Құқық қорғау қызметі туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 85-б. қараңыз.
      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "курсанттары (тыңдаушылары)", "курсанттар (тыңдаушылар)", "курсанттарына (тыңдаушыларына)", "курсанттарының (тыңдаушыларының)", "курсанттарға (тыңдаушыларға)" деген сөздер тиісінше "курсанттары", "курсанттар", "курсанттарына", "курсанттарының", "курсанттарға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Бүкіл мәтіні бойынша "жоғарылату", "жоғарылау", "жоғарылай алады", "жоғарылатуды" деген сөздер тиісінше "өсіру", "өсіру", "өсе алады", "өсіруді" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бүкіл мәтін бойынша "ақпараттық жүйе", "ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" деген сөздер тиісінше "цифрлық жүйе", "цифрлық технологиялар" деген сөздермен ауыстыру көзделген – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілеріне", "осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен", "заңнамалық актілерінде" деген сөздер тиісінше "заңдарына", "осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында", "заңдарында" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Осы Заң Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайын (мәртебесін), материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық автоматтандырылған дерекқор (ақпараттық жүйе) – құқық қорғау қызметіне кіру мәселелері бойынша жоспарлауға, іріктеуге (құжаттарды қабылдауға) және персоналды басқаруға байланысты қызметті автоматтандыруға арналған ақпаратты, жинауды, сақтауды, беруді және өңдеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық кешен;

      1-1) алғашқы кәсіптік даярлық – құқық қорғау органдарына қызметке кіріп жатқан адамдар үшін кәсіптік дағдылар алуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;

      1-2) аттестаттаудан кейінгі дамыту – құқық қорғау органы қызметкерін аттестаттау нәтижелері бойынша оның дара кәсіби өзін-өзі даярлауын ұйымдастыру;

      1-3) ауыстыру – қызметкердің лауазымдық жағдайы мен функционалдық міндеттерінің өзгеруі;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 10.06.2026 № 301-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) ауысу – құқық қорғау органдарындағы қызметті тоқтатпастан құқық қорғау органында атқарып жүрген қызметінен босата отырып, сол мезгілде басқа құқық қорғау органындағы лауазымға тағайындау;

      2-1) басшы лауазым – өзіне бағынысты ұжымның немесе жекелеген қызметкерлердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктер берілген құқық қорғау органының құрылымдық бірлігі;

      3) баянат – қызметкер қызмет әрекеті процесінде тікелей немесе уәкілетті басшыларға өтініш жасаған кезде ерекше нысандағы жазбаша баяндау;

      3-1) бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтинг) – құқық қорғау органының ақпараттық кадр жүйесі арқылы қалыптастырылған, қызметке кандидаттың және қызметкердің кәсіби құзыреттеріне, сондай-ақ лауазым үшін негізгі көрсеткіштеріне және кәсіби жетістіктері туралы объективті деректеріне негізделген кәсіби әлеуетінің қалыптасқан сандық мәні (өлшемшарттар);

      4) біліктілік талаптары – құқық қорғау органындағы лауазымға орналасуға үміткер азаматтарға олардың кәсіптік даярлық деңгейін, құзыреттілігін және нақты лауазымға сәйкестігін айқындау мақсатында қойылатын талаптар;

      4-1) ведомстволық деректер банкі – құқық қорғау органының бос лауазымға орналасуға резервке қойылған қызметке кандидаттар туралы мәліметтер қамтылатын ақпараттық базасы;

      4-2) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      4-3) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      5) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5-1) кадрлық болжам – кадрларды дамыту бағыттары және олардың болашақ жай-күйі туралы дәлелді ұсынулар жүйесі;

      5-2) кадрлық жоспарлау – кадрларға қажеттілікті жүйелі талдау және құқық қорғау органдарының тиісті лауазымдарында білікті мамандардың қажетті санымен қамтамасыз ету процесі;

      6) құқық қорғау қызметі – құқық қорғау органдары лауазымдарындағы мемлекеттік қызметтің ерекше түрі, сондай-ақ, осы Заңның 44-бабында көзделген жағдайларда қызмет өткеру;

      6-1) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      7) құқық қорғау органы – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін, өз құзыретіне сәйкес қылмыстылыққа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыратын, заңдылықты қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қолдау, құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу, тергеу, қылмыстық істер бойынша сот шешімдерін атқару жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган;

      7-1) құқық қорғау органының басшысы – құқық қорғау органының қызметкерлері мен жұмыскерлері, уәкілетті басшылар бағынысында болатын құқық қорғау органының бірінші басшысы;

      7-2) құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуал – құқық қорғау органының алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсінумен сипатталатын психологиялық күй;

      7-3) құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалды әлеуметтік мониторингтеу – құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі туралы ақпарат алуға бағытталған әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жүйелі зерделеу;

      8) құқық қорғау органының қарамағында болу – штаттық лауазымға орналасумен байланысты емес құқық қорғау қызметін өткеру;

      9) құқық қорғау органының қызметкері (бұдан әрі – қызметкер) – құқық қорғау органдары жұмыскерлерінің арасынан арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілген Қазақстан Республикасының азаматы;

      10) құқық қорғау органының тәртіптік комиссиясы – тәртіптік теріс қылыққа қатысты фактілерді қызметтік тергеу және зерттеу материалдарын қарау үшін оның жасалуының мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтау және тәртіптік жауапкершілікке тартылатын қызметкерді лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адамды тәртіптік жазалау шарасы туралы ұсыным шығару мақсатында құқық қорғау органында құрылатын тұрақты алқалы орган;

      10-1) қызметтік тергеп-тексеру – қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауының мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтау мақсатында ол туралы материалдар мен мәліметтерді жинау және тексеру жөніндегі қызмет;

      10-2) алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      11) мансаптық өсу – лауазымдық ауыстырылу және кәсіби даму кезеңдеріне сәйкес қызметкерді қызмет бойынша өсіру;

      11-1) өзге де қару-жарақат салатын патрондармен атуға болатын ұңғысыз атыс қаруы, газды қару, электрлі қару, белгі беру қаруы, суық қару, лақтырылатын қару және қарудың басқа да түрлері;

      11-2) полиграфологиялық зерттеу – адамның жекелеген физиологиялық реакцияларын арнаулы датчиктердің көмегімен тіркеуден тұратын сауалнама жүргізу рәсімі;

      11-3) психофизиологиялық куәландыру – құқық қорғау қызметіне кандидаттардың, қызметкерлердің жеке-психологиялық және психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты бағалауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

      12) ротация – қызмет мүддесіне орай кадрлық әлеуетті ұтымды пайдалану мақсатында жүзеге асырылатын, басшылық лауазымдарды атқаратын қызметкерлерді жоспарлы ауыстыру;

      12-1) ротацияны жоспарлау – қызметкердің жоспарлы лауазымдық ауыстырылуы және кәсіби дамуы кезеңдерін айқындауға бағдарланған процесс;

      12-2) алып тасталды – ҚР 12.06.2026 № 311-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      12-3) тәлімгер – құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамға бекітіліп берілетін және оның кәсіби бейімделуіне оған практикалық көмек көрсететін құқық қорғау органының қызметкері;

      13) тәртіптік жаза – қызметкерге қолданылатын тәртіптік жауапкершілік шарасы;

      14) тәртіптік жауапкершілік – тәртіптік теріс қылықтар, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қызметкерлер көтеретін заңдық жауапкершілік түрі;

      15) тәртіптік теріс қылық – қызметкердің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлі атқармауы немесе тиісінше атқармауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін бұзуы, сол сияқты құқық қорғау қызметінде болуға байланысты белгіленген шектеулерді сақтамауы;

      16) уәкілетті басшы – құқық қорғау органының облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) немесе оған теңестірілген мамандандырылған бөлімшесінің басшысы, құқық қорғау органы мекемесінің, ведомствосының басшысы;

      17) ұйымдық-штаттық іс-шаралар – құқық қорғау органының, құқық қорғау органының аумақтық немесе оған теңестірілген мамандандырылған бөлімшесінің, құқық қорғау органы мекемесінің, ведомствосының штаттары мен құрылымын қалыптастыру жөніндегі шаралар кешені (құқық қорғау органын құру; қайта ұйымдастыру; тарату; оның қызметкерлерінің санын немесе штатын ұлғайту немесе қысқарту; құқық қорғау органының және (немесе) құрылымдық бөлімшесінің қызметкері лауазымын өзгерту);

      18) ұсыну – құқық қорғау органы жүйесінде жоғары тұрған лауазымдарға орналастыру;

      19) іс-сапарға жіберу – қызмет мерзімін үзбестен, қызметкерді Қазақстан Республикасының басқа да құқық қорғау органдарында, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, сондай-ақ құқық қорғау органы жүйесінде одан әрі қызмет өткеру үшін ауыстыру;

      20) іс-сапармен бару – құқық қорғау органы кадрында қала отырып, басқа мемлекеттік органдардағы және халықаралық ұйымдардағы лауазымдарға орналасу;

      21) экономикалық тергеп-тексеру қызметі – Қазақстан Республикасының заңдарында қаржы мониторингі жөніндегі органдардың жүргізуіне жатқызылған қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын осы органдардың жедел-тергеу бөлімшелері.

      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 09.11.2011 № 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 № 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 411-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2026 № 311-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Құқық қорғау органдарындағы қызметтің құқықтық негізі

      1. Құқық қорғау органдарындағы қызметтің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заңда көзделген ерекшеліктермен қоса Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-бап. Құқық қорғау органдары

      Құқық қорғау органдарына өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары және экономикалық тергеу қызметі жатады.

      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2026 № 311-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Құқық қорғау қызметінің принциптері

      1. Құқық қорғау органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің принциптеріне және құқық қорғау қызметінің арнаулы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Құқық қорғау қызметінің арнайы принциптері мыналар болып табылады:

      1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау міндеттілігі;

      2) азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық;

      3) құқық қорғау органдарында құқық қорғау қызметін ұйымдастыруға көзқарастың біртұтастығы;

      4) дара басшылық пен субординация (бағыныстылық);

      5) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болу.

5-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      Осы Заңның күші, Қазақстан Республикасының әскери қызмет туралы заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдарының әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерін қоспағанда, барлық қызметкерлерге қолданылады.

      Осы Заңның күші, осы Заңның 3 (мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарынан басқа), 45-1, 59, 60, 61 және 62-баптарын, 69-бабының 3 және 3-1-тармақтарын, 80-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасын қоспағанда, азаматтық қорғау органдарына және олардың қызметкерлеріне, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарындағы қызметке қолданылады.

      Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде мемлекеттік саяси қызметшілерге қолданылады.

      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (30.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-1-бап. Кадр қызметі

      Кадр қызметі өз құзыреті шегінде:

      1) құқық қорғау органының кадрларға қажеттілігін талдайды және жоспарлайды;

      2) құқық қорғау органы құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасын орындау жөніндегі қызметін үйлестіреді;

      3) аттестаттауды және конкурстық іріктеуді жүргізу, қызмет бойынша өсіру, қызметкерлерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, қызметкерлерді қызметтен босату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      4) құқық қорғау қызметіне кандидаттарды алдын ала зерделеуді және іріктеуді, кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеруімен байланысты құжаттарды ресімдейді;

      5) құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметкерлердің және қызметке кандидаттардың тағылымдамасын, тәлімгерлігін, оқуын, қайта даярлығын және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      7) қызметкерлердің дербес деректерін, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асырады;

      8) алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      9) құқық қорғау органының басшысы бекітетін әдістемеге сәйкес кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалайды;

      10) ұйымдық-штаттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 1-тарау 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ТҰРУ

6-бап. Құқық қорғау қызметіне тұру шарты

      1. Құқық қорғау органдарына қызметке жасы он сегізге толған, өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене бітімінің даму жағдайы, білім деңгейі жөнінен өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады.

      2. Құқық қорғау қызметіне:

      1) заңмен белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған;

      2) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы, дене бітімі немесе психикалық даму жағдайы бойынша құқық қорғау қызметін өткеруге жарамсыз деп танылған;

      2-1) медициналық немесе психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтпеген;

      3) қызметкер құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тартқан;

      4) алып тасталды - ҚР 18.11.2015 № 411-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5) құқық қорғау қызметіне тұрар алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 12.06.2026 № 311-VIIІ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін үш жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік қызметші ретінде алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, құқық қорғау қызметіне тұрғанға дейін үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;

      6-1) қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке орналасқанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

      7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

      8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жұмыстан шығарылған;

      ҚР Конституциялық Сотының 31.08.2023 № 27 нормативтік қаулысымен "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 8) тармақшасымен өзара байланысты болу үшін қатарынан үш және одан көп сағат бойы дәлелді себепсіз қызметте болмағаны үшін әскери қызметтен шығарылған адамдардың әскери қызметке және құқық қорғау қызметіне кіруіне мерзімсіз тыйым салуды белгілеу бөлігінде осы Заңның 6-бабы 2-тармағының 9) тармақшасы осы құқықтық шектеудің мөлшерлестігінің болмауына байланысты Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылды.

      9) сотталғандығы бар немесе болған не қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік, әскери қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан теріс себептер бойынша шығарылған, сондай-ақ судья өкілеттігін теріс себептер бойынша тоқтатқан адам қабылданбайды.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінің күші теріс себептермен қызметтен шығару және өкілеттігін тоқтату бөлігінде:

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік жарамсыздығына қарай атқаратын лауазымына сай келмеуі туралы шешімінің негізінде судья өкілеттігін тоқтатқан;

      қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелді себепсіз қызметте болмауына байланысты қызметтен шығарылған адамға қолданылмайды, ол осындай шығарудан кейін екі жыл өткен соң құқық қорғау қызметіне кіруге құқылы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9) тармақшаны үшінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ҚР Конституциялық Сотының 25.08.2025 № 75-НҚ нормативтік қаулысымен осы Заңының 6-бабы 2-тармағының 9) тармақшасы ҚР Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.

      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау құқық қорғау қызметіне қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

      4. Құқық қорғау органдарына қызметке тұру азаматтар міндетті арнайы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.

      5. Құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын азаматтар қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан және құқық қорғау органының тиісті бөлімшесінде полиграфологиялық зерттеуден міндетті түрде өтеді.

      5-1. Полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      6. Алып тасталды - ҚР 18.11.2015 № 412-V (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7. Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      8. Осы баптың 4 және 5-тармақтарының күші, денсаулық жағдайы бойынша, аттестаттау қорытындыларымен анықталған қызметке сәйкес келмеуі бойынша, теріс себептер бойынша шығарылғандарды қоспағанда, бұрын құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері болған, шығарылған күндерінен бастап бес жұмыс күні ішінде құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын қызметкерлерге, сондай-ақ құқық қорғау қызметіне ауысу тәртібімен қабылданатын әскери қызметшілерге қолданылмайды.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 411-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 412-V (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2026 № 251-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Құқық қорғау қызметіне үміткерлерді іріктеу

      1. Алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Құқық қорғау органдарына қызметке кіру, осы баптың 3-тармағында және осы Заңның 7-1-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде не құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарындағы алғашқы кәсіптік даярлық арқылы жүзеге асырылады.

      Құқық қорғау қызметіне іріктеу қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтингі) және оның кәсіптік құзыреттерге сәйкестік дәрежесі ескеріле отырып жүргізіледі.

      Қызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістерін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.

      Конкурстық іріктеуден не алғашқы кәсіптік даярлықтан өтпеген азаматтарды қызметке қабылдаған лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауаптылыққа тартылады.

      2-1. Құқық қорғау органдарына қызметке қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымына кіру құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлық арқылы жүзеге асырылады.

      Прокуратура органдарына қызметке және экономикалық тергеп-тексеру қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Ішкі істер органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері ішкі істер органдары басшысының нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары басшысының нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      3. Құқық қорғау органдарына қызметке конкурстық іріктеуден тыс мыналар:

      1) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуын аяқтаған адамдар – оқу аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде;

      2) бұрын құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы лауазымдарда қызмет өткерген және құқық қорғау органдарында, арнаулы мемлекеттік органдарда кемінде үш жыл қызмет өтілі бар адамдар;

      3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемелерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында бұрын әскери қызметте болған және әскери лауазымдарды атқарған адамдар – кемінде үш жыл әскери қызмет өтілі болған кезде;

      4) өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай атқарған және оларды тоқтатқан Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, мемлекеттік саяси қызметшілер, судьялар қабылдануы мүмкін.

      4. Қызметкердің құқық қорғау қызметін өткеру кезеңінде бос лауазымға орналасуы, ол тиісті бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, оның келісімі бойынша ауысу тәртібімен конкурстан тыс негізде немесе конкурстық негізде жүзеге асырылуы мүмкін.

      5. Құқық қорғау органының кадр қызметі қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкін олардың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткішін (цифрлық рейтингін) көрсете отырып жүргізеді.

      6. Алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2026 № 311-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-1-бап. Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарға орналасуға арналған конкурс

      1. Құқық қорғау қызметіне конкурстық негізде кіру, қатардағы, кіші және орта басшы құрамдар лауазымдарын және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) онымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын лауазымдарды қоспағанда, құқық қорғау органдарының бос және уақытша бос лауазымдарына жүзеге асырылады.

      2. Конкурстық негізде кіретін кандидаттарды алдын ала зерделеуді құқық қорғау органдарының кадр қызметтері және өзінің (ішкі) қауіпсіздік қызметтері жүзеге асырады.

      3. Алдын ала зерделеу құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын кандидаттардың осы Заңның 6 және 10-баптарының талаптарына сай келуін тексеруді қамтиды.

      4. Конкурс тиісті санаттағы бос лауазымға орналасуға арналған резервте кандидаттар болмаған жағдайда өткізіледі.

      5. Кандидаттарды конкурстық негізде іріктеуді құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының шешімі бойынша құрылатын құқық қорғау органының конкурстық комиссиясы жүзеге асырады.

      6. Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарға орналасуға арналған конкурс мынадай бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:

      1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

      2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан ақпараттық автоматтандырылған дерекқор (ақпараттық жүйе) арқылы құжаттар қабылдау;

      3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарының белгіленген біліктілік талаптарына және осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарау;

      4) конкурстық комиссия өткізетін конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу;

      5) конкурсқа қатысушыларды медициналық және психофизиологиялық куәландыру;

      6) конкурсқа қатысушыларды полиграфологиялық зерттеу;

      7) конкурстық комиссияның қорытындысы.

      7. Конкурс өткізу туралы хабарландыру құқық қорғау органдарының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

      Егер конкурс құқық қорғау органының уақытша бос лауазымына өткізілсе, бұл шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.

      8. Конкурстық комиссия құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға кандидатты бос лауазымға орналасуға арналған резервке алу туралы ұсыным жасауға құқылы.

      9. Конкурстық комиссияның бос лауазымға орналасуға арналған резервке алу туралы ұсынымдары әрбір бос лауазымға үшеуден аспайтын кандидатқа қатысты жасалады.

      Кандидаттың бос лауазымға орналасуға арналған резервте болу мерзімі ол алынған күннен бастап бір жылды құрайды.

      Кандидаттың ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартуы оны бос лауазымға орналасуға арналған резервтен шығару үшін негіз болып табылады.

      10. Жарияланған лауазымға тағайындауға конкурстық комиссия ұсынған кандидат міндетті арнаулы тексеруден өтеді.

      Міндетті арнаулы тексерудің нәтижелері алынғанға дейін кандидат бос немесе уақытша бос лауазым бойынша көзделетін міндеттерді уақытша атқарады. Онымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі.

      Міндетті арнаулы тексеру жүргізу кезеңінде кандидатқа осы Заңның қызметкерлердің міндеттері мен жауаптылығы, құқық қорғау қызметінде болуға байланысты шектеулер бөлігіндегі ережелері қолданылады.

      Міндетті арнаулы тексерудің оң нәтижелері алынған жағдайда бос немесе уақытша бос лауазым бойынша міндеттерді жүзеге асыру кезеңі сынақ мерзіміне, сондай-ақ құқық қорғау қызметінің өтіліне (еңбек сіңірген жылдарына) есептеледі.

      11. Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдері, сондай-ақ конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізбесі құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Ескерту. Заң 7-1-баппен толықтырылды – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-2-бап. Құқық қорғау органдарына қызметке конкурстық іріктеуден тыс қабылдау

      1. Құқық қорғау қызметіне осы Заңның 7-бабының 3-тармағында және 7-1-бабының 1-тармағында көзделген адамдар құқық қорғау органы басшысының шешімі бойынша конкурстық іріктеуден тыс қабылдануы мүмкін.

      2. Конкурстық іріктеуден тыс кіретін кандидаттарды зерделеуді, олардың біліктілік талаптарына және осы Заңның 6-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкестігін тексеруді құқық қорғау органдарының кадр қызметтері және өзге де бөлімшелері жүзеге асырады.

      3. Адамды құқық қорғау органдарына лауазымға конкурстық іріктеуден тыс тағайындау біліктілік талаптарына және осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда жүргізіледі.

      Ескерту. Заң 7-2-баппен толықтырылды – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-бап. Құқық қорғау қызметіне қабылдау

      1. Құқық қорғау органдарына қызметке қабылдау лауазымға тағайындау жолымен, оның ішінде құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқуға түскен адамдармен келісімшарт жасасу жолымен жүзеге асырылады.

      Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтаған адамдарды қызметке қабылдау құқық қорғау органдарының кадрына алу арқылы жүзеге асырылады. Лауазымға тағайындау құқық қорғау органының кадрына алынған күннен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.

      2. Құқық қорғау органдарына қызметке қабылдау құқық қорғау органы басшыларының немесе уәкілетті басшылардың бұйрықтарымен ресімделеді. Бұйрық қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға қол қойдырып жарияланады.

      3. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды, олардың қабылдануын құқық қорғау органдарының кадр қызметтері жазбаша нысанда тіркеп-белгілейді.

      4. Қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарға тағайындалған немесе құқық қорғау органдарының кадрына қабылданған әскери міндеттілер, құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының курсанттарын қоса алғанда, белгіленген тәртіппен әскери есептен шығарылады және құқық қорғау органдарының арнайы есебіне қойылады.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 411-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.01.2026 № 251-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)Заңдарымен.

9-бап. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау

      1. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуға орта білімі бар, жасы он алтыға толған адамдар қабылдана алады.

      Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.

      Жоғары білімі бар адамдар құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін қабылдануы мүмкін.

      2. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен оқу ақысы төлене отырып, құқық қорғау органдарының жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсетін адамдар білім беру ұйымдарындағы оқу мерзіміне және бір мезгілде білім беру ұйымдарында оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында орта және аға басшы құрамдар лауазымдарында қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады.

      3. Келісімшартта тараптардың (оқуға түсетін адамның және құқық қорғау органының лауазымды адамының) өзара міндеттемелері мен жауапкершілігі белгіленеді және білім беру ұйымын бітіргеннен кейін құқық қорғау органында қызметті одан әрі атқарудың шарттары мен мерзімдері көзделеді. Келісімшарт қабылдау комиссиясының құқық қорғау органының білім беру ұйымына қабылдау туралы шешімінен кейін жасалады. Келісімшарттың нысаны, оны жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртібі құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.

      4. Жасы он сегізге толмаған адамдармен келісімшарт жасалған жағдайда, олардың ата-аналарының, бала асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімі қажет.

      5. Құқық қорғау органдарының жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуын бітірген қызметкерлер – құқық қорғау органдарында кемінде бес жыл, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында күндізгі оқу бойынша оқуын бітірген қызметкерлер кемінде үш жыл қызмет өткеруге міндетті.

      6. Қызметкер құқық қорғау органының білім беру ұйымын аяқтағаннан кейін құқық қорғау органдарында одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан не келісімшартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, ол өзін оқыту кезеңінде оқуға, стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына бару және кері қайту жолақысы шығыстарына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті. Ұсталуға тиісті сома келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейінгі қызмет атқарылмаған әрбір толық айға пропорционалды түрде есептеледі.

      Осы міндет қызметкер денсаулық жағдайы бойынша әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы негізінде не құқық қорғау органы штаттарының қысқартылуына немесе оның қайта ұйымдастырылуына не таратылуына байланысты басқа лауазымға пайдаланудың, сондай-ақ оны басқа құқық қорғау органына не арнаулы мемлекеттік органға ауыстыру мүмкін болмаған жағдайларда қызметтен босатылған болса, оған қолданылмайды.

      7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын құқық қорғау органының білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқудың толық курсын бітіргендер үшін оқыған уақыты мерзімді әскери қызметті өткерумен теңестіріледі. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының, өзге де мемлекеттердің құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының түлектері бөлуге сәйкес қызмет өткеруге жіберіледі.

      8. Әскерге шақырылу жасына жеткен және үлгерімі төмен болғаны, тәртіп сақтамағаны үшін, сондай-ақ өз еркімен оқудан шығарылған құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінің курсанттары, сондай-ақ құқық қорғау органдарының жолдамасы бойынша шетел мемлекеттерінің білім беру ұйымдарында оқитындар әскери есепке қою үшін тұрғылықты жеріндегі әскери басқару органдарына жіберіледі. Олар өздерін оқыту кезеңінде оқуға, стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына бару және кері қайту жолақысы шығыстарына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті. Ұсталуға тиісті сома білім беру ұйымдарында болған әрбір толық айға пропорционалды түрде есептеледі.

      9. Бюджет қаражатын мемлекет пайдасына өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      10. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдары диплом алдындағы практикадан өту үшін құқық қорғау органдарына жіберген курсанттар практикадан өту кезеңіне бос лауазымға тағайындалады.

      11. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жоғары оқу орындарын аяқтағаннан кейін магистратураға және докторантураға бірден қабылданған қызметкерлерге, тиісті кафедра оқытушысының айлықақысының жетпіс пайызы мөлшерінде лауазымдық айлықақы, сондай-ақ арнаулы атағы немесе сыныптық шені үшін қосымша ақы төленеді.

      Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының магистратурасына және докторантурасына қабылданған қызметкерлерге оқу уақытына оқуға жіберілгенге дейін атқарған соңғы штаттық лауазымы (уақытша атқарған емес) бойынша лауазымдық айлықақысының жетпіс пайызы мөлшерінде лауазымдық айлықақы белгіленеді.

      12. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының курсанттарына каникулдық демалыс кезеңіне қалааралық автомобиль (таксиді қоспағанда), теміржол және су көлігімен тұрақты тұратын жеріне баруға және кейін қайтуға жол жүру ақысы төленеді.

      12-1. Курсанттардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелері олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына баруды құқық қорғау органының басшысы айқындайтын тәртіппен жүзеге асыруға құқылы.

      13. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді ала алады.

      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-бап. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрам лауазымдарына орналастыруға қойылатын талаптар

      1. Құқық қорғау органдарына қызметке отыз бес жастан аспаған, тиісті білімі бар және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери дайындықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

      Осы Заңға сәйкес құқық қорғау қызметіне құқық қорғау органы басшысының шешімі бойынша орта және аға басшы құрам лауазымына отыз бес жастан асқан, жоғары кәсіптік даярлығы не белгілі бір мамандықтар бойынша едәуір жұмыс тәжірибесі бар адам қабылдануы мүмкін.

      2. Қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына құқық қорғау органының лауазымдары санатына қойылатын біліктілік талаптарына байланысты кемінде орта білімі бар азаматтар қабылданады немесе қызметкерлер тағайындалады.

      Орта басшы құрам лауазымдарына құқық қорғау органының лауазымдары санатына қойылатын біліктілік талаптарына байланысты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар азаматтар қабылданады немесе қызметкерлер тағайындалады.

      3. Мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын әскерге шақыру жасындағы азаматтар орта және аға басшы құрам лауазымдарына жоғары білімі болған жағдайда ғана қабылдана алады.

      4. Аға және жоғары басшы құрам лауазымдарына жоғары білімі бар азаматтар қабылданады немесе қызметкерлер тағайындалады.

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Құқық қорғау қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлық

      Ескерту. 11-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Құқық қорғау органдарына қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымына кіретін адамдар құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтеді.

      2. Алғашқы кәсіптік даярлық құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқытуды және тағылымдаманы қамтиды.

      Оқыту құқық қорғау органының қызмет бағыттарына қарай білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

      Алғашқы кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде кандидаттардың тағылымдамасын тиісті құқық қорғау органы өткізеді.

      Алғашқы кәсіптік даярлық үшін кадрларға қажеттілікті әрбір құқық қорғау органы кадрлық болжам негізінде дербес айқындайды.

      3. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлыққа түсетін адамдармен келісімшарт жасалады.

      Келісімшартта алғашқы кәсіптік даярлыққа түсетін адамның, құқық қорғау органының және құқық қорғау органы білім беру ұйымының өзара міндеттемелері мен жауаптылығы белгіленеді, сондай-ақ алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтағаннан кейін құқық қорғау органдарында одан әрі қызметті өткеру шарттары мен мерзімдері көзделеді. Келісімшарт қабылдау комиссиясының құқық қорғау органының білім беру ұйымына қабылдау туралы шешімінен кейін жасалады.

      4. Алғашқы кәсіптік даярлықтан өтетін адамдар бюджет қаражаты есебінен тамақпен және тұру орнымен қамтамасыз етіледі.

      Прокуратура органдарына қызметке және экономикалық тергеп-тексеру қызметіне кіретін адамдарға алғашқы кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде стипендия төленеді, оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      5. Алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтаған адамдар қызмет бағыты бойынша даярлық өткізілген құқық қорғау органының кадрына алынады.

      Алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен адамды құқық қорғау органында лауазымға тағайындау кезінде алғашқы кәсіптік даярлықтан өту мерзімі құқық қорғау қызметінің өтіліне (еңбек сіңірген жылдарға) есептеледі.

      6. Алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтаған адамдар құқық қорғау органдарында кемінде үш жыл қызмет өткеруге міндетті.

      7. Алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтаған адам құқық қорғау органында одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан не үлгермеуіне және (немесе) тәртіп бұзуына байланысты, сондай-ақ өз еркімен құқық қорғау органдарының білім беру ұйымынан шығарылған жағдайда, ол даярлыққа, өзін даярлау кезеңінде стипендия төлеуге, тамағы мен тұру орнына жұмсалған бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекетке өтеуге міндетті.

      Бұл міндет үш жыл ішінде әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе жарамдылығы шектеулі екені туралы қорытындысы негізінде денсаулық жағдайы бойынша не құқық қорғау органы штатының қысқартылуына, оны қайта ұйымдастыруға немесе таратуға байланысты қызметтен шығарған жағдайда, оны басқа лауазымда пайдалану, сондай-ақ басқа құқық қорғау органына не арнаулы мемлекеттік органға ауыстыру мүмкін болмаған жағдайларда қызметкерге қолданылмайды.

      8. Құқық қорғау қызметіне кіретін және аға және жоғары басшы құрамдар лауазымдарына, сондай-ақ конкурстық іріктеуден тыс тағайындалатын адамдар алғашқы кәсіптік даярлықтан өтпейді.

      9. Алғашқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан адамдарға осы Заңның 16-бабы 1-тармағы 1), 5), 8), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларының, 17-бабының 1-тармағы 5), 6), 7) және 8) тармақшаларының және 3-тармағының күші қолданылмайды.

      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2026 № 311-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін сынақ мерзімі және тәлімгерлікті ұйымдастыру

      Ескерту. 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін үш айға дейін сынақ мерзімі белгіленеді.

      Сынақ мерзімінің нәтижесі қанағаттандырарлықсыз болған кезде құқық қорғау органы басшысының немесе тиісті лауазымға тағайындауға құқығы бар уәкілетті басшының шешімі бойынша сынақ мерзімі кейіннен қайтадан ұзартылмай, үш айға ұзартылады.

      2. Сынақ мерзімі оның құқық қорғау қызметінде атқарып жүрген лауазымына сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленеді. Сынақ мерзімі кезеңінде арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілмейді.

      3. Сынақ мерзімінен өту туралы шарт құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының құқық қорғау органдарына қызметке қабылдау туралы бұйрығында көзделеді.

      4. Егер сынақ мерзімі аяқталса, ал қызметкер құқық қорғау органдарындағы қызметін жалғастыра берсе, ол сынақтан өткен болып есептеледі және сынақ мерзімі құқық қорғау органдарындағы қызмет өтіліне есептеледі. Бұдан кейін жұмыстан шығаруға осы Заңда көзделген негіздер бойынша ғана жол беріледі.

      5. Сынақ мерзімі кезеңінде қызметкерге осы Заңның және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ережелері қолданылады. Қызметкер сынақ мерзімі кезеңінде өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді орындайды, атыс қаруын, арнаулы құралдарды алып жүру және сақтау құқықтарын қоспағанда, өзіне берілген құқықтарды толық көлемде іске асырады.

      6. Қызметкердің дәлелді себептермен қызметте болмауы сынақ мерзіміне есептелмейді.

      7. Мыналарға:

      1) құқық қорғау органдарына қызметке кіретін және аға және жоғары басшы құрамның басшы лауазымдарына тағайындалатын адамдарға;

      2) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының түлектеріне;

      3) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен адамдарға;

      4) бұрын құқық қорғау органдарында, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген адамдарға;

      5) теріс себептер бойынша қызметтен шығарылғандарды немесе өз өкілеттігін тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттігін тоқтатқан судьяларға сынақ мерзімі белгіленбейді.

      8. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдарға құқық қорғау органының тиісті кәсіптік даярлығы және айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлері қатарынан тәлімгер бекітіліп беріледі.

      Бұл ереже аға және жоғары басшы құрамдар лауазымдарына бірінші рет кіретін адамдарға қолданылмайды.

      Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі мен мерзімдері құқық қорғау органдары басшыларының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Қызметкерлердің Ант қабылдау тәртібі

      1. Мыналар:

      1) құқық қорғау органдарына қызметке бірінші рет кіретін, арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілген адамдар – арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілгеннен кейін екі айдан кешіктірмей;

      2) білім беру ұйымдарының бұрын Ант қабылдамаған курсанттары, тыңдаушылары – оқуға қабылданғаннан кейін екі айдан кешіктірілмей;

      3) бұған дейін қандай да бір себептер бойынша Ант қабылдамаған қызметкерлер Ант қабылдайды.

      2. Ант құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының басшылық етуімен құқық қорғау органында салтанатты жағдайда қабылданады.

      3. Қызметкерлердің уақтылы Ант қабылдауы, қызметкерлердің Ант қабылдауын ұйымдастыру және оның есебін жүргізу құқық қорғау органдары кадр қызметтерінің басшыларына жүктеледі.

      4. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері антының мәтінін және оны қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

14-бап. Қызметкерлердің мәртебесі және олардың құқықтық кепілдіктері

      1. Қызметкерлер мемлекеттік биліктің өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады.

      2. Қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптары (бұдан әрі – заңды талаптар) жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

      3. Қызметкерлердің заңды талаптарын орындамау, оларды қорлау, қарсылық көрсету, күш қолданамын деп қорқыту немесе олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне, мүлкіне қол сұғушылық, оларға жүктелген міндеттерді орындауға кедергі келтіретін басқа да іс-әрекеттер, сондай-ақ қызметкерлердің қызметтік міндеттері мен қызметтік борышын орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының өміріне, денсаулығына, ар-намысына, қадір-қасиетіне және мүлкіне қол сұғушылық заңдарда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      4. Қызметкерлер өздеріне жүктелген міндеттерді орындау кезінде, Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, тек құқық қорғау органының басшысына, тікелей және уәкілетті басшыларына бағынады.

      5. Қызметкерлердің қызметіне, бұған заңмен тікелей уәкілеттік берілген адамдарды қоспағанда, ешкімнің араласуына құқығы жоқ. Қызметкерлердің қызметіне құқыққа қарсы араласу заңдарда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      6. Заңға қайшы келетін бұйрық немесе нұсқау алған кезде қызметкер заңды басшылыққа алуға міндетті және оның қорғауында болады.

      7. Қызметкерлердің өздеріне қатысты қабылданған шешімдер мен әрекеттерге (әрекетсіздікке) жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.

      8. Егер қызметкерлердің іс-әрекеттері осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылса, олар атыс қаруын және өзге де қаруды, арнаулы құралдарды және дене күшін қолдануына байланысты келтірілген зиян үшін жауаптылықта болмайды.

      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-бап. Қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеруге байланысты құқықтары

      1. Қызметкерлердің:

      1) лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға;

      2) өздерінің құқықтары мен лауазымдық міндеттерін айқындайтын ережемен, өзге де құжаттармен және жоғарылатуға ұсыну шарттарымен танысуға;

      3) лауазымдық міндеттерін атқарумен байланысты мемлекеттік органдарға, ұйымдарға олардың ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, белгіленген тәртіппен кіріп-шығуға;

      4) егер мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты болса, белгіленген тәртіппен осындай мәліметтерге қол жеткізуге;

      5) лауазымдық міндеттерін атқаруға және кәсіби дамуына құқық қорғау органының қажетті жағдайлар жасауына;

      6) қызмет әрекеті нәтижелерін, мемлекеттік қызмет өтілі мен біліктілік деңгейі ескеріле отырып, қызметте өсуіне;

      7) өзінің кәсіптік қызмет әрекеті туралы пікірлермен және басқа құжаттармен олар жеке ісіне енгізілгенге дейін, жеке ісінің материалдарымен танысуына, сондай-ақ өзінің жазбаша түсініктемелерін және басқа құжаттар мен материалдарды жеке іске қосуына;

      8) Осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген тәртіппен, кәсіптік қайта даярлыққа, біліктілігін арттыруына және тағылымдамадан өтуіне;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз өмірінің, денсаулығының және мүлкінің, өз отбасы мүшелері өмірінің, денсаулығының және мүлкінің мемлекеттік қорғалуына;

      10) өзінің дербес деректерінің қорғалуына;

      11) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін, сондай-ақ құқық қорғау қызметін өткеруге байланысты жеке дауларды шешу үшін бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған лауазымды адамдарға, жоғары тұрған органдарға немесе сотқа жүгінуге;

      12) медициналық және санаториялық-курорттық қызмет көрсетілуіне;

      13) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға;

      14) тұрғын үймен қамтамасыз етілуге және әлеуметтік қамсыздандырылуға;

      15) құқық қорғау қызметінің ерекшеліктері ескеріле отырып, қызметте тиісінше ұйымдастырушылық-техникалық және санитариялық жағдайлар жасалуына;

      16) осы Заңға және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалуына;

      17) оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметті жүзеге асыруға;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалануға;

      19) ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүруге құқығы бар.

      2. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін қоспағанда, қызметкерлерге атыс қаруы мен өзге де қаруды және арнаулы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану құқығы беріледі. Олар дене күшін, оның ішінде күрестің жауынгерлік тәсілдерін қолдануға да құқылы. Атыс қаруы мен өзге де қаруды, арнаулы құралдарды және дене күшін қолдану тәртібі осы Заңда айқындалады.

      3. Қызметкерлерге өз құзыреті шегінде өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін реттейтін заңдарымен көзделген өзге де құқықтар беріледі.

      4. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүрудің тәртібін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.

      Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 № 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.06.2025 № 196-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-бап. Қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеруге байланысты міндеттері

      1. Қызметкерлер:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

      2) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуге;

      3) заңмен көзделген тәртіп пен мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;

      4) өздеріне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттігін жүзеге асыруға;

      5) қызметтік және еңбек тәртібін сақтауға;

      6) қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға;

      7) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтауға;

      8) басшылардың заңды бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттіктері шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;

      9) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның ішінде құқық қорғау қызметін тоқтатқаннан кейін де, ол жөнінде қолхат бере отырып, заңмен белгіленген уақыт ішінде сақтауға;

      10) қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысын және қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеуге;

      11) мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге;

      12) қызметкердің жеке мүддесі өзінің өкілеттігімен ұштасатын немесе оған қайшы келетін жағдайларда, жазбаша нысанда баянат беруге және тікелей және уәкілетті басшыны дереу хабардар етуге;

      13) өзінің кәсіптік деңгейі мен біліктілігін арттыруға;

      14) мемлекеттік қызмет мүдделеріне зиян келтіретін жария сөйлеуге жол бермеуге;

      15) қызметкердің не оның жұбайының (зайыбының) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтінішхатпен жүгіну фактісі туралы не шетелдік азаматтықты алуға өтінішхатпен жүгіну фактісі туралы жүгінген күні өзінің тікелей басшысына жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

      16) алып тасталды - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Қызметкерлерге өз құзыреті шегінде қойылған міндеттерге сәйкес, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамаларында көзделген өзге де міндеттер белгіленеді.

      3. Қызметкерлер адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзған жағдайда, құқық қорғау органдары сол құқықтарды қалпына келтіріп, келтірілген залалды өтеуге, кінәлі қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа тартуды қамтамасыз етуге тиіс.

      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 411-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 412-V (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2026 № 251-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-бап. Қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер

      1. Қызметкердің:

      1) өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға, партиялар, кәсіптік одақтар қатарында болуға, қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге немесе сыни пікір білдіруге, құқық қорғау органдары жүйесінде өз мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру мен қорғау және еңбек жағдайын жақсарту үшін олардың кәсіптік мүдделерінің ортақтығына негізделген саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктерді құруға;

      2) оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;

      3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық міндеттері болып табылатын не осы тармақтың 3-2) тармақшасында көрсетілген акцияларды басқару үшін қажетті, не тұтыну кооперативін немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқаруға өтеусіз негізде қатысу болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымды басқаруға қатысуға;

      3-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, бағалы қағаздарды сатып алуға;

      4) заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға;

      5) өзінің қызметтік әрекетін қамтамасыз ететін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсатта пайдалануға;

      6) ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысуға;

      7) лауазымдық өкілеттіктерін атқаруға байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметін жеке мақсатында пайдалануға;

      8) пайдакүнемдік мақсатта, оның ішінде лауазымды немесе өзге де адамдармен сөз байласу жолымен қызмет бабын пайдалануға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.06.2026 № 311-VIIІ (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9) өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруға, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуына құқығы жоқ.

      2. Қызметкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, лауазымға кіріскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды), цифрлық активтерді, сондай-ақ мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті қоспағанда, өзіне меншік құқығында немесе өзге де заттай құқықта тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті құқық қорғау қызметін өткеру уақытында сенімгерлік басқаруға беруге және көрсетілген мерзімде кадр қызметіне мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.

      Қызметкер өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруға және осындай тапсырудан кіріс алуға, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен және басқа да заңды көздерден кіріс алуға құқылы.

      2-1. Қызметкерлер қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.

      3. Осы бапта көзделген шектеулерді сақтамағаны үшін жауапкершілік осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.

      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2026 № 251-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-бап. Әскери жағдай қолданылатын кезеңде құқық қорғау қызметінде құқықтық қатынастардың туындауы мен өзгеруі

      Әскери жағдай қолданылатын кезеңде құқық қорғау қызметінде құқықтық қатынастардың туындау және өзгеру ерекшеліктерін және оны жалғастыруды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

19-бап. Қызметкерлердің жауапкершілігі

      1. Өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық, тәртіптік жауаптылықта болады.

      2. Көрінеу заңға қайшы бұйрықты немесе нұсқауды орындау қызметкерді жауапкершіліктен босатпайды.

      Атқару үшін алынған өкімнің заңдылығына күмәнданған жағдайда, бұл жөнінде ол өзінің тікелей басшысына және өкімді берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы аталған өкімді жазбаша растаған жағдайда қызметкер, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиіс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, оны орындауға міндетті. Қызметкердің заңсыз өкімді орындауының салдары үшін осы өкімді растаған басшы жауаптылықта болады.

      3. Қызметкерлердің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      4. Заңға қайшы әрекеттерімен құқық қорғау органына келтірілген материалдық залал үшін қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес материалдық жауаптылықта болады.

20-бап. Қызметкерлердің қызметтік куәліктері және жетондары

      1. Қызметкерлерге олардың жеке басын және өкілеттіктерін растайтын қызметтік куәліктер мен жетондар беріледі.

      Жетондар прокуратура органдарының, экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне берілмейді.

      Қызметтік куәліктердің сипаттамасын және жетондардың үлгілерін, сондай-ақ оларды беру тәртібін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.

      2. Қызметтік куәлік адамның құқық қорғау органына қатыстылығын, оның құқық қорғау қызметіндегі лауазымын және арнаулы атағын немесе сыныптық шенін растайтын құжат болып табылады.

      Қызметкердің қызметтік куәлігі, азаматтық қорғау органының қызметкерін қоспағанда, оның атыс қаруын және өзге де қаруды, арнаулы құралдарды алып жүру және сақтау құқығын, қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген өзге де өкілеттіктерді растайды.

      Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.06.2025 № 196-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2026 № 311-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

21-бап. Қызметкерлердің нысанды киімі және айырым белгілері

      1. Қызметкердің өзі қызмет өткеретін құқық қорғау органына байланысты оның құқық қорғау қызметіне тиесілігін көрсету мақсатында қызметкерлердің арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері бойынша нысанды киім және айырым белгілері белгіленеді.

      2. Арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер берілген қызметкерлер нысанды киіммен тегін қамтамасыз етіледі.

      3. Нысанды киімнің сипаттары, айырым белгілері, киіп жүру тәртібі және онымен қамтамасыз ету нормасы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

      Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. Арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

22-бап. Арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беру

      1. Қызметкерлерге мынадай арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беріледі:

      1) қатардағы құрам:

      қатардағы қызметкер;

      2) кіші басшы құрам:

      кіші сержант;

      сержант;

      аға сержант;

      старшина;

      3) орта басшы құрам:

      кіші лейтенант;

      лейтенант, 3-сыныпты заңгер;

      аға лейтенант, 2-сыныпты заңгер;

      капитан, 1-сыныпты заңгер;

      4) аға басшы құрам:

      майор, кіші кеңесші;

      подполковник, кеңесші;

      полковник, аға кеңесші;

      5) жоғары басшы құрам:

      генерал-майор, 3-сыныпты мемлекеттік кеңесші;

      генерал-лейтенант, 2-сыныпты мемлекеттік кеңесші;

      генерал-полковник, 1-сыныпты мемлекеттік кеңесші;

      жоғары сыныпты мемлекеттік кеңесші.

      2. Арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер қызметкерлерге біліктілігі, білімі, қызметке қатысы, еңбек сіңірген жылдары және атқаратын штаттық лауазымы ескеріле отырып, реттілік тәртібімен дербес беріледі.

      3. Қызметкерлердің арнаулы атақтарының немесе сыныптық шендерінің алдынан тиісті септікте, олардың қайсысына қатыстылығын көрсететін мынадай сөздер қосылады:

      1) прокуратура органдарына – "әділет";

      2) ішкі істер органдарына – "полиция", "әділет";

      3) алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 374-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      6) алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      7) мемлекеттік фельдъегерлік қызметке – "фельдъегерлік қызмет";

      8) азаматтық қорғау органдарына – "азаматтық қорғау";

      9) алып тасталды – ҚР 12.06.2026 № 311-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      10) экономикалық тергеп-тексеру қызметіне – "экономикалық тергеп-тексеру қызметі.

      4. Қызметте болудың шекті жасына жеткен немесе зейнетақыға құқық беретін еңбек сіңірген жылдары бар қызметкерлердің арнаулы атақтарының немесе сыныптық шендерінің алдынан "отставкадағы" деген сөз қосылады.

      5. Құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын курсанттарының қатарына қабылданған азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы атақтар беріледі.

      6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің запасында тұратын азаматқа, ол құқық қорғау органдарындағы басшы құрам лауазымына тағайындалғаннан кейін, оның өзінде бар әскери атағынан төмен емес арнаулы атақ немесе сыныптық шен беріледі.

      7. Құқық қорғау органдарында бұрын қызмет өткерген адамдар қызметке қайта қабылданған (оқуға қабылданған) кезде, басқа құқық қорғау органынан іссапарға жіберу тәртібімен қабылданған адамдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген адамдар, әскери қызметшілер жаңа қызмет (оқу) орны бойынша берілетін арнаулы атаққа немесе сыныптық шенге теңестіріле отырып, бұрынғы қызмет орны бойынша берілген өздерінде бар арнаулы, әскери атақпен немесе сыныптық шенмен лауазымға тағайындалады (оқуға қабылданады).

      Құқық қорғау органына тағайындалған адамның өзінде бар жоғары басшы немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы, әскери атағы немесе сыныптық шені осы баптың 1-тармағы 5) тармақшасының, 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, өзі қызмет өткеретін органға тиесілігін көрсететін тең дәрежелі арнаулы, әскери атаққа немесе сыныптық шенге сәйкес келеді деп танылады.

      Бұрынғы арнаулы, әскери атақта немесе сыныптық шенде болу мерзімі кезекті арнаулы атақ, сыныптық шен беру үшін еңбек сіңірген мерзімге есептеледі.

      8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдарына жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды тікелей орындайтын лауазымды адамдарға олар сол қызметке орналасқан жағдайда арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беруге құқық беретін лауазымдар тізбесін, олардың өкілеттіктеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      9. Бұрын "ішкі қызмет аға прапорщигі", "өртке қарсы қызмет аға прапорщигі", "ішкі қызмет прапорщигі", "өртке қарсы қызмет прапорщигі", "әділет аға прапорщигі", "әділет прапорщигі" әскери немесе арнаулы атақтары берілген адамдар осы Заңда көзделген негіздер бойынша өз қызметтерін тоқтатқанға дейін осы атақтарда қызметтерін жалғастыруға құқылы.

      Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 18.01.2012 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.06.2026 № 311-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

22-1-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің біліктілік сыныптары

      Ескерту. 22-1-бап алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

23-бап. Бірінші және кезекті арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді беру тәртібі

      Ескерту. 23-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      1. Арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер берілу ретіне қарай бірінші және кезекті болып бөлінеді.

      1-1. Мыналар:

      1) қатардағы құрам үшін – қатардағы қызметкер;

      2) кіші басшы құрам үшін – кіші сержант (сержант);

      3) орта басшы құрам үшін – кіші лейтенант (лейтенант, аға лейтенант), 3-сыныпты заңгер бірінші арнаулы атақтар немесе сыныптық шен болып есептеледі.

      2. Қатардағы және кіші басшы құрамның арнаулы атақтарын (бірінші және кезекті) уәкілетті басшы береді.

      3. Орта және аға басшы құрамның бірінші арнаулы атақтарын немесе сыныптық шендерін құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы береді.

      4. Кіші лейтенанттың бірінші арнаулы атағы:

      1) қатардағы немесе кіші басшы құрам лауазымдарын атқарып жүрген, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының соңғы курстарында оқитын және орта басшы құрам лауазымдарына тағайындалған қызметкерлерге;

      2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бітірген, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен және орта басшы құрам лауазымдарына тағайындалған азаматтарға беріледі.

      5. Лейтенант арнаулы атақтары, "3-сыныпты заңгер" сыныптық шені:

      1) кіші лейтенанттарға – арнаулы атақта еңбек сіңірудің осы Заңда белгіленген мерзімінің өтуі бойынша, ал жоғары білім беретін білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бітіргендерге – бұл атақта еңбек сіңіру мерзіміне қарамастан;

      2) қатардағы қызметкер мен кіші басшы құрамның арнаулы атақтары бар, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын бітірген және орта басшы құрам лауазымдарына тағайындалған қызметкерлерге;

      3) жоғары білімі бар, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен және орта немесе аға басшы құрам лауазымдарына тағайындалған адамдарға беріледі.

      5-1. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      5-2. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында, шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанының толық курсын үздік бітірген түлектерге "аға лейтенант" арнаулы атағы беріледі.

      6. Басшы құрамның кезекті арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтар немесе сыныптық шендерге сәйкес болған жағдайда және арнаулы атақтар немесе сыныптық шендерде еңбек сіңірудің белгіленген мерзімі өткен соң реттілік тәртібімен беріледі.

      7. Орта және аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтарын немесе сыныптық шендерін:

      1) капитанға, 1-сыныпты заңгерге дейін қоса алғанда – құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы;

      2) полковникке дейін, аға кеңесшіні қоса алғанда – құқық қорғау органының басшысы береді.

      8. Жоғары басшы құрамның арнаулы атақтары, сыныптық шендері Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін лауазымдар тізбесі және тәртіп бойынша беріледі.

      8-1. Жоғары басшы құрамның арнаулы атағы, сыныптық шені:

      генерал-майор, 3-сыныпты мемлекеттік кеңесші қызметкерге жоғары басшы құрам лауазымының алдындағы лауазымда полковник, аға кеңесші атағында болғанына үш жыл өткеннен кейін және жоғары басшы құрам лауазымында кемінде бір жыл қызмет еткеннен кейін берілуі мүмкін;

      генерал-лейтенант, 2-сыныпты мемлекеттік кеңесші кемінде үш жыл генерал-майор, 3-сыныпты мемлекеттік кеңесші арнаулы атағында, сыныптық шенінде болған қызметкерге берілуі мүмкін; генерал-полковник, 1-сыныпты мемлекеттік кеңесші кемінде үш жыл генерал-лейтенант, 2-сыныпты мемлекеттік кеңесші арнаулы атағында, сыныптық шенінде болған қызметкерге берілуі мүмкін.

      Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жоғары арнаулы атақ, сыныптық шен мерзімінен бұрын берілуі мүмкін.

      9. Бағынысты қызметкерді кезекті арнаулы атақты немесе сыныптық шенді беруге ұсынуды негізсіз кешіктірген құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

      10. Орта және аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының магистранттары мен докторанттарына, сондай-ақ оқу ақысын бюджет қаражаты есебінен төлей отырып, құқық қорғау органдарының жолдамалары бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқитындарға – оқуға түскеннен кейін, осы лауазымдар бойынша штаттағы арнаулы атақтар немесе сыныптық шендерге енгізілген өзгерістер ескерілместен, олар оқуға түскенге дейін атқарған штаттық лауазымдарына сәйкес тиісті арнаулы атақтарда немесе сыныптық шендерде еңбек сіңірудің белгіленген мерзімінің өтуіне орай; кезекті арнаулы немесе әскери атақтар, сыныптық шендер қызметкерлер оқуды аяқтаған соң тағайындалатын штаттық лауазымдар бойынша атақтарға сәйкес болған жағдайда – білім беру ұйымдарын, магистратураны, докторантураны бітіруіне орай беріледі.

      11. Мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерге кезекті арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер білімі мен еңбек сіңірген жылдары ескеріліп, арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірудің белгіленген мерзімі өткеннен кейін реттілік тәртібімен беріледі.

      Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.05.2026 № 291-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

24-бап. Арнаулы атақтарда немесе сыныптық шендерде еңбек сіңіру мерзімдері

      1. Қатардағы және кіші басшы құрамның арнаулы атақтарда еңбек сіңіру мерзімдері:

      қатардағы қызметкер атағында – үш ай;

      кіші сержант атағында – бір жыл;

      сержант атағында – екі жыл;

      аға сержант атағында – үш жыл.

      Cтаршина атағында еңбек сіңіру мерзімі белгіленбейді.

      2. Орта және аға басшы құрамның арнаулы атақтарда және сыныптық шендерде еңбек сіңіру мерзімдері:

      кіші лейтенант атағында – бір жыл;

      лейтенант, 3-сыныпты заңгер атағында – бір жыл;

      аға лейтенант, 2-сыныпты заңгер атағында – үш жыл;

      капитан, 1-сыныпты заңгер атағында – төрт жыл;

      майор, кіші кеңесші атағында – бес жыл;

      подполковник, кеңесші атағында – жеті жыл.

      3. Полковник арнаулы атағында, аға кеңесші сыныптық шенінде, сондай-ақ жоғары басшы құрамның атақтарында және сыныптық шендерінде еңбек сіңіру мерзімі белгіленбейді.

      4. Арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңіру мерзімі қызметкерге тиісті арнаулы немесе әскери атақ, сыныптық шен берілген күннен бастап есептеледі, бұл ретте еңбек сіңіру мерзіміне лауазымдардағы қызметтің нақты уақыты, сондай-ақ осы Заңның 44-бабында көзделген жағдайларда қызмет өткеруі кіреді.

      Қызметкерді кезекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен беруге ұсыну негізсіз кешіктірілген жағдайда, тиісті арнаулы атақ немесе сыныптық шен оның алдындағы арнаулы атақта немесе сыныптық шенде болу мерзімі өткеннен кейінгі келесі күннен бастап беріледі.

      5. Қатардағы және кіші басшы құрамдағы атағы бар, орта басшы құрам лауазымына тағайындалған қызметкерлер, осы атақта еңбек сіңірген мерзіміне қарамастан, орта басшы құрамның арнаулы атағын беруге ұсынылады.

      5-1. Ауылдық жерлерде учаскелік полиция инспекторлары лауазымдарын атқаратын қызметкерлердің арнаулы атақтарында еңбек сіңірген жылдарының мерзімі қызметтің бір айы үшін бір жарым ай есебімен жеңілдікті жағдайларда есептеледі.

      6. Кезекті арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер берудің осы Заңда көзделмеген қосымша шарттарын енгізуге тыйым салынады.

      Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.05.2026 № 291-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

25-бап. Арнаулы атақтарда немесе сыныптық шендерде еңбек сіңірген жылдары мерзімдерін тоқтата тұру

      Ескерту. 25-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Қызметкерлерге кезекті арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер тиісінше құқық қорғау органының қарамағында болған кезде лауазымға тағайындалғанға дейін, алынбаған тәртіптік жазасы болғанда, қайта аттестаттау кезінде атқаратын лауазымына сәйкес келетіні туралы мәселе шешілгенге, қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылғанға, ақтау үкімі заңды күшіне енгенге, қызметтік тергеп-тексеру аяқталғанға дейін берілмейді.

      2. Тәртіптік жаза қолданудың құқыққа сыйымсыздығы туралы шешім шығарылған немесе қайта аттестаттау кезінде атқаратын лауазымына сәйкес келетіні туралы мәселе шешілген, қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған немесе ақтау үкімі заңды күшіне енген жағдайда қызметкерлерге кезекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен атқаратын штат лауазымы бойынша атаққа немесе сыныптық шенге кезекті атақ немесе сыныптық шен сәйкес болған кезде, оны беру мерзімі басталған кезден бастап беріледі.

      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

26-бап. Көтермелеу тәртібімен арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беру

      Ескерту. 26-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін көтермелеу тәртібімен полковникті қоса алғанға дейінгі басшы құрамның кезекті арнаулы атағы немесе сыныптық шені мерзімінен бұрын (өзінде бар арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірудің белгіленген мерзімі өткенге дейін) не атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен бір саты жоғары берілуі мүмкін.

      Кезектен тыс арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер құқық қорғау органдарындағы ұзақ және мінсіз қызметі, аса күрделі тапсырмаларды орындауға байланысты қызмет бойынша жоғары нәтижелері үшін көтермелеу тәртібімен беріледі.

      2. Арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер мерзімінен бұрын арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірудің белгіленген мерзімдерінің кемінде жартысы өткенде беріледі.

      3. Ғылыми немесе академиялық дәрежесі не ғылыми немесе академиялық атағы бар, бұл ретте құқық қорғау органының білім беру ұйымында штаттық лауазымда қызмет атқаратын басшы құрам адамдарына кезекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірудің белгіленген мерзімі өткенде атқаратын лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен бір саты жоғарылатып берілуі мүмкін.

      4. Атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен бір саты жоғары кезекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен өзінде бар арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірген жылдарының белгіленген мерзімі өткен соң беріледі.

      4-1. Кезектен тыс арнаулы атақ немесе сыныптық шен өзінде бар арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірген жылдарының белгіленген мерзімі өткен соң, бірақ өзіндегі арнаулы атағынан немесе сыныптық шенінен бір сатыдан асырмай және атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген шекті арнаулы атаққа немесе сыныптық шенге қарамастан беріледі.

      5. Кіші басшы құрамдағы арнаулы атақтарды – уәкілетті басшы, ал орта және аға басшы құрамдағы арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді кезектен тыс, мерзімінен бұрын немесе бір саты жоғары құқық қорғау органының басшысы береді.

      6. Кезектен тыс, мерзімінен бұрын немесе бір саты жоғары арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер қызметкерге:

      1) алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде;

      2) өзіне қатысты қызметтік немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде берілмейді.

      7. Кезектен тыс немесе мерзімінен бұрын не бір саты жоғары арнаулы атақтармен немесе сыныптық шендермен көтермелеу барлық негіздер бойынша құқық қорғау қызметінің бүкіл кезеңі ішінде екі реттен артық жүргізілмейді.

      Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

27-бап. Арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді төмендету, арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру

      1. Арнаулы атақты немесе сыныптық шенді бір сатыға төмендетуді:

      1) кіші және орта басшы құрамдар атағындағы қызметкерлерге – уәкілетті басшы;

      2) аға басшы құрам атағындағы қызметкерлерге – құқық қорғау органының басшысы;

      3) жоғары басшы құрам атағындағы қызметкерлерге – Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенті тәртіптік жазалау шарасы ретінде қолданады.

      2. Арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру мына қызметкерлерге қатысты тәртіптік жазалау шарасы ретінде қолданылады:

      1) полковникті, аға кеңесшіні қоса алғанға дейін – құқық қорғау органының басшысы;

      2) жоғары басшы құрамға Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен – Қазақстан Республикасының Президенті жүзеге асырады.

      3. Арнаулы атақтағы немесе сыныптық шендегі еңбек сіңіру мерзімі арнаулы атақты немесе сыныптық шенді төмендету түрінде тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үзіледі және арнаулы атақты немесе сыныптық шенді қалпына келтіру туралы бұйрық шығарылған күннен бастап қалпына келтіріледі.

      Атқаратын штаттық лауазымына қарамастан арнаулы атағы немесе сыныптық шені төмендетілген (жоғары басшы құрамнан басқа) қызметкерлер атқаратын лауазымына қарамастан бұрынғы арнаулы атағына немесе сыныптық шеніне құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының бұйрығымен, бірақ арнаулы атақ немесе сыныптық шен төмендетілген (жоғары басшы құрамнан басқа) күннен бастап кемінде алты ай өткеннен кейін ғана қалпына келтіріледі.

      Жоғары басшы құрамның бұрынғы арнаулы атағына немесе сыныптық шеніне қалпына келтіруді Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенті жүргізеді.

      4. Қызметкерге бұрынғы арнаулы атағы немесе сыныптық шені қайта қалпына келтірілгенге және оған кезекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілгенге дейін арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен қайта төмендету жүргізілмейді.

      Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

28-бап. Соттың айыптау үкімімен арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру

      1. Қызметкерлерге қатысты арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру туралы соттың заңды күшіне енген айыптау үкімін орындауды:

      1) капитанға дейін, 1-сыныпты заңгерді қоса алғанда – уәкілетті басшы;

      2) полковникке дейін, аға кеңесшіні қоса алғанда – құқық қорғау органының басшысы жүзеге асырады;

      3) жоғары басшы құрамға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен заңсыз айырған жағдайда соттың шешіміне сәйкес бұрынғы арнаулы атағын немесе сыныптық шенін қалпына келтіру туралы бұйрықты құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы қабылдайды.

      3. Арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен заңсыз айырылған кезең қалпына келтірілген арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірген мерзімге кіреді. Арнаулы атағынан немесе сыныптық шенінен заңсыз айырылған адамдарға материалдық залал толық көлемде өтеледі.

      Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-тарау. ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНДА ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАУ,
ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА АУЫСТЫРУ ЖӘНЕ ӨСІРУ

29-бап. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрам лауазымдарына орналасудың жалпы қағидалары

      1. Қатардағы, кіші, орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар орналасуға жататын лауазымдарды және осы лауазымдарға сәйкес келетін арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органының басшысы айқындайды.

      2. Орта, аға және жоғары басшы құрам лауазымдарына тағайындалатын адамдар оларға арнаулы атақ, сыныптық шен берілгенге немесе құқық қорғау органдарының кадрларына қабылданғанға дейін атқаратын лауазымы бойынша қызметтік міндеттерін атқарады.

      3. Адам мансаптық өсудің барлық кезеңдерінен міндетті түрде өтіп, қойылатын біліктілік талаптарына қатаң сәйкес келген жағдайда лауазымға тағайындауды, қызметі бойынша жоспарлы ауыстыруды құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы тағайындалатын адамның психологиялық, іскерлік және жеке қасиеттерін және қызметтік жұмыс нәтижелерін ескере отырып жүргізеді.

      Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша құқық қорғау органының басшысы бекітеді.

      Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын құқық қорғау органдарымен келісу бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      4. Алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Орта және аға басшы құрамдағы адамдарды лауазымға тағайындау және қызметі бойынша ауыстыру кезінде оларды негізгі мамандығы бойынша не бар тәжірибесіне сәйкес пайдалану қамтамасыз етіледі, ал олар үшін жаңа мамандықтағы лауазымдарға пайдалану қажет болған кезде олар тағайындау алдында тиісті курстарда (жиындарда) қайта даярлықтан өтуге тиіс.

      5-1. Құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамдарының штаттық лауазымдарына қызметкерлерді тағайындау мүмкін болмаған кезде құқық қорғау органы басшысының шешімімен осы лауазымдарға еңбек шарты бойынша аталған лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін өзге де адамдар, оның ішінде уақытша тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте жұмыскердің лауазымдық айлықақысы профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамдардың атқаратын штаттық лауазымы бойынша белгіленеді.

      Профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамдардың штаттық лауазымдарына уақытша тағайындалған жұмыскерлер осы лауазымдарға қызметкерлер тағайындалған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылады.

      5-2. Қызмет бабында ауыстыру кезінде қызметкер осы Заңның талаптарын лауазымға соңғы тағайындалған кезінен бастап үш жыл ішінде анықталған бұзушылықпен лауазымға тағайындалған жағдайда, ол лауазымынан босатылуға және құқық қорғау органының қарамағына қабылдануға тиіс.

      5-2. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында, шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанының толық курсын үздік бітірген түлектерге алған мамандығы бойынша орта басшы құрамның бос лауазымын таңдаудың басым құқығы беріледі, олар осы бос лауазымға құқық қорғау органының басшысы айқындайтын тәртіппен тағайындалады.

      6. Бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйелерде орналастырылады.

      7. Құқық қорғау органын уақтылы және толық жасақтау үшін кадр қызметі құқық қорғау органының басшысы бекітетін әдістемеге сәйкес кадрлық болжамды жүзеге асырады.

      8. Құқық қорғау қызметінің учаскелерінде, бағыттарында іс-қимылдарды ретке келтірудің ұтымды дәрежесіне қол жеткізу мақсатында құқық қорғау органының басшысы айқындайтын тәртіппен жұмыс стандарттары (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгіленеді.

      9. Прокуратура органдарының орта және аға басшы құрамның басшы лауазымдарына тағайындалатын адамдарға үш айға дейін сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін.

      Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.02.2026 № 263-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.05.2026 № 291-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

30-бап. Қызмет бабында ауыстыру

      1. Қатардағы және кіші басшы құрамдағы адамдарды қызмет бабында ауыстыру:

      1) жоғары тұрған лауазымдарға – қызмет бабында өсіру тәртібімен;

      2) тең дәрежелі лауазымдарға – басқа лауазымдарға орналастыру қажет болған не оларды іскерлік және жеке қасиеттерін ескере отырып, неғұрлым орынды пайдалану, жаңа мамандыққа даярлау үшін, сондай-ақ отбасы жағдайына, денсаулық жағдайы немесе жасына қарай осы адамдардың келісімімен;

      3) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсуіне байланысты – атқаратын штаттық лауазымынан босатыла отырып, сондай-ақ білім беру ұйымын бітіргеннен кейін лауазымға тағайындалған кезде;

      4) төмен тұрған лауазымдарға:

      штаттар қысқарған кезде немесе құқық қорғау органын қайта ұйымдастыру кезінде – осы адамдарды тең дәрежелі лауазымдарға ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда және олардың келісімімен;

      денсаулық жағдайы бойынша – әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы (қаулысы) негізінде және қызметкердің келісімімен;

      аттестаттаудың қорытындысы бойынша анықталғандай, қызметіне сәйкес келмеген кезде;

      тәртіптік жаза қолдану тәртібімен;

      өз қалауы бойынша жүргізіледі.

      2. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдарды қызмет бабында ауыстыру:

      1) жоғары тұрған лауазымдарға – қызмет бабында өсіру тәртібімен;

      2) тең дәрежелі лауазымдарға – ұйымдық-штаттық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, жұмыс тәжірибесін ескере отырып, мамандығына қарай неғұрлым орынды пайдалану үшін, ротация тәртібімен, атқаратын лауазымының өкілеттіктері мерзімінің аяқталуына байланысты, сондай-ақ олардың тікелей және уәкілетті басшыларының келісімімен өз қалауы бойынша;

      3) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсуіне, мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуына байланысты – атқаратын штаттық лауазымынан босатыла отырып, сондай-ақ білім беру ұйымын бітіргеннен кейін лауазымға тағайындалған кезде;

      4) төмен тұрған лауазымдарға:

      штатты қысқарту немесе құқық қорғау органдарын қайта ұйымдастыру кезінде – осы адамдарды дәрежесі тең лауазымда пайдалану мүмкін болмаған жағдайда және олардың келісімімен;

      денсаулық жағдайы бойынша – әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы (қаулысы) негізінде;

      өз қалауы бойынша;

      аттестаттаудың қорытындысы бойынша анықталғандай, қызметіне сәйкес келмеген кезде;

      тәртіптік жаза қолдану ретінде;

      5) мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапармен бару тәртібімен жүргізіледі.

      3. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының білім беру ұйымына басшылыққа және арнайы пәндер бойынша педагогтік қызметке тағайындалған кезде олардың білім беру ұйымына тағайындалғанға дейінгі негізгі соңғы лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысы сақталады. Әрбір нақты жағдайда лауазымдық айлықақыны сақтау туралы шешімді лауазымға тағайындалғанға дейін білім беру ұйымы басшылығының ұсынуы және құқық қорғау органы орталық аппаратының кадр қызметінің қорытындысы бойынша құқық қорғау органының басшысы қабылдайды.

      Сақталған лауазымдық айлықақыны төлеу лауазымы төмендетілген кезде тоқтатылады.

      4. Төмен тұрған лауазымдарға ауыстырылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар, осы Заңның талаптары ескеріле отырып, кейіннен қызмет бабында өсе алады.

      4-1. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдарды басқа лауазымдарға, сондай-ақ басқа елді мекенге ауыстыру қажет болған кезде бұл туралы шешімді осы адамдардың даярлығы мен қызмет тәжірибесін, сондай-ақ олардың және олардың отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдердің болмауын ескере отырып, олардың келісімімен тиісті уәкілетті басшылар қабылдайды.

      5. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызмет бабында ауыстыру туралы шешім, ауыстыру негіздемесі көрсетіле отырып, құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшысының бұйрығымен ресімделеді.

      6. Қызмет бабында ауыстырылған орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында немесе емделуде жүрген жағдайларын қоспағанда, істерді тапсырғаннан кейін, бірақ бұйрықты алған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей жаңа қызмет орнына іссапарға жіберілуге тиіс.

      7. Құқық қорғау органының штаты қысқартылған кезде қызметкер ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда, ол осы Заңға сәйкес жұмыстан шығарылуға тиіс.

      8. Қызметкерлер жоғары тұрған басшылық лауазымдарға өсіру кезінде полиграфологиялық зерттеуден өтеді.

      Ескерту. 30-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

31-бап. Ротация

      1. Құқық қорғау органдарында қызмет өткеру кезінде кәсіби әлеуетін анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органының басшылық лауазымдарын атқаратын қызметкерлерін ротациялау жүзеге асырылады.

      Басшылық лауазымдардың тізбесін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.

      Құқық қорғау органының басшылық лауазымдарын атқаратын, ротацияланатын қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде жекешелендіру құқығынсыз қызметтік тұрғын үй беріледі.

      2. Ротация құқық қорғау органы басшысының шешімімен жоспарлы негізде үш жылда бір рет жүзеге асырылады. Қабылданған шешім бұйрықпен ресімделеді. Осы баптың 3-тармағында аталған қызметкерлерді қоспағанда, қызметке басқа елді мекенге ротацияға – қызметкердің жазбаша келісімімен, ал қызмет мүддесі үшін – лауазымда болу мерзіміне қарамастан және қызметкердің келісімінсіз жол беріледі.

      Ротация мынадай схемалардың бірі бойынша жүргізіледі:

      1) деңгейаралық ("орталық-өңір", "өңір-орталық");

      2) өңіраралық ("өңір-өңір");

      3) сектораралық ("орталық-орталық").

      3. Мүгедектігі бар балалары, оның ішінде асырап алған балалары (қорғаншы болып табылатын) немесе асырауында онымен тұрақты бірге тұратын және бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар отбасы мүшелері не Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген жасына байланысты зейнеткер ата-анасы бар лауазымды адамдардың басқа елді мекенге көшумен байланысты ротациясына осы лауазымды адамдардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Көрсетілген мән-жайлар құжат түрінде расталуға тиіс.

      Басқа елді мекенге көшумен байланысты ротациядан бас тартқан жағдайда, осы санаттағы қызметкерлерге нақ сол елді мекеннен бұрын атқарған лауазымынан төмен емес лауазым ұсынылады не құқық қорғау органы басшысының шешімі бойынша лауазымда болу мерзімі үш жылға дейін ұзартылады.

      Лауазымда болудың ең ұзақ мерзімі өткен соң қызметкерге нақ сол елді мекеннен қызметінің нәтижелері, кәсіби қасиеттері, құқық қорғау қызметінің өтілі ескеріле отырып, лауазым ұсынылады.

      Ұсынылған лауазымнан бас тартқан жағдайда қызметкер атқаратын лауазымынан босатылады және оның одан әрі қызмет өткеруі мәселесін шешу үшін құқық қорғау органының қарамағына қабылданады.

      4. Ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

      Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

32-бап. Құқық қорғау қызметінің жоғары тұрған, тең дәрежелі немесе төмен тұрған лауазымдары

      1. Құқық қорғау қызметінің лауазымы, егер оған құқық қорғау қызметіндегі бұрынғы лауазымы бойынша арнаулы атағына немесе сыныптық шеніне қарағанда неғұрлым жоғары шекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен көзделген болса, ал арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері тең дәрежелі болғанда – құқық қорғау қызметінің лауазымы бойынша неғұрлым жоғары айлықақы көзделген болса, жоғары тұрған лауазым болып есептеледі.

      2. Құқық қорғау қызметінің лауазымы, егер оған құқық қорғау қызметіндегі лауазымы бойынша арнаулы атағы немесе сыныптық шені және айлықақысы құқық қорғау қызметіндегі бұрынғы лауазымы бойынша арнаулы атағына немесе сыныптық шеніне және айлықақысына тең көзделген болса, тең дәрежелі лауазым болып есептеледі.

      3. Құқық қорғау қызметінің лауазымы, егер оған құқық қорғау қызметіндегі бұрынғы лауазымы бойынша арнаулы атағына немесе, сыныптық шеніне қарағанда неғұрлым төмен шекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен көзделген болса, ал арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері тең дәрежелі болғанда – құқық қорғау қызметінің лауазымы бойынша неғұрлым төмен айлықақы көзделген болса, төмен тұрған лауазым болып есептеледі.

      Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

33-бап. Қызмет бабында өсіру

      1. Қызметкерлерді қызмет бабында өсіру олар қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, сондай-ақ психологиялық, іскерлік және жеке қасиеттері, қызметтік жұмыс нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.

      Қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну аттестаттау не жоспардан тыс немесе кезектен тыс аттестаттау нәтижелері бойынша жоғары тұрған басшылық лауазымдарға өсіруге ұсынылған қызметкерлер қатарынан бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтингі) негізінде не конкурстық негізде жүргізіледі.

      Қызметкердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      1-1. Конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесін, жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.

      Жоғары тұрған басшы лауазымға арналған конкурсқа құқық қорғау органының, оның ведомстволарының, мекемелерінің, білім беру ұйымдарының, аумақтық немесе оларға теңестірілген бөлімшелерінің қызметкерлері қатысуға құқылы.

      Құқық қорғау органының, оның ведомстволарының, мекемелерінің, білім беру ұйымдарының, аумақтық немесе оларға теңестірілген бөлімшелерінің қызметкерлері арасында конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылар болмаған кезде конкурс өткізіледі, оған басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатыса алады.

      Конкурсты барлық құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

      2. Алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

33-1-бап. Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резерві

      Ескерту. 33-1-бап алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

34-бап. Кадр резерві

      Ескерту. 34-бап алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

35-бап. Кадр резервін қалыптастыру міндеттері

      Ескерту. 35-бап алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

36-бап. Құқық қорғау органдарының кадр құрамын қалыптастырудың басым бағыттары

      1. Құқық қорғау органында кадр құрамын қалыптастыру:

      1) қызметкерлердің кәсіптік білім-білігі мен дағдыларын жетілдіру;

      2) құқық қорғау қызметі лауазымына қызметкерлерді олардың кәсіби даярлығының деңгейін, кәсіби қызметте сіңірген еңбегін, психологиялық, іскерлік және жеке қасиеттерін ескере отырып тағайындау;

      3) құқық қорғау қызметін өткерудің және арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер берудің дәйектілігі негізінде қамтамасыз етіледі.

      2. Құқық қорғау қызметінің кадр құрамын қалыптастырудың басым бағыттары:

      1) құқық қорғау қызметі лауазымдарының барлық санаттары үшін кадрларды жоспарлы негізде даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

      2) қызметкерлердің кәсіби және лауазымдық өсуі үшін жағдайлар жасау;

      3) аттестаттау өткізу арқылы қызметкерлердің кәсіби қызметінің нәтижелерін бағалау болып табылады.

      3. Қызметкерлердің кәсіптік білім-білігі мен дағдыларын жетілдіру мақсатында қызметкерлердің құқық қорғау органдарындағы қызметін өткеру орны бойынша кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындықтары ұйымдастырылады. Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындықтарын ұйымдастырудың мазмұны мен тәртібі құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      4. Кәсіптік қайта даярлау, біліктілікті арттыру қызметкерлердің қосымша кәсіптік білімі болып табылады. Қосымша кәсіптік білім алу қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін үзіліспен, ішінара үзіліспен немесе үзіліссіз атқару түрінде жүргізілуі мүмкін. Қызметкердің басқа тең жағдайларда қосымша кәсіптік білім алуы қызметкерді жоғары тұрған лауазымға өсіруге немесе оның құқық қорғау қызметі лауазымын жалғастыруына басым негіз болып табылады.

      5. Қызметкерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдары мен ғылыми мекемелерінде, құқық қорғау органдарының қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған мекемелерінде, сондай-ақ, басқа да білім беру ұйымдары мен мекемелерінде жүзеге асырылады.

      Қызметкерлерді кәсіби даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны және жүзеге асырылу тәртібі құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

      5-1. Кәсіптік дағдыларды, басқару құзыреттілігін жетілдіру үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) онымен келісу бойынша тағайындалатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын лауазымға орналасуға үміткер кандидаттар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы және прокуратура органдарының білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарында кәсіптік қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтеді.

      6. Қызметкер Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде қосымша кәсіптік білім ала алады.

      Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

37-бап. Кадр резервіне қою үшін үміткерлерді іріктеу

      Ескерту. 37-бап алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

38-бап. Қызметкерді лауазымдық міндеттерін атқарудан уақытша шеттету

      1. Қызметкерді лауазымдық міндеттерін атқарудан мынадай жағдайларда:

      1) Қазақстан Республикасының қылмыстық процессуалдық заңнамасында белгіленген тәртіппен – қылмыстық процесті жүргізуші орган ақшалай қаражатты сақтамай, мұндай шараның қажеттігі болмағанға дейін;

      2) қызметтік тергеу жүргізілген жағдайда – құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы жауапкершілік туралы мәселе шешілгенге дейін, бірақ ақшалай қаражатты сақтай отырып, бір айдан аспайтын мерзімге уақытша шеттетуі мүмкін.

      2. Қызметкерді қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттету туралы құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының бұйрығы шығарылады. Қызметкер қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттету туралы бұйрықпен шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей таныстырылуға тиіс. Бұйрықпен танысуы қызметкердің қол қоюымен куәландырылады.

      Қызметкерді қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттету туралы бұйрықпен жеке таныстыру мүмкін болмаған жағдайда, құқық қорғау органының кадр қызметі оған тұрғылықты жері бойынша қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттету туралы бұйрықтың көшірмесін хабарламасы бар хатпен жіберуге міндетті.

      3. Қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған жағдайда қызметкер осы Заңда белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылады.

      4. Қылмыстық іс ақталатын негіздер бойынша қысқартылған, ақтау үкімі заңды күшіне енген жағдайда қызметкердің лауазымы, арнаулы немесе әскери атағы, сыныптық шені қалпына келтіріледі.

      Адамның қызметін (лауазымын, арнаулы атағын немесе сыныптық шенін) қалпына келтіру, егер ол адам ақтау үкімі күшіне енген не қылмыстық істі ақталатын негіздер бойынша қысқарту туралы қаулы шығарылған кезден бастап үш ай ішінде орын алса, ол өтініш жасалған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізіледі.

      5. Қылмыс жасағаны үшін сотталуына байланысты құқық қорғау органдарынан шығарылған, ал кейіннен ақталған және тиісінше лауазымы мен арнаулы атағы немесе сыныптық шені қалпына келтірілген қызметкерлерге қызметте амалсыздан болмаған уақыты үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақшалай үлесі өтеледі.

      Ескерту. 38-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

39-бап. Құқық қорғау қызметінің лауазымы бойынша міндеттерді уақытша атқару

      1. Қызметтік қажеттілікке байланысты қызметкерге атқаратын (негізгі) лауазымынан босатпай, жоғары тұрған лауазымның міндеттерін атқару уақытша жүктелуі мүмкін.

      2. Негізгі міндеттерінен босатыла отырып, басқа лауазымдар бойынша міндеттерді уақытша атқару белгіленген тәртіппен жүктелген штаттық лауазымдағы қызметкерлерге ақы төлеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) штаттағы орынбасарларға, өздерінің тікелей басшысының бос емес лауазымы бойынша қызметтік міндеттеріне қарамастан, ақшалай үлес төлеу олардың негізгі атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі;

      2) басшының бос лауазымы бойынша міндеттерін, оның ішінде оның орынбасарларының да уақытша атқаруы кезінде, ақы өзге де төлемдер ескеріле отырып, лауазымды уақытша атқаруға көзделген айлықақысына қарап, бірақ екі айдан аспайтын уақытқа төленеді. Көрсетілген мерзім ішінде оларды осы лауазымға тағайындау немесе бос лауазым бойынша міндеттерді орындаудан босату туралы шешім қабылдануы тиіс.

      Міндеттерді уақытша атқарудың үзіліссіз мерзімі бос лауазым бойынша екі айдан, ал бос емес лауазым бойынша төрт айдан аспауға тиіс.

      Лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқарудың үзіліссіз мерзімі лауазымды атқаруға кіріскен күннен бастап, бірақ бұйрықта көрсетілген күннен ерте емес, ал күні көрсетілмесе, бұйрыққа қол қойылған күннен ерте емес, міндеттерін атқарудан босатылған күн қоса есептеледі.

      Лауазым бойынша міндетті атқарушы етіп тағайындау қызметкерлерді лауазымдарға тағайындау және оларды ауыстыру құқығы берілген лауазымды адамдардың бұйрығымен ресімделеді.

      3. Қызметкерге осы бапқа сәйкес міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу және оны осыған байланысты негізгі лауазымы бойынша міндеттерді атқарудан босату, тікелей басшысы болмаған кезеңде оның лауазымы бойынша міндеттерді атқару қызметкердің қызметтік міндеттерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының актісімен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

40-бап. Құқық қорғау органдарындағы жұмыс уақыты

      1. Қызметкерлердің жұмыс уақытының ұзақтығы осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      Әрбір құқық қорғау органында қызметтік әрекеттің ерекшеліктерімен және жедел жағдаймен, жыл мезгілімен, жергілікті жағдайлармен және басқа да нақты мән-жайлармен анықталатын, қатаң регламенттелген күн тәртібі белгіленеді.

      2. Күн тәртібі қағидалары құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының актісімен бекітілетін жұмыс уақыты мен тынығу уақытын, азаматтарды қабылдау сағаттарын (халық үшін барынша қолайлы), қызметкерлердің жекелеген санаттарының қызмет атқару кезегін белгілейді.

      2-1. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нормативтік жүктемелерін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

      3. Қажет болған жағдайда қызметкерлер белгіленген уақыттан тыс, сондай-ақ түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері қызметтік міндеттерін орындауға шақырылуы мүмкін. Өтемақы төлеу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

      Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

41-бап. Құқық қорғау қызметінің өтілі (еңбек сіңірген жылдары)

      1. Құқық қорғау қызметінің өтілі зейнетақыға құқық беретін еңбек сіңірген жылдарын есептеу, еңбек сіңірген жылдары үшін қосымша демалыс беру, қызметкер жұмыстан шығарылған кезде біржолғы жәрдемақы төлеу, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын беру және құқық қорғау органдарының ведомстволық айырым белгілерімен марапаттауға ұсыну мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін тәртіппен есептеледі.

      2. Қызметкерлердің еңбек сіңірген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.

      Бұл ретте зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, күнтізбемен есептеледі.

      3. Қызметкерлердің құқық қорғау органдарында қызметте болу кезеңі олардың жалпы еңбек өтіліне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет өтіліне есептеледі.

      4. Қызметкердің құқық қорғау органының қарамағында болған уақыты қызмет өтіліне есептеледі.

      5. Егер қызметкер арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдегерлік қызмет органдарындағы қызметтен, әскери қызметтен шығарылған немесе іссапарға жіберілген күннен бастап және оны құқық қорғау органдарына қызметке қабылдаған күнге дейін үш айдан астам уақыт өтпесе, оның көрсетілген кезеңде өзге жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда, құқық қорғау қызметінің өтілі үздіксіз болып есептеледі.

      Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

42-бап. Жеке істі және есепке алу құжаттарын жүргізу

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 12.06.2026 № 311-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Құқық қорғау органында қызметкерлердің дербес деректерін, қызмет әрекеттері мен құқық қорғау қызметіндегі өтілі туралы мәліметтерді қамтитын жеке істер, есепке алу құжаттары жүргізіледі.

      2. Қызметкердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау кезінде құқық қорғау органында мына талаптар сақталуға тиіс:

      1) қызметкердің дербес деректерін жинау және өңдеу қызметкердің құқық қорғау қызметін өткеруіне, оқуына және лауазымдық өсуіне ықпал етуді, қызметкердің жеке басының және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ оған тиесілі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, лауазымдық міндеттерін атқару нәтижелерін есепке алу мақсатында жүзеге асырылады;

      2) осы Заңға сәйкес қызметкерден алынған дербес деректердің анықтығын тексеру мемлекеттік органдардың қатысуымен жүзеге асырылады;

      3) қызметкердің дербес деректерін заңсыз пайдаланудан немесе жоғалтудан қорғау осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген тәртіппен құқық қорғау органының қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі;

      4) заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің жазбаша нысанда білдірген келісімінсіз оның дербес деректерін үшінші тарапқа беруге жол берілмейді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.06.2026 № 311-VIIІ (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Қызметкердің жеке ісіне құқық қорғау органының қызметін қамтамасыз етуге қажетті, құқық қорғау қызметіне тұрумен, оны өткерумен және құқық қорғау қызметінен шығумен байланысты оның дербес деректері және өзге де мәліметтер енгізіледі.

      4. Құқық қорғау немесе әскери қызметті өткерген (өткеріп жатқан) азаматты (қызметкерді) қабылдау (ауысу) кезінде азаматтың (қызметкердің) құқық қорғау немесе әскери қызметті өткерген (өткеріп жүрген) мемлекеттік органдардан немесе ұйымдардан құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшысының сұратуы бойынша құқық қорғау органының мекенжайына қызметкердің сіңірген еңбегінің есебі, қызметтік тізімінің көшірмесі, соңғы аттестаттау бойынша қорытындысы және қызметтік әрекетін сипаттайтын басқа да материалдар жіберіледі.

      5. Қызметкердің жеке ісінде және есепке алу құжаттарында қамтылған мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатады.

      6. Басқа қызметкердің дербес деректерін алуды, сақтауды, өңдеуді, пайдалануды және беруді реттейтін нормалардың бұзылуына, сондай-ақ осындай деректердің жоғалуына немесе жария болуына кінәлі қызметкер осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жауаптылыққа болады.

      7. Қызметкердің дербес деректерін қамтыған жеке ісін жүргізу тәртібін құқық қорғау қызметінің басшысы бекітеді.

      Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

43-бап. Құқық қорғау органының штаты қысқартылған, қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кездегі құқық қорғау қызметіне байланысты құқықтық қатынастар

      1. Құқық қорғау органының штаты қысқартылған кезде қысқартылатын лауазымды атқарып отырған қызметкермен құқықтық қатынастар:

      1) қызметкерге сол не басқа құқық қорғау органында өзге де лауазымды атқару мүмкіндігі ұсынылған;

      2) қызметкер кәсіптік қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға немесе құқық қорғау органының білім беру ұйымдарына оқуға жіберілген жағдайларда жалғасады.

      1-1. Құқық қорғау органы қайта ұйымдастырылған жағдайда, жаңадан құрылған органның басшылығы қайта ұйымдастырылған органның қызметкеріне оның біліктілігіне сәйкес лауазымды ұсынады.

      Қызметкер ұсынылып отырған лауазымнан бас тартқан жағдайда, осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен босатылады.

      2. Құқық қорғау органы таратылған кезде қызметкерге қатысты құқықтық қатынастар қызметкерге таратылған құқық қорғау органының функциялары берілген құқық қорғау органында не басқа құқық қорғау органында өзге лауазымды атқару мүмкіндігі ұсынылған жағдайда жалғасуы мүмкін.

      3. Қызметкер ұсынылған өзге лауазымды атқарудан бас тартқан жағдайда, ол осы Заңда белгіленген тәртіппен құқық қорғау қызметінен шығарылады.

      Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 374-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

44-бап. Құқық қорғау органына жатпайтын лауазымдарда қызмет өткеру

      Қызметкерлер құқық қорғау органдарының кадрында қалдырыла отырып, оған жатпайтын лауазымдарда:

      1) құқық қорғау органының қарамағында болған;

      2) мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапармен барған;

      3) мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқу демалысы беріле отырып оқып жатқан;

      4) жалақысы сақталмайтын демалыста не осы Заңның 77-бабында көзделген демалыстарда болған;

      5) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтағаннан кейін құқық қорғау органының кадрына алынған жағдайларда құқық қорғау қызметін өткере алады.

      Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

45-бап. Құқық қорғау қызметін өткеру ерекшеліктері

      1. Қызметкерлерді республиканың өзге өңірлерінде қоғамдық тәртіпті қорғауға немесе төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайларды жоюға қатысуға тарту мерзімінің ұзақтығы үш айдан аспауға тиіс.

      2. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тәртіппен құқық қорғау органдарының кадрында қалдырыла отырып, мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапармен баруы мүмкін.

      Мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу кезеңінде қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтар, кепілдіктер, жеңілдіктер, өтемақылар, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғалу сақталады.

      Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

45-1-бап. Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқарудың ерекше жағдайлары

      1. Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқарудың ерекше жағдайлары деп төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы режимінің енгізілуі, күдіктінің, айыпталушының және сотталған адамның қашуы, адамдардың кепілге алынуы, жаппай тәртіпсіздіктер, топтасып бағынбаушылықтар кезіндегі не оларды жою үшін қажетті мерзім ішінде осылардың туындау қаупі төнген кездегі мекеме персоналының жұмысы түсініледі.

      2. Қылмыстық-атқару жүйесі органдары қызметкерлерінің қызмет атқарудың ерекше жағдайлары режиміндегі жұмысы үш айдан аспауға тиіс және демалыс күндерін берумен өтеледі. Қызметкерлерді қызмет атқарудың ерекше жағдайларындағы жұмысқа тартудың тәртібі мен шекті ұзақтығы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.

