Екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасаған мәмілелері жөніндегі ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 15 шілдедегі N 108 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6423 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 249 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.04.18 № 63 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 7, 73-құжат; 2004 ж., № 14, 173-құжат; 2006 ж., № 20, 194-құжат; 2007 ж., № 43, 497-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3-тармақта «және ақпарат» деген сөздер алып тасталсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
      1-бөлімнің үшінші бөлігінде «және ақпарат» деген сөздер алып тасталсын;
      5-бөлімнің 5.1-кіші бөліміндегі «Тіл - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында» деген тарауының бірінші бөлігінде «және ақпарат» деген сөздер алып тасталсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев