Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 400-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 23 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мынадай мазмұндағы 163-5 және 163-6-баптармен толықтырылсын:

      «163-5-бап. Тауарлардың сауда желілеріне немесе ірі сауда
                  объектілеріне жетуін шектеу

      1. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асырушы сауда қызметі субъектілерінің тауарларды беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартуы не көрінеу кемсітушілік сипаттағы шарт жасасудан көрінетін және:
      1) сауда қызметі субъектісіне осындай қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен, сондай-ақ осындай немесе өзге де талаптар бойынша басқа да сауда қызметі субъектілерімен тауарлар беру шарттарын жасасуға тыйым салу туралы;
      2) тауарлар беруді жүзеге асырушы сауда қызметі субъектісінен осындай қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен жасасқан шарттары туралы мәліметтер беруін талап ету туралы шарттармен тауарлардың сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне жетуін шектеуі, –
      жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –
      төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      163-6-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына
                 рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының
                 мөлшерден асуы

      1. Сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметі субъектілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерден асыруы, –
      жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған іс-әрекеттер, –
      төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

      2) 541-баптың бірінші бөлігі «163-4,» деген цифрлардан кейін «163-6,» деген цифрлармен толықтырылсын;

      3) 565-баптың бірінші бөлігі «147-4-баптарында» деген сөздер «147-4, 163-5-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      қырық үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органның (317-1-бап (машиналар мен жабдықтар, химия өнімі, ойыншықтар қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтар бойынша);
      сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның (158-бап (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржалары қызметкерлері жасаса), 168-3-бап);»;
      елу төртінші абзац «127,» деген цифрлардан кейін «163-6,» деген цифрлармен толықтырылсын.

      2. «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 446-құжат; 1999 ж., № 21, 763-құжат; 2005 ж., № 11, 40-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат):
      17-баптың 3-тармағындағы «жүргізілген» деген сөз «жүргізілетін» деген сөзбен ауыстырылсын.

      3. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат):

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулер – квоталарды белгілеу жолымен енгізілуі мүмкін тауарлардың сыртқы саудасын сан жағынан шектеу жөніндегі шаралар;
      2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні – бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етілген шекте ұстау және елде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгіленетін бөлшек сауда бағаларының рұқсат етілген деңгейі, оған дейін сауда қызметі субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларын айқындауға құқылы;
      3) бөлшек сауда – кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес, сатып алушыға жеке, отбасылық, үй ішінде немесе өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
      4) кедендік баждардың квотаішілік ставкасы – белгіленген тарифтік квота шегінде әкелінетін тауарларға белгіленетін кедендік әкелім бажының мөлшері (шамасы);
      5) кедендік баждардың квотадан тыс ставкасы – белгіленген тарифтік квотадан тыс әкелінетін тауарларға белгіленетін әкелімді кедендік баждың мөлшері (шамасы);
      6) көтерме сауда – кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй ішінде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
      7) қоғамдық тамақтандыру – тамақ өнiмдерiн өндiрумен, өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет;
      8) рұқсат – осы Заңға сәйкес сыртқы сауда шарты (келісімшарт) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін рұқсат ету құжаты;
      9) сауда алаңы – тауарлар сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға, сатып алушылардың өтуіне арналған, арнайы құрал-жабдық қойылған сауда объектісінің алаңы;
      10) сауда желісі – ортақ басқарудағы және (немесе) бірыңғай коммерциялық белгіні немесе дараландырудың өзге де құралымен пайдаланылатын, екі мың шаршы метрден кем емес жалпы сауда алаңы бар, екі және одан да көп сауда объектiлерiнің жиынтығы;
      11) сауда қызметi – жеке және заңды тұлғалардың тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсiпкерлiк қызметi;
      12) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) – сауда қызметi саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      13) сауда қызметi субъектici – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сауда қызметiн жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      14) сауда объектiсi – арнайы құрал-жабдықпен жарақталған, тауарлар сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын үй немесе үйдің бір бөлігі, құрылыс немесе құрылыстың бір бөлігі, ғимарат немесе ғимараттың бір бөлігі, автоматтандырылған құрылғы немесе көлік құралы;
      15) сауда саясаты – осы Заңда белгiленген мақсаттар мен принциптердi іске асыру үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ұйымдық, құқықтық, экономикалық, бақылау және өзге де шаралар жиынтығы;
      16) сыртқы сауда (бұдан әрi – сыртқы сауда қызметi) – тауарларды Қазақстан Республикасынан әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына әкелумен байланысты сауда қызметi;
      17) тарифтiк квота – кедендік әкелім бажының қолданыстағы ставкасымен салыстырғанда тауардың белгілі бір санын әкелу кезінде (заттай немесе құнымен алғанда) белгілі бір кезең ішінде кедендік әкелім бажының мейлінше төмен ставкасын қолдануды көздейтін, үшінші елдерден шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді реттеу шарасы;
      18) тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi;
      19) тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық – уәкілетті орган беретін лицензияның негізінде ұсынылатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру құқығы;
      20) тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортын және (немесе) импортын қадағалау – тауарлардың жекелеген түрлерінің экспорты және (немесе) импорты серпініне мониторинг жүргізу мақсатында белгіленетін уақытша шара;
      21) ірі сауда объектісі – сауда алаңы екі мың шаршы метрден кем емес сауда объектісі;
      22) iшкi сауда – Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi;
      23) экспортты дамыту – отандық өндірушілердің тауарларды экспорттау қабілетін дамытуды ынталандыратын жағдайлар жасауға бағытталған, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясат шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені;
      24) экспортты дамытудың және ілгерілетудің институционалдық жүйесі – өңделген отандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілетуге бағытталған шаралар кешені;
      25) экспортты дамытудың және ілгерілетудің экономикалық құралдары – экспортты сервистік қолдау және экспорттаушылардың өңделген отандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілетудегі шығындарының бір бөлігін өтеу;
      26) Экспортты дамыту және ілгерілету жөніндегі ұлттық ұйым – өңделген отандық тауарлар экспортын дамыту және ілгерілету жөніндегі мемлекеттік шараларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға;
      27) экспортты ілгерілету – Қазақстан Республикасы экспорттаушыларының сыртқы нарықтарға кіруіне жәрдемдесуге бағытталған, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде мемлекеттік саясат шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені;
      28) экспортты сервистік қолдау – өңделген отандық тауарларды дамытуға және сыртқы нарықтарға ілгерілетуге бағытталған шаралар кешені.»;

      2) 3-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасындағы «жасау болып табылады.» деген сөздер «жасау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) сыртқы нарықтарда отандық тауарлардың бәсекелестік қабілеттігін арттыру болып табылады.»;
      2-тармақтың 1) тармақшасындағы «сауда қызметіне қатысушылар» деген сөздер «сауда қызметі субъектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 4-бапта:
      1-тармақтағы «меншiк нысанына қарамастан» деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «арнаулы» деген сөз «өзге де» деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      «2-тарау. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу

      5-бап. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары мен әдістері

      1. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары:
      1) сауда қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау;
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өтуі шарттарын айқындау;
      3) сауда қызметін дамытуды ынталандыру;
      4) сауда қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау;
      5) сертификаттау болып табылады.
      2. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу әдістері:
      1) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу;
      2) сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарлардың сатылуын тоқтата тұру және (немесе) сатуға тыйым салу;
      4) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шаралар қолдану;
      5) халықаралық экономикалық санкцияларға қатысу болып табылады.

      6-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Yкiметi:
      1) бірыңғай мемлекеттік сауда саясатын жүргізеді;
      2) мемлекеттік сауда саясаты бағдарламаларын бекітеді;
      3) Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау жөнінде шаралар қолданады;
      4) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолданады;
      5) сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу шараларын қолданады;
      6) ішкі сауда қағидаларын бекітеді;
      7) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекітеді;
      8) сауда қызметі саласында шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды және шетелде Қазақстан Республикасының сауда өкілдіктерін ашуды жүзеге асырады;
      9) сауда қызметі саласында келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды;
      10) уәкілетті органды айқындайды;
      11) өңделген отандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілетудегі экспорттаушылардың шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;
      12) сыртқы нарықтарға ілгерілетудегі экспорттаушылардың шығындары ішінара өтелетін өңделген отандық тауарлар тізбесін бекітеді;
      13) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағалардың шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу тәртібін бекітеді;
      14) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекітеді;
      15) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының рұқсат етілген шекті мөлшерін бекітеді;
      16) өзіне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді атқарады.

      7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган:
      1) сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      2) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлейді және қорытындылар дайындайды;
      3) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      4) сауда қызметін реттеу саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;
      5) сауда қызметi саласында орталық атқарушы органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiреді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметіне мониторинг жүргізеді;
      7) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлейді;
      8) сауда қатынастарын жетілдіру мақсатында жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын талдайды және зерделейді;
      9) республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуге бастамашы болады, оларға қатысады және оларды ұйымдастырады;
      10) халықаралық сауда ұйымдарымен келіссөздерде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан өкілдік етеді;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекелеген тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асырады;
      12) тоқсан сайын аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары беретін, тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар жөніндегі ақпаратты талдау арқылы мониторинг жүргізуді, сондай-ақ уәкілетті органның (ұйымның) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру, кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;
      13) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағалары мөлшерін белгілеудің орындылығын айқындау мақсатында макроэкономикалық талдау жүргізеді;
      14) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу және жыл сайынғы негізде оларға бағалардың шекті мәндерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      15) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу тәртібін әзірлейді;
      16) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептілік, тексеру парақтары нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      7-1-бап. Индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті
               органның құзыреті

      Индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті орган:
      1) өңделген отандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша экспорттаушылардың шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді;
      2) тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша экспорттаушылардың шығындары ішінара өтелетін өңделген отандық тауарлар тізбесін әзірлейді;
      3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың,
             ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi
             атқарушы органдарының құзыретi

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары:
      1) мемлекеттiк сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      2) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;
      3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
      4) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді;
      5) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлейді және іске асырады;
      6) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      7) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      8) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      9-бап. Сауда қызметi саласында баға белгiлеу

      1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды және тауар берушінің талап етуі бойынша тараптардың келісімімен шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленетін азық-түлік тауарларын беру шарты жасалатын жағдайларды қоспағанда, сауда қызметiнің субъектiлерi тауар бағаларын өз бетінше айқындайды.
      Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларын беру шарттарын жасасу кезінде шектi сауда үстемесiнiң мөлшерi мiндеттi түрде белгiленуге тиiс. Осы талап бұзылып жасалған мәмiле жарамсыз болады.
      2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері артқан жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында оларға рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеуге құқылы.
      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес белгіленетін әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерлері артқан кезде сауда қызметінің субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;

      5) 10-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «сауда автоматы» деген сөздер «автомат» деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 13-баптың 3-тармағындағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:

      «3-1-тарау. Ішкі сауданы дамытуға жәрдемдесу

      14-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
                астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың
                жергілікті атқарушы органдарының сауда қызметін
                қолдауы

      1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының сауда қызметін қолдауы мынадай іс-шараларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады:
      1) сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
      2) сауда қызметкерлерін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру, кәсіби негізде еңбек нарығын қалыптастыру;
      3) сауда қызметі субъектілерін, оның ішінде отандық өндірістің азық-түлік тауарлары саудасын жүзеге асыратындарды экономикалық ынталандыру шараларын қолдану;
      4) электрондық сауданы дамыту;
      5) шекара маңындағы сауданы дамыту;
      6) отандық сауда желілерін дамыту.
      2. Ішкі сауданы дамытуға бағытталған іс-шаралар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері ескеріле отырып әзірленеді.

      14-2-бап. Халықты сауда алаңдарымен қамтамасыз етуді нормалау

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері өңірлердің аумақтарының қала құрылысы жоспарларының (аудандық жоспарлау жобасы), елді мекендердің бас жоспарларының кешендік схемаларын әзірлеу кезінде ескерілуге тиіс.
      2. Уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлейді.
      3. Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлеу кезінде елді мекендердің санаттары, елді мекендегі халықтың құрылымы мен тығыздығы ескерілуге тиіс.»;

      8) 4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      «4-тарау. Сыртқы сауда қызметі

      15-бап. Сыртқы сауда қызметiн дамыту жөнiндегi мемлекеттiк
              шаралар

      Сыртқы сауда қызметiн дамыту жөнiндегi мемлекеттiк шаралар:
      1) экспорттық кредиттердің кепiлдіктерi мен сақтандыру жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      2) сыртқы сауда қызметiн дамытуға жәрдемдесетін сауда көрмелерiн, жәрмеңкелерді және өзге де iс-шараларды ұйымдастыру;
      3) экспортты дамытудың және ілгерілетудің институционалдық жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      4) экспортты дамытудың және ілгерілетудің экономикалық құралдарын қолдану;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сыртқы сауда қызметін ынталандырудың және көтермелеудің өзге де нысандарын іске асыру болып табылады.

      15-1-бап. Экспортты дамыту және ілгерілету жөніндегі ұлттық
                ұйымның мақсаттары мен міндеті

      1. Экспортты дамыту және ілгерілету жөніндегі ұлттық ұйым қызметінің мақсаттары:
      1) экспортты дамытудың және ілгерілетудің институционалдық жүйесін құру;
      2) отандық тауар өндірушілердің экспорттық қабілетін дамыту болып табылады.
      2. Экспортты дамыту және ілгерілету жөніндегі ұлттық ұйымның міндеті экспортты дамытудың және ілгерілетудің экономикалық құралдарын іске асыру болып табылады.

      16-бап. Сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу

      1. Сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу шараларына:
      1) кедендік баждарды;
      2) тарифтік жеңілдіктерді;
      3) тарифтік преференцияларды;
      4) тарифтік квоталарды қолдану жатады.
      2. Сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеудің негізгі мақсаттары:
      1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің тауарлық құрылымын ұтымды ету;
      2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің және оған әкелудің ұтымды арақатынасын ұстау;
      3) Қазақстан Республикасында тауарларды өндіру және тұтыну құрылымында прогрессивтік өзгерістер үшін жағдайлар жасау;
      4) Қазақстан Республикасының экономикасын импортталатын тауарлардың қолайсыз әсерінен қорғау;
      5) Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға тиімді ықпалдасуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
      6) елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

      16-1-бап. Тарифтік квоталар

      1. Қазақстан Республикасының аумағында ауыл шаруашылығы өндірісін ынталандыру, ауыл шаруашылығы тауарларын тұтынудың қажетті көлемін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталарды белгілейді.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі тарифтік квотаның көлемін, оны бөлу әдісін, тәртібін айқындайды және оны сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөледі.
      Тарифтік квотаның қолданылу мерзімін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      2. Әкелінуіне қатысты тарифтік квоталар қолданылатын ауыл шаруашылығы тауарларына кедендік баждардың квотаішілік ставкалары және кедендік баждардың квотадан тыс ставкалары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес белгіленеді.
      3. Ішкі тұтыну үшін тарифтік квоталар шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.
      Лицензияларды беру өздеріне квоталар бөлінген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың өтініштері негізінде жүзеге асырылады.
      Лицензияларды беру тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында айқындалады.

      17-бап. Сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу

      1. Сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу шараларына:
      1) жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салу;
      2) жекелеген тауарларды әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулер;
      3) тауарлардың жекелеген түрлері экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық беру;
      4) сыртқы сауда қызметi саласындағы лицензиялау;
      5) тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортын және (немесе) импортын қадағалау;
      6) халықаралық экономикалық санкцияларды орындауға қатысу;
      7) техникалық, фармацевтикалық, санитариялық, ветеринариялық, фитосанитариялық, экологиялық стандарттар, нормалар мен талаптар, әкелiнетiн тауарлардың сапасын бақылау жатады.
      2. Шет мемлекет Қазақстан Республикасының мүдделерiн бұзатын шаралар қолданған жағдайда, сондай-ақ ол халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасы алдында қабылдаған мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта белгiленген консультациялар мен рәсiмдер жүргiзiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының мүдделерiн тиiмдi қорғау үшін қажеттi шекте, жауап шара ретiнде сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу шараларын қолдануға құқылы.

      18-бап. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге
              тыйым салу және сан жағынан шектеулер

      1. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салуды Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) құқық тәртiбiн сақтау;
      2) адам өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау;
      3) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасын сақтау;
      4) мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени игіліктер объектілерін заңсыз әкетуден және (немесе) әкелуден қорғау;
      5) сонымен бір мезгілде орны толмас табиғи ресурстарды iшкi өндiрудi және тұтынуды шектей отырып, олардың сарқылуын болдырмау;
      6) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      7) халықаралық мiндеттемелердi орындау;
      8) елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттiлiгiне қарай енгiзеді.
      2. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеулерді Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      2) халықаралық мiндеттемелердi орындау;
      3) ішкі нарықты қорғау;
      4) отандық тауарларға қатысты басқа мемлекеттердiң кемсiтушiлiк шектеулер қолдануына жауап шаралар енгiзу қажеттiлігіне қарай енгiзеді.
      3. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеулер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізіледі және лицензиялау жолымен жүзеге асырылады.
      4. Ішкі нарық үшін аса маңызды болып табылатын азық-түлік немесе өзге де тауарлардың орасан көп жетіспеушілігін болдырмау немесе азайту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салуды және сан жағынан шектеулерді енгізеді.
      Уәкілетті органның жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салуды және сан жағынан шектеуді қолдану қажеттігі туралы қорытындысында:
      Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауардың атауы мен оның коды;
      өңірдегі тауардың қалғандарын, олар бар болған кездегі мемлекеттік резервтерді, өндіріс көлемдерін, импортты, экспортты және тұтынуды талдауға негізделген, жекелеген тауарды әкетуге тыйым салуды және сан жағынан шектеуді енгізу қажеттігін растайтын ақпарат;
      тауарларды берушілер туралы мәліметтер, тауарлардың сәйкестендіру белгілері, тасымалдаудың белгілі тәсілдері, әкетуге тыйым салуды және сан жағынан шектеуді енгізу ұсынылатын тауарды анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпарат;
      жекелеген тауарларды әкетуге сан жағынан шектеу енгізу үшін квота мөлшері болуға тиіс.
      5. Жекелеген тауарларды әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулерді бөлуді Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.

      18-1-бап. Рұқсаттарды беру шарттары мен тәртібі

      1. Рұқсаттар барлық өтінім берушілерге шектеусіз беріледі.
      2. Рұқсат алу үшін өтінім беруші уәкілетті органға бір данада қағаз жүзінде белгіленген үлгідегі рұқсаттың жобасын және оның электрондық көшірмесін ұсынады.
      3. Рұқсаттың жобасы берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде рұқсат беріледі.
      4. Рұқсаттың қолданыс мерзімі рұқсат берілген күнтізбелік жылмен шектеледі.
      5. Берілген рұқсатқа өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
      6. Берілген рұқсат басқа өтінім берушілерге қайта ресімдеуге жатпайды.
      7. Рұқсат жоғалған жағдайда өтінім берушінің жазбаша өтініші бойынша уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде рұқсаттың телнұсқасын береді.

      19-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық
              санкцияларға қатысуы

      Бір немесе бірқатар мемлекеттерге қатысты Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық санкцияларға қатысуы, осы санкцияларды күшіне енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

      20-бап. Жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе)
              импортына ерекше құқық

      1. Жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық лицензиялау негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық берілетін жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған сауда қызметі субъектілеріне жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық енгiзiлетiн жекелеген тауарлар түрлерінің экспортын және (немесе) импортын жүзеге асыруға лицензиялар беріледі, олар кемсiтпеушiлiк және адал коммерциялық практика принциптерi негiзiнде жекелеген тауарлар түрлерінің экспорты және (немесе) импорты бойынша операцияларды жасауға міндетті.

      21-бап. Жекелеген тауарлар түрлерінің экспортын және (немесе)
              импортын қадағалау

      Жекелеген тауарлар түрлерінің экспортын және (немесе) импортын қадағалау рұқсаттар беру арқылы жүзеге асырылады.

      22-бап. Тауарларды импорттау кезінде қорғау, демпингке қарсы
              және өтемақы шараларын қолдану

      Тауарларды импорттау кезінде қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;

      9) 27-баптың 2-тармағындағы «аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)» деген сөздер «ауданның, облыстық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «28-бап. Көрме-жәрмеңке қызметі

      1. Көрме-жәрмеңке қызметі нарықтың конъюнктурасын зерделеу, тауарларды сатып алу-сатуды ұйымдастыруға жәрдемдесу, шарттар жасасу және жаңа сауда байланыстарын орнату мақсатында көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады. Көрме-жәрмеңке қызметі тауар үлгілерін көрсетумен байланысты.
      2. Жергілікті атқарушы органдар, жеке немесе заңды тұлғалар халықаралық және республикалық маңызды мәртебесі бар көрмелер мен жәрмеңкелер өткізген жағдайда оларды өткізу көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізу тұжырымдамасын уәкілетті органмен алдын ала келісу жолымен жүзеге асырылады. Көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізу тұжырымдамасында болжалды ұйымдық және қаржылық ресурстар мен ықтимал қатысушылар туралы мәліметтер болуға тиіс.»;

      11) 6-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      «6-тарау. Сауда қызметi субъектiлерiне және тауарларға қойылатын талаптар

