Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi қызметiн лицензиялау және реттеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 10 қазан N 401. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 29 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2062. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 258 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 1663 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 46, 545-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбi туралы нұсқаулықта:
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында жекелеген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу және тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алуды жүргiзу тәсiлiн таңдау туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдауы мүмкiн.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі