Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 1337 Жарлығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Жарлық 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 1 шілдедегі
№ 1337 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Әскери ант беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25 тамыздағы № 870 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Әскери ант қабылдау тәртібі туралы ережеде:

      5-тармақтағы "туы", "елтаңбасы", "гимнiн", "гимнi", "туын" деген сөздер тиісінше "Туы", "Елтаңбасы", "Әнұранын", "Әнұраны", "Туын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "тәуелсіздігі" деген сөз "Тәуелсіздігі" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң байрағы және оның айырым белгiлерiнiң ресми пайдаланылу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2736 Жарлығында:

      тақырыптағы және 1-тармақтағы "айырым", "Республика", "омырау белгісі" деген сөздер тиісінше "ерекшелік", "Қазақстан Республикасы", "төсбелгісі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3-тармақта:

      2) тармақшадағы "Республика астанасындағы", "Республика Президентi" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының астанасындағы", "Қазақстан Республикасының Президентi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "ту", "Республика Президентінің" деген сөздер тиісінше "Ту", "Қазақстан Республикасы Президентінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      "Республика Президентiнiң", "омырау белгісі", "Республика Президентi" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы Президентiнiң", "төсбелгісі", "Қазақстан Республикасының Президентi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Парламент" деген сөз "Құрылтай" деген сөзбен ауыстырылсын.

      3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:

      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер Ұлттық қауіпсіздік комитетіне заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.";

      13-тармақта:

      3) тармақшадағы "Парламентін" деген сөз "Құрылтайын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін, Егемендігі мен Тәуелсіздігін күштеп өзгертуге, оның аумақтық тұтастығын бұзуға және ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған террористік және өзге де әрекетті анықтау, оның алдын алу және жолын кесу;";

      14-тармақта:

      1) тармақшада:

      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "әрекеттері Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін, Егемендігі мен Тәуелсіздігін күштеп өзгертуге, оның аумақтық тұтастығын бұзуға және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен өзге де шетелдік ұйымдарға, қылмыстық топтарға енуді жүзеге асыру;";

      он алтыншы абзацтағы "шетелдіктер" деген сөз "шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшада:

      екінші абзацтағы "Парламентіне" деген сөз "Құрылтайына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "терроризмді және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін, Егемендігі мен Тәуелсіздігін күштеп өзгертуге, оның аумақтық тұтастығын бұзуға және ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған өзге де әрекетті анықтау, оның алдын алу және жолын кесу;";

      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз әскерилендірілген құралымдар, басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтары, діни негіздегі саяси партиялар қызметінің, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруының алдын алуда және жолын кесуде мемлекеттік органдарға көмек көрсету;";

      он бірінші, он жетінші және жиырма алтыншы абзацтардағы "шетелдіктер", "шетелдіктерге" деген сөздер тиісінше "шетел азаматтары", "шетел азаматтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақта:

      10) тармақшадағы "Парламентін" деген сөз "Құрылтайын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) терроризм мен экстремизмге, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін, Егемендігі мен Тәуелсіздігін күштеп өзгертуге, оның аумақтық тұтастығын бұзуға және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған өзге де әрекетке қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, терроризмге қарсы операцияларды ұйымдастыру;";

      32) тармақшадағы "шетелдіктерге" деген сөз "шетел азаматтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      51) тармақшадағы "азаматтарды" деген сөз "Қазақстан Республикасының азаматтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "53) шектес мемлекеттердің аумақтарынан Мемлекеттік шекара арқылы жаппай өтуден; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін, Егемендігі мен Тәуелсіздігін күштеп өзгертуге, оның аумақтық тұтастығын бұзуға және ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге әрекеттенуден; терроризм актілерінен; билікті күштеп басып алуға немесе Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билікті күштеп ұстап тұруға бағытталған әрекеттерден; диверсиялардан; қарулы бүліктен туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ "Төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де әрекеттерді жүзеге асыру;

      163-1) тармақшадағы "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.";

      19-тармақта:

      9) тармақшадағы "облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана" деген сөздер "астана, облыстар, және республикалық маңызы бар қалалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) тармақшадағы "шетелдіктер" деген сөз "шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Ұлты қазақ азаматтардың тегi мен әкесiнiң атын жазуға байланысты мәселелердi шешу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 2 ақпандағы № 2923 Жарлығында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының Үкiметi өзiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн.".

      5. "Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тiркеу, жария ету және сақтау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 2 шiлдедегі № 3051 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тiркеу, жария ету және сақтау тәртiбi туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Құрылтай қабылдаған, Құрылтай Төрағасының және Премьер-Министрдiң қолтаңбаларымен алдын ала бекемделген Қазақстан Республикасының Заңы қазақ және орыс тілдерінде Құрылтай Төрағасы қол қойған iлеспе хатпен бірге Қазақстан Республикасы Президентiнің қол қоюына енгізіледі. Егер заңмен халықаралық шарт ратификацияланатын болса, онда заңмен бiрге осы шарттың куәландырылған көшiрмелерi қоса берiледi.";

      2-тармақтағы "Жалпы бөлім", "Парламент Мәжiлiсiне" деген сөздер тиісінше "Жалпы бөлімі", "Құрылтайға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Президент Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттік құқық бөлiмi Қазақстан Республикасының Президенті Әкiмшiлiгiнің Басшысы орынбасарларының, Мемлекет басшысы көмекшiлерiнiң, кеңесшiлерiнiң, Президенттің Құрылтайдағы Өкілдігі басшысының, сондай-ақ Президент Әкiмшiлiгiнің тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiнiң ұсыныстарын ескере отырып, қорытынды әзірлейді және оны заң мәтiндерiнiң түпнұсқаларымен бiрге Президент Кеңсесiне ұсынады.";

      4-1-тармақта:

      "Республика" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Парламент" деген сөз "Құрылтай" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5-тармақта:

      1) және 2) тармақшалардағы "Парламент қызметі", "Парламент сайлауы" деген сөздер тиісінше "Құрылтайдың қызметі", "Құрылтай сайлауы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Құрылтайға заңның тиiстi елтаңбасы бар мөрмен куәландырылған екi данасын бередi, ал Құрылтай Аппараты белгiленген тәртiппен:

      "Құрылтай Жаршысында" жариялау және Құрылтайда заңды талқылау процесiнде түзілетiн бастапқы материалдармен iске қосып тiркеу;

      мүдделi органдар мен ұйымдарға тарату, Құрылтайда заңды талқылау процесiнде түзілетiн бастапқы материалдармен iске қосып тiркеу мәселелерiн шешедi.";

      6-тармақтағы "тиiсiнше Парламент Сенаты мен Мәжiлiсiнде" деген сөздер "Құрылтайда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "Парламенттiң Мәжiлiсiне" деген сөздер "Құрылтайға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8-тармақтағы "Парламентте", "Парламент" деген сөздер тиісінше "Құрылтайда", "Құрылтай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекет басшысының қарсылықтары Құрылтайда қаралған кезде Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұстанымын ол уәкiлеттiк берген өзге лауазымды адамдар бiлдiредi.".

      6. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери нышандары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 шiлдедегі № 3068 Жарлығында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Әскери бөлiмнiң Жауынгерлiк туы көлемi: ұзындығы бойынша 145 см, енi бойынша 115 см, үш жағынан алтын түстi жiбек шашақтармен жиектелген, көгiлдiр түстi тiк бұрышты мата деп айқындалсын. Матаның оң жақ бетiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы кестеленген, оның астында "Қазақстан Республикасы" деген жазу, ал төменгi жақ шетiнде – "Отан үшiн" деген ұран бар. Матаны сыртқы жағында ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген бес бұрышты жұлдыз кестеленген. Матаның жоғары жоқ шетiнде "Мiндет, абырой, ерлiк" деген ұран, ал төменгi жағына – әскери бөлiмнiң атауы кестеленiп тiгiлген. Мемлекеттiк Елтаңба, күн, шұғыла және жазу бейнесi – алтын түстес, ал бес бұрышты жұлдыз бейнесi – күрең қызыл түстi.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің Әскери-Теңiз Күштерi Туының сипаттамасында:

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Әскери-Теңiз Күштерiнiң тулары мен жалаушаларының сипаттамасында:

      1-тармақтағы "туының" деген сөз "Туының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      Лауазымды адамдардың тулары мен брейд-жалаушаларында:

      2 және 3-тармақтардағы "туы", "туының" деген сөздер тиісінше "Туы", "Туының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Бас штабы бастығының туы – енi мен ұзындығының қатынасы 1:2 тiк бұрышты мата. Тудың матасы тiгiнен екi бiрдей бөлiкке (ту ұзындығының 1/2 бөлiгiне): көгiлдiр (шкаторина тұсында) және ақ түстi болып бөлiнедi. Тудың көгiлдiр түстi жартысының ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туының нышаны – алтын күн мен қыран бейнеленген. Ақ түстi жолағында диаметрi ту енiнiң 1/5-iне тең келетiн екi қызыл бес бұрышты жұлдыз орналасқан. Олардың ортасы шкаторинадан ту ұзындығының 3/4-не тең және матаның жоғарғы және төменгi жиектерiнен ту енiнiң 1/4-не тең аралықта орналасқан.";

      әскери бөлiмнiң Жауынгерлiк Туының сипаттамасында:

      үшінші бөліктегі "елтаңбасының" деген сөз "Елтаңбасының" деген сөзбен ауыстырылсын.

      7. "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығында:

      кiрiспедегі "14-бабының 2) тармақшасына" деген сөздер "15-бабының 3) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережеде:

      1-тармақтағы "Республика" деген сөз "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "қолданыстағы" деген сөз алып тасталсын;

      12-тармақтағы "заңнамалық актілермен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13 және 14-тармақтардағы "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      15-тармақта:

      1) тармақшадағы "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "Республикасы Парламенті Мәжілісі" деген сөздер "Республикасының Құрылтайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақша алып тасталсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының Президенттігіне әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылын, атқаратын лауазымын (кәсібін), жұмыс және тұрғылықты орнын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың қалауы бойынша, оның қоғамдық бірлестікке, ұлтына қатысты мәліметтерді көрсете отырып тіркелгені туралы хабар жариялайды;";

      6) тармақшадағы "Конституциясы мен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңында" деген сөздер "Конституциясында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) тармақшадағы "Республика" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы Республика Конституциялық Кеңесінің шешіміне сәйкес" деген сөздер алып тасталсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарын және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға саяси партияларды қатыстыруға рұқсат беру туралы мәселені қарайды;";

      9-1) тармақша алып тасталсын;

      10), 12), 13), 15) тармақшалардағы "Парламенті Мәжілісінің", "Республикасының Мәжілісі" деген сөздер тиісінше "Құрылтайының", "Республикасы Құрылтайының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16), 17), 18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) Қазақстан Республикасы бойынша тұтас алғанда Президентті және Құрылтай депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған Қазақстан Республикасының Президентін және Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын тіркейді, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;

      17) Қазақстан Республикасы Құрылтайының партиялық тізімдері бойынша дауыс беру қорытындылары бойынша депутаттық мандаттарды бөлу үшін квота белгілейді;

      18) Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған соң әрбір депутатқа Комиссия белгілеген үлгідегі куәлік пен төсбелгіні тапсырады;

      19) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларда қайта дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды және оның өткізілуін ұйымдастырады;";

      20) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-1) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларда жекелеген сайлау учаскелеріндегі немесе әкімшілік-аумақтық бірліктердегі Президенттің, Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізуді жарамсыз деп таниды;";

      21), 22) тармақшалар алып тасталсын;

      23) тармақшада:

      "52-бабы 3-тармағының" деген сөздер "55-бабы 2-тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Парламент Палаталарының", "Республикасы Парламентінде" деген сөздер тиісінше "Құрылтайдың", "Республикасының Құрылтайында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) тармақшадағы "Парламенті", "Парламентінің" деген сөздер тиісінше "Құрылтайы", "Құрылтайының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) тармақша алып тасталсын;

      28) және 28-1) тармақшалардағы "аудан, облыстық маңызы бар қала," деген сөздер алып тасталсын;

      30) тармақшадағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      31) тармақшада:

      "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "аудан, облыстық маңызы бар қала," деген сөздер алып тасталсын;

      34) тармақшадағы "кандидаттар, Мәжіліс" деген сөздер "кандидаттардың, Құрылтай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "38) Қазақстан Республикасының Президентін және Құрылтай депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысаны мен мәтінін, мәслихат депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысанын, оларды дайындау тәртібін, сондай-ақ қорғалу дәрежесін белгілейді;";

      39) тармақшадағы "Парламенті Мәжілісінің" деген сөздер "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      40) тармақшадағы "Республикасы", "Парламенті" деген сөздер тиісінше "Республикасының", "Құрылтайының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      42), 43) және 44) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "42) сайлаушылар тізімдерінің, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің әкімі болуға кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағының, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кері шақырып алуды қолдайтын азаматтардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының, өзге де сайлау құжаттарының нысанын белгілейді;

      43) Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутатының куәлігі мен төсбелгісі туралы ережені, олардың үлгілері мен сипаттамасын бекітеді;

      44) Қазақстан Республикасының Президенті, мәслихат депутаттары үшін куәліктің және төсбелгінің үлгісін, сондай-ақ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелері куәлігінің үлгісін белгілейді;";

      57) тармақшадағы "субъект заңнамалық акт жобасының заңнамалық бастама құқығын ресми енгізуі үшін сайлау практикасын зерделеу және Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмысты" деген сөздер "заң шығаруға бастама жасау құқығы субъектісінің заң жобасын ресми енгізуі үшін Қазақстан Республикасындағы сайлау практикасын зерделеу және сайлау туралы заңнаманы жетілдіру жұмысын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      63) тармақшада:

      "өтінімдер" деген сөз "сұранымдар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Республика" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      67) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "67) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін бес күн ішінде сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;";

      70) тармақшадағы "мүмкіндігі шектеулі азаматтардың" деген сөздер "мүгедектігі бар адамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      73) тармақшадағы "ақпараттық-коммуникациялық" деген сөздер "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      74) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "74) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау комиссияларына басшылық етеді;";

      78), 79), 80), 81), 82), 83), 84), 85), 86), 87), 88), 89) және 90) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "78) жалпыхалықтық референдумның Орталық комиссиясының функцияларын орындайды;

      79) жалпыхалықтық референдум туралы заңнаманы бұзушылықтар туралы арыздар мен шағымдарды қарайды;

      80) азаматтарды жалпыхалықтық референдумға дайындық барысы туралы хабардар етеді;

      81) жалпыхалықтық референдумның бастамашыл тобын тіркеу туралы куәліктің нысанын бекітеді;

      82) жалпыхалықтық референдумның бастамашыл тобын және оның жалпыхалықтық референдумға ұсынатын мәселесін (мәселелерін) тіркейді және ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабар жариялайды;

      83) бір мезгілде қол қою парақтарын бере отырып, жалпыхалықтық референдумның бастамашыл тобын тіркеу туралы куәлікті береді;

      84) "Жалпыхалықтық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларда жалпыхалықтық референдумның бастамашыл тобы мүшелерінің қызметін, бастамашыл топтың қызметiн тоқтату туралы және оны тiркеу туралы куәліктi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды;

      85) "Жалпыхалықтық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларда жекелеген учаскелерде (әкiмшілік-аумақтық бірліктерде) жалпыхалықтық референдум өткiзудi жарамсыз деп таниды;

      86) Қазақстан Республикасы бойынша тұтас алғанда жалпыхалықтық референдумның қорытындыларын шығарады, ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар берiлуiн қамтамасыз етедi;

      87) дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң, сайлаушылар тiзiмдерiнiң, қол қою парақтарының, жалпыхалықтық референдум өткiзу үшiн қажеттi өзге де құжаттардың нысандары мен мәтiндерiн; дауыс беру уақытын, сондай-ақ жалпыхалықтық референдум құжаттарын сақтау тәртiбiн белгiлейдi;

      88) қол қою парақтары мен жалпыхалықтық референдумның бастамашыл тобының қол жинау нәтижелерi жөнiндегi қорытынды хаттамаларын сақтаудың тәртiбi мен мерзiмдерiн белгiлейдi;

      89) жалпыхалықтық референдум комиссияларына басшылық жасайды, олардың шешімдерінің күшін жояды және тоқтата тұрады, сондай-ақ олардың арасында жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыруға және өткізуге арналған қаражатты бөледі;

      90) жалпыхалықтық референдум комиссияларының материалдық-техникалық қамтамасыз етілу жай-күйін бақылайды;";

      91-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "91-3) сайлауды, жалпыхалықтық референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлеп, бекітеді;";

      16-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сайлау мен жалпыхалықтық референдумдарды әзірлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есептерін, сондай-ақ сайлау туралы және жалпыхалықтық референдум туралы заңнаманың сақталуы мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктер органдарының ақпаратын тыңдау;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.";

      16-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының сайлау туралы және жалпыхалықтық референдум туралы заңнамасын сақтауға және Қазақстан Республикасының сайлау туралы және жалпыхалықтық референдум туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға;";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Комиссияның мүшелерін Құрылтайдың келісімімен оның депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды, Қазақстан Республикасының Президенті босатады.";

      22-тармақта:

      2) тармақшадағы "Президентке", "омырауға тағатын белгіні" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Президентіне", "төсбелгіні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Құрылтайдың бірінші сессиясында, оның Төрағасын сайлағанға дейін, отырыстарда төрағалық етеді;";

      23-тармақтағы "Республикалық референдум туралы" деген сөздер "Жалпыхалықтық референдум туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштерінің әскери нышандары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 20 қарашадағы № 3228 Жарлығында:

      3-тармақтың 2) тармақшасындағы "облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың 4) тармақшасындағы "бастығының" деген сөз "Бастығының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің нышанының сипаттамасындағы "туының" деген сөз "Туының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің туының сипаттамасындағы "туының" деген сөз "Туының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің корабльдерi мен кемелерi әскери-теңiз туларының сипаттамасындағы "туының" деген сөз "Туының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi жалауының сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жалауы – көк жасыл түстi тiк бұрышты екi жақты мата. Жалаудың бет жағының ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Елтаңбасының сарғыш-алтын түстi бейнесi орналасқан. Мемлекеттік Елтаңбаның үстiңгi жағында матаның жоғары жиегiн бойлай қазақ тiлiнде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деп жазылған, Мемлекеттік Елтаңбаның астыңғы жағына қазақ тiлiнде "IШКI IСТЕР МИНИСТРЛIГI" деп жазылған. Матаның сырт жағының орта тұсында – нышанның түрлi-түстi бейнесi бар. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi нышанының үстiңгi жағында "МIНДЕТ, АБЫРОЙ, ЕРЛIК" деген ұран жазылған. Барлық жазулар сарғыш-алтын түспен жазылған. Жалаудың шет-шетi сарғыш-алтын түстi оқамен көмкерiлген. Жалаудың жалпы енi мен ұзындығының арақатынасы – 1:1,5.".

      9. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығында:

      кіріспедегі "33-бабы" деген сөздер "38-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Осы Ереженің 15-тармағында көзделген институт қызметінің түрлеріне жетекшілік етуді Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Институт директорын (бұдан әрі – директор) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.".

      10. "Ұлттық валюта – теңге күнi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы № 3753 Жарлығында:

      тақырыпта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      кіріспеде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      11. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанында Шетелдiк инвесторлар кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 21) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi туралы ережеде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Көлік министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі және Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Комиссия Қазақстан тарапынан алты өкілден және шетел тарапынан алты өкілден тұрады.

      Қазақстан тарапынан лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (Комиссия төрағасы), Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, Әділет, Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік министрліктері бірінші басшыларының орынбасарлары, Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы (Комиссия хатшысы) Комиссияның мүшелері болып табылады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Кеңеске Кеңестің жалпы отырыстарының хаттамалық тапсырмаларын орындау, инвестициялық саясатты жетілдіру, Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту, жергілікті қамтуды дамыту, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы және Қазақстан Республикасына инвестицияларды жүзеге асыратын компаниялардың операциялық қызметі мәселелерінде шетелдік инвесторларға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасы экономикасының цифрлық саласын дамыту бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында Комиссияның шешімдерімен Кеңестің бірлескен тұрақты жұмыс топтары құрылуы мүмкін.";

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеге қосымшада:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Халықаралық ұйымның/шетелдік компанияның Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық қызметінің мерзімін көрсете отырып, Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысуы туралы ақпарат.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қазақстан Республикасының аумағындағы жиынтық айналым, өндіріс көлемі.".

