Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 791-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 554 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘСКЕРИ ДОКТРИНАСЫ
1-бөлім. Кіріспе
Ескерту. 1-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.
1. Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы (бұдан әрі - Әскери доктрина) Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз етуге қатысты мемлекетте ресми қабылданған көзқарастар жүйесі болып табылады.
Әскери доктринада Қазақстан Республикасына төнетін ықтимал әскери қатерлерді ескере отырып, мемлекеттік қызметтің әскери-саяси, әскери-стратегиялық және әскери-экономикалық саладағы, мемлекеттің жұмылдыру дайындығы жөніндегі негізгі бағыттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әскери ұйымын дамыту жөніндегі негізгі шаралар айқындалған.
2. Әскери доктрина қорғаныстық сипатта және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау үшін дипломатиялық, саяси, құқықтық, экономикалық және басқа да әскери емес құралдарды басым пайдалануға бейілдігін білдіреді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттің әскери қауіпсіздігін әскери емес құралдармен қамтамасыз ету мүмкіндіктері таусылған кезде әскери күш қолдануды көздейді.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар Әскери доктринаның нормативтік және құқықтық негізін құрайды.
4. Әскери доктринаны әзірлеу қазіргі заманғы жағдайлар мен факторлардың ықпалын ескере отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттің әскери қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз ету саласындағы қызметінің негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігіне негізделген.
Әскери доктринаның ережелері әлемдегі әскери-саяси жағдайдың дамуын бағалау мен болжау нәтижелеріне, әскери жанжалдар сипатындағы және қарулы күрестің мазмұнындағы өзгерістерге негізделеді.
5. Әскери доктринада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әскерлердің (күштердің) жауынгерлік әлеуеті - мақсатына сәйкес міндеттерді орындау бойынша әскерлердің (күштердің) абсолюттік немесе салыстырмалы жауынгерлік мүмкіндіктерін сипаттайтын жинақталған сандық көрсеткіш;
2) алып тасталды – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.3) әскери күш - мемлекеттердің, халықтардың, әлеуметтік топтардың қарсы тұрған тарапқа әскери, сондай-ақ әскери емес құралдармен тікелей немесе жанама ықпал ету және қарулы күрес жүргізу қабілеті;
4) мемлекеттің әскери әлеуеті - мемлекеттің әскери қуатын қалыптастыру және өрістету, әскери ұйымын құру және ұстау, қарулы күрес жүргізу үшін жұмылдырылуы және пайдаланылуы мүмкін оның барынша мүмкіндіктері;
5) әскери қуат - мемлекеттің әскери қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз ету үшін белгілі бір уақыт кезінде іске асырылуы мүмкін әскери әлеуеттің бір бөлігі;
6) әскери жанжал - мемлекеттер, халықтар, әлеуметтік топтар арасындағы қайшылықтарды әскери күшті қолдану арқылы шешу нысаны, бұл кезде мемлекетте соғыс жағдайы (бір бөлігінде немесе барлық аумақта) енгізіледі;
7) төмен қарқынды әскери жанжал - оны шешу үшін мемлекетте ұдайы әзірлікте ұсталатын әскерлердің (күштердің) жауынгерлік әлеуеті жеткілікті болатын әскери жанжал;
8) орташа қарқынды әскери жанжал - оны шешу үшін мемлекеттің өзінің әскери әлеуеті жеткілікті болатын әскери жанжал;
9) жоғары қарқынды әскери жанжал - оны шешу үшін мемлекет құрамында болатын ұжымдық қауіпсіздік ұйымының мүмкіндіктері есебінен оның әскери әлеуетін күшейту талап етілетін әскери жанжал;
10) қарулы жанжал - мемлекеттер, халықтар, әлеуметтік топтар арасындағы ауқымы шектеулі қайшылықтарды әскери күшті қолдану арқылы шешу нысаны, бұл кезде мемлекетте соғыс жағдайы енгізілмейді;
11) ішкі қарулы жанжал - бір мемлекет аумағы шегінде қарсы тұрған тараптар арасында болатын қарулы жанжал, бұл кезде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай немесе төтенше жағдай құқықтық режимі енгізіледі;
12) шекаралық қарулы жанжал - мемлекеттің шекаралық кеңістігіндегі қарсы тұратын тараптар арасындағы қарулы жанжал;
13) "гибридті" күрес әдістері - қарсы күресетін мемлекет аумағындағы жағдайды тұрақсыздандыру үшін әскери күшті (оның ішінде қарсы тұрған тараптың аумағындағы арнайы операциялар, жекеменшік әскери, күзет компанияларының күштерін), әскери емес құралдарды кешенді қолдану, сондай-ақ басқа мемлекеттердің, террористік, экстремистік ұйымдар мен сепаратистік қозғалыстардың әлеуетін пайдалану арқылы әскери-саяси және әскери-стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу тәсілдері;
14) әскери емес құралдар - әскери-саяси және әскери-стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын әлеуметтік институттар, ұйымдар, құқықтық нормалар, рухани құндылықтар, ақпараттық және техникалық жүйелер жиынтығы.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау
Ескерту. 2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.
1-тарау. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігіне және әскери қатерге ықпал ететін негізгі жағдайлар мен факторлар
Ескерту. 2-1-кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.
6. Әлемдегі әскери-саяси жағдай жоғары қарқынды және болжанбайтын дамумен, әлемде ықпал ету салалары үшін әлемдік және өңірлік "державалар" арасындағы қарсы тұрудың күшеюімен, сондай-ақ мемлекетаралық және мемлекетішілік қайшылықтарды шешуде әскери күш рөлінің артуымен сипатталады.
7. Әлемдегі әскери-саяси жағдайдың дамуын орта мерзімді перспективаға болжау жекелеген мемлекеттердің қазіргі әлемдік тәртіпті өзгертуге ұмтылысында шиеленістің күшеюі, тұрақсыздық ошақтарының кеңеюі үрдістерінің бар екенін куәландырады. Әскери-саяси және әскери-стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін өңірлер мен мемлекеттер ішіндегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, аумақтық, этникалық және басқа да қайшылықтар пайдаланылуы мүмкін.
8. Қазақстан Республикасына төнетін әскери қатерлерге әкеп соқтыруы мүмкін негізгі жағдайлар:
1) қазіргі әлемдік тәртіпті өзгертуге және әлемде немесе жекелеген өңірлерде ықпал ету салаларын кеңейтуге ұмтылыста әлемдік және өңірлік "державалар" арасындағы қайшылықтардың күшеюі;
2) мемлекетаралық қатынастарда әскери күш қолдануға жол бермеуде және оның жолын кесуде халықаралық құқық тиімділігінің және халықаралық қауіпсіздік ұйымдары мүмкіндіктерінің төмендеуі;
3) әлемде және өңірлерде стратегиялық шабуылдау қару-жарақтарына тыйым салу, оларды шектеу және қысқарту мәселелеріндегі уағдаластықтардың бұзылуы;
4) әлемде жаппай қырып-жоятын қару ауқымының өрістеуі, сондай-ақ жаңа физикалық қағидаттар негізінде жасалған жаппай әсер ететін қарудың жасалуы;
5) терроризм мен экстремизмнің жаһандануы, олардың әрекет ету географиясының және қызмет салаларының кеңеюі;
6) сепаратизм белсенділігінің өсу қарқынының сақталуы, басқа мемлекеттер аумағындағы мүдделерге қол жеткізу үшін сыртқы күштердің сепаратистік қозғалыстарды пайдалануы;
7) құрылымды бұзатын күштердің жаппай қырып-жоятын қаруға, кәдімгі қару-жарақтарға, оқ-дәрілерге, жарылғыш және басқа да құралдарға, оларды шығару технологияларына қолжетімділігін шектеу бойынша жүргізілетін шаралар тиімділігінің төмендеуі болып табылады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.9. Қалыптасатын жағдайларда Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігіне мынадай факторлар ықпал етуі мүмкін:
1) мемлекеттердің немесе әскери-саяси одақтардың Қазақстан Республикасында, оның стратегиялық ресурстарына және көлік инфрақұрылымына бақылау орнату үшін ықпал ету салаларын кеңейтуге ұмтылуы;
2) өңірде халықаралық террористік және экстремистік ұйымдар іс-қимылдары белсенділігінің күшеюі, Қазақстан Республикасындағы ішкі жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында эмиссарларды, сондай-ақ террористік және экстремистік ұйымдар құрамына кіретін Қазақстан азаматтарын пайдалану;
3) өңірді милитаризациялау және Қазақстан Республикасын "қару-жарақ бәсекесіне" тарту;
4) құрылымды бұзатын күштердің жаппай қырып-жоятын қаруға, кәдімгі қару-жарақтарға, оқ-дәрілерге, жарылғыш және басқа да зақымдау құралдарына, оларды шығару технологияларына немесе жаңа физикалық қағидаттар негізінде жасалған жаппай ықпал ететін қаруға қол жеткізуі;
5) мемлекеттегі жағдайды тұрақсыздандыру, оның әскери және әскери-экономикалық әлеуетін төмендету мақсатында мемлекеттің әскери ұйымының ақпараттық жүйелеріне, елдің күнделікті тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне бағдарламалық-техникалық әсер етудің (кибершабуылдың) жүзеге асырылуы.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.10. Қазіргі заманғы жағдайлар мен факторларға сүйенсек:
1) мемлекеттердің, халықтардың, әлеуметтік топтардың Қазақстан Республикасына қарсы, оның ішінде "гибридті" күрес әдістерін пайдалану арқылы әскери күш қолдануы немесе қолдану ниеті;
2) Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігінде шекаралық қарулы жанжалдардың басталуы және өршуі;
3) мемлекеттегі жағдайды тұрақсыздандыруға, конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған құрылымды бұзатын күштердің әрекеті;
4) мемлекеттердің, халықтардың, әлеуметтік топтардың мемлекеттің әскери және әскери-экономикалық әлеуетін ақпараттық-психологиялық және бағдарламалық-техникалық ықпал ету (кибершабуылдар) арқылы төмендетуге бағытталған әрекеті;
5) мемлекеттердің, әскери-саяси блоктардың Қазақстан Республикасын "қару-жарақ бәсекесіне" тартуға бағытталған әрекеті;
6) өңір мемлекеттерінде жаппай қырып-жоятын қаруды, жаңа физикалық қағидаттар негізінде жасалған жаппай ықпал ететін қаруды, оларды жеткізу құралдарын жасау жөніндегі рұқсатсыз бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ құрылымды бұзатын күштерге қару-жарақ пен әскери техниканы шығару үшін қолданылатын жабдықты және құрауыштарды заңсыз тарату Қазақстан Республикасына әскери қатер төндіруі мүмкін.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.2-тарау. Қазіргі заманғы әскери жанжалдар сипаты
Ескерту. 2.2-кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.
11. Қазіргі заманғы әскери жанжалдардың ерекшеліктері арасында олардың белсенділігі, жылдам өтуі, әскери іс-қимылдарды жүргізу ауқымының, салаларының (ғарыш және ақпараттық кеңістік) кеңеюі, сондай-ақ қарулы күрестегі мемлекеттің күштері мен ресурстарының жоғары қауырттығы байқалады.
12. "Гибридті" күрес әдістерін қолдану үрдісі байқалады, олардың мақсаты қолайсыз сыртқы жағдайларды жасау және қарсы тұрған мемлекетте ішкі жағдайды тұрақсыздандыру болып табылады.
13. Әскери-саяси және әскери-стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мақсатында қарсы тұратын мемлекетті немесе өңір мемлекеттерін "қару-жарақ бәсекесіне" тарту, қарулы қарсы күресте олардың ресурстары мен мүмкіндіктерін сарқылту үшін әскери күш көрсету жүзеге асырылуы мүмкін.
Әскери жанжал басталғанға дейін және қарулы күрес барысында мемлекеттегі жағдайды тұрақсыздандыру, оның әскери және әскери-экономикалық әлеуетін төмендету мақсатында мемлекеттің әскери ұйымының ақпараттық жүйелеріне, елдің күнделікті тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне бағдарламалық-техникалық әсер ету (кибершабуыл) жүзеге асырылуы мүмкін.
Әлемдік аренада мемлекет айналасында теріс ахуалды қалыптастыру мақсатында ақпараттық кеңістікте күшейтілген әсер ету жүргізілуі мүмкін.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.14. Әрбір әскери жанжалға қарулы күресті бастау тәсіліне, ауқымына, қарулы қарсы күрестегі мемлекеттің күштері мен ресурстарының қауырттығына, қарсы күресетін тараптардың сапалы сипаттамаларына, сондай-ақ мүдделерге қол жеткізуде пайдаланылатын күрес әдістеріне негізделген белгілі бір ерекшеліктер тән.
15. Қазіргі заманғы әскери жанжалдардың негізгі ерекшеліктері:
1) қоғамда әскери күш қолданудың болмай қоймайтынына және дұрыс екеніне сенімділікті алдын ала қалыптастыру;
2) әскери іс-қимылдарды жүргізудің үлкен кеңістікке құлаш жоюы, белсенділігі, жылдам өтуі және шекті қауырттығы;
3) қарулы күштердің ұтқыр және маневрлі мүмкіндіктерін арттыру, әскерлер (күштер) топтарын өрістету мерзімдерін қысқарту, мемлекетті әскери іс-қимылдар жүргізуге дайындаудың уақытша параметрлерін қысқарту;
4) бір уақытта құрлықтан, теңізден, әуе-ғарыш және ақпараттық кеңістіктен ықпал ету арқылы қарсылас аумағының бүкіл өн бойына әскери іс-қимылдар жүргізу;
5) қарулы күресті көбіне қалалы жерлерде басымдықпен жүргізу;
6) автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу есебінен әскерлер мен қаруды басқару жеделділігін арттыру;
7) қарулы күрес құралдарын, оның ішінде дәлдігі жоғары қаруды, роботтандырылған жүйелерді, жаңа физикалық қағидаттар негізінде жасалған қаруды және жаппай қырып-жоятын қаруды кешенді қолдану;
8) дипломатиялық, саяси, ақпараттық, құқықтық қысым көрсетуді пайдалану арқылы, әскери күш көрсету және экономикалық санкцияларды енгізу жолымен тікелей емес іс-қимылдар жүргізу;
9) арнайы операциялар (арнайы мақсаттағы), жекеменшік әскери және күзет компаниялары күштерінің көмегімен басқа мемлекеттің аумағында жасырын іс-қимылдар жүргізу, сондай-ақ басқа мемлекеттердің, террористік және экстремистік ұйымдардың, сепаратистік қозғалыстардың әлеуетін пайдалану;
10) қарсы күресетін тараптың мемлекеттік және әскери басқаруын бұзу, халқын азғындату және әскерлерінің жауынгерлік рухын төмендету мақсатында ақпараттық-психологиялық және бағдарламалық-техникалық ықпал ету болып табылады.
3-тарау. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі саласындағы ағымдағы жағдай
Ескерту. 2.3-кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.
16. Қазіргі уақытта мемлекеттің әскери ұйымын кешенді дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуын кеңейту жөніндегі міндеттердің негізгі ауқымы іске асырылды.
17. Мемлекетке төнетін әскери қатерлерді және қарсыластың ықтимал әрекет ету салаларын ескере отырып, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрамы мен құрылымы оңтайландырылды. Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз ету міндеттерін шешу кезінде бірлесіп жоспарлауда, ведомствоаралық үйлестіруде және басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыруда Қарулы Күштер Бас штабының рөлін арттыру үшін оған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ведомствосы мәртебесі берілді.
18. Стратегиялық бағыттарда әскерлердің (күштердің), қару-жарақтың, әскери техника мен материалдық құралдар қорларының қажетті жиынтығын жасау есебінен мемлекеттің әскери ұйымының құрлық, әскери-әуе және әскери-теңіз құрауышының жауынгерлік әлеуеті арттырылды.
Әскерлерде ақпараттық-психологиялық және бағдарламалық-техникалық (кибер) әсер етуге қарсы іс-қимылды ұйымдастыру үшін Қарулы Күштерде бөлімшелер құрылды. Олардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Әскери мақсаттағы ақпараттандыру объектілерінде ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы проактивті жүйесін қалыптастыруға бағытталған техникалық және кадрлық әлеуетті дамыту жөнінде жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Аумақтық қорғаныс жүйесін мемлекеттің әскери қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз етудің ортақ жүйесіне интеграциялау шеңберінде Қарулы Күштер құрамында аумақтық қорғанысты басқару органы құрылды. Мемлекетке төнетін әскери қатерге жедел ден қоюды қамтамасыз ету мүддесінде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әуе-көлік мүмкіндігін күшейту жөнінде алдын ала шаралар қабылдануда.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.19. Әскерлердің ұтқырлығын арттыру және әскери қауіпсіздікке төнетін қазіргі заманғы қатерге барабар ден қою мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылымын жетілдіру, құрамын күшейту және инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар дәйекті және жоспарлы түрде жүргізілуде.
Дағдарысты жағдайлар мен ішкі қарулы жанжалдың жолын кесу кезінде, оның ішінде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың, төтенше және соғыс жағдайының құқықтық режимін қамтамасыз ету кезінде міндеттерді шешу үшін әскерді қолданудың жаңа нысандары мен әрекет ету тәсілдері енгізілуде.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.20. Мемлекеттік шекараны күзету және Каспий теңізіндегі континенттік қайраңда мемлекеттің мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҚР ҰҚК) Шекара қызметінің құрамын күшейту және инфрақұрылымын дамыту жөнінде шаралар жүргізілуде.
21. Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз ету мүдделерінде мемлекеттік және әскери басқару жүйесін дамыту жөніндегі шараларды іске асыру шеңберінде Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскерлерді, қару мен ресурстарды автоматтандырылған басқару жүйелері енгізілуде.
22. Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жарақтандыруға қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техника келіп түсуде, ол әскерлердің (күштердің) барлау, оқ ату, соққы беру және көліктік мүмкіндіктерін арттыруға мүмкіндік береді.
23. Стратегиялық бағыттарда әскер топтарын (күштерді) тұрақты және үздіксіз қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерді тылдық және техникалық қамтамасыз етудің ұтқыр және стационарлық құрауыштары құрылды.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.24. Әскери білімді дамыту мүдделерінде нақты қажеттіліктерді ескере отырып, әскери оқу орындарының құрылымы нақтыланды, олардың құрамына әскери даярлық тереңдетілген орта оқу орындары енгізілді.
Оқу процесіне оқытудың қазіргі заманғы технологиялары енгізілуде, әскери оқу орындарының оқу-зертханалық базасы дамытылуда, шетел әскери оқу орындарымен озық тәжірибе алмасу жүргізілуде.
25. Мемлекетті жұмылдыра дайындау шеңберінде басқарудың тұрақтылығын арттыру және мемлекет экономикасын соғыс уақытына ұйымдасқан түрде көшіру, мемлекеттің әскери ұйымының және тұрғындардың материалдық резервке қажеттілігін қанағаттандыру, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бірлігінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шаралар іске асырылуда.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.26. Қорғаныс өнеркәсібін және мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды дамыту жөнінде шаралар жүргізілуде. Инновациялық технологиялар енгізілуде, кәсіпорындарда мемлекеттің әскери ұйымына қажетті қазіргі заманғы әскери өнім өндірісі меңгерілуде.
27. Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілген іс-шаралар Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін нығайтуға және мемлекеттің әскери ұйымының әскери қатерлерге қарсы іс-қимыл жасауға әзірлігін арттыруға мүмкіндік берді.
3-бөлім. Негізгі ережелер
Ескерту. 3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.
4-тарау. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаты мен қағидаттары
Ескерту. 3-1-кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.
28. Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметтің мақсаты Қазақстан Республикасына төнетін әскери қатерлерге барабар ден қою үшін мемлекеттің әскери әлеуетін арттыру болып табылады.
29. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезіндегі негізгі қағидаттар:
1) мемлекеттің әскери қуатының Қазақстан Республикасына төнетін әскери қатерлер сипатына сәйкес келуі;
2) Қазақстан Республикасының әскери қуатына сүйене отырып, мемлекетаралық және мемлекетішілік қайшылықтарды шешуде әскери күшке қарағанда әскери емес құралдардың айқындаушы мәні;
3) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жауынгерлік әзірлігін және мемлекеттің жұмылдыру әзірлігін мемлекеттің әскери қауіпсіздігін және қорғанысын кепілді қамтамасыз ететін деңгейде ұстау;
4) мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жүргізілетін шаралар бағыттылығының Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сәйкес келуі, әскери-стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің Қазақстан Республикасының әскери-саяси мақсаттарына бағыныстылығын қамтамасыз ету;
5) мемлекеттің әскери ұйымын дамытудағы сандық және сапалық тәсілдердің үйлесуі болып табылады.
5-тарау. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі мен қорғанысы саласындағы пайым
Ескерту. 3-2-кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.
29-1. Қазақстан Республикасы елдегі ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекетке қарсы әскери жанжалдың басталу қатерінің алдын алуға, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуды кеңейтуге, халықаралық терроризмге және экстремизмге қарсы күреске, сондай-ақ мемлекеттің әскери ұйымын Қазақстан Республикасын және оның одақтастарын қарулы қорғауға жоғары әзірлік деңгейінде ұстауға ниеттенеді.
Әскери-саяси, әскери-стратегиялық және әскери-экономикалық саладағы қызмет бағыттары, жұмылдыру дайындығы, сондай-ақ мемлекеттің әскери ұйымын дамыту шеңберінде тиісті шаралар көзделеді.
Ескерту. 29-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.1-параграф. Әскери-саяси саладағы қызмет бағыттары
Ескерту. 3.2.1-кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.
30. Алып тасталды – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.
31. Қазақстан Республикасының әскери саясаты әскери күш мәні барынша азайтылатын халықаралық қатынастар жүйесін құруға бағытталған, мемлекеттер, халықтар, әлеуметтік топтар арасындағы қайшылықтарды шешу саяси-дипломатиялық, экономикалық, ақпараттық, құқықтық және басқа да әскери емес құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады.
32. Қазақстан Республикасы бірде-бір мемлекетті қарсылас ретінде қарамайды.
Ескерту. 32-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.33. Әскери-саяси салада Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі:
1) басқа мемлекеттермен ынтымақтастықты және тату көршілік қатынастарды дамытуға бағытталған саясатты жүргізу;
2) теңдікті сақтау және басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау;
3) халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу;
4) басқа мемлекеттермен, халықтармен, әлеуметтік топтармен қайшылықтарда әскери күшті бірінші болып қолданудан бас тарту;
5) мемлекеттің әскери ұйымын нығайту;
6) Қазақстан Республикасына төнетін әскери қатердің алдын алу және жолын кесу үшін тиімді шараларды қабылдаумен қамтамасыз етілетін болады.
Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.34. Әскери-саяси саладағы Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі бағыттары:
1) әскери қатерлер көздерін анықтау үшін әлемдегі және өңірдегі әскери-саяси жағдайдың, сондай-ақ мемлекеттегі ахуалдың дамуын бағалауды жүргізу, болжау;
2) халықаралық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру, мемлекетаралық және мемлекетішілік қайшылықтарды шешуде әскери күштің маңыздылығын төмендету мақсатында басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен әріптестік пен ынтымақтастықты кеңейту;
3) мемлекетке төнетін әскери қатерлердің алдын алу үшін саяси-дипломатиялық, экономикалық, құқықтық, ақпараттық және басқа да әскери емес құралдарды қолдану;
4) мемлекеттің әскери әлеуетін және қуатын агрессиядан тежеуді қамтамасыз ететін деңгейде ұстау;
5) Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі - БҰҰ), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы шеңберінде халықаралық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде бітімгершілік қызметке қатысу арқылы күшейту;
6) Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (бұдан әрі - ҰҚШҰ) және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (бұдан әрі - ШЫҰ) шеңберінде ұжымдық қауіпсіздік жүйесін дамыту;
7) қару-жарақты шектеу, қысқарту, таратпау және жою мәселелерінде шарттардың өзара орындалуын бақылау;
8) мемлекеттер арасындағы сенім шараларын нығайту;
9) жаһандық және өңірлік қауіпсіздік жүйесін жетілдіру мақсатында басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен серіктестікті және ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.2-параграф. Әскери-стратегиялық саладағы қызмет бағыттары
Ескерту. 3.2.2-кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.
35. Әскери-стратегиялық саладағы қызмет мемлекеттің әскери ұйымын Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз етуге әзірлікте ұстауға бағытталған.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.36. Әскери-стратегиялық саладағы Қазақстан Республикасы қызметінің бағыттары Қазақстан Республикасы Конституциясының, әскери қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың ережелерімен айқындалады.
37. Әскери-стратегиялық саладағы Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі бағыттары:
1) Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жауынгерлік әзірлікте және мемлекетті жұмылдыру әзірлігінде ұстау;
2) әуе кеңістігін күзету және Мемлекеттік шекараны бүркемелеу;
3) аумақтық суларда (теңізде) және Каспий теңізінің континенттік қайраңының қазақстандық бөлігінде мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау;
4) Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерде мемлекеттік және әскери объектілерді күзету;
5) төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою;
6) диверсияны, террористік актілер мен сепаратистік әрекетті болдырмау және жолын кесу;
7) Мемлекеттік шекарадағы шекаралық инциденттерді оқшаулау және жолын кесу;
8) қарулы жанжалдарды оқшаулау және шешу;
9) мемлекетаралық және мемлекетішілік қайшылықтарды шешуде агрессиядан және әскери күшті, "гибридті" күрес әдістерін қолданудан стратегиялық тұрғыдан тартыну;
10) Қарулы Күштердің стратегиялық өрістетілуге әзірлігін қамтамасыз ету;
11) мемлекетті қарулы қорғау үшін стратегиялық іс-қимылдар жүргізу;
12) бітімгершілік және басқа да операцияларға қатысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес өзге де міндеттер мен іс-шараларды орындау;
13) Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі шеңберінде халықаралық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында әскери персоналды даярлау болып табылады.
Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.38. Бейбіт уақытта Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрамы, жасақталуы, даярлығы мен қамтамасыз етілуі әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың және төтенше жағдайдың құқықтық режимдерін қамтамасыз етуде, шекаралық және ішкі қарулы жанжалдарды оқшаулауда, жолын кесуде және шешуде міндеттерді орындауға, сондай-ақ төмен және орташа қарқынды әскери жанжалдарда қолдануға әзірлікті қамтамасыз етуге тиіс.
39. Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігіндегі шекаралық қарулы жанжалды шешуді Шекара қызметі ҚР ҰҚК Авиация қызметімен, Шекара академиясымен, ұлттық қауіпсіздіктің өзге де органдарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және Ұлттық ұланының басқару органдарымен, құрамаларымен және әскери бөлімдерімен өзара іс-қимылда жүзеге асырады, қажет болған кезде басқа да мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары қолданылуы мүмкін.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.40. Ішкі қарулы жанжалдардың жолын кесу Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен, Қарулы Күштерімен және басқа да мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылда Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына жүктеледі.
41. Төмен қарқынды әскери жанжалда мемлекеттің әскери ұйымының қызметі Қазақстан Республикасындағы шиеленіс ошақтарын оқшаулауға, әскери іс-қимылдарды кеңейтуді болдырмауға, әскери күшті қолданумен қайшылықтарды шешуге, ахуалды қалпына келтіруге, заңдылық пен құқық тәртібін қалпына келтіруге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және мемлекет халқына қажетті көмек көрсетуге бағытталған.
Төмен қарқынды әскери жанжалда бейбіт уақытта ұдайы әзірлік жай-күйінде болатын Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың басқару органдары, құрамалары мен әскери бөлімдері қолданылады.
42. Орташа қарқынды әскери жанжалда төмен қарқынды әскери жанжалда жүргізілетін іс-шаралардан басқа, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын және экономикасын соғыс уақыты жағдайларында жұмыс істеуге ауыстыру, аумақтық қорғаныс және мемлекетті қарулы қорғау үшін Қарулы Күштерді стратегиялық өрістету жүзеге асырылады.
43. Қазақстан Республикасы жоғары қарқынды әскери жанжалға тартылған жағдайда мемлекетті қарулы қорғау мүдделерінде құрамында Қазақстан Республикасы болатын ұжымдық қауіпсіздік ұйымдарының күштері мен құралдары пайдаланылатын болады.
44. Соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың негізгі міндеттері мемлекеттің қорғанысын ұйымдастыру, қарсыластың әскерлерін зақымдау, оны әскери іс-қимылдарды тоқтатуға мәжбүрлеу болып табылады.
45. Қарсылас "гибридті" күрес әдістерін қолданған кезде мемлекеттің әскери ұйымының құрамына кіретін мемлекеттік органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасындағы жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған саяси-дипломатиялық, экономикалық, құқықтық, ақпараттық, идеологиялық, сондай-ақ басқа да әскери емес құралдарға қарсы іс-қимыл бойынша барабар шараларды қолданады.
46. Қарсылас мемлекеттегі жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған, соның ішінде арнайы операциялар күштерін (арнайы мақсаттағы), жекеменшік әскери, күзет компанияларын, сондай-ақ террористік, экстремистік ұйымдарды және сепаратистік қозғалыстарды пайдалану арқылы жасырын іс-қимылдарды жүргізген жағдайларда Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар олардың әрекеттерінің жолын кесу үшін арнайы операцияларды жүргізетін болады.
3-параграф. Әскери-экономикалық саладағы қызмет бағыттары
Ескерту. 3.2.3-кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.
47. Әскери-экономикалық саладағы қызмет мемлекеттің әскери ұйымының қажеттілігін бейбіт және соғыс уақытында жұмыс істеу және одан әрі дамыту үшін жеткілікті көлемде қаржылық, материалдық-техникалық және басқа да ресурспен қанағаттандыруға бағытталған.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.48. Қазақстан Республикасының әскери-экономикалық саладағы қызметінің негізгі бағыттары:
1) мемлекеттің қаржы-экономикалық жүйесін жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге дайындау;
2) мемлекеттік әскери-техникалық саясатты жетілдіру;
3) қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту болып табылады.
4-параграф. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы
Ескерту. 3.2.4-кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.
49. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы іс-шарасы Қазақстан Республикасын қарулы қорғау мүддесінде соғыс уақытында мемлекетті тұрақты басқаруды қамтамасыз ету, мемлекет экономикасын бейбіт кезден соғыс жағдайы режиміне ұйымдасқан түрде көшіруді қамтамасыз ету, мемлекеттің әскери ұйымының және ел тұрғындарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету, жауынгерлік іс-қимыл және аумақтық қорғаныс аймақтарында экономика салалары мен әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмыс істеп тұруы мақсатында жүргізіледі.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.50. Жұмылдыру дайындығы жөніндегі Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі бағыттары:
1) мемлекеттің жұмылдыру дайындығы және жұмылдыруды басқару жүйесін дамыту;
2) мемлекеттік органдар және жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстары бар ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру;
3) мемлекеттік материалдық резерв жүйесін жетілдіру болып табылады.
5-параграф. Қазақстан Республикасының әскери ұйымын дамыту жөніндегі қызмет бағыттары
Ескерту. 3.2.5-кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.
51. Қазақстан Республикасының мемлекеттің әскери ұйымын дамыту жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасына төнетін әскери қатерге, оның ішінде Қазақстан Республикасы тұрған ұжымдық қауіпсіздік ұйымы күштерінің құрамында барабар ден қоюға әзірлікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.52. Әскери ұйымды дамытуда Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі бағыттары:
1) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жауынгерлік әзірлікте ұстау;
2) мемлекетті жұмылдыру әзірлігінде ұстау;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуын кеңейту болып табылады.
6-тарау. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдері
Ескерту. 3.3-кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.
1-параграф. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жауынгерлік әзірлікте ұстау
Ескерту. 3.3.1-кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.
53. Қазақстан Республикасында әскери жоспарлауды жетілдіру процесінде іске асырылатын негізгі шаралар:
1) мемлекеттің әскери қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз ету міндеттерін шешу кезінде мемлекеттің әскери ұйымы жүзеге асыратын қызметті нақтылау;
2) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдану жағдайын, тәртібі мен тәсілдерін, олардың өзара іс-қимылын және жан-жақты қамтамасыз етілуін нақтылау;
3) Мемлекеттің қорғаныс жоспарының құжаттарын жыл сайын нақтылау арқылы мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз ету кезінде мемлекеттің әскери ұйымы құрамына кіретін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың міндеттерін, олар орындайтын іс-шаралар ауқымы мен мазмұнын нақтылау;
4) Әскери жоспарлау жүйесін енгізе отырып, Қазақстан Республикасының қорғанысы мен әскери қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жүйелендіру болып табылады.
Ескерту. 53-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.54. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрамын, құрылымы мен орналасуын дамытудың негізгі шаралары:
1) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдану жоспарларына сәйкес олардың міндеттерін, құрамы мен құрылымын нақтылау;
2) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жауынгерлік құрамын мемлекетке төнетін әскери қатерлерге сәйкес келтіру;
2-1) Арнайы операциялар күштерін бейбіт және соғыс уақытында басқа мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерімен өзара іс-қимылда тиімді әрекет ету үшін дамыту;
3) стратегиялық бағыттарда түраралық әскерлер (күштер) топтарын құруды аяқтау;
4) радиолокациялық өрісті ұлғайту және мемлекеттің әуе шабуылы мен зымыранға қарсы қорғанысын жүргізу бойынша әскерлердің әлеуеті мен мүмкіндіктерін арттыру;
5) әскери-теңіз топтарының жауынгерлік әлеуетін Каспий теңізіндегі әскери қатерлерге ден қою үшін жеткілікті деңгейде ұстау;
6) аумақтық әскерлердің әлеуеті мен мүмкіндіктерін өрістету үшін аумақтық қорғаныс жүйесін жетілдіру, инфрақұрылымды құру және материалдық және басқа да құралдардың жеткілікті қорын жасау;
7) қорғаныс мүдделерінде мемлекет аумағын жедел жабдықтау болып табылады.
Ескерту. 54-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.55. Әскерлерді (күштерді) даярлау жүйесін жетілдіру жөніндегі негізгі шаралар:
1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, оның ішінде құрамында Қазақстан Республикасы болатын ұжымдық қауіпсіздік ұйымы күштерінің қатысуымен бірлескен іс-қимылдарды жүргізуінің жаңа амалдары мен тәсілдерін пысықтау;
2) әскери басқару органдарын және әскерлерді (күштерді) қойылған міндеттерді орындауға және әскерлерді (күштерді) басқаруға даярлау сапасын арттыру;
3) жаттығуларды ұрыс қарқынында пысықтауға мүмкіндік беретін жауынгерлік іс-қимылдардың (елді мекендерде, таулы жерлерде және т.б.) жаңа тәсілдеріне оқытып-үйрету үшін оқу материалдық-техникалық базаны дамыту;
4) қазіргі заманғы ғылым, техника мен технологиялар жетістіктерін, оқытудың озық әдістерін енгізу есебінен оның сапалық параметрлерін арттыру болып табылады.
Ескерту. 55-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.56. Мемлекеттің әскери ұйымын басқару жүйесін дамыту жөніндегі негізгі шаралар:
1) Ұлттық қорғанысты басқару орталығының қызметін жетілдіру және қазіргі заманғы байланыс құралдарымен және автоматтандырылған басқару жүйелерімен жарақтандыру;
2) әскерлерді, қаруды, ресурстарды автоматтандырылған басқару жүйелерін өрістету және мемлекеттің әскери ұйымының құрамына кіретін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне ықпалдастыруды қамтамасыз ету;
3) Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысын және мемлекеттік басқару органдарын оқшаулауға жол бермеу үшін ақпараттық ресурстар мен жүйелердің, байланыс инфрақұрылымының, арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің тиімді жұмысын қолдау, сондай-ақ оларды іркіліссіз және тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету;
4) әскери мақсаттағы ақпараттық ресурстар мен жүйелер үшін отандық техникалық және бағдарламалық құралдарды енгізу болып табылады.
Ескерту. 56-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.57. Зымыран шабуылы туралы ескерту жүйесін дамыту жөніндегі негізгі шаралар:
1) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін дамыту;
2) зымыран шабуылы туралы ескерту және ғарыш кеңістігін бақылау жүйесінің базалық элементтерін құру болып табылады.
Ескерту. 57-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.58. Ақпараттық-психологиялық ықпал етуге қарсы іс-қимыл жүйесін дамыту жөніндегі негізгі шаралар:
1) әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық төзімділігін арттыру мүддесінде идеологиялық және тәрбие жұмысына қазіргі заманғы әдістемелерді енгізу;
2) әскери ұжымдардағы жоғары жауынгерлік рухты қолдау;
3) әскери қызмет беделін, әскери қызметшінің мәртебесін арттыру және Қазақстан армиясының имиджін көтеру;
4) әскери қызметшілерде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын құрметтеуге бағытталған құндылықтарды қалыптастыру, оларды өз халқына адалдық рухында, Отанды қорғау бойынша әскери борышын мүлтіксіз орындауға тәрбиелеу болып табылады.
Ескерту. 58-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.59. Ақпараттық (кибер) қауіпсіздікті арттыру жөніндегі негізгі шаралар:
1) ақпараттық (кибер) қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
2) ақпараттық (кибер) қауіпсіздік жүйесінің құрамы мен құрылымын дамыту, сондай-ақ киберкеңістікте әрекет ету нысандары мен тәсілдерін жетілдіру;
3) киберкеңістікте тиімді әрекет ету және ақпараттық ресурстарды қорғау үшін ақпараттық (кибер) қауіпсіздік бөлімшелерін бағдарламалық, бағдарламалық-аппараттық және техникалық құралдармен және жүйелермен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету;
4) ақпараттық (кибер) қауіпсіздік бөлімшелері үшін жоғары білікті кадрлар даярлау;
5) ақпараттық (кибер) қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде мемлекеттің әскери ұйымының өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
6) ақпараттық (кибер) қауіпсіздік саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысты жүргізу болып табылады.
Ескерту. 59-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.60. Диверсиялар мен террористік актілердің алдын алу және жолын кесу жөніндегі негізгі шаралар:
1) күштер мен құралдарды шұғыл іс-қимылдарға, қысқа мерзімдерде басқару жүйесін өрістетуге әзірлікте ұстау және оларды қазіргі заманғы қару-жарақпен және техникамен жарақтандыру;
2) қатерлерді болжаудың, алдын алудың, оларға ден қоюдың тиімді жүйесін құру және олардың салдарын жою;
3) бірлескен жоспарларға сәйкес құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік, орталық және жергілікті атқарушы органдардың үйлесімділігін қамтамасыз ету;
4) жедел ақпаратпен өзара алмасу мақсатында қолданыстағы ақпараттық жүйелерді бірыңғай блокқа ықпалдастыру;
5) қазіргі заманғы технологияларды ықпалдастырудың, енгізудің перспективалық жүйелері негізінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қолданыстағы нысандары мен тәсілдерін жетілдіру және жаңаларын әзірлеу;
6) әлеуетті құрауышқа жүктелген міндеттерді шешудің барынша мүмкін болатын деңгейіне қол жеткізу мақсатында ұтымды және теңгерімді қаржы-бюджет саясатын жүргізу болып табылады.
61. Мемлекеттік шекараны сенімді күзетуді (қорғауды) қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шаралар:
1) Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігінде заңдылықты, белгіленген құқық тәртібін ұстау;
2) Мемлекеттік шекараның санатталуына және шекаралық кеңістіктегі қатерлерге сәйкес ондағы бөлімшелердің жауынгерлік әлеуетін арттыру;
3) ҚР ҰҚК Шекара және Авиация қызметтерін қазіргі заманғы қару-жарақпен және әскери техникамен, шекараны күзетудің техникалық құралдарымен жарақтандыру;
4) Мемлекеттік шекараның инфрақұрылымын оның санатталуына және қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келтіру;
5) Мемлекеттік шекараны, оның ішінде Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы суасты ортасындағы шекараны күзету мәселелерінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен және шекара маңындағы аудандардың тұрғындарымен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру;
6) ҚР ҰҚК Шекара қызметі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілерін интеграциялау;
7) "ақылды шекара" ұғымын іске асыру және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ұтқыр әрі тиімді ден қою күштерін құру;
8) жоғары жылдамдықты көліктік ортаны құру, ұлттық қауіпсіздік органдары ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жалға алынған байланыс арналарының өткізу қабілетін ұлғайту және шекараны күзетудің инженерлік инфрақұрылымын дамыту;
9) шекараның басым учаскелерінде байланыс желілерін қазіргі заманғы байланыс құралдарымен қайта жарақтандыру, қолданыстағы байланыс желілерін жаңғырту болып табылады.
Ескерту. 61-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.62. Аумақтық қорғаныс жүйесін жетілдіру бойынша негізгі шаралар:
1) аумақтық қорғаныстың жүйесін дамыту;
2) аумақтық қорғаныс саласындағы заңнаманы жетілдіру;
3) аумақтық әскерлердің жауынгерлік әлеуетін күшейту және олардың жауынгерлік мүмкіндіктерін арттыру;
4) төтенше немесе соғыс жағдайы режимдерін енгізу және қамтамасыз ету кезінде Қарулы Күштердің, аумақтық әскерлердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірлескен қызметін жүргізу үшін жедел үйлесімділікті қамтамасыз ету болып табылады.
Ескерту. 62-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.63. Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды техникалық жарақтандыру жөніндегі негізгі шаралар:
1) әскерлердің (күштердің) қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықталуын арттыру;
1-1) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды байланыс және басқару құралдарымен, қару-жарақпен, техникамен және оқ-дәрімен жарақтандыру мәселесінде, оларды бірлесіп қолдану мүмкіндігін ескере отырып, бірыңғай әскери-техникалық саясатты сақтау;
2) әскерлердің (күштердің) талаптарына сай келетін қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техника үлгілерімен жарақтандыру;
3) Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшін қажет, оның ішінде қару-жарақ пен әскери техниканы, әскери-техникалық мүлікті шығару (жаңғырту) және қызметтер көрсету үшін жаңа әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу;
4) технологиялар трансферті кезінде қару-жарақ пен әскери техниканы бірегей өндірушінің стандарттарын отандық жағдайларға бейімдеу;
5) белгіленген қағидаларға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтажы үшін қару-жарақты, әскери техника мен әскери мүлікті сатып алуды бақылау болып табылады.
Ескерту. 63-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.64. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесін дамыту жөніндегі негізгі шаралар:
1) алып тасталды – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.2) белгіленген нормаларға сәйкес Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар материалдық-техникалық құралдарының қорларын толықтыру және жаңарту;
3) материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтерін қазіргі заманғы техникалық және арнайы құралдармен қайта жарақтандыру болып табылады.
Ескерту. 64-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.65. Әскери білімді дамыту жөніндегі негізгі шаралар:
1) әскери мамандарды, әскери ғылыми кадрларды даярлау жүйесін, сондай-ақ әскери оқу орындарының құрамы мен құрылымын және олардағы оқу-тәрбие процесін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қажеттіліктеріне сәйкес келтіру;
2) мемлекеттің әскери ұйымы үшін қажетті мамандықтарды енгізу және дамыту;
3) оқу процесіне қазіргі заманғы оқыту әдістемелері мен технологияларын енгізу, оқу, ғылыми және әдістемелік жұмыс, профессорлық-оқытушылар құрамын кәсіби даярлау деңгейін көтеру есебінен әскери мамандар мен ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыру;
4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдар жанындағы әскери кафедралардың құрамы мен құрылымын оңтайландыру, оларда әскери оқытылған резервтің қажетті санын даярлау;
5) оқу бағдарламаларына әскери өнер мен әскери құрылысты дамыту үрдістерін, террористік және экстремистік ұйымдардың, көтерілісшілер әскерлерінің, жекеменшік әскери және күзет компанияларының, арнайы операциялар күштерінің қатысуымен қарулы, оның ішінде "гибридті" күрес әдістерін пайдалана отырып, күрес тәжірибесін зерделеуге арналған оқу материалдарын енгізу;
6) әскери оқу орындарының оқу және ғылыми зертханалық базасын жетілдіру, әскери қызметшілердің шеберліктерін дамыту және практикалық дағдыларын дарыту үшін оқу процесіне тренажерларды, симуляторларды енгізу болып табылады.
Ескерту. 65-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.66. Әскери ғылымды дамыту жөніндегі негізгі шаралар:
1) Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери ғылыми кадрлар санын ұлғайту және оларды даярлау сапасын арттыру есебінен әскери-ғылыми әлеуетті арттыру;
2) әскери-техникалық мамандықтар және әскери ғылымның жалпы теориясы, әскери өнер теориясы және әскери құрылыс теориясы бойынша әскери ғылыми кадрлар даярлауды басым тәртіппен жүзеге асыру;
3) ғылыми-зерттеу базасын, оның ішінде әскери іс-қимылдарды модельдеу және әскери-техникалық бағыттар бойынша зертханаларды дамыту;
4) әскери проблематикамен айналысатын қоғамдық, жаратылыстану, техникалық ғылымдардың дисциплиналарын дамытуды жалғастыру;
5) әскери-ғылыми зерттеулерді орындауға ғылымның басқа да салаларынан жетекші мамандар тарту;
6) әскери-ғылыми зерттеулерді жүргізу және қамтамасыз ету кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік мүмкіндіктерін пайдалану;
7) Қазақстан Республикасының қорғанысы және әскери қауіпсіздігі саласында ғылыми-техникалық қызметті жетілдіру шеңберінде ғылыми, білім беретін ұйымдар мен мекемелердің әскери-азаматтық интеграциялануын қолдану болып табылады.
Ескерту. 66-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.2-параграф. Мемлекетті жұмылдыру әзірлігінде ұстау
Ескерту. 3.3.2-кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.
67. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығының негізгі шаралары:
1) мемлекетте жұмылдыру дайындығын бақылау, оның жай-күйін бағалау және үйлестіру жүйесін жетілдіру;
2) мемлекеттің жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
3) мемлекеттің аумағын және экономикасын жұмылдыруға, соғыс жағдайына және соғыс уақытына даярлау;
4) тұрғындарды, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жұмылдыруға, соғыс жағдайына және соғыс уақытына даярлау;
5) жұмылдыру жүргізілген кезде Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшін әскери-есептік мамандықтар бойынша азаматтарды даярлау;
6) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырыстарын орындау үшін жұмылдыру резервін құру;
7) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орналасу географиясына және оларды қолдану жоспарларына сүйене отырып, мемлекеттік материалдық резерв жүйесін дамыту;
8) маңызды азаматтық өнімге құжаттаманың, тәуекелі жоғары объектілерге және тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесіне жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын құру;
9) жастарды әскери қызметке даярлау жүйесін жетілдіру;
10) халықты зақымдау құралдарынан қорғану тәсілдеріне оқытып-үйрету;
11) соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін материалдық құндылықтар қорларын күтіп ұстау;
12) мемлекеттің жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелерінде мемлекеттік органдар мен жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстары бар ұйымдарды даярлау жүйесін жетілдіру;
13) әскери-патриоттық ұйымдар қызметін кеңейту және рөлін күшейту;
14) Қазақстан Республикасының қорғанысы мүддесінде көліктің және көлік инфрақұрылымы объектілерінің әзірлігін қамтамасыз ету;
15) Қазақстан Республикасында резервтегі әскери қызметті енгізу болып табылады.
Ескерту. 67-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.68. Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту жөніндегі негізгі шаралар:
1) қорғаныс өнеркәсібін басқару жүйесін дамыту;
2) қорғаныс өнеркәсібі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
3) бірыңғай мемлекеттік әскери-техникалық саясатты жүргізу және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты жан-жақты қамтамасыз ету;
4) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қорғаныс кәсіпорындарын дамыту;
5) қорғаныс өнеркәсібі кешені өндірісінің тиімділігін арттыру, қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, әскери мүліктің жаңа және қазіргі заманғы үлгілерін әзірлеу және шығару үшін озық технологияларды енгізу;
6) Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшін оқ-дәрінің негізгі түрлері өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және оны кеңейту;
7) инвестицияларды тарту, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібінің ғылыми-техникалық және өндірістік-технологиялық базасын жаңарту, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін инновациялық қызметті жандандыру;
8) шығарылатын өнім, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, өткізу нарықтарын кеңейту, әскери өнімнің номенклатурасын және мөлшерін арттыру жолымен кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін дамыту;
9) сертификаттауды жетілдіру және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери өнімге мемлекеттік сынауларды, оларды қабылдауды жүргізуі;
10) қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізу және Қазақстан Республикасының аумағында перспективалық қарулану жүйесін өндіру бойынша технологиялар трансфертін және бірлескен өндірісті құру үшін шетел компанияларымен өзара тиімді ынтымақтастыққа жағдайлар жасау;
11) қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының мұқтажын қамтамасыз ету үшін білікті кадрлар даярлау;
12) қару-жарақ, әскери және арнайы техника, әскери мүлік бұйымдарына құжаттаманың сақтандыру қорын құру болып табылады.
Ескерту. 68-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.69. Мемлекеттің жұмылдыру дайындығының көзделген шараларын іске асыру жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында басқару жүйесінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
3-параграф. Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуын кеңейту
Ескерту. 3.3.3-кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.
70. Қазақстан Республикасының халықаралық әскери ынтымақтастығын дамыту халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметті кеңейтуге және мемлекетке төнетін әскери қатерді төмендетуге бағытталған.
Ынтымақтастық Қазақстан Республикасы үшін практикалық қызығушылық тудыратын барлық мемлекеттермен, мемлекетаралық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен достық, теңқұқықты, болжалды және өзара тиімді қарым-қатынасты дамытуды білдіретін көпвекторлық, прагматизм және проактивтілік қағидаттар негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.71. Қазақстан Республикасының халықаралық әскери ынтымақтастығын дамыту жөніндегі негізгі шаралар:
1) жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимдерін нығайтуға жәрдемдесу;
1-1) жаһандық және өңірлік дағдарысты еңсерудің саяси-дипломатиялық құралдарына сүйеніп, сенім, ашықтық, өзара түсіністік, барлық мемлекет үшін тең және бөлінбейтін қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаттары негізінде барлық мемлекеттің мүддесін ескеріп, жаһандық және өңірлік қауіпсіздік жүйесін дамытуға жәрдемдесу;
2) қару мен әскери техника, әскери және қосарлы мақсаттағы технологиялар саудасы, осы қызмет саласындағы халықаралық шарттар нормаларын сақтау;
3) терроризмге, экстремизм мен есірткі бизнесіне қарсы халықаралық күрес жүргізуге белсенді түрде қатысу;
4) шетелде әскери атташе аппараттарының болуын кеңейту арқылы халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери дипломатияның рөлін күшейту;
5) халықаралық оқу-жаттығуларда әскери персоналдың, бітімгершілік бөлімшелердің қатысуын кеңейту;
6) терроризмге қарсы операцияларды және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операцияларды жоспарлау, жүргізу және жан-жақты қамтамасыз ету мәселелерінде тәжірибемен алмасу;
7) әскери персоналды бітімгершілік операцияларға қатысу үшін БҰҰ өлшемшарттарына сәйкес сапалы даярлауды және іріктеуді жүргізу;
8) бітімгершілік күш-жігерді қолдау үшін Қазақстан Республикасы қызметінің бағыттарын дамыту;
9) бітімгершілік даярлық орталығының бітімгершілік саласында мамандар даярлау жөніндегі өңірлік халықаралық орталық ретіндегі рөлін күшейту бойынша қызметті өрістету болып табылады.
Ескерту. 71-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.72. Ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының ынтымақтастығын дамыту жөніндегі негізгі шаралар:
1) ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде мемлекеттің тиімді және тең құқықты қатысуын қамтамасыз ету;
2) ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде әскерлер (күштер) контингенттерін тағайындалуы бойынша міндеттерді орындауға даярлауды жүзеге асыру;
3) ұжымдық қауіпсіздік күштерін қолдану мен қамтамасыз етуді бірлесіп жоспарлауға қатысу;
4) ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдарының өзара іс-қимылын жетілдіру, бірлескен іс-қимылдарды жүргізудің нысандары мен тәсілдерін дамыту;
5) Қазақстан Республикасының ұжымдық қауіпсіздік күштері құрамына қатысуы үшін құқықтық және ұйымдық негіздерді жетілдіру және дағдарыс жағдайларында әскери және әскери-техникалық көмек көрсету болып табылады.
73. Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметке қатысуын кеңейту жөніндегі негізгі шаралар:
1) мемлекеттің бітімгершілік бөлімшелерінің әлеуетін және мүмкіндіктерін арттыру, техникалық және жедел үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін оларды халықаралық және өңірлік ұйымдардың стандарттарына сәйкес келтіру;
2) бітімгершілік бөлімшелердің бірлескен оқу-жаттығуларға және халықаралық ұйымдар өткізетін іс-шаралар шеңберінде бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларды жоспарлау, жүргізу және жан-жақты қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасуға қатысуын кеңейту;
3) терроризмге қарсы операцияларды және бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларды жоспарлау, жүргізу және жан-жақты қамтамасыз ету мәселелерінде тәжірибе алмасу үшін ҰҚШҰ-ға, ШЫҰ-ға, НАТО-ға мүше мемлекеттермен бірлескен оқу-жаттығуларға қатысу;
4) жекеменшік әскери және күзет компанияларының қызметін реттеу, мониторингтеу және бақылауды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі халықаралық нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу үшін БҰҰ шеңберінде Үкіметаралық жұмыс тобының жұмысына қатысу;
5) Қазақстан Республикасының аумағында өңірлік бітімгершілік орталығын дамыту;
6) штабтық офицерлерді даярлау және оларды әскери байқаушылар ретінде БҰҰ миссияларына жіберу;
7) бітімгершілік бөлімшелерін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарары негізінде міндеттерді орындау үшін БҰҰ миссияларына жіберу;
8) бітімгершілік операцияларында (миссияларында) қолдану үшін Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің өнімін ұсыну;
9) Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік кұқықтық базасын жетілдіру болып табылады.
Ескерту. 73-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.74. Көрсетілген шараларды іске асыру Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді.
4-бөлім. Қорытынды
Ескерту. 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.10.2022 № 1045 Жарлығымен.
75. Әскери доктринаны іске асыру Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жауынгерлік әзірлігін және мемлекеттің жұмылдыру әзірлігін мемлекетке төнген әскери қатерлерге барабар ден қою үшін қажетті деңгейде ұстауға, Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді.
76. Әскери доктринаның ережелерін іске асыру бөлінетін бюджет қаражаты шегінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
77. Әлемдегі және өңірдегі әскери-саяси жағдай, әскери жанжалдар сипаты және қарулы күрестің мазмұны өзгерген жағдайларда Әскери доктринаның ережелері нақтылануы және толықтырылуы мүмкін.
78. Әскери доктринаның ережелері Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауларында нақтыланады және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және әскери жоспарлау жүйесінде түзетіледі.