      Ескерту. 5-тарау 45-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

46-бап. Қызметкерді іс-сапарға жіберу

      1. Қызметкерді іссапарға жіберу тиісті лауазымдарға тағайындау құқығы бар құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының бұйрығымен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте қызметкерді лауазымға тағайындау ол іссапарға жіберілген күннен бастап жүргізіледі.

      2. Қызметкердің баянаты және қызметке қабылдайтын құқық қорғау органының жазбаша өтінішхаты іссапарға жіберуге негіз болып табылады.

      3. Қызметкерді іссапарға жіберу туралы шешімді қабылдау мерзімі қабылдаушы құқық қорғау органынан жазбаша өтінішхат түскен күннен бастап бір айдан аспауға тиіс.

      Ескерту. 46-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

46-1-бап. Қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдау тәртібі мен негіздері

      1. Құқық қорғау қызметін одан әрі өткеру туралы мәселені шешу үшін қызметкерлер осы бапта көзделген тәртіппен және негіздерде атқарып жүрген лауазымынан босатыла отырып, құқық қорғау органының қарамағына қабылдануы мүмкін.

      2. Мыналар:

      1) қызметкердің өз қалауы бойынша атқарып жүрген лауазымынан босату және құқық қорғау органының қарамағында қалдыру туралы баянатпен өтініш жасауы;

      2) қызметкерді осы Заңның 56-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген тәртіптік жаза тәртібімен немесе аттестаттау нәтижелері бойынша атқарып жүрген лауазымынан босату;

      3) ұйымдық-штаттық іс-шаралар жүргізу;

      4) басқа мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапармен бару мерзімінің аяқталуы;

      5) мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде, сондай-ақ Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура (PhD, бейіні бойынша доктор) бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында оқу мерзімінің аяқталуы;

      6) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы;

      7) негізгі қызметкердің қызметке шығуына байланысты қызметкерді атқарып отырған уақытша бос лауазымнан босату;

      8) осы Заңның 31-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда ұсынылған лауазымнан бас тарту;

      9) осы Заңның 29-бабының 5-2-тармағында көзделген тәртіппен қызметкерді атқаратын лауазымынан босату қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдауға негіз болады.

      3. Қызметкерді атқарып жүрген лауазымынан босату және құқық қорғау органының қарамағына қабылдау құқық қорғау органы басшысының не уәкілетті басшының бұйрығы негізінде күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.

      Ерекше мән-жайлардан туындайтын айрықша жағдайларда бұл мерзімді құқық қорғау органының басшысы екі айға дейін ұзартуы мүмкін.

      Құқық қорғау органының қарамағына қабылданған қызметкердің соңғы лауазымы бойынша ақшалай қаражаты сақталады.

      Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың осы Заңда белгіленген демалыстарда, денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде (оның ішінде әскери-дәрігерлік комиссияның жолдамасы бойынша тексерілуде) болу кезеңі, бұрынғы қызмет атқарған жерінен тиісті құқық қорғау органы тұрған жерге дейін жол жүру уақыты; қашықтан оқыту бойынша білім алатын адамдар үшін – білім беру ұйымдарының оқу-емтихан сессияларында болу уақыты; қылмыстық іс ақтау негіздері бойынша тоқтатылған немесе ақтау үкімі шығарылған жағдайларда, қамаққа алынған күнінен бастап және босатылған күнін қоса алғанда, қылмыстық жауаптылыққа тартылуына байланысты күзетпен ұстау уақыты құқық қорғау органының қарамағында болу мерзіміне есептелмейді.

      4. Қызметтік қажеттілік болған жағдайда құқық қорғау органының басшысы не уәкілетті басшы құқық қорғау органының қарамағындағы қызметкерге құқық қорғау органының құрылымдық бөлімшесінің басшысын бекітіп бере отырып, оған құқық қорғау органының алдына қойылған міндеттер мен функцияларды орындау бойынша қызметтік міндеттерді жүктеуге құқылы.

      Құқық қорғау органының қарамағындағы қызметкерге бекітіліп берілген құрылымдық бөлімшенің басшысы одан уақытша қызметтік міндеттер шеңберінде тапсырмаларды тиісінше орындауды, құқық қорғау органының белгіленген күн тәртібін толық көлемде сақтауды талап етеді.

      Құқық қорғау органы құрылымдық бөлімшесінің басшысы қарамағына қабылдаған қызметкердің қызметтік және еңбек тәртібін сақтауы үшін жауапты болады.

      4-1. Құқық қорғау органының қарамағына қабылданған қызметкерге көтермелеу шаралары қолданылады және оған осы Заңда көзделген тәртіппен және жағдайларда тәртіптік жазалар қолданылады.

      5. Қызметкердің құқық қорғау органының қарамағында болу уақыты құқық қорғау қызметіндегі өтіліне, арнаулы атақ немесе сыныптық шен беру үшін еңбек сіңірген жылдарына есептеледі.

      6. Атқаратын лауазымдарынан босатылған және құқық қорғау органының қарамағында тұрған, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын пайдаланбаған қызметкерлерге, оларды қызметте одан әрі пайдалану туралы мәселенің шешілуі кешіктірілген жағдайларда, пайдаланылмаған демалысы беріледі. Оларға жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақыты үшін ақшалай қаражат, құқық қорғау органының қарамағында болу мерзіміне қарамастан, оның қарамағына қабылданған күнге негізгі лауазымы бойынша алатын мөлшерде төленеді.

      7. Құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы осы баптың талаптарын сақтай отырып, құқық қорғау органының қарамағында тұрған қызметкерге жазбаша нысанда лауазым ұсынуға міндетті.

      Құқық қорғау органының қарамағында тұрған қызметкерді лауазымға тағайындау кезінде оның біліктілігі, арнаулы атағы, сыныптық шені, еңбек сіңірген жылдары, жұмыс өтілі, бұрынғы лауазымы ескерілуге тиіс.

      Қызметкер құқық қорғау органының қарамағына осы баптың 2-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қабылданған жағдайда, қызметкердің кәсіптік қасиеттері ескеріле отырып және осы лауазым үшін көзделген біліктілік талаптарына сай келген жағдайда лауазым ұсынылады.

      Қызметкер құқық қорғау органының қарамағына осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қабылданған жағдайда, ұсынылып отырған лауазым төмен тұрған болуға тиіс.

      Қызметкер құқық қорғау органының қарамағына осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген негіз бойынша қабылданған жағдайда, лауазымға тағайындау әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес қызметкердің келісуімен жүргізіледі.

      8. Қызметкер ұсынылған лауазыммен келіспейтінін жазбаша баяндаудан бас тартқан кезде құқық қорғау органының кадр қызметі акт ресімдейді, ол қызметкердің жеке ісіне қоса тіркеледі.

      Қызметкер ұсынылатын лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда ол қызметтен босатылуға жатады.

      Ескерту. 5-тарау 46-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.02.2026 № 263-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

46-2-бап. Қызметті бағалау

      Ескерту. 46-2-бап алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-тарау. АТТЕСТАТТАУ

47-бап. Қызметкерлерді аттестаттау

      1. Қызметкерлерді аттестаттау олардың кәсіптік даярлығының, құқықтық мәдениетінің деңгейін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін анықтау бойынша мезгіл-мезгіл жүзеге асырылатын рәсім болып табылады.

      2. Қызметкердің жеке және кәсіби қасиеттерін, қызметтік жұмыс нәтижелерін бағалау ескеріле отырып, оның атқарып отырған лауазымына сәйкес келуі аттестаттау кезінде бағалаудың негізгі өлшемшарты болып табылады.

      3. Қызметкерлер құқық қорғау органдары жүйесінде үздіксіз қызметте болған әрбір келесі үш жыл өткен соң аттестаттаудан өтеді. Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс.

      Егер аттестаттауға жататын қызметкерлер жаңа лауазымдарға тағайындалса, жоспардан тыс аттестаттаудан өтетін қызметкерлерді қоспағанда, олар тағайындалғаннан кейін бір жылдан соң аттестаттаудан өтеді. Тең дәрежелі лауазымға тағайындалған кезде, егер бұл функционалдық міндеттердің өзгеруіне алып келмесе, бұл мерзім есепке алынбайды.

      Аттестаттау кезінде қызметкердің құқық қорғау органдары жүйесіндегі қызметтен босатылған күн мен оның құқық қорғау органдары жүйесіне қызметке қабылданған күніне дейін үш айдан артық уақыт өтпесе, онда көрсетілген кезеңде өзге заңды (мемлекеттік органдарды қоспағанда) және жеке тұлғалармен еңбек қатынасы болмаған жағдайда, құқық қорғау органдары жүйесінде қызметте болған уақыты үздіксіз қызмет деп есептеледі.

      3-1. Алып тасталды - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3-2. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында білім алатын қызметкер оқуды аяқтаған соң, бірақ құқық қорғау органдарында лауазымға тағайындалғаннан кейін кемінде бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.

      Мемлекеттік органдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерді аттестаттау тиісті мемлекеттік органдардың жұмыскерлері үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі, ал халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлер халықаралық ұйымнан оралғаннан кейін, бірақ құқық қорғау органдарында лауазымға орналасқаннан кейін бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.

      3-3. Ұйымдық-штаттық іс-шараларды өткізуге, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсуге, мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберуге байланысты ауысуларды қоспағанда, аттестаттау өткізу кезеңінде қызметкерлерді аттестаттау аяқталғанға дейін лауазымға тағайындауға не қызмет бойынша ауыстыруға болмайды.

      4. Жоспардан тыс аттестаттауға жататын қызметкерлерді қоспағанда, құқық қорғау органының басшысы және оның орынбасарлары, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет өтілі не әскери қызметтегі өтілі кемінде жиырма жыл болатын қызметкерлер аттестаттауға жатпайды.

      Қызметкерлер жүктілігі және осы Заңның 77-бабында көзделген демалыстарда болған кезеңінде аттестаттауға жатпайды. Олар қызметке шыққаннан кейін кемінде бір жылдан соң аттестатталады.

      5. Аттестаттау бірқатар дәйекті кезеңдерді:

      1) аттестаттау өткізуге дайындықты;

      2) прокуратура органдарының қызметкерлерін қоспағанда, кәсіптік жарамдылығын айқындау бойынша белгіленген нормативтерді тапсыруды;

      3) аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын, қазақ тілін білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тесттен өткізуді;

      3-1) алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      3-2) қызметкерге психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізуді;

      3-3) құқық қорғау органы басшысының шешімімен полиграфологиялық зерттеу жүргізуді;

      4) қызметкермен аттестаттау комиссиясы өткізетін әңгімелесуді;

      5) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруын қамтиды.

      Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

47-1-бап. Кезектен тыс аттестаттау

      1. Кезектен тыс аттестаттау оның тәртібін, кезеңдерін, мерзімдерін және аттестатталатын қызметкерлердің санаттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша өткізіледі.

      2. Алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3. Алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      4. Алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Кезектен тыс аттестаттаудан өтуден бас тартқан не дәлелді себепсіз кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген және (немесе) құқық қорғау органдарында өзге де, оның ішінде төмен тұрған лауазымдарда қызметті жалғастырудан бас тартқан құқық қорғау органдары қызметкерлері осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен шығарылуға тиіс.

      Ескерту. 6-тарау 47-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

47-2-бап. Жоспардан тыс аттестаттау

      1. Қызметкерді жоғары тұрған басшылық лауазымға өсіру мәселесін шешу үшін жоспардан тыс аттестаттау өткізіледі.

      2. Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу тәртібін, кезеңдерін және мерзімдерін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.

      3. Жоспардан тыс аттестаттаудың қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) жоғары тұрған басшылық лауазымға өсіруге ұсынылады;

      2) жоғары тұрған басшылық лауазымға өсіруге ұсынылмайды.

      Ескерту. 47-2-баппен толықтырылды – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

48-бап. Аттестаттауды өткізуге дайындықты ұйымдастыру

      1. Аттестаттауды өткізу мерзімі келген кезде құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының тапсырмасы бойынша тиісті кадр қызметтері аттестаттау өткізуге дайындықты ұйымдастырады.

      2. Дайындық:

      1) аттестаттау өткізудің кестесін әзірлеуді;

      2) аттестаттау өткізудің мақсаты мен тәртібі туралы түсіндіру жұмысын ұйымдастыруды;

      3) тестілеуді, психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеуді, ал қажет болғанда полиграфологиялық зерттеуді өткізу мерзімдері мен орнын айқындауды;

      4) аттестатталушы қызметкерлердің қажетті құжаттарын дайындауды қамтиды.

      Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің тәртібі мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер (бұдан әрі – шекті мәндер) құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізудің тәртібі мен әдістері құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітіледі.

      3. Құқық қорғау органының кадр қызметі осы Заңға сәйкес аттестатталуға жататын қызметкерлерді алты ай ішінде бір рет айқындайды.

      4. Басшы аттестатталуға жататын қызметкерлердің тізімін және оны өткізу мерзімдерін кадр қызметінің ұсынуы бойынша бекітеді.

      5. Кадр қызметі аттестаттауды өткізу мерзімдері туралы өткізу басталардан кемінде бір ай бұрын қызметкерлерді жазбаша хабардар етеді.

      6. Аттестатталуға жататын қызметкерге қызметтік мінездемесі ресімделеді және аттестаттау комиссиясының отырысына дейінгі үш аптадан кешіктірілмейтін мерзімде кадр қызметіне жіберіледі.

      7. Қызметтік мінездеме аттестатталуға тиіс қызметкердің құқық қорғау органдары жүйесіндегі қызметте үзіліссіз үш жыл болуы және одан кейінгі аттестаттау өткізіліп отырған мерзімге дейінгі кезең ішіндегі кәсіптік, жеке басының қасиеттері мен қызметтік әрекеті нәтижелерінің объективті және негізделген бағасын қамтуға тиіс.

      8. Тікелей басшы қызметкерді оған берілген қызметтік мінездемемен аттестаттау комиссиясының отырысына дейін үш апта мерзімнен кешіктірмей қол қойғыза отырып, таныстыруға міндетті.

      9. Қызметкер өзіне берілген қызметтік мінездемемен келіспейтіні туралы мәлімдеуге және кадр қызметіне өзін сипаттайтын қосымша ақпаратты беруге құқылы.

      Қызметкердің қосымша ақпараты бар қызметтік мінездемемен келіспейтіні туралы жазбаша өтініші аттестаттау комиссиясы төрағасының атына беріледі және аттестаттау комиссиясының отырысына дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей кадр қызметіне ұсынылады.

      10. Кадр қызметі жиналған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына оның отырысына дейінгі бір аптадан кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.

      Ескерту. 48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

49-бап. Аттестаттау комиссиясы

      1. Басшы аттестаттау комиссиясының құрамын және оның жұмыс кестесін кадр қызметінің ұсынуы бойынша бекітеді.

      2. Аттестаттау комиссиясының құрамына кемінде бес мүше кіруге тиіс.

      Аттестаттау комиссиясының қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.

      3. Кадр қызметінің өкілі аттестаттау комиссиясының хатшысы болып табылады, оны комиссия басшысы айқындайды.

      Аттестаттау комиссиясының хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.

      4. Құқық қорғау органының, құқық қорғау органы білім беру ұйымының немесе құқық қорғау органы мемлекеттік мекемесінің жұмыс бағыттарына қарай бірнеше аттестаттау комиссиясы құрылуы мүмкін.

      5. Аттестаттау комиссиясының басшысы мен оның мүшелері аттестатталуға жатқызылған қызметкерлермен бірдей немесе неғұрлым жоғары лауазымда болуға тиіс.

      6. Аттестаттау комиссиясының құрамына құрылымдық бөлімшелердің басшылары, кадр қызметтерінің өкілдері (не осы бөлімшелер есеп беретін адамдар), сондай-ақ аттестаттаудан өтетін қызметкерлерді қоспағанда, құқық қорғау органының, құқық қорғау органы білім беру ұйымының немесе құқық қорғау органы мемлекеттік мекемесінің өзге де қызметкерлері кіреді.

      7. Аттестаттау комиссиясы отырысының, егер оған құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңдық күші бар деп есептеледі.

      8. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер ол үшін отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелері санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда аттестаттау комиссиясының төрағасы жақтап дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 374-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

50-бап. Аттестаттауды өткізу

      1. Алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2. Алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Аттестаттау комиссиясының отырысында аттестатталушы қызметкермен әңгімелесу жүргізіледі.

      3-1. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды отырыс барысында зерделейді, аттестатталатын қызметкерді тыңдайды.

      Аттестатталатын қызметкерге қойылатын сұрақтар оның кәсіптік даярлық деңгейін, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындауға бағытталуға тиіс.

      Аттестаттау комиссиясы әңгімелесу кезінде аттестатталатын қызметкердің лауазымдық міндеттерін негізге алады. Қажет болған кезде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, сондай-ақ аттестатталатын қызметкердің қызметтік жұмысын регламенттейтін өзге де құжаттарды білу деңгейі айқындалады.

      Әңгімелесу сыпайылық пен ізгілік жағдайында өтуге тиіс.

      Әрбір қатысушымен әңгімелесу техникалық жазба (аудио-, бейнежазба) құралдарының көмегімен тіркеледі.

      Әңгімелесу барысында техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркелген материалдар кадр қызметінде үш жыл бойы сақталады.

      4. Аттестаттау комиссиясының отырысында дәлелді себептермен болмаған қызметкерлер қызметке шыққаннан кейін әңгімелесуден өтеді.

      5. Аттестаттау комиссиясының отырысына қызметкер дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда, аттестаттау комиссиясы осы Заңда айқындалған тәртіппен қызметкерді қайта аттестаттау туралы шешім қабылдайды.

      6. Аттестаттау комиссиясы әңгімелесудің қорытындысы бойынша мынадай:

      1) атқаратын лауазымына сай келеді және жоғары тұрған немесе жоғары тұрған басшылық лауазымға өсіруге ұсынылады;

      2) атқаратын лауазымына сәйкес;

      3) қайта аттестатталуға тиіс;

      4) атқаратын лауазымына сәйкес емес және лауазымын төмендетуге ұсынылады деген шешімдердің бірін қабылдайды.

      6-1. Алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7. Аттестаттау комиссиясының шешімі үш жұмыс күні ішінде оның отырысына қатысқан аттестаттау комиссиясының мүшелері мен хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді.

      8. Кадр қызметі аттестаттау комиссиясының шешімін қызметкердің аттестаттау парағына енгізеді, қызметкер шешіммен ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қолын қоя отырып, танысады.

      8-1. Тестілеудің не кәсіптік жарамдылықты айқындау бойынша нормативтер тапсырудың нәтижелерін бұрмалау фактілері анықталған жағдайда, жоғары тұрған аттестаттау комиссиясы немесе құқық қорғау органының жоғары тұрған басшысы аттестаттау комиссиясы шешімінің күшін жоюға тиіс.

      9. Аттестаттаудан өткен қызметкердің аттестаттау парағы және оның қызметтік мінездемесі жеке ісінде сақталады.

      Ескерту. 50-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

51-бап. Қайта аттестаттау

      1. Қайта аттестаттау алғашқы аттестаттау өткен күннен бастап, үш айлық мерзімде және алты айдан кешіктірілмей өткізіледі.

      2. Қайта аттестаттау кезінде кәсіптік жарамдылығын анықтау бойынша белгіленген нормативтерді тапсырмаған не тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен баға алған қызметкерлер, сондай-ақ аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда, аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша осы Заңда айқындалған тәртіппен лауазымынан төмендетілуге немесе жұмыстан шығарылуға ұсынылады.

      3. Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттау өткізіп, мынадай:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес;

      2) атқаратын лауазымына сәйкес емес және лауазымын төмендетуге ұсынылады;

      3) атқаратын лауазымына сәйкес емес және жұмыстан шығарылуға ұсынылады деген шешімдердің бірін қабылдайды.

      4. Аттестаттау комиссиясының жұмыстан шығару туралы ұсыныс жасай отырып, қызметкердің атқаратын лауазымына сәйкес еместігі туралы қабылдаған шешімі аттестаттаудың теріс нәтижесі болып табылады.

52-бап. Аттестаттау комиссиясының шешімі

      Аттестаттау комиссиясының шешімі қызметкерді жоғары тұрған немесе жоғары тұрған басшылық лауазымға өсіру, қызметкердің лауазымын төмендету немесе оны қызметтен шығару үшін негіз болып табылады.

      Аттестаттау комиссиясының атқаратын лауазымына сай еместігі туралы шешімі мынадай негіздердің бірі немесе бірнешеуі ескеріле отырып қабылданады:

      1) аттестатталатын қызметкердің тікелей басшысы дайындаған, аттестаттау бойынша алдын ала тұжырымы мен ұсынымы бар қызметтік мінездеме, онда лауазымдық міндеттерін орындамауының немесе тиісінше орындамауының нақты фактілері көрсетіледі;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуді және логикалық ойлауды компьютермен тестілеудің құқық қорғау органдары басшыларының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шекті мәннен төмен нәтижесі (нәтижелері);

      3) құқық қорғау органдары басшыларының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген кәсіптік жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді орындамау;

      4) жүргізілген психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулердің нәтижесі бойынша қорытынды;

      5) аттестаттау комиссиясы қызметкермен өткізген әңгімелесудің нәтижелері.

      Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

53-бап. Аттестаттау комиссиясының шешіміне шағым жасау

      Қызметкер аттестаттау комиссиясының шешіміне бір ай мерзімде құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

      Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

53-1-бап. Қызметкерді аттестаттаудан кейінгі кезеңде дамыту

      1. Аттестаттаудан өткен қызметкерге қатысты қызметкердің кәсіби құзыретінің деңгейін арттыруға бағытталған аттестаттаудан кейінгі дамыту бағдарламасы жасалады. Қажет болғанда аталған бағдарламаға психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері бойынша ұсынымдар енгізіледі.

      2. Бағдарлама осы Заңда айқындалған мерзімдерге сәйкес қызметкерді келесі аттестаттауға дейін қолданыста болады және оны құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшысы бекітеді.

      Ескерту. 6-тарау 53-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-тарау. Құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі қызметтік тәртіп және моральдық-психологиялық ахуал

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 374-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

54-бап. Құқық қорғау органдарындағы қызметтік тәртіп

      1. Қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасында, құқық қорғау органдары басшыларының және уәкілетті басшылардың актілерінде белгіленген нормалар мен қағидаларды міндетті түрде сақтауы құқық қорғау қызметіндегі қызметтік тәртіп болып табылады.

      2. Құқық қорғау органының басшысы және уәкілетті басшы өзінің бағыныстылары арасындағы қызметтік тәртіптің жай-күйі және сеніп тапсырылған органда кадр жұмысында анықталған бұзушылықтар үшін жауапты болады.

      3. Қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету және нығайту мақсатында құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы қызметкерлерге және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдары курсанттарына, магистранттары мен докторанттарына осы Заңмен көзделген көтермелеу шараларын қолдана алады және оларға тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін.

      4. Алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 54-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.02.2026 № 263-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

54-1-бап. Құқық қорғау органдарындағы тәрбиелік, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыс

      1. Құқық қорғау органдарында жеке құраммен тәрбиелік, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыс ұйымдастырылады.

      2. Тәрбиелік жұмыс:

      1) жеке құрамның құқықтық тұрғыдан хабардар болу, сауаттылық, мәдениет пен адамгершілік дәрежесін арттыруға;

      2) қызметкерлерге құқық қорғау органдары туралы түсінікті және оның мақсатын, олардың жұмыс істеу және алдында тұрған міндеттерді орындау ерекшеліктерін ұғындыруға;

      3) мемлекеттік саясаттың негіздеріне сәйкес қызметкерлердің құқық қорғау органдарына қатыстылығы үшін жауапкершілікті қалыптастыруға және олардың мемлекет мүдделерін қорғауға әзірлігін қолдауға бағытталған.

      3. Әлеуметтік-құқықтық жұмыс құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталған.

      4. Психологиялық жұмыс:

      1) жеке құрамның құқық қорғау органының міндеттерін орындауға, оның ішінде соғыс жағдайы және төтенше жағдай, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңіндегі психологиялық әзірлікте болуын қолдауға;

      2) қызметкердің психологиялық және психикалық-физиологиялық қасиеттерінің атқарып отырған лауазымына сәйкестігін айқындауға;

      3) құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін жыл сайынғы әлеуметтану мониторингін жүргізу жолымен зерделеуге бағытталған.

      5. Идеологиялық жұмыс:

      1) құқық қорғау органдары қызметкерлерінде патриоттық сана-сезімді, Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілікті, антқа адалдықты, лауазымдық міндеттерін мінсіз орындауға ұмтылысты қалыптастыруға;

      2) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының конституциялық қағидаттары мен ұлттық мүдделеріне адалдығын қалыптастыруға;

      3) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құқық қорғау органдарының жағымды имиджін қалыптастыруға;

      4) идеологиялық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға бағытталған.

      6. Жеке құраммен тәрбиелік, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.

      Құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы әлеуметтану мониторингін жүргізу тәртібі мен әдістемесін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.

      Басшы лауазымдарды атқарып отырған қызметкерлер өздеріне сеніп тапсырылған бөлімшелердегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жауапты болады.

      Ескерту. 7-тарау 54-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

55-бап. Қызметкерлерге көтермелеу қолдану тәртібі

      1. Міндеттерін үлгілі атқарғаны және қызметтік жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін қызметкерлерге және құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының курсанттарына мынадай көтермелеу түрлері көзделеді:

      1) алғыс жариялау;

      2) біржолғы ақшалай сыйақы беру;

      3) бағалы сыйлықпен наградтау;

      4) грамотамен наградтау;

      5) құрмет грамотасымен наградтау;

      6) ведомстволық наградамен және құқық қорғау органының үздігі төсбелгісімен наградтау;

      7) арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді мерзімінен бұрын немесе атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен бір саты жоғары, сондай-ақ кезектен тыс арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беру;

      8) құрмет тақтасына енгізу;

      9) құрметті атақ беру;

      10) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымы орналасқан жерден кезектен тыс сейілдеуге жіберуді ұсыну;

      11) бұрын қолданылған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де көтермелеу түрлері.

      Құқық қорғау органдары білім беру ұйымының басшысы магистратурада және докторантурада күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3), 4), 5), 8) және 11) тармақшаларында көзделген көтермелеу түрлерін қолдана алады.

      2. Тәртіптік жазасы бар қызметкер бұрын қолданылған жазаны алып тастау арқылы көтермеленеді. Тәртіптік жазаны алып тастау құқығы құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға тиесілі. Қызметкердің елеулі теріс қылықтар жасағаны үшін тәртіптік жазалар олар қолданылған күннен бастап үш айдан кейін алып тасталуы мүмкін.

      Өрескел тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін тәртіптік жазалар көтермелеу тәртібімен мерзімінен бұрын алып тасталуға жатпайды.

      Болмашы тәртіптік теріс қылықтар үшін тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау мерзімі белгіленбейді.

      Құқық қорғау органының басшысымен келісу бойынша қызметкердің өмірі мен денсаулығын тәуекелге тігумен, адам өмірін құтқарумен ұштасқан ерекше еңбегі үшін, сондай-ақ қоғамдық резонанс тудырған аса ауыр қылмыстарды ашқаны және тергеп-тексергені үшін қызметкерлерді көтермелеу кезінде тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау мерзімі ескерілмейді.

      3. Бір мезгілде көтермелеу түрінде бір ғана тәртіптік жаза алып тасталуы мүмкін, бұл ретте көтермелеудің осы түрімен бірге көтермелеудің басқа түрлері қолданылмайды.

      4. Қызметкерді көтермелеу туралы ұсынуға тікелей басшысы бастама жасайды және ол комиссияда қарау үшін кадр қызметіне енгізіледі.

      5. Комиссияны құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы қызметкерлерді көтермелеу кезінде объективті көзқарасты қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде құрады.

      Комиссия құрамына кемінде бес мүше кіруге тиіс.

      6. Комиссия шешімді ашық дауыс беру арқылы алқалы түрде қабылдайды. Егер шешімге комиссия мүшелерінің жалпы дауыс санының көпшілігі дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      7. Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) көтермелеу туралы ұсынуды қанағаттандыру;

      2) көтермелеу туралы ұсынудан бас тарту.

      8. Құқық қорғау органы басшысының не уәкілетті басшының шешімі бойынша қызметкерді көтермелеу тікелей басшының ұсынуы негізінде комиссияда қаралмастан жүргізілуі мүмкін.

      9. Көтермелеу құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының бұйрықтарымен ресімделеді.

      Ескерту. 55-бап жаңа редакцияда – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

56-бап. Қызметкерлерге қолданылатын тәртіптік жазалар және тәртіптік теріс қылықтардың түрлері

      Ескерту. 56-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Құқық қорғау органдарындағы тәртіптік жазалар тәртіптік жауапкершілік шарасы болып табылады.

      2. Қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қызметкерлерге:

      1) ескерту;

      2) сөгіс;

      3) қатаң сөгіс;

      4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;

      5) атқаратын лауазымынан босату;

      6) арнаулы атағын немесе сыныптық шенін бір сатыға төмендету;

      7) құқық қорғау органдарынан шығару;

      8) құқық қорғау органының басшылары немесе уәкілетті басшылар берген немесе марапаттаған құрметті атақтарынан, төсбелгілерінен айыра отырып, құқық қорғау органынан шығару;

      9) арнаулы атағынан немесе сыныптық шенінен айыра отырып, құқық қорғау органынан шығару тәртіптік жаза түрлері қолданылуы мүмкін. Осы тармақтың 9) тармақшасында көзделген тәртіптік жаза қызметкер осы Заңның 80-бабы 1-тармағының 13) және 14) тармақшаларында көзделген теріс себептермен жұмыстан шығарылған кезінде қолданылады.

      3. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында курсанттарға осы бапта көзделген тәртіптік жазаларға қоса, мынадай:

      1) нарядқа кезектен тыс тағайындау (бөлімшенің қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі нарядқа тағайындаудан басқа);

      2) құқық қорғау органының білім беру ұйымы орналасқан жерден кезекті босатудан айыру;

      3) құқық қорғау органының білім беру ұйымынан шығару тәртіптік жазалары қолданылуы мүмкін.

      4. Құқық қорғау органдары білім беру ұйымының басшысы күндізгі нысан бойынша магистратура мен докторантурада оқитын қызметкерлерге тәртіптік жазалаудың мынадай түрлерін қолдануы мүмкін:

      1) ескерту;

      2) сөгіс;

      3) қатаң сөгіс;

      4) құқық қорғау органының білім беру ұйымынан шығару.

      5. Қызметкердің қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны немесе құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін құқық қорғау органының білім беру ұйымынан шығарып жіберу түріндегі тәртіптік жазаны қолдану қызметкерді осы Заңның 80-бабы 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген теріс себептер бойынша қызметтен шығаруға негіз болып табылады.

      6. Тәртіптік теріс қылықтар мынадай түрлерге бөлінеді:

      осы баптың 2-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшаларында, 4-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшаларында көзделген тәртіптік жаза қолданылған теріс қылық болмашы теріс қылық болып табылады;

      осы баптың 2-тармағының 4) немесе 6) тармақшаларында көзделген тәртіптік жаза қолданылған теріс қылық елеулі теріс қылық болып табылады;

      осы баптың 2-тармағының 5), 7), 8) немесе 9) тармақшаларында көзделген тәртіптік жаза қолданылған теріс қылық өрескел теріс қылық болып табылады.

      Ескерту. 56-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

57-бап. Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттары

      1. Қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауы тәртіптік жаза қолданудың негізі болып табылады.

      2. Тәртіптік жаза қолдану және оның түрін айқындау кезінде мынадай өлшемшарттар ескеріледі:

      1) жасалған теріс қылықтың мазмұны мен сипаты;

      2) жасалған теріс қылықтың ауырлығы мен мән-жайлары;

      3) қызметкердің жеке басын және оның қызметке қатынасын сипаттайтын деректер;

      4) қызметкердің уәжі және кінәсінің дәрежесі (қасақана, абайсызда);

      5) қызметкердің тәртіптік жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар;

      6) қызметкердің тәртіптік жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар.

      2-1. Тәртіптік жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар деп мыналар танылады:

      1) теріс қылық жасаған қызметкердің өкінуі;

      2) қызметкердің теріс қылық жасағаны туралы басшыға ерікті түрде хабарлауы;

      3) теріс қылықты бірінші рет жасау және теріс қылықты жасау фактісімен келісуінің болуы;

      4) жеке немесе отбасылық ауыр мән-жайлар болған кезде теріс қылық жасау;

      5) мәжбүрлеу салдарынан теріс қылық жасау;

      6) тәртіптік теріс қылық жасау салдарынан жағымсыз әсердің болмауы және құқық қорғау органының имиджіне нұқсан келтірілмеуі.

      Қызметкерге жаза қолданатын құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы не тәртіптік комиссия қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу кезінде өзге де мән-жайларды жеңілдететін деп тануы мүмкін.

      2-2. Тәртіптік жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп мыналар танылады:

      1) егер бірінші теріс қылығы үшін қызметкерге жаза қолданылған және ол белгіленген тәртіппен алынбаса, дәл сондай теріс қылықты қайталап жасау;

      2) қарамағындағы адамды теріс қылық жасауға тарту;

      3) төтенше жағдай немесе өзге де шектеу шаралары енгізілген кезеңде теріс қылық жасау;

      4) алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) психотроптық және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде теріс қылық жасау;

      5) тәртіптік теріс қылық жасау салдарынан жағымсыз әсердің болуы және құқық қорғау органының имиджіне нұқсан келтірілуі;

      6) өзіне жүктелген міндеттерді орындауына байланысты лауазымды адамға немесе оның жақын туыстарына ықпал ету арқылы теріс қылық жасау.

      3. Қызметкер тәртіптік теріс қылық жасаған кезде одан жазбаша түсініктеме талап етіледі. Егер жазбаша түсініктемесінде қызметкер өзінің тәртіптік теріс қылықты жасау фактісімен келіссе, онда құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы қызметтік тергеу жүргізбей жаза қолдануға құқылы.

      Егер қызметкер өзінің жазбаша түсініктемесінде өзінің тәртіптік теріс қылық жасау фактісімен келіспесе, онда құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының бұйрығымен қызметтік тергеу жүргізілуге тиіс.

      4. Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқарып отырған лауазымынан босату, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымынан шығару және босату түріндегі жаза жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері мен тәртіптік комиссияның тиісті ұсынымдары бойынша қолданылады.

      Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқарып отырған лауазымынан босату түріндегі жаза қызметтік тергеп-тексеру жүргізілмей және тәртіптік комиссияның тиісті ұсынымдарынсыз, алқаның немесе құқық қорғау органы бірінші басшысының жанындағы жедел кеңестің шешімі және қызметкердің өзі жасаған тәртіптік теріс қылық фактісімен келісетіні туралы жазбаша түсініктемесінің болуы, сондай-ақ оны жасау мән-жайларының толық және объективті анықталуын растайтын материалдар негізінде қолданылуы мүмкін.

      5. Бірнеше қызметкер бірлесіп тәртіптік теріс қылық жасаған кезде жаза әр кінәліге жеке-жеке қолданылады.

      6. Қызметтік тәртіптің бұзылуының әрбір жағдайы үшін бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін.

      7. Жаза қолдану тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкерді атқармағаны немесе тиісінше атқармағаны үшін тәртіптік жаза қолданылған міндетті атқарудан босатпайды.

      8. Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық ол шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге қолын қойдырып, жария етіледі.

      9. Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықпен танысудан бас тарту құқық қорғау органының кадр қызметі жасайтын актіде ресімделеді және арнайы журналда тіркеледі.

      Қызметкерді тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықпен жеке таныстыру мүмкін болмаған жағдайда, құқық қорғау органының кадр қызметі тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың көшірмесін қызметкерге хабарламасы бар хатпен жіберуге міндетті.

      10. Тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық мәлім болған күннен бастап бір айдан және тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей қолданылады.

      Қызмет бабында қызметкер бағынатын адамға тәртіптік жаза қолдану құқығы берілгеніне не берілмегеніне қарамастан, тәртіптік теріс қылық жасалғаны туралы белгілі болған, мерзім басталатын күн тәртіптік теріс қылық байқалған күн болып есептеледі.

      Осы Заңда көзделген, құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны және қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады және оны тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктіріп қолдануға болмайды.

      Адамды қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартуға алып келген теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жаза ақтау үкімі заңды күшіне енген немесе қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады.

      Сот ақтау үкімінің не ақтау негіздері бойынша істі тоқтату туралы қаулының күшін жойған жағдайда, құқық қорғау органының қызметкеріне осы іске байланысты әрекеттері үшін бұрын қолданылған тәртіптік жаза қайта қарауға жатады. Егер қызметкердің әрекеті Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сай келетіні анықталса, тәртіптік жазаның күші жойылады.

      Бұл ретте қызметкерге осындай жазаның салдарынан алынбаған сыйақылардың, үстемеақылардың және басқа да жеңілдіктердің өтелу құқығы беріледі. Кезекті атақ немесе сыныптық шен беру мәселесі тәртіптік жаза есепке алынбай, оны берудің тиісті күні ескеріле отырып шешіледі.

      11. Қызметкерге қатысты қызметтік тергеп-тексеру не сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген немесе сот қараған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жағдайларда, кінәлінің ауырғанына байланысты жұмыста болмауы немесе демалыста, іссапарда болуы уақытын есептемегенде, тиісінше тергеп-тексеру аяқталған, қылмыстық істі немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы процестік шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей тәртіптік жазалау қолданылады.

      12. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған жағдайларда, бірақ қызметкердің әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болған кезде, жазалау сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері болған кезде үш айдан кешіктірілмей қолданылады.

      12-1. Құқық қорғау органының білім беру ұйымдары осы Заңның 56-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында және 4-тармағының 4) тармақшасында көзделген тәртіптік жазаны қолданған жағдайда, жаза қолдану туралы бұйрық тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкер кадрында тұрған құқық қорғау органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      13. Алып тасталды - ҚР 18.11.2015 № 411-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      14. Қызметкерге тәртіптік жазаны:

      1) еңбекке уақытша жарамсыздық;

      2) осы Заңның 75-бабының 9-тармағында көзделген демалысты қоспағанда, демалыста болу;

      3) іссапарға жіберу оны тәртіптік жауаптылыққа тартуға байланысты болатын жағдайларды қоспағанда, іссапарда болу кезеңінде қолдануға болмайды.

      15. Еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі, демалыста, іссапарда болу, уәкілетті органдардың және лауазымды адамдардың шешімдеріне, актілері мен ұсынымдарына, тәртіптік жаза қолдану үшін негіз болып табылатын қызметтік тексеру актілеріне (қорытындыларына, нәтижелеріне) шағым жасау кезеңінде, егер жасалған тәртіптік теріс қылық туралы осы кезеңде немесе ол басталғанға дейін белгілі болса, жаза қолдану мерзімі тоқтатыла тұрады. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің немесе арнайы зерттеулердің (сараптамалардың) нәтижелері болмаған кезде қызметтік тергеп-тексеру және жаза қолдану мерзімінің қолданысы тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Жаза қолдану мерзімінің қолданысы арнаулы атағын немесе сыныптық шенін бір сатыға төмендету түріндегі тәртіптік жазаны қолдану туралы мәселені қарау үшін жоғары басшы құрамға қатысты қызметтік тергеп-тексеру материалдарын Қазақстан Республикасының Президентіне жіберу кезеңіне тоқтатыла тұрады.

      16. Қызметкер өзін тәртіптік жауапкершілікке тартумен байланысты барлық материалдармен танысуға құқылы.

      17. Қызметкерге қолданылған тәртіптік жазаның мерзімі оның қолданылған күнінен бастап алты айдан аспайды. Егер осы мерзім ішінде қызметкер жаңадан тәртіптік жазаға тартылмаса, онда оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі.

      18. Егер қызметкерге, тікелей басшының құқықтары шегінен шығатын жазалау шараларын қолдану қажет болса, онда ол бұл туралы жазалау шараларын қолдануға уәкілетті жоғары тұрған лауазымды адамға өтініш жасайды.

      19. Жоғары тұрған басшының, егер бұрын жарияланған жаза жасалған тәртіптік теріс қылықтың ауырлығына сәйкес келмесе, төмен тұрған басшы қолданған тәртіптік жазаны алып тастауға құқығы бар.

      20. Тәртіптік жазалар қолдану жөнінде өзіне берілген құқықтарын асыра пайдаланған басшы бұл үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады, ал жазалау шараларын қолдануға уәкілетті адам жазалау туралы бұйрықтардың күшін жояды.

      21. Қызметкер өзіне қолданылған тәртіптік жазаға жоғары тұрған органға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

      Ескерту. 57-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 411-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

58-бап. Қызметтік тергеу

      1. Қызметтік тергеп-тексеру қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауының себептерін, сипатын және мән-жайларын анықтау, осы Заңда көзделген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мән-жайлардың болуы немесе болмауын растау қажет болған кезде, оның ішінде қызметкерлердің жазбаша баянаты мен құқық қорғау және сот органдарының хабарламалары негізінде құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшысының шешімі бойынша жүргізіледі.

      Қажет болған жағдайда қызметтік тергеу жүргізу кезінде полиграфологиялық зерттеу жүргізіледі.

      2. Қызметтік тергеу жүргізуге оның нәтижесіне тікелей немесе жанама мүдделі қызметкер қатыса алмайды. Мұндай жағдайда ол қызметтік тергеу жүргізу туралы шешім қабылдаған адамға, өзін осы тергеу жүргізуге қатысудан босату туралы жазбаша баянатпен жүгінуге міндетті. Осы аталған талаптар сақталмаған жағдайда, қызметтік тергеу нәтижелері заңсыз деп есептеледі.

      3. Қызметтік тергеу жүргізу кезінде мынадай:

      1) қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасау фактісін;

      2) қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауына ықпал еткен себептер мен жағдайларды;

      3) қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасау нәтижесінде келтірген залалдың сипаты мен мөлшерін;

      4) қызметкердің қызметін өткеруге кедергі келтіретін мән-жайлардың болу немесе болмауын объективті және жан-жақты анықтау шаралары қолданылуға тиіс.

      3-1. Қызметтік тергеп-тексеру барысында оны жүргізу тапсырылған уәкілетті лауазымды адамның:

      1) өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан қызметкерден, сондай-ақ басқа да адамдардан жазбаша түсініктеме алуға;

      2) тәртіптік теріс қылық жасаудың мән-жайына қатысты материалдар мен мәліметтер жинауға;

      3) тиісті құжаттармен танысуға, қажет болған жағдайда олардың көшірмелерін қызметтік тергеп-тексеру материалдарына қосып тігуге;

      4) арнаулы білімді талап ететін мәселелер бойынша мамандардан қорытындылар, түсініктер және консультациялар алуға;

      5) өздеріне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан қызметкерлерге полиграфологиялық зерттеу жүргізуге бастама жасауға құқығы бар.

      Полиграфологиялық зерттеу қызметкердің келісімімен жүргізіледі.

      4. Қызметтік тергеу оны жүргізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Аталған мерзімге қызметтік тергеу жүргізілетін қызметкердің демалыста, іссапарда немесе емделуде болған уақыты, сондай-ақ оның өзге де дәлелді себептермен қызметте болмаған уақыты есептелмейді.

      5. Қызметтік тергеудің нәтижелері қызметтік тергеу жүргізу туралы шешім қабылдаған адамға жазбаша нысандағы қорытынды түрінде беріледі, ол оны тергеу аяқталған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей бекітеді.

      Қызметтік тергеп-тексеру жүргізген адам қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген қызметкерді, егер бұл мемлекеттік құпияларды және өзге де қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу талаптарына қайшы келмесе, қорытындымен жеке өзін не оның көшірмесін курьерлік пошта байланысы, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы немесе қызметкердің авторизациялануын, сәйкестендірілуін қамтамасыз ете отырып, электрондық түрде жіберу арқылы қызметтік тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде таныстыруға міндетті.

      6. Өзіне қатысты қызметтік тергеу жүргізілетін қызметкерден қызметтік тергеу жүргізудің мән-жайы бойынша түсініктеме талап етіп алынады.

      7. Өзіне қатысты қызметтік тергеу жүргізілетін қызметкер:

      1) жүргізілетін қызметтік тергеудің мәні бойынша жазбаша түсініктеме беруге;

      2) өтініш айтуға, айғақтар және өзге де құжаттар ұсынуға;

      3) қызметтік тергеу жүргізу туралы шешім қабылдаған құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшысына қызметтік тергеу жүргізетін қызметкерлердің шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға;

      4) егер ол мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді таратпау талаптарына қайшы келмесе, қызметтік тергеу аяқталғаннан кейін қорытындымен және басқа да материалдармен танысуға құқылы.

      Қызметкер жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан кезде тиісті акт жасалады.

      8. Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша қорытындыда:

      1) қызметтік тергеу нәтижесі бойынша анықталған фактілер мен мән-жайлар;

      2) тәртіптік жаза түрі бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар көрсетіледі.

      9. Қызметтік тергеп-тексеру жүргізу кезінде қызметкердің әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, қызметтік тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім қабылдаған құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшысы алынған материалдарды шешім қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарына дереу беруге міндетті.

      10. Алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11. Құқық қорғау органының білім беру ұйымдарында оқитын курсанттар мен қызметкерлерге қатысты қызметтік тергеп-тексеруді құқық қорғау органы білім беру ұйымының тиісті бөлімшесі жүргізеді.

      Ескерту. 58-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

58-1-бап. Тәртіптік комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі

      1. Құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы тәртіптік комиссияның құрамын бекітеді.

      2. Тәртіптік комиссияның құрамына кемінде бес мүше кіруге тиіс.

      3. Тәртіптік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай және оның мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болған кезде өткізіледі.

      4. Тәртіптік комиссияның отырысы өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген адамның қатысуымен, оның ішінде бейнеконференция байланысы арқылы өткізіледі.

      5. Егер өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген адам отырыстың уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілсе және дәлелсіз себеппен келмесе не тәртіптік комиссияның отырысына қатысудан жазбаша бас тартса, қызметтік тергеп-тексеру материалдарын оның қатысуынсыз қарауға жол беріледі.

      6. Өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген адам тәртіптік комиссия отырысының өтетін уақыты мен орны туралы, бірақ ол өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      7. Тәртіптік комиссия қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарайды және теріс қылыққа қатысты фактілерді зерттейді, жүргізілген қызметтік тергеп-тексерудің нәтижелері туралы баяндамашыны (қызметтік тергеп-тексеру жүргізген адамды), өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген адамның түсініктемелерін, сондай-ақ басқа да адамдардың түсініктерін тыңдайды.

      8. Ұсынылған материалдарды қарау қорытындылары бойынша тәртіптік комиссия мынадай шешімдердің бірін шығарады:

      1) құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген адамға тәртіптік жазаның тиісті шарасын қолдануды ұсыну;

      2) құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға тәртіптік іс жүргізуді тоқтатуды ұсыну.

      9. Тәртіптік комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған тәртіптік комиссияның отырысқа қатысқан мүшелері санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

      Дауыстар тең болған кезде тәртіптік комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      10. Тәртіптік жаза қолдану туралы шешім құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының бұйрығымен ресімделеді.

      11. Қызметкер өзіне қолданылған тәртіптік жазаға жоғары тұрған лауазымды адамға не сотқа шағым жасауға құқылы. Тәртіптік жаза қолдану туралы шешімге шағымдану оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

      Ескерту. 7-тарау 58-1-баппен толықтырылды – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-тарау. Қызметкерлердің атыс қаруын және өзге де қаруды, арнаулы құралдарды және дене күшін қолдануы

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 23.04.2014 N 200-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

59-бап. Атыс қаруын және өзге де қаруды, арнаулы құралдарды және дене күшін қолданудың мақсаты

      Атыс қаруы және өзге де қару, арнаулы құралдар және дене күші қоғамға қауіпті әрекеттерді тоқтату, құқық бұзушылықтардың сипаты мен нақты ахуалдарды ескере отырып, оларды жасаған адамдарды ұстау және құқық қорғау органдарына жеткізу мақсатында қолданылады.

      Ескерту. 59-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.04.2014 N 200-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

60-бап. Арнаулы құралдар мен дене күшін қолдану

      1. Қызметкерлердің дене күшін, оның ішінде жауынгерлік күрес тәсілдерін, сондай-ақ арнаулы құралдарды, оның ішінде қол кісендерін, резина таяқтарды, көзден жас ағызатын заттарды, алаңдатып әсер ететін жарық-дыбыс құрылғыларын, үй-жайларды ашуға, көлікті мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құрылғыларды, суатқыштарды, қызметтік жануарларды, броньды машиналар мен тізбесін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша құқық қорғау органының басшысы айқындайтын басқа да арнаулы көлік құралдарын:

      1) жеке тұлғаларға, қызметкерлерге және қоғамдық тәртіпті қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметтік немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген өзге де адамдарға жасалған шабуылды тойтару;

      2) кепілге алынған адамдарды босату, жаппай тәртіпсіздіктердің және қоғамдық тәртіпті топтасып бұзудың (қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұстаудың белгіленген режимін топтасып бұзушылықтарды), сондай-ақ сотталғандар, күдіктілер және айыпталушылар түзеу мекемелерінен және тергеу изоляторларынан қашқан кездегі немесе қашқандарды ұстау кезіндегі құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу;

      3) жеке тұлғаларға, ұйымдарға және мемлекеттік органдарға тиесілі үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, көлік құралдарына, жер телімдеріне жасалған шабуылды тойтару, сол сияқты оларды басып алудан босату;

      4) егер құқық бұзушылар (сотталғандар, күдіктілер, айыпталушылар және әкімшілік құқық бұзушылық жасағандар) қызметкерлерге, қоғамдық тәртіпті қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді атқарып жүрген өзге де адамдарға бағынбаса немесе қарсылық көрсетсе, оларды құқық қорғау органдарына жеткізу үшін ұстау үшін, ұсталған, күзет қойылған адамдарды, сондай-ақ әкімшілік қамауға алынған, сотталған, күдікті және айыпталушы адамдарды, не олардың қашып кетуі немесе айналадағыларға немесе өзіне зиян келтіруі мүмкін деп санауға жеткілікті негіздемелер болса, сондай-ақ қызметкерлердің өздеріне заңмен жүктелген міндеттерді жүзеге асыруына қасақана кедергі келтіретін адамдарға қатысты күзетпен апару және күзету;

      5) қызметкердің өзін-өзі қорғау немесе өзінің отбасының мүшелерін қорғау мақсатында оған және (немесе) олардың денсаулығына немесе өміріне ауыр зиян келтірудің нақты қаупі төнген кезде шабуылды тойтару;

      6) қажетті қорғаныс, аса қажеттік;

      7) егер бұл құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, сондай-ақ егер хаттама жасау міндетті болып табылса, оны сол орында жасау мүмкін болмаған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мақсатында қажет болса, құқық бұзушыларды жеткізу;

      8) егер жүргізуші қызметкердің тоқтату жөніндегі заңды талаптарына бағынбаса, көлік құралдарына ақау келтіру арқылы оларды тоқтату үшін қолдануға құқығы бар.

      1-1. Қызметкерлердің осы Заңда атыс қаруын және өзге де қаруды қолдану рұқсат етілген барлық жағдайларда дене күшін, оның ішінде жауынгерлік күрес тәсілдерін, сондай-ақ арнайы құралдарды қолдануға құқығы бар.

      1-2. Арнайы құралдың түрі, оны қолдану уақытының басталуы мен қарқындылығы орын алған жағдай, құқық бұзушылықтың сипаты және құқық бұзушының жеке басы ескеріле отырып айқындалады.

      2. Айналадағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін шабуыл, топтасқан шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, әйелдерге, мүгедектік белгілері анық білініп тұрған адамдарға және жас балаларға қатысты арнаулы құралдар мен жауынгерлік күрес тәсілдерін қолдануға тыйым салынады.

      Ескерту. 60-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

61-бап. Атыс қаруын және өзге де қаруды қолдану

      1. Қызметкерлердің атыс қаруын және өзге де қаруды:

      1) жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда оларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, сол сияқты кепілге алынғандарды босату;

      2) қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелеріне, қоғамдық тәртіпті қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі қызметтік немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген адамдарға жасалған шабуылға тойтарыс беру;

      2-1) құқық қорғау органының атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы көлік құралын тартып алу әрекеттерінің жолын кесу;

      3) жеке тұлғалардың тұрғын үй-жайларына, құқық қорғау органдары күзететін объектілерге, мемлекеттік ұйымдардың үй-жайларына жасалған шабуылға тойтарыс беру, қызметтік немесе әскери нарядқа жасалған шабуылға тойтарыс беру;

      4) қарсылық көрсететін не қылмыс жасау кезінде үстінен түскен, қамаудан қашқан адамдарды (әкімшілік қамақта ұсталатындардан басқа) ұстау, қаруланған адамдарды ұстау;

      5) егер көлік жүргізуші қызметкердің заңды талаптарына бағынбаса және жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірсе, көлік құралдарына ақау келтіру арқылы оларды тоқтату;

      6) адам өміріне немесе денсаулығына іс жүзінде қатер төндірген жағдайларда хайуанаттардың шабуылынан қорғану;

      7) қару қолдану ниеті туралы азаматтарға ескерту, дабыл сигналын беру немесе көмекке шақыру үшін;

      8) қажетті қорғаныстың және аса қажеттіліктің барлық өзге де жағдайларында қолдануға құқығы бар.

      2. Әйелдерге, анық мүгедектік белгілері бар адамдарға, жасы белгілі немесе анық болған кезде кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, адамдарды кепілге, көлік құралдарын, оның ішінде әуе кемесін басып алған не топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, қару қолдануға тыйым салынады.

      Ескерту. 61-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.04.2014 N 200-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 374-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

62-бап. Атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолдану шарттары

      1. Атыс қаруы және өзге де қару, арнайы құралдар, дене күші осы Заңда көзделген жағдайларда қалыптасқан жағдай негізге алына отырып қолданылады.

      2. Қызметкерлер атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолдануға байланысты жағдайларда әрекеттерге жарамдылығына арнайы даярлықтан, мерзімдік тексеруден өтуге міндетті.

      3. Қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында немесе қылмыс жасаған адамды ұстаған кезде қызметкер өзінде қажетті арнайы құралдар немесе қару болмаған кезде қолда бар кез келген құралды пайдалануға, сондай-ақ осы Заңда белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жарақтандыруда тұрмаған өзге де қаруды қолдануға құқылы.

      4. Атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолданған кезде қызметкерлер:

      1) атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолдануды кешіктіру азаматтардың, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін, өзге де ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін болатын немесе қалыптасқан жағдайда мұндай ескерту орынсыз немесе мүмкін емес болып табылатын жағдайларды қоспағанда, атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолдану ниеті туралы ескертуге, бұл ретте оларды қолдану көзделіп отырған адамдарға өзінің талаптарын орындау үшін жеткілікті уақыт беруге міндетті.

      Атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды және дене күшін бөлімшенің (топтың) құрамында қолданған жағдайда, көрсетілген ескертуді бөлімше (топ) басшысы немесе арнаулы атағы, сыныптық шені жоғары қызметкер жасайды;

      2) жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажетті шаралар қолдануға;

      3) атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолданғаны туралы тікелей басшыға дереу баяндауға міндетті.

      5. Адамдардың қаза табуына немесе өзге де ауыр салдарға әкеп соққан атыс қаруы және өзге де қару, арнайы құралдар, дене күші қолданылған әрбір оқиға туралы прокурорға дереу хабар беріледі.

      6. Қызметкерлердің атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін өз өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып қолдануы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 62-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

63-бап. Қызметкерлерді әлеуметтік қорғау

      1. Қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттің қорғауында болады.

      2. Осы Заңда белгіленген құқық қорғау органдарында қызмет өткерудің ерекше сипаты мен қызметкерлердің жауапкершілігі қосымша әлеуметтік құқықтармен және жеңілдіктермен өтеледі.

      3. Құқық қорғау органының қызметкерін қызмет бабында бір елді мекеннен екінші елді мекенге елу километрден астам қашықтыққа көшумен байланысты ауыстыру және жылжыту кезінде қызметкердің өзіне екі айлық ақшалай қаражат және онымен бірге көшіп келген әрбір отбасы мүшесіне жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді.

      Құқық қорғау органының қызметкерін қызмет бабында ауыстыру және жылжыту кезінде оған бюджет қаражаты есебінен он тоннаға дейін өз мүлкін тасымалдағаны үшін, сондай-ақ онымен бірге көшіп келген отбасы мүшелерін қоса алғанда, теміржол, су, автомобиль көлігінде жол жүргені үшін шығындар өтеледі.

      Қызмет бабында ауыстыру және жылжыту кезінде көтерме жәрдемақыға, көлікте жол жүру және өз мүлкін тасымалдау шығындарының өтелуіне құқығы бар құқық қорғау органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.

      Ескертпе. Осы бапта құқық қорғау органы қызметкерлерінің отбасы мүшелері деп: жұбайы (зайыбы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе біреуінің кәмелетке толмаған (асырап алған, асырауындағы немесе қорғаншылығындағы) балалары; жұбайының (зайыбының) білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жиырма үш жасқа дейінгі балалары; мүгедектігі бар (асырап алынған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалар және жұбайының (зайыбының) он сегіз жасқа дейін мүгедектік белгіленген мүгедектігі бар балалары; қызметкердің асырауындағы ата-аналары мен жұбайының (зайыбының) ата-аналары түсініледі.

      Асырауындағы адамдар деп құқық қорғау органы қызметкерінің табысы есебінен өмір сүретін және дербес табыс көзі жоқ отбасы мүшелері танылады.

      Ескерту. 63-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

64-бап. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзгедей қамсыздандыру

      1. Қызметкерлердің ақшалай ризығы Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін ақшалай жабдықталымды және қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды, сондай-ақ басқа да үстемеақыларды, қосымша ақыларды қамтиды.

      Қызметкерлерге қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақылар, сондай-ақ басқа да үстемеақылар, қосымша ақылар белгілеу тәртібін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.

      2. Қызметкерлердің ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және арнаулы атағы немесе сыныптық шені үшін берілетін қосымша ақыдан тұрады.

      Лауазымдық айлықақыны және сауықтыруға берілетін жәрдемақыларды есептеу үшін жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

      3. Қызметкерлерді зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Қызметкерлердің іссапар куәлігін көрсету арқылы көліктің барлық түрінде жол жүру құжаттарын және мейманханаларда тұру үшін орынды бірінші кезекте алуға құқығы бар.

      5. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткендердің балаларына жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жері бойынша балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерден кезектен тыс орындар береді.

      6. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін арттыру республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген мөлшерде үш жылда бір рет жүзеге асырылады.

      Ескерту. 64-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.07.2022 № 136-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

65-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде қызметті өткеру ерекшеліктері

      1. Еңбекке уақытша жарамсыздығы, қызметкердің емделуде үздіксіз болу кезеңі, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жекелеген аурулар бойынша емделудің бұдан да ұзақ мерзімі көзделген жағдайларды қоспағанда, төрт айдан аспауға тиіс. Қызметкер емделуде үздіксіз болуының белгіленген мерзімі өткен соң, өзінің одан әрі қызмет атқаруға жарамдылығы туралы мәселені шешу үшін әскери-дәрігерлік комиссияның медициналық куәландырудан өтуге тиіс.

      2. Қызметтік міндеттерін және қызметтік борышын орындау кезінде мертігуіне (жаралануына, контузия алуына, жарақаттануына) байланысты қызметкерлердің емделу уақытына шек қойылмайды. Аталған адамдар медициналық куәландыруға емделіп болған соң немесе ауруының нәтижесі анықталған жағдайда жіберіледі.

      3. Жиі және ұзақ ауыратын қызметкерлерді, егер еңбекке жарамсыз болған күндерінің саны он екі айда сол бір ауру бойынша үзіліссіз төрт айға дейінгі немесе жыл ішінде әртүрлі аурулар бойынша бес айға дейінгі уақытты құрайтын болса, қызметті одан әрі өткеруге жарамдылығын анықтау үшін құқық қорғау органының кадр қызметі емдеу-профилактика мекемелерінің ұсынулары бойынша әскери-дәрігерлік комиссияға медициналық куәландыруға жібереді.

      3-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген ауруларды қоспағанда, қызметкер осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзімдерден асатын әртүрлі аурулар бойынша еңбекке жарамсыз болған жағдайда, осы қызметкер құқық қорғау органының қарамағына есепке алынады.

      4. Қызметкерлерге олардың еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде ақшалай үлес толық көлемінде төленеді.

      Ескерту. 65-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

66-бап. Қызметкерлер қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайда берілетін кепілдіктер

      1. Қызметкерлер қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезеңінде мертіккен (жараланған, контузия алған, жарақаттанған) жағдайда оған біржолғы өтемақы төленеді, ал қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда ол оны алуға құқығы бар адамдарға беріледі.

      2. Біржолғы өтемақыны төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

      3. Қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан не қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қызметтен босатылғаннан кейінгі бір жыл ішінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, асырауындағы адамдарына немесе мұрагерлеріне оның соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.

      4. Қызметкерге қызметтік міндеттерін атқару кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан немесе қызметкер құқық қорғау қызметінен босатылған күнінен бір жыл өткенге дейін міндеттерін атқару кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленгенде біржолғы өтемақы:

      1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға – отыз айлық ақшалай қаражат;

      2) екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – он сегіз айлық ақшалай қаражат;

      3) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға – алты айлық ақшалай қаражат мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.

      5. Қызметкерлер қызметтік міндеттерін атқару кезінде мүгедектікке соқтырмайтын ауыр мертіккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған) жағдайда, оларға бір жарым айлық ақшалай қаражаты мөлшерінде, жеңіл зақым алған жағдайда жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.

      5-1. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарынан шығарылған қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.

      6. Егер қызметкердің қазасы (қайтыс болуы), науқастануы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) қызметтік міндеттерін атқаруға қатысы жоқ мән-жайларға байланысты болғаны белгіленген тәртіппен дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді.

      7. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкердің балаларына, олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен медициналық және санаториялық-курорттық қызмет көрсету құқығы сақталады.

      8. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған қызметкерлердің балалары әскери мектеп-интернаттарға және кадет корпустарына конкурстан тыс қабылдану құқығын пайдаланады, сондай-ақ оқуға түсушілер үшін белгіленген талаптар бойынша баллдың шекті деңгейін жинаса, құқық қорғау органының білім беру ұйымдарына конкурстан тыс қабылданады.

      9. Қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.

      Ай сайынғы ақшалай төлем балаларға (оның ішінде, асырап алған балаларға, бірге тұратын өгей балаларға) – олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу орнын күндізгі нысанда аяқтағанға дейін жиырма үш жастан аспайтын шекте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылардың төленуіне қарамастан, жұбайына (зайыбына) өмір бойы төленеді.

      Қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің жұбайына (зайыбына) төленетін ай сайынғы ақшалай төлем ол қайтадан некеге тұрған жағдайда тоқтатылады.

      Ай сайынғы ақшалай төлем оны алуға құқығы бар адам өтініш берген күннен бастап жүзеге асырылады.

      Ескерту. 66-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.06.2025 № 196-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

67-бап. Жерлеу шығындарын өтеу

      Қайтыс болған немесе қаза тапқан қызметкерлерді жерлеу үшін олардың үш айлық ақшалай қаражаты мөлшерінде, ал зейнеткерлерге үш айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы төленеді.

68-бап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету

      Ескерту. 68-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Қызметкерлер мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етілу құқығын пайдаланады.

      2. Қызметкерлердің, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы қызметтен шығарылған адамдардың "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайын жекешелендіруге құқығы бар.

      3. Қызметкерлер (курсанттарды қоспағанда) және олардың отбасы мүшелері "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен қызмет өткеру кезеңінде бюджет қаражаты есебінен тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі.

      4. Қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан жағдайда, ол қаза тапқан күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей, қаза тапқан адамның отбасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттармен және тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқылы.

      Ескерту. 68-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

69-бап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерін әлеуметтік қорғаудың өзге де шаралары

      1. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.

      2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлеріне, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шектерде, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері мен зейнеткерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтар қолданылады.

      3. Туберкулезге қарсы және басқа мамандандырылған жұқпалы аурулар мекемелерінде қызмет атқарып жүрген қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында аталған қызметкерлер үшін белгіленетін жеңілдіктерді пайдаланады.

      3-1. Қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің туберкулезге қарсы мекемелер мен басқа да мамандандырылған учаскелерде және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қызмет атқаратын қызметкерлеріне осы санаттағы медицина қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер қолданылады.

      4. Қызметкерлерге тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге республикалық бюджет туралы заңда айқындалатын мөлшерде ақшалай өтемақы төленеді.

      5. Қайтыс болған, құқық қорғау органдары қызметкерлері арасынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлік төлемақы алушылардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындалуына қарамастан: әйеліне (күйеуіне) – асыраушысының үш айлық зейнеткерлік төлемақысы мөлшерінде және отбасының еңбекке қабілетсіз әрбір мүшесіне – асыраушысының қайтқан күніне дейін төленіп тұрған бір айлық зейнеткерлік төлемақысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.

      Осы тармақта көзделген біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау кезінде жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерінің қатарына: жасына және еңбекке жарамдылығына қарамастан зайыбы (жұбайы); он сегіз жасқа толмаған немесе егер оларға он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектік белгіленсе немесе олар асыраушысы қайтыс болған күні күндізгі оқу орындарының оқушысы болып табылса және жиырма үш жасқа толмаған болса, бұл жастан асқан балалары; қайтыс болған адамның асырап-бағуында болып келген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған не мүгедектігі бар адамдар болып табылатын ата-аналары кіреді.

      6. Қызметкердің денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залал, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залал бюджет қаражатынан толық көлемде өтеледі, кейіннен бұл сома залал келтірген адамнан өндіріп алынады.

      Залалды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      Ескерту. 69-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

70-бап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерін медициналық және санаториялық-курорттық қамтамасыз ету

      1. Қызметкерлерді медициналық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бекітетін қызметкерлердің жекелеген санаттарына медициналық көмек Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында:

      1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы айқындайтын түрлер бойынша және көлемдерде бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      2. Қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеру орнында немесе тұрғылықты жерінде ішкі істер органдарының медициналық ұйымдары немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнаулы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша қызметкерлерге медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:

      1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.

      Қызметкерлерге осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.

      Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметкерлерге медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      3. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен тиісті денсаулық сақтау ұйымдарында санаториялық-курорттық емделумен қамтамасыз етіледі.

      Қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) қызметкерлер бюджет қаражаты есебінен санаториялық-курорттық емделуге жіберіледі.

      4. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің, сондай-ақ зейнеткерлерінің ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында медициналық көмекке құқығы бар.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:

      1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.

      5. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ зейнеткерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында медициналық және санаториялық-курорттық қызмет көрсетуді пайдаланады.

      6. Ішкі істер органдарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік мекемелері кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқылы.

      Ескерту. 70-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

10-тарау. ДЕМАЛЫСТАР

71-бап. Демалыс түрлері

      1. Қызметкерлер, құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының курсанттары үшін демалыстардың мынадай түрлері:

      1) ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы;

      2) қысқа мерзімді демалыс;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 321-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) оқу демалысы (құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының курсанттарына, сырттай оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге);

      4) еңбек сіңірген жылдары және қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін қосымша ақылы демалыс;

      5) жүктілігіне және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге арналған демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс белгіленеді.

      1-1. Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларда, қызметкерлерге атқарып жүрген лауазымынан босатыла отырып және құқық қорғау органының кадрларында қалдырыла отырып, жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.

      Жалақысы сақталмайтын демалысы аяқталғаннан кейін қызметкерге бұрын атқарған лауазымынан төмен емес лауазым беріледі.

      2. Демалысты беру, ұзарту не ауыстыру және демалыстан кері шақырып алу тиісінше бұйрықпен ресімделеді.

      Ескерту. 71-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

72-бап. Демалыстардың ұзақтығын есептеудің жалпы тәртібі

      1. Демалыстардың ұзақтығы күнтізбелік күндермен есептеледі. Демалыстардың ұзақтығын анықтау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жұмыс істемейтін күндер болып белгіленген мереке күндері есепке алынбайды. Заңда белгіленген тәртіппен демалыс күндері жұмыс күндері деп жарияланған кезде, ол күндер ақылы жыл сайынғы еңбек демалысына қосылады.

      2. Демалыс ұзақтығын анықтау кезінде, қызметкерлердің демалыс орнына баруы мен қайту жолына кететін уақыты есепке алынбайды.

      3. Демалыс алуға құқығы бар қызметкерлер оны бөліп-бөліп, алайда екі бөліктен асырмай пайдалана алады. Жол жүруге арналған уақыт демалыстың бір бөлігіне ғана беріледі.

      4. Құқық қорғау органдарынан шығарылатын қызметкерлерге шығарылатын жылға өздерінің қалауы бойынша олардың сол жылғы нақты еңбек еткен уақыт мерзіміне ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі немесе шығарылатын жылы пайдаланбаған ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы үшін сол жылы қызмет еткен уақытына тепе-тең, бірақ күнтізбелік қырық күннен аспайтын ақшалай өтемақы төленеді.

      5. Құқық қорғау органдары жүйесінің білім беру ұйымдарына оқуға жіберілетін қызметкерлерге, ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы білім беру ұйымдарына кеткенге дейін беріледі.

      6. Қызметкерлерге демалыс өткізу орнына бару және қайту жолына берілген уақытын қоса алғанда, ақылы жыл сайынғы еңбек, қысқа мерзімді, қосымша демалыстар кезінде ақшалай үлес олардың атқарып жүрген лауазымы бойынша демалысқа шыққан күні алатын мөлшерде төленеді.

73-бап. Ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы

      1. Ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы қызметкерлерге сауықтыруға екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күнге беріледі.

      2. Ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы қызметкерге күнтізбелік жылдың ішінде демалыстар кестесіне сәйкес берілуге тиіс.

      3. Ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы кезінде ауырып қалған қызметкердің демалысы олардың емделуде болған күннің санына ұзартылады.

      4. Қызметкерге құқық қорғау органдарына қызметке тұрған (қызметтен шығарылған), оқуға түскен (оқуды аяқтаған), сондай-ақ жүктілігіне және босануына байланысты демалысқа (демалыстан) шыққан, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалысының, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыстан шыққан жылындағы ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығын есептеу жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығын он екіге бөлу және алынған күндер санын құқық қорғау қызметіне тұрған (қызметтен шығарылған), оқуға түскен (оқуды аяқтаған), демалысқа шыққан (демалыстан шыққан) жылындағы қызметінің толық айларының санына көбейту арқылы жүзеге асырылады.

      Толық емес күндердің санын дөңгелектеу ұлғайту жағына қарай жүргізіледі.

      Бұл ретте ұзақтығы күнтізбелік он және одан көп күнге демалыс алуға құқығы бар қызметкерлерге демалысына қосып, жол жүруіне уақыт беріледі.

      Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

74-бап. Қысқа мерзімді демалыс

      1. Қызметкерлерге қысқа мерзімді ақылы демалыс шұғыл әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу үшін, сондай-ақ басқа да дәлелді себептер бойынша, қызметкердің демалысты өткізетін жерге барып қайтатын жолының уақыты есепке алынбастан, күнтізбелік он күнге дейін беріледі.

      2. Қысқа мерзімді демалыс ақылы жыл сайынғы еңбек демалысының есебіне саналмайды.

75-бап. Оқу демалысы

      1. Құқық қорғау органдары ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын курсанттарына, магистранттары мен докторанттарына мынадай демалыстар беріледі:

      1) қысқы каникулдық демалыс – ұзақтығы күнтізбелік он төрт күн;

      2) жазғы каникулдық демалыс – ұзақтығы күнтізбелік отыз күн;

      3) магистратураны, докторантураны қоспағанда, білім беру ұйымын аяқтауына байланысты ұзақтығы күнтізбелік отыз күн.

      2. Құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының оқуы бойынша берешегі бар курсанттарына, магистранттары мен докторанттарына каникулдық демалыс берешекті өтегеннен кейін, оқу бағдарламаларында белгіленген демалыс өткізу мерзімдерінің шегінде беріледі.

      3. Осы Заңда көзделген қосымша демалыстар курсанттарға берілмейді.

      4. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына күндізгі оқу нысаны, сондай-ақ қашықтан оқыту бойынша түсетін қызметкерлерге ақшалай қаражаты сақтала отырып, қабылдау емтихандарына дайындалу және тапсыру үшін – ұзақтығы күнтізбелік отыз күндік оқу демалысы, ал басқа білім беру ұйымдарына түсетін қызметкерлерге ақшалай қаражаты сақталмай, қабылдау емтихандарын тапсыру үшін ұзақтығы күнтізбелік он бес күнге дейін оқу демалысы беріледі.

      5. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында қашықтан оқыту бойынша оқитын қызметкерлерге емтихан тапсыру кезеңіне ұзақтығы емтихандық сессияның ұзақтығына тең, бірақ бір жылдың ішінде күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын оқу демалысы беріледі, Қазақстан Республикасы шегінде оқу орнына теміржол көлігімен баруға және қайтуға арналған шығыстары өтеледі.

      Шет елдердің құқық қорғау (полиция) органдарының білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын курсанттарға каникулдық демалыс кезінде оқу орнына баруға және қайтуға арналған шығыстары өтеледі.

      6. Қазақстан Республикасының және шет елдердің құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында, кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау курстарында оқитын қызметкерлерге оқуда болған әр күні үшін тәуліктік ақы төленеді және қызметтік іссапарлар үшін белгіленген тәртіппен және нормалар бойынша тұрғынжай жалдау жөніндегі шығыстары өтеледі.

      7. Алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 321-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8. Өзге де білім беру ұйымдарында сырттай (кешкі) оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге еңбекақы төлеу, оқу орнына жол жүру, демалыс беру мәселелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.

      9. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде немесе Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдегі жетекші жоғары оқу орындарындағы докторантура (PhD, бейіні бойынша доктор) бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына түскен қызметкерлерге ақшалай ризық сақталмай, атқарып отырған лауазымынан босатыла және құқық қорғау органдарының кадрында қалдыра отырып, оқу демалысы беріледі.

      Оқуы аяқталған соң қызметкерге бұрын атқарған лауазымынан төмен емес лауазым беріледі.

      Ескерту. 75-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

76-бап. Еңбек сіңірген жылдарына қарай және қызметті өткерудің ерекше жағдайлары үшін қосымша ақылы демалыс

      1. Зейнетақыны тағайындау кезінде есепке алынатын еңбек сіңірген жылдарына қарай қосымша ақылы демалыс (күнтізбелік есеппен):

      1) он жылдан аса еңбек сіңірген жылдары барларға – ұзақтығы күнтізбелік бес күнге;

      2) он бес жылдан аса еңбек сіңірген жылдары барларға – ұзақтығы күнтізбелік он күнге;

      3) жиырма жылдан аса еңбек сіңірген жылдары барларға ұзақтығы күнтізбелік он бес күнге беріледі.

      2. Биік таулы жерлерде (биіктігі бір мың бес жүз метр және одан жоғары), тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде қызмет өткеріп жүрген қызметкерлерге, еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы күнтізбелік қырық бес күн ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен экологиялық апат аймағы деп жарияланған өңірлерде, туберкулезге қарсы ұйымдарда және АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында қызмет өткеретін қызметкерлер ұзақтығы мен беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын жыл сайынғы қосымша демалыс алуға құқылы.

      4. Қызметінің ерекше жағдайлары үшін ұзақтығы күнтізбелік он күнге дейін қосымша ақылы демалыс беріледі, ол жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылып есептеледі және қызметкердің қалауы бойынша онымен бір мезгілде немесе бөлек берілуі мүмкін, бұл ретте қосымша және кезекті демалыстардың жалпы үзіліссіз ұзақтығы күнтізбелік елу бес күннен аспауға тиіс.

      5. Зиянды жағдайларда міндеттерін атқарғаны және қызметінің ерекше сипаты үшін бір мезгілде қосымша демалыс алуға құқылы қызметкерлерге қосымша демалыс олардың таңдауы бойынша тек бір негіз бойынша беріледі.

77-бап. Жүктілігі және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге арналған демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс

      1. Жүктілігі және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге арналған демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс қызметкерлерге ақылы жыл сайынғы еңбек демалысынан тыс беріледі.

      2. Жүктілігі және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге арналған демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс ұзақтығы, беру және ақы төлеу шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен белгіленеді.

      3. Жүктілігі және босануы бойынша демалыста, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңінде қызметкер тиісті органның немесе мекеменің кадрына есепке алынады. Жүктілігі және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердің соңғы жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

      Қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша демалыста, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыста болған уақыты құқық қорғау қызметіндегі өтіліне, арнаулы атақ немесе сыныптық шен беру үшін еңбек сіңірген жылдарына есептеледі.

      Құқық қорғау органында атқарып отырған лауазымының қысқартылуымен не өзгертілуімен ұйымдық-штаттық іс-шаралар жүргізілген жағдайда, қызметкерге біліктік талаптарына сәйкес келген кезде осы жергілікті жерде басқа бос лауазымға, бірақ бұрын атқарғанынан төмен емес лауазымға ауысу мүмкіндігі беріледі.

      Ескерту. 77-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

78-бап. Демалыстан кері шақырып алу

      1. Қызмет бабында аса қажет болған жағдайда, құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының жазбаша бұйрығы негізінде және қызметкердің жазбаша келісімімен ғана ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы үзілуі мүмкін. Бұл ретте демалыстың пайдаланылмаған бөлігі ағымдағы жылы немесе келесі жылы беріледі.

      2. Егер демалыстың пайдаланылмаған бөлігі күнтізбелік он және одан көп күнді құраса, қызметкерлерге жол жүруге демалыстан тыс уақыт беріледі.

      3. Қызметкердің қалауы бойынша демалыстың пайдаланылмаған бөлігі келесі жылғы ақылы жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін.

      Ескерту. 78-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11-тарау. ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНДА ҚЫЗМЕТТІ ТОҚТАТУ

79-бап. Құқық қорғау органдарында қызметті тоқтатудың негіздері

      Құқық қорғау органдарында қызметті тоқтатуға:

      1) осы Заңмен белгіленген тәртіппен жұмыстан шығару;

      2) құқық қорғау органы қызметкерінің қайтыс болуы (қаза табуы) немесе соттың заңды күшіне енген шешіміне сәйкес қайтыс болды деп жариялануы;

      3) қызметкерді хабарсыз кеткен немесе іс-әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп заңда белгіленген тәртіппен тану негіз болып табылады.

80-бап. Жұмыстан шығарудың негіздері

      1. Қызметкерлері мынадай негіздер бойынша:

      1) еңбек сіңірген жылдары (қызмет мерзімі) және зейнетақыға құқық беретін қызметті өткерудің шекті жасына жетуі бойынша;

      2) қызметте болудың шекті жасына жетуі бойынша;

      3) денсаулық жағдайы бойынша – әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы негізінде;

      4) штаттардың қысқаруына немесе құқық қорғау органының қайта ұйымдастырылуына байланысты басқа лауазымда пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда;

      5) өз қалауы бойынша;

      6) белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жұмысқа ауысуына байланысты;

      7) келісімшартты бұзуға не келісімшарт мерзімінің өтуіне байланысты;

      8) еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметті одан әрі өткеруден бас тартқан жағдайда;

      9) аттестаттаудың қорытындысы бойынша анықталған қызметке сәйкес келмеуі бойынша;

      10) сынақ мерзімінің ішінде қызметке жарамсыздығы байқалған жағдайда;

      11) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына байланысты;

      12) қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін;

      12-1) аумақтық құқық қорғау органының басшысы -

      а) қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алудан жасыруға;

      б) бағынысындағы қызметкердің азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының ІІ бөлімінде көзделген, заңды күшіне енген сот актілерінде не қылмыстық қудалау органдарының Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтарының және 36-бабының негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы шешімдерінде белгіленген конституциялық құқықтарын өрескел бұзумен байланысты қылмыс жасауына;

      в) азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғарыда көрсетілген бөлімінде көзделген конституциялық құқықтарын бұзумен байланысты тәртіптік теріс қылықтардың ұдайы жасалуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдамағаны үшін;

      13) құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін;

      14) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына байланысты;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      14-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      15) қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне, қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылуына байланысты;

      15-1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтінішхатпен жүгіну фактісі туралы не шетелдік азаматтықты алуға жүгіну фактісі туралы жүгінген күні тікелей басшысына жазбаша нысанда хабарламағаны үшін;

      15-2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамағаны үшін;

      16) осы Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді бермегені немесе бұрмалағаны үшін;

      17) ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартуына және құқық қорғау органының қарамағында болу мерзімінің өтуіне байланысты;

      18) құқық қорғау органының таратылуына байланысты;

      19) қызметкердің бір жұмыс күнінде қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелсіз себеппен қызметте болмауына байланысты жұмыстан шығарылады.

      2. Мынадай әрекеттер, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес, бірақ азаматтардың алдында құқық қорғау қызметінің қадір-қасиеті мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер, атап айтқанда: қызметкерлердің қоғамдық орындарда алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде (құқық қорғау органына тиесілігі айналадағыларға анық белгілі) болуы; есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну; алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралын басқару; қызметкердің алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) психотроптық және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін медициналық куәландырудан бас тартуы; қызмет бабын жеке пайдакүнемдік мақсатта пайдалану; құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, курсанттарының арасында жарғыға сәйкес келмейтін, жағымсыз қоғамдық резонанс тудырған қарым-қатынастары құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылықтар болып табылады.

      2-1. Қызметтік тәртіпті өрескел бұзуға қызметкердің қызметтік міндеттерін адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келген тиісінше орындамауы немесе орындамауы, егер бұл әрекеттер (әрекетсіздік) қылмыстық жауаптылыққа алып келмесе; ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысу, қызметкердің алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде қызметте болуы, оның ішінде жұмыс күні ішінде осындай масаңдануды тудыратын заттарды тұтынуы, қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған, қызмет мүдделеріне зиян келтірген қызметтік ақпаратты жария етуі жатады.

      3. Қызметкерлерді жұмыстан шығарудың осы баптың 1-тармағының 12) – 16) тармақшаларында көзделген негіздері теріс себептер деп танылады.

      Қызметкер осы баптың 1-тармағының 9), 10), 12), 12-1), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыстан шығарылған жағдайда, қызметкердің өз еркімен жұмыстан шығару туралы баянат беруі жұмыстан шығаруды тоқтата тұрмайды және жұмыстан шығару негіздерінің өзгеруіне алып келмейді.

      Ескерту. 80-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 116-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2026 № 251-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

81-бап. Жұмыстан шығарудың тәртібі және шарттары

      1. Қызметкерлерді жұмыстан шығаруды қызметкерлерді осы лауазымдарға қабылдауға және тағайындауға құқық берілген лауазымды адамдар жүргізеді.

      2. Құқық қорғау органдарында қызметін тоқтатқан қызметкерлер құқық қорғау органдарының кадрынан шығарылады.

      3. Егер жұмыстан шығарылатындар әскери қызметке жарамды адамдардың запаста болуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекті жасқа жетпесе, қызметкерлер әскери есепке қойылып, запасқа шығарылады.

      4. Жұмыстан шығарылатын қызметкерлер, сондай-ақ құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарынан шығарылған курсанттар қызметтік куәлігін тапсырады. Зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге құқық қорғау органдарының зейнеткері куәлігі беріледі.

      5. Өзінің қалауымен жұмыстан шығатын қызметкерлер жұмыстан шығу жоспарланған күннен кемінде бір ай бұрын өздері қабылдаған шешім туралы тікелей басшысына ескертіп, ол туралы жазбаша баянат береді.

      6. Осы Заңның 80-бабы 1-тармағының 1), 2, 4) және 18) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметтен шығарылатын қызметкерлер шығарылатыны не қызметте болудың шекті жасына толғаны туралы шығарылғанға немесе шекті жасқа толғанға дейін бір айдан кешіктірмей жазбаша хабардар етіледі.

      Осы Заңның 80-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 5) және 18) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметкерді жұмыстан шығаруды қоспағанда, қызметкерлерді демалыстарда және емдеуде болған кезеңінде жұмыстан шығаруға жол берілмейді.

      7. Қызметтен (кеден органдарын қоспағанда) босатылатын қызметкерлерге біржолғы жәрдемақылар мынадай тәртіппен және мөлшерде төленеді:

      күнтізбелік он жылдан аз еңбек сіңірген және денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқаруына байланысты қызметтен шығарылғандарға – үш айлық ақшалай қамтылым;

      күнтізбелік он жылдан астам еңбек сіңірген және қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқаруына байланысты қызметтен шығарылғандарға:

      он жылдан он бес жылға дейін – төрт айлық ақшалай қамтылым;

      он бес жылдан жиырма жылға дейін – бес айлық ақшалай қамтылым;

      жиырма жылдан жиырма бес жылға дейін – алты айлық ақшалай қамтылым;

      жиырма бес жылдан отыз жылға дейін – жеті айлық ақшалай қамтылым;

      отыз жылдан асқандарға – сегіз айлық ақшалай қамтылым.

      8. Біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау үшін еңбек сіңірген жылдарға зейнетақы төлемін тағайындауға арналып күнтізбе бойынша есептелген еңбек сіңірген жылдары есепке алынады.

      Біржолғы жәрдемақы соңғы штаттық лауазымы бойынша төленетін лауазымдық айлықақысы, қызметтен босатылған күнгі арнаулы атағы немесе сыныптық шені үшін қосымша ақы негізге алына отырып есептеледі.

      Құқық қорғау органының қызметкері құқық қорғау органдарына қайтадан (кейіннен) қызметке алынғаннан кейін қызметтен шығарылған кезде біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау кезінде қызметтің біржолғы (жұмыстан шығу) жәрдемақысы төленбеген кезеңі есепке алынады.

      9. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алу құқығынсыз қызметтен босату кезінде біржолғы жәрдемақылар төлеумен қатар құқық қорғау органдарының (кеден органдарын қоспағанда) орта, аға және жоғары басқарушы құрамының қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты қызметтен босатылған адамдарына арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері үшін қосымша төлемдері қызметтен босатылған күннен бастап бір жыл бойы сақталады. Төлемақыларды қызметкердің соңғы қызмет орны бойынша құқық қорғау органының қаржылық бөлімшесі жүзеге асырады.

      Бұл ретте, егер көрсетілген мерзім ішінде қызмет атқарып жүрген құқық қорғау органдарының басқарушы құрамы адамдарының арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері үшін қосымша ақылары өсетін болса, тиісінше еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алу құқығынсыз қызметтен шығарылған құқық қорғау органдарының (кеден органдарын қоспағанда) орта, аға және жоғары басқарушы құрамы адамдарына төленетін осы қосымша төлем мөлшері де ұлғаяды.

      10. Құқық қорғау қызметін өткеру кезеңінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен наградталған құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жұмыстан шығарылған кездегі біржолғы жәрдемақы мөлшері айлық ақшалай қамтымның екі есе мөлшеріне ұлғайтылады.

      Ескерту. 81-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

82-бап. Құқық қорғау органдарында қызмет етудің шекті жасы

      1. Құқық қорғау органдарында қызметте мынадай шекті жасқа:

      1) қоса алғанда майорға, кіші кеңесшіге дейін – қырық сегіз жасқа;

      2) подполковниктер, кеңесшілер – елу жасқа;

      3) полковниктер, аға кеңесшілер – елу бес жасқа;

      4) жоғары басшы құрамдағы адамдар алпыс жасқа дейін бола алады.

      1-1. Алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Лауазымдарға тағайындау құқығы берілген құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы жоғары кәсіптік даярлығы, атқаратын лауазымы бойынша жұмыс тәжірибесі бар және денсаулық жағдайы бойынша қызметті өткеруге жарамды қызметкерлерге олардың келісуімен қызмет мерзімін бір жылдан бес жылға дейін ұзартады.

      Айрықша жағдайларда, тиісті лауазымдарға тағайындау құқығы бар құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының шешімі бойынша қызметкерлерге бұл мерзім сол тәртіппен бір жылдан бес жылға дейін, ал ғылыми дәрежелері немесе атақтары бар жекелеген қызметкерлерге – бес жылдан он жылға дейін қайта ұзартылуы мүмкін.

      Қызметте қалдыру мерзімін ұзарту туралы шешім қызметкерді осы Заңда көзделген негіздер бойынша құқық қорғау органдарынан шығару мүмкіндігін жоққа шығармайды.

      Қызметкерлердің қызмет өткеру мерзімін ұзарту құқық қорғау органдарындағы қызметтің бүкіл кезеңінде екі реттен асырмай жүзеге асырылады.

      3. Қызметте болудың шекті жасына толған, денсаулық жағдайы бойынша қызмет өткеруге жарамды прокуратура органдарының қызметкері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе уәкілетті басшының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қызметін жалғастыруға құқылы.

      Бұл ретте зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қызметте қалдыру мерзімін ұзарту туралы шешім қызметкерді осы Заңда көзделген негіздер бойынша прокуратура органдарынан шығару мүмкіндігін жоққа шығармайды.

      Ескерту. 82-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

83-бап. Құқық қорғау органдарын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      Құқық қорғау органдарын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен мемлекеттік бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасында айқындалған Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 83-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

84-бап. Өтпелі ережелер

      Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлерге осы арнаулы атақтарда, сыныптық шендерде еңбек сіңірген мерзімі осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған заңнамаға сәйкес есептеледі.

      Осы Заңның 9-тарауының күші зейнетақымен қамсыздандыру, жеңілдетілген салық салу, олардың еңбекке уақытша жарамсыз кезеңіндегі ақшалай үлес төлеу, тұрғын үйді күтіп-ұстау және коммуналдық қызмет ақыларын ақшалай өтемақы төлеу бөлігінде кеден органдары қызметкерлеріне қолданылмайды, ал прокуратура органдарының қызметкерлеріне 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады.

      Осы Заңның күші, осы Заңның 3, 4, 5, 9, 45-1-баптарын, 60-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 7) және 8) тармақшаларын, 61-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5,) 6) және 8) тармақшаларын, 69-бабының 3) және 3-1) тармақшаларын, 72-бабының 5-тармағын, 75-бабын, 80-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасын, 83-бабын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне және оның қызметкерлеріне қолданылады.

      Осы Заңның 59-бабының, 60-бабы 1-тармағы 1), 5) және 6) тармақшаларының, 1-1, 1-2 және 2-тармақтарының, 61-бабының 1-тармағы 2), 2-1) және 7) тармақшаларының, 2-тармағының және 62-бабының күші Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлеріне олардың мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ете отырып, үкіметтік курьерлік байланысты жүзеге асыру жөніндегі қызметтік міндеттерін орындауына байланысты қолданылады.

      Құқық қорғау қызметіне кірген кезде қатардағы, кіші және орта басшы құрамның лауазымдарына конкурстық негізде орналасу 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылады.

      Осы Заңның 41-бабының 5-тармағы ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылады.

      2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен шығарылған прокуратура органдары қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген жыл сайынғы арттырулар ескеріле отырып, қызметтен шығарылған күнге белгіленеді, төлем еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күннен бастап жүзеге асырылады.

      Ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы, азаматтық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының 2003 және 2016 жылдар аралығындағы кезеңде қызметтен шыққан, жұмыстан шығарылған күні жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, соның кемінде он екі жыл және алты айын үзіліссіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет құрайтын және құқық қорғау органдарында қызметте болудың шекті жасына жету бойынша не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан шығарылған қатардағы және кіші басшы құрамдардағы қызметкерлердің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығы бар. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері қызметтен шығарылған күнге белгіленеді және төлем Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген арттырулар ескеріле отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасаған күннен бастап жүзеге асырылады.

      Осы Заңның 66-бабы 9-тармағының күші қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкерлердің 2022 жылғы 1 қаңтарда жесір әйелдері (тұл ерлері) мен балалары болып табылған адамдарға да қолданылады.

      Ескерту. 84-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2025 № 196-VIII (30.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

85-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев