Нотариат туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155-I Заңы.

      Ескерту. Мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - II" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 2" деген цифрлармен ауыстырылды - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), бүкіл мәтін бойынша "лицензиясы кері қайтарылып алынғандықтан", "лицензияны кері қайтарып алу", "Нотариус лицензиясын кері қайтарып алу", "нотариус лицензиясы кері қайтарылып алынады", "Лицензия кері қайтарылып алынған", "кері қайтарып алу", "нотариустардың лицензияларын кері қайтарып алу" деген сөздер тиісінше "лицензиясынан айырылғандықтан", "лицензиясынан айыру", "Нотариусты лицензиясынан айыру", "нотариус лицензиясынан айырылады", "Лицензиясынан айырылған", "одан айыру", "нотариустарды лицензияларынан айыру" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "жеке мөрін", "жеке мөрлерін" деген сөздер тиісінше "мөрін", "мөрлерін" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2012.06.28 № 24-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ауылдардың (селолардың)", "ауылдық (селолық)", "ауылдың (селоның)", "ауылдар (селолар)" деген сөздер тиісінше "ауылдардың", "ауылдық", "ауылдың", "ауылдар" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1 бөлiм
Нотариат қызметiнiң ұйымдық және құқықтық негiздерi
1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасындағы нотариат

      1. Қазақстан Республикасындағы нотариат – бұл нотариаттық iс-әрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету жөніндегі құқықтық институт.

      2. Осы Заңмен белгiленген жағдайлар мен шектерде нотариаттық iс-әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар:

      1) мемлекеттiк нотариат кеңселерiнде жұмыс iстейтiн нотариустар (мемлекеттiк нотариустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар);

      2) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдары;

      3) Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар;

      3-1) алынып тасталды

      4) осы Заңмен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi өзге де адамдар.

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.12.24 № 276, 2003.05.05 № 408, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Нотариат туралы заңдар

      Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдарынан тұрады.

2-1-бап. Нотариаттың негізгі мақсаты мен міндеті

      1. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нотариаттық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу нотариаттың мақсаты болып табылады.

      2. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау арқылы жеке және заңды тұлғаларды білікті заң көмегімен қамтамасыз ету нотариаттың міндеті болып табылады.

      Ескерту. 2-1-баппен толықтырылды – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-бап. Нотариаттық қызмет және оның кепiлдiктерi

      1. Нотариаттық қызмет – бұл нотариустың осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы.

      Осы Заңда белгіленген жағдайларда және шектерде жекелеген нотариаттық iс-әрекеттерді арнайы уәкілетті лауазымды адамдар жасай алады.

      Қазақстан Республикасындағы нотариаттық қызмет нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығы, тәуелсіздігі, бейтараптылығы, құпиялылығы қағидаттарына негізделеді.

      Нотариаттық қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.

      2. Нотариустар мен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi басқа да адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасағанда тәуелсiз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды және басқа нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен, осындай қызметтi реттейтiн халықаралық шарттарды басшылыққа алады.

      3. Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық iс-әрекеттерiнің құпиясын сақтауға кепiлдiк берiледi.

      3-1. Нотариаттық әрекетті жасау немесе нотариусқа, уәкілетті лауазымды адамға өтініш білдіру кезінде алынған, оның ішінде жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттер туралы мәліметтер нотариаттық құпия болып табылады.

      4. Нотариус ретiнде қызметiн тоқтатқан адамдар нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиясын сақтауға мiндеттi.

      4-1. Нотариаттық құпияны сақтау міндеті нотариустардың тағылымдамадан өтушілеріне, көмекшілеріне, куәға, аудармашыға, азаматтың дене кемістігі, ауруы немесе сауатсыздығы салдарынан оның орнына нотариаттық құжатқа қол қойған адамға, сондай-ақ нотариаттық палаталардың жұмыскерлеріне және бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын адамдарға қолданылады.

      5. Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, нотариус берген құжаттардың көшiрмелерi немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жүргiзiлген заңды және жеке тұлғаларға, не олардың уәкiлеттi адамдарына ғана берiледi.

      6. Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер мен құжаттар өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының, өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша сот орындаушыларының жазбаша талап етуi бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әдiлет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметiн тексерудi жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген нотариат палаталарына берiледi.

      Адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер де оған заң көмегіне жүгінген сенім білдірушінің қорғаушысы немесе өкілі ретінде қатысатын адвокаттың жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.

      Заң көмегін көрсету үшін қажетті нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден алуды адвокаттар заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында адвокаттық сұрау салуды жіберу жолымен жүзеге асырады.

      Салықтық берешегі болған, қайтыс болған адамның мұрагерлері туралы мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.

      Әлеуметтік төлемдер және одан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы артық есептелген (төленген) қайтыс болған адамның мұрагерлікті қабылдаған адам туралы мәліметтер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.

      7. Нотариаттық құпияны жария ететін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      8. Заңды тұлғалар және лауазымды адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi мәлiметтер мен құжаттарды нотариус талап еткен кезден бастап күнтізбелік он күн мерзiмнен кешiктiрмей оларды нотариусқа ұсынуға мiндеттi.

      9. Өсиеттер туралы мәлiметтер, өсиеттердiң дубликаттары мен көшiрмелерi мүдделi адамдарға, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, өсиет берушi өлгеннен кейiн ғана берiледi.

      10. Мыналар нотариаттық құпияны жария ету болып табылмайды:

      1) Республикалық нотариаттық палатаның немесе бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің интернет-ресурсында мынадай:

      сенімхаттар (сенімхатты куәландырған тұлға, сенімхаттың куәландырылған күні, оның бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізіліміндегі тіркеу нөмірі, егер сенімхаттың күші жойылған жағдайда, сенімхаттың күші жойылғаны туралы мәліметтерді осы тізілімге енгізу күні мен уақыты туралы мәліметтер);

      ашылған мұрагерлік істер (мұра қалдырушы, оның қайтыс болған күні туралы мәліметтер, мұрагерлік істі жүргізетін нотариус туралы мәліметтер);

      нотариус жасаған атқарушылық жазбалар (атқарушылық жазбаны жасау күні, атқарушылық жазбаны жасаған нотариус туралы мәліметтер) бойынша мәліметтерді орналастыру;

      2) осы Заңда көзделген мәліметтерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге енгізу;

      3) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен, қаржы мониторингін жүзеге асыратын және кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттік органға нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді ұсыну, сондай-ақ нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесін "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жіберу;

      4) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсыну;

      5) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, әлеуметтік төлемдердің және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының артық есептелген (төленген) сомаларын қайтаруды жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді ұсыну;

      5-1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті және депозитарлық қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы жіберуді қоса алғанда, осындай бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді ұсыну.

      Осы тармақшада көрсетілген мәліметтер бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қызметті жүзеге асыру мақсатында ғана, осындай бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысында өзіне қатысты осы мәліметтер берілетін тұлғаның "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімі болған кезде беріледі.

      6) мұраның ашылғаны туралы мәліметтерді мұрагерлерге хабарлау.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.06.22 № 147, 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Нотариаттық iс жүргiзу

      1. Нотариаттық iс жүргiзу Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтетiн Нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегi қағидаға (бұдан әрi - Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Қағида талаптарының сақталуына бақылау жасауды аумақтық әдiлет органдары мен нотариат палаталары жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттік нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мiндеттi түрде мемлекеттік архивке тапсырылуға тиіс.

      Жекеше нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен міндетті түрде жеке нотариаттық архивке тапсырылуға тиiс.

      4. Электрондық нысандағы нотариаттық құжаттарды уақытша сақтауды, есепке алу мен пайдалануды қамтамасыз ететін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің құрамдасы нотариаттық электрондық репозиторий болып табылады.

      Электрондық нысандағы нотариаттық құжаттарды жинауға, сатып алуға, жиынтықтауға, ретке келтіруге, сақтауға, есепке алу мен пайдалануға арналған орталықтандырылған ақпараттық жүйе нотариаттық электрондық архив болып табылады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 408, 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-1-бап. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе

      1. Нотариаттық қызмет туралы мәліметтерді жинау, өңдеу процестерін автоматтандыруға және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйе бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе болып табылады.

      2. Жасалған нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтер мен осы Заңда көзделген өзге де мәліметтер бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге енгізіледі.

      3. Нотариаттық әрекеттер жасау туралы мәліметтер мен осы Заңда көзделген өзге де мәліметтер нотариаттық электрондық репозиторийде уақытша сақтауға орналастырылуға тиіс және белгіленген мерзім өткеннен кейін нотариаттық электрондық архивке берілуге тиіс.

      4. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге қол жетімділік нотариустардан бөлек, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілеттік берілген адамдарға беріледі.

      Нотариустар және бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде қамтылған мәліметтерге қолжетімділік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген басқа да адамдар және қолдап отыру мен жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын адамдар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға осындай жүйеде қамтылған мәліметтерді ашпауға және таратпауға міндетті.

      5. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде қамтылған мәліметтерді қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.

      7. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе Республикалық нотариаттық палатаның, нотариаттық палаталар мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ақпаратты жинауы мен талдауы үшін қолданылуы мүмкін.

      8. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Республикалық нотариаттық палатаға сенімгерлік басқаруға беріледі.

      Ескерту. Заң 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 337-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-2-бап. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің мазмұны

      1. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе:

      1) нотариаттық әрекеттердің электрондық тізілімінен;

      2) мұрагерлік істер тізілімінен;

      3) өсиеттерді есепке алу тізілімінен;

      4) нотариаттық электрондық репозиторийден тұрады.

      Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде нотариаттық қызметке қатысты өзге де мәліметтер, оның ішінде ақпараттық, қосалқы, анықтамалық-талдамалық сипаттағы мәліметтер қамтылады.

      2. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.

      3. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің осы Заңда көзделген тізілімдерінің жұмыс істеуі туралы есептілікті ұсыну нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.

      Ескерту. Заң 4-2-баппен толықтырылды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

4-3-бап. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге мәліметтерді енгізу

      1. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге мәліметтерді енгізуді нотариустар жүзеге асырады.

      Нотариустар бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге мынадай:

      1) нотариаттық әрекеттерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізілімінде тіркеу кезінде олардың жасалғаны туралы мәліметтерді енгізуге міндетті.

      Сенімхатты куәландыру немесе оның күшін жою бойынша нотариаттық әрекетті бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізілімінде тіркеу кезінде нотариустар бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге сенімхаттың электрондық үлгісін (электрондық нұсқасын) енгізуге міндетті;

      2) мұрагерлік істі жүргізуге негіз болып табылатын өтініштер келіп түскен кезде мұраның ашылғаны туралы;

      3) өсиеттердің есепке алынғаны туралы мәліметтерді;

      4) осы Заңның 4-2-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтерді енгізуге міндетті.

      2. Нотариаттық әрекеттер жасалғаны туралы мәліметтерді нотариус бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізіліміне дереу енгізеді.

      3. Мұраның ашылғаны туралы мәліметтерді нотариус тиісті өтініштер келіп түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің мұрагерлік істер тізіліміне енгізеді.

      Ескерту. Заң 4-3-баппен толықтырылды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-4-бап. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде қамтылған мәліметтерді ұсыну

      1. Адамдар өзіне қатысты мынадай:

      1) куәландырылған сенімхат (сенімхатты куәландырған тұлға, сенімхаттың куәландырылған күні, оның бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізіліміндегі тіркеу нөмірі, егер сенімхаттың күші жойылған жағдайда, сенімхаттың күші жойылғаны туралы мәліметтерді осы тізілімге енгізу күні және уақыты туралы мәліметтер);

      2) ашылған мұрагерлік істер (мұра қалдырушы, оның қайтыс болған күні туралы мәліметтер, мұрагерлік істі жүргізетін нотариус туралы мәліметтер);

      3) нотариус жасаған атқарушылық жазбалар (атқарушылық жазбаны жасау күні, атқарушылық жазбаны жасаған нотариус туралы мәліметтер) туралы мәліметтерді өтеусіз негізде алуға құқылы.

      2. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізілімінде қамтылған және нотариаттық әрекетті жасауға немесе нотариаттық құжаттың жарамдылығын тексеруге қажетті мәліметтер нотариустарға олардың бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы берілген сұрау салулары бойынша ұсынылады.

      Өзіне қатысты бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізілімінде қамтылатын мәліметтер сұратылып отырған адамға сұрау салу фактісі туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

      3. Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарының және сот орындаушыларының қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер, іздестіру істері, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер және атқарушылық іс жүргізу шеңберінде ақпарат алуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. Заң 4-4-баппен толықтырылды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-бап. Нотариаттық iс жүргiзiлетiн тiл

      1. Нотариаттық iс Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

      2. Егер нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген адам iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе, ресiмделген құжаттардың мәтiндерi оның өтiнiшi бойынша осы Заңның 80-бабына сәйкес ақы төлеттiрiп аударылып берiлуге тиiс.

2-тарау. Нотариустың құқықтық жағдайы

6-бап. Қазақстан Республикасындағы нотариус

      1. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, жасы жиырма беске толған, жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, нотариуста кемінде бір жыл мерзіммен тағылымдамадан, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қызмет атқаратын әкімшілік мемлекеттік қызметші мемлекеттік нотариус болып табылады.

      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуды қоспағанда, мемлекеттік нотариусқа осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптар қолданылады.

      Заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған, белгiленген тәртіппен іс-әрекет жасауға қабiлетсіз не iс-әрекет жасауға қабілеттілігі шектеулi деп танылған адам нотариус бола алмайды.

      Мыналар:

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы;

      теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан шығарылған, сондай-ақ судья лауазымынан босатылған адам шығарылған (босатылған) күннен бастап бір жыл бойы;

      әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адам осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы;

      нотариаттық әрекет жасау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол бергені үшін мемлекеттік нотариус лауазымынан шығарылған адам;

      нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиядан айырылған адам;

      егер шығарылған күнінен бастап үш жылдан аз уақыт өтсе, теріс себептер бойынша заң консультанттары палатасының тізілімінен шығарылған адам да нотариус бола алмайды.

      2. Жекеше және мемлекеттiк нотариустардың нотариаттық қызметтi жүзеге асырған кездегi құқықтары, мiндеттері тең болады. Олар ресiмдеген құжаттардың бiрдей заң күшi болады.

      3. Осы баптың 1-тармағында көзделген лицензиясы жоқ адамдардың (мемлекеттік нотариусты және осы Заңның 1-бабындағы 2-тармақтың 2), 3) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда) нотариаттық iс-әрекеттер жасауы, не нотариат туралы заңдардың өзге де талаптарын бұзып жасауы және сол iс-әрекеттерден табыс табуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болуға әкеп соғады.

      4. Аумақтық әділет органы мемлекеттік нотариустың нотариаттық iс-әрекеттері үшін мүліктік жауапкершілікте болады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.11.13 № 302, 2001.07.11 № 235, 2001.12.24 № 276, 2003.05.05 № 408, 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері

      1. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері болуы мүмкін.

      2. Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариустың көмекшісі бола алады.

      3. Нотариустың көмекшісі жеке практикамен айналысатын нотариуста еңбек шартының негізінде жұмыс істей алады немесе мемлекеттiк нотариат кеңсесінің құрамында бола алады.

      4. Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары нотариустың тағылымдамадан өтушілері бола алады.

      Тағылымдамадан өтушілер кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі бар нотариустарда тағылымдамадан өтеді.

      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміттенетін адам нотариаттық палатамен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасады.

      5. Көмекші мен тағылымдамадан өтуші нотариустың нұсқауымен және жауапкершілігімен оның нотариаттық қызметті алмастыруға тиісті емес және нотариаттық іс жүргізу бойынша көмекші сипатта болуы мүмкін тапсырмаларын орындауға құқылы.

      Көмекші мен тағылымдамадан өтушінің нотариус үшін нотариаттық құжаттарға қол қоюға және нотариустың мөрін пайдалануға құқығы жоқ.

      6. Алып тасталды – ҚР 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7. Тағылымдамадан өтушінің нотариаттық қызметпен айналысу құқығына кейіннен лицензия алу үшін нотариаттық әрекеттерді жасау, нотариустың жұмысын ұйымдастыру бойынша кәсіптік білім мен практикалық дағдыларды алуы тағылымдамадан өту мақсаты болып табылады.

      8. Бір нотариустан бір мезгілде екеуден аспайтын тағылымдамадан өтуші тағылымдамадан өте алады.

      9. Тағылымдамадан өту нотариустардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      Тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлау бағдарламасы барлық тағылымдамадан өтушілер үшін міндетті болып табылады және онда нотариустың кәсіби және әдеп нормаларын зерделеуді, нотариустар үшін немесе тағылымдамадан өтушілер үшін арнайы ұйымдастырылатын семинар сабақтарына қатысуды қоса алғанда, тағылымдамадан өтушінің арнайы теориялық білім алуына, нотариаттық әрекеттерді жасау және нотариустың жұмысын ұйымдастыру бойынша практикалық дағдыларды меңгеруіне бағытталған іс-шаралар тізбесі қамтылуға тиіс.

      10. Тағылымдамадан өту аяқталған соң нотариус тағылымдамадан өтушінің кәсіптік даярлау бағдарламасын орындағанын көрсететін қорытынды дайындайды, оны он жұмыс күні ішінде нотариаттық палата бекітеді. Тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлау бағдарламасын тағылымдамадан өтуші толық меңгермеген жағдайда оған қосымша уақыт беріледі.

      Тағылымдамадан өту туралы қорытынды бекітілгеннен кейін ол үш жыл бойы жарамды болып табылады.

      11. Тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлау бағдарламасын толық меңгеру тағылымдамадан өтудің міндетті талабы болып табылады.

      12. Терiс себептермен атқарып жүрген қызметінен босатылғандарды қоспағанда, осы баптың талаптары мемлекеттік нотариустың жұмыс өтілі бар адамдарға қолданылмайды.

      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-1-бап. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы

      1. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдарында құрылатын нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссияларында аттестаттаудан өтеді.

      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы жеті мүшеден – нотариаттық палатаның төрағасын қоса алғанда екі нотариустан, аумақтық әділет органының екі өкілінен, құқықтанушы-ғалымнан және мәслихаттың екі депутатынан тұрады.

      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссияларының дербес құрамы және олардың жұмыс регламенті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі.

      2. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясының негізгі міндеттері:

      1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға үміткерлерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету;

      2) отырыстардың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясының отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуға құқылы.

      4. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы отырысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында аудиожазба және (немесе) бейнежазба не стенографиялау жүзеге асырылады. Отырыс барысында алынған стенограмма, аудиожазба және (немесе) бейнежазба отырыстың хаттамасына тігіледі және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясының материалдарымен бірге сақталады.

      Ескерту. Заң 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-2-бап. Аттестаттауды өткізу тәртібі мен шарттары

      1. Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды тестілеуден өткізу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін қағидаларда айқындалады.

      2. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам тағылымдамадан өткеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарын қоса тіркей отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары арқылы оны аттестаттауға жіберу туралы өтінішін тұрғылықты жері бойынша тиісті нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясына жолдайды.

      3. Құжаттар тиісінше ресімделмеген не олардың толық топтамасы табыс етілмеген жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары қайтару себебі туралы жазбаша хабарламамен ол түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде үміткерге өзі ұсынған құжаттарымен бірге өтінішті қарамастан қайтарады.

      4. Егер үміткер осы Заңда белгіленген талаптарға сай келмесе, аттестаттауға жіберуден бас тартылады.

      Аттестаттауға жіберуден бас тартылған жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей үміткерге уәжді шешім жібереді.

      Аттестаттауға жіберуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      5. Аттестаттауға жіберілген үміткерді аттестаттаудың өтетін орны, күні, уақыты, тәртібі туралы оны өткізгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары жазбаша хабардар етеді.

      6. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы аттестаттауды қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізеді.

      7. Аттестаттау мынадай екі кезеңнен тұрады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуден компьютерлік тест тапсыру;

      2) емтихан билеттері бойынша ауызша тапсырманы орындау.

      8. Үміткер өз таңдауы бойынша тестілеуден қазақ немесе орыс тілінде өтуге құқылы.

      Тестілеу компьютер техникасын пайдалана отырып өткізіледі.

      9. Аттестаттау нәтижелері бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы аттестаттау өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей аттестатталғаны туралы не аттестатталмағаны туралы уәжді шешім шығарады.

      Аттестатталғаны туралы комиссия шешімі шығарылған кезден бастап үш жыл бойы жарамды болып табылады.

      Әдiлет аттестаттау комиссиясының шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      10. Аттестаттаудан өту кезінде үміткердің анықтамалық, арнаулы және басқа да әдебиетті, байланыс құралдарын, сондай-ақ қандай да бір жазбаларды пайдалануына жол берілмейді.

      Аталған талаптар бұзылған жағдайда нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы үміткерді аттестаттаудан шеттетеді.

      Аттестаттаудан шеттетілген үміткер нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы шешім шығарған күннен бастап үш ай өткен соң осы Заңда көзделген тәртіппен аттестаттауға жіберу туралы қайта өтініш беруге құқылы.

      11. Дәлелді себеппен аттестаттауға келмеген үміткер осы баптың 5-тармағында көзделген тәртіппен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясының келесі отырысына шақырылады.

      Үміткер тағы да келмей қалған жағдайда оның өтініші қараусыз қалдырылады және оның тапсырған құжаттарымен қоса қайтарылады.

      Ескерту. Заң 7-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-бап. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия

      1. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi берген лицензия (нотариус лицензиясы) жекеше нотариусқа нотариаттық әрекеттер жасауға уәкiлдiк бередi.

      2. Нотариус лицензиясын алуға қажеттi құжаттардың тiзбесi, лицензия беру мерзімі мен тәртібі тиісті нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.

      3. Нотариус лицензиясы мерзiмi шектелмей берiледі және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.

      4. Нотариус лицензиясын беру үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлену тәртiбi салық заңдарымен белгiленедi.

      5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi және ведомстволық баспасөз органында нотариаттық қызметпен айналысуға лицензия берiлген адамдар туралы мәлiметтер жариялайды, онда:

      1) нотариустың тегi, аты, әкесiнiң аты;

      2) лицензия берiлген күн мен оның нөмiрi көрсетiледi.

      6. Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғары Сот кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және өз міндеттерін атқару кезінде теріс қылықтар жасағаны және заңдылықты бұзғаны үшін судьялық қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар, сондай-ақ мемлекеттiк нотариустар аттестаттаудан өтпестен нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға құқылы.

      6-1. Алып тасталды - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.11.13 № 302, 2001.07.11 № 235, 2003.05.05 № 408, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2009.04.29 № 154-IV, 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-бап. Нотариус лицензиясын беруден бас тарту

      1. Нотариус лицензиясын беруден бас тарту негiздерi "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.

      2. Нотариус лицензиясын беруден бас тартылған жағдайда өтiнiш иесiне ол қабылданған күннен бастап үш күн iшiнде бас тарту себептерi көрсетiле отырып жазбаша түрде дәлелдi шешiм берiледi.

      3. Бас тарту туралы шешiмге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-бап. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру

      1. Нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру аумақтық әдiлет органдарының, нотариаттық палаталардың, прокуратура органдарының ұсынулары негiзiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң шешiмiмен жүргізіледі.

      2. Нотариус лицензиясының қолданысы мынадай:

      1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиядан айыру жөнiнде талап қою іс жүргізуі қозғалған;

      2) прокурор қылмыстық іс бойынша нотариусқа қатысты айыптау актісін жасаған;

      Ескерту. 2) тармақшамен жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:
      ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
      алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).

      2-1) прокурор айыптау хаттамасын, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекіткен және қылмыстық істі қылмыстық заңның тиісті бабы (баптары) бойынша сотқа жіберу туралы шешім қабылданған, сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 617-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен процестік келісім жасаумен аяқталған;

      3) нотариус өзiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол бар болған жағдайда) өзгерткенi туралы мәлiметтердi аумақтық әдiлет органына бiр ай iшiнде хабарламаған;

      4) нотариус осы Заңға сәйкес өзiне айқындап берілген қызмет ету аумағын бұзған;

      5) нотариус мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға алып келген, нотариаттық әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған;

      6) нотариустың нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламасында көрсетілген мекенжайда нотариустың үй-жайы іс жүзінде болмаған;

      7) нотариус осы Заңның 15-бабы 4-тармағының талаптарын сақтамаған;

      8) осы Заңның 19 және 46-баптарында көзделген шектеулер сақталмаған;

      9) егер нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар еткен күннен бастап үш ай өткен соң іс жүзінде нотариаттық қызметке кіріспеген;

      10) нотариус осы Заңның 18-бабының 1-тармағы 11) тармақшасының талаптарын сақтамаған жағдайларда, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.

      2-1. Нотариус лицензиясының қолданысы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсiпкерлiк немесе ақы төленетін өзге қызметпен айналысқан;

      2) мерзімді әскери қызметті өткерген;

      3) нотариус өзінің тоқтата тұру мерзімі көрсетілген өтініші негізінде өкілеттіктерін орындамаған кезеңде тоқтатыла тұрады.

      3. Нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданысын тоқтата тұру себептерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Тоқтата тұруға себеп болған, осы баптың 2-тармағында көзделген мән-жайлар жойылған кезде, нотариус тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың жойылғаны туралы мәліметтерді ұсынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде лицензиар лицензияның қолданысын қайта бастау туралы шешiм шығарады.

      3-1. Осы баптың 2-1-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын қайта бастау нотариустың өтініші бойынша лицензиардың шешімі негізінде күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады.

      4. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру тоқтатылған кезеңде нотариаттық iс-әрекеттер жасалуына тыйым салуға және нотариустың мөрiн аумақтық әдiлет органына тапсыруына әкеп соғады.

      5. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы шешiм лицензиардың интернет-ресурсында орналастырылады. Қабылданған шешім туралы нотариус, нотариаттық палата хабардар етіледі.

      6. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастаудан бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      7. Аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған нотариустың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын Қағидаларда көзделген тәртіппен басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 408, 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

11-бап. Нотариусты лицензиясынан айыру

      Прокуратура органдарының, не Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң, не Республикалық нотариаттық палатаның талап қоюы бойынша сот шешiмiмен мынадай жағдайларда:

      1) алып тасталды

      2) жекеше нотариус Нотариустың әдеп кодексiн бiрнеше рет бұзғанда;

      3) нотариус нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарын бiрнеше мәрте бұзғанда не мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне зиян келтiрiп, заңдарды бұзғанда;

      4) лицензияның күшiн тоқтата тұру себептерi жойылмағанда;

      5) лицензия беруге негiз болып табылатын құжаттарда нотариустың дәйектемесiз немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактiсi анықталғанда;

      5-1) нотариустың көмекшісінің және (немесе) тағылымдамадан өтушісінің нотариустың мөрін пайдалану және нотариус үшін нотариаттық актіге қол қою фактісі анықталғанда;

      6) осы Заңның 10-бабының 2-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, лицензияның күшi үш мәрте тоқтатылғанда;

      7) алып тасталды - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      8) нотариус кәсіптік қызметін аумақтық әділет органын хабардар етпей жүзеге асырғанда нотариус лицензиясы кері қайтарылып алынады.

      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.11 № 235, 2003.05.05 № 408, 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтату

      1. Лицензиясынан айырылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң шешiмi бойынша мынадай жағдайларда:

      1) нотариус өз тiлегiмен өтiнiш бергенде;

      2) нотариус азаматтығын өзгерткенде немесе Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге тұрғылықты мекен-жайына кеткенде;

      3) нотариус қайтыс болғанда;

      4) қылмыс жасағаны үшін нотариусқа қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;

      4-1) нотариусқа қатысты ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулы шыққанда;

      5) нотариус заңдарда белгiленген тәртiппен iс-әрекет жасауға қабiлетсiз не iс-әрекет жасауға қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылғанда;

      5-1) нотариустың көмекшісінің және (немесе) тағылымдамадан өтушісінің нотариустың мөрін пайдалану және нотариус үшін нотариаттық актіге қол қою фактісі анықталғанда;

      6) денсаулық жағдайына байланысты нотариустың өз кәсiптiк мiндеттерiн атқаруы мүмкiн болмағанда (медициналық қорытынды негiзiнде);

      7) нотариус хабар-ошарсыз кеткен деп танылғанда немесе қайтыс болған деп жарияланғанда нотариус лицензиясының күшi тоқтатылады.

      2. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтату туралы ұсынысты тиiстi нотариат палатасы мен аумақтық әдiлет органы енгiзедi.

      3. Аумақтық әдiлет органы мен нотариаттық палата лицензиясының күшi тоқтатылған нотариустың құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық архивке беру жөнiнде, сондай-ақ лицензияны лицензиарға беру үшiн алып қою және нотариустың мөрiн жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.

      4. Нотариус лицензиясының күшi тоқтатылуына байланысты даулар сот тәртiбiмен шешiледi.

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 408, 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Мемлекеттiк нотариус

      Ескерту. 13-бап алып тасталды - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14-бап. Мемлекеттiк нотариат кеңсесi

      1. Мемлекеттiк нотариат кеңсесi аумақтық әдiлет органының құрылымдық бөлiмшесi болып табылады, оның заңды тұлға құқығы болмайды және осы орган бекiткен Ереже негiзiнде жұмыс iстейдi.

      2. Мемлекеттiк нотариат кеңселерi Қазақстан Республикасының аудандарында (қалаларында) орналасады.

15-бап. Жеке практикамен айналысатын нотариус

      1. Заңды тұлға құрмай, лицензия негiзiнде нотариаттық қызметті жүзеге асыратын, нотариаттық іс-әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырған, нотариаттық палатаға мүше болған азамат жеке практикамен айналысатын нотариус деп танылады.

      2. Жеке практикамен айналысатын нотариус банк мекемелерiнде ағымдағы шоттар ашуға, еңбек заңдарына сәйкес көмекшiлер, техникалық қызметкерлер жалдап, оларды жұмыстан босатуға, нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан алынған табысқа билiк етуге, соттарда өз атынан сөз сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да iс-әрекеттер жасауға құқылы.

      3. (3-тармақтың нормаларының заңдық күші жойылды және қолданылуға жатпайды - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 31 қаңтардағы № 1 қаулысымен).

      4. Жеке практикамен айналысатын нотариустың жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкiлдерiнiң еркiн кiрiп-шығуына, нотариаттық құпияны сақтауға және нотариаттық iс жүргiзудiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн жағдай жасауға жарамды бір үй-жайы болуға тиiс.

      Нотариус нотариаттық палатаның мүшелігіне кірген күннен бастап бір ай ішінде аумақтық әділет органына өзінің үй-жайының орналасқан жерін көрсете отырып, нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

      Нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар еткен немесе нотариустың үй-жайының орналасқан жерін оған белгіленіп берілген аумақ шегінде өзгерту туралы оның өтініші келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы осы үй-жайдың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге міндетті.

      Нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асыруды тоқтату туралы хабарламаны аумақтық нотариаттық палатаға жібергенге дейін сақтауындағы барлық нотариаттық құжаттарды басқа нотариусқа немесе жекеше нотариаттық мұрағатқа беруге, жекеше нотариустың мөрін аумақтық нотариаттық палатаға тапсыруға міндетті.

      5. <*>

      6. <*>

      7. Олар осы баптың 4-тармағының талаптарын сақтаған жағдайда бір үй-жайда бір немесе бірнеше нотариус жұмыс істей алады.

      Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.12.24 № 276, 2003.05.05 № 408, 2009.07.11 № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-бап. Жекеше нотариустың қызметiн сақтандыру

      1. Жекеше нотариус осы Заңның 34-бабының 1-тармағында көзделген нотариаттық әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi және оның мұндай шарт болмағанда нотариаттық iс-әрекеттер жасауға кiрiсуге құқығы жоқ.

      2. Нотариустың нотариаттық iс-әрекеттер жасауы нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырудың тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.

      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 408 Заңымен.

17-бап. Нотариустың құқықтары

      Нотариус:

      1) өзiне жүгiнген жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне сәйкес осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде көзделген нотариаттық iс-әрекеттер жасауға;

      2) консультация беруді жүзеге асыруға;

      3) құжаттардың көшiрмелерiн және олардың үзiндiлерiн әзiрлеуге;

      4) алып тасталды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi құжаттар мен мәлiметтер талап етуге;

      6) ғылыми, педагогтiк және шығармашылық қызметпен айналысуға;

      7) <*>

      8) татуластыру рәсімдерін жүргізуге;

      9) төрелік талқылауда төреші болып сайлануға (тағайындалуға);

      10) бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтер алуға құқылы.

      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.03.29 № 42, 2003.05.05 № 408, 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-1-бап. Консультация беру

      Нотариустың жеке және заңды тұлғаларға:

      1) нотариаттық әрекеттер жасауға тікелей байланысты емес құқықтық сипаттағы ауызша және жазбаша консультациялар жүргізу;

      2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мәмілелер жобаларын, өтініштер мен басқа да құжаттарды жасау нысанында өтеулі негізде заң көмегін көрсетуі консультация беру болып табылады.

      Ескерту. Заң 17-1-баппен толықтырылды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18-бап. Нотариустың мiндеттерi

      Нотариус:

      1) осы Заңның, "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының нотариат қызметiн реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес нотариаттық әрекеттер, сондай-ақ электрондық тіркеуге байланысты әрекеттер жасауға;

      2) азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен мiндеттердi түсiндiруге, олардың заңды бiлмегендiгi өздерiне зиян келтiруге пайдаланылуы мүмкiн болмауы үшiн, жасалған нотариаттық iс-әрекеттерiнiң салдарлары жөнiнде ескертуге;

      3) кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi құпия ұстауға;

      3-1) жасалған нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді және осы Заңда көзделген өзге де мәліметтерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге уақтылы енгізуге;

      3-2) бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйемен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтауға;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiн жағдайда нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан бас тартуға;

      5) кәсiптiк әдептi сақтауға;

      6) әдiлет органына және (немесе) нотариаттық палатаға өз iс-әрекеттерiне түскен шағымдар бойынша өзi жасаған нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктемелер, оның iшiнде кәсiптiк әдеп талаптарын сақтамау мәселелерi жөнiнде түсiнiктемелер беруге;

      7) өз лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда Қағидаларда көзделген тәртіппен іс жүргізуіндегі құжаттарды басқа нотариусқа беруге;

      7-1) мөрін лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде – аумақтық әділет органына, лицензияның қолданысы тоқтатылған жағдайда аумақтық нотариаттық палатаға тапсыруға;

      8) өз лицензиясының қолданылуы осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 4-1) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайларда, сақтауындағы барлық нотариаттық құжаттарды жекеше нотариаттық мұрағатқа беруге;

      9) өз тегінің, атының, әкесінің атының және өз үй-жайы орналасқан жерінің өзгеруі жөніндегі мәліметтерді бір ай ішінде аумақтық әділет органына ұсынуға;

      10) бір ай бойы нотариаттық қызметті жүзеге асырмаған жағдайда, бес жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына және нотариаттық палатаға хабарлауға;

      10) жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға міндетті. Бұл ретте көрсетілген мәліметтерді ұсыну нотариаттық әрекеттер құпиясын жария ету болып табылмайды;

      11) кәсіби біліктілігін арттыруға міндетті.

      2. Алып тасталды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3. Алып тасталды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.21 № 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-бап. Нотариустың қызметiн шектеу

      1. Нотариустың:

      1) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға;

      2) шарттарды жасасу, өзгерту және бұзу кезiнде делдалдық қызмет көрсетуге;

      3) өкiлдi органға депутат болып сайланған жағдайда нотариус мiндеттерiн орындауға;

      4) жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамай өз міндеттерін орындауға;

      5) нотариустың мөрін оның лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңге аумақтық әділет органына тапсыруын қоспағанда, факсимилені пайдалануға және мөрін, электрондық цифрлық қолтаңбасын басқа адамға беруге;

      6) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, өзінің үй-жайынан тысқары жерде қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ.

      2. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, жеке практикамен айналысатын нотариустың жалдама қызметкер ретiнде еңбек қатынастарында болуға құқығы жоқ.

      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.12.24 № 276, 2003.05.05 № 408, 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.28 № 24-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-бап. Нотариаттық округ

      Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аймақтық бөлiнiсіне сәйкес бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағы нотариаттық округ болып танылады.

      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 408 Заңымен.

21-бап. Нотариустың қызмет ету аумағы

      1. Нотариаттық округ шегiндегi мемлекеттiк нотариустың қызмет ету аумағын аумақтық әдiлет органы белгiлейдi.

      2. Жекеше нотариустың нотариаттық округ шегiндегі қызмет ету аумағын нотариаттық палата айқындайды.

      Нотариус үй-жайды өзіне айқындап берілген аумақтың шегінен тыс жерде орналастыруға құқылы емес.

      Нотариустың үй-жайына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатаның ұсынысы бойынша белгiлейдi.

      Аумақтық нотариаттық палата халыққа жекеше нотариустардың қызмет ету аумағы туралы ұдайы ақпарат беріп отырады.

      3. Нотариустың қызмет ету аумағы осы Заңның 34-бабы 1-тармағының 3, 4, 5-тармақшаларында, сондай-ақ 92-1-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген iс-әрекеттердi жасаған жағдайда сақталады. Басқа жағдайлардың бәрiнде жеке және заңды тұлғалардың нотариаттық iс-әрекеттер жасату үшiн кез келген нотариусқа жүгiнуге құқығы бар.

      4. Нотариаттық iс-әрекеттер жасауға арналған үй-жай осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген тәртiп бойынша белгiленген аумақ шегiнде болуға тиiс.

      5. Нотариаттық iс-әрекеттер мемлекеттiк нотариат кеңсесiнiң үй-жайынан тыс және жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалуы мүмкін.

      Көшпелі нотариаттық iс-әрекеттер мүдделі адамның өтініші негізінде нақты адамға қатысты жасалады және тұрақты сипатта болмайды.

      Егер нотариаттық iс-әрекет мемлекеттiк нотариат кеңсесiнiң үй-жайынан тыс немесе жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттың куәландыру жазбасында және нотариаттық әрекеттерді тіркеу тізілімінде (оның ішінде нотариаттық әрекеттердің электрондық тізілімінде) оның мекенжайы мен уақыты көрсетіліп, нотариаттық іс-әрекеттің жасалған орны жазылады.

      Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 408, 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

21-1-бап. Нотариаттық округтегі нотариустардың ең аз санын айқындау критерийлері

      1. Нотариаттық округтегі нотариустардың ең аз санын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі аумақтық әділет органының аумақтық нотариаттық палатамен бірлесіп берген ұсынымы бойынша мынадай критерийлерге:

      1) нотариаттық округтегі халықтың саны мен тығыздығына;

      2) өңірдің экономикалық дамуына, географиялық орналасуына, инфрақұрылымы мен басқа да ерекшеліктерінің болуына сүйене отырып бекітеді.

      2. Бос орын пайда болған және ол екі айдың ішінде жекеше нотариустармен толықтырылмаған кезде аумақтық әділет органы тиісті нотариаттық округте штат санының шегінде мемлекеттік нотариус бірлігін енгізуге құқылы.

      3. Егер кейіннен көрсетілген бос орынға жекеше нотариус орналасқан жағдайда, аумақтық әділет органы бір ай ішінде мемлекеттік нотариус бірлігін қысқартуға міндетті.

      Бұл ретте аумақтық әділет органы:

      1) жасалған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын тексеру және мемлекеттік нотариустың анықталған бұзушылықтарды жоюы;

      2) мемлекеттік нотариустың іс жүргізуінде жатқан құжаттарды жекеше нотариусқа қабылдап алу-тапсыру;

      3) мемлекеттiк нотариустың мөрiн алып қою және жою жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

      Ескерту. Заң 21-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

22-бап. Нотариустың мөрі, мөртабандары және электрондық цифрлық қолтаңбасы

      Ескерту. 22-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Нотариустың өзінің тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), сондай-ақ мемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы (мемлекеттік нотариус мөрі) не нотариус лицензиясының нөмірі мен берілген күні (жекеше нотариус мөрі) көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, куәландыру жазбаларының мөртабандары болады.

      2. Нотариустардың мөрінің бедерлері мен қолының үлгілері аумақтық әділет органында, сондай-ақ нотариаттық палатада сақталады.

      3. Нотариаттық әрекеттер жасау үшін мөрге тапсырысты және оны нотариустарға беруді жүзеге асыруды мемлекеттік нотариус үшін – аумақтық әділет органы, жекеше нотариус үшін аумақтық нотариаттық палата жүргізеді.

      Жекеше нотариустың мөрін дайындау оның өз қаражаты есебінен, ал, мемлекеттік нотариуске бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      4. Электрондық құжаттармен нотариаттық әрекеттер жасауды және мәліметтерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге енгізуді нотариус электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырады.

      Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.06.28 № 24-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

23-бап. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерiаппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарын аттестациялау

      Осы Заңның 1-бабындағы 2-тармақтың 2) тармақшасында аталған адамдар Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтетiн Аттестация туралы ережеге сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер жасау құқығын алу үшiн аумақтық әдiлет органында аттестациядан өтедi.

      Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

24-бап. Нотариустың және нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдардың жауапкершiлiгi

      1. Нотариус және осы Заңмен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдар заңсыз әрекеттер жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық, тәртiптiк және өзге де түрде жауапты болады.

      2. Жеке практикамен айналысатын нотариус өзiнiң кәсiптiк мiндеттерi мен әдеп нормаларын бұзған жағдайда, оны нотариаттық палата Қазақстан Республикасының заңнамасына, Нотариустың әдеп кодексiне сәйкес жауапқа тартады.

      3. Жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалға мемлекет жауапты болмайды.

      Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.28 № 24-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

24-1-бап. Жеке практикамен айналысатын нотариустың тәртіптік жауаптылығы

      1. Нотариаттың палатаның тәртіптік комиссиясы нотариаттық палата мүшелерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының, Нотариустың әдеп кодексінің, нотариаттық палата жарғысының талаптарын, нотариаттық палатаға мүшелік шарттарын бұзғаны туралы жүгінімдерді, шағымдарды (бұдан әрi – шағым) қарау жөнiндегi орган болып табылады.

      Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының құрамына нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысында сайланатын, кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі бар кемінде төрт нотариус, сондай-ақ әділет органдары ұсынған жұртшылықтың үш өкілі енгізіледі.

      Нотариус нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының төрағасы болып табылады.

      Шағымдарды қарау тәртібін Республикалық нотариаттық палата осы Заңның талаптарын ескере отырып айқындайды.

      Шағым келіп түскен күнінен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралады.

      2. Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы шағымдарды қарау кезінде шағымдарды жіберген адамдарды, сондай-ақ нотариаттық палатаның өздеріне қатысты шағым қаралатын мүшелерін өзінің отырыстарына шақыруға міндетті.

      Әділет органдары тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыну енгізген жағдайда, оны қарау әділет органы өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.

      Шағымды қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген көрсетілген адамдардың келмеуі оны қарауға кедергі болмайды.

      3. Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы мынадай тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы шешім қабылдауға құқылы:

      1) ескерту;

      2) сөгіс;

      3) қатаң сөгіс;

      4) нотариаттық палатадан шығару не лицензиарға нотариусты лицензиясынан айыру туралы талап қою арызын дайындау жөнінде өтінішхат бере отырып, нотариаттық палатадан шығару.

      4. Алып тасталды - ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Осы баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген шешімдер нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және көрсетілген орган оларды қабылдаған күннен бастап күшіне енеді. Осы баптың 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген шешімдер нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы мүшелерінің кемінде үштен екісінің даусымен қабылдануы мүмкін.

      6. Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы нотариаттық палатаның мүшесіне қатысты тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде нотариаттық палата шешімнің көшірмесін нотариаттық палатаның мүшесіне, сондай-ақ ол бойынша шешім қабылданған шағымды жіберген адамға оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып жібереді.

      7. Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешімдеріне Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясында немесе сотта дау айтылуы мүмкін.

      Ескерту. 2-тарау 24-1-баппен толықтырылды – ҚР 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

24-2-бап. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы

      1. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешімдеріне шағымдарды қарайды, тәртіптік практиканы жинақтап қорытады.

      Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы Республикалық нотариаттық палатаның съезі сайлайтын және оған есеп беретін Республикалық нотариаттық палатаның тәуелсіз органы болып табылады. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы шешімдерінің міндетті сипаты болады.

      Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының құрамына нотариаттық палатаның ұсынуы бойынша – кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі бар төрт нотариус, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұсынысы бойынша жұртшылықтың үш өкілі енгізіледі.

      Нотариус Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының төрағасы болып табылады.

      2. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы шағымды қарау кезінде шағымды жіберген адамды, сондай-ақ нотариаттық палатаның өзіне қатысты шағым қаралатын мүшесін өз отырысына шақыруға міндетті.

      Шағымды қараудың уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған, аталған адамдардың келмеуі оны қарауға кедергі болмайды.

      3. Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау нәтижелері бойынша Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының:

      1) шағымды қанағаттандырусыз, ал нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешімін өзгеріссіз қалдыруға;

      2) нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы шешімінің күшін жоюға;

      3) істі нотариаттық палатаның тиісті тәртіптік комиссиясына жаңадан қарауға жіберуге және нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясын белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттеуге құқығы бар.

      Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының отырысы, егер оған оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, құқықты деп есептеледі.

      Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешімі отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешіміне сотта дау айтылуы мүмкін.

      4. Республикалық нотариаттық палата тәртіптік комиссиясының жұмысын жинақтап қорыту Республикалық нотариаттық палатаның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. Заң 24-2-баппен толықтырылды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

24-3-бап. Тәртіптік теріс қылықтар

      1. Нотариустың тәртіптік теріс қылық жасауы тәртіптік жаза қолдануға негіз болып табылады.

      2. Нотариустың өз кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы немесе орындамауы, Қазақстан Республикасы заңнамасының, Нотариустың әдеп кодексінің, Республикалық нотариаттық палата органдары, нотариаттық палаталар шешімдерінің талаптарын бұзуы тәртіптік теріс қылық деп танылады.

      3. Нотариустың тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін.

      Ескерту. Заң 24-3-баппен толықтырылды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

25-бап. Нотариаттық iс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға шағымдану

      Нотариаттық iс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға түскен шағымдарды азаматтық iс жүргiзу заңдарының нормаларына сәйкес соттар қарайды.

3-тарау. Нотариаттық палата

26-бап. Нотариаттық палата

      1. Нотариаттық палата жекеше практикамен айналысатын нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау үшін, сондай-ақ жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасын, кәсіби және әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету үшін құрылатын коммерциялық емес кәсіби өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.

      2. Нотариаттық палатаның қызметi осы Заңмен және жарғымен реттеледi. Нотариаттық палата заңды тұлға болып табылады және заңда белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.

      3. Қазақстан Республикасының әрбiр облысы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы аумағында бiр нотариаттық палата құрылады.

      4. Республикалық нотариаттық палата аумақтық нотариаттық палаталардың міндетті мүшелігіне негізделген, оларды біріктіретін, коммерциялық емес кәсiптiк өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.

      5. Осы Заңның 6-бабының талаптарына адамның сәйкес келмеген жағдайларынан басқа, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар адамды нотариаттық палатаға мүше етуден бас тартуға болмайды.

      Нотариаттық палаталардың кіру жарнасын алуына жол берілмейді.

      Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

26-1-бап. Нотариаттық палатаның басқару органдары

      1. Нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы нотариаттық палатаның жоғары басқару органы болып табылады.

      Жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне:

      1) нотариаттық палатаның жарғысын қабылдау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      2) нотариаттық палатаның төрағасын, басқарманың, ревизиялық және тәртіптік комиссиялардың мүшелерiн сайлау және олардың өкілеттіктерін тоқтату;

      3) нотариаттық палата қызметінің негізгі бағыттарын айқындау;

      3-1) нотариаттық палата органдарының қызметі туралы есептерді бекіту;

      3-2) нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есепті бекіту;

      4) нотариаттық палатаның бюджетін бекіту жатады.

      Нотариаттық палатаның жарғысында шешімдер қабылдау бойынша жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер көзделуі мүмкін.

      2. Нотариаттық палатаға басшылықты нотариаттық палата мүшелерiнiң жалпы жиналысында сайланған нотариаттық палатаның басқармасы мен төрағасы жүзеге асырады.

      3. Басқарма мүшелері төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

      4. Құрамына кемінде бес адам кіретін басқарма нотариаттық палатаның басқару органы болып табылады.

      5. Нотариаттық палата мүшелерінің жиналысын шақыру тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ нотариаттық палатаның төрағасы мен басқару органдарының өкілеттіктері нотариаттық палатаның жарғысында айқындалады.

      Ескерту. Заң 26-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

26-2-бап. Нотариаттық палатаның төрағасы

      1. Нотариаттық палатаның төрағасы болып оны сайлаған күнге дейін тікелей кемінде бес жыл нотариаттық палатаның мүшесі болған нотариус сайланады.

      Нотариаттық палатаның төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады.

      Бұл ретте сол бір адам қатарынан екі мерзімнен артық нотариаттық палатаның төрағасы лауазымын атқара алмайды.

      2. Нотариаттық палатаның төрағасы:

      1) нотариаттық палатаның жұмысын ұйымдастырады, нотариаттық палатаға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      2) нотариаттық палатаның жұмысына басшылық жасайды, нотариаттық палатаның қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;

      3) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдарда нотариаттық палатаның мүддесін білдіреді;

      4) нотариаттық палата жарғысында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. Заң 26-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

26-3-бап. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы

      1. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын орган болып табылады.

      2. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы нотариаттық палата мүшелерінің қатарынан, бес адамнан аспайтын құрамда қалыптастырылады. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясының мүшелері нотариаттық палатада өзге сайланбалы лауазымды атқаруға құқылы емес.

      Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясының мүшелері өз қызметін ерікті негіздерде өтеусіз жүзеге асырады.

      3. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясын нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы төрт жыл мерзімге сайлайды.

      4. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы кез келген уақытта нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізуге құқылы. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы осы мақсатта нотариаттық палатаның бүкіл қаржылық құжаттамасына сөзсіз қол жеткізу құқығына ие. Нотариаттық палатаның органдары нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясының талап етуі бойынша ауызша немесе жазбаша нысанда қажетті түсініктер беруге міндетті.

      5. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы нотариаттық палата мүшелерінің кезекті жалпы жиналысына есеп ұсынады.

      6. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясының жұмыс тәртібін, есептер ұсыну мерзімділігін нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы айқындайды.

      Ескерту. Заң 26-3-баппен толықтырылды – ҚР 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

27-бап. Нотариаттық палатаның өкiлеттiгi

      1. Нотариаттық палата:

      1) жекеше нотариустерге жалпы басшылық жасап, олардың қызметiн үйлестiрiп отырады;

      2) мемлекеттiк органдарда, мемлекеттiк емес ұйымдарда өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiредi және қорғайды, нотариаттық iстi дамытуда оларға көмек көрсетiп, жәрдем бередi;

      3) жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасын, кәсіби және әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      3-1) жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауы бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      3-2) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде Республикалық нотариаттық палатаға жыл сайын осындай ақпарат бере отырып, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      4) жекеше нотариустың лицензиясының күшiн тоқтата тұру, керi қайтарып алу және тоқтату туралы ұсыныс енгiзедi;

      5) нотариаттық iс-әрекет жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруды ұйымдастырады;

      5-1) жекеше нотариустардың өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де талаптарын бұзу жағдайлары туралы аумақтық әділет органдарын хабардар етеді;

      6) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады;

      7) өз мүшелерiнiң қызметiне байланысты iстер бойынша сот белгiлеген сараптама шығындарын өтейдi;

      8) алып тасталды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      9) жеке және заңды тұлғалардың нотариаттық қызмет мәселелері бойынша жолданымдарын қарайды;

      10) нотариустардың кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      11) жасалған нотариаттық әрекеттерді есепке алуды жүргізеді;

      12) өзінің интернет-ресурсында:

      нотариаттық палаталар мүшелерінің жаңартылған күйдегі тізімін;

      Нотариустың әдеп кодексін;

      нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ережені;

      нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы, нотариаттық палатаның басқармасы қабылдаған шешімдерді;

      нотариаттық палата тәртіптік комиссиясының жұмысын жинақтап қорытуды;

      нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы, әрбір өзіндік ерекшелік бойынша жеке-жеке барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпарат қамтылатын есепті;

      нотариаттық палатаның қызметі туралы есептерді;

      нотариаттық палатаның қызметі туралы өзге де қажетті ақпаратты орналастырады;

      13) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жекеше нотариустардың мөрлерін жасауға тапсырысты жүзеге асырады және оларды беруді жүргізеді;

      14) жекеше нотариустар мөрлерінің бедерлері мен қолтаңбаларының үлгілерін аумақтық әділет органына жібереді.

      1-1. Нотариаттық палатаның басқармасы:

      1) нотариаттық палатаның жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету бойынша жұмысын ұйымдастырады;

      2) нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысын шақырады, нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;

      3) нотариаттық палатаға мүшелікке қабылдауды жүзеге асырады, нотариаттық палатаға мүшеліктен шығарады;

      4) Республикалық нотариаттық палатаға нотариаттық палатаның қызметі туралы қорытылған есептерді ұсынады;

      5) алып тасталды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      6) алып тасталды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      7) лицензиарға нотариусқа қатысты жекеше нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру, одан айыру және оның қолданысын тоқтату туралы ұсыну енгізеді;

      8) оң жұмыс тәжірибесін талдайды, қорытады және таратады;

      9) нотариаттық палатаның қаражатына нотариаттық палатаның жарғысында айқындалатын және нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы айқындайтын тәртіппен билік етеді;

      10) бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есептіліктің, іс қағаздарының жүргізілуін және бастапқы статистикалық деректердің қалыптастырылуын ұйымдастырады;

      11) нотариаттық палатаның мүлкіне билік ету тәртібін айқындайды;

      12) нотариаттық палата мүшелері жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылғаннан басқа, нотариаттық палата қызметінің өзге де мәселелерін шешеді.

      2. Нотариаттық палата жекеше нотариустың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы мәселенi қараған кезде нотариустан жасалған нотариаттық әрекеттер туралы мәлiметтердi, ал қажет болған жағдайларда – өз түсiнiктемелерiн, оның iшiнде кәсiптiк әдептi сақтамау мәселелері бойынша түсiнiктемелерiн ұсынуын талап етуге құқылы.

      3. Нотариаттық палата жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша Республикалық нотариаттық палата мен аумақтық әдiлет органына қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде өзiнiң қызметi туралы ақпарат берiп отырады.

      Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 408, 2003.06.11 № 437, 2010.07.15 № 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

28-бап. Нотариаттық палатаның жарғысы

      1. Нотариаттық палатаның жарғысында мыналар көзделуге тиiс:

      1) атауы, қызметiнiң мақсаттары мен негiзгi түрлерi;

      2) палатаның құқықтары мен мiндеттерi;

      3) мүше болу, мүшелiктi тоқтата тұру және одан айрылу шарттары мен тәртiбi;

      3-1) мүшелердiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi;

      3-2) нотариаттық палата мүшелерінің тәртіптік жауаптылығы және оған тартудың осы Заңның талаптарына сәйкес тәртібі;

      4) басшы органдарды құру тәртiбi, олардың атқаратын қызметтерi мен өкiлеттiк мерзiмi;

      5) нотариаттық палатаның ақша қаражаты мен өзге де мүлкін қалыптастыру көздері мен тәртібі және оны пайдалану бағыттары, нотариаттық палаталардың мүлікке билік ету шектері, нотариаттық палатаның мүлікті пайдалануын бақылауды жүзеге асыру тәртібі;

      5-1) мүшелік жарналарды төлеу тәртібі;

      6) жарғыға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi;

      7) палатаны қайта құру мен тарату тәртiбi, таратылған жағдайдағы мүлiктiң тағдыры.

      2. Нотариаттық палатаның жарғысында заңдарға қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуы мүмкiн.

      Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 408; 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

28-1-бап. Республикалық нотариаттық палатаның органдары

      1. Мыналар Республикалық нотариаттық палатаның органдары болып табылады:

      1) жоғары орган – Республикалық нотариаттық палатаның съезі;

      2) атқарушы орган – Республикалық нотариаттық палатаның басқармасы;

      3) бақылаушы орган – ревизиялық комиссия.

      Республикалық нотариаттық палатада Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы құрылады.

      2. Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында көзделген жағдайларда Республикалық нотариаттық палатада Республикалық нотариаттық палатаның съезі қабылдайтын ережелер негізінде жұмыс істейтін ғылыми-консультациялық кеңес және басқа да органдар құрылуы мүмкін.

      Ескерту. Заң 28-1-баппен толықтырылды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

28-2-бап. Республикалық нотариаттық палатаның съезі

      1. Республикалық нотариаттық палатаның съезі төрт жылда кемінде бір рет шақырылады. Егер Республикалық нотариаттық палата съезінің жұмысына Республикалық нотариаттық палата мүшелерінің кемінде төрттен үшінен сайланған делегаттар қатысса, ол құқықты деп есептеледі.

      2. Республикалық нотариаттық палата съезінің айрықша құзыретіне мыналар жатады:

      1) Республикалық нотариаттық палатаның жарғысын қабылдау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      2) Республикалық нотариаттық палата басқармасының орналасатын жерін айқындау;

      3) Республикалық нотариаттық палатаның басқарма мүшелерін лауазымға сайлау және одан босату;

      4) Республикалық нотариаттық палатаның төрағасын лауазымға сайлау және одан босату;

      5) Республикалық нотариаттық палата ревизиялық комиссиясының мүшелері мен төрағасын лауазымға сайлау және одан босату;

      6) Республикалық нотариаттық палата тәртіптік комиссиясының мүшелері мен төрағасын лауазымға сайлау және одан босату;

      7) нотариаттық палаталардан делегаттардың Республикалық нотариаттық палатаның съезіне өкілдік ету нормаларын бекіту;

      8) Нотариустың әдеп кодексін бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      9) ревизиялық комиссияның Республикалық нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есебін бекіту;

      10) Республикалық нотариаттық палата съезінің регламентін бекіту;

      11) Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. Заң 28-2-баппен толықтырылды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

28-3-бап. Республикалық нотариаттық палатаның басқармасы

      1. Республикалық нотариаттық палатаның басқармасы Республикалық нотариаттық палатаның алқалы атқарушы органы болып табылады.

      2. Республикалық нотариаттық палатаның басқармасы:

      1) Республикалық нотариаттық палатаның қызметін қамтамасыз етеді;

      2) Республикалық нотариаттық палата съезі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;

      3) осы Заңның 28-2-бабына сәйкес Республикалық нотариаттық палата съезінің бекітуіне жататын құжаттарды әзірлейді;

      4) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісу бойынша нотариустардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені бекітеді;

      5) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісу бойынша нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ережені бекітеді;

      6) Республикалық нотариаттық палата тәртіптік комиссиясының қызметі туралы ережені бекітеді;

      7) нотариустардың әлеуметтік және кәсіби құқықтарын қорғайды;

      8) нотариаттық палаталардың өз қызметі, нотариустардың нотариаттық қызметі туралы есептерін жартыжылдықтар бойынша жинақтап қорытады;

      9) нотариаттық қызмет мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      10) нотариаттық қызметті жүзеге асыру сапасы туралы зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;

      11) нотариаттық палаталарды ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымтастырады;

      12) Республикалық нотариаттық палатаның интернет-ресурсында:

      нотариаттық қызметпен айналысатын нотариустардың тізімін, сондай-ақ нотариаттық палаталар нотариустарының жаңартылған күйдегі тізімдерін;

      Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметке қатысты нормативтік құқықтық актілерін;

      Нотариустың әдеп кодексін;

      нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ережені;

      Республикалық нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы, әрбір өзіндік ерекшелік бойынша жеке-жеке барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпарат қамтылатын есепті;

      Республикалық нотариаттық палата басқармасының құрамы туралы мәліметтерді;

      Республикалық нотариаттық палата тәртіптік комиссиясының жұмысын жинақтап қорытуды;

      нотариаттың іс-шаралары мен оқиғаларын;

      және Республикалық нотариаттық палатаның қызметі туралы өзге де қажетті ақпаратты орналастырады;

      13) Республикалық нотариаттық палатаның съезін шақырады, оның күн тәртібін қалыптастырады;

      14) өз құзыреті шегінде сметаға және мүліктің мақсатына сәйкес Республикалық нотариаттық палатаның мүлкіне билік етеді;

      15) Республикалық нотариаттық палата басқармасының регламентін бекітеді;

      16) Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      3. Республикалық нотариаттық палата басқармасының шешімдері оның отырысына қатысып отырған мүшелердің жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады.

      Ескерту. Заң 28-2-баппен толықтырылды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

29-бап. Республикалық нотариаттық палатаның өкiлеттiгi

      1. Республикалық нотариаттық палатаның қызметi осы Заңмен және оның жарғысымен белгiленедi. Республикалық нотариаттық палата заңда белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.

      2. Республикалық нотариаттық палата:

      1) нотариаттық палаталардың қызметiн үйлестiрiп отырады;

      2) мемлекеттiк органдарда, мемлекеттiк емес ұйымдарда, оның iшiнде шетелдiк және халықаралық ұйымдарда нотариаттық палаталар мен нотариустардың мүдделерiн бiлдiредi;

      3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң нотариат мәселелерi бойынша заң жобалары жөнiндегi және сарапшылық қызметiне қатысады;

      4) нотариустарды оқытуды ұйымдастырады;

      5) нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысады, нотариат мәселелері бойынша, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды әзірлейді және бекітеді;

      5-1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын осындай ақпарат бере отырып, аумақтық нотариаттық палата ұсынған мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын талдайды, жинақтап қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      6) Нотариустың әдеп кодексiн әзiрлеп, бекiтедi;

      6-1) алып тасталды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      7) заңдарға және халықаралық шарттарға қайшы келмейтiн өзге де қызметтi жүзеге асырады.

      3. Республикалық нотариаттық палата Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде өз қызметi туралы жыл сайын ақпарат берiп отырады.

      4. Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы болып – сайланған күніне дейiн тікелей кемiнде бес жыл нотариаттық палатаның мүшесi болған нотариус сайланады.

      Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзiмге сайланады.

      Бұл ретте сол бір адам қатарынан екі мерзімнен артық Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы лауазымын атқара алмайды.

      Республикалық нотариаттық палатаның төрағасын сайлау тәртiбi және оның өкiлеттiктерi осы Заңда және Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында айқындалады.

      Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

29-1-бап. Жеке нотариаттық архив

      Жеке нотариаттық архив аумақтық нотариаттық палатаның филиалы болып табылады.

      Жеке нотариаттық архив ұлттық архивтік қор және архивтер туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөнiндегi функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. Заң 29-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.05.05 № 408 Заңымен.

4-тарау. Нотариаттық қызметке ақы төлеу

30-бап. Нотариаттық iс-әрекеттерге ақы төлеу

      1. Мемлекеттiк нотариат кеңсесiнде жұмыс iстейтiн нотариус пен аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi аппаратының лауазымды адамы нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген ставкалар бойынша мемлекеттiк баж алады.

      2. Жекеше нотариус жасайтын нотариаттық iс-әрекеттерге ақы Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мемлекеттiк баж мөлшерiне сәйкес келетiн ставкалар бойынша төленедi.

      3. <*>

      4. Қазақстан Республикасы консулдық мекемесінің лауазымды адамы нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде консулдық алым алады.

      5. Жеке және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген нотариаттық iс-әрекеттерге ақы төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер бұл адамдарға жеке практикамен айналысатын нотариус нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде де қолданылады.

      6. Нотариаттық iс-әрекет жасау үшiн нотариус өзiнiң жұмыс орнынан тыс жерге барған жағдайда мүдделi адамдар оған нақты көлiк шығыстарын өтейдi.

      7. <*>

      Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.12.24 № 276, 2003.05.05 № 408, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2009.11.16 № 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

30-1-бап. Жекеше нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер көрсетуге ақы төлеу

      1. Жекеше нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде техникалық және құқықтық сипаттағы қосымша қызметтер көрсеткені үшін осы бапта көзделген мөлшерде мынадай төлемақы алады:

      1) қалалық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:

      егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 7 айлық есептік көрсеткіш;

      балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне – 2 айлық есептік көрсеткіш;

      басқа адамдарға – 5 айлық есептік көрсеткіш;

      егер мәміле жылжымайтын мүлікті ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша алынған қаражат есебінен сатып алу мақсатында жасалатын болса – 2 айлық есептік көрсеткіш;

      2) ауылдық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:

      егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 2 айлық есептік көрсеткіш;

      балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне – 1 айлық есептік көрсеткіш;

      басқа адамдарға – 2 айлық есептік көрсеткіш;

      3) автомотокөлік құралдарын иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:

      егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 5 айлық есептік көрсеткіш;

      балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне – 2 айлық есептік көрсеткіш;

      басқа адамдарға – 5 айлық есептік көрсеткіш;

      4) жалға беру, заем (ипотекалық тұрғын үй заемы шартын қоспағанда), кепілақы, лизинг, мердігерлік шарттарын, неке келісімшарттарын, ортақ меншіктегі мүлікті бөлу, мұрагерлік мүлікті бөлу шарттарын, алименттерді төлеу жөніндегі келісімдерді, құрылтай шарттарын куәландырған кезде – 5 айлық есептік көрсеткіш;

      5) ипотекалық тұрғын үй заемы шарттарын куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;

      6) өсиеттерді куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;

      6-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті нотариаттық куәландыру көзделген келісулерді куәландырған кезде – 1 айлық есептік көрсеткіш;

      7) мұрагерлікке құқық туралы куәлікті бергені үшін – берілген әрбір куәлік үшін 3 айлық есептік көрсеткіш;

      8) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске және бірлескен ортақ меншік құқығында мүлкі бар өзге де адамдардың меншік құқығы туралы куәлікті берген кезде – 4 айлық есептік көрсеткіш;

      9) мүлікті пайдалану және иелік ету құқығына сенімхаттарды куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;

      10) сату құқығынсыз автокөлік құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенімхаттарды куәландырған кезде – 1 айлық есептік көрсеткіш;

      11) автокөлік құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенімхаттарды куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;

      12) басқа сенімхаттарды куәландырған кезде:

      жеке тұлғалар үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш;

      заңды тұлғалар үшін – 2 айлық есептік көрсеткіш;

      13) теңіздік наразылық жасаған кезде – 5 айлық есептік көрсеткіш;

      14) құжаттардың көшірмелері мен құжаттардың үзінді көшірмелерін куәландырған кезде (әр беті үшін):

      жеке тұлғалар үшін – 0,05 айлық есептік көрсеткіш;

      заңды тұлғалар үшін – 0,07 айлық есептік көрсеткіш;

      15) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бір тілден басқа тілге аудармасының дұрыстығын куәландырған кезде (әрбір құжат үшін):

      жеке тұлғалар үшін – 0,5 айлық есептік көрсеткіш;

      заңды тұлғалар үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш;

      16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға берген кезде – 0,5 айлық есептік көрсеткіш;

      17) құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін берген кезде – 0,5 айлық есептік көрсеткіш;

      18) телнұсқаны берген кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;

      19) банктерде шот ашқан кезде қойылған қолдардың растығын куәландырған кезде (әрбір құжат үшін):

      жеке тұлғалар үшін – 0,3 айлық есептік көрсеткіш;

      заңды тұлғалар үшін – 0,5 айлық есептік көрсеткіш;

      20) жылжымайтын мүліктің кепілзат шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап ету құқықтары мен ипотекалық куәліктерді куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;

      өзге де кепілзат шарттарын куәландырған кезде – 3 айлық есептік көрсеткіш;

      21) вексель наразылығын жасаған кезде және чектің төленбегенін куәландырған кезде – 1 айлық есептік көрсеткіш;

      22) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтаған кезде – әр айға 0,5 айлық есептік көрсеткіш;

      22-1) атқарушылық жазба жасағаны үшін:

      жеке тұлғалар үшін – өндіріп алынатын соманың немесе талап етілетін өзге жылжымалы мүліктің нарықтық құнының 0,2 пайызы, бірақ 0,5 айлық есептік көрсеткіштен кем емес және 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;

      заңды тұлғалар үшін – өндіріп алынатын соманың немесе талап етілетін өзге жылжымалы мүліктің нарықтық құнының 1 пайызы, бірақ 1 айлық есептік көрсеткіштен кем емес және 100 айлық есептік көрсеткіштен артық емес.

      Осы Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптар бойынша атқарушылық жазба жасалған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы көрсетілетін қызметтерге ақы төлеудің төменгі шегі 0,5 айлық есептік көрсеткішті құрайды;

      23) кепілгерлік пен кепілдік шарттарын куәландырған кезде – 1 айлық есептік көрсеткіш;

      23-1) құпия өсиеті бар конвертті ашқан және құпия өсиетті жария еткен кезде – 1 айлық есептік көрсеткіш;

      23-2) құпия өсиетті қабылдау туралы куәлікті берген кезде – 1 айлық есептік көрсеткіш;

      23-3) нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландырған кезде (бір бет үшін):

      жеке тұлғалар үшін – 0,1 айлық есептік көрсеткіш;

      заңды тұлғалар үшін – 0,2 айлық есептік көрсеткіш;

      23-4) нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландырған кезде (бір бет үшін):

      жеке тұлғалар үшін – 0,1 айлық есептік көрсеткіш;

      заңды тұлғалар үшін – 0,2 айлық есептік көрсеткіш;

      24) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген басқа да нотариаттық іс-әрекеттерді жасаған кезде – 7 айлық есептік көрсеткіш.

      1-1. Өндіріп алушы нотариусқа атқарушылық жазба жасаған кезде мемлекеттік баж ретінде және құқықтық және техникалық сипаттағы көрсетілетін қызметтер үшін төлеген шығыстар борышкердің есебіне жатқызылуға тиіс.

      2. Жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер көрсеткеніне ақы төлеуден мыналар:

      1) нотариаттық куәландыруға жататын құжаттың жобасын өздері дайындаған жеке және заңды тұлғалар;

      2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 617-бабының 4), 6) және 7) тармақшаларында аталған адамдар;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдар;

      4) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар;

      5) бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

      6) жасына байланысты зейнеткерлер;

      7) осы Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген талап бойынша өндіріп алушылар босатылады.

      3. Консультация беруді жүзеге асыру үшін нотариустың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      Ескерту. Заң 30-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-тарау. Нотариустың қызметiн бақылау. Әдiлет органдарының нотариатты реттеу саласындағы құзыретi

31-бап. Нотариустың қызметiн бақылау

      1. Жасалған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын және мемлекеттiк нотариустың және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылауды аумақтық әдiлет органы жүзеге асырады.

      2. Жеке практикамен айналысатын нотариустардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды аумақтық әдiлет органы жүзеге асырады.

      3. Нотариустың және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

      3-1. Нотариустың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы жүзеге асырады.

      4. Әдiлет органы мен нотариаттық палатаның лауазымды адамдары нотариус қызметiн тексеру кезiнде мәлiм болған нотариаттық iс-әрекеттер жасау құпиясын сақтауға мiндеттi. Құпияны жария еткенi және нотариусқа келтiрген зияны үшiн бұл адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

      5. Нотариустың қызметін бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 408, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

31-1-бап. Аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін бақылау

      1. Аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін бақылауды аумақтық әділет органдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      2. Аумақтық нотариаттық палаталардың:

      1) жекеше нотариаттық мұрағаттарды құру, олардың нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі функцияларын ұйымдастыру жөніндегі;

      2) жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі нысанасына бақылау жүзеге асырылады.

      3) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда аумақтық әділет органы аумақтық нотариаттық палатаға бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жібереді. Бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, аумақтық әділет органы анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жоюға мәжбүр ету туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы.

      Ескерту. Заң 31-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

32-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң нотариатты реттеу саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:

      1) аумақтық әдiлет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсету саласындағы заңдылықты ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне басшылықты, оны үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады;

      2) Нотариустардың нотариаттық iс-әрекеттердi жасау қағидасын бекітедi;

      3) Қазақстан Республикасының архивтер және құжаттаманы басқарушы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен нотариаттық iс жүргiзу жөнiнде қағиданы бекiтедi;

      4) Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестациялау туралы ережені бекiтедi;

      5) алып тасталды - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5-1) алып тасталды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5-2) алып тасталды – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5-3) осы Заңның негізгі мақсаты мен міндетіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариатты реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      6) алып тасталды – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      7) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      7-1) әрбiр нотариаттық округ бойынша нотариустардың ең аз санын бекiтедi;

      8) алып тасталды – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      9) нотариустардың қызметiн лицензиялайды;

      10) алып тасталды – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      11) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны тоқтата тұру және оның күшiн тоқтату туралы шешiм қабылдайды, сондай-ақ нотариустарды лицензияларынан айыру туралы талаптарға бастамашылық етедi;

      12) алып тасталды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      13) алып тасталды - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      14) алып тасталды - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      14-1) тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекiтедi;

      15) алып тасталды - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      16) осы Заңға сәйкес өз құзыретi шегiнде нотариаттық қызметтi реттеудi жүзеге асырады;

      17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 408, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2010.07.15 № 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

33-бап. Аумақтық әдiлет органының нотариатты реттеу саласындағы құзыретi

      1. Аумақтық әдiлет органы:

      1) мемлекеттiк нотариаттық кеңселердi ашады және таратады;

      1-1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;

      1-2) хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;

      2) азаматтар мен заңды тұлғалардың нотариустардың iс-әрекеттерiне өтiнiштерiн қарайды;

      2-1) жекеше нотариустардың осы Заңның 16-бабының талаптарын сақтауын бақылауды ұйымдастырады және өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтарған және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де талаптарын бұзған жекеше нотариустарға шаралар қолданады;

      3) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарына әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;

      4) нотариустардың және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын және олардың iс қағаздарын жүргiзу жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады;

      4-1) нотариустың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      5) нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру, керi қайтарып алу және тоқтату туралы ұсыныстар енгiзедi;

      6) жекеше нотариусты жауапқа тарту туралы нотариаттық палатаға ұсыныс енгiзедi;

      7) нотариус таңдаған үй-жайдың болуын және оның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді;

      8) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес мемлекеттік нотариустардың мөрлерiн жасауға тапсырысты жүзеге асырады және оларды бередi;

      9) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      10) нотариаттық iс-әрекет жасауға уәкiлеттi аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарын аттестациялауды жүргiзедi;

      11) алып тасталды - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Аумақтық әдiлет органы нотариаттық палатамен бiрлесiп:

      1) алып тасталды - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      2) Әдiлет министрлiгiне бекiтуге нотариаттық округтегi нотариустардың ең аз саны туралы ұсыныс енгiзедi;

      3) алып тасталды - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      4) нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған жағдайда нотариаттық iс-әрекеттер жасауды ұйымдастырады;

      5) нотариустарға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;

      6) нотариаттық практиканы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытады;

      7) алып тасталды - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      8) алып тасталды - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      9) алып тасталды - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      10) тиiстi нотариаттық округте қызметi тоқтатылған нотариустың мөрiн жою және құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық мұрағатқа беру жөнiндегi, сондай-ақ егер нотариус лицензиясының күшi тоқтатылған жағдайда лицензиарға беру үшiн лицензияны алып қою жөнiнде шаралар қабылдайды.

      Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.05.05 № 408 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.06.11 № 437, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2 Бөлiм
Нотариаттық iс-әрекеттер және оларды жасау ережелерi

6-тарау. Нотариус пен уәкiлеттi лауазымды адамдар жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер

34-бап. Нотариус жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер

      1. Нотариус мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:

      1) мәмiлелердi куәландырады;

      2) шаруашылық серiктестiктерiнiң құрылтай құжаттарын куәландырады;

      3) мұраға сенiмгерлiк басқарушыны тағайындайды;

      4) мұраға құқық туралы куәлiктер бередi;

      5) ерлi-зайыптылардың және ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi;

      6) алып тасталды – ҚР 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7) құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;

      8) құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;

      9) құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге дұрыс аударылғанын куәландырады;

      10) азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады;

      11) азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады;

      12) құжаттардың берiлген уақытын куәландырады;

      13) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бередi;

      14) ақшаны депозитке қабылдайды;

      15) <*>

      15-1) атқарушылық жазбаларды жасайды;

      15-2) дауды реттеу туралы келісімді куәландырады;

      16) вексель наразылықтарын жасайды;

      17) сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;

      18) теңiз наразылықтарын жасайды;

      19) дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.

      20) нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландырады;

      21) нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландырады.

      2. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде нотариус жасайтын өзге де нотариаттық iс-әрекеттер көзделуi мүмкiн.

      Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.11.13 № 302, 2000.03.29 № 42, 2003.05.05 № 408; 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

35-бап. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi аппаратының лауазымды адамы жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер

      1. Елдi мекенде нотариус болмаған жағдайда аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi аппаратының нотариаттық iс-әрекеттердi жасауға уәкiлеттi лауазымды адамы мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:

      1) өсиеттердi куәландырады;

      2) сенiмхаттарды куәландырады;

      3) құжаттар көшiрмелерiнiң және олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;

      4) өтiнiштерге қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;

      5) <*>

      2. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде жергiлiктi атқарушы органның лауазымды адамдары жасайтын өзге де нотариаттық iс-әрекеттер көзделуi мүмкiн.

      Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 408, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

36-бап. Консулдық қызметтi жүзеге асыратын адамдар жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер

      1. Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызметтi жүзеге асыратын лауазымды адам мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:

      1) Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу туралы шарттардан басқа мәмiлелердi куәландырады;

      2) <*>

      3) мұраға құқық туралы куәлiктер бередi;

      4) ерлi-зайыптылар мен ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге де адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi;

      5) құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;

      6) құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;

      7) құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырады;

      8) азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады;

      9) азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады;

      10) құжаттар берiлген уақытты куәландырады;

      11) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бередi;

      12) ақшаны депозитке қабылдайды;

      13) <*>

      14) сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;

      15) теңiз наразылықтарын жасайды;

      16) дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.

      2. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде консулдық қызметтi жүзеге асыратын лауазымды адам жасайтын өзге де нотариаттық iс-әрекеттер көзделуi мүмкiн.

      Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.11.13 № 302, 2000.03.29 № 42, 2003.05.05 № 408 Заңдарымен.

37-бап. Нотариаттық түрде куәландырылған құжаттарға теңестiрiлген өсиеттер мен сенiмхаттарды лауазымды адамдардың куәландыруы

      Нотариаттық куәландырылған құжаттарға мыналар теңестiрiледi:

      1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-профилактикалық мекемелерде емделіп жатқан азаматтардың осы мекемелердің бас дәрігерлері және кезекші дәрігерлері куәландырған өсиеттері, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың осы мекемелердің (ұйымдардың) директорлары және бас дәрігерлері куәландырған өсиеттері;

      2) госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлер мен басқа да әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың медициналық жағынан орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi мен сенiмхаттары;

      3) әскери қызметшiлердiң, ал нотариустары мен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдары жоқ әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, әскери-оқу орындарының орналасқан пункттерiнде, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң және әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң осы бөлiмдер, құрамалар, мекемелер мен орындардың командирлерi (бастықтары) куәландырған өсиеттерi мен сенiмхаттары;

      4) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған өсиеттерi мен сенiмхаттары;

      5) жүзу кезiнде Қазақстан Республикасының туы астында жүзiп жүрген теңiз мекемелерiнде немесе iшкi суларда жүзiп жүрген кемелердегi азаматтардың осы кемелердiң капитандары куәландырған өсиеттерi;

      6) барлау және басқа да экспедицияларда жүрген азаматтардың осы экспедициялардың бастықтары куәландырған өсиеттерi;

      7) халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiнде тұрып жатқан кәмелетке толған жастағы iс-әрекет қабiлетi бар азаматтардың осы мекемелердiң немесе халықты әлеуметтiк қорғаудың тиiстi органының басшысы куәландырған сенiмхаттары;

      8) тергеу изоляторларында отырған адамдардың тергеу изоляторларының бастықтары куәландырған сенімхаттары.

      Осы бапта көзделген өсиеттерге өсиетке ол да қол қоятын куәнiң қатысуымен өсиет қалдырушы қол қоюға тиiс.

      Ескерту. 37-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 408; 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

38-бап. Лауазымды адамдар куәландырған өсиеттердi нотариусқа беру

      1. Осы Заңның 37-бабында санамаланған лауазымды адамдар өсиет куәландырылған күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде, ал егер бұл дәлелдi себептермен мүмкiн болмаса, осындай мүмкiндiк пайда болған кезде куәландырылған өсиеттiң бiр данасын өсиет қалдырушының тұрақты тұрғылықты жерiндегi нотариусқа сақтауға дереу беруге мiндеттi.

      2. Егер өсиет қалдырушының Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жерi болмаса немесе оның тұратын жерi белгiсiз болса, өсиет Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлейтiн нотариусқа жiберiледi.

      3. Нотариус сақтауға келiп түскен өсиеттi тексеруге және оның заңға сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда, тиiстi дәрежеде ресiмдеу үшiн өсиет қалдырушыға және өсиеттi куәландырған лауазымды адамға бұл туралы хабарлауға мiндеттi.

      4. Куәландырған өсиеттердiң уақтылы берiлмеуi салдарынан мұрагерге (мұрагерлерге) келтiрiлген шығын үшiн лауазымды адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7-тарау. Нотариаттық iс-әрекеттер жасаудың негiзгi ережелерi

39-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасау тәртiбi

      Нотариаттық iс-әрекеттер жасау тәртiбi осы Заңмен, басқа да заң актiлерiмен және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтетiн Нотариустардың нотариаттық iс-әрекеттер жасау қағидаларымен белгiленедi.

      Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

40-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасау мерзiмдерi

      Нотариаттық iс-әрекеттер бұл үшiн барлық қажеттi құжаттар табыс етiлiп, мемлекеттiк нотариус немесе осы Заң арқылы нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлдiк берiлген адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасаған жағдайда мемлекеттiк баж төлеген не жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттерiне ақы төленген күнi жасалады.

41-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасауды кейiнге қалдырудың және тоқтата тұрудың негiздерi мен мерзiмдерi

      1. Нотариаттық iс-әрекеттер жасау мынадай негiздер бойынша:

      1) жеке және заңды тұлғалардан қосымша мәлiметтердi талап ету қажет болуына;

      2) құжаттардың сараптамаға жiберiлуi негiзiнде кейiнге қалдырылуы мүмкiн.

      2. Нотариаттық iс-әрекет жасауды кейiнге қалдыру мерзiмi нотариаттық iс-әрекет жасауды кейiнге қалдыру туралы қаулы шығарылған күннен бастап бiр айдан аспауы керек.

      3. Басқа бiр мүдделi адам куәландырмақшы болған құқықты немесе фактінi сотта даулаушы мүдделi адамның өтiнiшi бойынша нотариаттық iс-әрекет жасау күнтізбелік он күннен аспайтын мерзiмге кейiнге қалдырылады. Егер осы мерзiм iшiнде соттан өтiнiштiң келіп түскенi туралы хабар алынбаса, нотариаттық iс-әрекет жасалуға тиiс.

      4. Басқа бiр мүдделi адам куәландыруды өтiнген құқықпен фактiнi даулаушы мүдделi адамның өтiнiшi түскенi туралы соттан хабар алынған жағдайда, нотариаттық iс-әрекет жасау сот iстi шешкенге дейiн тоқтатыла тұрады.

      Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

42-бап. Нотариаттық iс-әрекеттi жасауды өтiнген адамның жеке басын анықтау

      1. Нотариус немесе лауазымды адам нотариаттық iс-әрекет жасаған кезде нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген азаматтың, оның өкiлiнiң немесе заңды тұлға өкiлiнiң жеке басын анықтайды.

      2. Адамның жеке басын анықтау нотариаттық iс-әрекет жасауға өтініш білдірушінің жеке басты куәландыратын құжаттары негiзiнде жүргiзiледi.

      Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

43-бап. Мәмiлелерге қатысушы жеке адамдардың iс-әрекетке қабiлеттiлiгi мен заңды тұлғалардың құқықтық қабiлеттiлiгiн анықтау

      Мәмiлелердi куәландырған кезде азаматтардың iс-әрекетке қабiлеттiлiгi анықталады және нотариаттық iс-әрекет жасау кезiнде мәмiлелерге қатысушы заңды тұлғалардың құқықтық қабiлеттiлiгi тексерiледi. Мәмiле өкiлдер арқылы жасалған жағдайда олардың өкiлеттiгi тексерiледi.

44-бап. Нотариаттық құжаттарға қол қою тәртiбi

      1. Нотариат куәландырған құжаттың мазмұны қатысушылардың қалауы бойынша дауыстап оқылуы мүмкiн.

      2. Қатысушылар нотариус куәландырған мәмiлелерге, өтiнiштер мен басқа құжаттарға нотариустың қатысуымен қол қояды.

      3. Егер азамат дене кемiстiгi, ауруы немесе сауатсыздығы салдарынан өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша және оның қатысуымен, сондай-ақ нотариустың қатысуымен нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген азаматтың құжатқа өзi қол қоя алмау себептерi көрсетiле отырып, мәмiлеге, өтiнiшке немесе өзге де құжатқа басқа азамат қол қоя алады.

      Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

44-1-бап. Нотариаттық әрекеттерді электрондық нысанда жасау

      Нотариаттық әрекет жасауға жүгінген адамның өтінуі бойынша нотариус нотариаттық құжатты электрондық нысанда дайындау арқылы нотариаттық әрекет жасай алады.

      Егер электрондық нысандағы нотариаттық құжатқа нотариаттық әрекет жасауға жүгінген адам қол қоюға тиіс болған жағдайда, адам құжатты нотариустың қатысуымен электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыруға немесе оған цифрлық қолтаңбаға арналған графикалық планшеттің көмегімен қол қоюға міндетті.

      Электрондық нысанда дайындалған нотариаттық құжаттағы куәландыру жазбасы нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылуға тиіс.

      Ескерту. Заң 44-1-баппен толықтырылды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

45-бап. Куәландырылатын мәмiлелер мен айғақталатын құжаттардың мәтiндерiне қойылатын талаптар

      1. Нотариаттық куәландырылған мәмiленiң мәтiнi анық және түсiнiктi жазылуға немесе басылуға, мәмiленiң мазмұнына қатысты сандар мен мерзiмдер ең болмағанда бiр рет сөздермен, ал заңды тұлғалардың атаулары қысқартусыз, олардың тұрған жерi көрсетiле отырып жазылуға тиiс. Азаматтардың тектерi, аттары мен әкесiнiң аттары, олардың тұратын мекен-жайлары толық жазылуға тиiс.

      2. Өшiрiп тасталған, қосылып жазылған, сызылған сөздерi немесе басқа да келiсiлмеген түзетулерi бар мәмiлелердiң мәтiнiн куәландыруға немесе құжаттарды, сондай-ақ қарындашпен жазылған құжаттарды куәландыруға болмайды.

      3. Көлемi бiр парақтан асатын құжатта парақтар тiгiлген, бауланған және мөрмен бекiтiлген болуға тиiс.

      4. Нотариустар нотариаттық әрекеттерді жасау үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін электрондық құжаттарды қабылдайды.

      Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

46-бап. Нотариаттық iс-әрекет жасау құқығын шектеу

      1. Нотариус пен аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi аппаратының лауазымды адамдарының өз атына және өз атынан, өз жұбайының, оның және өз туыстарының (ата-аналары, балалары, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi, немерелерi, атасы, әжесi) атына және олардың атынан, нотариус көмекшілерінің, тағылымдамадан өтушілерінің атына және олардың атынан нотариаттық iс-әрекеттер жасауға құқығы жоқ.

      2. Аталған реттердегi нотариаттық iс-әрекеттердi кез келген басқа нотариус жасайды.

      3. Осы баппен белгiленген ережелердi бұза отырып жасалған нотариаттық iс-әрекеттер жарамсыз болып табылады.

      Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді); 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

47-бап. Куәландыратын жазбалар жасау, куәлiктер беру және қаулылар шығару

      1. Куәландырушы жазбалар мәмiлелердi куәландыру және нотариаттық куәландырылған құжаттардың дубликаттарын беру, құжаттардың көшiрмелерi мен олардан жасалған үзiндiлердiң дұрыстығын, құжаттардағы қойылған қолдардың түпнұсқалығын, құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аударылуының дұрыстығын растау кезiнде, тиiстi құжаттарда құжаттардың көрсетiлген уақытын куәландыру кезiнде, сондай-ақ нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыру және нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландыру кезінде жасалады.

      2. Мұраға алу құқығын, меншiк құқығын, азаматтың тiрi екендiгi және белгiлi бiр орында болуы фактiлерiн, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшiн басқа және жеке заңды тұлғаларға берудi куәландыру, құжаттарды сақтауға қабылдауды растау үшiн тиiстi куәлiктер берiледi.

      3. Мұраға сенiмгерлiк басқарушы тағайындалған кезде нотариус тиiстi қаулы шығарады.

      Ескерту. 47-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 408; 15.02.2021 № 5-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

48-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан бас тарту

      1. Егер:

      1) мұндай iс-әрекет жасау заңдарға қайшы келсе;

      2) iс-әрекеттi басқа нотариус жасауға тиiс болса;

      3) нотариаттық iс-әрекет жасау жөнiнде қабiлетсiз азамат немесе қажеттi өкiлеттiгi жоқ өкіл өтiнiш жасаса;

      4) заңды тұлға атынан жасалатын мәмiле оның жарғысында немесе ережесiнде көрсетiлген мақсаттарға қайшы келсе;

      5) мәмiле заңдар талаптарына сәйкес келмесе;

      6) нотариаттық iс-әрекет жасау үшiн табыс етiлген құжаттар заң талаптарына сәйкес келмесе, нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартылады.

      2. Нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген адамға нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартылған кезде, нотариус нотариаттық iс-әрекет жасауға ол өтiнiш берген күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде жазбаша түрде бас тартудың себебi көрсетiлген дәлелдi қаулыны бередi.

      3. Нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартуға немесе нотариаттық iс-әрекеттiң дұрыс жасалмағаны үшiн сот тәртiбiмен шағымдануға болады.

      Ескерту. 48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 408 Заңымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

49-бап. Нотариаттық әрекеттерді тіркеу

      1. Нотариус жасайтын барлық нотариаттық әрекеттер бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінде тіркеледі.

      Осы Заңның 35 және 36-баптарында аталған лауазымды адамдар жасайтын нотариаттық әрекеттер нотариаттық әрекеттерді тіркеу тізілімінде тіркеледі.

      Осы Заңның 35 және 36-баптарында аталған лауазымды адамдар нотариаттық әрекеттерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімінде тіркей алады.

      2. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе әрбір нотариаттық әрекет бойынша бірегей нөмір береді, ол құжаттың қағаз нұсқасында көрсетілуге тиіс.

      Ескерту. 49-бап жаңа редакцияда – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

50-бап. Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімдерінің (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінің), нотариаттық куәліктердің, куәландыратын жазбалардың нысаны

      Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімдерінің (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінің), нотариаттық куәліктер мен қаулылардың, мәмілелердегі және куәландырылатын құжаттардағы куәландыру жазбаларының нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.

      Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

51-бап. Нотариаттық куәландырылған құжаттың дубликатын беру

      1. Бiр данасы нотариаттық кеңсе iстерiнде немесе нотариуста сақталатын құжат жоғалған жағдайда, өз аттарынан немесе солардың тапсырмасы бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жасалған азаматтардың, заңды тұлғалар өкiлдерiнiң жазбаша өтiнiштерi бойынша оларға жоғалған құжаттың дубликаты берiледi.

      2. Құжаттың дубликатын беру осы Заңның 3-бабының талаптары сақтала отырып жүргiзiледi.

8-тарау. Мәмiлелердi куәландыру

52-бап. Нотариаттық тәртiппен куәландырылатын мәмiлелер

      Нотариус заңдармен мiндеттi нотариаттық куәландыру белгiленген мәмiлелердi куәландырады. Тараптардың тiлегi бойынша нотариус басқа мәмiлелердi де куәландыра алады.

53-бап. Мәмiле жобасының мазмұны мен мағынасын тараптарға түсiндiру

      Нотариус пен нотариаттық iс-әрекет жасаушы лауазымды адамдар тараптарға, олар табыс еткен мәмiле жобасының мазмұны мен мағынасын түсiндiруге және оның мазмұны тараптардың шын ниеттерiне сәйкес келетiнiн және заң талаптарына қайшы келмейтiнiн тексеруге мiндеттi.

54-бап. Тiркелуге жататын мүлiктi иелiктен алу және кепiлге салу туралы шарттарды куәландыру

      1. Тiркелуге жататын мүлiктi иелiктен алу және кепiлге салу туралы шарттар иелiктен алынатын немесе кепiлге салынатын мүлiкке деген меншiк құқықтарын растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда куәландырылуы мүмкiн.

      2. Алып тасталды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару шарттарын куәландыру кезінде нотариус иелiктен шығарылған жылжымайтын объектілер орналасқан жер учаскесінің құқықтық режимін белгілеуге тиіс.

      Жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару шарттарын куәландыру кезінде нотариус жер учаскесіне құқықты белгілейтін құжаттарды талап етеді және жер учаскесі меншік иесінің (жер пайдаланушының) өзіне тиесілі құқықтарын иелiктен шығару жөніндегі өкілеттіктерін айқындайды.

      Жер учаскесіне құқықты белгілейтін құжаттар кондоминиум құрамындағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды иелiктен шығарған кезде талап етілмейді.

      Жылжымайтын мүлікпен мәміле бойынша есеп айырысуды қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырған кезде тараптардың келісімімен нотариус мәмілені қамтамасыз ету мақсатында банктік шот ашылған екінші деңгейдегі банкке немесе Ұлттық пошта операторына мәмілені куәландыру туралы мәліметтерді, сондай-ақ тіркеуші органның жылжымайтын мүлікке құқықтарға жүргізілген тіркеу туралы не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы ақпаратты бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы береді.

      Ескерту. 54-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 408, 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

55-бап. Тұрғын үй құрылысы туралы шартты куәландыру

      Ескерту. 55-бап алынып тасталды - ҚР 2003.05.05 № 408 Заңымен.

56-бап. Өсиеттердi куәландыру

      1. Нотариус пен нотариаттық iс-әрекеттер жасаушы басқа да лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес iс-әрекетке қабiлеттi азаматтар жасаған және олардың өздерi нотариусқа табыс еткен өсиеттердi куәландырады. Өсиеттердi өкiлдер арқылы куәландыруға жол берiлмейдi.

      2. Өсиеттердi куәландырған кезде өсиет қалдырушыдан өсиетке қалдырылатын мүлiкке оның меншiк құқығын растайтын дәлелдемелер тапсыру талап етiлмейдi.

57-бап. Өсиеттердi өзгерту және күшiн жою тәртiбi

      Нотариус және нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын басқа да лауазымды адамдар өсиеттiң күшiн жою туралы өтініш алған, сол сияқты бұрын жасалған өсиеттiң күшiн жоятын немесе өзгертетiн жаңа өсиет алған жағдайда, өсиеттiң нотариуста сақталған данасы мен нотариаттық iс-әрекеттердi тiркеу тiзiлiмiне (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізіліміне) бұл туралы белгi соғады. Өсиеттiң күшiн жою немесе өзгерту туралы өтінішті нотариат куәландыруға тиiс.

      Ескерту. 57-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

58-бап. Сенімхаттарды және келісулерді куәландыру

      Ескерту. 58-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Нотариус пен нотариаттық әрекеттерді жасайтын лауазымды адамдар бiр адамның (сенім білдірушінің) атынан басқа адамның (сенім білдірілген адамның) атына cенiмхатты куәландырады.

      2. Қайта сенiм бiлдiру тәртiбiмен берiлетiн сенiмхат қайта сенiм бiлдiру құқығы сөз болған негiзгi сенiмхатты табыс ету бойынша нотариаттық куәландырылуға тиiс. Қайта сенiм бiлдiру тәртiбiмен берiлген сенiмхаттың мазмұнында негiзгi сенiмхат бойынша берiлген құқықтан артық құқық болмауға тиiс. Қайта сенiм бiлдiру тәртiбiмен берiлген сенiмхаттың қолданылу мерзiмi оның берiлуiне негiз болған сенiмхаттың қолданылу мерзiмiнен аспауы керек.

      3. Нотариустар Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті нотариаттық куәландыруы көзделген келісулерді куәландырады.

      Ескерту. 58-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

59-бап. Мәмiленiң мазмұны баяндалатын құжат даналарының саны

      Мәмiленiң мазмұны баяндалып, нотариаттық тәртiппен куәландыратын құжаттар даналарының санын нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген адамдар анықтайды, бiрақ олардың саны екi данадан кем болмауға тиiс, олардың бiреуi нотариаттық кеңсенiң iстерiнде нотариуста қалады.

9-тарау. Мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк беру

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 408 Заңымен.

60-бап. Ашылған мұра туралы мұрагерлерге және бас тартылған мұраны алушыларға (легатарийлерге) хабарлау

      1. Ашылған мұра туралы хабарлама алған нотариус тұратын жерi немесе жұмыс орны өзiне мәлім мұрагерлерге бұл туралы хабарлауға мiндеттi.

      Өсиеттік бас тарту (легат) қамтылған өсиет болған кезде нотариус тұратын жері немесе жұмыс орны өзіне мәлім бас тартылған мұраны алушыларға (легатарийлерге) өсиет бойынша мұраның ашылғандығы туралы хабарлауға міндетті.

      2. Егер мұрагерлердiң немесе бас тартылған мұраны алушылардың (легатарийлердің) тұратын жерi немесе жұмыс орны белгiсiз болса, нотариус бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мұраның ашылғандығы туралы хабарлауға міндетті.

      Ескерту. 60-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

61-бап. Мұрадан бас тарту немесе оған құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiштердi қабылдау

      Нотариус мұра ашылған орын бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мұрагердiң мұрадан бac тартуы немесе оған құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiштi жазбаша нысанда қабылдайды.

      Ескерту. 61-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.05.05 № 408 Заңымен.

62-68-баптар.

      Ескерту. 62-68-баптар алынып тасталды - ҚР 2003.05.05 № 408 Заңымен.

69-бап. Мұраға құқық туралы куәлiк беру орны мен мерзiмi

      1. Мұрагерлердiң жазбаша өтiнiшi бойынша мұра ашылған жердегi нотариус мұраға құқық туралы куәлiк бередi.

      2. Мұраға құқық туралы куәлiк беру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мерзiмде жүргiзiледi.

70-бап. Мұраға құқық туралы куәлiк беру тәртiбi

      1. Мұраға құқық туралы куәлiк Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының нормаларына сәйкес мұраны қабылдаған мұрагерлерге берiледi.

      2. алып тасталды

      3. Мұраға құқық туралы куәлiк мұрагерлердің мұраға қалатын әрбір мүлікке қалауына қарай олардың барлығына бірге немесе әрқайсысына жеке-жеке берiледi.

      4. Нотариус қорғаншылықта немесе қамқоршылықта жүрген, кәмелетке толмаған немесе iс-әрекетке қабiлетсiз мұрагердiң атына мұраға құқық туралы куәлiк берiлгенi жөнiнде оның мүлiктiк мүддесiн қорғау үшiн мұрагердiң тұрған жерiндегi қорғаншылық және қамқоршылық органдарына хабарлайды.

      5. Мұраға құқық бойынша мүлiк мемлекетке өткен жағдайда мұраға құқық туралы куәлiк уәкiлеттi мемлекеттiк органға берiледi.

      6. Мұрагерлiк құқық бойынша мемлекеттiк меншiкке түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және сату жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi.

      Мұрагерлiк құқық бойынша мемлекеттiк меншiкке түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және сату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      Ескерту. 70-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.12.24 № 276, 2003.05.05 № 408, 2006.06.22 № 147; 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

71-бап. Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлiктi беру шарттары

      1. Нотариус заң бойынша мұраға құқық туралы куәлiк берген кезде тиiстi айғақтарды талап ету арқылы мұра қалдырушының қайтыс болу фактiсiн, мұраның ашылған уақыты мен жерiн, мұраға құқық туралы куәлiктiң берiлуi жөнiнде өтiнiш берушi адамдарды заң бойынша мұраны иелену үшiн негiз болып табылатын қатынастардың болуын, мұралық мүлiктiң құрамы мен тұрған орнын тексередi.

      2. Егер заң бойынша бiр немесе бiрнеше мұрагердiң мұраны иеленуге тарту үшiн негiз болып табылатын айғақтарды табыс етуге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, олар мұраны қабылдаған және мұндай айғақтарды табыс еткен басқа мұрагерлердiң бәрiнiң келiсiмiмен мұраға құқық туралы куәлiкке енгiзiлуi мүмкiн.

72-бап. Өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлiк беру шарттары

      1. Нотариус өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлiк берген кезде тиiстi айғақтарды талап ету арқылы мұра қалдырушының қайтыс болу фактiсiн, өсиеттiң бар-жоғын, мұраның ашылған уақыты мен орнын, мұралық мүлiктiң құрамын және тұрған орнын тексередi.

      2. Нотариус сонымен бiрге мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы бар адамдар тобын анықтайды.

      3. Өсиеттiк бас тарту болған кезде нотариус бас тартылған мұраны алушыларды шақырады және оларға өсиеттік бас тартудың мазмұнын және олардың мұрагерден (мұрагерлерден) өздеріне тиесілі мұраны алу құқығын түсіндіреді.

      Ескерту. 72-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-тарау. Ортақ бiрлескен мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер беру

      Ескерту. 10-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

73-бап. Ортақ бiрлескен меншiк үлесiне меншiк құқығы туралы куәлiк беру

      1. Нотариус бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар адамдардың бiрлескен жазбаша өтiнiшi бойынша ортақ мүлiктегi үлесiн алуға тiлек бiлдiрген адамға немесе адамдарға осындай үлеске меншiк құқығы туралы куәлiк бередi.

      2. Ортақ меншiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiк осы мүлiк орналасқан жерде берiледi.

74-бап. Көзi тiрi жұбайының өтiнiшiмен ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiк беру

      1. Ерлi-зайыптылардың бiрi қайтыс болған жағдайда, нотариус мұра ашылған жерде көзi тiрi жұбайының жазбаша өтiнiшi бойынша мұраны қабылдаған мұрагерлердi хабардар ете отырып, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiк бередi.

      2. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiк көзi тiрi жұбайына олардың некеде тұрған кезiнде жинаған ортақ мүлкiнiң жартысына, егер неке келiсiм-шартында өзгеше белгiленбесе, берiлуi мүмкiн.

      3. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi өлген жұбайының үлесiне меншiк құқығы туралы куәлiк өлген жұбайдың мұрагерлерiне олардың өтiнiшi бойынша берiлуi мүмкiн.

75-бап. Мүлiктi иелiктен алуға тыйым салу және оны алып тастау

      Ескерту. 75-бап алып тасталды – ҚР 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11-тарау. Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын, қойылған қолдардың түпнұсқалығын және аударманың дұрыстығын куәландыру

76-бап. Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыру

      1. Нотариус немесе нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адам, заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтар берген құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын, бұл құжаттар және олардың мазмұны заңдарға қайшы келмеген әрi заңдық маңызы болған жағдайда куәландырады.

      2. Үзiндi алынған құжатта бiр-бiрiмен байланысы жоқ бiрнеше жекелеген мәселенiң шешiмi болғанда ғана, одан алынған үзiндiнiң дұрыстығы куәландырылуы мүмкiн. Үзiндi құжаттың белгiлi бiр мәселе жөнiндегi бөлiгiнiң толық мәтiнiн қайтаруға тиiс.

77-бап. Азамат берген құжат көшiрмесiнiң дұрыстығын куәландыру

      Нотариус азамат ұсынған құжат көшiрмесiнiң дұрыстығын, азаматтың құжатқа қойған қолының түпнұсқалығын нотариус немесе осы заңмен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адам растаған жағдайда ғана куәландырады.

78-бап. Құжаттың көшiрмесiнен алынған көшiрменiң дұрыстығын куәландыру

      Нотариус құжаттың көшiрмесiнен алынған көшiрменiң дұрыстығын, осы көшiрме нотариаттық тәртiппен куәландырылған немесе түпнұсқаны құжат жасаған заңды тұлға берген жағдайда куәландырады. Соңғы жағдайда құжаттың көшiрмесi сол заңды тұлғаның бланкiсiнде жасалып, мөрмен бекiтiлуi және құжаттың түпнұсқасы заңды тұлғада екендiгi туралы белгiсi болуға тиiс.

79-бап. Құжаттағы қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру

      1. Нотариус мазмұны жағынан заң актiлерiне қайшы келмейтiн және мәмiленi баяндауды бiлдiрмейтiн құжаттағы қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады.

      2. Нотариус қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыра отырып, құжатта жазылған фактiлердi куәландырмайды, белгiлi бiр адамның қол қойғанын ғана растайды.

      Ескерту. 79-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 408 Заңымен.

80-бап. Аударымның дұрыстығын куәландыру

      1. Егер нотариус тиiстi тiлдердi бiлетiн болса, бiр тiлден екiншi тiлге аударылған аударымның дұрыстығын куәландырады.

      2. Егер нотариус тиiстi тiлдердi бiлмейтiн болса, аударманы аудармашы жасап, қойған қолының түпнұсқалығын нотариус куәландырады.

12-тарау. Фактiлердi куәландыру

81-бап. Азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландыру

      1. Нотариус азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады.

      2. Кәмелетке толмаған азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландыру оның заңды өкiлдерiнiң (ата-аналарының, асырап алушыларының, қорғаншыларының, қамқоршыларының), сондай-ақ кәмелетке толмаған азаматты қорғаншылыққа алған мекемелер мен ұйымдардың өтiнiшi бойынша жүргiзiледi. Мүдделi адамдарға аталған фактiнi растап куәлiк берiледi.

82-бап. Азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландыру

      1. Нотариус азаматтың өтiнiшi бойынша оның белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады.

      2. Кәмелетке толмаған азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландыру, оның заңды өкiлдерiнiң (ата-аналарының, асырап алушыларының, қорғаншыларының, қамқоршыларының), сондай-ақ кәмелетке толмаған азаматты қорғаншылыққа алған мекемелер мен ұйымдардың өтiнiшi бойынша жүргiзiледi. Мүдделi адамдарға аталған фактiнi растап куәлiк берiледi.

83-бап. Құжаттардың көрсетiлген уақытын куәландыру

      Нотариус өзiне құжаттың көрсетiлген уақытын куәландырады. Бұл туралы куәландыру жазбасы құжатқа оны көрсеткен адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып жазылады.

13-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқаға беру. Ақшаны депозитке қабылдау

      Ескерту. 13-тараудың атауы өзгердi - ҚР 1998.11.13 № 302 Заңымен.

84-бап. Өтiнiштердi беру

      1. Нотариус жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға берудi жеке қолхатпен немесе керi хабарламалы почта арқылы жүзеге асырады. Өтiнiштер телефаксты, компьютерлiк желiлердi және өзге де техникалық құралдарды пайдалана отырып та берiлуi мүмкiн.

      2. Өтiнiштердi беру үшiн техникалық құралдарды пайдалануға байланысты шығыстарды нотариаттық iс-әрекеттер жасауды өтiнген адам төлейдi.

      3. Өтiнiш берушi адамның сұрауы бойынша, оған өтiнiштiң берiлгенi туралы куәлiк берiледi.

85-бап. Ақшаны депозитке қабылдау

      Ескерту. 85-баптың тақырыбына өзгерiс енгізілді - ҚР 1998.11.13 № 302 Заңымен.

      1. Нотариус заңдарда көзделген жағдайларда борышкерден несие берушiге беру үшiн ақшаны депозитке қабылдайды.

      2. Нотариус ақшаның түскенi туралы кредиторға хабарлайды және оның талабы бойынша оған тиесiлi ақшаны бередi. Егер ақшаны депозитке салу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 291-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылған болса, нотариус кредиторға ақшаны оның тараптары арасындағы шартта белгіленген тәртіппен береді.

      3. Ақшаны депозитке қабылдауды нотариус мiндеттемелер орындалатын жерде жүргiзедi.

      4. Нотариус депозиті шарттарында жеке және заңды тұлғалардың ақшасы орналастырылатын банктік шоттар бойынша тыйым салуға, өндіріп алуды қолдануға және шығыс операцияларын тоқтата тұруға жол берілмейді.

      5. Нотариус депозитіндегі ақша нотариустың меншігі және (немесе) оның кірісі болып табылмайды.

      Ескерту. 85-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

86-бап. Депозитке ақша салған адамға оны қайтару

      Депозитке ақша салған адамға оны қайтаруға:

      1) пайдасына жарна жасалған адамның жазбаша келiсiмiмен;

      2) соттың шешiмi бойынша;

      3) егер ақшаны қайтару мүмкіндігі тараптардың келісімінде көзделсе, тараптардың бірі өз міндеттемелерін орындамаған кезде жол берiледi.

      Ескерту. 86-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

14-тарау. Вексель наразылығын жасау

      Ескерту. 14-тараудың атауы өзгерді - ҚР 2000.03.29 № 42 Заңымен.
      87-бап - 88-баптар алынып тасталды - ҚР 2000.03.29 № 42 Заңымен.

92-бап. Вексель наразылығы

      Төлемеу, акцепт еместiк және акцептiң күнi қойылмағаны жөнiнде вексель наразылығын нотариус Қазақстан Республикасының аударым және жай вексель туралы заңдарына сәйкес жүргiзедi.

14-1-тарау. Атқарушылық жазбаларды жасау

      Ескерту. Заң 14-1-тараумен толықтырылды көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

92-1-бап. Борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету

      1. Борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін нотариус тиісті белгі қойылатын, берешекті белгілейтін төлнұсқа құжат көрсетілген кезде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде атқарушылық жазба жасайды.

      2. Атқарушылық жазба негізінде мынадай даусыз талаптар бойынша берешекті өндіріп алу жүргізіледі:

      1) нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы, оның ішінде осы Заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда нотариус сотқа дейін реттеу тәртібімен куәландырған дауды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;

      2) орындау мерзімі басталған және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген наразылыққа жауапта мойындаған, жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы;

      3) нотариус жасаған, төлем жасалмауына, акцептінің болмауына және акцепт күнінің белгіленбеуіне вексель наразылығына негізделген міндеттемені орындау туралы;

      4) лизинг шартына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лизинг нысанасын талап ету туралы;

      5) ломбард кепіл беруші-борышкерге қойған, кредитті қайтару мерзімі өткен соң кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану туралы;

      6) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-1-бабы 2-тармағының 6-1), 9), 10), 12) және 12-1) тармақшаларында айқындалған төлемдерден жалтаратын пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы;

      7) төлеу мерзімі басталған, жария шарттар негізінде нақты тұтынылған көрсетілетін қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалары) үшін, сондай-ақ өзге де шарттар негізінде белгіленген тарифтерге сәйкес көрсетілетін қызметтер үшін берешекті өндіріп алу туралы;

      8) жалдау төлемдерін жалдау шартында белгіленген мерзімдерде төленбеуіне байланысты өндіріп алу туралы;

      9) қызметкерге есептелген, бірақ төленбеген жалақыны және өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы, оның ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы аударымдарын өндіріп алу туралы;

      10) партисипативтік рәсім тәртібімен жасалған, дауларды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы.

      3. Егер тұрақсыздық айыбы (өсімпұл), пайыздар тиесілі болса оларды өндіріп алу, банк заемдарын қоспағанда, борышкер орындалмаған міндеттемені жазбаша мойындаған кезде атқарушылық жазба негізінде жүргізіледі.

      Атқарушылық жазбаны жасау, егер шартта тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды), пайыздарды өндіріп алудың өзге тетігі көзделмесе, борышкер орындалмаған міндеттемедегі кінәсін мойындаған кезде, орындалмаған міндеттемедегі кінәсін мойындау фактісін нотариус растаған кезде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 92-1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 84-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

92-2-бап. Атқарушылық жазбаны жасау шарттары

      1. Атқарушылық жазба:

      1) егер ұсынылған құжаттар берешектің немесе борышкердің өндіріп алушы алдындағы өзге де жауапкершілігінің даусыз екенін растаса;

      2) егер талап қою (арыз) құқығы туындаған күннен бастап үш жылдан аспайтын уақыт өтсе, жасалады.

      2. Егер атқарушылық жазба берілетін талап үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге ескіру мерзімі белгіленсе, атқарушылық жазба осы мерзім шегінде беріледі.

      3. Осы Заңның 92-1-бабы 2-тармағы 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларының негізінде атқарушылық жазба, егер шартта өзге мекенжай көрсетілмесе, борышкердің (жеке тұлғаның) тіркелген жері не тұрғылықты жері бойынша, заңды тұлға борышкер болып табылған жағдайда, онда оның тіркелген жері не оның тұрақты жұмыс істейтін органының тұрған жері бойынша жасалады.

      Осы Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларының негізінде атқарушылық жазба борышкердің (жеке тұлғаның) тіркелген жері не тұрғылықты жері бойынша не жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша, егер заңды тұлға борышкер болып табылса, онда оның тіркелген жері не оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері бойынша не жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша жасалады.

      Ескерту. 92-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

92-3-бап. Атқарушылық жазбаның мазмұны

      Атқарушылық жазбада:

      1) атқарушылық жазбаны жасаған нотариустың тегі және аты-жөні, лауазымы;

      2) өндіріп алушының атауы, оның туған датасы, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      3) борышкердің атауы, оның туған датасы, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол арыз берушіге белгілі болса), заңды тұлғаның деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      4) өндіріп алу жүргізіліп отырған мерзімнің көрсетілуі;

      5) өндіріп алынуға жататын соманың немесе талап етілуге жататын нәрселердің көрсетілуі;

      6) өндіріп алушы төлеген мемлекеттік баж сомасының немесе жекеше нотариустың нотариаттық әрекеттеріне төленген соманың көрсетілуі;

      7) атқарушылық жазба жасалған дата (жыл, ай, күн);

      8) атқарушылық жазбаның тізілімде тіркелген нөмірі;

      9) атқарушылық жазбаны жасаған нотариустың қолтаңбасы мен мөрінің бедері;

      10) атқарушылық жазбаның күшін жою туралы өтінішті беру мерзімі мен тәртібі қамтылуға тиіс.

      Ескерту. 92-3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

92-4-бап. Атқарушылық жазба бойынша өндіріп алу тәртібі

      Атқарушылық жазба бойынша өндіріп алу Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

92-5-бап. Атқарушылық жазбаны ұсыну мерзімдері

      1. Атқарушылық жазба, егер заңнамада өзге мерзімдер белгіленбесе, ол жасалған күннен бастап үш жыл ішінде мәжбүрлеп орындатуға ұсынылуы мүмкін.

      2. Атқарушылық жазбаны ұсыну үшін өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

92-6-бап. Борышкерге атқарушылық жазбаның көшірмесін жіберу

      Ескерту. 92-6-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      1. Атқарушылық жазба жасағаннан кейін нотариус келесі жұмыс күнінен кешіктірмей борышкерге оның көшірмесін табыс етеді немесе жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып, борышкердің электрондық пошта мекенжайы бойынша немесе белгілі тұрғылықты (тұрған) немесе тіркелген жері бойынша жібереді.

      1-1. Егер атқарушылық жазбаның көшірмесі борышкерге:

      1) тараптар арасында жасалған шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;

      2) соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберілген болса, оның ішінде кәмелетке толған отбасы мүшелерінің бірі, көрсетілген мекенжай бойынша адаммен тұрып жатқан басқа адам алған болса;

      3) жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберілген болса, ол алынды деп есептеледі.

      Хабарлама адресатқа, алушыға оны табыс ету мүмкін болмағаны туралы белгісімен немесе оны қабылдаудан бас тартуға байланысты қайтарылған жағдайда, атқарушылық жазбаның көшірмесі тиісті түрде жіберілді деп есептеледі.

      2. Борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа хабарламасы бар мәлімделген талапқа қарсы қарсылығын жазбаша түрде жіберуге құқылы.

      3. Борышкердің қарсылығында мәлімделген талаппен келіспеу себептері қамтылуға тиіс.

      Ескерту. 92-6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

92-7-бап. Атқарушылық жазбаны беру

      Ескерту. 92-7-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Атқарушылық жазбаның көшірмесін. борышкерге табыс ету туралы хабарлама келіп түскен кезде және егер белгіленген мерзімде борышкерден нотариусқа қарсылық келіп түспеген жағдайда, нотариус өндіріп алушыға атқарушылық жазбаны береді не оның өтініші бойынша оны тиісті әділет органына не аумақтылығы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына немесе өндіріп алушы таңдаған жеке сот орындаушысына орындау үшін жібереді.

      2. Өндіріп алушыға берілген немесе жіберілген атқарушылық жазбаның көшірмесі нотариус жүргізетін істе қалады.

      Ескерту. 92-7-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

92-8-бап. Атқарушылық жазбаның күшін жою және оған дау айту

      Ескерту. 92-8-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Нотариус мәлімделген талапқа қарсы қарсылықты алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы шығарады.

      2. Атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы дау айтуға жатпайды.

      Атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулының көшірмесі шығарылған күнінен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей осы Заңның 92-6-бабына сәйкес өндіріп алушыға, борышкерге табыс етілуге немесе жіберілуге тиіс.

      Егер жасалған атқарушылық жазба борышкердің қарсылығы бойынша нотариустың қаулысымен күшін жоймаса, оған дау айту сот тәртібімен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 92-8-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-тарау. Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау

93-бап. Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау

      1. Нотариус тiзiмдеу бойынша құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдайды. Тiзiмнiң бiр данасы нотариуста қалдырылып, екiншi данасы құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға тапсырған адамға берiледi.

      2. Егер құжаттар және бағалы қағаздар тиiстi түрде буылып-түйiлсе, тапсырушы адамның өтiнiшiмен нотариус тiзiмдеусiз де қабылдай алады (буып-түю нотариустың мөрiмен расталады, нотариус пен құжаттарды және бағалы қағаздарды өткiзген адам қол қояды). Мұндай жағдайларда буып-түюдiң сақталуына нотариус жауап бередi.

      3. Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға тапсырған адамға куәлiк берiледi.

      Ескерту. 15-тараудың атауына және 93-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.11.13 № 302 Заңымен.

94-бап. Сақтауға қабылданған құжаттарды және бағалы қағаздарды қайтару

      Сақтауға қабылданған құжаттар және бағалы қағаздар оларды сақтауға тапсырған адамға немесе заңды түрде уәкiлеттi адамға куәлiктi және олардың тiзiмiн көрсеткенде не соттың шешiмi бойынша қайтарылып берiледi.

      Ескерту. 94-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.11.13 № 302 Заңымен.

16-тарау. Теңiз наразылықтарын жасау

95-бап. Теңiз наразылығы туралы мәлiмдеме

      1. Нотариус кеменiң жүзу немесе тоқтау кезеңiнде орын алған оқиғалар туралы кеме капитанының мәлiмдемесiн кеме иесiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн дәлелдемелердi қамтамасыз ету мақсатында қабылдайды, бұл мәлiмдеме кеме иесiне мүлiктiк талап қоюға негiз болуы мүмкiн.

      2. Теңiз наразылығы туралы мәлiмдемеде оқиғаның мән-жайы мен өзiне сенiп тапсырылған мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн капитанның қолданған шаралары көрiнiс табуға тиiс.

      3. Теңiз наразылығы туралы мәлiмдемеде баяндалған мән-жайды растау ретінде кеме капитаны сауда мақсатында теңiзде жүзуді реттейтiн заңнамаға сәйкес нотариусқа қарап шығу үшiн кеме журналын және кеме журналынан капитан куәландырған үзiндiнi мәлiмдемемен бiр мезгілде не портқа кiрген кезден немесе, егер оқиға портта орын алса, ол болған кезден бастап күнтізбелік жетi күннен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.

      Ескерту. 95-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

96-бап. Теңiз наразылығы туралы мәлiмдеменiң мерзiмдерi

      1. Теңiз саудасын реттейтiн заңдарға сәйкес теңiз наразылығы туралы мәлiмдеме кеме портқа кiрген кезден бастап жиырма төрт сағаттың iшiнде берiледi.

      Егер теңiз наразылығын мәлiмдеудiң қажеттiгiн туғызған оқиға портта болса, наразылық оқиға болған сәттен бастап жиырма төрт сағаттың iшiнде мәлiмделуге тиiс.

      2. Белгiленген мерзiм iшiнде наразылықты мәлiмдеу мүмкiн болмаған жағдайда, оның себептерi теңiз наразылығы туралы мәлiмдемеде көрсетiлуге тиiс.

97-бап. Теңiз наразылығы туралы акт жасау

      Нотариус капитан мәлiмдемесiнiң, кеме журналы деректерiнiң, сондай-ақ капитанның өзiн және мүмкiндiгiнше кеменiң командалық құрамынан ең кемi екi куәнi және кеме командасынан екi куәнi сұрау негiзiнде теңiз наразылығы туралы акт жасайды, оған өзiнiң қолын қойып, мөрмен куәландырады. Теңiз наразылығы туралы актiнiң бiр данасы капитанға немесе уәкiлеттi адамға берiледi.

17-тарау. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету

98-бап. Сотта немесе басқа құзыреттi органда iс туындаған жағдайда дәлелдемелердi қамтамасыз ету

      1. Нотариус сотта немесе басқа құзыреттi органда iс туындаған жағдайда, егер кейiннен дәлелдемелердi табыс ету мүмкiн емес немесе қиын болады деп топшылауға негiз болса, мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша қажеттi дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.

      2. Нотариус мүдделi тұлғалар өзiне өтiнiш жасаған кезде соттың немесе басқа құзыреттi органның қарауында жатқан iс бойынша дәлелдемелердi қамтамасыз етпейдi.

99-бап. Нотариустың дәлелдемелердi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-әрекеттерi

      1. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету тәртiбiмен нотариус азаматтардан сұрақ алады, заттай, жазбаша және электрондық дәлелдемелерді қарап-тексереді, қажет болған жағдайда сараптама тағайындайды.

      2. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету жөнiнде iс жүргiзу әрекеттерiн жасаған кезде нотариус Қазақстан Республикасы азаматтық iс жүргiзу заңдарының нормаларын басшылыққа алады.

      3. Нотариус тараптар мен мүдделi адамдарға дәлелдемелердi қамтамасыз ету уақыты мен орны туралы хабарлайды, бiрақ олардың келмей қалуы дәлелдемелердi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-әрекеттi жасауға кедергi болып табылмайды.

      4. Тараптар мен мүдделi адамдардың бiреуiн хабардар етпей дәлелдемелердi қамтамасыз ету тек кейiнге қалдыруға немесе iске кейiннен кiмнiң қатысатынын анықтауға болмайтын жағдайларда ғана жүргiзiледi.

      5. Куә немесе сарапшы шақыру бойынша келмеген жағдайда, нотариус Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген шараларды қолдану үшiн куәнiң немесе сарапшының тұрғылықты жерi бойынша сотқа бұл туралы хабарлайды.

      6. Нотариус азамат пен маманды көрiнеу жалған айғақ немесе қорытынды бергенi және айғақ немесе қорытынды беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн жауап беретiнi туралы ескертедi.

      Ескерту. 99-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

99-1-бап. Нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыру

      Электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыру нотариус дайындаған электрондық құжат мазмұнының нотариусқа ұсынылған қағаз жеткізгіштегі құжаттың мазмұнына сәйкестігін растауды білдіреді. Нотариус дайындаған электрондық құжаттың нотариус бірдейлігін куәландырған қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей заңды күші болады.

      Электрондық құжаттың қарапайым жазбаша нысанда жасалған мәмілелерге, жеке басты куәландыратын құжаттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар электрондық нысанда берген құжаттарға қатысты қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыруға жол берілмейді.

      Электрондық құжатты оның қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыру үшін дайындауды нотариус қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық түрін дайындау және оны нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыру жолымен жүзеге асырады.

      Ескерту. 17-тарау 99-1-баппен толықтырылды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

99-2-бап. Нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландыру

      Қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландыру нотариусқа ұсынылған электрондық құжат мазмұнының нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың мазмұнына сәйкестігін растауды білдіреді. Нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың нотариус бірдейлігін куәландырған электрондық құжатпен бірдей заңды күші болады.

      Нотариусқа ұсынылған электрондық құжат электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылуға тиіс. Құжатты берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерілуге және оның тиесілілігі расталуға тиіс.

      Ескерту. 17-тарау 99-2-баппен толықтырылды – ҚР 15.02.2021 № 5-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18-тарау. Нотариустың басқа мемлекеттердiң құқық нормаларын қолдануы. Халықаралық шарттар

100-бап. Нотариустың басқа мемлекеттердiң құқық нормаларын қолдануы

      1. Нотариус Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес басқа мемлекеттердiң құқық нормалары негiзiнде нотариаттық iс-әрекет жасайды.

      2. Нотариус Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жасалған құжаттарды қабылдайды, сондай-ақ егер бұл Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделсе, басқа мемлекеттердiң заңдарында белгiленген нысанда куәландыру жазбаларын жазады.

101-бап. Мұралық мүлiктi қорғау және мұраға құқық туралы куәлiк беру

      Шетелдiк азамат өлген соң Қазақстан Республикасының аумағында қалған мүлiктi немесе Қазақстан Республикасының азаматы өлген соң шетелдiк азаматқа тиесiлi мүлiктi қорғауға байланысты iс-әрекеттер, сондай-ақ мұраны сенiмгерлiк басқарушыны тағайындау және осындай мүлiкке қатысты мұраға құқық туралы куәлiк бepу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 101-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 408 Заңымен.

102-бап. Нотариустың шетелде жасалған құжаттарды қабылдауы

      1. Нотариус басқа мемлекеттердiң құзыреттi органдары лауазымды адамдарының қатысуымен шетелде жасалған немесе солардан шығатын құжаттарды оларды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң органы заңдастырған жағдайда қабылдайды.

      2. Заңдастырылмаған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда ғана қабылданады.

103-бап. Басқа мемлекеттер органдарында iс жүргiзуге қажеттi дәлелдемелердi қамтамасыз ету

      Нотариус басқа мемлекеттер органдарында iс жүргiзуге қажеттi дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.

104-бап. Халықаралық шарт

      1. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген нотариаттық iс-әрекеттерден өзгеше ережелер белгiленсе, нотариаттық iс-әрекеттер жасау кезiнде халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарт Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген нотариаттық iс-әрекеттер жасауды нотариаттың құзыретiне жатқызса, нотариус нотариаттық iс-әрекеттi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.

105-бап. Осы Заңның орындалуын қамтамасыз ету

      1. <*>

      2. <*>

      3. Нотариаттың ұйымдастырылуы мен қызметiн реттейтiн, қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлер 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн осы Заңмен сәйкес келтiрiлуге тиiс және осы мерзiм iшiнде оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.

      4. Алып тасталды - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескерту. 105-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 408 Заңымен, 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      Қазақстан Республикасының
Президентi