Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV Заңы

Жаңартылған

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 31-б. қараңыз.

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негіздерін реттейді және бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) бақылау және қадағалау органдары – заңнамаға сәйкес лицензиялауды және (немесе) өзге де рұқсат беру құжаттарын беруді, тіркеу есебіне қоюды, сондай-ақ тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері;
      2) жедел ден қою шаралары – Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, тексерілетін субъектілерге қоғамдық қауіпті салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында тексеруді жүзеге асыру барысында және тексерулердің нәтижелері бойынша қолданылатын ықпал ету тәсілдері;
      3) мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – бақылау) – мемлекеттік органның тексерілетін субъектілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға олардың қызметінің сәйкестігі нысанасында тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелері бойынша жедел ден қоймастан құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
      4) мемлекеттік қадағалау (бұдан әрі – қадағалау) – мемлекеттік органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;
      5) тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
      6) тәуекелдерді бағалау жүйесі – бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органның тексерулерді жоспарлау мақсатында жүргізетін іс-шаралар кешені;
      7) тексерілетін субъектілер – қызметіне бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.

      2-бап. Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау
              туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы баптың 3, 4-тармақтарында және осы Заңның 12-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заң құқықтық мәртебесіне, меншік нысанына және қызмет түрлеріне қарамастан, тексерілетін субъектілерге бақылау және қадағалау жүргізуді ұйымдастыру саласындағы қатынастарды реттейді.
      2. Осы Заңда:
      1) бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу тәртібі;
      2) бақылау және қадағалау органдарының тексерулер жүргізу кезіндегі өзара іс-қимылының тәртібі;
      3) тексерілетін субъектілердің бақылау және қадағалау жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар;
      4) бақылау және қадағалау органдарының және олардың лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері белгіленеді.
      3. Осы Заңның 4 және 8-баптарын қоспағанда, осы Заңның күші:
      1) инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауға;
      2) жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге не барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға, не жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарттар талаптарын сақтауын бақылауға;
      3) кеден ісі саласындағы мемлекеттік бақылауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
      4. Осы Заңның күші, осы Заңның 8-бабын қоспағанда, мынадай:
      1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
      2) қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысындағы бақылау және қадағалау;
      3) сот әділдігі;
      4) жедел-іздестіру қызметі;
      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының сақталуын бақылау салаларына қатысты қолданылмайды.
      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылауға және қадағалауға байланысты бақылау мен қадағалау жүргізу кезінде туындайтын қатынастар көрсетілген салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4-бап. Бақылаудың және қадағалаудың қағидаттары мен
              міндеттері

      1. Бақылау және қадағалау:
      1) заңдылық;
      2) бәрінің заң және сот алдындағы теңдігі;
      3) жеке немесе заңды тұлғаның адалдық презумпциясы;
      4) жариялылық;
      5) бақылаудың және қадағалаудың жоспарлылығы мен жүйелілігі;
      6) мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының кәсіптік біліктілігі мен құзыреттілігі;
      7) бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының өз лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және олардың өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін жауаптылығы;
      8) жазалау алдында құқық бұзушылықтың алдын алудың басымдығы;
      9) қажеттілік пен жеткіліктілік;
      10) мемлекеттік органдар арасындағы бақылау өкілеттіктерінің аражігін ажырату;
      11) адал тексерілетін субъектілерді көтермелеу, құқық бұзушыларға бақылау мен қадағалауды шоғырландыру;
      12) тексерілетін субъектілер мен тұтынушылардың өз заңды құқықтарын дербес қорғауға қабілеттілігін арттыру;
      13) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығы;
      14) тәуелсіздік;
      15) объективтілік және турашылдық;
      16) дәйектілік қағидаттарына негізделеді.
      2. Бақылаудың және қадағалаудың мiндетi экономикалық қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеудi, ұлттық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды әрі жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, тексерілетін субъект өндiретiн және сататын өнiмдердiң, технологиялық процестердің адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгiн, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
      3. Мемлекеттiк органдарға, осы Заңның 13-бабының 3-тармағында14-бабының 1-тармағында, 15-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектiлеріне тексеру жүргiзу тәртiбi мәселелерi бойынша заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға тыйым салынады.
      4. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бақылау және қадағалау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейтін мемлекеттік органдар оларды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.
      5. Жеке кәсіпкерлікті бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Заңның қосымшасында көрсетілген қызмет салаларында жүзеге асырылады.

      5-бап. Тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын
              талаптар

      Тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, тек қана Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленеді.

      6-бап. Құқық қорғау органдарының бақылауды және
              қадағалауды жүзеге асыруы кезіндегі жеке
              кәсіпкерлік субъектілерінің кепілдіктері

      Құқық қорғау органдары жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау және (немесе) қадағалау іс-шараларын жедел-іздестіру қызметі, қылмыстық қудалау, әкімшілік іс жүргізу және (немесе) құқық қорғау органдары жүзеге асыратын реттеу функцияларын іске асыру шеңберінде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге да жағдайларда жүргізеді.

      7-бап. Бақылау

      1. Бақылау ішкі бақылау және сыртқы бақылау болып бөлінеді.
      2. Ішкі бақылау – мемлекеттік орган өз құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдардың және ұйымдардың мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды жүзеге асыратын бақылау.
      Ішкі бақылауды жүргізу тәртібі осы Заңның 8-бабында айқындалады.
      Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүргізілетін ішкі бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган жүзеге асыратын ішкі бақылауға қолданылмайды.
      3. Сыртқы бақылау – бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 5-бабында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру және қадағалау бойынша жүзеге асыратын бақылау.
      Сыртқы бақылауды жүргізу тәртібі осы Заңның 10-бабында және 2-тарауында айқындалады.
      Сыртқы бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде әкімшілік, тәртіптік іс жүргізуді қозғайды не өз құзыреті шегінде тиісті талап арызға бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қабылдайды.

      8-бап. Ішкі бақылау

      1. Ішкі бақылау:
      1) құқықтық актілердің орындалуын бақылау (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралар). Бұл жағдайда орындалуға тиіс іс-шаралар қамтылған барлық құқықтық актілер бақылауға алынады;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуын бақылау болып бөлінеді.
      2. Ішкі бақылау:
      1) қажетті ақпаратты талап ету;
      2) орындалуы туралы есептерді және баяндамаларды тыңдау және талқылау;
      3) ревизия және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;
      4) жергілікті жерлерге шыға отырып, тексерулер;
      5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүргізіледі.
      3. Ішкі бақылау мынадай өлшемдер:
      1) құрылымдық, аумақтық бөлімшелер, ведомстволық бағаныстағы мемлекеттік органдар мен ұйымдар және лауазымды тұлғалар қызметінің олардың алдына қойылған міндеттерге сәйкестігі;
      2) орындаудың уақтылығы және толықтығы;
      3) орындау кезінде заңнама талаптарын сақтау бойынша жүргізіледі.
      4. Күшіне енген құқықтық актінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлға не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі қажеттігіне қарай бақылау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
      Бұл ретте ішкі бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлға не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі оның орындалуы туралы келіп түскен ақпаратты:
      1) құқықтық актінің деңгейін және орындалу сапасын;
      2) құқықтық актіні орындауда ауытқушылықтардың бар-жоғын, олардың себептерін және ауытқушылықтарды жою үшін ықтимал шараларды белгілеуді;
      3) бақылаудан алу не орындалу мерзімін ұзарту мүмкіндігін;
      4) құқықтық актіні орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін нақты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін айқындау үшін талдайды.
      Ақпаратты талдау қорытындылары бойынша әзірленген ұсыныстар тиісті шешім қабылдау үшін мемлекеттік органның басшылығына баяндалады.
      Ақпаратқа талдау жүргізген мемлекеттік органның орындаушылары қабылданған шешім туралы хабардар етіледі.
      5. Құқықтық актіде көзделген іс-шаралардың орындалуын бақылаудан алуды және мерзімдерін ұзартуды мемлекеттік органның басшылығы жүзеге асырады.
      6. Жоғары тұрған мемлекеттік органның не орындаушы органның бақылау қызметі құқықтық актіде белгіленген орындау мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік органның регламентінде айқындалған тәртіппен орындаушыға тиісті жазбаша ескерту жібереді.
      Ішкі бақылауды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың қосымша мәселелерін мемлекеттік органның өзі не одан жоғары тұрған мемлекеттік орган айқындауы мүмкін.

      9-бап. Қадағалау

      1. Қадағалау уәкілетті мемлекеттік органның әкімшілік іс жүргізуді қозғамастан, жедел ден қоюдың құқық шектейтін шараларын қолдануы болып табылады.
      Жедел ден қоюдың құқық шектейтін шаралары Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделеді және мемлекеттік органдар, егер тексерілетін субъектінің қызметі, тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндірген жағдайда қолданады.
      2. Қадағалау:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес мемлекет атынан прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
      2) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыратын қадағалау болып бөлінеді.

      10-бап. Бақылау және қадағалау нысандары

      1. Тексерілетін субъектілердің қызметін бақылау және қадағалау:
      1) ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі осы Заңда айқындалатын тексерулер;
      2) егер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын алдын алу-профилактикалық сипатта болатын бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысанында жүзеге асырылады.
      2. Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізген кезде тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар ету, сондай-ақ құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу талап етілмейді.
      Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша олардың түріне қарай, бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ тексерілетін субъектіге осы бұзушылықты жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, қорытынды құжаттар (анықтаманұсқама, қорытынды және басқалары) жасалуы мүмкін.
      Осы тармақтың екінші бөлігі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын бақылаудың өзге де түрлеріне қолданылмайды.
      3. Бақылау және қадағалау органдары:
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген;
      егер объектінің (субъектінің) орналасқан жері бойынша оған барғанға дейін бір тәулік бұрын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарға міндетті түрде хабарлама жасай отырып, рұқсат беру құжаттарын (рәсімдерін) алумен (өтумен) байланысты болған;
      құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылыстардың тіреу және қоршау конструкцияларын тұрғызу мен өзгертуге қойылатын талаптарға сәйкес келуіне инспекция жүргізу;
      әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын бақылау;
      ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасында қару мен оның патрондары айналымы қағидаларын сақтау мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыруы;
      арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтау бойынша бақылауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын қажеттiлiк пен жеткiлiктiлiк қағидаттарына сәйкес бақылау объектiлерiне (субъектiлерiне) бармай жүргiзедi.
      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      11-бап. Бақылау және қадағалау органдарының құзыреті

      Бақылау және қадағалау органдары:
      1) мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы тиісті бағыттағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
      2) бақылау және қадағалау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады және жүргізеді;
      4) өз құзыреті шегінде бақылау және қадағалау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      5) бақылау мен қадағалау тиімділігі мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді;
      6) Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау органдарының қызметін өзара үйлестіруді жүзеге асырады;
      7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

2-тарау. ТЕКСЕРУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ

      12-бап. Тексерулердің жалпы мәселелері

      1. Тексерілетін субъектіні тексеру – бақылау және қадағалау органдары мынадай:
      1) мемлекеттік органның лауазымды адамының тексерілетін субъектіге баруы;
      2) бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде қажетті ақпаратты талап етуді қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар қажетті ақпаратты сұрату;
      3) осы Заңның 5-бабына сәйкес тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту сияқты іс-әрекеттердің бірін жасау арқылы жүргізетін бақылау және қадағалау нысандарының бірі.
      2. Тексерілетін субъектілердің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы тексерудің нысанасы болып табылады.
      3. Осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарын, 29-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге;
      2) кеден одағының кедендік шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде өсімдіктер карантинісанитариялық-карантиндікветеринариялық бақылау саласында бақылау және қадағалау жүргізуге;
      3) жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптарын сақтауға;
      4) көліктегі қауіпсіздік талаптарын сақтау нысанасында көліктік бақылау бекеттерінде автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуіне;
      5) Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі және сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңдарына сәйкес кемелерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың орындалуын бақылауға және қадағалауға;
      6) жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауына;
      7) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды өткізетін ішкі сауда объектілерінде, жануарлардан, өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізаттарды бірыңғай технологиялық циклда өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда ветеринария және өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
      8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсімдіктер дүниесі объектілерінің санкциясыз алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында;
      9) карантиндік аймақтарда және қолайсыз мекендерде жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша іс-шараларды бақылауға және қадағалауға;
      10) жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі және авиация қауіпсіздігі талаптарын сақтауына;
      11) ішкі істер органдарының жүргізілетін жедел-профилактикалық іс-шаралары шеңберінде қарудың, жарылғыш және улы заттардың, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттардың және олар пайдаланылған бұйымдардың заңды айналымы саласындағы бақылауға;
      12) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді жүзеге асыратын субъектінің аумағында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес орнатылған акциздік бекеттер арқылы бақылауға, сондай-ақ этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спирті мен алкоголь өніміне бақылау есебінің жүргізілуіне;
      13) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалауға;
      14) монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын сақтауға;
      15) Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;
      16) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      17) кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сатуды, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
      18) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр станцияларының энергетикалық жабдықтарын, 0,4 киловольттан асатын электр желілерін, белгіленген қуаттылығы 100 Гкал/сағаттан астам магистралдық жылу желілері мен қазандықтарды пайдалану және олардың техникалық жай-күйі жөніндегі талаптарды сақтауға;
      19) жол бойындағы жолаушылар поездарында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауға;
      20) жергілікті атқарушы орган белгілеген орындардан тыс жерде сауда жасауға;
      21) орталық мемлекеттік органдардың, мәслихаттардың және әкімдіктердің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау талаптарын сақтауына;
      22) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері және әскери құрамалары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар күзететін Қазақстан Республикасының объектілерін қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауына бақылауды жүзеге асыруға байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тексерулерді жүргізу кезінде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледі.
      5. Салық қызметі органдары жүзеге асыратын тексерулер тәртібінің ерекшеліктері, оларды жүргізу, ұзарту және тоқтата тұру мерзімдері тексерулерді тағайындау, олардың нәтижелері мен аяқталуы туралы актіні ресімдеу Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалады.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      13-бап. Тәуекелдерді бағалау жүйесі

      1. Мемлекеттік органдар тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесіне қарай жоғары, орташа не болмашы тәуекел топтарына жатқызады және олар үшін жоспарлы тексерулер жүргізудің:
      1) жоғары тәуекел дәрежесі кезінде – жылына бір реттен;
      2) орташа тәуекел дәрежесі кезінде – үш жылда бір реттен;
      3) болмашы тәуекел дәрежесі кезінде – бес жылда бір реттен жиі емес кезеңділігін айқындайды.
      2. Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын тексеру үшін жоспарлы тексерулер жүргізудің кезеңділігі:
      1) ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында:
      жоғары тәуекел дәрежесі кезінде – жарты жылда бір реттен;
      орташа тәуекел дәрежесі кезінде – бір жылда бір реттен;
      болмашы тәуекел дәрежесі кезінде – үш жылда бір реттен жиі болмауға;
      2) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында:
      жоғары тәуекел дәрежесі кезінде – тоқсанына бір реттен;
      орташа тәуекел дәрежесі кезінде – жарты жылда бір реттен;
      болмашы тәуекел дәрежесі кезінде – жылына бір реттен;
      3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында:
      жоғары тәуекел дәрежесі кезінде – жарты жылда бір реттен;
      орташа тәуекел дәрежесі кезінде – жылына бір реттен;
      болмашы тәуекел дәрежесі кезінде – үш жылда бір реттен жиі болмауға тиіс.
      Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелері бойынша бөлу салдарлардың ауырлығы тұрғысынан субъектінің маңыздылығы, осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың салалық статистикасы, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік органдар міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарына, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарына қатысты актілерді әзірлейді және бекітеді.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      4. Жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бақылау және қадағалау органдарының және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
      Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері – тексерілетін субъектінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, тексерілетін субъектілерді әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы.
      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      14-бап. Ведомстволық есепке алу

      1. Мемлекеттік органдар міндетті ведомстволық есептіліктің нысандарына қатысты актілерді әзірлейді және бекітеді.
      Тексерілетін субъектілерді тексеру мәселелері жөніндегі міндетті ведомстволық есептіліктің нысандары мемлекеттік орган, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітіледі.
      Жеке кәсіпкерлік саласындағы тексерілетін субъектілерді тексеру мәселелері жөніндегі міндетті ведомстволық есептіліктің нысандарын да кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітуге тиіс.
      2. Бақылау және қадағалау органдары тексерілетін субъектілерді тексерулердің санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үздіксіз негізде жүргізуге міндетті.
      Тексерілетін субъектілерді тексеру жөніндегі ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

      15-бап. Тексеру парақтары

      1. Бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде тексерілетін субъектілердің біртекті топтары үшін тексеру парақтарын бекітеді.
      Тексеру парақтарының нысандарын бақылау және қадағалау органдары айқындап, бекітеді және бұқаралық ақпарат құралдарында және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жариялануға жатады.
      Жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандары бақылау және қадағалау органдарының және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жариялануға жатады.
      2. Тексеру парағы осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге әкеп соғатын талаптардың толық тізбесін қамтиды.
      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      16-бап. Тексеру түрлері