      31-бап. Сауда қызметi субъектiлерiне қойылатын талаптар

      1. Сауда қызметi субъектiлерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
      1) тиiсiнше сапалы, қауiпсiздiк талаптарына сай келетiн тауарларды сатуға;
      2) тауарларды тиісінше жария оферта, шарттар немесе өзге де мәмiлелер талаптарына сәйкес белгiленген өлшемдер бойынша сатуға;
      3) сатып алушыға тауардың сапасы мен шығарылған жерi, тұтыну қасиеттерi, кепiлдi мiндеттемелерi және талаптар қою тәртiбi, өнiмдi пайдалану, оны сақтау тәсiлдерi мен ережелерi туралы, ал талап-арызды және сотқа ұсынылатын, оған қоса берілетін құжаттар ресiмделген жағдайда, сол сияқты сатушының немесе дайындаушының (орындаушының) орналасқан жерi мен өзге де реквизиттері туралы қажеттi және дұрыс ақпарат беруге;
      4) сауда объектiсiнiң жалпы жұртқа қолжетімді жерiнде өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi талаптарына сәйкес тексерiлген бақылау-өлшеу аспаптарын орналастыруға;
      5) сатып алушыда тауарлардың массасы мен ұзындығына қатысты күмән туындаған жағдайларда, оған бақылау-өлшеу құралдарының көмегiмен аталған сипаттамаларды өз бетінше тексеру мүмкiндiгiн беруге;
      6) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестiгі міндетті расталуға жататын тауарларды сату кезiнде сатып алушының талабы бойынша оған сәйкестік сертификатын (белгіленген үлгідегі бланкілердегі көшірмесін) не сәйкестік туралы декларацияны көрсетуге;
      7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiп пен жағдайларда фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналарды қолдануға;
      8) осы Заңның 32-бабында белгiленген қауiпсiздiк талаптары мен нормаларына сай келмейтiн тауарды айналымнан алып тастауға, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тұтынушыдан сатылған тауарды оның құнын өтей отырып, қабылдап алуға;
      9) мемлекеттiк органдардың белгiленген тәртiппен шығарылған ұйғарымдарын орындауға;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.
      2. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асырушы сауда қызметі субъектілеріне тауарлар беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартудан не көрінеу кемсітушілік сипаттағы шарт жасасудан көрінетін және:
      1) сауда қызметі субъектісіне осындай қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен, сондай-ақ осындай немесе өзге де талаптармен басқа да сауда қызметі субъектілерімен тауарлар беру шарттарын жасасуға тыйым салу туралы;
      2) тауарлар беруді жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісінің осындай қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен жасасатын шарттары туралы мәліметтер беруін талап ету туралы талаптармен тауарлардың сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне жетуін шектеуіне тыйым салынады.
      3. Сауда қызметі субъектілеріне нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, осы Заңның 9-бабының 2–тармағына сәйкес белгіленетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасының мөлшерін бұзуға тыйым салынады.
      4. Осы баптың 2 және 3-тармақтары бұзылған кезде сауда қызметі субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
      5. Егер сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісі мен өнім беруші арасында сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөнінде қызметті жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісіне мұндай тауарларды бергеннен кейін белгілі бір уақыттан соң оларға ақы төлеу талабымен тауарлар беру шарты жасалған жағдайда, осы шартта белгілеу үшін мұндай тауарларға ақы төлеу мерзімі мынадай қағидалар бойынша айқындалады:
      1) сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісі жарамдылық мерзімі күнтізбелік он күннен кем болып белгіленген азық-түлік тауарларына мұндай тауарлар берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ақы төлеуге тиіс;
      2) сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісі Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, жарамдылық мерзімі күнтізбелік он және одан да көп күн болып белгіленген азық-түлік тауарларына мұндай тауарлар берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде ақы төлеуге тиіс.
      6. Осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімдерде тауарларға ақы төлеу тауарлар беруді жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісінің Қазақстан Республикасының заңдарына, нормативтік құқықтық актілеріне немесе шартқа сәйкес тауарларға қатысты құжаттарды беру жөніндегі міндеттерін орындаған жағдайда жүзеге асырылады.

      32-бап. Тауарларға қойылатын талаптар

      1. Қауіпсіздік талаптарына сай келетін және белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтік құжаттарға, техникалық шарттарға сәйкес келетін тиісті сападағы тауарлар Қазақстан Республикасының ішкі нарығында айналымға жатады.
      2. Тауарлардың сапасы туралы мәліметтер:
      1) дайындаушының тауар белгісі;
      2) тауардың шыққан елі;
      3) тауардың құрамы туралы;
      4) азық-түлік тауарлары үшін – тамақ құндылығы;
      5) дайындалған күні;
      6) сақтау және жарамдылық мерзімі туралы;
      7) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың аталуы;
      8) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес өзге де мәліметтер.
      Тауардың сапасына қойылатын жоғарыда аталған талаптар туралы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде жапсырмаларда, затбелгілерде, қосымша парақтарда болуға тиіс.
      Тауарлардың сақталуы және тасымалы олардың сапасының сақталуы және тұтыну үшін қауіпсіздік талаптарының сақталуы, оның ішінде арнайы жабдықталған үй-жайларда сақтаудың көзделген шарттарға, осы мақсаттар үшін арнайы арналған көлік құралдарында тасымалдау шарттарына қойылатын талаптардың сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда жүзеге асырылуға және белгіленген жағдайларда мұндай талаптардың сақталуы тиісті құжаттардағы жазбалармен расталуға тиіс.
      3. Мыналарды:
      1) айналыстан алынған тауарларды;
      2) арнайы рұқсат алынбастан, айналыс қабілеті шектелетін тауарларды;
      3) белгіленген тәртіппен таңбалауға жататын акциздік таңбалары немесе есепке алу-бақылау таңбалары жоқ акцизделетін тауарларды;
      4) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында сатуға тыйым салынған өзге де тауарларды сатуды жүзеге асыруға тыйым салынады.