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығында:

      кіріспедегі "44-бабының 3) тармақшасына" деген сөздер "46-бабының 4) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:

      "

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы

34

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті

34

  ";

      "

Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі, оның ішінде: облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелер (Сот әкімшілігінің департаменттері)

6243

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі, оның ішінде: астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелер (Сот әкімшілігінің департаменттері)

6243

  ".

      14. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ережеде:

      12-тармақтағы "заңнамалық актілерімен" деген сөздер "заңдарымен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      14-тармақта:

      13) тармақшадағы "азаматтарды" деген сөз "Қазақстан Республикасының азаматтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      53) тармақшадағы "шетелдіктер" деген сөз "шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы туралы ережеде:

      1-тармақтағы "Республикасы Парламенті" деген сөздер "Республикасының Құрылтайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Құрылтайдың қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті);";

      12-тармақтағы "заңнамалық актілерімен" деген сөздер "заңдармен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Іс басқармасының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері";

      13-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Президентінің және оның отбасы мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Премьер-Министрінің, Құрылтайы Төрағасының, Президенті Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрі орынбасарларының, Үкімет мүшелерінің, Құрылтай депутаттарының, Үкімет Аппараты Басшысының, Құрылтай Аппараты басшысының, Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппараты, Құрылтай Аппараты қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентімен келісу бойынша өзге де мемлекеттік органдардың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;";

      2) тармақшадағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайдың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасы мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Премьер-Министрінің, Құрылтайы Төрағасының, Құрылтайы депутаттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентімен келісу бойынша өзге де тұлғалардың қызметін әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету;";

      4) тармақшадағы "астана, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстар" деген сөздер "астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының Президенті, Вице-Президент, Премьер-Министр, Құрылтай Төрағасы өткізетін кеңестерді, конференцияларды және басқа да арнаулы іс-шараларды қаржыландыру, материалдық-техникалық, медициналық қамтамасыз етуді және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру, оларды ақпараттық қолдау;";

      15-тармақта:

      2) тармақшадағы "Парламент Палаталары аппараттары", "Парламент Палаталарының аппараттары" деген сөздер "Құрылтай Аппараты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының Президентін және оның отбасы мүшелерін, Вице-Президентті, Премьер-Министрді, Құрылтай Төрағасын, Президент Әкімшілігінің Басшысын, Премьер-Министрдің орынбасарларын, Іс басқарушыны, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін және ресми делегацияларды республика ішінде және одан тысқары жерлерде әуе арқылы тасымалдауды, Қазақстан Республикасының Президентін және оның отбасы мүшелерін, Қазақстан Республикасының Вице-Президентін, Премьер-Министрін теміржол арқылы тасымалдауды, Қазақстан Республикасының Президентін және оның отбасы мүшелерін, Қазақстан Республикасының Вице-Президентін, Премьер-Министрін, Құрылтайы Төрағасын, сондай-ақ өзге де қызмет көрсетілетін тұлғалар мен органдарды автомобильмен тасымалдауды қоса алғанда, қызмет көрсетілетін тұлғалар мен органдарды көлікпен қамтамасыз ету, автокөлік пен өзге де техниканы сатып алуды және жөндеуді ұйымдастыру;";

      6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1) Қазақстан Республикасының экс-Президенттерін әлеуметтік-тұрмыстық, көлікпен (жер үстінде және әуе арқылы) қамтамасыз етуді, сондай-ақ медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асыру;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) өзінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жұмыс істеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету, туристік имиджді, оның ішінде Щучье-Бурабай курорттық аймағында қалыптастыру және дамыту;";

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) республика ішінде және одан тысқары жерлерде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Премьер-Министрінің, Құрылтайы Төрағасының және делегациялардың қатысуымен өтетін ресми іс-шараларға қызмет көрсетуді, оның ішінде медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, өкілдік шығындар жөніндегі нормаларды әзірлеп, бекіту;";

      17-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-1) Қазақстан Республикасы Президентінің музей жинақталымы мен жеке кітапханасының, Қазақстан Республикасы экс-Президенттерінің музей жинақталымдарының, жеке кітапханалары мен архивтерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат саласындағы ақпараттық-талдау қызметіне қатысу;";

      26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33) және 34) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) Қазақстан Республикасының Құрылтайы, Қазақстан Республикасының Құрылтайы жанындағы Қоғамдық палата мен саяси партиялардың фракциялары өткізетін кеңестерді, конференцияларды және басқа да ресми іс-шараларды қаржыландыруды, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

      27) Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары үшін тиісті тұрмыстық және жұмыс жағдайларын жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      28) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын және оның Аппаратының қызметкерлерін көлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, автокөлік пен өзге де техниканы сатып алу және жөндеу;

      29) Құрылтайдың қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының объектілерін салудың, реконструкциялаудың, күрделі жөндеудің ағымдағы және перспективалық бағдарламаларын және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, бекітуді, сондай-ақ оларды салуды, реконструкциялауды және күрделі жөндеуді, оның ішінде тұрғын үйді, әлеуметтік-тұрмыстық және өндірістік мақсаттағы объектілерді жобалау мен салуды ұйымдастыру;

      30) Қазақстан Республикасының Құрылтайында цифрландыру процестерін мониторингтеуді, кешенді талдауды, әзірлеуді және сүйемелдеуді ұйымдастыру;

      31) Құрылтайдың қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің балансындағы объектілерді пайдалануды, сондай-ақ оларға бекітіліп берілген үй-жайларды, жабдықтар мен өзге де мүлікті, сондай-ақ іргелес аумақты тиісті жағдайда ұстауды ұйымдастыру;

      32) Құрылтайдың қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмысына басшылықты, оның ішінде оларға бекітіліп берілген мүлікті пайдалану тиімділігін арттыру бойынша үйлестіруді және бақылауды ұйымдастыру;

      33) өкілдік шығындар бойынша нормаларды, республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми іс-шараларын өткізу жөніндегі шығыстар сметасын әзірлеп, бекітуді, осы шығыстарды қаржыландыруды ұйымдастыру;

      34) Қазақстан Республикасы Құрылтайының басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастығын жүзеге асыруға қаржылай жәрдем көрсетуді ұйымдастыру;";

      36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "36) медициналық көмектің қажетті түрлері мен көлемін қолдана отырып және тамақтану, профилактика, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту мәселелерін үйлестіре отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне және оның отбасы мүшелеріне, Қазақстан Республикасының Вице-Президентіне, экс-Президенттеріне уақтылы және сапалы медициналық көмекті ұйымдастыру;";

      Іс басқармасы мен оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдар тізбесінде:

      он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті" мемлекеттік мекемесі:

      "Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің Әкімшілік ғимараттар дирекциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      "Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің Инженерлік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      "Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің Автошаруашылығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің "Парламентаризм институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.".

      16. "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 427 Жарлығында:

      1-1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық мемлекеттік органдардың басшылары, астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері ведомстволардың санын, мемлекеттік органдардың штат санының лимиттерін, олардың басшы лауазымды адамдарының санын ұлғайтуды Мемлекет басшысымен не ол уәкілеттік берген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келіссін.";

      "Заңына" деген сөз "Конституциялық заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының" деген сөздер "Республикасының Құрылтайы Аппаратының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      17. "Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Республикалық комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Республикалық комиссияны Президент Әкімшілігінің Басшысы басқарады. Республикалық комиссия төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, хатшысы – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі.";

      5-тармақта "республиканың" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға";

      "Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Құрылтайының бейіндік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)".

      18. "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығында:

      кіріспедегі "19-бабының 8) тармақшасына" деген сөздер "22-бабының 6) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5 және 5-1-тармақтарда орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      19. "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусым № 643 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы ережеде:

      6-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тағылымдамадан өтуге арналған орындар астанада, облыста және республикалық маңызы бар қалаларда судьялардың болжанатын бос орындарының саны негізінде, бірақ астана, әрбір облыс және республикалық маңызы бар қалалар үшін кемінде үш орыннан бөлінеді.";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тағылымдамадан өту судья лауазымына кандидаттың тұрғылықты жері бойынша тіркелген астана, облыс және республикалық маңызы бар қалалар аумағындағы жергілікті соттарда жүзеге асырылады. Тұрғылықты жері бойынша тағылымдамадан өту үшін бос орындар болмаған жағдайда кандидат астанада, басқа облыста және республикалық маңызы бар қалаларда бос орындар болған жағдайда тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішпен Тағылымдамадан өтуге адамдарды іріктеу жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) жүгінуге құқылы.".

      20. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығында:

      кіріспеде "44-бабының 20) тармақшасына" деген сөздер "46-бабының 21) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      4-тармақта "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының Президентіне қаралатын мәселелер бойынша тапсырмалар беру, Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті актілерін шығару туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың тиісті деңгейін қамтамасыз етпеген, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін, мемлекеттік органдардың басшыларын атқаратын лауазымынан босатуға дейін тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.";

      12-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Комиссияның жұмысы туралы Қазақстан Республикасының Президентіне тұрақты есеп береді;";

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға";

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Құрылтайының бейіндік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)".

      21. "Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығында:

      тақырыптағы және 1-тармақтағы "Республикасы Парламентінің Мәжілісіне" деген сөздер "Республикасының Құрылтайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидаларында:

      тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "Республикасы Парламентінің Мәжілісіне", "Парламентке", "Парламенттегі", "Парламент Мәжілісіне" деген сөздер тиісінше "Республикасының Құрылтайына", "Құрылтайға", "Құрылтайдағы", "Құрылтайға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Президент Әкімшілігіне ұсынылғаннан кейін заң жобаларын Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі және өзге де мүдделі құрылымдық бөлімшелері, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті көмекшілері мен кеңесшілері қарайды.

      Президент Әкімшілігінде заң жобаларына сараптама жүргізу және олар бойынша қорытынды дайындау мерзімі олар Президент Әкімшілігіне келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Бұл ретте конституциялық заңдардың, кодекстердің және қолданыстағы конституциялық заңдарға, кодекстерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін заңдардың жобалары бойынша мұндай мерзім 15 жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Президент Әкімшілігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 60-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген заң жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары бойынша сараптама жүргізу және олар бойынша қорытынды дайындау мерзімі, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, олар Президент Әкімшілігіне келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспауға тиіс.";

      4-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Заң жобаларына сараптама жасалып, Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің және өзге де мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, Президент Әкімшілігінің Басшысы орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері мен кеңесшілерінің тиісті қорытындылары дайындалғаннан кейін материалдар Президент Әкімшілігі басшылығының қолы қойылып, айтылған ескертулер мен ұсыныстар ескеріле отырып, одан әрі пысықтау үшін Үкімет Аппаратына жіберіледі. Аталған қорытындылар олардың көшірмелерін жіберу арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрылтайдағы Өкілдігінің назарына жеткізіледі.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заң жобасына Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі және өзге де мүдделі құрылымдық бөлімшелері, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі немесе кеңесшісі теріс қорытынды берген жағдайда материалдар осы қорытындымен бірге ол бойынша әрі қарай түпкілікті шешім қабылдау үшін Президент Әкімшілігінің Басшысына жіберіледі.";

      6-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Құрылтайда қаралуы Мемлекет басшысының атынан басым деп айқындау жоспарланған заң жобалары;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасы Конституциясының 60-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген заң жобалары, сондай-ақ Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары.".

      22. "Дипломаттық дәрежелердi беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 тамыз № 941 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Дипломаттық дәрежелердi беру қағидаларында:

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жоғары дипломаттық дәрежелерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.";

      5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарындағы және ғылыми мекемелерiндегi оқытушылық, ғылыми қызмет;".

      23. "Адам құқықтары жөнiндегі ұлттық орталық құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсан № 992 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық туралы ережеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ұлттық орталықтың астанада, облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда өкілдіктері болады.";

      12-тармақтағы "заңнамалық актілерде" деген сөздер "заңдармен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      14-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілдің азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қызметін үйлестіру, олардың қажетті әлеуеті мен кәсіби білімін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жөніндегі жұмысын қамтамасыз ету;";

      15-тармақта

      1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Құрылтайына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну үшін Уәкілдің адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын көтермелеу және қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заң жобаларын әзірлеу, заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын дайындау;

      2) Уәкілдің өз қызметі туралы жыл сайынғы баяндамасының, Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы жағдай және қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамасының жобаларын, сондай-ақ арнаулы баяндамаларды дайындау және оларды тарату;

      3) Уәкіл мен оның өкілдерінің Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырыстарына, Қазақстан Республикасы Құрылтайының және оның жұмыс органдарының отырыстарына және Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары қатысатын өзге де іс-шараларға, астана, облыстар немесе республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары сессияларының жалпы отырыстарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, мемлекеттік органдарда құрылатын алқалы мемлекеттік және өзге де органдардың отырыстарына қатысуын ұйымдастыру;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      6) "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көрсетілген міндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына енгізу үшін Уәкілдің ұсыныстарын дайындау;";

      19-тармақтағы "облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы" деген сөздер "астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Ұлттық орталықты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ұлттық орталыққа қарайтын астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы өкілдіктердің тізбесі:

      1) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Астана қаласы бойынша өкілдігі;

      2) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Абай облысы бойынша өкілдігі;

      3) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Ақмола облысы бойынша өкілдігі;

      4) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі;

      5) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Алматы облысы бойынша өкілдігі;

      6) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдігі;

      7) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі;

      8) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Жамбыл облысы бойынша өкілдігі;

      9) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Жетісу облысы бойынша өкілдігі;

      10) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі;

      11) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Қарағанды облысы бойынша өкілдігі;

      12) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Қостанай облысы бойынша өкілдігі;

      13) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Қызылорда облысы бойынша өкілдігі;

      14) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі;

      15) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Павлодар облысы бойынша өкілдігі;

      16) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі;

      17) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Түркістан облысы бойынша өкілдігі;

      18) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Ұлытау облысы бойынша өкілдігі;

      18) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі;

      19) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Алматы қаласы бойынша өкілдігі;

      20) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шымкент қаласы бойынша өкілдігі.".

      24. "Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1167 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының құрылымында:

      "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті" мемлекеттік мекемесі".

      25. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Конституциясы 46-бабының 21) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Aдам құқықтары жөніндегi комиссия туралы ережеде:

      13-тармақтағы "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Асанов Жақып Қажманұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Орынбасары (келісім бойынша), төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Асанов Жақып Қажманұлы – мемлекет және қоғам қайраткері, заңгер (келісім бойынша), төраға";

      "Асанова Жанна Бейсентайқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Асанова Жанна Бейсентайқызы – "Қазақстанның Азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті (келісім бойынша)";

      "Байтілесов Нұрсұлтан Төленұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Байтілесов Нұрсұлтан Төленұлы – қоғам қайраткері, заңгер (келісім бойынша)";

      "Еспаева Дания Мәдиқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еспаева Дания Мәдиқызы – "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясының төрағасы (келісім бойынша)";

      "Шапақ Үнзила – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шапақ Үнзила – М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің профессоры (келісім бойынша)".

      26. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi туралы ережеде:

      12-тармақтағы "заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңдарымен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      15-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) мемлекеттік органдарға (Қазақстан Республикасының Президентіне және оның Әкімшілігіне, Вице-Президентке, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесіне, Қазақстан Республикасының Құрылтайына және оның депутаттарына, Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесіне, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына келіп түсетін жолданымдарды қоспағанда) келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, хабарларын, сұрау салуларын, үн қосуларын және ұсыныстарын талдау;".

      27. "Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 1074 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциясы 47-бабының 1-тармағына және 60-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 26-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу ережелерiнде:

      мәтін бойынша "Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң", "Парламенттiң" деген сөздер тиісінше "Республикасы Құрылтайының", "Құрылтайдың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      28. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ережеде:

      бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілерінде", "заңнамалық актілері", "заңнамалық актілеріне" деген сөздер "заңдарында", "заңдары", "заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімімен" деген сөздер алып тасталсын;

      17-тармақтың 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде өз құзыреті шегінде Қазақстан Ұлттық Банкінің атынан өкілдік етеді.".

      29. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 1287 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгi туралы ережеде:

      5-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "орналасқан мемлекетiмен не халықаралық ұйыммен өзара қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының Егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекарасының мызғымастығын қорғауды, оның саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн дипломатиялық жолдармен және әдiстермен қамтамасыз ету;";

      6-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi және Қазақстан Республикасының басқа да ресми тұлғалары қатысатын iс-шараларды протоколдық-ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз етудi жүзеге асырады;";

      12-тармақтың бірінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      27-тармақтағы "туы", "елтаңбасы" деген сөздер тиісінше "Туы", "Елтаңбасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      30. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциясы 46-бабының 21) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы ережеде:

      3-тармақтың 10) тармақшасындағы "заңнамалық" деген сөз "заңдардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Комиссия мүшелерi шақыру бойынша Қазақстан Республикасы Құрылтайының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, мемлекеттiк органдардың жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерi бойынша отырыстарына қатыса алады.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:

      "Балаева Аида Ғалымқызы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Балаева Аида Ғалымқызы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, төраға";

      "Ысқақова Жұлдызай Амангелдіқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, саясаттанушы, PhD, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ысқақова Жұлдызай Амангелдіқызы – "Қазақстандық қоғамдық даму институты" КеАҚ басқарма төрағасы, саясаттанушы, PhD, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)";

      "Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы – Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының "Парламентаризм институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің "Парламентаризм институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)";

      "Омарова Айман Мұратқызы – адвокат, құқық қорғаушы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Омарова Айман Мұратқызы – адвокат, құқық қорғаушы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)";

      "Имашева Снежанна Валерьевна – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Имашева Снежанна Валерьевна – Қазақстан Республикасындағы Отбасы істері жөніндегі уәкіл, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)";

      "Қалтаева Ләззат Молдабекқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қалтаева Ләззат Молдабекқызы – қоғам қайраткері, "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша";

      "Қанай Гүлмира Әмірханқызы – "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қанай Гүлмира Әмірханқызы – Назарбаев Университетінің вице-президенті (келісім бойынша)";

      "Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі (келісім бойынша)";

      "Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы – Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы – қоғам қайраткері (келісім бойынша)".

      31. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында:

      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әскери қызметке (әскери жиындарға) шақырылғандар үшін – жергілікті әскери басқару органынан (астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қаланың) әскери қызмет өткеру (жиындардан өту) орнына кету туралы тиісті бастықтың бұйрығы шыққан күн;";

      20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде тұратын, келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіруге ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасына тұрақты тұрғылықты жеріне келгеннен кейін ғана өтініш береді.";

      25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Медициналық куәландыруды астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органының тұрақты жұмыс істейтін медициналық комиссиясы жүргізеді.";

      73-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Аппаратына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына – Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі негізінде;";

      94-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Запастағы сержант" ("запастағы бірінші сатылы старшина") әскери атағын әскери кафедра (әскери факультет) бастығының ұсынуы бойынша жергілікті (астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың) әскери басқару органының басшысы береді.";

      152-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "152. Аттестаттау жүргізілген адам аттестаттау тәртібінің бұзылуына және объективті болмауына шағымды аттестаттау нәтижелерімен танысқан күннен бастап үш айдан кешіктірмей, тікелей бастық арқылы (команда бойынша) жоғары тұрған лауазымды адамдарға бере алады. Бұл ретте әрбір адамның соттың қорғауына құқығы бар.".

      32. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциясы 46-бабының 16) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы осы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 16) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 22-бабының 5) тармақшасына және 38-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қызметінің және кешірім жасау туралы өтінішхаттарды қараудың тәртібін айқындайды.";

      8-тармақтағы "Ішкі істер министрлігінің", "Парламентінің депутаттары" деген сөздер "Ішкі істер министрінің орынбасары – Ішкі істер министрлігі", "Құрылтайының депутаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Бәшімов Марат Советұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, төраға (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәшімов Марат Советұлы – қоғам қайраткері, заңгер, төраға (келісім бойынша)";

      "Асанова Жанна Бейсентайқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Асанова Жанна Бейсентайқызы – "Қазақстанның Азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті (келісім бойынша)";

      "Ішкі істер министрлігі" деген сөздер "Ішкі істер министрінің орынбасары – Ішкі істер министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      33. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсын өткізу және дипломант атағын беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсын (бұдан әрі – конкурс) ұйымдастырушы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады, астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың кәсіпкерлер палаталары "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-конкурстарын ұйымдастырушылар (бұдан әрі – өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар) болып табылады. Конкурсты ұйымдастыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен және оның шегiнде жүзеге асырылады. "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-конкурстарын ұйымдастыру астана, облыстар және республикалық маңызы бар қала әкімдіктерінің жергілікті бюджеттері қаражаты есебінен және оның шегінде жүзеге асырылады.".

      34. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциясы 46-бабының 15) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 22-бабының 3), 4) тармақшаларына және 38-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қызметінің тәртібін айқындайды.";

      8-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі", "Парламентінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы", "Құрылтайының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдары ресімделген материалдарды астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттеріне жібереді, олар материалдарды тиісті ұлттық қауіпсіздік органдарымен келіседі.

      Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттері материалдарды ұлттық қауіпсіздік органдарының пікірімен қоса Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жібереді, ол өз қорытындысын жасайды және оны материалдармен бірге Комиссияның жұмыс органына ұсынады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдарға қатысты азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдерді орындау – халықты құжаттандыру және тіркеу жөніндегі уәкілетті органға, ал Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұратын адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жүктеледі.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы – төраға";

      "Лукин Андрей Иванович – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша);" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Құрылтайының бейіндік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)".

      "Имашева Снежанна Валерьевна – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын.

      35. "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 21) тармақшасына сәйкес ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:

      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) орталық атқарушы органдардан және облыстардың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады.".

      36. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысында:

      бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілерде", "заңнамалық актілері", "заңнамалық актілердің", "заңнамалық актілер", "заңнамалық актілерінің", "заңнамалық актілерге", "заңнамалық актілерді" деген сөздер тиісінше "заңдарда", "заңдары", "заңдардың", "заңдарға, "заңдар", "заңдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақтың бірінші бөлігінің 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) медициналық, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.";

      12-тармақтың бірінші бөлігінің 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) жауынгерлік жолдастықты бағалай білуге, әскери қызметшілерді қауіптен құтқаруға, оларға сөзбен және іспен көмектесуге, әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, өзіне және басқаларға қатысты дөрекілік пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз қылықтар жасаудан сақтандыруға;

      9) әскери әдептілік, мінез-құлық және әскери сәлемдесу қағидаларын, әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде оны киіп жүру қағидаларын сақтай отырып, әскери киім нысанын киіп жүруге, әрдайым және барлық жерде өзін абыроймен және лайықты ұстауға;";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Әскери қызметші Қазақстан Республикасының қорғаушысы деген жоғары атаққа абыроймен қарап, лайық болуға, Қарулы Күштердің және өз әскери бөлімінің жауынгерлік даңқын, өзінің әскери атағын құрметтеуге тиіс.";

      14-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарулы Күштердегі жұмыс және іс жүргізу тілі қазақ тілі болып табылады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылады.";

      20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер әскери қызметші өз әскерлерінен қол үзіп қалса және қарсылық көрсетудің барлық құралдары мен тәсілдерін қолданып тауысса немесе жарақаттану немесе контузия алу салдарынан дәрменсіз жағдайда болғанда қарсыластың тұтқынына түскен болса, ол өзін және басқа да әскери тұтқындарды тұтқыннан босату және өз әскерлеріне қайтып оралу үшін кез келген мүмкіндікті қарауға және пайдалануға тиіс. Қарсылас тұтқынға алған әскери қызметші жауап алу кезінде тек өз тегін, атын, әкесінің атын, әскери атағын, туған күнін және жеке нөмірін айтады. Ол жауынгер қадiр-қасиеті мен абыройына лайық болуға, мемлекеттік құпияларды қастерлеп сақтауға, табандылық пен батылдық танытуға, тұтқындағы басқа әскери қызметшілерге көмек көрсетуге, оларды жауға жәрдемдесуден сақтандыруға, қарсыластың әскери тұтқынды Қазақстан Республикасына залал келтіру үшін пайдалану әрекеттерін тойтаруға міндетті.";

      38-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бағыныстыларға кішіпейілділік пен ілтипаттылық танытуға, өзара қарым-қатынастарда әдепсіздік пен дөрекілікке жол бермеуге, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтей отырып, жоғары талап қоюды және принциптілікті үйлестіруге;";

      62-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) бригаданың жеке құрамын Қазақстан халқына және Президентіне адал болу, этносаралық және конфессияаралық келісім, қазақстандық отаншылдық, заңдарды сақтау, әскери борыш пен әскери антқа адал болу, жалпыәскери жарғылар мен командирлер (бастықтар) бұйрықтарының талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүргізуге;";

      108-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) батальонның (корабльдің) жеке құрамын Қазақстан Республикасының халқына және Президентіне адалдық, этносаралық және конфессияаралық келісім, қазақстандық отаншылдық, заңдарды сақтау, әскери борышқа және әскери антқа адал болу, жалпыәскери жарғылар мен командирлер (бастықтар) бұйрықтарының талаптарын мүлтіксіз орындау, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, жеке құрамды құрылымды бұзатын идеологияның ықпал етуінен қорғау рухында тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүргізуге;";

      144-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) батыл және тәртіпті болуға; өзін абыроймен және лайықты ұстауға, қоғамдық тәртіптің бұзылуына, лайықсыз теріс қылықтарға жол бермеуге және жолдастарын олардан сақтандыруға;";

      151-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бастық бағынысты адамға бұйрық береді және олардың орындалуына бақылауға міндетті. Командир (бастық) бағынысындағы адам үшін әдептілік пен ұстамдылықтың үлгісі болуға тиіс. Бағыныстының ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын іс-қимылы үшін бастық жауапты болады.";

      159-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "159. Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылық пен ұстамдылықтың үлгісі ретінде қызмет етуге, өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға және басқалардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге тиіс.";

      167-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Отанның бостандығы мен Тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда, әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштері мен қабірлеріне тағзым етуге;";

      168-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Отанның бостандығы мен Тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда, әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштері мен қабірлеріне тағзым етеді;";

      251-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "251. Әскери қызметші табиғатқа ұқыпты қарауға және өзінің күнделікті қызметі барысында оның байлығын қорғауға міндетті. Бұл үшін ол әскери бөлімде (бөлімшеде) болатын негізгі ластау көздерін білуге және су ресурстарының, ауаның, жердің ластануын болдырмау, жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтау жөніндегі қағидалармен және нұсқаулықтармен көзделген іс-шараларды қатаң орындауға тиіс.";

      266-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Лауазымды адам "Тік тұр" командасын беріп, тексеруге кіріседі. Ол тексеру басталар алдында олардың жасаған ерліктері үшін немесе құрметті сарбаз ретінде ротаның (бөлімшенің) тізіміне мәңгі енгізілген әскери қызметшілердің әскери атағын, тегін атайды. Көрсетілген әскери қызметшілердің тегін атаған кезде бірінші взводтың оң қапталындағы әскери: "Мынадай (әскери атағы мен тегі) әскери міндетін орындау кезінде Отанның бостандығы мен Тәуелсіздігі үшін ұрыста ерлікпен қаза тапты" немесе "Ротаның құрметті сарбазы (әскери атағы мен тегі) запаста (отставкада)" деп баяндайды.";

      386-тармақта "телеграфты" деген сөз алып тасталсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысында:

      "Отанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін ұрыстарда, әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне және қабіріне гүл себетін (гүл шоғын, гүлдесте) қою кезінде әскери құрмет көрсету" деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Отанның азаттығы мен Тәуелсіздігі үшін ұрыстарда, әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне және қабіріне гүл себетін (гүл шоғын, гүлдесте) қою кезінде әскери құрмет көрсету";

      бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілерге", "заңнамалық актілерді" деген сөздер "заңдарға", "заңдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Әскери бөлімдердің делегациялары Отанның азаттығы мен Тәуелсіздігі үшін ұрыстарда, әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне және қабіріне гүл себетін (гүл шоғын, гүлдесте) қояды.";

      317-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) оның құқықтарының, ар-намысы мен қадір-қасиетінің заңмен ерекше қорғалуын;";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысында:

      4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) өзін абыроймен және лайықты ұстауға, өзі лайықсыз қылық жасамауға және басқалардың оны жасауына жол бермеуге, азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға жәрдемдесуге;";

      5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) командирлердің (бастықтардың) жеке үлгі-өнеге көрсетуімен және бағыныстыларға әскери қызмет міндеттерін олардың тиісінше орындауы үшін күнделікті талап қоюымен, олардың орындаушылығын ұдайы бақылаумен, әскери қызметшілердің құқықтарын және ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеумен, оларға үнемі қамқорлық жасаумен, көтермелеу, сендіру, мәжбүрлеу және ұжымның қоғамдық ықпал ету шараларын шебер үйлестірумен және дұрыс қолданумен;";

      14-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) бағыныстыларды заңнаманың, әскери анттың, жалпыәскери жарғылардың, командирлер (бастықтар) бұйрықтарының талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеуге және оларда ар-намыс мен қадір-қасиет сезімін, әскери борышын үлгілі орындауға талпынысты дамытуға және қолдауға;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) бағыныстыларды, олардың жеке басын және ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, бағыныстыларға дөрекілік көрсетуге және оларды кемсітуге жол бермеуге, олар үшін заңнаманы, жалпыәскери жарғылар мен бұйрықтарды қатаң сақтаудың тұрақты үлгісі болуға;";

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысына 1-қосымшада:

      5) тармақшаның екінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "әскери қызметшінің әскери киім нысанында қоғамдық орынға адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін және қоғамдық адамгершілік болмысты қорлайтын, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектес затты медициналық емес мақсатта тұтыну салдарынан алкогольдік немесе өзге де масаң күйде келуі;".

      37. "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықтың мәтініндегі "ережелері" деген сөз "қағидасы" деген сөзбен ауыстырылып, Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің ережелерінде:

      тақырыбындағы "ережелері" деген сөз "қағидасы" деген сөзбен, "жалпы ережелер" деген сөздерді қоспағанда, бүкіл мәтіні бойынша "ережелері", "ережелер", "ережелердің", "ережелерге", "ереже", "ережелеріне" деген сөздер тиісінше "қағидасы", "қағида", "қағиданың", "қағидаға", "қағида", "қағидасына" деген сөздермен ауыстырылып, 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Үміткерлер материалдарды осы қағидаға сәйкес ресімдейді және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.";

      8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жыл сайын 1 қазанға дейін – жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі астана комиссиясының, облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалар комиссияларының алдын ала жасаған қорытындыларын, конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін бір данада Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберуі;";

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) үміткерлердің өтінімдерін бағалау үшін құрамына астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың ұлттық кәсіпкерлер палатасының, кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері кіретін сараптамалық жұмыс тобын құрады;";

      11-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-3. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі астананың комиссиясы, облыстық комиссиялар және республикалық маңызы бар қалалардың комиссиялары сараптамалық жұмыс топтарының қорытындылары негізінде алдын ала қорытынды жасайды және конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын айқындайды.

      Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі астана комиссиясының, облыстық комиссиялардың және республикалық маңызы бар қалалар комиссияларының алдын ала қорытындыларын, үміткерлердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жібереді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі астана комиссиясының, облыстық комиссиялардың және республикалық маңызы бар қалалардың комиссияларының алдын ала қорытындыларын қарағаннан кейін түпкілікті қорытынды жасап, оны үміткерлердің материалдарымен бірге Комиссияның қарауына ұсынады.";

      16-1 және 16-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-1. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары конкурстың өңірлік кезеңін өткізу процесін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді және конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға ұсынылатын үміткерлердің тізімін жариялауды қамтамасыз етеді.

      16-2. Ұйымдастырушылар мен астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары конкурс жеңімпаздарының үлгісі бойынша әлеуметтік жауапкершіліктің үздік тәжірибесін таратуды ұйымдастырады.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі астана комиссиясының, облыстық комиссиялардың және республикалық маңызы бар қалалардың комиссияларының алдын ала қорытындыларын қарау, түпкілікті қорытынды жасау, оны және үміткерлердің материалдарын Комиссияның қарауына ұсыну;";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Құрылтайының бейіндік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)".

      38. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциясы 46-бабының 20), 22) тармақшаларына, 47-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мәртебесін, миссиясын, негізгі міндеттері мен функцияларын, өкілеттігін, жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі – Әкімшілік) Қазақстан Республикасының Президенті құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Әкімшілік және оның қызметкерлері өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, осы Ережені, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әкімшіліктің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Әкімшіліктің миссиясы мен негізгі міндеттері";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Әкімшіліктің миссиясы Қазақстан Республикасының Президентінің қызметін ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық және өзгедей қамтамасыз ету болып табылады.";

      9-тармақта:

      1) тармақшада:

      "Парламенттің" және "Парламент" деген сөздер тиісінше "Құрылтайдың" және "Құрылтай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты";

      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, астананың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне қатысты және өңірлік саясат саласында;";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің (бұдан әрі – Вице-Президент) және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Әкімшіліктің негізгі функциялары";

      10-тармақтағы "Президенттің" және "Президентке" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы Президентінің" және "Қазақстан Республикасының Президентіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11-тармақта:

      "Президенттің" және "Президентке" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы Президентінің" және "Қазақстан Республикасының Президентіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақтағы "Президенттің" және "Президентке" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы Президентінің" және "Қазақстан Республикасының Президентіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақта:

      "Президенттің" және "Президентке", "Парламенттің" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы Президентінің" және "Қазақстан Республикасының Президентіне", "Құрылтайдың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14-тармақтағы "Президенттің", "Президентке" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы Президентiнің", "Қазақстан Республикасының Президентiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қазақстан Республикасы Президентінің Құрылтайға қатысты өкілеттіктерін іске асыруын қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығарушылық бастамашылығы құқығын іске асыру мақсатында заң жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады, оларға құқықтық және өзге де сараптама жасайды, олардың Құрылтайға енгізілуін қамтамасыз етеді және олар бойынша Құрылтайда өкілдік етеді;

      2) Қазақстан Республикасының Президентіне:

      Құрылтайда заң жобаларын қараудың басымдығын айқындау жөнінде;

      Құрылтайдың отырыстарына қатысуы бойынша;

      Қазақстан Республикасы Президентінің Құрылтай, партиялық фракциялар басшылығымен және депутаттық топтармен, Құрылтайдың жекелеген депутаттарымен кездесуін өткізу бойынша ұсыныстар енгізеді;

      3) Қазақстан Республикасы Президентіне қол қоюға енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарына құқықтық және өзге де сараптаманы жүзеге асырады;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша қайталап талқылау, дауыс беру үшін заңдарды немесе олардың жекелеген баптарын Құрылтайға қайтаруды қамтамасыз етеді;

      5) Құрылтайда Қазақстан Республикасы Президентінің мүддесін, соның ішінде қол қоюға ұсынылған заңдарға қарсылықтар бойынша Құрылтайда Қазақстан Республикасы Президентінің ұстанымын білдіреді;

      6) Құрылтайдағы заңнамалық үдерістің жай-күйі және олар қарайтын мәселелер туралы Қазақстан Республикасының Президентін тұрақты хабардар етіп отырады, Қазақстан Республикасы Президентінің заң жобалары бойынша ұстанымын түсіндіреді.

      16. Үкіметке қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:

      1) белгіленген тәртіппен министрліктер қызметінің тиімділігіне бағалау өткізуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      2) Қазақстан Республикасының Президентіне:

      Үкіметтің құрылымдық жүйесін жетілдіру туралы;

      Үкіметке тапсырмалар беру туралы;

      Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында белгіленгеннен басқа, соған сәйкес Үкіметке атқарушылық функциялар жүктелетін актілер шығару туралы;

      Айрықша маңызды мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің Үкімет отырыстарына төрағалық ету қажеттігі туралы ұсыныстар енгізеді;

      3) Қазақстан Республикасының Президентінің төрағалығымен өткен Үкіметтің отырыстарында тұжырымдалған Үкімет шешімдерінің жобаларын келіседі;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, Үкімет пен мемлекеттік органдар актілерінің жобасын келісуді қамтамасыз етеді;

      5) Үкіметте әзірленген заң жобаларын Құрылтайға енгізілгенге дейін белгіленген тәртіппен құқықтық және өзге де сараптамадан өткізіп, келіседі;

      17. Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Сотқа қатысты өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 11) тармақшасында және 73-бабында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Президентінің өтініштерін дайындау жөніндегі функцияны жүзеге асырады.

      18. Соттар мен судьяларға қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:

      1) мынадай:

      Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша Жоғарғы Соттың Төрағасы лауазымына тағайындау кезінде;

      Жоғары Соттың Төрағасын лауазымынан босату кезінде;

      Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы тағайындау және лауазымынан босату кезінде;

      Жоғары Сот судьяларын сайлау және лауазымынан босату үшін Құрылтайға Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымына негізделген ұсыну бойынша;

      Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен судьяларын, тиісті сот алқаларының төрағаларын тағайындау және лауазымынан босату кезінде;

      Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген судьяны қамауда ұстауға, оны алып келуге, оған сот тәртібімен салынатын әкімшілік жаза шараларын қолдануға, оны қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы шешім қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының Президентінің қызметін қамтамасыз етеді;

      2) Қазақстан Республикасының Президентіне сот жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

      19. Қазақстан Республикасы Президентінің Орталық сайлау комиссиясына қатысты өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін жетілдіру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізу жөніндегі функциясын орындайды.

      20. Жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне қатысты және өңірлік саясат саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) белгіленген тәртіппен астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалауды ұйымдастырып, оны жүргізуді қамтамасыз етеді;

      2) өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг пен талдау жүргізіп, өңірлердегі істердің жағдайы туралы Қазақстан Республикасының Президентін хабардар етіп отырады;

      3) жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен есеп беру кездесуін өткізуіне бақылауды жүзеге асырады;

      4) Қазақстан Республикасының Президентіне:

      астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері мен жергілікті атқарушы органдарының қызметін жетілдіру туралы;

      өңірлік даму стратегиялары мен бағдарламалары, жергілікті өкілді органдар мен атқарушы органдардың сындарлы бірлескен жұмысы, олардың елдің орталық органдарымен өзара іс-қимылы бойынша;

      қажет болған жағдайда мәслихаттың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша ұсыныстар енгізеді.

      21. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға (бекітілген тізбеге сәйкес) қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:

      1) белгіленген тәртіппен осы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды ұйымдастырып, өткізуді қамтамасыз етеді;

      2) осы мемлекеттік органдарды құру, тарату және қайта ұйымдастыру, қызметін жетілдіру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізеді;

      3) осы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мен бақылауды қамтамасыз етеді.

      22. Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:

      1) Қазақстан Республикасының Президентінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмауды қамтамасыз етеді;

      2) Қазақстан Республикасының Президентіне:

      барлық мемлекеттік билік тармақтарының келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру бойынша;

      мемлекеттік наградалармен марапаттау, құрметті атақтар, жоғары әскери және өзге де атақтар, жоғары сыныптық шендер, жоғары дипломатиялық дәрежелер, біліктілік сыныптарын беру; мемлекеттік наградалардан, атақтардан, шендерден, дәрежелер мен сыныптардан айыру бойынша;

      Қазақстан Республикасының азаматтығы, оны сақтау мен одан шығу, Республика азаматтығын қалпына келтіру, саяси баспана беру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің кешірім жасауын жүзеге асыруын қамтамасыз етеді;

      4) елдегі жағдай және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының жобасын дайындауды жүзеге асырады;

      5) Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін ақпараттық-талдамалық және хаттамалық-ұйымдық тұрғыдан, соның ішінде оның қатысуымен іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді;

      6) Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындауды ұйымдастырады және қатысады;

      7) мемлекеттік жоспарлау жүйесін келісуді жүзеге асырады;

      8) мемлекеттік органдардың мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасы Президентінің, Вице-Президенттің актілері мен тапсырмаларын іске асыруына, соның ішінде тексеру жүргізу арқылы бақылауды жүзеге асырады;

      9) белгіленген тәртіппен жекелеген мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметін үйлестіріп, басшылық жасайды;

      10) Қазақстан Республикасының Президенті жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіреді, Қазақстан Республикасының Президенті қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көруін, Қазақстан Республикасы Президентінің олармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

      11) Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған заңдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті шығарған актілерді тіркеуді жүргізеді, олардың жариялануын, таратылуы мен сақталуын қамтамасыз етеді;

      12) Қазақстан Республикасы Президентінің атына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, оларға талдау жүргізеді, азаматтарды қабылдауды ұйымдастырып, жүзеге асырады;

      13) Үкіметтің, орталық мемлекеттік органдардың, астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, лауазымды адамдарының қызметі нәтижелерінің Қазақстан Республикасының Президентінде қаралуына дайындықты қамтамасыз етеді;

      14) Қазақстан Республикасының Президентін құжаттамалық қамтамасыз етуді, соның ішінде тиісінше құжат айналымын ұйымдастыруды, ақпараттық технологияларды ендіріп, дамытуды, Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы қызметінің, іс жүргізу қағидаларының сақталуын және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуді бақылау арқылы жүзеге асырады;

      15) Вице-Президенттің, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық және құжаттамалық қамтамасыз етуді, олардың шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Әкімшіліктің қызметін ұйымдастыру және оның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің өкілеттіктері";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Әкімшілікті Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және лауазымнан босататын, оның тікелей басшылық етуімен жұмыс істейтін, оған есеп беріп, бақылауында болатын Әкімшілік Басшысы басқарады.

      Әкімшілік Басшысы:

      1) Мемлекет басшысына Әкімшілік туралы ережені бекітуге ұсынады, Әкімшіліктің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар енгізеді, Әкімшіліктің штат кестесін бекітеді, бекітілген штат саны шегінде оған өзгерістер енгізеді;

      2) өзінің бірінші орынбасарының және орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері мен кеңесшілерінің жұмысын үйлестіреді, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

      3) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша өзінің бірінші орынбасары мен орынбасарлары, Кеңсе бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері мен кеңесшілері арасындағы міндеттер бөлінісін (бұдан әрі – Бөлініс) бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына өзінің бірінші орынбасарын және орынбасарларын, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілерін және кеңесшілерін тағайындау және лауазымынан босату, Әкімшіліктің жекелеген хатшылықтарының басшыларын қоспағанда, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату туралы ұсыныстар енгізеді;

      5) Әкімшіліктің жекелеген хатшылықтарының басшыларын, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары орынбасараларын, мемлекеттік инспекторларды, сектор меңгерушілері мен Әкімшіліктің өзге де мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін тағайындайды және лауазымынан босатады;

      6) Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;";

      7) Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің орындалуы мен сақталуын, оның тапсырмаларының орындалуын, осы мақсаттарда Әкімшілікте құжаттардың өтуін бақылау жөніндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті қатысатын іс-шараларды дайындау мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді, сонымен қатар Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарының басшыларын шақыра отырып, Әкімшіліктің басшы қызметкерлерімен кеңестер өткізеді;

      8) Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына Құрылтай қабылдаған заңдарды, жарлықтардың, өкімдердің жобаларын және қарауына Қазақстан Республикасының Президентіне жолданатын басқа да құжаттар мен материалдарды ұсынады;

      9) Әкімшіліктің бұйрықтарын шығарады;

      10) Әкімшіліктегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

      11) Әкімшіліктің шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражатын жұмсауға басшылық жасайды;

      12) қызметтік құжаттарға қол қояды;

      13) Әкімшіліктің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалау шараларын қолданады;

      14) Әкімшіліктің қызметкерлерін іссапарларға жібереді;

      15) ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін жұмысқа мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын тартуға құқылы;

      16) Әкімшілікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын бақылайды;

      17) Әкімшіліктің Құрылтаймен, Құрылтайдың жұмыс органдарымен және Аппаратымен; Үкіметпен және Үкімет Аппаратымен; министрліктермен; Конституциялық Сотпен; Жоғарғы Сотпен; Жоғары Сот Кеңесімен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен; астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен, мәслихаттарымен; саяси партиялармен және өзге де қоғамдық бірлестіктермен; бұқаралық ақпарат құралдарымен; жеке және заңды тұлғалармен байланысын тұрақты негізде қамтамасыз етеді;

      18) Құрылтайдың ашық және жабық отырыстарына қатысуға құқылы;

      19) Үкіметтің, орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, Жоғары Сот Кеңесінің отырыстары мен алқа жиналыстарына қатысуға құқылы;

      20) Қазақстан Республикасы Президентінің кадр саясатын іске асыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      21) басшы лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның ұсынысымен тағайындалатын кандидатуралар бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ Үкімет, өзге де мемлекеттік органдар және мемлекеттің лауазымды адамдары басшы лауазымдарға ұсынған кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президентімен келісуді қамтамасыз етеді;

      22) өзінің жекелеген өкілеттіктерін орындауды Әкімшіліктің өзге де басшы лауазымды адамдарына беруге құқылы;

      23) осы Ережеде көзделген, сондай-ақ оған Қазақстан Республикасының Президенті жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Әкімшілік Басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері мен кеңесшілері:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Әкімшілік Басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады;

      2) Қазақстан Республикасының Президентін елдегі істің жағдайы туралы хабардар етеді, оны ақпараттық-талдамалық материалдармен қамтамасыз етеді;

      3) Бөлініске сәйкес өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;

      4) Бөлініске сәйкес Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, олардың мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

      5) Қазақстан Республикасының Президенті мен Әкімшілік Басшысы белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      28. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері:

      1) жетекшілік ететін саладағы істің жағдайы туралы Қазақстан Республикасының Президентін хабардар етеді, оны ақпараттық-талдамалық материалдармен қамтамасыз етеді;

      2) Қазақстан Республикасының Президенті мен Әкімшілік Басшысы белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      29. Қазақстан Республикасының Президенті міндеттердің бірінші кезектілігі мен маңыздылығына қарай Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарларына, өзінің көмекшілері мен кеңесшілеріне осы Ережеде көзделгеннен ерекшеленетін өзге де міндеттер мен өкілеттіктерді жүктеуі мүмкін. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің көмекшілері мен кеңесшілерінің санын және олардың қызметінің бағыттарын айқындайды.";

      30-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құрылымдық бөлімшеге жүктелген міндеттерді орындауды, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, Әкімшілік Басшысының тапсырмаларын уақтылы және егжей-тегжейлі орындауды ұйымдастырады;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Қазақстан Республикасының Президенті мен Әкімшілік басшылығы белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.";

      32-тармақта:

      1) тармақшада:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы астанасының, облыстарының және республикалық маңызы бар қалаларының әкімдеріне;";

      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, Жоғары аудиторлық палатасына, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдарға тапсырма беруге;";

      3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қызметін үйлестіру мен бақылауға, Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына, оның ішінде Үкіметтің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, әкімдердің және мемлекеттің өзге де лауазымды адамдары актілерінің Конституцияға, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкестігі нысанасына тиісті тексерулер ұйымдастыруға;

      4) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті актілері мен тапсырмаларының орындалуы барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюды талап етуге;

      5) анықталған кемшіліктерді, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің сақталмауы және оның тапсырмаларының орындалмауы фактілерін болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеуге;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Әкімшілік жүргізген тексерулердің нәтижелерін Қазақстан Республикасының Президентіне жүйелі түрде баяндауға құқылы.".

      39. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығында:

      кіріспедегі "44-баптың 20) тармақшасында" деген сөздер "46-баптың 21) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      6 және 7-1-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14-тармақтағы "Парламент" деген сөз "Құрылтай" деген сөзбен ауыстырылсын.

      40. "Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 26-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларында:

      4-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Президенттің тапсырмалары – өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың, жұмыс кеңестерінің, Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырыстарының, Президент мәлімдемелерінің (үндеулерінің), Президент басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші органдар, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі (бұдан әрі – Қауіпсіздік Кеңесі) және өзге де органдар отырыстарының қорытындылары бойынша берілген тапсырмалар; Президенттің қызметтік құжаттар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тапсырмалары, соңдай-ақ Президенттің жеке тапсырмалары, соның ішінде оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің (бұдан әрі – Президент Әкімшілігі) ресми аккаунттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмалары;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Президенттің жолдауы – Президенттің елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына арналған үндеуі;";

      5-тармақтағы "Жыл сайын қыркүйекте" деген сөздер алып тасталсын;

      18-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Президенттің жарлықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкестігі;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Президенттің, Вице-Президенттің, Президент Әкімшілігінің тапсырмаларына сәйкестігі;";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Егер Президент актісінің жобасында кемшіліктер анықталса немесе ол бойынша жұмыс тәртібімен жойылатын қарсылықтар болса, егер Президент Әкімшілігінің Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Президент Кеңсесінің бастығы, Президенттің көмекшісі немесе кеңесшісі өзгеше мерзім белгілемесе, жоба Президент Әкімшілігінде бес жұмыс күнінің ішінде барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен пысықталуы мүмкін.";

      24-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Президенттің қол қоюына енгізілгенге дейін актінің жобасына Президент Әкімшілігінің Басшысы, сондай-ақ міндеттер бөлінісіне сәйкес Президент Әкімшілігінің жауапты бөліміне жетекшілік ететін Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Президент Кеңсесінің бастығы, Президенттің көмекшісі немесе кеңесшісі және Президент Әкімшілігі Жалпы бөлімінің басшысы қағаздағы түрінде виза қояды.";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қажет болған кезде Президент актісінің жобасына Қазақстан Республикасының Вице-Президенті электрондық түрде виза қояды.";

      28-тармақта:

      бірінші бөліктің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Президент басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші органдардың, Қауіпсіздік Кеңесінің және өзге де органдардың отырыстарын ұйымдастыру кезінде жүзеге асырылады.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың қорытындылары бойынша тапсырмалардың жобалары хаттама түрінде, ал Қауіпсіздік Кеңесі отырыстарының қорытындылары бойынша – шешім түрінде ресімделеді, оған әдетте Президент қол қояды.";

      33-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Президент тапсырмаларының жобасы Мемлекеттік құқық бөлімімен, Президент Әкімшілігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен, оларға тиісінше жетекшілік ететін Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарымен, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарларымен, Президент Кеңсесінің бастығымен, Президенттің көмекшілерімен және кеңесшілерімен электрондық түрде ғана келісіледі. Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының, тиісті жетекшілік ететін басшы лауазымды адамның, Жалпы бөлім басшысының визалары тапсырмалар жобасына электрондық түрде де, қағаз жеткізгішіне де қойылады.";

      42-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың, Президент мәлімдемелерінің (үндеулерінің), жұмыс кеңестерінің, Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырыстарының, Президент басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші органдар, Қауіпсіздік Кеңесі және өзге де органдар отырыстарының қорытындылары бойынша берілген Президенттің тапсырмалары (не тапсырмаларының тармақтары);";

      42-1-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді немесе жаңа кодексті немесе заңды қабылдауды талап ететін тапсырмалар;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмалар;";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Барлық өзге тапсырмалар бақылауды бекітуге немесе Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының қарарының мазмұнына сәйкес Үкіметтің немесе орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның бақылауына қойылады.";

      50-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Президенттің актілері мен тапсырмаларының орындалуы осы актілерде және тапсырмаларда не олардың іске асырылуын бақылауды бекітуде көрсетілген мерзімдерде немесе Президенттің, Вице-Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшысының, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының қарарларында көрсетілген мерзімдерде қамтамасыз етіледі.";

      57-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті атқарушы орган әзірлеушісі болатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) астананың, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі бекітеді.";

      66-1-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үкімет Аппаратының халықаралық іс-шаралардың қорытындылары бойынша Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиынтық есептерін қоспағанда, мемлекеттік органдардың енгізілген аралық есебі жетекшілік ету бағыттарына қарай Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарының, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарының, Президент Кеңсесі бастығының, Президент көмекшісінің немесе кеңесшісінің қарауына жатады.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тапсырмаларды уақтылы орындамау тәуекелдері және тапсырмаларды орындамаудың өзге де елеулі проблемалары болған кезде Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары – Президент Әкімшілігінің Басшысына, Қазақстан Республикасының Вице-Президентіне жеке берілген және Президентті жеке хабардар етуді талап етпейтін тапсырмалар бойынша – Қазақстан Республикасының Вице-Президентіне, Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысына хабарлайды және тиісті ұсыныстар енгізеді.";

      66-3-тармақта:

      бірінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) заңнамалық түзетулерді немесе жаңа заңды қабылдау мәселелері бойынша – жауапты мемлекеттік органдардан осындай тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты жұмыс тәртібімен сұрату, Қазақстан Республикасының Құрылтайындағы заң шығару процесінің жай-күйін мониторингтеу, сондай-ақ заңдардың нақты атауларын көрсетіп, заңдардың немесе заңнамалық түзетулердің жобаларын белгіленген тәртіппен Президент Әкімшілігімен алдын ала ресми келісе отырып, заң шығару процесінің ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы;";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Қағидалардың осы тармағында көрсетілген тапсырмаларды уақтылы, сапалы, толық орындамау тәуекелдері және оларды орындамаудың өзге де елеулі проблемалары анықталған кезде – Президент Әкімшілігінің Басшысына, Қазақстан Республикасының Вице-Президентіне жеке берілген және Президентті жеке хабардар етуді талап етпейтін тапсырмалар бойынша – Қазақстан Республикасының Вице-Президентіне, Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысына хабарлайды және тиісті ұсыныстар енгізеді.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Президенттің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы Үкіметтің ақпараты Президент Әкімшілігіне енгізіледі, оған Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшысының немесе Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының қарарының адресатына қарай Премьер-Министр, Премьер-Министрдің тиісті орынбасары немесе Үкімет Аппаратының Басшысы қол қояды.

      Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарына, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарына, Президент Кеңсесінің бастығына, Президенттің көмекшілері мен кеңесшілеріне жолданған Президенттің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы аралық есептік ақпарат Үкімет Аппараты Басшысы орынбасарларының, мемлекеттік органның бірінші басшысы орынбасарларының және алқалы органдар мүшелерінің қолы қойылып енгізілуі мүмкін.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Осы Қағидалардың 42-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қызметтік және өзге де құжаттар бойынша Президенттің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісіне жеке берілген және Президентті жеке хабардар етуді талап етпейтін тапсырмаларының орындалу мерзімдерін ұзарту, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру, жаңа орындау мерзімін белгілеу Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің шешімімен жүзеге асырылуы мүмкін.";

      76-тармақың төртінші бөлігі алып тасталсын;

      76-1-тармақтың бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "егер тапсырмада аяқталу нысаны және (немесе) түпкілікті нәтижесі бойынша реттеу нысанасын көрсететін нақты атауы көрсетілген жеке заңды қабылдау көзделсе – мемлекеттік органның ресми есебі ұсынылмастан және Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы енгізілместен, Президенттің қол қою фактісі бойынша;

      егер тапсырманың мазмұнында заңнамаға түзетулер қабылдау көзделсе – жауапты орындаушы мемлекеттік органның ресми есебі ұсынылмастан, Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қабылданған заңдардың нақты атауы және тапсырманы орындаудың қысқаша мазмұны көрсетілген сараптамалық қорытындысы негізінде;";

      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Осы Қағидалардың 42-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қызметтік және өзге де құжаттар бойынша Президенттің Қазақстан Республикасының Вице-Президентіне жеке берілген және Президентті жеке хабардар етуді талап етпейтін тапсырмаларын бақылаудан алу Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің шешімімен жүзеге асырылуы мүмкін.".

      41. "Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 Жарлығында:

      4-тармақтағы "облыстардың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "4. Қоса беріліп отырған астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиялары штат санының лимиттері бекітілсін.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиялары штат санының лимиттері осы Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      42. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысаны мен айырым белгілері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысаны мен айырым белгісі үлгілерінің сипаттамасы мен суретінде:

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Жоғарғы Бас қолбасшының погонына погонның бойлық осьтік сызығының дәл ортасында – алтындатылған зер және алтын түстес жібек жіппен кестелеп тігілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі болады (диаметрі – 35 миллиметр). Погонның төменгі шетінен Мемлекеттік Елтаңбаның ортасына дейінгі аралық – 60 миллиметр.".

      43. "Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 26-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айыру) қағидаларында:

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен шетелдік құқық қорғау және ұқсас функцияларды орындайтын өзге де органдармен адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы тату көршілік қатынастарды нығайту бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамытуда сіңірген еңбегі үшін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, судьялар, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, прокуратурасы мен ішкі істер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ басқа да адамдар және шетел азаматтары марапатталады.";

      27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. "Сот жүйесінің ардагері" медалімен сот жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқаны, ұзақ жылғы және жемісті жұмысы үшін:

      сот жүйесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күнтізбелік есептеуде 15 және одан да көп жыл мінсіз жұмыс істеген, оның ішінде өкілеттіктері тоқтатылған судьялар;

      Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ сот қызметін қамтамасыз еткен, сот жүйесінің игілігі үшін күнтізбелік есептеуде 25 және одан да көп жыл жұмыс істеген өзге де адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес марапатталады.

      28. "Прокуратура ардагері" медалімен ұзақ жылғы және жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес прокуратура органдарында күнтізбелік есептеуде 25 және одан да көп жыл мінсіз қызмет еткен прокуратура органдарының қызметкерлері және зейнеткерлері марапатталады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін" медалімен:

      жеке адам мен қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекеттік Егемендікті, аумақтық тұтастықты, мемлекеттің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қамтамасыз етуде жедел-қызметтік іс-қимылды шебер ұйымдастырғаны; Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделерін қорғауда барлау, қарсы барлау және әскери операцияны (оның ішінде тергеуді) табысты ұйымдастырғаны, өткізгені және іске асырғаны; үкіметтік байланыспен сенімді қамтамасыз еткені; күрделі арнаулы техникалық іс-шараларды кәсіби өткізгені; республиканың қауіпсіздік органдары үшін жоғары білікті кадрларды даярлағаны және қайта даярлағаны; ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердегі жетістіктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік жұмысын қамтамасыз еткені үшін Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері;

      Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі міндеттерді шешуге қосқан үлесі және оны іске асыруға жәрдемдескені үшін Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің азаматтары марапатталады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. "Абыройлы қызметі үшін" медалімен:

      қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, үлгілі тәртібі және күнтізбелік есептеуде 7 жыл қызмет өткергені үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері, сондай-ақ жедел-қызметтік іс-әрекетте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының шешімі бойынша күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан, ерекше көзге түскен қызметкерлер мен әскери қызметшілер;

      күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің дамуына елеулі үлес қосқан мемлекеттік және жекеше ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, соның ішінде шет мемлекеттердің азаматтары марапатталады.";

      43, 44 және 45-тармақтар тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері" медалімен қызметінде оң мінездеме берілген, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күнтізбелік есептеуде жалпы еңбек сіңірген жылдары 25 және одан да көп жыл болатын әскери қызметшілер марапатталады.

      44. "Бітімгершілік операцияларына қатысқаны үшін" медалімен ұзақ жылғы және жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде жүргізілетін бітімгершілік операцияларына қатысқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да адамдары және басқа да шетел азаматтары марапатталады.

      45. "Ішкі істер органдарының ардагері" медалімен ұзақ жылғы және жемісті еңбегі үшін, қызметінде оң мінездеме берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күнтізбелік есептеуде жалпы еңбек сіңірген жылдары 25 және одан да көп жыл болатын Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталады.";

      48-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48-2. "Сайлау органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен:

      Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін дамытуға, сайлау мен жалпыхалықтық референдумдарды өткізуді ұйымдастыруға және дайындауға елеулі жеке үлес қосқан сайлау комиссияларының мүшелері, оның ішінде өкілеттіктері тоқтатылған сайлау комиссияларының мүшелері;

      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ведомстволық бағынысты ұйымдарының сайлау жүйесінде кемінде 5 жыл жұмыс істеген, кәсіптік қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген жұмыскерлері қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін; Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін дамытуға, сайлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға айтарлықтай үлес қосқан, сайлау туралы заңнаманы жетілдіру, сайлау процесіне қатысушыларды электоралдық оқыту жөніндегі қызметке белсенді түрде қатысқан саяси партиялардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері және өзге де адамдар. шетел азаматтары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері марапатталады.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің үздігі" төсбелгісімен жедел-қызметтік іс-әрекетте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының шешімі бойынша күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан, қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлік, батылдық және тапқырлық танытқан, ерекше көзге түскен қызметкерлер мен әскери қызметшілер марапатталады.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. "Монополияға қарсы қызметтің үздігі" төсбелгісімен монополияға қарсы органды басқарған Қазақстан Республикасының азаматтары, монополияға қарсы органда кемінде 5 жыл жұмыс істеген, республикадағы монополияға қарсы қызметті дамытуға зор үлес қосқан монополияға қарсы органның қызметкерлері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, жемісті еңбек қызметі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының монополияға қарсы қызметінің жүйесін дамытуға үлес қосқан шетел азаматтары марапатталады.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төрағаның орынбасары" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысы, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, хатшы";

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Құрылтайының бейіндік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)";

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі" деген жол алып тасталсын;

      "Мұқашев Төлеубек Төлеуұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мұқашев Төлеубек Төлеуұлы – мемлекет және қоғам қайраткері (келісім бойынша)";

      "Сарым Айдос Әміроллаұлы – Қазақстан Республикасы Парламент) Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)," деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сарым Айдос Әміроллаұлы – мемлекет және қоғам қайраткері (келісім бойынша)";

      "Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы – Қазақстан Республикасы Парламент) Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)," деген жол алып тасталсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады және хаттамамен ресімделеді.".

      44. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 166 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 26-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:".

      45. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығында:

      кіріспедегі "19-баптың 10) тармақшасында" деген сөздер "22-баптың 8) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы ережеде:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Кеңестің шешімдері бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы немесе энергетика саласы субъектілерінің назарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кез келген өзге тәсілмен жеткізілуі мүмкін. Жариялануға не энергетика саласының субъектілеріне беруге арналған ақпараттың тізбесі мен көлемін Кеңес айқындайды.".

      46. "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органы қызметкері антының мәтінін және оны қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 319 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органы қызметкерінің антында:

      бірінші бөліктің бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мен, Қазақстан Республикасының азаматы ________________ (Т.А.Ә.) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органына қызметке кіре отырып, қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімді, Қазақстан Республикасының Егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігін қорғау ісіндегі өзімнің жоғары жауапкершілігімді сезіне отырып:

      Қазақстан Республикасының біртұтас халқы мен Президентіне адал болуға;".

      47. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:

      бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілерін" және "Парламент" деген сөздер тиісінше "заңдарын" және "Құрылтай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның лауазымдық құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Құрылтайы Төрағасының орынбасары";

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары" деген жол алып тасталсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясы туралы үлгілік ережеде:

      2-тармақтағы "заңнамалық актілерін" деген сөздер "заңдарын" деген сөзбен ауыстырылсын.

      48. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 537 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      2-тармақтағы "заңнамалық актілермен" деген сөздер "заңдармен" деген сөзбен ауыстырылсын.

      49. "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының президенттік кадр резервін қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 624 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының президенттік кадр резервін қалыптастыру қағидаларында:

      5-тармақтың 2-бөлігіндегі "бастығы" деген сөз "Бастығы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      50. "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мәслихаттың үлгілік регламентінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мәслихат (жергілікті өкілді орган) астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыруға қажетті шараларды айқындайтын, олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылады. Мәслихаттың заңды тұлға ретіндегі құқықтары болмайды.";

      14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мәслихаттың қарауына жататын мәселелер бойынша астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихатының сессиясына аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының төрағалары, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), тиісті аумақтың әкімдері, жұмысы туралы ақпарат сессияда қаралатын ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары шақырылады. Сессияларға мәслихат төрағасының шақыруы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуына жол беріледі.";

      20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәслихаттың төрағасы қарауға қабылданған шешімдердің жобаларын барлық қажетті материалдармен қоса қарау және ұсыныстар дайындау үшін тұрақты комиссияларға жолдайды. Бір мезгілде астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары деңгейіндегі тұрақты комиссиялардың біріне мәслихат актісінің жобасы бойынша қорытынды, сессияға қосымша баяндама дайындау, қосымша ақпарат жинау мен талдауды жүргізу тапсырылуы мүмкін.";

      29-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей, тиісті мәслихаттың сессиясында астананың бюджеті, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың бюджеті бекітіледі. Облыстық мәслихаттың облыстық бюджетті бекіту туралы шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей, тиісті мәслихат ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін бекітеді. Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін бекіту туралы шешіміне қол қойылған күннен бастап қаржы жылының соңына дейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін бекітеді.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларының бюджеттің атқарылуы туралы есептерін мәслихат жыл сайын қарайды.";

      39-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Мәслихат төрағасы не оны алмастыратын адам, не тұрақты комиссиялардың төрағалары басқаратын депутаттар тобы есеп беру кездесулерінде жылына кемінде бір рет тұрғындарға астана, облыс, республикалық маңызы бар қала мәслихатының есебін ұсынады.";

      4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала мәслихатының тұрақты комиссиясының қызметін тұрақты негізде жүзеге асыратын төрағасы";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасы (бұдан әрі – тұрақты комиссияның тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағасы) тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады.

      Тұрақты комиссияның тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағасы осы Регламенттің 54-тармағына сәйкес сайланады.

      Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мәслихаты сессияда тұрақты комиссияның тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағалары басқаратын, саны екіден аспайтын тұрақты комиссияны айқындайды.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін тұрақты комиссиялардың бірінің тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағасы уақытша жүзеге асырады, ол мәслихат сессиясында кезекті шақырылымның бүкіл мерзіміне айқындалады.

      Тұрақты комиссияның тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағасы астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихаты төрағасының өкілеттіктерін уақытша жүзеге асырған кезде, егер мәселені қарауға өзі төрағасы болып табылатын тұрақты комиссия жауапты болған жағдайда, оның шешуші дауысқа құқығы болмайды.

      Тұрақты комиссиялардың бірінің тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін басқа тұрақты комиссияның тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағасы немесе мәслихат төрағасының шешімі бойынша мәслихаттың осы тұрақты комиссиясының мүшесі болып табылатын депутат уақытша жүзеге асырады.".

      51. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларында:

      9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) 3,5 х 4,5 мөлшеріндегі түрлі-түсті екі фотосурет. Фотосурет Қазақстан Республикасы азаматының құжатты ресімдеу сәтіндегі жасына сәйкес болуы, жарық фонда тікелей алдынан түсірілген болуы тиіс, әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 70-80 %-ға жуығын алуы тиіс. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді;";

      9-тармақтың 5) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік сапардан оралғаннан кейін, паспорт иесі бір ай мерзімде Қазақстан Республикасынан тысқары жерге қайта шықпайтын болса, ол он күн мерзімде Министрліктің архивіне тапсырылуы тиіс. Паспортты тапсыру негізсіз кідіртілген жағдайда Министрлік оны жарамсыз деп таниды.".

      көрсетілген қағидаларға 1-қосымшаның 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басты куәландыратын құжатының көшірмесі.".

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:

      Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты берілетін адамдардың тізбесінде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-2-жолмен толықтырылсын:

      "2-2. Қазақстан Республикасының Вице-Президенті.";

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы.";

      реттік нөмірлері 5 және 6-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірі 18-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы және оның орынбасарлары.";

      реттік нөмірлері 5 және 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері.

      21. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары.".

      52. "Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 791 Жарлығында:

      кіріспеде "44-бабының 20) тармақшасына" деген сөздер "46-бабының 21) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      53. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығында:

      кіріспеде "17-1-бабы" деген сөздер "20-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережеде:

      7 және 8-тармақтарда "бастығының", "бастығы" деген сөздер "Бастығының", "Бастығы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақтың екінші бөлігінде "заңнамалық актілермен" деген сөздер "заңдармен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, ар-намысына, қадір-қасиетіне және меншігіне қарсы бағытталған құқық бұзушылықты анықтау, алдын алу және жолын кесу;";

      16-тармақта:

      1) тармақшада:

      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, ар-намысына, қадір-қасиетіне және меншігіне қол сұғатын құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою туралы ұсыныстар және (немесе) нұсқамалар енгізу;";

      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін және (немесе) әскери қызметшілерін, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарға жіберу;";

      он жетінші абзацтағы "бастығы" деген сөз "Бастығы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      жиырма үшінші абзацтағы "бастығы" деген сөз "Бастығы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      қырқыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, басқа ұйымдардан жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар ақпаратты өтеусіз алу және пайдалану;";

      2) тармақшада:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің, басқа да күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, ар-намысына, қадір-қасиетіне және меншігіне қол сұғатын құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу, олардың ықтимал жасалуына ықпал ететін мән-жайларды анықтау және өз құқықтары шегінде оларды жою бойынша шаралар қолдану;";

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, ар-намысына, қадір-қасиеті мен меншігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды анықтау мен іздестіруде құқық қорғау органдарына жәрдем көрсету;";

      он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, мемлекеттік Егемендігін және Тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғау жөнінде қажетті шаралар қолдану;";

      17-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы айқындайтын тәртіппен күзетілетін объектілердің күзеті мен қорғанысын жүзеге асырады, күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жауынгерлік кезекшілікті атқаруды ұйымдастырады";

      5) тармақшада "бастығы" деген сөз "Бастығы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тараудың тақырыбында "бастығының" деген сөз "Бастығының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      18, 19 және 20-тармақтарда "бастық", "бастығын", "бастығының" деген сөздер "Бастық", "Бастығын", "Бастығының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзацта "бастығының" деген сөз "Бастығының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабқа басшылық етеді. Күзет іс-шараларын келтіру жөніндегі республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдардың немесе олардың аумақтық органдарының өкілдері қатарынан астананың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың жедел штабының басшыларын айқындайды;";

      37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "37) күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, ар-намысына, қадір-қасиетіне және меншігіне қол сұғатын құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою туралы нұсқамалар енгізу тәртібін айқындайды;";

      21-тармақтың екінші бөлігінде, 22, 23-тармақтарда, 24-тармақтың үшінші бөлігінде "бастығы", "бастығына", "бастығының" деген сөздер тиісінше "Бастығы", "Бастығына", "Бастығының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      54. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 823 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      6-тармақтың 4) тармақшасында "заңнамалық" деген сөз "заңдарының" деген сөзбен ауыстырылсын.

      55. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 қазандағы № 922 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 26-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:".

      56. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 954 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі туралы ережеде:

      12-тармақта "заңнамалық актілерімен" деген сөздер "заңдарымен" деген сөзбен ауыстырылсын.

      57. "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ережеде:

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына Қазақстан мәдениетінің дамуына ерекше бағалы үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік туындылары үшін беріледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықты және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты алуға жұмыстарды қабылдау туралы хабарландырулар, сондай-ақ оларды ресімдеу жөніндегі талаптар ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Комиссияны Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы басқарады.

      4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Жұмыс органы Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарға сарапшылық-талдамалық бағалау жүргізу үшін ғылым бағыттары бойынша секциялар құрады. Секциялардың құрамы мүшелердің тақ санынан тұруы тиіс.

      Секция құрамына сайланатын ғалымдар философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы немесе кандидаты дәрежесі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінің қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары болуы және олардың:

      1) секция бағыты бойынша кемінде 10 (он) жыл ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі;

      2) кандидатура ұсынылған күнге "Web of Science" және (немесе) "Scopus" халықаралық базаларына сәйкес кемінде 3 (үш) Хирш индексі.

      Гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласындағы ғалымдарға Хирш индексінің болуы туралы талап қолданылмайды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Комиссия шешімдері жай көпшілік дауыспен:

      1) алдын ала іріктеу кезінде – ашық дауыс беру арқылы;

      2) түпкілікті іріктеу кезінде – жасырын дауыс беру арқылы қабылданады.

      Комиссияның соңғы шешімі отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері санының қарапайым көпшілік жасырын дауыс беруімен қабылданады. "Құпия" деген белгісі бар жұмыстарды қарауда және олар бойынша шешім қабылдауда құпия жұмыстар мен мәліметтерге тиісті нысандағы рұқсаты бар Комиссия мүшелері ғана қатысады.

      Мемлекеттік сыйлық отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің дауысы санының кемінде 50% дауысын алған жұмысқа беріледі.

      Комиссия мүшелері Мемлекеттік сыйлық беру туралы оң шешім қабылдайтын жұмыстың саны үштен аспауға тиіс.

      Егер жасырын дауыс берудің қорытындылары бойынша үштен артық жұмыс бірдей дауыс жинаса, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      Егер үштен артық жұмыс жасырын дауыс берудің қорытындылары бойынша отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелері дауысы санының кемінде 50%-ын жинаса, онда мемлекеттік сыйлықтар ең көп дауыс санын алған үш жұмысқа беріледі.";

      11-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік сыйлық берілетін жылы мемлекеттік сыйлық алуға жұмыстарды қабылдау туралы хабарландыруды және оларды ресімдеу жөніндегі талаптарды Комиссия атынан ресми интернет-ресурстарында жариялайды;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа, алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімін авторлары мен осы жұмыстарды ұсынған ұйымдарды көрсете отырып, кеңінен талқылау мақсатында ресми интернет-ресурстарында жариялайды;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) Комиссияның отырысынан алдын ала іріктеуден өткен жұмыстарды, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың және секцияның қорытындыларын оның қарауына енгізеді, Комиссия мүшелеріне материалдарды жібереді;";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Президенті Комиссия құрамын бекітеді, ол әдебиет және өнер саласындағы мәдениет қайраткерлері қатарынан, сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдерінен қалыптастырылады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Комиссияны басқарады.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға";

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Құрылтайының бейіндік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)";

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын;

      "Сембаева Әлия Мұратқызы – химия ғылымдарының докторы, "Ғылым қоры" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сембаева Әлия Мұратқызы – химия ғылымдарының докторы, "Astana Hub" дербес кластерлік қоры CEO кеңесшісі";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға";

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, хатшы" деген жол алып тасталсын;

      "Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы – айтыскер, филология ғылымдарының докторы, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы – айтыскер, филология ғылымдарының докторы, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (келісім бойынша)";

      "Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы – ақын, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы – ақын, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" жастар сыйлығының иегері (келісім бойынша)";

      "Медетбек Темірхан – ақын, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)", "Әшімов Асанәлі – театр мен кино актері және режиссері, Қазақстанның Еңбек Ері, "Отан" және I дәрежелі "Достық" ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)", "Дүзелханов Ағымсалы Дүзелханұлы – суретші, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)", "Обаев Есмұхан Несіпбайұлы – режиссер, I және П дәрежелі "Барыс" және "Парасат" ордендерінің иегері, Қазақстанның халық әртісі (келісім бойынша)", "Тәуекел Сламбек Тілеуғабылұлы – кинорежиссер, сценарист, кинопродюсер, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (келісім бойынша)" деген жолдар алып тасталсын.

      58. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "Мемлекеттік саяси лауазымдар" деген 1-тарауда:

      "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары" деген жолдың алдында мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Вице-Президенті";

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі" деген жол алып тасталсын;

      "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, олардың бірінші орынбасарлары, орынбасарлары және аппараттарының басшылары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, олардың бірінші орынбасарлары, орынбасарлары және аппараттарының басшылары";

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Құрылтайындағы өкілі";

      "Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісі аппараттарының басшылары және олардың орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Құрылтайы Аппаратының Басшысы және оның орынбасарлары";

      "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген 2-тарауда:

      "Б" корпусы" деген бөлімде:

      B санаттарының тобында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Құрылтайының Аппараты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты, Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі және оның ведомствосы, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық";

      В-3 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Құрылтайы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі";

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары аппараттарының сектор меңгерушісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Құрылтайы Аппаратының сектор меңгерушісі";

      В-4 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы Төрағасы орынбасарының көмекшісі" және "Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы аппараты басшысының көмекшісі" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Құрылтайы Төрағасы орынбасарының көмекшісі" және "Қазақстан Республикасының Құрылтайы Аппараты басшысының көмекшісі";

      В-5 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының көмекшісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутатының көмекшісі";

      D санаттарының тобында:

      D-3 санатында:

      "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Қазақстан халқы Ассамблеясының аппараттары (хатшылықтары)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың атқарушы органдары";

      D-O-2 санатында:

      "Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі" деген жол алып тасталсын.

      59. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында:

      "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:

      14-тармақтың 1) тармақшасында "Парламенті", "облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы" деген сөздер "Құрылтайы", "астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақтың 1) тармақшасында "Парламенті", "облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы" деген сөздер "Құрылтайы", "астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      60. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарында:

      18-тармақта "Парламентінің Палаталары аппараттарының" деген сөздер "Құрылтайы Аппаратының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында:

      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Құрылтай Аппаратының мемлекеттік саяси қызметшілеріне – Құрылтай бюросы Құрылтай Төрағасының ұсыныстары бойынша қолданады;";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларында:

      2-тармақта "Парламенті Палаталары аппараттарының" деген сөздер "Құрылтайы Аппаратының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      61. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға міндеттейді.";

      6-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, ар-намысын, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмау;

      5) іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеу;";

      8-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) әріптестеріне қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, ар-намысын, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге;".

      62. "Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын бекіту және "Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 788 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 167 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарында:

      46-тармақта "Парламентіне", "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "Құрылтайына", "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      63. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 188 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 21) тармақшасына, 83-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Құрылтайының бейіндік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      64. "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысында:

      47-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұрақты тұратын адамдарды Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселесі бойынша қабылдаған шешімі туралы хабардар етеді.";

      48-тармақтағы "шетелдіктер", "шетелдіктердің" деген сөздер тиісінше "шетел азаматтары", "шетел азаматтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      51-тармақтың 2) тармақшасындағы "шетелдік азаматтардың" деген сөздер "шетел азаматтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      52, 53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Консул Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасына сәйкес асырап алуға ниет білдірген шетел азаматтарының есебін жүргізеді.

      53. Министрлік Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасына сәйкес шетел азаматтарына асырап алуға берілген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке қоюды жүзеге асырады.

      Шетел азаматтарына асырап алуға берілген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Министрлікте есепке қою және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің балаларды бақылауды жүзеге асыру тәртібі Министрдің бұйрығымен бекітіледі.

      54. Консул шетел азаматтарына асырап алуға берілген балаларды бақылауды консулдық округ шегінде жүзеге асырады.";

      55-тармақтағы "шетелдік азаматтар" деген сөздер "шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      63-тармақта:

      7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасы азаматының тірі екендігі фактісін куәландырады;

      8) Қазақстан Республикасы азаматының белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады;";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Қазақстан Республикасының заңдарында консул жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.";

      66-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Консул өзінің консулдық округінде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға олардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап етіп алдыруға жәрдем көрсетеді.";

      екінші бөліктегі "шетелдік азаматтар" деген сөздер "шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      67-тармақтағы "шетелдік азаматтар" деген сөздер "шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарын сайлау және жалпыхалықтық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің үй-жайында сайлау учаскесі құрылған жағдайда, дипломатиялық өкілдік және (немесе) консулдық мекеме консулдық округтің билік органдарын бұл туралы ресми хабардар етеді.";

      72-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Консул Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат алған адамдарға Қазақстан Республикасына кірген кезде екпелер туралы халықаралық сертификат ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Консул Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат алған адамдарға Қазақстан Республикасына кірген кезде малға, шикізатқа және жануарлардан алынатын өнімдерге ветеринариялық сертификаттар ұсыну қажеттігі және Қазақстан Республикасына тұқымды, тірі өсімдіктерді, екпе материалды, жаңа піскен жемістер мен көкөністерді әкелу қағидалары туралы хабардар етеді.";

      83-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Қазақстан Республикасының азаматын шақырған адамның немесе ұйымның оның осы мемлекетте болуына байланысты шығыстарын өтеу міндеттемелерінің бар-жоғын анықтайды және олардың орындалуына жәрдемдеседі;

      2) осы Қазақстан Республикасы азаматының өзінің отбасы мүшелерімен, туыстарымен немесе өзге адамдармен байланыс орнатуына жәрдем көрсетеді;";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Консул қамаққа алынған, түрмеге қамалған, күзетке алынған не ұстап алынған Қазақстан Республикасы азаматының атынан кез келген шараларды қабылдаудан Қазақстан Республикасының аталған азаматының мұндай шараларды қабылдауға жазбаша қарсылығы болған кезде тартынады.".

      65. "Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесінде:

      "

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі

Қазақстан Республикасының Президенті

  "

      деген жол алып тасталсын;

      "

Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары тағайындайтын Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелері

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

  "

      деген жол алып тасталсын;

      "

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты аппаратының басшысы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасының Құрылтайы Аппаратының басшысы

Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы

  ";

      "

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі аппаратының басшысы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

  "

      деген жол алып тасталсын;

      "

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты аппараты басшысының орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты аппараты басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Құрылтайының Аппараты басшысының орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Құрылтайының Аппараты басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы

  ";

      "

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі аппараты басшысының орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі аппараты басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

  "

      деген жол алып тасталсын.

      66. "Республикалық бюджеттің жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 388 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларында:

      бүкіл мәтін бойынша "Парламентіне", "Парламентінің Мәжілісіне" деген сөздер "Құрылтайына" деген сөзбен ауыстырылсын.

      67. "Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 489 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы туралы ережеде:

      6-тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      68. "Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 Жарлығында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 32-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 7-бабына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына және 21-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидалары бекітілсін.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидалары";

      1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 32-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 7-бабына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына және 21-бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелерінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының, оның бірінші орынбасары мен орынбасарларының; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының; Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілерінің, кеңесшілерінің; Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет тағайындалатын адамдарды қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер бір рет ант береді.

      3. Егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, саяси мемлекеттік қызметші осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, өзін таныстыратын лауазымды адам оны тиісті мемлекеттік органның ұжымына таныстырған кезде ант береді.

      Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы төрағаларының, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы төрағаларының, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлерінің антын Қазақстан Республикасының Президенті өзі қабылдайды.

      Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырыстарында ант береді.

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының отырысында ант береді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір мүшелері мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен оған ант бере алады. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақырған кезде ол оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды.

      Мәслихат тағайындайтын немесе оның келісуі бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар тиісті мәслихаттың отырысында ант береді.

      4. Қазақстан Республикасы Құрылтайының бюросы Қазақстан Республикасының Құрылтайы Аппаратының басшысы мен оның орынбасарлары ант беретін лауазымды адамды айқындайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты антының мәтіні "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленеді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі антының мәтіні "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленеді.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы антының мәтіні "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленеді.

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы антының мәтіні "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленеді.

      Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутатының, Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьясының, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес лауазымды адамның, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өзге де мемлекеттік қызметшінің тиісінше ресімделген және мемлекеттік немесе орыс тілінде басылған антының мәтіні ант беруші адамның таңдауы бойынша осы тілдердің бірінде айтылады.".

      69. "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 554 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әскери доктринасында:

      10-тармақтың 3) тармақшасындағы "конституциялық құрылымды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      70. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ережеде:

      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бас прокуратура, оған бағынысты ведомстволар, білім беру ұйымы, әскери прокуратураның және көлік прокуратурасының органдары, облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокуратуралар, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокуратуралар прокуратура органдарының бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құрайды.";

      12-тармақтағы "заңнамалық актілерде" деген сөздер "заңдармен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      19-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасы Президентінің келісуімен білім беру ұйымының басшысын, Бас әскери прокурорды, Бас көлік прокурорын, облыстардың прокурорларын және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурорларды лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;";

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен прокуратура органдарының құрылымы мен штат санының шегінде әскери прокуратураның және көлік прокуратурасының органдарын, облыстардың прокуратураларын және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокуратураларды, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокуратураларды, прокуратура органдарының мекемелерін құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.

      Қазақстан Республикасының Президентіне Бас прокуратураның ведомстволарын және Бас прокуратураның жанындағы білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыну енгізеді;";

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жүгінеді;";

      37) тармақшада:

      алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "ведомстволардың, білім беру ұйымының, әскери прокуратура және көлік прокуратурасы органдарының, облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокуратуралардың, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокуратуралардың құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ прокуратура органдарының жүйесіне кіретін мемлекеттік мекемелер мен өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылымдары мен штаттарын;

      бас әскери прокуратураның және бас көлік прокуратурасының, облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген (астана және республикалық маңызы бар қалалар) прокуратураларының жанынан құрылатын үйлестіру кеңестері туралы ережелерді;";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бас прокуратура мен оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:

      1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) "Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі";".

      71. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды орталық және облыстардың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан сұратады және алады;".

      72. "Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 Жарлығында:

      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесi банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасында:

      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      73. "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 838 Жарлығында:

      кіріспедегі "44-бабының 20) тармақшасына" деген сөздер "46-бабының 21) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      74. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығында:

      кіріспедегі "17-1-бабы" деген сөздер "20-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ережеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Агенттіктің астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық органдары болады.";

      12-тармақтағы "заңнамалық актілерде" деген сөздер "заңдармен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      15-тармақтың 44-15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "44-15) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары мен аппарат басшылары үшін міндеттер (функционалдық қызмет бағыттары) бөлуді әзірлеу және бекіту;";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы әдеп жөніндегі кеңестер Агенттіктің алқалы органдары болып табылады, олар туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.".

      75. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 163 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі (бұдан әрі – Қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) Қазақстан Республикасының Президентін, Құрылтайын және Үкіметін, мемлекеттік органдары мен мемлекеттік ұйымдарын саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экология және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдау үшін барлау ақпаратымен қамтамасыз ету мақсатында барлау қызметін жүзеге асыратын және үйлестіретін ведомствосы болып табылады.";

      12-тармақтағы "заңнамалық актiлерімен" деген сөздер "заңдарымен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Президентін, Құрылтайын және Үкіметін, мемлекеттік органдары мен мемлекеттік ұйымдарын саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экология және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдау үшін қажетті барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаумен қамтамасыз ету;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері, өзге де шетелдік ұйымдар, террористік және экстремистік ұйымдар, қылмыстық топтар мен жекелеген адамдар тарапынан барлау ақпаратын алу және ұлттық мүдделер мен ұлттық қауіпсіздікке, конституциялық құрылыс негіздеріне, Егемендік пен Тәуелсіздікке, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына және ұлттық қауіпсіздікке нақты және әлеуетті нұқсан келтіруге жол бермеуге бағытталған шараларды іске асыру;";

      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының Президентіне, Құрылтайына, Үкіметіне, мемлекеттік органдары мен мемлекеттік ұйымдарына барлау ақпаратын ұсыну;".

      76. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20 және 22-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ережеде:

      бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілермен", "заңнамалық актілерінде", "заңнамалық актілері" деген сөздер тиісінше "заңдармен", "заңдарында", "заңдары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      77. "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 220 Жарлығында:

      кіріспедегі "44-бабының 20) тармақшасына" деген сөздер "46-бабының 21) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңесінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі болатын Қазақстан Республикасы Президентінің өкілі".

      78. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 282 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес және ұлттық қауіпсіздікті нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметі туралы ережеде:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      12-тармақтың екінші бөлігіндегі "заңнамалық актілермен" деген сөздер "заңдармен" деген сөзбен ауыстырылсын.

      79. "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығында:

      кіріспедегі "17-1-бабы" деген сөздер "20-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ережеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Агенттіктің ведомствосы бар: Ұлттық статистика бюросы және оның астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері.";

      бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілерімен", "заңнамалық актілерінде" деген сөздер тиісінше "заңдарымен", "заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақта:

      1-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, оларға мониторинг жүргізу және түзету әдістемесін келісу;";

      14-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-6) астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жыл сайынғы негізде ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастыру;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын іске асыру мақсатында қабылданатын жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге және мониторингтеуге қатысу;";

      53) тармақшадағы "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      80. "Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығында:

      кіріспедегі "17-1-бабы" деген сөздер "20-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Агенттіктің астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелері болады.";

      бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілерімен", "заңнамалық актілерінде" деген сөздер тиісінше "заңдарымен", "заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      81. "Жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 485 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – біліктілік талаптары) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары, Үкіметтің Қазақстан Республикасының Құрылтайындағы өкілі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда) басшыларының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын министрлердің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің бірінші орынбасарлары, орынбасарлары және аппараттарының басшылары, сондай-ақ облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері мемлекеттік саяси лауазымдарына (бұдан әрі – мемлекеттік саяси лауазымдар) орналасу үшін әзірленді және осы мемлекеттік саяси лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарға (бұдан әрі – кандидат) қойылады.";

      3-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің, сондай-ақ облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалар әкімдерінің бірінші орынбасарлары, орынбасарлары және аппараттарының басшыларын мемлекеттік саяси лауазымдарына орналасуға арналған білімі бойынша талаптар міндеттерді (қызметтің функционалдық бағыттарын) бөлумен айқындалады.";

      6-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары, Үкіметтің Қазақстан Республикасының Құрылтайындағы өкілі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда) басшыларының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын министрлердің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары мемлекеттік саяси лауазымдарына орналасу үшін:";

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде қолданыстағы Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында, не Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутатының мәртебесінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, тиісті жетекшілік ететін саладағы бағытта кемінде төрт жыл жұмыс өтілі;";

      7-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің бірінші орынбасарлары, орынбасарлары және аппараттарының басшылары, сондай-ақ облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдері мемлекеттік саяси лауазымдарына орналасу үшін:";

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде қолданыстағы Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында, не Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутатының мәртебесінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, тиісті жетекшілік ететін бағыттағы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі;

      2) не кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде айқындалған "Б" корпусының А-1, В-2, С-2, D-2, С-О-2, D-О-2 санаттарынан төмен емес басшы лауазымдарда не орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларының орынбасарларынан не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдары мен бөлімшелері басшыларының орынбасарларынан төмен емес лауазымдарда, не астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарының құрылымдық бөлімшелері басшыларының лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, тиісті жетекшілік ететін бағытқа сәйкес келетін салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі;";

      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде қолданыстағы Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында не Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, тұрақты негізде жұмыс істейтін астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, облыстың ауданы мәслихатының депутаты мәртебесінде кемінде алты ай болған жағдайда, мемлекеттік қызметте кемінде екі жыл жұмыс өтілі;".

      82. "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығында:

      кіріспедегі "17-1-бабы" деген сөздер "20-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ережеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Агенттіктің астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық органдары және мамандандырылған мемлекеттік мекемесі, сондай-ақ қарамағында ұйымдары бар.";

      12-тармақтағы "заңнамалық актілермен" деген сөздер "заңдармен" деген сөзбен ауыстырылсын.

      83. "Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 808 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      16-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мекеменің жинақтау көздерінің – ұйымдардың тізімін Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі бастығының бекітуіне енгізу;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) архивтік құжаттар көшірмелерін электрондық нысанға аудару;";

      мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14-1) заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру не тарату кезінде Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау туралы және жеке құрам бойынша архив анықтамаларын беру;

      14-2) тарихи-мәдени және ғылыми құндылығы бар аудиовизуалды құжаттардың міндетті данасын жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік сақтауға қабылдау;";

      15), 18), 22) тармақшалардағы "электрондық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) республиканың және шет мемлекеттердің архивтерінен, кітапханалары мен ғылыми ұйымдарынан, сондай-ақ жеке архивтер мен коллекциялардан Қазақстан тарихы бойынша құжаттарды, қолжазбаларды және шетелден алынған, Қазақстан Республикасымен тарихи байланысты құжаттарды анықтау, Қазақстан тарихы бойынша архив құжаттарының төлнұсқалары мен көшірмелерін қабылдау;";

      34-тармақтағы "заңнамалық актілерге" деген сөздер "заңдарға" деген сөзбен ауыстырылсын.

      84. "Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Жарлығында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспедегі "87" деген цифрлар "89" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидалары";

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидалары Қазақстан Республикасы Конституциясының 89-бабын іске асыру үшін әзірленді және астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына кандидатты тағайындауға келісім беру тәртібін айқындайды.

      2. Астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына тағайындауға келісім астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының жиналысында беріледі.

      3. Қазақстан Республикасының Президенті ұсыну негізінде астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына кемінде екі кандидат ұсынады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы негізінде астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының төрағасына астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімін тағайындауға келісім алу үшін астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының жиналысын (бұдан әрі – жиналыс) өткізу қажеттігі туралы хабарлама жібереді.";

      7-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихаты төрағасының қысқаша кіріспе сөзі;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің не Қазақстан Республикасының Президенті уәкілеттік берген өзге лауазымды адамның Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуын жария етуі және астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімінің лауазымына кандидатураларды ұсыну;";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысына облыс және тиісті облыстың аудандары (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының депутаттары қатысады. Жиналысты облыс мәслихатының төрағасы басқарады.

      Астана және республикалық маңызы бар қала мәслихаты депутаттарының жиналысына тиісті мәслихаттардың депутаттары қатысады. Жиналысты тиісті мәслихаттың төрағасы басқарады.

      Егер жиналысқа астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, оның құқықтық күші болады. Әрбір жиналыстың алдында қатысатын депутаттарды тіркеу жүргізіледі, оның нәтижелерін мәслихат төрағасы отырыс басталар алдында жариялайды.

      10. Жиналысты астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының аппараты ұйымдастырады және техникалық мүмкіндіктер ескеріле отырып, интернет-ресурстарда онлайн-трансляция ұйымдастырылып өткізіледі.";

      11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына кандидатты келісу үшін қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігінің шешімі бойынша ашық не жасырын дауыс беру өткізіледі.";

      13-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дауыс беруді өткізу үшін депутаттардың қажетті саны болмаған кезде, астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының төрағасы кворумды қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Барлық мәселелер бойынша дауыс беру нәтижелерін астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының төрағасы дауыс беруге қатысқандардың, "жақтап", "қарсы" дауыс бергендердің санын және дауыс беру қорытындысын көрсете отырып жариялайды. Деректер депутаттар жиналысының хаттамасына енгізіледі.";

      15-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жасырын дауыс беру үшін құпиялылықты сақтау бойынша талаптар ұстана отырып, арнайы бөлінген орынға астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының мөрі басылған жәшік орнатылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Санақ комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша хаттама жасайды, оған санақ комиссиясының барлық мүшелері қол қояды және ол астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының төрағасына беріледі.

      Дауыс беру кезінде болмаған мәслихат депутатының кейін дауыс беруге құқығы жоқ.";

      17-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қайта дауыс беру осы Қағидаларда көзделген тәртіппен астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының төрағасы айқындаған мерзімдерде өткізіледі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Жиналыс астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының төрағасы дауыс беру нәтижелерін жариялағаннан кейін жабылады. Астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының төрағасы және санақ комиссиясының төрағасы қол қойған жиналыстың хаттамасы жиналыстың өткізілуін куәландыратын құжат болып табылады, ол бір күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберіледі.".

      85."Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығында:

      кіріспедегі "16-бабының 2) тармақшасына" деген сөздер "17-бабының 3) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы туралы ережеде:

      11-тармақтағы "заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын.

      13-тармақтағы "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "Парламентке" деген сөздер тиісінше "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың", "Құрылтайға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14-тармақтағы "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17-тармақтың 13) тармақшасындағы "Парламенті Палаталарының" деген сөздер "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      18-тармақтағы "Республикасы Парламент Мәжілісінің" деген сөздер "Республикасының Құрылтайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20-тармақтағы "Парламент Палаталарының" деген сөздер "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын.

      86. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексінде:

      2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кодекс құқық қорғау қызметінің беделін, Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекетке деген сенімін нығайтуға, құқық қорғау қызметінде өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және парасаттылық атмосферасын құруға, қызметкерлердің мінез-құлқының бірыңғай адамгершілік-моральдық негізін қамтамасыз етуге, қызметкерлердің өз лауазымдық міндеттерін орындауының тиімділігін арттыруға ықпал етуге арналған, сондай-ақ қызметкерлердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.";

      7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге;";

      8-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) моральдық-психологиялық төзімді, ұстамды болуға, субординацияны сақтауға, әріптестерімен ізеттілік қарым-қатынаста болуға, жеке тұлғалармен қарым-қатынаста сыпайылық пен зейінділік танытуға;".

      87. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 106 Жарлығында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелердің – мемлекеттік мекемелердің (соттар әкімшілерінің) атауы осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес өзгертілсін.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі (бұдан әрі – Сот әкімшілігі) – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, астанада, облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – департаменттер) бар жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы.";

      13-тармақтың 1) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерде тексеру жүргізу;";

      14-тармақтың отыз екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "соттардың инфрақұрылымын дамыту, соттардың, Сот әкімшілігінің және астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелердің ғимараттары мен үй-жайларының құрылысын, оларды жөндеуді және техникалық жарақтандыруды ұйымдастыру;".

      88. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесті құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 115 Жарлығында:

      кіріспедегі "44-бабының 20) тармақшасына" деген сөздер "46-бабының 21) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі".

      89. "Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 30 мамырдағы № 238 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үйлестіру кеңесі – Бас прокуратураның, бас әскери және көлік прокуратураларының, облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген (астана және республикалық маңызы бар қалалар) прокуратуралардың жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган.";

      3-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қылмыскерлікке және басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы күреске бағытталған заңнаманы қолданудың бірыңғай практикасын қалыптастыру. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған заңнаманы жетілдіру туралы ұсыныстарды тұжырымдау және Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Құрылтайына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;

      5) тексеру жүргізу және құқық бұзушылықтар мен қылмыскерлікке қарсы іс-қимылды ұйымдастыруда жергілікті мемлекеттік органдарға практикалық көмек көрсету үшін өңірлерге жасалатын бірлескен сапарлар;";

      8-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Хатшылыққа бас әскери және көлік прокуратураларының, облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген (астана және республикалық маңызы бар қалалар) прокуратуралардың жанындағы үйлестіру кеңестерінің қызметін бақылау жүктеледі.";

      13-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Осы Ереже – бас әскери және көлік прокуратураларының, облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген (астана және республикалық маңызы бар қалалар) прокуратуралардың жанындағы тұрақты жұмыс істейтін үйлестіру кеңестері туралы ережелерді дайындау кезінде үлгілік құжат.

      Облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген (астана және республикалық маңызы бар қалалар) прокуратуралардың жанындағы үйлестіру кеңестерінің отырыстарына оларға қатысты мәселелерді қарау кезінде өңірлердің және гарнизондардың әскери прокурорларын, сондай-ақ өңірлік көлік прокурорларын тартуға жол беріледі.".

      90. "Ел экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 404 Жарлығында:

      кіріспедегі "44-бабының 21) тармақшасына" деген сөздерді "46-бабының 22) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "61-бабына" деген сөздер "60-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      91. "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 8 мамырдағы № 542 Жарлығында:

      2-тармақтың 3) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Президенті" деген сөздермен ауыстырылсын.

      92. "Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 861 Жарлығында:

      кіріспедегі "17-1-бабы" деген сөздер "20-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі туралы ережеде:

      бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілеріне", "заңнамалық актілерімен" "заңнамалық актілерінде" деген сөздер тиісінше "заңдарына", "заңдарымен" "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын.

      93. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 879 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссияның ережесі және жұмыс тәртібінде:

      2-тармақтағы "заңнамалық актілерін" деген сөздер "заңдарын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Құрылтайының бейіндік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)".

      94. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 880 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда:

      2-тармақта:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Республикалық бюджет және астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттері жобаларына олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы";";

      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерінің жобаларына олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      қырық бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерінің жобаларына олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларымен толықтырылсын.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларына олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерінің жобаларына олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерінің жобаларына олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиясының (бұдан әрі – тексеру комиссиясы) астана, облыс, республикалық маңызы бар қала бюджетінің жобасын оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау (бұдан әрі – бюджет жобасын бағалау) жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Бюджет жобасын бағалау жоспарлы кезеңге арналған астана, облыс, республикалық маңызы бар қала бюджеті жобасы (бұдан әрі – бюджет жобасы) көрсеткіштерінің негізділігіне, бюджет жобасын әзірлеу үшін нормативтік құқықтық және әдістемелік базаның бар-жоғы мен жеткілікті болуына талдау жүргізуді, сондай-ақ тексеру комиссиясы әзірлеген ұсынымдары бар бюджет жобасын бағалау нәтижелерін (бұдан әрі – бағалау бойынша қорытынды) жасауды және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органына және тиісті мәслихатқа ұсынуды көздейді.";

      7-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың орта мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) астананы, облысты, республикалық маңызы бар қаланы дамыту жоспарларының жобаларын (астананы, облысты, республикалық маңызы бар қаланы дамыту жоспарларына өзгерістер мен толықтыруларды) және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қорытындысы;";

      9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бағалау бойынша негізделген және анық қорытындының астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына және тиісті мәслихатқа уақтылы ұсынылуын;";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бюджет жобасын бағалау жоспарланатын шығыстардың астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына; шығыстардың, соның ішінде жоғары тұрған бюджеттен жалпы сипаттағы трансферттер түрінде берілетін қаржыландыру көлемі ескеріле отырып қалыптастырылатын шығыстардың басым бағыттарына; Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын бағалау нәтижелеріне; жергілікті атқарушы органдардың есепті қаржы жылғы астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерінің атқарылуы туралы есебіне тексеру комиссиялары берген тұжырымдар мен ұсынымдарға сәйкестігі тұрғысынан жүргізіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Тексеру комиссиясы әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарлары мен астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарлары көрсеткіштерінің экономикалық және бюджеттік жоспарлау көрсеткіштерімен өзара байланысын, қол жеткізілген нәтижелердің Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларының ережелеріне және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін қамтамасыз етуді:

      1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері;

      2) мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың ақпараты бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептер, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларын бағалау негізінде бағалайды.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган заңнамада белгіленген мерзімде астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын тексеру комиссиясына бір мезгілде ұсына отырып, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жібереді.";

      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жоспарлы кезеңге арналған шығыстарын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджет комиссиясының (бұдан әрі – бюджет комиссиясы) мүшелеріне жіберу кезінде оны бюджет комиссиясының қарауының жоспар-графигін;";

      18-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Президентінің және (немесе) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған тапсырмаларын жібереді.";

      20-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Тексеру комиссиясы бюджет жобасына бағалау жүргізу кезінде бюджет жобасы шығыстарының жалпыұлттық басымдықтарға, жергілікті бюджет шығыстарының басым бағыттарына, ең төмен стандарттарға, елді мекендер үшін өңірлік стандарттар жүйесіне, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларын бағалау нәтижелеріне, тексеру комиссиясының есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебіне берген тұжырымдары мен ұсынымдарына сәйкестігіне назар аударады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала бюджетінің жобасын алдын ала бағалау нәтижелері жергілікті бюджет жобасы тексеру комиссиясына енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына және тиісті мәслихатқа ұсынылады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тексеру комиссиясына астана, облыс, республикалық маңызы бар қала бюджеті бекітілгеннен кейін отыз жұмыс күні ішінде астана, облыс, республикалық маңызы бар қала бюджетінің жобасын бағалау бойынша қорытындыда көрсетілген ұсынымдарды орындау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпарат жібереді.".

      95. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 932 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің құрамында (лауазым бойынша):

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы (келісім бойынша)";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      2-тармақтағы "заңнамалық актілерін" деген сөздер "заңдарын" деген сөзбен ауыстырылсын.

      96. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 14 шiлдедегi № 944 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі туралы Ережеде:

      12-тармақтағы "заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңдарымен" деген сөзбен ауыстырылсын.

      97. "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 31 қазандағы № 1070 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдарының тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 17, 18 және 19-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Облыстың прокуроры және оған теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурор;

      18. Облыс прокурорының және оған теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурордың бірінші орынбасары;

      19. Облыс прокурорының және оған теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурордың орынбасары;";

      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 5, 6, 7, 8, 9 және 10-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың Көліктегі полиция департаментінің бастығы;

      6. Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары;

      7. Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары;

      8. Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың Көліктегі полиция департаментінің қалалық, аудандық, желілік полиция басқармасының (бөлімінің) бастығы;

      9. Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы;

      10. Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары;";

      "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 5, 6 және 7-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары;

      6. Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;

      7. Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың Төтенше жағдайлар департаментінің қалалық, аудандық (қаладағы аудандық) төтенше жағдайлар басқармасының бастығы.".

      98. "Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы № 1081 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары осы Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      99. "Инвесторлардың құқықтарын қорғау және активтерді қайтару саласында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 1125 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережеде:

      12-тармақтағы "заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңдарымен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      14-тармақта:

      1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жүктелген функциялар мен міндеттер шегінде астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы инвестициялық прокурорлардың қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;";

      2) тармақшаның оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комитет қызметкерлерінің және астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы инвестициялық прокурорлардың мінез-құлық әдебі нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;";

      15-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы инвестициялық прокурорлардың қызметін ұйымдастыру;".

      100. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 1251 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда:

      1-тармақтың қырық төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-1) цифрлық теңгені шығару, айналысқа енгізу және өтеу;".

      101. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 2 мамырдағы № 1258 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда:

      1-тармақтың он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік органдар мен ұйымдардың цифрлық жүйелерінен көрсетілген мемлекеттiк органдар бірлескен нормативтік құқықтық актілерде, ал ұйымдар келісімдерде белгіленген тəртіппен беретін цифрлық ресурстарды қоса алғанда, ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындауға қажеттi ақпаратты өтеусiз жəне заңдарда коммерциялық, банктiк жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəлiметтердi жария етуге қойылатын белгiленген талаптарды сақтай отырып алу;".

      102. "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына автомобиль көлiгiмен қызмет көрсету тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 16 қаңтардағы № 2775 өкімінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарына автомобиль көлiгiмен қызмет көрсету тәртiбi туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 51-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарына автомобиль көлiгiмен қызмет көрсету тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiліп отыр).";

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына автомобиль көлігімен қызмет көрсету тәртібі туралы ереже осы Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      103. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкімінде:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртiбi туралы нұсқаулықта:

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өзге мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсынуды Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының Құрылтайы, Yкiметi, министрліктер, агенттіктер, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар енгізеді.";

      4-тармақтың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Награда қағазы (№ 2 нысан) ана мен балалардың жеке құжаттарының негізінде толтырылады, ал хабарсыз кеткен немесе "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Заңның 28-бабында көрсетілген жағдайларда қаза тапқан балаларға тиісті органдардың анықтамалары немесе басқа да растайтын құжаттары ұсынылады. Егер көпбалалы ананың баласы шет мемлекеттің азаматы болса, награда қағазына оның құжаттарды жинау кезінде түсірілген 3x4 көлемді түрлі-түсті фотосуреті қоса жалғанады, ал ол 18 жасқа толған кезде шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың толық түрлі-түсті көшірмесі де қоса беріледі.";

      6-тармақта:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларының төрағаларына – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы;";

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "орталық мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың бірінші басшыларына, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдері мен мәслихаттарының төрағаларына Қазақстан Республикасының Құрылтайы мен Үкіметі ұсынымдар енгізеді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды марапаттау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар береді.";

      12-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан және тапсыруы бойынша мемлекеттiк наградаларды:

      - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы;

      - астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдері, министрлер, Қазақстан Республикасының елшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті осыған уәкілеттік берген басқа адамдар да тапсыра алады.".

      104. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкімінде:

      кіріспедегі "44-бабының 20) тармақшасына" деген сөздер "46-бабының 21) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Кеңес төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының құқықтық саясат саласындағы жұмысты үйлестіретін орынбасары, Кеңес төрағасы";

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Құрылтайының бейіндік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)";

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық" деген сөз "заңдарды" деген сөзбен ауыстырылсын.

      105. "Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 190 өкімінде:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің, гранты иегері куәлігінің және Алғысының сипаттамаларында:

      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Диплом мәтіні "Alina Pure 9005" (күрең қызыл) қағазынан әзірленген паспартумен жиектеледі, оның жоғары бөлігінің орта тұсында алтынмен зерленген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналасқан. Диплом мәтіні қазақ тілінде қызыл-күрең бояумен цифрлық тәсілмен мынадай редакцияда басылады:";

      7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Куәліктің мәтіні "Alina Pure 9006" (қаракөк) қағазынан әзірленген паспартумен жиектеледі, оның жоғары бөлігінің орта тұсында алтынмен зерленген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналасқан. Куәліктің мәтіні қазақ тілінде қаракөк бояумен цифрлық тәсілмен төмендегідей редакцияда басылады:";

      10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Алғыс мәтіні "Alina Pure 9004" (қою жасыл) қағазынан әзірленген паспартумен жиектеледі, оның жоғары бөлігінің орта тұсында алтынмен зерленген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналасқан. Алғыс мәтіні мемлекеттік тілде қою жасыл бояумен цифрлық тәсілмен мынадай редакцияда басылады:".

      106. "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 98 өкімінде:

      кіріспедегі "19-бабының 10) тармақшасына" деген сөздер "22-бабының 8) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері үйлестіру кеңесінің лауазымдық құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының арнайы мақсаттағы бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының арнайы мақсаттағы бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары;".

      107. "Қазақстан Республикасының Президенті, оның Әкімшілігі және Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмысының регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 155 өкімінде:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мыналардың:

      Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырыстарына – егер Қазақстан Республикасы Құрылтайының Регламентінде өзгеше көзделмесе, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының;

      Қазақстан Республикасының Құрылтайы комитеттерінің отырыстарына – мемлекеттік органдардың бірінші басшылары орынбасарларының, қажет болған жағдайда, мемлекеттік органдардың қаралатын мәселелер құзыретіне жататын өзге де басшы лауазымды адамдарының;

      Қазақстан Республикасы Құрылтайының жұмыс топтарына – орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының, жергілікті атқарушы органдардың басқармалары басшыларының, қажет болған жағдайда, мемлекеттік органдардың қаралатын мәселелер құзыретіне жататын өзге де басшы лауазымды адамдарының қатысуын қамтамасыз етсін.";

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті, оның Әкімшілігі және Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмысының регламентінде:

      "сейсенбі" деген жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "- Президенттің Қазақстан Республикасы Құрылтайының (бұдан әрі – Құрылтай) Төрағасы мен депутаттарын қабылдауы;

      - Үкімет отырысы";

      Қазақстан Республикасының Президенті, оның Әкімшілігі және Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмысының регламентіне ескертпенің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Құрылтайдың отырыстары оның жұмыс регламентіне сәйкес өтеді;".

      108. "Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің жанындағы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 277 өкімінде:

      кіріспедегі "20-бабына" деген сөздер "25-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің жанындағы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы туралы ережеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. ВАЖТ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.".

  Қазақстан Республикасы
Президентінің кейбір
актілеріне енгізілетін өзгерістер
мен толықтыруларға
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 2 мамырдағы
№ 67 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиялары штат санының лимиттері

Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар

Штат санының лимиттері (оның ішінде тексеру комиссиясының төрағасы және төрт мүшесі)

Астана қаласы

31

Абай

31

Ақмола

45

Ақтөбе

39

Алматы

35

Атырау

30

Шығыс Қазақстан

35

Жамбыл

39

Жетісу

29

Батыс Қазақстан

31

Қарағанды

37

Қостанай

46

Қызылорда

33

Маңғыстау

22

Павлодар

35

Солтүстік Қазақстан

39

Түркістан

51

Ұлытау

22

Алматы қаласы

38

Шымкент қаласы

31

ЖИЫНЫ:

699

  Қазақстан Республикасы
Президентінің кейбір актілеріне
енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 5 қарашадағы
№ 1081 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ, ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ

Мазмұны

Кіріспе

1

1-тарау.

Ішкі саясаттың мақсаты мен қағидаттары

3

2-тарау.

Жалпыұлттық құндылықтар және нышандар

5

3-тарау.

Ішкі саясаттың басым бағыттары

8

4-тарау.

Ішкі саясатты іске асырудың институционалдық негізі

11

Қорытынды

13

Кіріспе

      Ішкі саясат – мемлекеттік саясаттың аса маңызды, елді орнықты дамыту мақсатында мемлекеттік институттарды жұмылдыруға және нығайтуға бағытталған саласы.

      Әлемде геосаяси, экономикалық, климаттық, демографиялық және көші-қон факторларынан туындайтын түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жаппай цифрландыру ісінің және жасанды интеллектінің негізінде жаңа технологиялық тәртіп қалыптасып келеді. Бұл процестер қазіргі заманғы қоғамның әлеуметтік құрылымына, соның ішінде Қазақстанға едәуір ықпалын тигізуде.

      Еліміздің жан-жақты жаңғыруына байланысты ішкі саясаттың негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бір жүйеге келтіретін жекелеген тұжырымдамалық құжат қабылдау қажеттігі туындады.

      Қазақстан барлық салада ауқымды реформалар жүргізуде. Азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, өзінің өңірдегі көшбасшылық рөлін сақтауға және халықаралық деңгейде тұғырын бекемдеуге бағытталған жаңа экономикалық саясатты іске асыруда.

      Әлеуметтік-гуманитарлық салада ауқымды өзгерістер жүзеге асырылып жатыр. Ғылым, білім және мәдениет озық ойлы ұлт болуға ықпал ететін басты үш тірек ретінде жарияланды.

      Цифрлық егемендік, дербес деректерді қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, жасанды интеллектіні қоғам мен азаматтардың мүддесінде жауапкершілікпен пайдалану мәселелері ерекше маңызға ие.

      2026 жылғы жалпыхалықтық референдум – еліміздің жаңа тарихындағы айтулы оқиға, онда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

      Ата Заңның күшіне енуі жаңа тарихи кезеңнің бастауы болып, заманауи әрі серпінді мемлекеттік-саяси даму үлгісіне жол ашып, жаңашыл қоғамдық этиканы қалыптастыру үшін берік негіз қалады.

      Ата Заңның кіріспесінде, негізгі бөлімдері мен баптарында ұлттық бірегейлігіміз, қоғамдық құндылықтарымыз және мемлекеттік қағидаттарымыз айқын көрініс тапқан, мұны берік ұстануға тиіспіз. Жаңадан қабылданған Конституцияда технологиялық тұрғыдан дамыған, озық мемлекеттің, кез келген жаһандық сын-қатерге төтеп беруге қабілетті Қазақстанның болашақ бейнесі сомдалған.

      Конституциялық құндылықтар мен қағидаттарды ілгерілету әрі қорғау –ішкі саясаттың жаңа кезеңде елді жүйелі жаңғыртудағы басты міндеті.

      Бұл құжат ел дамуының келешегіне қатысты мемлекет пен қоғамның ортақ көзқарасын қалыптастыруға септігін тигізеді.

      Құжаттың нормативтік және құқықтық негізі – Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері.

      Құжат Президенттің Қазақстан халқына Жолдаулары мен Қазақстан Республикасы Президентінің сөйлеген сөздері, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары негізінде, Ұлттық құрылтай мүшелерінің, мемлекеттік органдардың, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың ұсыныстары ескеріле отырып әзірленді.

      Ұсынылған басты қағидаттар, құндылықтар мен бағыттар негіздемелік сипатқа ие болып, мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы жұмысын ұйымдастыратын маңызды бағдарлар мен тәсілдерді ғана анықтайды.

1-тарау. Ішкі саясаттың мақсаты мен қағидаттары

      1. Ішкі саясаттың мақсаты

      Ішкі саясаттың мақсаты – мемлекеттілігімізді және ел бірлігін нығайту, конституциялық құндылықтар мен қағидаттарды қорғау және насихаттау, елді тұрақты дамыту үшін қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету.

      Басты идея – баршаға бірдей мүмкіндік беретін ашық, қуатты және дамыған ел, жауапты әрі өркениетті қоғам – Әділетті Қазақстанды құру.

      Оны жүйелі жүзеге асыру үшін ішкі саясаттың "Заң мен Тәртіп", "Халық үніне құлақ асатын мемлекет", "Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт", "Күшті Президент – Ықпалды Құрылтай – Есеп беретін Үкімет", "Адал азамат", "Таза Қазақстан" сияқты қағидаттары қалыптастырылды.

      Мемлекет құру ісінің осы әмбебап қағидаттары ауқымды қоғамдық диалог жағдайында ұлтты одан әрі ұйыстыруға бағытталған.

      2. Ішкі саясаттың қағидаттары

      "Заң мен Тәртіп" қағидаты

      "Заң мен Тәртіп" қағидаты – құқықтық мемлекеттің іргетасы, азаматтардың қоғамдық және жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі алғышарт.

      Барша азаматтың заң алдында тең болуы, заң бұзған адамның жазасыз қалмауы, жоғары құқықтық мәдениет қоғамдағы әділеттіктің негізі әрі өлшемі саналады.

      Бұл қағидат соттардың және құқық қорғау құрылымдарының тиімді жұмыс істеуі, цифрлық технологияларды, жасанды интеллектіні енгізу арқылы құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру және құқық қорғау жүйесіне қоғамның сенімін арттыру жолымен жүзеге асады. Цифрлық кеңістікте заңдылықты қамтамасыз етуге және азаматтарды киберқауіптерден қорғауға ерекше көңіл бөлінеді.

      Заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар мен азаматтардың күш-жігерін жұмылдыру қажет.

      "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидаты

      "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатының түпкі мәні – азаматтардың талап-тілегіне әділ және уақтылы ден қою, мемлекет пен қоғам арасында тұрақты әрі жүйелі диалог орнату.

      Іс жүзінде бұл қағидат тікелей диалог, яғни, мемлекеттік органдар басшыларының халықпен кездесуі, сарапшылардың пікірталас алаңы, өкілді және консультативтік-кеңесші органдар арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ашық үкімет порталы, "Е-petition" онлайн-петициялар институты, азаматтар өтініш білдіретін "Е-Otinish" порталы сияқты пәрменді цифрлық байланыс арналары іске қосылуда.

      Осындай ашық әрі нысаналы жұмыс мемлекеттік институттар мен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.

      "Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт" қағидаты

      "Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт" қағидаты барлық мемлекеттік шешімдер қоғамның пікірі ескеріле отырып, елдің мүддесі үшін инклюзивті тәсіл аясында қабылданады дегенді білдіреді.

      Бұл қағидат азаматтардың референдум мен сайлауда дауыс беруі, диалог аландары мен консультативтік-кеңесші органдардың жұмысы, қоғамдық пікірді тұрақты зерделеу арқылы жүзеге асырылады.

      Азаматтардың ортақ ұстанымына негізделген әділ әрі тиімді шешімдер мемлекеттігіміздің демократиялық тұғырын нығайтуға және елімізді орнықты дамытуға ықпал етеді.

      "Күшті Президент – Ықпалды Құрылтай – Есеп беретін Үкімет" қағидаты

      "Күшті Президент – Ықпалды Құрылтай – Есеп беретін Үкімет" қағидаты биліктің осы институттарының өзара үйлесімді әрекет жасайтынын білдіреді.

      Президент институты – мемлекеттік басқару жүйесінің ең негізгі элементі және стратегиялық шешімдер қабылдау орталығы. Мемлекет басшысы реформалар жасау туралы бастама көтереді, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды.

      Құрылтай азаматтардың мүддесін білдіре отырып, қоғамдағы өзекті мәселелердің кеңінен талқылануын қамтамасыз етеді және заңдар қабылдайды.

      Үкімет атқарушы органдар жүйесін басқарып, реформалардың тиімді іске асырылуына жауапты болады.

      Бұл басқару моделі билік тармақтары арасындағы оңтайлы тепе-теңдік сақталған әділ мемлекеттік құрылымның жаңа институционалдық дизайнын қалыптастырады.

      "Адал азамат" қағидаты

      "Адал азамат" – азаматтардың мінез-құлқы мен жүріс-тұрысының озық үлгісін қалыптастыруды және оны қоғамда орнықтыруды көздейтін қағидат. "Адал азамат" – заңды сыйлайтын, білімді, отаншыл, жауапкершілікті сезінетін, саламатты өмір салтын ұстанатын, адал еңбегімен табысқа жетіп, қоғамда сый-құрметке бөленетін азамат.

      "Адал азамат" қағидаты отбасынан бастау алады. Отбасы – тұлға дамып өрбіген, өзара жауапкершілік, өзара құрмет, ұрпақтар сабақтастығы іспетті құндылықтар қалыптасатын орта.

      Іс жүзінде бұл қағидат білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие үдерісі, ауқымды ағарту жұмысы, мәдени-гуманитарлық, экологиялық жобалар, заңнамалық бастамалар, сондай-ақ, саламатты өмір салтын дәріптеу арқылы жүзеге асырылады.

      "Адал азамат" қағидаты озық және әділетті қоғамның негізі болатын құндылықтар мен идеалдарды айқындайды.

      "Таза Қазақстан" қағидаты

      "Таза Қазақстан" қағидаты барша азаматқа ортақ жасампаз ой-сана жүйесін қалыптастырады.

      Тазалық пен тәртіпті сақтау, тарихи-мәдени мұраны қорғау, табиғатты аялау ұлттық мінездің ажырамас сипаты болуға тиіс.

      Бұл қағидат іс жүзінде қалалар мен ауылдарды абаттандыру, көгалдандыру және тазарту, экологиялық ортаны жақсарту, вандализм мен мәдениетсіздікке қарсы күрес ісінде мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіретін "Таза Қазақстан" жалпыұлттық жобасы аясында іске асырылады.

      "Таза Қазақстан" – азаматтардың жауапкершілігін арттыра түсетін және қоғамда жаңа этика қалыптастыратын қағидат.

      Осылайша, ішкі саясаттың осы қағидаттары мемлекеттік құрылыстың бірыңғай бағдарларын айқындайды.

      "Заң мен Тәртіп" – құқықтық мемлекеттің негізі.

      "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" – өзара іс-қимыл құралы.

      "Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт" – өзара түсіністік орнату жолы.

      "Күшті Президент – Ықпалды Құрылтай – Есеп беретін Үкімет"– басқару үлгісі.

      "Адал азамат" – ойлау пайымы.

      "Таза Қазақстан" – мінез-құлық пен жүріс-тұрыс этикасы.

      Бұл қағидаттың барлығы Қазақстан қоғамына тән өмір салтының және ел болашағының бейнесі – Әділетті Қазақстанның бірыңғай формуласын құрайды.

      Әділетті Қазақстан – заң үстемдігі берік орнаған, демократиялық институттары мықты дамыған, адам мен азаматтың конституциялық құқығы және бостандығы мүлткісіз қорғалатын унитарлы мемлекет.

      Әділетті Қазақстан – келешек ұрпақ алдындағы жоғары жауапкершілігін сезінетін, елдің дамуына елеулі үлес қосатын еңбекқор азаматтар қоғамы.

      Бұл – тарихи тұғырына нық орнығып, алға ұмтылған озық ойлы қоғам. Қазақстан болашақта технологиялық тұрғыдан дамыған ел болуды көздейді.

      Әділетті Қазақстан – жайлы өмір сүру, қызмет бабында өсу және бизнес жүргізу үшін баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекет. Бұл экономикасы барлығы жағынан инновацияға, ауқымды цифрландыру үдерісіне негізделген және жасанды интеллект технологиясы жаппай енгізіліп жатқан, қарқынды дамитын ел. Бұл – азаматтардың әл-ауқаты мен тіршілігі сапасын арттыруға басты басымдық беретін мемлекет.

      Әділетті Қазақстан – инвестиция мен адам капиталын тартатын өңірлік орталық. Өзінің ұлттық мүдделерін ойдағыдай ілгерілететін, бейбітшілікке әрі барлық елдермен достық қарым-қатынасты қолдайтын, әділ әрі орнықты әлемдік тәртіптің қалыптасуын қолдайтын орта держава.

2-тарау. Жалпыұлттық құндылықтар және нышандар

      1. Жалпыұлттық құндылықтар

      Кез келген қоғамда адамдар арасындағы және әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас қашанда белгілі бір ортақ құндылықтарға негізделеді.

      Осы мақсатта Ұлттық құрылтай тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық сияқты негізгі жалпыұлттық құндылықтардың тізбесін жасау туралы бастама көтерді. Сарапшылар мен азаматтардың ұсыныстарына, қоғам пікірін жүйелі зерделеу қорытындысына, пәнаралық зерттеуге негізделген осы тізбеде дәстүрлі, жалпы адамзатқа ортақ және заманауи құндылықтар үйлесім тапқан.

      Еліміздің Конституциясында бекітілген бұл құндылықтар жүйесі саяси және идеологиялық көзқарасына, экономикалық және мәдени факторларға, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, Қазақстанның барша азаматына ортақ.

      Қоғамдағы әмбебап құндылықтар жүйесі – ішкі саясат саласындағы жұмыстың негізі.

      Тәуелсіздік және отаншылдық.

      Қазақстанның Тәуелсіздігі мен Егемендігі – ішкі және сыртқы мәселелерді өзіміз дербес шешу мүмкіндігімізді көрсететін іргелі құндылық. Бұл – ел бірлігінің және мемлекеттігіміздің қастерлі нышаны, оның мән-маңызын Президентіміз "Еліміздің Егемендігі мен Тәуелсіздігі – біздің ең басты қасиетті құндылығымыз" деген бір ауыз сөзімен айқындап берді.

      Қазақстандық патриотизм мемлекетке, оның рәміздері мен ұлттық мәдениетіне құрметпен қарау, табиғатты аялау, еліміздің тарихи және рухани құндылықтарын қадірлеу, Отанымыздың бүгіні мен болашағына жауапкершілікпен қарау деген мағынаны білдіреді. Азаматтардың отаншылдық қасиеті еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және мәдени үдерістерге белсене атсалысу, Қазақстанның жалпыұлттық құндылықтарын ұстану арқылы көрініс табуға тиіс.

      Тәуелсіздік пен жасампаз отаншылдық бір-бірінен ажырамас ұғымдар. Олар біздің қоғамның құндылықтар жүйесінің іргетасы саналады. Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген жетістіктерімізді мемлекеттің және жауапкершілігі мол отаншыл азаматтардың жасампаз қызметі арқылы ғана сақтап, еселеуге болады.

      Бірлік және ынтымақ

      Бірлік және ынтымақ – қоғамдағы тұрақтылық пен үйлесімділіктің тұғыры саналатын құндылықтар, жаңа сын-қатерлер жағдайында олардың өзектілігі арта түседі.

      Ел бірлігін сақтау және нығайту саясаты "Бірлігіміз – әралуандықта" деген қағидаға арқа сүйейді.

      Ел бірлігі тарихи тағдырдың ортақтығына, азаматтық құндылықтар мен жалпыұлттық бірегейлікке, барлық азаматтың озық дәстүрлерді ұстануына, заң алдыңдағы теңдігіне, деструктивті, радикалды және біздің қоғамға жат көзқарастарды қабылдамауына негізделеді.

      Ынтымақ – баршамыздың бір елдің азаматы екенімізді сезіндіретін ұғым, ол ортақ мақсаттарға жету үшін бір-бірімізді қолдаудың және жауапкершіліктің маңызды екенін білдіреді.

      Бірлік және ынтымақ құндылықтары елді жүйелі жаңғырту ісінде айрықша рөл атқарады, қоғамның реформаларды қолдау және азаматтардың стратегиялық міндеттерді шешуге атсалысу мүмкіндігін кеңейте түседі.

      Әділдік пен жауапкершілік

      Әділдік және жауапкершілік – қоғамда өзара сыйластықты, сенім мен келісімді нығайтатын, бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар.

      Әрбір азамат өзінің рөлі маңызды екенін және жеке жауапкершілігін, құқықтары мен міндеттерін сезіне білуі керек. Бұл – шын мәнінде, орнықты, қарқынды дамитын және үйлесімді қоғам құрудың негізгі шартының бірі.

      Әділдік пен жауапкершілік құндылықтары мемлекет пен азаматтар күш-жігерін біріктірсе ғана Әділетті Қазақстанды құруға болатынын көрсетеді.

      Заң мен Тәртіп

      Тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заң бұзған адамды тиісті жазаға тарту – мемлекеттің негізгі функциялары.

      Елімізде қоғамға жат мінез-құлыққа қарсы иммунитет, кез келген құқық бұзушылыққа "мүлдем төзбеу", қатігездік пен зорлық-зомбылықтың ешбір түріне жол бермеу сияқты ұстанымдар берік орнығып жатыр.

      Әрбір азамат заң мен тәртіпті мүлтіксіз сақтау өзінің әл-ауқатын жақсартудың және қоғамдық мәдениет пен еліміздің өсіп-өркендеуінің кепілі екенін түсінуге тиіс.

      Заң мен құқықтық тәртіптің үстемдігі – тұрақты әрі өркениетті мемлекеттің тірегі.

      Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

      Қоғамда, әсіресе өскелең ұрпақтың санасында "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" формуласы берік орнығып келеді. Бұл – жауапты, еңбекқор, өз ісін сүйетін адам ғана шынайы табысқа қол жеткізе алады дегенді білдіреді.

      Жұмысшы мамандықтарының беделін көтеріп, еңбек адамына құрметпен қарау әрі жеке кәсіби біліктілікті бағалау, масылдыққа қарсы әрекет ету мәдениетін қалыптастыру қажет.

      Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік құндылықтарын дәріптеу ел экономикасын дамыту үшін ғана емес, озық ойлы әрі бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру үшін де маңызды.

      Жасампаздық пен жаңашылдық

      Жасампаздық пен жаңашылдық – идеялар мен инновациялар, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект басты қозғаушы күш саналатын, индустриялық тұрғыдан дамыған әлемде еліміздің бәсекеге қабілетті болуының кепілі.

      Озық ойлы қоғам құру үшін азаматтарымыздың өзгерістерге ашық болуы, жасампаздыққа ұмтылуы және креативті ойлай білуі маңызды.

      Білімпаздық, сауаттылық, парасаттылық пен прагматизм қоғам менталитетінің ажырамас бөлігіне және әрбір азаматтың тұлға ретінде өсіп-жетілуінің негізгі факторына айналуға тиіс.

      Жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарын ілгерілету үшін ағартушылық қызмет және қоғамда ғалымдар мен педагогтердің мәртебесін дәйекті түрде көтеруге бағытталған жұмыс маңызды рөл атқарады.

      Зерделі ұлт қалыптастыру – қоғамның зияткерлік және мәдени әлеуетін нығайтудың, адами капиталды дамытудың маңызды шарттарының бірі.

      Қазақстанның технологиялық тұрғыдан дамыған ел болуы үшін жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарын қоғамда бүгіннен бастап орнықтыру қажет.

      2. Жалпыұлттық нышандар

      Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен Егемендігін білдіретін мемлекеттік рәміздер. Ел валютасы – теңге экономикалық тәуелсіздіктің символы.

      Елдің тарихи-мәдени ерекшеліктерін айқындайтын ұлттық нышандардың тізімін жасау – әлемде кеңінен қолданылатын тәжірибе.

      Ұлттық нышандар елдің өзіне тән ерекшелігін көрсетеді, Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын дәлелдейді, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтуға және тарихи-мәдени мұрамызды сақтауға ықпал етеді.

      Осы мақсатта жалпыұлттық нышандардың мынадай тізімі айқындалады:

      ұлттық ұран – "Алға, Қазақстан!";

      ұлттық түстер – аспан түстес көк, алтын сары түс;

      ұлттық кітап нышаны – Абайдың "Қара сөздері";

      ұлттық бірлік нышаны – шаңырақ;

      ұлттық музыкалық аспап нышаны – домбыра;

      ұлттық өсімдік нышаны – қызғалдақ;

      отандық өнім шығарудың ұлттық белгісі – "Қазақстанда жасалған", "Made in Kazakhstan";

      ұлттық хэштег – #Qazaqstan, #Kazakhstan.

      Жалпыұлттық нышандардың осы тізімі елдің бірыңғай нышандар жүйесін және брендін қалыптастырады.

      Ұлттық нышандар жалпыұлттық айдентиканың, атап айтқанда, мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің, білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің, азаматтық қоғам институттарының базалық элементтеріне айналуға тиіс.

      Ұлттық нышандар салтанатты рәсімдерді, қоғамдық-саяси, гуманитарлық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу барысында қолданылуы мүмкін.

3-тарау. Ішкі саясаттың басым бағыттары

      Ішкі саясаттың басым бағыттары:

      1) қоғамдық диалог;

      2) этносаралық қатынас саласындағы саясат;

      3) дін саласындағы саясат;

      4) мәдени-гуманитарлық саясат;

      5) отбасы саясаты;

      6) жастар саясаты;

      7) ақпараттық саясат.

      Қоғамдық диалог

      Ашық және тұрақты қоғамдық диалог орнату үшін:

      мемлекеттің азаматтық қоғамның барлық институтымен өзара байланыс орнату тетігін жетілдіру;

      азаматтық қоғам институттарын дамытуға қажетті құқықтық, экономикалық және басқа да жағдайларды жасау;

      шешім қабылдау ісіне азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының барынша араласуы;

      Қазақстан Халық Кеңесін Қазақстан Республикасы халқының мүдделерін білдіретін жоғары консультативтік орган ретінде дамыту;

      қоғамдық кеңестер мен орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жанындағы өзге де консультативтік-кеңесші органдардың қызметін жетілдіру;

      мемлекеттік органдар жұмысының айқын және ақпараттық тұрғыдан ашық болуын қамтамасыз ету;

      қоғамдық пікірге үнемі мониторинг жүргізу қажет.

      Этносаралық қатынас саласындағы саясат

      Этносаралық қатынас саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету үшін:

      бірлік пен ынтымақтастық құндылықтарын қоғамда дәріптеу;

      қоғамдағы этносаралық келісім мен толеранттықты нығайту;

      ұлтына, нәсіліне және басқа да белгілер бойынша кемсітудің барлық түріне түбегейлі қарсы тұру;

      мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласында өзара тиімді іс-қимыл жасауы;

      этносаралық қатынас саласындағы ахуалға сапалы мониторинг жүргізу және талдау жасау қажет.

      Дін саласындағы саясат

      Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету үшін:

      мемлекетті дамыту ісінде зайырлылық қағидаттарын тұрақты түрде ілгерілету, оның ішінде білім беру және тәрбиелеу жүйесінің зайырлы сипатта болуын қамтамасыз ету;

      конфессияаралық келісімді және дінаралық толеранттықты нығайту;

      дінді деструктивті мақсаттар үшін пайдалануға және діни наным-сенімді ұстануға біреуді мәжбүрлеуге жол бермеу;

      діни радикализм мен экстремизм насихатына қарсы тұру;

      халықтың діни сауаттылығын арттыру және цифрлық ортадағы деструктивті идеологияларға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру;

      дін саласындағы ахуалға сапалы мониторинг жүргізу және талдау жасау керек.

      Мәдени-гуманитарлық саясат

      Мәдени-гуманитарлық саладағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету үшін:

      қоғамда жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарын, білімге құштарлықты ілгерілету, ғылымды дәріптеу;

      қоғамның құқықтық, қаржылық, саяси, цифрлық, ақпараттық және экологиялық сауаттылығын арттыру;

      мемлекеттік тілді және оның халықты ұйыстырушы тіл ретіндегі әлеуетін дамыту;

      Қазақстандағы барлық этностың тілдерін дамытуға қолайлы жағдай жасау;

      ғылыми, техникалық, көркем шығармашылықты дамыту, сондай-ақ креативті индустрияны қолдау;

      елдің тарихи-мәдени және деректер мұраларын сақтау;

      ономастика және тарихи-мәдени монументтік өнер саласындағы рәсімдерді жетілдіру;

      тіл саласына, тарих пен ономастика мәселелеріне саяси сипат үстеуге жол бермеу қажет.

      Отбасы саясаты

      Отбасы саясатының тиімділігін қамтамасыз ету үшін:

      дәстүрлі отбасы институтын нығайту және отбасы құндылықтарын қолдау;

      жауапты ата-ана идеясын дәріптеу;

      тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      отбасы саясаты саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру қажет.

      Жастар саясаты

      Жастар саясатының тиімділігін қамтамасыз ету үшін:

      жастардың зияткерлік және жеке әлеуетін дамыту, олардың қоғамдық және экономикалық белсенділігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау;

      отаншылдық тәрбие беру жүйесін дамыту, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды дәріптеу, жауапты азамат болу идеологиясын және Отан тағдырына жанашырлық сезімін күшейту;

      жастарды волонтерлік және басқа да әлеуметтік маңызы бар жобаларға қатысуға ынталандыру;

      жастар арасында жасампаздық құндылықтарын және өмірге деген құлшынысты дәріптеу;

      жастардың жағымсыз қылықтарға, соның ішінде нашақорлыққа, маскүнемдікке, ойынқұмарлыққа, озбырлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, вандализмге, ысырапшылдыққа қарсы тұруы;

      мемлекеттік жастар саясатын әзірлеу және жүзеге асыру үдерісіне жастар өкілдерін белсенді қатыстыру қажет.

      Ақпараттық саясат

      Ақпараттық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету үшін:

      еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

      ағартушылық, ғылыми-танымдық және тәрбиелік мәні бар сапалы контентті дамыту;

      мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл рәсімдерін жетілдіру;

      журналистік этиканың жалпыға ортақ қағидаттарын дәріптеу, ақпарат кеңістігіндегі кез-келген заңсыз әрекеттің таралуына қарсы іс-қимыл жасау;

      деструктивті идеологияның және үгіт-насихаттың, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу;

      масс-медиа саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру қажет.

4-тарау. Ішкі саясатты іске асырудың институционалдық негізі

      Ішкі саясат саласындағы жұмысты үйлестіруге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жауапты болады.

      Орталық деңгейде ішкі саясатты жүзеге асыру ісінде Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Үкімет Аппараты, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Туризм және спорт министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және олардың аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық бөлімшелері басты рөл атқарады.

      Жергілікті жерде ішкі саясатты жүзеге асыруға барлық деңгейдегі әкімдер, сондай-ақ әкімдердің ішкі саясат жөніндегі орынбасарлары және басқа да уәкілетті жергілікті атқарушы органдар жауапты болады.

      Ішкі саясатты жүзеге асыру барысында Қазақстан Халық Кеңесіне, барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестерге және Қазақстан Республикасының Президенті, Құрылтайы, Үкіметі жанындағы басқа да консультативтік-кеңесші органдарға және жергілікті атқарушы органдарға маңызды рөл беріледі.

      Ішкі саясатты жекелеген бағыттар бойынша жүзеге асыру мәселелерімен Қазақстан Республикасы Құрылтайының және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл, Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми, шығармашылық және кәсіби қауымдастықтар мен одақтар өз құзыреттері мен өкілеттіктері аясында мемлекеттік органдармен бірлесіп айналысады.

Қорытынды

      Ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары жалпыұлттық сипатқа ие және оларды барлық мемлекеттік органдар өз қызметінде ескеруге міндетті.

      Ұсынылған тәсілдер қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде негізгі бағдар болады.

      Осы құжаттың ережелерін іске асыру ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, қоғамның және мемлекеттің орнықты дамуын қамтамасыз етуге, әрбір азаматы біртұтас, жауапты және озық ойлы ұлттың өкілі саналатын Әділетті Қазақстанды құруға ықпал етеді".

  Қазақстан Республикасы
Президентінің кейбір актілеріне
енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға
3-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1996 жылғы 16 қаңтардағы
№ 2775 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарына автомобиль көлігімен қызмет көрсету тәртібі туралы ЕРЕЖЕ

      1. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарына автомобиль көлігімен қызмет көрсетуді "Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің көлік шаруашылығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асырады.

      2. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарды қоспағанда, Құрылтай депутаттарына кезекші жеңіл автокөліктермен және автобустармен қызмет көрсетіледі.

      3. Құрылтай Төрағасы мен оның орынбасарларына, сондай-ақ тұрақты комитеттердің төрағаларына оларға дербес бекітілген автокөліктермен қызмет көрсетіледі.

      4. Автокөліктер, депутаттардың Құрылтайдың және оның үйлестіруші әрі жұмыс органдарының тапсырмаларын орындауы үшін шығуын қоспағанда, тек Қазақстан Республикасы астанасының шегінде беріледі.

      5. Осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген Құрылтай депутаттарына айына 75 сағат мөлшерінде автокөлікті пайдалану лимиті белгіленеді.

      6. Кезекші автокөліктер қызметтік сапарлар үшін жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 8:00-ден 15:00-ге дейін, жұмыстан тыс уақытта тек әуежайға, теміржол вокзалдарына немесе автовокзалдарға бару үшін ғана пайдаланылады.

      7. Демалыс және мереке күндері, сондай-ақ қызметтік емес сапарлар үшін автокөлік белгіленген тарифтер бойынша ақылы негізде беріледі.

      8. Құрылтай депутаттарын, Құрылтай Төрағасы мен оның орынбасарларын және тұрақты комитеттердің төрағаларын қоспағанда, жұмыс орнына және тұратын жеріне жеткізу үшін жеңіл автокөліктер мен автобустар беріледі.

      9. "Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті" мемлекеттік мекемесі автокөлік құралдарының санын, жеңіл автокөліктер мен автобустардың қозғалыс бағыттарын айқындайды, автокөлікті пайдаланғаны үшін ақылы қызметтердің тарифтерін белгілейді және оның нысаналы пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 1 шілдедегі
№ 1337 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір актілерінің

ТІЗБЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 414 Жарлығы.

      2. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 420 Жарлығы.

      3. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 414 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 824 Жарлығы.

      4. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің мәртебесі мен өкілеттіктері, Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарын күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 927 Жарлығының 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 8-тармақтары.

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 930 Жарлығы.

      6. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 195 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 23-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 429 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 26 және 29-тармақтары.

      8. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 29 маусымдағы № 591 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 16-тармағы.

      9. "Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 3 наурыздағы № 806 қбп Жарлығы.

      10. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 8 қаңтардағы № 1152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 18-тармағы.

      11. "Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 21 қаңтардағы № 1157 Жарлығы.

      12. "Қазақстан Республикасы Президентінің Арнаулы стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 12 қарашадағы № 4140 Өкімі.

      13. "Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 қазандағы № 250 Өкімі.