Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 29.07.2024 № 605 Жарлығымен.1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереже;
2) Агенттіктің құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылсын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы
ЕРЕЖЕ
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 17.03.2022 № 841 Жарлығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi (бұдан әрi – Агенттiк) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, стратегиялық жоспарлау, реформалар жүргізу салаларында және мемлекеттік статистика саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 29.07.2024 № 605 Жарлығымен.2. Агенттіктің ведомствосы бар: Ұлттық статистика бюросы және оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық бөлімшелері.
3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президент пен Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Агенттіктің құрылымы мен жалпы штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Агенттіктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/6.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 29.07.2024 № 605 Жарлығымен.10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Агенттіктің мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) стратегиялық жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
2) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге қатысу;
3) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіруге бағытталған жүйелі реформаларды әзірлеу;
4) мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жетілдіру;
5) құрылымдық және институционалдық реформалардың, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының шеңберінде іске асырылу барысын мониторингтеу және бағалау.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 29.07.2024 № 605 Жарлығымен.14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистикалық қызмет, институционалдық және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу салаларындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізу;
өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Ұлттық Банкінен, орталық мемлекеттік органдарынан, жергілікті атқарушы органдардан, ұйымдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды адамдардан сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын талдау және қорыту, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу;
халықаралық шарттар жасасу, келіссөздер жүргізу және өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет елдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келісімдерге қол қою;
шетелдік сарапшылар мен консультанттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмысқа тарту;
өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші органдарды, оның ішінде кәсіптік біліктілікті дамыту жөніндегі мәселелерді үйлестіру мақсатында кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді, сондай-ақ ведомствоаралық жұмыс топтарын, сараптама комиссияларын құру;
респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алу;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, алғашқы, әкімшілік және дербес деректерді қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларына қолжетімділік алу;
Агенттіктің, оның ведомствосының, ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымның қызметіне қатысты мәселелер бойынша құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Агенттікке, оның ведомствосына және ведомствоның аумақтық бөлімшелеріне жүктелген міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану;
Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Агенттіктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ұсынымдар жолдау;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұлттық санақтарды өткізу қажеттілігі туралы ұсыныс енгізу;
сотқа жүгіну;
байланыс операторларынан респонденттер жөнінде байланыс деректерін алу;
мемлекеттік статистика саласындағы өзінің өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін ведомствоға беру;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардан уәкілетті орган қалыптастыратын ресми статистикалық ақпаратты жасауға қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алу;
сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сыртқы сектор статистикасын қалыптастыру мақсатында жиналатын алғашқы статистикалық деректерді иесіздендірілген түрде өтеусіз негізде алу;
статистикалық қызметті жүзеге асыру кезінде тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан мемлекеттік тапсырыстарды және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру кезінде қалыптастырылған деректерді, оның ішінде Жерді қашықтан зондтау деректерін өтеусіз негізде алу және пайдалану;
өткізу және объектішілік режимнің белгіленген талаптарын сақтай отырып, әкімшілік дереккөздің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіру;
тексеру нәтижелеріне қоса беру үшін құжаттарды (мәліметтерді) қағаз және электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін алу және қажет болған жағдайда оларды қашықтан бақылау жүргізуде пайдалану;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік алу;
әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізуге мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тарту;
аудио-, фото- және бейнетүсiрiлiмді жүзеге асыру;
әкімшілік дереккөздің "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-1-бабында көзделген міндеттемелерді орындаудан бас тарту фактілерін бейнетүсірілімге түсіріп алу;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдау және қарау;
қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
респонденттерді алғашқы статистикалық деректерді электрондық түрде ұсынуға қажетті статистикалық нысандармен және (немесе) бағдарламалық қамтылыммен өтеусіз негізде қамтамасыз ету;
әкімшілік деректерді статистикалық ақпаратты жасау және статистикалық тіркелімдерді жаңарту үшін пайдалану;
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында Агенттік қызметінің бағыттары бойынша ақпаратты жариялауды және уақтылы жаңартуды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін ұйымдастыру;
қағаз жеткізгіштердегі және электрондық түрдегі алғашқы статистикалық деректердің, әкімшілік деректердің белгіленген мерзімдерде сақталуын қамтамасыз ету;
статистикалық жұмыстар жоспарын орындау үшін респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін бекіту;
статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты таратуды қамтамасыз ету;
мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сұрау салуы негізінде иесіздендірілген алғашқы статистикалық деректерді үшінші тұлғаларға берусіз тек статистикалық мақсаттарда пайдалану үшін ұсыну;
ақпараттық жүйеде техникалық ақаулардың пайда болғаны, сондай-ақ респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімін ұзарту және оны техникалық ақаулар жойылғаннан кейін келесі жұмыс күніне ауыстыру туралы хабарламаны ресми интернет-ресурста орналастыру;
интернет-ресурста және "электрондық үкімет" веб-порталының ашық деректер интернет-порталында орналастыру арқылы пайдаланушылардың сапалы ресми статистикалық ақпаратқа, оның ішінде машинамен оқылатын деректер форматында және статистикалық әдіснамаға бір мезгілде қол жеткізуге тең құқықтарын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасын, әкімшілік дереккөздердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабында белгіленген тәртіп негізінде және оған қатаң сәйкестікте қашықтан бақылау және тексеру жүргізу;
тексеру жүргізу кезеңінде әкімшілік дереккөздің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеу;
әкімшілік дереккөз басшысына немесе басшының міндетін атқарушы адамға тексерулер жүргізу кезінде қатысуға, тексеру нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге кедергі келтірмеу;
әкімшілік дереккөзге тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты беру;
әкімшілік дереккөзге тексеру нәтижелері туралы қорытынды немесе қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды беру;
қашықтан бақылау және тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуының алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындау;
статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 15.08.2022 № 979 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 19.06.2023 № 266; 29.07.2024 № 605 Жарлықтарымен.15. Функциялары:
1) Агенттіктің құзыреті шегінде құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
2) мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік басқару жүйелерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
3) Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді стратегиялық даму жоспарларын әзірлеу, түзету, олардың іске асырылуын мониторингтеу мен бағалау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарына мониторинг пен бағалау жүргізу;
4) құрылымдық және институционалдық реформалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының шеңберінде іске асырылу барысына мониторинг және бағалау жүргізуді ұйымдастыру;
5) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін үйлестіру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан келісу;
6) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған салаларды (аяларды) реформалау бойынша жүйелі шараларды әзірлеу;
7) елдің дамуына әсер ететін жүйелі тәуекелдерді анықтау мақсатында әлеуметтік-экономикалық және басқа салаларға талдау жүргізу;
8) реформаларды іске асыру тиімділігін, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың жұмыс сапасын арттыру бойынша ұсыныстар дайындау;
9) реформалар жөнінде ұлттық баяндаманы қалыптастыру;
10) мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша шараларды мониторингтеу, сондай-ақ тиісті ұсыныстарды тұжырымдау;
11) ведомствоаралық келіспеушіліктер туындаған жағдайда реформаларды іске асыруға, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу мен іске асыруға байланысты мәселелер бойынша сараптамалық қорытындылар беру;
12) мемлекеттік органдардың мемлекеттік басқару және мемлекеттік жоспарлау жүйелерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын келісу;
13) елдің дамуын, халықаралық үрдістерді стратегиялық болжау және оларға талдау жүргізу, сондай-ақ тиісті ұсыныстарды тұжырымдай отырып, әлемдік тәжірибені зерделеу;
14) ведомстволық статистикалық байқаулар саласындағы жұмыстарды әдіснамалық сүйемелдеу;
14-1) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышының, салалық біліктілік шеңберлерінің негізінде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту;
14-2) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қорытындысын ескере отырып, кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекіту;
14-3) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту;
14-4) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
14-5) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
14-6) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жыл сайынғы негізде ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастыру;
14-7) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган бекіткен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереженің негізінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережелерді әзірлеу және бекіту;
15) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және өзге де республикалық, халықаралық және шетелдік ұйымдардан алынатын ақпаратты және деректерді жүйелі түрде жинау, тексеру және сыныптау;
16) Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларын іске асыру мақсатында қабылданатын жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге және мониторингтеуге қатысу;
17) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
18) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдіснаманы қалыптастыру;
19) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін үйлестіру;
20) құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және ынтымақтастық аясында шарттар жасасу;
21) жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсыныстарын ескере отырып, сондай-ақ статистикалық қызметті талдау қорытындылары негізінде алдағы күнтізбелік жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарын, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
22) жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейін статистикалық жұмыстар жоспарын бекіту;
23) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастыру және жүргізу, соның ішінде бағаларды тіркеу;
24) алғашқы статистикалық деректерді және (немесе) алынған әкімшілік деректерді қорыту және талдау, техникалық тапсырмаларды әзірлеу және белгіленген тәртіппен талдамалық шешімдер қабылдау, сондай-ақ ресми статистикалық ақпаратты және (немесе) статистикалық ақпаратты тарату;
25) статистикалық сыныптауыштарды әзірлеу және бекіту;
26) мемлекеттік статистика органдарын уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастыру арқылы статистикалық сыныптауыштармен қамтамасыз ету;
27) мынадай статистикалық тіркелімдерді жүргізу:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, олардың оқшауланған бөлімшелері туралы ақпаратты қамтитын статистикалық бизнес-тіркелім;
2) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ одан тыс жерлерде уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы ақпаратты қамтитын халықтың статистикалық тіркелімі;
3) Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін субъектілер жөнінде ақпаратты қамтитын ауыл шаруашылығы статистикалық тіркелімі;
4) Қазақстан Республикасының барлық меншік нысанындағы тұрғын үйлері туралы ақпаратты қамтитын тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімі;
28) республиканың және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқорлардың жинақталуын, жүргізілуін және жаңартылуын қамтамасыз ету;
29) респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге бармай, әкімшілік дереккөздерге қатысты қашықтықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүзеге асыру;
30) мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық қызметінің мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесінде бекітілген талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізу, сондай-ақ талдау жүргізуге қажетті құжаттарды (ақпаратты) сұрату;
31) мемлекеттік статистика саласындағы ғылыми-зерттеу әзірлемелерін ұйымдастыру;
32) мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізілімін әзірлеу;
32-1) әкімшілік деректер негізінде қалыптастырылатын әкімшілік көрсеткіштердің бірыңғай анықтамалығын әзірлеу;
33) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпарат жасау процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесін әзірлеу және бекіту;
34) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша әдістемені әзірлеу және бекіту;
35) ведомстволық сыныптамаларды жүргізудің үлгілік әдістемесін әзірлеу және бекіту;
36) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды, сондай-ақ оларды бекіту тәртібін бекіту;
37) статистикалық байқаулар жүргізу кезінде бекітілген статистикалық нысандар бойынша анық бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
38) ғылыми әдістер мен тәсілдер, оның ішінде әдістемелер негізінде жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы әзірлеу және бекіту;
39) бағаларды тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
40) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемесін келісу;
41) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын қамтамасыз ету;
42) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығына нақтылау жүргізу қағидаларын бекіту;
43) уәкілетті орган ресми дереккөздерден алған деректерді мониторингтеу, талдау және салыстыру;
44) салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекіту;
45) Қазақстан Республикасының заңнамасында салықтық құпия ретінде айқындалған, ұсынылатын мәліметтер тізбесін және оларды ұсыну тәртібін бекіту;
46) өз құзыреті шеңберінде реттелетін саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын, мемлекеттік органдар қабылдаған актілерді жою, өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу;
47) сәйкестендірілмеген түрдегі дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
48) шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу жөніндегі статистикалық әдіснаманы және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандарын бекіту;
49) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну тәртібін бекіту;
50) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
51) өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша ұсыну енгізу және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат беру;
52) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағымды өз құзыреті шеңберінде қарау;
53) Қазақстан Республикасы Парламенті комитеттерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бөлімдерінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының және өзге де мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну;
54) монополияға қарсы органның келісуімен мемлекеттік монополия субъектісі, ведомствоның ведомстволық бағынысты ұйымы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсететін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
55) ұлттық санақтар жүргізу тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
56) ұлттық санақ жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту;
57) пилоттық санақ жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
58) санақ парақтарын әзірлеу және бекіту;
59) ұлттық санақтарды жүргізу;
60) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық санақтарды жүргізу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
61) мемлекеттік органдармен ақпараттық жүйелерді интеграцияламай өзара іс-қимыл жасау туралы бірлескен актілерді әзірлеу және бекіту;
62) ұлттық санақ қорытындыларын қалыптастыру мен жариялауды қамтамасыз ету;
63) мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеу мен қалыптастыруға қатысу қағидаларын бекіту;
64) мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандар мен статистикалық әдіснаманы келісу;
65) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту;
66) үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алу қағидаларын бекіту;
67) алып тасталды – ҚР Президентінің 19.06.2023 № 266 Жарлығымен;68) алып тасталды – ҚР Президентінің 19.06.2023 № 266 Жарлығымен;
69) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтарды жүргізу кезінде интервьюерлердің саны мен олардың көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеуді бекіту;
70) адамдарды интервьюер ретінде тарту қағидаларын әзірлеу, бекіту және жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтарды жүргізу кезінде олардың жұмысын ұйымдастыру;
71) байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
72) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
73) Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасына сәйкес тергеп-тексеру жүргізу мақсатында сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша, сондай-ақ тергеп-тексеруді жүргізетін органның сұрау салуы бойынша сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті орган арқылы мәліметтер ұсыну;
74) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеуді қолдану мақсатында ұсыну;
75) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ақпараттық-статистикалық жүйелерін, дерекқорлары мен олардың платформаларын, статистика тіркелімдерін, интернет-ресурсын қалыптастыруды, сүйемелдеу мен жаңартуды қамтамасыз ету;
76) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз ету;
77) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ведомствоның ведомстволық бағынысты ұйымының даму жоспарын және оны орындау жөніндегі есепті қарау, келісу және бекіту;
78) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салықтық әкімшілендіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына шаруашылық бойынша есепке алу кітабында ескерілген әкімшілік деректерді ұсыну;
79) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
80) әкімшілік дереккөздерге қатысты мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
80-1) мемлекеттік бақылау нәтижелері туралы қорытындылардың нысандарын, әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы тексерулерді тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату, ұзарту туралы актілердің нысандарын әзірлеу және бекіту;
81) нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
82) өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші органдардың, ведомствоаралық жұмыс топтарының, сараптама комиссияларының қызметін қамтамасыз ету;
82-1) статистикалық қызметте пайдалану үшін оңтайлы дереккөзді таңдау мақсатында статистикалық байқаулар деректерін басқа деректермен салыстыруды жүргізу;
82-2) әкімшілік деректердің сапасын бағалау тәртібін бекіту;
82-3) Агенттікке цифрлық трансформациялауды жүргізу;
82-4) мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес Агенттіктің қызметіне функционалдық талдау жүргізу;
83) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 15.08.2022 № 979 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 19.06.2023 № 266; 29.07.2024 № 605 Жарлықтарымен.3-тарау. Агенттік төрағасының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Агенттікті басқаруды Агенттік төрағасы жүзеге асырады, ол Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Агенттік төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын үш орынбасары болады.
19. Агенттік төрағасының өкілеттіктері:
1) Агенттіктің қызметіне басшылық етуді, ведомствоның қызметін бақылау мен үйлестіруді жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік аппаратының басшысын және ведомство басшысының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) Агенттік пен оның ведомствосының еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған жұмыскерлеріне (қызметкерлеріне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жазалар қолданады және көтермелеу мәселелерін шешеді;
4) Қазақстан Республикасының Президентіне Агенттіктің, ведомствоның, ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмыскерлерін және өзге де адамдарды мемлекеттік наградалармен наградтау және оларға Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын беру туралы ұсынулар енгізеді;
5) Агенттіктің құқықтық актілеріне қол қояды, қарамағындағы жұмыскерлерге нұсқаулар мен тапсырмалар береді, Агенттіктің құзыретіне жатқызылған мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру бойынша өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік шараларды қабылдайды;
6) ведомство туралы ережені бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жалпы штат санының лимиті шегінде ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымын бекітеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынаста Агенттіктің атынан өкілдік етеді;
9) Агенттіктің жанынан консультативтік-кеңесші органдар мен сараптама комиссияларын құрады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Агенттік төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Агенттік төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.
21. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
4-тарау. Агенттіктің мүлкі
22. Агенттік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығымен оқшауланған мүлікке ие бола алады.
Агенттіктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Агенттікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Агенттік өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5-тарау. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
25. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 15.08.2022 № 979 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 15.08.2022 № 979 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
"Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелерінің тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 15.08.2022 № 979 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
1. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
5. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
6. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
7. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
8. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
9. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
11. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
12. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
13. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
14. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
15. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
16. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
17. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
18. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
19. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
20. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ҚҰРЫЛЫМЫ
Ескерту. Құрылымы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 17.03.2022 № 841 Жарлығымен.
Басшылық
Төраға хатшылығы (Қызмет)
Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаменті
Әлеуметтік сала департаменті
Жұмылдыру дайындығы, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік құпияларды қорғау қызметі
Институционалдық даму департаменті
Коммуникация қызметі
Макроэкономикалық саясат департаменті
Персоналды дамыту және басқару қызметі
Стратегиялық жоспарлау және реформалар мониторингі департаменті
Ішкі аудит қызметі
Экономика салалары департаменті
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президенті-нің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымша:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, оның ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелері | 2862 |
". |
2. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.
3. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
4. "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесін қоспағанда, операциялық бағалауға уәкілетті органдардың қызметін әдіснамалық үйлестіруді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүзеге асырады.
Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін әдіснамалық дамытудың тәсілдерін айқындау, олардың тиімділігінің көрсеткіштерін айқындау, сондай-ақ ұлттық және ведомстволық статистиканың уақтылы және анық деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде үйлестіруді Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі жүзеге асырады.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексерілуге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесін әзірлеу мен бекітуді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп жүзеге асырады.";
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"64. Нәтижелілікті бағалауды әдіснамалық, талдамалық және ұйымдастыру жағынан сүйемелдеуді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті тиімділікті зерттеу, талдау және бағалау бойынша ведомстволық бағынысты ұйымды тарта отырып жүзеге асырады.
Нәтижелілікке жыл сайын бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды нәтижелілікті бағалау жүйесін әдіснамалық дамытудың тәсілдерін айқындау, олардың тиімділігінің көрсеткіштерін айқындау, сондай-ақ ұлттық және ведомстволық статистиканың уақтылы және анық деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде үйлестіруді Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі жүзеге асырады.".
5. "Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 783-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі мен сипаттамаларында:
"Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі" деген 1-бөлімінде:
"Төсбелгілер:" деген бөлім:
мынадай редакциядағы 14-кіші бөліммен толықтырылсын:
"14. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы:
"Статистика үздігі";
"Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының сипаттамалары (бұдан әрі – Сипаттамалар)" деген 2-бөлімі:
мынадай редакциядағы кіші бөліммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының "Статистика үздігі" төсбелгісі (126-қосымша)
"Статистика үздігі" төсбелгісі жез қорытпасынан жасалады және біріне- бірі орнатылған әртүрлі түсті 2 (екі) бөліктен тұрады.
Жоғарғы планкасы тік төртбұрыш пішінді және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы түсті қатқыл жібек лентамен көмкерілген.
Төменгі жазықтығы диаметрі 32 мм дұрыс дөңгелек пішінді. Ортаңғы жазықтығы көк эмальмен боялған диаметрі 30 мм дұрыс дөңгелек пішінді. Жазықтық шеңберге жинақталған бірдей жеті фрагменттен жасалған. Фрагменттер жезден (сары түсті) ақ эмальда ою-өрнек түрінде жасалған.
Ортасында диаметрі 24 мм дұрыс дөңгелек пішіндес үшінші жазықтық орналасқан. Дөңгелектің ортасында композиция орналасқан, онда бейнесі күн сәулелері шашылған диаграмма түрінде стильденген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы эмблемасының фрагменті бар. Эмблеманың үсті – "Статистика үздігі" деген жазумен, төменгі жағы лавр бұтағымен көмкерілген.
Жоғарғы және төменгі бөліктері құрамдас бөліктерінің тұтастығын білдіретіндей шығыршықпен бір-біріне жалғанған.
Төбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.";
Сипаттамаларға 126-қосымшамен толықтырылсын:
"
Сипаттамаларға | |
126-қосымша |
"Статистика үздігі" төсбелгісі
";
Осы Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айыру) қағидалары:
"Статистика үздігі" төсбелгісі" деген кіші бөліммен және мынадай мазмұндағы 89-тармақпен толықтырылсын:
"Статистика үздігі" төсбелгісі"
89. "Статистика үздігі" төсбелгісімен статистика саласының қызметкерлері жұмысында ең жоғарғы нәтижелерге жеткені, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырманы орындағаны, статистика саласында заң жобалары мен заңға тәуелді актілерді әзірлеуге қатысқаны, практикада статистика қызметін жетілдіру бойынша теориялық білімдерін енгізгені және осы саладағы басқа да жетістіктері үшін наградталады.".
6. Күші жойылды – ҚР Президентінің 26.04.2023 № 202 Жарлығымен.7. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
"1. Мемлекеттік саяси лауазымдар" деген тарауда:
"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры" деген жолдан кейін
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы";
"2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген тарауда:
"А" корпусында:
"1-санатта":
"Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы";
"2-санатта":
"Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарлары";
"2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген тарауда:
"Б" корпусы" деген бөлімде:
В санаттарының тобында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі";
С санаттарының тобында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, орталық атқарушы органдардың ведомстволары, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы";
"С-1 санатында":
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"1Орталық атқарушы органдардың ведомстволарын, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықты, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросын қоспағанда.
Орталық атқарушы органның ведомствосында, егер республикалық бюджет қаражаты есебінен қамтылатын ведомство мен оның аумақтық бөлімшелерінің штат саны он мың бірліктен асатын болса, лауазымды енгізуге жол беріледі.".
8. "Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:
"Жалпы ережелер" деген 1-тарауда:
3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
1) орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы; жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы;
2) орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарлары;".