      32-1-бап. Сауда қызметі субъектілерінің құқықтары

      1. Сауда қызметі субъектілері осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметін жүзеге асыруға құқылы.
      2. Сауда қызметі субъектісі:
      1) сауданың мамандандырылуын (әмбебап сауда және (немесе) мамандандырылған сауда);
      2) сатылатын тауарлардың ассортиментін;
      3) жұмыс режимін;
      4) осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатылатын тауарлар бағаларын өз бетінше айқындайды.
      3. Сауда қызметі субъектісі өзінің мүдделері қозғалатын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды мемлекеттік органдардың қарауы үшін ұсынуға құқылы.»;

      12) мынадай мазмұндағы 33-1 және 33-2-баптармен толықтырылсын:

      «33-1-бап. Тауарлардың сауда желілеріне және ірі сауда
                 объектілеріне жетуін шектеуді бақылау

      «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен монополияға қарсы орган тауарлардың сауда желілеріне және ірі сауда объектілеріне жетуін шектеуді бақылауды жүзеге асырады.

      33-2-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат
                етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің
                сақталуын мемлекеттік бақылау

      1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды тексеру нысанында жүзеге асырады.
      2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.».

      4. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):

      1) 6-бап мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      «13) кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындауға уәкілетті органды (ұйымды) белгілеу.»;

      2) 7-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына және уәкілетті органның (ұйымның) қызметін ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына жыл сайынғы тексеруді жүргізу, кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асырады.».

      5. «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат):

      1) 1-бапта:
      12) тармақша алып тасталсын;
      25) тармақшадағы «ауыл шаруашылығы өнiмiн және оның тереңдете өңделген өнiмдерiн» деген сөздер «азық-түлік тауарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «26-1) субсидиялау – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, субсидияларды нақты алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру;»;

      2) 5-бапта:
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау қағидаларын бекіту;»;
      15) тармақшадағы «айқындау кіреді.» деген сөздер «айқындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
      «16) өзіне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді атқару кіреді.»;

      3) 6-бапта:
      1-тармақта:
      8) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «азық-түлік тауарларының бағалары мен нарықтарының;»;
      мынадай мазмұндағы 26) және 27) тармақшалармен толықтырылсын:
      «26) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін әзірлеу;
      27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.»;
      2-тармақтың 8) тармақшасындағы «жобаларды келiсу кiредi.» деген сөздер «жобаларды келісу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кiредi.»;

      4) 7-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші абзацтағы «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы «тыңдау кіреді.» деген сөздер «тыңдау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.»;
      2-тармақта:
      бірінші абзацтағы «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «, республикалық маңызды бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) тармақшадағы «ауыл шаруашылығы өнiмiн» деген сөздер «азық-түлік тауарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) тармақшадағы «беру кіреді.» деген сөздер «беру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      «18) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.»;
      3-тармақтың 4) тармақшасындағы «айқындау кіреді.» деген сөздер «айқындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.»;
      4-тармақтың 8) тармақшасындағы «ұйымдастыру кіреді.» деген сөздер «ұйымдастыру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.»;
      5-тармақтың 8) тармақшасындағы «ұйымдастыру кіреді.» деген сөздер «ұйымдастыру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында олардың қарауына жатқызылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.»;

      5) 11-бапта:
      2-тармақта:
      бірінші абзац «Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен» деген сөздер алып тасталсын;
      4-тармақта:
      бірінші абзацтағы «Атаулы субсидиялау» деген сөздер «Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы «атаулы субсидиялау» деген сөздер «агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау» деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 12-бапта:
      2-тармақтағы «ауыл шаруашылығы өнiмi және оның тереңдете өңделген өнiмдерi» деген сөздер «азық-түлік тауарлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асыру тәртібі мен көлемдерін Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      Сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады, олардың тiзбесiн және сыйақы мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтеді.».

      6. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 23 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      17-бап мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;».

