"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы"

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 заңы

Жаңартылған

       ЕСКЕРТУ. Тақырыбы өзгердi, кіріспе алып тасталды,   мәтін бойынша "Жарлыққа", "Жарлығымен", "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлықтың", "Жарлық" деген сөздер тиісінше "Заңға", "Заңымен", "Заңмен", "Заңда", "Заңның", "Заң" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен

  I Бөлiм
Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң
негiздемесi мен шарттары

  1-тарау. Жалпы ережелер

       1-бап. Банк, оның мәртебесi және тұрған жерi

      1. Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. 
      2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi. <*>
      3. Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.
      4. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.
       ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       2-бап. Салым (депозит)

      Салым (депозит) - бiр тұлға (депозитордың) басқа тұлғаға - банкке (бұдан әрi - Ұлттық Банк) аталған күйiнде қайтарылуға тиiс деген шартпен алғашқы талап ету бойынша немесе белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн толық немесе бөлiп-бөлiп, алдын-ала келiсiлген үстемесiмен немесе ондай үстемесiз, депозиторға тiкелей қайтарылуға не оның тапсыруымен үшiншi бiр тұлғаға берiлуге тиiстiлiгiне қарамастан беретiн ақша. <*>
       ЕСКЕРТУ. 2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен .
       ЕСКЕРТУ. 2-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 2-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       3-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi

      1. Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар. 
      2. Ұлттық Банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады. 
      Ұлттық Банкiнiң мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және өкiлеттiгi "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленедi. 
      Ұлттық Банк өзiнiң құзыретi шегiнде банк қызметiнiң жекелеген мәселелерi бойынша реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады және банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседi. <*>
      Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық Банктiң реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған. <*>
      3. Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкiлердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады. 
      4. <*>
      5. Шетелдер қатысушы банк - акциялардың үштен бiрiнен астамы: 
      а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң; 
      б) акцияларының (қатысушылар салымдарының) елу процентiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының; 
      в) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не осы баптың 6 (б)-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк. 
      6. Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келiсiм) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа (келiсiмге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.
       ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.04.25. N 179  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       4-бап. Банкiлердiң қызметiн құқықтық реттеу

      Банкiлердiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен (келiсiмдермен), сондай-ақ өздерiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заң құжаттары мен Президентiнiң Заңдары негiзiнде және оларды орындау үшiн шығарылатын уәкiлеттi органның, Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық құжаттарымен реттеледi. <*>
       ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.  

       5-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн
             жүзеге асыратын ұйым

      Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым - уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң лицензиясы негiзiнде осы Заңға көзделген жекелеген банк операцияларын жүргiзуге құқылы, банк болып табылмайтын заңды тұлға. <*>
       ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.  

       6-бап. Уәкiлдiк берiлмеген қызметке тыйым салу

      1. Уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр адамның:
      а) негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде банк операцияларын атқаруға;
      б) негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде банк қызметіне аудитті жүзеге асыруға;
      в) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамалық "банк" сөзiн қолдануға немесе содан туындап, ол банк операцияларын атқаратындай не банк қызметіне аудит жүргiзетiндей әсер қалдыратын сөздi (ұғымды) қолдануға құқығы жоқ. Бұл тыйым Ұлттық Банкiге, банкiлердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.
      2. <*>
      2. Уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз деп табылады.
       ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгертiлдi, 2-тармақ алынып тасталды, 3-тармақ 2-тармақ болып саналды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       7-бап. Банкiлер мен мемлекеттiң жауапкершiлiгiн шектеу.
             Банкiлердiң тәуелсiздiгi

      1. Банкiлер мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты мемлекет те олардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, бұған осы баптың 2-тармағында көрсетiлген реттер, сондай-ақ банкiлер мен мемлекет өзiне осындай жауапкершiлiк алған жағдайлар кiрмейдi. 
      2. Мемлекет өзiнiң мемлекеттiк банкiлердiң жарғылық капиталына салған қаражаттары шегiнде олардың мiндеттемелерi бойынша жауапты болады. Үкiмет жеке шешiммен олардың мiндеттемелерi бойынша өзiне қосымша жауапкершiлiк алып, мемлекеттiк банкiлерге қосымша жауапкершiлiк жүктей алады. 
      3. Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады. 
      Банк несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау және Республиканың банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша, қолданылып жүрген банк заңдарының талаптарына сәйкес капиталының терiс мөлшерi бар банктер акционерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, оларға заңдарда белгiленген санкцияларды қолдану арқылы мәжбүрлеп шектеу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы.
       ЕСКЕРТУ. 7-баптың 3-тармағы 2 бөлiкпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       8-бап. Банктер үшiн тыйым салынған және шектелген қызмет

      1. Банктерге банк қызметiне жатпайтын не осы Заңның 30-бабының 4-тармағында көзделмеген кәсiпкерлiк қызмет ретiндегi операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруға, сондай-ақ осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген реттердi қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға тыйым салынады. 
      2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген тыйым салу мына жағдайларда: 
      а) банктердiң, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияларының, инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының, лизинг берушi ұйымдардың, сондай-ақ акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын қор биржасының ең жоғары санаттағы тiзiмiне енгiзiлген заңды тұлғалардың (орналастырылған акциялардың жалпы санынан бiр эмитенттiң акциялары он бес процентiнен аспайтын мөлшерде) жарғылық капиталдардағы банктердiң қатысуына; <*>
      а-1) банктердiң бiр заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуы, г) тармақшасында аталған жағдайларды қоспағанда, банктiң өз капиталының он процентiнен аспауға тиiс; <*>
      б) қаржы рыногының инфрақұрылымдық бөлiгi болып табылатын және (немесе) банк қызметiн автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталына банктердiң қатысуына; 
      в) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асырушы ұйымдардың жарғылық капиталына банктердiң қатысуына; 
      г) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына осы ұйымдардың кепiл ретiнде қабылданған акциялары (қатысу үлестерi) банктердiң оларды өткiзгенге дейiн кепiл туралы шарттарының талаптарына сәйкес банктердiң меншiгiне ауысқан реттерде банктердiң қатысуы (заңды тұлғаның жарғылық капиталына бұрын кепiлге қабылданған акциялардың банктiң меншiгiне ауысуы арқылы банктiң тiкелей қатысуы банктiң өз капиталының жиырма бес процентiнен аспауға тиiс, бұл ретте оларды өткiзу мерзiмi бiр жылдан аспауға тиiс); <*>
      д)<*>
      е) банкроттық рәсiмдерiнде төлем қабiлетi жоқ борышкерлер мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi қызметке қолданылмайды; 
      е-1) бағалы қағаздары қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен жүзеге асыратын қор биржасының ең жоғары санаттағы тiзiмiне енгiзiлген заңды тұлғалардың облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыру. <*>
      3. Осы баптың 2-тармағында аталған заңды тұлғалардың қызметiнен және жарғылық капиталға қатысуынан басқа банктер мынадай қызмет түрлерiмен айналысуға құқылы: 
      а) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудi жүзеге асыруға; 
      б) кез келген ақпарат тарату түрлерiнде банк қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi арнаулы әдебиеттердi сатуға; 
      в) өз мүлiктерiн сатуға; 
      г) заем алушының кепiлге берген мүлiктерiн осы Заңда және қолданылып жүрген өзге де заңдарда белгiленген тәртiппен сатуға;
      д) қаржы қызметiне байланысты мәселелер жөнiнде кеңес беру қызметiн көрсетуге;
      е) басқа тұлғалардың банк қызметiне байланысты мәселелер бойынша мүдделерiн, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiруге; <*>
      ж) банк-қаржы қызметi саласындағы мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру жөнiндегi оқуды ұйымдастыруға;
      з) сақтандыру ұйымдары - Қазақстан Республикасының резиденттерi атынан сақтандыру полистерiн өткiзуге (сақтандыру шарттарын жасасуға).
       ЕСКЕРТУ. 8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен .  
       ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 427  Заңымен.
      ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       9-бап. Шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу

      1. Банкiлерге жарнама шығарылған күнi шындыққа сай келмейтiн қызметiн жарнамалауға тыйым салынады.
      2. Уәкiлеттi орган банкiден шындыққа сай келмейтiн жарнамаға өзгерiстер енгiзудi, оны тоқтатуды немесе терiске шығарып жариялауды талап етуге құқылы. <*>
      Бұл талап Уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындалмаған жағдайда Ұлттық Банк жарнамада баяндалған мәлiметтердiң шындыққа сай келмейтiндiгi туралы ақпарат жариялауға, не оларды мұндай жарнаманы жариялаған банкiнiң есебiнен нақтылауға құқылы. <*>
      3. Банк операцияларын жүргiзуге уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға банк операциялары санатына жататын қызметтердi жарнамалауға тыйым салынады. <*>

       10-бап. Банкiлер ассоциациялары (одақтары)

      1. Өз қызметiн үйлестiру, ортақ мүдделердi қорғау және бiлдiру, бiрлескен жобаларды жүзеге асыру және өзге де ортақ мiндеттердi шешу үшiн банкiлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес банкiлер ассоциациялары мен одақтарын құруға құқылы. 
      2. Банкiлер ассоциациялары (одақтары) коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
      3. Банкiлер ассоциацияларын (одақтарын) банк жүйесiндегi бәсекенi шектеу, сыйақы (мүдде) ставкаларды, несиелер мен өзге де банк қызметтерiн ұсыну шарттарын үйлестiру мақсатында қолдануға болмайды.
       ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       10-1-бап. Банктер қатысатын консорциумдар және басқа да
                бiрлестiктер

      Кредит беруге және өзге мiндеттердi шешуге байланысты бiрлескен жобаларды іске асыру мақсатында банктер бiрлескен қызметi туралы шарт негiзiнде консорциум құруға және басқа консорциумдар, қауымдастықтар жұмысына қатысуға құқылы.
       ЕСКЕРТУ. Жаңа 10-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен

       11-бап. Банкiлердiң еншiлес банкiлерi, филиалдары,
              өкiлдiктерi және есеп айырысу-касса бөлiмдерi
              (жинақ кассалары)

      1. Банкiлер Қазақстан Республикасының аумағында да, сол сияқты оның шегiнен тыс жерлерде де өзiнiң еншiлес банкiлерiн, филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға құқылы. 
      Қазақстан Республикасында шетел банктерiнiң филиалдарын ашуға тыйым салынады. 
      Қазақстан Республикасында шетелдiң қатысуымен банктердiң филиалдарын ашу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 
      2. Еншiлес банк - жарғылық капиталының елу процентiнен астамы еншi берушi банкiге тиесiлi екiншi деңгейдегi банк. Еншiлес банкiлер дербес заңды тұлғалар болып табылады және осы Заңның 12-28-баптарында белгiленген тәртiппен құрылады. 
      Еншiлес банктiң басқа еншiлес банк құруға құқығы жоқ. 
      3. Банкiлердiң филиалдары, өкілдіктері және есеп айырысу-касса бөлімдері (жинақ кассалары) осы Заңның 29-бабында белгiленген тәртiппен құрылады, жабылады.
      4. Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң өкiлдiктерi Қазақстан Республикасының аумағында уәкiлеттi органның рұқсатымен ашылады. <*>
      Қазақстан Республикасының резидент банкiнiң өкiлдiктерi уәкiлеттi органның келiсiмiмен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ашылады. <*>
       ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.06.29. N 236  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       11-1-бап. Банктердің еншілес ұйымдары

      1. Онда банк тура (тікелей) немесе жанама түрде (басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы) дауыс беретін акциялардың елу процентінен астамын иеленетін немесе сонша акциямен (қатысу үлесімен) дауыс беру мүмкіндігі бар немесе олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгеше түрде) осы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді банктің айқындауға мүмкіндігі болатын заңды тұлға банктің еншілес ұйымы болып табылады. 
      2. Банк осы Заңның 8-бабында өзіне берілген өкілеттіктерді жүзге асыру мақсатында уәкiлеттi органның рұқсаты болса ғана еншілес ұйым құра алады немесе ұстай алады. <*>
      Рұқсат беру тәртібі мен ерекшеліктері уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 
      3. Рұқсат алуға берілген өтінішке мынадай құжаттарды қоса тіркеу қажет: 
      1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттары, жарғының бекітілгені туралы хаттамалар; 
      2) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпарат; 
      3) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы; 
      4) бизнес-жоспармен қоса, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпарат; 
      5) аудиторлық ұйымның заңды тұлғада өткізілген аудит туралы қорытындысы және аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есеп; 
      6) уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген рұқсатты беру туралы шешім қабылдауға қажетті өзге де ақпарат немесе құжаттар. 
      4. Рұқсат беруден бас тартуға мыналар: 
      рұқсат алуға қажетті құжаттардың берілмеуі; 
      еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттардың) осы Заңның 20-бабы 3-тармағының а) және в) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі; 
      еншілес ұйымдардың болжамды болу нәтижесінде шоғырландырылған негізде пруденциалдық нормативтерді және банктер сақтауға міндетті уәкiлеттi орган белгілеген басқа да нормалар мен лимиттерді банктің сақтамауы; <*>
      еншілес ұйым қызметінің немесе банк жоспарлаған инвестициялар салдарынан банктің қаржылық жағдайының болжамды нашарлауы және (немесе) банк салымшыларының мүдделеріне нұқсан келтірілуі негіздемелер болып табылады. 
      5. Уәкiлеттi орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті. 
      Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган бас тартудың негіздемелері туралы өтініш иесіне жазбаша хабарлауға міндетті. 
      6. Банктің еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы уәкiлеттi органға хабарлап отыруға міндетті.
      7. Уәкiлеттi органның рұқсатын алмаған жағдайда банк еншілес ұйымның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзім ішінде осы банкпен ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға беруге не еншілес ұйым қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігінен бас тартып, оны растайтын құжаттарды уәкiлеттi органға табыс етуге міндетті.
       ЕСКЕРТУ. 11-1 баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 11-1-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

  2-тарау. Банктi құру және оның жарғылық капиталына қатысу

       12-бап. <*>
       ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 12-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       13-бап. Уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсат беруi <*>

      1. Банк ашуға рұқсат беру тәртiбi мен оған рұқсат беруден бас тарту негiздерi банк заңдарында белгiленедi.
      2. Банк ашуға берiлген рұқсаттың банк операцияларын жүргiзуге банкке лицензия беру туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдағанға дейiн заңды күшi болады. 
      Банк ашуға берiлген рұқсатты уәкiлеттi орган керi қайтарып ала алады. 
      3. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия берiлген жағдайда немесе банктiң қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда, сондай-ақ осы Заңның 49-бабының 2-тармағында көзделген негiздер бойынша рұқсат керi қайтарып алынған жағдайда банк ашуға берiлген рұқсатты банк уәкiлеттi органға қайтаруға тиiс. 
      4. Банк өзiне банк ашуға берiлген рұқсатты ерiктi түрде қайтаруға және заңда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуге құқылы. 
       ЕСКЕРТУ. 13-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 13-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.  

       14-бап. Банкiнiң құрылтай құжаттары
 
      1. Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен, банк заңдарында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып құрылады. 
      2. Банк құру жөнiндегi құрылтай шартында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде: 
      толық атауы мен олардың әрқайсысының тұрған жерiн қоса құрылтайшылар туралы мәлiметтер, сондай-ақ олардың мемлекеттiк тiркеуден өткендiгi жөнiндегi деректер (заңды тұлғалар үшiн), аты-жөнi, азаматтығы, тұрғылықты жерi мен жеке өзiн (жеке адамдар үшiн) куәландыратын құжат деректерi;
      акциялардың саны, санаттары мен орналастыру бағалары туралы мәлiметтер көрсетiлуге тиiс. <*>
      3. Банк жарғысында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:
      банкiнiң толық және қысқартылған атауы;
      банк қорларын (резервтік капиталын) құру түрлерi мен тәртiбi туралы мәлiметтер;
      банк органдарының шешiм қабылдау тәртiбi.
       ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416  Заңымен

       15-бап. Банктiң ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы <*>

      1. Банктер акционерлiк қоғамдар нысанында құрылады.
      1-1. Банк өз жарғысында жазылған атауды өзiнiң атауы ретiнде пайдаланады.
      Банктiң атауында "банк" деген сөз немесе одан туындаған сөз болуға тиiс. <*> 
      2. Ұлттық Банкiден басқа банкiлердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде "ұлттық", "орталық" деген сөздердi қолдануға тыйым салынады. 
      3. Банктердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде "мемлекеттiк" деген сөздi қолдануға тыйым салынады. 
      4. Бұрын құрылған банкiлердiң, еншiлес банктердi қоспағанда соның iшiнде Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң атауымен бiрдей немесе орнын ауыстырған дәрежеде ұқсас таңбаларды атау ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.
      Еншiлес банктер өзiнiң атауына негiзгi банктердiң атауын пайдалануға мiндеттi.
       ЕСКЕРТУ. 15-баптың 1-тармағы өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.  

       16-бап. Банктiң жарғылық және меншiк капиталы

      1. Банктің жарғылық капиталы акцияларды сату не құрылтайшылардың жарналары есебінен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледi және қалыптастырылады. <*> 
      2. Банкiнiң құрылтайшылары мен акционерлерi сатып алынатын акцияларға ақшамен ғана төлем жасауға құқылы. <*> 
      3. Банктiң құрылтайшылары және акционерлерi - заңды тұлғалар акцияларға орналастырылған активтердi және басқа тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесiн шегере отырып, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес есептелген өз капиталы шегiнде банк акцияларын сатып алады. <*>
      Банктің құрылтайшылары мен қатысушылары - жеке тұлғалар жарғылық капиталға ақша қосуға, салық заңдарының табыстары мен мүлік туралы декларация беру бөлігінде белгіленген талаптарын ескере отырып, банк акцияларын төлеуге құқылы. 
      4. Банк акцияларын алғашқы сату барлық құрылтайшылар (акционерлер) үшiн бiрыңғай орналастыру бағасымен жүргiзiледi. <*>
      5. Жаңадан құрылған банкiнiң жарғылық капиталына оның акционерлерi Әдiлет министрлiгi банкiнi тiркейтiн кезге қарай елу процент мөлшерiнде және тiркеген күннен бастап бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде толық төлем жасауға тиiс. <*>
      6. <*>
      7. Банктiң өз меншiгiндегi капиталы (бұдан әрi - Банк капиталы) - оның мiндеттемелерiнiң сомасы шегерiлген банк активтерiнiң құны, онда активтердiң құны банк активтерiнiң бастапқы құнынан берiлген қарыздар мен басқа да активтер бойынша қажеттi резервтер (провизиялар)сомасын шегеру жолымен есептеледi. Банк капиталын, активтерiнiң құнын, берiлген қарыздар мен басқа да активтер бойынша резервтердiң (провизиялардың) мөлшерiн есептеу әдiстемесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 
      Банк мiндеттемелерiнiң сомасы оның активтерiнiң құнынан асып кеткен жағдайда банк капиталы терiс болады. 
      8. Банк капиталының терiс мөлшерi келесi үш күнтiзбелiк ай бойы анықталған жағдайда уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша оның акционерлерiнiң банктiң жарғылық капиталындағы үлестерiн (акцияларын) мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдауға және оларды банк капиталының ұлғаюына, инвестор алған мiндеттемелердi ескере отырып оның қалыпты жұмыс iстеуiне кепiлдiк беретiн шарттармен жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша дереу сатуға құқылы. 
      Банк акцияларын Ұлттық Банктiң мәжбүрлеп сатып алуы банк акцияларын (акционерлердiң үлесiн) кейiннен жаңа инвесторға сату мақсатында мәжбүрлеп сатып алу туралы ол шешiм қабылдаған күнгi оның нақты капиталының мөлшерiн негiзге ала отырып белгiленетiн баға бойынша жүзеге асырылады. Банктiң сатып алынған акцияларын Ұлттық Банк олар сатып алынған баға бойынша дереу сатады. Банктiң мәжбүрлеп сатып алынған барлық акциялары иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi жаңа инвесторға көшедi. 
      Банкке талаптар қойылуы мүмкiн мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған жағдайда, бiрақ ол талаптар банктiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдағанға дейiн қойылмаса, жеке және заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша талаптарды қоспағанда, мұндай талаптар өтелген болып есептеледi.
      Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың және оларды кейiннен инвесторларға мiндеттi түрде сатудың тәртiбiн Ұлттық Банк белгiлейдi.
       ЕСКЕРТУ. 16-баптың атауы өзгертiлдi және жаңа 7-8-тармақтарымен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.  

       17-бап. Банкiнiң құрылтайшылары мен акционерлерi

      1. Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резиденттерi емес заңды және жеке тұлғалар (осы баптың 5 және 6-тармақтарында және осы Заңның 18-бабында белгiленген шектеулердi ескере отырып) банкiнiң құрылтайшылары мен акционерлерi бола алады. <*>
      2. Мемлекет тек Үкiмет атынан ғана банкiлердiң құрылтайшысы және акционерi бола алады, ал Қазақстанның Даму Банкінің акционерлері болып облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары да қатыса алады. Жарғылық капиталының елу процентiнен астамы мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдар банкiнiң құрылтайшылары мен акционерлерi бола алмайды. 
      3. <*>
      4. Банк несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау және республика банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша капиталының терiс мөлшерi болған ретте банк акцияларын (акционерлердiң үлесiн) келесi үш күнтiзбелiк ай бойы банктiң қаржы жағдайының қажетiнше жақсартылуына кепiлдiк беретiн жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша кейiннен мiндеттi түрде дереу сату шартымен мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асыруға құқылы. 
      5. Оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген аффилиирлендірілген тұлғалары бар заңды тұлғалар, немесе уәкiлеттi орган тізбесін белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резидент-банктерінің тікелей немесе жанама құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. 
      Аталған шектеу Ұлттық Банк тізбесін белгілейтін рейтинг агенттіктерінің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі бар банктерге қолданылмайды. 
      6. Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары, банктердi қоса алғанда, егер оларда тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн негiзгi рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң ең аз талап етiлетiн рейтингi болса Қазақстан Республикасының резидент банктерi акцияларының он және одан да кеп процентiне ие бола алады. 
      7. Банктің жарғылық капиталына тікелей немесе жанама түрде қатысатын тұлғалар уәкiлеттi органның талап етуі бойынша банктің ірі қатысушыларын және олардың қаржылық жай-күйiн айқындау үшін құрылтай құжаттарын және басқа да қажетті ақпарат беруге міндетті.
       ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.01.27. N 2830  Жарлығымен
       ЕСКЕРТУ. 17-бап жаңа 4-тармақпен толықтырылды, 4-тармақ 5-тармақ болып саналды - Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.06.29. N 236  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 17-баптың 5-тармағы жаңа редакцияда, 6-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен.
       ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.04.25. N 179  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.  

       17-1-бап. Банктердің аффилиирлендірілген тұлғалары

      1. Мынадай тұлғалар, егер:
      ол банктің ірі қатысушысы болса;
      банк осы тұлғаның ірі қатысушысы болса;
      осы тұлғаның ірі қатысушысы банктің ірі қатысушысы болса, банктің аффилиирлендірілген тұлғалары болып танылады.
      2. Бірде-бір тұлға уәкiлеттi органның келісімінсіз дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп, банктің ірі қатысушысы бола алмайды. Iрі қатысушы мәртебесін алуға келісім беру тәртібі уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді. 
      Банктің ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкiлеттi органға банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтініммен қоса мынадай құжаттар мен мәліметтерді: 
      жоғары органның өтініш берушіге осы банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру туралы шешімінің көшірмесін; 
      банк акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді, оған қоса; 
      растайтын құжаттардың көшірмелерін тіркей отырып, сатып алуға жұмсалатын ақша көздерінің сипаттамасы мен сомасын; 
      өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылған өтініш берушінің өкілі туралы мәліметтерді; 
      ол iрi қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тiзiмiн; 
      сонымен қатар жеке адамдар үшін: 
      уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша, өтініш беруші туралы қысқаша деректерді, соның ішінде еңбек қызметі туралы, сондай-ақ сотты болғаны туралы, банк қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылғаны туралы мәліметтерді; 
      заңды тұлғалар үшін: 
      құрылтай құжаттарын, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді; 
      уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді, соның ішінде білімі, еңбек қызметі туралы, сондай-ақ сотты болғаны туралы, банк қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылғаны туралы мәліметтерді; 
      өткен соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есебі, сондай-ақ ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім беру туралы шешім қабылдар алдында өткен соңғы тоқсанның қаржылық есебін; 
      ірі қатысушы мәртебесін алу нәтижесінің қаржылық болжамын, оған қоса өтініш берушінің мәртебе алғаннан кейінгі ықтимал есеп айырысу балансы, егер бар болса, өтініш берушінің банк активтерін сату, банктің басқа заңды тұлғамен қосылуы немесе банк қызметіне немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын (оған қоса бизнес-жоспарын және ұйымдық құрылымды) беруге тиіс. 
      3. Банктің ірі қатысушысы - банктің дауыс беруші акцияларының он немесе одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін немесе: 
      банктің дауыс беруші акцияларының он немесе одан да көп процентімен тікелей немесе жанама дауыс беру; 
      шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерге ықпал жасай алу мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емес-жеке немесе заңды тұлға. 
      4. Жиынтығында банк акцияларының он немесе одан да көп процентін иеленетін немесе сонша акциямен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және: 
      1) өздерінің арасында жасалған шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде банктің шешіміне бірлесіп ықпал ететін; 
      2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын; 
      3) олардың бірі лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын; 
      4) олардың бірі екіншісіне банк акцияларын сатып алу үшін заем берген; 
      5) олар жақын туыстар болып келетін тұлғалар бірлесіп банктің ірі қатысушылары болып табылатын тұлғалар деп танылады. 
      5. Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады: 
      Осы Заңның 20-бабы 2-тармағы б), в) тармақшаларының және 3-тармағы а), в) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке адамға немесе өтініш беруші-заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты); 
      өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы; 
      уәкiлеттi орган талап еткен құжаттарды бермеу; 
      өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуы нәтижесінде монополияға қарсы заңдардың талаптарының бұзылуы; 
      банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі мәміледе тараптардың бірі оффшорлық аймақта тіркелген тұлға (оның аффилиирлендірілген тұлғасы) немесе уәкiлеттi орган тізбесін белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушысы (құрылтайшысы, акционері) болып табылатын жеке тұлға болатын реттер; 
      өтініш беруші өзі тұрған елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын шетелдік банк болып табылатын реттер; 
      өтініш берушінің банктердің құрылтайшылары мен акционерлеріне қойылатын осы Заңда белгіленген өзге де талаптарды сақтамауы. 
      6. Мыналардың бірі: 
      өтініш беруші заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылға жетпейтін уақытта құрылса; 
      өтініш берушінің міндеттемелері өз активтерінен асып кетуі; 
      соңғы екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шегуі; 
      өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері банктің қаржылық жағдайына айтарлықтай қауіп төндіруі; 
      өтініш берушінің банк алдындағы мерзімі өткен және (немесе) банк балансына жатқызылған берешегінің болуы; 
      банкке және (немесе) оның депозиторларына залал келтіру мүмкіндігін дәлелдейтін өзге де негіздердің болуы өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгілері болып табылады. 
      7. Тұлға ірі қатысушы мәртебесіне келісім алмаған жағдайда уәкiлеттi орган бұл тұлғаға осы Заңның 47-1-бабында көзделген мәжбүр ету шараларын қолдануға құқылы. 
      8. Банк холдингі - банктің дауыс беруші акцияларының жиырма бес немесе одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін немесе: 
      банктің дауыс беруші акцияларының жиырма бес немесе одан да көп процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге; 
      шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді айқындауға мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емес-заңды тұлға. 
      Банк холдингі мәртебесін иелену банктің ірі қатысушылары үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 
      9. Жиынтығында банк акцияларының жиырма бес немесе одан да көп процентін иеленетін немесе сонша акциямен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
      1)өздерінің арасында жасалған шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде банктің шешіміне бірлесіп ықпал ететін;
      2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
      3) олардың бірі лауазымды адам немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
      4) олардың бірі екіншісіне банк акцияларын сатып алу үшін заем берген;
      5) олар жақын туыстар болып келетін тұлғалар бірлесіп банк холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады.
      10. Банк тобы банктен және банк қатысушысы болып табылатын ұйымдардан тұрады.
       ЕСКЕРТУ. 17-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 17-1-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.   

       18-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi емес
              банкiлердiң еншiлес банк құру ерекшелiктерi

      1. Негiзгi рейтинг агенттiктерi бiрiнiң белгiлi бiр рейтингi бар Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлер еншiлес банкiге еншi берушi банк бола алады. Негiзгi рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен талап етiлетiн ең төменгi рейтингтi уәкiлеттi орган белгiлейдi. <*>
      2. <*>
       ЕСКЕРТУ. 18-баптың 2-тармағы 2 абзацпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 18-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 18-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       19-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiш

      1. Заңды тұлға немесе жеке тұлға банк ашуға рұқсат беру жөнiнде уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға құқылы.
      2. Өтiнiш қазақ немесе орыс тiлдерiнде берiледi және онда өтiнiш берушiнiң мекен-жайы көрсетiлуге тиiс.
      3. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiшке мына құжаттар қоса тiркелуге тиiс:
      а) жаңадан құрылатын банкiнiң құрылтай құжаттары: құрылтай шарты, жарғы, жарғы қабылдау мен банк органдарын тағайындау (сайлау) хаттамасы; 
      б) құрылтайшылар туралы егжей-тегжейлi мәлiметтер (олардың ағымдағы қызметi туралы деректердi қоса); құрылтайшы-заңды тұлғалардың соңғы екi есеп беру күнiндегi қаржылық есептiлiгi; осы Заңның 16-бабының 5-тармағының талаптарына құрылтайшылардың қаржы жағдайының сәйкестiгi туралы аудиторлық ұйымның (аудитордың) есебi; 
      в) егер бiр немесе одан көп құрылтайшы Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылмаған жағдайда: Қазақстан Республикасының резидент банкiнiң жарғылық капиталына қатысуға рұқсат беретiнi туралы тиiстi мемлекеттiң мемлекеттiк немесе қадағалау органының жазбаша хабарламасы не құрылтайшы мемлекеттiң заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етiлмейтiнi туралы тиiстi мемлекеттiң мемлекеттiк немесе қадағалау органының мәлiмдемесi; 
      г) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар банк болып қайта құрылған жағдайда: 
      құрылтай шарты, жарғы, соңғы есеп беру күнiндегi қаржылық есептiлiк; 
      банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы мекемесiнiң қаржы жағдайы туралы аудиторлық ұйымның (аудитордың) есебi; <*> 
      д) осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес банктiң басшы қызметкерлерi лауазымына тағайындау (сайлау) үшiн ұсынылатын адамдар туралы мәлiметтер; 
      е) жаңадан құрылатын банкiнiң егжей-тегжейлi ұйымдық құрылымы; 
      ж) жаңадан құрылатын банкiнiң iшкi аудит қызметi жөнiндегi ереже; 
      з) жаңадан құрылатын банкiнiң несие комитетi жөнiндегi ереже; 
      и) жаңадан құрылатын банкiнiң қызмет стратегиясын, қызмет бағыты мен ауқымын ашып көрсететiн бизнес-жоспары, қаржылық перспективасын (бюджет, есеп балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен залалдар есебi, маркетинг жоспары (банк клиенттерiнiң қалыптасуы), еңбек ресурстарын тарту жоспары; 
      к) ұсынылған бизнес-жоспарына сәйкес құрылтайшылар өткiзген әзiрлiк шаралары жөнiндегi есеп; 
      л) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан өтiнiш беруге өкiлеттiгiн растайтын нотариалдық не өзге заңды түрде куәландырылған құжат; 
      Осы тармақтың ж), з), и) тармақшаларында көзделген құжаттарды банктiң уәкiлеттiк берiлген органдары бекiтуi тиiс. 
      4. Аудиторлық ұйымның (аудитордың) есебi: 
      ол құрылтайшылар мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз екендiгiн; 
       немесе резидентi болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органының лицензиясына сәйкес банк қызметінің аудитін жасауға өкiлеттi екендiгiн растайтын құжаттар тапсырған жағдайда жарамды деп танылады. 
      5. Уәкiлеттi орган банк ашуға рұқсат беру жөнiнде шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша ақпарат немесе құжаттар сұратуға құқылы. 
      6. Өтiнiш берушi банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiштi ол уәкiлеттi органда қаралып жатқан кез келген сәтте қайтарып алуы мүмкiн. 
       ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

         20-бап. Банктiң, банк операцияларының жекелеген
              түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның басшы
              қызметкерлерiне қойылатын ең төменгi талаптар

      1. Банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның Директорлар кеңесiнiң төрағасы мен мүшелерi, Басқарманың төрағасы мен мүшелері, банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) оларға бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізгенде негізге алынатын құжаттарға қол қою құқығы бар банктің өзге де басшылары, банкiнiң бас бухгалтерi мен оның орынбасарлары, банк филиалының бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi банкiнiң басшы қызметкерлерi деп танылады. Банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның атынан сенiмхатсыз мәмілелер жасауға құқығы бар адамдар басшы қызметкерлер деп танылады. 
      2. Банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi, сондай-ақ басшы қызметке тағайындау немесе сайлау үшiн ұсынылатын кандидаттар осы бапта белгiленген талаптарға сай келуге тиiс. Банктiң басшы қызметкерлерi қызметке уәкiлеттi органның келiсiмiмен тағайындалады, сайланады. Олардың көрсетiлген талаптарға сай келуiн Ұлттық Банктiң бiлiктiлiктi айқындау комиссиясы шешедi. 
      Уәкiлеттi орган банктiң басшы қызметкерiн тағайындауға (сайлауға) берiлген келiсiмдi мынадай негiздер бойынша: 
      а) келiсiм бергенде негiзге алынған мәлiметтердiң бұрыстығы анықталғанда; 
      б) банк қызметiне байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн жыл iшiнде екi және одан да көп рет әкiмшiлiк жауапқа тартылғаны туралы деректер болғанда; 
      в) осы Заңның 47-бабы 2-тармағының е) тармақшасында көзделген негiздер бойынша қызмет мiндеттерiн атқарудан босатылғанда; 
      г) осы баптың 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiндiгi анықталғанда қайта қарауға хақылы. 
      3. Атқаратын қызметiне сай келмейтiн немесе банктiң басшы қызметкерi лауазымына тағайындауға болмайды деп: 
      а) заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; 
      б) банк заңдары жөнiндегi бiлiмдi жеткiлiктi игермеген; 
      в) белгiленген тәртiппен банкрот деп танылған банктi немесе басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешiм қабылданғанға дейiн бiр жылдан аспайтын кезеңде бұрын банктiң нeмece басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесiнiң төрағасы, бiрiншi басшысы (басқарма төрағасы), басшының орынбасары, бас бухгалтерi болған адамдар танылады. Аталған талап белгiленген тәртiппен банктi немесе басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешiм қабылданған күннен кейiн бес жыл бойы қолданылады. <*>
      4. Директорлар кеңесi төрағасы және мүшелерінің, банк Басқармасының төрағасы және оның орынбасары, сондай-ақ банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның атынан құжаттарға қол қою немесе банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның атынан олардың активтерiн иелiктен айыру құқығы бар банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның басшысы лауазымына тағайындау үшiн мiндеттi түрде жоғары бiлiмi болуы тиiс. Банктiң бас бухгалтерiнiң, филиалдың бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерiнiң жоғары немесе кәсiби бағдарына сай арнаулы орта бiлiмi болуы тиiс. 
      5. Банк Басқармасының төрағасы мен оның орынбасарлары, банкiнiң бас бухгалтерi мен оның орынбасарлары, банк филиалының бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi әдетте, банк жүйесiнде банк филиалы бiрiншi басшысының және бас бухгалтерiнiң жұмыс стажы бiр жылдан: 
      Басқарманың төрағасы мен бас бухгалтерiнiң жұмыс стажы - үш жылдан, төрағаның орынбасары мен бас бухгалтер орынбасарының жұмыс стажы екi жылдан кем болмауға тиiс. Басшы қызметкерлер Ұлттық Банкiнiң келiсiмi алынғанға дейiн өз мiндеттерiн үш айдан асырып атқара алмайды. 
      Кандидатурасы банктiң басшы қызметкерi лауазымына алыну үшiн келiсуге ұсынылған адамның қызмет мiндеттерiн нақты орындап жүргенiне қарамастан, Ұлттық Банк оның тағайындалуына, сайлануына келiсiм беруден бас тартқан жағдайда, банк уәкiлеттi органның шешiмiн алған сәттен бастап аталған қызметкер атқарып жүрген қызметiнен 30 күннен аспайтын мерзiмде босатылуы тиiс. Осы баптың талаптарына сәйкес банк қызметкерiнiң кандидатурасын келiсу кезеңiнде қызметке жаңадан қабылданатын адамдар мiндеттерiн мерзiмдi еңбек шарты бойынша атқарады. Келiсуге қайтадан ұсынуға келiсiм беруден бас тарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап кемiнде үш айдан кейiн жол берiледi. <*>
      6. Осы бапта көзделген талаптарды банкiлер өзiнiң бүкiл қызмет мерзiмiнде сақтауға мiндеттi.
      7. Банктердiң басшы қызметкерлерiнiң кандидатураларын келiсудiң тәртiбi, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерiнiң кандидатурасын келiсудiң тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. <*>
       ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.08.12. N 200  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 20-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.06.29. N 236  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       21-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi
              еместердiң қатысуымен банк құруға және
              оның қызметiне қойылатын қосымша талаптар

      1. Банктiң құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi емес - заңды немесе жеке тұлға, осы Заңның 19-бабында көрсетiлген құжаттардан басқа, банк ашуға рұқсат беру туралы өтiнiшiне оның басқа банктер мен қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына қатысуы туралы мәлiметтерiн, тиiстi мемлекеттiң уәкiлеттi органының (резидент емес банктер үшiн - банктiк қадағалау органының) осы тұлғаға Қазақстан Республикасының резидентi - банктiң жарғылық капиталына қатысуға рұқсат берiлгенi туралы жазбаша хабарламасын не тиiстi мемлекеттiң уәкiлеттi органының (резидент емес банктер үшiн - банктiк қадағалау органының) мемлекеттiң заңдары бойынша аталған құрылтайшыдан мұндай рұқсат талап етiлмейтiндiгi туралы мәлiмдемесiн қоса тiркеуге мiндеттi. 
      1-1. Уәкiлеттi орган банк қатысушыларының (құрылтайшыларының, акционерлерінің) осы бапта белгіленген талаптарды сақтауын бақылау мақсатында, банкпен аффилиирлендірілген тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары мен қаржылық есептерін беруін талап етуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті мәліметтер сұратуға құқылы. 
      2. Iрі қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін алу туралы өтінім жасаушы резидент емес-заңды тұлға 19-бапта және осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа мына құжаттарды табыс етуге мiндеттi: 
      а) құрылтайшы-заңды тұлғаның тиiстi органының Қазақстан Республикасының резидент-банкiне өзiнiң қатысуы туралы шешiмi; 
      б) Осы Заңның 19-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес заңды тұлғаның аудиторлық ұйым (аудитор) куәландырған соңғы үш қаржылық (операциялық) жылындағы тиiстi дәрежеде ресiмделген (жинақталған баланс пен пайда және шығын туралы есептi қоса) жылдық есебi; 
      в) банктің ірі қатысушыларын және банк холдингтерін айқындау үшін қажетті, Қазақстан Республикасының резиденті еместерінің қатысуымен банк құру және оның қызметі мәселесі жөніндегі уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген басқа да құжаттар. 
      3. Банк құрылтайшысы не қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент емес банкi 19-бапта және осы баптың 1-2-тармақтарында көрсетiлген құжаттардан басқа мынадай құжаттар беруге мiндеттi: 
      а) тиiстi мемлекеттiң банктiк қадағалау органының банктiк банк қызметiн жүзеге асыруға арналған күшiндегi лицензиясы бар екенiн жазбаша растауы; 
      б) тиiстi мемлекеттiң банктiк қадағалау органының банктiң бiрiккен негiзiнде қадағалауға жататындығын жазбаша растауы. 
      4. Уәкiлеттi орган жарғылық капиталына банктiң құрылтайшысы болып табылатын резидент емес заңды немесе жеке тұлға қатысқан банктердiң немесе қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайы туралы ақпарат сұратуға құқылы. Аталған банктердiң немесе қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайы қанағаттанғысыз болған жағдайда уәкiлеттi орган аталған резидент емес заңды немесе жеке тұлғаға резидент банктiң жарғылық капиталына қатысуға рұқсат беруден бас тартуға құқылы. 
      5. Банктің дауыс беруші акцияларының он және одан көп процентiн иеленушi немесе сатып алуға ниет бiлдiрушi Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғалары Қазақстан Республикасының резидент-банкінің жарғылық капиталына осы қатысуы тиісті мемлекеттің заңдарына қайшы келмейтіндігі туралы өз мемлекетінің уәкілетті органының тиісті хабарламасын ұсынады. 
       ЕСКЕРТУ. 21-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 21-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.06.29. N 236  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 21-бап өзгерді және 4-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 21-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 21-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

         22-бап. Шетелдердiң қатысуымен банкiлер құруға және
              олардың қызметiне қойылатын қосымша талаптар

      1. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдердiң қатысуымен банкiлер құрған және олардың қызметiн жүзеге асырған кезде мынадай талаптар сақтауға тиiс: 
      а) шетелдер қатысушы банкiлердiң жарғылық капиталы Қазақстан Республикасындағы уәкiлеттi орган рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда барлық банкiлердiң жиынтық жарғылық капиталының елу процентiнен аса алмайды; <*>
      б) шетелдер қатысушы банкiнiң Басқармасының кеңесiнiң ең болмағанда бiр мүшесi Қазақстан Республикасының азаматы болуға және ол Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеп тұрған банкiде кем дегенде үш жыл басшы қызметте болған тәжiрибесiн, Қазақстан Республикасының банк және шаруашылық заңдарын бiлетiндiгiн куәландыратын құжаттар тапсыруға тиiс; 
      в) шетелдер қатысушы банк уәкiлеттi орган белгiлейтiн сома мен тәртiп бойынша iшкi активтерге қаражат салуға мiндеттi. Iшкi активтер деп шетелдер қатысушы банкiнiң Қазақстан Республикасы аумағында салынған теңге және шетел валютасы түрiндегi активтерiн айтады, оның iшiнде: 
      Iшкi активтердiң тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi; 
      г) шетел қатысқан банктердің барлық қызметкерлерінің кем дегенде жетпіс проценті Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс. 
      2. уәкiлеттi орган шетелдер қатысушы банкiлерге олардың органдарының құрамына, орындалатын банк операцияларының тiзбесiне, сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi пруденциалдық қалыптар мен есептесу тәртiбiне қатысты қосымша талаптар қоюға құқылы.
       ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.01.27. N 2830 Заң күші бар  Жарлығымен
       ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       23-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi
              өтiнiштi қарау тәртiбi

      1. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiштi уәкiлеттi орган өтiнiш берушi уәкiлеттi орган сұратқан соңғы қосымша ақпаратты немесе құжатты табыс еткен күннен бастап үш ай iшiнде, бiрақ өтiнiш қабылданған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей қарауға тиiс. 
      2. Уәкiлеттi орган қабылданған шешiм туралы өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi. Хабарлама банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiште көрсетiлген мекен-жайға жiберiледi.
      3. Уәкiлеттi орган банк ашуға берiлген рұқсаттың есебiн жүргiзiп отырады.
       ЕСКЕРТУ. 23-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 23-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.  

       24-бап. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту

      1. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту төмендегi кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:
      а) банкiнiң құрылтай құжаттары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келмеуi;
      б) осы Заңның 15-бабы 2-4-тармақтарының талаптарына банк атауының сәйкес келмеуi;
      в) осы Заңның 16-бабының талаптарына банкiнiң жарғылық капиталы мөлшерiнiң, құрамы мен құрылымының сәйкес келмеуi; 
      г) банк құрылтайшылары қаржы жағдайының тұрақсыздығы; 
      д) осы Заңның 17-бабында белгiленген шектеулердiң сақталмауы; 
      е) осы Заңның 20-бабының 3-5-тармақтарында белгiленген ең төменгi талаптарға банкiнiң басшы қызметтерiне кандидаттардың сәйкес келмеуi; 
      ж) осы Заңның 22-бабының 1-тармағында белгiленген қалыптарға шетелдер қатысушы банкiнiң құрылтай құжаттары сәйкес келмеуi;
      з) құрылатын банкiнiң бизнес-жоспары және өтiнiш берушiнiң өзге де құжаттары:
      алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейiн банк қызметiнiң рентабельдi болатынын;
      банк тәуекелдi шектеуге қойылатын талаптарды сақтау және тиiстi басқару құрылымын құру ниетiнде екенiн;
      банк өзiнiң қызмет жоспарына сәйкес ұйымдық құрылымға ие болғандығын;
      банк өз қызметiнiң жоспарына сәйкес есеп және бақылау құрылымына ие болғандығын көрсетпесе.
      2. Уәкiлеттi орган бас тарту негiздерi жөнiнде өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
      3. Осы Заңның 18-22-баптарының шарттары сақталмаған ретте банк ашуға рұқсат беруге жол берiлмейдi.
       ЕСКЕРТУ. 24-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 24-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.  

       25-бап. Банкiнi мемлекеттiк тiркеу

      Банкiнi мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты негiзiнде Әдiлет органдары жүзеге асырады және оның құрылтай құжаттары уәкiлеттi органмен келiсiлгендiгiн растайтын деректер. 
      Құрылтайшылар уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты алынған күннен бастап бiр ай iшiнде банкiнi мемлекеттiк тiркеу үшiн Әдiлет органдарына жолдануға мiндеттi. 
      Банктi әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркегеннен кейiн банк он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi органға тiркеген әдiлет органының белгiсi және мөрi қойылған құрылтай шарты мен жарғының және банктi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариаттық куәландырылған көшiрмелерiн беруге мiндеттi. 
       ЕСКЕРТУ. 25-бап сөздермен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 25-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 25-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.  

       26-бап. Банк операцияларын лицензиялау

      1. Банктiк, сондай-ақ осы Заңға сәйкес белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды осы Заңның талаптарына сәйкес уәкiлеттi орган, Ұлттық Банк белгiлеген тәртiппен және өздерiнiң құзыретi шегiнде уәкiлеттi орган немесе Ұлттық Банк бередi. <*>
      <*>
      Ұлттық Банк немесе уәкiлеттi орган лицензия берген кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктердің жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы. <*>
      Лицензия берiлгенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. 
      2. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия алу үшiн өтiнiш берушi мемлекеттiк тiркелген күннен бастап бiр жыл iшiнде: 
      а) барлық ұйымдық-техникалық шараларды орындауға, оның iшiнде уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес келетiн үй-жай мен жабдықтар әзiрлеуге, сондай-ақ тиiстi бiлiктiлiгi бар қызметкерлер жалдауға; 
      б) жарғылық капиталға төлем жасауға тиiс. <*>
      2-1. Жұмыс iстеп тұрған банк қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшiн:
      1) банк операцияларын жүргiзуге лицензия алу үшiн өтiнiш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердiң және сақтауға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттердiң;
      2) тәуекелдер мен iшкi бақылау жүйелерi бар бөлiкте уәкiлеттi орган белгiлеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиiс.
      3. Банк операциясын жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде лицензиат осы баптың 2-тармағындағы талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды табыс етуге мiндеттi. 
      4. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру жөнiндегi өтiнiштi уәкiлеттi орган немесе Ұлттық Банк өтiнiш қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс. <*>
      5. Ұлттық және (немесе) шетелдiк валютамен банк операцияларын жүргiзуге лицензия шектеусiз мерзiмге берiледi. <*>
      6. Банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензия үшiншi адамдарға берiлмеуге тиiс. 
      7. Банк операцияларының барлық түрлерi оны жүргiзу құқығы лицензияда тiкелей көрсетiлген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. 
      8. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру жөнiндегi шешiмдi уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң ресми басылымдарында жариялайды. <*>
      9. Банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның тиiстi дәрежеде куәландырылған көшiрмесi банк клиенттерi көруiне оңтайлы жерге орналастырылуы тиiс.
       ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.   

       27-бап. Банк операциясын жүргiзуге лицензия беруден
              бас тарту негiздерi

      Банк операциясын жүргiзуге лицензия беруден бас тарту:
      а) осы Заңның 26-бабының 2 және 2-1-тармақтарында белгiленген талаптардың кез келгенi сақталмаған ретте; <*>
      б) егер банк мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап бiр жыл iшiнде лицензия алу жөнiнде өтiнiш жасамаған ретте жүргiзiледi.
      ЕСКЕРТУ. 27-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       28-бап. Банкiнiң құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн
              өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Банкiнiң құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн оның iшiнде, Әдiлет органдарында қайта тiркеуден өту талап етiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар уәкiлеттi органмен мiндеттi түрде алдын ала келiсiлуге тиiс. 
      2. Банкiнiң құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiсiм беру туралы мәселенi уәкiлеттi орган бiр ай iшiнде қарауға тиiс.
      2-1. Құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн, оның iшiнде әдiлет органдарында қайта тiркелудi қажет ететiн өзгерiстердi немесе толықтыруларды мемлекеттiк тiркелуден кейiн банк он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде тiркеген әдiлет органының белгiсi және мөрi бар құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң немесе толықтырулардың нотариаттық куәландырылған көшiрмесiн уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi. <*>
      3. Банктi банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым ретiнде ерiктi түрде қайта құру шарты, негiзi және тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. <*>
       ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       29-бап. Банкiнiң филиалдары мен өкiлдiктерiн және есеп
              айырысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассаларын)
              құру, жабу

      1. Банкiнiң филиалы - заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс орналасқан және банкiнiң атынан банк операцияларын жүзеге асыратын және өзiне банк берген өкiлеттiк шегiнде әрекет ететiн банк бөлiмшесi. 
      Банк филиалының банкiмен бiрыңғай балансы, сондай-ақ банк атауымен толық сәйкес келетiн атауы болады. 
      2. Банк өз филиалын ашуға уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен және талаптарға сәйкес Ұлттық Банктiң келiсiмiн алуға мiндеттi. 
      Банк филиалын ашуға келiсiм беру туралы мәселенi Ұлттық Банк үш ай мерзiмде қарауға тиiс. 
      3. Банк филиалын ашуға келiсiм беру туралы өтiнiшке мына құжаттар қоса тiркелуге тиiс:
      1) банктiң басқару органының филиал ашу туралы шешiмi;
      2) банк растаған және филиал жүргiзуге уәкiлеттi банк операцияларының тiзбесiн қамтитын үш дана етiп жасалған банк филиалы туралы ереже;
      3) осы Заңның 19-бабы 3-тармағының және 20-бабы 3-5-тармақтарының талаптарына сәйкес жасалған банк филиалының бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi қызметтерiне кандидаттар туралы мәлiметтер. <*>      
      4. Қазақстан Республикасының аумағында банкiнi, банк филиалын немесе өкiлдiгiн құруға жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың келiсiмi талап етiлмейдi. 
      5. Банк филиалын ашуға келiсiм беруден бас тарту төмендегi кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi: 
      а) осы Заңның 19-бабының 3-тармағының және 20-бабының 3-5-тармақтарында белгiленген ең төменгi талаптарға банк филиалының бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi қызметiне кандидаттардың сай келмеуi; 
      б) уәкiлеттi органның қалыптық талаптарына банк филиалының үй-жайлары мен жабдықтарының сай келмеуi; 
      в) банкiнiң уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциалдық қалыптарды және немесе өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтамауы; 
      г) қолданылып жүрген заңдарды және уәкiлеттi органның қалыпты құқықтық құжаттарын бұзу. 
      5-1. Банктiң филиалы туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген кезде банк тиiстi шешiм қабылданған күннен бастап он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде бұл туралы уәкiлеттi органға хабарлауға тиiс. <*>
      6. Банкiнiң өкiлдiгi - заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс орналасқан, банкiнiң атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететiн банк операцияларын жүзеге асырмайтын банк бөлiмшесi. 
      6-1. Қазақстан Республикасының резидент банкi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде банктiң өкiлдiгiн ашуға келiсiм беру туралы өтiнiшпен өкiлдiк ашу туралы өтiнiш берген айдың алдындағы қатарынан үш айдың iшiнде оның қаржылық жағдайы тұрақты болып, ол пруденциялық нормативтердi және сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi сақтаған жағдайда, уәкiлеттi органға жүгiнуге құқылы.
      Қазақстан Республикасының резидент банкiнiң өкiлдiгiн ашуына келiсiм беру туралы өтiнiшiне мынадай құжаттар қоса тiркелуге тиiс:
      1) банк өкiлдiгiн ашу туралы шешiм қабылдауға уәкiлеттi банк басқармасы органының шешiмi;
      2) банк растаған үш дана етiп жасалған Өкiлдiк туралы ереже;
      3) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес өкiлдiктiң бiрiншi басшысы туралы деректер.
      Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының резидент банкiнiң өкiлдiк ашуына келiсiм беру туралы мәселенi үш ай мерзiмде қарауы тиiс.
      Қазақстан Республикасының резидент банкiнiң өкiлдiк ашуына келiсiм беруден бас тарту кез келген мынадай негiздер бойынша:
      1) банктiң қаржылық жай-күйi тұрақсыз болған жағдайда;
      2) банктiң өкiлдiгiн ашуға келiсiм беру туралы өтiнiш берген айдың алдындағы қатарынан алты айдың iшiнде пруденциялық нормативтердi және сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi банк орындамағанда;
      3) банкке қатысты осы Заңда көзделген қолданылып жүрген шектеулi ықпал ету шаралары және санкциялар болғанда;
      4) осы тармақта көзделген құжаттардың бiрi ұсынылмағанда жүргiзіледі. <*>
      7. Қазақстан Республикасының резидентi емес банкiнiң өкiлдiгiн ашуға келiсiм беру жөнiндегi өтiнiшке мына құжаттар қоса тiркелуге тиiс: 
      а) өтiнiш берушi банкiнiң құрылтай құжаттары; 
      б) өтiнiш берушi банкiнiң тиiстi органының Қазақстан Республикасының аумағында өкiлдiк ашу жөнiндегi шешiмi; 
      в) өтiнiш берушi банкiнiң банк қызметiн жүргiзуге қолданылып жүрген лицензиясы бар-жоғы туралы тиiстi мемлекеттiң банк қадағалау органының жазбаша растамасы; 
      г) өтiнiш берушi банкiнiң соңғы қаржы (операциялық) жылындағы (топтастырылған балансты және пайда мен залал жөнiндегi есептi қоса) тиiстi дәрежеде ресiмделiп, осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес келетiн аудиторлық ұйым куәландырған жылдық есебi; 
      д) тиiстi мемлекеттiң банк қадағалау органының өтiнiш берушi банкiнiң Қазақстан Республикасы аумағында өкiлдiк ашуға қарсылығы жоқ екендiгi жөнiндегi жазбаша хабарламасы, не тиiстi мемлекеттiң банк қадағалау органының немесе беделдi заң қызметiнiң өтiнiш берушi банк мемлекетiнiң заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етiлмейтiндiгi жөнiндегi мәлiмдемесi; 
      е) өкiлдiк қызметкерлерiнiң көзделiп отырған саны және оның басшысы жөнiндегi мәлiметтер. 
      Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының резидент емес банкiнiң өкiлдiк ашуына келiсiм беру туралы мәселесiн үш ай мерзiмде қарауға тиiс.
      Қазақстан Республикасының резидент емес банкiнiң өкiлдiк ашуына келiсiм беруден бас тарту осы тармақта көзделген кез келген құжаттардың бiрiн ұсынбаған жағдайда жүргiзiледi. <*>
      7-1. Банктiң есеп айырысу-касса бөлiмi (жинақ кассасы) - банктiң уәкiлеттi орган келiсiмi негiзiнде құрылған, заңды тұлға болып табылмайтын, филиалдық не өкiлдiк мәртебесi жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерiн орындайтын аумақтық оқшау бөлiмшесi. 
      8. Банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн жабу қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 
      Есеп айырысу-касса бөлiмдерi (жинақ кассалары) қолданылып жүрген банк заңдарына сәйкес ашылады және жабылады.
      Банк филиалын жапқан кездегi есептiк тiркеу деректерiне өзгертулер уәкiлеттi органмен алдын ала келiсiлгеннен кейiн әдiлет органдарына табыс етiледi.
      Филиалды және өкiлдiктi әдiлет органдарында есептiк тiркегеннен кейiн банк он төрт күн iшiнде тiркеген әдiлет органының белгiсi мен мөрi бар филиал немесе өкiлдiк туралы ереженiң нотариаттық куәландырылған көшiрмесiн уәкiлеттi органға беруге мiндеттi. <*>
       ЕСКЕРТУ. 29-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 29-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 29-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

  3-тарау. Банк қызметiн жүзеге асыру

       30-бап. Банк қызметi

      1. Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың    осы бапта белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуi банк қызметi болып табылады. <*>
      2. Банк операцияларына мыналар жатады: 
      а) заңды тұлғалардың депозиттерiн, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау; 
      б) жеке тұлғалардың депозиттерiн, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау; 
      в) банкiлер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; 
      в-1) осы адамның иелігiндегi тазартылған бағалы металдардың нақты саны көрiнiс табатын жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу; 
      г) кассалық операциялар: банкноттар мен мәнеттердi қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау, сұрыптау, қаттап буу және сақтау; 
      д) аудару операциялары: 
      заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ақшасын аудару жөнiндегi тапсырмаларын орындау; 
      е) есептеу операциялары: 
      заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың вексельдерi мен өзге де қарыз мiндеттемелерiн есепке алу (дисконт); 
      ж) заем операциялары төлем, мерзім, қайтарым талаптарына сәйкес: 
      ақшалай түрде несие беру; 
      з) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң тапсырмасымен олардың банктiк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; 
      и) сенiм операциялары: сенiм бiлдiрiлген адамның мүддесi үшiн және оның тапсыруымен ақшаны, ипотека қарыздары бойынша талап ету құқықтарын және тазартылған бағалы металдарды басқару; <*>
      к) банкаралық клиринг: төлемдердi жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және pacтaу, сондай-ақ олардың өзара есебiн жүргiзу және клиринг қатысушылары - банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау; <*> 
      л) сейфтiк операциялар: 
      сейф жәшiктерiн, шкафтар мен үй-жайларды жалға берудi қоса клиенттердiң құжаттамалық нысанда шығарылғанбағалы қағаздарын, құжаттары мен қазыналарын сақтау жөнiндегi қызметтер;
      м) ломбард операциялары:
      сақтауға алынып оңай өтетiн бағалы қағаздарды және өзге де қозғалатын мүлiктi кепiлге алып, қысқа мерзiмдi несие беру; <*>
      н) төлем карточкаларын шығару;
      о) банкноттарды, мәнеттер мен қазыналарды инкассациялау және басқа жаққа салып жiберу;
      п) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
      р) төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельдердi қоспағанда);
      с) чек кiтапшаларын шығару;
      т) <*>
      у) аккредитивті ашу (ұсыну) мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
      ф) ақша түрінде орындалуды көздейтін банк кепілдіктерін беру;
      х) үшінші тұлғалар үшін ақша түрінде орындауды көздейтін банктік кепіл болушылықтар мен өзге де міндеттемелер беру. 
      2-1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен микрокредиттік ұйымдар ретінде тіркелген заңды тұлғалардың микрокредиттер беру жөніндегі қызметі банк операцияларына жатпайды. <*> 
      2-2. Осы баптың 2-тармағында санамаланған банк операциялары Ұлттық Банк белгiлеген тәртiппен электрондық тәсiлмен жүзеге асырылуы мүмкін. <*>
      2-3. Банктер мен кредиттiк серiктестiктерге осы баптың 2-тармағының а), б), в), в-1), г), д), e), ж), з), и), м), р), с), у), ф), х) тармақшаларында көзделген операцияларды жүргiзуге лицензияларды уәкiлеттi орган бередi. <*>
      Осы баптың 2-тармағының к), л), н), о), п) тармақшаларында көзделген операцияларды жүргiзуге лицензияларды Ұлттық Банктiң оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi орган бередi.
      Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға Ұлттық Банк осы баптың 2-тармағының к), л), н), о), п) тармақшаларында көзделген операцияларды жүргiзуге лицензиялар бередi. <*>
      3. Осы баптың 1-тармағында аталғаннан басқа банкiлер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар уәкiлеттi органның лицензиясы болған жағдайда мына операцияларды жүзеге асыруға құқылы: 
      а) қымбат тазартылған бағалы металдарды (алтын, күмiс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйiнде, қымбат тазартылған бағалы металдардан жасалған мәнеттердi, дәрiгерлiк бұйымдарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату; 
      б) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлiк бұйымдарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
      в) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдердi инкассоға қабылдау, төлемшiлердiң вексельдердi төлеуi жөнiнде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртiбiмен ескертпелi вексельдердi, вексельдер акцептiн төлеу;
      г) <*>
      г-1) <*>
      д) лизинг қызметін жүзеге асыру;
      е) өз меншiгiндегi бағалы қағаздарды (акцияларды қоспағанда) эмиссиялау;
      ж) факторингтiк (сауда-саттық) операциялар:
      тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушыдан төлемсiз тәуекел етiп қабылдай отырып, төлем төлеудi талап ету құқығына ие болу;
      з) форфейтингтiк операциялар (форфетингтеу):
      тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушының қарыз мiндеттемесiн сатушыға айналым түспейтiн жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу.
      4. Банктер бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң мынадай:
      а) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингін алған елдердің не мұндай рейтингі болмағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімі бойынша, белгiленген тәртiппен екiншi деңгейдегi банктердiң иемденiп алуына рұқсат берiлген шетелдiк валюта және (немесе) облигациялар базалық активi болып табылатын туынды бағалы қағаздармен - делдалдық;<*>
      б) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингін алған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен не мұндай рейтингі болмағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімі бойынша, сондай-ақ белгiленген тәртiппен екiншi деңгейдегi банктердiң иемденiп алуына рұқсат берiлген шетелдiк валюта және (немесе) облигациялар базалық активi болып табылатын туынды бағалы қағаздармен осы Заңның 8-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен - дилерлік; <*> 
      б-1) инвестициялық портфельдi басқару; <*>
      в) кастодиалдық; 
      г) <*>
      Банктердiң бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтiң жоғарыда аталған бiр немесе бiрнеше бiрлескен түрлерiн жүзеге асыруына лицензияларды уәкiлеттi орган бередi. <*>
      Рейтингтік агенттіктердің тізбесін және талап етілетін ең төменгі рейтингті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді. <*> 
      5. Уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде қызметтiң жекелеген түрлерiне банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың лицензия алуымен байланысты олар үшiн, сондай-ақ осы Заңға сәйкес ұйымдардың жарғылық капиталына қатысушы банктер үшiн қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн. <*>
      6. Осы баптың 2-тармағының б) тармақшасында көзделген банк операцияларын жеке тұлғалардың депозиттерiне мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнiң қатысушылары болып табылатын банктер және Ұлттық почта операторы ғана жүргiзуге құқылы. <*>
       ЕСКЕРТУ. 30-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 30-бап р), с), т) тармақшаларымен және азат жолмен толықтырылды және өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.06.29. N 236  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 30-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 30-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 30-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 30-бап 2-1-тармақпен толықтырылды- Қазақстан Республикасының 2003.03.28. N 399  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 30-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.05.08. N 411  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 30-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 30-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 427  Заңымен.
      ЕСКЕРТУ. 30-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 30-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.
       Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.07. N 577  Заңымен

       31-бап. Банкiлер жүргiзетiн операцияларға қойылатын
              жалпы талаптар

      1. Банкiлер банк қызметiн операцияларды жүргiзудiң жалпы шараттарын белгiлейтiн ережелер мен iшкi ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыруға құқылы.
      2. Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ережелерiн банк директорларының кеңесі бекiтуге және оларда мынадай мәлiметтер мен рәсiмдер болуға тиiс: <*>
      а) қабылданатын депозиттер мен берiлетiн несиелердiң шектi сомасы мен мерзiмi;
      б) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасының шектiк мөлшерi;
      в) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы (мүдде) төлеудiң шарттары;
      г) банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
      д) банк операцияларын жүргiзу ставкалары мен тарифтерi;
      е) банк пен оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, олардың жауапкершiлiгi;
      ж) банк директорларының кеңесі банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарына енгiзу қажет деп есептейтiн басқа шарттар, талаптар мен шектеулер. <*>
      3. Банкiнiң iшкi ережелерi:
      а) банк бөлiмшелерiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;
      б) iшкi аудит қызметiнiң, несие комитетi мен басқа да тұрақты жұмыс iстейтiн органдар қызметiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;
      в) құрылымдық бөлiмшелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн;
      г) банкiнiң атынан және оның есебiнен мәмiле жасаған кездегi лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiнiң өкiлеттiгiн белгiлеуге тиiс.
       ЕСКЕРТУ. 31-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 31-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 31-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416  Заңымен .

       32-бап. Банкiнiң банк операцияларын жүргiзудiң жалпы
              шарттарын ашу жөнiндегi мiндетi

      1. Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары ашық ақпарат болып табылады және ол коммерциялық немесе банк құпиясының мәнi бола алмайды. Бұл қалып осы Заңға сәйкес банк құпиясына не қолданылып жүрген заңдарға сәйкес коммерциялық құпия санатына жатқызылған нақты банк операциясын жүргiзу шарттарына қолданылмайды. 
      2. Банкiлер клиенттiң бiрiншi талап етуi бойынша банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттар туралы ережесiн беруге мiндеттi.
      3. Банкiлердiң клиентке банк операциясын жүргiзуге байланысты ықтимал тәуекелдер туралы ақпарат беруден бас тартуға құқығы жоқ.
       ЕСКЕРТУ. 32-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен

       33-бап. Банк пен клиент арасындағы қатынастардың
              шарттық сипаты

      1. Банкiлер арасындағы, сондай-ақ банкiлер мен олардың клиенттерi арасындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше көзделмесе, шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Банк клиенттерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кредитор-банктi хабардар ете отырып, басқа банктерде банктiк шоттар ашуға құқылы.
       ЕСКЕРТУ. 33-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен

       34-бап. Заем операциясы

      1. Заем операциясы дегенiмiз банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың басқа тұлғаларға қайтарымдылық және ақы төлеу мерзімі шартымен ақша беруi болып табылады.
      1-1. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кредиттік бюролардың деректер базасына қарыз алушы және жасалатын мәміле (қарыз операциясы) туралы мәліметтер, сондай-ақ тараптардың өз міндеттемелерін орындауына байланысты ақпарат беруіне қарыз алушының жазбаша келісімінің болуы қарыз беру туралы шарт жасаудың міндетті талабы болып табылады. <*> 
      2. Банкiнiң қарыз операциясы оның банк директорларының кеңесі 
бекiтетiн Iшкi кредит саясаты туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. <*>
      3. Банкiнiң заем комитетi iшкi несие саясатын жүзеге асырушы орган болып табылады.
      4. Iшкi заем саясаты туралы ережелер қарыз операцияларын жүзеге асыру кезiнде тәуекелдi бәсеңдету мақсатында жасалып, мыналарды:
      а) заңды және жеке тұлғаларға заем беру шарттарын;
      б) лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiне заем беру шарттарын;
      в) заем комитетiнiң ұйымдық құрылымын, қызметi мен өкiлеттiгiн;
      г) заем комитетi мүшелерiнiң жауапкершiлiгiн;
      д) заем берудiң шектi өлшемiн;
      е) заем шарттарын бекiту рәсiмiн белгiлейдi.
      5. Осы баптың 2-4-тармақтарында белгiленген қалыптар банктердiң кепiлдiктер және кепiлдемелер беру жөнiндегi операцияларына қолданылады.
       ЕСКЕРТУ. 34-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 34-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 34-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 34-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416  Заңымен .
      Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.06. N 572  Заңымен .

       35-бап. Несиелердiң қайтарымдылығын қамтамасыз ету

      1. Несиелердiң қайтарымдылығы айыпақымен, кепiлмен, кепiлдiкпен, кепiлдемемен және заңдармен немесе шартпен көзделген басқа әдiстермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн. 
      2. Клиенттiң несиенi қайтаруға жоғары қабiлеттiлiгi мен сенiмдiлiгi болған жағдайда банк несиенi қамтамасыз етусiз-ақ (банкiлiк несие) беру туралы шешiм қабылдауға құқылы. 
      Банк бiр заемшыға осы заемшының банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алған заем қаражатының көлемiн шегерiп тастағанда активтердiң орташа жылдық құнынан асып кететiн жалпы сомаға банк кредитiн беруге немесе қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттеменi қабылдауға құқылы емес. Заемшының активтерінің орташа жылдық құны есепті жылдың басынан осы кредитті алған күнге дейінгі кезеңге есептеледі. 
      3. Кепiл туралы шартпен, сондай-ақ заң актiлерiмен көзделген реттерде кепiлге салынған мүлiктi соттан тыс тәртiппен сауда (аукцион) өткiзу арқылы өз бетiмен өткiзуге құқылы.
      4. Осы баптың 1-3-тармақтарында белгiленген қалыптар банктердiң кепiлдiктер мен кепiлдемелер беру жөнiндегi операцияларын қамтамасыз етуге қолданылады.
       ЕСКЕРТУ. 35-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 35-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       36-бап. Төлеуге қабiлетсiз қарыз алушыға қатысты
              қолданылатын шаралар

      Несие берушi банк несие шарты бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған қарыз алушыға:
      жаңадан несие бермеуге;
      қарыз алушының кез келген шотындағы ақшасынан (егер бұл несие шартында ескерiлген болса) қарыз алушының келiсiмiнсiз өндiрiп алуға;
      төлеуге қабiлетсiз қарыз алушыны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп тану туралы сотқа талап арызын беруге құқылы.
       ЕСКЕРТУ. 36-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 36-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.06. 29. N 236  Заңымен

       37-бап. Талап қою және қуынымның ескiру мерзімi

      Банктердiң кредит шарттарын тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн қарыз алушыларға қойған талаптарына талап қою мен қуынымның ескiру мерзiмi қолданылмайды. 
       ЕСКЕРТУ. 37-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен

         38-бап. Төлемдер және ақшалай қаражаттар аударуды
               жүзеге асыру
 
      1. Банктер Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын заңдарда белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады. 
      2. Ақша және төлемдер аудару тиiстi дәрежеде жүзеге асырылмаған ретте банк Қазақстан Республикасының заңдарына және клиентпен (депозитормен) жасасқан шартқа сәйкес жауапты болады. 
      3. Ақшаның халықаралық төлемдерін және аударылымдарын банкiлер халықаралық банк тәжiрибесiнде қолданылатын және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн түрлерiнде әдiстер мен тәртiп бойынша жүзеге асырады. 
      4. Банк төлем құжатының қолдан жасалғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ олардың қате есептелу фактiсi анықталған жағдайда клиенттердiң (депозиторлардың) шотынан есептелген ақшаны олардың келiсiмiнсiз есептен алып қоюға құқылы.
       ЕСКЕРТУ. 38-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 38-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен

       39-бап. Ставкалар мен тарифтер

      Сыйақылар (мүдде) мен комиссиялардың ставкаларын, сондай-ақ банк қызметi көрсетiлгенi үшiн тарифтердi банкiлер дербес белгiлейдi.
       ЕСКЕРТУ. 39-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен

       40-бап. Банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты
             адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға тыйым салу

      1. Банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға банкiлерге тыйым салынады. 
      2. Жеңiлдiк жағдайлар жасау дегенiмiз: 
      табиғатына, мақсатына, ерекшелiктерiне және тәуекел етуiне қарай банк өзiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдар болып табылмайтын клиенттермен мәмiле жасай қоймайтын, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен немесе оның мүддесіне мәмiле жасасу. 
      Банк өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға қамтамасыз етусіз заемдар (бланктік заемдар) бере алмайды. 
      банк операциясын орындағаны немесе басқа клиенттерден талап етiлетiнiне қарағанда төмен қамтамасыз етудi қабылдағаны үшiн сыйақылар (мүдде) мен төлемдер өндiрiп алу. 
      3. Банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдар деп мыналар танылады: 
      а) аталған банкiнiң кез келген лауазымды адамы немесе басшы қызметкерi, сондай-ақ олардың жұбайлары және жақын туыстары; 
      б) аталған банкiнiң iрi қатысушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға не банкiнiң iрi қатысушысының лауазымды адамы, сондай-ақ олардың жақын туыстары; 
      в) осы баптың 3-тармағының (а) және (б) тармақшаларында көрсетiлген адамдар iрi қатысушысы болып табылатын заңды тұлға; 
      г) өзiне қатысты жағынан осы банк iрi қатысушысы болып табылатынын заңды тұлға, осы заңды тұлғаның лауазымды адамдары, олардың жақын туыстары. 
      3-1. Банк қандай да бір тұлғамен оған: 
      банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға алдындағы міндеттемені төлеуге; 
      банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан қандай да бір мүлікті сатып алуға; 
      банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға эмитациялаған бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік беру мақсатымен мәміле жасай алмайды. 
      4. Заңды тұлғаның iрi қатысушысы деп мұндай иеленушi мемлекет болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы заңды тұлға акцияларының (қатысушылар салымдарының) он процентiнен астамын дауыс құқығымен тiкелей немесе жанамалап иеленушi танылады. 
      5. Өзара байланысты заңды тұлғалар тобының бiреуiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адам олардың әрқайсысымен ерекше қатынастар арқылы байланысты адам деп танылады. 
      6. Екi және одан көп заңды тұлғалар, егер олардың ең болмағанда бiреуi екiншiсiнiң iрi қатысушысы болса, өзара байланысты заңды тұлғалар тобы деп танылады. 
      7. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле жасау осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, банктің директорлар кеңесінің шешімі бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Банкпен ерекше қатынастарға байланысты тұлғаларға берiлген (тұлғаларда орналастырылған) активтерге қатысты талаптардың құқықтарынан бас тарту акционерлердiң жалпы жиналысында кейiннен хабарлана отырып, жүзеге асырылады.<*>
      Банктің басшы қызметкері банк пен: 
      олардың өздерінің; 
      өзінің кез келген жақын туысының; 
      өзі немесе өзінің жақын туыстарының бірі лауазымды адамы немесе ірі қатысушысы болып табылатын кез келген заңды тұлғамен арадағы кез келген мәмілені қарауға және ол бойынша шешім қабылдауға қатыспауы тиіс. 
      Банк және банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша директорлар кеңесінің шешімі оның барлық шарттарын директорлар кеңесі қарағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін. 
      8. Банк уәкiлеттi органға өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалған барлық мәмілелер туралы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысандар бойынша ақпарат беруге міндетті. 
       ЕСКЕРТУ. 40-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 40-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 40-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 40-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 40-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

  4-тарау. Банкiлердiң қызметiн реттеу және
депозиторлардың мүддесiн қорғау

       41-бап. Банктерге және олардың лауазымды адамдарына
              қолданылатын шаралар. Банктiк реттеу тәсiлдерi

      Банкiлердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкiлеттi орган банкiлердiң қызметiн реттеудi, соның iшiнде:
      резервтiк талаптар нормаларын, күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкiлер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу;
      банкiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып шығару;
      банкiлердiң қызметiн инспекциялау (тексеру);
      банкiнiң қаржы жағдайын сауықтыру жөнiнде ұсыныстар беру;
      банкiлерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану;
      банкiлерге санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.
      Банктердің қызметін реттеу жекелеген банктерге қатысты да, шоғырландырылған негізде де, яғни банк тобына қатысты да жүзеге асырылады. Шоғырландырылған қадағалау ережелерін уәкiлеттi орган белгілейді.
       ЕСКЕРТУ. 41-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 41-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 41-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 41-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       42-бап. Пруденциалдық қалыптар және сақталуға
              мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер

      1. Банкiлер мiндеттi түрде сақтау үшiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн пруденциалдық қалыптардың құрамына:
      банкiнiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi;
      өз капиталы жеткiлiктiлiгiнің коэффицентi;
      бiр қарыз алушыға жасалатын тәуекелдiң ең көп мөлшерi;
      өтiмдiлiк коэффицентi;
      ашық валюталық позиция лимиттерi енедi.
      Банктер тобы міндетті түрде сақтау үшін уәкiлеттi орган белгілейтін пруденциалдық нормативтердің құрамына:
      жарғылық капиталдың ең аз мөлшері;
      өз капиталы жеткіліктілігінің коэффиценті;
      бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері енеді.
      Уәкiлеттi орган халықаралық банк тәжiрибесiнде пайдаланылатын қосымша пруденциалдық қалыптар және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттер белгiлеуге құқылы. 
      Уәкiлеттi орган банк заңдарына сәйкес банктерді және (немесе) банк холдингтерін не олардың лауазымды адамдарын пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді банктің бұзғаны үшін жауапқа тарту жөнінде шаралар қолданады. 
      2. Банктiң қаржы жағдайының қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы мәселенi шешу мақсатында уәкiлеттi орган белгiлi бiр күнге банк және банк тобы капиталының мөлшерiн белгiлеуге құқылы. 
      3. Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi маңызы мен есептеу әдiстемелерiн, белгiлi бiр күнге шектi банк және банк тобы капиталының мөлшерiн, ашық валюталық позицияларды есептеу тәртiбi мен олардың лимиттерiн, резервтiк талаптардың нормаларын, оларды сақтау әдiстерi мен есептеу әдiстемесiн, тиiстi есеп беру түрлерi мен оны табыс ету мерзiмдерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 
      4. Банк уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициентін бұзған жағдайда, банк уәкiлеттi органға қайта капиталдандыру жоспарын жіберуі тиіс. Жоспарды бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды және олардың мерзімін егжей-тегжейлі көрсете отырып, өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициентін бұзған күннен бастап бір айдың ішінде ұсыну қажет. 
      5. Банк холдингтері уәкiлеттi органның банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шараларды қолдануға тиіс. 
       ЕСКЕРТУ. 42-бап өзгертiлдi және 2-тармақпен толықтырылды, 2-тармақ 3-тармақ болып саналды - Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 42-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 42-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 42-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 42-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

         43-бап. Резервтiк капитал мен күдiктi және сенiмсiз
              активтерге қарсы провизиялар (резервтер)

      1. Банк қызметiн жүзеге асыруға байланысты залалдардың орнын жабу мақсатында банкiлер резервтiк капитал құруға мiндеттi. Резервтiк капитал дивидендтер төленгенге дейiн банкiлердiң таза кiрiсi есебiнен құрылады. Банкiнiң резервтiк капиталының ең төменгi мөлшерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 
      2. Жүргiзiлiп жатқан операциялардың сипаты мен ауқымына сәйкес өз қызметiн бақылауды және оның сенiмдiлiгiн тиiстi дәрежеде қамтамасыз ету мақсатында банкiлер күдiктi және сенiмсiз талаптарды бөле отырып және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiп пен шарттар бойынша оларға қарсы провизия (резервтер) жасай отырып, берiлген несиелер мен басқа да активтердi классификациялауды жүзеге асыруға мiндеттi.
       ЕСКЕРТУ. 43-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 43-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.08.12. N 200  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 43-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.06.29. N 236  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 43-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 43-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       44-бап. Банкiлердiң қызметiн инспекциялау (тексеру)

      1. Банкiлердiң қызметiн инспекциялауды Ұлттық Банк дербес не басқа ұйымдарды қатыстыра отырып жүргiзедi.
      Уәкiлеттi орган банктердің қызметіне инспекция жүргізу кезінде банктердің аффилиирлендірілген тұлғаларының қызметін уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың банктер қызметіне ықпал ету дәрежесі мен сипатын айқындау мақсатында ғана тексеруге құқылы. 
      2. Уәкiлеттi органның тексеру жөнiндегi тапсырмасында көрсетiлген мәселелер бойынша банкiлер, сондай-ақ олардың аффилиирлендірілген тұлғалары инспекциялаушы органға көмек көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлерге сауал-сұрақ қою мүмкiндiгiн және тексерудi орындау үшiн қажеттi кез келген ақпарат көздерiн алуды қамтамасыз етуге мiндеттi. 
      3. Уәкiлеттi органның қызметкерлерiне банкiлердiң қызметiн инспекциялау барысында алынған мәлiметтердi жария етуге не үшiншi адамдарға беруге тыйым салынады.
      4. Инспекциялауды жүзеге асырушы адамдар банкiлердiң қызметiн тексеру барысында алынған және банкiлiк не коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауапты болады.
      ЕСКЕРТУ. 44-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 44-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

      45-бап. Банкiнiң қаржы жағдайын сауықтыру
             жөнiндегi ұсыныстар

      Банкiнiң қаржы жағдайы нашарлаған реттерде уәкiлеттi орган оның акционерлерi алдына қаржыны сауықтыру, басшылықты ауыстыру қажеттiгi туралы немесе: 
      депозиттер қабылдауды шектеу туралы; 
      жарғылық капиталды ұлғайту туралы; 
      дивидендтер төлеудi тоқтатып, провизияларды ұлғайту туралы; 
      жекелеген филиалдар мен өкiлдiктердi жабу арқылы, сондай-ақ қызметкерлердi қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу арқылы шығындарды азайту туралы;
      банкiнiң кез келген лауазымды адамдарын немесе қызметкерлерiн мүлдем немесе уақытша қызметтен шеттету туралы;
      жоғары тәуекел деңгейлi банк операцияларының кейбiр түрлерiн тоқтата тұру немесе шектеу туралы ұсыныстар берудi қоса, банкiнi қайта құру қажеттiгi жөнiнде мәселе қоюға құқылы.
       ЕСКЕРТУ. 45-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 45-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       46-бап. Ықпал етудiң шектеулi шаралары

      1. Уәкiлеттi органның пруденциалдық қалыптарының және сақталуға мiндеттi басқа да нормалары мен лимиттерiнiң бұзылғанын, нормативтiк құқықтық құжаттарының бұзылғанын уәкiлеттi орган тапқан, банкiнiң лауазымды адамдары мен қызметкерлерiнiң оның қаржы қауiпсiздiгi мен тұрақтылығына, сондай-ақ оның депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнiң мүдделерiне қауiп төндiретiндей заңсыз әрекеттерiн немесе әрекетсiздiгiн анықтаған реттерде уәкiлеттi орган банкiге мынадай шектеулi ықпал ету шараларының бiрiн қолдануға: 
      а) мiндеттеме-хат талап етуге; 
      б) банкiмен жазбаша келiсiм жасасуға; 
      в) ескерту жасауға; 
      г) атқарылуға мiндеттi жазбаша нұсқама беруге құқылы. 
      2. Банкiнiң мiндеттеме-хатында орын алып отырған кемшiлiктердi мойындау фактiсi және банк басшылығының жоспарланған шаралар тiзбесiн көрсете отырып, оларды қатаң белгiленген мерзiмде қоятындығы туралы кепiлдемесi болуға тиiс. 
      3. Жазбаша келiсiм - бұл анықталған кемшiлiктердi дереу жою қажеттiгi туралы және осыған байланысты бiрiншi кезектегi шараларды бекiту туралы банк пен уәкiлеттi орган арасындағы келiсiм. 
      4. Жазбаша нұсқама - анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы мiндеттi түзету шараларын қолдану туралы банкке нұсқау. 
      Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды. 
      5. Банк мiндеттеме-хаттың, жазбаша келiсiмнiң немесе жазбаша нұсқаманың осы құжатта көрсетiлген мерзiмде орындалғаны туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi. 
      6. Егер орын алып отырған кемшiлiктер Ұлттық Банк белгiлеген мерзiмде жойылмаған ретте, жазбаша ескерту осы Заңның 47-бабында көзделген санкцияларды банкiге қолдану мүмкiндiгi туралы уәкiлеттi органның хабардар етуi болып табылады. 
      7. Ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      8. Осы бапта келтірілген шаралар, егер уәкiлеттi орган осы тұлғалардың, оның лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің жолсыздықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі банктің қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, банктің аффилиирлендірілген тұлғаларына қатысты да қолданылуы мүмкін.
       ЕСКЕРТУ. 46-бап 7-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 Заң күші бар  Жарлығымен
      ЕСКЕРТУ. 46-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 46-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 46-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       47-бап. Санкциялар

      1. Уәкiлеттi орган төменде көрсетiлген негiздер бойынша банкiге бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан оған санкциялар қолдануға құқылы. 
      2. Санкциялар ретiнде уәкiлеттi орган мынадай шаралар қолдануға: 
      а) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген негiздер бойынша айыппұл салуға; 
      б) осы Заңның 48-бабында белгiленген негiздер бойынша барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұруға не оны қайтарып алуға; 
      в) осы Заңның 62-67-баптарында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша банкiнi консервациялауға; 
      г) осы Заңның 49-бабында көзделген негiздер бойынша банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алуға құқылы; 
      д) банк капиталы iс жүзiнде болмаған жағдайда және осы Заңның 48-бабы 1-тармағының г) тармақшасында көзделген негiздемелер бар болса, Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша банк акцияларын (акционерлердiң үлесiн) уәкiлеттi орган белгiлеген баға бойынша акцияларды, кейiннен жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша мiндеттi түрде дереу сату, сонымен бiр мезгiлде банк пен оның акционерлерiнiң барлық құқықтары мен міндеттемелерiн беру шартымен, мәжбүрлеп сатып алу туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күнгi банктiң нақты капиталының мөлшерiн негiзге ала отырып шешiм қабылдау; 
      е) осы Заңның 20-бабында көрсетiлген адамдарды осы мәселенi банктiң тиiстi органы қарағанға дейiн, банктiң аталған басшы қызметкерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекетiнiң қолданылып жүрген заң талаптарына сай келмейтiнiн тануға жеткiлiктi мәлiметтер негiзiнде лауазымды мiндеттерiн атқарудан шеттету. 
      ж) банкті салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (оларды сақтандыру) жүйесінен шығару туралы салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (оларды сақтандыру) жөніндегі ұйымға қойылатын талап; 
      з) банктің және (немесе) банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерінің мәндері уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарымен белгіленген нормативтерден елу проценттен аз деңгейге дейін төмендеген жағдайда, банк осы Заңның 60-бабы және уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен кредиттік серіктестік болып қайта құрылуға міндетті. 
      Банк осы тармақшаның бірінші абзацында айтылған құқықтан бас тартқан немесе осы Заңның 61-бабында көрсетілген негіздер бойынша банктің кредиттік серіктестік болып қайта құрылуына рұқсат беруден бас тартылған жағдайда, уәкiлеттi орган банк акцияларын осы Заңның 47-1-бабының 3-тармағына сәйкес, ол (олар) осы Заң талаптарын сақтаған жағдайда, кейіннен жаңа инвесторға (инвесторларға) иеліктен шығарып беру үшін банк акцияларын уәкiлеттi орган сенімгерлікпен басқаруына беру жөнінде банк акционерлерімен шарт жасасу туралы шешім қабылдауға құқылы. 
      Акционерлер акцияларын сенімгерлікпен басқаруға беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы. 
      3. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағының e) тармақшасында көзделген санкцияны қолданған жағдайда, қызметiнен шеттетiлген қызметкерлердi жұмыстан босату туралы шешiмдi оларды тиiстi қызметтерге тағайындаған немесе сайлаған органдар қабылдайды. 
      4. <*>
      5. Банк операцияларын жүргiзуге арналған банк лицензиясын (лицензияларын) қайтарып алу туралы шешiмi оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi. 
      6. Уәкiлеттi орган банк операцияларын жүргiзуге арналған банк лицензиясын (лицензияларын) қайтарып алғаннан кейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша әкiмiн) тағайындайды, оған барлық басқару органының өкiлеттiгi көшедi. 
      Банктiң бұрынғы iс-әрекет етушi органдарының өкiлеттiгi тоқтатылады. 
      7. Уәкiлеттi орган банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензия қайтарып алынғаннан кейiн он жұмыс күні iшiнде белгiленген заң тәртiбiмен сотқа банк қызметiн мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтiнiш бередi.
      Уәкiлеттi орган лицензияны керi қайтарып алу жөнiнде қабылданған шешiм туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таратылатын мерзiмдiк екi баспа басылымында жариялайды.<*>
      8. Банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияны қайтарып алу туралы шешiмiне банктiң атынан тек оның акционерлерi ғана шағымдануға құқылы. Аталған шешiмге сот тәртiбiмен 10 күн мерзiм iшiнде шағымдануға болады.
       ЕСКЕРТУ. 47-бап 3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 Заң күші бар  Жарлығымен
       ЕСКЕРТУ. 47-бап д)-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 47-бап өзгертiлдi, е)-тармақшасымен және 4-8-тармақтармен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 47-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 47-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       47-1-бап. Банктердің аффилиирлендірілген тұлғаларына
                қатысты қолданылатын мәжбүрлеу шаралары

      1. Уәкiлеттi орган банктің ірі қатысушыларына және банк холдингтеріне мынадай жағдайларда:
      ірі қатысушы және банк холдингі мәртебесіне ие болуға уәкiлеттi органның келісімін алмаса;
      банктің ірі қатысушысы және банк холдингі мәртебесіне ие болғаннан кейін осы Заңның 17-1-бабының 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар пайда болса;
      осы Заңның 46-бабына сәйкес Ұлттық Банктің жазбаша нұсқамаларын орындамаса, мәжбүр ету шараларын қолдануға құқылы. 
      Сондай-ақ осы Заңның 42-бабы 5-тармағының талаптарын орындамауға әкеп соқтырған әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін де уәкiлеттi орган банк холдингтеріне мәжбүр ету шараларын қолдануға құқылы. 
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған ретте, уәкiлеттi орган: 
      ірі қатысушыдан оның банктегі тікелей немесе жанама иелену үлесін дауыс беруші акциялардың он процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды не банк қызметін басқаруға тікелей немесе жанама қатысудан, оның ішінде дауыс беруді жүзеге асыру құқығын жүзеге асырудан бас тартуды талап етуге; 
      банк холдингінен оның банктегі тікелей немесе жанама иелену үлесін дауыс беруші акциялардың жиырма бес процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды не банк қызметін басқаруға тікелей немесе жанама қатысудан, оның ішінде дауыс беруді жүзеге асыру құқығынан бас тартуды талап етуге және банкті тәуекелдікке душар еткізетін банк холдингі мен банк арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруға; 
      банктен банк немесе банк холдингі қатысушы болып табылатын ұйымға қатысты ұйым мен банк арасындағы банкті тәуекелдікке душар еткізетін операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге құқылы. 
      3. Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды уәкiлеттi орган белгілеген мерзім ішінде орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган банктің ірі қатысушысының және (немесе) банк холдингінің акцияларын, Ұлттық Банктің банкті басқаруға қатысатын сенімгерлікпен басқарушы ретіндегі құқығымен үш айға дейінгі мерзімге уәкiлеттi органның сенімгерлікпен басқаруына беру жөнінде банк акционерлерімен шарт жасасу туралы шешім қабылдауға құқылы, ал сенімгерлікпен басқаруға беруге негіз болған себептерді жоймаған жағдайда, осы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өткізу арқылы осы тұлғалардың акцияларын иеліктен шығаруға құқылы, бұл орайда акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкiлеттi органның сенімгерлікпен басқаруына берілген тұлғаларға аударылады. 
      Акционерлер акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы. 
      4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады. 
       ЕСКЕРТУ. 47-1 баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 47-1-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

         48-бап. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын
               жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұру
               не оны қайтарып алу үшiн негiздер

      1. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұру не оны қайтарып алу мынадай кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi: 
      а) банк қызметi үрдiсiнде осы Заңның 20-бабының, 22-бабы (б)-тармағының, 26-бабы 2 және 6-тармақтарының талаптарын сақтамау; 
      б) банк операцияларын қолданылып жүрген заңдардың нормаларын үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан да көп рет) бұза отырып жүзеге асыру; 
      в) төлем мен аударым операциялары бойынша шарттық мiндеттемелердi үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан көп рет) тиiстi дәрежеде орындамау; 
      г) уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциалдық қалыптарды және/немесе сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан да көп рет) бұзу; 
      д) осы Заңның 32-бабында белгiленген банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын ашу жөнiндегi мiндеттi сақтамау; 
      е) осы Заңның 40-бабында белгiленген банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға тыйым салуды бұзу; 
      ж) уәкiлеттi органға және (немесе) Ұлттық Банкке есептер мен мәлiметтер бермеу немесе көрiнеу анық емес етiп беру; 
      з) уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң қалыптық құқықтық құжаттарын үнемі (қатарынан он екі күнтізбелік ай ішінде үш және одан көп рет)бұзу, яки жазбаша ұйғарымдарды орындамағаны; 
      и) осы Заңның 8-бабындағы шарттарға сәйкес банктер үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтердi жүзеге асыру; 
      к) осы Заңмен, банк жарғысымен және банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиямен (лармен) белгiленген өзiнiң құқықтық қабiлетi шегiнен шығып кететiн банк операцияларын жүзеге асыру; 
      к-1) банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның өзiне берiлген лицензияға сәйкес қызметтi лицензия берiлген күннен бастап қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде жүзеге асырмауы;
      л) банк қызметiн тоқтату туралы соттың шешiм қабылдауы; 
      л-1) банктiң қайта құрылу немесе таратылу жолымен өз қызметiн ерiктi түрде тоқтату туралы шешiм қабылдауы; 
      м) банкпен аффилиирлендірілген тұлғалар туралы ақпаратты, сондай-ақ уәкiлеттi орган талап еткен өзге де ақпаратты бермеу не анық емес ақпарат беру, бұл уәкiлеттi органның банктердің қызметіне, оның ішінде шоғырландырылған негізде қадағалау жасауына кедергі келтіруге себеп болса; 
      н) банктің инспекция жүргізуге бірнеше рет (инспекция жүргізу барысында екі және одан көп рет) кедергі жасауы, соның салдарынан оны белгіленген мерзімде жүргізудің мүмкін болмауы; 
      о) аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит жөніндегі есебінде көрсетілген бұзушылықтарды банктің осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көрсетілген мерзімде әдейі жоймауы.
      1-1. Депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргiзуге арналған лицензиялар жеке тұлғалардың депозиттерiне мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнiң қатысушысы болып табылмайтын банктен керi қайтарып алынады. <*>
      2. Ұлттық Банк немесе уәкiлеттi орган бұзушылықтың сипатына қарай барлық не жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұрады не оны қайтарып алады. <*>
      3. <*>
       ЕСКЕРТУ. 48-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.01.27. N 2830 Заң күші бар  Жарлығымен
       ЕСКЕРТУ. 48-бап өзгертiлдi және и), к), л)-тармақшаларымен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен.
       ЕСКЕРТУ. 48-баптың 3-тармағы алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.08.12. N 200  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 48-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 48-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 48-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

        

   48-1-бап. Банктiң құжаттары мен мүлкiн беру

      1. Барлық банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиясы қайтарылып алынған банктiң банктiк немесе өзге де қызметтi жүзеге асыруына құқығы жоқ, банктi ұстап тұруға арналған ағымдағы шығындарға және банкке келiп түсетiн ақшаны қабылдауға байланысты жағдайларды қоспағанда, өзiнде бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға мiндеттi. 
      2. Банктiң жұмыс тәртiбi, оған уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмнiң) тағайындалуы, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмнiң) өкiлеттiгi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. <*>
      3. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) уәкiлеттi орган банктiң тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде өз қызметiн жүзеге асырады. <*>
      Банктiң тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмiнiң) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. <*>
      4. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмiнiң) есебi уәкiлеттi органға және банктi тарату туралы шешiм қабылдаған сотқа ұсынылады. <*>
      5. <*>
      6. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) өз өкiлеттiгiн доғарады және банктiң құжаттары мен мүлкiн банктi тарату комиссиясының төрағасына 10 күн мерзiмнен кешiктiрмей өткiзiп бередi. <*>
      7. Банктiң құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-өткiзу төрт дана етiп жасалатын актiмен ресiмделедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекiтiлген актiнiң бiр данасы iс материалдарына тiгу үшiн сотқа жiберiледi. <*>
      8. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) өз қызметi кезеңi iшiнде осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға және бұрын банк жасасқан келiсiм шарттарды өзгертуге құқығы жоқ. 
      9. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмiнiң) және тарату комиссиясының құрамына қосылған уәкiлеттi орган қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жағдайларын қоспағанда, уәкiлеттi органның банктердiң мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылуы мен таратылуы бойынша шығындарды қаржыландыруына, сондай-ақ банктiң мүлкi болмаған не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткiлiксiз болған жағдайларда, соттың банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiмi жөнiндегi ақпаратты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ресми баспа басылымдарында жариялау жөнiндегi шығыстарды өтеуiне жол берiлмейдi. <*>
       ЕСКЕРТУ. Жаңа 48-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 48-1-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 48-1-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.
      Ескерту. 48-1-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.07. N 577  Заңымен .

       49-бап. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алудың
              негiздерi мен тәртiбi

      1. Банк ашуға берiлген рұқсатты уәкiлеттi орган: <*>
      а) банк қайта құру немесе тарату арқылы өз қызметiн ерiктi түрде тоқтататыны туралы шешiм қабылдаған;
      б) банк қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған;
      в) банк ретiнде тiркелген заңды тұлғаның қызметiнде осы баптың 2-тармағында көзделген жолсыздықтар анықталған жағдайда қайтарып алуға құқылы. 
      2. Заңды тұлғаға банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алуды уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша жүргiзедi: 
      а) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап бiр жыл iшiнде рұқсат беруге негiз болған мәлiметтердiң дұрыс еместiгiн анықтау; 
      а-1) осы Заңның 25-бабында көзделген мерзiмдердi бұзуы; <*>
      б) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап бiр жыл iшiнде банк операцияларын жүргiзуге лицензия алмауы; 
      в) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн бiр жыл iшiнде жарғылық капиталын төлемеуi; <*>
      г) банк ретiнде тiркелген заңды тұлға үшiн банк заңдарында көзделген қызмет шарттарын бұзуы.
      3. <*>
      4. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алу туралы уәкiлеттi органның шешiмi заңды тұлғаның қызметiн қайта тiркеуге немесе тоқтатуға негiз болып табылады. <*>
       ЕСКЕРТУ. Жаңа 49-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 49-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 49-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       50-бап. Банк құпиясы

      1. Банк құпиясына банк депозиторлары, клиенттерi мен корреспонденттерi банк шоттарының бар-жоғы, олардың иелерi мен нөмiрлерi туралы, сол шоттар мен банкiнiң өз шоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, банк операциялары туралы (банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарынан басқа), сондай-ақ банкiнiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлiктерiнiң бар-жоғы, олардың иелерi, сипаты мен құны туралы мәлiметтер кiредi. 
      Таратылу процесiндегi банк берген несиелер туралы мәлiметтер банк құпиясына жатпайды. 
      2. Банкiлер өз депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнiң операциялары мен депозиттерi жөнiндегi құпияға, сондай-ақ банкiлердiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлiктердiң құпиясына кепiлдiк бередi. 
      3. Өзiнiң қызмет мiндеттерiн жүзеге асыру барысында банк құпиясы болып табылатын мәлiметтер алуға мүмкiндiк алған банкiнiң лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге адамдар оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауапты болады, бұған осы баптың 4-8-тармақтарында көзделген жағдайлар кiрмейдi. 
      4. Банк құпиясы шоттың (мүлiктiң) иесiне, шот (мүлiк) иесiнiң жеке өзi банкiде болған сәтте берген жазбаша келiсiмi негiзiнде кез келген үшінші адамға, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес берілген қарыздар бойынша кредиттік бюроға,, сондай-ақ осы баптың 5-8-тармақтарында көрсетiлген адамдарға осы бапта көзделген негiздер бойынша және шекте ашылуы мүмкiн. 
      Банктердiң заңды тұлғаларға немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаларға банк шоттары ашылғаны туралы салық органдарына мiндеттi түрде хабарлауы, сондай-ақ мәжбүрлеу тәртiбiмен таратылатын банк тарату комиссиясының жеке тұлғалардың банк шоттарындағы ақша қалдығы туралы мәлiметтердi салымшыларға ақшасын қайтарумен байланысты шараларды жүзеге асыру үшiн салымдарға (депозиттерге) ұжымдық кепiлдiк беру (оларды сақтандыру) жөнiндегi ұйымға және агент-банктерге беруi банк құпиясын ашу болып табылмайды. 
      5. Банк шоттардың бар-жоғы және нөмiрлерi туралы анықтамалар банк Басқармасының төрағасы немесе оның орнындағы адам қол қойған жазбаша сауал негiзiнде, шоттың иесi банкiнiң қарыз алушысы, кепiлдiк берушiсi, кепiлдеме берушiсi немесе кепiл берушiсi болса, кредит алғанын растайтын құжатты ұсынған жағдайда банкiге берiледi. 
      6. Заңды тұлғалардың банк шоттарының және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және ақша қозғалысы туралы анықтамалар мыналарға берiледi: 
      а) анықтау және алдын ала тергеу органдарына прокурордың санкциясымен: олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша; 
      б) соттарға: 
      сот ұйғарымы негiзiнде олар жүргiзiлiп жатқан iстер бойынша; 
      в) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша; 
      г) прокурордың санкциясымен клиенттердiң экспорттық және (немесе) импорттық операциялары бойынша кеден органдарына; 
      д) салық органдарына: тексерiлетiн тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша; <*> 
      д-1) атқарушылық iс жүргiзу органдарына: олардың жүргiзiп жатқан атқару істері бойынша бірінші басшы немесе сот орындаушысы қол қойып, iс жүргiзу органының мөрiмен расталған және прокурор санкция берген жазбаша сауал негiзiнде. 
      7. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен ақша қозғалысы туралы анықтамалар, сондай-ақ оның банктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлкінің сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер мыналарға берiледi: 
      а) жеке тұлғаның өкiлдерiне: 
      нотариалды түрде куәландырылған сенiмхат негiзiнде; 
      б) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: 
      шоттарда немесе банкiде сақтаулы жатқан жеке тұлғаның ақшасы мен өзге де мүлкiне арест салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын реттерде анықтау немесе алдын ала тергеу органының біріншi басшысы немесе тергеушісi қол қойып, мөрiмен куәландырылған және прокурор санкция берген жазбаша сауал негiзiнде, олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша; 
      в) соттарға: 
      шоттарда немесе банкiде сақтаулы жатқан жеке тұлғаның ақшасы мен өзге де мүлкiне арест салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын реттерде, соттың ұйғарымы, қаулысы, шешімі, үкiмi негiзiнде олар жүргiзiп жатқан iстер бойынша; 
      г) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша; 
      д) <*>
      е) <*>
      7-1. Осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы анықтамалар клиенттiң банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы оның жеке шотынан алынған көшiрме нысанында беріледi. Клиенттiң банк шоттары бойынша ақшаның жылжуы туралы оның жеке шотынан үзiндi көшiрме болуға тиiстi мәлiметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады. <*>
      8. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi, олардағы ақшаның қалдығы туралы анықтамалар, сондай-ақ банкiнiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан оның мүлкiнiң бар-жоғы, сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер, олардың иесi қайтыс болған жағдайда мыналарға берiледi:
      а) мұра өкiмiнде шот (мүлiк) иесi деп көрсетiлген адамдарға;
      б) соттар мен нотариустарға: соттың ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың өз мөрiн қойып куәландырған жазбаша сауалы негiзiнде олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша. Нотариустың жазбаша сауалына шот иесiнiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса берiлуге тиiс;
      в) шетелдiк консулдық мекемелерге:
      олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша.
      9. <*>
       ЕСКЕРТУ. 50-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.01.27. N 2830 Заң күші бар  Жарлығымен
       ЕСКЕРТУ. 50-баптан сөздер алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1996.09.27. N 37  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 50-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 50-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.06.29. N 236  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 50-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 2000.03.29. N 42  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 50-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.  
      Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.06. N 572  Заңымен .

       51-бап. Банкiде жатқан ақша мен мүлiкке
              арест салу және олардан өндiрiп алу

      1. Заңды және жеке тұлғаның банктегi ақшасына және басқа мүлкiне прокурор санкция берген анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары және атқарушылық iс жүргiзу органдарының қаулылары, сондай-ақ соттардың қаулылары, шешiмдерi, үкiмдерi, ұйғарымдары негiзiнде ғана тыйым салынуы мүмкiн. Талап-арыз талаптарын қамтамасыз ету үшiн тыйым салған кезде тыйым салынған ақша сомасы талап-арыз сомасынан, мемлекеттiк баж және соттың шешiмдерiн, үкiмдерiн, ұйғарымдары мен қаулыларын орындауға байланысты шығыстар көлемiнен аспауға тиiс. 
      3аңды тұлғалардың банк шоттарындағы (корреспонденттiк шоттардан басқа) барлық шығыс операциялары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда, салық және (немесе) кеден органдарының бiрiншi басшысы қол қойып, мөрiмен куәландырылған салық және (немесе) кеден органдарының шешiмдерi бойынша, прокурордың санкция беруiмен тоқтатыла тұруы мүмкiн, ал өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша ғана жүргiзiлуi мүмкiн болады. 
      2. Заңды тұлға мен жеке тұлғаның банкiде жатқан жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнен басқа ақшасы мен өзге де мүлкiн тәркiлеу заңды күшiне енген сот шешiмi (үкiмi) негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
       ЕСКЕРТУ. 51-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 51-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 2000.03.29. N 42  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 51-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346  Заңымен

       52-бап. Салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық
              кепiлдiк беру (оларды сақтандыру) жүйесi

      Банк салымшыларының (депозиторларының) мүдделерiн қорғау мақсатында Депозиттерге міндетті ұжымдық кепілдік беруді (оларды сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйым құрылады. 
      Уәкiлеттi орган Депозиттерге міндетті ұжымдық кепiлдiк беру (оларды сақтандыру) жөнiндегi ұйымның құқықтық мәртебесiн, оны құру, қызметін реттеу және тоқтату тәртiбiн белгілейдi. 
      Депозиттерге міндетті ұжымдық кепiлдiк беру (оларды сақтандыру) тәртiбi, сондай-ақ салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепiлдiк беру (оларды сақтандыру) жөнiндегi ұйымның банктермен өзара қатынастары уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. 
      Банктер Депозиттерге міндетті ұжымдық кепiлдiк беру (оларды сақтандыру) жүйесiне уәкiлеттi орган белгiлейтiн мөлшерде және тәртiппен мiндеттi аударымдарды жүзеге асыру жолымен қатысады.
       ЕСКЕРТУ. 52-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 52-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2000.03.29. N 42  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 52-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 52-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.  

  5-тарау. Есеп және есеп беру

       53-бап. Банкiнiң қаржы (операция) жылы

      Банкiнiң қажы (операция) жылы 1 қаңтарда басталып, 31-желтоқсанда аяқталады. Егер банкiнi тiркеу 1 қаңтардан кейiн жүзеге асырылса, онда бiрiншi қаржы (операция) жылы банк мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. 

       54-бап. Банкiлердегi есеп және есеп беру
 
      1.1. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық есептілiктi қоса алғанда, қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тiзбесi мен нысандарын, сондай-ақ оларды табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкiлетті органмен келiсiм бойынша Ұлттық Банк белгілейдi. <*> 
      Банктер операциялар мен оқиғаларды Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржы есептiлiгi туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырады. <*>
      Банктiң бухгалтерлiк есеп саясатын оның банк директорларының кеңесi айқындайды. <*>
      1-1. Шоғырландырылған негіздегі есептілiкті қоса алғанда, (қаржылық және статистикалық есептiлiктi қоспағанда), есептіліктің тiзбесін, нысандарын, оларды табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi. <*>
      2. Банкiлер уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң өз құзыретi шегiнде жiберiлген сұратуы бойынша өздерiнiң қаражаттары, соның iшiнде Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жердегi қаражаттары, қабылданған депозиттер мен берiлген несиелердiң мөлшерi, жасалған және жасалып жатқан банк операциялары туралы кез келген ақпаратты және, банк құпиясы болып табылатын мәлiметтердi қоса, өзге де мәлiметтердi беруге мiндеттi. 
      2-1. Банктер уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен банктер ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде Ұлттық Банк сұратқан кез келген ақпаратты беруге міндетті. <*>
      3. Уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктің қызметкерлері осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген құқықтарды іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені не үшінші тұлғаларға бергені үшін Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртіппен жауапты болады. 
       ЕСКЕРТУ. 54-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 54-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 54-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 54-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 54-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.  
      ЕСКЕРТУ. 54-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.06.11. N 562  Заңымен .     

         54-1-бап. Банктің аффилиирлендірілген тұлғаларының
                 есеп беруі

      Банктің ірі қатысушысы өзінің қаржылық жағдайы мен қызметі туралы қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күннің ішінде Ұлттық Банкке жыл сайын мәліметтер беруге тиіс. 
      Банк холдингі уәкiлеттi органға есеп берілген тоқсаннан кейінгі қырық бес күн ішінде тоқсан сайынғы қаржылық есепті, қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күн ішінде аудитор куәландырмаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есепті, сондай-ақ: 
      банк холдингі қызметі түрінің немесе түрлерінің сипаттамасын; 
      банк холдингі қатысушысы болып табылатын әрбір ұйымның атауын, оның жарғылық капиталындағы қатысу мөлшері мен үлесін, қызметі түрінің немесе түрлерінің сипаттамасын, банк холдингі ірі қатысушы болып табылатын ұйымдардың қаржылық есебін; 
      банк холдингінің ірі қатысушысы болып табылатын әрбір ұйымның атауын, жарғылық капиталға оның қатысу мөлшері мен үлесін, осы ұйымның қызметі түрінің немесе түрлерінің сипаттамасын және қаржылық есебін қамтитын, бірақ бұлармен шектелмейтін түсіндірме жазбаларды ұсынуға тиіс. 
       ЕСКЕРТУ. 54-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 54-1-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

        

         55-бап. Банк қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн
               жариялау

      Банкiлер осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетiн аудиторлық ұйым (аудитор) есепте берiлген мәлiметтердiң дұрыстығын растағаннан кейiн және банк акционерлерiнiң жылдық жиналысы жылдық балансты және кiрiстер мен шығыстар туралы есептi бекiткеннен кейiн уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Ұлттық Банк 
белгiлеген түрлер мен мерзiмдерде жылдық балансты және кірістер мен шығыстар туралы есепті қоса, жылдық есебiн жариялайды. <*>
      Банктер тоқсан сайын уәкiлеттi орган және (немесе) Ұлттық Банк белгiлеген нысан бойынша және мерзiмде балансын, пайдасы мен шығыны туралы есебiн, олардың аудиторлық мақұлдауынсыз-ақ жариялап отырады. <*>
       ЕСКЕРТУ. 55-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 55-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 55-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.
      ЕСКЕРТУ. 55-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.06.11. N 562  Заңымен .

       56-бап. Құжаттарды есепке алу және сақтау

      1. Банкiлер бухгалтерлiк есепте және есеп берудi жасау кезiнде пайдаланылатын құжаттардың қатаң есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      2. Сақталуға тиiс негiзгi құжаттар тiзбесiн және олардың сақталу мерзiмiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 56-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

  6-тарау. Банктерге және олардың аффилиирлендірілген
тұлғаларына аудит

       57-бап. Банктерге және олардың аффилиирлендірілген
              тұлғаларына аудит

      1. Бухгалтерлiк есептi және есеп берудi, бастапқы құжаттарды және банк қызметi туралы басқа да ақпарат аудитiн аудиторлық қызмет туралы заңдарға сәйкес аудит жүргiзуге құқылы және осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетiн аудиторлық ұйым (аудитор) жүргiзе алады. 
      1-1. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу банктерге, банк холдингтеріне және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға міндетті болып табылады, ол туралы есептің көшірмесі мен аудиторлық ұйымның ұсыныстарын осы құжаттарды алған күннен бастап немесе оларды банктерге, банк холдингтеріне және банк (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға бергеннен кейін отыз күн ішінде банктер, банк холдингтері және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар немесе аудиторлық ұйымдар уәкiлеттi органға табыс етуге тиіс. <*>
      Банктің және банк холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есебін банктерге аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым куәландыруға тиіс. 
      2. Банк қызметiне аудит жүргiзуге лицензияларды уәкiлеттi орган бередi. <*>
      3. Банктерге аудит мыналарды анықтау мақсатында жүргiзiледi: 
      жүргiзiлген банк операцияларының есепте және есеп беруде дер кезiнде, толық және дәлме-дәл көрсетiлуi; 
      жүргiзiлген банк операцияларының осы Заңға, қолданылып жүрген заңдарға және уәкiлеттi орган мен Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкестiгi; <*>
      жүргiзiлген банк операцияларының оларды жүргiзудiң жалпы шарттарына сәйкестiгi, сондай-ақ банк операцияларын жүргiзу тәртiбiнiң банкiнiң iшкi ережелерiне сәйкестiгi. 
      4. Аудит нәтижелерiн және өз тұжырымдарын аудиторлық ұйым (аудитор) Директорлар кеңесi мен банк Басқармасына табыс етiлетiн есепте баяндайды. 
      Аудиторлық ұйымның (аудитордың) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайы туралы есебi жеке құжат түрінде ресімделеді және коммерциялық құпия болмайды. <*>
      Аудиторлық ұйымның (аудитордың) есебiн  жасау тәртiбiне қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. <*>
      5. Аудиторлық ұйым (аудитор) банкiде жүргiзiлген аудит туралы қорытындының көшiрмесiн уәкiлеттi органға оның талап етуi бойынша табыс етуге мiндеттi. 
      6. Банк, банк холдингі және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым аудиторлық ұйым аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит туралы есебінде көрсетілетін банктің немесе банк тобының қаржылық жағдайына әсер ететін жолсыздықтарды банк, банк холдингі және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым аталған есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда, уәкiлеттi орган жолсыздықтар жойылғанға дейін: 
      банкке қатысты - осы Заңның 47-бабының 2-тармағының ж) тармақшасында көзделген санкцияларды; 
      банк холдингіне, банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымға қатысты осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы;
      осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жолсыздықтарды жоймаған жағдайда уәкiлеттi орган:
      банкке қатысты - осы Заңның 48-бабының 1-тармағының о) тармақшасы негізінде банктің лицензиясын қайтарып алуға;
      банк холдингіне қатысты осы Заңның 47-1-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
       ЕСКЕРТУ. 57-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 57-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.06.29. N 236  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 57-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 57-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       58-бап. Банк қызметiн тексеруге байланысты
              аудиторлық қызметтi лицензиялау

      1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға құқылы кез келген заңды немесе жеке тұлға банк қызметiне аудит жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiшпен уәкiлеттi органға жолдануға құқылы. <*>
      2. Банк қызметiне аудит жүргiзуге лицензияларды беру, олардың қолданылуын тоқтату және оларды керi қайтарып алу тәртiбi және шарттары, өтiнiш берушiге қойылатын талаптар осы Заңда белгiленген талаптар ескерiле отырып, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады. <*>
      3. <*>
       ЕСКЕРТУ. 58-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 58-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 58-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.  

       59-бап. Банк қызметіне аудиторлық ұйымның (аудитордың)
             аудит жүргізу жөніндегі есебін жарамсыз
             деп тану. Банк қызметіне аудит жүргізуге берілген
             лицензияны қайтарып алу, тоқтата тұру үшін
             негіздер

      1. Егер:
      а) аудиторлық ұйым (аудитор) банкiнiң немесе оның құрылтайшысының тiкелей немесе жанама қатысушысы болса; 
      б) аудитордың не аудиторлық ұйымның басшы немесе тексеру жүргiзушi қызметкерлерiнiң кез келгенiнiң жақын туысы немесе зайыбының (жұбайының) жақын туысы - тексерiлетiн банкiнiң басшы қызметкерi болса; 
      в) аудиторлық ұйымның (аудитордың) банк алдында ақшалай мiндеттемесi болса аудиторлық ұйымның (аудитордың) жүргiзiлген тексеру туралы есебi, барлық жағдайда жарамсыз деп танылады; 
      г) аудиторлық ұйымда (аудиторда) банк қызметiне аудит жүргiзуге уәкiлеттi органның лицензиясы болмаса; 
      д) есеп уәкiлеттi орган белгiлеген стандарттарға немесе банк қызметiне аудит жүргізудің нәтижелерiн ресiмдеу тәртiбiнiң талаптарына сай келмесе, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарда көзделген өзге де жағдайларда. 
      2. Банк аудитін жүргiзуге лицензияны уәкiлеттi орган мынадай кез келген негiздер бойынша қайтарып алады, тоқтата тұрады: 
      а) аудиторлық ұйымның (аудитордың) жүргiзiлген тексерулер туралы есептерiн уәкiлеттi орган екi және одан да көп рет жарамсыз деп таныса; 
      б) аудит барысында алынған және банкiлiк немесе коммерциялық құпия мәнiн құрайтын мәлiметтердi жария ету немесе үшiншi адамдарға (уәкiлеттi органнан басқа) беру; 
      в) жүргiзiлген аудиттiң (аудиторлық растаудың) нәтижелерi туралы есебiнiң көшiрмесiн уәкiлеттi органның сұратуы бойынша табыс етпесе; 
      г) аудиторлық ұйым (аудитор) аудиторлық қызметке қатысты мәселелер бойынша көрiнеу бұрыс есептер (растамалар) берген болса; 
      д) аудиторлық ұйымда уәкiлеттi органның банк қызметiне аудит жүргiзуге құқық беретiн лицензиясы бар аудитордың болмауы;
      е) аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензияны қайтарып алу туралы шешiм бар болса; 
      ж) банк қызметiне аудит жүргiзуге құқық беретiн лицензия берiлген күннен бастап бiр жыл iшiнде оның негiзiнде берiлген мәлiметтердiң күмәндi екенi анықталса.
       ЕСКЕРТУ. 59-бап өзгертiлдi және е), ж)-тармақшалармен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен.
       ЕСКЕРТУ. 59-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.06.29. N 236  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 59-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 59-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.  

  II бөлiм

  Банкiлердiң құқықтық мәртебесiн өзгерту
және қызметiн тоқтату ерекшелiктерiнiң
шарттары

  7-тарау. Банктердi ерiктi түрде қайта құру

       60-бап. Банкiлердi ерiктi түрде қайта құрудың жалпы
              шарттары

      1. Банкiлердi ерiктi түрде қайта құру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. 
      2. Осы банк акционерлерiнiң жалпы жиналысы шешiмiнiң болуы банкiнi ерiктi түрде қайта құруды жүргiзуге рұқсат алу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш беруге негiз болып табылады. 
      3. Банкiнi ерiктi қайта құруға уәкiлеттi органның рұқсатын алу туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса тiркелуге тиiс: 
      а) банкiнiң жоғары органының оны қайта құру туралы шешiмi; 
      б) банкiнi қайта құрудың көзделiп отырған шарттарын, түрлерiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн сипаттайтын құжаттар; 
      в) банкiнiң ол қайта құрылғаннан кейiнгi және (немесе) банкiнi қайта құру нәтижесiнде құрылған заңды тұлғалардың есеп айырысу балансын қоса, қайта құру салдарының қаржылық болжамы. 
      4. Банкiнi қайта құруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган оны қабылдаған күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс. 
      5. Қайта құрылатын банк қайта құруды жүргiзуге уәкiлеттi органнан рұқсат алған күннен бастап екi апта iшiнде алдағы болатын өзгерiстер туралы өзiнiң барлық депозиторларын, клиенттерiн, корреспонденттерi мен қарыз алушыларын тiкелей хабардар ету арқылы және кемiнде екi республикалық газетке тиiстi хабарландыру жариялау арқылы хабардар етуге мiндеттi.
      6. Қайта құру нәтижесiнде құрылған заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу немесе қайта тiркеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi.
       ЕСКЕРТУ. 60-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 60-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.  

       61-бап. Банкiнi ерiктi түрде қайта құруға рұқсат
              беруден бас тарту

      Банкiнi ерiктi түрде қайта құруға Ұлттық Банкiнiң рұқсат беруден бас тартуы мынадай кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:
      а) ерiктi түрде қайта құрылатын банкiлер жоғары органдарының тиiстi шешiмдерiнiң болмауы;
      б) көзделiп отырған ерiктi түрде қайта құру салдарынан депозиторлар мүдделерiнiң бұзылуы;
      в) көзделiп отырған ерiктi түрде қайта құру салдарынан пруденциалдық қалыптардың және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң бұзылуы;
      г) көзделiп отырған ерiктi түрде қайта құру салдарынан монополияға қарсы заң талаптарының бұзылуы.
       ЕСКЕРТУ. 61-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен

  8-тарау. Банкiнi консервациялау

       62-бап. Банкiнi консервациялау ұғымы

      1. Банкiнi консервациялау Ұлттық Банкiнiң шешiмi бойынша банкiнiң қаржы жағдайын сауықтыру және оның жұмыс сапасын жақсарту мақсатында банкiге қатысты әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлi түрде жүргiзудi бiлдiредi. 
      2. Банк мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкiн: 
      а) өз капиталының жеткiлiктiлiгi коэффициентiнiң ұдайы (қатарынан 3 ай орындалмауы); 
      б) Осы Заңның 48-бабында көзделген негiздер бойынша. 
      3. Консервациялау режимiн белгiлеу Ұлттық Банкiнiң шектеулi (бiр жылға дейiн) мерзiмге банкiнi басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктi немесе уақытша банк басқарушысын тағайындауын бiлдiредi. 
      4. Банкiнi консервациялау банкiнiң өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 
      5. Ұлттық Банкiнiң консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне банк акционерлерi он күн мерзiмде сот тәртiбiмен шағым жасай алады. Аталған шешiмге шағым беру банкiнi консервациялауды тоқтатпайды.
       ЕСКЕРТУ. 62-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.01.27. N 2830 Заң күші бар  Жарлығымен
       ЕСКЕРТУ. 62-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен

         63-бап. Банкiнi басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiк
              (уақытша банк басқарушысы)

      1. Уақытша әкiмшiлiктi (уақытша банк басқарушысын) уәкiлеттi орган оның қызметкерлерi не осы Заңның 20-бабының 3-5-тармақтарында белгiленген ең төменгi талаптарға сай келетiн, оның қызметкерлерi болып табылмайтын адамдар арасынан тағайындайды. 
      2. Уақытша әкiмшiлiктiң басшысы мен мүшелерiнiң (уақытша банк басқарушысы) құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ олардың еңбегiне ақы төлеу шарты уәкiлеттi орган пен уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) арасында жасалатын жеке шарт бойынша белгiленедi. 
      3. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) өз қызметiнде осы Заңды, уәкiлеттi органның қалыптық құқықтық құжаттарын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын басшылыққа алады. 
      4. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiк мүшелерiн (уақытша банк басқарушысын) кез келген сәтте ауыстыруға құқылы. 
      5. Банкiге келтiрiлген залал үшiн уақытша әкiмшiлiк басшысы мен мүшелерi (уақытша басқарушы) қолданылып жүрген заңдармен белгiленген жауаптылықты көтередi. Уақытша әкiмшiлiк басшысы мен мүшелерiне (уақытша банк басқарушысына) қалыпты өндiрiстiк тәуекел санатына жатқызылуы мүмкiн залал үшiн жауапкершiлiк жүктеуге жол берiлмейдi.
       ЕСКЕРТУ. 63-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 63-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.  

         64-бап. Банкiнi консервациялауды жүргiзу туралы қаулы

      1. Уәкiлеттi органның банкке консервациялау жүргiзу туралы шешiмiнде мыналар болуға тиiс: 
      а) банкiнiң атауы және оның орналасқан жерi; 
      б) банкiнi консервациялау туралы шешiмнiң негiздемесi; 
      в) консервация күшiнiң басталуы мен мерзімi; 
      г) банк қызметiне қойылатын шектеулер тiзбесi; 
      д) уақытша әкiмшiлiктiң дербес құрамы немесе уақытша банк басқарушысының фамилиясы, аты, әкесiнiң аты; 
      е) консервациялау режимiнде тұрған банкiнiң басшы қызметкерлерiне өз жұмысы туралы есеп, табыстары туралы декларация, меншiгiнiң бар-жоғы және оның мөлшерi туралы мәлiметтер әзiрлеу және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке (уақытша банк басқарушысына) беру туралы нұсқама;
      ж) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша басқарушыға) берiлетiн ұсыныстар.
      2. Уәкiлеттi органның банкке консервациялау жүргiзу туралы шешiмi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таратылатын мерзiмдiк екi баспа басылымында жарияланады. <*>
       ЕСКЕРТУ. 64-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 64-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.  

       65-бап. Консервациялау кезеңiнде банкiнi басқару
              ерекшелiктерi. Уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша
              банк басқарушысының) банкiнi басқару
              жөнiндегi өкiлеттiгi

      1. Консервациялау күшiнiң басталуымен және оның мерзiмiне:
      а) банк акционерлерiнiң оны басқару жөнiндегi құқығы тоқтатыла тұрады;
      б) банк органдары мен оның басшы қызметкерлерiнiң өкiлеттiгi тоқтатыла тұрады;
      в) банкiнi басқару жөнiндегi барлық өкiлеттiк уақытша әкiмшiлiкке (уақытша басқарушыға) көшедi;
      г) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша банк басқарушысына) айтпастан және оның жазбаша келiсiмiнсiз банкiнiң атынан және оның есебiнен жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылады. 
      2. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы): 
      а) осы Заңның 66-бабының талаптарын ескере отырып банк қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша дербес шешiм қабылдауға; 
      б) қажет болған жағдайда консервациялау кезеңiнде қабылданған депозиттер бойынша банкiнiң мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара тоқтата тұруға; 
      в) қажет болған жағдайда банк қаражатын салуды көздейтiн банк жасасқан шарттарды бұзуға не оларға, ставкаларын, тарифтерiн және қолданылу мерзiмiн өзгертудi қоса, бiржақты тәртiппен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге; 
      г) банкiнiң атынан кез келген шарттар мен құжаттарға қол қоюға; 
      д) банкiнiң атынан және оның мүддесi үшiн ақы талабын қоюға; 
      е) банк қызметкерлерiн қызметтен босату, қызметiн төмендету немесе қызметтен уақытша шеттету, олардың арасында мiндеттер бөлiсу туралы бұйрықтарды қоса, бұйрықтар шығаруға құқылы. 
       ЕСКЕРТУ. 65-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен

       66-бап. Уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша банк
              басқарушысының) банкiнi басқару жөнiндегi
              қызметiн бақылау <*>

      1. Банкiнi консервациялау мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша басқарушының) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады, ол: 
      а) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша банк басқарушысына) банкiнi консервациялау кезеңiнде шаралардың негiзгi бағыттары туралы ұсыныстар беруге (негiзгi шаралар жоспарын ұсынуға); 
      б) уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) орындауға мiндеттi жазбаша нұсқаулар беруге; 
      в) уақытша әкiмшiлiктен (уақытша банк басқарушысынан) өз қызметi мен банк қызметi туралы кез келген ақпарат берудi талап етуге;
      г) уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша банк басқарушысының) iстелген жұмыс туралы есебiн тыңдауға;
      д) консервациялау мерзiмiн ұзартуға;
      е) банкiнi консервациялаудың аяқталғаны туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      2. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) қызметiн егжей-тегжейлi регламенттеу және оның үшiншi жақтармен өзара қарым-қатынасының қағидаттары уәкiлеттi органның қалыптық құқықтық құжаттарымен белгiленедi.
       ЕСКЕРТУ. 66-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 66-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.   

       67-бап. Консервациялауды тоқтату

      1. Банкiнi консервациялау мынадай негiздер бойынша тоқтатылады:
      а) уәкiлеттi органның шешiмiмен белгiленген консервациялау мерзiмiнiң аяқталуы;
      б) уәкiлеттi органның консервациялауды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы.
      2. Банкiнiң қаржы жағдайының сауығуына және жұмыс сапасының жақсаруына байланысты оны консервациялауды тоқтату (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын) осы банкiге қатысты уәкiлеттi орган немесе уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) белгiлеген барлық шектеулердiң алынып тасталуына әкеп соғады. Бұл орайда консервациялау мерзiмi iшiнде банкiнiң құрылтай құжаттарына, басқару органдарына және қызметкерлерiнiң құрамына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар күшiнде қала бередi. 
      3. Егер банкiнi консервациялау оның қаржы жағдайы мен жұмыс сапасын сауықтыруға жеткiзбеген жағдайда, уәкiлеттi орган банк заңдарында көзделген негiзде банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны қайтарып алуға құқылы.
       ЕСКЕРТУ. 67-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 67-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 67-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.  

  9-тарау. Банктердi тарату және ерiксiз қайта құру

       68-бап. Банктердi тарату түрлерi мен негiздерi

      1. Банк:
      а) уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда (ерiктi тарату), оның акционерлерiнiң шешiмi бойынша;
      б) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген реттерде (ерiксiз тарату) соттың шешiмi бойынша;
      в) <*>
      2. Банктердiң қызметiн тоқтату, оның ішінде банкроттық негіз бойынша тоқтату және осы Заңның талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
       ЕСКЕРТУ. 68-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 68-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       68-1-бап. Ерікті және еріксіз таратылатын банктер
                кредиторларының комитеті

      1. Кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың банктерді ерікті және еріксіз тарату рәсімдеріне қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.
      Ерікті немесе мәжбүрлеп таратылатын банк кредиторлары комитетінің құрамын банктің тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi орган бекітеді. <*>
      2. Кредиторлар комитетінің құрылу және қызметі ерекшеліктері уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
       ЕСКЕРТУ. 68-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 68-1-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       69-бап. Ерiктi тарату

      1. Банк акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде өзiн ерiктi түрде таратуға рұқсат беру туралы уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға құқылы. 
      Өтiнiшке банктiң қызметiн тоқтату мерзiмi және оған әзiрлiк кезеңдерi туралы акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен шаралар тiзбесi, банк мiндеттемелерi бойынша оның есеп айырысуларының жүзеге асырылуы үшiн банк қаражатының жеткiлiктiлiгiн дәлелдейтiн баланстық есеп тарату комиссиясының мүшелiгiне кандидаттар, оның iшiнде филиалдарда не өкiлдiктерде құрылатын оның бөлiмшелерiнiң тiзiмi және басқа қажеттi мәлiметтер қоса тiркелуi тиiс. Қажеттi мәлiметтер тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. <*>
      2. Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат алу туралы өтiнiшiн уәкiлеттi орган тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды қабылдаған күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс. 
      Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган бұл туралы дәлелдi шешiм қабылдап, банкке хабарлайды. 
      3. <*>
      4. Ерiктi түрде тарауға рұқсат алған жағдайда банк банктiң филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, тарату комиссиясын құрады, оған банктiң мүлкi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк ауысады. 
      Ерiктi түрде таратылатын банктердiң тарату комиссиялары қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. 
      4-1. Ерікті таратылатын банктің тарату комиссиясының қызметіне бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 
      5. Ерiктi түрде тарауға рұқсат алғаннан кейiн банк бұл туралы ақпаратты әдiлет орталық органының ресми басылымдарында жариялауға тиiс. 
      6. Тарату комиссиясы банктi тарату туралы баланс пен есептi бекiткеннен кейiн жетi күн мерзiмде оны Әдiлет министрлiгi мен уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi. 
      Банктi тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi. <*>
      7. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға қаржысы жеткiлiксiз болған жағдайда, банк банкроттық негіздер бойынша ерiксiз түрде таратылуы тиiс.
      7-1. Ерiктi түрде таратылу процесiн аяқтаудың мүмкiн еместiгiне байланысты уәкiлеттi орган банктiң жұмысын ерiксiз тоқтату (тарату) туралы сотқа жүгiнуге құқылы.
       ЕСКЕРТУ. 69-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 69-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 69-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       70-бап. Банктердi ерiксiз тарату түрлерi

      Банктердi ерiксiз таратуды сот:
      а) банк банкроттығына;
      б) банк заңдарында көзделген негiздер бойынша банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияларды қайтарып алуға; 
      в) банк заңдарында көздеген басқа негiздер бойынша банк қызметiн тоқтату туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың өтiнiшiне (қуынымына) байланысты жүргiзедi. 
       ЕСКЕРТУ. 70-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен

         71-бап. Банктi банкрот деп тану

      1. Банктiң төлем төлеуге қабiлетсiздiгi мен дәрменсiздiгi уәкiлеттi органның сотқа берген банк капиталының мөлшерiн, пруденциалдық нормативтердiң (және мiндеттi сақталуға тиiстi өзге нормалар мен лимиттердiң) есеп айырысу әдiстемелерiн ескере отырып жасаған қорытындысында анықталады. 
      2. Банктiң белгiленген тәртiп бойынша сот шешiмiмен ғана банкрот деп танылуы мүмкiн. Дәрменсiз банктi оның кредиторлары мен банктiң өз шешiмi бойынша таратудың соттан тыс рәсiмiне жол берiлмейдi. 
      3. Тараптардың банктiң банкроттығы туралы iс бойынша тату келiсiм жасауларына мүмкiндiк берiлмейдi. 
      4. Сот банктi банкрот деп тану және оны мәжбүрлеп тарату туралы шешiмдi уәкiлеттi органға жiбередi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 71-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       72-бап. Өзге негiздер бойынша банктi тарату

      1. Банктердi ерiксiз тарату уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органның, заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiшi (қуынымы) бойынша (банк операцияларын жүргiзуге берiлген банк лицензияларын қайтарып алу туралы шешiмi жоқ болған жағдайда) сот iс қозғаған жағдайларда осы Заңға сәйкес жүргiзiледi. 
      2. Банктi ерiксiз тарату туралы шешiмдi сот уәкiлеттi органға жiбередi. <*>
      Осы Заңның 70 бабының в) тармақшасында көзделген негiзде қозғалған iс бойынша банктi ерiксiз тарату туралы сот шешiм қабылдаған күннен бастап банктiң банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияларын қайтарып алады. <*>
       ЕСКЕРТУ. 72-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 72-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

         73-бап. Ерiксiз таратуды жүргiзудiң шарттары мен
               тәртiбi

      1. Сот банктi мәжбүрлеп тарату туралы iстi қозғаған күннен бастап:
      1) банк құрылтайшыларының (қатысушыларының), органдарының банктiң мүлкiне билiк етуге құқығы жоқ;
      2) соттардың таратылатын банкке қатысты бұрын қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
      3) кредиторлардың банкке қойған кез келген талаптары, банктi ұстап тұруға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, тек тарату iсiнде ғана қойылуы мүмкiн;
      4) кредиторлардың, салық органдарының талаптары бойынша банктiң банк шоттарынан ақшаны, оның iшiнде даусыз (акцептсiз) тәртiппен қанағаттандыруға жататын ақшаны өндiрiп алуға, сондай-ақ банктiң мүлкiнен өндiрiп алуға жол берiлмейдi;
      5) банктiң лауазымды тұлғаларына оларға тиесiлi банк акцияларын иелiктен шығаруға тыйым салынады.       
      1-1. Банктерді банкроттық негізде тарату осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 
      2. Банктi таратумен байланысты барлық шығыстар, осы Заңның 48-1 бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сол банктiң қаражаты есебiнен ғана жүргiзiледi. 
      3. Банк мүлкiн бағалауды тарату комиссиясы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзедi. 
      4. Таратылатын банктiң аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi. <*>
      5. Таратылатын банктiң мүлкiн сатуды банктi тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүргiзедi.
      6. Банктi, оның iшiнде банкрот болу негiзi бойынша таратылатын банктi тарату комиссиясының қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. <*>
      6-1. Банктi тарату туралы шешiм қабылдаған сот уәкiлеттi органмен банктің тарату комиссиясының қызметіне байланысты кез келген ақпаратты сұратып алуға құқылы.
      7. Тарату комиссиясы сотқа уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептiлiктi және тарату балансын ұсынады.
      Сот тарату туралы есептiлiктi және тарату балансын бекiтiп, тарату iсiнiң аяқталғаны туралы ұйғарым шығарады.
      Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына және уәкiлеттi органға жiбередi.
      Банктi тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi. <*>
       ЕСКЕРТУ. 73-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 73-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 73-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       74-бап. Ерiксiз таратылатын банктiң тарату комиссиясы

      1. Банктi тарату туралы, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату iсiн қозғайды және уәкiлеттi органға оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, банктiң тарату комиссиясын құру жөнiнде мiндеттер жүктейдi.
      Банктi тарату комиссиясы банк iстерiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданады. 
      Мәжбүрлеп таратылатын банктердiң тарату комиссияларын тағайындау тәртiбi, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелерiне қойылатын талаптар, сондай-ақ таратуды жүзеге асыру тәртiбi және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
      Банктiң тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлерiне төленетiн ай сайынғы сыйақының мөлшерi олардың әрқайсысына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн он еселенген ең төменгi жалақыдан аспауға тиiс. <*>
      2. <*>
      3. <*>
       ЕСКЕРТУ. 74-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 74-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

         74-1-бап. Банктердi тарату кезiндегi тарату, конкурстық
                массасын қалыптастыру ерекшелiктерi

      1. Банктiң тарату, конкурстық массасы осы Заңда белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, қолданылып жүрген заңдарда айқындалған тәртiппен қалыптасады. 
      1-1. Банктiң тарату конкурстық массасына ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларды ұстаушыларда оларға меншiк құқығы туындаған немесе оларға мәмiлелер не Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де негіздер бойынша ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы аталған мүлiктi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес кредиторлармен - ипотекалық облигацияларды ұстаушылармен есеп айырысу үшiн ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне бередi. <*>
      2. Тарату массасын, конкурстық массаны қалыптастыру кезiнде оған үшiншi тұлғаларға тиесiлi және сақтау мен есепке алу үшiн кастодиан-банкке сенiп тапсырылған бағалы қағаздар, сондай-ақ есепке алу және сақтау үшiн банкке сенiп тапсырылған немесе оның қаржы құралдарына орналастырылған жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi, инвестициялық қорлардың активтерi енгiзiлмейдi. Зейнетақы активтерi, инвестициялық қордың активтерi жинақтаушы зейнетақы қорының, акционерлiк инвестициялық қордың немесе инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның өтiнiшi бойынша басқа банкке аударылады. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 74-1-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.06.29. N 236  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 74-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 427  Заңымен.  
      Ескерту. 74-1-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.07. N 577  Заңымен .

         74-2-бап. Таратылатын банк кредиторларының талаптарын
                 қанағаттандырудың кезектілігі

      1. Таратылатын таратылатын банк кредиторларының, оның iшiнде оның банкроттығымен байланысты талаптары осы бапта белгiленген тәртiппен қанағаттандырылады. 
      2. Тарату өндiрiсiмен байланысты шығыстар, оның iшiнде банктiң тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шығыстар, сондай-ақ таратылатын банктiң негiзгi қызметтерiн қамтамасыз ету қажеттiгiнен туындайтын шығыстар кезектен тыс және тұрақты төленiп отырады. 
      3. Белгiленген тәртiппен танылған кредиторлардың талаптары мынадай кезектiлiкпен қанағаттандырылуға тиіс: 
      а) бiрiншi кезекте азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауап бере отырып, таратылатын банк олардың талаптарын тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капитализациялау жолымен қанағаттандырады; 
      б) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдардың еңбекақысын төлеу жөнiнде және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысулар жүргiзiледi; 
      в) үшiншi кезекте депозиттер және ақша аудару жөнiнде жеке тұлғалардың, ұйымның салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (оларды сақтандыру) жөніндегі, еріксіз таратылатын банк ұсынған есепке сәйкес сома көлемінде өтем төлеу бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі алдағы талаптары, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған депозиттер бойынша талаптары қанағаттандырылады; 
      г) төртiншi кезекте тек қана қайырымдылық қызметiмен айналысатын коммерциялық емес ұйымдармен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерi ұйымдарымен және оған теңестiрiлген адамдардың ұйымдарымен, Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң ерiктi қоғамымен, Қазақ зағиптар қоғамымен, Қазақ саңыраулар қоғамымен, осы заңды тұлғалардың меншiгi болып табылатын және олардың қаржысының есебiнен құрылған өндiрiстiк ұйымдармен, олардың банктiк шоттарында бар және депозитке орналастырылған қаржысы бойынша басқа да мүгедектердiң ұйымдарымен есеп айырысулар жүзеге асырылады; 
      г-1) бесінші кезекте сақтандыру ұйымдарымен олардың, таратылатын банкте ашылған банктік шоттарындағы қаражаттары бойынша есеп айырысулар жүзеге асырылады; 
      д) алтыншы кезекте таратылатын банктiң мүлкiн кепiлге алумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады; 
      е) жетінші кезекте салық, алым және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару бойынша міндетті төлемдер бойынша қарыздар өтеледi; 
      ж) сегізінші кезекте заңды тұлғалардың, таратылатын банкте ашылған банк шоттарындағы қаражаттары бойынша талаптары қанағаттандырылады; 
      з) тоғызыншы кезекте банкаралық кредиттер бойынша банктермен және таратылатын банктiң мүлкiн кепiлге алумен қамтамасыз етiлмеген депозит салымдары бойынша заңды тұлғалармен есеп айырысу жүзеге асырылады; 
      и) оныншы кезекте басқа кредиторлармен есеп айырысулар заң актiлерiне сәйкес жүргiзiледi. 
      4. Әр кезектің талабы өзінің алдындағы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін орындалады.
      Кредитордың талаптары оның келісімімен заңға қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) мүлікті заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.
      Бір кезектегі кредиторлардың талаптары қанағаттандырылған кезде таратылатын банктің ақшасы және (немесе) өзге де мүлкі осы кезектегі кредиторлардың арасында қанағаттандыруға тиісті талаптар сомасына бара-бар бөлінеді.
       ЕСКЕРТУ. 74-2-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 2000.03.29. N 42  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 74-2-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 74-2-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       74-3-бап. Банктi ерiксiз қайта құру.
                Оңалту рәсiмдерi

      1. Банктi ерiксiз қайта құру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес соттың шешiмiмен, осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып жүргiзiледi. 
      Банкке қатысты оңалту рәсiмi соттың шешiмi бойынша банктi мәжбүрлеп тарату жөнiндегi шаралар шеңберiнде, оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шарттар мен талаптарды орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi. <*>
      2. Сот банктi ерiксiз қайта құру не банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзу туралы мәселенi уәкiлеттi органның тиiстi қорытындысы негiзiнде ғана шешуге құқылы. 
      Банктi ерiксiз қайта құруды жүргiзудiң, оңалту рәсiмдерiнiң мiндеттi шарты банктiң өзiнде бар барлық депозиттердi мүдделi адамдарға ерiксiз қайта құру туралы шешiм қабылдаған күннен бастап бiр жылдың iшiнде қайтаруы болып табылады. 
      Осы шартты орындамау банктi ерiксiз таратуға әкеп соғады. 
      2-1. Банк өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) анықталған кемшiлiктердi жою мүмкiндiгi болған кезде оның банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы мәселенi қарауына байланысты оған қатысты оңалту рәсiмдерiн қолдану туралы сотқа өтiнiш мәлiмдеуге құқылы. Банктi оңалту жоспары банктiң өтiнiшiмен қоса берiлуге тиiс.
      Банк өтiнiшiнiң бiр данасы қоса берiлетiн құжаттармен бiрге уәкiлеттi органға ұсынылады.
      2-2. Банктiң оңалту жоспары уәкiлеттi органмен алдын ала келiсiлуi тиiс және оны ұсынылған күннен бастап он күн iшiнде сот бекiтедi.
      Банктiң оңалту жоспарын өзгертуге сот шешiмi бойынша уәкiлеттi органның келiсiмiмен жол берiледi.
      2-3. Банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүзеге асыру кезеңiнiң ұзақтығы алты айдан аспауға тиiс. Оңалту рәсiмдерiнiң басталу және аяқталу мерзiмдерiн сот айқындайды. Банктiң сот бекiткен оңалту жоспары банк пен оның лауазымды тұлғалары үшiн орындалуы мiндеттi құжат болып табылады.
      2-4. Банк оңалту рәсiмiн уәкiлеттi органның бақылауымен жүргiзедi. Оңалту рәсiмi кезеңiндегi банк қызметi осы баптың талаптары ескерiле отырып, әдеттегiдей тәртiппен жүзеге асырылады.
      3. Сот банктi ерiксiз тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда (iс қозғау негiзiне қарамастан), оны жүргiзу, осы баптың 2-1, 2-4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктiң сот бекiткен арнайы басқарушысына (басқару жөнiнде уәкiлеттiк берiлген адамдарға) тапсырылады. <*>
      Банктiң арнайы басқарушысы (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдар) сот пен банк кредиторларына өз қызметi туралы ай сайын хабарлап тұруға мiндеттi. 
      4. Банктi қайта құруға қатысушы үшiншi адам банктiң басқа коммерциялық ұйымға қосылуына немесе бiрiгуiне байланысты арнайы басқарушыға (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдарға) оның (олардың) қаржылық әлеуетiн және банктi қайта құрудың мақсатқа сай екенiн негiздейтiн қажеттi құжаттарды (деректердi) беруге мiндеттi. 
      5. Банктi ерiксiз қайта құру сот белгiлеген тәртiппен және ол бекiткен кесте мен шаралар жоспарына сәйкес жүргiзiледi. 
      6. Банктiң арнайы басқарушысының (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдардың) банктi ерiксiз қайта құрудың аяқталғаны туралы есебiн сот бекiтедi. 
      7. Аталған сот рәсiмдерi шеңберiнде банктi қайта құру жүргiзiлгенiн растайтын ресми құжат күшiне енгеннен кейiн 5 күн мерзiм iшiнде банктiң құқықтық мұрагерi болып табылатын ұйым екi республикалық газетте қажеттi ақпараттың жариялануын қамтамасыз етуге мiндеттi. 
      8. Банктi ерiксiз таратуды жүзеге асырумен байланысты шығыстар оның қаржысы есебiнен жүргiзiледi. 
      9. Банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды және оған қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзудi жүзеге асырудың өзге де мәселелерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады. <*>
       ЕСКЕРТУ. 74-3-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

        74-4-бап. Уәкiлеттi органның банктердi тарату
                процесiндегi бақылау өкiлеттiктерi <*>

      1. Уәкiлеттi орган ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын банктердiң тарату комиссияларының қызметiне бақылау жүргізуді жүзеге асыру мақсатында:
      1) тарату комиссияларынан атқарылған жұмыс туралы есептер, ал қажет болған жағдайда, қосымша ақпарат алуға;
      2) тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат беру нысанын, мерзiмдерi мен кезеңдiлiгiн белгiлеуге;
      3) тарату комиссияларының қызметiне тексеру жүргiзуге;
      4) тарату комиссияларының қызметiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылықтар анықталған жағдайда, тарату комиссиялары орындауға мiндеттi бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамалар шығаруға, нұсқамалардың орындалу мерзiмiн белгiлеуге;
      5) тарату комиссиясы жазбаша нұсқаманы белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда, кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгінуге құқылы.
      2. Уәкiлеттi орган банктердiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтату туралы iстi соттың қарауына қатысты банктерден қажеттi ақпарат алуға құқылы.
      3. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
       ЕСКЕРТУ. 9-тарау жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 74-4-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 74-4-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

  9-1-тарау. <*>

       ЕСКЕРТУ. 9-1-тарау алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

  10-тарау. Қорытынды ережелер

       75-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заңның қалыптары өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын барлық банкiлерге, соның iшiнде оларды ұйымдастырудың бастапқы кезеңiн регламенттейтiн жекелеген заңдық және қалыптық құжаттардың негiзiнде айрықша тәртiппен құрылған банкiлерге де, сондай-ақ банктердің тікелей және жанама қатысушылары болып табылатын тұлғаларға да қолданылады. 
      2. <*>
      2. Олардың әрқайсысы үшiн рұқсат етiлген банк операциялары түрлерiнiң тiзбелерiн, оларға банк операцияларын жүргiзуге лицензия берудiң негiздерi мен олардың қызметiн ықтимал шектеулердi қоса алғанда, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық мәртебесi, құрылу тәртiбi, лицензиялануы, қызметiнiң реттелуi мен тоқтатылуы осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен және өздерiнiң құзыретi шегiнде уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. 
      Мемлекеттік органдардың бөлімшелері болып табылатын ұйымдар банк операцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда аталған ұйымдарды құру, қызметі, қызметін реттеу және тоқтату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, оларды жүзеге асыруды үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, тек қана мемлекеттік бюджетке қатысты және соның қаражаттары есебінен жүзеге асыруға құқылы.
      3. Осы Заңның ережелерi Ұлттық Банкiге бұл Заңға тiкелей көзделген жағдайларда ғана қолданылады.
       ЕСКЕРТУ. 75-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 75-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 75-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       76-бап.  <*>

       ЕСКЕРТУ. 76-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 76-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.06.29. N 236  Заңымен

       77-бап. Ұлттық Банктiң iс-әрекетiне шағым беру

      Уәкiлеттi органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банк қызметiн реттеу саласындағы iс-әрекеттерiне сот тәртiбiмен шағым берiлуi мүмкiн. 
      ЕСКЕРТУ. 77-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен.

       78-бап. Осы Заңның күшiне енуi

      1. Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
      2. Осы Заң күшiне енген күннен бастап, "Қазақстан Республикасындағы банкiлер туралы" 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы заңының қолданылу кезеңiнде банкiлердiң жарғылық капиталын қалыптастыру тәртiбiн бұзушылықтарға жол берiлгендiгi анықталған жағдайда, банкiлерге осы Заңда көзделген санкциялар қолданылады.
       ЕСКЕРТУ. 78-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен

       Қазақстан Республикасының
      Президентi