Ескерту. Тақырыбы өзгердi, кіріспе алып тасталды, мәтін бойынша "Жарлыққа", "Жарлығымен", "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлықтың", "Жарлық" деген сөздер тиісінше "Заңға", "Заңымен", "Заңмен", "Заңда", "Заңның", "Заң" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2001.03.02 N 162, Бүкіл мәтiн бойынша "(мүдде)" деген сөз алынып тасталды - 2005.07.08 N 69 Заңдарымен.
I Бөлiм
Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң
негiздемесi мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Банк, оның мәртебесi және тұрған жерi
1. Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi.
3. Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.
4. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 1999.07.16 N 436, 2001.03.02 N 162, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау - мынадай шарттардың бірі:
бір тұлға заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не басқа тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) елу процентінен астамына дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленген не оның басқа заңды тұлға акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болған;
бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесі немесе басқармасы құрамының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігі болған;
Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, бір заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосқан;
бір заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) сәйкес немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда өзгедей түрде басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
2) банк акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) - банктің, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену арқылы банктің бірлескен ірі қатысушысы, банк холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімін айқындау мүмкіндігі;
3) банк конгломераты - бас ұйымнан және оның еншілес ұйымдарынан, сондай-ақ бас ұйым және (немесе) оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын және мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін:
банк бас ұйым болып табылатын немесе еншілес ұйымдардың бірі банк болып табылатын;
банк бас ұйым болып табылмайтын, бірақ топтың қызметі негізінен банк секторында шоғырланған, яғни банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық активтерінің топтың жиынтық активтеріне қатынасы қырық және одан да көп процентті құрайтын;
банк бас ұйым болып табылмайтын, бірақ топта бір банк және өзге қаржылық ұйым болатын заңды тұлғалар тобы.
Егер құрамына банк кіретін заңды тұлғалар тобында бас ұйым ұлттық басқарушы холдинг болып табылса, онда:
банк;
банктің бас ұйымы болып табылатын банктік холдинг;
банктің, банктің бас ұйымы болып табылатын банктік холдингтің еншілес ұйымдары;
капиталына банк, банктің еншілес ұйымдары, банктің бас ұйымы болып табылатын банктік холдинг қомақты түрде қатысатын ұйымдар банк конгломераты болып танылады.
Егер заңды тұлғалар тобында бас ұйым - Қазақстан Республикасының резиденті емес банк болатын болса, онда Қазақстан Республикасының резиденті - еншілес банк пен оның еншілес ұйымдары, сондай-ақ еншілес банк пен оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдар банк конгломераты болып танылады;
4) банк холдингі - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе басқарушы холдинг болып табылатын жағдайларды қоспағанда) немесе:
банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге;
шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді айқындауға немесе бақылау жасауға мүмкіндігі бар заңды тұлға;
5) банктің реттеуші меншікті капиталы (бұдан әрі - меншікті капитал) - банктің инвестициялары шегерілген капитал сомасы;
6) банктің ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (мемлекет немесе басқарушы холдинг осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе:
банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге;
шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен банк қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлға;
7) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;
8) депозит - бір тұлға (депозитор) басқа тұлғаға - банкке, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) және Ұлттық почта операторына олар номиналды түрде (ислам банкіндегі инвестициялық депозиттен басқа) қайтарылатын шартпен, алғашқы талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін толық немесе бөліп-бөліп, алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз, депозиторға тікелей не оның тапсыруымен үшінші тұлғаға берілетініне қарамастан, беретін ақша;
9) еншілес ұйым - басқа заңды тұлға тарапынан бақылау жасалатын заңды тұлға;
10) заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
11) заңды тұлғаның ірі қатысушысы - заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентін иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе басқарушы холдинг болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға;
12) капиталға қомақты қатысу - дауыс беретін акциялардың
(жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан астам
процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе бір не бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан астам процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы;
13) мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы;
14) тұрақтандыру банкі - консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру мақсаты үшін уәкілетті органның шешімі бойынша құрылатын екінші деңгейдегі банк. Тұрақтандыру банкін құрудың, оның қызметінің ерекшеліктері осы Заңда белгіленген.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
2-1-бап. Банктің аффилиирленген тұлғалары
1. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған тұлғалар, сондай-ақ банк конгломератының қатысушылары банктің аффилиирленген тұлғалары болып табылады.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ұлттық басқарушы холдингте банктің ірі акционері белгісінің болуы банктің аффилиирленген тұлғаларын "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес айқындау үшін негіз болып табылмайды.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ұлттық басқарушы холдинг не дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбедегі заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтің және жоғарыда көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары ірі акционері ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын банктің аффилиирленген тұлғалары болып табылмайды.
Банктер акционерлерінің құрамында ұлттық басқарушы холдингтің болуы осы банктерді бір-біріне қатысты аффилиирленген тұлғалар деп тануға негіз болып табылмайды.
3. Осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің, сондай-ақ 2-тармағының ережелері Қазақстан Республикасының салық заңнамасының және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының мақсаттары үшін ескерілмейді.
Ескерту. 2-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009 жылғы 21 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi
1. Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар.
2. Ұлттық Банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады.
Ұлттық Банкiнiң мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және өкiлеттiгi "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленедi.
Ұлттық Банк өзiнiң құзыретi шегiнде банк қызметiнiң жекелеген мәселелерi бойынша реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады және банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседi.
Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық Банктiң реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған. P090006
3. Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкiлердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады.
4. (алып тасталды)
5. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы:
а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;
б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;
в) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не осы баптың 6 (б)-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк.
5-1. Ислам банкі - уәкілетті органның лицензиясы негізінде осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк. P090857
Ислам банкі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайды және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесімен ислам банкіндегі депозиттерге кепілдік берілмейді.
Ислам банкін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері осы Заңның 4-1-тарауында белгіленген.
6. Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келiсiм) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа (келiсiмге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 2001.03.02 N 162, 2001.04.25 N 179, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
4-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінен, сондай-ақ өздерінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңнамалық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің негізінде және оларды орындау үшін шығарылатын уәкілетті органның және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
5-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйым
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым - уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң лицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес осы Заңға көзделген жекелеген банк операцияларын жүргiзуге құқылы, банк болып табылмайтын заңды тұлға.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
6-бап. Уәкiлдiк берiлмеген қызметке тыйым салу
1. Уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр адамның:
а) негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде банк операцияларын атқаруға;
б) алынып тасталды - ҚР 2006.05.05 N 139 Заңымен.
в) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамалық "банк" сөзiн қолдануға немесе содан туындап, ол банк операцияларын атқаратындай әсер қалдыратын сөздi (ұғымды) қолдануға құқығы жоқ. Бұл тыйым Ұлттық Банкiге, банкiлердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне, банктердің еншілес ұйымдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.
2. Уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары, мемлекеттiк органның, кредиттік серіктестіктердің, Ұлттық почта операторының, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі операторының, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкiнiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметiн (операцияларын) қоспағанда, жарамсыз деп табылады.
Ескерту. 6-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 2001.03.02 N 162, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.07.08 N 69, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 N 139, 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
7-бап. Банкiлер мен мемлекеттiң жауапкершiлiгiн шектеу.
Банкiлердiң тәуелсiздiгi
1. Банкiлер мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты мемлекет те олардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, бұған осы баптың 2-тармағында көрсетiлген реттер, сондай-ақ банкiлер мен мемлекет өзiне осындай жауапкершiлiк алған жағдайлар кiрмейдi.
2. Мемлекет Қазақстан Республикасының резиденттері - мемлекетаралық банкілер қабылдаған депозиттердің сақталуына кепілдік береді және олардың міндеттемелері бойынша осындай банкілердің (немесе олар уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның) жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің үлесіне тепе-тең мөлшерде жауап береді.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады.
Банк несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау және Республиканың банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша, Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес капиталының терiс мөлшерi бар банктер акционерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, оларға заңдарда белгiленген санкцияларды қолдану арқылы мәжбүрлеп шектеу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы.
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1996.12.07 N 50, 1997.07.11 N 154, 2001.03.02 N 162, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
8-бап. Банктер үшін тыйым салынған немесе шектелген
қызмет
1. Банктерге банк қызметіне қатысы жоқ не осы Заңның осы бабының 6-тармағында, 30-бабының 12-тармағында көзделмеген кәсіпкерлік қызмет ретіндегі операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруға, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жағдайларды және осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен мәміле жасауды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға тыйым салынады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тыйым салу мынадай жағдайларда:
1) қаржы ұйымдарының және екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын басқару және (немесе) оларды кейіннен өткізу, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендіру үшін сатып алатын ұйымдардың;
2) акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттары бойынша енгізілген қаржы ұйымы болып табылмайтын заңды тұлғалардың;
3) кредиттік бюролардың, ломбардтардың, Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларының, бағалы қағаздарды орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының резиденті емес арнайы ұйымдардың, лизингтік ұйымдардың, сондай-ақ айрықша қызмет түрі банктің операциялық қызметін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікті иелену және оны басқару болып табылатын ұйымдардың, банк қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың;
4) заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылданған акциялары немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес банктердің меншігіне өткен кезде осы ұйымдардың;
5) осы Заңның 10-бабында аталған заңды тұлғалардың;
6) Қазақстан Республикасының резиденттері-акционерлік инвестициялық қорлардың;
7) банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалардың;
8) ислам банкі осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асырғанда - өзге заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін банк сатып алған жағдайларда қолданылмайды.
Осы тармақтың 2) және 6) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың банкке тиесілі акциялар саны бір заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының жалпы санының он процентінен аспауға тиіс.
3. Банктің осы баптың 2-тармағы 1)-3), 6) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін не акцияларын сатып алуы бір заңды тұлғаға:
1) 1), 3) және 7) тармақшаларда аталған ұйымдар үшін - банктің меншікті капиталының он бес процентінен;
2) 2) және 6) тармақшаларда аталған заңды тұлғалар үшін - банктің меншікті капиталының он процентінен аспауға тиіс.
Заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылдаған акциялары немесе жарғылық капиталға қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес банктің меншігіне өткен жағдайларда, банктердің осындай ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алуы кезінде банктің осындай заңды тұлғаларға қатысуы банктің меншікті капиталының жиырма бес процентінен аспауға тиіс, бұл ретте акцияларды немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін өткізу мерзімі бір жылдан артық болмауға тиіс.
Банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құны:
қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалар үшін - банктің меншікті капиталының алпыс процентінен;
сақтандыру ұйымдары үшін - банктің меншікті капиталының қырық процентінен аспауға тиіс.
Банктер он бес, отыз немесе қырық процент деңгейінен ұлғаю немесе кему фактісін анықтаған күннен бастап он күн ішінде:
акционері банк болып табылатын заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына акциялар санының проценттік қатынасын;
банкке тиесілі заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген шектеулер банктің еншілес ұйымдарының және банк пен оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдардың қызметіне қолданылады.
5. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тыйым салу:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен;
уәкілетті орган белгілеген рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар облигацияларымен;
Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының банк пен арнайы қаржы компаниясы арасындағы секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру аясында шығарған облигацияларымен;
банктің өз облигацияларымен және осы банктің еншілес ұйымдары шығарған, міндеттемелеріне банк кепілдік берген облигациялармен мәмілелерді жүзеге асыруға қолданылмайды. Мұндай облигациялармен мәміле жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады .
6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған қызметтен және банктің заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алудан басқа, банктер мынадай қызмет түрлерiмен айналысуға құқылы:
1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудi іске асыру;
2) банк қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi кез келген ақпарат жеткізуші түрлеріндегі арнаулы әдебиеттердi сату;
3) өз мүлкiн сату;
3-1) төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығару, сату және тарату;
3-2) банкаралық клирингті (төлемдерді жинауды, салыстырып тексеруді, сұрыптауды және растауды, сондай-ақ олардың өзара есепке жатқызуын жүргізуді және клирингке қатысушылардың - банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындауды) жүзеге асыру;
4) заем алушылардың кепiлге қойған мүлкiн осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгiленген тәртiппен сату;
5) қаржылық қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету;
6) басқа тұлғалардың банк қызметiне байланысты мәселелер бойынша мүдделерiн, Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың, инфрақұрылымдық облигацияларды, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiру;
7) банк-қаржы қызметi саласындағы мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқуды ұйымдастыру;
8) сақтандыру ұйымдары - Қазақстан Республикасының резиденттерi атынан сақтандыру шарттарын жасасу, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары атынан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.02.20. N 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін Заңымен қараңыз), 2006.12.29. N 209 , 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
9-бап. Шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу
1. Банкiлерге жарнама шығарылған күнi шындыққа сай келмейтiн қызметiн жарнамалауға тыйым салынады.
2. Уәкiлеттi орган банкiден шындыққа сай келмейтiн жарнамаға өзгерiстер енгiзудi, оны тоқтатуды немесе терiске шығарып жариялауды талап етуге құқылы.
Бұл талап Уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындалмаған жағдайда уәкiлеттi орган жарнамада баяндалған мәлiметтердiң шындыққа сай келмейтiндiгi туралы ақпарат жариялауға, не оларды мұндай жарнаманы жариялаған банкiнiң есебiнен нақтылауға құқылы.
3. Банк операцияларын жүргiзуге уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға банк операциялары санатына жататын қызметтердi жарнамалауға тыйым салынады.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен .
10-бап. Банкiлер ассоциациялары (одақтары)
1. Өз қызметiн үйлестiру, ортақ мүдделердi қорғау және бiлдiру, бiрлескен жобаларды жүзеге асыру және өзге де ортақ мiндеттердi шешу үшiн банкiлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес банкiлер ассоциациялары мен одақтарын құруға құқылы.
2. Банкiлер ассоциациялары (одақтары) коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
3. Банкiлер ассоциацияларын (одақтарын) банк жүйесiндегi бәсекенi шектеу, сыйақы ставкаларды, несиелер мен өзге де банк қызметтерiн ұсыну шарттарын үйлестiру мақсатында қолдануға болмайды.
Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен .
10-1-бап. Банктер қатысатын консорциумдар және басқа да
бiрлестiктер
Кредит беруге және өзге мiндеттердi шешуге байланысты бiрлескен жобаларды іске асыру мақсатында банктер бiрлескен қызметi туралы шарт негiзiнде консорциум құруға және басқа консорциумдар, қауымдастықтар жұмысына қатысуға құқылы.
Ескерту. Жаңа 10-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .
11-бап.
Ескерту. 11-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
11-1-бап. Банктердің еншілес ұйымдары және ұйымдардың
жарғылық капиталдарына банктердің қомақты
қатысуы
1. Банк осы Заңның 8-бабында өзіне берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның рұқсаты болғанда ғана еншілес ұйым құра алады немесе оны иелене алады.
Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
Акциялары және жарғылық капиталға қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кепіл ретінде қабылданған жағдайда, банктің меншігіне өтетін заңды тұлғалар, сондай-ақ, акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін ислам банкі өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру кезінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша сатып алған заңды тұлғалар банктің еншілес ұйымына жатқызылмайды, бұл ретте осындай акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін өткізу мерзімі бір жылдан аспауға тиіс.
2. Банктердің еншілес ұйымдары еншілес ұйым құруға және (немесе) оларды иеленуге құқылы емес.
Банктің еншілес ұйымы өзінің толық атауында "еншілес" деген сөзді көрсетуге және бас банктің атауын пайдалануға міндетті.
3. Рұқсат алуға берілген өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркелуге тиіс:
1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттары, жарғының бекітілгені туралы хаттамалар;
2) банктің уәкілетті органының еншілес ұйым құру немесе оны сатып алу туралы шешімі;
3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпарат;
4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы және аффилиирленген тұлғалар туралы мәліметтер.
Банкте банк холдингі болмаған жағдайда:
осы ұйымдар қауымдастығы меморандумының немесе ережелерінің шарттарына сәйкес олардың қызметін бірлескен негізде басқаруға;
егер аталған ұйымдардың директорлар кеңесі немесе басқармасы құрамының үштен бірінен астамын сол белгілі бір тұлғалар құрайтын болса, еншілес ұйымға байланысты ұйымдар туралы ақпарат қосымша беріледі;
5) бизнес-жоспарын табыс ете отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпарат;
6) құрылатын еншілес ұйымның құрылтайшылары енгізетін акцияларды алдын ала төлеу мөлшері туралы ақпарат;
7) құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына банктің қатысу үлесі мен сомасы, сондай-ақ олар сатып алатын акциялар саны және акцияларды алдын ала төлеу мөлшері туралы ақпарат;
8) еншілес ұйымды сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;
9) аудиторлық ұйымның есебі және сатып алынатын еншілес ұйымның аудиторлық ұйым куәландырған қаржы есептілігі;
10) сатып алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігі туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі;
11) сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ банктің жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе еншілес ұйымның сатып алынатын акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы туралы ақпарат;
12) банк жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын иемдену арқылы еншілес ұйымын иемденген заңды тұлға туралы:
заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
құрылтайшысы (қатысушысы) банк болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына банктің қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
акционері банк болып табылатын заңды тұлғаның акциялар саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алғандары шегеріле отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметті;
заңды тұлғаның (оның құрылтайшысы, қатысушысы, акционері банк болып табылатын) басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) банк болып табылатын заңды тұлға сатып алған акциялар саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алғандары шегеріле отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметті қамтитын деректер;
13) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттар;
14) еншілес ұйымды бақылауды және бақылау негіздерін растайтын құжаттар;
15) банк еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері - банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ашық жинақтаушы зейнетақы қорын құрған немесе сатып алған жағдайда, осы Заңда және (немесе) сақтандыру және сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген банк холдингі, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуға келісім алу құжаттары.
4. Банк соңғы аяқталған екі қаржы жылының қорытындылары бойынша оның қызметі шығынсыз болған жағдайда және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді сақтаған жағдайда, еншілес ұйым құруға құқылы.
5. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тартуға:
1) рұқсат алуға қажетті құжаттардың табыс етілмеуі;
2) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттардың) осы Заңның 20-бабының 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;
3) банктің көзделетін еншілес ұйымдарының болуы нәтижесінде құрамына банк кіретін банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді сақтамауы;
4) еншілес ұйымның қызметі немесе банк жоспарлаған инвестициялар салдарынан банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауы және (немесе) банк салымшыларының мүдделеріне нұқсан келтіру көзделетін қаржылық салдарларды талдау;
5) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын табыс етілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;
6) банктің уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және/немесе өтінішті қарау кезеңінде белгіленген пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
7) өтініш берілген күнгі және құжаттарды қарау кезеңінде банкке қатысты қолданылған шектеулі ықпал ету шараларының және санкцияларының болуы;
8) банк еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері - банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ашық жинақтаушы зейнетақы қорын құрған немесе сатып алған жағдайда банк холдингі, Қазақстан Республикасының резиденттері - банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру үшін осы Заңмен, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасымен көзделген талаптарды сақтамауы негіз болып табылады.
5-1. Құжаттардың толық пакетін ұсынған және осы бапта көзделген барлық талаптарды орындаған жағдайда уәкілетті орган еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат береді және сонымен бір уақытта осы Заңға, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес банк холдингі, Қазақстан Республикасының резиденттері - банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуға келісім береді.
6. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.
Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіге бас тартудың негіздері туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
7. Банктің еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда банк өзіне тиесілі еншілес ұйым акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзімде осы банкпен ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Еншілес ұйымға бақылау жасау құқығын өзіне байланысты емес себептер бойынша сатып алған жағдайда банк осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде еншілес ұйымды иеленуге уәкілетті органның рұқсатын алу үшін осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.
9. Банктің ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның рұқсаты болғанда ғана жол беріледі. Ислам банкі үшін, егер ол өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру кезінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алса, ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға уәкілетті орган рұқсатының болуы талап етілмейді.
Ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда банк өзіне тиесілі ұйым акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзімде осы банкпен ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті. Егер банк қомақты қатысуды банкке байланысты емес себептер бойынша сатып алса, ол уәкілетті органның тиісті рұқсатын алу үшін осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде осы баптың 10-тармағында көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.
10. Рұқсат алуға берілетін өтініш осы баптың 3-тармағының 2), 3), 5)-8) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса тіркеле отырып табыс етіледі.
Ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын табыс етілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі ұйымның жарғылық капиталға қомақты қатысуына рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
11. Уәкілетті орган:
1) рұқсат беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған;
2) еншілес ұйымдар, жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйымдар не көрсетілген ұйымдардың қызметін қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен тоқтату туралы сот шешім қабылдаған;
3) рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде еншілес ұйымға, жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйымдарға бақылау жасау белгілері болмаған;
4) еншілес ұйым, жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйым қызметінің осы Заңның 8-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайларда еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алады.
Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарып алынған жағдайда банк еншілес ұйымның, жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйымның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзімде осы банкпен ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алудың тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Ескерту. 11-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
2-тарау. Банк құру және банк қызметiн жүзеге асыру
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен .
12-бап.
Ескерту. 12-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен .
13-бап. Уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсат беруi
1. Банк ашуға рұқсат беру тәртiбi мен оған рұқсат беруден бас тарту негiздерi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленедi.
2. Банк ашуға берiлген рұқсаттың банк операцияларын жүргiзуге банкке лицензия беру туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдағанға дейiн заңды күшi болады.
Банк ашуға берiлген рұқсатты уәкiлеттi орган керi қайтарып ала алады.
3. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия берiлген жағдайда немесе банктiң қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда, сондай-ақ осы Заңның 49-бабының 2-тармағында көзделген негiздер бойынша рұқсат керi қайтарып алынған жағдайда банк ашуға берiлген рұқсатты банк уәкiлеттi органға қайтаруға тиiс.
4. Банк өзiне банк ашуға берiлген рұқсатты ерiктi түрде қайтаруға және заңда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуге құқылы.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , өзгерту енгізілді - 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
14-бап. Банкiнiң құрылтай құжаттары
1. Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып құрылады.
2. Банк құру жөнiндегi құрылтай шартында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:
толық атауы мен олардың әрқайсысының тұрған жерiн қоса құрылтайшылар туралы мәлiметтер, сондай-ақ олардың мемлекеттiк тiркеуден өткендiгi жөнiндегi деректер (заңды тұлғалар үшiн), аты-жөнi, азаматтығы, тұрғылықты жерi мен жеке өзiн (жеке адамдар үшiн) куәландыратын құжат деректерi;
акциялардың саны, санаттары мен орналастыру бағалары туралы мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
3. Банк жарғысында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:
банкiнiң толық және қысқартылған атауы;
банк қорларын (резервтік капиталын) құру түрлерi мен тәртiбi туралы мәлiметтер;
банк органдарының шешiм қабылдау тәртiбi;
осы Заңның 52-4-бабында көзделген мәліметтер (ислам банкі үшін) қамтылуға тиіс.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11 N 154 , 1999.07.16 N 436 , 2003.05.16 N 416 , 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
15-бап. Банктiң ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы
1. Банктер акционерлiк қоғамдар нысанында құрылады.
1-1. Банк өз жарғысында жазылған атауды өзiнiң атауы ретiнде пайдаланады.
Банктiң атауында "банк" деген сөз немесе одан туындаған сөз болуға тиiс.
2. Ұлттық Банкiден басқа банкiлердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде "ұлттық", "орталық" деген сөздердi қолдануға тыйым салынады.
3. Банктердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде "мемлекеттiк" деген сөздi қолдануға тыйым салынады.
3-1. Ислам банкінің атауында "ислам банкі" деген сөз тіркесі болуға тиіс.
4. Бұрын құрылған банкiлердiң, еншiлес банктердi қоспағанда соның iшiнде Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң атауымен бiрдей немесе орнын ауыстырған дәрежеде ұқсас таңбаларды атау ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.
Еншiлес банктер өзiнiң атауына негiзгi банктердiң атауын пайдалануға мiндеттi.
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11 N 154 , 1999.07.16 N 436 , 2001.03.02 N 162 , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
16-бап. Банктiң жарғылық және меншiк капиталы
1. Банктің жарғылық капиталы, осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, акцияларды сату есебінен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады.
2. Банк акциялары орналастырылған кезде тек қана ақшамен төленуге тиіс. Бұл талап, акциялары:
1) банк кредиторлары арасында орналастырылатын және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда банк қайта құрылымдау жүргізген кезде банктің тиісті кредитор алдындағы ақшалай міндеттемесі жөніндегі кез келген құқығын (талабын) есепке жатқызу жолымен төленетін банктерге;
2) банктің жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздар шығару проспекті негізінде бағалы қағаздарды банктің жай акцияларына айырбастау кезінде қолданылмайды.
3. Банкті қайта құрылымдау рәсімі шеңберінде бағалы қағаздарды банктің акцияларына айырбастаған жағдайда банк акционерлеріне бағалы қағаздарды және (немесе) банктің ақшалай міндеттемелерін оның акцияларына айырбастау арқылы өзінің акцияларын орналастырған кезде басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді.
4. Жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталына оның акционерлері осы банкті тіркеу кезінде елу процент және ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде толық төлем жасауға тиіс.
5. Банктің меншік капиталын және инвестицияларын есептеу әдістемесін уәкілетті орган айқындайды.
Банк міндеттемелерінің сомасы оның активтерінің құнынан артық болған жағдайда, банктің меншік капиталы теріс болып табылады.
6. Банктің меншік капиталының терiс мөлшерi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша оның акционерлерiнiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдауға және оларды банк капиталының ұлғаюына және инвестор алған мiндеттемелердi ескере отырып оның қалыпты жұмыс iстеуiне кепiлдiк беретiн шарттармен жаңа инвесторға сатып алынған бағасымен дереу сатуға құқылы.
Уәкілетті органның банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуы, ол банк акцияларын (акционерлердiң үлестерiн) кейiннен жаңа инвесторға сату мақсатында оларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдаған күнгi оның міндеттемелерінің сомасы шегеріле отырып, банк активтерінің құнын негiзге ала отырып айқындалатын баға бойынша жүзеге асырылады. Уәкілетті орган банктiң сатып алынған акцияларын олардың сатып алынған бағасымен дереу сатады. Банктiң мәжбүрлеп сатып алынған барлық акциялары иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi жаңа инвесторға көшедi.
Банкке талаптар қойылуы мүмкiн мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған, бiрақ осы талаптар банктiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдағанға дейiн қойылмаған жағдайда, жеке және заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша талаптарды қоспағанда, мұндай талаптар өтелген болып есептеледi.
Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың және оларды кейiннен инвесторларға мiндеттi түрде сатудың тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
17-бап. Банкiнiң құрылтайшылары мен акционерлерi
1. Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резиденттерi емес заңды және жеке тұлғалар (осы баптың 5-тармағында және осы Заңның 18-бабында белгiленген шектеулердi ескере отырып) банкiнiң құрылтайшылары мен акционерлерi бола алады.
2. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы ғана банктің құрылтайшысы және акционері бола алады. Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар банктің құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды.
Уәкілетті орган консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру мақсатында тұрақтандыру банкінің жалғыз құрылтайшысы болуы мүмкін.
3. (алып тасталды)
4. Банк кредиторларының мүддесін қорғау және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, егер уәкілетті орган қолданған шаралар банктің қаржылық жай-күйін жақсартуға әкелмесе:
1) банк меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентін және (немесе) өтімділік коэффициентін бір рет бұзған не өзге де пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі рет және одан да көп бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органмен келісім бойынша осы Заңның 17-2-бабында көзделген тәртіппен, банктің қаржылық жай-күйін жақсартуға және оның пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді орындауы үшін қажетті мөлшерде банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің сатып алатыны туралы шешім қабылдауға құқылы;
2) банкте капиталдың теріс мөлшері болған кезде, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша банктің қаржылық жағдайын қажетті жақсартуға кепілдік беретін жаңа инвесторға сатып алу бағасы бойынша кейіннен міндетті түрде дереу өткізу шартымен банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
5. Оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген аффилиирлендірілген тұлғалары бар заңды тұлғалар, немесе уәкiлеттi орган тізбесін белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резидент-банктерінің дауыс беретiн акцияларын тiкелей немесе жанама иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оған "билiк ете алмайды.
Аталған шектеу Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын, уәкілетті орган тізбесін белгілейтін рейтинг агенттіктерінің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі бар банктерге қолданылмайды.
5-1. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер, егер оның өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген елі туралы ақпарат банкте жоқ болса, өтінішті табыс етеді, онда осындай акционерлердің (қатысушылардың) осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы көрсетеді.
Көрсетілген өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.
Өтініште көрсетілген ақпараттың дәйексіздігі анықталған не осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігі талаптарының бұзылуы анықталған кезде:
1) егер шешім үшін дауыс беретін акциялардың көпшілігі (өтінішті табыс еткен акционердің дауыс беретін акцияларын есепке алмағанда) дауыс берсе, акционерлердің жалпы отырысының шешімі осы акционердің дауысы есепке алынбай қабылданды деп есептеледі;
2) егер өтінішті табыс еткен акционердің дауысы шешуші болса, аталған мән-жай уәкілетті органның не өзге де мүдделі тұлғалардың талабы бойынша акционерлердің жалпы отырысының шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп тану үшін негіз болады.
6. алып тасталды - 2005.12.23. N 107 Заңымен.
7. Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, тiкелей немесе жанама түрде банктiң акцияларын иеленетiн не банк акционерi қабылдайтын шешiмдерге ықпал ететiн тұлғалар уәкiлеттi органның талап етуі бойынша банктің ірі қатысушыларын және олардың қаржылық жай-күйiн айқындау үшін құрылтай құжаттарын және басқа да қажетті ақпарат беруге міндетті.
Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.01.27 N 2830 , 1996.12.07 N 50 , 1997.07.11 N 154 , 1998.06.29 N 236 , 1998.07.10 N 282 , 1999.07.16 N 436 , 2001.03.02 N 162 , 2001.04.25 N 179 , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 178 , 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
17-1-бап. Банк холдингі және банктің ірі қатысушысы
1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп банк холдингі, банктің ірі қатысушысы бола алмайды.
Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі болған кезде банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін уәкілетті органның келісімін ала алады. Ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан да көп процентін тікелей иеленуші немесе ең төменгі талап етілетін рейтингі бар банктің дауыс беретін он немесе одан да көп акцияларымен дауыс беру мүмкіндігіне ие банктің ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (акцияларымен дауыс беру) арқылы банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан да көп процентін жанама иеленуді немесе банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп акцияларымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.
Банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар банк акцияларын өздеріне меншік құқығымен тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төлейді.
2. Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуға келісім беру, оны кері қайтарып алу ережелерін , осы келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
3. Банктің ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4, 5, 6, 7, 7-1-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса тіркей отырып, банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтініш беруге міндетті.
4. Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды:
1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, акцияларды сатып алуға жұмсалатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қоса алғанда, банктің акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;
2) өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылатын өтініш берушінің өкіліне (ол бар болғанда) берілген сенімхатты;
3) өзі ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
3-1) банктің қаржы жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында банкті қайта капиталдандыру жоспарын;
3-2) растайтын құжаттар көшірмелері қоса тіркелген мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
3-3) табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда салық органдарына табыс етілетін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияның көшірмесін және жеке тұлға тұратын елдің уәкілетті тұлғалары растаған өзге де құжаттарды;
4) білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді;
5) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резидент-банкінің акцияларды сатып алуға осы ел заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті елдің уәкілетті органының көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін табыс етеді.
5. Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға мынадай құжаттарды:
1) өтініш берушінің жоғары органының банк акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін;
2) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
2-1) өзінің басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
3) өтініш берушінің құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмесін, оның ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
4) білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;
5) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті табыс етер алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржы есептілігін;
6) өтініш берушінің және банктің мәртебе алғаннан кейінгі болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларының талдамасын, іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымды қоса алғанда, өтініш берушінің банк активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе банк қызметіне немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын, егер олар бар болса, табыс етеді.
6. Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін мына құжаттарды:
1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 2-1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында аталған мәліметтер мен құжаттарды;
2) осы баптың 1-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредит рейтингі туралы мәліметтерді табыс етеді.
7. Банктің ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес - қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
1) осы баптың 6-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш беруші қаржылық қызметін осы ел заңнамасының шеңберінде жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін табыс етеді.
7-1. Банк холдингі мәртебесін иемденуге келісім алу үшін өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
1) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірінен талап етілетін ең төмен рейтингтің болуын растайтын құжатты;
2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан алынатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауды;
3) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының банк холдингі мәртебесін иемденуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтінішін табыс етеді.
8. Жиынтығында банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он және одан астам процентін иеленетін немесе банк акцияларының он немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
1) банк қабылдайтын шешімдерге өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
3) олардың бірі лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға банк акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;
5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып табылатын тұлғалар бірлесіп банктің ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.
9. Уәкілетті органның банктің ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға келісім беруден бас тартуына:
осы Заңның 20-бабы 2-тармағының 3)-5) тармақшалары талаптарының (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты) сақталмауы;
өтініш берушінің қаржылық жай-күйінің тұрақсыздығы;
осы бапта аталған құжаттарды табыс етпеу;
өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуы нәтижесінде монополияға қарсы заңнама талаптарының бұзылуы;
банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі мәміледе тараптардың бірі оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлға (оның аффилиирленген тұлғасы) немесе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалардың қатысушысы (құрылтайшысы, акционері) болып табылатын жеке тұлға болған жағдайлар;
банктің құрылтайшылары мен акционерлеріне осы Заңда белгіленген өзге де талаптарды өтініш берушінің сақтамауы;
өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау банктің қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжауы;
өтініш берушіде - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымында шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру өкілеттігінің болмауы;
өтініш берушіде - Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғада, осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі қажетті рейтингінің болмауы;
банктің қаржы жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында банкті қайта капиталдандырудың ұсынылған жоспарының тиімсіздігі;
өтініш берушіде - жеке тұлғада, өтініш берушінің басшы қызметкерінде - заңды тұлғада мінсіз іскерлік беделдің болмауы;
уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не қаржы ұйымының ірі қатысушы-заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.
10. Мына жағдайлардың бірінің болуы:
өтініш беруші - заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылға жетпейтін уақытта құрылса;
өтініш беруші міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған банк акцияларын сатып алуға көзделген активтерінің сомасын шегеріп тастағанда өзінің активтерінен асып кетсе;
аяқталған соңғы екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шексе;
өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері банктің қаржылық жай-күйін айтарлықтай тәуекелге ұрындыратындай болса;
өтініш берушінің банк алдында мерзімі өткен және (немесе) банк балансына жатқызылған берешегі болса;
өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау банктің қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжаса;
банкке және (немесе) оның депозиторларына нұқсан келтіру мүмкіндігін куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің - заңды тұлғаның қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгісі болып табылады.
11. Тұлға ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алмаған жағдайда, уәкілетті орган осы тұлғаға осы Заңның 47-1-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
12. Банк холдингі болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруі банктің ірі қатысушысы үшін айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Банк холдингі болғысы келетін тұлға осы баптың 5-7-тармақтарында көзделген құжаттармен және мәліметтерден басқа, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттарды табыс етеді.
Банк холдингі болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруден бас тартуына осы баптың 9-тармағында көзделген негіздерден басқа, мыналар:
өтініш беруші - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатқызылмайтын жағдайлар;
Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдер заңнамаларының олардың және банк конгломератының осы Заңда көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мүмкін болмауы негіз болып табылады.
12-1. Мынадай:
1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;
2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу;
3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;
4) өз есебінен қоғамға аудиторлық ұйымның аудит өткізуі мәселелері бойынша акционерлердің шешім қабылдауын көздейтін олардың арасында жасалған келісім негізінде әрекет ететін банктің дауыс беруші акцияларының жиынтығы он және одан да көп проценті өздеріне тиесілі акционерлер банктің ірі қатысушылары болып табылмайды.
13. Банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес және одан астам процентін иеленетін немесе банк акцияларының жиырма бес және одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
1) банк қабылдайтын шешімдерге өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
3) олардың бірі басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға банк акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар бірлесіп банк холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады.
14. Уәкілетті орган осы баптың талаптарына сәйкес банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін берілген өтініш бойынша шешімді құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап үш ай ішінде қабылдауға тиіс.
15. Уәкілетті орган келісім беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған немесе өтініш берушінің ірі қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін иемденуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы бұзылған немесе банктің ірі қатысушылары немесе банк холдингі осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда осы бапқа сәйкес берілген келісімді кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға өзіне тиесілі банк акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.
16. Тұлға өзіне қатысты емес себептер бойынша банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгілеріне сәйкес келген не банктің акциялары кепіл болып табылатын борыштық міндеттемелер бойынша кепілге салынған мүліктің оған көшуі нәтижесінде банктің осы бапта белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі акцияларын меншігіне алған жағдайларға осы баптың міндетті түрде уәкілетті органның келісімін алдын ала алу қажеттігі туралы талаптары қолданылмайды.
Аталған жағдайларда банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгілеріне сәйкес келетін тұлға акцияларды сатып алған немесе оған өзінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгісіне сәйкес келетіні белгілі болған кезден бастап отыз күн ішінде уәкілетті органға хабарлауға және осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін банктің басшылығына немесе оның саясатына ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекет жасамауға немесе осындай жолмен сатып алған акцияларымен дауыс бермеуге міндетті.
Тиісті мәртебені алу туралы өтініш акцияларды сатып алған кезден бастап не оған өзінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгісіне сәйкес келетіні белгілі болған кезден бастап алпыс күн ішінде, егер бұл тұлға аталған мерзімде акцияларды иеліктен шығарғысы келмесе, уәкілетті органға табыс етіледі. Акцияларды сатып алған күннен бастап алпыс күн ішінде оларды иеліктен шығару жөнінде шешім қабылданғаны туралы ақпарат осындай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға табыс етіледі.
17. Егер уәкілетті органға тұлғаның банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетінін немесе банктің акцияларын тікелей, жанама иеленуші болып табылатынын немесе келісімнің негізінде немесе өзгеше түрде осы Заң талаптарына сәйкес уәкілетті органның келісімінсіз, банктің осы бапта белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі акцияларымен дауыс беруге мүмкіндігі бар екенін көрсететін мәліметтер белгілі болса, ол жеке және заңды тұлғалардан ақпарат табыс етуді талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленетін кез келген тұлғадан, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін.
18. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі банктің өзіне тиесілі тікелей немесе жанама иеленетін немесе тікелей не жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар акциялары санының орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына проценттік арақатынасын өзгерту туралы шешім қабылданған күннен бастап отыз күн мерзімде, растайтын құжаттарды табыс ете отырып, уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне тиесілі банк акциялары санының банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының санына және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына проценттік арақатынасы ұлғаю жағына қарай өзгерген жағдайда банктің ірі қатысушысы, банк холдингі уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, банк акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат ұсынуға тиіс.
Банк акциялары санының банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының санына және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына проценттік арақатынасы банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне тиесілі он немесе жиырма бес проценттен кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің өтініші бойынша не аталған фактіні дербес анықтаған жағдайда осы факті анықталған күннен бастап бір ай ішінде банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің мәртебесін иемденуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күші жойылды деп тану туралы шешім қабылдайды.
19. Банк өзінің барлық ірі қатысушылары мен банк холдингтеріне тиесілі банк акциялары санының банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акциялардың санына проценттік арақатынасын көрсете отырып, олардың тізімін есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етуге міндетті.
20. Банктер өзінің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының он және одан астам процентін иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы осындай факт анықталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
21. Банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сондай-ақ банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті органға осы баптың 16-20-тармақтарына сәйкес талап етілетін ақпаратты көрсетілген мерзімде бермеуі, сол сияқты әлденеше рет уақтылы бермеуі немесе дұрыс емес мәліметтерді беруі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 17-1-бап жаңа редакцияда, өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
17-2-бап. Банктің жарияланған акцияларын Қазақстан
Республикасы Үкіметінің сатып алу ерекшеліктері
1. Осы Заңның 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің жарияланған акцияларын Үкімет не ұлттық басқарушы холдинг сатып алатын акцияларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг орналастырылған акциялардың жалпы санының кемінде он проценті мөлшерінде сатып алатыны туралы шешім қабылдауға құқылы.
Банк акцияларына мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органға тіркеледі.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің банк акцияларын сатып алу туралы шешімі мыналарды:
банктің жарияланған орналастырылмаған немесе сатып алынған акциялары болмаған жағдайда не олардың саны жеткіліксіз болғанда, банктің жарияланған акцияларының жалпы саны соншама ұлғайтылатын акциялар санын;
мәжбүрлеп орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың орналастыру (өткізу) бағасын және санын қамтуға тиіс.
3. Мәжбүрлеп орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың орналастыру (өткізу) бағасы және саны ұлттық басқарушы холдингтің не Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органның келісімі бойынша уәкілетті органның қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен, акцияларды орналастыру (өткізу) туралы шешім қабылданған күні қалыптасқан нарықтық баға бойынша айқындалады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органның не ұлттық басқарушы холдингтің бастамасы бойынша акцияларды орналастыру бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындауы мүмкін.
Акцияларды орналастыру бағасын бағалаушы айқындаған жағдайда бағалаумен байланысты шығындарды банк көтереді.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің жарияланған акцияларын сатып алу және оларды ұлғайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер енгізеді;
2) проспектіге өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
3) банкке акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жібереді және тіркеуші мен орталық депозитарийді жарияланған акциялар санының ұлғайтылғаны жөнінде хабардар етеді.
Банк акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәліктің түпнұсқасын қайтаруға міндетті.
5. Банк акцияларын сатып алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган не ұлттық басқарушы холдинг құрамның отыз процентінен аспайтын санда банктің атқарушы органының және (немесе) басқару органының мүшелерін тағайындайды, олар мемлекеттің немесе ұлттық басқарушы холдингтің мүдделерін білдіретін өкілдер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган не ұлттық басқарушы холдинг банктің лауазымды адамдарын немесе қызметкерлерін ауыстыру, банк активтерін оңтайландыру, жарғылық капиталды ұлғайту туралы мәселелерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өзге де мәселелерді қарау үшін банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырады.
6. Банктің пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді орындауына алып келген, оның қаржылық жай-күйі жақсарған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі осы бапқа сәйкес сатып алынған банк акцияларын тікелей атаулы сату жолымен не қор биржасында сауда-саттық жолымен өткізу жөнінде шаралар қолданады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің осы бапқа сәйкес сатып алынған акцияларын оларды сатып алған күннен бастап бір жыл ішінде өткізеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бір жыл ішінде банктің қаржылық жағдайының жақсаруы болмаған кезде банк акцияларын өткізу мерзімін ұзартуға құқылы.
7. Банктің жарияланған акцияларының санын ұлғайту, банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы, сондай-ақ осы баптың негізінде банктің атқарушы органының және (немесе) басқару органының мүшелерін тағайындау банк органдарының шешім қабылдауынсыз жүзеге асырылады.
Акционерлердің банктің осы баптың 1-тармағына сәйкес орналастырылатын (өткізілетін) жарияланған акциялары бойынша басымдықпен сатып алу құқығы жоқ.
Ескерту. 17-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
18-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi емес
банкiлердiң еншiлес банк құру ерекшелiктерi
1. Негiзгi рейтинг агенттiктерi бiрiнiң белгiлi бiр рейтингi бар Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлер еншiлес банкiге еншi берушi банк бола алады. Негiзгi рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен талап етiлетiн ең төменгi рейтингтi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. (алып тасталды)
Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен .
19-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiш
1. Заңды тұлға немесе жеке тұлға банк ашуға рұқсат беру жөнiнде уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға құқылы.
2. Өтiнiш қазақ немесе орыс тiлдерiнде берiледi және онда өтiнiш берушiнiң мекен-жайы көрсетiлуге тиiс.
3. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiшке мына құжаттар қоса тiркелуге тиiс:
а) нотариат куәландырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) төрт данасы, құрылтай жиналысы хаттамасының көшірмесі;
б) құрылтайшылар туралы (уәкілетті орган белгілеген тізбе бойынша) мәліметтер, аяқталған соңғы екі қаржы жылы ішіндегі шоғырландырылған есепті қоса алғанда, қаржы есептілігі, аудиторлық ұйымның құрылтайшылардың қаржылық жай-күйі туралы есебі;
б-2) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипатын қоса алғанда, банк акцияларын сатып алудың шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;
б-1) егер тұлға банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі болатын болса, онда осы Заңның 17-1-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтер;
в) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23 N 107 Заңымен);
г) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23 N 107 Заңымен);
д) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен);
е) жаңадан құрылатын банкiнiң егжей-тегжейлi ұйымдық құрылымы;
ж) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен);
з) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен);
и) құжаттарға қол қоюға құрылтайшылар уәкілеттік берген тұлға бекіткен, жаңадан құрылатын банктің қызмет стратегиясын, қызмет бағыты мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджет, есеп балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен шығындар есебі, маркетинг (банк клиентурасын қалыптастыру жоспары), еңбек ресурстарын тарту жоспары), тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруын ашып көрсететін бизнес-жоспары;
к) алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 Заңымен.
л) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан өтiнiш беруге өкiлеттiгiн растайтын нотариалдық не өзге заңды түрде куәландырылған құжат.
4. Аудиторлық ұйымның есебi:
ол құрылтайшылар мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз екендiгiн;
ол аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның қаржы ұйымдарының міндетті аудитін жүргізу жөніндегі лицензиясына және біліктілік талаптарына сәйкес не резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясына сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екенін растайтын құжаттарды табыс еткен жағдайда ғана жарамды деп танылады.
5. Уәкiлеттi орган банк ашуға рұқсат беру жөнiнде шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша ақпарат немесе құжаттар сұратуға құқылы.
6. Өтiнiш берушi банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiштi ол уәкiлеттi органда қаралып жатқан кез келген сәтте қайтарып алуы мүмкiн.
Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11 N 154 Заңымен , 2001.03.02 N 162 Заңымен , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен , 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен , 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 N 139 , 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
20-бап. Банктің басшы қызметкерлеріне қойылатын
талаптар
1. Банктің оқшауланған бөлімшелерінің бірінші басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқарманың бірінші басшысы мен мүшелері, банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар өзге де басшылар, банктің бас бухгалтері банктің басшы қызметкерлері болып танылады.
Банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар және бір ғана құрылымдық бөлімшенің қызметін бақылауды жүзеге асыратын адамдар банктің басшы қызметкерлері болып табылмайды.
2. Мыналар:
1) жоғары білімі жоқ;
2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы баппен белгіленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызмет және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында жұмыс стажы жоқ;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
4) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері , ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушы (банк холдингі) заңды тұлғасының бірінші басшысы , ірі қатысушысы-жеке тұлғасы болып табылған тұлға банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
5) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап ету уәкілетті органның басшы қызметкерді лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімі қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады.
3. Банктің ірі қатысушысы банк басқармасының бірінші басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
Банктің директорлар кеңесі құрамының кемінде отыз проценті тәуелсіз директорлар болуға тиіс.
Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.
4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес келу үшін:
1) банктің басқармасының бірінші басшысы, бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл;
2) банктің директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарма мүшелері лауазымына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл;
3) банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар банктің өзге де басшылары лауазымына кандидаттар үшін - кемінде бір жыл жұмыс стажы болуы қажет.
Директорлар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ тек қана банк қауіпсіздігі мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.
Осы тармақпен белгіленген жұмыс стажына қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен өз қызметін уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық пакеті уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда банк осы тұлғамен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Уәкілетті органның келісімінсіз банктің басшы қызметкерінің міндетін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша жоқ болғанда оны ауыстыруға) тыйым салынады.
Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін табыс етілген құжаттарды олар табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
6. Банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі , келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
7. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол банктің басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы банкте өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, аталған адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол банктің басшы қызметкері лауазымынан босатылғаннан не басқа лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы банктің басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындала (сайлана) алады.
8. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, аталған адам өзін уәкілетті органның осы банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін осы банктің басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
9. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін:
1) келісім беруге негіз болған дұрыс емес мәліметтер анықталған;
2) банктің басшы қызметкеріне уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) қолдану;
3) уәкілетті органның осы бапта аталған адамдарды банктің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде қызметтік міндеттерді орындаудан шеттету;
4) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болу негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.
Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін кері қайтарып алған жағдайда, банк осы адаммен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
10. Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген тәртіппен банкті консервациялау немесе оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, банктің директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасарлары, бас бухгалтері болып табылатын басшы қызметкерлермен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
11. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бірінші басшысы осы бапта банк басқармасының бірінші басшылары үшін белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс және лауазымға уәкілетті органның келісімінсіз тағайындалады (сайланады). Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, бірінші басшы осы баптың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті органның талабы бойынша оны қызметтен шеттетеді.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда, өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
21-бап. Қазақстан Республикасының резидент емес
тұлғаларының қатысуымен банк құруға қойылатын
қосымша талаптар
Банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке немесе заңды тұлға осы Заңның 19-бабында аталған құжаттардан басқа, банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктер үшін - банктік қадағалау органының) осы тұлғаға Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын иеленуге рұқсат берілетіні жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктер үшін - банктік қадағалау органының) аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай шешім талап етілмейтіні жөніндегі мәлімдемесін қоса тіркеуге міндетті.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
22-бап.
Ескерту. 22-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
23-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi
өтiнiштi қарау тәртiбi
1. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiштi уәкiлеттi орган өтiнiш берушi уәкiлеттi орган сұратқан соңғы қосымша ақпаратты немесе құжатты табыс еткен күннен бастап үш ай iшiнде, бiрақ өтiнiш қабылданған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей қарауға тиiс.
2. Уәкiлеттi орган қабылданған шешiм туралы өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi. Хабарлама банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiште көрсетiлген мекен-жайға жiберiледi.
3. Уәкiлеттi орган банк ашуға берiлген рұқсаттың есебiн жүргiзiп отырады.
Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен .
24-бап. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту
1. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту төмендегi кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:
а) құжаттардың толық емес пакетін табыс ету не банктің құрылтай құжаттары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келмеуi;
б) осы Заңның 15-бабы 2-4-тармақтарының талаптарына банк атауының сәйкес келмеуi;
в) осы Заңның 16-бабының талаптарына банкiнiң жарғылық капиталы мөлшерiнiң, құрамы мен құрылымының сәйкес келмеуi;
г) банк құрылтайшылары қаржы жағдайының тұрақсыздығы;
г-1) құрылтайшы-жеке тұлғаның не құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысының:
экономикалық қызмет саласында жасаған қылмыстары үшін, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстары үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар болса;
уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері қызметінде болған болса, банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады; K010155
г-2) осы Заңның 17-1-бабы талаптарының сақталмауы;
д) осы Заңның 17-бабында белгiленген шектеулердiң сақталмауы;
д-1) уәкілетті органның банктің ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беруден бас тартуы;
е) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен);
ж) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23 N 107 Заңымен);
з) құрылатын банкiнiң бизнес-жоспары және өтiнiш берушiнiң өзге де құжаттары:
алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейiн банк қызметiнiң рентабельдi болатынын;
банк тәуекелдi шектеуге қойылатын талаптарды сақтау және тиiстi басқару құрылымын құру ниетiнде екенiн;
банк өзiнiң қызмет жоспарына сәйкес ұйымдық құрылымға ие болғандығын;
банк өз қызметiнiң жоспарына сәйкес есеп және бақылау құрылымына ие болғандығын көрсетпесе.
2. Уәкiлеттi орган бас тарту негiздерi жөнiнде өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
3. Осы Заңның 18-21-баптарының шарттары сақталмаған ретте банк ашуға рұқсат беруге жол берiлмейдi.
Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен , 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
25-бап. Банкiнi мемлекеттiк тiркеу
Банкiнi мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты негiзiнде Әдiлет органдары жүзеге асырады және оның құрылтай құжаттары уәкiлеттi органмен келiсiлгендiгiн растайтын деректер.
Құрылтайшылар уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты алынған күннен бастап бiр ай iшiнде банкiнi мемлекеттiк тiркеу үшiн Әдiлет органдарына жолдануға мiндеттi.
Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , 1999.07.16. N 436 , 2001.03.02. N 162 , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
26-бап. Банк операцияларын лицензиялау
1. Банктiк, сондай-ақ осы Заңға сәйкес белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды осы Заңның талаптарына сәйкес уәкiлеттi орган, Ұлттық Банк белгiлеген тәртiппен және өздерiнiң құзыретi шегiнде уәкiлеттi орган немесе Ұлттық Банк бередi.
Осы Заңның 52-5-бабында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияларды уәкілетті орган ислам банктеріне ғана береді.
Ұлттық Банк немесе уәкiлеттi орган лицензия берген кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктердің жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.
Лицензия берiлгенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2. Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш беруші мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде:
1) өтінішті;
2) барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындағаны туралы, оның ішінде уәкілетті органның және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайдың, жабдықтың және бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етудің дайындығы туралы, сондай-ақ Ұлттық Банк талаптарына сай келетін автоматтандырылған банк жүйесінің бар екені жөнінде куәландыратын құжаттарды табыс етуге және тиісті біліктілігі бар персоналды жалдауға;
3) жарғының нотариат куәландырған көшірмесін және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәліктің көшірмесін;
4) салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;
5) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты;
6) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;
7) банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі туралы ережені;
8) банктің директорлар кеңесі бекіткен кредит комитеті туралы ережені;
9) штат кестесін (қызметкерлердің тегін, атын және бар болса әкесінің атын көрсете отырып);
10) банктің бағдарламалық техникалық құралдарының уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының кредиттік бюро туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды;
11) ең төмен мөлшері уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін табыс етуге тиіс.
2-1. Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін:
1) қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз етуге;
2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігінде уәкілетті орган белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;
3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы ережені табыс етуге тиіс.
3. Банк операциясын жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде лицензиат осы баптың 2-тармағындағы талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен табыс етуге мiндеттi.
Банк осы баптың 2-тармағының 2), 10) тармақшаларында көзделген лицензияны алу үшін банкке қойылатын талаптарды банк қызметін жүзеге асыру кезінде сақтайды.
4. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру жөнiндегi өтiнiштi уәкiлеттi орган немесе Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.
5. Ұлттық және (немесе) шетелдiк валютамен банк операцияларын жүргiзуге лицензия шектеусiз мерзiмге берiледi.
6. Банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензия үшiншi адамдарға берiлмеуге тиiс.
7. Банк операцияларының барлық түрлерi оны жүргiзу құқығы лицензияда тiкелей көрсетiлген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
8. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру жөнiндегi шешiмдi уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң ресми басылымдарында жариялайды.
9. Банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның тиiстi дәрежеде куәландырылған көшiрмесi банк клиенттерi көруiне оңтайлы жерге орналастырылуы тиiс.
Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 1999.07.16 N 436, 2001.03.02 N 162, 2003.05.16 N 416, 2003.07.10 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) N 483, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.
27-бап. Банк операциясын жүргiзуге лицензия беруден
бас тарту негiздерi
Банк операциясын жүргізуге лицензия беруден бас тарту:
1) осы Заңның 26-бабының 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген талаптардың кез келгені сақталмаған;
2) егер банк мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде лицензия алу жөнінде өтініш жасамаған;
3) табыс етілген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;
4) құжаттардың толық емес пакеті табыс етілген;
5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмеген (жаңадан құрылатын банк үшін) жағдайда жүргізіледі.
Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
28-бап. Банкiнiң құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн
өзгерiстер мен толықтырулар
1. Банкiнiң құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн оның iшiнде, Әдiлет органдарында қайта тiркеуден өту талап етiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар уәкiлеттi органмен мiндеттi түрде алдын ала келiсiлуге тиiс.
2. Банкiнiң құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiсiм беру туралы мәселенi уәкiлеттi орган бiр ай iшiнде қарауға тиiс.
2-1. Құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн, оның iшiнде әдiлет органдарында қайта тiркелудi қажет ететiн өзгерiстердi немесе толықтыруларды мемлекеттiк тiркелуден кейiн банк он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде тiркеген әдiлет органының белгiсi және мөрi бар құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң немесе толықтырулардың нотариаттық куәландырылған көшiрмесiн уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.
3. Банктi банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым ретiнде ерiктi түрде қайта құру шарты, негiзi және тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен , 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен .
29-бап. Банктің филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу
1. Қазақстан Республикасының резидент-банкі банктің директорлар кеңесінің шешімі негізінде уәкілетті органның келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында да, сонымен қатар одан тысқары жерлерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін - өз филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы.
2. Банк өзінің филиалы мен өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде олардың ашылғаны туралы уәкілетті органға:
1) банк филиалы мен өкілдігін есептік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі бар банктің филиалы немесе өкілдігі туралы нотариат куәландырған ереженің көшірмесін;
3) Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға филиал үй-жайының сәйкестігін растайтын (филиалды ашу кезінде) Ұлттық Банктің тексеру қорытындысы мен актісінің нотариат куәландырған көшірмесін;
4) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, жазбаша хабарлауға міндетті.
3. Қазақстан Республикасы аумағында банктің филиалын немесе өкілдігін құруға, жабуға жергілікті өкілді және атқарушы органдардың келісімі талап етілмейді.
4. Банктің филиалы - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банк атынан банк қызметін жүзеге асыратын және өзіне банк берген өкілеттік шегінде әрекет ететін банктің оқшауланған бөлімшесі. Банк филиалының банкпен бірыңғай балансы, сондай-ақ банк атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.
Банк филиалы бір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегінде бірнеше мекен-жай бойынша орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.
5. Банктің өкілдігі - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банктің атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететін, банк қызметін жүзеге асырмайтын банктің оқшауланған бөлімшесі.
6. Банктің филиалдар ашуының, сондай-ақ бірнеше мекен-жайлар бойынша орналасқан жұмыс істеп тұрған филиалдардың қосымша үй-жайларының санын арттыру үшін:
1) банктің соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша залал шектірмеген қызметі;
2) филиал әділет органдарында есептік тіркелген күннің және филиал туралы ережеде банктің жұмыс істеп тұрған филиалының, оның ішінде бірнеше мекен-жайдағы қосымша үй-жайларының санын көбейту бөлігіндегі қосымшалардың әділет органдарында тіркелген күнінің алдындағы үш ай ішінде банктің пруденциалдық нормативтерді сақтауы;
3) уәкілетті органның филиал әділет органдарында есептік тіркелген күннің және филиал туралы ережеде банктің жұмыс істеп тұрған филиалының, оның ішінде бірнеше мекен-жайдағы қосымша үй-жайларының санын көбейту бөлігіндегі қосымшалардың әділет органдарында тіркелген күнінің алдындағы үш ай ішінде банкке осы Заңның 47-бабы 2-тармағының б)-з) тармақшаларында көзделген санкцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 168-2-бабының 2, 3, 5, 7 және 8 бөліктерінде және 356-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза түріндегі санкцияларды қолданбауы;
4) Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға филиалдың үй-жайының сәйкестігін растайтын Ұлттық Банктің тексеру қорытындысы мен актісінің болуы міндетті шарттар болып табылады.
Осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген талап банктің меншікті капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды сақтаған жағдайда жаңадан құрылған банкке ол құрылған күннен бастап үш жыл ішінде қолданылмайды.
7. Қазақстан Республикасының резидент банкі соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша банктің қызметі залал шекпеген жағдайда өкілдігін ашуға құқылы.
8. Филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент банкі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмесін табыс етуге тиіс.
Филиалдың орналасқан жері өзгерген жағдайда, банк уәкілетті органға Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға филиалдың үй-жайының сай келетінін растайтын Ұлттық Банктің тексеру қорытындысы мен актісінің нотариат куәландырған көшірмесін қосымша табыс етеді.
8-1. Банк - Қазақстан Республикасының резиденті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органының ақпарат алмасу туралы келісімі болған жағдайда ғана филиал ашуға құқылы.
9. Қазақстан Республикасының резидент банкі Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде филиалдары мен өкілдіктерін ашқан жағдайда, мемлекеттің тиісті органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттің тиісті органында тіркелгендігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, олардың ашылғаны туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлауға міндетті.
10. Қазақстан Республикасының резидент емес банкі өз өкілдігін уәкілетті органның келісімін алмастан ашуға құқылы.
11. Қазақстан Республикасының резиденті емес-банктің өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ашылғаны туралы:
1) Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк өкілдігінің есептік тіркелгені туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесін;
2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі бар өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;
3) тиісті мемлекеттің банктік қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес-банктің банк қызметін жүргізуге қолданыстағы лицензиясының бар екені туралы жазбаша растамасын;
4) тиісті мемлекеттің банктік қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк өкілдігінің ашылуына қарсы емес екені туралы жазбаша хабарламасын не банктік қадағалау органының немесе тиісті мемлекеттің беделді заң қызметінің Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы өтінішін;
5) банк өкілдігі басшысының атына берілген нотариат куәландырған сенімхатты қоса бере отырып, жазбаша хабарлауға міндетті.
12. Қазақстан Республикасында резидент емес-банктің филиалдарын ашуға тыйым салынады.
13. Қазақстан Республикасының резиденті емес-банктің өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін, осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, хабарлауға міндетті.
14. Банк өзінің филиалы және (немесе) өкілдігі әділет органдарында (Қазақстан Республикасынан тысқары жерде филиалдар немесе өкілдіктер қызметі тоқтатылған кезде - мемлекеттің тиісті тіркеу органында) есептік тіркеуден шығарылған күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органға банк филиалының және (немесе) өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын әділет органы құжатының нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарлауға тиіс.
15. Уәкілетті орган, осы баптың 2, 6-9, 11 және 13-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының резидент-банкінің филиалын және (немесе) өкілдігін және резиденті емес-банк өкілдігін жабуды талап етуге құқылы.
Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда, өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
3-тарау.
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы алынып тасталды - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
30-бап. Банк қызметі
1. Банктердің осы бапта белгіленген банк және өзге де операцияларды жүзеге асыруы банк қызметі болып табылады.
2. Банк операцияларына:
1) депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
2) депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
3) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
4) банктердің жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргізуі жатады, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетіледі;
5) кассалық операциялар: банктердің және Ұлттық почта операторының қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауы және беруі;
6) аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемі мен аударымы бойынша тапсырмаларын орындау. Аударым операциясын жүзеге асыруға лицензия банктерге және осы баптың 6-1-тармағында аталған заңды тұлғаларға беріледі;
7) есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдері мен өзге де борышкерлік міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
8) банктік заем операциялары: банкке, ипотекалық ұйымға, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерге және (немесе) дилерге немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер беру; V053870
9) шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
10) алып тасталды
11) алып тасталды
12) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;
13) төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
14) аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
15) банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі; V085231
16) банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдемелерін және өзге де міндеттемелерді беруі жатады.
3. Банк операцияларына мыналар жатпайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен микрокредиттік ұйымдар ретінде тіркелген заңды тұлғалардың микрокредиттер беру жөніндегі қызметі;
2) тапсырма шарты негізінде сенім білдірушінің (қызметті берушінің) атынан және оның тапсырмасы бойынша іс-әрекет жасайтын сенім білдірілген адам жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтер үшін тұтынушылардан қолма-қол, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы ақша қабылдау. Сенім білдірілген адамның төлемдерді сенім білдірушінің (қызметті берушінің) пайдасына қабылдау құқығын растайтын құжаттар төлеушіге оның талап етуі бойынша танысу үшін табыс етілуге тиіс.
4. Осы баптың 2-тармағында тізіп көрсетілген банк операциялары Ұлттық Банк белгілеген тәртіпте электрондық тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін.
5. Банктерге осы бапта көзделген банк және өзге де операцияларын жүргізуге лицензияны уәкілетті орган береді.
Банктерге осы баптың 2-тармағының 5) және 12) тармақшаларында және 11-тармағының 9) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензия беру кезінде Ұлттық Банктің оң қорытындысы талап етіледі.
Банктерге банк операцияларын жүргізуге лицензия беру кезінде Ұлттық Банктің бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға сай келетін автоматтандырылған банк жүйесінің бар екені туралы қорытындысы талап етіледі. Қорытындыны беру тәртібін Ұлттық Банк айқындайды.
6. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, осындай ұйымның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің лицензиясы болған кезде осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларының бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыра алады.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензияны, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган береді.
6-1. Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын қор биржасы, орталық депозитарий, брокер және (немесе) дилер номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен аталған заңды тұлғаларда уәкілетті органның осы баптың 2-тармағының 1) және (немесе) 3) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге берген лицензиясы болған кезде, сондай-ақ банкаралық ақша аудару жүйесінің операторы жүзеге асырады.
Өзге заңды тұлғалар осы баптың 2-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көзделген банк операцияларын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүргізеді.
7. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға осы баптың 2-тармағының 12) тармақшасында көзделген операцияны жүргізуге және айрықша қызмет түрі осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген операциялар болып табылатын заңды тұлғаларға лицензияны Ұлттық Банк береді.
7-1. Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоспағанда, қызметтің өзге түрлерімен (операциялармен) айналысуына тыйым салынады.
8. Банк операцияларын, сондай-ақ банктердің осы бапта көзделген жүзеге асыратын өзге де операцияларын лицензиялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
9. Лицензиялау тәртібі Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы бапта көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
10. Уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде банктер мен жекелеген қызмет түрлеріне лицензия алуға байланысты банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
11. Банктер, осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларымен қатар, уәкілетті органның лицензиясы болған жағдайда мына операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
1) тазартылған қымбат бағалы металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйінде, тазартылған қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
2) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
3) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлемшілердің вексельдерді төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртібімен домицилденген вексельдерді, вексельдер акцептін төлеу;
4) лизинг қызметін жүзеге асыру;
5) өзінің бағалы қағаздарын (акцияларды қоспағанда) шығару;
6) факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем жүргізуді талап ету құқығын алу;
7) форфейтингтік операциялар (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу;
8) сенімгерлік операциялар: сенімгердің мүддесіне және тапсырмасы бойынша ақшаларды, ипотекалық қарыздар және тазартылған қымбат бағалы металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару;
9) сейфтік операциялар: сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер.
12. Банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
1) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен - брокерлік;
2) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен, осы Заңның 8-бабында белгіленген жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен - дилерлік;
3) кастодиандық;
4) трансфер-агенттік.
Банктердің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің жоғарыда аталған бір немесе бірнеше үйлесімді түрлерін жүзеге асыруына лицензияны уәкілетті орган береді.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген рейтингтік агенттіктердің тізбесін және ең төменгі талап етілетін рейтингін уәкілетті орган айқындайды.
13. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын тек депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын банктер, сондай-ақ оның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес уәкілетті орган берген лицензиясы негізінде Ұлттық почта операторы жүргізуге құқылы.
Тізбесін және ең төменгі талап етілетін рейтингін уәкілетті орган белгілеген рейтингтік агенттіктердің бірінің белгілі бір рейтингі бар ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, негізгі банкі не банк холдингі жоқ банктер (орналасқан акцияларының елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі банктерді қоспағанда) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге құқылы емес.
14. Осы баптың ережелері ислам банктерінің қызметіне осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген ислам банктері қызметіне қойылатын талаптарға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.07.07 N 178, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
31-бап. Банкiлер жүргiзетiн операцияларға қойылатын
жалпы талаптар
1. Банкiлер банк қызметiн операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарын белгiлейтiн ережелер мен iшкi ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыруға құқылы.
2. Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ережелерiн банк директорларының кеңесі бекiтуге және оларда мынадай мәлiметтер мен рәсiмдер болуға тиiс:
а) қабылданатын депозиттер мен берiлетiн несиелердiң шектi сомасы мен мерзiмi;
б) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы ставкасының шектiк мөлшерi;
в) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы төлеудiң шарттары;
г) банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
д) банк операцияларын жүргiзу ставкалары мен тарифтерi;
е) банк пен оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, олардың жауапкершiлiгi;
е-1) ислам банкінің және оның клиентінің құқықтары мен міндеттері, ислам банкінің банк операцияларын жүргізу талаптары және солармен байланысты тәуекелдер;
ж) банк директорларының кеңесі банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарына енгiзу қажет деп есептейтiн басқа шарттар, талаптар мен шектеулер.
2-1. Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелерді ислам банкінің директорлар кеңесі осы Заңның 52-2-бабының 3-тармағында көзделген талапты ескере отырып бекітеді.
3. Банкiнiң iшкi ережелерi:
а) банк бөлiмшелерiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;
б) iшкi аудит қызметiнiң, несие комитетi мен басқа да тұрақты жұмыс iстейтiн органдар қызметiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;
в) құрылымдық бөлiмшелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн;
г) банкiнiң атынан және оның есебiнен мәмiле жасаған кездегi лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiнiң өкiлеттiгiн белгiлеуге тиiс.
4. Банктердің кредит беру жөніндегі құжаттаманы жүргізу тәртібі және қажетті құжаттар тізілімі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
5. Банк клиенттерді тарту жөніндегі, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру жөніндегі, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі шарттың (келісімнің) негізінде банкке қызметтер көрсететін тұлғаның құқыққа сыйымсыз іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін банктің аталған тұлғамен тиісті шарты (келісімі) талаптарына байланысты жауапты болады.
Банк пен банкке клиенттерді тарту жөнінде, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру жөнінде, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөнінде қызметтер көрсететін тұлғаның арасындағы шарт (келісім) клиентке қарап шығуы үшін ұсынылуға жатады және онда банкке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметтерді көрсететін тұлғаның құқыққа сыйымсыз іс-әрекеттері үшін банктің клиент алдындағы жауаптылығы міндетті түрде қамтылуға тиіс.
Ескерту. 31-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , 1999.07.16. N 436 , 2003.05.16. N 416 , 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
32-бап. Банкiнiң банк операцияларын жүргiзудiң жалпы
шарттарын ашу жөнiндегi мiндетi
1. Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары ашық ақпарат болып табылады және ол коммерциялық немесе банк құпиясының мәнi бола алмайды. Бұл қалып осы Заңға сәйкес банк құпиясына не қолданылып жүрген заңдарға сәйкес коммерциялық құпия санатына жатқызылған нақты банк операциясын жүргiзу шарттарына қолданылмайды.
2. Банкiлер клиенттiң бiрiншi талап етуi бойынша банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттар туралы ережесiн беруге мiндеттi.
3. Банкiлердiң клиентке банк операциясын жүргiзуге байланысты ықтимал тәуекелдер туралы ақпарат беруден бас тартуға құқығы жоқ.
4. алынып тасталды .
5. Ислам банктері клиенттерге осы Заңның 52-5-бабында көрсетілген банк операциялары ерекшеліктерін және солармен байланысты тәуекелдерді түсіндіруге міндетті.
Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11 N 154 , 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
33-бап. Банк пен клиент арасындағы қатынастардың
шарттық сипаты
1. Банкiлер арасындағы, сондай-ақ банкiлер мен олардың клиенттерi арасындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Банк клиенттерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кредитор-банктi хабардар ете отырып, басқа банктерде банктiк шоттар ашуға құқылы.
Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
34-бап. Банктік заем операциясы
1. Алынып тасталды - ҚР 2005.12.23 N 107 Заңымен.
1-1. Қарыз алушының (клиенттің) өзі және жасалатын мәміле туралы мәліметтерді, сондай-ақ тараптардың өз міндеттемелерін орындауына байланысты ақпаратты кредиттік бюролардың деректер базасына беруіне жазбаша келісімінің болуы банктің, ипотекалық ұйымның, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокердің және (немесе) дилердің немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының банктік қарыз шартын жасасудың, лизинг операцияларын, факторингтік, форфейтингтік операцияларды жүзеге асырудың, вексельдерді есепке алудың, банктің кепілдіктер, кепілгерліктер, аккредитивтер шығаруының міндетті талабы болып табылады.
2. Банктік заем операциялары банктің, ипотекалық ұйымның, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокердің және (немесе) дилердің немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымының басқару органы бекітетін Банктің ішкі кредит саясаты туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. V053870
3. Банкiнiң заем комитетi iшкi несие саясатын жүзеге асырушы орган болып табылады.
4. Iшкi заем саясаты туралы ережелер банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру кезiнде тәуекелдi бәсеңдету мақсатында жасалып, мыналарды:
а) заңды және жеке тұлғаларға заем беру шарттарын;
б) лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiне заем беру шарттарын;
в) заем комитетiнiң ұйымдық құрылымын, қызметi мен өкiлеттiгiн;
г) заем комитетi мүшелерiнiң жауапкершiлiгiн;
д) заем берудiң шектi өлшемiн;
е) заем шарттарын бекiту рәсiмiн белгiлейдi.
5. Осы баптың 2-4-тармақтарында белгіленген нормалар банктердің кепілдіктер және кепілдемелер беру жөніндегі операцияларына, сондай-ақ осы Заңның 52-5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген ислам банктерінің операцияларына қолданылады.
6. Ислам банкінің банктік заем операцияларын және өзге де операцияларды жүргізу ерекшеліктері мен шектеулері осы Заңның 4-1-тарауында белгіленеді.
Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 1999.07.16 N 436, 2001.03.02 N 162, 2003.05.16 N 416, 2004.07.06 N 572, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 178, 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
35-бап. Несиелердiң қайтарымдылығын қамтамасыз ету
1. Несиелердiң қайтарымдылығы айыпақымен, кепiлмен, кепiлдiкпен, кепiлдемемен және заңдармен немесе шартпен көзделген басқа әдiстермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
2. Клиенттiң несиенi қайтаруға жоғары қабiлеттiлiгi мен сенiмдiлiгi болған жағдайда банк несиенi қамтамасыз етусiз-ақ (банкiлiк несие) беру туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Банк бiр заемшыға осы заемшының банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алған заем қаражатының көлемiн шегерiп тастағанда активтердiң орташа жылдық құнынан асып кететiн жалпы сомаға банк кредитiн беруге немесе қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттеменi қабылдауға құқылы емес. Заемшының активтерінің орташа жылдық құны есепті жылдың басынан осы кредитті алған күнге дейінгі кезеңге есептеледі.
3. Кепiл туралы шартпен, сондай-ақ заң актiлерiмен көзделген реттерде кепiлге салынған мүлiктi соттан тыс тәртiппен сауда (аукцион) өткiзу арқылы өз бетiмен өткiзуге құқылы.
4. Осы баптың 1-3-тармақтарында белгiленген қалыптар банктердiң кепiлдiктер мен кепiлдемелер беру жөнiндегi операцияларын қамтамасыз етуге қолданылады.
Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен .
36-бап. Төлеуге қабiлетсiз қарыз алушыға қатысты
қолданылатын шаралар
Несие берушi банк несие шарты бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған қарыз алушыға:
жаңадан несие бермеуге;
қарыз алушының кез келген шотындағы ақшасынан (егер бұл несие шартында ескерiлген болса) қарыз алушының келiсiмiнсiз өндiрiп алуға;
төлеуге қабiлетсiз қарыз алушыны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп тану туралы сотқа талап арызын беруге құқылы.
Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 1998.06. 29. N 236 Заңымен .
37-бап. Талап қою және қуынымның ескiру мерзімi
Банктердiң кредит шарттарын тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн қарыз алушыларға қойған талаптарына талап қою мен қуынымның ескiру мерзiмi қолданылмайды.
Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
38-бап. Төлемдер және ақшалай қаражаттар аударуды
жүзеге асыру
1. Банктер Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын заңдарда белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
2. Ақша және төлемдер аудару тиiстi дәрежеде жүзеге асырылмаған ретте банк Қазақстан Республикасының заңдарына және клиентпен (депозитормен) жасасқан шартқа сәйкес жауапты болады.
3. Ақшаның халықаралық төлемдерін және аударылымдарын банкiлер халықаралық банк тәжiрибесiнде қолданылатын және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн түрлерiнде әдiстер мен тәртiп бойынша жүзеге асырады.
4. Банк төлем құжатының қолдан жасалғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ олардың қате есептелу фактiсi анықталған жағдайда клиенттердiң (депозиторлардың) шотынан есептелген ақшаны олардың келiсiмiнсiз есептен алып қоюға құқылы.
Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен .
39-бап. Ставкалар мен тарифтер
1. Сыйақылар мен комиссиялардың ставкаларын, сондай-ақ банк қызметі көрсетілгені үшін тарифтерді банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар дербес белгілейді.
1-1. Екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жеке тұлғалармен жасалатын банктік қарыз шарттарында, оның ішінде ипотекалық қарыз шарттарында сыйақының тіркелген не құбылмалы ставкасын белгілейді.
Сыйақының тіркелген ставкасы біржақты тәртіппен өзгертілуге жатпайды және ол шартта осы тармақтың талаптары ескеріле отырып айқындалған мерзім ішінде өзгермейтін болады. Тіркелген ставканың ең аз қолданылу мерзімі кемінде үш жыл болуға тиіс.
Шарттың қолданылу мерзімі бойында сыйақының тіркелген ставкасы тараптардың келісімі бойынша азайтылу жағына қарай не сыйақының құбылмалы ставкасына өзгертілуі мүмкін.
Сыйақының құбылмалы ставкасын есептеу тәртібі, оның қолданылу шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады .
Екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банк қарызын жасасу күніне белгіленген тарифтердің, комиссиялық сыйақылардың және қарызға қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың мөлшерін және есептеу тәртібін ұлғайту жағына қарай өзгеруге құқылы емес.
2. Ислам банктерін қоспағанда, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар тәртібін уәкілетті орган белгілейтін шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелетін сыйақы ставкаларын клиенттермен жасалған шарттарда, сондай-ақ қаржылық қызмет бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде көрсетуге міндетті.
Осы баптың 1-1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда уәкілетті орган банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға осы Заңның 47-бабында көзделген санкцияларды қолдануға құқылы.
Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
40-бап. Банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты
адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға тыйым салу
1. Банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға банкiлерге тыйым салынады.
2. Жеңiлдiк жағдайлар жасау дегенiмiз:
табиғатына, мақсатына, ерекшелiктерiне және тәуекел етуiне қарай банк өзiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдар болып табылмайтын клиенттермен мәмiле жасай қоймайтын, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен немесе оның мүддесіне мәмiле жасасу.
Банк өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға қамтамасыз етусіз заемдар (бланктік заемдар) бере алмайды.
банк операциясын орындағаны немесе басқа клиенттерден талап етiлетiнiне қарағанда төмен қамтамасыз етудi қабылдағаны үшiн сыйақылар мен төлемдер өндiрiп алу.
3. Банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдар деп мыналар танылады:
а) аталған банкiнiң кез келген лауазымды адамы немесе басшы қызметкерi, филиалдың бірінші басшысы және бас бухгалтері, сондай-ақ олардың жұбайлары және жақын туыстары;
б) аталған банкiнiң iрi қатысушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға не банкiнiң iрi қатысушысының лауазымды адамы, сондай-ақ олардың жұбайлары және жақын туыстары;
в) осы баптың 3-тармағының (а) және (б) тармақшаларында көрсетiлген адамдар iрi қатысушысы болып табылатын заңды тұлға;
г) өзiне қатысты жағынан осы банк iрi қатысушысы болып табылатынын заңды тұлға, осы заңды тұлғаның лауазымды адамдары, олардың жұбайлары және жақын туыстары;
д) банктің аффилиирленген тұлғалары.
Банктің акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан да көп проценті осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар осы баптың мақсатында банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып танылмайды.
3-1. Банк қандай да бір тұлғамен оған:
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға алдындағы міндеттемені төлеуге;
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан қандай да бір мүлікті сатып алуға;
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға эмитациялаған бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік беру мақсатымен мәміле жасай алмайды.
4. алып тасталды - 2005.12.23. N 107 Заңымен.
5. Өзара байланысты заңды тұлғалар тобының бiреуiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адам олардың әрқайсысымен ерекше қатынастар арқылы байланысты адам деп танылады.
6. Екi және одан көп заңды тұлғалар, егер олардың ең болмағанда бiреуi екiншiсiнiң iрi қатысушысы болса, өзара байланысты заңды тұлғалар тобы деп танылады.
6-1. Осы баптың мақсаттары үшін банктің акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан да көп проценті осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар өзара байланысты заңды тұлғалар тобы болып танылмайды.
7. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле жасау осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, банктің директорлар кеңесінің шешімі бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Банкпен ерекше қатынастарға байланысты тұлғаларға берiлген (тұлғаларда орналастырылған) активтерге қатысты талаптардың құқықтарынан бас тарту акционерлердiң жалпы жиналысында кейiннен хабарлана отырып, жүзеге асырылады.
Банктің басшы қызметкері, филиалдың бірінші басшысы және бас бухгалтері банк пен:
олардың өздерінің;
өзінің кез келген жақын туысының;
өзі немесе өзінің жақын туыстарының бірі лауазымды адамы немесе ірі қатысушысы болып табылатын кез келген заңды тұлғамен арадағы кез келген мәмілені қарауға және ол бойынша шешім қабылдауға қатыспауы тиіс.
Банк және банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша директорлар кеңесінің шешімі оның барлық шарттарын директорлар кеңесі қарағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін.
8. Банк уәкiлеттi органға өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалған барлық мәмілелер туралы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысандар бойынша ақпарат беруге міндетті.
Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11 N 154 , 1999.07.16 N 436 , 2001.03.02 N 162 , 2003.05.16 N 416 , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2009 жылғы 21 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-тарау. Банктердің қызметін реттеу
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
41-бап. Банктерге және олардың лауазымды адамдарына
қолданылатын шаралар. Банктiк реттеу тәсiлдерi
Банкiлердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкiлеттi орган банкiлердiң қызметiн реттеудi, соның iшiнде:
күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкiлер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу;
банкiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып шығару;
банкiлердiң қызметiн тексеру;
ертерек ден қою шараларын қолдану;
банкiлерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану;
банкiлерге санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.
Банктердің қызметін реттеу жекелеген банктерге қатысты да, шоғырландырылған негізде де, яғни банк конгломератына қатысты да жүзеге асырылады. Шоғырландырылған қадағалау ережелерін уәкiлеттi орган белгілейді.
Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен , 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен , 2005.07.08. N 69 Заңымен , 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
42-бап. Пруденциалдық қалыптар және сақталуға мiндеттi
өзге де нормалар мен лимиттер
1. Банкiлер мiндеттi түрде сақтау үшiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн пруденциалдық қалыптардың құрамына:
банкiнiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi;
өз капиталы жеткiлiктiлiгiнің коэффицентi;
бiр қарыз алушыға жасалатын тәуекелдiң ең көп мөлшерi;
өтiмдiлiк коэффицентi;
ашық валюталық позиция лимиттерi енедi.
Банк конгломераттары міндетті түрде сақтау үшін уәкiлеттi орган белгілейтін пруденциалдық нормативтердің құрамына:
жарғылық капиталдың ең аз мөлшері;
өз капиталы жеткіліктілігінің коэффиценті;
бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері енеді.
Уәкiлеттi орган халықаралық банк тәжiрибесiнде пайдаланылатын қосымша пруденциалдық қалыптар және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттер белгiлеуге құқылы.
Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банктерді және (немесе) банк холдингтерін не олардың лауазымды адамдарын және (немесе) банк акцияларының жиырма бес процентінен астамын иеленетін банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғаларды пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді банктің бұзғаны үшін жауапқа тарту жөнінде шаралар қолданады.
Уәкілетті орган банк холдингі жоқ банктерге және банк конгломераттарына жекелеген пруденциялық нормативтер мен аталған банкке және банк конгломератына тән тәуекел факторларының ықтимал ең жоғары өзгерістері кезінде туындайтын әлеуетті қомақты шығындардың орнын толтыру үшін жеткілікті деңгейдегі олардың нормативтік мәнін белгілеуге құқылы.
1-1. Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәнін және есеп айырысу әдістемесін, тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган ислам банктерінің осы Заңда көзделген банктік қызметті жүзеге асыру ерекшеліктерін ескере отырып белгілейді .
2. Банктiң қаржы жағдайының қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы мәселенi шешу мақсатында уәкiлеттi орган белгiлi бiр күнге банк және банк тобы капиталының мөлшерiн белгiлеуге құқылы.
3. Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi маңызы мен есептеу әдiстемелерiн , белгiлi бiр күнге шектi банк және банк конгломераты капиталының мөлшерiн, ашық валюталық позицияларды есептеу тәртiбi мен олардың лимиттерiн, тиiстi есеп беру түрлерi мен оны табыс ету мерзiмдерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3-1. Банк немесе банк конгломератының қатысушысы уәкілетті органның қаржы және (немесе) өзге де есептілік деректерін түзету жөнінде жазбаша нұсқамада көрсетілген талаптарын орындамаған жағдайда, пруденциалдық нормативтердің және басқа міндетті нормалар мен лимиттердің есебін уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
4. Банк уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициентін бұзған жағдайда, банк уәкiлеттi органға қайта капиталдандыру жоспарын жіберуі тиіс. Жоспарды бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды және олардың мерзімін егжей-тегжейлі көрсете отырып, өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициентін бұзған күннен бастап бір айдың ішінде ұсыну қажет.
5. Банк холдингтері, сондай-ақ банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды қоспағанда) жиырма бес процентінен астамын тікелей және жанама иеленетін банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Банктің қаржылық жай-күйі нашарлаған жағдайда банк холдингі, банктің ірі қатысушысы - банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банктің артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес проценттен астамын тікелей немесе жанама иеленуші жеке тұлға уәкілетті органның талабы бойынша банктің қаржылық жай-күйін жақсарту үшін шаралар қолдануға, оның ішінде банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде банктің меншікті капиталын ұлғайтуға міндетті.
Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50 Заңымен , 1997.07.11. N 154 Заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен , 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен , 2005.07.08. N 69 Заңымен , 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
43-бап. Резервтiк капитал мен күдiктi және сенiмсiз
активтерге қарсы провизиялар (резервтер)
1. Банк қызметiн жүзеге асыруға байланысты залалдардың орнын жабу мақсатында банкiлер резервтiк капитал құруға мiндеттi. Резервтiк капитал дивидендтер төленгенге дейiн банкiлердiң таза кiрiсi есебiнен құрылады. Банкiнiң резервтiк капиталының ең төменгi мөлшерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Жүргiзiлiп жатқан операциялардың сипаты мен ауқымына сәйкес өз қызметiн бақылауды және оның сенiмдiлiгiн тиiстi дәрежеде қамтамасыз ету мақсатында банкiлер күдiктi және сенiмсiз талаптарды бөле отырып және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiп пен шарттар бойынша оларға қарсы провизия (резервтер) жасай отырып, берiлген несиелер мен басқа да активтердi классификациялауды жүзеге асыруға мiндеттi.
Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 1997.08.12. N 200 Заңымен , 1998.06.29. N 236 Заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен .
44-бап. Банкiлердiң қызметiн тексеру
1. Банкiлердiң қызметiн тексерудi Ұлттық Банк дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды қатыстыра отырып жүргiзедi.
Уәкiлеттi орган банктердің қызметіне тексеру жүргізу кезінде банктердің аффилиирлендірілген тұлғаларының қызметін олардың банктер қызметіне ықпал ету дәрежесі мен сипатын айқындау мақсатында ғана тексеруге құқылы.
2. Уәкiлеттi органның тексеру жөнiндегi тапсырмасында көрсетiлген мәселелер бойынша банкiлер, сондай-ақ олардың аффилиирлендірілген тұлғалары тексерушi органға көмек көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлерге сауал-сұрақ қою мүмкiндiгiн және тексерудi орындау үшiн қажеттi кез келген ақпарат көздерiн алуды қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Уәкiлеттi органның қызметкерлерiне банкiлердiң қызметiн тексеру барысында алынған мәлiметтердi жария етуге не үшiншi адамдарға беруге тыйым салынады.
4. Тексерудi жүзеге асырушы адамдар банкiлердiң қызметiн тексеру барысында алынған және банкiлiк не коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауапты болады.
Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.03.02 N 162, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
45-бап. Ертерек ден қою шаралары
1. Банктердің депозиторлары мен кредиторларының заңды мүдделерін қорғау, банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:
1) меншікті капиталдың жеткіліктігі коэффициенттерінің төмендеуін;
2) өтімділік коэффициенттерінің төмендеуін;
3) банк міндеттемелері сомасында жеке және заңды тұлғалардың тартылған салымдары үлесінің төмендеуін;
4) негізгі борышы және проценттік сыйақысы бойынша мерзімін кешіктіру уақыты тоқсан күннен асатын банктің несие портфелінің жалпы көлеміндегі қарыздардың ұлғаюын;
5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін банктердің қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
2. Банктің қаржылық жағдайына талдау жасаудың нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган банкке және (немесе) оның акционерлеріне банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің көбеюін болғызбау жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді.
Банк және (немесе) оның акционерлері аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іс-шаралар жоспарын әрбір тармақ бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып әзірлеуге және уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері жоспарда белгіленген мерзімдерде оның орындалу нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, жоспарды іске асыруға кіріседі.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда, талап ету арқылы банкке және (немесе) оның акционерлеріне төмендегі тізіп көрсетілген ертерек ден қою шараларының бірін немесе бірнешеуін:
1) банктің ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертуді;
2) депозиттер қабылдауды шектеуді;
3) уәкілетті орган белгілеген мерзімде дивидендтерді есептеп шығаруды және (немесе) төлеуді тоқтатуды;
4) банк провизияларын ұлғайтуды;
5) банктің басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттетуді;
6) тәуекел дәрежесі жоғары банк операцияларының жекелеген түрлерін тоқтата тұруды немесе шектеуді;
7) банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде, оның ішінде оның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен банктің меншікті капиталын ұлғайтуды;
8) банк активтерін және (немесе) міндеттемелерін қайта құрылымдауды;
9) әкімшілік шығыстарды қысқартуды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, оның жекелеген филиалдары мен өкілдіктерін, еншілес ұйымдарын жабу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де тәуелді ұйымдарға қатысу үлесін азайту арқылы қысқартуды қолданады.
3. Банктің қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған ертерек ден қою іс-шаралары жоспары осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде табыс етілмеген немесе осы жоспардың іс-шаралары уақтылы атқарылмаған, сондай-ақ ертерек ден қою шаралары уәкілетті органның талаптарына сәйкес атқарылмаған немесе уақтылы атқарылмаған жағдайда банкке және (немесе) оның акционерлеріне осы Заңда көзделген шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылады.
4. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Ескерту. 45-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
46-бап. Ықпал етудiң шектеулi шаралары
1. Уәкiлеттi органның пруденциалдық қалыптарының және сақталуға мiндеттi басқа да нормалары мен лимиттерiнiң бұзылғанын, нормативтiк құқықтық құжаттарының бұзылғанын уәкiлеттi орган тапқан, банкiнiң лауазымды адамдары мен қызметкерлерiнiң оның қаржы қауiпсiздiгi мен тұрақтылығына, сондай-ақ оның депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнiң мүдделерiне қауiп төндiретiндей заңсыз әрекеттерiн немесе әрекетсiздiгiн анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда уәкiлеттi орган банкiге мынадай шектеулi ықпал ету шараларының бiрiн қолдануға:
а) мiндеттеме-хат талап етуге;
б) банкiмен жазбаша келiсiм жасасуға;
в) ескерту жасауға;
г) атқарылуға мiндеттi жазбаша нұсқама беруге құқылы.
2. Банкiнiң мiндеттеме-хатында орын алып отырған кемшiлiктердi мойындау фактiсi және банк басшылығының жоспарланған шаралар тiзбесiн көрсете отырып, оларды қатаң белгiленген мерзiмде қоятындығы туралы кепiлдемесi болуға тиiс.
3. Жазбаша келiсiм - бұл анықталған кемшiлiктердi дереу жою қажеттiгi туралы және осыған байланысты бiрiншi кезектегi шараларды бекiту туралы банк пен уәкiлеттi орган арасындағы келiсiм.
4. Жазбаша нұсқама - анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы мiндеттi түзету шараларын қолдану туралы банкке нұсқау.
Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
5. Банк мiндеттеме-хаттың, жазбаша келiсiмнiң немесе жазбаша нұсқаманың осы құжатта көрсетiлген мерзiмде орындалғаны туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
6. Егер орын алып отырған кемшiлiктер Ұлттық Банк белгiлеген мерзiмде жойылмаған немесе уәкілетті орган банктің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда, жазбаша ескерту осы Заңның 47-бабында көзделген санкцияларды банкiге қолдану мүмкiндiгi туралы уәкiлеттi органның хабардар етуi болып табылады.
7. Ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
8. Осы бапта келтірілген шаралар, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына қатысты, олар осы Заң талаптарын бұзған жағдайларда, сондай-ақ егер уәкілетті орган осы тұлғалардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі банктің қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаған жағдайда қолданылуы мүмкін.
9. Ұлттық Банк реттелуі өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 1-тармағында көрсетілген ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым міндеттеме-хаттың, жазбаша келісімнің немесе жазбаша нұсқаманың оларда белгіленген мерзімде орындалғаны туралы Ұлттық Банкті хабардар етуге міндетті.
Ескерту. 46-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 Заң күші бар Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен , 2005.07.08. N 69 Заңымен , 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
47-бап. Санкциялар
1. Уәкiлеттi орган төменде көрсетiлген негiздер бойынша банкiге бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан оған санкциялар қолдануға құқылы.
2. Санкциялар ретiнде уәкiлеттi орган мынадай шаралар қолдануға:
а) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген негiздер бойынша айыппұл салуға;
б) осы Заңның 48-бабында белгiленген негiздер бойынша барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұруға не одан айыруға;
в) осы Заңның 62-67-баптарында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша банкiнi консервациялауға;
г) осы Заңның 49-бабында көзделген негiздер бойынша банк ашуға берiлген рұқсаттан айыруға құқылы;
д) банктің меншікті капиталының теріс мөлшері болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша банк акцияларын (акционерлердiң үлесiн) уәкiлеттi орган белгiлеген баға бойынша акцияларды, кейiннен жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша мiндеттi түрде дереу сату, сонымен бiр мезгiлде банк пен оның акционерлерiнiң барлық құқықтары мен міндеттемелерiн беру шартымен, мәжбүрлеп сатып алу туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күнгi оның міндеттемелерінің сомасы шегерілген банк активтерінің құнын негiзге ала отырып шешiм қабылдау;
е) банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін бір мезгілде кері қайтарып ала отырып, осы Заңның 20-бабында көрсетiлген адамдарды банктiң аталған басшы қызметкерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекетiнiң қолданылып жүрген заң талаптарына сай келмейтiнiн тануға жеткiлiктi мәлiметтер негiзiнде лауазымды мiндеттерiн атқарудан шеттету.
ж) алып тасталды - 2005.12.23. N 107 Заңымен.
з) банктің және (немесе) банк конгломератының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерінің мәндері уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарымен белгіленген нормативтерден елу проценттен аз деңгейге дейін төмендеген жағдайда, банк осы Заңның 60-бабы және уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен кредиттік серіктестік болып қайта құрылуға міндетті.
Банк осы тармақшаның бірінші абзацында айтылған құқықтан бас тартқан немесе осы Заңның 61-бабында көрсетілген негіздер бойынша банктің кредиттік серіктестік болып қайта құрылуына рұқсат беруден бас тартылған жағдайда, уәкiлеттi орган банк акцияларын осы Заңның 47-1-бабының 3-тармағына сәйкес, ол (олар) осы Заң талаптарын сақтаған жағдайда, кейіннен жаңа инвесторға (инвесторларға) иеліктен шығарып беру үшін банк акцияларын уәкiлеттi орган сенімгерлікпен басқаруына беру жөнінде банк акционерлерімен шарт жасасу туралы шешім қабылдауға құқылы.
Акционерлер акцияларын сенімгерлікпен басқаруға беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.
3. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағының e) тармақшасында көзделген санкцияны қолданған жағдайда, қызметiнен шеттетiлген қызметкерлердi жұмыстан босату туралы шешiмдi оларды тиiстi қызметтерге тағайындаған немесе сайлаған органдар қабылдайды.
4. (алып тасталды)
5. Банк операцияларын жүргiзуге арналған банк лицензиясынан (лицензияларынан) айыру туралы шешiмi оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi.
6. Уәкiлеттi орган банк операцияларын жүргiзуге арналған банк лицензиясынан (лицензияларынан) айырғаннан кейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша әкiмiн) тағайындайды, оған барлық басқару органының өкiлеттiгi көшедi.
Банктiң бұрынғы iс-әрекет етушi органдарының өкiлеттiгi тоқтатылады.
6-1. Ұлттық Банк бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға санкциялар қолдануға құқылы. Ұлттық Банк санкция ретiнде банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 2-тармағының а) тармақшасында көрсетiлген шараларды, сондай-ақ лицензиясын Ұлттық Банк беретiн, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 2-тармағының б) тармақшасында көрсетiлген шараларды қолдануға құқылы.
7. Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) банк лицензиядан айырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Заңның 61-2-бабында көзделген операцияны жүргізу туралы шешім қабылдайды және осы операцияны жүргізу туралы мәселені келісу үшін уәкілетті органға жүгінеді.
Уәкілетті орган банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) осы Заңның 61-2-бабында көзделген операцияны жүргізуін он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келіседі.
Уәкілетті орган банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) көрсетілген операцияны жүргізгеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) осы Заңның 61-2-бабында көзделген операцияны осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде жүргізу туралы шешімді қабылдамаған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
Уәкілетті орган лицензиядан айыру туралы қабылданған шешім жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді екі баспа басылымында жариялайды.
8. Банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияны қайтарып алу туралы шешiмiне банктiң атынан тек оның акционерлерi ғана шағымдануға құқылы. Аталған шешiмге сот тәртiбiмен 10 күн мерзiм iшiнде шағымдануға болады.
Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 Заң күші бар Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50 Заңымен , 1997.07.11. N 154 Заңымен , 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен , 6-1-тармақпен толықтырылды - 2005.07.08. N 69 Заңымен , 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
47-1-бап. Ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін
иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі
қатысушыларына, банк холдингтеріне және банк
конгломератының құрамына кіретін заңды
тұлғаларға қатысты қолданылатын мәжбүрлеу
шаралары
1. Уәкілетті орган ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына және банк холдингтеріне немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға:
1) ірі қатысушы және банк холдингі мәртебесін иемденуге уәкілетті органның келісімін алмаған;
2) банктің ірі қатысушысы және банк холдингі мәртебесін иемденгеннен кейін осы Заңның 17-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;
3) осы Заңның 46-бабына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамаған;
4) банктің ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлға, сондай-ақ банктің ірі қатысушылары (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасай алатын ұйымдар), банк холдингі немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғалар жасаған іс-әрекеттер, соның салдарынан банкке залал келтірілген немесе залал келтірілуі мүмкін болған;
5) ірі қатысушының немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаның, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларының (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдардың), банк холдингінің немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғалардың қаржылық жай-күйі тұрақсыз болған, соның салдарынан банкке залал келтірілген немесе залал келтірілуі мүмкін болған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
Осы Заңның 42-бабы 5-тармағының талаптарын орындамауға алып келген іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін де уәкілетті орган банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) жиырма бес процентінен астамын тікелей және жанама иеленетін банк холдингтеріне және банктің ірі қатысушылары-жеке тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде, уәкілетті орган:
1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ ірі қатысушыдан оның банктегі тікелей немесе жанама иелену үлесін дауыс беретін акциялардың он процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
2) банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банк холдингінен оның банктегі тікелей немесе жанама иелену үлесін дауыс беретін акциялардың жиырма бес процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды және банкті тәуекелге душар ететін, олар мен банк арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
3) банктен банк немесе банк холдингі қатысушы болып табылатын ұйымға, сондай-ақ банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты ұйымдар мен банк арасындағы банкті тәуекелге душар ететін операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
4) банктен немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банк холдингінен өз иелену үлесін иеліктен шығаруды немесе еншілес ұйымдарға немесе жарғылық капиталына қомақты қатысатын ұйымдарға бақылау жүргізуді талап етуге құқылы.
3. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі не ірі қатысушы, банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті органның шешімі негізінде банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің не банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сенімгерлікпен басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға үш айға дейінгі мерзімге беріледі.
Уәкілетті орган акцияларды сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыру кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлікпен басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы емес.
Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органға банктің өзіне тиесілі барлық акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы.
Өтінішхатта көрсетілген акция сатып алушылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.
Акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген күннен бастап екі ай ішінде акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беру үшін негіздер жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган сенімгерлікпен басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында оларды өткізу жолымен иеліктен шығарады. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
Банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар банк қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
Ескерту. 47-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
48-бап. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын
жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұру
не одан айыру үшiн негiздер
1. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұру не одан айыру мынадай кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:
а) банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қызметi үрдiсiнде осы Заңның 20-бабының, 26-бабы 2 және 6-тармақтарының талаптарын сақтамау;
б) банк операцияларын қолданылып жүрген заңдардың нормаларын үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан да көп рет) бұза отырып жүзеге асыру;
в) төлем мен аударым операциялары бойынша шарттық мiндеттемелердi үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан көп рет) тиiстi дәрежеде орындамау;
г) пруденциалдық қалыптарды және/немесе сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан да көп рет) бұзу;
д) осы Заңның 32-бабында белгiленген банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын ашу жөнiндегi мiндеттi сақтамау;
е) осы Заңның 40-бабында белгiленген банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға тыйым салуды бұзу;
ж) уәкiлеттi органға және (немесе) Ұлттық Банкке есептер мен мәлiметтер бермеу немесе көрiнеу анық емес етiп беру;
з) уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң қалыптық құқықтық құжаттарын үнемі (қатарынан он екі күнтізбелік ай ішінде үш және одан көп рет)бұзу, яки жазбаша ұйғарымдарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) орындамағаны;
з-1) тәуекелді басқару және ішкі бақылау жүйесінің бар болуы бөлігінде уәкілетті органның талаптарын сақтамауы;
и) осы Заңның 8-бабындағы шарттарға сәйкес банктер үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтердi жүзеге асыру;
к) осы Заңмен, банк жарғысымен және банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиямен(лармен) белгiленген өзiнiң құқықтық қабiлетi шегiнен шығып кететiн банк операцияларын жүзеге асыру;
к-1) банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның өзiне берiлген лицензияға сәйкес қызметтi лицензия берiлген күннен бастап қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде жүзеге асырмауы;
л) банк қызметiн тоқтату туралы соттың шешiм қабылдауы;
л-1) банктiң қайта құрылу немесе таратылу жолымен өз қызметiн ерiктi түрде тоқтату туралы шешiм қабылдауы;
м) банкпен аффилиирлендірілген тұлғалар туралы ақпаратты, сондай-ақ уәкiлеттi орган талап еткен өзге де ақпаратты бермеу не анық емес ақпарат беру, бұл уәкiлеттi органның банктердің қызметіне, оның ішінде шоғырландырылған негізде қадағалау жасауына кедергі келтіруге себеп болса;
м-1) банк холдингінің банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) жиырма бес процентінен астамын тікелей және жанама иеленетін, банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалардың банктің меншікті капиталын ұлғайту бойынша уәкілетті орган белгілеген талаптарды, сондай-ақ осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды сақтамауы;
н) банктің тексеру жүргізуге бірнеше рет (тексеру жүргізу барысында екі және одан көп рет) кедергі жасауы, соның салдарынан оны белгіленген мерзімде жүргізудің мүмкін болмауы;
о) аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит жөніндегі есебінде көрсетілген бұзушылықтарды банктің осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көрсетілген мерзімде әдейі жоймауы.
1-1. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайтын банк (ислам банкін қоспағанда) депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензияларынан айырылады.
1-2. Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзған жағдайда барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жүргізіледі.
1-3. Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылған кезде:
1) осы баптың 1-2-тармағының негізінде лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған бұзушылықтардың белгіленген мерзімде жойылмауы;
2) осы баптың 1-2-тармағында көрсетілген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде санкция қолданылған, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптардың қайтадан бұзылуы;
3) банктің ақшаны жылыстатумен немесе терроризмді қаржыландырумен байланысты мәмілелерге қатысуы лицензиядан айыруға негіз болып табылады.
2. Ұлттық Банк немесе уәкiлеттi орган бұзушылықтың сипатына қарай барлық не жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұрады не одан айырады.
Ұлттық Банктің немесе уәкілетті органның барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешімдеріне шағым жасауы аталған шешімдерді орындауды тоқтата тұрмайды.
3. Алынып тасталды.
Ескерту. 48-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентiнiң 1996.01.27 N 2830 Заң күші бар Жарлығымен, ҚР 1997.07.11 N 154, 1997.08.12 N 200, 1999.07.16 N 436, 2001.03.02 N 162, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.07.08 N 69, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
48-1-бап. Банктiң құжаттары мен мүлкiн беру
1. Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған банктің банк қызметін немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ. Банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға және банкке келіп түсетін ақшаны есепке жатқызуға байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктің өзінің банк шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылады. Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған банктің банк шоттарынан кредиторлардың және өзге де тұлғалардың банкке талаптары бойынша ақшаны өндіріп алуға жол берілмейді.
2. Банктiң жұмыс тәртiбi, оған уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмнiң) тағайындалуы, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмнiң) өкiлеттiгi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
3. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) уәкiлеттi орган банктiң тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде өз қызметiн жүзеге асырады.
Банктiң тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмiнiң) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
4. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмiнiң) есебi уәкiлеттi органға және банктi тарату туралы шешiм қабылдаған сотқа ұсынылады.
5. (алып тасталды)
6. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) өз өкiлеттiгiн доғарады және банктiң құжаттары мен мүлкiн банктi тарату комиссиясының төрағасына 10 күн мерзiмнен кешiктiрмей өткiзiп бередi.
7. Банктiң құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-өткiзу төрт дана етiп жасалатын актiмен ресiмделедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекiтiлген актiнiң бiр данасы iс материалдарына тiгу үшiн сотқа жiберiледi.
8. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) өз қызметi кезеңi iшiнде осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға және бұрын банк жасасқан келiсiм шарттарды өзгертуге құқығы жоқ.
9. Банктің уақытша әкімдігінің (уақытша әкімшісінің) және тарату комиссиясының құрамына қосылған уәкілетті орган қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі жөніндегі ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында жариялау жөніндегі шығыстарды және әділет органының мәжбүрлеп тарату және банктің мүлкі болмаған не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткіліксіз болған жағдайларда банкті тарату аяқталғаннан кейін құжаттарды мұрағатқа өткізу бойынша банк қызметінің тоқтатылғанын мемлекеттік тіркеуге байланысты шығыстарды қоспағанда, банктерді мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға және мәжбүрлеп тарату негізі бойынша банктердің қызметін тоқтатуға байланысты шығыстарды уәкілетті органның қаржыландыруына тыйым салынады.
Ескерту. Жаңа 48-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , өзгерiс енгізілді - 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен , 2004.07.07. N 577 Заңымен , 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
49-бап. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алудың
негiздерi мен тәртiбi
1. Банк ашуға берiлген рұқсатты уәкiлеттi орган:
а) банк қайта құру немесе тарату арқылы өз қызметiн ерiктi түрде тоқтататыны туралы шешiм қабылдаған;
б) банк қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған;
в) банк ретiнде тiркелген заңды тұлғаның қызметiнде осы баптың 2-тармағында көзделген жолсыздықтар анықталған жағдайда қайтарып алуға құқылы.
2. Заңды тұлғаға банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алуды уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша жүргiзедi:
а) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап бiр жыл iшiнде рұқсат беруге негiз болған мәлiметтердiң дұрыс еместiгiн анықтау;
а-1) осы Заңның 25-бабында көзделген мерзiмдердi бұзуы;
б) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап бiр жыл iшiнде банк операцияларын жүргiзуге лицензия алмауы;
в) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн бiр жыл iшiнде жарғылық капиталын төлемеуi;
г) банк ретiнде тiркелген заңды тұлға үшiн Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген қызмет шарттарын бұзуы.
3. Алып тасталды.
4. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алу туралы уәкiлеттi органның шешiмi заңды тұлғаның қызметiн қайта тiркеуге немесе тоқтатуға негiз болып табылады.
Ескерту. 49-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , өзгерту енгізілді - 2003.05.16. N 416 , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
50-бап. Банк құпиясы
1. Банк құпиясына банк депозиторлары, клиенттерi мен корреспонденттерi банк шоттарының бар-жоғы, олардың иелерi мен нөмiрлерi туралы, сол шоттар мен банкiнiң өз шоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, банк операциялары туралы (банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарынан басқа), сондай-ақ банкiнiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлiктерiнiң бар-жоғы, олардың иелерi, сипаты мен құны туралы мәлiметтер кiредi.
Таратылу процесіндегі банктің кредиттері мен депозиттері туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.
2. Банкiлер өз депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнiң операциялары мен депозиттерi жөнiндегi құпияға, сондай-ақ банкiлердiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлiктердiң құпиясына кепiлдiк бередi.
3. Өзiнiң қызмет мiндеттерiн жүзеге асыру барысында банк құпиясы болып табылатын мәлiметтер алуға мүмкiндiк алған банкiнiң лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге адамдар оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауапты болады, бұған осы баптың 4-8-тармақтарында көзделген жағдайлар кiрмейдi.
4. Банк құпиясы шоттың (мүліктің) иесіне ғана, шот (мүлік) иесінің жеке өзі банкте болған кезде берген жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші адамға, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банктік қарыз, лизинг операцияларын, факторингтік, форфейтингтік операциялар, вексельдерді есепке алу, сондай-ақ банк шығарған кепілдіктер, кепілгерліктер, аккредитивтер бойынша кредиттік бюроға, сондай-ақ осы баптың 5-8-тармақтарында аталған адамдарға осы бапта көзделген негіздер бойынша және шекте ашылуы мүмкін.
Мыналар:
1) банктердің кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға банк шоттарының ашылғаны жөнінде салық органдарын міндетті түрде хабардар етуі;
1-1) банктердің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органды заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы міндетті түрде хабардар етуі;
2) олар бойынша талап ету құқықтары бағалы қағаздар бойынша қамтамасыз ету ретінде, оның ішінде секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру аясында берілетін бағалы қағаздар эмитентіне және бағалы қағаздарды ұстаушылар өкіліне берілген кредиттер бойынша мәліметтерді табыс ету;
3) жеке тұлғалардың банк шоттарындағы ақша қалдықтары және барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айыруға байланысты енгізілген, банк уақытша әкімшілік солар бойынша есептеп шығарған сыйақы туралы, салымшыларға ақшасын қайтарумен байланысты іс-шараларды жүзеге асыру үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға және агент банктерге; шот иесінің жазбаша келісімі негізінде аудиторлық ұйымға мәліметтер табыс ету;
4) басқа банктерге осы Заңның 61-2, 61-3-баптарында көзделген операцияларды жүргізу үшін қажетті мәліметтерді табыс ету;
5) талап ету құқықтарын мемлекет екінші деңгейдегі банктердің сыныпталған активтерін салып алу үшін құрған заңды тұлға сатып алатын немесе басқаруға қабылдап алатын екінші деңгейдегі банктердің көрсетілген заңды тұлғаға мәліметтер табыс ету;
6) қайта құрылымдалатын банктің олардың алдындағы міндеттемелерді қайта құрылымдау көзделетін банк кредиторларына, басқа банктерге қайта құрылымдалатын активтер мен міндеттемелер бойынша қайта құрылымдау шеңберінде мәліметтерді табыс етуі банк құпиясын ашу болып табылмайды.
5. Банк шоттардың бар-жоғы және нөмiрлерi туралы анықтамалар банк Басқармасының төрағасы немесе оның орынбасарлары қол қойған жазбаша сауал негiзiнде, шоттың иесi банкiнiң қарыз алушысы, кепiлдiк берушiсi, кепiлдеме берушiсi немесе кепiл берушiсi болса, кредит алғанын растайтын құжатты ұсынған жағдайда банкiге берiледi.
6. Заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарының, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың ағымдағы шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және ақша қозғалысы туралы анықтамалар мыналарға берiледi:
а) анықтау және алдын ала тергеу органдарына прокурордың санкциясымен: олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша;
б) соттарға:
сот ұйғарымы негiзiнде олар жүргiзiлiп жатқан iстер бойынша;
в) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша;
г) прокурордың санкциясымен клиенттердiң экспорттық және (немесе) импорттық операциялары бойынша кеден органдарына;
д) салық қызметі органдарына мыналарға:
тексерілетін заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне қатысты салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
тексерілетін дара кәсіпкерге қатысты салық салуға байланысты мәселелері бойынша — кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдаланылған) ағымдағы шоттар бойынша;
тексерілетін жеке нотариусқа қатысты салық салуға байланысты мәселелер бойынша — нотариаттық қызметте пайдаланылатын (пайдаланылған) ағымдағы шоттар бойынша;
тексерілетін адвокатқа қатысты салық салуға байланысты мәселелер бойынша — адвокаттық қызметте пайдаланылатын (пайдаланылған) ағымдағы шоттар бойынша;
тексерілетін жеке сот орындаушысына қатысты салық салуға байланысты мәселелер бойынша - атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметте пайдаланылатын (пайдаланылған) ағымдағы шоттар бойынша;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салық міндеттемесін орындаудың ерекше тәртібі қолданылатын дара кәсіпкерге қатысты;
тұрғылықты жерінде іс жүзінде болмауы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген табыс ету мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін салық есептілігін табыс етпеген, Қазақстан Республикасы салық заңнамасында көзделген осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа қатысты;
әрекетсіз заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа қатысты;
д-1) атқарушылық iс жүргiзу органдарына: олардың жүргiзiп жатқан атқару істері бойынша сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу органының мөрімен расталған және сот санкция берген қаулысы не оның атқарушылық іс жүргізу органының аумақтық бөлімінің мөрімен расталған көшірмесі негiзiнде;
д-2) жеке сот орындаушыларына: олардың жүргізіп жатқан атқару істері бойынша жеке сот орындаушысының жеке мөрімен расталған және сот санкция берген қаулысы негізінде.
6-1. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар салық қызметі органдарына мыналарға:
заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мөслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
мемлекеттік қызметке не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты қызметке кандидат болып табылатын адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты беріледі.
Осы тармақта көзделген мәліметтер қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық қызметі органының сауал салуы негізінде беріледі.
7. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен ақша қозғалысы туралы анықтамалар, сондай-ақ оның банктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлкінің сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер мыналарға берiледi:
а) жеке тұлғаның өкiлдерiне:
нотариалды түрде куәландырылған сенiмхат негiзiнде;
б) анықтау және алдын ала тергеу органдарына:
шоттарда немесе банкiде сақтаулы жатқан жеке тұлғаның ақшасы мен өзге де мүлкiне арест салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын реттерде анықтау немесе алдын ала тергеу органының біріншi басшысы немесе тергеушісi қол қойып, мөрiмен куәландырылған және прокурор санкция берген жазбаша сауал негiзiнде, олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша;
в) соттарға:
шоттарда немесе банкiде сақтаулы жатқан жеке тұлғаның ақшасы мен өзге де мүлкiне арест салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын реттерде, соттың ұйғарымы, қаулысы, шешімі, үкiмi негiзiнде олар жүргiзiп жатқан iстер бойынша;
г) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша;
д) (алып тасталды)
е) (алып тасталды)
7-1. Осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы анықтамалар клиенттiң банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме нысанда беріледi. Клиенттiң банк шоттары бойынша ақшаның жылжуы туралы үзiндi көшiрме болуға тиiстi мәлiметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
8. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi, олардағы ақшаның қалдығы туралы анықтамалар, сондай-ақ банкiнiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан оның мүлкiнiң бар-жоғы, сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер, олардың иесi қайтыс болған жағдайда мыналарға берiледi:
а) мұра өкiмiнде шот (мүлiк) иесi деп көрсетiлген адамдарға;
б) соттар мен нотариустарға: соттың ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың өз мөрiн қойып куәландырған жазбаша сауалы негiзiнде олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша. Нотариустың жазбаша сауалына шот иесiнiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса берiлуге тиiс;
в) шетелдiк консулдық мекемелерге:
олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша.
9. (алып тасталды)
10. Банк құпиясы бар ақпараттар ақпараттарды алмасу көзделетін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде беріледі.
Ескерту. 50-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентiнiң 1996.01.27 N 2830 Заң күші бар Жарлығымен, ҚР 1996.09.27 N 37, 1997.07.11 N 154, 1998.06.29 N 236, 2000.03.29 N 42, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.07.06 N 572, 2004.12.13 N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.07.08 N 69, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.22 N 147, 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
51-бап. Банкiде жатқан ақша мен мүлiкке арест салу және
олардан өндiрiп алу
1. Заңды және жеке тұлғаның банктегi ақшасына және басқа мүлкiне сот санкция берген анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары және атқарушылық iс жүргізу органдары мен жеке сот орындаушыларының қаулылары, сондай-ақ соттардың қаулылары, шешiмдерi, үкiмдерi, ұйғарымдары негiзiнде ғана тыйым салынуы мүмкiн. Талап-арыз талаптарын қамтамасыз ету үшiн тыйым салған кезде тыйым салынған ақша сомасы талап-арыз сомасынан, мемлекеттiк баж және соттың шешiмдерiн, үкiмдерiн, ұйғарымдары мен қаулыларын орындауға байланысты шығыстар көлемiнен аспауға тиiс. Атқарушылық іс жүргізу органдары және жеке сот орындаушысы атқару құжатының орындалуын қамтамасыз ету үшін тыйым салуды қолданған жағдайда, тыйым салу қолданылатын ақша сомасы мен мүлік құны өндіріп алушыға ұйғарылған соманы өтеу үшін қажетті сомадан, сондай-ақ атқару құжатын орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомаларынан және атқару құжатын орындау жөніндегі шығыстар сомасынан аспауға тиіс.
Заңды тұлғалардың, оның құрылымдық бөлімшелерінің, дара кәсіпкердің, жеке нотариустың және адвокаттың банк шоттарындағы (корреспонденттiк шоттардан басқа) барлық шығыс операциялары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда, салық және (немесе) кеден органдарының бiрiншi басшысы қол қойып, мөрiмен куәландырылған салық және (немесе) кеден органдарының өкімдері бойынша тоқтатыла тұруы мүмкiн, ал өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша ғана жүргiзiлуi мүмкiн болады.
Жеке және заңды тұлғаның банктік шоттары бойынша операцияларын қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тоқтата тұруы мүмкін.
2. Заңды тұлға мен жеке тұлғаның банкiде жатқан жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнен басқа ақшасы мен өзге де мүлкiн тәркiлеу заңды күшiне енген сот шешiмi (үкiмi) негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
Ескерту. 51-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 2000.03.29 N 42, 2002.08.09 N 346, 2006.06.22 N 147, 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
52-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру
Ескерту. 52-бап алынып тасталды - ҚР 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
4-1-тарау. Ислам банктерін құрудың және оның қызметінің
ерекшеліктері
Ескерту. Заң 4-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
52-1-бап. Ислам банкінің қызметіне қойылатын талаптар
Ислам банкінің процент түрінде сыйақы алуға, инвестициялық депозитті қайтаруға немесе ол бойынша табысқа кепілдік беруге, темекі, ішімдік өнімдерін, қару-жарақ пен оқ-дәрі шығарумен және (немесе) сатумен, құмар ойындармен байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес қаржыландыруға (кредиттеуге) тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін қаржыландыруға (кредиттеуге) құқығы жоқ.
Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес ислам банкінің қызметіне ислам банкі сақтауға міндетті өзге де талаптарды қосымша айқындауға құқылы.
52-2-бап. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі
кеңестің қызметі
1. Ислам банкі қызметінің, операцияларының және мәмілелерінің осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес болуын айқындау үшін ислам банкінде міндетті түрде исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес құрылады.
2. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес директорлар кеңесінің ұсынысы бойынша ислам банкі акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады.
3. Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережені, Ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы ережені исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің оң қорытындысы болған кезде ислам банкінің директорлар кеңесі бекітуге тиіс.
4. Егер осы Заңда, ислам банкінің жарғысында немесе ішкі ережелерінде өзгеше көзделмесе, ислам банкінің кредиттік комитетінің ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы ережеге сәйкес қабылданған шешімдері және Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережеге сәйкес жасалған мәмілелер исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің жеке бекітуін талап етпейді. Бұл ретте, исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қандай да бір мәмілені осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан өз қарауы бойынша тексеруге құқығы бар.
52-3-бап. Ислам банкінің операциялары мен мәмілелерін
ислам банкінің қызметіне қойылатын талаптарға
сәйкес келмейді деп танудың салдары
1. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес жасалу сатысындағы мәмілені осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміленің жасалуы және орындалуы мүмкін емес.
2. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мәмілені жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған деп таныған жағдайда, мұндай мәміле ислам банкінің талабы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылады.
3. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мәмілені орындалған немесе ішінара орындалған деп таныған жағдайда, ислам банкінің осындай мәміле бойынша табысы қайырымдылық ісіне бағытталуға тиіс.
52-4-бап. Ислам банкінің жарғысына қойылатын қосымша
талаптар
Ислам банкінің жарғысы осы Заңның 14-бабында көзделген мәліметтерден бөлек мыналарды:
1) ислам банкі қызметінің мақсаттарын;
2) ислам банкінің тұрақты жұмыс істейтін органы - исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін, сондай-ақ оны құрудың тәртібі мен исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің мүшелеріне қойылатын талаптарды қамтуға тиіс.
52-5-бап. Ислам банкінің банк операциялары және өзге де
операциялары
1. Мына операциялар:
1) жеке және заңды тұлғалардан талап етуге дейінгі процентсіз депозиттерді қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
2) жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау; V095687
3) банктік заем операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық талаптары бойынша және сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беруі;
4) кәсіпкерлік қызметті мынадай түрде қаржыландыру:
коммерциялық кредитті бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру;
заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру;
5) лизинг (жалдау) талаптары бойынша инвестициялық қызмет;
6) ислам банкінің банк операцияларын жүргізу кезіндегі агенттік қызмет ислам банкінің банк операцияларына жатады.
2. Осы баптың 1-тармағының 4), 5) тармақшаларында көзделген банк операцияларын ислам банкі меншікті ақшасы және (немесе) инвестициялық депозиттерге тартылған ақша есебінен жүзеге асырады. Бұл ретте, ислам банкі және (немесе) инвестициялық депозит бойынша клиенттер олардың ақшасы есебінен сатып алынған мүлікке ортақ үлестік меншік құқығын алады, ал ислам банкі ортақ үлестік меншіктің қатысушысы және (немесе) ортақ үлестік меншікке жататын мүлікті басқаруды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушы болады. Ислам банкі сенімгерлікпен басқарушы ретінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес жылжымайтын мүлікке және олармен жасалған мәмілелерге құқықтардың мемлекеттік тіркелуін, көлік құралдарының және өзге де жылжымалы мүліктің тіркелуін қамтамасыз етуге құқылы. Ислам банкі сатып алынған мүлікке ортақ үлестік меншік қатысушыларының есебін жүргізеді.
3. Ислам банкі, егер жарғыда осындай көзделсе, мына операцияларды:
1) факторингтік операцияларды: төлем жасамау тәуекелін қабылдай отырып, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алушыдан төлемді талап ету құқықтарын сатып алуды;
2) форфейтингтік операцияларды (форфейтингтеуді): тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алушының борыштық міндеттемесін сатушыға айналымсыз вексельді сатып алу жолымен төлеуді қоспағанда, осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, осы Заңның 30-бабында көзделген банк операцияларын және өзге де операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес осы Заңның 30-бабында көзделген банк операцияларының және өзге де операциялардың жекелеген түрлерін осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп тануға құқылы.
52-6-бап. Ислам банкінің депозиттері
1. Талап етуге дейінгі процентсіз депозит шарты бойынша ислам банкі клиенттің ақшасын процент түрінде сыйақы төлеуді немесе төлеуге кепілдік беруді көздемейтін талап етуге дейінгі банктік салымға қабылдауға және клиент талаптарының түсуі бойынша депозитті немесе оның бір бөлігін қайтаруға міндеттенеді. Ислам банкінің процентсіз депозит туралы шартына ол бойынша сыйақы төлеу туралы талаптарды қоспағанда, банктік салым туралы шарттың ережелері қолданылады.
2. Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша ислам банкі клиенттің ақшасын оларды номиналды түрде қайтару кепілдігінсіз белгілі бір мерзімге қабылдауға, олар бойынша табысты инвестициялық депозит туралы шартта көзделген тәртіппен берілген ақшаны пайдалану нәтижесіне байланысты төлеуге міндеттенеді. Ислам банкінің инвестициялық депозит туралы шартына ақшаны пайдалану және қайтару тәртібі, клиенттің және ислам банкінің құқықтары мен міндеттері, сенімгерлікпен басқарушының - ислам банкінің сыйақыны айқындау және есептеп шығару тәртібі бойынша осы бапта көзделген ерекшеліктері бар мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шарттың ережелері қолданылады.
Инвестициялық депозит туралы шартты жасасу кезінде ағымдағы банк шоты ашылуы мүмкін.
3. Инвестициялық депозит туралы шарттың талаптарында сенімгерлікпен басқарушының - клиенттің сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының ақшасын басқарғаны үшін сыйақысының мөлшері, ақшаны қайтару мерзімі мен тәртібі, ақшаны пайдаланудан келген залалдар тәуекелдері және өзге де талаптар айқындалуға тиіс.
4. Ислам банкінің сыйақысы инвестициялық депозит бойынша ақшаны пайдаланудан түскен табыс есебінен ғана сыйақы төленуі мүмкін болатын талап бойынша инвестициялық депозитке тартылған ақшаны пайдаланудан алынған табыс бөлігі түрінде айқындалады. Ислам банкі инвестициялық депозиттің шығынды болуы кезінде (инвестициялық депозит бойынша тартылған ақшаны пайдалану нәтижесінде табыс болмаған кезде) сыйақы алу құқығынан айырылады. Инвестициялық депозит туралы шарттың талаптары инвестициялық депозит бойынша табыстың немесе ислам банкі сыйақысының кепілдік берілген мөлшерін көздей алмайды.
5. Клиент өз талабы бойынша инвестициялық депозитті мерзімінен бұрын қайтарып алған кезде, егер инвестициялық депозит туралы шартта өзгеше көзделмесе, табыс алу құқығынан айрылады.
6. Инвестициялық депозит туралы шарт клиенттің ақшаны пайдалану тәсілдерін, активтер немесе ақша салу объектілері түрлерінің тізбесін анықтауы бойынша талаптарды не клиенттің ақшасын оларды біріктіру құқығынсыз өзге клиенттердің ақшасынан бөлек пайдалану бойынша талаптарды көздеуі мүмкін.
7. Ислам банкі ақшаны пайдаланудың тәртібі мен нәтижелерін анықтау, оның ішінде ақшаны пайдалану тәсілдерін, активтер немесе ақша салу объектілері түрлерінің тізбесін, мұндай пайдаланудан түскен табыстың немесе залалдың мөлшерін, ислам банкі сыйақысының мөлшерін анықтау мақсатында жекелеген инвестициялық депозиттер бойынша ақшаны пайдалану есебін жүргізуге міндетті. V095687
8. Клиенттің талабы бойынша ислам банкі инвестициялық депозит бойынша ақшаны пайдалану туралы есепті табыс етуге міндетті.
9. Егер шартта өзгеше көзделмесе, инвестициялық депозитке ақша салған клиент ислам банкінің ақшаны орналастыруға байланысты туындаған міндеттемелері бойынша жауап бермейді, бірақ ақша салынған активтер құнының кемуіне байланысты инвестициялық депозитке салынған ақша сомасы шегінде залалдар тәуекелін көтереді.
10. Ислам банкі инвестициялық депозиттің ақшасы салынған активтер құнының кемуіне байланысты залалдар өз кінәсінен болған жағдайларды қоспағанда, осындай залалдар үшін жауап бермейді.
Егер инвестициялық депозиттің ақшасы салынған активтер құнының кемуіне байланысты залалдар ислам банкінің кінәсінен болса, ислам банкі осындай залалдардың туындағаны туралы клиентке хабарлауға міндетті.
52-7-бап. Ислам банкінің бағалы қағаздарды шығару
ерекшеліктері
Ислам банкі борышты, сыйақының кепілдік берілген мөлшерін немесе құнынан процент түрінде сыйақы төлеуді көздейтін артықшылығы бар акцияларды, облигацияларды немесе өзге де борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, акциялар немесе өзге де бағалы қағаздар шығаруға құқылы.
52-8-бап. Коммерциялық кредитті беру арқылы сауда делдалы
ретінде сауда қызметін қаржыландыру
1. Ислам банктері сауда делдалы ретінде ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шарты (бұдан әрі - коммерциялық кредит туралы шарт) негізінде коммерциялық кредитті тауар сатып алушыға немесе сатушыға беру арқылы сауда қызметіне қатысуға құқылы.
2. Коммерциялық кредит туралы шарт тауар сатып алушының коммерциялық кредит туралы шартты (офертаны) жасасу туралы ұсынысының негізінде жасалады, онда ислам банкінің оны қабылдау мерзімі (акцепт) көзделуге тиіс. Офертаның қолданылу мерзімі ішінде ислам банкі тауар сатушымен сатып алу-сату шартын жасасуға құқылы. Ислам банкінің акцепті ол тауарға меншік құқығын сатып алғаннан кейін беріледі. Сатып алушы ислам банкінің акцептін алған кезде офертаның қолданылу мерзімі ішінде коммерциялық кредит туралы шартты орындау сатып алушы үшін міндетті болып табылады. Коммерциялық кредит туралы шартты орындаудан бас тартқан кезде сатып алушы ислам банкіне осындай бас тартудан туындаған нақты залалды өтейді, ал ислам банкі тауарды үшінші тұлғаға өткізеді немесе оны сатушыға қайтарып береді.
3. Коммерциялық кредит туралы шартқа осы бапта көзделген ерекшеліктер және осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптар ескеріле отырып, тауарларды кредитке (төлем мерзімін кейінге жылжыту немесе ұзарту арқылы) сатып алу-сату шартының ережелері қолданылады.
4. Коммерциялық кредит туралы шартта тауардың атауы және саны, тауарға үстеме бағаның мөлшері көрсетіле отырып, сатып алушы ислам банкінен сатып алатын тауардың құны туралы талаптар, сондай-ақ коммерциялық кредиттің талаптары (төлем мерзімін кейінге жылжыту немесе ұзарту) қамтылуға тиіс.
5. Егер коммерциялық кредит туралы шартта өзгеше көзделмесе, ислам банкінің сатып алушыға тауарды сату бағасы сатушыдан тауарды сатып алу бағасы мен тауарға үстеме баға сомаларынан құралады. Үстеме баға тіркелген сома немесе сатушыдан тауарды сатып алу бағасының проценті түрінде белгіленуі мүмкін.
6. Сатып алушының офертасы негізінде тауарды сатып алу кезінде ислам банкі сатушымен жасалатын сатып алу-сату шартында тауардың коммерциялық кредит туралы шарт жасасу үшін сатып алынатынын көрсетуге міндетті.
7. Коммерциялық кредит туралы шарт бойынша бір мезгілде сатып алушы болатын сатушыдан тауарды сатып алуға жол берілмейді. Ислам банкі тауарды сатушымен жасасқан сатып алу-сату шарты тауарға алдын ала төлем жасау, сатып алынған тауарды белгілі мерзімде қайтару және тауардың сатып алу бағасын қайтару мүмкіндігі туралы талаптарды көздеуі мүмкін.
8. Коммерциялық кредит туралы шартта сатып алушының тауарларға ақша немесе өзге мүлік кепілімен төлем жасау бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету талаптары көзделуі мүмкін.
9. Егер коммерциялық кредит туралы шарттың нысанасы дайындауға жататын тауарларды (қайта өңдеу өнімдерін, жылжымалы жаңа затты, жаңадан құрылатын жылжымайтын мүлікті), мүлікті пайдалану, жұмысты орындау не қызмет көрсету нәтижесінде алынатын тауарларды (ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы немесе өзге ұқсас өнімнен алынған мүлікті пайдалану кезінде бөлініп алынатын жемістер түрінде) сатып алу болып табылса, шарттың осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қорытындысы талап етіледі.
10. Ислам банкі мен осы баптың 9-тармағында көрсетілген тауарды өндіруші (дайындаушы) арасында жасалған коммерциялық кредит туралы шартта тараптардың келісімімен айқындалған мерзімде (тауар берудің мерзімін кейінге жылжыту) тауар беру талабымен сатып алынатын тауарға (аванс түріндегі коммерциялық кредит) дереу ішінара немесе толық төлем жасау көзделуі мүмкін. Тауар өндірушіге (шығарушыға) коммерциялық кредит беру кезінде ислам банкінің тауарды тікелей сатып алушымен жасасқан сатып алу-сату шарты тараптардың келісімімен айқындалған мерзімде (тауар берудің мерзімін кейінге жылжыту) тауар беру талабымен тауарға дереу ішінара немесе толық алдын ала төлем жасау туралы талаптарды көздеуі мүмкін.
11. Осы баптың 9-тармағында көзделген коммерциялық кредит туралы шарт жасалған жағдайда банк пен тауар өндіруші (шығарушы) арасындағы қарым-қатынастарға мердігерлік, тауар беру, келісімшарт жасасу, өтелетін қызметтер көрсету туралы ережелер немесе осы қарым-қатынастарға сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген міндеттеме туралы басқа да ережелер қолданылады.
52-9-бап. Өндірістік және сауда қызметін заңды тұлғалардың
жарғылық капиталдарына қатысу жолымен және
(немесе) әріптестік талаптары бойынша
қаржыландыру
1. Ислам банкі табыс алу немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де мақсаттарға қол жеткізу мақсатымен әріптестік туралы шарттың негізінде өндірістік және сауда қызметін қаржыландыруға құқылы. Әріптестік туралы шартта (заңды тұлғаны құруға байланысты әріптестік туралы шарт) заңды тұлғаны құру жөніндегі талап көзделуі мүмкін.
2. Әріптестік туралы шарт исламдық қаржыландыру принциптері бойынша кеңестің оң қорытындысын алғаннан кейін жасалуы мүмкін. Осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарды бұзу әріптестік туралы шартты мерзімінен бұрын бұзуға және (немесе) әріптестік туралы шарттың негізінде құрылған заңды тұлғаны таратуға не ислам банкінің үлесін, оның ішінде заңды тұлғалардың жарғы капиталдарындағы акциялары мен қатысу үлестерін шеттетуге және алынған табысты қайырымдылық ісіне бағыттауға негіз болады.
3. Заңды тұлғаны құру талабынсыз жасалған әріптестік туралы шартқа (ислам банкінің қатысуымен жасалған қарапайым серіктестік шарты) осы бапта көзделген ерекшеліктері бар бірлескен қызмет туралы шарттың ережелері қолданылады.
4. Ислам банкінің қатысуымен жасалған қарапайым серіктестік шартында бірлескен қызметтің мақсаты, шарттың қолданылу мерзімі немесе олардың туындауына байланысты шарт тоқтатылатын талаптар, бірлескен қызметтен түскен табысты бөлу тәртібі және кезеңділігі, қатысушының шарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі, бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін қатысушылардың әрқайсысы енгізген мүліктің тізбесі, түрлері және құны туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Егер шартта өзгеше көзделмесе, қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүліктегі үлесінің мөлшері бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін енгізілген мүліктің құнына бара-бар айқындалады. Шартта бірлескен қызметтен түскен табыс бөлігін қайырымдылық мақсаттарға пайдалану туралы талаптар көзделуі мүмкін.
5. Бірлескен қызметтен түскен табыс, ислам банкі қатысатын қарапайым серіктестік шартына қатысушылардың жалпы шығыстары мен залалдары, егер шартта өзгеше көзделмесе, ортақ мүліктегі үлеске бара-бар бөлінеді. Ислам банкі қатысатын қарапайым серіктестіктің табысы күтілетін табыс ескерілмей, нақты нәтижелер бойынша бөлінуге тиіс. Қарапайым серіктестікке қатысушының табысы тіркелген ақша сомасы түрінде белгілене алмайды.
6. Қарапайым серіктестіктің ортақ мүлкі жеткіліксіз болғанда оның қатысушылары қарапайым серіктестік шартына байланысты міндеттемелер бойынша ортақ мүліктегі үлестерге бара-бар жауаптылықта болады.
7. Егер шартта немесе осы баптың ережелерінде өзгеше көзделмесе, заңды тұлғаны құруға байланысты әріптестік туралы шартқа тиісті ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаның құрылтай шарты туралы ережелер қолданылады.
8. Заңды тұлғаны құруға байланысты әріптестік туралы шартта Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілі бір ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаның құрылтай шарты үшін көзделген мәліметтерден бөлек, әріптестіктің мақсаты мен мерзімдері туралы мәліметтер, заңды тұлғаның табысын әрбір қатысушы енгізген үлеске бара-бар бөлу туралы талап қамтылуға тиіс.
9. Заңды тұлға құрып әріптестік жасау туралы шарттың ережелері әріптестіктің мақсаты осы заңды тұлғаның өндірістік немесе сауда қызметін қаржыландыру болып табылатын маңызды талаптар болған кезде заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алу оның талаптары болып табылатын әріптестік жағдайларына да қолданылады.
52-10-бап. Инвестициялық қызметті лизинг (жалдау)
талаптары бойынша жүзеге асыру
1. Ислам банктері инвестициялық қызметті лизинг (жалдау) талаптары бойынша жүзеге асыруға құқылы.
2. Ислам банкінің инвестициялық қызметті мүлік лизингі (жалдау) талаптары бойынша жүзеге асыруы жөніндегі қатынастарына осы бапта көзделген ерекшеліктерімен қаржы лизингі туралы немесе мүлікті жалдау туралы ережелер қолданылады.
3. Ислам банкімен жасалған лизинг (жалдау) шартының талаптары жалға алынатын мүлікті сатып алу құқығын көздей алмайды. Жалға алынған мүлікке меншік құқығы жеке келісімнің негізінде лизинг алушыға (жалдаушыға) ауысуы мүмкін.
4. Егер ислам банкінің жарғысында немесе ішкі ережелерінде өзгеше көзделмесе, мүлік лизингі немесе жалдау бойынша мәмілелер осы Заңның 52-2-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес бекітілген Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережеге сәйкес жасалады және исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің жеке бекітуін талап етпейді.
5. Шартта лизингтік төлемдерге ақы төлеу (жалдау төлемін) жөніндегі міндеттемелерді мүлік кепілімен қамтамасыз ету туралы талап көзделуі мүмкін.
52-11-бап. Ислам банкінің банк операцияларын жүргізу
кезінде агенттік қызметті жүзеге асыру
1. Ислам банкінің банк операцияларын жүргізу кезінде ислам банкі агенттік қызметті жүзеге асыруға құқылы, оған сәйкес ислам банкі өз клиентінің агенті болады не үшінші тұлғаны өзінің агенті етіп тағайындайды.
2. Агенттік келісімге сәйкес агент клиенттің атынан және оның тапсырмасы бойынша не өз атынан, бірақ клиенттің тапсырмасы бойынша және соның есебінен өзінің жеке тәжірибесі мен білімі негізінде сыйақы үшін табыс алуға бағытталған белгілі бір заңды іс-қимылдар жасауға міндеттенеді.
3. Ислам банкінің агенттік келісімдеріне оның талаптарына байланысты осы бапта көзделген ерекшеліктері бар тапсырма немесе комиссия шарты туралы ережелер қолданылады.
4. Жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде банктер және өзге қаржы ұйымдары ислам банкімен жасалған агенттік келісім бойынша тараптар (клиент не агент) ретінде бола алады.
5. Агенттік келісімнің талаптарында агенттің сыйақысын анықтау және төлеу тәртібі белгіленуге тиіс. Клиент табысының кепілдік берілген мөлшері агенттік келісімнің талаптарында көзделе алмайды.
6. Агенттің сыйақы алу құқығы агенттік келісімнің орындалу нәтижелеріне қарамастан сақталады.
7. Агенттің кінәсінен залалдар туындаған жағдайларды қоспағанда, агент қызметі нәтижесінде келтірілетін залалдар тәуекелін агенттік келісімнің клиенті көтереді.
5-тарау. Есеп және есеп беру
53-бап. Банкiнiң қаржы (операция) жылы
Банкiнiң қажы (операция) жылы 1 қаңтарда басталып, 31-желтоқсанда аяқталады. Егер банкiнi тiркеу 1 қаңтардан кейiн жүзеге асырылса, онда бiрiншi қаржы (операция) жылы банк мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.
54-бап. Банкiлердегi есеп және есеп беру
1. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық есептілiктi қоса алғанда, қаржылық есептiлiктiң тізбесін, сондай-ақ оларды табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкiлетті органмен келiсiм бойынша Ұлттық Банк белгілейдi.
Банктер операциялар мен оқиғаларды Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржы есептiлiгi туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Банктiң бухгалтерлiк есеп саясатын оның банк директорларының кеңесi айқындайды.
1-1. Шоғырландырылған негіздегі есептілiкті қоса алғанда, (қаржылық есептiлiктi қоспағанда), есептіліктің тiзбесін, нысандарын, оларды табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
2. Банкiлер уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң өз құзыретi шегiнде жiберiлген сұратуы бойынша өздерiнiң қаражаттары, соның iшiнде Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жердегi қаражаттары, қабылданған депозиттер мен берiлген несиелердiң мөлшерi, жасалған және жасалып жатқан банк операциялары туралы кез келген ақпаратты және, банк құпиясы болып табылатын мәлiметтердi қоса, өзге де мәлiметтердi беруге мiндеттi.
2-1. Банктер уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен банктер ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде Ұлттық Банк сұратқан кез келген ақпаратты беруге міндетті.
3. Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзырет шегінде алынған, уәкілетті орган мен Ұлттық Банк арасындағы ақпарат алмасу жағдайларын қоспағанда, осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген құқықтарды іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені не үшінші тұлғаларға бергені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауапты болады.
Ескерту. 54-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 1999.07.16 N 436, 2001.03.02 N 162, 2003.05.16 N 416, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.06.11 N 562, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.
54-1-бап. Банктің ірі қатысушылары мен банк
холдингтерінің есептілігі
1. Банктің жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүз жиырма күн ішінде кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті, сондай-ақ:
1) оның басқа тұлғалармен бірлесіп өз араларындағы шартқа орай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерге ықпал етуді жүзеге асыруы туралы, оның ішінде мұндай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктер берудің сипаттамасы қамтылатын;
2) жарғылық капиталдарға (акцияларға) қатысудың өзіне тиесілі үлестерін көрсете отырып, ұйымдарда өзінің атқаратын лауазымдары туралы;
3) алынған қарыздар есебінен ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысудың өзіне тиесілі үлестерін (акцияларды) сатып алуы туралы;
4) жақын туыстары, жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы ақпаратты беруге тиіс.
2. Банктің заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүз жиырма күннің ішінде жыл сайын қаржылық есептілікті және оған берілетін түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
3. Есептілікті табыс ету тәртібі және оның нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
4. Банк холдингі уәкілетті органға:
1) есепті тоқсаннан кейінгі қырық бес күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;
2) қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүз жиырма күн ішінде, аудиторлық ұйым куәландырмаған, шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
5. Банктің заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада, сондай-ақ банк холдингінің тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбаларда мынадай ақпарат:
1) ірі қатысушының (банк холдингінің) қызмет түрлерінің сипаттамасы;
2) ірі қатысушы (банк холдингі) қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акцияларының саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, ірі қатысушы (банк холдингі) ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымдардың қаржылық есептілігі;
3) банктің ірі қатысушысының (банк холдингінің) ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (оған тиесілі акциялардың саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалар туралы, ірі қатысушыға бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, банктің ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
Банкте банк холдингі болмаған жағдайда банктің ірі қатысушысы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей қаржылық есептілікті және осы тармақта көрсетілген ақпаратты табыс етуге тиіс.
Банктің ірі қатысушысы - заңды тұлға немесе банк холдингі басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда банктің ірі қатысушысы - заңды тұлға немесе банк холдингі уәкілетті органға көрсетілген өзгерістер болған кезден бастап отыз күн ішінде растайтын құжаттарды тіркей отырып, басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді табыс етеді.
6. Егер банктің ірі қатысушысы, банк холдингі Қазақстан Республикасының резиденті қаржы ұйымы болып табылса, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1)-3) тармақшаларында көзделген ақпаратты береді, бұл ретте, егер банктің ірі қатысушысы, банк холдингі уәкілетті органға осы қаржылық есептілікті талап етілген кезеңге ұсынса, қаржылық есептілік және оған түсіндірме жазба табыс етілмейді.
7. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингі уәкілетті органға қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде аудиторлық ұйым растамаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингінің жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада мынадай ақпарат:
1) банк холдингі қызметі түрлерінің сипаттамасы;
2) банк холдингі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акциялар саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы;
3) банк холдингінің ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, жарғылық капиталдағы оның қатысу үлесінің мөлшері (оған тиесілі акциялардың саны), осы ұйым қызметі түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы көрсетілуге тиіс.
8. Қазақстан Республикасының резиденті еместер болып табылатын банктің ірі қатысушысы, банк холдингі уәкілетті органға қаржылық есептілікті, оған түсіндірме жазбаны және осы бапта көзделген өзге де мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде табыс етеді.
Ескерту. 54-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
55-бап. Банк қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн
жариялау
Банктер жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетін аудиторлық ұйым оларда ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растағаннан кейін және банк акционерлерінің жылдық жиналысы қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті органмен келісім бойынша Ұлттық Банк белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.
Банктер тоқсан сайын уәкiлеттi орган және (немесе) Ұлттық Банк белгілеген тәртіппен және мерзімдерде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін бухгалтерлік балансын, пайдасы мен шығыны туралы есебiн, олардың аудиторлық мақұлдауынсыз-ақ жариялап отырады.
Ескерту. 55-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11 N 154 , 1999.07.16 N 436 , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.06.11 N 562 , 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 N 139 , 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. Заңдарымен.
56-бап. Құжаттарды есепке алу және сақтау
1. Банкiлер бухгалтерлiк есепте және есеп берудi жасау кезiнде пайдаланылатын құжаттардың қатаң есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Сақталуға тиiс негiзгi құжаттар тiзбесiн және олардың сақталу мерзiмiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Ескерту. 56-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен .
6-тарау. Банктерге және олардың аффилиирлендірілген
тұлғаларына аудит
57-бап. Банктерге және олардың аффилиирлендірілген
тұлғаларына аудит
1. Банк аудитiн аудиторлық қызмет туралы заңдарға сәйкес аудит жүргiзуге құқылы және осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетiн аудиторлық ұйым (аудитор) жүргiзе алады.
1-1. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу банктерге, банк холдингтеріне және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға міндетті болып табылады, ол туралы есептің көшірмесі мен аудиторлық ұйымның ұсыныстарын осы құжаттарды алған күннен бастап немесе оларды банктерге, банк холдингтеріне және банк (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға бергеннен кейін отыз күн ішінде банктер, банк холдингтері және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар немесе аудиторлық ұйымдар уәкiлеттi органға табыс етуге тиіс.
Банктің және банк холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есебін банктерге аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым куәландыруға тиіс.
Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын бас ұйым мен оның еншілес ұйымдары ретінде банк конгломератына кіретін ұйымдардың аудитін бір сол аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Резидент еместердің бас ұйымы мен оның еншілес ұйымдарының аудитін, мұндай аудитті жүргізу олардың резиденттілік елі заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін жағдайларда, бір сол аудиторлық ұйым жүзеге асыруға тиіс..
1-2. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингі уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын осы құжаттарды өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингі алған күннен бастап отыз күн ішінде табыс етеді.
Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін осы резидент емес банк холдингі орналасқан елдегі қаржылық ұйымдарға аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиіс.
1-3. Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын банк холдингі уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын қазақ және орыс тілдерінде табыс етеді.
2. алып тасталды - 2006.05.05. N 139 Заңымен.
3. Банктерге аудит мыналарды анықтау мақсатында жүргiзiледi:
жүргiзiлген банк операцияларының есепте және есеп беруде дер кезiнде, толық және дәлме-дәл көрсетiлуi;
жүргiзiлген банк операцияларының осы Заңға, қолданылып жүрген заңдарға және уәкiлеттi орган мен Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкестiгi;
жүргiзiлген банк операцияларының оларды жүргiзудiң жалпы шарттарына сәйкестiгi, сондай-ақ банк операцияларын жүргiзу тәртiбiнiң банкiнiң iшкi ережелерiне сәйкестiгi.
4. Аудиторлық ұйым аудит нәтижелерін және өз қорытындыларын банктің директорлар кеңесі мен басқармасына, банк айқындайтын қажетті жағдайда банк конгломератының құрамына кіретін басқа заңды тұлғаларға табыс етілетін есепте баяндайды.
Банктің немесе банк конгломератының құрамына кіретін басқа заңды тұлғалардың қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды.
5. Банк аудиторлық есептің көшірмесін оны алғаннан кейін он күн ішінде банк конгломераты құрамына кіретін басқа заңды тұлғаларға беруге міндетті.
6. Банк, банк холдингі және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым аудиторлық ұйым аудиторлық есепте көрсетілетін банктің немесе банк конгломератының қаржылық жағдайына әсер ететін жолсыздықтарды банк, банк холдингі және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым аталған есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда, уәкiлеттi орган жолсыздықтар жойылғанға дейін:
банк холдингіне, банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымға қатысты осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы;
осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жолсыздықтарды жоймаған жағдайда уәкiлеттi орган:
банкке қатысты - осы Заңның 48-бабының 1-тармағының о) тармақшасы негізінде банкті лицензиясынан айыруға;
банк холдингіне қатысты осы Заңның 47-1-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
Ескерту. 57-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 1998.06.29. N 236 Заңымен , 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен , 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05. N 139 , 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.20. N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
58-бап. Банк қызметiн тексеруге байланысты
аудиторлық қызметтi лицензиялау
Ескерту. 58-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.05.05. N 139 Заңымен.
59-бап. Банк қызметіне аудиторлық ұйымның (аудитордың)
аудит жүргізу жөніндегі есебін жарамсыз
деп тану. Банк қызметіне аудит жүргізуге берілген
лицензияны қайтарып алу, тоқтата тұру үшін
негіздер
Ескерту. 59-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.05.05. N 139 Заңымен.
6-1-тарау. Банкті қайта құрылымдау
Ескерту. 6-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
59-1-бап. Банкті қайта құрылымдау ұғымы
Банкті қайта құрылымдау деп банктің қаржылық жағдайын сауықтыру және жұмыс сапасын жақсарту үшін банкті қайта құрылымдау жоспарының (бұдан әрі - қайта құрылымдау жоспары) негізінде банк іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдер кешені түсініледі.
Осы тараудың ережелері банктің уәкілетті органның талабы бойынша активтерді және (немесе) міндеттемелерді қайта құрылымдауды жүргізуіне қолданылмайды.
59-2-бап. Банкті қайта құрылымдауды жүргізу үшін негіздеме
Банкті қайта құрылымдау банктің ақшасының болмауына немесе жеткіліксіз болуына байланысты банктің міндеттемелер бойынша жекелеген кредиторлардың талаптарын оларды орындау күні басталған кезден бастап күнтізбелік жеті күннен асатын мерзімде орындауға қабілетсіздігіне орай жүзеге асырылуы мүмкін.
59-3-бап. Банкті қайта құрылымдаудың жалпы шарттары
1. Осы Заңның 59-2-бабында көрсетілген қайта құрылымдау үшін негіздеме туындаған кезден бастап банк директорлар кеңесінің отырысын өткізуге құқылы, онда банкті қайта құрылымдау туралы шешім қабылданады.
2. Банк директорлар кеңесінің осы баптың 1-тармағында көрсетілген шешімі қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде директорлар кеңесінің банкті қайта құрылымдау туралы шешімін уәкілетті органға жібереді.
3. Уәкілетті орган директорлар кеңесінің банкті қайта құрылымдау туралы шешімін алғаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде банкті қайта құрылымдау мәселелері жөнінде банкпен жазбаша келісім жасасады.
4. Банк қайта құрылымдау жоспарының жобасын уәкілетті органға табыс етеді. Ескертпелер мен ұсыныстар болған жағдайда уәкілетті орган банктен қайта құрылымдау жоспарының жобасын пысықтауды талап етуге құқылы. Банк уәкілетті органның ескертпелері мен ұсыныстарын ескеруге және қайта құрылымдау жоспарының пысықталған жобасын уәкілетті органға қайтадан табыс етуге міндетті.
5. Банк Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құрылымдау туралы сотқа жүгінеді. Соттың банкті қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімі заңды күшіне енген кезден бастап және оны жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген шектеулер қолданылады.
6. Банк соттың банкті қайта құрылымдау туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспа басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде тиісті хабарландыру жариялау жолымен депозиторларға, кредиторларға, корреспондент-банктерге және өзге де клиенттерге қайта құрылымдау туралы хабарлайды.
7. Банк соттың банкті қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімі заңды күшіне енген кезден бастап:
1) сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту шарттарының немесе банктің мүлкін иеліктен шығару туралы өзге де мәмілелердің орындалуын, қарыз беру туралы шарттар мен кредиттік тәуекелі бар басқа да қаржыландыру түрлерін жасасуды тоқтата тұруға;
2) банк міндеттемелерінің орындалуын толығымен немесе ішінара тоқтата тұруға құқылы.
8. Банк соттың қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімінде көзделген мерзімде банк кредиторларымен келіссөздер жүргізу және олардың қайта құрылымдау жоспарын мақұлдауына қол жеткізу мақсатында олардың алдындағы міндеттемелерді қайта құрылымдау көзделетін банк кредиторларының жиналысын шақырады.
Қайта құрылымдау жоспарының мақұлдауына қол жеткізу үшін міндеттемелер қайта құрылымдау көзделетін кредиторлар алдындағы банк міндеттемелері көлемінің кемінде үштен екісі үлесіне тиетін кредиторлардың келісімі талап етіледі.
Банкті қайта құрылымдау банк кредиторлары қайта құрылымдау жоспарын осы тармақта көзделген тәртіппен мақұлдаған жағдайда қайта құрылымдау жоспарына сәйкес қайта құрылымдау көзделетін кредиторлар алдындағы банктің барлық міндеттемелеріне қатысты жүргізіледі.
9. Банк қайта құрылымдау жоспарын кредиторлар мақұлдаған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлар мақұлдаған қайта құрылымдау жоспарын уәкілетті органға жібереді не осы баптың 8-тармағында көзделген тәртіппен банк кредиторларының мақұлдауын алмаған жағдайда банкті қайта құрылымдауды жүргізудің мүмкін еместігі туралы уәкілетті органға хабарлайды.
Уәкілетті орган егер қайта құрылымдау жоспарының шарттары уәкілетті органға бұрын жіберілген қайта құрылымдау жоспары жобасының шарттарынан өзгеше болған жағдайда қайта құрылымдау жоспарын пысықтауды талап етуге құқылы. Банк уәкілетті органның ескертпелері мен ұсыныстарын ескеруге және осы баптың 8-тармағында көзделген тәртіппен банк кредиторлары мақұлдаған, пысықталған қайта құрылымдау жоспарын уәкілетті органға қайтадан табыс етуге міндетті.
10. Осы баптың 9-тармағында көзделген талаптарды орындағаннан кейін банк қайта құрылымдау жоспарын сотқа бекітуге ұсынады.
11. Қайта құрылымдау жоспары мынадай ақпаратты:
қайта құрылымдауды жүргізудің тәртібі мен мерзімін;
қайта құрылымдалатын активтер мен міндеттемелердің тізбесін;
қайта құрылымдау шеңберінде өткізілетін іс-шараларды;
активтер мен міндеттемелерді қайта құрылымдаудан алынатын болжамды қаржылық нәтижелерді;
қызметте қолданылатын шектеулерді қамтуға тиіс.
12. Қайта құрылымдау Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда тоқтатылады.
13. Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенін жүзеге асыруға байланысты банкті қайта құрылымдау тоқтатылған жағдайда, банктің қайта құрылымдау жоспарына енгізілген міндеттемелері орындалған болып есептеледі, соттардың, төрелік және аралық соттардың осындай міндеттемелер жөніндегі шешімдері бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылады.
14. Банк қайта құрылымдау жоспарында белгіленген тәртіппен және жазбаша келісімімен банктің жүргізілген қайта құрылымдалуы туралы, оның ішінде қайта құрылымдау жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы ақпаратты уәкілетті органға береді.
15. Уәкілетті орган банктің қайта құрылымдау жоспарын орындауы жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын қадағалауды жүзеге асырады.
Банкті қайта құрылымдауды жүргізу кезеңінде уәкілетті орган банкке және (немесе) оның акционерлеріне ықпал етудің шектеулі шараларын және (немесе) осы Заңда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы.
II бөлiм
Банкiлердiң құқықтық мәртебесiн өзгерту және қызметiн
тоқтату ерекшелiктерiнiң шарттары
7-тарау. Банктердi ерiктi түрде қайта құру
60-бап. Банкiлердi ерiктi түрде қайта құрудың жалпы
шарттары
1. Банкiлердi ерiктi түрде қайта құру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Осы банк акционерлерiнiң жалпы жиналысы шешiмiнiң болуы банкiнi ерiктi түрде қайта құруды жүргiзуге рұқсат алу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш беруге негiз болып табылады.
3. Банкiнi ерiктi қайта құруға уәкiлеттi органның рұқсатын алу туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса тiркелуге тиiс:
а) банкiнiң жоғары органының оны қайта құру туралы шешiмi;
б) банкiнi қайта құрудың көзделiп отырған шарттарын, түрлерiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн сипаттайтын құжаттар;
в) банкiнiң ол қайта құрылғаннан кейiнгi және (немесе) банкiнi қайта құру нәтижесiнде құрылған заңды тұлғалардың есеп айырысу балансын қоса, қайта құру салдарының қаржылық болжамы.
4. Банкiнi қайта құруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган оны қабылдаған күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс.
5. Қайта құрылатын банк қайта құруды жүргiзуге уәкiлеттi органнан рұқсат алған күннен бастап екi апта iшiнде алдағы болатын өзгерiстер туралы өзiнiң барлық депозиторларын, клиенттерiн, корреспонденттерi мен қарыз алушыларын тiкелей хабардар ету арқылы және кемiнде екi республикалық газетке тиiстi хабарландыру жариялау арқылы хабардар етуге мiндеттi.
6. Қайта құру нәтижесiнде құрылған заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу немесе қайта тiркеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi.
Ескерту. 60-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен .
61-бап. Банкiнi ерiктi түрде қайта құруға рұқсат
беруден бас тарту
Банкiнi ерiктi түрде қайта құруға Ұлттық Банкiнiң рұқсат беруден бас тартуы мынадай кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:
а) ерiктi түрде қайта құрылатын банкiлер жоғары органдарының тиiстi шешiмдерiнiң болмауы;
б) көзделiп отырған ерiктi түрде қайта құру салдарынан депозиторлар мүдделерiнiң бұзылуы;
в) көзделiп отырған ерiктi түрде қайта құру салдарынан пруденциалдық қалыптардың және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң бұзылуы;
г) көзделiп отырған ерiктi түрде қайта құру салдарынан монополияға қарсы заң талаптарының бұзылуы.
Ескерту. 61-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
7-1-тарау. Банк қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар
Ескерту. 7-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
61-1-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру
1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері депозиторларының мүдделерін қорғау мақсатында депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі құрылады.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді арнайы құрылған коммерциялық емес ұйым жүзеге асырады.
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздері, оның қатысушыларының құқықтары, міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
2. Ислам банктерін қоспағанда, депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиялары бар екінші деңгейдегі барлық банктер үшін депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу міндетті болып табылады.
61-2-бап. Банктің активтері мен міндеттемелерін басқа
банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі
операция
1. Банктің кредиторлары мен депозиторларының құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органмен келісім бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдында банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге жол беріледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны банк, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы) консервациялау сатысында, банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін жүргізуі мүмкін.
3. Осы баптың 1-тармағында көзделген операцияны жүргізудің тәртібі, сондай-ақ көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
4. Осы бапта көзделген тәртіппен банк міндеттемелерін беру банк депозиторларының және (немесе) кредиторларының келісімімен жүзеге асырылады. Банк, банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі, уақытша басқарушысы) депозиторлар мен кредиторлардың келісімін алу мақсатында банк активтерінің және (немесе) міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде беру туралы хабарландыру жариялайды. Хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Банктің активтер мен міндеттемелерді басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуі кезінде - хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде не банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің, уақытша басқарушысының) активтер мен міндеттемелерді басқа банкке (банктерге), оның ішінде тұрақтандыру банкіне бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуі кезінде - хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде банк депозиторларынан және (немесе) кредиторларынан жазбаша қарсылықтың болмауы депозитордың және (немесе) кредитордың міндеттемелерді беруге келісімі ретінде қаралады.
5. Қайта құрылымдау процесіндегі банктің активтері мен міндеттемелерін беру осы Заңның 6-1-тарауының ережелеріне сәйкес қайта құрылымдау жоспары шеңберінде жүзеге асырылады.
61-3-бап. Консервациялау режиміндегі банктің активтері мен
міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне берудің
ерекшеліктері
1. Депозиторлар мен кредиторлардың құқықтарын қорғау мақсатында консервациялау режиміндегі банктің уақытша әкімшілігі уәкілетті органға осы банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізу туралы ұсыныс енгізеді.
Уәкілетті орган консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында тұрақтандыру банкін құру туралы шешім қабылдайды және уақытша әкімшілікке көрсетілген активтер мен міндеттемелерді тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізуді тапсырады.
Консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізудің шарттары мен тәртібі, сондай-ақ берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2. Осы Заңның 13, 14, 16, 17-1, 19, 20, 23 - 25, 27, 28-баптарында, 30-бабының 5 және 13-тармақтарында, 31, 32, 42-баптары мен 43-бабының 1-тармағында көзделген банктерді құруға және олардың қызметін реттеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33 - 74-баптарының ережелері тұрақтандыру банкіне қолданылмайды.
Тұрақтандыру банкін құру тәртібі, оның жарғылық және өз капиталының ең төменгі мөлшері мен оны қалыптастыру тәртібі, тұрақтандыру банкін басқару тәртібі, оларды жасасуға қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелерді жасасу тәртібі, тұрақтандыру банкінің жарияланған акцияларының шығарылымын тіркеу және оның жарияланған акцияларын жою тәртібі, сондай-ақ тұрақтандыру банкінің банк операцияларын және осы Заңда көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
3. Тұрақтандыру банкі банк операцияларын және осы Заңда көзделген өзге де операцияларды уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыруға құқылы.
Тұрақтандыру банкінің, осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген қызметті қоспағанда, осы Заңның 8-бабында банктер үшін рұқсат етілген қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.
4. Активтер мен міндеттемелерді тұрақтандыру банкіне бергеннен кейін, сыйақыны есептеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерді орындау он екі ай мерзімге тоқтатыла тұрады. Жеке және заңды тұлғалардың жедел салымдары бойынша міндеттемелерді, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банк алдындағы міндеттемелерді, сондай-ақ тұрақтандыру банкіне берілген активтермен қамтамасыз етілген екінші деңгейдегі банктер алдындағы міндеттемелерді қоса алғанда, орындалу мерзімі жеткен міндеттемелер тұрақтандыру банкінің орындауына жатады. Тұрақтандыру банкі жеке және заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары бойынша міндеттемелерді орындайды.
5. Активтер мен міндеттемелерді сатып алушы банкке бергенге дейін тұрақтандыру банкі уәкілетті органмен келісім бойынша оған бұрын берілген активті консервациялау режиміндегі банктің басқа активіне ауыстыруға құқылы.
6. Тұрақтандыру банкі активтер мен міндеттемелерді уәкілетті орган айқындайтын сатып алушы банкке береді. Тұрақтандыру банкінің активтер мен міндеттемелерді сатып алушы банкке беру тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Осы бапта көзделген тәртіппен тұрақтандыру банкінің міндеттемелерін беру тұрақтандыру банкінің депозиторларының және (немесе) кредиторларының келісімімен жүзеге асырылады. Тұрақтандыру банкі депозиторлар мен кредиторлардың келісімін алу мақсатында тұрақтандыру банкінің активтерін және (немесе) міндеттемелерін сатып алушы банкке беру туралы хабарландыру жариялайды. Хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде тұрақтандыру банкінің депозиторларынан және (немесе) кредиторларынан жазбаша қарсылықтың болмауы депозитордың және (немесе) кредитордың міндеттемелерді беруге келісімі ретінде қаралады.
Осы Заңның мақсаттары үшін тұрақтандыру банкінің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру туралы шарт жасасқан банк сатып алушы банк болып табылады.
7. Банктер осы Заңның 42-бабының және 43-бабының 1-тармағының талаптарын сақтаған жағдайда, осы Заңның осы бабында және 61-2-бабында көзделген тәртіппен банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу кезінде банкке (банктерге) берілген активтер екі жыл бойы есепке алынбайды.
8. Уәкілетті органның шешімі бойынша тұрақтандыру банкі қабылданған активтер мен міндеттемелерді сатып алушы банкке уәкілетті орган көздеген тәртіппен және шарттармен толықтай бергеннен кейін өз қызметін тоқтатады.
9. Уәкілетті органның шешімі бойынша тұрақтандыру банкінің барлық акциялары тұрақтандыру банкінің капиталын ұлғайтуға және оның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыс істеуіне кепілдік беретін шарттармен инвесторға өткізілуі мүмкін.
Инвестордың тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттармен жүзеге асырылады.
Инвестор тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алған кезден бастап банк тұрақтандыру банкінің мәртебесін жоғалтады және өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады. Осы банктің қызметін реттеу, бақылау және қадағалау осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
8-тарау. Банкiнi консервациялау
62-бап. Банкiнi консервациялау ұғымы
1. Банкiнi консервациялау Ұлттық Банкiнiң шешiмi бойынша банкiнiң қаржы жағдайын сауықтыру және оның жұмыс сапасын жақсарту мақсатында банкiге қатысты әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлi түрде жүргiзудi бiлдiредi.
2. Банк мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкiн:
а) өз капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің және (немесе) өтімділік коэффициентінің орындалмауы;
б) Осы Заңның 48-бабында көзделген негiздер бойынша.
3. Консервациялау режимiн белгiлеу Ұлттық Банкiнiң шектеулi (бiр жылға дейiн) мерзiмге банкiнi басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктi немесе уақытша банк басқарушысын тағайындауын бiлдiредi.
4. Банкiнi консервациялау банкiнiң өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. Ұлттық Банкiнiң консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне банк акционерлерi он күн мерзiмде сот тәртiбiмен шағым жасай алады. Аталған шешiмге шағым беру банкiнi консервациялауды тоқтатпайды.
Ескерту. 62-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.01.27 N 2830 Заң күші бар Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1997.07.11 N 154 , 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.
63-бап. Банкiнi басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiк
(уақытша банк басқарушысы)
1. Уақытша әкiмшiлiктi (уақытша банк басқарушысын) уәкiлеттi орган оның қызметкерлерi, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдардың өкілдері, не осы Заңның 20-бабының 2-тармағында белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін өзге адамдар арасынан тағайындайды.
2. Уақытша әкiмшiлiктiң басшысы мен мүшелерiнiң (уақытша банк басқарушысы) құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ олардың еңбегiне ақы төлеу шарты уәкiлеттi орган пен уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) арасында жасалатын жеке шарт бойынша белгiленедi.
3. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) өз қызметiнде осы Заңды, уәкiлеттi органның қалыптық құқықтық құжаттарын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын басшылыққа алады.
4. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiк мүшелерiн (уақытша банк басқарушысын) кез келген сәтте ауыстыруға құқылы.
5. Банкiге келтiрiлген залал үшiн уақытша әкiмшiлiк басшысы мен мүшелерi (уақытша басқарушы) қолданылып жүрген заңдармен белгiленген жауаптылықты көтередi. Уақытша әкiмшiлiк басшысы мен мүшелерiне (уақытша банк басқарушысына) қалыпты өндiрiстiк тәуекел санатына жатқызылуы мүмкiн залал үшiн жауапкершiлiк жүктеуге жол берiлмейдi.
Ескерту. 63-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен , 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
64-бап. Банкiнi консервациялауды жүргiзу туралы қаулы
1. Уәкiлеттi органның банкке консервациялау жүргiзу туралы шешiмiнде мыналар болуға тиiс:
а) банкiнiң атауы және оның орналасқан жерi;
б) банкiнi консервациялау туралы шешiмнiң негiздемесi;
в) консервация күшiнiң басталуы мен мерзімi;
г) банк қызметiне қойылатын шектеулер тiзбесi;
д) уақытша әкiмшiлiктiң дербес құрамы немесе уақытша банк басқарушысының фамилиясы, аты, әкесiнiң аты;
е) консервациялау режимiнде тұрған банкiнiң басшы қызметкерлерiне өз жұмысы туралы есеп, табыстары туралы декларация, меншiгiнiң бар-жоғы және оның мөлшерi туралы мәлiметтер әзiрлеу және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке (уақытша банк басқарушысына) беру туралы нұсқама;
ж) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша басқарушыға) берiлетiн ұсыныстар.
2. Уәкiлеттi органның банкке консервациялау жүргiзу туралы шешiмi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таратылатын мерзiмдiк екi баспа басылымында жарияланады.
Ескерту. 64-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен .
65-бап. Консервациялау кезеңiнде банкiнi басқару
ерекшелiктерi. Уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша
банк басқарушысының) банкiнi басқару
жөнiндегi өкiлеттiгi
1. Консервациялау күшiнiң басталуымен және оның мерзiмiне:
а) осы банк эмитенті болып табылатын банк акционерлерінің акцияларды пайдалану мен билік ету жөніндегі құқықтары тоқтатыла тұрады;
б) банк органдарының өкілеттіктері тоқтатылады және оның басшы қызметкерлері жұмыстан шеттетіледі;
в) банкті басқару жөніндегі барлық өкілеттік, сондай-ақ осы банк эмитенті болып табылатын банк акционерлерінің акцияларды пайдалану жөніндегі құқықтары уақытша әкімшілікке (уақытша басқарушыға) көшеді;
г) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша банк басқарушысына) айтпастан және оның жазбаша келiсiмiнсiз банкiнiң атынан және оның есебiнен жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылады.
2. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы):
а) осы Заңның 66-бабының талаптарын ескере отырып банк қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша дербес шешiм қабылдауға;
б) қажет болған жағдайда консервациялау кезеңiнде қабылданған депозиттер бойынша банкiнiң мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара тоқтата тұруға;
в) қажет болған жағдайда банк қаражатын салуды көздейтiн банк жасасқан шарттарды бұзуға не оларға, ставкаларын, тарифтерiн және қолданылу мерзiмiн өзгертудi қоса, бiржақты тәртiппен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге;
г) банкiнiң атынан кез келген шарттар мен құжаттарға қол қоюға;
д) банкiнiң атынан және оның мүддесi үшiн ақы талабын қоюға;
е) банк қызметкерлерiн қызметтен босату, қызметiн төмендету немесе қызметтен уақытша шеттету, олардың арасында мiндеттер бөлiсу туралы бұйрықтарды қоса, бұйрықтар шығаруға;
ж) кредитор мен борышкер бір адам болғандықтан, өзара талаптарды есепке алуға;
з) осы Заңның 61-2 және 61-3-баптарына сәйкес банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) не тұрақтандыру банкіне беруге құқылы.
Консервациялау процесіндегі банкке қойылатын талаптар талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындаса, кредитормен өзара талаптарды есепке алуға тыйым салынады.
Ескерту. 65-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
66-бап. Уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша банк
басқарушысының) банкiнi басқару жөнiндегi
қызметiн бақылау
1. Банкiнi консервациялау мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша басқарушының) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады, ол:
а) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша банк басқарушысына) банкiнi консервациялау кезеңiнде шаралардың негiзгi бағыттары туралы ұсыныстар беруге (негiзгi шаралар жоспарын ұсынуға);
б) уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) орындауға мiндеттi жазбаша нұсқаулар беруге;
в) уақытша әкiмшiлiктен (уақытша банк басқарушысынан) өз қызметi мен банк қызметi туралы кез келген ақпарат берудi талап етуге;
г) уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша банк басқарушысының) iстелген жұмыс туралы есебiн тыңдауға;
д) консервациялау мерзiмiн ұзартуға;
е) банкiнi консервациялаудың аяқталғаны туралы шешiм қабылдауға құқылы.
2. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) қызметiн егжей-тегжейлi регламенттеу және оның үшiншi жақтармен өзара қарым-қатынасының қағидаттары уәкiлеттi органның қалыптық құқықтық құжаттарымен белгiленедi.
Ескерту. 66-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен .
67-бап. Консервациялауды тоқтату
1. Банкiнi консервациялау мынадай негiздер бойынша тоқтатылады:
а) уәкiлеттi органның шешiмiмен белгiленген консервациялау мерзiмiнiң аяқталуы;
б) уәкiлеттi органның консервациялауды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы.
2. Банкiнiң қаржы жағдайының сауығуына және жұмыс сапасының жақсаруына байланысты оны консервациялауды тоқтату (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын) осы банкiге қатысты уәкiлеттi орган немесе уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) белгiлеген барлық шектеулердiң алынып тасталуына әкеп соғады. Бұл орайда консервациялау мерзiмi iшiнде банкiнiң құрылтай құжаттарына, басқару органдарына және қызметкерлерiнiң құрамына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар күшiнде қала бередi.
3. Егер банкiнi консервациялау оның қаржы жағдайы мен жұмыс сапасын сауықтыруға жеткiзбеген жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген негiзде банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензиядан айыруға құқылы.
Ескерту. 67-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен , 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
9-тарау. Банктердi тарату және ерiксiз қайта құру
Ескерту. 9-тарау жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
68-бап. Банктердi тарату түрлерi мен негiздерi
1. Банк:
а) уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда (ерiктi тарату), оның акционерлерiнiң шешiмi бойынша;
б) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген реттерде (ерiксiз тарату) соттың шешiмi бойынша;
в) (алып тасталды)
2. Банктердiң қызметiн тоқтату, оның ішінде банкроттық негіз бойынша тоқтату және осы Заңның талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 68-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен .
68-1-бап. Ерікті және еріксіз таратылатын банктер
кредиторларының комитеті
1. Кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың банктерді ерікті және еріксіз тарату рәсімдеріне қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.
Ерікті немесе мәжбүрлеп таратылатын банк кредиторлары комитетінің құрамын банктің тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi орган бекітеді.
2. Кредиторлар комитетінің құрылу және қызметі ерекшеліктері уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Ескерту. 68-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен , өзгерту енгізілді - 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен .
69-бап. Ерiктi тарату
1. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін банк жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу жолымен қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, сондай-ақ оларды басқа банкке аудару тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
1-1. Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін банк уәкілетті органға өзін ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы.
Өтінішхатқа акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген банктің өз қызметін тоқтатуға дайындалу мерзімдері мен кезеңдері туралы іс-шаралар тізбесі, банктің өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қаражатының жеткілікті екендігі туралы куәландыратын баланстық есеп, тарату комиссиясының мүшелеріне кандидаттардың, оның ішінде филиалдарында не өкілдіктерінде құрылатын бөлімшелерінің тізімі және басқа да қажетті мәліметтер қоса берілуге тиіс. Қажетті мәліметтер тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
2. Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат алу туралы өтiнiшiн уәкiлеттi орган тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды қабылдаған күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс.
Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган бұл туралы дәлелдi шешiм қабылдап, банкке хабарлайды.
3. (алып тасталды)
4. Ерiктi түрде тарауға рұқсат алған жағдайда банк банктiң филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, тарату комиссиясын құрады, оған банктiң мүлкi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк ауысады.
Ерiктi түрде таратылатын банктердiң тарату комиссиялары қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
4-1. Ерікті таратылатын банктің тарату комиссиясының қызметіне бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
5. Ерiктi түрде тарауға рұқсат алғаннан кейiн банк бұл туралы ақпаратты әдiлет орталық органының ресми басылымдарында жариялауға тиiс.
6. Тарату комиссиясы банктi тарату туралы баланс пен есептi бекiткеннен кейiн жетi күн мерзiмде оны Әдiлет министрлiгi мен уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.
Банктi тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
7. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға қаржысы жеткiлiксiз болған жағдайда, банк банкроттық негіздер бойынша ерiксiз түрде таратылуы тиiс.
7-1. Ерiктi түрде таратылу процесiн аяқтаудың мүмкiн еместiгiне байланысты уәкiлеттi орган банктiң жұмысын ерiксiз тоқтату (тарату) туралы сотқа жүгiнуге құқылы.
Ескерту. 69-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 , 2001.03.02. N 162 , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
70-бап. Банктердi ерiксiз тарату түрлерi
Банктердi ерiксiз таратуды сот:
а) банк банкроттығына;
б) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген негiздер бойынша банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензиялардан айыруға;
в) банк заңдарында көздеген басқа негiздер бойынша банк қызметiн тоқтату туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың өтiнiшiне (қуынымына) байланысты жүргiзедi.
Ескерту. 70-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 , 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
71-бап. Банктi банкрот деп тану
1. Банктiң төлем төлеуге қабiлетсiздiгi мен дәрменсiздiгi уәкiлеттi органның сотқа берген банк капиталының мөлшерiн, пруденциалдық нормативтердiң (және мiндеттi сақталуға тиiстi өзге нормалар мен лимиттердiң) есеп айырысу әдiстемелерiн ескере отырып жасаған қорытындысында анықталады.
2. Банктiң белгiленген тәртiп бойынша сот шешiмiмен ғана банкрот деп танылуы мүмкiн. Дәрменсiз банктi оның кредиторлары мен банктiң өз шешiмi бойынша таратудың соттан тыс рәсiмiне жол берiлмейдi.
3. Тараптардың банктiң банкроттығы туралы iс бойынша тату келiсiм жасауларына мүмкiндiк берiлмейдi.
4. Сот банктi банкрот деп тану және оны мәжбүрлеп тарату туралы шешiмдi уәкiлеттi органға жiбередi.
Ескерту. 71-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен .
72-бап. Өзге негiздер бойынша банктi тарату
1. Банктердi ерiксiз тарату уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органның, заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiшi (қуынымы) бойынша (банк операцияларын жүргiзуге берiлген банк лицензияларынан айыру туралы шешiмi жоқ болған жағдайда) сот iс қозғаған жағдайларда осы Заңға сәйкес жүргiзiледi.
2. Банктi ерiксiз тарату туралы шешiмдi сот уәкiлеттi органға жiбередi.
Осы Заңның 70 бабының в) тармақшасында көзделген негiзде қозғалған iс бойынша банктi ерiксiз тарату туралы сот шешiм қабылдаған күннен бастап банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияларынан банк айырылады.
Ескерту. 72-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен , 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
73-бап. Ерiксiз таратуды жүргiзудiң шарттары мен
тәртiбi
1. Сот банктi мәжбүрлеп тарату туралы iстi қозғаған күннен бастап:
1) банк құрылтайшыларының (қатысушыларының), органдарының банктiң мүлкiне билiк етуге құқығы жоқ;
2) соттардың таратылатын банкке қатысты бұрын қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
3) кредиторлардың банкке қойған кез келген талаптары, банктi ұстап тұруға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, тек тарату iсiнде ғана қойылуы мүмкiн;
4) кредиторлардың, салық қызметі органдарының талаптары бойынша банктiң банк шоттарынан ақшаны, оның iшiнде даусыз (акцептсiз) тәртiппен қанағаттандыруға жататын ақшаны өндiрiп алуға, сондай-ақ банктiң мүлкiнен өндiрiп алуға жол берiлмейдi;
5) банктiң лауазымды тұлғаларына оларға тиесiлi банк акцияларын иелiктен шығаруға тыйым салынады.
1-1. Банктерді банкроттық негізде тарату осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Банктi таратумен байланысты барлық шығыстар, осы Заңның 48-1 бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сол банктiң қаражаты есебiнен ғана жүргiзiледi.
3. Банк мүлкiн бағалауды тарату комиссиясы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзедi.
4. Таратылатын банктiң аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
4-1. Аралық тарату балансы бекітілгенге дейін кредитор мен борышкер бір адам болатындықтан, өзара талаптарды есепке алуға жол беріледі.
Аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін осы кредитордың талаптарын қанағаттандырудың тиісінше кезегі келген кезде ғана өзара талаптарды есепке алу жүргізіледі.
Таратылатын банкке қойылатын талаптар талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындаса, кредитормен өзара талаптарды есепке алуды жүргізуге тыйым салынады.
5. Таратылатын банктiң мүлкiн сатуды банктi тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүргiзедi.
6. Банктi, оның iшiнде банкрот болу негiзi бойынша таратылатын банктi тарату комиссиясының қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
6-1. Банктi тарату туралы шешiм қабылдаған сот уәкiлеттi органмен банктің тарату комиссиясының қызметіне байланысты кез келген ақпаратты сұратып алуға құқылы.
7. Тарату комиссиясы сотқа уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептiлiктi және тарату балансын ұсынады.
Сот тарату туралы есептiлiктi және тарату балансын бекiтiп, тарату iсiнiң аяқталғаны туралы ұйғарым шығарады.
Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына және уәкiлеттi органға жiбередi.
Банктi тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
Ескерту. 73-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен , 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен , 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
73-1-бап. Банктің міндеттемелері мен мүлкін басқа банкке
(банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі
операция
Ескерту. 73-1-бап алып тасталды - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
74-бап. Ерiксiз таратылатын банктiң тарату комиссиясы
1. Банктi тарату туралы, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату iсiн қозғайды және уәкiлеттi органға оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, банктiң тарату комиссиясын құру жөнiнде мiндеттер жүктейдi.
Банктi тарату комиссиясы банк iстерiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданады.
Мәжбүрлеп таратылатын банктердiң тарату комиссияларын тағайындау және тарату тәртiбi, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелерiне қойылатын талаптар, сондай-ақ таратуды жүзеге асыру тәртiбi және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
Банктiң тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлерiне төленетiн ай сайынғы сыйақының мөлшерi олардың әрқайсысына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн он еселенген ең төменгi жалақыдан аспауға тиiс.
2. (алып тасталды)
3. (алып тасталды)
Ескерту. 74-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен , 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
74-1-бап. Банктердi тарату кезiндегi тарату, конкурстық
массасын қалыптастыру ерекшелiктерi
1. Банктiң тарату, конкурстық массасы осы Заңда белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, қолданылып жүрген заңдарда айқындалған тәртiппен қалыптасады.
1-1. Банктiң тарату конкурстық массасына Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi: ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларды ұстаушыларда оларға меншiк құқығы туындаған немесе оларға мәмiлелер не Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де негіздер бойынша ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы аталған мүлiктi және Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтерді Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес кредиторлармен - аталған облигацияларды ұстаушылармен есеп айырысу үшiн ипотекалық облигацияларды немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигацияларды ұстаушылардың өкіліне бередi.
2. Тарату массасын, конкурстық массаны қалыптастыру кезiнде оған үшiншi тұлғаларға тиесiлi және сақтау мен есепке алу үшiн кастодиан-банкке сенiп тапсырылған бағалы қағаздар, сондай-ақ есепке алу және сақтау үшiн кастодиан банкке сеніп тапсырылған жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi, инвестициялық қорлардың активтерi, арнайы қаржы компанияларының бөлінген активтері енгiзiлмейдi. Кастодиан-банкке сақтау және есепке алу үшін сеніп тапсырылған зейнетақы активтерi, инвестициялық қордың активтерi, арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері жинақтаушы зейнетақы қорының, акционерлiк инвестициялық қордың, арнайы қаржы компаниясының немесе инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның өтiнiшi бойынша басқа банкке аударылады.
3. Ислам банкінің тарату конкурстық массасына ислам банкінің инвестициялық депозиті туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлік қосылмайды. Тарату комиссиясы аталған мүлікті, сондай-ақ инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелерді басқа ислам банкіне беруге тиіс.
Ислам банкін таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлікті беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді .
Ескерту. 74-1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.06.29 N 236 , 2003.06.03 N 427 , 2004.07.07 N 577 , 2006.02.20 N 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
74-2-бап. Таратылатын банк кредиторларының талаптарын
қанағаттандырудың кезектілігі
1. Таратылатын банк кредиторларының, оның ішінде оның банкроттығымен байланысты талаптары осы бапта белгіленген тәртіппен қанағаттандырылады.
2. Тарату ісін жүргізумен байланысты шығыстар, оның ішінде банктің тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар кезектен тыс жүргізіледі.
3. Кредиторлардың белгіленген тәртіппен танылған талаптары мынадай кезектілікпен қанағаттандырылуға тиіс:
1) бірінші кезекте жеке тұлғалардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін жауап бере отырып, таратылатын банк олардың талаптарын тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру жолымен қанағаттандырады;
2) екінші кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбекақысы мен өтемақысын төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударым бойынша берешекті, жалақыдан ұсталған алиментті және міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу бойынша есеп айырысулар жүргізіледі;
3) үшінші кезекте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдардың мәжбүрлеп таратылатын банкке ұсынылатын есеп айырысуға сәйкес кепілдік берілген депозиттер бойынша төленген (төленетін) өтемақы сомалары бойынша талаптары қанағаттандырылады;
4) төртінші кезекте депозиттер, оның ішінде таратылатын ислам банкінде орналастырылған талап етуге дейінгі процентсіз депозиттер және ақша аударымдары бойынша жеке тұлғалардың талаптары, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған депозиттер бойынша талаптары, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылған сақтандыру ұйымдарының депозиттері бойынша талаптары қанағаттандырылады;
5) бесінші кезекте тек қана қайырымдылық қызметімен айналысатын коммерциялық емес ұйымдармен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұйымдарымен және оған теңестірілген адамдардың ұйымдарымен, Қазақстан Республикасы Мүгедектерінің ерікті қоғамымен, Қазақ зағиптар қоғамымен, Қазақ саңыраулар қоғамымен және осы заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын және олардың қаржысы есебінен құрылған өндірістік ұйымдармен, олардың банктік шоттарында бар және депозитке орналастырылған қаржысы бойынша басқа да мүгедектер ұйымдарымен есеп айырысулар жүзеге асырылады;
6) алтыншы кезекте таратылатын банктің мүлкін кепілге алумен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша заңды тұлғалардың талаптары қанағаттандырылады;
7) жетінші кезекте салық, алым және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару жөніндегі берешектер өтеледі;
8) сегізінші кезекте басқа кредиторлармен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес есеп айырысулар жүргізіледі.
4. Әр кезектің талабы алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін орындалады.
Кредитордың талабы оның келісімімен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) мүлікті заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.
Таратылатын банктің ақшасы және (немесе) өзге де мүлкі, бір кезектегі кредиторлардың талаптары қанағаттандырылған кезде, осы кезектегі кредиторлардың арасында қанағаттандырылуға тиісті талаптар сомасына бара-бар бір мезгілде бөлінеді.
Ескерту. 74-2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
74-3-бап. Банктi ерiксiз қайта құру. Оңалту рәсiмдерi
1. Банктi ерiксiз қайта құру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес соттың шешiмiмен, осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып жүргiзiледi.
Банкке қатысты оңалту рәсiмi соттың шешiмi бойынша банктi мәжбүрлеп тарату жөнiндегi шаралар шеңберiнде, оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шарттар мен талаптарды орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
2. Сот банктi ерiксiз қайта құру не банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзу туралы мәселенi уәкiлеттi органның тиiстi қорытындысы негiзiнде ғана шешуге құқылы.
Банктi ерiксiз қайта құруды жүргiзудiң, оңалту рәсiмдерiнiң мiндеттi шарты банктiң өзiнде бар барлық депозиттердi мүдделi адамдарға ерiксiз қайта құру туралы шешiм қабылдаған күннен бастап бiр жылдың iшiнде қайтаруы болып табылады.
Осы шартты орындамау банктi ерiксiз таратуға әкеп соғады.
2-1. Банк өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) анықталған кемшiлiктердi жою мүмкiндiгi болған кезде оның банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы мәселенi қарауына байланысты оған қатысты оңалту рәсiмдерiн қолдану туралы сотқа өтiнiш мәлiмдеуге құқылы. Банктi оңалту жоспары банктiң өтiнiшiмен қоса берiлуге тиiс.
Банк өтiнiшiнiң бiр данасы қоса берiлетiн құжаттармен бiрге уәкiлеттi органға ұсынылады.
2-2. Банктiң оңалту жоспары уәкiлеттi органмен алдын ала келiсiлуi тиiс және оны ұсынылған күннен бастап он күн iшiнде сот бекiтедi.
Банктiң оңалту жоспарын өзгертуге сот шешiмi бойынша уәкiлеттi органның келiсiмiмен жол берiледi.
2-3. Банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүзеге асыру кезеңiнiң ұзақтығы алты айдан аспауға тиiс. Оңалту рәсiмдерiнiң басталу және аяқталу мерзiмдерiн сот айқындайды. Банктiң сот бекiткен оңалту жоспары банк пен оның лауазымды тұлғалары үшiн орындалуы мiндеттi құжат болып табылады.
2-4. Банк оңалту рәсiмiн уәкiлеттi органның бақылауымен жүргiзедi. Оңалту рәсiмi кезеңiндегi банк қызметi осы баптың талаптары ескерiле отырып, әдеттегiдей тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Сот банктi ерiксiз тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда (iс қозғау негiзiне қарамастан), оны жүргiзу, осы баптың 2-1, 2-4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктiң сот бекiткен арнайы басқарушысына (басқару жөнiнде уәкiлеттiк берiлген адамдарға) тапсырылады.
Банктiң арнайы басқарушысы (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдар) сот пен банк кредиторларына өз қызметi туралы ай сайын хабарлап тұруға мiндеттi.
4. Банктi қайта құруға қатысушы үшiншi адам банктiң басқа коммерциялық ұйымға қосылуына немесе бiрiгуiне байланысты арнайы басқарушыға (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдарға) оның (олардың) қаржылық әлеуетiн және банктi қайта құрудың мақсатқа сай екенiн негiздейтiн қажеттi құжаттарды (деректердi) беруге мiндеттi.
5. Банктi ерiксiз қайта құру сот белгiлеген тәртiппен және ол бекiткен кесте мен шаралар жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
6. Банктiң арнайы басқарушысының (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдардың) банктi ерiксiз қайта құрудың аяқталғаны туралы есебiн сот бекiтедi.
7. Аталған сот рәсiмдерi шеңберiнде банктi қайта құру жүргiзiлгенiн растайтын ресми құжат күшiне енгеннен кейiн 5 күн мерзiм iшiнде банктiң құқықтық мұрагерi болып табылатын ұйым екi республикалық газетте қажеттi ақпараттың жариялануын қамтамасыз етуге мiндеттi.
8. Банктi ерiксiз таратуды жүзеге асырумен байланысты шығыстар оның қаржысы есебiнен жүргiзiледi.
9. Банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды және оған қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзудi жүзеге асырудың өзге де мәселелерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
Ескерту. 74-3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен .
74-4-бап. Уәкiлеттi органның банктердi тарату
процесiндегi бақылау өкiлеттiктерi
1. Уәкiлеттi орган ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын банктердiң тарату комиссияларының қызметiне бақылау жүргізуді жүзеге асыру мақсатында:
1) тарату комиссияларынан атқарылған жұмыс туралы есептер, ал қажет болған жағдайда, қосымша ақпарат алуға;
2) тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат беру нысанын, мерзiмдерi мен кезеңдiлiгiн белгiлеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тарату комиссияларының қызметiне тексеру жүргiзуге;
4) тарату комиссияларының қызметiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылықтар анықталған жағдайда, тарату комиссиялары орындауға мiндеттi бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамалар шығаруға, нұсқамалардың орындалу мерзiмiн белгiлеуге;
5) тарату комиссиясы жазбаша нұсқаманы белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда, кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгінуге;
6) тарату шығыстары сметасын қалыптастыру мен бекітудің ерекшеліктерін және тәртібін белгілеуге ;
7) тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргізу ережелерін орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткізу мерзімдерін айқындауға құқылы.
2. Уәкiлеттi орган банктердiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтату туралы iстi соттың қарауына қатысты банктерден қажеттi ақпарат алуға құқылы.
3. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Ескерту. 74-4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен , 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
9-1-тарау.
Ескерту. 9-1-тарау алынып тасталды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
Ескерту. 10-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
75-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заңның қалыптары өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын барлық банкiлерге, соның iшiнде оларды ұйымдастырудың бастапқы кезеңiн регламенттейтiн жекелеген заңдық және қалыптық құжаттардың негiзiнде айрықша тәртiппен құрылған банкiлерге де, сондай-ақ банктердің тікелей және жанама қатысушылары болып табылатын тұлғаларға да қолданылады.
2. Олардың әрқайсысы үшiн рұқсат етiлген банк операциялары түрлерiнiң тiзбелерiн, оларға банк операцияларын жүргiзуге лицензия берудiң негiздерi мен олардың қызметiн ықтимал шектеулердi қоса алғанда, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық мәртебесi, құрылу тәртiбi, лицензиялануы, қызметiнiң реттелуi мен тоқтатылуы осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен және өздерiнiң құзыретi шегiнде уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Мемлекеттік органдардың бөлімшелері болып табылатын ұйымдар банк операцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда аталған ұйымдарды құру, қызметі, қызметін реттеу және тоқтату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, оларды жүзеге асыруды үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, тек қана мемлекеттік бюджетке қатысты және соның қаражаттары есебінен жүзеге асыруға құқылы.
3. Осы Заңның ережелерi Ұлттық Банкiге бұл Заңға тiкелей көзделген жағдайларда ғана қолданылады.
Ескерту. 75-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 2001.03.02 N 162, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
76-1-бап. Өтпелі ережелер
Осы Заңның 57-бабы 1-1-тармағы үшінші бөлігінің талаптары 2005 және 2006 жылдардың қорытындылары бойынша банк конгломераты қатысушыларына аудитті жүзеге асыруда қолданылмайды.
Ескерту. 76-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
76-бап.
Ескерту. 76-бап алынып тасталды - ҚР 1998.06.29 N 236 Заңымен.
77-бап. Уәкілетті органның және Ұлттық Банктiң
iс-әрекетiне шағым беру
Уәкiлеттi органның және Ұлттық Банктің банк қызметiн реттеу саласындағы iс-әрекеттерiне сот тәртiбiмен шағым берiлуi мүмкiн.
Ескерту. 77-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
78-бап. Осы Заңның күшiне енуi
1. Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
2. Осы Заң күшiне енген күннен бастап, "Қазақстан Республикасындағы банкiлер туралы" 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы заңының қолданылу кезеңiнде банкiлердiң жарғылық капиталын қалыптастыру тәртiбiн бұзушылықтарға жол берiлгендiгi анықталған жағдайда, банкiлерге осы Заңда көзделген санкциялар қолданылады.
Ескерту. 78-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154 Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президентi