Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тiркеу, жария ету және сақтау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 2 шiлдедегі N 3051 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тiркеу, жария ету және сақтау тәртiбi туралы ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.

      2. Осы Жарлық қол ойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
Президентi

  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 2 шiлдедегi
№ 3051 Жарлығымен
бекiтiлген

      Ескерту. Мәтін бойынша "Заң және құқықтық сараптама мәселелері жөніндегі" деген сөздер "Заңнама және құқықтық сараптау" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.09.21. № 413 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тiркеу, жария ету және сақтау тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Құрылтай қабылдаған, Құрылтай Төрағасының және Премьер-Министрдiң қолтаңбаларымен алдын ала бекемделген Қазақстан Республикасының Заңы қазақ және орыс тілдерінде Құрылтай Төрағасы қол қойған iлеспе хатпен бірге Қазақстан Республикасы Президентiнің қол қоюына енгізіледі. Егер заңмен халықаралық шарт ратификацияланатын болса, онда заңмен бiрге осы шарттың куәландырылған көшiрмелерi қоса берiледi.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      2. Қол қоюға түскен заңды Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Жалпы бөлімі заңға қол қою немесе онымен келiспейтiнiн бiлдiрiп, Құрылтайға қайтару жөнiндегi ұсынысы бар қорытынды әзiрлеу үшiн Мемлекеттік құқық бөліміне жiбередi. Заңның көшiрмелерiн де Жалпы бөлімі Президент Әкiмшiлiгiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне жолдайды.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді – ҚР Президентінің 2007.09.21 № 413 , 24.04.2008 № 576, 12.11.2008 № 689; 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      3. Президент Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттік құқық бөлiмi Қазақстан Республикасының Президенті Әкiмшiлiгiнің Басшысы орынбасарларының, Мемлекет басшысы көмекшiлерiнiң, кеңесшiлерiнiң, Президенттің Құрылтайдағы Өкілдігі басшысының, сондай-ақ Президент Әкiмшiлiгiнің тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiнiң ұсыныстарын ескере отырып, қорытынды әзірлейді және оны заң мәтiндерiнiң түпнұсқаларымен бiрге Президент Кеңсесiне ұсынады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      4. Президенттiң кеңсесi қорытындыларымен бiрге заңды Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысына табыстайды, ол қол қоюға ұсынылған заң және ол бойынша жасалған қорытындылар туралы Мемлекет басшысына баяндайды.

      4-1. Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады.

      Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 21.09.2007 № 413; жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 15.02.2023 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      5. Мемлекет басшысы қол қойған заңды Президенттiң кеңсесi Президент Әкiмшiлiгiнiң Жалпы бөліміне бередi, ол:

      1) заңға реттiк нөмiр бередi. Бұл орайда нөмiрлеу тиiсiнше сайланған Құрылтайдың қызметі кезеңiне жүргiзiледi - ол араб цифрларымен, сайлану ретi - рим цифрларымен (сызықша арқылы) белгiленедi, ал бұдан кейiн ҚРЗ (Қазақстан Республикасының Заңы) бас әрiптер қойылады;

      2) заңды арнаулы журналға қол қойылған күнiн, реттiк нөмiрi мен Құрылтай сайлауы көрсете отырып, тiркейдi;

      3) тиiстi елтаңбалық мөрмен куәландырылған заң көшiрмесiн тиісті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға бередi;

      4) Құрылтайға заңның тиiстi елтаңбасы бар мөрмен куәландырылған екi данасын бередi, ал Құрылтай Аппараты белгiленген тәртiппен:

      "Құрылтай Жаршысында" жариялау және Құрылтайда заңды талқылау процесiнде түзілетiн бастапқы материалдармен iске қосып тiркеу;

      мүдделi органдар мен ұйымдарға тарату, Құрылтайда заңды талқылау процесiнде түзілетiн бастапқы материалдармен iске қосып тiркеу мәселелерiн шешедi.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді – ҚР Президентінің 24.04.2008 № 576, 12.11.2008 № 689; 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      6. Мемлекет басшысы қол қойған заңдардың түпнұсқалары Президент Әкiмшiлiгiнiң Жалпы бөлімінде сақталады және белгiленген мерзiм өткеннен кейiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивiне тұрақты сақтауға берiлдi.

      Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiгiнiң Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде елтаңбалық мөрмен куәландырылған заңдардың көшiрмелерi талқылау мен қабылдау барысында түзiлген басқа материалдармен бiрге белгiленген тәртiппен Құрылтайда iстерге хатталады және Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттiк архивiне тұрақты сақтауға тапсырылады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді – ҚР Президентінің 24.04.2008 № 576, 12.11.2008 № 689; 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      7. Қол қойылмаған заң Құрылтайға қайтарылған жағдайда оны қайталап талқылау және дауыс беру үшiн Мемлекет басшысы өзiнiң заңға тұтастай немесе оның жекелеген баптарына (ережелерiне) келiспеушiлiктерде тұтастай заңның немесе оның жекелеген баптарының (қағидаларының) редакциясы берiлуi мүмкiн.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      8. Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайда қарсылықтарды қарау барысында Құрылтай депутаттарының ұсыныстарын ескере отырып, заңның немесе оның жекелеген баптарының (ережелерінің) нақтыланған редакциясын енгізуге құқылы. Заңның немесе оның жекелеген баптарының (ережелерiнiң) редакциясын нақтылау қажеттiгi туралы ұсынысты Мемлекет басшысының қарауына Президент Әкiмшiлiгi бередi.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 15.02.2023 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      9. Мемлекет басшысының қарсылықтары Құрылтайда қаралған кезде Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұстанымын ол уәкiлеттiк берген өзге лауазымды адамдар бiлдiредi.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.