      7. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар, № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар):

      1) 9 және 38-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «9-бап. Лицензиялардың түрлері және қолданысы

      Лицензиялар мынадай белгілері бойынша:
      1. Субъектілер бойынша:
      1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына берілетін;
      2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берілетін болып бөлінеді.
      2. Қызмет көлемі бойынша:
      1) бас лицензия – қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға қолданыс мерзімі шектеусіз берілетін;
      2) біржолғы лицензия – рұқсат етілген мерзім, көлем, салмақ немесе саны шегінде (заттай не ақшалай алғанда) белгілі бір шаруашылық операциясымен айналысуға, сондай-ақ «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзім шегінде ойын бизнесі саласында қызмет түрлерімен айналысуға және «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген көлем шегінде үлескерлердің ақшаларын тарту есебінен тұрғын үйлердің құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға;
      3) операциялық лицензия – банк қызметінде жекелеген операциялармен айналысуға, сақтандыру қызметінде сыныптарды (сақтандыру сыныптарын) иеленуге берілетін болып бөлінеді.
      3. Тауарлар экспорты мен импорты саласында:
      1) бас лицензия – кеден одағына мүше мемлекеттің шешімі негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және лицензияда айқындалған санымен жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия;
      2) ерекше лицензия – сыртқы сауда қызметіне қатысушыға жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық беретін лицензия;
      3) біржолғы лицензия – сыртқы сауда шарты (келісімшарты) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және белгілі бір санымен лицензияланатын тауардың экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия.»;

      «38-бап. Жалпы ережелер

      1. Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген, үшінші елдермен саудада Еуразия экономикалық қоғамдастығы шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйым салатын немесе шектеулер қолданатын тауарлардың бірыңғай тізбесі негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі экспорты және (немесе) импорты лицензиялануға жататын тауарлардың тізбесін белгілейді.
      Тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялау оларды орындау үшін осы шектеулер енгізілген мақсаттармен салыстырғанда тауарлар экспортына немесе импортына мейлінше шектеушілік немесе бұрмалаушылық әсер етпеуге тиіс.
      2. Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес сыныпталатын, оған қатысты лицензиялау енгізілген әрбір тауарға лицензия беріледі.
      Лицензиар мынадай лицензия түрлерін береді:
      біржолғы;
      бас;
      ерекше.
      Лицензиар бас және ерекше лицензиялар беруді Кеден одағы комиссиясының шешімімен көзделген жағдайларда жүзеге асырады.
      3. Бас және ерекше лицензиялардың иелері лицензияның орындалу барысы туралы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесіне дейін уәкілетті органға есеп беруге міндетті.
      Біржолғы лицензиялардың иелері лицензияның қолданыс мерзімі өтісімен күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға лицензияның орындалуы туралы анықтама беруге міндетті.
      4. Біржолғы лицензияның қолданыс кезеңі оның қолданыла бастаған күнінен бастап бір жылдан аспауға тиіс. Біржолғы лицензияның қолданыс мерзімі сыртқы сауда шартының (келісімшартының) қолданыс мерзімімен немесе лицензия беруге негіз болып табылатын құжаттың қолданыс мерзімімен шектелуі мүмкін.
      Сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін лицензияның қолданыс кезеңі квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.
      Егер Кеден одағы комиссиясының шешімінде өзгеше жазылмаса, бас лицензияның қолданыс мерзімі ол қолданыла бастаған күннен бастап бір жылдан аспауға тиіс, ал сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.
      Ерекше лицензияның қолданыс мерзімі әрбір нақты жағдайда Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.»;

      2) 39 және 40-баптар алып тасталсын;

      3) 41-бапта:
      бірінші бөліктегі «импорттаушы мүшенiң» деген сөздер «импорттаушы елдің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі «, сондай-ақ лицензияны беру мен ресiмдеу тәртiбiн» деген сөздер алып тасталсын.

      8. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат):
      4-баптың 1-тармағының 38) тармақшасындағы және 13-баптың 17) тармақшасындағы «ауыл шаруашылығы өнiмдерiн және оның тереңдете өңделген өнiмдерiн» деген сөздер «азық-түлік тауарларын» деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 12-баптың 3-тармағының 15) тармақшасындағы «сақтауға байланысты бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.» деген сөздер «сақтауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
      «16) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын сақтауға байланысты бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.»;

      2) аталған Заңға қосымшада:
      1-тармақтың 91) тармақшасындағы «өндіру саласында жүзеге асырылады.» деген сөздер «өндіру саласында;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 92) тармақшамен толықтырылсын:
      «92) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын сақтауда жүзеге асырылады.».

      2-бап. Алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 4) тармақшасының жиырма төртінші, қырық екінші, алпыс үшінші және алпыс төртінші абзацтарын, 7) тармақшасының он бірінші - он бесінші абзацтарын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев