Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 44 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4148. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 92 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2, 42-баптарының ережелерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Банк конгломераттарына сақтауға міндетті мынадай пруденциалдық нормативтерді белгілесін:
      жарғылық капиталдың ең аз мөлшерін;
      меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін;
      бір қарыз алушы тәуекелдің ең жоғары мөлшерін.

      2. Осы қаулыда көзделген банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу мақсатында:
      банк конгломератының қатысушылары ретінде банк конгломератының сабақтас ұйымдарын, банк конгломератының сабақтас ұйымының еншілес ұйымдары болып табылатын заңды тұлғаларын, активтері сабақтас ұйымның активтерінің бір процентінен кем құралатын бағалы қағаздар тізілімі жүйесін қалыптастыруды, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын, сондай-ақ акциялары (қатысу үлесі) оларды өткізу сәтіне дейін кепіл шартының талаптарына сәйкес сабақтас ұйымның меншігіне өткен заңды тұлғаларды қоспағанда, капиталда қомақты үлесі бар банк конгломератының сабақтас ұйымы және (немесе) оның еншілес ұйымдарын түсінуге болады. Банк конгломератының пруденциалдық нормативтерінің есептеуіне банк конгломератының бас ұйымы және инвестициялар банк конгломераты қатысушыларының меншікті қаражаты есебінен берілген банк конгломератының қатысушылары туралы мәліметтер енгізіледі; 
      тәуекелдер деп екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтерді есептеуді, нормативтік мәнді белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес есептелген банк конгломераты қатысушыларының активтері, шартты және ықтимал міндеттемелерін түсінуге болады;
      банк конгломератының бір қарыз алушысы деп банк конгломераты қатысушысының тәуекелдері бар немесе болуы мүмкін, олар бойынша үшінші тұлғаның пайдасына борышкер үшін өзіне міндеттеме алған банк конгломераты қатысушылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе жасалған шарттарында көзделген өзге негіздемелер бойынша әрбір жеке немесе заңды тұлғаны түсінуге болады.
      Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу мақсаттары үшін Standard & Poor,s агенттігінің рейтингтік бағасынан басқа уәкілетті органмен Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің рейтингттік бағалары да танылады (бұдан әрі - басқа рейтинг агенттіктері).
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.04.30 N 58, 2011.02.28 № 21 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      3. Банк конгломератына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу мақсатында пруденциалдық реттеу мақсатында банк конгломератының қатысушысы тұрған елдің уәкілетті органы пайдаланатын қаржылық және (немесе) реттеуші есеп берудің стандартына сәйкес сәйкес жасалған банк конгломераты қатысушыларының шоғырландырылмаған қаржылық есебі пайдаланылады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.05.26 N 106 (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4. Банк конгломератының сабақтас ұйымы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен кешіктірмей осы қаулының 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес уәкілетті органға қаржылық есептілікті ұсынбайтын банк конгломераты қатысушыларының қаржылық есептілігін қоса отырып, банк конгломератына арналған пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есепті ұсынады.
      Банк конгломератына арналған пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есепке:
      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тәуекелдің дәрежесі бойынша мөлшерлеген банк конгломераты қатысушыларының активтері, шартты және ықтимал міндеттері бойынша мәліметтер;
      Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысанда банктің банк конгломераты қатысушыларына көрсететін есеп айырысу-касса қызметінен басқа банк конгломераты қатысушыларының арасындағы қомақты операциялар (ол атқарылған күні жасалған және банк конгломератының меншікті капиталының бес және одан артық проценті болатын операциялар танылады) жөніндегі мәліметтер сондай-ақ уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктің олармен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 134 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4298 тіркелген) сәйкес ұсынылатын мәліметтерді қоспағанда; .V106423
      оның тұрған еліндегі қызметін реттейтін тиісті мемлекеттің уәкілетті органының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген Қазақстан Республикасының резиденті емес банк конгломераты қатысушыларының нормативтік мәндері, пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі туралы мәліметтер қоса беріледі.
      Өткен жылдың төртінші тоқсанындағы банк конгломератының пруденциалдық нормативтерінің орындалуы туралы есепті уәкілетті органға есеп берілген жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей ұсынады.
      Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 157 қаулысымен.

      5. Банк конгломератының жарғылық капиталының мөлшері төленген акциялар шегінде (қатысу үлесі) алынған, сатып алынған меншікті акцияны (алынған капиталды) шегергендегі сабақтас ұйымның жарғылық капиталының мөлшерін білдіреді.

      6. Банк конгломератының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері жүз миллион теңгеден кем болмауы тиіс.

      7. Банк конгломератының меншікті капиталы банк конгломераты қатысушыларының меншікті капиталының нақты мөлшерінің сомасын білдіреді.
      Банк конгломератының меншікті капиталын есептеу мақсатында банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшерінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған инвестициялар, заңды тұлғалардың реттелген борышы, сондай-ақ заңды тұлғалардың меншікті капиталының өзге де салымдары алынып тасталады.
      Банк конгломераты қатысушысының төлем қабілеттілігіне (меншікті капиталдың жеткіліктілігіне) уәкілетті органның талаптарына сәйкес банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшерінен алып тасталынған инвестиция сомасы осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген инвестицияларға енгізілмейді.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.07.15 N 109 қаулысымен.

      8. Банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері банк конгломераты қатысушысының төлем қабілеттілігіне (меншікті капиталдың жеткіліктілігіне) Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес қалыптастырылған шаманы білдіреді. Банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшерін есептеу тәртібі оның қызметін реттейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
      Егер, банк конгломераты қатысушысына қатысты меншікті капиталдың нақты мөлшерін есептеудің ерекше тәртібі белгіленбеген жағдайда, онда меншікті капиталдың нақты мөлшері қаржылық есеп берудің негізінде қатысушысының активтері мен міндеттемелері арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      9. Қазақстан Республикасының резиденті емес банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері тұрған еліндегі оның қызметін реттейтін тиісінше мемлекеттің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес банк конгломераты қатысушысына қатысты оның тұрған еліндегі меншікті капиталдың нақты мөлшерін есептеудің ерекше тәртібі белгіленбеген жағдайда, онда меншікті капиталдың нақты мөлшері 8-тармақтың екінші абзацына сәйкес айқындалады.

      10. Банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті мынадай тәсілмен есептеледі:
      К = МК/А, мұнда:
      К - меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті;
      МК - банк конгломератының меншікті капиталы;
      А - тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банк конгломераты қатысушыларының активтері, шартты және ықтимал міндеттемелерінің сомасы.
      Банк конгломераты қатысушысының активтері, шартты және ықтимал міндеттемелері екінші деңгейлі банктер үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесін, нормативтік мәнді белгілейтін уәкілетті органның талаптарына сәйкес салымдар (банк үшін - тәуекел дәрежесі бойынша) кредиттік тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленеді.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес банк конгломераты қатысушысының активтерін, шартты және ықтимал міндеттемелерін мөлшерлеу кезінде банк конгломератының қатысушысы тұрған елде орналасқан тұлғаларға талаптар резидент тұлғаларға талаптар ретінде салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленеді.
      Тәуекел дәрежесі бойынша активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді мөлшерлеу мақсатында активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелер олар бойынша құрастырылған арнаулы резервтер (провизиялар) сомасына азайтылады.
      Тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін банк конгломераты қатысушыларының активтерінің, шартты және мүмкін міндеттемелер сомаларының есебіне банк конгломераты қатысушыларының бір-біріне қоятын талаптары енгізілмейді.
      Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.08.12 N 157, 2008.10.02 N 147 Қаулыларымен .

      11. Банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффиценті 0,14-тен кем болмайды.
      Банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффиценті банк конгломератының құрамына кіретін банктің:
      1) ірі қатысушы-жеке тұлғасы бар болған кезде 0,12-ден кем болмайды;
      2) бас банкі не банк холдингі бар болған кезде 0,10-нан кем болмайды. 
       Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.02 N 147, өзгерту енгізілді - 2010.04.30 N 58 Қаулыларымен.

      11-1. Банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффиценті оның құрамындағы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 17-2-бабында көзделген тәртіпте Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдингі акцияларын сатып алған банк немесе орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі банк бар болған кезде 0.10-нан кем болмайды.
       Ескерту. Қаулы 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.05.26 N 106 (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      12. Банк конгломератының бір қарыз алушысына тәуекелдің ең жоғары мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:
      ЖМ = Т/МК мұнда:
      ЖМ - банк конгломератының бір қарыз алушысына тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
      Т - банк конгломератының бір қарыз алушысына тәуекел мөлшері;
      МК - банк конгломератының меншікті капиталы;

      13. Бір қарыз алушыға тәуекел мөлшері екінші деңгейлі банктер үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесін, нормативтік мәнін белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің белгіленген талаптарымен ұқсас есептеледі.
      Бір заемшының тәуекел мөлшеріне банк конгломераты қатысушыларының бір-біріне қоятын талаптары енгізілмейді.
      Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 157 қаулысымен .

      14. Бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшері мынадан:
      1) лауазымды тұлға немесе банк конгломераты қатысушысының басшы қызметкері, сондай-ақ олардың жақын туысқандары;
      2) банк конгломераты қатысушысының ірі қатысушысы, сондай-ақ ірі қатысушының - жеке тұлғаның жақын туысқаны, немесе ірі қатысушының бірінші басшысы - заңды тұлғаның жақын туысқандары;
      3) осы тармақтың 1)-2) тармақшаларында көрсетілген тікелей немесе жанама (заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысуы арқылы) бақылайтын тұлғалар не дауыс беруші акциялардың (қатысу үлесінің) жиырма бес және одан астам процентіне ие көрсетілген тұлғалар;
      4) банк конгломератының қатысушысы тікелей немесе жанама (заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысуы арқылы) бақылайтын заңды тұлға не банк конгломератының қатысушысы дауыс беруші акциялардың (қатысу үлесінің) жиырма бес және одан астам процентіне ие тұлға, осы тұлғаның лауазымды тұлғалары, олардың жақын туысқандары болып табылатын тұлғалар бойынша банк конгломераты меншікті капиталының он процентінен;
      басқа да заемшылар үшін банк конгломераты меншікті капиталының жиырма бес проценті (оның iшiнде, заемшы алдындағы қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттемелердiң бланктiк заемдары бойынша не заемшыға банк конгломератының ағымдағы және содан кейiнгi екi ай iшiнде талап етуi мүмкiн үшiншi тұлғаның пайдасына, сондай-ақ Standard&Poor's агенттiгiнiң рейтингi немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң Қазақстан Республикасының тәуелсiз рейтингiнiң бiр тармағынан төмен болмайтын осы деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резиденттеріне және Standard&Poor's агенттiгiнiң «А» рейтингiнен төмен емес рейтингi немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент еместеріне қойылатын талаптарды қоспағанда, оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерінiң мiндеттемелерi бойынша банк конгломераты меншікті капиталының 0,10-нан астам емес).
      Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.04.30 N 58 қаулысымен.

      15. Әрқайсысының мөлшері банк конгломераты меншікті капиталының он процентінен асатын бір қарыз алушыға банк конгломераты қатысушысы тәуекелдерінің сомасы банк конгломераты меншікті капиталының мөлшерінен сегіз еседен астам аспауы тиіс.

      16. Қарыз алушыға банк конгломераты қатысушылары талаптарының жалпы көлемі олардың пайда болған күнінде осы қаулымен белгіленген шектеулер шегінде табылған, бірақ банк конгломераты меншікті капиталының деңгейі соңғы үш айдың ішінде бес проценттен аспайтын төмендеуіне байланысты не қарыз алушыға қойылатын талаптар көрінген, соңғы үш айдың ішінде он проценттен аспайтын, шетел валютасына теңгенің орташа алынған биржалық бағамының өсуінен қарыз алушыға банк конгломераты талаптарының өсуіне байланысты соңында көрсетілген шектеулерден асып кеткен жағдайда, бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің нормативі орындалған болып саналады.
     Егер осының алдындағы есепті күнде заемшыға банк конгломераты қатысушылары талаптарының жалпы көлемі осы қаулымен белгіленген шектеулер шегінде болған жағдайда, бірақ нәтижесінде банк конгломератының меншікті капиталы деңгейінің осының алдындағы есепті күннен кейінгі кезең ішінде заемшыға деген талап бес проценттен артық төмендеуіне байланысты, не заемшыға деген талап осының алдындағы есепті күннен кейінгі кезең ішінде он проценттен артық көрсетілген шетел валюталарына теңгенің орташа алынған биржалық бағамының өсуінен заемшыға банк конгломераты талаптарының өсуіне байланысты аталған шектеулерді көтерген жағдайда бір заемшыға деген тәуекелдің барынша жоғары мөлшерінің нормативі орындалды деп есептеледі.
      Аталған жағдайларда банк конгломератының сабақтас ұйымы шектеулерден асып кету фактісі туралы уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген асып кету туындағанда күннен кейінгі күн ішінде хабар береді және келесі есепті күнге дейінгі кезең ішінде шектен асып кетуді жою жөнінде міндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кету жағдайы аталған мерзімде жойылмаған жағдайда, бір заемшыға деген тәуекелдің барынша жоғары мөлшерінің нормативінен асып кету аталған шектен асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қаралады.
      Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 157 қаулысымен .

      17. Банк конгломератының сабақтас ұйымына осы қаулымен белгіленген пруденциалдық нормативтерді бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес шектеулі ықпал ету шаралары, мәжбүрлі шаралары, сондай-ақ санкциялар қолданылуы мүмкін.

      18. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      19. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мағыналарын және есептеу әдістемелерін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептерді беру нысандары мен мерзімін белгілеу жөнінде" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 325 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3334 тіркелген, "Заң газеті" N 204-205 (938-939) газетінде, 2005 жылғы 4 қарашада жарияланған).

      20. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жiберсiн.

      21. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      22. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

                                     Қазақстан Республикасы Қаржы
                                     нарығын және қаржы ұйымдарын
                                    реттеу мен қадағалау агенттігі
                                            Басқармасының
                                       2006 жылғы 25 ақпандағы
                                     N 44 қаулысына 1-қосымшасы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.08.12 N 157, өзгерту енгізілді - 2010.07.15 N 109 қаулыларымен.

    БАНК КОНГЛОМЕРАТЫНЫҢ ПРУДЕНЦИАЛДЫҚ НОРМАТИВТЕРДІ
                 ОРЫНДАҒАНЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП ___________________________________________________________
           (банк конгломераты сабақтас ұйымының атауы)

Банк конгломераты жарғылық капиталының есебі
Банк конгломератының жарғылық (төленген) капиталы ______ тең
                                               (мың теңгемен)
Алынған капитал ________________ тең
                 (мың теңгемен)
Банк конгломератының жарғылық капиталы ________________ тең
                                        (мың теңгемен)  

                                                      1-кесте

   Банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілік
                  коэффициентінің есебі

      Ескерту. 1-кестеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.07.15 N 109 қаулыcымен. 

                                                мың теңгемен

№N


Банк конгломераты қатысушыларының атауы

Жиынтығы

1.

Меншікті капиталдың
нақты мөлшері



2.

Инвестициялар 



3.

Инвестицияларды шегергендегі меншiктi капиталдың нақты мөлшері



4.

Банк конгломератының қатысушылары тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерлеген активтерінің, шартты және ықтимал міндеттемелері сомасы


5.

Банк конгломераты меншікті капиталының  жеткіліктілік коэффициенті


        1-кестені толтыру жөніндегі ереже:
      "Банк конгломераты қатысушыларының атауы" атты баған олардың қысқаша атауы көрсетілетін банк конгломераты қатысушыларына тиісті санына қосалқы бағандарға бөлінеді.

                                                     2-кесте

  Бір заемшының тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің есебі


  Коэффициенттің атауы


  Тәуекел мөлшері

Тәуекелдің банк конгломераты меншікті капиталының мөлшеріне қатынасы

Борышкер және банк конгломераты тәуекелінің түрі туралы мәліметтер


1

2

3

Банк конгломератымен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес тұлғаға банк конгломераты тәуекелінің ең жоғары мөлшері




Банк конгломератымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаға банк конгломераты тәуекелінің ең жоғары мөлшері




Мөлшері банк конгломераты меншікті капиталының он процентінен асатын банк конломераты тәуекелінің сомасы




  Төраға   ____________________________
         (фамилиясы, аты-жөні және қолы)

[мөрі]

Бас бухгалтер __________________________
             (фамилиясы, аты-жөні және қолы)

күні _______

                                          Қазақстан Республикасы
                                          Қаржы нарығын және қаржы
                                      ұйымдарын реттеу мен қадағалау
                                          агенттігі Басқармасының
                                          2006 жылғы 25 ақпандағы
                                          N 44 қаулысына 2 қосымша

      Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 157 қаулысымен .     

                                                  1 кесте

        Салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша
          мөлшерленген активтер, шартты және мүмкін
                     міндеттемелер кестесі

           ______________________________________________
             (банк конгломераты қатысушыларының атауы)

                                                      мың теңгемен

N    №

Салымдардың кредит тәуе келінің дәрежесі бойынша мөлшерленген  банк конгломераты қатысушыларының актив терінің, шартты және мүмкін міндеттемелері баптарының атауы

Процентпен тәуекел дәрежесі

Баланс бойынша активтер, шартты және мүмкін міндеттемелер сомасы

    Элиминирлеу

    Жиынтық

Салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген  активтер, шартты және мүмкін міндеттемелер сомасы

Дебет

Кредит


Активтер:








I-топ:







1


0






2








...









II-топ







1


20






2








...









III -топ







1


50






2








...


75






...









IV -топ







1


100






2








...









V-топ







1


100






2








...








...


150






...









Жиынтық:

Х







Салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген  активтер, шартты және мүмкін міндеттемелер сомасы

Х







Салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және мүмкін міндеттемелердің жиынтық  сомасы

Х






        Кестені толтыру жөніндегі ережелер:
      "Баланс бойынша активтер, шартты және мүмкін міндеттемелер сомасы (мың теңгемен)" бағаны олардың қысқаша атаулары көрсетілген банк конгломераты қатысушыларының санына сәйкес келетін қосалқы  бағандарға бөлінеді.
      Шартты және мүмкін міндеттемелер екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтер есебін, нормативтік мәнін белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық кесіміне сәйкес салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.  

                                                      2 кесте

        Рыноктық тәуекелді және операциялық тәуекелді
    ескеріп мөлшерленген активтердің, шартты және мүмкін
             талаптар мен міндеттемелер кестесі

          ______________________________________________
                   (банк конгломераты атауы)

                                         мың теңгемен

Тәуекел атауы

Банк конгломераты  қатысушысының атауы

Жиынтық

Рыноктық тәуекел



Операциялық тәуекел



  Төраға   __________________________________________
          (фамилиясы, аты, әкесінің аты және қолы)               

  [мөр]

Бас бухгалтер ________________________________________
              (фамилиясы, аты, әкесінің аты және қолы)

күні _______

Кестені толтыру жөніндегі ережелер:

     "Банк конгломераты қатысушысының атауы" бағаны рыноктық және операциялық тәуекелдерге маңыз беретін, сондай-ақ олардың қысқаша атаулары көрсетілген банк конгломераты қатысушыларының санына сәйкес келетін шағын бағандарға бөлінеді.

                                     Қазақстан Республикасы Қаржы
                                     нарығын және қаржы ұйымдарын
                                    реттеу мен қадағалау агенттігі
                                            Басқармасының
                                       2006 жылғы 25 ақпандағы
                                     N 44 қаулысының 2-қосымшасы

             Салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі
              бойынша өлшенген активтердің кестесі
              ______________________________________________
                 (банк конгломераты қатысушыларының атауы)

N

Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәнін, есептеуін белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша өлшенетін активтер бабының атауы

Тәуекелдің дәрежесі процентпен

Баланс бойынша активтердің сомасы (мың теңгемен)

Салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша өлшенген активтердің сомасы


I топ:




1


0



2





...






II топ




1


20



2





...






III топ




1


50



2





...


75



...






IV топ




1


100



2





...






V топ




1


100



2





...





...


150



...






Жиынтығы:

х



       Кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша өлшенген шартты және
ықтимал сомасы ______________
               (мың теңгемен)

      Шартты және ықтималы міндеттемелер екінші деңгейдегі
банктерге арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәнін,
есептеуін белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық
актісінің талаптарына сәйкес салымдардың кредит тәуекелінің
дәрежесі бойынша өлшенеді.

                                     Қазақстан Республикасы
                                Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
                                  реттеу мен қадағалау агенттігі
                               Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы
                                      N 44 қаулысына 3 қосымша

      Ескерту: 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 157 қаулысымен .    

            Банк конгломераты қатысушылары арасындағы
             қомақты операциялар бойынша мәліметтер

№N

Қарсы агент атауы

Операциялар түрі

Валюта түрлері

Сомасы (мың теңгемен)

Шарт жасалған күн  (талаптарды орындау басталған күн)

Шарттың іс-қимылы аяқталған күн (талаптарды орындау аяқталған күн)

1.