Ұлттық валюта - теңге күнi туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3753.

      Ескерту. Тақырыпқа, кіпіспеге орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      1993 жылғы 15 қарашаның Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге енгiзiлген күн ретiндегi тарихи маңызын атап өте отырып, сондай-ақ қаржы жүйесi қызметкерлерiнiң тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етудегi ролiн арттыру мақсатында қаулы етемiн:

      1. 15 қараша Ұлттық валюта - теңге күнi, Қазақстан Республикасының Қаржы жүйесi қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесi болып жариялансын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының

      Президентi