Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екiншi деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 128 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 9 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4717 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 176 Қаулысымен.

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының  16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Экономика және кибернетика институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстардың сараптамасы жөнінде 2007 жылға тәуелсіз сарапшы болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстардың сараптамасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасассын;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар   қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі