Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыбы өзгердi, кіріспе алып тасталды,   мәтін бойынша "Жарлыққа", "Жарлығымен", "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлықтың", "Жарлық" деген сөздер тиісінше "Заңға", "Заңымен", "Заңмен", "Заңда", "Заңның", "Заң" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен , Бүкіл мәтiн бойынша "(мүдде)" деген сөз алып тасталды - 2005.07.08. N 69  Заңымен

  I Бөлiм
Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен
шарттары

   1-тарау. Жалпы ережелер

       1-бап. Банк, оның мәртебесi және тұрған жерi

      1. Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. 
      2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi. 
      3. Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.
      4. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.
       Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 1999.07.16. N 436  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен .

       2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) банк акцияларын жанама иелену (дауыс беру) - банктің, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену арқылы банктің бірлескен ірі қатысушы, банк холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімін айқындау мүмкіндігі;
      2) банк конгломераты - бас ұйымнан және оның еншілес ұйымдарынан, сондай-ақ бас ұйым және (немесе) оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын және мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін заңды тұлғалар тобы:
      банк бас ұйым болып табылады немесе еншілес ұйымдардың бірі банк болып табылады;
      банк бас ұйым болып табылмайды, бірақ топтың қызметі негізінен банк секторында шоғырланған, яғни банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық активтерінің, топтың жиынтық активтеріне топтың қатынасы қырық және одан да көп процентті құрайды;
      банк бас ұйым болып табылмайды, бірақ топта бір банк және өзге қаржылық ұйым бар.
      Ұлттық басқарушы компания немесе ұлттық холдинг бас ұйым болып табылатын заңды тұлғалар тобы банк конгломератына жатпайды.
      Егер заңды тұлғалар тобында бас ұйым - Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк болатын болса, онда Қазақстан Республикасының резиденті-еншілес банк және оның еншілес ұйымдары, сондай-ақ еншілес банк және оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдар банк конгломераты болып танылады;
      3) банк холдингі - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания болып табылатын жағдайларды қоспағанда) немесе:
      банк акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге;
      шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді айқындауға немесе бақылау жасауға мүмкіндігі бар заңды тұлға;
      4) банктің реттеуші меншікті капиталы (бұдан әрі - меншікті капитал) - банктің инвестициялары шегерілген капитал сомасы;
      5) банктің ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды қоспағанда) немесе:
      банк акцияларының он немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге;
      шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен банк қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар жеке және заңды тұлға;
      6) бақылау - бір заңды тұлғаның мынадай шарттардың бірі:
      бір тұлғаның заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не басқа тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) елу процентінен астамына дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленуі не басқа заңды тұлға акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігінің болуы;
      бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлға директорлар кеңесінің немесе басқармасының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігінің болуы;
      бір заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есебіне қосқан кезде;
      бір заңды тұлғаның шарттың (растайтын құжаттардың) күшімен не өзгеше түрде, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда басқа заңды тұлғаның шешімін айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын басқа заңды тұлғаның шешімін айқындау мүмкіндігі;
      7) депозит - бір тұлға (депозитор) басқа тұлғаға - банкке, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) және Ұлттық почта операторына олар номиналды түрде қайтарылатын шартпен, алғашқы талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін толық немесе бөліп-бөліп, алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз, депозиторға тікелей не оның тапсыруымен үшінші тұлғаға берілетініне қарамастан, беретін ақша;
      8) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;
      9) еншілес ұйым - басқа заңды тұлға тарапынан бақылау жасалатын заңды тұлға;
      10) заңды тұлғаның ірі қатысушысы - заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентін иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға;
      11) капиталға қомақты қатысу - дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан астам процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе бір не бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан астам процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы.
       Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз), 2006.07.07. N  178  Заңдарымен.

       2-1-бап. Банктің аффилиирленген тұлғалары

      Банктің аффилиирленген тұлғалары - "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  64-бабында  айқындалған тұлғалар, сондай-ақ банк конгломератының қатысушылары.
       Ескерту. 2-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.     

       3-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi

      1. Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар. 
      2. Ұлттық Банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады. 
      Ұлттық Банкiнiң мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және өкiлеттiгi "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленедi. 
      Ұлттық Банк өзiнiң құзыретi шегiнде банк қызметiнiң жекелеген мәселелерi бойынша реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады және банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседi. 
      Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық Банктiң реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған. 
      3. Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкiлердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады. 
      4.  (алып тасталды)
      5. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы: 
      а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң; 
      б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының; 
      в) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не осы баптың 6 (б)-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк. 
      6. Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келiсiм) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа (келiсiмге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.
       Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2001.04.25. N 179  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)  Заңымен .

       4-бап. Банкiлердiң қызметiн құқықтық реттеу

      Банкiлердiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен (келiсiмдермен), сондай-ақ өздерiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заң құжаттары мен Президентiнiң Заңдары негiзiнде және оларды орындау үшiн шығарылатын уәкiлеттi органның, Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық құжаттарымен реттеледi. 
       Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен

       5-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн
             жүзеге асыратын ұйым

      Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым - уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң лицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес осы Заңға көзделген жекелеген банк операцияларын жүргiзуге құқылы, банк болып табылмайтын заңды тұлға. 
       Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

       6-бап. Уәкiлдiк берiлмеген қызметке тыйым салу

      1. Уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр адамның:
      а) негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде банк операцияларын атқаруға;
      б)  алып тасталды - 2006.05.05. N  139  Заңымен.
      в) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамалық "банк" сөзiн қолдануға немесе содан туындап, ол банк операцияларын атқаратындай әсер қалдыратын сөздi (ұғымды) қолдануға құқығы жоқ. Бұл тыйым Ұлттық Банкiге, банкiлердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.
      2. Уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары, мемлекеттiк органның, кредиттік серіктестіктердің, Ұлттық почта операторының, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкiнiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметiн (операцияларын) қоспағанда, жарамсыз деп табылады. 
       Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді, 2-тармақ алынып тасталды, 3-тармақ 2-тармақ болып саналды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2005.07.08. N 69  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз), 2006.05.05. N  139  Заңдарымен. 

       7-бап. Банкiлер мен мемлекеттiң жауапкершiлiгiн шектеу.
             Банкiлердiң тәуелсiздiгi

      1. Банкiлер мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты мемлекет те олардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, бұған осы баптың 2-тармағында көрсетiлген реттер, сондай-ақ банкiлер мен мемлекет өзiне осындай жауапкершiлiк алған жағдайлар кiрмейдi. 
      2. Мемлекет өзiнiң мемлекеттiк банкiлердiң жарғылық капиталына салған қаражаттары шегiнде олардың мiндеттемелерi бойынша жауапты болады. Үкiмет жеке шешiммен олардың мiндеттемелерi бойынша өзiне қосымша жауапкершiлiк алып, мемлекеттiк банкiлерге қосымша жауапкершiлiк жүктей алады. 
      3. Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады. 
      Банк несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау және Республиканың банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша, қолданылып жүрген банк заңдарының талаптарына сәйкес капиталының терiс мөлшерi бар банктер акционерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, оларға заңдарда белгiленген санкцияларды қолдану арқылы мәжбүрлеп шектеу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы.
       Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50  Заңымен , 1997.07.11. N 154  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен .

       8-бап. Банктер үшін тыйым салынған немесе шектелген
               қызмет

      1. Банктерге банк қызметіне қатысы жоқ не осы Заңның осы бабының 6-тармағында, 30-бабының 12-тармағында көзделмеген кәсіпкерлік қызмет ретіндегі операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруға, сондай-ақ осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларды және осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен мәміле жасауды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады.
      2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тыйым салу мынадай жағдайларда:
      1) қаржы ұйымдарының;
      2) акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне листингтің ең жоғары санаты бойынша енгізілген қаржы ұйымы болып табылмайтын заңды тұлғалардың;
      3) кредиттік бюролардың, ломбардтардың, Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларының, бағалы қағаздарды орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының резиденті емес арнайы ұйымдардың, лизингтік ұйымдардың, сондай-ақ айрықша қызмет түрі банктің операциялық қызметін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікті иелену және оны басқару болып табылатын ұйымдардың, банк қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың;
      4) заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылданған акциялары немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес банктердің меншігіне өткен кезде осы ұйымдардың;
      5) осы Заңның 10-бабында аталған заңды тұлғалардың;
      6) Қазақстан Республикасының резиденттері-акционерлік инвестициялық қорлардың;
      7) банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін банк сатып алған жағдайларда қолданылмайды.
      Осы тармақтың 2) және 6) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың банкке тиесілі акциялар саны бір заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының жалпы санының он процентінен аспауға тиіс.
      3. Банктің осы баптың 2-тармағы 1)-3), 6) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін не акцияларын сатып алуы бір заңды тұлғаға:
      1) 1), 3) және 7) тармақшаларда аталған ұйымдар үшін - банктің меншікті капиталының он бес процентінен;
      2) 2) және 6) тармақшаларда аталған заңды тұлғалар үшін - банктің меншікті капиталының он процентінен аспауға тиіс.
      Заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылдаған акциялары немесе жарғылық капиталға қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес банктің меншігіне өткен жағдайларда, банктердің осындай ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алуы кезінде банктің осындай заңды тұлғаларға қатысуы банктің меншікті капиталының жиырма бес процентінен аспауға тиіс, бұл ретте акцияларды немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін өткізу мерзімі бір жылдан артық болмауға тиіс.
      Банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құны:
      қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалар үшін - банктің меншікті капиталының алпыс процентінен;
      сақтандыру ұйымдары үшін - банктің меншікті капиталының қырық процентінен аспауға тиіс.
      Банктер он бес, отыз немесе қырық процент деңгейінен ұлғаю немесе кему фактісін анықтаған күннен бастап он күн ішінде:
      акционері банк болып табылатын заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына акциялар санының проценттік қатынасын;
      банкке тиесілі заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
      4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген шектеулер банктің еншілес ұйымдарының және банк пен оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдардың қызметіне қолданылады.
      5. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тыйым салу:
      бағалы қағаздары Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша енгізілген заңды тұлғалардың облигацияларымен;
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен;
      рейтинг агенттіктерінің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар шетел эмитенттерінің облигацияларымен мәмілелер жасау жүзеге асырылғанда қолданылмайды.
      6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған қызметтен және банктің заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алудан басқа, банктер мынадай қызмет түрлерiмен айналысуға құқылы:
      1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудi іске асыру;
      2) банк қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi кез келген ақпарат жеткізуші түрлеріндегі арнаулы әдебиеттердi сату;
      3) өз мүлкiн сату;
      3-1) төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығару, сату және тарату;
      3-2) банкаралық клирингті (төлемдерді жинауды, салыстырып тексеруді, сұрыптауды және растауды, сондай-ақ олардың өзара есепке жатқызуын жүргізуді және клирингке қатысушылардың - банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындауды) жүзеге асыру;
      4) заем алушылардың кепiлге қойған мүлкiн осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгiленген тәртiппен сату;
      5) қаржылық қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету;
      6) басқа тұлғалардың банк қызметiне байланысты мәселелер бойынша мүдделерiн, Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың, инфрақұрылымдық облигацияларды, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiру;
      7) банк-қаржы қызметi саласындағы мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқуды ұйымдастыру;
      8) сақтандыру ұйымдары - Қазақстан Республикасының резиденттерi атынан сақтандыру шарттарын жасасу, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары атынан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу.
       Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз),  өзгерту енгізілді - 2006.02.20.  N 127  (қолданысқа енгізілу тәртібін  Заңымен  қараңыз), 2006.12.29. N  209 , 2007.01.12. N  222  (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       9-бап. Шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу

      1. Банкiлерге жарнама шығарылған күнi шындыққа сай келмейтiн қызметiн жарнамалауға тыйым салынады.
      2. Уәкiлеттi орган банкiден шындыққа сай келмейтiн жарнамаға өзгерiстер енгiзудi, оны тоқтатуды немесе терiске шығарып жариялауды талап етуге құқылы. 
      Бұл талап Уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындалмаған жағдайда уәкiлеттi орган жарнамада баяндалған мәлiметтердiң шындыққа сай келмейтiндiгi туралы ақпарат жариялауға, не оларды мұндай жарнаманы жариялаған банкiнiң есебiнен нақтылауға құқылы. 
      3. Банк операцияларын жүргiзуге уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға банк операциялары санатына жататын қызметтердi жарнамалауға тыйым салынады. 
       Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)  Заңымен .

       10-бап. Банкiлер ассоциациялары (одақтары)

      1. Өз қызметiн үйлестiру, ортақ мүдделердi қорғау және бiлдiру, бiрлескен жобаларды жүзеге асыру және өзге де ортақ мiндеттердi шешу үшiн банкiлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес банкiлер ассоциациялары мен одақтарын құруға құқылы. 
      2. Банкiлер ассоциациялары (одақтары) коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
      3. Банкiлер ассоциацияларын (одақтарын) банк жүйесiндегi бәсекенi шектеу, сыйақы ставкаларды, несиелер мен өзге де банк қызметтерiн ұсыну шарттарын үйлестiру мақсатында қолдануға болмайды.
       Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен .

       10-1-бап. Банктер қатысатын консорциумдар және басқа да
                бiрлестiктер

      Кредит беруге және өзге мiндеттердi шешуге байланысты бiрлескен жобаларды іске асыру мақсатында банктер бiрлескен қызметi туралы шарт негiзiнде консорциум құруға және басқа консорциумдар, қауымдастықтар жұмысына қатысуға құқылы.
       Ескерту. Жаңа 10-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен

       11-бап.   
       Ескерту. 11-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.     

       11-1-бап. Банктердің еншілес ұйымдары және ұйымдардың
                жарғылық капиталдарына банктердің қомақты
                қатысуы

      1. Банк осы Заңның 8-бабында өзіне берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның рұқсаты болғанда ғана еншілес ұйым құра алады немесе оны иелене алады.
      Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
      Акциялары және жарғылық капиталға қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кепіл ретінде қабылданған жағдайда, банктің меншігіне өтетін заңды тұлғалар банктің еншілес ұйымына жатқызылмайды, бұл ретте осындай акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін өткізу мерзімі бір жылдан аспауға тиіс.
      2. Банктердің еншілес ұйымдары еншілес ұйым құруға және (немесе) оларды иеленуге құқылы емес.
      Банктің еншілес ұйымы өзінің толық атауында "еншілес" деген сөзді көрсетуге және бас банктің атауын пайдалануға міндетті.
      3. Рұқсат алуға берілген өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркелуге тиіс:
      1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттары, жарғының бекітілгені туралы хаттамалар;
      2) банктің уәкілетті органының еншілес ұйым құру немесе оны сатып алу туралы шешімі;
      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпарат;
      4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы және аффилиирленген тұлғалар туралы мәліметтер.
      Банкте банк холдингі болмаған жағдайда:
      осы ұйымдар қауымдастығы меморандумының немесе ережелерінің шарттарына сәйкес олардың қызметін бірлескен негізде басқаруға;
      егер аталған ұйымдардың директорлар кеңесі немесе басқармасы құрамының үштен бірінен астамын сол белгілі бір тұлғалар құрайтын болса, еншілес ұйымға байланысты ұйымдар туралы ақпарат қосымша беріледі;
      5) бизнес-жоспарын табыс ете отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпарат;
      6) құрылатын еншілес ұйымның құрылтайшылары енгізетін акцияларды алдын ала төлеу мөлшері туралы ақпарат;
      7) құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына банктің қатысу үлесі мен сомасы, сондай-ақ олар сатып алатын акциялар саны және акцияларды алдын ала төлеу мөлшері туралы ақпарат;
      8) еншілес ұйымды сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;
      9) аудиторлық ұйымның есебі және сатып алынатын еншілес ұйымның аудиторлық ұйым куәландырған қаржы есептілігі;
      10) сатып алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігі туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі;
      11) сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ банктің жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе еншілес ұйымның сатып алынатын акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы туралы ақпарат;
      12) банк жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын иемдену арқылы еншілес ұйымын иемденген заңды тұлға туралы:
      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
      құрылтайшысы (қатысушысы) банк болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына банктің қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
      акционері банк болып табылатын заңды тұлғаның акциялар саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алғандары шегеріле отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметті;
      заңды тұлғаның (оның құрылтайшысы, қатысушысы, акционері банк болып табылатын) басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
      акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) банк болып табылатын заңды тұлға сатып алған акциялар саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алғандары шегеріле отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметті қамтитын деректер;
      13) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттар;
      14) еншілес ұйымды бақылауды және бақылау негіздерін растайтын құжаттар.
      4. Банк соңғы аяқталған екі қаржы жылының қорытындылары бойынша оның қызметі шығынсыз болған жағдайда және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді сақтаған жағдайда, еншілес ұйым құруға құқылы.
      5. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тартуға:
      1) рұқсат алуға қажетті құжаттардың табыс етілмеуі;
      2) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттардың) осы Заңның 20-бабының 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;
      3) көзделген еншілес ұйымдардың болуы нәтижесінде шоғырландырылған негізде пруденциалдық нормативтерді және банктер сақтауға міндетті уәкілетті орган белгілеген басқа да нормалар мен лимиттерді банктің сақтамауы;
      4) еншілес ұйымның қызметі немесе банк жоспарлаған инвестициялар салдарынан банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауы және (немесе) банк салымшыларының мүдделеріне нұқсан келтіру көзделетін қаржылық салдарларды талдау;
      5) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын табыс етілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;
      6) банктің уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және/немесе өтінішті қарау кезеңінде белгіленген пруденциалдық нормативтерді сақтамауы;
      7) өтініш берілген күнгі банкке қатысты қолданылған шектеулі ықпал ету шараларының және санкцияларының болуы негіз болып табылады.
      6. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.
      Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіге бас тартудың негіздері туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
      7. Банктің еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда банк еншілес ұйымның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзім ішінде осы банкпен ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға не еншілес ұйым қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігінен бас тартуға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға беруге міндетті.
      9. Банктің ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның рұқсаты болғанда ғана жол беріледі.
      Ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен белгіленеді.
      10. Рұқсат алуға берілетін өтініш осы баптың 3-тармағының 2), 3), 5)-8) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса тіркеле отырып табыс етіледі.
      Ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
      Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын табыс етілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі ұйымның жарғылық капиталға қомақты қатысуына рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
       Ескерту. 11-1 бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен. 

  2-тарау. Банк құру және банк қызметiн жүзеге асыру 

       Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)  Заңымен .

       12-бап. 
       Ескерту. 12-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен .

       13-бап. Уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсат беруi 

      1. Банк ашуға рұқсат беру тәртiбi мен оған рұқсат беруден бас тарту негiздерi банк заңдарында белгiленедi.
      2. Банк ашуға берiлген рұқсаттың банк операцияларын жүргiзуге банкке лицензия беру туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдағанға дейiн заңды күшi болады. 
      Банк ашуға берiлген рұқсатты уәкiлеттi орган керi қайтарып ала алады. 
      3. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия берiлген жағдайда немесе банктiң қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда, сондай-ақ осы Заңның 49-бабының 2-тармағында көзделген негiздер бойынша рұқсат керi қайтарып алынған жағдайда банк ашуға берiлген рұқсатты банк уәкiлеттi органға қайтаруға тиiс. 
      4. Банк өзiне банк ашуға берiлген рұқсатты ерiктi түрде қайтаруға және заңда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуге құқылы. 
       Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , өзгерту енгізілді - 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен

       14-бап. Банкiнiң құрылтай құжаттары
 
      1. Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен, банк заңдарында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып құрылады. 
      2. Банк құру жөнiндегi құрылтай шартында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде: 
      толық атауы мен олардың әрқайсысының тұрған жерiн қоса құрылтайшылар туралы мәлiметтер, сондай-ақ олардың мемлекеттiк тiркеуден өткендiгi жөнiндегi деректер (заңды тұлғалар үшiн), аты-жөнi, азаматтығы, тұрғылықты жерi мен жеке өзiн (жеке адамдар үшiн) куәландыратын құжат деректерi;
      акциялардың саны, санаттары мен орналастыру бағалары туралы мәлiметтер көрсетiлуге тиiс. 
      3. Банк жарғысында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:
      банкiнiң толық және қысқартылған атауы;
      банк қорларын (резервтік капиталын) құру түрлерi мен тәртiбi туралы мәлiметтер;
      банк органдарының шешiм қабылдау тәртiбi.
       Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 1999.07.16. N 436  Заңымен , 2003.05.16. N 416  Заңымен

       15-бап. Банктiң ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы <*>

      1. Банктер акционерлiк қоғамдар нысанында құрылады.
      1-1. Банк өз жарғысында жазылған атауды өзiнiң атауы ретiнде пайдаланады. 
      Банктiң атауында "банк" деген сөз немесе одан туындаған сөз болуға тиiс.
      2. Ұлттық Банкiден басқа банкiлердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде "ұлттық", "орталық" деген сөздердi қолдануға тыйым салынады. 
      3. Банктердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде "мемлекеттiк" деген сөздi қолдануға тыйым салынады. 
      4. Бұрын құрылған банкiлердiң, еншiлес банктердi қоспағанда соның iшiнде Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң атауымен бiрдей немесе орнын ауыстырған дәрежеде ұқсас таңбаларды атау ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.
      Еншiлес банктер өзiнiң атауына негiзгi банктердiң атауын пайдалануға мiндеттi.
       Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 1999.07.16. N 436  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен

       16-бап. Банктiң жарғылық және меншiк капиталы

      1. Банктiң жарғылық капиталы акцияларды сату есебiнен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады.
      2. Банк акциялары орналастырылған кезде тек қана ақшамен төленуге тиiс.
      3.  алып тасталды - 2005.12.23. N  107  Заңымен.
      4.  (алып тасталды)
      5. Жаңадан құрылған банкiнiң жарғылық капиталына оның акционерлерi Әдiлет министрлiгi банкiнi тiркейтiн кезге қарай елу процент мөлшерiнде және тiркеген күннен бастап бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде толық төлем жасауға тиiс. 
      6.  (алып тасталды)
      7. Банктің меншікті капиталын және инвестициясын есептеу әдістемесін уәкілетті орган айқындайды.
      Егер банк міндеттемелерінің сомасы оның активтерінің құнынан артық болған жағдайда, банктің меншікті капиталы теріс капитал болады.
      8. Банктің меншікті капиталының терiс мөлшерi келесi үш күнтiзбелiк ай бойы анықталған жағдайда уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша оның акционерлерiнiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдауға және оларды банк капиталының ұлғаюына, инвестор алған мiндеттемелердi ескере отырып оның қалыпты жұмыс iстеуiне кепiлдiк беретiн шарттармен жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша дереу сатуға құқылы. 
      Банк акцияларын уәкілетті органның мәжбүрлеп сатып алуы банк акцияларын (акционерлердiң үлесiн) кейiннен жаңа инвесторға сату мақсатында мәжбүрлеп сатып алу туралы ол шешiм қабылдаған күнгi оның міндеттемелерінің сомасы шегеріле отырып банк активтерінің құнын негiзге ала отырып белгiленетiн баға бойынша жүзеге асырылады. Банктiң сатып алынған акцияларын уәкілетті орган олар сатып алынған баға бойынша дереу сатады. Банктiң мәжбүрлеп сатып алынған барлық акциялары иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi жаңа инвесторға көшедi. 
      Банкке талаптар қойылуы мүмкiн мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған жағдайда, бiрақ ол талаптар банктiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдағанға дейiн қойылмаса, жеке және заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша талаптарды қоспағанда, мұндай талаптар өтелген болып есептеледi.
      Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың және оларды кейiннен инвесторларға мiндеттi түрде сатудың тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
       Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50  Заңымен , 1997.07.11. N 154  Заңымен , 1998.07.10. N 282  Заңымен , 1999.07.16. N 436  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.05.16. N 416  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен. 

       17-бап. Банкiнiң құрылтайшылары мен акционерлерi

      1. Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резиденттерi емес заңды және жеке тұлғалар (осы баптың 5 және 6-тармақтарында және осы Заңның 18-бабында белгiленген шектеулердi ескере отырып) банкiнiң құрылтайшылары мен акционерлерi бола алады. 
      2. Мемлекет тек Yкiмет атынан ғана банктiң құрылтайшысы және акционерi бола алады. Қазақстан Даму Банкiнiң ғана акционерi бола алатын ұлттық басқарушы компанияны қоспағанда, мемлекеттік кәсiпорындар және жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiнiң не орналастырылған акцияларының елу процентiнен астамы мемлекетке тиесiлi ұйымдар банктiң құрылтайшылары және акционерлерi бола алмайды.
      3.  (алып тасталды)
      4. Банк несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау және республика банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша капиталының терiс мөлшерi болған ретте банк акцияларын келесi үш күнтiзбелiк ай бойы банктiң қаржы жағдайының қажетiнше жақсартылуына кепiлдiк беретiн жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша кейiннен мiндеттi түрде дереу сату шартымен мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асыруға құқылы. 
      5. Оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген аффилиирлендірілген тұлғалары бар заңды тұлғалар, немесе уәкiлеттi орган тізбесін белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резидент-банктерінің дауыс беретiн акцияларын тiкелей немесе жанама иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оған "билiк ете алмайды. 
      Аталған шектеу Ұлттық Банк тізбесін белгілейтін рейтинг агенттіктерінің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі бар банктерге қолданылмайды. 
      6.  алып тасталды - 2005.12.23. N  107  Заңымен.  
      7. Ұлттық холдинг пен ұлттық басқарушы компанияны қоспағанда, тiкелей немесе жанама түрде банктiң акцияларын иеленетiн не банк акционерi қабылдайтын шешiмдерге ықпал ететiн тұлғалар уәкiлеттi органның талап етуі бойынша банктің ірі қатысушыларын және олардың қаржылық жай-күйiн айқындау үшін құрылтай құжаттарын және басқа да қажетті ақпарат беруге міндетті.
       Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.01.27. N 2830  Жарлығымен , 17-бап жаңа 4-тармақпен толықтырылды, 4-тармақ 5-тармақ болып саналды - Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50  Заңымен , өзгерiс енгізілді - 1997.07.11. N 154  Заңымен , 1998.06.29. N 236  Заңымен , 1998.07.10. N 282  Заңымен , 1999.07.16. N 436  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2001.04.25. N 179  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)  Заңымен , 2006.07.07. N  178  Заңдарымен. 

       17-1-бап. Банк холдингі және банктің ірі қатысушысы

      1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп банк холдингі, банктің ірі қатысушысы бола алмайды.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі болған кезде банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін уәкілетті органның келісімін ала алады. Ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
      Банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген кіріс және мүлік туралы декларацияны табыс ету жөніндегі талаптарды ескере отырып, банктің акцияларын төлеуге құқылы.
      2. Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуға келісім беру, оны кері қайтарып алу ережелерін, осы келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
      3. Банктің ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4-7-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса тіркей отырып, банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтініш беруге міндетті.
      4. Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды:
      1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, акцияларды сатып алуға жұмсалатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қоса алғанда, банктің акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;
      2) өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылатын өтініш берушінің өкіліне (ол бар болғанда) берілген сенімхатты;
      3) өзі ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
      4) білімі, еңбек қызметі туралы, сотталғандығының бар-жоғы туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қаржы, салық салу саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді;
      5) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резидент-банкінің акцияларды сатып алуға осы ел заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті елдің уәкілетті органының көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін табыс етеді.
      5. Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға мынадай құжаттарды:
      1) өтініш берушінің жоғары органының банк акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін;
      2) осы баптың 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      3) өтініш берушінің құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмесін, оның ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
      4) білімі туралы, еңбек қызметі туралы, сотталғандығының бар-жоғы туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қаржы, салық салу саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;
      5) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті табыс етер алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржы есептілігін;
      6) өтініш берушінің және банктің мәртебе алғаннан кейінгі болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларының талдамасын, іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымды қоса алғанда, өтініш берушінің банк активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе банк қызметіне немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын, егер олар бар болса, табыс етеді.
      6. Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін мына құжаттарды:
      1) осы баптың 4-тармағының 1)- 3) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 3)-6) тармақшаларында аталған мәліметтер мен құжаттарды;
      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредит рейтингі туралы мәліметтерді табыс етеді.
      7. Банктің ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес - қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
      1) осы баптың 6-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш беруші қаржылық қызметін осы ел заңнамасының шеңберінде жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін табыс етеді.
      8. Жиынтығында банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он және одан астам процентін иеленетін немесе банк акцияларының он немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
      1) банк қабылдайтын шешімдерге өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
      2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
      3) олардың бірі лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
      4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға банк акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;
      5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып табылатын тұлғалар бірлесіп банктің ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.
      9. Уәкілетті органның банктің ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға келісім беруден бас тартуына:
      осы Заңның 20-бабы 2-тармағының 3)-5) тармақшалары талаптарының (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты) сақталмауы;
      өтініш берушінің қаржылық жай-күйінің тұрақсыздығы;
      осы бапта аталған құжаттарды табыс етпеу;
      өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуы нәтижесінде монополияға қарсы заңнама талаптарының бұзылуы;
      банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі мәміледе тараптардың бірі оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлға (оның аффилиирленген тұлғасы) немесе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалардың қатысушысы (құрылтайшысы, акционері) болып табылатын жеке тұлға болған жағдайлар;
      банктің құрылтайшылары мен акционерлеріне осы Заңда белгіленген өзге де талаптарды өтініш берушінің сақтамауы;
      өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау банктің қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжауы;
      өтініш берушіде - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымында шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру өкілеттігінің болмауы;
      өтініш берушіде - Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғада тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі қажетті рейтингінің болмауы негіз болып табылады.
      10. Мына жағдайлардың бірінің болуы:
      өтініш беруші - заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылға жетпейтін уақытта құрылса;
      өтініш беруші міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған банк акцияларын сатып алуға көзделген активтерінің сомасын шегеріп тастағанда өзінің активтерінен асып кетсе;
      аяқталған соңғы екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шексе;
      өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері банктің қаржылық жай-күйін айтарлықтай тәуекелге ұрындыратындай болса;
      өтініш берушінің банк алдында мерзімі өткен және (немесе) банк балансына жатқызылған берешегі болса;
      өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау банктің қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжаса;
      банкке және (немесе) оның депозиторларына нұқсан келтіру мүмкіндігін куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің - заңды тұлғаның қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгісі болып табылады.
      11. Тұлға ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алмаған жағдайда, уәкілетті орган осы тұлғаға осы Заңның 47-1-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      12. Банк холдингі болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруі банктің ірі қатысушысы үшін айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
      Банк холдингі болғысы келетін тұлға осы баптың 5-7-тармақтарында көзделген құжаттармен және мәліметтерден басқа, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттарды табыс етеді.
      Осы Заңның банк холдингі мәртебесін алу жөніндегі талаптары өзі орналасқан елде шоғырландырылған бақылауға жатқызылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес банкке қолданылмайды.
      Банк холдингі болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруден бас тартуына осы баптың 9-тармағында көзделген негіздерден басқа, мыналар:
      өтініш беруші - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатқызылмайтын жағдайлар;
      Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдер заңнамаларының олардың және банк конгломератының осы Заңда көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мүмкін болмауы негіз болып табылады.
      13. Банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес және одан астам процентін иеленетін немесе банк акцияларының жиырма бес және одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
      1) банк қабылдайтын шешімдерге өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
      2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
      3) олардың бірі басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
      4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға банк акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар бірлесіп банк холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады.
      14. Уәкілетті орган осы баптың талаптарына сәйкес банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін берілген өтініш бойынша шешімді құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап үш ай ішінде қабылдауға тиіс.
      15. Уәкілетті орган келісім беруге негіз болған дұрыс емес мәліметтер анықталған немесе банктің ірі қатысушылары немесе банк холдингі осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда осы бапқа сәйкес берілген келісімді кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда мұндай шара қолданылатын тұлға банк акцияларының өзіне тиесілі санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға немесе өзінің тікелей немесе жанама дауыс беру құқығын қолдануды қоса алғанда, банктің басшылығына немесе оның саясатына ықпал етуді (немесе ықпал етуге тырысуды) тоқтату міндеттемесін қабылдауға міндетті.
      16. Тұлға өзіне қатысты емес себептер бойынша банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгілеріне сәйкес келген не банктің акциялары кепіл болып табылатын борыштық міндеттемелер бойынша кепілге салынған мүліктің оған көшуі нәтижесінде банктің осы бапта белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі акцияларын меншігіне алған жағдайларға осы баптың міндетті түрде уәкілетті органның келісімін алдын ала алу қажеттігі туралы талаптары қолданылмайды.
      Аталған жағдайларда банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгілеріне сәйкес келетін тұлға акцияларды сатып алған немесе оған өзінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгісіне сәйкес келетіні белгілі болған кезден бастап отыз күн ішінде уәкілетті органға хабарлауға және осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін банктің басшылығына немесе оның саясатына ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекет жасамауға немесе осындай жолмен сатып алған акцияларымен дауыс бермеуге міндетті.
      Тиісті мәртебені алу туралы өтініш акцияларды сатып алған кезден бастап не оған өзінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгісіне сәйкес келетіні белгілі болған кезден бастап алпыс күн ішінде, егер бұл тұлға аталған мерзімде акцияларды иеліктен шығарғысы келмесе, уәкілетті органға табыс етіледі. Акцияларды сатып алған күннен бастап алпыс күн ішінде оларды иеліктен шығару жөнінде шешім қабылданғаны туралы ақпарат осындай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға табыс етіледі.
      17. Егер уәкілетті органға тұлғаның банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетінін немесе банктің акцияларын тікелей, жанама иеленуші болып табылатынын немесе келісімнің негізінде немесе өзгеше түрде осы Заң талаптарына сәйкес уәкілетті органның келісімінсіз, банктің осы бапта белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі акцияларымен дауыс беруге мүмкіндігі бар екенін көрсететін мәліметтер белгілі болса, ол жеке және заңды тұлғалардан ақпарат табыс етуді талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленетін кез келген тұлғадан, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін.
      18. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі банктің өзіне тиеселі тікелей немесе жанама иеленетін немесе тікелей не жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар акциялары санының орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына проценттік арақатынасын өзгерту туралы шешім қабылданған күннен бастап отыз күн мерзімде, растайтын құжаттарды табыс ете отырып, уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
      19. Банк өзінің барлық ірі қатысушылары мен банк холдингтеріне тиесілі банк акциялары санының банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акциялардың санына проценттік арақатынасын көрсете отырып, олардың тізімін есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етуге міндетті.
      20. Банктер өзінің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының он және одан астам процентін иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы осындай факт анықталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      21. Банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сондай-ақ банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті органға осы баптың 16-20-тармақтарына сәйкес талап етілетін ақпаратты көрсетілген мерзімде бермеуі, сол сияқты әлденеше рет уақтылы бермеуі немесе дұрыс емес мәліметтерді беруі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
       Ескерту. 17-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.  

       18-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi емес
              банкiлердiң еншiлес банк құру ерекшелiктерi

      1. Негiзгi рейтинг агенттiктерi бiрiнiң белгiлi бiр рейтингi бар Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлер еншiлес банкiге еншi берушi банк бола алады. Негiзгi рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен талап етiлетiн ең төменгi рейтингтi уәкiлеттi орган белгiлейдi. 
      2.  (алып тасталды)
       Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 1999.07.16. N 436  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен .

       19-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiш

      1. Заңды тұлға немесе жеке тұлға банк ашуға рұқсат беру жөнiнде уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға құқылы.
      2. Өтiнiш қазақ немесе орыс тiлдерiнде берiледi және онда өтiнiш берушiнiң мекен-жайы көрсетiлуге тиiс.
      3. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiшке мына құжаттар қоса тiркелуге тиiс:
      а) жаңадан құрылатын банкiнiң құрылтай құжаттары: құрылтай шарты, жарғы, жарғы қабылдау мен банк органдарын тағайындау (сайлау) хаттамасы; 
      б) құрылтайшылар туралы (уәкілетті орган белгілеген тізбе бойынша) мәліметтер, аяқталған соңғы екі қаржы жылы ішіндегі шоғырландырылған есепті қоса алғанда, қаржы есептілігі, аудиторлық ұйымның құрылтайшылардың қаржылық жай-күйі туралы есебі;
      б-1) егер тұлға банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі болатын болса, онда осы Заңның 17-1-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтер;
      в)  алып тасталды - 2005.12.23. N  107  Заңымен.
      г)  алып тасталды - 2005.12.23. N  107  Заңымен.
      д) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын тұлғалардың, соның ішінде банк басқармасының кемінде үш мүшесінің құжаттары;
      е) жаңадан құрылатын банкiнiң егжей-тегжейлi ұйымдық құрылымы; 
      ж) жаңадан құрылатын банкiнiң iшкi аудит қызметi жөнiндегi ереже; 
      з) жаңадан құрылатын банкiнiң несие комитетi жөнiндегi ереже; 
      и) жаңадан құрылатын банкiнiң қызмет стратегиясын, қызмет бағыты мен ауқымын ашып көрсететiн бизнес-жоспары, қаржылық перспективасын (бюджет, есеп балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен залалдар есебi, маркетинг жоспары (банк клиенттерiнiң қалыптасуы), еңбек ресурстарын тарту жоспары; 
      к)  алып тасталды - 2005.12.23. N  107  Заңымен.
      л) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан өтiнiш беруге өкiлеттiгiн растайтын нотариалдық не өзге заңды түрде куәландырылған құжат; 
      Осы тармақтың ж), з), и) тармақшаларында көзделген құжаттарды банктiң уәкiлеттiк берiлген органдары бекiтуi тиiс. 
      4. Аудиторлық ұйымның есебi: 
      ол құрылтайшылар мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз екендiгiн; 
      ол аудиторлық қызмет саласындағы реттеу мен аудиторлық және кәсiби аудиторлық ұйымдардың қызметiн бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның немесе өзi резидентi болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органының лицензиясына сәйкес банктерге аудит жүргiзуге уәкiлеттi екендiгiн растайтын құжаттар табыс еткен жағдайда жарамды деп танылады.
      5. Уәкiлеттi орган банк ашуға рұқсат беру жөнiнде шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша ақпарат немесе құжаттар сұратуға құқылы. 
      6. Өтiнiш берушi банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiштi ол уәкiлеттi органда қаралып жатқан кез келген сәтте қайтарып алуы мүмкiн. 
       Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз), 2006.05.05. N  139  Заңдарымен. 

         20-бап. Банктің басшы қызметкерлеріне қойылатын
              талаптар

      1. Банктің оқшауланған бөлімшелерінің бірінші басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқарманың бірінші басшысы мен мүшелері, банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар өзге де басшылар, банктің бас бухгалтері банктің басшы қызметкерлері болып танылады.
      Банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар және бір ғана құрылымдық бөлімшенің қызметін бақылауды жүзеге асыратын адамдар банктің басшы қызметкерлері болып табылмайды.
      2. Мыналар:
      1) жоғары білімі жоқ;
      2) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында осы бапта белгілеген жұмыс стажы жоқ;
      3) экономикалық қызмет саласында жасаған қылмыстары үшін, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстары үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;
      4) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері болып табылған тұлға банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
      5) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап ету уәкілетті органның басшы қызметкерді лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімі қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады.
      3. Банктің ірі қатысушысы банк басқармасының бірінші басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
      Банктің директорлар кеңесі құрамының кемінде отыз проценті тәуелсіз директорлар болуға тиіс.
      4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес келу үшін:
      1) банктің тәуелсіз директоры, басқармасының бірінші басшысы, бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін - қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында кемінде үш жыл;
      2) банк басқармасының мүшелері лауазымына кандидаттар үшін - қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында кемінде екі жыл;
      3) банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар банктің өзге де басшылары лауазымына кандидаттар үшін - қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында кемінде бір жыл жұмыс стажы болуы қажет.
      Тәуелсіз директорды қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында жұмыс стажының болуы талап етілмейді.
      Осы тармақпен белгіленген жұмыс стажына қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
      5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен өз қызметін уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.
      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттар уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда банк осы тұлғамен жасалған жеке еңбек шартын бұзуға міндетті.
      Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін табыс етілген құжаттарды олар табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
      6. Банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      7. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол банктің басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы банкте өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, аталған адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол банктің басшы қызметкері лауазымынан босатылғаннан не басқа лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы банктің басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындала (сайлана) алады.
      8. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, аталған адам өзін уәкілетті органның осы банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін осы банктің басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
      9. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін:
      1) келісім беруге негіз болған дұрыс емес мәліметтер анықталған;
      2) банктің басшы қызметкеріне уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) қолдану негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.
      Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін кері қайтарып алған жағдайда, банк осы адаммен жасалған жеке еңбек шартын бұзуға міндетті.
      10. Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген тәртіппен банкті консервациялау немесе оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, банктің директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасарлары, бас бухгалтері болып табылатын басшы қызметкерлермен жасалған жеке еңбек шартын бұзуға міндетті.
      11. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бірінші басшысы осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс және лауазымға уәкілетті органның келісімінсіз тағайындалады (сайланады).
       Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз), 2007.01.12. N  222  (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       21-бап. Қазақстан Республикасының резидент емес
              тұлғаларының қатысуымен банк құруға қойылатын
              қосымша талаптар

      Банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке немесе заңды тұлға осы Заңның 19-бабында аталған құжаттардан басқа, банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктер үшін - банктік қадағалау органының) осы тұлғаға Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын иеленуге рұқсат берілетіні жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктер үшін - банктік қадағалау органының) аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай шешім талап етілмейтіні жөніндегі мәлімдемесін қоса тіркеуге міндетті.
       Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

         22-бап.

       Ескерту. 22-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.        

  

       23-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi
              өтiнiштi қарау тәртiбi

      1. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiштi уәкiлеттi орган өтiнiш берушi уәкiлеттi орган сұратқан соңғы қосымша ақпаратты немесе құжатты табыс еткен күннен бастап үш ай iшiнде, бiрақ өтiнiш қабылданған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей қарауға тиiс. 
      2. Уәкiлеттi орган қабылданған шешiм туралы өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi. Хабарлама банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiште көрсетiлген мекен-жайға жiберiледi.
      3. Уәкiлеттi орган банк ашуға берiлген рұқсаттың есебiн жүргiзiп отырады.
       Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен

       24-бап. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту

      1. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту төмендегi кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:
      а) банкiнiң құрылтай құжаттары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келмеуi;
      б) осы Заңның 15-бабы 2-4-тармақтарының талаптарына банк атауының сәйкес келмеуi;
      в) осы Заңның 16-бабының талаптарына банкiнiң жарғылық капиталы мөлшерiнiң, құрамы мен құрылымының сәйкес келмеуi; 
      г) банк құрылтайшылары қаржы жағдайының тұрақсыздығы;
      г-1) құрылтайшының:
      экономикалық қызмет саласында жасаған қылмыстары үшін, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстары үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар болса;
      уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері қызметінде болған болса, банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
      г-2) осы Заңның 17-1-бабы талаптарының сақталмауы; 
      д) осы Заңның 17-бабында белгiленген шектеулердiң сақталмауы; 
      е) осы Заңның 20-бабында белгiленген талаптарға банкiнiң басшы қызметтерiне кандидаттардың сәйкес келмеуi; 
      ж)  алып тасталды - 2005.12.23. N  107  Заңымен.        
      з) құрылатын банкiнiң бизнес-жоспары және өтiнiш берушiнiң өзге де құжаттары:
      алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейiн банк қызметiнiң рентабельдi болатынын;
      банк тәуекелдi шектеуге қойылатын талаптарды сақтау және тиiстi басқару құрылымын құру ниетiнде екенiн;
      банк өзiнiң қызмет жоспарына сәйкес ұйымдық құрылымға ие болғандығын;
      банк өз қызметiнiң жоспарына сәйкес есеп және бақылау құрылымына ие болғандығын көрсетпесе.
      2. Уәкiлеттi орган бас тарту негiздерi жөнiнде өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
      3. Осы Заңның 18-21-баптарының шарттары сақталмаған ретте банк ашуға рұқсат беруге жол берiлмейдi.
       Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз), 2007.01.12. N  222  (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       25-бап. Банкiнi мемлекеттiк тiркеу

      Банкiнi мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты негiзiнде Әдiлет органдары жүзеге асырады және оның құрылтай құжаттары уәкiлеттi органмен келiсiлгендiгiн растайтын деректер. 
      Құрылтайшылар уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты алынған күннен бастап бiр ай iшiнде банкiнi мемлекеттiк тiркеу үшiн Әдiлет органдарына жолдануға мiндеттi. 
      Банктi әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркегеннен кейiн банк он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi органға тiркеген әдiлет органының белгiсi және мөрi қойылған құрылтай шарты мен жарғының және банктi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариаттық куәландырылған көшiрмелерiн беруге мiндеттi. 
       Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 1999.07.16. N 436  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен

       26-бап. Банк операцияларын лицензиялау

      1. Банктiк, сондай-ақ осы Заңға сәйкес белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды осы Заңның талаптарына сәйкес уәкiлеттi орган, Ұлттық Банк белгiлеген тәртiппен және өздерiнiң құзыретi шегiнде уәкiлеттi орган немесе Ұлттық Банк бередi. 
      Ұлттық Банк немесе уәкiлеттi орган лицензия берген кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктердің жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы. 
      Лицензия берiлгенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. 
      2. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия алу үшiн өтiнiш берушi мемлекеттiк тiркелген күннен бастап бiр жыл iшiнде: 
      а) барлық ұйымдық-техникалық шараларды орындауға, оның iшiнде уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес келетiн үй-жай мен жабдықтар әзiрлеуге, сондай-ақ тиiстi бiлiктiлiгi бар қызметкерлер жалдауға; 
      б) уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес мөлшерде жарғылық капиталы болуға;
      в) лицензиялық алым төлеуге тиіс. 
      2-1. Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін:
      1) қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз етуге;
      2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігінде уәкілетті орган белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;
      3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы ережені табыс етуге тиіс.
      3. Банк операциясын жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде лицензиат осы баптың 2-тармағындағы талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен табыс етуге мiндеттi. 
      4. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру жөнiндегi өтiнiштi уәкiлеттi орган немесе Ұлттық Банк лицензия беруге құжаттар табыс етілген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс. 
      5. Ұлттық және (немесе) шетелдiк валютамен банк операцияларын жүргiзуге лицензия шектеусiз мерзiмге берiледi. <*>
      6. Банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензия үшiншi адамдарға берiлмеуге тиiс. 
      7. Банк операцияларының барлық түрлерi оны жүргiзу құқығы лицензияда тiкелей көрсетiлген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. 
      8. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру жөнiндегi шешiмдi уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң ресми басылымдарында жариялайды. 
      9. Банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның тиiстi дәрежеде куәландырылған көшiрмесi банк клиенттерi көруiне оңтайлы жерге орналастырылуы тиiс.
       Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 1999.07.16. N 436  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.05.16. N 416  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен. 

       27-бап. Банк операциясын жүргiзуге лицензия беруден
              бас тарту негiздерi

      Банк операциясын жүргiзуге лицензия беруден бас тарту:
      а) осы Заңның 26-бабының 2 және 2-1-тармақтарында белгiленген талаптардың кез келгенi сақталмаған ретте; 
      б) егер банк мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап бiр жыл iшiнде лицензия алу жөнiнде өтiнiш жасамаған ретте жүргiзiледi.
      Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен .

       28-бап. Банкiнiң құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн
              өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Банкiнiң құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн оның iшiнде, Әдiлет органдарында қайта тiркеуден өту талап етiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар уәкiлеттi органмен мiндеттi түрде алдын ала келiсiлуге тиiс. 
      2. Банкiнiң құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiсiм беру туралы мәселенi уәкiлеттi орган бiр ай iшiнде қарауға тиiс.
      2-1. Құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн, оның iшiнде әдiлет органдарында қайта тiркелудi қажет ететiн өзгерiстердi немесе толықтыруларды мемлекеттiк тiркелуден кейiн банк он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде тiркеген әдiлет органының белгiсi және мөрi бар құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң немесе толықтырулардың нотариаттық куәландырылған көшiрмесiн уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi. 
      3. Банктi банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым ретiнде ерiктi түрде қайта құру шарты, негiзi және тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. 
       Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 1999.07.16. N 436  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен .

       29-бап. Банктің филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу

      1. Қазақстан Республикасының резидент-банкі банктің директорлар кеңесінің шешімі негізінде уәкілетті органның келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында да, сонымен қатар одан тысқары жерлерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін - өз филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы.
      2. Банк өзінің филиалы мен өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде олардың ашылғаны туралы уәкілетті органға:
      1) банк филиалы мен өкілдігін есептік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
      2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі бар банктің филиалы немесе өкілдігі туралы нотариат куәландырған ереженің көшірмесін;
      3) Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға филиал үй-жайының сәйкестігін растайтын (филиалды ашу кезінде) Ұлттық Банктің тексеру қорытындысы мен актісінің нотариат куәландырған көшірмесін;
      4) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, жазбаша хабарлауға міндетті.
      3. Қазақстан Республикасы аумағында банктің филиалын немесе өкілдігін құруға, жабуға жергілікті өкілді және атқарушы органдардың келісімі талап етілмейді.
      4. Банктің филиалы - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банк атынан банк қызметін жүзеге асыратын және өзіне банк берген өкілеттік шегінде әрекет ететін банктің оқшауланған бөлімшесі. Банк филиалының банкпен бірыңғай балансы, сондай-ақ банк атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.
      Банк филиалы бір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегінде бірнеше мекен-жай бойынша орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.
      5. Банктің өкілдігі - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банктің атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететін, банк қызметін жүзеге асырмайтын банктің оқшауланған бөлімшесі.
      6. Банктің филиалдар ашуының, сондай-ақ бірнеше мекен-жайлар бойынша орналасқан жұмыс істеп тұрған филиалдардың қосымша үй-жайларының санын арттыру үшін:
      1) банктің соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша залал шектірмеген қызметі;
      2) филиал әділет органдарында есептік тіркелген күннің алдындағы үш ай ішінде банктің пруденциалдық нормативтерді сақтауы;
      3) филиал әділет органдарында есептік тіркелген күннің алдындағы үш ай ішінде уәкілетті органның банкке санкциялар қолданбауы;
      4) Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға филиалдың үй-жайының сәйкестігін растайтын Ұлттық Банктің тексеру қорытындысы мен актісінің болуы міндетті шарттар болып табылады.
      Осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген талап банктің меншікті капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды сақтаған жағдайда жаңадан құрылған банкке ол құрылған күннен бастап үш жыл ішінде қолданылмайды.
      7. Қазақстан Республикасының резидент банкі соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша банктің қызметі залал шекпеген жағдайда өкілдігін ашуға құқылы.
      8. Филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент банкі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмесін табыс етуге тиіс.
      Филиалдың орналасқан жері өзгерген жағдайда, банк уәкілетті органға Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға филиалдың үй-жайының сай келетінін растайтын Ұлттық Банктің тексеру қорытындысы мен актісінің нотариат куәландырған көшірмесін қосымша табыс етеді.
      9. Қазақстан Республикасының резидент банкі Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде филиалдары мен өкілдіктерін ашқан жағдайда, мемлекеттің тиісті органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттің тиісті органында тіркелгендігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, олардың ашылғаны туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлауға міндетті.
      10. Қазақстан Республикасының резидент емес банкі өз өкілдігін уәкілетті органның келісімін алмастан ашуға құқылы.
      11. Қазақстан Республикасының резиденті емес-банктің өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ашылғаны туралы:
      1) Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк өкілдігінің есептік тіркелгені туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесін;
      2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі бар өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;
      3) тиісті мемлекеттің банктік қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес-банктің банк қызметін жүргізуге қолданыстағы лицензиясының бар екені туралы жазбаша растамасын;
      4) тиісті мемлекеттің банктік қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк өкілдігінің ашылуына қарсы емес екені туралы жазбаша хабарламасын не банктік қадағалау органының немесе тиісті мемлекеттің беделді заң қызметінің Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы өтінішін;
      5) банк өкілдігі басшысының атына берілген нотариат куәландырған сенімхатты қоса бере отырып, жазбаша хабарлауға міндетті.
      12. Қазақстан Республикасында резидент емес-банктің филиалдарын ашуға тыйым салынады.
      13. Қазақстан Республикасының резиденті емес-банктің өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін, осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, хабарлауға міндетті.
      14. Банк өзінің филиалы және (немесе) өкілдігі әділет органдарында (Қазақстан Республикасынан тысқары жерде филиалдар немесе өкілдіктер қызметі тоқтатылған кезде - мемлекеттің тиісті тіркеу органында) есептік тіркеуден шығарылған күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органға банк филиалының және (немесе) өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын әділет органы құжатының нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарлауға тиіс.
      15. Уәкілетті орган, осы баптың 2, 6-9, 11 және 13-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының резидент-банкінің филиалын және (немесе) өкілдігін және резиденті емес-банк өкілдігін жабуды талап етуге құқылы.
       Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен. 

  3-тарау. 

       Ескерту. 3-тараудың тақырыбы алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)  Заңымен .             

       30-бап. Банк қызметі

      1. Банктердің осы бапта белгіленген банк және өзге де операцияларды жүзеге асыруы банк қызметі болып табылады.
      2. Банк операцияларына:
      1) депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
      2) депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
      3) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
      4) жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу жатады, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетіледі;
      5) кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны ұсатуды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, қаттап бууды және сақтауды қоса алғанда, осы тармақтың 1), 2), 6)-9), 12) және 13) тармақшаларында көзделген банк операцияларының бірін жүзеге асыру кезінде оларды қабылдау және беру;
      6) аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындау;
      7) есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдері мен өзге де борышкерлік міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
      8) банктік заем операциялары: банкке, ипотекалық ұйымға, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерге және (немесе) дилерге және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесiлi заңды тұлғаға төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер беру;
      9) шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
      10)  алып тасталды
      11)  алып тасталды
      12) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;
      13) төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
      14) аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
      15) банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;
      16) банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдемелерін және өзге де міндеттемелерді беруі жатады.
      3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен микрокредиттік ұйымдар ретінде тіркелген заңды тұлғалардың микрокредиттер беру жөніндегі қызметі банк операцияларына жатпайды.
      4. Осы баптың 2-тармағында тізіп көрсетілген банк операциялары Ұлттық Банк белгілеген тәртіпте электрондық тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін.
      5. Банктерге осы бапта көзделген банк және өзге де операцияларын жүргізуге лицензияны уәкілетті орган береді.
      Банктерге осы баптың 2-тармағының 5), 9) және 12) тармақшаларында және 11-тармағының 9) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензия беру кезінде Ұлттық Банктің оң қорытындысы талап етіледі.
      6. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, осындай ұйымның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің лицензиясы болған жағдайда осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларының бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыра алады.
      Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензияны, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган береді.
      Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру кезінде осы баптың 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген операцияларды жүргізуге Ұлттық Банктің оң қорытындысы талап етіледі.
      Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде осы баптың 2-тармағында көзделген өзге де банк операцияларымен осы баптың 2-тармағының 9) және 12) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізу мүмкіндігі көзделген болса, онда лицензияны Ұлттық Банктің оң қорытындысы болған жағдайда уәкілетті орган береді.
      7. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға осы баптың 2-тармағының 12) тармақшасында көзделген операцияны жүргізуге және айрықша қызмет түрі осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген операциялар болып табылатын заңды тұлғаларға лицензияны Ұлттық Банк береді.
      8. Банк операцияларын, сондай-ақ банктердің осы бапта көзделген жүзеге асыратын өзге де операцияларын лицензиялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      9. Лицензиялау тәртібі Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы бапта көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
      10. Уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде банктер мен жекелеген қызмет түрлеріне лицензия алуға байланысты банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
      11. Банктер, осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларымен қатар, уәкілетті органның лицензиясы болған жағдайда мына операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
      1) тазартылған қымбат бағалы металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйінде, тазартылған қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
      2) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
      3) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлемшілердің вексельдерді төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртібімен домицилденген вексельдерді, вексельдер акцептін төлеу;
      4) лизинг қызметін жүзеге асыру;
      5) өзінің бағалы қағаздарын (акцияларды қоспағанда) шығару;
      6) факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем жүргізуді талап ету құқығын алу;
      7) форфейтингтік операциялар (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу;
      8) сенімгерлік операциялар: сенімгердің мүддесіне және тапсырмасы бойынша ақшаларды, ипотекалық қарыздар және тазартылған қымбат бағалы металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару;
      9) сейфтік операциялар: сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер.
      12. Банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
      1) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен - брокерлік;
      2) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен, осы Заңның 8-бабында белгіленген жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен - дилерлік;
      3) кастодиандық;
      4) трансфер-агенттік.
      Банктердің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің жоғарыда аталған бір немесе бірнеше үйлесімді түрлерін жүзеге асыруына лицензияны уәкілетті орган береді.
      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген рейтингтік агенттіктердің тізбесін және ең төменгі талап етілетін рейтингін уәкілетті орган айқындайды.
      13. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын тек депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын банктер, сондай-ақ оның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес уәкілетті орган берген лицензиясы негізінде Ұлттық почта операторы жүргізуге құқылы.
       Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз), 2006.07.07. N  178 , 2007.01.12. N  222  (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       31-бап. Банкiлер жүргiзетiн операцияларға қойылатын
              жалпы талаптар

      1. Банкiлер банк қызметiн операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарын белгiлейтiн ережелер мен iшкi ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыруға құқылы.
      2. Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ережелерiн банк директорларының кеңесі бекiтуге және оларда мынадай мәлiметтер мен рәсiмдер болуға тиiс: 
      а) қабылданатын депозиттер мен берiлетiн несиелердiң шектi сомасы мен мерзiмi;
      б) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы ставкасының шектiк мөлшерi;
      в) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы төлеудiң шарттары;
      г) банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
      д) банк операцияларын жүргiзу ставкалары мен тарифтерi;
      е) банк пен оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, олардың жауапкершiлiгi;
      ж) банк директорларының кеңесі банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарына енгiзу қажет деп есептейтiн басқа шарттар, талаптар мен шектеулер. 
      3. Банкiнiң iшкi ережелерi:
      а) банк бөлiмшелерiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;
      б) iшкi аудит қызметiнiң, несие комитетi мен басқа да тұрақты жұмыс iстейтiн органдар қызметiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;
      в) құрылымдық бөлiмшелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн;
      г) банкiнiң атынан және оның есебiнен мәмiле жасаған кездегi лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiнiң өкiлеттiгiн белгiлеуге тиiс.
       Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 1999.07.16. N 436  Заңымен , 2003.05.16. N 416  Заңымен .

       32-бап. Банкiнiң банк операцияларын жүргiзудiң жалпы
              шарттарын ашу жөнiндегi мiндетi

      1. Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары ашық ақпарат болып табылады және ол коммерциялық немесе банк құпиясының мәнi бола алмайды. Бұл қалып осы Заңға сәйкес банк құпиясына не қолданылып жүрген заңдарға сәйкес коммерциялық құпия санатына жатқызылған нақты банк операциясын жүргiзу шарттарына қолданылмайды. 
      2. Банкiлер клиенттiң бiрiншi талап етуi бойынша банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттар туралы ережесiн беруге мiндеттi.
      3. Банкiлердiң клиентке банк операциясын жүргiзуге байланысты ықтимал тәуекелдер туралы ақпарат беруден бас тартуға құқығы жоқ.
      4. Қаржы қызметі бойынша сыйақының шамасы туралы ақпаратты тарату, оның ішінде жариялау кезінде банктер сенімді, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелетін сыйақы ставкасын қосымша көрсетуге міндетті, оның тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
      Аталған талапты сақтамаған жағдайда уәкілетті орган банкке осы заңның 47-бабында көзделген санкцияны қолдануға құқылы.
       Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен. 

       33-бап. Банк пен клиент арасындағы қатынастардың
              шарттық сипаты

      1. Банкiлер арасындағы, сондай-ақ банкiлер мен олардың клиенттерi арасындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Банк клиенттерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кредитор-банктi хабардар ете отырып, басқа банктерде банктiк шоттар ашуға құқылы.
       Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен

       34-бап. Банктік заем операциясы

      1.  алып тасталды - 2005.12.23. N  107  Заңымен.
      1-1. Банктің, ипотекалық ұйымның немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесiлi заңды тұлғаның кредиттік бюролардың деректер базасына қарыз алушы және жасалатын мәміле (қарыз операциясы) туралы мәліметтер, сондай-ақ тараптардың өз міндеттемелерін орындауына байланысты ақпарат беруіне қарыз алушының жазбаша келісімінің болуы қарыз беру туралы шарт жасаудың міндетті талабы болып табылады. 
      2. Банктік заем операциялары банктің, ипотекалық ұйымның, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокердің және (немесе) дилердің немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесiлi заңды тұлғаның басқару органы бекітетін Банктің ішкі кредит саясаты туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Банкiнiң заем комитетi iшкi несие саясатын жүзеге асырушы орган болып табылады.
      4. Iшкi заем саясаты туралы ережелер банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру кезiнде тәуекелдi бәсеңдету мақсатында жасалып, мыналарды:
      а) заңды және жеке тұлғаларға заем беру шарттарын;
      б) лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiне заем беру шарттарын;
      в) заем комитетiнiң ұйымдық құрылымын, қызметi мен өкiлеттiгiн;
      г) заем комитетi мүшелерiнiң жауапкершiлiгiн;
      д) заем берудiң шектi өлшемiн;
      е) заем шарттарын бекiту рәсiмiн белгiлейдi.
      5. Осы баптың 2-4-тармақтарында белгiленген қалыптар банктердiң кепiлдiктер және кепiлдемелер беру жөнiндегi операцияларына қолданылады.
       Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 1999.07.16. N 436  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.05.16. N 416  Заңымен , 2004.07.06. N 572  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз), 2006.07.07. N  178  Заңдарымен. 

       35-бап. Несиелердiң қайтарымдылығын қамтамасыз ету

      1. Несиелердiң қайтарымдылығы айыпақымен, кепiлмен, кепiлдiкпен, кепiлдемемен және заңдармен немесе шартпен көзделген басқа әдiстермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн. 
      2. Клиенттiң несиенi қайтаруға жоғары қабiлеттiлiгi мен сенiмдiлiгi болған жағдайда банк несиенi қамтамасыз етусiз-ақ (банкiлiк несие) беру туралы шешiм қабылдауға құқылы. 
      Банк бiр заемшыға осы заемшының банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алған заем қаражатының көлемiн шегерiп тастағанда активтердiң орташа жылдық құнынан асып кететiн жалпы сомаға банк кредитiн беруге немесе қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттеменi қабылдауға құқылы емес. Заемшының активтерінің орташа жылдық құны есепті жылдың басынан осы кредитті алған күнге дейінгі кезеңге есептеледі. 
      3. Кепiл туралы шартпен, сондай-ақ заң актiлерiмен көзделген реттерде кепiлге салынған мүлiктi соттан тыс тәртiппен сауда (аукцион) өткiзу арқылы өз бетiмен өткiзуге құқылы.
      4. Осы баптың 1-3-тармақтарында белгiленген қалыптар банктердiң кепiлдiктер мен кепiлдемелер беру жөнiндегi операцияларын қамтамасыз етуге қолданылады.
       Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен .

       36-бап. Төлеуге қабiлетсiз қарыз алушыға қатысты
              қолданылатын шаралар

      Несие берушi банк несие шарты бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған қарыз алушыға:
      жаңадан несие бермеуге;
      қарыз алушының кез келген шотындағы ақшасынан (егер бұл несие шартында ескерiлген болса) қарыз алушының келiсiмiнсiз өндiрiп алуға;
      төлеуге қабiлетсiз қарыз алушыны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп тану туралы сотқа талап арызын беруге құқылы.
       Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 1998.06. 29. N 236  Заңымен

       37-бап. Талап қою және қуынымның ескiру мерзімi

      Банктердiң кредит шарттарын тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн қарыз алушыларға қойған талаптарына талап қою мен қуынымның ескiру мерзiмi қолданылмайды. 
       Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен

         38-бап. Төлемдер және ақшалай қаражаттар аударуды
               жүзеге асыру
 
      1. Банктер Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын заңдарда белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады. 
      2. Ақша және төлемдер аудару тиiстi дәрежеде жүзеге асырылмаған ретте банк Қазақстан Республикасының заңдарына және клиентпен (депозитормен) жасасқан шартқа сәйкес жауапты болады. 
      3. Ақшаның халықаралық төлемдерін және аударылымдарын банкiлер халықаралық банк тәжiрибесiнде қолданылатын және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн түрлерiнде әдiстер мен тәртiп бойынша жүзеге асырады. 
      4. Банк төлем құжатының қолдан жасалғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ олардың қате есептелу фактiсi анықталған жағдайда клиенттердiң (депозиторлардың) шотынан есептелген ақшаны олардың келiсiмiнсiз есептен алып қоюға құқылы.
       Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 1999.07.16. N 436  Заңымен

       39-бап. Ставкалар мен тарифтер

      Сыйақылар мен комиссиялардың ставкаларын, сондай-ақ банк қызметi көрсетiлгенi үшiн тарифтердi банкiлер дербес белгiлейдi.
       Ескерту. 39-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен

       40-бап. Банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты
             адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға тыйым салу

      1. Банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға банкiлерге тыйым салынады. 
      2. Жеңiлдiк жағдайлар жасау дегенiмiз: 
      табиғатына, мақсатына, ерекшелiктерiне және тәуекел етуiне қарай банк өзiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдар болып табылмайтын клиенттермен мәмiле жасай қоймайтын, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен немесе оның мүддесіне мәмiле жасасу. 
      Банк өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға қамтамасыз етусіз заемдар (бланктік заемдар) бере алмайды. 
      банк операциясын орындағаны немесе басқа клиенттерден талап етiлетiнiне қарағанда төмен қамтамасыз етудi қабылдағаны үшiн сыйақылар мен төлемдер өндiрiп алу. 
      3. Банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдар деп мыналар танылады: 
      а) аталған банкiнiң кез келген лауазымды адамы немесе басшы қызметкерi, филиалдың бірінші басшысы және бас бухгалтері, сондай-ақ олардың жұбайлары және жақын туыстары; 
      б) аталған банкiнiң iрi қатысушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға не банкiнiң iрi қатысушысының лауазымды адамы, сондай-ақ олардың жұбайлары және жақын туыстары; 
      в) осы баптың 3-тармағының (а) және (б) тармақшаларында көрсетiлген адамдар iрi қатысушысы болып табылатын заңды тұлға; 
      г) өзiне қатысты жағынан осы банк iрi қатысушысы болып табылатынын заңды тұлға, осы заңды тұлғаның лауазымды адамдары, олардың жұбайлары және жақын туыстары;
      д) банктің аффилиирленген тұлғалары. 
      3-1. Банк қандай да бір тұлғамен оған: 
      банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға алдындағы міндеттемені төлеуге; 
      банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан қандай да бір мүлікті сатып алуға; 
      банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға эмитациялаған бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік беру мақсатымен мәміле жасай алмайды. 
      4.  алып тасталды -   2005.12.23. N  107  Заңымен.
      5. Өзара байланысты заңды тұлғалар тобының бiреуiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адам олардың әрқайсысымен ерекше қатынастар арқылы байланысты адам деп танылады. 
      6. Екi және одан көп заңды тұлғалар, егер олардың ең болмағанда бiреуi екiншiсiнiң iрi қатысушысы болса, өзара байланысты заңды тұлғалар тобы деп танылады. 
      7. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле жасау осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, банктің директорлар кеңесінің шешімі бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Банкпен ерекше қатынастарға байланысты тұлғаларға берiлген (тұлғаларда орналастырылған) активтерге қатысты талаптардың құқықтарынан бас тарту акционерлердiң жалпы жиналысында кейiннен хабарлана отырып, жүзеге асырылады.<*>
      Банктің басшы қызметкері, филиалдың бірінші басшысы және бас бухгалтері банк пен: 
      олардың өздерінің; 
      өзінің кез келген жақын туысының; 
      өзі немесе өзінің жақын туыстарының бірі лауазымды адамы немесе ірі қатысушысы болып табылатын кез келген заңды тұлғамен арадағы кез келген мәмілені қарауға және ол бойынша шешім қабылдауға қатыспауы тиіс. 
      Банк және банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша директорлар кеңесінің шешімі оның барлық шарттарын директорлар кеңесі қарағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін. 
      8. Банк уәкiлеттi органға өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалған барлық мәмілелер туралы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысандар бойынша ақпарат беруге міндетті. 
       Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 1999.07.16. N 436  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.05.16. N 416  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

  4-тарау. Банкiлердiң қызметiн реттеу және депозиторлардың
мүддесiн қорғау

       41-бап. Банктерге және олардың лауазымды адамдарына
              қолданылатын шаралар. Банктiк реттеу тәсiлдерi

      Банкiлердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкiлеттi орган банкiлердiң қызметiн реттеудi, соның iшiнде:
      күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкiлер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу; 
      банкiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып шығару;
      банкiлердiң қызметiн тексеру;
      банкiнiң қаржы жағдайын сауықтыру жөнiнде ұсыныстар беру;
      банкiлерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану;
      банкiлерге санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.
      Банктердің қызметін реттеу жекелеген банктерге қатысты да, шоғырландырылған негізде де, яғни банк конгломератына қатысты да жүзеге асырылады. Шоғырландырылған қадағалау ережелерін уәкiлеттi орган белгілейді.
       Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 1999.07.16. N 436  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2005.07.08. N 69  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз), 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.

       42-бап. Пруденциалдық қалыптар және сақталуға мiндеттi
                өзге де нормалар мен лимиттер

      1. Банкiлер мiндеттi түрде сақтау үшiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн пруденциалдық қалыптардың құрамына:
      банкiнiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi;
      өз капиталы жеткiлiктiлiгiнің коэффицентi;
      бiр қарыз алушыға жасалатын тәуекелдiң ең көп мөлшерi;
      өтiмдiлiк коэффицентi;
      ашық валюталық позиция лимиттерi енедi.
      Банк конгломераттары міндетті түрде сақтау үшін уәкiлеттi орган белгілейтін пруденциалдық нормативтердің құрамына:
      жарғылық капиталдың ең аз мөлшері;
      өз капиталы жеткіліктілігінің коэффиценті;
      бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері енеді.
      Уәкiлеттi орган халықаралық банк тәжiрибесiнде пайдаланылатын қосымша пруденциалдық қалыптар және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттер белгiлеуге құқылы. 
      Уәкiлеттi орган банк заңдарына сәйкес банктерді және (немесе) банк холдингтерін не олардың лауазымды адамдарын және (немесе) банк акцияларының жиырма бес процентінен астамын иеленетін банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғаларды пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді банктің бұзғаны үшін жауапқа тарту жөнінде шаралар қолданады.
      Уәкілетті орган банк холдингі жоқ банктерге және банк конгломераттарына жекелеген пруденциялық нормативтер мен аталған банкке және банк конгломератына тән тәуекел факторларының ықтимал ең жоғары өзгерістері кезінде туындайтын әлеуетті қомақты шығындардың орнын толтыру үшін жеткілікті деңгейдегі олардың нормативтік мәнін белгілеуге құқылы. 
      2. Банктiң қаржы жағдайының қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы мәселенi шешу мақсатында уәкiлеттi орган белгiлi бiр күнге банк және банк тобы капиталының мөлшерiн белгiлеуге құқылы. 
      3. Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi маңызы мен есептеу әдiстемелерiн, белгiлi бiр күнге шектi банк және банк конгломераты капиталының мөлшерiн, ашық валюталық позицияларды есептеу тәртiбi мен олардың лимиттерiн, тиiстi есеп беру түрлерi мен оны табыс ету мерзiмдерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 
      4. Банк уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициентін бұзған жағдайда, банк уәкiлеттi органға қайта капиталдандыру жоспарын жіберуі тиіс. Жоспарды бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды және олардың мерзімін егжей-тегжейлі көрсете отырып, өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициентін бұзған күннен бастап бір айдың ішінде ұсыну қажет. 
      5. Банк холдингтері, сондай-ақ банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды қоспағанда) жиырма бес процентінен астамын тікелей және жанама иеленетін банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
      Банктің қаржылық жай-күйі нашарлаған жағдайда банк холдингі уәкілетті органның талабы бойынша банктің қаржылық жай-күйін жақсарту үшін шаралар қолдануға, оның ішінде банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде банктің меншікті капиталын ұлғайтуға міндетті.
       Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгізілді, 2-тармақпен толықтырылды, 2-тармақ 3-тармақ болып саналды - Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50  Заңымен , 1997.07.11. N 154  Заңымен , 1999.07.16. N 436  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2005.07.08. N 69  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

         43-бап. Резервтiк капитал мен күдiктi және сенiмсiз
              активтерге қарсы провизиялар (резервтер)

      1. Банк қызметiн жүзеге асыруға байланысты залалдардың орнын жабу мақсатында банкiлер резервтiк капитал құруға мiндеттi. Резервтiк капитал дивидендтер төленгенге дейiн банкiлердiң таза кiрiсi есебiнен құрылады. Банкiнiң резервтiк капиталының ең төменгi мөлшерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 
      2. Жүргiзiлiп жатқан операциялардың сипаты мен ауқымына сәйкес өз қызметiн бақылауды және оның сенiмдiлiгiн тиiстi дәрежеде қамтамасыз ету мақсатында банкiлер күдiктi және сенiмсiз талаптарды бөле отырып және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiп пен шарттар бойынша оларға қарсы провизия (резервтер) жасай отырып, берiлген несиелер мен басқа да активтердi классификациялауды жүзеге асыруға мiндеттi.
       Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 1997.08.12. N 200  Заңымен , 1998.06.29. N 236  Заңымен , 1999.07.16. N 436  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен .

       44-бап. Банкiлердiң қызметiн тексеру

      1. Банкiлердiң қызметiн тексерудi Ұлттық Банк дербес не басқа ұйымдарды қатыстыра отырып жүргiзедi.
      Уәкiлеттi орган банктердің қызметіне тексеру жүргізу кезінде банктердің аффилиирлендірілген тұлғаларының қызметін олардың банктер қызметіне ықпал ету дәрежесі мен сипатын айқындау мақсатында ғана тексеруге құқылы. 
      2. Уәкiлеттi органның тексеру жөнiндегi тапсырмасында көрсетiлген мәселелер бойынша банкiлер, сондай-ақ олардың аффилиирлендірілген тұлғалары тексерушi органға көмек көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлерге сауал-сұрақ қою мүмкiндiгiн және тексерудi орындау үшiн қажеттi кез келген ақпарат көздерiн алуды қамтамасыз етуге мiндеттi. 
      3. Уәкiлеттi органның қызметкерлерiне банкiлердiң қызметiн тексеру барысында алынған мәлiметтердi жария етуге не үшiншi адамдарға беруге тыйым салынады.
      4. Тексерудi жүзеге асырушы адамдар банкiлердiң қызметiн тексеру барысында алынған және банкiлiк не коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауапты болады.
      Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N  162 , 2003.07.10. N  483  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.

      45-бап. Банкiнiң қаржы жағдайын сауықтыру жөнiндегi
               ұсыныстар

      Банкiнiң қаржы жағдайы нашарлаған реттерде уәкiлеттi орган оның акционерлерi алдына қаржыны сауықтыру, басшылықты ауыстыру қажеттiгi туралы немесе: 
      депозиттер қабылдауды шектеу туралы; 
      жарғылық капиталды ұлғайту туралы; 
      дивидендтер төлеудi тоқтатып, провизияларды ұлғайту туралы; 
      жекелеген филиалдар мен өкiлдiктердi жабу арқылы, сондай-ақ қызметкерлердi қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу арқылы шығындарды азайту туралы;
      банкiнiң кез келген лауазымды адамдарын немесе қызметкерлерiн мүлдем немесе уақытша қызметтен шеттету туралы;
      жоғары тәуекел деңгейлi банк операцияларының кейбiр түрлерiн тоқтата тұру немесе шектеу туралы ұсыныстар берудi қоса, банкiнi қайта құру қажеттiгi жөнiнде мәселе қоюға құқылы.
       Ескерту. 45-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен .

       46-бап. Ықпал етудiң шектеулi шаралары

      1. Уәкiлеттi органның пруденциалдық қалыптарының және сақталуға мiндеттi басқа да нормалары мен лимиттерiнiң бұзылғанын, нормативтiк құқықтық құжаттарының бұзылғанын уәкiлеттi орган тапқан, банкiнiң лауазымды адамдары мен қызметкерлерiнiң оның қаржы қауiпсiздiгi мен тұрақтылығына, сондай-ақ оның депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнiң мүдделерiне қауiп төндiретiндей заңсыз әрекеттерiн немесе әрекетсiздiгiн анықтаған реттерде уәкiлеттi орган банкiге мынадай шектеулi ықпал ету шараларының бiрiн қолдануға: 
      а) мiндеттеме-хат талап етуге; 
      б) банкiмен жазбаша келiсiм жасасуға; 
      в) ескерту жасауға; 
      г) атқарылуға мiндеттi жазбаша нұсқама беруге құқылы. 
      2. Банкiнiң мiндеттеме-хатында орын алып отырған кемшiлiктердi мойындау фактiсi және банк басшылығының жоспарланған шаралар тiзбесiн көрсете отырып, оларды қатаң белгiленген мерзiмде қоятындығы туралы кепiлдемесi болуға тиiс. 
      3. Жазбаша келiсiм - бұл анықталған кемшiлiктердi дереу жою қажеттiгi туралы және осыған байланысты бiрiншi кезектегi шараларды бекiту туралы банк пен уәкiлеттi орган арасындағы келiсiм. 
      4. Жазбаша нұсқама - анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы мiндеттi түзету шараларын қолдану туралы банкке нұсқау. 
      Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды. 
      5. Банк мiндеттеме-хаттың, жазбаша келiсiмнiң немесе жазбаша нұсқаманың осы құжатта көрсетiлген мерзiмде орындалғаны туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi. 
      6. Егер орын алып отырған кемшiлiктер Ұлттық Банк белгiлеген мерзiмде жойылмаған немесе уәкілетті орган банктің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда, жазбаша ескерту осы Заңның 47-бабында көзделген санкцияларды банкiге қолдану мүмкiндiгi туралы уәкiлеттi органның хабардар етуi болып табылады. 
      7. Ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      8. Осы бапта келтірілген шаралар, егер уәкiлеттi орган осы тұлғалардың, оның лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің жолсыздықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі банктің қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, банктің ірі қатысушыларының, банк холдингінің, сондай-ақ банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың аффилиирленген тұлғаларына қатысты да қолданылуы мүмкін.
      9. Ұлттық Банк реттелуi өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзу анықталған жағдайда, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 1-тармағының а), в), г) тармақшаларында көрсетiлген ықпал ету шараларын қолдануға құқылы. 
       Ескерту. 46-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 Заң күші бар  Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2005.07.08. N 69  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

       47-бап. Санкциялар

      1. Уәкiлеттi орган төменде көрсетiлген негiздер бойынша банкiге бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан оған санкциялар қолдануға құқылы. 
      2. Санкциялар ретiнде уәкiлеттi орган мынадай шаралар қолдануға: 
      а) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген негiздер бойынша айыппұл салуға; 
      б) осы Заңның 48-бабында белгiленген негiздер бойынша барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұруға не одан айыруға; 
      в) осы Заңның 62-67-баптарында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша банкiнi консервациялауға; 
      г) осы Заңның 49-бабында көзделген негiздер бойынша банк ашуға берiлген рұқсаттан айыруға құқылы; 
      д) банктің меншікті капиталының теріс мөлшері болған жағдайда және осы Заңның 48-бабы 1-тармағының г) тармақшасында көзделген негiздемелер бар болса, Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша банк акцияларын (акционерлердiң үлесiн) уәкiлеттi орган белгiлеген баға бойынша акцияларды, кейiннен жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша мiндеттi түрде дереу сату, сонымен бiр мезгiлде банк пен оның акционерлерiнiң барлық құқықтары мен міндеттемелерiн беру шартымен, мәжбүрлеп сатып алу туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күнгi оның міндеттемелерінің сомасы шегерілген банк активтерінің құнын негiзге ала отырып шешiм қабылдау; 
      е) осы Заңның 20-бабында көрсетiлген адамдарды осы мәселенi банктiң тиiстi органы қарағанға дейiн, банктiң аталған басшы қызметкерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекетiнiң қолданылып жүрген заң талаптарына сай келмейтiнiн тануға жеткiлiктi мәлiметтер негiзiнде лауазымды мiндеттерiн атқарудан шеттету. 
      ж)  алып тасталды -   2005.12.23. N  107  Заңымен.
      з) банктің және (немесе) банк конгломератының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерінің мәндері уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарымен белгіленген нормативтерден елу проценттен аз деңгейге дейін төмендеген жағдайда, банк осы Заңның 60-бабы және уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен кредиттік серіктестік болып қайта құрылуға міндетті. 
      Банк осы тармақшаның бірінші абзацында айтылған құқықтан бас тартқан немесе осы Заңның 61-бабында көрсетілген негіздер бойынша банктің кредиттік серіктестік болып қайта құрылуына рұқсат беруден бас тартылған жағдайда, уәкiлеттi орган банк акцияларын осы Заңның 47-1-бабының 3-тармағына сәйкес, ол (олар) осы Заң талаптарын сақтаған жағдайда, кейіннен жаңа инвесторға (инвесторларға) иеліктен шығарып беру үшін банк акцияларын уәкiлеттi орган сенімгерлікпен басқаруына беру жөнінде банк акционерлерімен шарт жасасу туралы шешім қабылдауға құқылы. 
      Акционерлер акцияларын сенімгерлікпен басқаруға беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы. 
      3. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағының e) тармақшасында көзделген санкцияны қолданған жағдайда, қызметiнен шеттетiлген қызметкерлердi жұмыстан босату туралы шешiмдi оларды тиiстi қызметтерге тағайындаған немесе сайлаған органдар қабылдайды. 
      4.  (алып тасталды)
      5. Банк операцияларын жүргiзуге арналған банк лицензиясынан (лицензияларынан) айыру туралы шешiмi оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi. 
      6. Уәкiлеттi орган банк операцияларын жүргiзуге арналған банк  лицензиясынан (лицензияларынан) айырғаннан кейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша әкiмiн) тағайындайды, оған барлық басқару органының өкiлеттiгi көшедi. 
      Банктiң бұрынғы iс-әрекет етушi органдарының өкiлеттiгi тоқтатылады.
      6-1. Ұлттық Банк бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға санкциялар қолдануға құқылы. Ұлттық Банк санкция ретiнде банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 2-тармағының а) тармақшасында көрсетiлген шараларды, сондай-ақ лицензиясын Ұлттық Банк беретiн, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 2-тармағының б) тармақшасында көрсетiлген шараларды қолдануға құқылы. 
      7. Уәкiлеттi орган банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензия қайтарып алынғаннан кейiн он жұмыс күні iшiнде белгiленген заң тәртiбiмен сотқа банк қызметiн мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтiнiш бередi.
      Уәкiлеттi орган лицензияны керi қайтарып алу жөнiнде қабылданған шешiм туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таратылатын мерзiмдiк екi баспа басылымында жариялайды.
      8. Банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияны қайтарып алу туралы шешiмiне банктiң атынан тек оның акционерлерi ғана шағымдануға құқылы. Аталған шешiмге сот тәртiбiмен 10 күн мерзiм iшiнде шағымдануға болады.
       Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 Заң күші бар  Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50  Заңымен , 1997.07.11. N 154  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен ,  6-1-тармақпен толықтырылды - 2005.07.08. N 69  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз), 2007.01.12. N  222  (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       47-1-бап. Банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне
                және банк конгломератының құрамына кіретін
                заңды тұлғаларға қатысты қолданылатын
                мәжбүрлеу шаралары

      1. Уәкiлеттi орган банктің ірі қатысушыларына және банк холдингтеріне немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мынадай жағдайларда:
      ірі қатысушы және банк холдингі мәртебесіне ие болуға уәкiлеттi органның келісімін алмаса;
      банктің ірі қатысушысы және банк холдингі мәртебесіне ие болғаннан кейін осы Заңның 17-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мән-жайлар пайда болса;
      осы Заңның 46-бабына сәйкес Ұлттық Банктің жазбаша нұсқамаларын орындамаса;
      банктің ірі қатысушылары (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдар), банк холдингі немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғалар оның салдарынан банкке зиян келтіретін іс-әрекет жасағанда;
      банктің ірі қатысушыларының (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдардың), банк холдингінің немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғалардың оның салдарынан банкке зиян келтіретін қаржылық жай-күйі тұрақсыз болғанда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы. 
      Сондай-ақ осы Заңның 42-бабы 5-тармағының талаптарын орындамауға әкеп соқтырған әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін де уәкiлеттi орган банк холдингтеріне мәжбүр ету шараларын қолдануға құқылы. 
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған ретте, уәкiлеттi орган: 
      ірі қатысушыдан оның банктегі тікелей немесе жанама иелену үлесін дауыс беруші акциялардың он процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды не банк қызметін басқаруға тікелей немесе жанама қатысудан, оның ішінде дауыс беруді жүзеге асыру құқығын жүзеге асырудан бас тартуды талап етуге; 
      банк холдингінен оның банктегі тікелей немесе жанама иелену үлесін дауыс беруші акциялардың жиырма бес процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды не банк қызметін басқаруға тікелей немесе жанама қатысудан, оның ішінде дауыс беруді жүзеге асыру құқығынан бас тартуды талап етуге және банкті тәуекелдікке душар еткізетін банк холдингі мен банк арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруға; 
      банктен банк немесе банк холдингі қатысушы болып табылатын ұйымға, сондай-ақ банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты ұйымдар мен банк арасындағы банкті тәуекелдікке душар еткізетін операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
      банктен немесе банк холдингінен өз үлесін иеліктен шығаруды немесе еншілес ұйымдарға немесе жарғылық капиталына қомақты қатысатын ұйымдарға бақылау жүргізуді талап етуге құқылы.
      3. Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды уәкiлеттi орган белгілеген мерзім ішінде орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган банктің ірі қатысушысының және (немесе) банк холдингінің акцияларын, Ұлттық Банктің банкті басқаруға қатысатын сенімгерлікпен басқарушы ретіндегі құқығымен үш айға дейінгі мерзімге уәкiлеттi органның сенімгерлікпен басқаруына беру жөнінде банк акционерлерімен шарт жасасу туралы шешім қабылдауға құқылы, ал сенімгерлікпен басқаруға беруге негіз болған себептерді жоймаған жағдайда, осы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өткізу арқылы осы тұлғалардың акцияларын иеліктен шығаруға құқылы, бұл орайда акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкiлеттi органның сенімгерлікпен басқаруына берілген тұлғаларға аударылады. 
      Акционерлер акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы. 
      4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады. 
       Ескерту. 47-1 баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен , өзгерiс енгізілді - 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

         48-бап. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын
               жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұру
               не одан айыру үшiн негiздер

      1. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұру не одан айыру мынадай кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi: 
      а) банк қызметi үрдiсiнде осы Заңның 20-бабының, 26-бабы 2 және 6-тармақтарының талаптарын сақтамау; 
      б) банк операцияларын қолданылып жүрген заңдардың нормаларын үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан да көп рет) бұза отырып жүзеге асыру; 
      в) төлем мен аударым операциялары бойынша шарттық мiндеттемелердi үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан көп рет) тиiстi дәрежеде орындамау; 
      г) пруденциалдық қалыптарды және/немесе сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан да көп рет) бұзу; 
      д) осы Заңның 32-бабында белгiленген банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын ашу жөнiндегi мiндеттi сақтамау; 
      е) осы Заңның 40-бабында белгiленген банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға тыйым салуды бұзу; 
      ж) уәкiлеттi органға және (немесе) Ұлттық Банкке есептер мен мәлiметтер бермеу немесе көрiнеу анық емес етiп беру; 
      з) уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң қалыптық құқықтық құжаттарын үнемі (қатарынан он екі күнтізбелік ай ішінде үш және одан көп рет)бұзу, яки жазбаша ұйғарымдарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) орындамағаны; 
      з-1 тәуекелді басқару және ішкі бақылау жүйесінің бар болуы бөлігінде уәкілетті органның талаптарын сақтамауы;
      и) осы Заңның 8-бабындағы шарттарға сәйкес банктер үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтердi жүзеге асыру;
      к) осы Заңмен, банк жарғысымен және банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиямен (лармен) белгiленген өзiнiң құқықтық қабiлетi шегiнен шығып кететiн банк операцияларын жүзеге асыру; 
      к-1) банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның өзiне берiлген лицензияға сәйкес қызметтi лицензия берiлген күннен бастап қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде жүзеге асырмауы;
      л) банк қызметiн тоқтату туралы соттың шешiм қабылдауы; 
      л-1) банктiң қайта құрылу немесе таратылу жолымен өз қызметiн ерiктi түрде тоқтату туралы шешiм қабылдауы; 
      м) банкпен аффилиирлендірілген тұлғалар туралы ақпаратты, сондай-ақ уәкiлеттi орган талап еткен өзге де ақпаратты бермеу не анық емес ақпарат беру, бұл уәкiлеттi органның банктердің қызметіне, оның ішінде шоғырландырылған негізде қадағалау жасауына кедергі келтіруге себеп болса;
      м-1) банк холдингінің банктің меншікті капиталын ұлғайту бойынша уәкілетті орган белгілеген талаптарды сақтамауы; 
      н) банктің тексеру жүргізуге бірнеше рет (тексеру жүргізу барысында екі және одан көп рет) кедергі жасауы, соның салдарынан оны белгіленген мерзімде жүргізудің мүмкін болмауы; 
      о) аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит жөніндегі есебінде көрсетілген бұзушылықтарды банктің осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көрсетілген мерзімде әдейі жоймауы.
      1-1. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайтын банк депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензияларынан айырылады.
      2. Ұлттық Банк немесе уәкiлеттi орган бұзушылықтың сипатына қарай барлық не жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұрады не одан айырады. 
      3.  (алып тасталды)
       Ескерту. 48-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.01.27. N 2830 Заң күші бар  Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 1997.08.12. N 200  Заңымен , 1999.07.16. N 436  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2005.07.08. N 69  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз), 2006.01.31.
 N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз), 2007.01.12. N  222  (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

   48-1-бап. Банктiң құжаттары мен мүлкiн беру

      1. Барлық банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиясынан айырылған банктiң банктiк немесе өзге де қызметтi жүзеге асыруына құқығы жоқ, банктi уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға және банкке келiп түсетiн ақшаны қабылдауға байланысты жағдайларды қоспағанда, өзiнде бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға мiндеттi. 
      2. Банктiң жұмыс тәртiбi, оған уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмнiң) тағайындалуы, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмнiң) өкiлеттiгi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. 
      3. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) уәкiлеттi орган банктiң тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде өз қызметiн жүзеге асырады. 
      Банктiң тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмiнiң) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 
      4. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмiнiң) есебi уәкiлеттi органға және банктi тарату туралы шешiм қабылдаған сотқа ұсынылады. 
      5.  (алып тасталды)
      6. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) өз өкiлеттiгiн доғарады және банктiң құжаттары мен мүлкiн банктi тарату комиссиясының төрағасына 10 күн мерзiмнен кешiктiрмей өткiзiп бередi. 
      7. Банктiң құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-өткiзу төрт дана етiп жасалатын актiмен ресiмделедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекiтiлген актiнiң бiр данасы iс материалдарына тiгу үшiн сотқа жiберiледi.
      8. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) өз қызметi кезеңi iшiнде осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға және бұрын банк жасасқан келiсiм шарттарды өзгертуге құқығы жоқ. 
      9. Банктің уақытша әкімдігінің (уақытша әкімшісінің) және тарату комиссиясының құрамына қосылған уәкілетті орган қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі жөніндегі ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында жариялау жөніндегі шығыстарды және әділет органының мәжбүрлеп тарату және банктің мүлкі болмаған не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткіліксіз болған жағдайларда банкті тарату аяқталғаннан кейін құжаттарды мұрағатқа өткізу бойынша банк қызметінің тоқтатылғанын мемлекеттік тіркеуге байланысты шығыстарды қоспағанда, банктерді мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға және мәжбүрлеп тарату негізі бойынша банктердің қызметін тоқтатуға байланысты шығыстарды уәкілетті органның қаржыландыруына тыйым салынады. 
       Ескерту. Жаңа 48-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , өзгерiс енгізілді - 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2004.07.07. N 577  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз), 2007.01.12. N  222  (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       49-бап. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алудың
              негiздерi мен тәртiбi

      1. Банк ашуға берiлген рұқсатты уәкiлеттi орган: 
      а) банк қайта құру немесе тарату арқылы өз қызметiн ерiктi түрде тоқтататыны туралы шешiм қабылдаған;
      б) банк қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған;
      в) банк ретiнде тiркелген заңды тұлғаның қызметiнде осы баптың 2-тармағында көзделген жолсыздықтар анықталған жағдайда қайтарып алуға құқылы. 
      2. Заңды тұлғаға банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алуды уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша жүргiзедi: 
      а) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап бiр жыл iшiнде рұқсат беруге негiз болған мәлiметтердiң дұрыс еместiгiн анықтау; 
      а-1) осы Заңның 25-бабында көзделген мерзiмдердi бұзуы; 
      б) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап бiр жыл iшiнде банк операцияларын жүргiзуге лицензия алмауы; 
      в) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн бiр жыл iшiнде жарғылық капиталын төлемеуi; 
      г) банк ретiнде тiркелген заңды тұлға үшiн банк заңдарында көзделген қызмет шарттарын бұзуы.
      3. <*>
      4. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алу туралы уәкiлеттi органның шешiмi заңды тұлғаның қызметiн қайта тiркеуге немесе тоқтатуға негiз болып табылады. 
       Ескерту. Жаңа 49-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , өзгерту енгізілді - 2003.05.16. N 416  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен .

       50-бап. Банк құпиясы

      1. Банк құпиясына банк депозиторлары, клиенттерi мен корреспонденттерi банк шоттарының бар-жоғы, олардың иелерi мен нөмiрлерi туралы, сол шоттар мен банкiнiң өз шоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, банк операциялары туралы (банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарынан басқа), сондай-ақ банкiнiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлiктерiнiң бар-жоғы, олардың иелерi, сипаты мен құны туралы мәлiметтер кiредi. 
      Таратылу процесiндегi банк берген несиелер туралы мәлiметтер банк құпиясына жатпайды. 
      2. Банкiлер өз депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнiң операциялары мен депозиттерi жөнiндегi құпияға, сондай-ақ банкiлердiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлiктердiң құпиясына кепiлдiк бередi. 
      3. Өзiнiң қызмет мiндеттерiн жүзеге асыру барысында банк құпиясы болып табылатын мәлiметтер алуға мүмкiндiк алған банкiнiң лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге адамдар оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауапты болады, бұған осы баптың 4-8-тармақтарында көзделген жағдайлар кiрмейдi. 
      4. Банк құпиясы шоттың (мүлiктiң) иесiне, шот (мүлiк) иесiнiң жеке өзi банкiде болған сәтте берген жазбаша келiсiмi негiзiнде кез келген үшінші адамға, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес берілген қарыздар бойынша кредиттік бюроға,, сондай-ақ осы баптың 5-8-тармақтарында көрсетiлген адамдарға осы бапта көзделген негiздер бойынша және шекте ашылуы мүмкiн. 
      Банктердiң заңды тұлғаларға немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаларға банк шоттары ашылғаны туралы салық органдарына мiндеттi түрде хабарлауы, валюталық заңдарға сәйкес экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру үшiн клиенттердiң экспорт және (немесе) импорт операциялары бойынша мәлiметтердi кеден органдарына беруi, сондай-ақ мәжбүрлеу тәртiбiмен таратылатын банк тарату комиссиясының жеке тұлғалардың банк шоттарындағы ақша қалдығы туралы мәлiметтердi салымшыларға ақшасын қайтарумен байланысты шараларды жүзеге асыру үшiн депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға және агент-банктерге беруi банк құпиясын ашу болып табылмайды. 
      5. Банк шоттардың бар-жоғы және нөмiрлерi туралы анықтамалар банк Басқармасының төрағасы немесе оның орнындағы адам қол қойған жазбаша сауал негiзiнде, шоттың иесi банкiнiң қарыз алушысы, кепiлдiк берушiсi, кепiлдеме берушiсi немесе кепiл берушiсi болса, кредит алғанын растайтын құжатты ұсынған жағдайда банкiге берiледi. 
      6. Заңды тұлғалардың банк шоттарының және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және ақша қозғалысы туралы анықтамалар мыналарға берiледi: 
      а) анықтау және алдын ала тергеу органдарына прокурордың санкциясымен: олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша; 
      б) соттарға: 
      сот ұйғарымы негiзiнде олар жүргiзiлiп жатқан iстер бойынша; 
      в) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша; 
      г) прокурордың санкциясымен клиенттердiң экспорттық және (немесе) импорттық операциялары бойынша кеден органдарына; 
      д) салық органдарына: тексерiлетiн тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ әрекетсiз заңды тұлғаға қатысты;  
      д-1) атқарушылық iс жүргiзу органдарына: олардың жүргiзiп жатқан атқару істері бойынша сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу органының мөрімен расталған және прокурор санкция берген қаулысы негiзiнде. 
      7. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен ақша қозғалысы туралы анықтамалар, сондай-ақ оның банктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлкінің сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер мыналарға берiледi: 
      а) жеке тұлғаның өкiлдерiне: 
      нотариалды түрде куәландырылған сенiмхат негiзiнде; 
      б) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: 
      шоттарда немесе банкiде сақтаулы жатқан жеке тұлғаның ақшасы мен өзге де мүлкiне арест салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын реттерде анықтау немесе алдын ала тергеу органының біріншi басшысы немесе тергеушісi қол қойып, мөрiмен куәландырылған және прокурор санкция берген жазбаша сауал негiзiнде, олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша; 
      в) соттарға: 
      шоттарда немесе банкiде сақтаулы жатқан жеке тұлғаның ақшасы мен өзге де мүлкiне арест салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын реттерде, соттың ұйғарымы, қаулысы, шешімі, үкiмi негiзiнде олар жүргiзiп жатқан iстер бойынша; 
      г) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша; 
      д)  (алып тасталды)
      е)  (алып тасталды)
      7-1. Осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы анықтамалар клиенттiң банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы оның жеке шотынан алынған көшiрме нысанында беріледi. Клиенттiң банк шоттары бойынша ақшаның жылжуы туралы оның жеке шотынан үзiндi көшiрме болуға тиiстi мәлiметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады. 
      8. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi, олардағы ақшаның қалдығы туралы анықтамалар, сондай-ақ банкiнiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан оның мүлкiнiң бар-жоғы, сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер, олардың иесi қайтыс болған жағдайда мыналарға берiледi:
      а) мұра өкiмiнде шот (мүлiк) иесi деп көрсетiлген адамдарға;
      б) соттар мен нотариустарға: соттың ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың өз мөрiн қойып куәландырған жазбаша сауалы негiзiнде олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша. Нотариустың жазбаша сауалына шот иесiнiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса берiлуге тиiс;
      в) шетелдiк консулдық мекемелерге:
      олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша.
      9.  (алып тасталды)
       10. Банк құпиясы бар ақпарат басқа мемлекеттің банкті қадағалау жөніндегі уәкілетті органына уәкілетті орган мен ақпарат алмасуды көздейтін басқа мемлекеттің банктер қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органы арасындағы келісіммен айқындалған тәртіппен табыс етіледі.
       Ескерту. 50-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.01.27. N 2830 Заң күші бар  Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1996.09.27. N 37  Заңымен , 1997.07.11. N 154  Заңымен , 1998.06.29. N 236  Заңымен , 2000.03.29. N 42  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2004.07.06. N  572 , 2004.12.13.  N 11  (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.07.08.  N 69 , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз), 2006.06.22. N  147  Заңдарымен. 

       51-бап. Банкiде жатқан ақша мен мүлiкке арест салу және
                олардан өндiрiп алу

      1. Заңды және жеке тұлғаның банктегi ақшасына және басқа мүлкiне прокурор санкция берген анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары және атқарушылық iс жүргiзу органдарының қаулылары, сондай-ақ соттардың қаулылары, шешiмдерi, үкiмдерi, ұйғарымдары негiзiнде ғана тыйым салынуы мүмкiн. Талап-арыз талаптарын қамтамасыз ету үшiн тыйым салған кезде тыйым салынған ақша сомасы талап-арыз сомасынан, мемлекеттiк баж және соттың шешiмдерiн, үкiмдерiн, ұйғарымдары мен қаулыларын орындауға байланысты шығыстар көлемiнен аспауға тиiс. Атқарушылық іс жүргізу органдары атқару құжатының орындалуын қамтамасыз ету үшін тыйым салуды қолданған жағдайда, тыйым салу қолданылатын ақша сомасы мен мүлік құны өндіріп алушыға ұйғарылған соманы өтеу үшін қажетті сомадан, сондай-ақ атқару құжатын орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар мен атқару құжатын орындау жөніндегі шығыстар сомасынан аспауға тиіс.
      3аңды тұлғалардың банк шоттарындағы (корреспонденттiк шоттардан басқа) барлық шығыс операциялары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда, салық және (немесе) кеден органдарының бiрiншi басшысы қол қойып, мөрiмен куәландырылған салық және (немесе) кеден органдарының шешiмдерi бойынша, прокурордың санкция беруiмен тоқтатыла тұруы мүмкiн, ал өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша ғана жүргiзiлуi мүмкiн болады. 
      2. Заңды тұлға мен жеке тұлғаның банкiде жатқан жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнен басқа ақшасы мен өзге де мүлкiн тәркiлеу заңды күшiне енген сот шешiмi (үкiмi) негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
       Ескерту. 51-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N  154 , 2000.03.29.  N 42 , 2002.08.09. N  346 , 2006.06.22. N  147  Заңдарымен. 

       52-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру

      1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің депозиторларының мүдделерін қорғау мақсатында депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі құрылады.
      Депозиттерге міндетті кепілдік беруді арнайы құрылған коммерциялық емес ұйым жүзеге асырады.
      Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздері, оның қатысушыларының құқықтары, міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.
      2. Депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиялары бар екінші деңгейдегі барлық банктер үшін депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу міндетті болып табылады.
       Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен. 

  5-тарау. Есеп және есеп беру

       53-бап. Банкiнiң қаржы (операция) жылы

      Банкiнiң қажы (операция) жылы 1 қаңтарда басталып, 31-желтоқсанда аяқталады. Егер банкiнi тiркеу 1 қаңтардан кейiн жүзеге асырылса, онда бiрiншi қаржы (операция) жылы банк мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. 

       54-бап. Банкiлердегi есеп және есеп беру
 
      1. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық есептілiктi қоса алғанда, қаржылық есептiлiктiң тізбесін, сондай-ақ оларды табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкiлетті органмен келiсiм бойынша Ұлттық Банк белгілейдi. 
      Банктер операциялар мен оқиғаларды Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржы есептiлiгi туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
      Банктiң бухгалтерлiк есеп саясатын оның банк директорларының кеңесi айқындайды. 
      1-1. Шоғырландырылған негіздегі есептілiкті қоса алғанда, (қаржылық және статистикалық есептiлiктi қоспағанда), есептіліктің тiзбесін, нысандарын, оларды табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi. 
      2. Банкiлер уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң өз құзыретi шегiнде жiберiлген сұратуы бойынша өздерiнiң қаражаттары, соның iшiнде Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жердегi қаражаттары, қабылданған депозиттер мен берiлген несиелердiң мөлшерi, жасалған және жасалып жатқан банк операциялары туралы кез келген ақпаратты және, банк құпиясы болып табылатын мәлiметтердi қоса, өзге де мәлiметтердi беруге мiндеттi. 
      2-1. Банктер уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен банктер ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде Ұлттық Банк сұратқан кез келген ақпаратты беруге міндетті. 
      3. Уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктің қызметкерлері осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген құқықтарды іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені не үшінші тұлғаларға бергені үшін Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртіппен жауапты болады. 
       Ескерту. 54-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 1999.07.16. N 436  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.05.16. N 416  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2004.06.11. N 562  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.      

         54-1-бап. Банктің ірі қатысушылары мен банк
                холдингтерінің есептілігі

      1. Банктің заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күннің ішінде уәкілетті органға жыл сайын қаржылық есептілікті және оған берілетін түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
      2. Банктің жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күннің ішінде уәкілетті органға кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті, сондай-ақ:
      1) оның басқа тұлғалармен бірлесіп өз араларындағы шартқа орай не өзге де тәсілмен банк қабылдайтын шешімдерге ықпал етуі туралы, оның ішінде мұндай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктер берудің сипаттамасы қамтылатын;
      2) жарғылық капиталдарға (акцияларға) қатысудың өзіне тиесілі үлестерін көрсете отырып, ұйымдарда өзінің атқаратын лауазымдары туралы;
      3) алынған қарыздар есебінен ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысудың өзіне тиесілі үлестерін (акцияларды) сатып алуы туралы;
      4) жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы ақпаратты табыс етуге тиіс.
      Есептілікті табыс етудің тәртібі мен нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      3. Банк холдингі уәкілетті органға:
      1) есепті тоқсаннан кейінгі қырық бес күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;
      2) қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күн ішінде, аудиторлық ұйым куәландырмаған, шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
      4. Банктің заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада, сондай-ақ банк холдингінің тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбаларда мынадай ақпараттар:
      1) ірі қатысушының (банк холдингінің) қызмет түрлерінің сипаттамасы;
      2) ірі қатысушы (банк холдингі) қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акцияларының саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, ірі қатысушы (банк холдингі) ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымдардың қаржылық есептілігі;
      3) банктің ірі қатысушысының (банк холдингінің) ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (оған тиесілі акциялардың саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалар туралы, ірі қатысушыға бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, банктің ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
      Банкте банк холдингі болмаған жағдайда банктің ірі қатысушысы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей қаржылық есептілікті және осы баптың 4-тармағында аталған ақпаратты табыс етуге тиіс.
       Ескерту. 54-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

         55-бап. Банк қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн
               жариялау

      Банкiлер осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетiн аудиторлық ұйым есепте берiлген мәлiметтердiң дұрыстығын растағаннан кейiн және банк акционерлерiнiң жылдық жиналысы жылдық балансты және кiрiстер мен шығыстар туралы есептi бекiткеннен кейiн уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Ұлттық Банк белгiлеген мерзімдерде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жылдық балансты және кірістер мен шығыстар туралы есепті қоса, жылдық есебiн жариялайды. 
      Банктер тоқсан сайын уәкiлеттi орган және (немесе) Ұлттық Банк белгiлеген мерзімдерде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін балансын, пайдасы мен шығыны туралы есебiн, олардың аудиторлық мақұлдауынсыз-ақ жариялап отырады.
      Банктер уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар бойынша және мерзiмдерде пруденциялық нормативтердi орындағаны туралы есептердi және активтер мен шарттық мiндеттемелердiң жiктелiмi (провизияның қалыптастырылуы) туралы мәлiметтердi аудиторлық ұйым осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес ондағы берiлген мәлiметтердi растағаннан кейiн жариялайды.
       Ескерту. 55-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 1999.07.16. N 436  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2004.06.11. N 562  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз), 2006.05.05. N  139  Заңдарымен. 

       56-бап. Құжаттарды есепке алу және сақтау

      1. Банкiлер бухгалтерлiк есепте және есеп берудi жасау кезiнде пайдаланылатын құжаттардың қатаң есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      2. Сақталуға тиiс негiзгi құжаттар тiзбесiн және олардың сақталу мерзiмiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 
      Ескерту. 56-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен .

  6-тарау. Банктерге және олардың аффилиирлендірілген
тұлғаларына аудит

       57-бап. Банктерге және олардың аффилиирлендірілген
              тұлғаларына аудит

      1. Банк аудитiн аудиторлық қызмет туралы заңдарға сәйкес аудит жүргiзуге құқылы және осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетiн аудиторлық ұйым (аудитор) жүргiзе алады. 
      1-1. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу банктерге, банк холдингтеріне және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға міндетті болып табылады, ол туралы есептің көшірмесі мен аудиторлық ұйымның ұсыныстарын осы құжаттарды алған күннен бастап немесе оларды банктерге, банк холдингтеріне және банк (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға бергеннен кейін отыз күн ішінде банктер, банк холдингтері және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар немесе аудиторлық ұйымдар уәкiлеттi органға табыс етуге тиіс. 
      Банктің және банк холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есебін банктерге аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым куәландыруға тиіс.
      Банк конгломераты қатысушыларының аудитін бір ғана аудиторлық ұйым жүзеге асырады. 
      2.  алып тасталды - 2006.05.05. N  139  Заңымен. 
      3. Банктерге аудит мыналарды анықтау мақсатында жүргiзiледi: 
      жүргiзiлген банк операцияларының есепте және есеп беруде дер кезiнде, толық және дәлме-дәл көрсетiлуi; 
      жүргiзiлген банк операцияларының осы Заңға, қолданылып жүрген заңдарға және уәкiлеттi орган мен Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкестiгi; 
      жүргiзiлген банк операцияларының оларды жүргiзудiң жалпы шарттарына сәйкестiгi, сондай-ақ банк операцияларын жүргiзу тәртiбiнiң банкiнiң iшкi ережелерiне сәйкестiгi. 
      4. Аудиторлық ұйым аудит нәтижелерін және өз қорытындыларын банктің директорлар кеңесі мен басқармасына, банк айқындайтын қажетті жағдайда банк конгломератының құрамына кіретін басқа заңды тұлғаларға табыс етілетін есепте баяндайды.
      Банктің немесе банк конгломератының құрамына кіретін басқа заңды тұлғалардың қаржылық есептілігінің және өзге ақпаратының аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды. Өзге ақпараттар аудиті банктің уәкілетті органның пруденциялық нормативтері мен активтерді және шартты міндеттемелерді (провизияларды қалыптастыру) жіктеу бойынша талаптарын орындауын тексеруді қамтиды.
      Аудиторлық ұйымның қосымша қызмет көрсетуге арналған шарты уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
      5. Банк аудиторлық есептің көшірмесін оны алғаннан кейін он күн ішінде банк конгломераты құрамына кіретін басқа заңды тұлғаларға беруге міндетті.
      6. Банк, банк холдингі және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым аудиторлық ұйым аудиторлық есепте көрсетілетін банктің немесе банк конгломератының қаржылық жағдайына әсер ететін жолсыздықтарды банк, банк холдингі және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым аталған есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда, уәкiлеттi орган жолсыздықтар жойылғанға дейін: 
      банк холдингіне, банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымға қатысты осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы;
      осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жолсыздықтарды жоймаған жағдайда уәкiлеттi орган:
      банкке қатысты - осы Заңның 48-бабының 1-тармағының о) тармақшасы негізінде банкті лицензиясынан айыруға;
      банк холдингіне қатысты осы Заңның 47-1-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
       Ескерту. 57-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 1998.06.29. N 236  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз), 2006.05.05. N  139 , 2007.01.12. N  222  (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       58-бап. Банк қызметiн тексеруге байланысты
              аудиторлық қызметтi лицензиялау

       Ескерту. 58-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының  2006.05.05. N  139  Заңымен.

       59-бап. Банк қызметіне аудиторлық ұйымның (аудитордың)
             аудит жүргізу жөніндегі есебін жарамсыз
             деп тану. Банк қызметіне аудит жүргізуге берілген
             лицензияны қайтарып алу, тоқтата тұру үшін
             негіздер

       Ескерту. 59-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.05.05. N  139  Заңымен.

  II бөлiм

  Банкiлердiң құқықтық мәртебесiн өзгерту және қызметiн
тоқтату ерекшелiктерiнiң шарттары

  7-тарау. Банктердi ерiктi түрде қайта құру

       60-бап. Банкiлердi ерiктi түрде қайта құрудың жалпы
              шарттары

      1. Банкiлердi ерiктi түрде қайта құру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. 
      2. Осы банк акционерлерiнiң жалпы жиналысы шешiмiнiң болуы банкiнi ерiктi түрде қайта құруды жүргiзуге рұқсат алу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш беруге негiз болып табылады. 
      3. Банкiнi ерiктi қайта құруға уәкiлеттi органның рұқсатын алу туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса тiркелуге тиiс: 
      а) банкiнiң жоғары органының оны қайта құру туралы шешiмi; 
      б) банкiнi қайта құрудың көзделiп отырған шарттарын, түрлерiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн сипаттайтын құжаттар; 
      в) банкiнiң ол қайта құрылғаннан кейiнгi және (немесе) банкiнi қайта құру нәтижесiнде құрылған заңды тұлғалардың есеп айырысу балансын қоса, қайта құру салдарының қаржылық болжамы. 
      4. Банкiнi қайта құруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган оны қабылдаған күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс. 
      5. Қайта құрылатын банк қайта құруды жүргiзуге уәкiлеттi органнан рұқсат алған күннен бастап екi апта iшiнде алдағы болатын өзгерiстер туралы өзiнiң барлық депозиторларын, клиенттерiн, корреспонденттерi мен қарыз алушыларын тiкелей хабардар ету арқылы және кемiнде екi республикалық газетке тиiстi хабарландыру жариялау арқылы хабардар етуге мiндеттi.
      6. Қайта құру нәтижесiнде құрылған заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу немесе қайта тiркеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi.
       Ескерту. 60-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен .

       61-бап. Банкiнi ерiктi түрде қайта құруға рұқсат
              беруден бас тарту

      Банкiнi ерiктi түрде қайта құруға Ұлттық Банкiнiң рұқсат беруден бас тартуы мынадай кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:
      а) ерiктi түрде қайта құрылатын банкiлер жоғары органдарының тиiстi шешiмдерiнiң болмауы;
      б) көзделiп отырған ерiктi түрде қайта құру салдарынан депозиторлар мүдделерiнiң бұзылуы;
      в) көзделiп отырған ерiктi түрде қайта құру салдарынан пруденциалдық қалыптардың және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң бұзылуы;
      г) көзделiп отырған ерiктi түрде қайта құру салдарынан монополияға қарсы заң талаптарының бұзылуы.
       Ескерту. 61-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен

  8-тарау. Банкiнi консервациялау

       62-бап. Банкiнi консервациялау ұғымы

      1. Банкiнi консервациялау Ұлттық Банкiнiң шешiмi бойынша банкiнiң қаржы жағдайын сауықтыру және оның жұмыс сапасын жақсарту мақсатында банкiге қатысты әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлi түрде жүргiзудi бiлдiредi. 
      2. Банк мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкiн: 
      а) өз капиталының жеткiлiктiлiгi коэффициентiнiң ұдайы (қатарынан 3 ай орындалмауы); 
      б) Осы Заңның 48-бабында көзделген негiздер бойынша. 
      3. Консервациялау режимiн белгiлеу Ұлттық Банкiнiң шектеулi (бiр жылға дейiн) мерзiмге банкiнi басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктi немесе уақытша банк басқарушысын тағайындауын бiлдiредi. 
      4. Банкiнi консервациялау банкiнiң өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 
      5. Ұлттық Банкiнiң консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне банк акционерлерi он күн мерзiмде сот тәртiбiмен шағым жасай алады. Аталған шешiмге шағым беру банкiнi консервациялауды тоқтатпайды.
       Ескерту. 62-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.01.27. N 2830 Заң күші бар  Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен

         63-бап. Банкiнi басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiк
              (уақытша банк басқарушысы)

      1. Уақытша әкiмшiлiктi (уақытша банк басқарушысын) уәкiлеттi орган оның қызметкерлерi, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдардың өкілдері, не осы Заңның 20-бабының 2-тармағында белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін өзге адамдар арасынан тағайындайды. 
      2. Уақытша әкiмшiлiктiң басшысы мен мүшелерiнiң (уақытша банк басқарушысы) құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ олардың еңбегiне ақы төлеу шарты уәкiлеттi орган пен уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) арасында жасалатын жеке шарт бойынша белгiленедi. 
      3. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) өз қызметiнде осы Заңды, уәкiлеттi органның қалыптық құқықтық құжаттарын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын басшылыққа алады. 
      4. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiк мүшелерiн (уақытша банк басқарушысын) кез келген сәтте ауыстыруға құқылы. 
      5. Банкiге келтiрiлген залал үшiн уақытша әкiмшiлiк басшысы мен мүшелерi (уақытша басқарушы) қолданылып жүрген заңдармен белгiленген жауаптылықты көтередi. Уақытша әкiмшiлiк басшысы мен мүшелерiне (уақытша банк басқарушысына) қалыпты өндiрiстiк тәуекел санатына жатқызылуы мүмкiн залал үшiн жауапкершiлiк жүктеуге жол берiлмейдi.
       Ескерту. 63-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.   

         64-бап. Банкiнi консервациялауды жүргiзу туралы қаулы

      1. Уәкiлеттi органның банкке консервациялау жүргiзу туралы шешiмiнде мыналар болуға тиiс: 
      а) банкiнiң атауы және оның орналасқан жерi; 
      б) банкiнi консервациялау туралы шешiмнiң негiздемесi; 
      в) консервация күшiнiң басталуы мен мерзімi; 
      г) банк қызметiне қойылатын шектеулер тiзбесi; 
      д) уақытша әкiмшiлiктiң дербес құрамы немесе уақытша банк басқарушысының фамилиясы, аты, әкесiнiң аты; 
      е) консервациялау режимiнде тұрған банкiнiң басшы қызметкерлерiне өз жұмысы туралы есеп, табыстары туралы декларация, меншiгiнiң бар-жоғы және оның мөлшерi туралы мәлiметтер әзiрлеу және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке (уақытша банк басқарушысына) беру туралы нұсқама;
      ж) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша басқарушыға) берiлетiн ұсыныстар.
      2. Уәкiлеттi органның банкке консервациялау жүргiзу туралы шешiмi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таратылатын мерзiмдiк екi баспа басылымында жарияланады. 
       Ескерту. 64-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен

       65-бап. Консервациялау кезеңiнде банкiнi басқару
              ерекшелiктерi. Уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша
              банк басқарушысының) банкiнi басқару
              жөнiндегi өкiлеттiгi

      1. Консервациялау күшiнiң басталуымен және оның мерзiмiне:
      а) банк акционерлерiнiң оны басқару жөнiндегi құқығы тоқтатыла тұрады;
      б) банк органдарының өкілеттіктері тоқтатылады және оның басшы қызметкерлері жұмыстан шеттетіледі;
      в) банкiнi басқару жөнiндегi барлық өкiлеттiк уақытша әкiмшiлiкке (уақытша басқарушыға) көшедi;
      г) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша банк басқарушысына) айтпастан және оның жазбаша келiсiмiнсiз банкiнiң атынан және оның есебiнен жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылады. 
      2. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы): 
      а) осы Заңның 66-бабының талаптарын ескере отырып банк қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша дербес шешiм қабылдауға; 
      б) қажет болған жағдайда консервациялау кезеңiнде қабылданған депозиттер бойынша банкiнiң мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара тоқтата тұруға; 
      в) қажет болған жағдайда банк қаражатын салуды көздейтiн банк жасасқан шарттарды бұзуға не оларға, ставкаларын, тарифтерiн және қолданылу мерзiмiн өзгертудi қоса, бiржақты тәртiппен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге; 
      г) банкiнiң атынан кез келген шарттар мен құжаттарға қол қоюға; 
      д) банкiнiң атынан және оның мүддесi үшiн ақы талабын қоюға; 
      е) банк қызметкерлерiн қызметтен босату, қызметiн төмендету немесе қызметтен уақытша шеттету, олардың арасында мiндеттер бөлiсу туралы бұйрықтарды қоса, бұйрықтар шығаруға;
      ж) кредитор мен борышкер бір адам болғандықтан, өзара талаптарды есепке алуға құқылы.
      Консервациялау процесіндегі банкке қойылатын талаптар талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындаса, кредитормен өзара талаптарды есепке алуға тыйым салынады.
       Ескерту. 65-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен. 

       66-бап. Уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша банк
              басқарушысының) банкiнi басқару жөнiндегi
              қызметiн бақылау 

      1. Банкiнi консервациялау мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша басқарушының) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады, ол: 
      а) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша банк басқарушысына) банкiнi консервациялау кезеңiнде шаралардың негiзгi бағыттары туралы ұсыныстар беруге (негiзгi шаралар жоспарын ұсынуға); 
      б) уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) орындауға мiндеттi жазбаша нұсқаулар беруге; 
      в) уақытша әкiмшiлiктен (уақытша банк басқарушысынан) өз қызметi мен банк қызметi туралы кез келген ақпарат берудi талап етуге;
      г) уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша банк басқарушысының) iстелген жұмыс туралы есебiн тыңдауға;
      д) консервациялау мерзiмiн ұзартуға;
      е) банкiнi консервациялаудың аяқталғаны туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      2. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) қызметiн егжей-тегжейлi регламенттеу және оның үшiншi жақтармен өзара қарым-қатынасының қағидаттары уәкiлеттi органның қалыптық құқықтық құжаттарымен белгiленедi.
       Ескерту. 66-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен .  

       67-бап. Консервациялауды тоқтату

      1. Банкiнi консервациялау мынадай негiздер бойынша тоқтатылады:
      а) уәкiлеттi органның шешiмiмен белгiленген консервациялау мерзiмiнiң аяқталуы;
      б) уәкiлеттi органның консервациялауды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы.
      2. Банкiнiң қаржы жағдайының сауығуына және жұмыс сапасының жақсаруына байланысты оны консервациялауды тоқтату (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын) осы банкiге қатысты уәкiлеттi орган немесе уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) белгiлеген барлық шектеулердiң алынып тасталуына әкеп соғады. Бұл орайда консервациялау мерзiмi iшiнде банкiнiң құрылтай құжаттарына, басқару органдарына және қызметкерлерiнiң құрамына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар күшiнде қала бередi. 
      3. Егер банкiнi консервациялау оның қаржы жағдайы мен жұмыс сапасын сауықтыруға жеткiзбеген жағдайда, уәкiлеттi орган банк заңдарында көзделген негiзде банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензиядан айыруға құқылы.
       Ескерту. 67-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2007.01.12. N  222  (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

  9-тарау. Банктердi тарату және ерiксiз қайта құру 

       Ескерту. 9-тарау жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен

       68-бап. Банктердi тарату түрлерi мен негiздерi

      1. Банк:
      а) уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда (ерiктi тарату), оның акционерлерiнiң шешiмi бойынша;
      б) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген реттерде (ерiксiз тарату) соттың шешiмi бойынша;
      в)  (алып тасталды)
      2. Банктердiң қызметiн тоқтату, оның ішінде банкроттық негіз бойынша тоқтату және осы Заңның талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
       Ескерту. 68-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен .

       68-1-бап. Ерікті және еріксіз таратылатын банктер
                кредиторларының комитеті

      1. Кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың банктерді ерікті және еріксіз тарату рәсімдеріне қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.
      Ерікті немесе мәжбүрлеп таратылатын банк кредиторлары комитетінің құрамын банктің тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi орган бекітеді. <*>
      2. Кредиторлар комитетінің құрылу және қызметі ерекшеліктері уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
       Ескерту. 68-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен , өзгерту енгізілді - 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен .

       69-бап. Ерiктi тарату

      1. Банк акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде өзiн ерiктi түрде таратуға рұқсат беру туралы уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға құқылы. 
      Өтiнiшке банктiң қызметiн тоқтату мерзiмi және оған әзiрлiк кезеңдерi туралы акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен шаралар тiзбесi, банк мiндеттемелерi бойынша оның есеп айырысуларының жүзеге асырылуы үшiн банк қаражатының жеткiлiктiлiгiн дәлелдейтiн баланстық есеп тарату комиссиясының мүшелiгiне кандидаттар, оның iшiнде филиалдарда не өкiлдiктерде құрылатын оның бөлiмшелерiнiң тiзiмi және басқа қажеттi мәлiметтер қоса тiркелуi тиiс. Қажеттi мәлiметтер тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. 
      2. Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат алу туралы өтiнiшiн уәкiлеттi орган тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды қабылдаған күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс. 
      Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган бұл туралы дәлелдi шешiм қабылдап, банкке хабарлайды. 
      3.  (алып тасталды)
      4. Ерiктi түрде тарауға рұқсат алған жағдайда банк банктiң филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, тарату комиссиясын құрады, оған банктiң мүлкi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк ауысады. 
      Ерiктi түрде таратылатын банктердiң тарату комиссиялары қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. 
      4-1. Ерікті таратылатын банктің тарату комиссиясының қызметіне бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 
      5. Ерiктi түрде тарауға рұқсат алғаннан кейiн банк бұл туралы ақпаратты әдiлет орталық органының ресми басылымдарында жариялауға тиiс. 
      6. Тарату комиссиясы банктi тарату туралы баланс пен есептi бекiткеннен кейiн жетi күн мерзiмде оны Әдiлет министрлiгi мен уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi. 
      Банктi тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi. 
      7. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға қаржысы жеткiлiксiз болған жағдайда, банк банкроттық негіздер бойынша ерiксiз түрде таратылуы тиiс.
      7-1. Ерiктi түрде таратылу процесiн аяқтаудың мүмкiн еместiгiне байланысты уәкiлеттi орган банктiң жұмысын ерiксiз тоқтату (тарату) туралы сотқа жүгiнуге құқылы.
       Ескерту. 69-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен .

       70-бап. Банктердi ерiксiз тарату түрлерi

      Банктердi ерiксiз таратуды сот:
      а) банк банкроттығына;
      б) банк заңдарында көзделген негiздер бойынша банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензиялардан айыруға; 
      в) банк заңдарында көздеген басқа негiздер бойынша банк қызметiн тоқтату туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың өтiнiшiне (қуынымына) байланысты жүргiзедi. 
       Ескерту. 70-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2007.01.12. N  222  (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

         71-бап. Банктi банкрот деп тану

      1. Банктiң төлем төлеуге қабiлетсiздiгi мен дәрменсiздiгi уәкiлеттi органның сотқа берген банк капиталының мөлшерiн, пруденциалдық нормативтердiң (және мiндеттi сақталуға тиiстi өзге нормалар мен лимиттердiң) есеп айырысу әдiстемелерiн ескере отырып жасаған қорытындысында анықталады. 
      2. Банктiң белгiленген тәртiп бойынша сот шешiмiмен ғана банкрот деп танылуы мүмкiн. Дәрменсiз банктi оның кредиторлары мен банктiң өз шешiмi бойынша таратудың соттан тыс рәсiмiне жол берiлмейдi. 
      3. Тараптардың банктiң банкроттығы туралы iс бойынша тату келiсiм жасауларына мүмкiндiк берiлмейдi. 
      4. Сот банктi банкрот деп тану және оны мәжбүрлеп тарату туралы шешiмдi уәкiлеттi органға жiбередi. 
      Ескерту. 71-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен .

       72-бап. Өзге негiздер бойынша банктi тарату

      1. Банктердi ерiксiз тарату уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органның, заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiшi (қуынымы) бойынша (банк операцияларын жүргiзуге берiлген банк лицензияларынан айыру туралы шешiмi жоқ болған жағдайда) сот iс қозғаған жағдайларда осы Заңға сәйкес жүргiзiледi. 
      2. Банктi ерiксiз тарату туралы шешiмдi сот уәкiлеттi органға жiбередi.
      Осы Заңның 70 бабының в) тармақшасында көзделген негiзде қозғалған iс бойынша банктi ерiксiз тарату туралы сот шешiм қабылдаған күннен бастап банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияларынан банк айырылады. 
       Ескерту. 72-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2007.01.12. N  222  (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

         73-бап. Ерiксiз таратуды жүргiзудiң шарттары мен
               тәртiбi

      1. Сот банктi мәжбүрлеп тарату туралы iстi қозғаған күннен бастап:
      1) банк құрылтайшыларының (қатысушыларының), органдарының банктiң мүлкiне билiк етуге құқығы жоқ;
      2) соттардың таратылатын банкке қатысты бұрын қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
      3) кредиторлардың банкке қойған кез келген талаптары, банктi ұстап тұруға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, тек тарату iсiнде ғана қойылуы мүмкiн;
      4) кредиторлардың, салық қызметі органдарының талаптары бойынша банктiң банк шоттарынан ақшаны, оның iшiнде даусыз (акцептсiз) тәртiппен қанағаттандыруға жататын ақшаны өндiрiп алуға, сондай-ақ банктiң мүлкiнен өндiрiп алуға жол берiлмейдi;
      5) банктiң лауазымды тұлғаларына оларға тиесiлi банк акцияларын иелiктен шығаруға тыйым салынады.       
      1-1. Банктерді банкроттық негізде тарату осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 
      2. Банктi таратумен байланысты барлық шығыстар, осы Заңның 48-1 бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сол банктiң қаражаты есебiнен ғана жүргiзiледi. 
      3. Банк мүлкiн бағалауды тарату комиссиясы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзедi. 
      4. Таратылатын банктiң аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi. 
      4-1. Аралық тарату балансы бекітілгенге дейін кредитор мен борышкер бір адам болатындықтан, өзара талаптарды есепке алуға жол беріледі.
      Аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін осы кредитордың талаптарын қанағаттандырудың тиісінше кезегі келген кезде ғана өзара талаптарды есепке алу жүргізіледі.
      Таратылатын банкке қойылатын талаптар талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындаса, кредитормен өзара талаптарды есепке алуды жүргізуге тыйым салынады.
      5. Таратылатын банктiң мүлкiн сатуды банктi тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүргiзедi.
      6. Банктi, оның iшiнде банкрот болу негiзi бойынша таратылатын банктi тарату комиссиясының қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 
      6-1. Банктi тарату туралы шешiм қабылдаған сот уәкiлеттi органмен банктің тарату комиссиясының қызметіне байланысты кез келген ақпаратты сұратып алуға құқылы.
      7. Тарату комиссиясы сотқа уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептiлiктi және тарату балансын ұсынады.
      Сот тарату туралы есептiлiктi және тарату балансын бекiтiп, тарату iсiнiң аяқталғаны туралы ұйғарым шығарады.
      Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына және уәкiлеттi органға жiбередi.
      Банктi тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi. 
       Ескерту. 73-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

         73-1-бап. Мәжбүрлеп таратылатын банктің дебиторлық
                берешегі, мүлкі бойынша міндеттемелерінің бір
                бөлігін және талап ету құқығын бір мезгілде
                басқа банкке (банктерге) беру жөніндегі
                операция

      1. Соттың банкті мәжбүрлеп тарату жөніндегі шешімі күшіне енген күннен бастап уәкілетті органмен келісім бойынша, банктің бір жыл және одан артық өтеу мерзімімен ұзақ мерзімдік кредиттер түріндегі дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарын басқа банкке (банктерге) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдік берген депозиттері бойынша банк міндеттемелері бөлігімен бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүргізуге жол беріледі.
      2. Мәжбүрлеп таратылатын банктің аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін осы Заңның 74-2-бабымен белгіленген кредиторлар талаптарын қанағаттандыру кезегі сақтала отырып, оның міндеттемелері мен мүлкін бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүргізуге жол беріледі.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген операцияларды жүргізу тәртібі және ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
      4. Қатысушы банктің кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) беру депозиторлардың келісімімен жүзеге асырылады. Уақытша әкімшілік депозиторлардың келісімін алу мақсатында қатысушы банктің тарату комиссиясы республикалық мерзімдік баспа басылымдарында кепілдік берілген депозиттер бойынша болғалы отырған міндеттемелерді беру туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландыруларды жариялайды. Хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде депозиторлардан жазбаша қарсылық болмауы депозитордың депозитті беруге келіскені деп қарастырылады.  
      Ескерту. 73-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының  2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

       74-бап. Ерiксiз таратылатын банктiң тарату комиссиясы

      1. Банктi тарату туралы, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату iсiн қозғайды және уәкiлеттi органға оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, банктiң тарату комиссиясын құру жөнiнде мiндеттер жүктейдi.
      Банктi тарату комиссиясы банк iстерiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданады. 
      Мәжбүрлеп таратылатын банктердiң тарату комиссияларын тағайындау және тарату тәртiбi, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелерiне қойылатын талаптар, сондай-ақ таратуды жүзеге асыру тәртiбi және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
      Банктiң тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлерiне төленетiн ай сайынғы сыйақының мөлшерi олардың әрқайсысына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн он еселенген ең төменгi жалақыдан аспауға тиiс. 
      2.  (алып тасталды)
      3.  (алып тасталды)
       Ескерту. 74-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

         74-1-бап. Банктердi тарату кезiндегi тарату, конкурстық
                массасын қалыптастыру ерекшелiктерi

      1. Банктiң тарату, конкурстық массасы осы Заңда белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, қолданылып жүрген заңдарда айқындалған тәртiппен қалыптасады. 
      1-1. Банктiң тарату конкурстық массасына Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларды ұстаушыларда оларға меншiк құқығы туындаған немесе оларға мәмiлелер не Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де негіздер бойынша ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы аталған мүлiктi және Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы  заңнамасына  сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтерді Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес кредиторлармен - аталған облигацияларды ұстаушылармен есеп айырысу үшiн ипотекалық облигацияларды немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы  заңнамасына  сәйкес шығарылған облигацияларды ұстаушылардың өкіліне бередi. 
      2. Тарату массасын, конкурстық массаны қалыптастыру кезiнде оған үшiншi тұлғаларға тиесiлi және сақтау мен есепке алу үшiн кастодиан-банкке сенiп тапсырылған бағалы қағаздар, сондай-ақ есепке алу және сақтау үшiн банкке сенiп тапсырылған немесе оның қаржы құралдарына орналастырылған жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi, инвестициялық қорлардың активтерi, арнайы қаржы компанияларының бөлінген активтері енгiзiлмейдi. Зейнетақы активтерi, инвестициялық қордың активтерi, арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері жинақтаушы зейнетақы қорының, акционерлiк инвестициялық қордың, арнайы қаржы компаниясының немесе инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның өтiнiшi бойынша басқа банкке аударылады. 
       Ескерту. 74-1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.06.29.  N 236 , 2003.06.03.  N 427 , 2004.07.07.  N 577 , 2006.02.20.  N 127  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.

         74-2-бап. Таратылатын банк кредиторларының талаптарын
                 қанағаттандырудың кезектілігі

      1. Таратылатын банк кредиторларының, оның ішінде оның банкроттығымен байланысты талаптары осы бапта белгіленген тәртіппен қанағаттандырылады.
      2. Тарату ісін жүргізумен байланысты шығыстар, оның ішінде банктің тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар кезектен тыс жүргізіледі.
      3. Кредиторлардың белгіленген тәртіппен танылған талаптары мынадай кезектілікпен қанағаттандырылуға тиіс:
      1) бірінші кезекте жеке тұлғалардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін жауап бере отырып, таратылатын банк олардың талаптарын тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру жолымен қанағаттандырады;
      2) екінші кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбекақысы мен өтемақысын төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударым бойынша берешекті, жалақыдан ұсталған алиментті және міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу бойынша есеп айырысулар жүргізіледі;
      3) үшінші кезекте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдардың мәжбүрлеп таратылатын банкке ұсынылатын есеп айырысуға сәйкес кепілдік берілген депозиттер бойынша төленген (төленетін) өтемақы сомалары бойынша талаптары қанағаттандырылады;
      4) төртінші кезекте депозиттер және ақша аударымдары бойынша жеке тұлғалардың талаптары, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған депозиттер бойынша талаптары, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылған сақтандыру ұйымдарының депозиттері бойынша талаптары қанағаттандырылады;
      5) бесінші кезекте тек қана қайырымдылық қызметімен айналысатын коммерциялық емес ұйымдармен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұйымдарымен және оған теңестірілген адамдардың ұйымдарымен, Қазақстан Республикасы Мүгедектерінің ерікті қоғамымен, Қазақ зағиптар қоғамымен, Қазақ саңыраулар қоғамымен және осы заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын және олардың қаржысы есебінен құрылған өндірістік ұйымдармен, олардың банктік шоттарында бар және депозитке орналастырылған қаржысы бойынша басқа да мүгедектер ұйымдарымен есеп айырысулар жүзеге асырылады;
      6) алтыншы кезекте таратылатын банктің мүлкін кепілге алумен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша заңды тұлғалардың талаптары қанағаттандырылады;
      7) жетінші кезекте салық, алым және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару жөніндегі берешектер өтеледі;
      8) сегізінші кезекте басқа кредиторлармен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес есеп айырысулар жүргізіледі.
      4. Әр кезектің талабы алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін орындалады.
      Кредитордың талабы оның келісімімен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) мүлікті заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.
      Таратылатын банктің ақшасы және (немесе) өзге де мүлкі, бір кезектегі кредиторлардың талаптары қанағаттандырылған кезде, осы кезектегі кредиторлардың арасында қанағаттандырылуға тиісті талаптар сомасына бара-бар бір мезгілде бөлінеді.
       Ескерту. 74-2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

       74-3-бап. Банктi ерiксiз қайта құру. Оңалту рәсiмдерi

      1. Банктi ерiксiз қайта құру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес соттың шешiмiмен, осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып жүргiзiледi. 
      Банкке қатысты оңалту рәсiмi соттың шешiмi бойынша банктi мәжбүрлеп тарату жөнiндегi шаралар шеңберiнде, оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шарттар мен талаптарды орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi. 
      2. Сот банктi ерiксiз қайта құру не банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзу туралы мәселенi уәкiлеттi органның тиiстi қорытындысы негiзiнде ғана шешуге құқылы. 
      Банктi ерiксiз қайта құруды жүргiзудiң, оңалту рәсiмдерiнiң мiндеттi шарты банктiң өзiнде бар барлық депозиттердi мүдделi адамдарға ерiксiз қайта құру туралы шешiм қабылдаған күннен бастап бiр жылдың iшiнде қайтаруы болып табылады. 
      Осы шартты орындамау банктi ерiксiз таратуға әкеп соғады. 
      2-1. Банк өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) анықталған кемшiлiктердi жою мүмкiндiгi болған кезде оның банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы мәселенi қарауына байланысты оған қатысты оңалту рәсiмдерiн қолдану туралы сотқа өтiнiш мәлiмдеуге құқылы. Банктi оңалту жоспары банктiң өтiнiшiмен қоса берiлуге тиiс.
      Банк өтiнiшiнiң бiр данасы қоса берiлетiн құжаттармен бiрге уәкiлеттi органға ұсынылады.
      2-2. Банктiң оңалту жоспары уәкiлеттi органмен алдын ала келiсiлуi тиiс және оны ұсынылған күннен бастап он күн iшiнде сот бекiтедi.
      Банктiң оңалту жоспарын өзгертуге сот шешiмi бойынша уәкiлеттi органның келiсiмiмен жол берiледi.
      2-3. Банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүзеге асыру кезеңiнiң ұзақтығы алты айдан аспауға тиiс. Оңалту рәсiмдерiнiң басталу және аяқталу мерзiмдерiн сот айқындайды. Банктiң сот бекiткен оңалту жоспары банк пен оның лауазымды тұлғалары үшiн орындалуы мiндеттi құжат болып табылады.
      2-4. Банк оңалту рәсiмiн уәкiлеттi органның бақылауымен жүргiзедi. Оңалту рәсiмi кезеңiндегi банк қызметi осы баптың талаптары ескерiле отырып, әдеттегiдей тәртiппен жүзеге асырылады.
      3. Сот банктi ерiксiз тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда (iс қозғау негiзiне қарамастан), оны жүргiзу, осы баптың 2-1, 2-4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктiң сот бекiткен арнайы басқарушысына (басқару жөнiнде уәкiлеттiк берiлген адамдарға) тапсырылады. 
      Банктiң арнайы басқарушысы (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдар) сот пен банк кредиторларына өз қызметi туралы ай сайын хабарлап тұруға мiндеттi. 
      4. Банктi қайта құруға қатысушы үшiншi адам банктiң басқа коммерциялық ұйымға қосылуына немесе бiрiгуiне байланысты арнайы басқарушыға (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдарға) оның (олардың) қаржылық әлеуетiн және банктi қайта құрудың мақсатқа сай екенiн негiздейтiн қажеттi құжаттарды (деректердi) беруге мiндеттi. 
      5. Банктi ерiксiз қайта құру сот белгiлеген тәртiппен және ол бекiткен кесте мен шаралар жоспарына сәйкес жүргiзiледi. 
      6. Банктiң арнайы басқарушысының (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдардың) банктi ерiксiз қайта құрудың аяқталғаны туралы есебiн сот бекiтедi. 
      7. Аталған сот рәсiмдерi шеңберiнде банктi қайта құру жүргiзiлгенiн растайтын ресми құжат күшiне енгеннен кейiн 5 күн мерзiм iшiнде банктiң құқықтық мұрагерi болып табылатын ұйым екi республикалық газетте қажеттi ақпараттың жариялануын қамтамасыз етуге мiндеттi. 
      8. Банктi ерiксiз таратуды жүзеге асырумен байланысты шығыстар оның қаржысы есебiнен жүргiзiледi. 
      9. Банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды және оған қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзудi жүзеге асырудың өзге де мәселелерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
       Ескерту. 74-3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен .

        74-4-бап. Уәкiлеттi органның банктердi тарату
                процесiндегi бақылау өкiлеттiктерi 

      1. Уәкiлеттi орган ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын банктердiң тарату комиссияларының қызметiне бақылау жүргізуді жүзеге асыру мақсатында:
      1) тарату комиссияларынан атқарылған жұмыс туралы есептер, ал қажет болған жағдайда, қосымша ақпарат алуға;
      2) тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат беру нысанын, мерзiмдерi мен кезеңдiлiгiн белгiлеуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тарату комиссияларының қызметiне тексеру жүргiзуге;
      4) тарату комиссияларының қызметiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылықтар анықталған жағдайда, тарату комиссиялары орындауға мiндеттi бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамалар шығаруға, нұсқамалардың орындалу мерзiмiн белгiлеуге;
      5) тарату комиссиясы жазбаша нұсқаманы белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда, кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгінуге;
      6) тарату шығыстары сметасын қалыптастыру мен бекітудің ерекшеліктерін және тәртібін белгілеуге;
      7) тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргізу ережелерін орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткізу мерзімдерін айқындауға құқылы.
      2. Уәкiлеттi орган банктердiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтату туралы iстi соттың қарауына қатысты банктерден қажеттi ақпарат алуға құқылы.
      3. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.      
       Ескерту. 74-4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен , 2005.12.23. N  107  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз), 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.

  9-1-тарау. <*>

       Ескерту. 9-1-тарау алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен .

  10-тарау. Қорытынды ережелер

       75-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заңның қалыптары өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын барлық банкiлерге, соның iшiнде оларды ұйымдастырудың бастапқы кезеңiн регламенттейтiн жекелеген заңдық және қалыптық құжаттардың негiзiнде айрықша тәртiппен құрылған банкiлерге де, сондай-ақ банктердің тікелей және жанама қатысушылары болып табылатын тұлғаларға да қолданылады. 
      2.  (алып тасталды)
      2. Олардың әрқайсысы үшiн рұқсат етiлген банк операциялары түрлерiнiң тiзбелерiн, оларға банк операцияларын жүргiзуге лицензия берудiң негiздерi мен олардың қызметiн ықтимал шектеулердi қоса алғанда, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық мәртебесi, құрылу тәртiбi, лицензиялануы, қызметiнiң реттелуi мен тоқтатылуы осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен және өздерiнiң құзыретi шегiнде уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. 
      Мемлекеттік органдардың бөлімшелері болып табылатын ұйымдар банк операцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда аталған ұйымдарды құру, қызметі, қызметін реттеу және тоқтату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, оларды жүзеге асыруды үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, тек қана мемлекеттік бюджетке қатысты және соның қаражаттары есебінен жүзеге асыруға құқылы.
      3. Осы Заңның ережелерi Ұлттық Банкiге бұл Заңға тiкелей көзделген жағдайларда ғана қолданылады.
       Ескерту. 75-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 2001.03.02. N 162  Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен .

       76-бап.  
       Ескерту. 76-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.06.29. N 236  Заңымен

       77-бап. Ұлттық Банктiң iс-әрекетiне шағым беру

      Уәкiлеттi органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банк қызметiн реттеу саласындағы iс-әрекеттерiне сот тәртiбiмен шағым берiлуi мүмкiн. 
      Ескерту. 77-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңымен .

       78-бап. Осы Заңның күшiне енуi

      1. Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
      2. Осы Заң күшiне енген күннен бастап, "Қазақстан Республикасындағы банкiлер туралы" 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы заңының қолданылу кезеңiнде банкiлердiң жарғылық капиталын қалыптастыру тәртiбiн бұзушылықтарға жол берiлгендiгi анықталған жағдайда, банкiлерге осы Заңда көзделген санкциялар қолданылады.
       Ескерту. 78-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен

       Қазақстан Республикасының
      Президентi