шекарасына қайтаруға немесе елден шығарып жіберуге тыйым салынады.

      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-бап. Қаржылық қамтамасыз ету

      Қазақстан Республикасында босқындармен байланысты шығыстарды қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

20-бап. Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасы босқындар туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған босқындар және пана іздеген адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей негіздерде жауапты болады.

      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      1) осы Заңның 8-бабының 2-тармағы 6) тармақшасының;

      2) осы Заңның 10-бабы 6-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "6. Пана іздеген адамға Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күні пана іздеген адамның куәлігі беріледі және оның өтiнiшхаты бойынша шешiм қабылданғанға дейiнгі мерзімге осындай адамды тіркеу жүргізіледі.";

      3) осы Заңның 11-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "1. Жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесін беру туралы шешімді босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күннен бастап үш ай ішінде қабылдайды.";

      4) осы Заңның 12-бабы 10) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрсын.

      Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2021 № 58-VII (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев