Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339 Заңы.

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық, қызметтік, жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қарудың айналымы кезінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді және азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоршаған орта объектілерін, ресурстарды күзетуге, қылмысқа және қарудың заңсыз таратылуына қарсы күресте халықаралық ықпалдастықты дамытуға бағытталған.

      Осы Заңның ережелері оқ-дәрінің (патрондардың) айналымына да қолданылады.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) атыс қаруы - оқ дәрi немесе өзге де заряд қуатының әсерi нәтижесiнде ұңғы оқпанынан оқты, снарядты, гранатаны ұшырып шығаратын қару;

      1-1) атыс қаруынан жасалған массалық-габариттік макет – қарудың негізгі (құрамдас) бөліктерін қайтымсыз түрде конструкциясы жағынан қайта жасау арқылы оқ ату және бастапқы күйіне дейін қалпына келтіру, сондай-ақ оның негізгі (құрамдас) бөліктерінен атуға қабілетті атыс қаруын құрастыру мүмкін болмайтын күйге келтірілген жауынгерлік қол атыс қаруы, азаматтық, қызметтік атыс қаруы;

      2) белгi беру қаруы - дыбыс, жарық және түтiн белгiлерiн беру үшiн пайдаланылатын қару;

      3) газды қару - қолданылуы көз жасын ағызатын немесе тiтiркендiргiш заттарды пайдалануға негiзделетiн қару;

      4) криминалистикалық талаптар – азаматтық, қызметтiк қару мен оның патрондарына, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарға қойылатын арнаулы техникалық талаптар (параметрлер, конструкциялық ерекшеліктер, таңбалау);

      5) қару – конструкциясы жағынан тiрi немесе өзге де нысананы зақымдауға, сондай-ақ белгi беруге арналған құрылғылар мен заттар.

      Қарудың сыртқы түрін имитациялайтын және құрамында атыс қаруының негізгі (құрамдас) бөліктері жоқ шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік мақсаттағы бұйымдар, спорттық снарядтар, сондай-ақ үрлемелі қуаты 0,5-тен 3 Дж-ға дейінгі қару (бұдан әрі – конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар) қаруға жатпайды;

      6) қару айналымы – қаруды, оның ішінде оның негізгі (құрамдас) бөліктері мен оның патрондарын өндiру, құрастыру, жөндеу, қайта жасау, өткiзу (сауда жасау), беру, сыйға тарту, марапаттап беру, мұраға қалдыру, иемденiп алу, коллекциялау, экспонаттау, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасу, пайдалану, алып қою, жою, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу;

      6-1) қаруды коллекциялау – Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынбаған азаматтық және қызметтік қаруды жүйелі түрде жинау бойынша жеке және заңды тұлғалардың лицензияланатын қызметі;

      6-2) қаруды конструкциялық жағынан қайта жасау – қарудың техникалық сипаттамаларының өзгеруіне алып келген, атыс қаруының, пневматикалық, белгі беретін, оқсыз атылатын, газды қарудың, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару мен лақтырылатын атыс қаруының негізгі (құрамдас) бөліктерінің пішінін және (немесе) өлшемдерін ауыстыру немесе өзгерту;

      6-3) қарудың негізгі (құрамдас) бөліктері – атыс, газды, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды, пневматикалық, белгi беретін, оқсыз атылатын қарудың ұңғысы, барабаны, бекітпесі, жақтауы, ұңғы қорапшасы;

      6-4) қаруды экспонаттау – Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынбаған өздеріне тиесілі азаматтық және қызметтік қаруды және (немесе) оның патрондарын не өзге де заңды иелеріне тиесілі қаруды және (немесе) оның патрондарын демонстрациялау жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың лицензияланатын қызметі (коммерциялық емес не коммерциялық көрме-сату немесе аукцион);

      7) қару жасап шығарушы – қаруды әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға лицензиясы бар ұйым;

      8) қаруды пайдаланушы – қару иесiнен қаруды уақытша пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлға;

      9) қаруды иелену – сатып алу, қаруды сыйлық, марапат ретiнде алу;

      10) қару иесі – қаруды иеленуге, алып жүруге және сақтауға арналған рұқсат негізінде қаруды иеленетін жеке немесе заңды тұлға;

      11) қару өндiрiсi - қаруды, оның негізгі (құрамдас) бөліктерін зерттеу, әзiрлеу, жасап шығару, сынақтан өткiзу, құрастыру, көркемдеп әрлеу, жөндеу, қайта жасау және жою, патрондар жасап шығару;

      12) лақтырылатын қару – нысананы қашықтықтан зақымдауға арналған, адамның бұлшық етінің күші пайдаланыла отырып лақтырылатын қару (лақтырылатын серпінді қару), сондай-ақ механикалық энергия пайдаланыла отырып, лақтырылатын снарядтармен нысананы қашықтықтан зақымдауға арналған қару (лақтырылатын атыс қаруы);

      12-1) лақтырылатын снаряд – зақымдайтын, салмақ түсіретін және тұрақтандыратын элементтерден тұратын құрылғы немесе лақтырылатын атыс қаруынан лақтыру нәтижесінде қашықтықта орналасқан нысананы механикалық зақымдауға арналған зақымдау қасиеттері бар зат;

      13) оқ-дәрi (патрондар) - конструкциялық жағынан қарудың тиiстi түрiнен ату үшiн және нысананы зақымдауға арналған құрылғылар немесе заттар (бұдан әрi - патрондар);

      13-1) оқсыз атылатын қару – мәдени, білім беру, коллекциялық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдалану үшін арнайы жасалған қару немесе қарудың негізгі (құрамдас) бөліктерін қайтымсыз түрде конструкциясы жағынан қайта жасау арқылы тек қана жарық-дыбыс әсері бар патронмен (бос патронмен) оқ атуды имитациялауға жарамды күйге келтірілген атыс, ұңғысыз атыс, газды қару немесе жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару;

      14) пневматикалық қару - нысананы зақымдайтын құралы сығылған, сұйытылған немесе қатайтылған газдың қуаты есебiнен бағытты қозғалыс алатын қару;

      15) суық қару – нысананы адамның бұлшық етi күшiнiң көмегiмен тікелей зақымдауға арналған қару;

      16) электрлi қару - қолданылуы электр разрядының күшiне негiзделiп арнайы бейiмделген тетiк.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 № 209; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары

      Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

      Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгеннен өзгеше нормалар белгіленсе, онда халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.

3-бап. Қару түрлері

      Өзінің бағытталған мақсаты бойынша қару:

      1) жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қару;

      2) азаматтық қару;

      3) қызметтік қару болып бөлінеді.

      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4-бап. Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қару

      Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруға жауынгерлік, жедел-қызмет және оқу міндеттерін шешуге арналған, Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары мен олардың бөлімшелерінің (бұдан әрі – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары) қарулануына қабылданған, сондай-ақ басқа мемлекеттерге беру үшін жасап шығарылатын қару жатады.

      Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондары қару-жарақ түрлерінің бірі болып табылады.

      Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарының, сондай-ақ суық қарудың айналымы тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қару-жарақ пен әскери техника айналымының қағидаларында айқындалады.

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.04.2014 № 200-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-бап. Азаматтық қару

      Азаматтық қаруға Қазақстан Республикасының азаматтары коллекциялау, экспонаттау, өзін-өзі қорғау, спортпен, аң аулаумен шұғылдану мақсатында, сондай-ақ білім беру және мәдениет ұйымдары білім беру және мәдени мақсаттарда пайдаланатын қару жатады. Азаматтық атыс қаруы (оқсыз атылатын қаруды қоспағанда) оқты түйдектете атуды болғызбауға тиіс.

      Азаматтық қару былайша бөлінеді:

      1) өзін-өзі қорғау қаруы:

      тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы;

      газды қару – газды пистолеттер, револьверлер және олардың патрондары, механикалық тозаңдатқыштар, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозольды және басқа да құрылғылар;

      электрлі қару – зақымдағыш қасиеті электр энергиясын пайдалануға негізделген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген қару және өзге де заттар;

      2) спорттық қару:

      ойық ұңғылы атыс қаруы;

      тегіс ұңғылы атыс қаруы;

      сұқпа суық қару;

      лақтырылатын қару;

      үрлемелі қуаты 3 Дж-дан жоғары пневматикалық қару;

      3) аңшылық қару:

      ойық ұңғылы атыс қаруы;

      тегіс ұңғылы, оның ішінде ойық бөлігінің ұзындығы 140 миллиметрден аспайтын атыс қаруы;

      аралас (ойық және тегіс ұңғылы), оның ішінде алмалы-салмалы және жиналмалы ойық ұңғылы атыс қаруы;

      үрлемелі қуаты 25 Дж-дан аспайтын пневматикалық қару;

      сұқпа суық қару;

      4) белгі беретін қару;

      5) оқсыз атылатын қару.

      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209, 2007.07.27 № 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 23.04.2014 № 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Қызметтік қару

      Қызметтік қаруға жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік қаруды сатып алуға (алуға) құқығы бар мемлекеттік саяси қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғау, қоршаған орта объектілерін және табиғи ресурстарды, бағалы және қауіпті жүктерді, арнаулы хат-хабарды күзету бойынша өздеріне заңнамамен жүктелген және өз жарғыларында (ережелерінде) көзделген міндеттерді жүзеге асыру кезінде ұйымдардың пайдалануына арналған қару жатады.

      Қызметтік қаруды пайдалануға және қолдануға байланысты функциялар жүктелген ұйымдар ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар (бұдан әрі – ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар) болып табылады.

      Қызметтік қаруға жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруы, газды қару, қысқа ұңғылы тегіс және ойық ұңғылы атыс қаруы, сондай-ақ ұзын ұңғылы тегіс және ойық ұңғылы қару жатады.

      Қызметтік қару түйдектете оқ атуды болғызбауға тиіс.

      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.04.2014 № 200-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына белгіленетін тыйым салулар

      1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары ретінде:

      1) оқжатарының (барабанының) сыйымдылығы 10 патроннан асатын, ұңғысының ұзындығы немесе ұңғы қорапшасымен қоса ұңғысының ұзындығы 500 миллиметрге жетпейтін және қарудың жалпы ұзындығы 800 миллиметрге жетпейтін, сондай-ақ оның ұзындығын 800 миллиметрге жетпейтіндей етіп жасауға мүмкіндік беретін конструкциясы бар және бұл ретте, ату мүмкіндігі жойылмайтын ұзын ұңғылы атыс қаруының;

      2) оқты түйдектете атуға мүмкіндік беретін азаматтық атыс қаруының;

      3) түрі басқа заттарға ұқсайтын атыс қаруының;

      4) ұңғы ұзындығының 40 пайызынан аспайтын ойық бөлігі бар "парадокс жүйесіндегі" қаруды қоспағанда, ойық ұңғылы атыс қаруының патрондарына жасап шығарылған тегіс ұңғылы атыс қаруының;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес спорттық снарядтарды қоспағанда, лақтырылатын серпінді қарудың, ұрып-уататын қару мен ұрып-уату және лақтырылатын әсері бар қару ретінде пайдалануға арнайы бейімделген заттардың;

      6) 90 миллиметрден астам ұштары батырманы немесе тұтқаны басқан кезде сабынан автоматты түрде шығарылатын және солармен бекітілетін не ауырлық күші немесе шапшаң қозғалыс есебінен жылжитын және бекітілетін пышақтардың;

      7) ауырлық орталығы ауыстырылған бронь бұзғыш, өртегіш, жарғыш немесе жарқырағыш оқтары бар патрондардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес газды тапаншалар мен револьверлерге арналған бытыралы снарядтары бар патрондардың;

      8) зақымдағыш күші радиоактивті сәулені және биологиялық әсерді пайдалануға негізделген қарудың және өзге де заттардың;

      9) жүйкені сал ететін, уландыратын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға тыйым салған басқа да заттармен жарақталған газды қарудың, сондай-ақ бір метрден астам қашықтықтан адам өміріне қауіпсіз зақым келтіре алатын, алайда денсаулықтың жиырма бір күннен астам мерзімге ұзақ уақыт бұзылуына не еңбек ету қабілетін 10 және одан астам пайызға елеулі түрде тұрақты жоғалтуға әкеп соғатын газды қарудың;

      10) криминалистикалық талаптарға сәйкес келмейтін техникалық сипаттамалары бар қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың;

      11) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтін қару мен оның патрондарының;

      12) зақымдағыш әсері электромагнитті, жарық, жылу, инфрадыбыстық немесе ультрадыбыстық сәулелерді пайдалануға негізделген қарудың және өзге де заттардың;

      13) шығыс өлшемдері ұлттық стандарттарда белгіленген шамадан асатын өзін-өзі қорғаудың ұңғысыз атыс қаруының, электрошок құрылғыларының және ұшқынды разрядтауыштардың;

      14) металл детекторлармен табуға мүмкіндік бермейтін материалдардан жасап шығарылған қарудың айналымына тыйым салынады.

      2. Мыналарға:

      1) ойық ұңғылы спорттық атыс қаруын не үрлемелі энергиясы 7,5 Дж-дан жоғары және калибрі 4,5 мм-дан асатын спорттық пневматикалық қаруды, сондай-ақ спорттық сұқпа суық қаруды спорт объектілерінен тыс жерде сақтауға немесе пайдалануға; жануарлар дүниесі объектілерін жинап, инъекциялауға байланысты ғылыми-зерттеу және профилактикалық жұмыстар жүргізуге арналған садақтар мен арбалеттерді сақтауды және пайдалануды қоспағанда, адырнасының керілу күші 14 кг-дан асатын лақтыратын снарядтарды, лақтырылатын қаруды сақтау және алып жүру рұқсатынсыз спорт объектілерінен тыс жерде сақтауға немесе пайдалануға;

      2) калибрлі 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды азаматтардың иемденіп алуына;

      3) қызметтік және азаматтық қаруға дыбыссыз атуға және түнде көздеуге арналған тетіктер орнатуға;

      4) қаруды (олардың негізгі (құрамдас) бөліктерін) және олардың патрондарын почта жөнелтілімдерімен, оның ішінде халықаралық почта жөнелтілімдері арқылы жөнелтуге;

      5) азаматтардың – бейбіт жиналыстарға және басқа да бұқаралық жария іс-шараларға қатысушылардың қару алып жүруіне;

      6) қаруды қоғамдық орындарда ашық (қабына салынбаған күйде) алып жүруге;

      6-1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қаруды басқа адамға беруге;

      6-2) азаматтардың калибрі ".338 LapuaMag" (8,6*70мм) асатын ойық ұзын ұңғылы атыс қаруын иеленуіне;

      6-3) елді мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда атыс, газды, электрлі, пневматикалық, лақтырылатын және оқсыз атылатын қаруды (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген немесе өзін-өзі қорғау жағдайларын қоспағанда) қолдануға;

      7) қаруды ұлттық киімге жабдық ретінде рұқсатсыз тағынуға;

      8) Қазақстан Республикасының аумағында атыс қаруынан жасалған массалық-габариттік макеттердің айналымына;

      9) тиісті тіркеусіз 90 миллиметрден астам сұқпа суық қарудың айналымына тыйым салынады.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209, 2007.07.27 № 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 № 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 334-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

1-1-тарау. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласында техникалық реттеу аясында қауiпсiздiктiң жалпы талаптары

      Ескерту. 1-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.29 № 209, 2007.07.27 № 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

7-1-бап. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық реттеу объектiлерi

      Техникалық реттеу объектiлерiне: азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондары, сондай-ақ оны өндiру, жинау, қайта жасау, жөндеу, өткiзу (сату), сатып алу, коллекция жинау, экспонаттау, сақтау, алып жүру, тасымалдау, пайдалану, жою жатады.

7-2-бап. Азаматтық және қызметтiк қаруға қойылатын қауiпсiздiк талаптары

      1. Азаматтық және қызметтiк қару тiкелей оқтау, ату, қайта оқтау, сондай-ақ техникалық күтiм жасау кезiнде қарудың осы түрi (типi) үшiн белгiленген арнайы қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.

      2. Жарақат салатын, сәулелi дыбыспен және газбен әсер ететiн тиiстi патрондары бар тегiс ұзын ұңғылы, ұңғысыз қару, газ пистолеттерi мен револьверлер денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

      3. Механикалық, аэрозолды тозаңдатқыштар және көзден жас ағызатын, тiтiркендiргiш заттармен, сондай-ақ басқа да заттармен жарақталған басқа да құрылғылар денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

7-3-бап. Патрондарға қойылатын қауiпсiздiк талаптары

      Азаматтық және қызметтiк қарудың патрондары өзiнiң өлшемi, пiшiнi, конструкциясы, салмағы, таңбаланған белгiсi, жұмыс iстеу қауiпсiздiгi, сондай-ақ оқ-дәрi газдарының және кинетикалық энергияның қысым көрсеткiштерi бойынша техникалық реттеу саласындағы арнайы қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.

7-4-бап. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы қауiпсiздiк талаптары

      1. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын өндiру, жинау және қайта жасау кезiнде жобалық құжаттамада белгiленген қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың бүкiл кешенiн сақтау және қауiпсiздiктiң сақталуына қатысты барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету талап етiледi.

      Егер азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын жасау, жинау, қайта жасау процесiнде немесе одан кейiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн сынақтар жүргiзу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптарының орындалуы арқылы толық көлемде жүргiзiлуге тиiс.

      2. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарын бұза отырып өткiзуге (сатуға), сатып алуға, жөндеуге, коллекция жинауға, экспонаттауға, сақтауға, алып жүруге, тасымалдауға, пайдалануға, жоюға тыйым салынады.

2-тарау. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастры және оларды сертификаттау

8-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастры

      Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастры (бұдан әрі - Кадастр) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға рұқсат етілген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары туралы жүйеге түсірілген мәліметтер бар ресми жинақ болып табылады.

      Кадастр азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының үлгілер тізбесі негізінде басып шығарылады, олар туралы мәліметтер Кадастрға енгізіліп және одан алып тасталып отырады. Қарудың айналымына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi орган кадастр әзiрлейдi, оны бекiтедi және шығарады. Кадастрға сұқпа суық қару мен лақтырылатын қару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және шет елге әкетілетін бірен-саран дана азаматтық қару туралы мәліметтер енгізілмейді.

      Кадастрға өзгерістер азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары үлгілерінің тізбесі бекітілгеннен кейін үш айдан аспайтын мерзім өткенде енгізіледі.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2006.12.29 № 209; 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-бап. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының сәйкестiгiн растау

      Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн және Қазақстан Республикасынан әкетiлетiн азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондары үлгiлерiнiң, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың сәйкестiгi мiндеттi расталуға жатады.

      Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының сәйкестiгiн растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi органы белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

      Сәйкестiктi растау саласындағы құжат Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы үшiн негiз болып табылады.

      Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сынауға қойылатын техникалық талаптар мен әдiстер азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттермен белгiленедi.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда – ҚР 2006.12.29 № 209; өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. Қару мен оның патрондарын әзірлеуді, өндіруді, жөндеуді, сатуды, коллекциялауды, иеленуді және экспонаттауды лицензиялау

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-бап. Қару мен оның патрондарын әзірлеуді, өндіруді, жөндеуді, сатуды, коллекциялауды, иеленуді және экспонаттауды лицензиялау

      Ескерту. 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, иелену және экспонаттау лицензиялануға жатады.

      2. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға, коллекциялауға, экспонаттауға арналған лицензияны ішкі істер органдары береді.

      3. Қару мен оның патрондарын жасауға, өндіруге, жөндеуге, сатуға, коллекциялауға, экспонаттауға берілген лицензиялар мерзімі шектелмей берілетін бас лицензиялар болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

      Лицензиялар бірыңғай технологиялық кешенді ескере отырып, бірнеше қызмет түрлеріне де, сол сияқты жекелеген қызмет түрлеріне де беріледі.

      4. Лицензия Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында тізбесі айқындалған құжаттар негізінде беріледі.

      5. Лицензия беруден бас тарту негіздері:

      1) өтініш берушінің қажетті мәліметтерді бермеуі не оның теріс мәліметтер беруі;

      2) қару өндірудің қауіпсіздігі жағдайларын, қаруды есепке алу мен оның сақталуын қамтамасыз етудің мүмкін еместігі не осы жағдайлардың қамтамасыз етілмеуі;

      3) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген басқа да негіздер болып табылады.

      Лицензия беруден бас тартқан жағдайда, көрсетілген органдар өтініш берушіге бас тарту себептерін түсіндіре отырып, бұл туралы жазбаша хабарлауға міндетті. Өтініш беруші лицензия беруден бас тартуға не өтінішті қарау мерзімдерінің бұзылуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру

      Осы Заңда және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген талаптарды орындамау лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

      Лицензиядан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-тарау. Қаруды иелену және пайдалану құқығы

12-бап. Қаруды иемденіп алуға құқығы бар субъектілер

      Қазақстан Республикасының аумағында қаруды иемденіп алуға:

      1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген субъектілердің;

      2) лауазымды адамдарына атыс қаруын сақтауға және алып жүруге құқық берілген мемлекеттік органдардың;

      3) ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың;

      4) қару өндірумен немесе оны сатумен айналысатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі - қару берушілер-заңды тұлғалар);

      5) қаруды коллекциялаумен немесе экспонаттаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың;

      6) аңшылық шаруашылығы ұйымдарының;

      7) спорттық ұйымдардың;

      8) білім беру ұйымдарының;

      8-1) оқсыз атылатын қару бөлігінде мәдениет ұйымдарының (кинематографиялық ұйымдардың, театрлардың, цирктердің, музейлердің);

      9) Қазақстан Республикасы азаматтарының;

      10) шетелдіктердің;

      11) қаруды, оның ішінде жарақат салатын және газбен әсер ететін патрондары бар қаруды қолдану саласында ғылыми медициналық зерттеулер жүргізуге уәкілеттік берілген заңды тұлғалардың құқығы бар.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 23.04.2014 № 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының және өзге де субъектілердің қаруды сатып алу құқығы

      Ескерту. 13-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген субъектілердің жауынгерлік қол атыс қаруы мен өзге де қаруды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алуға құқығы бар. Ұзақ сақтауда тұрған қаруды қоспағанда, қарулануға қабылданған ойық ұңғылы қарудан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру үшін бақылау мақсатында оқ атылады.

      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.04.2014 № 200-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14-бап. Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың қару иемденіп алуға құқығы

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      1. Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың ішкі істер органдарынан тиісті рұқсат алғаннан кейін қаруды жеткізіп беруші заңды тұлғалардан азаматтық немесе қызметтік қаруды иеленуге құқығы бар.

      2. Иемденіп алынған қару оны иемденіп алған күннен бастап бір апта мерзімде тиісті ішкі істер органында тіркелуге тиіс. Қару тіркелген кезде қаруды иемденіп алудың заңдылығын растайтын құжаттардың негізінде осы қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге бес жыл мерзімге рұқсат беріледі.

      Қарудың иесі қару тіркелген жердегі ішкі істер органына рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жаңасын алу үшін өтініш жасайды.

      Рұқсаттың нысанын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      3. Ұйымның (ерекше жарғылық мiндеттерi бар заңды тұлғаның) басшысы қаруды штаттағы қызметкерлерге олардың өз міндеттерін атқаруы кезеңіне береді. Қару қызметкерлер тиісті даярлықтан өткен соң беріледі. Бұл қызметкерлер атыс қаруын қолдануға байланысты жағдайлардағы іс-қимылға жарамдылығы жөнінен мезгіл-мезгіл тексеруден өтіп отыруға міндетті және оларда қызметтік қаруды сақтау мен алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсаты болуға тиіс.

      4. Даярлық бағдарламасының мазмұны мен тексеру өткізу тәртібін қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

      Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.02.22 № 297, 2007.07.27 № 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қару иемденіп алуға құқығы

      1. Он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарынан нақты қару түрін иемденіп алуға рұқсат алғаннан кейін, өзін-өзі қорғауға арналған тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруын және аңшылық қаруды қоспағанда, азаматтық қаруды иемденіп алуға құқығы бар.

      Қазақстан Республикасының 16 жасқа толған азаматтарының лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді) спорттық мақсатта иемденіп алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға құқығы бар.

      Көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған механикалық бүріккіштер, аэрозольды және басқа да құрылғылар, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 миллиметрді қоса алғанға дейінгі пневматикалық қару тіркеуге жатпайды.

      Белгі беретін, оқсыз атылатын қаруды, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған механикалық бүріккіштерді, аэрозольды және басқа да құрылғыларды, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 миллиметрді қоса алғанға дейінгі пневматикалық қаруды Қазақстан Республикасы азаматтарының рұқсат алмай өнім беруші заңды тұлғалардан иемденіп алуға құқығы бар.

      Жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көрсетілген тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруын тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдары аңшы куәлігі болмаса да беретін рұқсаттар бойынша алып жүру құқығынсыз өзін-өзі қорғау мақсатында иемденіп алуға құқығы бар.

      Аңшы куәлігі бар, жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы мен аңшылық пневматикалық қаруды сақтау және алып жүру құқығымен иемденіп алуға құқығы бар.

      Тегіс те ұзын ұңғылы аңшылық атыс қаруын меншігінде кемінде үш жыл ұстаған, белгіленген тәртіппен аң аулау құқығы берілген Қазақстан Республикасы азаматтарының ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын иемденіп алуға құқығы бар.

      Қазақстан Республикасының азаматы сатып алған қарудың жалпы саны:

      1) аңшылық атыс қаруы: ойық ұңғылы – екі бірліктен; тегіс ұңғылы – екі бірліктен;

      2) өзін-өзі қорғау қаруы, оның ішінде тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы не газды пистолеттер, револьверлер не электрлі қару – екі бірліктен аспауға тиіс.

      Бұл шектеулер коллекциялау объектілері болып табылатын қаруға қолданылмайды.

      Қазақстан Республикасы азаматтарының газ пистолеттері мен револьверлерін, электрлі қаруды ішкі істер органдары беретін рұқсаттар бойынша сақтау және алып жүру құқығымен өзін-өзі қорғау мақсатында иемденіп алуға құқығы бар.

      2. Қазақстан Республикасының азаматы иемденіп алған ұзын ұңғылы атыс қаруы, аңшылық пневматикалық қару, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді), электрлi қаруды, сондай-ақ газ пистолеттері мен револьверлері иемденіп алынған күннен бастап бір апта мерзімде тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарында тіркелуге тиіс.

      Қорғануға арналған тегіс те ұзын ұңғылы атыс қаруын тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының азаматына тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органы осындай қаруды сақтауға бес жыл мерзімге рұқсат береді, ал аңшылық және спорт қаруын, газ пистолеттері мен револьверлерін, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді), электрлi қаруды тіркеу кезінде - оны сақтау мен алып жүруге рұқсат береді. Рұқсат бес жыл мерзімге беріледі.

      Қарудың иесі қару тіркелген жердегі ішкі істер органына рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жаңасын алу үшін өтініш жасайды.

      Рұқсаттың нысанын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      3. Қаруды иемденіп алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының азаматы тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органына белгіленген нысанда өтінішті, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген қаруды иеленуге қарсы көрсетілімдерінің жоқ екені туралы медициналық қорытынды мен азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын азаматтық және қызметтік қарумен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларын білуге даярлау және қайта даярлау бағдарламасынан өткені туралы анықтаманы ұсынуға міндетті.

      Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес азаматтық және қызметтік қарудың, азаматтық пиротехникалық заттардың айналымы салаларындағы рұқсаттарды алу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін, медициналық қарап-тексеруден өту тәртібін, сондай-ақ оның мерзімділігін денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.

      4. Қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаты бар адамдарды қоспағанда, өзін-өзі қорғауға арналған тегіс ұңғылы атыс қаруын, газды пистолеттер мен револьверлерді, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді), электрлi қаруды бірінші рет иеленетін адамдар қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымдарда азаматтық және қызметтік қарумен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларын білуіне тұрғылықты жерінде тексеруден өтуге міндетті.

      5. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар берілгені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.

      6. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтары бар қызметкерлері азаматтық қаруды сатып алуға рұқсатты қару ұстауға кедергі жоқ екені туралы медициналық қорытындыны тапсырмай-ақ алады.

      Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.02.22 № 297, 2004.12.13 № 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.27 № 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 107-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 № 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-бап. Қару иелерінің құқықтары мен міндеттері

      1. Қару иелерінің:

      1) белгіленген тәртіппен сатып алынған қару мен оның патрондарын меншіктенуге;

      2) қару алып қойылған немесе ол ерікті түрде тапсырылған жағдайда заңдарда белгіленген тәртіппен оның құнының өтемақасын алуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен қаруды сатуға, сыйға тартуға мұраға қалдыруға не уақытша пайдалануға беруге;

      4) атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына рұқсаты болған жағдайда суық қаруды сақтауға және алып жүруге құқығы бар.

      2. Қару иелері:

      1) 15-баптың 1-тармағының 3-абзацында келтірілгендерді қоспағанда, меншігіндегі қаруды ішкі істер органдарында тіркетуге және қайта тіркетуге;

      2) қару мен оның патрондарын тасымалдаудың белгіленген тәртібін сақтауға;

      3) қару мен оның патрондарының сақталуын қамтамасыз етуге;

      4) заңдарға сәйкес бақылауындағы объектілердің аумағында және қару сақталатын орындарға ішкі істер органдары қызметкерлерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге, танысу үшін оларға қажетті құжаттама беруге;

      5) азаматтық қару иесі қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелері осы қаруды бір ай мерзімде қайта тіркетуге немесе комиссиялық саудаға өткізуге;

      5-1) қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымдарда азаматтық және қызметтік қарумен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларын білуіне бес жылда бір рет тексеруден өтуге;

      6) тұрғылықты жерiн ауыстырған кезде қаруды iшкi iстер органдарының есебiнен шығаруға және он күн мерзiмде жаңа тұрғылықты жерi бойынша оны тиiстi есепке қоюға, ал бiр ауданның не аудандарға бөлiнбейтiн қаланың шегiнде тұрғылықты жерiн ауыстырған кезде бес күн мерзiмде бұл туралы аумақтық iшкi iстер органдарын хабардар етуге міндетті.

      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-бап. Қару пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері

      1. Қару пайдаланушылардың:

      1) өздеріне берілген құқыққа сәйкес қару сақтауға, сақтау мен алып жүруге;

      2) қаруды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша пайдалануға құқығы бар.

      2. Қару пайдаланушылар:

      1) қаруды арналған мақсатына сәйкес пайдалануға;

      2) қару мен оның патрондарын тасымалдаудың белгіленген тәртібін сақтауға;

      3) пайдаланылып жүрген қару мен оның патрондарының сақталуын қамтамасыз етуге;

      4) қару мен оның патрондарын пайдалану кезiнде қауiпсiздiк талаптарын сақтауға мiндеттi.

      3. Қаруды пайдаланушылар – заңды тұлғалар:

      1) қаруды арнайы жабдықталған қоймаларда (қару-жарақ бөлмелерінде) атуға жарамсыз күйде сақтауға;

      2) оқ атуға тікелей қатысатын қарудың негізгі (құрамдас) бөліктерін жеке сейфтерде сақтауға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылауындағы объектілердің аумағына және қару сақталатын орындарға ішкі істер органдары қызметкерлерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге, танысу үшін оларға қажетті құжаттаманы ұсынуға міндетті.

      4. Қаруды пайдаланушы жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      1) азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларының сақталуына бақылау жасау мақсатында қолда бар қаруды, оның патрондарын және олар сақталатын орындарды, сондай-ақ қажетті құжаттаманы қарап тексеру үшін ішкі істер органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша көрсетуге;

      2) қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымдарда қызметтік және азаматтық қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуіне бес жылда бір рет тексеруден өтуге міндетті.

      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209; 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-бап. Қаруды қолдану құқығы

      1. Өмірін, денсаулығын және меншікті қорғау үшін нақты қару түрін сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаты бар адамдардың қажетті қорғаныс, аса қажеттілік жағдайында және қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде оны қолдануға құқығы болады.

      2. Ерекше жарғылық міндеттері бар ұйымдардың қызметкерлері қаруды табиғатты, табиғи ресурстарды, меншікті күзету, хат-хабарды және арнаулы жөнелтімдерді жеткізу, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөнінде өздеріне заңдарда жүктелген міндеттерді орындау кезінде және өзін қорғау үшін қолдануға құқылы.

      3. Қару қолданбас бұрын ол қарсы қолданылатын адамға бұл жайында нақты ескерту жасалуға тиіс.

      4. Әйелдерге, мүгедектік нышандары айқын адамдарға, жас шамасы айқын немесе белгілі кәмелетке толмағандар топтасып және (немесе) қарулы шабуыл (зорлық- зомбылық) жасаған жағдайлардан басқа кезде оларға қарсы қару қолдануға тыйым салынады.

      5. Қару қолданудың барлық жағдайларында маңайдағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық жәрдем көрсету үшін шаралар қолдану, ішкі істер және прокуратура органдарына хабарлау қажет.

      6. Атыс қаруын қолданып аң аулау қағидаларын жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді. Спортпен шұғылдану кезінде және оқу мақсаттарында қаруды қолдану қағидаларын қарудың айналымын бақылау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.04.2014 № 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-бап. Рұқсаттардың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату, сондай-ақ оларды беруден бас тарту

      1. Ішкі істер органдары, егер адамның:

      1) тұрақты тұрғылықты жері болмаған;

      2) қаруды сақтау үшін тиісті жағдайлары болмаса;

      3) сот орындаушысының енгізген ұсынуы бойынша үйден шығару және бұзу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бірінші және екінші санаттардағы рұқсаттарды тоқтата тұрады.

      Адам қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда рұқсаттың қолданысы сот шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Осы Заңда көзделген негіздер бойынша рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданар алдында рұқсатты берген ішкі істер органы рұқсат иесіне алдын ала жазбаша ескертуге тиіс. Ескертуде нақты қандай құқықтық нормалар мен қағидалардың бұзылғаны немесе орындалмағаны көрсетіледі және жол берілген бұзушылықтарды жою үшін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзім тағайындалады.

      2. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтар жойылған кезде рұқсат иесі рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ішкі істер органына растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш беруге құқылы.

      Рұқсаттың қолданысын қайта бастау және тоқтатылуына бастамашылық жасау "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      3. Рұқсат иесі рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтінішті тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ұсынбаған жағдайда, ішкі істер органы рұқсаттың қолданысын тоқтату рәсіміне бастамашылық жасайды.

      Рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы мәселені қарау процесінде рұқсат иесі бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдеуге құқылы. Мұндай жағдайда, рұқсат беру органы осы баптың 2-тармағын басшылыққа алуға тиіс.

      4. Ішкі істер органдары алдын ала тоқтата тұрмай азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы рұқсаттардың қолданысын тоқтатуды:

      1) рұқсаттан ерікті түрде бас тартылған не қару иесі қайтыс болған;

      2) қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы болған;

      3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлiмi бабының тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiнің мерзiмі өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

      4) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493, 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған;

      5) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 73-1, 73-2, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, рұқсаттар алу мүмкіндігін болғызбайтын мән-жайлар туындаған;

      7) азаматтық немесе қызметтік қару иесі көрсетілген қарудың конструкциясын қайта жасап, бұл оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соққан;

      8) азаматтық және қызметтiк қару азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың айналымы саласындағы техникалық регламентке және криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеген;

      8-1) азаматтық және қызметтік қарудың иесін және (немесе) пайдаланушысын азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсырылмаған;

      9) егер адам экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарында есепте тұрған;

      10) тіркелген қаруды қайтадан жоғалтқан;

      11) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;

      12) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасы шығарылған;

      13) егер қаруды иеленуге медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда жүргізеді. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган мен қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл, оның ішінде қару иелері туралы, ресімделген медициналық қорытындылар, сондай-ақ болған кезінде қаруды иеленуге болмайтын қару иесінде анықталған аурулар туралы мәліметтер алмасу мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.

      Ішкі істер органының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      Рұқсаттың қолданысы тоқтатылған жағдайда қолданыс тоқтатылған күннен бастап үш жыл өткен соң оны алу үшін қайталап өтініш жасауға болады. Рұқсаттан ерікті түрде бас тартылған жағдайда оны алуға қайталап өтініш жасау мерзімдері белгіленбейді.

      5. Ішкі істер органдары осы баптың 1 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда, сол сияқты қарудың, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты ауыр, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ террористік, экстремистік қылмыстар жасағаны үшін алып тасталған немесе өтелген сотталғандығы бар адамдарға азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы рұқсаттар беруден бас тартады.

      6. Осы баптың талаптары марапаттық қаруға қолданылады.

      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - ҚР 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-бап. Қару мен оның патрондарын алып қою

      Қару мен оның патрондарын:

      1) ішкі істер органдары мынадай жағдайларда:

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеуге, өндіруге және жөндеуге, олармен сауда жасауға, қаруды иемденіп алуға, коллекциялауға немесе экспонаттауға лицензия, сондай-ақ қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат немесе қаруды иесіне тіркеу болмағанда;

      белгіленген тәртіппен көрсетілген лицензиялар мен рұқсаттардың қолданысы тоқтатыла тұрғанда немесе одан айырылғанда;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен түпкілікті шешім қабылданғанға дейін заңды немесе жеке тұлғалар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген қауiпсiздiк талаптарын, қаруды беру, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау, тіркеу, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасымалдау және қолдану қағидаларын бұзғанда;

      мүлікті мұраға қалдыру мәселесі шешілгенге дейін қару иесі қайтыс болғанда;

      2) аң, балық аулау, табиғат және табиғи ресурстарды қорғау ережелерінің сақталуына мемлекеттік қадағалау жасайтын органдар өздерінің құзыреті шегінде азаматтардың Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарын бұзуын тыйған жағдайларда, қаруды кейіннен ішкі істер органдарына тапсыра отырып;

      3) экономикалық тергеу қызметі, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, қаруды кейіннен ішкі істер органдарына тапсыра отырып;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа жағдайларда қаруды кейіннен ішкі істер органдарына тапсыра отырып алып қоюды жүргізеді.

      Марапаттау қаруын азаматтардан сақтау, тасу және пайдалану ережелерін бұзуға жол бергені үшін ішкі істер органдары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес алып қояды.

      Қару мен оның патрондарын алып қою тәртібін қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

      Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, сондай-ақ тәркіленген, техникалық жағынан пайдалануға жарамды азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға не азаматтық және қызметтік қарумен сауда жасауға лицензиялары бар заңды тұлғалар арқылы өткізілуге жатады.

      Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209, 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 № 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-тарау. Жекелеген қару түрлерінің айналымы

21-бап. Қару мен оның патрондарын өндіру

      Қаруды, оның негізгі (құрамдас) бөліктерін өндіру, қарудың жойылған зақымдаушы қасиеттерін қалпына келтіру мақсатында оны құрастыру, қайта жасау немесе жөндеу, сондай-ақ оның патрондарын жасау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс.

      Қару мен оның патрондарын өндіретін заңды тұлғалар өндіру қауіпсіздігін, оған бақылау жасауды, шығарылатын өнімнің тиісті сапасын, оның есебі мен сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.

      Көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақтандырылған механикалық бүркігіштерді, аэрозольдық және өзге де құрылғыларды қоспағанда, жасаған әрбір қарудың жеке нөмірі болуы тиіс.

      Жауынгерлік қол атыс қаруы және оның патрондары Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларға, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына ғана беру үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қару-жарақ пен әскери техника айналымының қағидаларына сәйкес басқа мемлекеттерге беру үшін жасалады.

      Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 № 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

22-бап. Азаматтық және қызметтік қарумен, оның патрондарымен сауда жасау

      1. Азаматтық және қызметтік қарумен, оның патрондарымен сауда жасауды заңдарда белгіленген тәртіппен осы қызмет түріне лицензия алған ұйымдар жүзеге асырады. Азаматтық және қызметтік қарумен, оның патрондарымен сауда жасауға лицензияны қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган осы мақсаттар үшін арнайы құрылған ұйымдарға ғана береді.

      2. Қарумен және оның патрондарымен сауда жасауды жүзеге асыратын ұйымдар:

      1) сатылатын қаруға сәйкестілік сертификатына ие болуға;

      2) иемденіп алынатын және сатылатын қарудың есебін, сондай-ақ 10 жыл бойы есептік құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) иемденіп алуға лицензия талап етілмейтін қаруды қоспағанда, сатып алушыдан (заңды тұлғадан) қарудың сол түрін сатып алуға лицензиясын көрсетуді талап етуге;

      4) сатып алушының лицензиясында немесе рұқсатында тіркелуге тиіс, сатылатын азаматтық және қызметтік қаруды тіркеуге, сондай-ақ аңшы куәлігінде аңшылық суық қаруды тіркеуге;

      5) қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ішкі істер органдарына сатылған қызметтік және азаматтық қару мен оның сатып алушылары туралы ай сайын мәлімет беріп отыруға;

      6) олардың сақталуын және сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

      7) сатылған қызметтік және азаматтық қарудан атылған оқтар мен гильзаларды мемлекеттік оқ-гильза қоймасына табыс етуге;

      8) қызметкерлердің қару айналымы туралы заңдарды білуін қамтамасыз етуге міндетті.

      3. Қарудың аталған түрін иеленуге рұқсатын көрсетпеген жеке және заңды тұлғаларға қаруды сатуға, сондай-ақ нөмірсіз және таңбасыз қаруды не азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондары айналымы саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестік белгісі жоқ патрондарды сатуға тыйым салынады.

      Азаматтық және қызметтік қарумен және оның патрондарымен сауда жасау:

      1) күзет іс-шараларын жүргізу үшін қажет болатын мерзімге Мемлекеттік күзет қызметінің талап етуі бойынша;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда тоқтатыла тұруға тиіс.

      4. Азаматтық және қызметтік қарумен және оның патрондарымен сауда жасаумен айналысатын заңды тұлға, қарудың аталған түрлерін әзірлеу, өндіру, жөндеу, иелену, экспонаттау, әкелу және әкету, оның қосалқы бөлшектерін, спорт тауарларын, аң және балық аулау керек-жарақтарын, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған тұрмыстық мақсаттағы бұйымдарды иелену, әкелу, әкету және олармен сауда жасау, сондай-ақ атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеуі жөніндегі қызметті қоспағанда, өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.

      Азаматтық және қызметтік қарумен және оның патрондарымен сауда жасауға лицензиясы бар заңды тұлғаларға:

      1) спорт, аң және балық аулау керек-жарақтары мен аталған қаруға қосалқы бөлшектерді қоспағанда, бір сауда залында қаруды және өзге де тауар түрлерін қатар сатуға;

      2) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда), ойын-сауық мекемелерінің, өзге де тауар түрлерімен сауда жасау жүзеге асырылатын сауда объектілерінің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет ұйымдарының, спорт объектілерінің, қонақүйлердің, қоғамдық тамақтану объектілерінің, вокзалдардың, станциялардың, метрополитен желілерінің, порттардың, әуежайлардың, әуеайлақтардың аумақтарында қару мен оның патрондарын сақтауға және олармен сауда жасауға арналған үй-жайды орналастыруға;

      3) қаруды оқ атуға мүмкіндік беретін күйінде сауда залына, арнайы жабдықталған қоймаға (қару-жарақ бөлмелерінде) қоюға тыйым салынады.

      5. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуға берілген лицензия азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сату үшін құрылған заңды тұлғалардың филиалдарын ашуға құқық бермейді.

      6. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуға лицензиялары бар заңды тұлғалардың оларды осы Заңның 12-бабында көрсетілген субъектілерден иемденіп алуға құқығы бар.

      Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209, 2007.07.27 № 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

23-бап. Қаруды сату немесе беру

      1. Осы Заңға сәйкес қару иемденіп алуға құқығы бар субъектілер өздері заңды негізде иеленіп отырған азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын қару есепке алынған жердегі ішкі істер органдарына алдын ала хабарлай отырып, азаматтық және қызметтік қару сатуға лицензиясы бар заңды тұлғаларға сата алады.

      2. Алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Қазақстан Республикасы азаматтарының өздері заңды негізде меншік құқығында иеленіп отырған қаруды оларға сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат берген ішкі істер органдарына алдын ала хабарлай отырып, азаматтық және қызметтік қарумен сауда жасауға немесе қаруды коллекциялауға немесе экспонаттауға лицензиясы бар заңды тұлғаларға, сондай-ақ қару есепке алынған жердегі ішкі істер органдарында қару қайта тіркелгеннен кейін қаруды сатып алуға рұқсаты бар азаматтарға иеліктен шығаруға құқығы бар.

      4. Осы Заңның 12-бабының 2) – 8) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын оларды иеленуге рұқсаты бар субъектілерге бере алады.

      Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 23.04.2014 № 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

24-бап. Қаруды марапаттап беру

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының азаматтары алған қару марапаттық қару болып табылады.

      Қазақстан Республикасының азаматтары шет мемлекеттер басшыларының, шет мемлекеттер үкіметтерінің басшылары мен мүшелерінің марапаттау құжаттары негізінде марапаттық қару алуы мүмкін.

      Қазақстан Республикасының азаматтарына марапаттық қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсатты қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган береді.

      Түйдектете атуға мүмкіндік беретін, сыйымдылығы 10 патроннан асатын оқжатары (барабаны) бар, сондай-ақ осы Заңмен Қазақстан Республикасы аумағында айналымға тыйым салынған қару марапаттық қаруға жатпайды.

      2. Марапаттық қарудың иесі қайтыс болған жағдайда аталған қару ішкі істер органына өткізіледі.

      3. Марапаттық қару ішкі істер органдары қаруды тиісінше қайта тіркеп, қайта жасағаннан кейін сақтау үшін мұражайларға берілуі мүмкін.

25-бап. Қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету

      1. Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi орган беретін қорытындының негізінде жүзеге асырылады.

      Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті органның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

      3. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының бірлі-жарым данасын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу осы Заңның талаптары ескеріле отырып, iшкi iстер органдары қорытындыларының негізінде жүргізіледі.

      Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

26-бап. Шетелдіктердің азаматтық қару мен оның патрондарын, жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасы аумағында иемденіп алуы, Қазақстан Республикасына әкелуі және Қазақстан Республикасынан әкетуі

      1. Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен кемінде бір жыл мерзімге тіркелген шетелдіктердің Қазақстан Республикасында газ пистолеттері мен револьверлерін өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің өтініші бойынша жалпы негіздерде иемденіп алуға құқығы бар.

      Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдіктер қару жеткізіп беруші заңды тұлғалардан механикалық тозаңдатқыштарды, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғыларды, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгі пневматикалық қаруды рұқсат алмай-ақ иемденеді.

      2. Қазақстан Республикасының аумағында туризм мақсатымен, жеке және қызметтік істермен келген, Қазақстан Республикасы аумағында тұру үшін белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарында тіркелген шетелдіктердің азаматтық қаруды өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасынан оны иемденіп алған күннен бастап жеті күн ішінде әкететін жағдайда жалпы негіздерде иемденіп алуға құқығы бар.

      3. Қазақстан Республикасында тіркелген елшіліктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметкерлеріне азаматтық қаруды мемлекетаралық шарттарда белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша әкелуге, иемденіп алуға және әкетуге рұқсат етіледі. Бұл орайда қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті органда аталған қару міндетті түрде тіркелуге тиіс.

      4. Шетелдіктер аңшылыққа арналған келiсiмшарт немесе спорттық іс-шараларға қатысу үшін шақырту болған кезде және қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi қорытындысы негізінде азаматтық қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкеле алады. Әкелiнген қару келiсiмшартта немесе шақыртуда белгiленген мерзiмдерде Қазақстан Республикасынан әкетілуге тиiс.

      5. Қазақстан Республикасына шақырту бойынша немесе өздерiнiң қызметтiк тапсырмаларын орындауға байланысты келетiн шетелдiк құқық қорғау органдары, арнаулы қызметтер және әскерилендiрiлген ұйымдар қызметкерлерiнiң жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуi, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуі Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен тиiстi органдар басшыларының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

      6. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген қару Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолданылады.

      7. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасынан қару мен оның патрондарын әкету мерзімдерін бұзуы мәселе заңда белгіленген тәртіппен шешілгенге дейін оны алып қоюға әкеп соғады.

      8. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды берілгені үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.

      9. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шетелдіктердің өздері әкелген азаматтық қаруды сыйға тарту немесе сату құқығы сақталады.

      Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.13 № 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.27 № 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 21.06.2013 № 107-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 № 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

27-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау, алып жүру, тасымалдау, коллекциялау, экспонаттау және жою

      Ескерту. 27-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсатын алған заңды және жеке тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға рұқсат етіледі.

      2. Заңды және жеке тұлғаларға өздері тауып алған немесе оларға Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып, иесі болып табылмайтын адамдар берген атыс қаруын сақтауға және пайдалануға тыйым салынады. Мұндай қару дереу ішкі істер органдарына тапсырылуға тиіс.

      3. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қаруды коллекциялауға және экспонаттауға ішкі істер органдарынан тиісті лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалардың құқығы бар.

      Азаматтық және қызметтік қаруды оқ атуға мүмкіндік беретін күйінде экспонаттауға тыйым салынады.

      4. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын есепке алу, сақтау, алып жүру, тасымалдау, коллекциялау, экспонаттау және жою тәртiбiн қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209, 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ішкі істер органдарының қару айналымы саласындағы өкілеттігі

28-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қару айналымы саласындағы құзыреті

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қару айналымы саласында:

      1) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) алып тасталды

      3) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3-1) Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру тәртібін белгілейді;

      4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      7) алып тасталды

      8) алып тасталды

      9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      10) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      11) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.13 № 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 № 209, 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.27 № 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

29-бап. Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы құзыреті

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган:

      1) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылау жасауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      3) мыналарға:

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау құқығына;

      азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану құқығына лицензиялар береді;

      4) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар бередi;

      4-1) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) алып тасталды

      6) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының Мемлекеттiк кадастрын әзiрлейдi және бекiтедi;

      7) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi;

      8) криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдiстерiн әзiрлейдi;

      8-1) мыналарды:

      азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын;

      азаматтық және қызметтiк қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын;

      азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын;

      азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін өлшемшарттарды әзірлейді және бекітеді;

      8-2) криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдiстерiн бекiтедi;

      8-3) заңсыз сақталатын атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтеулі тапсыру тәртібін белгілейді;

      8-4) Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастрын әзірлеу, басып шығару және жүргізу тәртібін айқындайды;

      8-5) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      8-6) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi;

      9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыратын аумақтық және көліктегі ішкі істер органдарының өкілеттігі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының қару айналымын регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

      Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.02.22 № 297, 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 № 209, 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.27 № 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 № 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-тарау. Қорытынды ережелер

30-бап. Қару айналымына мемлекеттік бақылау жасау

      1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымына мемлекеттік бақылау жасауды ішкі істер органдары тексерулер нысанында жүргізеді.

      Тексеру жүргізу тәртібі осы Заңның 30-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қару-жарағындағы қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды аталған органдардың басшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

      1-1. Тексеру:

      1) тексеруді тағайындау туралы акт;

      2) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау негізінде жүзеге асырылады.

      2. Ішкі істер органдарының тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамдарының:

      1) осы Заңның 30-1-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексеру нысанасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;

      1-1) Қазақстан Республикасының аумағында қаруды әзірлеу, жасау, жөндеу, оның саудасы, коллекциялау, экспонатқа қою, сақтау, пайдалану және жою орындарында оны қарап-тексеруді жүргізуге;

      2) осы Заң күшіне енгенге дейін иеленген және заңды негіздерде иелерінің қолындағы қаруды қоспағанда, осы Заңның 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынған қаруды белгіленген тәртіппен өтеусіз алып қоюға және жоюға;

      3) құжаттарды (мәліметтерді) тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін алуға, сондай-ақ тексеру нысанасына сәйкес және мемлекеттік құпиялар және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпия туралы талаптарды сақтай отырып, автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;

      4) белгіленген қағидаларды бұзушылықтар анықталған кезде, бұл бұзушылықтарды жою туралы жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нұсқамалар беруге;

      5) қару мен патрондардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталуы тұрғысынан күтпеген жерден, оның ішінде жұмыстан тыс уақытта (түнде, демалыс немесе мереке күндері) тексерулер жүргізуге;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сақтау жағдайлары мен техникалық беріктігінің талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде, қару мен патрондарды анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін алып қоюға және оларды ішкі істер органдарына жауапты сақтауға тапсыруға;

      6-1) аудио-, фото- және бейнетүсіруді жүзеге асыруға;

      6-2) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қолдануға құқығы бар.

      3. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың лауазымды адамдары заңды тұлғаларға – тоқсанына кемінде бір рет, азаматтық қару иелеріне жылына кемінде бір рет тексерулерді жүзеге асыруға міндетті.

      4. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру кезінде тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде топтарға бөлу, тексеру парақтарын толтыру, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тексерулер тағайындау туралы актілерді тіркеу, тексерілетін субъектіге тексеру жүргізудің басталуы туралы хабарлау талап етілмейді.

      5. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті органдардың лауазымды адамдары тексеруді тағайындау және оның нәтижелері туралы жасалған актілерді ведомстволық есепке алуды жүргізеді.

      6. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізу кезінде:

      1) мынадай:

      осы Заңның 30-1-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттар болмаған;

      осы Заңның 30-1-бабында белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдерден асып кеткен не өтіп кеткен жағдайларда тексеру жүргізу үшін келген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті органдардың лауазымды адамдарын тексеруге жібермеуге;

      2) өздерінің мүдделері мен құқықтарын білдіру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті органның лауазымды адамының тексеру шеңберінде жүргізілетін жекелеген әрекеттерін азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті орган лауазымды адамының қызметіне кедергі келтірмей аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуді жүзеге асыруы мақсатында үшінші тұлғаларды тексеруге қатысу үшін тартуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелері туралы актіге шағым жасауға құқылы.

      7. Бақылау субъектісі тексеру жүргізу кезінде:

      1) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті органдардың лауазымды адамдарының бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

      2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті органдардың лауазымды адамына тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін мемлекеттік құпиялар және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпия туралы талаптарды сақтай отырып қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін ұсынуға;

      3) тексеру аяқталған күні тексеру нәтижелері туралы актінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың алынғаны туралы белгі қоюға;

      4) тексеру жүргізу кезеңінде бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) тексерілетін құжаттарына (мәліметтеріне) өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;

      5) тексеру жүргізу үшін келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

      Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

30-1-бап. Тексеру жүргізу тәртібі

      1. Тексеру тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүзеге асырылады.

      2. Ішкі істер органдарының тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамдары азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілерін (объектілерін) тексерген кезде:

      1) тексеруді тағайындау туралы актіні;

      2) қызметтік куәлігін ұсынады.

      Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:

      1) актінің нөмірі мен күні;

      2) мемлекеттік органның атауы;

      3) ішкі істер органдарының тексеру жүргізуге уәкілетті адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;

      5) бақылау субъектісінің атауы немесе өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, объектілердің тізбесі, аумақтың учаскесі;

      6) тағайындалған тексерудің нысанасы;

      7) тексеру жүргізу мерзімі;

      8) тексеру жүргізу негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексеруге жататын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;

      9) тексерілетін кезең;

      10) бақылау субъектісінің осы Заңның 30-бабының 6 және 7-тармақтарында көзделген құқықтары мен міндеттері;

      11) ішкі істер органдарының актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген лауазымды адамының қолтаңбасы, ішкі істер органының мөрі;

      12) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.

      3. Тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемін, қойылған міндеттерді ескере отырып белгіленеді және бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      4. Тексеру жүргізу мерзімін Қазақстан Республикасы ішкі істер органының басшысы не оны алмастыратын адам күрделі және (немесе) ұзақ мерзімді сараптамалар жүргізу, халықаралық шарттар шеңберінде шетелдік мемлекеттік органдардан ақпарат алу және өзіне қатысты тексеру жүргізілетін адамның тұрған жерін анықтау қажет болған жағдайда ғана тек бір рет ұзарта алады.

      Тексеруді ұзарту мерзімі сараптама нәтижелерін, шетелдік мемлекеттік органдардан ақпаратты алған және адамның тұрған жері анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Тексеру жүргізу мерзімін ұзарту бақылау субъектісін хабардар ете отырып, тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні, нөмірі және ұзартудың себебі көрсетіледі.

      Уәкілетті орган тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны тапсырғаны туралы хабарламамен бірге ұзартуға дейін бір жұмыс күні бұрын бақылау субъектісіне табыс етеді.

      5. Бақылау субъектісіне не оның уәкілетті адамына тексеруді тағайындау туралы акті табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.

      6. Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған не ішкі істер органының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адамының бақылау объектісіне кіруіне кедергі келтірілген, тексеру жүргізу үшін қажетті материалдар мен мәліметтер ұсынылмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қабылданады.

      7. Тексеру нәтижелері бойынша ішкі істер органының тексеруді жүзеге асыратын қызметкері (қызметкерлері) тексеру нәтижелері туралы акт және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.

      Бақылау субъектісінде (объектісінде) түпнұсқада бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, тексеру нәтижелері туралы актінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың бірінші данасы қосымшаларының көшірмелерімен бірге қағаз жеткізгіште қолын қойғызып немесе электрондық нысанда бақылау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына) танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және басқа да әрекеттер жасау үшін беріледі, екінші данасы ішкі істер органдарында қалады.

      8. Тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:

      1) актінің күні, нөмірі, уақыты және жасалған орны;

      2) мемлекеттік органның атауы;

      3) тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;

      4) ішкі істер органының тексеруді жүргізген лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      5) мемлекеттік органдардың, ведмостволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;

      6) бақылау субъектісінің атауы немесе өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, объектілердің тізбесі, аумақтың учаскесі;

      7) тексеруді жүргізу күні, орны және кезеңі;

      8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;

      9) бақылау субъектісінің немесе оның уәкілетті адамының тексеру нәтижелері туралы актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы, сондай-ақ жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ескертулердің және (немесе) қарсылықтардың бар-жоғы туралы белгі;

      10) ішкі істер органының тексеруді жүргізген лауазымды адамының қолтаңбасы.

      9. Тексеру жүргізу кезінде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.

      10. Тексеру қорытындысы бойынша бақылау субъектісінің азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы белгіленген міндеттерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау фактілері анықталған жағдайларда, ішкі істер органының тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамы өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген анықталған бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу, адамдардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне ықтимал зиян келтіруді болғызбау жөніндегі шараларды, сондай-ақ бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөніндегі шараларды қабылдайды.

      11. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада мыналар көрсетіледі:

      1) нұсқаманың күні, уақыты және жасалған орны;

      2) ішкі істер органының тексеруді жүргізген лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      3) бақылау субъектісінің атауы немесе өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексеру жүргізу кезінде қатысқан бақылау субъектісі өкілінің лауазымы (бар болған кезде);

      4) тұрған жерін көрсете отырып, бақылау объектісі;

      5) тексеру нәтижелері туралы актінің күні мен нөмірі;

      6) анықталған бұзушылықтардың тізбесі және анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі көрсетіле отырып, оларды жою туралы талаптар;

      7) бақылау субъектісінің немесе оның уәкілетті өкілінің нұсқамамен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;

      8) ішкі істер органының тексеруді жүргізген лауазымды адамының қолтаңбасы.

      12. Тексеру нәтижелері туралы актіні және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған ішкі істер органдарының тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамы және бақылау субъектісі (заңды тұлғаның басшысы) не оның уәкілетті өкілі қол қояды. Бақылау субъектісі не оның уәкілетті өкілі бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.

      13. Тексеру нәтижелері туралы акті бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.

      14. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен асырылмай айқындалады.

      Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат берілмеген жағдайда ішкі істер органының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адамы қайтадан тексеру тағайындайды.

      15. Егер қайтадан тексеру жүргізу нәтижесінде бақылау субъектісінің азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласында белгіленген міндеттерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау фактілері анықталатын болса, ішкі істер органының тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамы өкілеттіктері шегінде бақылау субъектісін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.

      16. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда бақылау субъектісі не оның өкілі оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге немесе анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады.

      Ішкі істер органдары тексеру нәтижелері туралы актіге немесе анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға, әкімшілік әсер ету шараларына ескертулерді және (немесе) қарсылықтарды қарауға және он бес жұмыс күні ішінде қабылданған шаралар туралы уәжді жауап беруге тиіс.

      17. Тексеру нәтижелері туралы актіге және (немесе) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      18. Жоғары тұрған мемлекеттік орган не сот жарамсыз деп таныған тексеру нәтижелері туралы акт және (немесе) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау субъектісінің азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласында белгіленген талаптарды бұзуының дәлелі бола алмайды.

      19. Тексерулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзуларға:

      1) тексеру жүргізуге негіздердің болмауы;

      2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;

      3) ішкі істер органының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексеруді тағайындау;

      4) осы бапта көзделген тексеру жүргізу мерзімін бұзу жатады.

      Ескерту. 30-1-баппен толықтырылды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

31-бап. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау

      Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүзеге асырады.

      Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

32-бап. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы заңдардың бұзылғаны үшін жауапкершілік

      Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы заңдардың бұзылғаны үшін заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

33-бап. Нормативтік құқықтық актілерді осы Заңға сәйкес келтіру

      Осы Заң күшіне енгізілген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады және ол күшіне енгізілген күннен бастап үш ай ішінде соған сәйкес келтірілуге тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Президенті