      1. Тексерілетін субъектілерді тексеру мынадай түрлерге:
      1) жоспарлы;
      2) жоспардан тыс болып бөлінеді.
      Жоспарлы тексеру – уәкілетті орган тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес және адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген қатерлердің алдын алу мақсатында алдыңғы тексерулерге қатысты белгіленген уақыт аралықтарын ескере отырып бекіткен тексерулердің жоспары негізінде нақты тексерілетін субъектіге қатысты бақылау және қадағалау органы тағайындайтын тексеру.
      Жоспардан тыс тексеру – бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей төнген қатерлерді жою мақсатында нақты тексерілетін субъектіге қатысты тағайындайтын тексеру.
      2. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер ішкі еңбек тәртібінің қағидаларында белгіленген тексерілетін субъектінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
      Жоспардан тыс тексеру жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) бұзушылықтар жасалған кезде олардың тікелей жолын кесу қажет болған жағдайларда жүргізілуі мүмкін.
      3. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер:
      1) кешенді тексерулер;
      2) тақырыптық тексерулер болып бөлінеді.
      Прокуратура органдары тағайындайтын тексерулерге қатысуға тартылатын жағдайларды қоспағанда, бірнеше бақылау және қадағалау органдарының тексерілетін субъектіге бір мезгілде тексеру жүргізуі қажет болған кезде осы органдардың әрқайсысы тексеруді тағайындау туралы актіні ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге міндетті.
      Бақылау және қадағалау органының бір ғана мәселелер шеңбері бойынша бірнеше тексерілетін субъектілерге бір мезгілде тексеру жүргізуі қажет болған кезде мынадай:
      1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;
      2) бақылау-кассалық машиналардың болуы;
      3) акциздік және есептік-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалылығы;
      3-1) алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және олардың түпнұсқалығы;
      4) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5) лицензияның болуы;
      6) этил спиртін босатуға рұқсаттың болуы;
      7) патенттің болуы;
      8) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;
      9) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы мәселелерi бойынша жүргiзiлетiн салықтық тексерулердi қоспағанда, осы орган тексерiлетiн әрбiр субъектiге тексерудi тағайындау туралы актiнi ресiмдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеуге мiндеттi.
      Кешенді тексеру – тексерілетін субъектінің қызметін осы Заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтау мәселелері кешені бойынша тексеру.
      Тақырыптық тексеру – тексерілетін субъектінің қызметін осы Заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша тексеру.
      4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық жоспарын қалыптастыруы үшін бақылау және қадағалау органдары тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарларын жоспарлы тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына жібереді.
      5. Тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарларын өзгертуге жол берілмейді.
      Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық жоспарын ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурстарына орналастырады.
      6. Бақылау және қадағалау органы тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде бекіткен жоспар тексерілетін субъектілерге жоспарлы тексеру тағайындау үшін негіз болады.
      6-1. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғаларды және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларын қоспағанда) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы жоспарлы тексерулер жүргізуге тыйым салынады.
      Осы тармақтың күшi:
      1) жарылғыш заттардың айналысы мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуына;
      2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;
      3) атом энергиясына, радиоактивтік заттарға;
      4) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметіне байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
      7. Тексерілетін субъектілерді жоспардан тыс тексеруге:
      1) тексерудің нәтижесінде және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;
      2) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан, Қазақстан Республикасы Парламентінің және жергілікті өкілді органдардың депутаттарынан адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірілгені туралы не зиян келтіру қатері туралы ақпарат пен өтініштер алу;
      3) тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алу мақсатында, тексерілетін субъектінің азаматтық-құқықтық қатынастары болған үшінші тұлғаларға қатысты жүргізілетін қарсы тексеру;
      4) тексерілетін субъектінің өз қызметіне тексеру жүргізу туралы бастамашылық өтініші;
      5) егер тексерілетін субъектіге қатысты жоспарлы тексеру жүргізу белгіленген болса, оны қайта ұйымдастыру және атауын өзгерту;
      6) тексерілетін субъектінің бастапқы тексеруге келіспейтіні туралы өтінішіне байланысты қайталама тексеру;
      7) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер;
      8) салық төлеушілердің өтініштері, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 627-бабында айқындалған мәліметтер мен мәселелер;
      9) тексерілетін субъектінің «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметті немесе белгілі бір іс-әрекеттерді жүзеге асырудың басталғандығы туралы хабарлама беруі негіз болып табылады.
      8. Жоспардан тыс тексерулер иесі көрсетілмеген өтініштер болған жағдайларда жүргізілмейді.
      9. Жоспардан тыс тексеруге нақты жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз болған фактiлер мен мән-жайлар жатады.
      10. Эпидемия, карантиндік объектілер және аса қауіпті зиянды организмдер ошақтары, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда объектілерге жоспардан тыс тексеру алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі жұмыс күні ішінде табыс ете отырып жүргізіледі.
      10-1. Жалған пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), тасымалдау, сақтау, өткізу және қолдану, сондай-ақ жалған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу мәселелері бойынша жоспардан тыс тексерулер тексерілетін субъектіге алдын ала хабарлама жасалмай жүргізіледі.
      11. Бақылау және қадағалау органдары және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган орналасқан жерден шалғайда тұрған объектілерде немесе субъектілерде жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіздер анықталған жағдайда, жоспардан тыс тексеру алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі бес жұмыс күні ішінде табыс ете отырып жүзеге асырылады.
      Тексеруді тағайындау туралы акті тіркелетін жерден тексеру жүргізілетін жерге дейін жүз километрден асатын арақашықтық бақылаушы және тіркеуші органдар орналасқан жерден едәуір шалғайда орналасу болып есептеледі.
      12. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін санамаланған негіздер мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, резидент емес заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, қызметін әділет органдарында тіркелмей жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
      13. Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген тексерулерді қоспағанда, осы Заңда белгіленбеген өзге де тексеру түрлерін жүргізуге тыйым салынады.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.21 № 19-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

      17-бап. Тексерулерді тағайындау туралы акт

      1. Тексеру мемлекеттік органның тексеруді тағайындау туралы актісі негізінде жүргізіледі.
      2. Тексеруді тағайындау туралы актіде:
      1) актінің нөмірі мен күні;
      2) мемлекеттік органның атауы;
      3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болғанда) және лауазымы;
      4) тексерулер жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәлімет;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2013 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-тармағының 5) тармақшасындағы «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деп есептелсін (31-бапты қараңыз).
      5) тексерілетін субъектінің атауы немесе өзіне қатысты тексеру тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болғанда), оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, аумағының учаскесі көрсетіледі.
      Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкілдігін тексерген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы және орналасқан жері көрсетіледі.
      6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
      7) тексеру жүргізудің мерзімі;
      8) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер;
      9) тексерілетін кезең;
      10) осы Заңның 27-бабында көзделген тексерілетін субъектінің құқықтары мен міндеттері;
      11) актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы және мемлекеттік органның мөрі көрсетіледі.

      18-бап. Тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу

      1. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес жүзеге асыратын қарсы тексерулерді қоспағанда, тексеруді тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органында міндетті түрде тіркеледі.
      Тексерулерді тағайындау туралы актiнi тiркеу есепке алу сипатында болады. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тіркеусіз тексеру жүргізуге жол берілмейді.
      Тексеруді тағайындау туралы актінің тіркелуі осындай тексерудің заңдылығына дәлел болып табылмайды.
      Жеке кәсіпкерлік субъектілері бойынша салық қызметі органдары жүзеге асыратын қарсы тексерулерді тағайындау туралы актілер жөніндегі жалпы мәліметтер тоқсан сайын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
      2. Бақылау және қадағалау органының тексеруді тағайындау туралы актісі тексерулер басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда, оны тексерілетін субъектінің орналасқан жері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсыну, оның ішінде электронды форматта ұсыну арқылы тіркеледі.
      Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды ұсыну туралы хабарлау тәртiбiн тiркеуді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
      3. Тексеруді жүргізу қажеттігі қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қауіпті дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты туындаған жағдайда, сондай-ақ тексерулерді жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізген кезде бұзушылықтарды жасау кезінде тікелей олардың жолын кесу қажеттігіне қарай және айғақтарды бекіту үшін кейінге қалдыруға болмайтын іс-қимылдар жасау үшін тексерулер тағайындау туралы актіні тіркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тексерулер басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      19-бап. Тексеруді жүргізу тәртібі

      1. Бақылау және қадағалау органы тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, тексерудің өзі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жоспарлы тексеру жүргізудің басталатыны туралы тексерілетін субъектіні жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
      Жоспардан тыс тексеру жүргiзу кезiнде, осы Заңның 16-бабы 7-тармағының 2), 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында, 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк орган тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, тексерудің өзі басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын жоспардан тыс тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы тексерiлетiн субъектiге хабарлауға мiндеттi.
      2. Объектіге тексеру үшін келген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары:
      1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелгені туралы белгі қойылған тексеруді тағайындау туралы актіні;
      2) қызметтік куәлігін;
      3) қажет болған кезде режимді объектілерге баруға арналған құзыретті органның рұқсатын;
      4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген, объектілерге бару үшін қажет болатын медициналық рұқсаттаманы;
      5) жоспарлы тексеру кезінде тексеру парағын көрсетуге міндетті.
      Тексеруді тағайындау туралы актіні тексерілетін субъектіге берген күннен бастап тексеру жүргізу басталған болып есептеледі.
      3. Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан немесе тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамының тексеру жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы және тексерілетін субъектінің уәкілетті адамы қол қояды.
      Тексерілетін субъектінің уәкілетті адамы бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме беріп, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексеруді жүргізбеу үшін негіз болып табылмайды.
      4. Тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргізе алады. Бұл ретте тексеру жүргізуші лауазымды адамдардың құрамы бақылау және қадағалау органының шешімі бойынша өзгеруі мүмкін, бұл туралы тексерілетін субъект және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі орган тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейін, ауыстыру себебі көрсетіле отырып, хабардар етіледі.
      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      20-бап. Тексеру жүргізу мерзімі

      1. Тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және ол Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексеруді, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында жүргізілетін тексерулерді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды қоспағанда, отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс, олар үшін салалық ерекшеліктері ескеріле отырып, тексерулер жүргізудің мынадай:
      1) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тексерулер – он бес жұмыс күніне дейін және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
      2) ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын мерзімдері белгіленген.
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексерулерді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды және осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болғанда, сондай-ақ тексеру көлемінің ауқымды болуына байланысты бақылау және қадағалау органының басшысы (не оның орнындағы адам) тексеру жүргізудің мерзімін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзарта алады.
      Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда мемлекеттік орган міндетті түрде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркей отырып, тексеруді ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күні және ұзартудың себебі көрсетіледі.
      Тексеру бір айдан аспайтын мерзімге бір рет тоқтатыла тұруы мүмкін.
      Тексеру жүргізу аясында шет мемлекеттерден елеулі мәні бар мәліметтер және құжаттар алу, отыз жұмыс күнінен асатын мерзімде арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған жағдайларда тексеру жүргізу мерзімі оларды алғанға не орындағанға дейін тоқтатыла тұрады.
      Тексерілетін субъектіні тексеруді тоқтата тұру не қайта бастау туралы хабардар ету құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органды хабардар ете отырып, тексеруді тоқтата тұруға не қайта бастауға дейін бір күн бұрын жүргізіледі.
      Тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау кезінде тексеруді тоқтата тұру не қайта бастау туралы акт шығарылады.
      Тоқтатыла тұрған тексеруді жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.
      Тоқтатыла тұрған және осы бапта белгіленген мерзімдерде қайта басталмаған тексеру бойынша тексерілетін субъектіні тексеруді қайта жүргізуге жол берілмейді.
      Салық қызметі органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізудің, ұзартудың және тоқтата тұрудың тәртібі мен мерзімдерінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалады.

      21-бап. Сараптау (талдау, сынақтан өткізу) үшін өнімдердің
               үлгілерін іріктеу тәртібі

      1. Бақылау және қадағалау жүргізу үшін өнім үлгілерін іріктеу, оның ішінде іріктеп алынатын үлгілердің саны нормативтік құқықтық актілердің және Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарының өнімге және өнімдерді сынақтан өткізу әдістеріне қойылатын талаптарға сәйкес анықталады.
      2. Өнімдердің үлгілерін іріктеуді бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы тексерілетін субъект басшысының немесе өкілінің және тексерілетін субъектінің уәкілетті адамының қатысуымен жүргізеді және өнімнің үлгілерін іріктеу актісімен расталады.
      Өнімдердің іріктеп алынған үлгілері жинақталған, буып-түйілген және пломбыланған (мөр басылған) болуға тиіс.
      3. Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісі үш данада жасалады. Актінің барлық даналарына өнімдердің үлгілерін іріктеп алған лауазымды адам және тексерілетін субъектінің басшысы не өкілі қол қояды.
      Іріктеу актісінің бір данасы жолдамамен және тиісті түрде іріктеп алынған өнімнің үлгілерімен бірге сараптау (талдау, сынақтан өткізу) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілеттік берілген ұйымға жіберіледі.
      Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісінің екінші данасы тексерілетін субъектіде қалады.
      Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісінің үшінші данасы өнімдердің үлгілерін іріктеуді жүзеге асырған бақылау және қадағалау органының лауазымды адамында сақталады.
      4. Іріктеп алынған өнімдердің үлгілерін сақтау және тасымалдау осы үлгілерді сараптау (талдау, сынақтан өткізу) жүргізілетін өлшемдерді өзгертуге тиіс емес.
      Сараптау (талдау, сынақтан өткізу) үшін өнімдердің үлгілерін іріктеп алатын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы, олардың сақталуын және сараптаманы (талдауды, сынақты) жүзеге асыру орнына уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етеді.
      5. Өнімдердің үлгілерін іріктеумен байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
      6. Сараптама нәтижелерімен тексерілетін субъектінің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарды бұзу фактісі расталған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сараптама жүргізу жөніндегі шығыстарды өтеуге міндетті.
      7. Тексерілетін субъекті өз бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптама (талдау, сынақ) жүргізуге уәкілетті ұйымда өзінде қалған үлгіге сараптама (талдау, сынақ) жүргізе алады.
      Бақылау және қадағалау органы және тексерілетін субъект жүргізген сараптамалар нәтижелерінің алшақтықтары туралы дау сот тәртібімен шешіледі.

      22-бап. Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісі

      Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісінде:
      1) жасалу орны және күні;
      2) соның негізінде өнімдердің үлгілерін іріктеу жүзеге асырылатын бақылау және қадағалау органы басшысы шешімінің нөмірі және күні;
      3) өнімдердің үлгілерін іріктеуді жүзеге асыратын лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты;
      4) өнімдердің үлгілерін іріктеу жүргізілетін тексерілетін субъектінің атауы және орналасқан жері;
      5) тексерілетін субъект уәкілетті адамының лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты;
      6) өндірушіні, өндіру күнін, партияның сериясын (нөмірін), үлгілердің жалпы құнын көрсете отырып, іріктеп алынған өнімдер үлгілерінің тізбесі және саны;
      7) буып-түю түрі және мөрдің (пломбының) нөмірі көрсетіледі.

      23-бап. Тексеру жүргізу кезіндегі шектеулер

      Тексеру жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органы лауазымды адамдарының:
      1) егер мұндай талаптар мемлекеттік органның атынан әрекет ететін лауазымды адамдардың құзыретіне жатпаса, осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың орындалуын тексеруге;
      2) егер құжаттар, ақпарат, өнім үлгілері, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеу сынамалары тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
      3) өнім үлгілеріне, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеу сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргізу үшін көрсетілген үлгілердің, сынамалардың белгіленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеп алу қағидаларында және олардың зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар күшіне енетін күнге дейін қолданыста болатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында және әдістерінде белгіленген нормадан асатын санда іріктеп алынуы туралы хаттамаларды ресімдемей, оларды іріктеп алуға;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялықсалықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
      5) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерінен асып кетуге;
      6) осы Заңның 16-бабы 7-тармағының 2), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгілі бір мәселе бойынша, белгілі бір кезең ішінде бұрын тексеру жүргізілген тексерілетін субъектіге қатысты көрінеу қайта тексеру жүргізуге;
      7) мемлекеттік бақылау мақсатында тексерілетін субъектілердің есебінен шығынды сипаттағы іс-шараларды жүргізуге құқығы жоқ.
      Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      24-бап. Тексерулерді ресімдеу тәртібі

      1. Тексерудің нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы екі данада тексеру нәтижелері туралы акті жасайды.
      Тексеру нәтижелері туралы актіде:
      1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
      2) бақылау және қадағалау органының атауы;
      3) оның негізінде тексеру жүргізілген, тексеруді тағайындау туралы акті жасалған күні мен оның нөмірі;
      4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы;
      5) тексерілетін субъектінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тексеруді жүргізу кезінде сол жерде болған жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
      6) тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі;
      7) тексерудің нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәліметтер;
      8) тексерілетін субъекті өкілінің, сондай-ақ тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамның актімен танысуы туралы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы;
      9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетіледі.
      Тексерудің нәтижелері туралы актіге олар болған жағдайда өнімдердің үлгілерін (сынамаларын) іріктеу, қоршаған орта объектілерін зерттеу туралы актілер, жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың) және сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және тексеру нәтижелерімен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.
      2. Тексерудің нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, заңды тұлғаның басшысы немесе жеке тұлға не олардың өкілдері оларды жазбаша түрде баяндайды.
      Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізудің нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады.
      3. Тексерілетін субъектіде түпнұсқа ретінде болатын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшаларының көшірмелері бар тексерудің нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар үшін заңды тұлғаның басшысына немесе жеке тұлғаға не олардың өкілдеріне тапсырылады.
      4. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша тексерілген субъекті үш жұмыс күнінен кешіктірмей, қарсылықтар болмағанда тексеруді жүргізген мемлекеттік органның басшысымен келісілген мерзімдерді көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданатын шаралар туралы ақпарат беруге міндетті.
      5. Тексерілетін субъектілердің келушілер мен тексерулерді есепке алу кітабын жүргізуге құқығы бар. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары тексерілетін субъектілердің келушілер мен тексерулерді есепке алу кітабында тегін, лауазымдарын және актіде баяндалған деректерді көрсете отырып, жүргізілген іс-әрекет туралы жазба жасауға міндетті.
      6. Түпнұсқалық бухгалтерлік және өзге де құжаттарды алып қоюға және алуға тыйым салынады.
      Түпнұсқалық құжаттарды алып қою және алу Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жағдайларда жүргізіледі.
      7. Тексеру жүргізілген кезде осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылық болмаған жағдайда тексеру нәтижелері жөніндегі актіге тиісті жазба жасалады.
      8. Тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірілмей тексеру нәтижелері туралы актінің тапсырылған күні тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
      Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      25-бап. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды
               адамдарының тексерулер жүргізу кезінде анықталған
               бұзушылықтар фактілері бойынша қабылдайтын
               шаралары

      Егер тексеру жүргізу нәтижесінде тексерілетін субъектінің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың фактісі анықталған болса, бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы (адамдары) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктер шегінде анықталған бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу, адамның өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне ықтимал зиян келтіруді болдырмау жөнінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға, сондай-ақ бұзушылыққа жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
      Тексерілетін субъектіге қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралар қабылдаған кезде бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған жағдайларда және тәртіппен прокурорды хабардар етеді.

      26-бап. Мемлекеттiк органдар лауазымды адамдарының
               бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiндегi
               құқықтары мен мiндеттерi

      1. Тексерілетін субъектілерге бақылау және қадағалау жүргізу кезiнде мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының:
      1) осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетiлген құжаттарды көрсеткен кезде тексерiлетiн объектiнiң аумағына және үй-жайларына кедергiсiз кiруге;
      2) қағаз және электронды жеткiзгiштердегi құжаттарды (мәлiметтердi) не олардың көшiрмелерiн тексеру нәтижелерi туралы актiге қосу үшiн алуға, сондай-ақ тексерудiң мiндеттерi мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған деректер қорына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткiзуге;
      3) мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар.
      2. Тексерудi жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына тексеру нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтiнiш жасауға тыйым салынады.
      3. Бақылауды және қадағалауды жүргiзу кезiнде бақылау мен қадағалау органдарының лауазымды адамдары:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға;
      2) тексерудi осы Заңда және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген негiзде және тәртiппен қатаң сәйкестiкте жүргiзуге;
      3) тексеру жүргiзу кезеңiнде тексерілетін субъектілердің белгiленген жұмыс режимiне кедергi келтiрмеуге;
      4) осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген өкiлеттiктердi уақтылы және толық көлемде орындауға;
      5) тексеру жүргiзу кезiнде тексерілетін субъектiнiң қатысуына кедергi келтiрмеуге, тексеру нысанасына жатқызылған мәселелер бойынша түсiнiктер беруге;
      6) тексеру жүргiзу кезiнде тексерілетін субъектiге тексерудiң мәнiне қатысты қажеттi ақпарат беруге;
      7) тексеру аяқталған күнi не «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тексерілетін субъектiге жүргiзiлген тексерудiң нәтижелерi туралы актiнi беруге;
      8) алынған құжаттардың және тексеру жүргiзу нәтижесiнде алынған мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      27-бап. Бақылау және қадағалау жүргізу кезіндегі
               тексерілетін субъектінің құқықтары мен міндеттері

      1. Бақылау және қадағалау жүргізу кезінде тексерілетін субъектілер мыналарға:
      1) тексеру жүргізу үшін объектіге келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарын мынадай:
      жоспарлы тексерулер тағайындалған кезде алдыңғы тексерулерге қатысты уақыт аралығы сақталмаған;
      тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен, осы Заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес келмеген;
      осы Заңның 16-бабы 7-тармағының 2), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік орган белгілі бір мәселе бойынша, белгілі бір кезеңде бұрын тексеру жүргізілген тексерілетін субъектіге қатысты көрінеу қайта тексеру тағайындаған;
      егер алдыңғы тексеру кезінде бұзушылықтар анықталмаған болса, осы Заңның 16-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалған;
      осы Заңның 131415-баптарында және 18-бабының 1-тармағында көзделген ақпарат пен құжаттар болмаған;
      егер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, жасалған не әзірленіп жатқан қылмыстар туралы өтініште немесе хабарламада, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу туралы өзге де өтініштерде көрсетілген уақыт аралығының шеңберінен шығатын кезеңде тексеру тағайындалған;
      тексеру жүргізуге тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тексеру жүргізу тапсырылған;
      осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тексеруді тағайындау туралы бір актіде тексеруге тартылатын бірнеше тексерілетін субъектілер көрсетілген;
      тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған;
      осы Заңның 28-бабының 2-тармағына сәйкес осы Заңның талаптары өрескел бұзылған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
      2) егер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатқызылмаған немесе актіде көрсетілген кезеңге жатқызылмаған болса, мәліметтер бермеуге;
      3) тексеруді тағайындау туралы актіге, тексерудің нәтижелері туралы актіге және мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
      4) мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тексерілетін субъектілердің қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйым салуларын орындамауға;
      5) тексеруді жүзеге асыру үдерісін, сондай-ақ лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірместен, аудиотехника және бейнетехника құралдарының көмегімен лауазымды адамның тексеру шеңберінде жүргізген жекелеген іс-әрекеттерін тіркеуге;
      6) үшінші тұлғалардың өз мүдделері мен құқықтарын білдіруі, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында оларды тексеруге қатысуға тартуға құқылы.
      2. Мемлекеттік органдар бақылау және қадағалау жүргізген кезде тексерілетін субъектілер:
      1) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының талаптарын сақтай отырып, тексерілетін субъектінің аумағына және үй-жайларына бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
      2) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау талаптарын сақтай отырып, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қағаз және электронды жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін тексерудің нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін табыс етуге, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуіне мүмкіндік беруге;
      3) тексеруді тағайындау туралы актінің екінші данасында оны алғаны туралы белгі жасауға;
      4) жүргізілген тексеру аяқталған күні нәтижелері туралы актіні алғаны туралы оның екінші данасында белгі жасауға;
      5) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
      6) объектіге тексеру жүргізу үшін келген адамдардың осы объекті үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік факторлар әсерінен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
      Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      28-бап. Осы Заңның талаптарын өрескел бұза отырып
               жүргізілген тексерудің жарамсыздығы

      1. Егер бақылау және қадағалау органы тексеруді осы Заңда белгіленген тексеруді ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұза отырып жүзеге асырса, тексеру жарамсыз деп танылады.
      Жарамсыз деп танылған тексеру актісі осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды тексерілетін субъектілердің бұзуының дәлелі болып табылмайды.
      Тексерудің жарамсыз деп танылуы жоғары тұрған мемлекеттік органның немесе соттың оның күшін жоюына негіз болып табылады.
      Жоғары тұрған мемлекеттік органның тексерудің жарамсыздығына байланысты актінің күшін жою туралы тексерілетін субъектінің өтінішін қарауы өтініш берілген кезден бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Мұндай өтінішті қараудың белгіленген мерзімі бұзылған жағдайда шешім тексерілетін субъектінің пайдасына шешіледі.
      2. Осы Заңның талаптарын өрескел бұзушылыққа:
      1) тексеру жүргізуге негіздің болмауы;
      2) тексеру тағайындау туралы актінің болмауы;
      3) тексеру жүргізу туралы хабарлау мерзімінің сақталмауы;
      4) осы Заңның 23-бабының талаптарын бұзу;
      5) жоспарлы тексеру тағайындау кезінде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралығын бұзу;
      6) тексерілетін субъектіге тексеру тағайындау туралы актіні табыс етпеу;
      7) мемлекеттік органдардың өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулер тағайындауы;
      8) тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу міндетті болғанда, оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарда тіркеместен, тексеру жүргізу жатады.
      Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      29-бап. Бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын
               мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды
               адамдарының шешiмдерiне, iс-әрекетiне
               (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      1. Бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiнде тексерілетін субъектiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда тексерілетін субъектi тиісті бақылау және қадағалау органының және (немесе) лауазымды адамның iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға не сотқа шағымдануға құқылы.
      2. Тексерілетін субъектiнiң мемлекеттiк органдардың қылмыстық iстi қозғаумен және тексеру жүргiзумен байланысты iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануы Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

3-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      30-бап. Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау
               саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртiбi

      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 17-бабы 2-тармағының 5) тармақшасындағы «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деп есептелсін.
      Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                   Н. Назарбаев
 
 

«Қазақстан Республикасындағы 
мемлекеттік бақылау және   
қадағалау туралы»      
2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV
Қазақстан Республикасының 
Заңына қосымша       

Мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке
кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 470-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.06 № 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 № 533-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.22 № 21-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.13 № 542-IV (2012.07.26 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 № 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Мемлекеттік бақылау:
      1) электр энергетикасы саласында;
      1-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында;
      2) жер қойнауын пайдалану саласындағы келісімшарттар талаптарының сақталуына;
      3) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында;
      4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      4-1) газ және газбен жабдықтау саласында;
      5) халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында;
      6) мұнай операцияларын жүргізу саласында;
      7) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуіне және айналымына;
      8) атом энергиясы саласында;
      9) автомобиль көлігі саласында;
      10) темір жол көлігі саласында;
      11) Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерінде көлік құралдарының иелері мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласында;
      12) көлік саласында;
      12-1) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында;
      12-2) ішкі су көлігі саласында;
      13) өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңге және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуына экспорттық бақылау саласында;
      14) техникалық реттеу саласында;
      15) сәйкестікті бағалау саласындағы Қазақстан Республикасының аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына;
      16) метрология саласында;
      17) тұрғын үй қатынастары саласында;
      18) асыл тұқымды мал шаруашылығы және ара шаруашылығы саласында;
      19) жануарлар дүниесін қорғау, молайту және пайдалану саласында;
      20) тұқым шаруашылығы саласында;
      21) астық нарығын реттеу саласында;
      22) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласында;
      23) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласында;
      24) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласында;
      25) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;
      26) мақтаның қауіпсіздігі және сапасы саласында;
      27) жерді пайдалану мен қорғауға;
      28) геодезиялық және картографиялық қызметке;
      29) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында;
      30) шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлеріне;
      31) қалдықтармен жұмысқа;
      32) міндетті экологиялық сақтандыруға;
      33) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында;
      34) азаматтық қорғаныс саласында;
      35) алып тасталды - ҚР 2012.06.22 № 21-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      36) өрт қауіпсіздігі саласында;
      37) қызметі үшінші тұлғаларға нұқсан келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласында;
      38) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласында;
      39) көрсетілетін медициналық және арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасына;
      40) халыққа жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егудің ұйымдастырылуына және өткізілуіне;
      41) жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың ұйымдастырылуына және өткізілуіне;
      42) білім беру жүйесіне;
      43) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңнамасының сақталуына;
      44) еңбек туралы және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауға;
      45) қызметкерді еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру саласында;
      46) халықты жұмыспен қамту саласында;
      47) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында;
      48) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласында;
      49) бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;
      49-1) телерадио хабарларын тарату саласында;
      50) байланыс саласында;
      51) ақпараттандыру саласында;
      52) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      53) тармақшаны жаңа редакцияда енгізу көзделген - 21.06.2013 № 106-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      53) салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуіне, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуына;
      54) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде салықтық емес түсімдердің түсуіне;
      55) трансферттік бағаларды қолдану кезінде;
      56) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;
      57) сырттай байқау рәсімдерінің, оңалту рәсімдерінің, конкурстық іс жүргізудің өткізілуіне;
      58) валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға;
      59) құзыреті шегінде қаржылық ұйымдардың қызметіне;
      59-1) микроқаржы ұйымдарының қызметіне;
      60) төлемдер және ақша аударымдарывексель айналымдары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қазақстан Республикасы валюта заңнамасының сақталуына;
      61) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      62) экономикалық шоғырлануға;
      63) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына;
      64) авторлық құқық және сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншікселекциялық жетістіктеринтегралдық микросхема топологиясы объектілерін пайдалануға;
      65) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтінін кейіннен жариялау саласында;
      66) бағалау қызметі саласында;
      67) табиғи монополиялар салаларында;
      68) реттелетін нарық субъектілерінің табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндеттерді және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген, мемлекет реттеп отыратын бағалар енгізілетін өнімдер, тауарлар және көрсетілетін қызметтер номенклатурасы бойынша белгіленген бағаларды сақтауына;
      69) мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;
      70) жол жүрісі қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне;
      71) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;
      72) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      73) жарылғыш және улы заттарды, радиоактивті материалдар мен заттарды қолдану мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуына;
      74) шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларының сақталуына;
      75) күзет қызметіне;
      75-1) күзет дабылы құралдарын монтаждау, орнату және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке;
      75-2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері және әскери құрамалары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар күзететін Қазақстан Республикасының объектілерін қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды орындауына;
      76) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына;
      77) көлік құралдарының иелері мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласында;
      78) туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;
      79) аудиторлық қызмет және кәсіптік аудиторлық ұйымдар қызметі саласында;
      80) ойын бизнесі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;
      81) тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;
      82) дене шынықтыру және спорт саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;
      83) спорт объектілерін пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі стандарттардың, қағидалар мен нормалардың сақталуы нысанасында;
      84) спортта допингке қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне;
      85) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында;
      86) өңірлік қаржы орталығына қатысушылардың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне;
      87) тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуына және пайдаланылуына;
      88) мемлекеттік статистика саласында;
      89) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласында;
      90) биоотын айналымы саласында;
      91) биоотын өндіру саласында;
      92) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын сақтауда;
      92-1) ғарыш қызметі саласында;
      93) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасын сақтауда;
      93-1) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына;
      94) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;
      95) ветеринария саласында;
      96) өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласында;
      97) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтауда;
      98) автомобиль жолдары саласында;
      99) бала құқықтарын қорғау саласында;
      100) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы саласында;
      101) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;
      102) лицензиялық бақылау саласында;
      103) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалатын бұйымдардың айналымы саласында;
      104) өнеркәсіп саласында;
      105) ұйымдардың, әскери міндеттілердің және әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына;
      106) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуына;
      107) қалалар мен елді мекендерді абаттандыру қағидаларының сақталуына жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қадағалау:
      1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану саласында;
      2) азаматтық авиация қызметіне;
      3) халықаралық әуе тасымалдарына;
      4) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;
      5) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында;
      6) ішкі су көлігі саласында;
      7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;
      8) ветеринария саласында;
      9) өсімдіктер карантині саласында;
      10) санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласында;
      11) қаржы нарығына және қаржы ұйымдарына;
      11-1) микроқаржы ұйымдарының қызметіне;
      12) кредиттік бюролар қызметіне;
      13) инвестициялық қорлар қызметіне;
      14) жануарлар дүниесін қорғау, молайту және пайдалану саласында;
      15) орман қорын сақтау, қорғау, пайдалану, ормандарды молайту және орман өсіру саласында;
      16) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;
      17) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жүзеге асырылады.